Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 21

Total number of words is 3977
Total number of unique words is 2150
36.1 of words are in the 2000 most common words
51.0 of words are in the 5000 most common words
59.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Жан-жақтан тоғысқан темір жолдармен қызыл вагонды ұзын составтар
бір арнаға — Москваға келіп құйып жатты. Қаланың солтүстігіндегі
Загорскі маңындағы поселоктерге, деревнялар мен ормандарға үлкен күш
топталды. Ағаш араларынан танк зеңбіректерінің сұсты өңеш тері
сығалайды.
Калининнен Тулаға дейін, осы кезге шейін болып көрмеген айқас,
Москва айқасы жүріп жатты. Жау үш бағыттан оңтүстік пен солтүстіктен
жəне қаланың өкпе тұсынан зор шабуыл бастады. Батыс майданның
əскерлері тұс-тұстан қалаға ұмтылған дұшпанның танк армияларына қарсы
кескілескен қиын соғыс жүргізіп жатты. Олар майданның жыртылып
кеткен жерін азғана тың күшпен тығындап, бірде табан тіресе қарсыласып,
бірде қарсы ұмтылып, бірде шегініп, ақырын сырылып Москваға жақындап
келеді. Бірақ кейін қарай қадам басқан сайып қарсылық та күшейіп барады.
Енді шепті бұзған əскер біразға дейін сілтеп шалқып кететін стратегиялық
кеңістік деген жоқ. Əр сүйем жер үшін қырғын ұрыс болады.
Москва түбіндегі үлкен майданның шағын бір участогінде Панферов
дивизиясы соғысып жүр. Дивизияның қорғағаны — жау шабуылының
темір тұмсығы — Волокаламск бағыты. Бұл Москваның өкпе тұсы.
Жуырда ғана кейіннен қосылып əскерлер келіп толықтырылса да, қақаған
қатты ұрыс дивизияны ортайтып барады. Жауынгерлер күніне бірнеше жау
атакасын тойтарады. Бір атаканы əрең тойтарып, жаралыларын жөнелтіп,
оқ-дəрі тасып, есін жиып үлгірмей жатқанда екінші атака басталады. Үстіүстіне төмпештеген темір соққы дивизияның жіңішке шебін үзіп кетеді.
Арасын жау үзіп кеткен бөлімдер өз бетімен соғыса береді. Осындай
кездерде шеп құрған екі жақ шым-шытырық араласып, алда да, артта да,
бүйірде де қан жоса соғыс болып жатады. Жаудың көп танкті бетке ұстаған
қалың күші — дивизияны жапыра шегіндіре алмай, оны жапырақтап
жұлып, бөлшектеп айыруға тырысады. Бір ғажап зор магнит алып күшпен
үйіріп тартқандай бөлшектеліп қалған бөлімдер темір құрсауды тесіп өтіп
қайта тұтасады. Батальондар, рота, взводтар, жеке солдаттар қоршауды
жарып шығып, дивизияның кетігін бүтіндеп, сапқа тұрып жатты.
2
Панферов батальонның қоршаудан шыққанын естіп, Мұратқа
жолыққанша асықты. Ол жауынгерлерді көріп, батальонның командирімен
сөйлесіп қайтпаққа Егоров полкына жүріп кетті. Əсіресе соңғы күндер
генералды қатты қиналдырған-ды. Дұшпанның шабуылы үдей түсті.
Соғыстан қалжырап дивизия жауынгерлері азайған сайын, шабуыл жасаған
дұшпанның күші көбейе түседі. Өзі қолына мылтық алып жаумен
айқаспағанмен неміс шабуылының бар салмағын қабырғасымен сезгендей
болады. Табиғатынан сабырлы, салмақты Панферовтың мінезіне де өзгеріс
кіргендей. Рас, əлі де орынсыз күйіп-пісіп, дызалақтамайды, бірақ кейде
сабырсыз жекіре айқайлап қалады; ауыр мығым қимылына да күйбелең ене
бастаған. Қанша алас-қапас болса да, күнде таңертең қырынып, үсті-басын
мұнтаздай таза ұстаушы еді. Екі-үш күннен бері қырынуға да мұршасы
болмады.
Бүгін де сəскеден бастап немістер дивизияны барлық Фронттан тұтас
атакалады. Алғы шептегі бөлімдер жаудың үш атакасын тойтарды. Əсіресе
Карпов полкы күні бойы қатты соққының астында болды. Бір рет жаудың
бір ротадай солдаттары шепті жарып тылға да өтіп кетті. Панферов көп
уақыт Карпов полкында болып, оған дивизиядан көмек сұрамай жауды өз
күшімен тоқтатудың «əдісін ұғындырды». Карповқа оны ұғындырудың
жолы онша көп сөзді керек еткен жоқ. Ұрыстың ең ауыр кезінде комдив
қасында болғасын, оның қабағына қарады да, əшейінде қит етсе көмек
сұрайтын Карпов үндей алмады. Дұшпанның атакасы тойтарылғаннан
кейін, Панферов кетіп бара жатып оған: «Көрдің бе, көмексіз де күн көруге
болады екен ғой»,— деді.
Екі күннен бері ұйқы көрмей, Карпов полкынан кешке қарай шаршап
қайтқан Панферов штабқа келісімен Мұрат батальонының хабарын естіп,
тез қырынды да, тамаққа қарамай жүріп кетті. Егоров полкы оң қанатта
болатын. Егоровтың өзі əнеугі ұрыста жараланып кетті де, командирлік
міндетті Купцианов атқарып жүр. Орман ішімен, жалғыз аяқ жолмен
жүретін болғасын Панферов атқа мініп шықты.
Орман іші жиі қимылға енген. Үлкен шайқас саябырлаған кезде тыл
жақтың қарбалас қимылға енетін əдеті.
Алғы шептен жаралыларды тылға жөнелтіп жатады.
Жаралылар тиелген арба, не болмаса басын таңып алған, қолын
мойнына асқан, ақсаңдай басқан жаралылар, қан исі көңірсіген, əлі де
бусанып, қызуы басылмаған майдан реңін танытады. Жіңішке кабельді
бойлай жүгіріп связистер кетіп барады. Алуан түрлі тапсырмамен,
шаруамен арлы-берлі жүгірген солдаттар мен офицерлер, салдырлаған
арбалар, гүрілдеген машиналар жаңа ғана қан соқта жасап, талай тонна
қорғасын мен дəріні жалмаған соғыс қоясын толтырудың қамында.
Əлгінде ғана аязды жел бетті қарып, құрғақ қарды сырғытып айдап бара
жатыр еді, орман ішіне кіре су сепкендей басылды. Тек қарағай бастарынан
қылаулап қар ұшқындайды. Панферов желе жортып орман шетіне шықты.
Алдында көлбеп барып үшкір бұрышты орманға тірелетін жазық дала
жатыр. Жазық оңға таман, үшкір орманды айналып өтіп, жіңішкере
созылып барып кешкі қараңғылыққа ұласып кетеді. Қазақ даласының
біріне бірі жалғасып кете беретін адырлары, кең жазықтары сияқты,
орталық Россия жерінің бедері де бірыңғай келеді. Көбіне жазық, əртүрлі
дөңес, ой, жыралар бірін-бірі қайталап жиі кездеседі. Мұнда жер əлпетін
алуан өзгертетін ормандар ғана. Көбіне қарағай, арша, қайың болып
келетін, кейде жөке, үйеңкі, терек, емен аралас келетін жіңішке, не жалпақ
үшкір, не дөңгелек, қалың, не сирек ормандар алуан түрлі құбылып,
араларында жатқан жазық далаңға əлденеше түр береді. Қазір Панферов
келе жатқан далаң бірі түзу, бірі қисық екі сабы бар шөміш сияқты.
Панферов орманнан желе-жортып шыға бере, атының басын оқыс
тежеді. Үзеңгіге шірене көтеріліп, алдыңғы жаққа көз тастап тұр. Анау
қарауытқан орманның ар жағынан қою қара түтін көтеріліп, көкшіл бояуы
қуқыл тартып, қарауытқан кешкі аспанға будақ-будақ өрлеп маңиды.
Жалынның қызыл-сарғыш сүйір тілі де сумаңдап көрініп қалды.
– Немістер өртеген ғой, — деді, манадан бері генералдың соңында үнсіз
келе жатқан адъютант қатарласа беріп. — Жандырғыш оқпен атады. Олар
қараңғыда қорқады. Түнге қарай шам жаққаны ғой.
Генерал үндемеді. Елгезек жас жігіттің даусында толқу, тіксіну жоқ, үні
сондай ашық. «Əнекей шақырылған командирлер де келіп қалды», — деп
тұрғандай. Панферов үзеңгіге сірескен күйі қозғалмай, өртке қадала
қарайды. Жанып жатқан үйлердің де түр-түсін көріп тұрғандай. Əне бір
сүйір тілі сумаңдаған жалынның астындағы үй — сабан жапқан, итарқа тік
төбелі болуы керек. Панферов жас шағында деревняда дəл осындай үйде
тұрып еді. Үйдің сырты ұсқынсыз болғанмен кішкене терезелері, аласа
бөлменің ішінде осы күнге дейін ұмытылмаған ерекше жылу бар еді. Үлкен
орыс пеші, қарауытқан тақтайларының арасы ажырап қисая майысқан
едені, бұрыштағы кадушка, терезе алдында тұратын ұзын скамейка – бəрі
келіп көз алдында тұра қалды. Сол скамейкада Рая талай отырып еді. Осы
бір бұйраланған шикіл шашты, ақ сары қызға бала жігіт Вася Панферовтың
ықыласы қатты құлап еді. Рая онша сұлу да емес-ті, қайқылау біткен
кəдімгі орыс мұрын, жақ сүйегі шығыңқы, сондықтан ба, көзі сəл қысыңқы.
Көзін шүйіріп ылғи күлімдеп тұратын сияқты. Сол Рая өзінің ерке, назды
мінезімен, ойнақы, əсем қимылымен, Вася үшін өзгеден ерекше бар
бітімімен тұйық мінезді, кең жаурынды, дембелше, салмақты жігітті аясына
тартып алып еді. Вася оны көктемдей шуақтай жайдары, рақат, тыныш
махаббатпен сүйіп еді. Бірінші империалистік соғыс басталды. Вася
əскерге кетті. Одан азамат соғысы. Панферовтың осы алғашқы махаббаты
ащы қайғыға салып күйіндірмей, ойсыратып өкіндірмей, бірақ елуге
келгенше ұмыт болмай жүрегінің алыс түкпірінен жылы орын теуіп,
ескінің көзіндей мұңлы, тəтті ескерткіш болып жата беретін. Қазір де,
терезенің алдында, скамейканың үстінде отырған Рая көз алдына елестеп,
жүрегін бір бүлк еткізді. «Əркімнің жылы орны, үйреншікті ұясы жанып
жатыр», — деп ойлады Панферов.
Генералдың үйреншікті өртке нали қарағанын сезген адъютант, оның
көңілін аулағысы келіп:
– Ол деревняларда халық жоқ. Бəрі көшіп кеткен,— деді.
Генерал өзімен өзі сөйлескендей, жəй күбірлеп:
– Босып кеткен, — деді. — Олар қайтып келеді ғой.
Түйіншектерін арқалап, балаларын жетектеп, шұбырып кетіп жатқан
босқындар көз алдына келді. Қатал кезде буынын босатқан осы бір
көріністен арылғысы келіп, генерал атын тебініп желе жортып кетті. «Үй
түгіл адамдар қан жоса болып жатқанда, дұшпан Москваға таянғанда,
бəкене кішкене үйлердің қамын ойлайтын уақыт па?» деп, өз көңіліне
қарсы дау айтып, жаңағы бір тебіренткен ойдан серпілмекші болды. Бірақ
лаулап жанып жатқан қамыс төбелі үй көз алдынан кетер емес.
Əнекей өрт үйдің төбесін үңгіп, ішіне кірді, қою қара түтінге тұншыққан
үйдің ішіне жалақтаған жалын тілдері сүйрелеңдеп терезеге ұстаған
нілдеген көкшіл пердені жалмап, терезе алдындағы ұзын скамейканы
шарпығандай болады. Генерал енді адъютантына бұрылып, əдетінен тыс
көтеріңкі, жылдам сөйлеп кетті.
Батальон тылдағы бір кішкене деревняға орналасқан екен. Көшеде
қарауытқан адамдар сирек кездеседі. Шамасы титықтап, қажыған солдаттар
үйді-үйге кірісімен сұлай кетсе керек. Ортаңғы бір үйден Мұрат шықты.
Ол қара көлеңкеде генералды шырамытып, қарсы жүрді. Алдына келіп
Мұрат рапорт бере бастағанда Панферов атынан қарғып түсіп, комбаттың
сөзін бөліп қолын ұсынды. Мұрат генералдың қолын қатты қысты.
Панферов Мұраттың бетіне қадала ұзақ қарады да, қатты қысып құшақтап
сүйді.
– Қанекей, үйге кірелік, — деді генерал, сырт айнала беріп, көзін уқалап.
Бөлменің ортасындағы столдың үстіндегі жалғыз шырақ сарғыш солғын
сəулесімен бөлмеге əрең жарық беріп тұр. Терезелер плащ-палаткалармен
тас қымталған. Үйдің бұрыш-бұрышы қара көлеңке. Генерал келген соң
Маштай арқа қапшығынан алып, екінші шырақ жақты. Столдың басына
келіп отырған Панферов мырс етті де Маштайға бұрылып:
– Олай болса, сен үш шырақ жақ. Тура шіркеудегідей болсын, — деді.
– Болғаны осы, олза дүние еді, золдас генерал, — деді Маштай езу
тартып.
– Генералға шай ысытып, тамақ қамда. Не əкелді екен, ужынға
тəуірірегінен əкел, — деді Мұрат Маштайға.
– Шай болса... мейлі, бөтен болмас,— деді Панферов шырақтың
сəулесімен Мұраттың жүзін бағдарлай қарап.
Мұраттың аққұба өңі тотығып қарауытқан, жағы солып, көзі үлкейе
түскен. Самайынан қаулай өскен қара сақалы ұртының үстіне келгенде жақ
астына қарай ұйыса шегінген. Бұрын көзқарасы жұмсақтау еді, енді көзінде
көмірдей қара, суық жарқыл бар. Мұраттың кең жауырынды, ірі сымбатты
тұлғасына, ортасы сəл дөңестенген, үш жағы көтеріңкі əсем ер мұрны
жарасқан піл сүйегінен жонғандай көрікті де, өткір бет əлпетіне Панферов
сүйсіне, қызыға қарайды. «Мұның əр қимылы да, ісі де сенімді, дəл, тайға
таңба басқандай айқын. Бұл болбырлықты да, дəйексіз екіұштылықты да
білмейді», — деп іштей сүйсінеді Панферов.
– Ал, кəне айт... Баяндашы бастан кешкеніңді.
– Осы собалаңның бəріне... мен өзім кінəлымын, — деді Мұрат ойланып.
— Соғысқа елігіп кетіп жан-жағымды, жалпы жағдайды байқамай
қалыппын. Аңғалдықтан қақпанға түсіппін. Сол үшін сазайымды тарттым.
Осы қоршаудан артық азапты енді көре қоймаспын.
Панферов əдетінше саусағымен столды тықылдатып, Мұратқа жанашыр
кескінмен қарап отыр.
– Ол үшін мен сені айыптамақ емеспін. Полктың батальондармен
қатпасы үзілген. Жəне де үшінші рота тұрақсыздық жасап, дұшпан тылға
тез өтіп кетті. Жалпы немістердің күші тым басым болды ғой, — деді
Панферов.
– Солайы солай-ау. Мен өз жазамды тарттым, сізден қосымша жаза күтіп
отырғаным да жоқ. Бірақ басқа батальондар қоршауда қалған жоқ қой. «Ал,
мен неге қалдым» деген ой мазамды кетірді. — Мұрат Панферовтың көзіне
ашық, тура қарады. — Неге екенін де анық білмеймін, бірақ өзіме
ренжимін.
Үмітсіз жоғалтқаны табылғандай қуанып, қатқыл көңілі жібіп келген
Панферовқа Мұраттың өзін-өзі жерлеген сөздері ұнамады. Батальонның
қоршаудан шыққанына бұл бір есе қуанса, Мұрат үш есе қуанатын жөні бар
емес пе? «Осынысы жасанды кішілік емес не екен», — деп, Мұраттың
бетіне қарап еді, оның жүзінен тек шын өкініш ажарын көрді. Содан кейін
бұл «əлі де мен ұғынып болмаған қазақылық бір мінезі болар», — деп
жорыды.
– Келер жолы ақылдырақ боларсың, — деп мырс етті ол, столды
саусағымен қаттырақ шертіп қойып. — Уақасы жоқ. Жақсылықпен тынған
нəрсенің бəрі жақсы. Ал, сенің қоршаудан шыққаныңа менің өз басым
қатты қуандым. Жағдай өте қиын да, неғайбіл еді ғой. Немістің күші тым
қалың болды.— Панферов шынтағын столға тірей, бойын түзеп алып,
Мұраттың бетіне қадала қарады. Бірақ оның көз алдында Мұрат емес,
алыстағы оқиғалар тізбегі тұрды. — Мен саған сендім. Қалай болған күнде
де жаманатқа ілікпейтініңді, абыройыңды сақтайтыныңды білдім. Бірақ
соғыс қой... Күн асқан сайын сенің қоршаудан шығу мүмкіндігің азая берді.
Несін жасырайын «батальонды жоғалттым ғой»,— деген де кезім болды. —
Ол енді Мұратқа əрі кінəлы, əрі мейірімді шыраймен қарады. — Оны
кешірерсің. Қарт адам уайымшыл болады деуші еді. Қартайған болармын,
— деп мұңая мырс етті.
Бастық пен бағыныштының арасындағы қатқыл рең жібіп, түйін
жазылып кетті. Енді бірін-бірі жоғалтып табысқан екі дос көңіл жалғасты.
Мұраттың да өңі жұмсарып, реңін мұңлы мейірім шалды. Ол іштей
ризалық білдіріп үндемей отыр. Генерал да аз уақыт үнсіз отырды.
Панферов өз басы қашан да қарапайым, көзге қораштау болатын.
Қимылында да, ісінде де жалт етіп көз тартарлық əскери əсемдік, ұшқыр
ойнақылық жоқ. Тек істеген ісіне аса мұқият шаруақол, құнтты,
тындырымды болатын. Өзін де, істеген ісін де қомсынып, ылғи көңілі
толмаған соң қандай істі бастаса да əйтеуір жеріне жеткізбей тынбайтын.
Сондықтан ба, Панферов осы бір тентек, өжет капитанды жақсы көретін.
Оның тұлғасына, алғыр ойына, өжет те сəнді қимылына іштей сүйсінетін.
Мұратта əскери адамның ширақ та əсем қимылы бар.
Оның ісі де, өзі де жарқ етіп көз тартып, еріксіз сүйсіндіреді. Генерал
кейбір өзінде жоқты осы Мұраттан тапқан сияқты.
Панферов Мұраттың тағы бір қасиетін аңғарды. Онысы тым
намыскерлігі, тіпті өзімшілдігі. Мұрат қашан да өз қатарласының алдында
болуға, істеген ісіне қылау түсірмеуге барын салады. Батарея командирі,
одан батальон командирі болып жүргенде оның батареясы, батальоны ылғи
алда болатын. Күні кеше алуан түрлі кəсіп еткен, сапты көрмеген
солдаттарды аямай қуалап, азғана күнде ширатып шығарды. Өзге біреу
алдына түсіп кетсе одан озғанша тағат етпейді. Оның осы намыскерлігі
əзірге оны алға сүйреп келе жатқан күштің бірі. Бірақ бара-бара
менмендікке айналып кете ме, оның да нышаны жоқ емес, ол арасын
Панферов əзір біле алмады. Жақсы көретін адамның осы бір кемшілігіне ол
асыл тастан ақау тапқандай қынжылады.
Маштай шай əкелді. Панферов іші ақ, сырты көк сырлы кружкадан
молырақ ұрттап жіберді.
– Ым... Шайың ыстық екен, солдат, — деді ол. Жауынгерлеріңнің көңілкүйі қалай? — деп сұрады Мұратқа бұрылып.
Мұрат мүдіріп жауап берді.
– Жауынгерлер деген көресіні көрді ғой. Бəріне төзді.
Жігіттер жарады... Ұятқа қалдырған жоқ.
– Қажыған да шығар-ау, — деді Панферов ақырын ғана. — ЬІмм... Мен
былай шештім. Батальон екі-үш күн демалсын. Штабтан жарлық болар.
Кейініректен барып қорғаныс шебін дайындар. Мұндай жағдайда соның өзі
демалыс қой.
– Əрине, — деп құптады Мұрат. — Бір жағынан окоп қазып, бір
жағынан жарамызды жалап емдейік.
Панферов ең бір жанға батар, ауыр сауалын соңға қалдырған-ды. Енді
сонысын айтты:
– Қалай, немістер сені біраз жұлымдады ма? Едəуір шығындар
болғаныңды штабтан естіп едім.
Бұл жағдай манадан бері Мұраттың да есінде отыр еді, бірақ айтуын
кейінге шегере берген-ді. Енді ол түйіліп, қинала сөйледі.
– Ол жағынан мақтана алмаймыз. Шығын жетерлік ғой.
Əсіресе, соңғы прорыв кезінде көп адамнан айрылдық. — Мұрат аз
мүдіріп, генералға қабағының астынан қарады. — Оның үстіне бір взвод
жоғалттым. Тосқауылға тастап едім. Немістер үзіп кетті.
– Мм... да... Ол қай взвод? Командирі қандай еді?
– Командирі Қайсаров деген... Мүмкін есіңізде шығар, əлгі анада
партбюрода талқыладық қой.
– А-а-а... иə... иə... Жас жігіт қой?
– Ия, жас жігіт... Өзі тым шикілеу еді. Соны тосқауылға қалдырғаным...
бұ да менің бір қатем.
– Бұрын қалай соғысушы еді?
– Орташа. Онша артылып көзге түскен жоқ-ты.
Панферов стаканын жерге қойып, Мұраттың бетіне бағдарлай қарады.
– Қалай, сендер шегінгеніне дұшпанды бөгей алды ма?
– Бөгеуін бөгеді ғой.
– Ендеше... — Панферов сəл мүдірді. — Ендеше бірінші бұйрықты
орындаған екен. Ал, одан кейін... ақырын тосалық. Болжау айтуға
асықпайық. Мұрат, сен өзіңе сенесің бе?
– Сенемін.
– Ендеше жұртқа да сен. Оларсыз қиын болады. Айтпақшы, сондағы
дауласатын аға лейтенант... Фамилиясы қалай еді... Ə... Молдабаев. Сол
бізді алдап кетті ғой. Сенің қоршауда қалуыңа да себеп болған сол.
– Рас па?— деді Мұрат таңырқап.
– Ал, енді ол өз қарауыңда. Үкіміңді кесерсің.— Мұраттың таңырқай
қарағанын байқап:— Сені полк командирі етіп тағайындамақпыз. Ертең
қабылда, — деді.
– Мен əлі есімді де жиғаным жоқ. Тіпті түсінбей отырмын,— деді
Мұрат.
– Бəрі түсінікті, ертең жаңа қызметіңе кіріс, — деді генерал орнынан
тұрып жатып. — Ертең мұршам болса соғамын. Солдаттарыңды көрейін.
Қазір ұйқыларын бұзғым келмей тұр.
3
Жиырма шақты солдат саппен келеді. Умаждалған, лас, кейбірінің етегі
жыртық шинельдер, қаулап өскен сақалдар, тотыға қарауытып қажыған
жүздер — бұлардың талай түн ұйқы көрмей, талай сұрапылды бастан
кешкендерін анық танытады. Саптың соңында ақсаңдай басып тері тон
киген қаба сақалды шал келеді. Деревняны көріп қажыған солдаттар
ширығып, тезірек аяңдады.
– Осы деревня болу керек сілтегені.
– Никольская деревнясы осы шығар!? — деген қуанышты дауыстар
естілді.
Деревняға кіре бере, сапты бастап келе жатқан Ержан адырақ көз қара
солдатты көріп:
– Маштай! Əй, Маштай, бері кел,— деп айқайлады.
Маштай жалт бұрылып, бір минуттай ақырын тұрды да Ержанға қарсы
жүгірді.
– Ойпырмай, сендерсіңдер ме!? Аман-сау, бар екенсіңдер ғой! — деп
əскери əдепті ұмытып бастырмалата жөнелді.
– Комбат қайда?— деп сұрады Ержан.
– Мұқаң ба? Осында, заңа ғана келді. Ол кісі қазір полк командирі
болды,— деді Маштай, өзі полк командирі болғандай масаттанып. — Қазір
мен Мұқаңды қуантайын!
Ол ортадағы үлкен үйге қарай жүгірді.
Дабырлай қуанысып көшеде жүрген солдаттар да келе бастады. Қартбай
мен Көжекке де хабар жеткен екен.
Көжек алыстан айқайлап:
– Жолдас лейтенант! Қарағым Ержан! Апырмай, тірі келдіңдер ме?—
деп жүгіріп келеді.
Ержан да аң-таң болып, қуанғанынан Қартбай мен Көжекті кезек
құшақтады.
– Апырмай, тірі екенсіңдер ғой. Құдай сақтаған екен ғой, — Көжек
көзінің жасын сүртті.
Мұрат келгенде сап бұзылып, жұрт шұрқыраса көрісіп, құшақтасып,
қуана дабырласып жатыр еді. Солдаттар капитанды көріп дабыр саябырлай
бастады. Мұрат жүзі жайнап жүгіре басып келіп, рапорт беруге
ыңғайланған Ержанды қапсыра құшақтай алды. Екпінімен бір үйіріп барып
қайтадан орнына қойды.
– Рақмет! Рақмет, бауырым! Жігіт екенсің! — деп Ержанның қолын
қатты сілікті. — Енді жоғым түгенделді, рақмет!
Ол енді Ержанды тастай беріп, солдаттарға ұмтылды.
Əрқайсысын бір құшақтап, дөңгелентіп, сүйіп жүр.
– Əй, жарайсың, жігіт екенсің!
– Сенің өзің де мықты екенсің, бауырым!
– Рақмет, рақмет, бауырым! Бəсе, солай болса керек еді ғой,— деп
əркімді қошаметтеп те жүр.
Ол бір уақытта шеткерілеу тұрған қаба сақалды орыс шалын көріп
тоқтап қалды. Шал шұрқырасқан жұртқа қарап, өзін елеген кісі болмаса да,
осынша жұрттың қуанышына септігі тигеніне мəз болып, жымиып тұр.
Базарлық үлестіріп, шүпірлеген балаларының қуанышына сүйінген əке
сияқты. Шеткерілеу шығып шалдың қасында тұрған Ержан:
– Бізді қоршаудан алып шыққан осы кісі — Ерофей Максимович, мына
кісі біздің командиріміз Арыстанов.
– Айтады екен-ау. Мен қалай алып шығам бұларды.
– Өздері де шыққан, — деп Ерофей Максимович қысыла күлімсіреді.
– Рақмет, рақмет сізге, Ерофей Максимович, — деді Мұрат шалдың
қолын қысып. — Қане, қария, орысшалап тұрып сүйіселік.
Мұрат қынжыла именіп тұрған Ерофей Максимовичи кең, қарулы
құшағына қысып алып, орысша үш қайтара сүйді. Мұрат шалды
құшағынан шығара бергенде Ержан:
– Бұл кісінің жарақаты бар, — деп ескертті.
– Өй, əшейін нəрсе. Сөз емес, — деп тартыншақтады шал.
– Қай жеріңізден тиді? — деп сұрады Мұрат, шалдың екі иығынан
ұстаған күйі, тұла бойын шолып.
– Саннан. Қоң еттен.
– Уақасы жоқ. Тез жазып шығарамыз. Камаринскаяны билейтін боласыз
əлі.
Мұрат бүгін ерекше көңілді. Аққұба өңі қызғылт тартып, үлкен қара көзі
жайнап кеткен. Бабына келіп, шабыттанған алғыр бүркіт сияқты. Бұрыннан
да ширақ қимылында, бүкіл ірі, қағылез тұлғасында ерекше ескен бір
серпінді күш, есепсіз қуаныш бар. Оның қазіргі көңіліне бүкіл бір дүние
сыйып кеткендей. Өзі еліккен қуанышқа өзгелерді де еріксіз еліктірді.
Мұрат енді қарияның арт жағында тұрған Раушанды көріп қалды.
– Уа... Мынаң қара! Біз сені де жоғалтып едік қой!..— еді ол Раушанның
қасына келіп. — Батыр емес деп кім айтады енді сені. — Ол қысылып
қалған Раушанды құшақтап, маңдайынан сүйді. — Айналайын, алтын
қарындасым.
Қазақтың батыр қызы. — Мұрат көпке бұрылып, Раушанның иығынан
қағып.—Қай Баяныңнан, қай Құртқаңнан кем,— деді дауыстап.
– Күлəнда! Күлəндаш!
Жүгіріп келе жатқан шинельді қызды көріп Раушан да қарсы ұмтылды.
– Күлəндаш, айналайын Күлəнда!
Күлəнданың бетіне бетін басып, мойнына асыла батыр қыз жылап қоя
берді. Күлəнданың да көзінен жас шығып кетті. Енді екі қыз бірін-бірі
аймалап, бір жылап, бір күлді.
– Аман-сау келдің бе?
– Жараң жазылды ма?
– Сендердің аман келетіндеріңді біліп едім!
– Сен жүдеп кетіпсің ғой.
– Раушан, ой Раушан! Қандай жақсысың!
– Күлəндаш, түу, сені де көреді екем ғой! — деген сөздер бірін-бірі
бастырмалап, қайталанып айтылып жатты.
Раушан мен Күлəнда санвзвод орналасқан үйге келгенде, Коростылев та
жетті. Ол кең адымдап кіріп келіп, Раушанды көріп, екі қолын жайып тұра
қалды.
– Кімді көріп тұрмын, Раушан!
Коростылевты көргенде бейне өз үйіне, от басына келгендей сезініп
Раушанның көңілі босап кетті. Коростылев үлкен қолымен Раушанды
арқасынан орай кеудесіне қысты да иығынан ұстап алшақтатып бетіне
үңіле қарады:
– Ой, молодчина Раушан! Сен тамаша қызсың. Жоқ, тіпті жақсы қызсың,
— деп иығынан қақты. — Осы сенбісің? Тіпті көзіме сенбей тұрмын.
– Менмін! Менмін, Ваня ағай, — деді Раушан көзіне жас ала күліп.
– Өзің жүдеусің ғой. Өзгеріп кеткенсің бе, қалай?— деді Коростылев. —
Уақасы жоқ. Екі қызым да табылды.
Екеуін бірдей жоғалтып едім. Енді түгенделдік.
– Соғыста кісі түгел бола қоймайды ғой,— деді Күлəнда мұңайып.
– Сен философия соқпа. Мұндай қуанышты бұзбас болар,— деп
Коростылев оны тойтарып тастады. — Ал, Раушан, сенің қарның ашқан
шығар. Қазір тамақ ұйымдастырамыз. Сонан соң осындай саябырда
жақсылап дем ал. Қажыған да шығарсың.
Коростылев қыздарды ыстық, семіз сорпаға тойындырып, «Раушан енді
ұйықта»,— деп əмір етіп шығып кетті.
Иесіз қалған бөлме азынап тұр. Бұрышта аузы ашық ескі сандық,
босағада, іргеде шашылып жатқан ескі-құсқы, соның арасында басы
үзілген, əр жерінен тігісі көрінген қуыршақ. Төрде үстінде жалаңаш ескі
матрацы ғана баp, сыры көшкен көріксіз темір кереует.
Осының бəрін шаң басқан. Бұл үйдің ішіндегі ең керегін аршып алып,
қауызын ғана қалдырған сияқты. Бөлменің ұсқынсыз сиқы əсер етсе керек,
Раушанның да көңілі құлазып сала берді. Ол шыдай алмай:
– Күлəнда, мынау үйдің ішін жинастырайықшы, — деп түрегелді.
– Сен жата бер, өзім-ақ жинастырайын,— Күлəнда жүгіріп шығып кетті.
Бірақ Раушан жата алмады. Екі қыз үйдің ішін сыпырып, шашылған
дүниені жинап, тез жөнге келтірді.
Бірақ иесіз үйдің салқын реңі жылымады, көңіл елегзи берді. Раушан
қанша аударылып-төңкерілсе де ұйықтай алмады. Ұйқы қайда? Соңғы
күндердің, əсіресе бүгінгі күңнің мол əсері кеудесіне сыяр емес. Ол
төсектен басын көтеріп алып:
– Күлəнда, бері келші, — деп шақырды.
– Ау, сен ұйықтасайшы! — деп кейіді Күлəнда. Бірақ өзі Раушанның
қасына келіп кереуеттің шетіне отырып, құрбысының шашын сипады.
– Күлəндаш, осылай отыршы! Түу, сені тіпті сағынып қалыппын ғой.
Кəне, айтшы бастан кешкеніңді.
– Мен не айтайын. Госпитальда жаттым да, қайтып келдім, одан да өзің
айт.
Күлəнда Раушанда бір өзгеріс барын мана үйге келгенде-ақ байқап еді.
Бүкіл қимылы, қозғалысы бұрынғыдай жеңіл, ойнақы емес, ауырлап кеткен
бе, əлде қатайған ба, əйтеуір өзгерген. Алаңсыз, ашық өңінде əлдеқандай
бір мазасыз ойдың өзі жатыр. Көбіне-ақ дүниеге таңдана, не сүйсіне
қарайтын көз жанарында бір кірбең бар. Оны Күлəнда қажығандыққа
жорып еді. Енді байқады, бұл жалғыз қажығандық белгісі емес сияқты.
Раушан кейде күліп, жайдары сөйлесе де, өңін шалған бұлттың ар жағынан
ескі мінездің ұшқыны жылт етіп бір көрінбейді. Қазірде Күлəндаға
қадалған мынау нұры өткір қара көздер оны көрмейді, алыстағы өзге бір
дүниені кереді. Неге екені белгісіз, Күлəнда енді Раушанға, сырқаттан
əбден жүдеген жақын адамынша, емірене, есіркей қарады. Шамасы, қыз
жүрегі бір өкінішті сезсе керек .
– Мен не айтайын. Əйтеуір аман-есен құтылдық қой...
Раушан да Күлəнданың көзқарасын сезіп, көзін тайдырып əкетті.
– Ержан ер екен. Өзге біреу қоршаудан алып шыға алар ма еді, қайтер
еді,— деді Күлəнда кенет.
– Иə, — деп қостады Раушан. — Ол қазір бұрынғыдай емес. Бір түрлі
болып кеткен.
Раушан аз мүдіріп, үндемей қалды. Ержан қандай болып кеткенін өзі де
ұғынып жеткен жоқ еді. Бірақ əйтеуір бұрынғы Ержан емес екенін біледі.
Сонау қоршауға түскен алғашқы күні, орман ішінде мойнын таңдыруға
келгенде бір түрлі жүдеу, қайғылы сияқты еді, бірақ сонда да балғын,
ақкөңіл сол қалпы көрініп тұрған-ды. Ал, батальоннан бөлініп жеке
қалғаннан кейін бейне ұйқыдан оянғандай болды. Қабағын түйіп,
түксимесе де, көзқарасында бір қатал, сұс пайда болды. Өте аз сөйлейді.
Бірақ бір айтқанын бұлтартпастай, тұқырта айтады. Онысын солдаттар да
байқаған сияқты. Оның қысқа тұжырымды əмірін үнсіз, тез, ширақ
орындайтын болды. Бұрын ол Раушан үшін сыпайы жас жігіт болатын.
Қыздың қас пен қабағын бағып көзі дөңгелене мөлдіреп, терең қарайтын.
Раушан тұр десе тұрып, отыр десе отыратын сияқты еді. Енді бақса майда
мінезді, мүлəйім мысық, айбарлы арыстан болып кеткендей. Рас, Раушанға
əмір беріп, бұйырмайды. Сонда да Ержанның өзгеге деген өктем үнінен,
тұжырымды қимылынан Раушан өзінен өзі тартылып ширай түседі.
Бұрынғы оған деген еміренген көзқарас, елжіреген көңіл енді жоқ. Бірақ,
бір ғажабы, осы өзінен алыстаған адамға Раушанның көңілі ынтыға
бастады.
Қоршаудағы түнгі ұрыс Раушанның көз алдында. Взвод түнде орман
ішінде немістерге соқтығып қалды. Жағдай қиын болатын. Васильеве
деревнясындағы немістердің қуғынынан енді құтылын, орманға тереңдеп
кіре бергенде тағы да «хаа-альт» деген ащы айқай құлаққа қадалды.
Бұрыннан да үркіп, əккі келе жатқан жауынгерлер жалт берді. Ержан
бытырай жүгірген солдаттардың алдына шығып «жат!» деп команда берді.
Ұрысқа дайындалуға əмір етті. Немістер жақтан шашырап мылтық, автомат
атыла бастады. Ержан Зеленин мен Кəкібайға сол жақты үш жүз метрге
дейін барлап қайтуға бұйырды. Раушан Ержанның қасына жақын келіп
құлаған, оның даусын анық естіп жатты.
– Бұл маңда бізге пана болатын жер бар ма? — деп сұрады ол қасындағы
Ерофей Максимовичтан.
– Бұл, баяғы Сокольский төренің орманы. Аң аулайтын орман. Арғы
шеті он шақырымдай болар. Əттең, тереңдеп кірсек, қалың жыныс қой, —
деді Ерофей Максимович.
Немістер жағы онша батыл қимылдай алмады. Шабандау жүгіріп келе
жатқан азғана солдаттарды взвод тез тойтарды. Ержан шегінуге əмір етті.
Жауынгерлер атыса шегініп жаңағы барлаушылар кеткен жаққа қарай
ойысты. Сəл ұзай бергенде бұларды артиллериядан атқылады. «Ə-ə! Орман
ішінде немістер жоқ! Тез алға!» деп айқайлады взводтың артын ала келе
жатқан Ержан.
Бірақ екі-үш зеңбіректің азғана снарядтары жиі, жақын жарылды.
Раушан елу-алпыс метрден жарылатын снарядтарды даусынан танып,
жатпай жүгіріп келе жатыр еді. Кенет аспан қопарылып төбесіне құлап келе
жатқандай болды. Ол жатып үлгіргенше снаряд та жарылды. Ауыр бір
нəрсе аяғына құлап түскендей болды. Тұруға ұмтылып еді, екі аяғы жансыз
қалғандай қозғалмады. Нағыз қатер таянғандағы өзінің дəрменсіздігіне
ызаланып, ышқынып жылап жіберді. Сөйткенше болмады, біреу жүгіріп
келіп қасына отыра кетті, еңкейіп бетіне үңілді:
– Немене, жараланып қалдың ба?
Раушан Ержанның даусын таныды.
– Білмеймін, тұра алмаймын, — деді ол тістеніп, екі қолымен жер тірей
кеудесін көтеріп.
– Раушан!— деді Ержан таңырқаған үрейлі дауыспен.
Ол тез Раушанның аяғын сипалап көрді де:
– Жарақатың жоқ сияқты. Контузия болар, — деп түйді.
Содан əрі бір ауыз сөз айтпай, Раушанды қапсыра құшақтап, көтеріп
алып жүгіре жөнелді. Жақындап қалған снарядтың даусын танып
Раушанды еппен тез жатқызды да, өзі бүкшиіп отырып қалды. Дұшпан тек
үркіткісі келсе керек, артиллерия атысы өткінші жаңбырдай тез басылды.
Раушанды балаша қапсыра құшақтаған күйі Ержан озыңқырап кеткен
взводты қуып жүгіріп келеді. Ентіге дауыстап, взводты жиып алып,
Раушанды жерге қоя бергенде, кеудесіне қаттырақ қысқандай болды. Əлде
Раушанға солай көрінді ме?
Раушан қысылшаң, тар сағатта жұртқа масыл болғанына қатты
қынжылды. Оның аяғының контузиясы тəулікке жуық созылды. Онсыз да
қалжыраған жұрттың өзін əрең көтеріп келе жатқанын көріп:
– Мені бір деревняға, тіпті орман ішіне тастап кетіңдер, — деп те өтінді.
Ержан Раушанның осы сөзін естігенде, екі ағашқа плащ-палатканы
байлап қолдан жасаған носилканың қасына жетіп келді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 22
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.