Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 15

Total number of words is 4041
Total number of unique words is 2139
36.3 of words are in the 2000 most common words
51.3 of words are in the 5000 most common words
60.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Қарсы сөйлеме! — деп кейіп тастады Мұрат оған. — Сенің білгенің
маған білген болмайды. Өз көзіммен көруім керек.
Мұраттар барлауға шыққанда əбден қас қарайды. Соғыстың гүрілі бəсең
тартып алыстап барады. Сол жақ флангіден ешбір атыс естілмейді. Оң
жақта алыста зеңбірек оты жарқылдайды. Гүрсілдеген дауыс біраздан кейін
талып естіледі. Соколово деревнясы тұрған қырқаның астына түскеннен
кейін кісі емін-еркін жүре беретін тыл жақ, енді тұңғиық қара судай —
сипалап аяқты аңдап басу керек. Басты қатерге тікпей сол тұңғиықтың арғы
бетіне өту де мүмкін емес.
Деревнядан жүз қадам шыққаннан кейін Мұрат кілт тоқтады. Алдынан
арба салдыры, оған ілесе адам дабыры естілді. Қай тілде сөйлегендерін
айыруға болмады. Оң жақтан машина гүрілдеді. «Аһа, осыдан бір
шақырым жерде шоссе бар еді-ау», — деді Мұрат. Бір-екі рет машинаның
шахты да жалт ете қалды. Енді байқады, ол жақтан да арба салдыры, айқайшу естіледі. Жол алғы шептен қиғаш созылып екі шақырымдай жерде
Мұрат батальонының артын орай өтетін. «Біздің желкемізден тосқауыл
тастамаған-ау!» деп ойлады Мұрат. Мұрат ымдап Дулатты шақырып алды.
– Сен қасыңа ана Қартбайды ал да біздің бұрынғы окопты шолып қайт!
Қартбай жолды жақсы біледі, — деді күбірлеп, — тек сақ бол.
Окопта немістер жоқ болып шықты. Мұрат оңды-солды біраз бағдарлап
дұшпан колонналарының қозғалысын, бағытын топшылаған болды.
Қайтып келіп командирлерді жинап алып шегіну тəртібін айтты. Хозвзвод
пен сан взвод есінен шығып кеткен екен, Коростылев үндемеп еді, бүгін
əбден берекесі қашқан Дошевский шыдай алмады.
– Хозвзвод қайда болады, жолдас капитан? — деді ол.
– Түу, есімнен шығып кетіпті ғой, қуғанда артта, қашқанда алда болатын
едің. Енді алды-артымыз жау. Дəл ортада боласың, — деді Мұрат. — Оқдəріге сараң бол. Сығымдап ұста!
Мұрат рота взводтарын біртіндеп алғы шепке шығарып алып, үлкен
шоссені оң қапталға ала солтүстік шығысқа қарай жүрді. Мінекей бұдан екі
күн бұрын өзі тастап шыққан окобы. Солдаттар ескі жұртын танып
күбірлесіп қояды. Аспанды бұлт торлаған, жылт етіп бір жұлдыз
көрінбейді. Үш жүздей адам демін ішіне тартып, үнсіз аяңдап келеді. Алты
жүз құлақ елеңдеп əрбір сыбдырды бағады. Қараңғы түн жұмсақ
құшағымен батальонды жау көзінен қымтады.
Мұрат бұл түні немістерге соқпай, таң атқанша суыт жүріп қоршаудан
шығып кеткісі келді. Бірақ батальонның жүрісі барған сайын бəсеңдей
түсті. Алға жіберген барлаушылары адасып жүрген дұшпан тобына
кездесіп, іркіле берді. Орман ішіндегі жалғыз аяқ жолдар да ерегіскендей
бірде жаудың үлкен колонналары ағылып жатқан шоссеге тіреліп, енді
бірде сол жаққа қисық тартып əлек қылды. Үш-төрт арбасы, үш кішкене
зеңбірегі бар Мұрат жолсызбен жүре алмады. Батальон түнімен он
шақырымдап-ақ жер өндірді.
Күздің бұлыңғыр таңы көгеріп атып қалды. Ағаш арасы айқындалып,
тасада өскен балапан қарағайлар мен шоғыр бұталар да анық көрінді.
Батальон орманның шетіне тірелді. Алда сұрғылт тартып үлкен ашық алаң
жатыр. Əр жерінде шоғырланып қарағай, қайың өскен. Деревнялар
орманды ықтай орналасқан болар, əзір көзге түспейді. Таңғы сызды қою
ауа тұнып тұр, қыбыр еткен тіршілік белгісі жоқ. Немістердің алдыңғы
колонналары ұзап кеткен де, өзгелері жолдағы деревняларға түнеген
сияқты. Он шақырымға жуық ашық алаңды жарық кезде кесіп өтуге Мұрат
бата алмады.
Мұраттың шегініп бара жатқан дивизияны бір түнде қуып жетем деген
ойы болмады. Енді мұның жүрісі баяулап, қиындай береді де, майдан шөбі
алыстай береді. Дұшпанның бет алысы қатты. Оны жаңа рубежде
тоқтатқанша, егер ұзаңқырап кетпесе, төрт-бес күн өтеді. Талай
тұтқиылдан күткен тосқауылдар, қапысын баққан қауіптер тұр алдында.
Үш жүз адам Мұратқа сенеді, арқа сүйейді, ал Мұрат кімге арқа сүйейді.
Бұрын еш уставта жазылмаған, училищеде оқытпаған қимылдар күтіп тұр
алдында. Жалғыз батырлықтың ғана ісі емес ол. Сабыр мен шапшаңдық,
байыпты ақыл мен ұшқыр ой қатар болуға керек мұндайда.
Мұрат бұйрық тосып орман ішінде отырып қалған жауынгерлерге
қайтып оралды. Роталар тізбек-тізбегімен тоқтаған жерлеріне қисая кеткен.
Əр жерден күбірлеген дауыс естіледі. Əшейіндегідей емес, қабақтары
қатыңқы. Қастарынан өтіп бара жатқанда комбатқа дəмелене қарасады.
Мұрат ол көзқарасты түсінді. Бірақ не жақсылық айтып қуантады? Кенет
осы көздері жаудырап отырған көп солдат өзіне бұрынғыдан да жақын
көрініп ыстық тартып кетті. «Кемедегінің жаны бір». Мұраттың ойы
толқып кетті білем, балапан қарағайдың бір жіңішке шыбығын сындырып
алып тікенегін аршып, əурелей берді. «Жоқ, бұларға бар ащы шындықты
ақтарып айтпай болмас. Бəрін қабақтан сезіп тұрғанда несін жасырам» деп
түйді.
– Жолдастар, — деп сабырлы дауыспен бастады Мұрат. — Біздің
қоршауда қалғанымызды өздерің білесіңдер. Жағдай белгісіз де, қиын да.
Қуанарлық еш нəрсе айтпаймын. Біз бір күн, екі күнде қоршаудан шыға
алмаймыз. Алдымызда талай күтпеген қауіптер тұр. Оған ердің ері
шыдайды. Соған қазір əзірленіңдер. — Мұрат сөйлегенде шыбықты
əурелеп тұр еді, байқамай қаттырақ игенде сынып кетті. — Бір адам шашау
шықпасын. «Жалғыз адам жауынгер емес» дейді орыс. Жалғызды дұшпан
мына шыбықтан оңай сындырады. — Мұрат қолындағы шыбықты сырт
еткізіп тағы бір сындырып лақтырып жіберді. — Ал осы отырған бəріміз
орманбыз.
Орманды отау оңай емес. Біздің күшіміз бірлікте. «Кемедегінің жаны
бір», — деген мақал бар. Бəріміздің жанымыз бір. Ал сол кемемізге қазір
қауіп төнді. Кемеге қауіп төнгенде жанын аяп қалатын моряк бола ма? —
Қадала қарап қалған көп Мұратты үнсіз қостады.— Болмайды. Ендеше
біздің арамызда ондай адам болмау керек. Ал, сіздерге беретін уəдем —
аяусыз қатал болам. Барлық командирлерден де қаталдықты талап етем.
Жасқану, қобалжу, алақтау дегенді ұмытыңдар. Не өлеміз, не осы
қоршаудан шығамыз! Басқа жол жоқ. Егер жаудан сауға сұрайтын сұмырай
табылса, табанда атуға бұйырамын. Үрей салушыларға да əмір сол.
4
– Сен қарағай орманның қандай ғажап екенін білесің бе? Ауасы қандай
тамаша, бүкіл ішкі сарайын тазарып, жаның жай тауып қалады, — деді
Земцов Қартбайға. Ол ертеңгі салқын ауаны кеудесін кере бір жұтып алды.
— Міне қандай тамаша! Қайың орманға мен онша құштар емеспін. Ол
жаздыгүні ғана тəуір. Онда да əдемі киініп сылаңдаған келіншек сияқты.
Тек көркі ғана. Ал, қарағай деген, бауырым, басқаша дүние! Сылаңдап көз
тартпағанымен қаншама сабырлы сұлулық жатыр өзінде! Адамға күш-қуат
береді бұл! Сен түсінесің бе степняк!?»
– Иə, ағаш деген жер жаннаты ғой,— деп қостады Қартбай.
Земцов орта бойлы, тығыршық денелі сары жігіт. Шикіл қабағы бүрісіп
кеткен, бет ажары түксиіңкі. Шүйірілген кішкене көк көзінде жылтыраған
күлкі табы өшпейді. Өтірік ашуланып енді-енді күліп жіберейін деп тұрған
адам сияқты көрінеді ылғи. Кішкене төмпешіктің үстінде қолымен балапан
қарағайдың қылқанындағы боз қырауды қағып түсіріп, орман түкпіріне
қиялдана қарайды. Оның қасында астына плащ-палаткасын жайып жіберіп
малдасын құрып темекі тартып Қартбай отыр. Шынтақтап Бондаренко
жатыр. Қартбайдан ауысқан плащ-палатканың екі шетінде тізелерін
құшақтап əрең сыйып Бөрібай мен Көжек отыр. Бүкіл батальонның
жауынгерлері сақтық үшін ұсақ топқа бөлініп орман ішінде дөңгелене
орналасқан.
– Мен Сібірде туып өстім, Қазақстанға кейін келдім ғой, орман деп
біздің Сібірдің ормандарын айтсайшы. — Земцов толқыған қиялын тоқтата
алмай сөйлей берді. — Кейде папама еріп аңға шыққанда үш күн жүріп
орманның шетіне шыға алмаушы едік.
– Сол орманның жартысын біздің далаға берер ме еді, — деді Бөрібай.
– Соғыс біткесін тасып ал, — деп күлді Бондаренко.
– Таситын түгі де жоқ, ағаш егу керек, — деді оған Земцов.
– Сен егуді қоя тұр, —деді оған Бондаренко, — одан да мына құрсаудан
шығудың жайын айтсайшы.
– Комбат саған айтқан жоқ па? — деді Земцов Бондаренконың сөзін
ұнатпай. — Біз командирдің бұйрығын істейміз.
Бондаренко Земцовты кінəлағандай басын шайқады.
– Командирдің бұйрығын орындауды сен маған үйретпе. Сен өзің көп
қиялдайсың да, бірақ жөні түзу нəрсе ойлап таппайсың. Мұндайда жөнжосықты əркім ойлау керек. Ақылға ақыл қосу керек. Солай емес пе,
Көжек? — Бондаренко Земцовтан қошамет таба алмайтынын біліп Көжекке
қостатты сөзін.
Ержан ұйықтап алмақ боп жатып еді, азғана көзі ілінгеннен кейін ертеңгі
дымқыл салқынға бойы тоңазып оянып кетті. Енді солдаттардың əңгімесін
тыңдап тек жатыр. Қиялданбай жүрмейтін албырт Земцовты қу тілдінің
ішіндегі ең аз сөйлейтін Бондаренко ылғи қағытып отырады. Ананың көп
сөзбен қызынып айтқанын бұл бір сөзбен дəл шертіп түсіретін. Бірақ бұл
жолы Бондаренко ащы тілін жұмсартып байыпты сөйледі.
– Сен немене, командирге ақыл үйретейін деп пе едің? — деді Земцов,
Бондаренкоға сөзін жібергісі келмей.
Ержан басын көтеріп алды.
– Үйретсе несі бар. — Ержан қаймығып қалған Земцовқа жылы
шыраймен қарады. — Командир біткен данышпан деп пе едің!? Иван ағай
сені мен мен сияқты жастарға талай нəрсе үйрете алады. Көргені көп адам.
— Ол барған сайын өзінен өзі өш алғысы келгендей ашуланып, айызы қана
сөйледі. — Біз екеуміздің көкірегіміз көкте болғанмен, жарытқанымыз
шамалы. Біз көп оқыдық деп ойлаймыз. — Неге екені белгісіз Ержан өзіне
Земцовты қосақтап алды. — Оның бəрі чепуха, достым. Біз өмірден еш
нəрсе білмейміз. Тумай жатып жетілдік деп ойлаймыз. Жоқ, достым, олай
емес екен. — Солдаттар қысылып үндемей қалды. Ержан өзінің орынсыз
қызыңқырап кеткенін сезіп, еріксіз езу тартты. — Иван ағай мен
Қартбайлар өмірдің ащы-тұщысын татқан адамдар. Солардан үйренуіміз
керек.
– Сіз де өзіңізді кемсіте бермеңіз, жолдас лейтенант, — деп күлді
Бондаренко.
– Ал жарайды, демалыңдар,— деп Ержан орнынан тұрып кетті.
– Осы маған неге кейіді, — деп қынжылды Земцов, Ержан ұзап кеткесін.
— Менің жазығым жоқ сияқты еді.
– Сен, бала, ақымақсың, — деп Бондаренко басын шайқады.
– Ақымақ екенімді өзім де білем,— деп мойындады Земцов.
– Көрмейсің бе, жаны күйіп бара жатқанын,— деді Бондаренко. — Ол
өзіне өзі кейіді. Сені əшейін мысал ретінде қосақтай салды.
Сөзге Бөрібай араласты.
– Екі-үш күннен бері ренжулі. Қартбай, сен айтып па едің,
Молдабаевпен керісіп қалды деп. Содан ба екен?
– Жалғыз ол емес сияқты, мұнда басқа бір гəп бар, — деді Бондаренко.
Көжек Ержанның көңілінің жүдеу екенін біліп, сұрауға бата алмай,
сыртынан жаны ашып жүр еді, қазір шыдай алмай кетті.
– Апыр-ай, кім ренжітті екен, жолы болмағыр. Ешкімге жаманаты жоқ
бала ғой. Қатты қиналып тұр ғой тегі, — деді қатты күрсініп.
– Бала емес, дырдай командир, — деп Қартбай оны тойтарып тастады.
— Бойында қайраты болса шыдар, төзер. Еш нəрсесі кетпес. Жасық болса
обалы өзіне.
Ержан кешегі соғыста жеңіл жараланған-ды. Оқ мойын етін сыдырып
кетті. Мойнын таңған марліге қан қатып, жарасы ауырып мазасын кетірді.
Жарасын қайта таңдыруға санвзводқа барғысы келді. Санвзводты есіне
алғанда кешеден бері қызу соғыс үстінде, қарбаласта ұмытыла бастаған
ауыр ой қайта қозғалып кетті. Қызғаныш, күйініш, өтелмес өкініш бəрі
араласып қайғы өрті шарпымаған уыз жанын жегідей жеген ащы сезімге,
күйінішке айналды.
Кейде сенгісі де келмейді. «Өзім де қызбамын ғой. Ашу үстінде
аңғармай теріс ұққан шығармын. Қызғаншақ көңіл асыра ойлаған шығар»,
— дейді. Бірақ Раушанның шырылдап Уəлиге ара түскенін ойлап, «жоқ,
жығылғаныңды біл, өзіңді өтірік жұбатпа», — дейді. Кейде өзін қайрап:
«Немене соншама егіліп, дүниенің тірегі сол ма екен? Оның əкесіндей
қыздар да бар шығар! Мейлі!» —дейді. Бірақ көкірегін басқан ауыр зіл
онымен тарқамайды. Қазықты айналған арқандаулы аттай қайта-қайта ойы
Раушанға орала береді. «Сен де ғашық болар уақытты тапқан екенсің?
Жетер енді, ұмыт!» — дейді өзіне. Бірақ сол сəтте:
Раушанның сонау бір айлы түндегі мөлдіреген көзқарасы елестейді
көзіне. «Ержан!» дегендегі өзгеше бір назды үнін, ешбір жанға ұқсамайтын
əсем күлкісін естиді. Неге екені белгісіз Ержан сол күлкіні аппақ таза қарға
теңейтін. Жаңа жауған ұлпа қардай жұмсақ, ашық саф күлкі.
Кейде осының бəрі қапырық түс, оянып кетсе қатты қуанатын сияқты.
«Осы мен түс көріп жатқан жоқпын ба?» деп өзін шымшиды. Түс емес,
«неге бұлай боп шықты? Неге? Неге менің ылғи жолым болмайды?» — деп
күрсінеді. Жайнап тұрған дүниесін қара дауыл қиратып кеткендей сезінеді.
Кенет «екіншілей тентек болма, бала», — деген Уəлидің даусын, келемеж
күлкісін ап-анық естіді. Тіпті жалт қарады. Ұяттан екі беті дуылдап кетті!
«Жоқ, санвзводқа бармаймын, — деп қайта бұрылды. Бірақ мойнын оқыс
бұрғанда жарасын ауыртып алды. Марлінің астынан мойнын қуалай жылы
қан ақты. «Қап! —деді Ержан. — Мейлі, Коростылевқа таңдырып
алармын».
Санвзводтың арбасы доғарулы. Бес-он қадамдай жерде бір санитар
аттың мойнынан қамытын алмай, тізгінінен ұстап жайып тұр. Коростылев
шинелін шешіп алып айқара жамылып арбаның үстінде қорылдап жатыр.
Ержан Коростылевтың рақаттанып ұйықтағанына қызығып оятуға қимай
тұрып қалды.
– Оны оятпаңызшы.
Ержанның жүрегі дір ете қалды. Арбаның ар жағынан Раушан шықты.
– Жайша келдіңіз бе? — деді ол Ержанға жақындап. — Жараланып
қалғансыз ба?— Раушан Ержанның мойнындағы марліні көріп көзі үрпиіп
кетті.
– Жай... тек теріні сыдырып кетті. Коростылевқа таңдырып алайын деп
едім.
Ержан Раушанға қанша қарамауға тырысса да көзі еріксіз түсе берді:
«Жүдеп қалыпты ғой. Ұрыс қажытты ма екен! Əлде қоршауда қалғанға
қайғыра ма?»
– Ол оятпа деп еді...— Раушан мүдіріп қалды. — Мен таңып берейін.
Раушан арбаның үстіндегі сумкасын алып ақтара берді. «Бұл неге сонша
жүдеу, əлде сүйгенін аңсап қалғаны ма? — деп ойлады Ержан. — Тіпті
қимылы да өзгеріп кетіпті. Əдемі еппен жыпылдап тұратын қолы күрмеліп
қалғандай, ауыр қимылдайды. Сырқат емес пе екен?»
– Қане бері келіңіз.
Ержан Раушанның қасына аяғының астында шоқ тұрғандай əрең басып
келді.
– Отырыңыз, сонда ыңғайлы болар.
Ержан жүрелей отырды. «Сіз, біз» деген тікендей сөз құлағын тесіп
барады. Раушан Ержанға сəл қырындау тізерлей отырып, таңғышын шеше
бастады. Əр орауын тартқан сайын мойнынан бір құшақтайды. Мінекей
беті бетіне төрт-ақ елі тимей тұр. Құлағының түбінде жып-жылы демін
сезеді. Осы күнге дейін қалай байқамаған, жұп-жұмыр мойны неткен əдемі.
Ертеңгі салқыннан сəл қызғылт тартқан. Тамақ астында тарыдай меңі бар
екен. Раушан Ержанды аясына еріксіз тартып барады. «Анау əдемі меңінен
бір сүйсем... Жоқ... жоқ, тек ернімді тигізсем...» Ержанның басы айналды.
«Ау, маған не болған. Сабырым қайда? — деп ашуланды Ержан. — Сені
оның жек көретінін ұмыттың ба, арсыз. Өзіңді жек көрген адамды сен де
жек көрмейсің бе, жасық шіркін». Ержан өзін қанша қайраса да көңілі əл
бермей барады: Раушанды əлпештеп, алақанына салып көтеріп алғысы
келеді. Көз алмай сүйсініп қарай бергісі келеді. Кенет суық ой жүрегін
шаншып өтті. «Ол... ол... маған арам болды ғой!» Ержан басын кейін
тартып қалды.
– Ауыртып алдым ба? — деді Раушан қорқып.
– Жоқ... жоқ...
Раушан марліні шешіп алып тастады. Жараның төңірегін мұздай сұйық
дəрімен сүртті. Сол қолымен Ержанның мойнын бүріп ұстап алды. Əр
саусақтың ізінен қанына жылы рақат дарып бара жатыр, бірақ бір сəтте сол
жұмсақ саусақтан түршігіп, мойнын тартып алғысы келеді.
– Жараның аузы жаман болып кетіпті ғой, кеше неге келмедің? — деді
Раушан.
Ержан ызамен мырс етті.
– Кеше немістерге тоқтай тұрыңдар деп едім, көнбеді ғой.
Раушан көзі мөлдіреп Ержанға қарады. Қасіретке толы көз шарасы:
«Мені неге ренжітесің, мен бақытсызбын ғой», — деп тұрғандай. Ержан
өзінің қатты сөз айтқанына өкінді. Раушан Ержанның жарасын қайтадан
тана бастады. Марлінің бір шетін саусағымен басып тұрып бір қолымен
мойнын құшақтай орайды. Екеуі бір-біріне қарамауға қанша бекінсе де
көздері түйісіп қала берді. Раушанның өңінде қан жоқ, жұқа ернін
жымқырып алған. Ержан өзіне ең сүйкімді, ең жақын, енді жат болып
кеткен жүзге қарай берді. Жүрегін қызғаныш оты өртейді. «Əй, – Раушан,
Раушан! Мен сені жақсы көретін едім ғой, — дейді Ержан ішінен. — Сені
мендей жақсы көретін ешкім жоқ. Ол сені жақсы көрмейді. Неге алдандың?
Сен оның қандай адам екенін білмейсің ғой, сені қор қылады ғой ол. Аһ,
мен сені жанымнан артық көретін едім ғой. Неге түсінбейсің? Сенсіз маған
өмірдің қызығы жоқ екенін неге білмедің? Ол арам, арам. Сені алдады.
Егер сені титтей ренжітсе, мен оны өлтірем... Жоқ, жоқ... Сендердің
араларыңа түсетін не шаруам бар. Мейілдерің. Бірақ ол сені қор қылады.
Сен менің сырымды сонда ұғарсың. Бірақ ол кеш болады. Жоқ, жоқ, мен
ондай тасжүрек емеспін. Мен сонда да сенің қайғыңмен бірге
қайғырамын». Ержанның қиялына басқа бір шақ елестеді. Ержан аты
шыққан командир. Оны солдаттар да, командирлер де жақсы көреді.
Батырлығы, əділдігі үшін сүйеді. Бірақ ол тұйық, ешкіммен сырласып
сөйлеспейді. Сырт көзге жұмбақ. Бұған Раушан келеді. Раушан қатты
қайғылы, өңі солып жүдеп қалған, тіпті шашына ақ кіре бастаған. Ол
Уəлидің опасыз екеніне көзі жетіп үлкен қасіретке ұшыраған. «Менің саған
сөз айтатын бетім жоқ. Мен кінəлімін, Ержан. Сенің асыл жаныңды
түсінбеппін. Мен бақытсызбын. Бірақ обалым жоқ. Мені кешір. Тек
«кештім» деген бір ауыз сөзіңді естуге келдім», — деп жылайды Раушан.
Ержанның аяғына жығылады. Ержан оны тез жерден көтеріп алады. «Сені
менен артық сүйген адам жоқ, Раушан. Мен сені əлі де сүйем. Сенің
қайғыңды сүйем», — дейді Ержан. Раушан басын Ержанның бетіне басып
егіліп жылайды. «Сен алтын екенсің, Ержан, мен сенің басқан ізіңе
татымаймын,— дейді ол солқылдап,— мен сені түсіне алмаппын. Сен
асылсың». Ержан шыдай алмай: «Жыламашы, Раушан, енді екеуміз мəңгі
біргеміз»,— дейді. Ержан көзіне жас іркілгенін сезіп тітіркеніп қалды.
«Түу, қайдағы жоқ сандырақ келеді екен ғой кісінің басына. Ондай ешнəрсе
де болмайды. Ойбай салсаң да қайтып оралмайды ол саған!» Ержанның
дымқыл тартқан көзі тез құрғады.
Раушанға кешеден бері бір күн емес, бірнеше жыл өткен тəрізді. Ол
Уəлимен қайтып кездескен бір сəттің ішінде өзінің барлық бақытсыздығын,
түзеуге болмайтын қатесінің бар салмағын сезді. «Бəрі жалған екен!» деді
тұла бойы түршігіп. Ең ақыры қашып бара жатып «саған келдім» дегені де
жалған, ойда-жоқта кездесіп айтқан сөзі екенін білді. Коростылев
«жауынгерлеріңді тоқтат» дегенде «жарайды, тоқтатам» деп күмілжіді
Уəли. Онысы да өтірік. Былай шыға бере оның тайып тұрғанына Раушан
шəк келтірледі. Таудай арқа сүйеген адамы — жолдастарын тастап, сүйген
қызын тастап масқара болып, бұралқы итше қашты. Аңсаған арманы,
айдын көл деп шомылғаны шіріп кеткен сасық сор болды. Кеше кештен
бері не болып, не қойғанын өзі де білмейді. Əйтеуір жүр десе жүруді, тұр
десе тұруды біледі. Төңіректе не болып жатқанымен ісі де жоқ. Арбаның
қасында отырып келе жатқан Ержанды көрді. Сонда бəрі есіне түсті.
Ержанның өзіне ренжігенін Раушан білді. Бірақ өзінің бақытты сəтінде кісі
қайғысына түсінбеді. Дүниеде реніш, қайғы болады дегенді ұмытып кеткен
шағы еді ол. Қайта Ержан неге менімен бірге қуанбайды деп кейіген.
Раушан жападан жалғыз қалды. Демеу болар жақын адамы жоқ. Ең аяғы
шерін тыңдап жанашырлық білдіретін кісі де жоқ. Өзін жақсы көретін
Ержан о да ашулы. «Ержан, мен бақытсызбын, — дейді Раушан көзімен. —
Жалғызбын». Ержан көзіндегі жасты байқайды. Сен де қайғылы екенсің
ғой. Сенің қайғың ештеңе етпес. Еркексің ғой. Əлі-ақ ұмыт болады. Meн
өміріме жетер өкінішке ұрындым. Менің ешкімге керегім жоқ. Тіпті өзіме
де керегім жоқ. Менің ішімде не болып жатқанын білсең шошып кетер едің.
Аяр едің. Кешеден бері алқымға тірелген жас ішімді өртеп барады. Сен
ұқсаң, түсінсең əкемдей төсіңе бетімді басып жылар едім».
Біреу суық қолымен қанын сорғалатып жүрегін суырып алып кеткендей
Ержанның ішкі сарайы құлазып қалды.
«Ондай сорақы зорлыққа көнбеймін, жоқ, əлі төбелесіп көреміз.
Бермеймін. Жоқ»
– Жоқ! — деп дауыстап жіберді Ержан.
Раушан селт етіп, аңырып қалды.
«Жоқ, көнесің, көнбеске дəрменің жоқ», — деді ішкі даусы Ержанға.
– Болып қалдым. Қазір.
«Шыда, шыда, жұртта нең бар, өз ақымақтығыңның салмағын өзгеге
салмай, зардабын өзің тарт», — деді Раушан тістеніп, марлінің түйетін
шетін күшпен айырып жатып.
«Рақмет» айтып Ержан түрегелді. Мойны қозғалтпайды. Неғып
байқамаған, Раушан қылғындырып қатты таңып жіберіпті. Қап, қайта
таңатын болды-ау. Жоқ, жоқ, осы төзгені де жетер, взводқа барып-ақ
таңғышын босаттырып алады.
5
Үш сағат демалыстан кейін батальон жолға шықты. Ет қызуы суып,
түнгі ұзақ жүрістен сүйектері салдырап қалғанына қарамастан солдаттар
тез сапқа тұрып, сергек жүріп кетті. Əлі бой үйренбеген қауіп шаршауды
ұмыттырып жіберді. Уақыт мезгілін айыру қиын, түнде аспанды торлаған
бұлт қоюлана түскен. Ауаның ертеңгіліктегі ызғары жұмсарып қалған.
Мұраттың бар ойы қоршаудан қайткенде тезірек шығуда болды. Сақтық
істеп, күндіз жасырынып демалып, түнде ғана, жүрсе көп уақыт ұттырады.
Алғы шептен алыстап қалады. Ол майдан əлі бекімей тұрып, немістердің
шабуыл жасаған əскерлерімен араласа жүріп, арғы бетке өтіп кеткісі келді.
Қауіп-қатерден қорғалақтай берсе дұзаққа түсіп қалуы сөзсіз. Сондықтан
да Жақыповтың жəне де кейбір командирлердің ұнатпағанына қарамай,
алдағы үлкен далаңды орағытып өтуге бекінді. Бұл жолда бірнеше
кішігірім деревнялар бар, тұтас орман болмағанмен шоғыр-шоғыр ағаштар
бар. Шабуыл жасап бара жатқан дұшпан үлкен жолда шеткері кішкене
пункттерге көп əскер қалдырмайтынын анық, ал азын-аулақ жау күші
кездессе, Мұрат оған бола іркілмек емес. Алға жіберген дозорға төңіректі
жіті бақылап, тез жүруге əмір етіп, батальонды қатты аяңдатып өзі бастап
келеді.
Қар жауды. Тікенекті қарағайлардың қатқыл реңі жұмсарып, баяу түскен
тұңғыш ұлпа қарға бұтақтарын жұмсақ төсейді. Төңірек түгел жасарып,
алғашқы қардың саф иісі — табиғаттың қоңыр салқын жаңа лебі кеудені
ашып жіберді. Түнеріп үнсіз келе жатқан солдаттар да сергіп қалды.
– Мінекей, орыстың қысы,— деді Кусков қасында үнсіз келе жатқан
Ержанға.— Əр маусымның өзінің жарастығы болады. Керемет емес пе?
Василийдің даусы сергек, кішілеу келген əдемі көк көзі жайнап тұр.
– Енді ізіміз қалатын болды, тасалану да қиын, — деді Ержан.
– Оқасы жоқ.— Василийдің сергек көңілі анау-мынауға жабыға қоятын
емес.— Қарда қалған ізді қар көмеді.
Немене сонша жабығып кеткенің үндемейсің?
Василий соңғы сөзді Ержанның бетіне қарап ақырын айтты. Екеуі
саптан он-он бес қадамдай шеткері келе жатқан. Кусков қайткенде де
Ержанға қозғау салып сергеткісі келді, ең болмаса сырға шақырмақ.
– Үндегенде не дейін. Бəрін айтқан жоқпын ба өзіңе.
– Өмірде талай қиындықтар кездеседі əлі. Тек түңілмеу керек. Сенің бар
өмірің алда.
– Сол өмірге құштарлығым да шамалы.
– Вот чудак, — деді Василий Ержанның бетіне күле қарап. — Сен оны
қалжыңдап айтатын шығарсың.
– Шыным сол, — деп Ержан қолын сілтеді.
Василий Ержанның бетіне байыптап қарап алды да басын шайқады.
– Сен, достым, ойнасаң да ондай сөзді айтпа. Өмірмен ойнауға
болмайды. Сенен көп үлкен менің де өлгім келмейді. Елге де біздің
тірлігіміз керек. Үй іші, жақын достарың өз алдына.
– Маған бəрібір.
– Əрбір сəтсіздікке ұшыраған сайын қылжия кетсең нең қалады, —
Василий жылы шыраймен Ержанға жымия қарады; оң қолымен иығынан
бір сілкіп қойды.— Əрине, жай айтасың. Пайдасыз өмір қадірсіз. Пайдалы
өмірдің бəрі қымбат.
– Менің өмірімнің кімге пайдасы бар?
– Соны өзіңнен сұрап көрдің бе? — деді Василий.
– Ойланып көрдім.
– Дұрыс істегенсің. — Василий енді көзін шүйіріп ойлана мүдіріп,
байсалды сөйледі. — Енді қайда барам, енді не істеймін дегенде кісінің
алдында дəл осы сұрақ тұруы керек. Бала кезінде кісі қиялшыл болады. Өсе
келе керемет істер істейтініне, атағы шығатынына, көптің құрметіне ие
болатынына сенеді. Атақты, үлкен адам болғысы келеді. Осының бəрі
жаман емес. Содан намыс туады. Бірақ бала кездегі осы күнəсіз қиял
ержеткесін құмарлыққа айналып кетсе — онда болмайды. Онда кісі қолдан
келмес іске ұмтылады. Бір істі тындырмай екіншісіне жүгіреді, артында
шала қалғанына, бүлініп жатқанына қарамайды. Атақ-құмар кісі жалған
даңққа мəз болады. Ал, жалған даңққа ие болу деген ұрлық қылғаннан
жаман жиіркенішті нəрсе.
– Жалған даңқ, оңай құрмет иелері жұртқа сездірмегенмен іштей
қуыстанып əлек болатын шығар?— деді Ержан ойланып.
– Əй, білмеймін. Талай жүзі жанбайтындарды көрдім,— деді Василий.—
Мансапқор, баққұмар, өркөкірек дегендер содан шығады ғой.
– Жағымпаздар ше?
– О да солардың сортынан. — Василий мырс етті. Тек калибрі кішілеу
келеді олардың, əдісі бөлек болғанмен мақсаты бір.
Манадан тұйық келе жатқан Ержан енді шешілейін деді.
– Мен осы түсінбей-ақ қойдым. Соғыста адам адал болуға тиіс қой.
Ажалдың аузында тұрып кісі қалай екі-жүзді болады?
– Соғыс деген ұлы сын,— деді Василий ойланып. — Көп адамның
əртүрлі жағдайдан, себептен туған ұсақ-түйек жəйсіз мінез-құлықтары
болады. Ол өзі дəннің сыртындағы қауыз сияқты. Соғыс соның қауызын
өртеп, дəнін ашып береді. Шынайы ерлік көңілі таза адамдардан ғана
шығады. Көңілі кір адам кісі өлтіргіш болғанмен ер бола алмайды. Соғыс
деген жақсының да, жаманның да сырын ашады, достым. Кейбір
көлгірсігендердің де беті белгілі болады. Ондайлар əлі жоқ емес.
– Иə, мұндай істе тазалық, адалдық керек,— деп қостады Ержан.
– Əрине, керек,— деп мақұлдады Кусков. — Ол əрбір адамға қажет
қасиет. Бірақ, достым, адал болып, ақ болып бос қарап отыруға болмайды.
Іс керек. Адамның адамшылығы істе танылады деген сөз бекер емес.
Өзімізді-ақ алайықшы, біз қазір соғысып жүрміз. Онша нашар да
соғыспайтын сияқтымыз. Кейде бастықтар мақтап та қояды. Отан үшін,
халқымыз үшін ең ардақтымыз — жанымызды құрбан етуге бармыз. Одан
артық бізден не талап етуге болады? — Василий Ержанның бетіне үңіле
қарап алды. — Солай емес пе? — Ержан жауап бермеді, қолындағы
қайынның шыбығымен қонышын сабап, ойланып келе жатыр. — Олай
емес, достым. Əрине, қазаға шара жоқ. Бірақ біз қолымыздан келгеннің
бəрін істедік пе? Бізді еліміз құрбандыққа ғана емес, жауды жеңсін деп
жіберді ғой. Біз қолдан келгеннің бəрін əлі істеген жоқпыз. Ох, істей алған
жоқпыз. Кейде кісі өзіне ренжиді. Бала кезімде бір оқиға болды. Атам
балықшы еді. Есілге ау құратын. Бір күні балалар ойнап жүрдік те атамның
балығын үйге алып қайтқымыз келді. Аудан балық алуды қызық көрдік. —
Өзінің бала кездегі қылығын қызықтағандай Василий өңі жылып, жымия
сөйледі. — Алдында атама көмек берген кездерім болатын. Аудың бір
шетін шешіп, қайырып əкеліп тартқылап көріп едік еш нəрсе шықпады.
Əбден шатастырдық. Өзі зілдей екен, қолымыздан шығып кетті. Сонсоң
екінші шетінен ұстап тарта бердік. Атамның өзі келмегенде тіпті кəдік еді,
өзі келіп ауды суырып алды. Жағаға шығарып қараса аудың сау жері
қалмапты. Өзім де жаман қорықтым. Біздің атай керемет қатал адам
болатын. Бірақ қабағы-түксиіп үндеген жоқ. Жыртылған ауды арқалап алды
да, мені құлағымнан шымшып ілгері қарай бір нұқып қойды. Мен алдына
түсіп үйге қарай жүгіре бердім. Келесі күні атам мені шақырып алды да,
жыртылған ауды түгел жамап шық деп əмір берді. Үш күн бойы ішім
пысып, ойыннан қалып атайдың əмірін орындадым. Ешкімді қасыма
жолатпай жалғыз отырғызып қойды. Бəйек болған шешемді де жуытпады.
Тек өзі келіп қабағының астынан қарап, бүлдіріп қойған жерімді сөгіп,
қайта тоқуға əмір етіп кетеді. Ақыры жамап та болдым. Шал менің ісімді
тəптіштеп қарап шықты да, маған ауды арқалатып өзенге қарай жүрді.
Жиекке келгесін ауды құруға əмір етті. Басында ау құруды қызық көріп
қуанып-ақ кіріссем де, ретін келтіре алмай аздан кейін көңілім суып қалды.
Бірақ атайдың мінезін біліп одан көмек сұрамай, өзім əлектене бердім.
Атай темекісін сораптап, қабағының астынан қарап жағада отырды да
қойды. Менің қиналғанымды біліп жəрдем бермегеніне əбден ыза болып,
мен де ерегістім. Жағаға келіп «бала суға кетіп қалады» деп шырылдаған
шешемді қуып жіберді. Ақыры мен де ауды құрып болдым-ау. Бергі бетке
келсем атам қалың қабағының астынан көзі жайнап, күліп тұр екен.
«Жарайсың, Васек, жігіт екесің!» деді атай шын риза болып. Менің
сондағы қуанғанымды білсең!.. Жоқ, қуаныш емес-ау, басқа бір ғажап
сезімде болдым. Қолымнан ойын ғана емес, іс келетінің біліп көңілім
марқайды. Бірден есейіп, ер жетіп қалғандай болдым. Атамның сондағы
риза болған кескінін əлі ұмытқам жоқ. Иə-а...— Василий қабағын түйіп, аз
мүдіріп қалды. — Қазір де, үлкен атамыз — халқымыз қарап отыр
əрқайсымызға. Ойлаған жерінен шыға аламыз ба, жоқ па? Əрине, біз қаза
тапсақ ол қынжылады, қиналады. Бірақ біз оны сүйінте алдық па, риза ете
алдық па? Кісінің өзіне көңілі толмайтыны, ренжитіні де содан.
Василий үндемей қалды. Ержан да Василий ойының сонарына түсіп
үнсіз келе жатыр. Қарағай орман таусылып, батальон ашық далаңға шықты.
Алда əр жерде шашыраған сирек қайыңдар. Екі шақырымдай жерде
дөңестің астында деревня үйлерінің төбесі көрінеді. Ашыққа шыққанда
жалаңаштанып қалғандай жауынгерлердің көңілі елегізді. Батальонның
алдында үш жүз метрдей жерде жеті-сегіз жауынгер дозор бара жатыр.
Ержан жан-жағына көз жүгіртіп, Мұраттың қимылына түсіне алмады.
– Алдымен деревняға барлау жіберіп біліп алмай тартып кеткеніміз
қалай?— деп Кусковқа қарады.
Василий де ойланып келе жатыр екен.
– Комбаттың да бір ойы бар шығар, — деді ол алдыңғы жақтан көз
алмай. — Мен білсем сол деревняда дұшпан жоқ, ал бар болса көп емес.
Енді Мұраттың ойын Ержан да түсінгендей болды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 16
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.