Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 14

Total number of words is 3896
Total number of unique words is 2104
36.1 of words are in the 2000 most common words
50.9 of words are in the 5000 most common words
58.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ержан орманға көз жіберіп.
– Иə-ə. «Бəрібір шабуылға шығамыз, əуре болып окоп қазып қайтеміз»
дейді ғой.— Василий сыздана ақырын сөйледі. Тұра тұр, бəлем. Əлі жеті
қат жер астына сүңгірсің, — Василий мүдіріп азғана тұрды да, Ержанға
бұрылды. — Бірақ бізге де оңай тимес. Оған дейін де қиындық бар. Өзіңді
соған сақта.
Ротаның команда пунктіне келе жатып Василий дел-сал болды. Аса бір
қажетті істі тындыра алмаған адамның мазасыз сезімінде келе жатты.
«Ержанға көмектесу керек» деп ойлады ол, бірақ қалай көмектесудің
жолын таппады. Өмірден алғашқы рет қатты соққы жеген жас адамның халі
өте ауыр болады. Өзі де қатты беріліп сүйген екен. Қандай жарастықты
қосақ болар еді. Уəли...
Оның несіне қызықты екен. Сол жігіт түбі опа бере қояр ма екен. Қыз
өмірін арылмас өкінішке ұрындырып, тайып кетпесе не ғылсын. Осы
адамдар бірін-бірі неге түсінбейді екен? Олардың арасын жарастыру
Василийдің қолынан келмейді. Жəне соның уақыты ма? Азғана тыныс
алған немістер кешікпей қайта шабуылға шығады.
Ержан болса өз қасіретімен əлек. Оның қайғысынан əлдеқайда үлкен
жалпыға ортақ қайғы бар емес пе?
Сол қайғының оған жетпегені ме!?
Василийдің көз алдына тағы да Ержан елестеді. Əйтсе де демеу
боларлық бір нəрсе айту керек еді. Өз бетімен арылып кетуге қайраты жете
ме? Тəжірибесіз жас қой.
Василий тұңғыш рет өзінің дəрменсіздігіне налыды.
2
Уəлидің қабылдаған ротасы Мұрат батальонының сол жағынан
қанаттаса бекінген екен. Ротаның оң қанатындағы үшінші взвод деревняға
жақын. Арт жағы таса, бірақ алғы шеп жақсы көрінетін кішкене төбенің
басынан команда пункті қазылған. Уақытша рота командирінің қызметін
атқарған 3-взводтың командирі талдырмаш жас жігіт Фильчагин жаңа
бастығын жалпылдап қарсы алды. Селеудей шикіл шашты, жұқа өңді,
қимылы шапшаң елпілдеп тұрған жігіт екен. ЬІстық ықыласпен қарсы
алғаны Уəлиге ұнап қалды. Уəли жер үйге еңкейіп кіре бергенде-ақ танып,
ұшып түрегеліп иіле тұрып сəлем берді. (Жер үй аласа екен).
– Рота командирінің қызметін уақытша атқарушы кіші лейтенант
Фильчагин, — деп рапорт берді ол. — Келіп қалдыңыз ба? Батальон
штабынан сіз туралы звонить етіп еді. Мен ертіп келуге кісі жіберіп едім,
кездестірмедіңіз бе?
– Ертіп келді. Рақмет,— деді Уəли оның қолын қысып.
Тар жер үйдің ішіп көзімен шолып өтті. Бұрышта құлағына телефон
трубкасын байлап алып телефонист отыр, аузын ашып жаңа командирге
қарап қалған екен, көзін тайдырып əкетіп: «Первый, проверка» деп қойды.
Есік жақта қасына қапшығын, котелогін қойып, егде тартып қалған, сақалмұрты өскен орыс солдаты отыр. «Ординарец болар». Үй іші көк түтін.
Уəлидің қабағын бағып тұрған Фильчагин де оны сезіп қалды.
– Сайтандар-ой, үйдің ішін көк түтін етіпсіңдер ғой.
– Полищук, есікті аш,— деді Фильчагин. Босағада отырған Полищук
күйбеңдеп есікке ұстаған плащ-палатканы түрді. — Түнде саябыр болғасын
жер үй қазып алып едік. Сыртта бақылау пункті бар. Бірақ алғы шепке
байланыс жолын қаза алмадық. Фрицтер маза бермей тұр. Уақыт жоқ.
Сіздің келгеніңіз жақсы болды.
– Взвод командирлері түгел ме? — деп сұрады Уəли.
– Қайдан түгел болсын. Ротада екі-ақ командир қалдық. Қалғандары
сержанттар. Енді үшеу болды. Түгенделіп қалдық қой.
Фильчагин жаңа командирді жағдайымен таныстырып болғасын аз үнсіз
отырды. Елгезек жігіт жылдам сөйлеп, оқыс тоқтап қалады екен.
– Мүмкін алғы шепті аралап шығармыз, — деді ол сəлден кейін.— Əлде
кішкене қараңғы түскенін күте тұрамыз ба?
– Күте тұрайық. Ал, жаңа қызметті аздап жумайсыз ба? — деді Уəли
Фильчагинге күле қарап.
Уəлидің көңілі көтеріңкі болатын, майлы колбаса мен арақтан кейін
төңірегінің бəрі жайнап сала берді. Офицерлік атағы болғанмен қарауында
бағынышты адамдары болып көрмеген штаб қызметкері — өз қолындағы
билікті сезіп марқайып қалды. Мынау барын аянбайтын ықыласты
Фильчагин, «что ж, слово командира закон, можно и выпить», — деп қуақы
жымиып жүз грамды тартып жіберген Полищук, анау алғы шепте отырған
елуден астам жауынгер мұның аузынан шыққан сөзін қағып алып
орындайды. Енді бұрынғыдай бір солдатты бір жаққа жұмсағанда Уəлидің
атағы болғанмен билігі жоқтығын əдейі ескерткісі келгендей «кетіп қалсам
командирім ұрсады», болмаса «командирім пəлен тапсырып еді» деп
жалтарып, ішінен: «қайсы біріңе бəйек болам, өз командирім бар» деп
тұрмайды. Уəли бір есептен рота командирі болғанын дұрыс та көрді.
Соғыс қой, біраздан кейін батальон командирі болып кетсе, одан полк...
Алдыңғы күні сəтсіздікке ұшырағанда Уəли қатты ызаланып еді. Кейінгі
қуанышы бар ренішті ұмыттырып жіберді. Жастық нұрына балқыған
Раушан ертерек үйленіп, ескіріп қалған əйелінен көңілі суына бастаған
Уəлиді қатты қызықтырған. Екеуінің арасының болашағын Уəли ойлады
ма, жоқ па, оны өзі де білмейді, тек əйтеуір күн асқан сайын сұлу қызға
ынтығы арта берді. Жүріс-тұрысы, бет əлпеті, бар мүсіні көз алдына тұрып
алды. Қауіп-қатерге баратынын білгеннен кейін Раушанға ынтықтығы тіпті
асып кетті. Арман еткен асылын біреу қолынан жұлып алып кеткендей
өзегі өртенді. Əшейінде үркітіп алам ба деп сескенетін Уəли көзін жұмып
батыл қимылдады. Сол жеңісінің қуанышы əлі басылған жоқ.
Елгезек, сөзшең Фильчагин кішкене қызып алғасын бұрынғыдан бетер
елпілдеп көп сөйледі.
– Біздің рота жақсы, жолдас аға лейтенант. Əттең кішкене азайып қалды.
Үйреніскен жақсы жауынгерлердің көбі саптан шықты. Ендігі
пополнениенің қандай болатынын кім білсін.
– Бұрынғы рота командирі жараланды ма? — деп сұрады Уəли.
Фильчагин мұңайып қалды.
– Жоқ, қаза тапты, — деді ол күрсініп. — Жақсы кісі еді. Жауынгерлер
де өзін жақсы көретін. Сіз оны білетін шығарсыз. Дивизия газеті жазды
ғой. Лейтенант Булатов. Нағыз герой еді.
– Естімедім, — дей салды Уəли.
– Маслованың түбінде фрицтер бізді қалай қысқанын білесіз бе. Біздің
ротаға қарсы фрицтер төрт танк жіберді. Сонда біздің лейтенант...
Фильчагин көзі жайнап Булатовтың ерлік істерін сипаттан кетті. Уəлидің
көңіліне ұрланып қызғаныш ене бастады. Қазір елпілдеп тұрған мынау
Фильчагин өзге жұрттың алдында Уəлидің ісін осылай бар ынтасымен
сүйсіне сипаттай қояр ма екен. Əрине, бұл əлі іске кіріскен жоқ. Бірақ ай
өтер... Солдаттар да осы сияқты Вулатовты еске алып «командир деп соны
айт, жақсы кісі еді ғой» деп тамсанып қоятын шығар. Уəли өзін тату-тəтті
үйге сырттан кірген бейтаныс адамдай сезінді. Жатырқамаса да мыналар
əзір іш тартып кете қоймас.
Түнде окопты аралап жүргенде сыртынан айтқан солдат əңгімесі
құлағына шалынды.
– Өзі қайдан келген екен? — деп сұрады жіңішке жас дауыс.
– Штабта істеген дей ме, білмеймін, — деді даусы қарлыққан біреу.
– Е, жылы жерден келген екен ғой, — деп əңгімеге үшінші солдат
араласты.
– Əй, Булатовтай қайдан болсын, — деді даусы қарлыққаны.
Уəли еш нəрсе көрінбесе де жау жаққа көз жіберіп, дыбыс тыңдап
тұрған. Мына əңгімені еріксіз құлағы шалды. Қасындағы Фильчагин
жөтеліп дыбыс бергесін солдаттар тына қалды. Уəли дауыс шыққан жаққа
қарай жүрді.
– Сəламатсыздар ма, жауынгерлер, — деді ол окоп ішінде иін тіресіп
тұрған үш адамның қасына келіп. Үшеуі ақырын сəлем берді.
– Бұл кісі біздің рота командирі аға лейтенант Молдабаев, — деп
таныстырды Фильчагин.
Уəли қараңғыда солдаттардың жүздерін анық көре алмады. Бергі шеткісі
орта бойлыдан төмен төртпақ, жалпақ бет қара жігіт. Кішкене көздері
қараңғыда қос моншақтай жылтырайды. Оған жалғас еңсегей бойлы
еңкіштеу солдат тұр. Өзіңше жау жаққа үңіліп қалған сияқты, бірақ
желкесінің тым күжіреюіне қарағанда көз қиығымен жаңа командирді
бағып тұр. Үшіншісін Уəли көре алмады.
– Фамилияңыз кім? — деп сұрады Уəли төртпақ солдаттан.
– Қошқарбаев, — деді ол қарлыққан жуан дауыспен.
Уəли осы жауынгерді ұнатпай қалды. Қошқарбаевтың жең ұшынан
жылтырап от көрінді.
– Неге темекі тартасың!? Немістерге біздің окопты көрсеткің келе ме? —
деп жекірді Уəли барған сайын Қошқарбаевқа ызалана түсіп. — Сөндір
қазір. — Қошқарбаев асықпай ақырын иіліп барып темекісін аяғымен
таптады. Уəлиге ол қасақана баяу қимылдаған сияқты көрінді. Жылтыраған
кішкене көзін де тайдырып əкетер емес, не сескеніп, не қағытып тұрғаны
белгісіз. Уəли оны қатты жазалағысы келді, бірақ жазаның ретін таппай
одан жаман ыза болды. — Оңбаған разгильдяй. Кесірің бүкіл ротаға тиеді.
Опасыз.
Уəли жүре берді. Қошқарбаев орнында шегеленіп қалғандай селт етпей
тұр. Екі көзі бұрынғыдан бетер жылтырап Уəлиді тесіп барады. Уəли ұзай
бере тағы да естіді:
– Не үшін!? Не үшін мені опасыз дейді, — деді Қошқарбаев қарлыққан
даусы қалтырап.
– Қой, ренжімеші, Жолдыбай. Қызып кетіп айтқан шығар, — деп
жұбатты жалынышты жіңішке дауыс.
Үнсіз еріп келе жатқан Фильчагин:
– Жолдас аға лейтенант, — деді оңашарақ шыққасын,— кейігеніңіз
дұрыс қой. Бірақ сіз бекер ренжіттіңіз оны. Ол өзі жақсы, адал жауынгер.
– Маған жөн-жосық үйретпеңіз, жолдас кіші лейтенант, — деп кейіп
тастады əлі ашуы басылмай келе жатқан Уəли. «Кіші» деген сөзді
басыңқырап айтты.— Ротаны бетімен жібергенсіңдер. Тəртіп жоқ.
Осыдан кейін сөзшең Фильчагин тіпті үндемей қалды.
Тек ротаның команда пунктіне жақындағанда ғана:
– Жолдас аға лейтенант, мен өз взводыма барайын, — деп рұқсат
сұрады.
– Осында болыңыз, жолдас кіші лейтенант,— деді Уəли оған. — Қазір
барлық взвод, отделение командирлерін шақырыңыз. Мəжіліс өткіземіз.
Алғы шепті командирсіз тастау қалай болар екен, — деді Фильчагин.
– Ендеше əр взводта бір отделение командирі қалсын.
Тар жер үйге сегіз командир əрең сыйды. Біріне-бірі сығылысып
жүрелерінен отырып жатыр. ПТР-дің патронының гильзасынан жасаған
жалпылдақ май шам түтеп барады. Жаңа бастықтың сырын білмейтін
командирлер əдеттегісінше əзілдеспей тыныш отыр. ЬІстық-суыққа
қақталып, жел қағып қарауытқан жүздері қара көлеңкеде əсіресе қатал
көрінеді. Уəлиге осылардың əрқайсысы бір шойдым сияқты. Өзінің
нəзіктігін сезіп қорланып та қалды. «Мына сияқтылар тырнағыңды
батырмасаң қойқаңдауын қоймас» деп ойлады ол. Өзінен артықшылығын,
не күштілігін сезген адамын іштей жек көретін əдеті барды Уəлидің.
Басынан тізгінді босатып алмай қатты ұстағысы келді.
– Безобразие, командир жолдастар, — дей бастады ол сөзін. — Ротада
тəртіп жоқ. Жауынгерлерді бетімен қоя бергенсіңдер. Ертең немістер
шабуылға шықса рота төтеп береді деп қазір айта алмаймын. — Қара
көлеңкеде отырған біреу «амалдап шығармыз», — ден күңк ете қалды. —
Сөзімді бөлме, тəртіп сақта, — деп Уəли оған кейіп тастады. — Мінекей
командирлердің өздерінің тəртібі нашар. Мен ротада қатаң тəртіп орнатуға
міндеттімін. Немістер ертең шабуылға шығады деген хабар бар. — Уəли
қабағын түйіп жұрттың бетіне жағалай қарап алды. — Біз бұл жерден бір
қадам шегінбеуге тиістіміз. Бір солдат окоптан шығып қашса əр командир
басымен жауап береді. Қашқан адамды өз қолыммен атамын. Менің ротам
бір адамы қалғанша шегінбеуге тиіс. Мені полктың штабынан сол үшін
жіберіп отыр. Ескертіп қояйын, қатал боламын.
Жас кезінен-ақ тағдыр деген Уəлидің жомарт қамқоршысы болатын.
Мектепте оқушы, институтта студент кезінде өз қатарынан алда болды.
ЬІлғи көзге түсіп, ауызға ілініп жүретін. Қатар құрбылары кішкене
қалаларға, тіпті алыс түкпірдегі ауылдарға мұғалім болып кеткенде бұл
орталықта аспирантурада қалды, бір жағынан институтқа сабақ берді.
Ғылыми еңбек дайындады. Алғашқыда өзінің биікке қарай қиналмай, тіпті
алқынып, ентікпей жеңіл жəне тез өрмелеп бара жатқанына Уəли ептеп
таңырқайтын еді, бірақ аздан кейін оған əбден бойы үйреніп кетті. Өз
қатарынан артық, биіктігіне көзі жетті. Оны сəтті сапарынан бөгеп, бірнеше
жыл жолынан қалдырған əскер қызметі болды. Түпкілікті əскери қызметкер
болып қалуды ойламаса да жай солдат болып жүруді қорсынып
командирлік оқуға түсті. Бұрынғыдай жылдам болмаса да əскер қызметінде
де сатылап жоғарылай берді. Азғана уақыт взвод командирі болып істеген
штабқа орналасты. Неге екені белгісіз, Купцианов мұны қатты ұнатты.
Уəли өзін əділетсіздікке төзбейтін, мінезім тік, қызу адаммын деп
санайтын. Онысында шындық бар-ды. Өзі тұстас, не өзінен кіші
студенттерге, кейін сол сияқты командирлерге ол осы мінезін тосатын.
Бірақ өзінен жоғарыларға қарсы келіп көрген жоқ-ты. Оларға
жағымпазданып, орынсыз жалпақтамайды да, өзін кішірейтпейді де, бірақ
үлкендермен қатар болғансып жүріп-ақ ылғи ығын таба біледі. «Жолдас
майор, сіз бүгін демалған жоқсыз. Оныңызға қарсымын. Телефонда мен
отырмын ғой. Демалыңыз» дейді Купциановқа: «Майор» деген сөз бейне
«генерал» дегендей салмақты шығады Уəлидің аузынан. Кейде «жолдас
майор, алғы шепке орынсыз көп барасыз. Жөнсіз батырлықтан не пайда
бар. Сіз бүкіл полкты басқарып отырсыз, соны ұмытпаңыз», — деп кейіп
тастайды ол Купциановқа. Купцианов оған ашуланбайды, «қайтейін,
штабта отыра алмаймын», — деп ақталады. Уақыт кеңдеу кезде Купцианов
пен Уəли ұзақ сырласады. Əдетте майордың зерігіп отырғанын байқап
сөзді Уəли бастайды. «Біздің командирлердің стратегия, тактика жөнінде
мағлұматы əлі кеміс қой. Мольтке, Веллингтондарды былай қойғанда тіпті
Клаузевицті оқығандар аз», — дейді Уəли Купцианов бетіне мұңая қарап:
«Иə-ə, Клаузевиц үлкен теоретик. Оның бір еңбегінде...» — деп Купцианов
ағытылып кетеді. Жалпы Купцианов жұрт аз білетін нəрсенің бəріне құмар
болатын. Керекті-керексіз болсын жұрт біле қоймайтын есімдерді білгенін,
беймағлұм кітаптармен таныстығын білімінің артықтығына санайтын.
Уəли Стрелковпен де жақсы. «Жолдас комиссар, штабтағы командирлер
де жауынгерлер арасында саяси жұмыс жүргізу керек. Мен тарихтан бір
лекция оқымақ едім», не болмаса: «Красная звезданың» бас мақаласын
штаб қызметкерлеріне оқып бермек едім. Жауынгерлердің дұшпанға
өшпенділігін тəрбиелеуге жақсы материал», — деп Уəли Стрелковқа жиі
ұсыныс жасайды. Ол қашанда аса бір сезімталдықпен əр адамның оңынан
шығып, ыңғайын таба білетін.
Уəли бүгінгі ұрысқа өзін дайындап, іштей жаратып əкелді. Мəжіліс
алдында дұшпанын жеңіп жерге қаратуын, жомарт тағдыр сыйлаған жас
сұлудың махаббатын жақсылық нышаны деп жорыды. Үлкен ерлік жасап
атағын шығаратынына, жоғарылайтынына кəміл сенді. Алдыңғы шепті
көмген қою бұйра түтін шеті Уəли тұрған команда пунктін де қанатымен
қамтып алды. Жақын жарылған снарядтың зыңылдаған ащы даусы жиілеп,
біріне бірі жалғасты, тіпті қабаттасып та кетеді.
Уəли сонда да жасқана қоймай биноклін көзіне тосып алдыңғы жаққа —
тұтасып кеткен көк түтінге қарайды. Кейде өзінен жүз елу метр жер алда,
анау үсті-үстіне үдете төмпештеген ажал тоқпағының астында тірі жан
қалды дегенге сенбей қалады. Арқыраған, гүрілдеген, зыңылдаған дауыс
үзілер емес, көк, қошқыл түтін-топырақ тау басына оралған қара бұлттай
теңселіп, бұйралана береді. «Ұлы айқас басталды! Иə сəт!»—деді Уəли
ішінен.
– Жолдас аға лейтенант, жолдас аға лейтенант! — ден айқайлады
шұқырда отырған телефонист. — Сізді комбат сұрайды.
Уəли қолына трубканы алып еңкейе берді.
– Жолдас Молдабаев, жолдас Молдабаев... — Трубкадағы дауыс үзіліп
кетті. Уəли «аллолап» қанша айқайласа да жауап ала алмады. Телефонист
шұқырдан бүкшеңдей шығып сымды жалғауға жүгіріп кетті. Уəли оның
келуін күтіп шұқырдың түбінде отырып қалды. Телефонист тез қайтпады.
Уəли түрегеліп алдыңғы жақты қайта шолмақ болып еді — бір ғажабы
окоптан басын шығарғысы келмеді. Қорқынышты сияқты. «Иə-ə, қызық
екен. Өзің, достым, қорыққаннан саусың ба?» деді Уəли өзіне. «Жоқ,
кішкене отыра тұруға болады ғой» деп ақталды.
– Полищук, алдыңғы жақты бақыла! — деп айқайлады Уəли.
– Құп, жолдас командир! — деп жауап қатты бұрыннан да сығалап алғы
шепке көз жіберіп тұрған Полищук. Сəлден кейін ол Уəлиге бұрылды. —
Иттердің атысы сұмдық! Сірə, шабуылға шындап кіріскен шығар.
Уəли Полищуктың шаң-топырақтан қарауытқан жүзіне қарады. Даусы
да, өңі де сабырлы.
– Біздің телефонист неге кешікті екен? — деп мазасызданды Уəли.
– Кім білсін. Может, саданули его,— деп жауап берді Полищук алдыңғы
жақтан көзін алмай. — Связист деген халық та, мына біздер, шабармандар
сияқты, өздері оқ атпайды. Бірақ немістің оғына ілігеді. Қосақ арасында
кетеді.
Уəли Полищукке түсіне алмады. Ажалдың аузында тұрып ажалмен
ойнауы қалай. Сескену дегенді білмей ме екен, əлде түк түсінбейтін кеще
болғаны ма? Окопқа, дəл Уəлидің аяғын баса дүрс етіп телефонист құлады.
Уəли ауырған аяғын суырып алып оған үрке қарады. Телефонист кішкене
қара домалақ жігіт басын көтеріп алып:
– Кешіріңіз, жолдас командир! — деп зорланып күлді. — Мен байқамай
қалдым.
– Еш нəрсе етпес, сымды жалғадың ба?
– Жалғадым, жолдас командир. Қарыма жарықшақ тиіп, кішкене кешігіп
қалғаным. Бір қолмен əрең жалғадым.
Полищук жалт бұрылды.
– Что, садануло тебя, Тимурка?
– Садануло, — деді Темір ыржиып. — Кəне таңып берші, Вася.
Полищук қалтасынан пакетін суырып алып Темірді алдына өңгере жеңін
шешті. Жарықшақ Темірдің қар етін ойып кеткен. Қан сорғалап, ырсиған
жарадан Уəли шошып қалды, бірақ сыр білдірмеді.
– Еһе, достым, сен санбатқа баруың керек. Госпитальға түсесің, — деді
Полищук Темірдің қолын таңып жатып.
– Ұрыс біткесін барармын. Трубканы бір қолмен ұстауға да болады ғой,
— деді Темір тыржиып, Полищук жарасын ауыртып алды білем.
Бар қайратын жиып өзін қайрап ұстаған Уəли енді арқауы босап окоптан
басын көтергісі келмеді. «Полищук қарай тұрсын. Басымды босқа оққа
тосып нетемін. Немістер шабуылға шықпай жатып жазатайым болсам...»
Бір кезде: «Осы мен қорқып отырған жоқпын ба?»—деген ой келіп
шошыды. «Жоқ, жоқ... Көзсіз батырлық неге керек?» Дəл окоптың ернеуіне
келіп снаряд жарылды. Уəлидің төбесіне, желкесі мен жотасына жалпақ
тақтаймен соғып жібергендей болды. Денесі ауырлап құлағы бітіп қалды.
Кермек түтін қолқасын атты. «Окоптың ернеуінен сығалап тұрсам ғой
шаруам бітіп еді» — деген ой жалт етті. «Құдай сақтағанын қарашы!»
– Немістер атакаға шықты!
Полищуктың даусы төніп қалған қауіпті хабарлағандай ащы естілді.
Уəли еріксіз орнынан атып тұрып алдыңғы жаққа қарады. Əуелі ол еш
нəрсе көрмеді. Енді сирек жарылған снарядтың тұтасқан түтіні жыртылып,
ыдырап барады. А, əнекей жыртылған түтін арасынан бүкшеңдей жүгірген
екі адам көрініп қалды. Сəлден кейін түтін сейіліп неміс шебі түгел көрінді.
Күзгі жиі жаңбырдан əбден қарауытып жүдеу тартқан жердің реңінде
жасыл шинельдер құрбақаның қабығындай қарауытып, жасыл да емес, қара
да емес, көк те емес, сол үш бояудың жиреніштік қоспасы сияқты елес
береді. Ана келе жатқандар сүйек, еттен жаралғаны адам емес, бақадан
жиренішті, жылымшы, салқын сұсты ажал болып сезілді Уəлиге.
Солдаттар əлі оқ атпай тыныш жатыр. Артиллерия атысынан естері танып
қалған ба? Уəли оқ атсын, бір қадам шегінбесін деген бұйрықпен əр
взводқа шабарман жүгіртті. Дұшпан жақындап келеді. «Екі жүз метрдей
қалды», — деп топшылады Уəли. Ол кешеден бері ширатып бойына жиған
қайратының таусылып бара жатқанын сезді. «Ерлігімнің бір атакаға
жетпегені ме?» — деген ойдан қатты шошынды.
– Жолдас комрот, жолдас комрот, сізді комбат сұрайды.
Уəли алғашқыда Темірдің не айтып тұрғанына түсінбеді.
Алда қаптап ажал келе жатқанда, кəдімгі тыныш кездегідей комбат
телефонға шақырады. Бұл дүниеде комбат барын Уəли ұмытып кетіп еді.
– Жауды сабырмен қарсы алыңдар! Жақыннан атыңдар! Шегінбеңдер!
Шегінбеңдер! — деп айқайлады комбат.
Бір сəтке Уəли өзінің бар дəрменсіздігін айқын сезді. Кеше ғана аузынан
шыққанын бұлжытпай орындайтын ротаға қазір əмірі жүрмей қалғандай.
Қолынан тізгін шығып кетті. Анау алғы шепте солдаттар əрқайсысы
ажалмен бетпе-бет алысып жатыр. Мұның «шегінбеңдер!» деп екі
шабарман арқылы байбалам салған дауысы оларға жөндеп жетпейді де.
«Шегінбеңдер!» деген бұйрық та мұныкі емес — комбаттыкі! Уəли өзін
елу-алпыс адамды əміріне көндіріп, олардың қайрат қимылын бағыттап
жүрген командир емес, дұшпанымен қанжоса болып төбелесіп жатқан
үлкен палуанның артында бұғып тұрған бала сияқты сезінді. Тізесі дірілдеп
бара жатса керек.
Жанын қармағанда қолына құтысы ілікті. «Иə... Иə... Əлденіп алу
керек!» Құтының тығынын əрең ашып, қос қолдап бүйірінен қысып басына
көтерді. Ащы салқын арақ өңешін өртеп кетті.
Алғы шептің қардай бораған оғынан дұшпан атакасы тұншығып қалды.
Бірақ немістер кейін шегінбей жеткен жерлерінде жатып шұңқыр қазып
бекіне бастады. Азғана саябырдан кейін тағы да бір дүркін артиллериядан
атқылап, танк жіберді. Орман ішінен танктерге ілесе тағы да жаяу
солдаттар шықты.
Комбат азғана зеңбірегін кейінге сақтаған екен. Жау танктерінің
маңынан əр жерден снарядтар жарылды. Бірақ немістің үш танкі онша көп
сескенбей іркіле атқылап, ілгерілеп келеді. Танктердің жақындаған сайын
өткірлене түскен ащы сықыры Уəлидің миына қанжардай қадалды. Кенет
арақпен жиған соңғы қайраты — будай тарқап, көңілі құлазып қалды. Бір
ғажабы, дəл осы мүсəпір халінде кешегі «ерлік көрсетін атағымды
шығарам» деген ойы сап ете қалды. Уəли кеше өзінің жауынгерлерді алға
бастап, жауды қуып бара жатқан ерлік кейпін көзіне елестетіп еді. Қазір сол
елес бір сəтке көз алдына қайтып айналып келді. Онда ол өзін күшті сезініп
еді — сол қиялындағы сезімі қазіргі дəрменсіз, мүсəпір халін мазақтап
тұрғандай. Қиялындағы жау ойыншық еді, ал мына жау ажал. Кенет анау
секунд сайын жақындап келе жатқан танктың өзін шыбындай жаншып
кететінін бар денесімен сезді. «Мен өлмеуім керек! Өлуім мүмкін емес!» —
деп ойлады ол. Қозып кеткен миында əртүрлі елес бір жалт етіп қалады.
Мінекей институттың егде оқытушылары асықпай басып аудиторияға кіріп
барады. Аласа бойлы, тығыршықтай, қысық көз Сəлімгереев кеңсірігіндегі
көзілдірігін сол қолымен көтеріп тұрып, күлімдеп Уəлиге бас изеді. «Мен
ажалдың аузында арпалысып жатқанда, олар қаннен-қаперсіз лекция оқып
тұр, — деп ызаланды Уəли,— мен неге өлем? Сəлімгереевтен кеммін бе?»
Мінекей махаббатқа толы көз шарасы дөңгеленіп, жұқа ерні дір етіп
Раушан көрінді. «Ах деп ышқынды Уəли, Раушанды енді қайтып көрмеуім
мүмкін емес!» Уəли алғы шептен шығып кейін қарай жүгірген
жауынгерлерді көрді. Əне екеуі шықты, тағы да екеуі. Мінекей тіпті
көбейіп кетті. «Бұлар неге жүгіріп келеді!?»
– Жолдас комрот, біздікі қашты! —деп айқайлады Темір.
Темірдің сөзі Уəлиді маңдайынан таяқпен қойып қалғандай, сұмдық
сырды ашты. Дұшпан-ажал толқындай жапырылып кеудесінен басып бара
жатты. Оны қайыра серпуге тойтаруға бойынан қайрат таба алмай Уəли
ыға жөнелді.
Дауылдан қашқанда ық іздейтін қой сияқты Уəли деревняға қарай
ойысты. Екпіндеп келіп бір үйдің тасасына тығылып ептігін басты. Үйдің
аржағынан дабырлаған дауыс естіледі. Кенет есіктің қолақпандай ағаш
тұтқасы көзіне оттай басылды. — Қашан көрді?— Тұтқаның ортасы
ырсиып жарылған — Уəлидің қолына тікені кіріп кетіп еді.
– Раушан!
Есіктен дəрі-дəрмек толы үлкен сары сумканы құшақтап Раушан шықты.
Қолынан сумкасы түсіп кетіп, ақырын тұрып қалды. Бірақ лезде қыздың өңі
жылыды.
– Сəламатсыз ба, Уəли. Мұнда қайдан келдіңіз?
Раушан кенет тіксініп, үрпие қарады. — Мынау тегін жүріс емес қой, —
Уəли безілдеп сөйлеп қоя берді.
– Тез жүр, Раушан! Жау келіп қалды. Танктері бар! — Ол жалтақтап
артына қарады. Қашқан солдаттар тұсынан өтіп барады. — Жүр тез! Саған
келдім!
– Біздің батальон орнында ғой! Оны қайтеміз! — деді Раушан
шошынып.
– Ойбай, тез жүр! Олар да қашты! Жау келіп қалды!
– Қой, олар орнында! Жаңа келдім ғой! —деп болмады Раушан.
Осы кезде бұрыштан Коростылев шыға келді.
– Мұнда үрей салып жатқан кім! — деп жекірді ол.
Уəли таяқтан жасқанғандай үркіп қалды:
– Сізбісіз, аға лейтенант? — деді Коростылев оны танып.
– Танк келіп қалды! Шегінуге бұйрық бар! — деді Уəли қыпылықтап.
– Өтірік айтасыз! Шегінуге бұйрық жоқ. Қазір ана жауынгерлерді
тоқтатыңыз! — деп Коростылев сазарып Уəлиге төне түсті.
Кенет қайнап кетіп: — Убирайтесь к черту! А то стукну! — деп ақырды.
Раушан аң-таң болып аузын ашып тұрып қалды. Уəли «қазір тоқтатам»
деп күңкілдеп ақырын шегініп барып тайып тұрды. Кенет Раушанның көз
алдында басқа бір көрініс жалт етті. Таяқ алып қуғанда құйрығын қысып
алып, көзі жаутаңдап шегіне беретін қызыл төбет болушы еді үйінде.
«Масқара-ау, мынау сол ғой!»
– Тұрма! Тез жаралыларды жөнелт! — деп əмір етті қазықтай қатып
қалған Раушанға Коростылев.
Раушан еріксіз екі жаралы жауынгер айқасып жатқан арбаға келді.
Көзінен аққан жасын сезген жоқ. «Соның сұмырай екенін біліп едім» деген
Коростылевтың ыза мең күйініш аралас даусын құлағы шалды.
3
Уəлидің ротасының шебін жарып өткен немістер Соколов деревнясына
соқпай оны тылдан орағытып, дивизия штабы тұрған Васильево деп
аталатын үлкен деревняға — екі жолдың торабына қарай беттеді.
Дұшпанның кейінгі бөлімдері мен танктері екінші батальонды түгел
тықсырды. Үш-төрт күннен бері іркіліп кейінгі күштерін тартып алған
неміс командованиесі — шептің үзілген жерін сыналап кеңітіп, прорывқа
үлкен күш төкті. Оларды ішке кіргізіп жіберіп қапшықтың аузын жаба
салып талқандауға — бекіністі əрең ұстап тұрған батальондардың күші
жетпеді. Дивизия мен полк командирлері бұзып өткен жау күшіне қолдағы
бар резервінен селдір тосқауыл қойып қарауындағы бөлімдеріне шегінуге
бұйрық берді. Батальондар желкеден төнген дұшпаннан қарасын үзуге
тырысып атысуға азғана тосқауылдар қалдырып асығыс шегінді.
Мұраттың команда пункті Соколово деревнясының бергі шетіне таман
болатын. Ұрыс кезінде Мұрат алғы шептегі, роталарда болды. Ержүрек
батыр жігіт қиын сəтте өз батальонының əлсіреген жерін тауып ала қойып
демеп жіберетін. Кейде көзсіз батырлығын мақтаныш етіп өліммен
ойнайды. Неғұрлым өжет болған сайын ажалдан аулақ болатын соғыстың
түсініксіз заңы бойынша оған да оқ дарымады. Ол алғы шепке келгенде
солдаттарға сабыр мен сенім ала келетін. Бар ойы мен əрекеті шегінбеуде,
немістерді тоқтатуда болған Мұрат төңірегінде не болып жатқанын түсіне
алмай қалды. Сол жақ қанатта бір шатақ болғанын сезді, бірақ оған мəн
беріп зерттей қоймады.
Ымырт үйіріле бастағанда алқынып Маштай келді. Қарасы кіші үлкен
көзі алақтап:
– Золдас комбат, бері кеп кетіңізші! — деп шақырды.
Мұрат бір жаманаттың болғанын сезіп төңірегіндегі екі-үш солдаттан
бөлініп шықты.
– Иə, немене?
Маштай төңіректе ешкім болмаса да аузын қолымен Қалқалап сыбырлап
сөйледі.
– Мені біздің адъютант зіберді. Біз қорсауда қалдық!
– Рас айтасың ба? Анықтадыңдар ма? — деді Мұрат сенгісі келмей.
– Көзбен көрдік. Хозвзвод, санвзвод бар бəрі тылдан оборон засады.
Бірақ бізге қайрылмай əрі кетіп барады.
Мұрат қатты қиналды.
– Полктан хабар бар ма?
– Зоқ. Телефон сымын қиып кеткен. Связист залғаймын деп барып
фрицтердің үстінен сықты.
– Аһ, неткен есек едім. Өзім де сезуім керек еді! — деді Мұрат, күйініп.
Бірақ жедел байламға келді. — Тез рота командирлерін шақыр. Жоқ, өзің
осында бол! Жаңағы үш шабарманды жібер!
Рота командирлеріне Мұрат жағдайды қысқа түсіндіріп əмір берді.
– Біз қоршауда қалдық. Ешкім үрей тудырушы болмасын. Менің
бұйрығымсыз шегінген, дұрысын айтқанда, қашқан командир болса
табанда атамын. Қазір жағдай белгісіз. Жағдайды анықтағанша айнала
бекініс жасауды ұйғардым. Бірінші рота деревняның оңтүстік жағын,
екінші рота терістік жағы, үшінші рота тылды қорғауға тез бір взводтан
жіберіңдер. Оқты барынша үнемдеңдер. Тағы да ескертем, əсіресе взвод
орын ауыстырғанда үрей тумасын. Тез орындаңдар!
Үш командир үш жаққа бытырай жүгіргенде қасында бір жауынгері бар
ентігіп Дулат келді. Мұрат оны қара көлеңкеде даусынан əрең таныды.
– Жолдас комбат, сізге шегінуге бұйрық берді.
– Кешігіп қалдың, достым! Біз қоршаудамыз, — деді Мұрат оған
қабағының астынан қарап.
– Кешіккенімді білем. Екі сағатта əрең жеттік.
– Содан бері не бітірдің! — деп жекірді Мұрат.
Дулат қаймыққан жоқ. Үстемелетіп асыға сөйледі.
– Келе жатып немістерге соқтығып қалдық. Орманның ішімен өтіп
кететін саңлау іздеп олай жүгірдік, бұлай жүгірдік. Тіпті жұбы
жазылмағаны. Сосын бір уақта сирей бергенде көзді жұмып тəуекел ғып
қойып кеттік.
Полк командирінің жағдайы аса қиын болғандықтан ғана Дулатты
жіберіп отырғанын Мұрат ұқты. Дулат əкелген бұйрықтың енді көк тиын
пайдасы болмаса да жігіттің ерлігіне риза болды.
– Ал, дұшпанның күшін, бет алысын жақсы бақыладың ба, өзің
барлаушы емессің бе? — деді даусы жұмсарып.
Дулат бұ жолы ойланып жауап берді.
– Күш аз емес-ау деймін. Біздің көргеніміз батальоннан артық. — Көзі
жетпеген жорамалды айтқысы келмегендей Дулат қобалжыңқырап қалды.
— Біз тың тыңдап үйренген саққұлақпыз ғой. Дүбіріне қарағанда күші көп
сияқты. Едəуір танктері бар — даусын құлағымызбен естідік.
Мұрат алды-артын біліп алмай шегінуге бұйрық бергісі келген жоқ.
Алдыңғы жаудан қашқанда артынан да, бүйірінен де жау шықса
батальонның үріккен қойдай дүрлігетінін білді. Сондықтан да əрбір
қимылы алдын ала есептеулі болуға тиіс. Ол оқыс ойға бекінді.
– Полкқа қосылғанша менің қарауымда боласың! — деді Дулатқа, — ал,
қазірден бастап іске кірісеміз. Маштай тез Ержанның взводынан бес
жауынгер ертіп кел,— Маштай жүгіріп кеткесін қайтадан Дулатқа
бұрылды. — Қазір разведкаға шығамыз.
– Құп, — деп Дулат қолын шекесіне қойды.
– Менімен бірге жүресің.
– Жолдас капитан, сіз өзіңіз де барасыз ба? — деп таңырқады Дулат.
– Иə!
– Жолдас капитан, сіз... Сіз бармай-ақ қойсаңызшы. Керегіңізді
айтыңыз... Meн бəрін біліп берейін.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 15
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.