Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 16

Total number of words is 4030
Total number of unique words is 2157
35.3 of words are in the 2000 most common words
51.7 of words are in the 5000 most common words
59.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Дұрыс айтасың. Алыстан немістер бізді өздерінің бір колоннасы деп
ойлайды. Оған дау жоқ. Ал, азын-аулақ күш болса жақындап келіп тарпа
бас саламыз.
– Мұратты мен де түсіндім, — деп Василий Ержанның сөзін қостады. —
Бұға берсек қоршаудан шыға алмай қалатынымыз анық. Жауынгерлерді де
бойкүйез етіп аламыз. Эх, достым, тəуекел керек мұндайда.
Деревняның оң жағынан, ылдидан бір мотоциклист шыға келді. Іле тағы
біреуі көрінді. Беталысы деревня жақ. Сымды қуалай жүгірген желдей
батальонның, басынан аяғына дейін солдаттар күбірлеп басылды. Талай
саусақтар шошайып көрсетіп жатыр. Жаудың жақындығы солдаттарды
бірден сергітті. Дошевский енді соғыс болады деп ойлап арбасын кейінгі
ормандарға қарай бұрғысы келді. Осы кезде колоннаны бойлай «Тез
жүріңдер!» деген команда жүгіріп өтті. Мұрат қатты аяңдап батальонды
бастап келеді. Алдағы дозорға да «қайрылмаңдар» деген белгі берді. Рота
командирлерін колоннаның басына шақырып алып, əрқайсысының орнын
белгілеп, белгі бойынша тез шепке ыдырап тоқталмастан деревняны басып
алуға əмір берді. «Егер деревняда жау жоқ болса, екі мотоциклистке бола
колоннаны бұзбаймыз. Ол екеуін дозордың өзі-ақ жайғастырады» деп
ескертті. Бұлар дөңеске шыққанша екі мотоциклист те деревняға кірді. Енді
деревня алақандағыдай түгел көрінді. Жалғыз ұзын, кең көшені бойлай
сирек қонған отыз шақты қарайып кеткен ағаш үйлер. Ортадағы,
өзгелерден еңсесі биік, қаңылтыр төбелі жалғыз қабат сары үй мектеп
болар. Көшеде əр жерден бір көрініп қалған ұсақ шоғыр неміс солдаттары
сияқты. Бір-екі жерден мылтық атылды. Шыңғырған дауыс Мұраттың
құлағына талып естілгендей болды. Анық естігеніне өзі де сене алмады.
Мұрат деревняға дейін төрт жүз метр шамасы барын тез топшылады.
Немістер əлі бұлардан секем алған жоқ. Мұрат шамадан келгенше
жақындап барып қимылдағысы қолын іркілмей жүре берді. Тіпті реті келсе
деревняға кіре бере айқаспақ. Қасындағы Жақыповтың жалтақтап қарай
бергенін де байқамағансып келеді.
Тылдан жау күтпеген немістер колоннаны екі жүз метр жақындағанда
ғана танып, деревняға ыдырап кеткен азғана күштерін қапелімде
жинастыра алмай əлек болды. Бес-алтауы шеткі үйге бекініп, мылтық атты.
Мұрат ысқырықпен тез команда беріп, колоннаның жалпы ұрыс тəртібіне
келуін күтпей «алға!» деп ұрандап, жауынгерлерді өзі бастап жүгіре
жөнелді. Бір-екі минуттың ішінде түйдек келе жатқан жауынгерлер
дұшпанның берекесіз атылған шашыраңды оғына бөгелмей, лып беріп
деревняға кіріп те кетті. Төбесінен жай түскендей болған немістердің
коменданттық взводы жөнді қарсылық көрсете алмай бас сауғалай қашты.
Үйді-үйлеріне, жан сақтайтын тесіктің бəріне тығылып қалған деревнядағы
қатын-қалаш, кəрі- құртаң, бала-шаға көшеге жамырай шығып жатыр.
Кеше түнде шегініп кеткен біздің əскерлер бүгін кешке қарай қайтып
келіп қалған екен деп ойлап қуаныштарын білдіруде. Кейбір əйелдер
солдаттардың шалғайына оралып, айқайлап жөн сұрайды, дəм татуға
үйлеріне шақырады.
Əр жерден дабырлаған қуанышты дауыстар естіледі:
– Бəсе, біздің əскер қайтып келсе керек еді ғой!
– Бір күн де болса сағынып қалыппыз!
– Дер кезінде келгенін қарашы! Үш-төрт сағаттың ішінде қырып кете
жаздап еді иттер! Сазайын тартсын енді.
Жауынгерлердің: «Біздің əскер қашан өтті?», «Немістер қашан келді?»,
«Біз қоршауда келеміз», — деген сөздерін естіп қуанышты дабыр біртіндеп
басылып қалды. Жұрттың бетіндегі қуаныш күлкісі енді жанашырлық,
қиналыс реңіне ауысты. Шалдар да қабағы салбырап, «қиын болған екен»
деп күбірлеп, қақырына берді.
Василий мен Ержан деревняның шетіне шыға бергенде алау-далау
болып, еңіреп бір əйел жүгіріп келді. Василийдің қолынан ұстай алып,
төсіне басын соғып:
– Бауырларым-ай, қайда едіңдер! Құртты ғой, қанішерлер! Өлтірді ғой!
— деп ышқына жылайды.
Василий аң-таң болып:
– Не болды? Айтсаңызшы, не болды? — деп сұрады.
– Ой, сорлатты ғой! Жендеттер, қанішерлер! Өлтіріп кетті! — деп əйел
еңіреп қоя берді.
Василий əйелдің басынан сипап жұбатып:
– Кімді өлтірді, байыптап айтыңызшы, — деді.
– Аленушканы өлтірді. Витяны да атты! Аленушка менің сіңлім. Ой,
орманмен өртеніп кеткір! Қырылғыр жендеттер, деп дауыс қылды əйел.
Василий мен Ержан əйелді əрең деп жұбатып, өлік жатқан жерге келді.
Екі командирмен ілесе келген бір топ жауынгер, соғыста қанша еті өлген
адамдар болса да өліктің қасына келгенде төбе құйқалары шымырлады.
Қораның шетінде шалқасынан түсіп жас əйел жатыр. Жүн свитердің
кеудесін жуған қан қолтық тұсындағы аппақ қарды бояпты. Əйелдің
кеудесінен демі біткенмен өңіндегі ыза мен үрей ұшқыны əлі сөнбепті.
Тістеніп ашқан ерні де жұмылмаған. Əйелдің оң жағында, созылған
қолының ұшына таяу екі жасар, бүлдіршіндей аппақ бала жатыр. Аяғын
жиырып алып, топ-томпақ болып, монтиып ұйықтап жатқан сияқты.
Жиналған жауынгерлер сұмдық көріністен шошып, дем шығармай үнсіз
тұр. Жиылған топты көріп «мұнда немене болды?» ден сұрағандарға ешкім
тырс етіп жауап бермейді. Кейінгілер жақындап келіп екі өлікке көзі түсіп
шошынып, үнсіз сұлық тұрып қалады.
Ержан мен Василийді ертіп келген əйел екі өлікті кезек құшып жылап,
өлтірушілерге бағыштаған отты қарғысы аралас сөйлеп кетті. Ішін өрт
жалап бара жатқан қасіретті əйелдің үзіп, жарып ышқынып айтқан
əңгімесінен сұмдық қылмыстың сыры анықталды. Түнде аяғына оқ тиіп,
бөлімінен адасып қалған жауынгер Аленаның үйіне келіп жайын айтын
көмек сұрайды. Алена оны жарақаты жазылғанша үйінде жасырмақ болып
погребке түсіріп жатқызып қояды. Содан бүгін ертеңгісін келген
немістердің төртеуі Аленаның үйіне түседі. Не себептен екені белгісіз,
шамасы тамақ іздеген болу керек, погребті тінтіп, жауынгерді тауып алады.
Жауынгерді далаға сүйреп алып шығады. Аленаны да сүйрелейді. Ол
баласын құшақтай шығады. Жауынгерді атарда Алена шырылдап ара
түскен екен, мылтықтың дүмімен ұрыпты. Алена шалқасынан құлайды;
қолындағы баласы ұшып кеткен. Сол кезде мылтығын кезеп тұрған біреуі
екі атып бала мен əйелді өлтіреді.
Топ үлкейе түсті. Ендігілер деревняға тарап болған сұмдық хабарды
естіп келіп жатқандар. Олар жақынырақ келіп жансыз əйел мен нəрестені
көріп жандары түршігіп зілдей ауыр үнсіздікке беріледі. Василий қалың
топты көзімен ақырын шолып өтті. Түпсіз қара тұңғиықтай бəрі де үнсіз
тұна қалған. Жас сəбидің ұйқысын бұзуға қорыққандай демдерін іштеріне
тартып, жағы суалып, көзінен қасірет пен кек ұшқыны жылтырап
Бондаренко тұр; Земдовтың шикіл қабағы түксиіп, дымқыл тартқан көзі бір
ноқатқа қадалып қалған, ернін жымқырып алыпты — бауырмал
қайырымды жігіт əрең шыдап тұрса керек; қоңыр, қысқа мұрты тікірейіп,
Қартбай сазарып қатып қалыпты, көз нұры күңгірт тартып қара бұлттай
жарқырайды. Кусковқа ілесіп жауынгерлер түгел бас киімдерін алды.
Жалғыз Көжек қана төңіректе не болып жатқанын сезбей мелшиіп тұр.
Сəбидің өлімін көргенде ол қатты шошынып, көзі қарауытып кеткен-ді.
Бейне шырт ұйқыда жатқандай кіп-кішкентай ақ саусақтарын шала жұмып
монтиып жатқан сəбиден көз алмай қарай берді ол. Талай түндер түсіне
кіріп, көп сағындырған Еркіні есіне түсті. Мына жатқан жас баланың
орнында өзінің Еркінін көргендей болып үркіп, жүрегі қақ айрылды.
Көзінің алды бұлдырап басы айналып барады. Осындай бір ауыр мең-зең
халде біраз тұрып қалды. Кенет Көжектің көкірегінен «аһ» ұрған ащы леп
жарып шықты. Ол сəбидің қолтығының астында қар үстінде қып-қызыл
болып ұйып қалған нəрестенің жүрек қанын көріп қатты түршікті. Қос
тізерлеп отыра қалып нəрестенің салқын маңдайына ернін баса жылап
жіберді. Сəлден кейін басын көтеріп алып, көпшілікке бұрылды.
– Ау, бетін жасырып топырақ салайық та, ағайын, — деді ол, алғашқы
рет өзінің əскерде екенін ұмытып.
Бір топ жауынгер күректерін алып, деревня сыртындағы дөңестен қабір
қазуға беттеді. Көжек əлі де көңілін баса алмай:
– Не жазығы бар? Нəрестенің жазығы не? Сəбиді хайуан да аяйды ғой!
— деді ашынып.
– Жазығы барға тие ме екен, олар!? — деді Қартбай тістеніп, жанарында
кек оты жарқ етті. — Қолынан келген зұлымдығын аянып қалады деп
ойлап па едің! Жан ауыртпайтын жеріңнен ұрады деп пе едің!
Батальон деревняда сағаттан артық аялдап, кешке қарай жолға шықты.
Деревня сыртындағы дөңеске шыға бергенде он шақты машинаға тиеліп
дұшпан солдаттары келіп қалды. Олар колоннамен кетіп бара жатқан
батальонды көріп тез машиналарынан түсіп, шепке ыдырап шабуылға
көшті.
Мұрат батальонын дереу соғыс тəртібіне көшіріп ыдыратты да, бірақ
шегіне беруге бұйрық берді. Ол дұшпанмен соғысып айналысып қалғысы
келмеді, қалыңдап келе жатқан қараңғылықты пайдаланып, алдыңғы жақта
қарауытқан орманға кіріп кетіп, жаудан қарасын үзбек. Ол Ержанның
взводын тосқауылға қалдырып тез шегіне берді. «Бетін мықтап бір
қайырып тастағасын, атыса шегініп анау орманға кір, сол жерден тосып
аламыз», – деді Ержанға.
Взводтың жабыла атқан оғынан өрекпіп келе жатқан жау солдаттарының
беті қайтып қалды. Алқымға тақалған пышақты қағып жібергендей
батальонның тынысы кеңіп қалды. Ержан взводы да алғашқы сасқалаң
асығыстықтан айығып сабырмен соғысты. Қоршаудағылар үшін баға
жетпес оқтарын үнемдеп, дұшпан бас көтергенде ғана дəлдеп атады. Ержан
взводтың бір шетіне шабарман Бөрібайды жүгіртіп, бір шетіне өзі жүгіріп,
«асықпаңдар, саспаңдар, дəлдеп атыңдар» деп əмір таратты. Жарты
сағаттай іркіліп қалған дұшпанның артынан тағы қосымша күш келді. Қара
көлеңкеде машина гүрілі, айқай-шу естілді. Шекті үйлерді тасаланып екіүш зеңбірек атқылады. Окопсыз ашық жатқан жауынгерлерге үлкен қауіп
осы болды. Бір кезде «дұшпан сол жақ қанаттан айналып өтіп барады»
деген хабар келді. Ержан қасында жатқан Қартбайға:
– Біз қазір шегінеміз. Сен мыналарды бөгей тұр. Тек бізден көз жазып
қалма! – деп бұйырды.
– Мені де қалдырыңыз, жолдас лейтенант, – деді екінші жағынан Көжек.
– Жарайды, – деді Біржан. – Екеуің кезек атысып шегініңдер.
Взвод кейін қарай шегінгенде артынан орап кеткен жау күшіне
соқтықты. Ержан оң қанатқа қарай тез шегінуге əмір етті. Енді кешіксе
қоршауға түсіп қалатына сөзсіз. Бірақ оңға ойысқан взводты, дұшпан
шығыс жақтағы батальон кіріп кеткен орманға өткізбей солтүстік-батысқа
қарай тықсыра берді. Ержан енді барған сайын батальоннан алшақтап бара
жатқанын сезді.
6
Қараңғы түсті. Енді мылтық жарқылынан дұшпан шебі анық көрінді.
Деревня шетінен жарқылдаған от шығыс жақты орай, иіліп келіп, сол
қанатқа тіреледі. Ержанның бұйрығы бойынша жауынгерлер оқты үнемдеп,
неміс шебі көтеріліп атакаға шыққанда ғана жаппай атқылап тойтарып
тастайды. Үш рет беті қайтқасын жау онша өрекпи қоймайды, тек атыс
салып, құрсауын қыса түседі.
Взводтың шегініп кеткенін біліп лап берген бір ротадай дұшпанды
Қартбай мен Көжек қарсы алды. Іңірде қарауытып келе жатқан көп
солдатты көріп Көжек Қартбайға бұрылды. Қартбай қара көлеңкеде оның
көзінің жарқылын ғана байқап қалды.
– Асықпа, Қартбай, асықпа тегі, — деді Көжек тістеніп. — Жақындасын
иттер! Сеспей қататын болсын ата-бабаңның көрі жанғырлар!
– Қараңғыда жақын жіберу қауіпті, байқа!—деп дауыстады Қартбай.
– Жоқ, жоқ, білемін. Өткізбеймін, кішкене жақындасын! — деді Көжек
ширығып.
Қартбай қара көлеңкеде қаптап келе жатқан дұшпан мен екі ортаны
шамалай алмады. Əлдеқандай бір сезімталдықпен оқ ататын кезеңнің
жеткенін біліп, өзінің ежелгі дағдысы бойынша оң қанаттағы солдатты
көздеді. Бірақ қараңғыда нысанаға іліктіре алмай, көңілмен топшылап қол
пулеметінің шүріппесін басты. Дағдыланып қалған қол қателеспеді.
Селкілдеп жұлқынған пулеметтің стволы ажал оғын құсып, солға қарай
ақырын бұрыла берді. Көжек те үстемелетіп оқ жаудырды. Немістер
қайтадан жатып қалды. Қартбай сол қанатта қашықтап бара жатқан мылтық
даусын естіді. Алдыңғы жақта атыс жиі жарқылдайды. Қараңғы ауаны
түйреп үстінен оқ зулайды. Көжек дүниені түгел ұмытып оқты үсті-үстіне
төпеп жатыр, төңірегінде масадай ызыңдаған қалың оқты да елейтін емес.
Қартбай оның қасына жүгіріп келіп иығынан жұлқып қалды.
– Есіңнен тандың ба, тоқтат!
Көжектің екі қолы автоматына жабысып қалғандай, айрылар емес.
– Қоя тұр, Қартбай! Бөгеме! — дейді қалшылдап, бірақ оғы біткен
автомат өшкен мотордай үнсіз қалды. Қартбай оның бұл жерден өздігімен
кетпейтінін түсінді.
– Қазір шегін. Жүр!—деп жұлқып тұрғызып кейін қарай сүйрей жөнелді.
Қартбай жүгіріп келе жатып төңіректі тез, жіті шолып өтті. Взвод сол
жаққа қарай көп ығысып кетіпті, дұшпанның қардай бораған оғына сирек
жауап береді. Взводпен екі ортадағы жол кесіліп қалғанын Қартбай түсіне
қойды. Деревня жақтан шабуыл жасағандар енді солға көп ойысып, азғана
тобы бұлардың соңына түсіп, көбісі взводты өкшелеп тықсырып барады.
Көжек екеуі жиырма-отыз қадамдай шегінгенде немістер тағы да лап берді.
Қартбай мен Көжек жата қалып қайтадан атыса бастады. Жағдайдың
қиынға айналғанын, мына немістерді желкесіне мінгізіп қойып қашқақтай
бергенмен ұзаққа бармайтынын Қартбай түсінді. «Шешінген судан
тайынбас», — дейді қазақ. Алыстан біреу өзіне қарап оқ атса жапанда келе
жатқан адам қатты шошынады. Қалың оқтың астындағы адам — оқтың кісі
өлтіретін күші барын ұмытып та кетеді. Сол сияқты Қартбай да жағдайы
ауырлаған сайын, ажал қаупін елемеді, елеуге мұршасы да болмады; бар
ойы қиын жағдайдан қайткенде шығуда болды. Кенет өжет ой сап ете
қалды. Көжекке «менің қасымнан екі елі қалма» деп əмір етті де, атыс сала,
деревняның сол жағын ала шегіне берді. Дұшпанды бір тойтарып тастаған
кезінде, Көжекке «менен қалма» деп дауыстап, шеткі бір үйге қарай жалт
берді. Кішкене ағаш моншаны тасаланып ентігін басты. Енді байқады,
бұларды қуған дұшпан сиреп қалыпты, көбісі əрі қарай ойысқан тəрізді.
Пулеметтің даусы шықпай қалғасын немістер атакаға көтеріліп бұлардың
орынан сипалап қалды. Олар əлі де біраз ілгерілеп барып, ешкімді
кездестіре алмай деревняға қайтты. Дабырлап сөйлесіп келеді.
– Аналар келіп қалды ғой, не істейміз? — деді Көжек сыбырлап,
автоматы ыңғайлай берді.
Осы кезде моншаның артындағы үйдің қасына келді ме, не үйден шықты
ма, немістердің сөйлескен даусы естілді. Қартбай сығалап қарап еді, екі
солдат үйдің қасындағы арбадан бір нəрсе түсіріп жатыр. Қараңғыда жəшік
пе, не қапшық па, не нəрсе екені анық байқалмайды. Деревняға қайтқан
қуғыншылардың үш-төртеуі бері қарай бұрылды. Қартбай енді қайрылып
қарағанда жаңағы екі солдат арбадан түсірген теңді көтеріп үйге кіріп бара
жатыр екен.
Қартбай не істерін білмей алаңдап тұрған Көжекке бұрылды.
– Менің соңымнан қалма! Дыбысыңды шығарма! — деп сыбырлады
оған.
Көжек басын изеді. Қартбай Көжекті ертіп жаңа ғана солдаттар кіріп
кеткен үйді айналып жүре берді. Көшеде адам аз екен. Көшенің арғы
бетімен кетіп бара жатқан бір неміс дауыстап еді, Қартбай естімегенсіп
жауап бермеді...
Ержан сол бүйірге қарай қиғаштап кетті. Немістер оның батальонға
қосылатын алдын орап, əрі-беріден соң солтүстік батысқа ығыстырды.
Желкеге мініп алған қалың жау бастырмалатып, ес жиғызбай тықсырып
барады. Жапырыла қашса оңбайтынын біліп, Ержан оқ қаупін ұмытып
взводтың ол шетінен бұл шетіне жүгіріп отделениелерін тəртіпке салып
алды. Енді бір отделение шегінгенде екіншісі жата қалып атысып
дұшпанды тежейді. Əйтсе де басым күш шыдатпай, кейде бүкіл взвод түгел
қашады. Зеленин мен Ержан сол сəтте барын салып əрең тежеп қалады.
Ержан автоматының бір обоймасын тауысты. Үстінен жарты метрдей
жоғары оқ зуылдайды. Бір кез төменірек атылған пулемет оғы алдынан бір
метрдей жерге «джик», «дззик» деп шоршып қарға сүңгіді. Енді бір сəт
алдынан, тіпті жақын жерден жау пулеметшісі қарды оқпен қайып өтті.
«Өлтіріп кету мүмкін-ау», — деген ой келді Ержанға. Бірақ, ғажабы — сол
ойдан шошынбады. Бірде алдынан, бірде жанынан қарсы сүңгіп шоршыған
оқтан бейне лақтырған кесектен бұққандай жасқанады. Оқ та, ажал да ауыр
салмағын, сұмдық сұсын жоғалтып керексіз жиренішті нəрсеге айналды.
Ержан енді ажалдан қорыққан жоқ, жиренді. Өзінің осы бір қызық халін
кейін ойлап түсіне алмай қайран болды; ол кей адамдар үшін ажал қаупі
неғұрлым күшейген сайын, қорқынышы азая беретінін білмейтін еді. Енді
бір сəтте тұмсығының алдына келіп шаншылып жатқан оқ басын оқыс
көтеріп алғандай – жоғарылап төбесінен зулады. Ажалдың өтіп кеткенін
денесімен сезіп бойы жеңілдеп қалды.
Ақ қардың реңінде қарауытып шашырап жатқан неміс солдаттары
қозғала бастады. Бірте-бірте тұтас көтеріліп, жүгіре атқылап алға ұмтылды.
Қарайған солдат денелері, мылтықтың аузынан ұшқан от — бейне қара
албастылар кеудесінен жалын шашып келе жатқандай елес береді. Ержан
бар даусымен айқайлады:
– Огонь!
Өзі де автоматының дүмін иығына қыса түсіп, көңілмен дəл мөлшерлеп
оқ жаудырды. Дұшпанның қалыңдау жерін тез топшылап бес-алты оқтан
үзіп-үзіп атқылайды.
Бұл дұшпанның соңғы атакасы болды. Осы кезде шегінушілердің алды
орманға барып кірген болатын. Сəлден кейін өзге солдаттарымен Ержан да
бір ырғып қалың ағаштың арасына сүңгіп кетті. Орманнан, əсіресе, ішінде
дұшпан бар орманнан тұңғиық судан жаман қорқатын немістер оның үстіне
қараңғы түсіп қалғасын, одан əрі беттей алмай кейін қайтты.
Ержанның алғашқы аңғарғаны – бұл манағы бесін кезінде өздері өткен
деревняның батыс жағындағы орман екен. Батальоннан əбден бөлініп
қалғанына енді көзі жетті. Азғана жауынгерін бастап қоршаудан өз бетімен
шығуы керек; өз бөліміне қайтып қосылуы екіталай. Ол солдаттарын
жинап түгендей бастады. Екі жауынгері жоқ болып шықты, өлі-тірісі
белгісіз. Қартбай мен Көжектен жəне айрылды. Олардың атыс салып
шегінгені есінде, бірақ бір мезгілде екеуінің де үні өшті. Өлді ме? Тірі ме?
Қолға түсті ме? Оған ешкім болжау айта алмады. «Деревня жақта атысып
жатқанын естіп едік, содан кейінгісін білмедік», — дейді əркім.
Ержан қараңғыда солдаттарын көзімен түгендеп жүріп, арт жақта тұрған
бір жауынгерге назары ауды; тұлғасында, тұрысында мұның солдаттарына
ұқсамайтын бір ерекшелік бар. Еріксіз жақындап келіп, таңырқап қалт
тұрып қалды:
– Раушан!
Раушан үндеген жоқ, қажыған денесі сұлық тартып төмен қарап тұр.
Ержан бұл күтпеген кездесуге қайран болды да, бірақ ұнатпай
мазасызданып қалды.
– Мұнда қайдан қосылдың? Бізбен бірге қиын болады ғой өзіңе.
Ержан қамқорлығымен қоса өзін ауырсынып қалғанын сезді Раушан.
– Маған бəрібір. Қай жерде оңай болушы еді, — деп қысқа жауап
қайырды ол. Ренжіп сəл мүдіріп қалды. — Мұнда да бір кəдеге жарармын.
Масыл болмаспын.
Ержан өз сөзінің ыңғайсыз тигенін түсінді де, үндемеді. Оның бойын тез
басына түскен жағдайдың ауыртпалығы билеп кетті. Минут өткен сайын
жауапкершілігі үдеп, жедел байламға келіп, дереу əрекетке көшу қажет
болып барады. Ол жауынгерлеріне бес-он минут демалуға рұқсат етіп
алдыңғы жақты шолуға шықты.
Кешқұрым басылған қар қайта жауып, жел тұрып, борасын болды. Жаңа
бір əзірде өздері тастаған деревня көрінбейді. Орман да, жол да көрінбей
аспан мен жердің жігі қосылып, тұтас бір бозамық түнекке айналған. Ет
қызуы басылып, Ержан кеш ызғарын анық сезді. Бетін аяздың ащы
қылқаны шақты.
Взвод деревняны оң қапталға ала шығысқа қарай жүрді. Жүрер жолды
дəл белгілеу мүмкін емес, Ержан қараңғыны сипалап, бағытын компаспен
топшылады. Кешеден бергі жүрістен, соғыстан қажыған солдаттан ауыр
аяңдап үнсіз келеді; төңірегін қоршаған дұшпан барын, аяқ астында
белгісіз қауіп барын ұмытып кеткен сияқты.
Бозамық түнектің қарауытқан шегіне көзі ауырғанша қадалып, жаяу
борасынның, бір ырғақты ызыңының арасынан өзге дыбыс аңдып құлағын
тігіп, бүкіл денесімен жат күштің, қауіптің салқын лебін сезіп келе жатқан
Ержан өзінің бұрынғы бейқамдығына, тіпті батальон қоршауға түскеннен
кейінгі алаңсыздығына мырс етті. Мінекей оны жылы құндақтан суырып
алып, ызғардың өтіне жалаңаш тосқан сияқты.
Кенет оң жақтан машина гүрілдеді. Ержан селт етіп, өзінің солға қарай
ойысып бара жатқанын сезді. «Қорқа бастағаным ба?» деген ой жалт етті.
Мана қардай бораған оқтан, секунд сайын төнген ажал қаупінен жүрегі
шайылмағанда, енді тым секемшіл, үркек болып кеткеніне ызаланып денені
түршіктірген сүйкімсіз əсерді сілкіп тастап, тез қайратын жиып ширығып
алды. Бір-екі рет булығып барып машинаның тынысы түзелді де, гүрілі
алыстай берді. Ержан деревняның тұсына келіп қалғанын аңғарды.
Алдында екі шақырымдай жерде орман бар, соған бір тырнағы іліксе...
Жауынгерлеріне үнсіз белгі беріп ол енді тезірек аяңдады. Деревняның
деңгейінен өте берген кезде мотоцикл даусы естілді. «Пр-пырлап» қақалып
алды да ышқына ырылдай жөнелді. «Деревнядан шығатын жолмен
шығысқа қарай кетіп барады», — деп жорыды Ержан.
Орманда батальонның бұларды күтіп тұра алмайтынын Ержан да,
жауынгерлер де сезіп еді. Оның үстіне төңіректе үлкенді-кішілі орман көп,
бұрқасынды қараңғы түнде батальонның ізін тауып алу да екі талай. Бірақ
сонда да қайың аралас қарағайдың ішіне кіргесін Ержан да, жауынгерлер де
«кім біледі, кездесіп қалар»,— деген үмітпен елеңдей берді. Жарты сағат
жүргеннен кейін, алда бара жатқан Земцов торғайша шырылдап «тоқта»
деген хабар берді. Взвод тез ыдырап, қару-жарағын ыңғайлады. Бөрібай
келді.
– Мына жерде бір ашық далаң бар екен. Сол арадан жол өтеді екен. Сол
жерде немістің мотоциклисін біреу өлтіріп кетіпті.
– Земцов қайда? — деп сұрады Ержан.
– Ол екеуі əрегірек шолып қайтамыз деп кетті.
Орман ішінен өтетін жіңішке жолдың шетінде бүкшие жантайып неміс
солдаты жатыр; мотоцикл тақымынан сытылып шығып əрегірек барып
құлапты. Зеленин еңкейіп еліктің бетіне үңіліп қолын, бет, аузын сипалап
көрді.
– Əлі қатпаған. Таяуда ғана өлтірілген.
Зеленин оның мойнындағы автоматын алды. Жарты шақырымдай
жүрмей жатып тағы бір неміс мотоциклистің өлігі кездесті. Жұрт енді
қайран болды. Əркім əртүрлі болжау айтты.
– Біздің батальонның адамдары шығар осыны істеген.
– Онда олар планшеткалары мен қаруларын неге алмаған?
– Тіпті қолындағы сағатын да алмапты.
– Мүмкін, партизандар шығар?
– Партизанға қару керек емес пе екен?
– Кім болды екен?
– Кім болса да біздің адам ғой, əйтеуір.
Үлкенді-кішілі ормандарды тасаланып сай, жыраны сағалап,
деревняларды орағытып өтіп взвод таң атқанша жүрді. Екі күннен бері тізе
бүкпеген солдаттар əбден қажыды, ашықты. Оқ, дəрінің де кешегі ұрыстан
кейін азайып қалғанын Ержан сезді. Жұртты тынықтырып, жер шамасын
бағдарлап, болашақ қимылын анықтап алу үшін таң ата қалың орманның
ішіне тоқтады. Күн əлі ашылған жоқ. Қар едеуір қалыңдап қалды.
Солдаттар қарағай бұтағын төсеніп, маздап жанған отты айнала қызара
бөртіп ұйықтап кетті. Ержан Зеленинді барлауға жіберіп, өзі де бір сағаттай
ұйықтап алды. Əлденеден секем алғандай тез оянды. Денесі салдырап
қозғалтпайды. Бүйірін қыздырған оттың қасында бұйығып жата бергісі
келеді. Ол орнынан атып тұрды. Соңғы күндері ол көңілін тежеп, өзіне өзі
қатал бола бастаған-ды. Қазір де қозғалғысы келмей бұйыға бергенін сезіп,
тез тұрды. Жүрегінің сазғанын сезіп, «өлмессің, шыдарсың» деді өзіне. Ол
керіліп бойын жазып, күзетте тұрған солдаттарды тексеріп от басына
қайтып келді. От көсеп ұйықтағандардың киімдерін оттан қорып отырған
Бондаренкоға жатуға рұқсат етіп, оның қызметін өз мойнына алды. Қалғып
əрең шыдап отырған Бондаренко басы жерге тиісімен қор ете қалды.
Ержан сөніп бара жатқан отқа ағаш бұтақтарын салды: дымқыл отын
бірден тұтана қоймай, бықсып мазаны кетірді. Өңешіне түтін кіріп
қақалғанша үрлеп шинелінің шалғайымен желпіп əрең тұтатты. Ұшқын
шашқан қызғылт-сарғыш жалын ыстық лебімен бетті шарпып, жоғары
қарай жұлқына берді. Ержанның көзі ұйықтап жатқан Раушанға түсті.
Санитарлық сумкасын жастанып отқа қарай қырынан жатыр. Суыққа
тотыққан күрең жүзінде жалынның əдемі көлеңкесі ойнайды. Ержан еріксіз
қадалып қарап қалды. Жақ сүйегі білініп, өңі тартылып жүдеп қалған.
Қажығандықтан ба, əлде басқа ма, қабағының астына күңгірт көлеңке
ұялаған. Осы көлеңке оның дөңестеу келген маңдайына, бүкіл жүзіне
қайғылы, мұңды рең беріп тұр. Құлақшыны домалап қардың үстіне түсіпті,
жалаң бас жатыр. «Басына суық тиеді-ау». Ержан түрегеліп барып
құлақшынды алды да қарын қағып, отқа кептіріп басына кигізді.
Раушанның қасынан кете алмай, бетіне үңіле қарап аз отырды; дəл осы
сəтте Раушаннан қашықтаған сайын белгісіз күш оған қарай итере түсетінін
сезді. Ол тез орнынан тұрып жүріп кетті.
Ержанның бойында өзі байқамаған бір құбылыс пайда болды. Ішіне
қатал, əмірі күшті біреу кіріп алып бұрынғы аңғал, бейқам, босаң
Ержанның əр қимылын, ойын, əрекетін қапысыз аңдап, қақпалап қатал
жолға салып отыратын болды. Босаңсып бара жатса қатайтып, еркінсіп
бара жатса тежеп ұстайды. Жаңа ғана Раушанға көңілі елжіреп бара жатыр
еді, сол əміршісі желкесінен тартып тұрғызып əкетті.
Ержан түнеріп, арлы-берлі сенделіп жүр. Көптен бері жиналған, жастық,
албырттықтан, бейқамдықтан мойны жар бермей жауапсыз қалған ойлары
енді дүмпіп барады. «Жауабыңды айт, өз арыңның алдында бұлтарма»
дейді. «Сен не бітірдің, не тындырдың? Арманың не еді, жеткен жерің
қайсы?» дейді. Я, Ержан жаман соғыспаған сияқты. Қорқып қашқан жері
болған жоқ. Взвод та жаман соғысқан жоқ. Тəуір командир тəрізді. «Тəуір»,
иə, тек «тəуір» командир, жақсы командир емес. «Тағы өзіңді өзің
алдарқатпақсың. Нашар командирсің», — деді Ержан өзіне. «Взвод жақсы
соғысса — ол жауынгерлердің ісі. Ал, сен не бітірдің. Жарайды осы ұрыста
қорықпадың. Бірақ сен командир емессің бе? Жоғарыдан берілген
бұйрықты солдаттарға жеткізіп қайталап айқайладың. Онсыз да атқылап
жатқан жауынгерлерге: «Огонь!» ден байбалам салдың. Ол Бөрібайдың да
қолынан келмей ме? Қайта ол сенен гөрі сабырлырақ, орнықтырақ істер еді
осының бəрін».
Ержан талай мықты командирлерді көрді. Бір адамы қалғанша шегінбей,
жаудың батальонын қырған, танктерін қиратқан взвод командирлерінің
атын естіді. Қиыннан жол тауып, қалың жаудың темір құрсауын жарып
еткен, өжеттігі аңыз болған командирлерді көрді. Қатал, қаһарлы, күшті
адамдар олар. Солдаттар сол қаһарлы командирлер үшін жанын беруге бар,
оған еріп от пен суға көздерін жұмбай түседі. Сол командирлер жалғыз
қызмет дəрежесімен емес, қайратымен, жігерімен қарауындағыларын
үйіріп алған жоқ па? Онда командирге солдат шын ықыласымен беріле
бағынады, командирі күшті болса солдат та өзін күшті сезінеді. Ал, Ержан
ше? Ол взводтың жүрегі, ұйытқысы, əкесі емес, өгіздің мүйізіне қонған
шыбын сияқты. Бір кездегі дивизия командиріне дейін тез көтерілмек
болған қиялы есіне түсіп, ащы ызамен мырс етті. «Əрқашан да жұрттан
артық болғың келетін əдетің бар, достым, – деді Ержан өзіне. — Сенің
жұрттан нең артық? Училищеде отлично оқып көзге түстің, ал соғысқа
келгенде жүнжіп кеттің. Жоқ, өзіңнің төмендігіңді сез, достым. Бұл жерде
сен өтірік ұялатын ешкім жоқ. Мойында». Осылай өзіне-өзі
қанағаттанбаған, өзін олқысынған ауыр өкініш көңілін ойсыратып барады.
Ержан аяғын қарға қадай басып, арлы-берлі сенделіп жүр. От басына
жиырма қадамдай үлкен қарағайдың қасына барады да, оның сынған
бұтағына көзі түсіп, кейін қайтады. Екі ортада тапталып жол түсіп қалды.
Ержан оттың сөніп бара жатқанын көріп ағаш салды. Тағы да Раушанның
жүзіне көзі түсті. Қабағының астына ұялаған манағы бір көлеңке ыдырап,
қызара бөрткен өңіне жылы рең кірген. Жұқа ернінде күлкі табы тұр.
Жақсы түс көріп жатыр. Сонау айлы түнде алғашқы, һəм соңғы рет сүйген
осы əдемі жұқа еріннің жылуын қайта сезгендей болды. Өміріндегі ең
бақытты сəттің қадірін сол кезде бағалай алмай қапыда өткізіп алғанына
өкінді. Сол бақыты тағы бір ғана айналып келсе... Ішіндегі қатал əміршісі
тағы да ұстап алды. Қайда екеніңді, мойныңда қандай міндет тұрғанын
ұмытып кеттің бе? Өзіңнің кішкентай, ұсақ қайғыңмен əлек болып жүрсің.
Өлім-жітімі мойныңа артылған жиырма-отыз адамның қамын ойлау жоқ-ау
сенде!? Əнекей, тамсанып қойып тəтті ұйықтап жатқан Бондаренко. Соның
өмірі сенің қолыңда. Оның үйінде күтіп отырған əйелі, бала-шағасы барын
білесің бе? Əйелі күн ара хат жазады, почта кешіккенде үш-төрт хат бірден
келеді. «Қолына күрек пен көсеуден басқаны ұстап көрмеген менің
қатыным бармағы майысқан писарь болып алды», — деп күледі
Бондаренко. Жаңа қосылған жарынан мауқы басылмай айрылған, сарғайып
күтіп отырған Кəкібайдың əйелі ше? Көжектен айрылдың... Зарығып
көрген баласы сағынып күнара хат жазатын еді о да. Жақында алған
автоматынан кем қадірлемей, бас жағын кертіп жіппен төс қалтасына
байлап алған көк сия қарындашын қайта-қайта аузына салып сулап, езуі
мен мұртын сияға бояп, икемсіз мыртық саусағымен əр əрпін баттитып
жазатын. Қартбайдың мектепке биыл барған баласы, алғашқы таныған
əрпінен қиыстырып: «Бапа, жауды жеңіп қайт, біз сені сағындық», — деп
жазды. Сəби жүрегі лүпілдеп əкесінен жақсылық хабар күтіп отырған сол
балаға не деп жауап бересің? Қаншама жұрттың ең ардақтысы, өмірдегі ең
асылы тапсырылды саған. Взвод. Жиырма алты жауынгер, төрт кіші
командир. Шығынымыз төрт адам. Осы жансыз құрғақ сөздің астында
қаншама ұшан-теңіз дүние жатқанын сездің бе сен? Осы дүниені, асыл
қазынаны қоршаудан аман алып шыға аласың ба? — Осы араға келгенде
Ержан тоқырап қалды. Мойнына түскен салмақ тым ауыр жатыр.
«Арыстанов сөз жоқ алып шығады. Кусков та алып шығар еді», — деп
ойлады ол. — Əрине жауынгерлердің бəрін қазадан сақтау мұның қолынан
келмейді. Өзі де қаза табуы мүмкін. Бірақ əрбір орынсыз шығын болған
өмірге бұл жауапты. Керек болса олардың өздері де өлімнен тайсалмайды.
Қартбай мен Көжек қабақ шытпастан қалың жаудың ортасында қалған жоқ
па?
Бұдан бір-екі ай бұрын бастықтар: «Рота командирі бол», — десе ішінен
қуана келісім беруге, «батальон командир! бол», — десе көп ойланбай-ақ
көнуге даяр Ержан, енді «взвод» деген ең кішкене бөлімшенің өз еңсесін
басып кетерлік ауыр салмақ екенін тіпті бар денесімен сезді. Бекімеген
бұғанасы көтере алмайтын ауыр теңді артқан сияқты бұған. Оны «əлім
келмейді» деп тастай алмайды енді, қабырғасы сынса да апарар жеріне
жеткізуі керек. Ержанның көз алдына бала кезіндегі бір оқиға елестеді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 17
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.