Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 04

Total number of words is 4090
Total number of unique words is 2251
35.9 of words are in the 2000 most common words
50.4 of words are in the 5000 most common words
57.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Білмей жүр дейсің бе? Құдай қу маңдай еткесін мен қайтейің,– деді.
Көжек ақыры күдерін үзгендей болды да, осыдан кейін əйеліне бала
жайлы сөз қозғамайтын болды.
Сөйтіп жүргенде бұдан екі жыл бұрын Балқия құрсақты болып, Көжекке
шекесі торсықтай бір ұл тауып берді. Қуанғаннан жарылып кете жаздаған
Көжек қысырдың тайын сойып бүкіл колхозды шақырып той жасады.
Əйелінің белін тартқан, о жер, бұ жерін сипаған, баланы жерден көтеріп
алған, кіндігін кескен, шомылдырған, сүйінші сұраған, бесікке салған,
құттықтап келген, қысқасы – атам заманнан келе жатқан алудың алуан
амалынан түк қалдырмаған көп қатындар Көжектің үйінде де ешнəрсе
қалдырмады. Қойшының өз меншігіндегі малы да қатты ортайды. Бірақ
Көжектің үйі енді ғана толды. «Төрт Құбылам түгенделді, енді аяйтын
ешнəрсем жоқ» деді Көжек титімдей ғана көйлек тігіп, құттықтап келген
қатынға үстіндегі күзен ішігін шешіп беріп жатып.
Баланы анасынан артық Көжек бақты. Бос уақытындағы бар ермегі сол
болды. Бала ұйықтап жатқанда да бесігін ашып мейірлене қарап: «Ө-ой,
əйнəлайын, жатысын қарашы маңқиып, өзімнен аумапты» деп баланың
маңайынан кете алмайтын. Бір-екі күн түзде болып қайтса, екі-үш ай
көрмегендей баласын қолынан түсірмейтін. Əскерге алынған екі-үш айдың
ішінде Көжектің Еркінін қаншалықты сағынғаны белгілі болар.
Уылжыған нəрестені қанша сүйсе де Көжектің мауқы басылмады.
Тосырқап қалған бала алғашқыда аздап жатырқаса да үйрене келе əкесін
таныды. Кіп-кішкентай саусағымен жағын сипалап, мұртынан тартқан
кезде Көжектің іші-бауыры елжіреп кетіп, бұрынғыдан да құмарлана сүйді.
Монтиған өндірдей қара баланың топ-томпақ үлбіреген беті бетіне тигенде
Көжек оны ынтыға қысып, ұзақ уақыт тұрып қалды. Нəрестенің жас иісін
қолқасына сіңіре жұтады. Көжектің көзінен бір-екі тамшы жас үзіліп түсті.
Балқия баланы алайын деп қолын созғанда Еркінді ұсына берді де, қайта
тартып алып көкірегіне қысып өксіп-өксіп, ақыры солқылдап жылап қоя
берді. Балқияның да көзіне жас келді. Бірақ ол сабырлық етіп:
– Ренжіме, қоянның баласы ғой. Бетім-ау, жұрттан ұят қой. Оның не
еркек басыңмен,– деп жұбаныш айтты.
Қария көргенділік етіп, Көжектің көз жасын байқамай, арбадағы
қапшықтың аузын шешіп жатты.
– Қайран бала десейші. Қиын ғой қанша айтқанмен, – деп күрсінді
Бейсен.
Көжек теріс айналып көзін сүртіп, көңілін басқан кезде Бейсен:
– Көжекжан, қарияның қолынан дəм тат,– деп шақырды.
– Кел, қарағым Көжек, қайсымызға батпайды дейсің,–деді Жексен қарт.–
Кел. Сенің жолыңа жұбайыңның шалған бозқасқасы ғой. Ауылдың үлкенкішісі ауыз тиген. Кел, батамды берейін.
Азғана ауыз тигендері болмаса жұрттың асқа зауқы болмады. Тіпті
«қазанның тамағынан қоқылтақсып қалған» Көжекке де ас батпады.
– Айтпақшы... Осы заманның қонақасысының үлкен сыйы бар еді ғой,
Бейсен-ау, əлгі соныңды шығарсайшы. Ішіңдер, қарақтарым,– деді Жексен.
Кішкене арақ ішіп, көңілі орнына түскесін Көжек cөз бастады.
– Өзім болсам жүріп барам, Жеке. Үйімде қалған азаматым да жоқ.
Қанша айтқанмен əйелдің аты əйел ғой. Кішкене балам мен əйелім сізге
аманат, Жеке.
– О не дегенің, Көжекжан. Артыңда қалың елің бар емес пе!? Атадан
жалғызбын дегенмен бəрі де етене бауырың емес пе!
– Шіркін, жөн білген кісінің сөзі осы ғой,– деп құптады Бейсен.
– Балаларға балалық істетпеспін. Қайсы болса да мені табады ғой. Асып
қайда кетуші еді. Өзім бас-көз болам. Артыңа қарайлап көңілің екі
болмасын, Көжекжан. Тыныш аттана бер. Ел тілегі өздеріңде, жолың
болсын, – деп Жексен қарт бетін сипады.
Манадан əдеп сақтап əңгімеге араласпай отырған Балқия тыпыршып:
– Əрлі-берлі гүрсілдеп жүріп жатыр. Қоянның баласы-ау, сенің бəгонің
де жүріп кетер, – деді.
Оның сөзінің аяғын паровоздың шұбалаңқы ащы айқайы көміп кетті.
– Көжекжан, біраз кідіріп қалдың. Сол жаққа барғаның мақұл болар, –
деп қария да рұқсат етті.
Көжек Жексенмен қоштасып вокзалға қарай беттеді. Бұлар перронға
шыққанда жолдың бұрылған шетінде поездың құйрығы көлең ете түсіп
көрінбей кетті.
Жаңа ғана ұлы сапарға аттанар алдындағы сезім мен жұрт қошаметі
марқайтып іріленіп, перронға салмақты басып шыққан Көжектің жүні
жығылып қалды. Біреу тас төбесінен мұздай су құйып жібергендей, аз
уақыт не болғанын түсінбей, сілейіп тұрып қалды. Əйтеуір бір зор кесапат
үстіне құлаған сияқты. Сəлден кейін барып поездан қалып қойғанын, өз
бөлімінің жүріп кеткенін ап-анық түсінді. Енді өкініштің ащы уы тұла
бойына тарап күйдіріп барады.
Адам деген қызық қой. Жаңа ғана Көжек баласы мен əйелінің қасынан
кеткісі келмей, солардың қасында бір минут артық бола тұруға барын берер
еді, енді өз бөлімін қуып, осы арадан тезірек кетуге мал-жанын берердей
халге түстi. ІІІынында да қиын екен. Қанша қимастық етсе де Көжек енді
ауыл адамы емес, əскердің, майданның адамы. Əзірге өзінің ескі үйіріне
қосылатын жол кесілген, ал жаңа үйірінен қалып қойды. Сөйтіп қазір анда
да, мұнда да жоқ, далада қалды.
Түн ортасы ауған кезде Көжек қызыл вагонда келе жатты. Вагон
бекітулі. Көжек вагонның алдыңғы жағында – сыртта отыр. Шинелі,
қапшығы эшелонда кеткен. Қолында Балқия əкелген түйіншек қана бар.
Жұқа гимнастерка поездың алдынан соққан суық желге төтеп бере алар
емес. Əзірге төтеп беріп келе жатқан ыссылы-суыққа үйренген қойшылығы
ғана. Тісі сақылдап, қалшылдай бастады. Оның үстіне ішті кемірген суық
ойлар да мазаны кетіріп барады.
Көжек өз қамымен қоса Ержанның да жағдайын ойлады. Ержанның
Көжекті қалай көретінін кім білсін, ал Көжек болса Ержанды командир
ғана санамай, аса іш тартып жақын інісіне балайтын. «Апырмай, өз обалым
өзіме, бəрінен де баланы ұятқа қалдырғаным жаман болды- ау, тегі» деп
қиналды ол.
Шамасы кейбір кісілерге кейде арқасынан қағып еркелеткен адамнан
гөрі, көбірек төмпештеген адам ұнайтын болса керек. Көжек бұрын армия
қатарында болмақ тұрсын, əскери форма киген адамдарды да сирек көрді.
Соңғы жылы малыңды иттен, құстан сақта деп басқарма ескі шиті мылтық
беріп еді, оны да арқасына ілгені болмаса атып көрген емес. Əскер ойыны
оған өте ауыр тиді. Қатып кеткен тіл, мылтық бөлшектерінің орысша
аттарына илікпесе, ен далада еріншек басқан аяқ əскери қадамға да
илікпеді. Сондықтан да мұның иін түсіргенше Ержан, Зеленин, Добрушкин
үшеулеп қуалады. Үшеуі де əбден ыза болатын. Зеленин былай төзімділеу
де, ал Добрушкин Көжектің кещелігіне ыза болып кетіп: «Тьфу, чучело!
Это тебя бог послал ко мне, за мои грехи!» деп айқайлайтын, не болмаса
«Да ну тебя! Поедешь на фронт, так для счету. Все равно тебя кокнут как
пить дать! Умереть оно даже лучше без строевого шагу. Искреннее. Иди к
черту, отдыхай!» деп қолын бір-ақ сілтейтін. Көжектің бұдан ұғатыны:
«Шошəла» деген орыстардың огородындағы құс үркітетін қарақшы. Өзге
жағын да Добрушкиннің қолының қимылы мен бетіндегі құбылыстан
едəуір аңғарып қалады. Өзінің қараңғылығына, оқытпаған ата-анасына
налиды.
Мұнымен көбірек те, төзімдірек те əлектенген Ержан болды. Көжек
оның бойындағы педагогтік қасиетін аңғартуға себепші болды. Ержан
винтовка, пулеметтердің өзара жалғасқан сан алуан бөлшектерінің бір-бірін
қимылға келтіретін қилы, қиын тəсілдеріне қарапайым мысал тауып,
түсінікті тілмен Көжектің миына құятын. Ол тактикалық өнерді де
Көжектің қарапайым ұғымына жол тауып жеткізе білді. «Анау, Дорбошкін
сұйық қой, оның оқуы жұқпайды, тегі осы баланың оқуы қонымды» дейтін
Көжек Қартбайға.
Оқытушылықтың қызығына түсіп алған Ержан, əрі білімі кеміс
болғандықтан, өзге жұрт демалып жатқанда Көжекті бөліп алып үйрететін.
Ержан оны елден ерек азапқа салса да Көжек ренжи қоймады. Ол өзінің
едəуір жасаған ішкі тəжірибесімен Ержанның қанша қатал болса да
мейірімді жігіт екенін ұқты. Кейде Ержан қатты ыза болып кетіп, қанша
қатты кейіп, сөксе де «баланың ашуының арты ашық» екенін біліп, көңіліне
ауыр алмайтын. Осылай үйрене келіп Көжек Ержанды іш тартып, жақсы
көріп кетті. Мүмкін өзінің орындалмай, қолы жетпей қалған арманының
іске асқанын содан көрді ме? Əйтеуір «тірі болса адам болайын деп тұрған
бала» дейтін ішінен. Ержанның Көжекті қалай көретінін кім білген, мүмкін
оны боксерлердің жұдырығын үйрететін қапшығы сияқты, өз үйреткіштігін
көрсететін əскери аспап көрсе де өзі білсін, бірақ Көжектің Ержанға деген
ықыласы мол жатыр.
Поезд таң алдында үлкен станцияға келді де, шегеленгендей тұрып
қалды. Көжек жерге түсіп, азғана бой жылытып жүрді де, вокзалға барды.
Есік алдында дежурный болса керек, егде тартып қалған қазақ əйелі тұр.
– Келін, мына поезд ұзақ тұра ма?– деп сұрады, ішінен: «шамасы жеңге
боларсың-ау» десе де. Көжектің де өзіне шағын азғана қулығы болатын.
– Анау тауарни ма, ол бір сағат тұрады,– деп жауап қайырды əйел.
Вокзал іші қара көлеңке. Бұрышта скамейкада қисайып үш-төрт əйел
мүлгіп отыр еді. Көжектің даусынан оянып кетті.
– Майданға жүріп бара жатыр едім.
– Е-е, жолдарың болсын. Ер-азамат кетіп жатыр ғой. Менің де қайным
кетті.
– Бір тапсырмамен кейін қалып қойғаным. Осы арадан əскер тиеген
шалон қашан етті?– деп сұрады Көжек.
– Кешеден бері өтіп жатыр ғой,– деді əйел.– Соңғысы өткелі – алты
сағаттай болып қалды.
Көжек азырақ ойланып тұрып:
– Таң суық екен. Тоңып қалғаным. Ыстық су жоқ па?– деп сұрады.
Ұйқылары ашылып əңгімеге мойнын созып: «беу» деп ернін сылп
еткізіп отырған əйелдер енді жалпылдап қалды.
– Неге болмасын!
– Сыртта крантта ыссы су бар.
– Жəнипа, сен барып əкеле ғой. Мə шəйнек.
– Əй, Мағрипа, манағы поездан сатып алған ындын шайыңды баста.
Сəлден кейін Көжек сұйқылтым қызыл шайды сіміріп, үш əйелдің
ортасында шалқып отырды. Үйдің шайындай қайдан болсын, бірақ
əскердің шайынан кем емес. Бойы жылып, аз да болса ауыр ойынан сергіп,
терісі кеңіп қалды.
Бір бүйірдегі есіктен Зеленин шыға келді. Көжек көзі алақандай болып,
сəл аңтарылып қалды, орнынан ұшып тұрды.
– Өй, тəуаріш сержант! Ви тоже остал. Я тоже остал. Вы зпаишь. Месті
боедім,– деп əскери тəртіпті ұмытып, Зелениннің жеңінен ұстап сілкілей
берді.
5
Соғыс алуан түрлі адамдарды араластырады. Бұрын көп адамның-ақ
белгілі бір дос, таныстары, туыстары, жасынан көріп келе жатқан
үйреншікті дүниесі болушы еді. Əлдеқандай бір кеңсе қызметкері азғана
көңілдестері мен қызметтес достарын ғана білсе, өзге халықты көшеде, не
жол үстінде көрсе, немесе колхозшы өз колхозының шаруаларын ғана
білсе, өзге жұртпен бір жаққа барғанда, қалаға келгенде қысқа танысса,
қазір солардың бəрі сапырылысып, араласып, бірге терлеп окоп қазып, бір
котолектан ас ішеді. Əртүрлі дағдысы, мамандығы бар, алуан кəсіп
адамдары бір мамандық, бір кəсіпке көшеді. Тағдыры, тілеуі ортақ болады.
Кісі ойламаған адамына жолығып, ойда жоқта дос болады. Осылай əскер
өмірі Бондаренко мен Добрушкинді екі қиырдан кездестіріп, басын қосты
да, Добрушкин арқылы бұларға Бөрібай Еспаевты жалғастырды. Бұларды
кəдімгі жұрт көріп жүрген дос деп атау да қиын, бірақ үшеуі тебісіп жүріпақ бір-бірін қиыспайды.
Бондаренко мен Добрушкин екі түрлі адам. Бондаренко қылтыңсылтыңды білмейтін, жібі түзу, өмір жолы айқын, ұстамды адам, ал
Добрушкин болса алаяқтың өзі, онысынан əскерде де арыла алмай келеді.
Иван Бондаренко ата жолын қуып келе жатқан нағыз момын да, мығым
шаруа. Оның əкесі ол тумай тұрғанда көшіп келіп Жетісуды мекен еткен.
Бірақ жаңа қонысқа келгенмен қоңданып кете алмады. Басында жер
алғанмен құрал-сайманы, көлігі, баспанасы болмады, содан қарызданып
жүріп шырмалып қалды. Ертерек келіп еркін жерді мол қарпып алған қазақ
байларына жалшы болды. Кішкентай Иван жөнді мектеп көре алмай
ертерек жұмысқа араласты, əкесіне көмекші болды. Сөйтіп ол жасынан-ақ
қылтың-сылтыңы жоқ ауыр, адал еңбекке тəрбиеленді. Онша көп ақылды
болмағанмен шексіз адал, діншіл, үй ішіне қатал əкесі өзі білген өмір
сүрудің адал жолын бұған мықтап ұғындырды. Иван əкесінің ізімен өзіне
негізі берік, мығым өмір жасап алды. Жиырмаға жеткесін өз
деревнясындағы нағыз шаруақол, жібі түзу Дуся дейтін қызға үйленді.
Жұртпен бірге колхозға кірді. Он жыл бойы сол колхозда ел қатарлы жұмыс
істеді. Абыройсыз болған жоқ. Өсіп келе жатқан үш баласы бар. Ешкімнен
кемдігі жоқ. Ол өз өмірін басқа біреудің жаннат тұрмысына айырбастамақ
емес.
Ал Добрушкиннің отыз бес жылдық өмірі Иван өміріне қарама-қарсы,
бірде көтеріліп, бірде төмендеп иретіліп, бұлғаңдап келеді. Ол ата-ана
дегенді көрген де емес, олардың қандай болатынын да білмейді. Өзі де əке
болып көрген жоқ. Добрушкин жасынан Копилкин дейтін ұсақ бакалейші
саудагер жамағайынының қолында болды. Копилкин оны оқуға берген жоқ,
қолбала есебінде ұстап, өз саудасына көмекші етті. Бірақ мектепке
бермегенмен өз білген өнерін оған үйретіп-ақ бақты. «Менің фамилиям
нағыз дұрыс фамилия. Өз сырыма лайық, – дейтін ол.– Ал сенің фамилияң
іске алғысыз. Сондықтан да сенің əкең жарымай өтті. Адамға адам
мейірімді бола алмайды. Бірақ сенің өзің ақылды болсаң – бұл фамилияның
пайдасы да бар. Ол өзі кісіге тəуір қалпақ пен галстук сияқты. Пайдалана
біл». Бұл сөздерді кішкене Максим Добрушкин ақылы жеткенше ұғына да
білді. Копилкиннің əйелі де өзіне сай сырт көзге момын, құдайшыл
болатын да, қолға түскен тиынды енді қайтып шықпастай тереңге тығатын.
Өзге жұртқа күйеуімен қосылып «жоқшылығын саудадан ылғи зиян
шегетіндерін» айтын зарлауық болатын. «Сауабы тие ме деп ол баламыздай
етіп жетім бағып отырмыз, сонда да құдай саудамыздың сəтін бермей-ақ
қойды» деп сарнайтын.
Расында Копилкин қаншама жымысқы қу, қалтыраған сараң болғанмен
үлкен байлыққа жете алмады. Ол өзі ұсақ қулыққа, тиындап жинауға
жаратылған, құлашы тар сорлы еді. Қолындағы ақшасын түгел салып үлкен
операция жасауға жүрегі дауаламайтын. Максимға оның сараңдығы
жұқпаса да сауда-саттықтағы біраз тəсілі жұқты. Ол ебін тауып кісінің
ішіне кіріп, ақыры байқаусыз қатырып кетуді де Копилкиннен үйренді,
соны қожасына да бір рет жақсылап қолданды. Максим Копилкин
дүкенінің пасханың алдында түскен үш күндік мол қаржысын қойнына
тығып алды да, өзін мезі еткен жексұрын үйден тайып тұрдым. Ол бір
қаңғырып жүрген циркке ілесіп біраз қалаларды шарлады. Алғашқы
балалық қызығы басылғасын циркті де, ұнатпады. Олардың өздері де
ақшаға жарымайтын сорлылар екен, бір қу клоун мұның ақшасының исін
сезін қалып, ақыры оны да тауысып тынды. Сонымен Максим циркті де
тастап қаңғырып кете барды. Сөйтіп жүргенде мұны балалар колониясына
орналастырды. Бірақ ол кезде ересек болып қалды да көп оқи алмады.
Оның үстіне қаңғырып үйреніп қалған нəрсе ұры балалардың
компаниясына түсіп қалды. Сөйтіп оқуды да тастап, жасы он сегізге
келгенде тағы да жортуылға шықты. Бір қалада ұсталып, екі жыл отырып
шыққасын «бұл кəсіп болмайды екен» деп, жұмыс істеуге кірісті. Бірақ
басында бір қыры қашқасын қиюы келмейді екен. Елде алып құрылыстар
салынып, үлкен жұмыстар істеліп жатқанмен Добрушкин өмірдің қалың
ортасына кіріп кете алмай, қайдағы бір қалтарыстарды сағалап жүрді. Бірде
курьер, бірде арбакеш, бірде жүн-жұрқа жинайтын агент болды. Жəне
маңдайына баттитып жазып қойғандай мұны бірден танып қайдағы бір
суық қолды, сұғанақ бастықтар өзіне үйір етіп ала қоятын. Біраз уақыт ол
склад бастығы болып істеді. Бұл қызметте қас қылғандай айлық аз болады
екен де, көз алдыңда жайнап тұрған дүниеліктер көп болады екен. Ал
Добрушкин көзі көріп тұрған нəрсені қолымен ұстамауға шыдамайтын.
Жəне Бобкин дейтін бастығы да «усушка, утрушка» деген нəрселердің
болатынын, қойма болғасын оның ішінде қаптесер, егеуқұйрық
дейтіндердің ін қазатынын ебін тауып ескертті. Əрине ол жағынан
Добрушкиннің өзі де қара-жаяу емес-ті. Бірақ Бобкиннің өңеші тым кең
екен. Максим тағы да бір-екі жыл сүңгіп шықты. Одан кейін қайтадан арба
айдап, тағы да бір сəті келіп ел аралап ойын көрсететін труппаға
администратор болып істеді. Ақыры алдыңғы жылы Алматыға келді.
Сібірде жүргенінде біреулер «Алматы деген жұмақ, ең болмай қалғанда
оның алмасын жеген адам да ашықпайды. Алма деген көшенің екі жағында
жайқалып тұрады. Жəне жылы жақ, кісі қыс киімге де шығындар
болмайды» деп мақтап еді. Алматы онша жаман жер емес екен. Бірақ,
Добрушкин қанша қадағалап қараса да көшеде сауылдап түсіп жатқан
алманы көре алмады. Біраз сенделіп жүріп ол тым болмаса тартатын
темекім пұлсыз болар деп темекі фабрикасына жұмысқа кірді. Талай
қалаларды шарласа да бір жерде қайтып оралатын тұрақты мекені болмай,
неше түрлі адаммен жұмыс болса да жанашыр жақын досы болмай, ауыр
еңбек істеп азапқа түспей, тұрлаусыз жеңіл кəсіптен рақат таппай
Добрушкин өмірдің өгей баласы боп бұралқы тұрмыс кешті. Өзі де осы
өгейлікке, қоңылтақ өмірге үйреніп кеткен сияқты.
Бір-екі рет ол əйел алып үй болуға ниет етіп көріп еді. Оның да сəті
түспеді. Алғашқыда сол Бобкиннің қарауында завсклад болып жүргенде
Клава дейтін бір момын қызға үйленді. «Осы жортып үйренген желаяқ бір
күні тайып тұрмасын» деген ниетпен оның үйленуіне Бобкин де себеп
болды. Басында мұның семьялық өмірі онша жаман да болған жоқ. Əйелі
барын дайындап, асты-үстіне түсіп «Максимушкалап» тұратын. Бірақ
біраздан кейін күн сайын бір ырғақтан аумай, мүлəйімсіп, созылып айтатын
«Максимушканың» өзі жалықтыра бастады. Жəне еркіндікке үйренген
Добрушкин азғана ақша жұмсап қойса да «ертең қайтеміз, біздің тіпті қияр
тұздайтын кадушкамыз да жоқ қой» деп сарнайтын болды. Бобкиннің бір
пəлеге бастап бара жатқанын сезіп Добрушкин тайғысы келіп еді,
«үйренген, орын тепкен жерден қайда барамыз? Белгісіз жерде халіміз не
болады, ең аяғы кадушкаға дейін қайтадан сатып алу керек» деп зарлап
аяғына оралғы болды. Добрушкин бұл əйелін: «былжырақ» деп атаған.
Кейін түрмеде отырып сол «былжырақтан» ертерек құтылмағанына өкініп,
бармағын шайнады.
Одан кейін облыстық қаладағы филармонияның жанынан еркіндеу
құрылған труппаға администратор болып жүргенде Ираида Ранет дейтін
бишіге үйленді. Оның аты мен фамилиясы да, беті мен ернінің қызылы,
шашының бұйрасы, қайқиған ұзын қара кірпігі сияқты өзінікі емес, ол
жанын салып, буылтықтау қысқа сирағымен қызмет еткен искусствоныкі
болатын. Өзі бұл əйелдің нешінші байы екенін Добрушкин білмейтін, егер
жаңылып қалмаса оны Ранеттің өзі ғана білуге тиіс. Бір рет Максим одан
«бұрын неше байға тидің?» деп сұрап еді. Ранет мұрнын шүйіріп: «Глупый
вопрос! Əйелден ондай нəрсені сұрамас болар, көргенсіз», – деп кейіп
тастады.
Өзінің табынушыларына əмір етіп үйреніп қалған Ираида Добрушкинді
де ұршықтай иіріп бақты. «Хелло, Макс!» дегенде күйеуі тезірек жаyaп
бермесе де пəлеге қалатын. Ираиданың жəне бір ғажап мінезі жоқ нəрсеге
ашуланатын да: «Ах, изверг! Қанішер!» деп Добрушкинді жақтан тартып
жіберіп, сол сəтте өзі талып түсіп шалқасынан құлайтын. Оған есесін
қайырудың орнына Добрушкин су бүркіп, орамал желпіп əлек болатын.
Бірақ Ираида ашуынан тез қайтатын да, күйеуіне қатты ықыласы түсіп
кетіп, сүліктей бүкіл денесімен жабысып, құшақтап, сүйіп тістелеп
тастайтын. Бұл мінезі еш нəрсе етпейтін еді, Ираида актрисаға асыл киім,
бұйым керек деп Добрушкиннің еңбегі мен ебін аямай жұмсап бар
тапқанын сығып алды. Содан кейін ол, «қой, мына қаншықтан құтылмай
болмас» деп, ол труппадан да тайып тұрды.
Екі рет жолы болмағасын Добрушкин «семья деген де маған қол емес
нəрсе шығар» деп қолын бір-ақ сілтеді.
Добрушкин тек пайдаға ғана құныққан нағыз топас адам емес-ті. Бірақ
ол өмірдегі нəрсенің бəріне өз тұрғысынан қарайтын. Адам баласының
ойлайтынын өз басының қамы, «балық тереңді, адам оңайды іздейді» деген
ұғым оның миына едəуір тереңдеп сіңіп еді. Өмірде жанашыр жақыны
болып көрмеген ол ешкіммен сырласпайтын. Егер оның ішінде жатқан бір
нəрсе болса онысы жұрт көзі өтпейтін қалың қабыршақпен қымталып
қалған.
Неге екені белгісіз осы Добрушкин мен Бондаренко екеуі бір-біріне
үйіріле кетті. Добрушкиннің алдымен назарын аударған Бондаренконың
бүкіл кең иықты дембелше берік тұлғасынан ескен байсалды сабыры мен
салмақты мығым күші болды. Оның əр қимылы сардарлы, сараң бірақ
сондай сенімді, мығым келеді. «Мынау бір өмір бақи именбей басып келе
жатқан алаңсыз, маңғаз болар», деп ойлады Добрушкин. Одан кейін-ақ
өзінде жоқты осыдан көріп, бір түрлі қызыға бастады. Тіліп безеп қағытып,
қанша тартыншақтаса да белгісіз күш өзін осы адамға қарай итере түседі.
Бондаренко өзінің бойына сіңген шаруа мінезімен қаланың «қуларына»
сенімсіздеу қарайтын. Олардың парықсыз, жеңіл өмірін іштей қағыта
жүретін. Бірақ оның бойына сіңген адамға деген ерекше ынтықтық бар.
Əрбір тосыннан көрген адамын зерттеп, қуақы өткір көзімен кеудесін
тінтіп, алақанына салғандай салмақтап көретін. Ол Добрушкинді «ой, сенің
өзің парықсыз, жеңіл өмір сүрген тиянақсыз қу боларсың» деп топшылады.
Жақынырақ танысқан сайын ол жорамалы расқа шықты. Дүниеде өз өмірін
адамға нағыз лайықты, адал, дұрыс өмір деп білген ол, осы жасқа дейін
құмға құйған судай дүниеде ізсіз, дерексіз келе жатқан Добрушкинді аяды.
Қанша қыршаңқы болса да Добрушкиннің зəрі жоғын сезіп, мұжықтық
қыңырлықпен оған өзі білген өмір жолын ұғындыруға тырысып келеді. Бірі
сержант, бірі жауынгер болғанмен, Бондаренко Добрушкинге тікелей
бағынбағасын екеуі əзілдесе береді.
Купциановтың «к чему это, перед смертью не надышишься» дегеніне
қарамай жолға шыққан Мұрат вагон ішінде де оқу жүргізген. Бірақ уақыт
мол. Əңгіме айтуға да, əн салуға да жетеді. Қазір де екі қолын басына
қойып сəкінің үстінде шалқайып жатқан Добрушкин қасында отырған
Бондаренкомен «керілдесіп» келеді.
– Көрдің бе, мұжық. Неше күн заулап келеміз. Əлі жердің шеті
көрінбейді. Дүние деген кең – дейді Добрушкин Бондаренкоға иек қағып.–
Көріп қал реті келгенде. Соғыс біткесін сені Дусяның юбкасынан жұлып
алу қиын болады.
– Немене, мен даланы көрмеппін бе?– дейді Бондаренко Добрушкиннің
мазағын елең қылмай,– Жердің бəрі жер. Тек оны көркейтуге адамның қолы
керек. Жердің көркі адам. Жерге тамырын терең жіберген өсімдік керек,
жел айдаған қаңбақтан береке жоқ.
– Дұрыс айтасың,– деп Бөрібай басын көтеріп алды,– Қаңбақта ерік жоқ.
Ұшарымды жел білсін, қонарымды сай білсін дейді.
– Адамда да ерік жоқ. Кісінің тағдыры өз қолында емес,– дейді
Добрушкин, самарқау тіл қатып.
– Сені ғана қаңбақтай ұйтқытып тағдыр қуалап жүр. Ал, берекелі
адамның өз билігі өзінде. Өмірін өзі басқарады.
– Əй, қойшы, Иван, мінекей жел соғып еді, сен де ұшып бара жатқан
жоқсың ба?..– деп дауласады Добрушкин.
– Жоқ, бұл басқа статья,– дейді Бондаренко байыптап, түсініктірек болу
үшін саусағын шошайтады.– Бұл жел емес, бауырым. Мұның атын сұрапыл
дауыл дейді. Бірақ бұл да бізді түбірімізбен жұлып кете алмайды. Қайтып
ораламыз мекенімізге.
– Дусяға десейші.
– Иə, Дусяға. Оның несі бар. Менің жаман қатыным сияқты болса да,
əйтеуір күтетін адамның бары жақсы.
– Дұрыс айтасың, Иван. Менің де қатын, балам бар. Жалғыздық жаман
болады. Добрушкин, сен осы күнге дейін неге үйленбегенсің, ə? Дұрыс
емес,– дейді Бөрібай. Ол бұл екеуінің дауын онша көп түсіне бермегенмен,
реті келген жерде бір қыстырылып қалатын.
– Бөрібай дұрыс айтады. Сенің өмірің дұрыс емес, Максим. Адам
болғасын дүниеден ізсіз кетуге болмайды. Жұрт сүйсініп айтып жүретін іс
қалдыру керек.
– Оның неменеге қажеті бар? Жұрт өз қамын ойлайды. Оның сенде
шаруасы жоқ. Əркімнің өз көйлегі етіне жақын, ұқтың ба, Иван? Сөйтіп,
сені мен біз жұрттың қамын ойламай-ақ қоялық; Оны ойлайтын бастықтар
бар, сол үшін ақша алады.
– Біреуге біреу сатып жақсылық істемейді. Дұрыс, өмір сүріп, адал еңбек
етсең, соның өзі көпке істеген жақсылығың. Мысалы мені-ақ алайық.
Жұрттан асқан ешнəрсем де жоқ. Бірақ бүкіл колхоз болып армияға
шығарып салды. Ертең сөйтіп қарсы алады. Өйткені мен оларға керек
адаммын. Колхоздың əр гектарына менің терім сіңген. Ал, сен болсаң
өміріңді босқа шашып келесің. Адамға екі өмір берілмеген, əлі өкінесің.
– Өкінбеймін, мұжық. Екі өміріңді қайтейін, бір өмірдің жартысының өзі
неғайбіл болып тұр. – Добрушкин басын көтеріп алды.– Жə, сенің
философияңнан ішім кепті. Бəрібір мені өз дініңе кіргізе алмайсың.
– Менің айтқаным бір күні есіңе түсер.
– Көрерміз. Үлкен станция болар мынау,– деді Добрушкин есікке қарап,–
Əй, Бөрібай, қалған тиыныңды бері əкел. Иванның ақылы азық болмас.
– Білген кісіге жақсы сөз де азық.
– Ол азығың өзіңе. Мен тамақтан өтетін нəрсені жақсы көрем.
Айтпақшы, командир де жоқ екен. Жақсы болды. Санвзводта бір сылқымды
көріп есі кетіп жүр оның. Несін айтасың, қаһарлы командирді берді ғой
құдай бізге,– деп Добрушкин мырс етті.– Мен бір нəрсе ұйымдастырып
жіберейін.
– Сен тағы да арақ əкелмексің ғой, сайтан,– деді Бондаренко зілсіз
дауыспен.
– Тсс... Үніңді шығарма. Бүгін Бөрібайдың туған күні,– деді Добрушкин
белбеуін буып жатып. Содан кейін Бөрібайға бұрылды.– Бар тиынды алып,
үлкен операцияға мен барамын. Бұған үлкен өнер керек. Ал, сен,
закускалық бір нəрсе қамда.
– Ау, бар ақшаны сен алып кеттің ғой,– деді Бөрібай.
– Ондай ұсақ-түйекке кісі ақша шығара ма екен?! Басыңа болайын-ау.
Солдат емессің бе, тапқырлық жаса.
Бөрібай вагоннан секіріп түсіп, кішкене ғана азық-түлік базарына келді.
Екі-үш қатар тізілген тақтай лавкалардың жанында шелек-шелек
айрандарын, сары май, қияр, жұмыртқаларын алдарына жайып қойып
орамалдарын иегінің астына түйген, кең кофталы орыс əйелдері, жаулық
ораған, не орамалын желкесіне түйген, қынама жеңсіз киген қазақ əйелдері
тұр. Жамырай жүгіріп келген жауынгерлер базар халқымен араласып,
дабырласып жатыр.
Базар үнінен алдымен құлаққа сауда-саттықтың құрғақ цифрлары
шалынар болар еді. А, мынау базар емес, бас қосқан екі елдің шұрқырасқан
жиыны тəрізді. Арзанға аламын, қымбатқа өткіземін деп арбасқандар да аз.
– Жолдарың болсын, қарақтарым!
– Ер азамат кетіп жатыр ғой.
– Ешь, родимый ешь. Чего-то на вас жалеть.
– Іштеріңде Қандыағаштан жігіт жоқ, па?
–У меня сын тоже служит. Бери, бери, сынок.
– Қарағым, Құрмантай деген жігітті білмейсің бе? О да өздеріңдей
əскерде жүр еді.
– Ауыз ти, қалқам, сапарға кетіп барасың ғой,– деген дауыстар гу-гу
етеді.
Бөрібай сапырылысқан көп ішінен сытылып шығып, теңселе басып
шеткерілеу, бір дорба құрт ұстап тұрған қара кемпірдің қасына келді.
– Сəлем бердік, шеше. Бақуатты барсыз ба?– деп сызылып тұра қалды.
– Көп жаса, қарағым,– деді кемпір кəрі кісінің кебіртең үнімен, ішібауырына кіріп бара жатқан жігітті көне көзімен шолып өтіп.
– Майданға жүріп барамыз, шеше.
– Е-е, қарағым-ай. Жасаған ие жар болсын. Қай жердің баласы едің,
шырағым?Бөрібай кемпірдің көңілдегі жерінен бір-ақ шыққысы келіп, əдейі жерін
айтпай, руын айтты.
– Үйсін боламыз, шеше.
– Е-е, қарағым-ай,– дей салды ол рудың атын еміс естіген кемпір.
Бөрібай кемпірдің дорбасына көзінің қиығын салып қойып:
– Құртыңыздың парқы қанша болар екен?– деп сұрады.
– Он екі сом еді, қарағым.
– І-і, қымбат емес-ау, құртыңыз да жақсы екен.– Бөрібай екі қалтасын
тінткілеп еш нəрсе таба алмады.– Қап, ақшасы түскір бітіп қапты-ау,
Апырай-ə, ащыламасам аузымның дəмі кірмеуші еді.
– Ойбай-ау, мен бейбақ несіне саудаласып тұрмын,– деді кемпір қапы
ойланып.– Ата-бабамнан істеп жүрген кəсібімдей-ақ. Ал, қарағым, ала ғой.
– Қой, о не дегеніңіз, жоқ, айта көрмеңіз,– деп Бөрібай басын ала қашып
еді, кемпір қоймағансын:– Кəрі адамның сөзін жерге тастағаным ұят болар.
Дұрыс айттыңыз, дəмнен аттап өткенім болмас,– деп қинала тұрып, екі
қалтасын құртқа сықап алды.
Осы кезде Добрушкин де вокзалдың ресторанына барып еді. Ол буфетші
қызға келіп, саусағымен ымдап өзіне еңкейтіп алды да, құпия түрде:
– Майдангерлерге бір жарты тауып бере қойсаңыз қайтеді. өте қажет
болып тұрғаны,– деді.
Қыз Добрушкин қиылып болмағансын:
– Менде жоқ. Ресторанның бастығынан сұраңыз. Сол кісі реттемесе,–
деп оның кабинетін сілтеді.
Ресторанның директоры бір егде қазақ екен.
– Сіздің көмегіңіз болмаса жағдай қиынға айналды,– деді Добрушкин
үрпие қараған директорға.– Бөрібай Еспаев деген кісіні сіздің естуіңіз бар
шығар.– Директор басын шайқады.– Сіз оны қалай естімей жүрсіз. Сіздің
жерлесіңіз ғой. Ендеше газет оқымайды екенсіз. Сол атақты генерал Еспаев
біздің командиріміз болады. Мен соның адъютантымын. Бүгін сол кісінің
туған күні. Көп керек емес, тез ебін келтіре қойыңыз. Бірақ Еспаевты
білмеуіңіз ұяттау екен,– деді ол қысылып қалған директорға ақшасын
ұстата беріп.
6
Бөрібай мен Добрушкин əкелгендерін жасырып болмай жатып вагонға
Раушан мен Күлəнданы ертіп Ержан келді. Ол табалдырыққа ілген үзеңгіге
екі қызды демеп мінгізіп, өзі секіріп шықты да есік алдында тұрып вагон
ішін шолып өтті.
– Дежурный қайда?– деп сұрады.
Дежурный шиыршық атып тұрған кішкене қара жігіт Байсарин орнынан
атып тұрып, қолын шекесіне қойды.
– Дежурный Байсарин, жолдас лейтенант.
– Жауынгерлер түгел ме ?
– Жауынгер түгел, жолдас лейтенант! Сигнал бойынша бəрі бір адамдай
вагонға мінді,– деп баяндады Байсарин. Ол қанша байсалды болғысы келсе
де нақпа-нақ, сарт-сұрт етіп аузынан шыққан əр сөзге сүйсініп-ақ тұр.
Баяндап болып, Өкшесін сарт еткізіп бір қадам оңға ойысты.
– Вольно. Ал қонақтарды орналастыр.
Байсарин əскери қыздармен қалай тілдесудің есебін таба алмай, көзі
жыпылықтап Ержанға бір, қыздарға бір қарап сəл іркіліп қалды. Содан
кейін тағы да өкшесін бір сарт еткізіп: «Отырыңыздар, жолдастар»,– деді.
Зеленин күліп жіберіп, орнынан тұрды. (Ол Көжек екеуі бүгін ертеңгілік
курьер поезымен эшелонды қуып жетіп еді).
– Ох, вояка! Перед девушками растерялся,– деп күлді ол. – Кəне –
қыздар, жоғары шығыңыздар. Оған күлмей-ақ қойыңыздар. Əйел затынан
қорыққанмен, жаудан қорықпайтын мықты командир,– деді ол қыздарды
отырғызып жатып.
Осыдан кейін жауынгерлер де еркінсіп, қыздармен күліп-ойнап,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қаһарлы күндер - 05
  • Parts
  • Қаһарлы күндер - 01
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2218
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2198
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2250
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2251
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Total number of words is 4173
    Total number of unique words is 2089
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 2204
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2319
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2283
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2163
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2117
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Total number of words is 4031
    Total number of unique words is 2296
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2113
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2104
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Total number of words is 4041
    Total number of unique words is 2139
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 2157
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2156
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2160
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2076
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Total number of words is 4092
    Total number of unique words is 2141
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2150
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2182
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2204
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2165
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2115
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Total number of words is 3778
    Total number of unique words is 1884
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.