Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 24

Total number of words is 4086
Total number of unique words is 2165
35.5 of words are in the 2000 most common words
50.5 of words are in the 5000 most common words
58.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жатырмын»,— деді көзін қысып. Солдаттың мінезі аздап Айшаның көңілін
сергітті. Хадишаның үйі үш-ақ аялдама жерде болатын. Енді Айшаның
көңілі қайтадан қобалжи бастады. Мұны Хадиша қалай қарсы алмақ. Ол
əйел де бихабар емес еді, оны Айша сезетін. Жəне мыналарымды не деп
ұсынам. Намысына тиіп, ренжітіп алмас па екем. Қанша айтқанмен
Мұраттың əйелі ғой.
Бірақ манағының бəрінен кейін Айша кейін шегіне алмады.
Есікті Хадишаның өзі ашты. Айшаны көріп ақырын тұрып қалды. Көз
шарасы үлкейіп, танымаған адамдай таңырқай қарайды. Айшаның аяз
сорған өңінің қызылы қоюлана түсті. Ернінің ұшымен əрең ғана
«Сəламатсыз ба» – деді. Хадиша да ернін күбір еткізгендей болды. Бір
сəтке созылған үнсіздіктің өзі шыдатпай бара жатыр. Хадишаның түріле
ашылған жұқа ернінен «не шаруаң бар еді!» деген ащы сөз ыршып шығып,
бетке ұрып жіберетін сияқты. Манадан көңілінде дайындап алған: «Үйіңнің
тұсынан өтіп бара жатып, соға кетейін деп едім» деген сөзі жалған еді. Дəл
осы бір қысылшаң сəтте жалған сөз ауыздан шықпады. Хадиша енді бір
азғана секунд үндемесе Айша бұрылып, қайта шығып кетуге де даяр еді.
«Кіріңіз» деді Хадиша.
Айша табалдырықтан қалай аттап өткенін, алдыңғы бөлменің төрінде
тұрған орындыққа қалай жеткенін білмеді, тек отырғаннан кейін ғана өзінөзі билегендей болды. Сырт киімін шешпестен, қолындағы саквояжын
тізесінің үстіне қойып, енді тұрып кететін адамдай орындықтың шетінде
сергек отыр. Хадиша «шешін» деп айтпаса мына түрімен келген
шаруасының бірін де бітіре алар емес. Кеңірек отырып сөйлесуі керек қой.
Хадиша əлі «шешін» деп айтқан жоқ. Жаңағыдай таңырқап қарамаса да,
шүйіркелесіп жөн сұраспай, диванның үстінде шашылып жатқан көрпе,
жастықтарды жинастырып жүр. Қонағына онша қуанышты емес сияқты.
Əйел заты сыншыл да аңғарымпаз ғой. Айша үй ішін көзімен бір
шарпып өткенде-ақ ұсақ-түйекке дейін көріп қалған еді. Аласалау шағын
бөлме. Ана ақшыл сарыға боялған фанер есік төргі бөлмеге апарады.
Кереует жоқ. Tөp бөлмеде ұйықтайтын болар. Мəнерлі оюлы матамен
тыстаған арқалығы аласа диван. Үстінде ұзынша қоңыр сəтен көрпе,
кестелі екі кішкене көпшік жатыр. Үш-төрт жұмыр сирақты арқалығына,
отырар жеріне фанер ұстаған стул. Есік алдына алаша төсеген. Бұрышта бір
сандық, оның үстінде чемодан. Кəдімгі орта қол қызметкердің жұпыны
ғана тап-тұйнақтай үйі. Тек екі терезе ортасындағы комод үстінде ғана
айнаның сəулесіне шағылыса жарқырап ұсақ-түйек əшекейлі заттар
көрінеді.
Қабырғада Мұраттың үлкен суреті тұр. Жасырақ кезіндегі кішкене
карточкасынан үлкейттірсе керек, жалпы ұқсастығы болмаса, кəдімгі
«Мұраттық» ешнəрсесі көрінбейді.
– Шернияз қайда? – деп сұрады Айша.
– Шернияз ұйықтап қалды. Өзіңнің үй ішің аман ба? Күйеуіңнің,
балаңның дені сау ма?
– Саушылық.
Кірердегі лоблыған көңілі басылып, Айша енді өзін-өзі билеп алды. Ол
енді столға жайғасыңқырай отырып, пальтосының өңірін ағытып,
басындағы түбіт шəлісін шешіп қолына алып, жайбарақат отыратын рай
білдірді.
– Шешінсейші, шай қояйын, — деді Хадиша.
Мұның тек сыпайылық үшін айтылған сөз екенін білсе де, Айша бас
тартпады. Тез шешініп киімін ілді,
– Азғана жылынып отыра тұрайын, шай қойып əуре болмай-ақ қой,—
деді Айша.
– Жоқ, енді, отыратын болғасын шай іш, — деді Хадиша. Мұнысы
«кетпей отырып алғасын, несіне бұлданасың» дегені сияқты.
– Мейлің, ендеше, — дей салды Айша.
– Мен қазір шай қойып келейін, — деп Хадиша ас үйге шығып кетті.
Шай үстінде бірте-бірте кəдімгі екі əйел бас қосқандағы үйреншікті
əңгіме басталды. Қала тұрмысы, ортақ таныстар, Хадишаның кестесі —
бəрі кəдеге жарап əңгіме болып жатыр.
Бірақ екі əйелдің көмейіндегісі ол емес. Болымсыз сөздер іште толқыған
үлкен айқастың бүркеніші сияқты. Қабақ астынан бір-бірін бағып, бірі «не
ойың бар? Неменеге келдің?» десе, бірі «Мен туралы не ойлап отыр екесің?
Ішің жылымайтын-ақ шығар» дейді.
Айша Хадишаны көрмегелі жылға жуық болған.
Бірінде Хадиша байқамағансып басын да изеген жоқ.
Қазір Хадишаның өңі жүдеу. Бұрын қызыл шырайланып қан тепсініп
тұратын əдемі өңі солғын тартқан. Оң жақ бетіндегі меңі де ажарының
жүдеулігін танытып, баттиып айқындала түскен. Көзқарасынан,
күйгелектік ене бастаған қимылынан, дауысынан əлдеқандай бір күйінішті
ызаның ызғары сезіледі. Таныстарды сөз еткенде де ызамен кекеп, шенеп
отырды. «Құрман не ғып жүр осында? Қатын-баласын Ақмолада
қаңғыртып тастап, өзі сайранды салып жүр ғой». «Нұтфолланы-ақ əскерге
алмайды екен. Майданға барса көрер едім шікірейгенін», — деп келеді
сөздері. Айша Хадишаның халін əйел жүрегімен ұқты. Сырласар, мұңдасар
адамы жоқ, қиналғанда демеу болар жақыны жоқ, бұрыннан да шыдамсыз,
мінезсіз əйелді жоқшылық пен жалғыздық ашындырып, ызақорлығын
қоздырыпты. Енді бұл байғұс жақсылықтан түңіліп, жамандықты ғана
көреді. Осы қаланың, барлық жұрттың бұған істері тек қиянат сияқты
көрінеді. Ең аяғы бір əйел машинаға мініп бара жатса да, не күйеуімен
театрға барса да өз орнын, өз үлесін сол тартып алғандай қызғанады.
Осындай қиын кезде дүниеге түгел ыза болып өмір сүруге болмайды ғой.
Айша Хадишаны аяп кетті. Сырласып көңілін жылытқысы келді. Бірақ
мынау ызасын сыртқа теуіп, тарылып алған əйел ішіне жіберер емес. Қайта
реті келсе өзіне де ащы тілін бір сұғып алғалы отыр.
Хадиша Мұрат пен Айшаның арасында «бір бəле» барын көптен білетін.
Бір кезде ішін өрт жалап, қызғаныш отына да өртенді. Бірақ өз көзімен
жартымды еш нəрсені көре алмады. Əңгіме — құр өсектен туған сияқты
көрінді. Айша тарапынан еш нəрсе сезілмеді. Соңғы жылдары Мұрат
Хадишаға салқындап кетті. Бірақ ол салқындық Айша туралы өсектен көп
бұрын басталды.
Бір рет Мұрат «мен басқа əйелді сүйемін, еркің өзіңде» деп еді. Бұл
сөздің ашудан ғана тумағанын, шындық екенін жүрегімен сезіп Хадиша
шошып қалды. Осы сөзден кейін Мұраттан айрылып қалам ба деп қорықты.
Мұраттан өзгемен өмір сүруім мүмкін дегенді Хадиша ойламайтын. Сол
«басқа əйелді» Айшаға жорып еді. Ол күдігінен əлі де арылып болған жоқты.
Осы сияқты себептермен араласпай кеткен Айшаның не шаруамен арнап
келгенін Хадиша түсіне алмады. Іштей күндес əйел қайткенде де Айшаның
алдында сыр алдырмауға, өзін жоғарырақ ұстауға тырысты. Алғаш
кергенде бұрқ етуге дайын тұрған ашуын тежеп ұстады.
Хадиша да көз қиығымен Айшаны сынап отыр. Айшаның етжендеу сəл
ғана жарасымды толықтығы бар тұлғасынан байыпты бір тартымдылық
сезіледі. Қызыл шырайлы, ажарлы жүзін, мөлдіреген нұрлы көзін болмашы
бір мұң шалып тұр. Ол табиғатынан біткен ұяңдығы ма, əлде реніш пе,
айыру қиын. Бірақ осы бір мұң айдың бетін қалқалаған селдір мұнардай —
Айшаның өңіне ерекше бір сəн беріп тұр. «Мұндай əйел Мұратқа
ұнайтыны анық», — деп ойлады Хадиша. Бірақ осындай кезде ішін өртеп
кететін қызғаныш оты сөніп қалған сияқты, сыртына шығарып еш нəрсе
айтпады. Тек Айшаны сөзбен бір шымшып өтті.
– Сенің күйеуің үйде. Төрт құбылаң түгел ғой. Қадірлі адамдарды
əскерге алмайтын көрінеді ғой, — деді сөз арасында.
– Қайбір қадірімен қалып жүр дейсің, — деді Айша күрсініп. — Əйтеуір
ебін тауып қалған да. Талай асыл азамат соғысып жүр ғой.
Екі əйелдің көмейлерінде тұрса да айтпай, орағытып отырғандары
Мұрат еді. Енді əңгіме соған келіп қалды.
– Неге өз күйеуіңді жамандайсың, — деп Хадиша бір қағытып өтті. —
Өзін жұрт мақтап жүр ғой. Сіздің үйді осы қаладағы күйлі үйдің бірі дейді.
– Хадиша, оның несін айта бересің, — деді Айша Хадишаға тура қарап.
— Несін жасырайын. Ел басына күң туғанда өз тоқтығын ойлаған адамның
несі артық. Бар ауырды арқалап жүр ғой талай азаматтар. Жұрттың
тілейтіні де солардың амандығы... Москва түбі қиындап бара жатқан
көрінеді ғой. Олардың қайсына оңай тиіп жүр дейсің. Тоқтатса екен тым
болмаса.
Осы сөзді естігенде Хадишаның көңілі босап кетті. Мұрат жайын,
соғыстың ауырлығын соңғы кезде көп уайымдайтын. Манадан бергі іштей
тыртысқаны тарқап кетіп, енді ол да шын көңілден елжірей сөйледі.
– Қиын болып тұр ғой. Бүгін радиодан тыңдап едім.
Тағы да немістер көп танкі төгіпті дейді. Хат келмегелі де жарты ай
болып қалды...
Хадишаның соңғы сөзінен Айша тіксініп қалса да:
– Аман болар. Соғыста хат жазуға мұршасы да болмайтын шығар, — деп
жұбаныш айтқан болды.
– Аман болса болар еді, əйтеуір.
Хадиша көзінің жасын сүртті. Арадағы мұз еріді.
Сонау соғыста, қатерде жүрген адам еске түскеннен кейін екеуінің
арасындағы кірбең сондай болмашы ұсақ құбыжық көрінді. Енді екі əйел
шешіліп, сырласып сөйлесті.
– Көршілерің жақсы адамдар ма? Араласып тұрасың ба?— деп сұрады
Айша.
– Жаман адамдар емес. Бірақ араласымыз шамалы.
Мұрат барда араласып тұратын екі-үш əкімдер бар еді.
Олардың үйіне бармайтын болдым. Күйсіз ағайың мен күйсіз дос сыйлы
болмайды ғой,— деп Хадиша күрсініп қойды. — Бізді қойшы. Мұндағы
адам өлмес, күн көрер-ау.
– Қызмет істемейсің бе?
– Бір-екі жерде бастықтарға секретарьлық қызмет ұсынып еді. Оның өзі
қолбала сияқты қызмет қой. Арландым. Осы намыскерлігім Мұраттан
жұққан ғой деймін, — деп күліп қойды Хадиша. — Бұдан бес-алты жыл
бұрын педтехникум бітіріп едім. Қазір қарайып қалдым ба, қалай.
– Ендеше біздің мектепке оқытушы бол. Төменгі кластарға сабақ
бересің. Айтпақшы, Шерниязды да өзің оқытасың ғой, — деді Айша
қуанып кеткендей.— Өзіңе де жақсы. Үйде отыра бергеннен гөрі... көңілің
сергиді.
– Ұмытыңқырап қалыппын. Қиын болмаса,— деді Хадиша. Бірақ
Айшаның сөзінің ұнағанын көзі айтып тұр.
– Алғашқы сабақтарыңды дайындап апаруға мен көмектесермін. Тез-ақ
жаттығып кетесің.
Хадиша шайын қайтадан ысытып əкелді.
7
Таң қылаң берді. Бұлтты таңның сұрғылт, күлгін сəулесі қара жардай
қалың тұтасқан қарағай орманды, қуқыл қарлы дөңестерді, мүлгіп тұрған
деревня үйлерін қараңғылық құшағынан суырып шығарып, бірте-бірте
айқындай түсті. Таңмен бірге дабырлаған дыбыс, сапырылысқан жүріс тез
саябырлады. Сырт қараған кісіге: түнімен дамылсыз қимылда болған
майдан шебі таң ата ұйқыға кеткендей сұлық жатыр. Бұл үлкен айқас
алдындағы ширатылған жіптей созылған үнсіздік, ширыққан күтініс еді.
Түнде екі-үш күннен бері бəсең тартқан неміс атакасына тойтарыс беріп
тұрған алғы шептегі азғана бөлімдер кейін шегініп кетті. Екінші эшелон
соғыстың өтіне шықты. Мынау ортасына бір шоқ тал өскен кішкене
ойпаңнан арғы анау кішкене төбенің арғы бауырынан бері қарай иек артқан
Неделино деревнясына күні кеше жауынгерлер еркін баратын, жылынып
қайтатын. Енді сол деревнядан дұшпан қаруының сұсты тұмсығы
сығалайды.
Окопта немістермен талай айқасқан солдаттар отыр. Бірақ оларды
алғашқы соғысқа кірердегідей ыстық толқын билейді. Қолбасыдан бастап
қатардағы солдаттарға дейін ең күшті, ең қиын айқастың төніп келгенін
сезді. Шегіншектеп келіп арқасы Москваның қақпасына тірелген əскер дəл
осы арада дұшпанды қайтадан бір серпіп тастап күш алуға тиіс. Əйтпесе
жауды кеудеге шығарып алады. Барлық майданды осындай бір сезім биледі.
Əркім өлуге болатын, бірақ шегінуге болмайтын айқасқа дайындалды.
Қашан алғашқы оқ атылып, əркім өзінше қимыл жасап, соғыстың
қасарысқан қайсар сезімі қоздырып əкеткенше, солдат сымдай тартылып
іштей сірескен халде болады.
Осы кезде төңіректегі нəрсенің бəрі ширығып, шертсе үзіліп кететін
сияқты. Қолдағы үйреншікті қару да киелі, сұсты болып кетеді. Қасыңдағы
күнде қалжыңдасатын жолдасың да биік қасиет иесі, аруақты адам болып,
жаңаша, ерекше сыйлатады. Ең аяғы ауа да зыңылдап тұрғандай. Мұндай
кезде қалжыңның əсері болмайды. Əркім өз көңіліндегі ұсақ-түйектен
арылып, өз өміріндегі ең ұлы, ең биік іске дайындалады. Жарық дүние мен
түнек арасындағы ұлы күтіс.
Ержан да дəл осындай бір халде болды. Ол түнімен көз ілдірген жоқ.
Қанша қамданса да ұрыс алдындағы дайындық мұрша бермеді. Жоғарғы
командирлерден өзі бұйрық алды, қарауындағыларға бұйрық етті. Окоптың
əлі де таяз-ау деген жерлерін тереңдеттірді, запас атыс ұяларын
дайындатты. Оқ-дəріні мол қамдап қалуға тырысты. Танкке қарсы
гранаталар мен бутылкаларды азсынып аларманға епті Добрушкин мен
Бөрібайды Дошевскийге жұмсады. Олар керегін мол алып қайтты. Кісінің
бар қасиетінен қулықты артық бағалайтын Бөрібай солдаттарға өз ептілігін
мақтаныш етіп айтты:
– Дошевский деген баяғыдан қазнаны жеп қалған алаяқ ұры емес пе?!
Ауру қалса да əдет қалмайды деген: оқ-дəріні де ұрлағысы келеді. «Бір
жəшіктен артық граната бере алмаймын», — деп Добрушкинмен керілдесіп
жатқанда босатып апарған қапшығыма екі жəшігін сықап алдым. Алыңдар,
үшеуден алыңдар.
Бір соғысуға взводтың оқ-дəрісі мол сияқты. Бірақ төніп келе жатқан
күштің салмағын болжау қиын.
Соңғы екі-үш күнде дұшпан атакасы бəсеңдегенмен қауіп-қатер ұлғая
түсті. Барлаушылар немістердің үлкен күш топтап жатқанын хабарлайды.
Онсыз да алғы шептен танк гүрілі тым жиі естілетін болды. Үсті-үстіне
өрекпіген жау атакасынан енді ғана тыныс алған солдаттар төніп келе
жатқан темір күштің үздіксіз сықырына елегізіп құлақ тігетін.
Ержан окопты бойлап азғана жүріп келіп, ортаңғы екінші отделениенің
тұсында тоқтады. Взвод бекінісінің оң қанаты өрлеу де, сол жақ, қанаты
еңкейіңкіреп барып жыраға тіреледі. Жыраны қалың қар басып қалған. Екі
жағына бірдей көз тастап, өзіне осы араны ыңғайлы көрді. «Əзірге осы жер
қолайлы, кейін соғыстың ыңғайына қарап көрермін»,— деп ойлады. Бүгін
ертеңгілік дұшпанның шабуылға көшетінін Ержан білді, бірақ дəл сағат,
минутын біле алмады. Солдаттарының дайындығын мана таң алдында
тексеріп, керекті бұйрығын жасаған. Енді дəл осы бір шиеленіскен күтіс
сəтінде жұртты мазалауды тіпті орынсыз көрді. Аңды көздеп жатқан
аңшыдан «сен мылтығыңды оқтадың ба» деп сұрамайды.
Ержан алдыңғы жаққа көз жіберіп үнсіз тұр. Неделино деревнясы
төбенің астынан шығып келе жатқан керуен сияқты: бірер үйдің төбесі ғана
қылтиып, бірер үйдің шатыры, одан əрі терезелері көрініп, екі-үш дөңестің
үстіне тұтас шығып кеткен. Жау жақтың дүбірі еміс-еміс естіледі.
Алысырақтан мотор гүрілінің үні талып жетті. Ержан жау жақтан естілген
əрбір дыбысқа құлақ тігіп үнсіз тұр. Қасындағы Бөрібайды да ұмытты. Ол
анау қырқаның астына топталып əмір күтіп тұрған күштің салмағын
денесімен сезгендей.
Сол күш қырқадан асып төгіліп бері қарай ақтарылғанда — взводтың
жіңішке шебі үзіліп кетпей, қайткенде де шыдау керек. Шегінуге
болмайды.
Бұйрықта да дəл осы сөз айтылды. Бұдан бұрын шегінуге болмайды
деген бұйрықтар берілген. Бірақ бөлімдер талай шегінді. «Шегінуге
болмайды» деген əмір: «барыңды сал, фашистерді қолдан келгенше
ұзағырақ бөге» деген мағынада берілетін де, солай қабылданатын да.
Ержан енді «шегінуге болмайды» деген əмірдің өзінің ең шын
мағынасында, ең соңғы рет берілгенін бар көңілімен ұқты. Басқалар сияқты
бұл да қарқындап келе жатқан жауды біржолата тоқтататын сағатты күтуде
еді.
Ол сағаттың осы соғыстағы ең ауыр, ең қаһарлы сағат екенін де білді.
Енді сол бір шекке келіп қалғанын іштей сезініп, өңі ұстараның жүзіндей
қуқыл тартып, бойын ыстық толқын кернеп тұр.
– Наблюдаешь? — деген таныс дауыс естілді.
Ержанның қасына Кусков келді. Құлақшынының құлағын түріп, сəл
еңкейте киген, автоматын мойнына асқан; сол кəдімгі қалпы. Тек өңі қуқыл
тартып, ерні жұқарып тісіне жабысқан. Көз нұры өткірленіп, көкшіл
шыңылтыр сəуле шашады. Ол əшейіндегідей езу тартып күлген жоқ.
Ержанның қасына келіп окоптың ернеуіне кеудесін тірей алдыңғы жаққа
қарады. Ержан оның да өзі сияқты іштей ширығып тұрғанын сезді. Екеуі аз
уақыт үнсіз алға қарап тұрды.
– Немістер танктерін көбірек əкеліп жатқан сияқты, — деді Ержан енді
үндеспеуге болмағасын.
– Иə, естіп тұрмын.
– Политотделге барып қайттың ба? Не жаңалық бар екен? — деді Ержан.
Айтуын айтса да Ержан бұл сұрауының мəнсіз бос сөз екенін білді.
Дивизия, майдан, бүкіл ел болып күтетін жаңалық мына жауды тоқтату.
Политотдел бастығы Кусковка да одан басқа еш нəрсе айтпағаны анық.
Василий Ержанның осы ойын түсінді.
– Жаңалық белгілі ғой өзіңе. Ананы тоқтату ғой,— деді иегімен алдыңғы
жақты нұсқап.
– Да... Жарко будет сегодня, — деді Ержан да алдыңғы жаққа қарап. —
Менің байқауымша, жар басына келіп қаппыз. Енді шегінуге болмайтын
сияқты.
– Менде де дəл сондай бір сезім бар, — деді Кусков
Ержанның бетіне тура қарап. — Дальше некуда: Неміс күші əлі де
басым. Өлгім келмейді. Бірақ осы жерден кейін аттауға болмайтынын
білемін.
Сақырлаған танк шуы айқынырақ естілді. Ержан мен Василий бір-біріне
қарады. Сəлден кейін Ержан қайта сөз бастады. Неге екені белгісіз, осы бір
оңаша тыныштықта Василийге сырын айтқысы келді.
– Анадағы бір əңгімеміз есіңде ме. Сондағы бір ойлар мені көп қинады.
Өзіңмен өзің қалып оңашада ойланғанда тіпті қиын болады екен. Кейінгі
күндері соның бəрін ұмытып кеткен сияқты едім. Бүгін таң алдында барлық
өткен өміріме көз жүгірттім. Жұрт сүйсінерлік, есте қаларлық еш нəрсе жоқ
екен. Өзге тұрсын, өзім үшін де қуанып еске аларлық белгі жоқ. — Ержан
мырс етті. — Тіпті жігіт болып адам сияқты қыз сүйіп те көрмеппін.
– Сен немене, қартайып қалған адамша сөйлейсің, — деді Василий
Ержанды жаңа көргендей бетіне үңіле қарап. — Ондай чепуханы басыңнан
лақтырып таста. Сенің нағыз өмірің енді басталып келе жатыр.
Василий Ержанның көңілінде қандай өзгеріс болып жатқанын түсінді.
Адам өмірінде балалық пен есейіп ержетудің арасында едəуір аралық
болады. Адамның ойлы шағы сəске мен түстің арасындай байқаусыз келеді.
Соғыс Ержанның балалық қабығын піспей жатып сыдырып, ауыртып
аршыған. Бейқам көңіл күтпеген жерден тұңғиық ойға тірелген. «Көп
ұзамай толғақ басылады, көңілі орнына түседі» деп түйді Василий.
Кенет осы сөзінен Ержанның өзі ұялып қалды. Бейне біреудің баласы
хал үстінде жатқанда шиқанының сыздағанын айтып қыңқылдағандай
көрінді. «Ажалдың қарсы алдында тұрған адамға менің шек-қарнымды
ақтарудың қанша қажеті бар», — деп тастай түйіліп алды.
– Чепуха екені рас. Оттап кетіппін, — деді Ержан.
– Ой, сен ренжіме. Мен сені түсініп тұрмын. Кейін бір сөйлесерміз, —
деді Василий.
Ержан үндеген жоқ.
– Мен сенің взводыңда боламын, — деді Василий. — Ал, енді жігіттерге
барайын.
Ержан Василийге ырзалықпен қарады. Жас дəрігер ауыр операция жасап
жатқанда қасында тəжірибелі профессор тұрса қандай батыл, сенімді болар
еді. Ержан да ұрыс кезінде қасында Василий болса, сондай сезімде
болатын.
Жау атакасы оқыс басталды. Қысқа ғана қызу артиллерия атысынан
кейін Неделино деревнясынан қаптап жаяу əскер шықты. Олар бергі
баурайға құлай бергенде қырқадан теңселе қозғалған танк көрінді. Бірінің
артынан бірі суырылып шығып келеді. Енді бес танк сап түзеп, салмағымен
жерді жаншып асықпай ауыр жылжып келеді. Əнекей жүгіре басқан жаяу
əскерді басып озып, шоқ талдың түбіне жақындап қалды. Маңдайынан
бұрқылдап түтін көрінді. Окоп үстін пулемет оғы шарпып өтті.
Василий жаудың қимылын бағып үнсіз тұр. Мойнындағы автоматын
алып окоптың ернеуіне қойды. Манадан бергі ширыққан ішкі шиеленісі
енді шегіне жеткен. Тынысы да жиілеп барады. Ол жау күшінің бар
салмағы мен айбарын бүкіл денесімен сезіп тұр. Танктер талдың түбіне
жеткенде төбе шашының тікірейіп бара жатқанын байқап қалды. Ол өзінөзі билеп үйреніп еді. Сол ғана сіркірей дірілдеген қолымен автоматты
қысып ұстады. Бойындағы бар қайратын жинап, лоблыған көңілін басты.
Енді ол жауынгерлердің халін ойлады. Қазір олар да ұстараның жүзіндей
қылпылдаған толқымалы күйде тұр. Демеу керек. Василий окопты бойлап
жүгіре аяңдап кетті.
Жауынгерлер қаруларын қыса түсіп, қаптап келе жатқан қалың əскерге,
жақындап төне түскен ажал сұсты қара темірге көз шаралары үлкейіп, үнсіз
қарайды. Жау салмағы тынысты тарылтып барады. Осы бір нағыз
қысылшаң сəтте саңқ еткен ащы дауыс естілді:
– Шегінетін жер жоқ! Артымызда Москва!
Кусковтың даусына ілесе Ержан да команда берді:
– Огонь!
Аз бен көптің арасындағы кескілескен айқас басталды.
Манадан бері жауынгерлерді сығып ұстаған ішкі шиеленіс енді оқпен
бірге ұшып бара жатқандай. Күтініп отырған взводтың тығыз оғынан
дұшпанның жаяу əскер шебі ыдырап, шашылып бірі жатып, бірі жүгіреді.
Танктер шыдамсыздық жасап, жаяулардан озып окоптың шеніне келіп
қалды. Ойлары окопты таптап пехотаға жол ашпақ. Бондаренко стволы
сорайған ПТР-ын кезеп қарсы келе жатқан танкты атқылады. Бірақ оғы
дарымады ма, əлде тимеді ме танк елең етпей, пулеметтен оқ жаудырып
жақындай берді. Кенет солға қарай бұрыла беріп бүйірін тосты. Осы кезде
Бондаренко көздеп үш рет атып жіберді. Танк шойырылып тұрып қалды.
Бірақ өзге танктер окопқа жетті. Біреуі Бондаренконың оң жағында шыр
айналып окоп үстін өтектеп жүр. Танк бетін бері бұрып алғанда
Бондаренконың жүрегі мұздап қоя берді.
Ол қалтыраған қолымен ПТР-ын тез окопқа түсіріп бұға қойды. Əнекей
окоптың ернеуін опырып танк таяп қалды. Үсті-басын топыраққа көміп
сықырлаған қара темір үстінен өтіп те кетті. Бондаренко бір ғана сəтке
есеңгіреп үнсіз қалды да, топырақ арасынан ұзын мойын ПТР-ын тез
суырып алды. Танк шыр айналып окопты жаныштап жатыр екен,
Бондаренко ызамен үсті-үстіне төпеп атқылай берді. Осы кезде бүкіл взвод
жаныштаған танк астында бұлқынып, арпалысып жатыр еді. Тағы да бір
танк өртеніпті. Жалын аралас бұрқылдаған көк түтінді кейін қарай жел
айдап барады.
Қартбай ерекше бір сабырлы қайратпен танк окопқа жеткенде бас
көтерген неміс шебін атқылап жатыр еді.
Оның қасындағы Земцов «жат» деп айқайлады. Танк келіп қалған екен.
Қартбай мойнынан суылдап төгілген топырақтан енді басын көтергенде,
гүрс етіп граната жарылды. Земцов гранатаға қоса бутылка лақтырды.
Лапылдап жанған танкті көріп, Қартбай ет қызуымен:
– Солай соқ! Əкеңнің көрі жаңғырды, — деп айқайлап жіберді.
Ол қайтадан пулеметіне жармасып, жүзі сұрланып, сирек мұрты
тікірейіп, жаяу əскерді көздеп атқылай берді. Қолы пулеметке жабысып
қалғандай.
Уəлидің шын мағынасында соғысқа кіруі — осы бүгін ғана еді. Барлық
басынан кешкен істерден кейін, не де болса шыдамдыққа бел байлап еді.
Бірақ жүзі суық ажал тағы да бетпе-бет келгенде ол сенімін ауытқытайын
деді.
Төніп келе жатқан жау күшін, əсіресе танктерді көргенде — взвод
күшінің сондай қораштығын сезді. Анау темір шоқпарға қарсы бұлар
қамыс сойылмен шыққандай көрінді. Осыдан кейін-ақ окоптағы
солдаттарды енді бүл дүниеде жоқ адамдай сезінді. Қуарып кеткен
өңдерден оған өлімнің салқыны ескендей болды. Сондықтан да болар,
төніп қалған жауға қарсы жұрттың қайрат қылуын тіпті мəнсіз көрді. Одан
əрі қым-қиғаш, астан-кестен айқас болып кетті. Бірде бұғып жата қалып,
бірде басын көтеріп, ұрыстың шуын естіді. «Тірі қалып қимыл жасап
жатқандар əлі де бар екен-ау»,— деп ойлады. Үстінен екі рет танк өтіп
кетті. Алғашқы рет танк төбесіне төніп келгенде «біттім» деп көзін жұмып
еді, тірі қалды. Есін жиып оң жағына қарап тағы бір танктің жанып
жатқанын көрді. Енді ол болған істі ұғынып, сұмырай танкті өртеген адамға
риза болды. Біреудің күшті қолы тас төбеден төнген ажалдан құтқарғандай
— бойы жеңілденейін деді.
Танктермен ұстасқан қысқа қызу айқас тез басылды. Екі танк өртенді де,
екеуі арлы-берлі бұлталақтап жүріп кейін қайтты. Бір танк тылға өтіп кетті.
Ол артта разъезд үшін маңайлап келіп терезесін атқылады. Одан əрі
қалың қарағай орманға басып кіруге жүрегі дауаламай, арлы-берлі ойланып
жүрді де кейін қарай салды. Соғыс қызуына еліккен Ержан окопты бойлап
келе жатып, Бондаренкоға жолықты.
– Құрт ананы!— деп əмір етті.
Шебі шашылып, əрең жеткен жаяу əскердің алғашқы атакасын взвод тез
тойтарды. Бірақ танктерден гөрі бұлар қайсар екен. Бір-екі пысық командир
шегіншектеп кеткен шашыраңқы тобын жиып алып қайтадан атакаға
шықты. Жатып жүгіріп, өлерменденіп алға басып келеді. Бірақ взводтың
оғы əлі де тығыз еді. Шығынына қарай окопқа жақындаған дұшпанды
қатты сиретіп тастады. Қартбай қалт етіп қолы босағанда пулеметтің
дискісін оқтады. Табақтай жалпақ дискінің оқтауы оңай емес, асқан
ептілікті керек етеді. Есебін тауып жинап алған алты дискасы бар еді.
Соның екеуі босап қалды. Қасында тұрған Земцов «келе жатыр»деп
айқайлағанда оқтап отырған дисканы тастай беріп пулеметке жармасады.
Біртіндеп шашырай көтерілген фашистерді үйреншікті нысанаға алады.
Танк атакасын тойтарғаннан кейін Ержанның көңілі бірленгендей болып
еді. Енді мынау жау пехотасы қысып барады. Бұрын бойында жоқ ерекше
бір өжет қыңырлықпен өлгеніне қарамай ақырын жылжып, жақындап
келеді. Енді қалың шепті емес, біртіндеп жүгірген жеке солдатты көздеп
ату керек. Взводтың шығыны Ержанға əлі белгісіз. Тек оқтың тығыздығына
қарап көңіліне тоқ санайды.
Жауған оққа қарамай кеудесімен кимелеп жақындаған жау, лап беріп ең
соңғы атакаға ұмтылды. Окоптан пулемет, автомат, винтовка оғы қардай
борады. Бар арманы сол болғандай соңғы атакаға шыққан жиырма шақты
солдат окоптың ернеуіне жақындай құлады. Алты-жетеуі ғана окоп ішіне
тірі жетіп, қолма-қол қызу айқаста қаза тапты.
8
Жеңіспен тез аяқталған қызу айқас жауынгерлерді желпінтіп тастады.
Əркімнің көңіліне тек қанды жеңістен кейін ғана найда болатын ерекше бір
қызу қуаныш ұялады. Шаршаған, үсті-басы, бет-аузы лас солдаттардың өңі
құлпырып, көзі жайнап кеткен. Əрқайсысы өздерінің үлкен іс
тындырғанына қанағат тауып, көңілді бір шуақ, тыныш қуаныш жылытады.
Осы сəтте солдат қасындағы жолдасын сүйгісі келеді, бірақ сүймейді, оған
көңілі толып ризалықпен қарайды. Екеуінің бір-біріне көзқарасы алдымен
«ау, сен де тірі екенсің ғой» десе, оған жалғаса: «екеуміз де мықты екенбіз
ғой», — дегенді айтады. Жаңа ғана ызғар шашып, зыңылдап тұрған ауа да
енді жұмсарып, жылып сала береді. Азғана сəтке болса да төңіректің бəрін
бейқам қуаныш, шаттық жайлайды.
Қазір Ержан взводы да дəл осындай күйде еді. Взвод ауыр шиеленістен
«Уһ» деп дем алды. Осы тыныспен бірге бойды басқан зіл салмақ
аударылып түсіп, серги қалды.
Ержан окопты бойлап келе жатып Василийге ұшырасты. Оның бетіне
қарап, орынсыз жымиып күлді де, түйеден түскендей:
– Сен қай отделениеде болдың? — деді.
Василий де езу тартып Ержанның бетіне қарап тұрды да, екі иығынан
қос қолдап ұстап, сілкіп қойды. Бұл Ержанға да, өзіне де, өзгелерге де риза
болып кеткенінің белгісі еді.
– Қалай? — деді Ержан, даусында қуаныш пен мақтаныш аралас.
– Əзірге жаман емес, — деді Василий əлі де өңінен күлкі арылмай. —
Бірақ бұл əлі бастамасы ғой. Артын көрейік.
– Лиха беда начало, — дейді ғой орыстар.
– Сол орысың балапанды күзде санайды деп те айтады, — деді Василий,
ойы Ержанға қарсы дау айту емес, тек сөз реті сияқты. — Дегенмен жарады
жігіттер! Молодцы! — деп сүйсінді.
– Меніңше немістер əлі де атакалайды. Бірақ қанша айтқанмен
жігіттердің танкке еті үйреніп қалды, — деді Ержан ойланып. — Мен
тосыннан қорқып едім.
– Танкке, жау танкіне кісінің еті үйрене қояр ма екен, — деді Василий.
— Бірақ бастамасы жақсы. Мынау кім?
А-а, санитарка екен ғой.
Мойнында сумкасы, жүгіріп Раушан келді. Окопқа секіріп түскен күйі
ентігін баса алмай тұр.
– Амансың ба, Раушан, — деді Кусков. — Өзің амандық сұрасуды
ұмытып кетіпсің ғой.
Раушан қысылып езу тартты. Ол дəл осы екеуінің үстінен түсемін деп
ойлаған жоқ еді.
– Ой, сəлематсыз ба? Мен тіпті ентігіп қалдым.
– Неге сонша асықтың? — деді Василий. — Қазір жау оқ атып жатқан
жоқ қой.
– Қалай асықпайын. Сендердің үстеріңде көп танк жүргенін көрдім.
Жаралылар қайда?
– Оны ана командирден сұра. Мен мына жақтағы жігіттердің халін
білейін, — деп Василий кетіп қалды.
Кусков кеткесін Раушан одан бетер ыңғайсызданды.
Оның үстіне Ержанда тіл қатпай тұр. Жаңағы əзірде орман шетіне
жақындай беріп Раушан Ержан взводының тұсындағы қырғын ұрысты, көп
танкты көрді. Ол танктерді санай алған жоқ, көз алдында арлы-берлі
теңселіп өтіп жүрген танктер тым көп көрінді. Разъезд үйінің тұсы екенін
танып, Ержанның бекінісі екенін біліп қатты шошынды. Оқ боратып, емінеркін таптап жүрген танк астында тірі жан қалмаған сияқты еді. Ілгері
жүгірерін, не кейін кетерін біле алмай Раушан ағашқа жабысып тұрды да
қойды. Бір сəтте басы айналып, көзі қарауытып кеткендей болды. Ендігі бір
кезде барып жанып жатқан танктерді көрді. Сəлден кейін өзіне берілген
бұйрық есіне түсін екінші ротаға қарай жүгірді. Ол рота орманның нақ
шетіне бекінген, барар жолы қауіпсіз еді. Онда көп аялдамай, санвзводқа
қайтып келіп, осында баруға жарақатын таңып жатқанда, əлденеге алақтай
берді.
Ең жақыны хал үстінде жатқанда басқа шаруаға жұмсалған адам дəл
осындай күйде болар еді. Взводқа жетіп өлі-тірілердің хабарын білгенше
жүрегі алып ұшты.
– Екі адам жарақаттанып еді, тылға кетті,— деді Ержан.
– Кетіп қалды ма?— деді Раушан, олардың кетіп қалғанына өкінгендей.
Ержан қасында тұрған Бөрібайды «тылдан оқ-дəрі алдырсын» деп
Зеленинге жұмсады.
Раушан қабағының астынан Ержанның тотыққан жүзіне сүйсіне қарап
тұр. Шаруасы бітті, енді кетуі керек еді, бірақ белгісіз бір күш жібермей
ұстап тұр. «Қазір, қазір кетем взводты аралаймын», — деп қояды ішінен.
Ержан да дəл осы арадан қозғалып кете алмай тұр. Сөйлесейін десе сөздің
ыңғайы да жоқ. Бір кезде Раушан бар батылдығын жинап тіл қатты.
– Meн сендердің танкпен соғысқандарыңды көрдім.
Ойпырмай, немістің танкісінің көбің-ай. Екеуін өртепсіңдер ғой.
– Бес танк болды.
– Бесеу ме? Мен он бес қой деп едім. Жаман қорықтым. Осында
жеткенше асықтым.
Ержан көптен бері алғашқы рет Раушанға жылы шыраймен емірене
қарады. Раушанды шын жүрегімен құшып сүйгісі келіп еді, дер кезінде өзін
билеп алды. Бірақ сонда да іште жатқан тоң еріп, екеуінің арасында шын
жақындық пайда болғанын сезді. Үндеспей отыру қиынға айналды, бірбіріне сөз айту одан да қиын. Ажалдың аузында отырған осы бір сəтте
айтса тек көңіл түкпіріндегі шындарын ғана айтысады. Өйтсе, бір-біріне
ынтығып жете алмаған екі қамкөңіл қосылып, босап кетеді... Əрқайсысы өз
шаруасына кететін мезгіл де болды, бірақ екеуі жіпсіз байланғандай.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 25
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.