Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 24

Total number of words is 3019
Total number of unique words is 1732
37.0 of words are in the 2000 most common words
48.7 of words are in the 5000 most common words
54.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бітірерге біраз қалғанда шешесі өлді. Сосын бұл күтуші əйел жалдаған.
Өзі жол үстінде болған соң балаға қарасын дегені. Қарауын ол байғұс
қарады ғой, бірақ баласы өзі білерменімен өсті. Сыра, шарапқа үйірлеу
болды. Сөйтіп жүріп мектеп бітірген. Сұраған парасын беріп
институтқа түсірген. Бес жыл бойы сол бергенін жыл сайын бере жүріп
оқуын бітірген. Бағы шығар, прокурор болып істейтін дөкейдің қызына
үйленген соң, қайын атасының даңғарадай мекемесімен тектес
мекемеде прокуратураның қызметкері болып шыға келді. Ендігі
талай-талай бел-белеске шырқап шығып, тау төбесінен қарап тұрар ма
еді, түбіне ішімдік құрғыр мен қыз-қатын жетті.
Ұлы қыз-қатын мен ішімдіктің қыр соңынан өкшелеп қалмай қойды
ғой. Үйленгеннен кейін көп ұзамай араққа сылқия тойған күндері
қайдағы бір сары албастыларды үйге алып келетін пəлеге ұшыраған.
Орысша оқып, орысша сөйлеп өскен жуадай солғыр: “Батона,
(грузиншелейді) развлекаться надо”, дейді. “Ит-ау, мұның кім?” “А,
какая разница тебе? Лучше сообрази закуску”. Қайтеді, барын столға
қояды. Қойып өз бөлмесіне кетпек болса, ұлы жібере қоймайды.
“Давай, батона, с нами…” “Бірдеңе ұрған ба”. “Да брось, старина”. “Енді,
мына қыздан…” “Не говори ерунду, бұған баребир” дейді ұлы ананың
шолтиған юбкасының астынан тақымына дейін көрініп отырған жуан
екі санының арасына көзін сатып. Баласының көзімен бірге, шалдың да
көздері еріксіз солай кетеді. Кеткенде, бұлдырап мына сары
сайтанның бұтында лыпа бар ма, жоқ па, анық айыра алмайды.
Екі алыстан соң баласы əкесіне иек қағады. Көзіңді құрт дегені.
Құртады. Құртқанда, барар жері – жатып жүрген бөлмесі. Телевизорды
тоққа қосады да, көсіледі. Сөйтіп жатып көз іледі. Содан селк етіп
оянады бір кезде. Хабарлары, жарнамалары, кинолары бітіп кеткен
көгілдір экран дырылдап тұрады. Шал оны сөндіріп, ұлы мен сары
сайтан жатқан көрші бөлмеге құлақ тігеді. Сары сайтанның жалынған
ба, жаныққан ба, əйтеуір жаны не кіріп, не шыққан ыңқыл ыңырсығы
ап-анық естіледі. “Япыр-ай, мына сары қаншықтың əні сұмдық қой, −
дейді шал күбірлеп. − Өле ме, қайтеді.” “Батона! − деп айғайлайды бір
кезде ұлы. – Ты жив?”
Амалсыз дəлізге шығады. Арақ сіміріп, ұрғашы əурелеуден əбден
діңкелеген ұлының құлпет кейпінен есі шығып кетеді. “Пузырь,
батона”, дейді ұлы. “Менде қайдағы арақ?” “Сбегай, а”. “Ит-ау, жарым
түнде…”
Десе де барады. Не көп, түні бойы істейтін ларек көп. Не көп,
ларекте арақ көп.
Ұлының əр келісінде əр қилы сары сайтан келеді. Қара албастылары
да бар. Қай сайтан, қай албастысы да бір-бірінің аузына түкіріп
қойғандай. Уһілеп, үздігіп үйді көшіріп жатады. Əуелде шал бұған үрке
қарап, ашуланып, еденге түкіріп, жаман кіжініп, ішінен дымдарын
қалдырмай сыбап отырушы еді, бара-бара оны бір қызығушылық пен
əуестік биледі. Көрсе деді. Өзі өткен, өліп-өшкен мектеп қой. Қой, ұят
қой, ұят деуді де ұмытқан жоқ. Бірақ əуестік əл бермейтін əзəзіл емес
пе. Қайсыбірде төсегінен жайлап тұрып мысықша еппен басып, ұлы
мен сары сайтанның жынойнақ бөлмесінің есігіне келген. Есіктің
үстіңгі жағы əйнек болатын. Көзəйнегін тағынып ақырын содан ішке
үңілді. Əуелі көзі төсек басындағы шыраққа түсті. Шырақтың
білтесінен шыққан бір шөкім жарық үлп-үлп етеді. Бөлме іші қызғылт
көлеңке. Шал қызғылт көлеңкесінің арасынан ұлы мен сары сайтанды
əзер тапты. Жаңа ғана жан алып, жан беріп екіленіп жатқан сайтанның
үні өшіпті. Жалаңаш бөксесі дөңкиіп төсекте жалғыз жатыр. Ұлы
еденде. Екі бүктеліп қалған. Сірə, əбден діңкелеп құласа керек.
Шал ұзақ тұрды. Кетейін дегенде ұлының қозғалғанын байқап
қалды. Расында анау басын көтерді. Мен осы қайдамын дегендей, жанжағына мағынасыз қарап отырды да, тəлтіректеп түргелді. О, құдай,
бері жүріп келеді. Шал сүрініп-қабынып бөлмесіне əзер жетті. Есігіне
кіріп үлгергенше соңынан ұлының əлсіреп əзер-əзер шыққан даусы
қуып жетті. “Батона!.. Батона!.. Пить”. Шал шықты. “Дай пить, батона”.
“Су ма?..” “Огненный…” Шалды жалғыз сəтте əзəзіл айналдырды.
Бөлмесінен өзі тығып ішіп жүретін 90 градустық самогонды қырлы
стаканымен алып шықты да, белуарынан асыра құйып: “Осыны тарт”,
деді. Ұлы самогонды көмейіне төңкере салып, демін ала алмай
қылғынып, шеке тамырлары сұмдық адырайып, көзі шарасынан
шығып, көгеріп-сазарды да қалды. Содан əзер дем сімірген. Енді
тікесінен-тік құлап бара жатты. Əкесі сүйеп қалмаса… Сүйеп қалды да,
дəл сол жерге жатқызып, үстіне босағада ілулі тұратын қойтан жылғы
ескі плащын тастай салды. Сосын жанында аз-кем тұрған. Қорылы
үдей түскенде барып, сары сайтан жатқан бөлмеге енді еппен. Қыздың
жалаңаш бөксесіне үздіге үңілді. Толық та, топ-томпақ. Жайлап
иығынан қозғап еді, қазір үстіне тас құлап кетсе де, дəнеңе сезер емес.
Шалдың қаны қызып, тамырлары лыпылдай бастады. Шанда бір қарсы
үйдегі шекілдеуік сатқыш жасамыс жуан əйелдің етегін көтеріп
қойғаны болмаса, жас иістен баяғыда қағылған, бірақ оның қызуы мен
жұпары жадында қалған кəрі бура оқыс шабынып, шырақтың шөкім
жарығын жалғыз үрлеп өшіріп, “Ə, құдай өзің кешір мені”, деп сары
сайтанның үстіне міне берген. Жас тəннің құдірет-қуат беретіні бар ма,
шалың күнтүймесін пышақпен ойып алып жатсаң да қыңбайтын
халдегі удай мас қыздың балғын, жұмсақ денесін бір сағаттың
айналасында екі рет езіп алған. Сосын бөлмесіне ентігіп жетіп, нəпсінің
қызуынан балқыған, босаған бойына ие бола алмай жастығына жантая
кетті.
Шал əзəзіл нəпсінің дəмін баяғыдан білетін. Сонау, сонау пойыз
жүргізіп жүрген жылдары ресторандағы даяшы, аспаз, жолсерік қызкеліншектердің қималарын қисайта қынадай қырған “жаугер” ғой. Енді
мынау баласының сары сайтандары мен қара албастыларына шауып
қойғанын да бəлендей ұят демеді. Рас, баласы пісіп жүрген күбісіне
əкесінің неткені сəл-сəл нелеу… Бір түрлі қымсынады. Ұлым біліп
қойса ұятырақ деп те қипақтайды. Бірақ оған кім айтады. Айтып қояр
дейтін сары сайтан, қара албастылардың сықпыты анау, адам түгілі
айғыр шауып жатса да сезбейді.
Мұндай жағдай тағы бірнеше рет қайталанды. Бұрын ұлының келіп
жынойнақ жасайтынынан азар да безер болатын шалың енді оған:
“Жиі келіп жүрсеңші. Мен жалғызбын ғой. Менің сенен басқа кімім
бар?” дейтінді, ол аздай, келуі кешігіңкіресе, телефон шалатынды, 90
градустық самогонды көбірек алып қоятынды шығарған. Көрші үйдегі
шекілдеуік сатқыш жасамыс жуан əйелдің кір халаты жер сызып, ескі
тапочкасын тырпылдатып, “Шал-ау, күйлеп өлем бе?” деп баяғысынша
күлмең қағып келіп еді, “Сен, айналайын, ендігəрі иектегеніңді қой
маған”, деп айдап шыққан. “Оғың мүлде таусылған ғой”, дейді ана
бейбақ. “Байғұс-ау, біз қазір қара қанат кəрі құстарды емес, сары
қауырсын сандуғаштарды дəлдейміз”, деген бұл. “Далбасаңа сиейін, ит
қақпас”, деп кетті ол.
Шал оның сыртынан мысқылдап қарап мырс-мырс күлген. Мырсмырс күліп тұрып, “Өй, сорлы, не білесің”, деп өзінен-өзі қарадан-қарап
күпінген. Күпініп тұрып: “Шүкір”, деді құдайға. “Не шүкір етіп тұрмын”,
деп те ойлаған сосын. Ойлағанда, көз алдында да, көкейінде де удай
мас сары сайтан, қара албастылардың дөңкейген жұмсақ бөкселері...
Соларды қалай уыстап, қалай мытығаны, дүрдиген емшектерін
сопылдата сорғаны, ертесіне қайтуға жиналып жатып əлгілердің
құйрықтары мен омырауларын сипалай беретіндері көз алдына келіп,
қуық астындағысы жыбырлап, қутыңдап қалатын.
Жалғызілік жылдары мұның көңіл көтерері – самогон болды. Содан
ептеп ішіп жүреді. Көп емес, ептеп. Барнаулдан қайсыбір жылы қоныс
аударып келген Ахромеев дейтін орыс шалы бар. Самогонды со
пəледен алады. Градусы 90. “Арақтың жанында бұл адам”, деп қояды
əлгі Ахромеев. “Əй, адамның не?” дейді шал бұрын естімеген теңеуге
таңқалып. “Таза дегенім ғой”. Шал қитығады: “Адам таза ма?” “Черт
знает”. “Онда неге…” “Самогон действительно арақтан таза. Менікін
айтып отырмын. Таза, бірақ естественно адал жолдан тайдырады”.
“Онда неге жасап сатасың?” “Оны үкіметтен сұра. Жасап сатуды содан
үйрендік. Өзі де ақылы толмай келе жатқан адамды арақпен
азғындатып жатқан əуелі уақыт.” “Мұныңды естіп қоймай ма?” “Сен
айтпасаң, қайдан естиді? Бірақ сен тісіңнен шығармайсың ғой.” “Неге?”
“Самогон сатпай қоям саған”. Екеуі қосарлана күледі. Жайраңдасып
отырып самогоннан бір-бірден тартып алады. Удай мас сары сайтан,
қара албастылардың қатты емшек, қалың құйрықтарына дəнігіп
алғаннан кейін, көңілі қутыңдап тұратын шал енді Ахромеевты
қажайды. “Орыс-ау, ойнасың бар ма? Болмаса, осындағы бір шекілдеуік
сатқыш қатынмен таныстырайын, бір жəшік самогон берсең”, дейді.
“Побойся бога, − деп анау азар да, безер болады. – Уходи, дьявол”.
Шал кез келген қызықтың кез келген сəтте көрген түстей сағымдай
болатынын білмейтін. Арақ пен қыз соңына шам алып түскен ұлының
жалғыз күнде төбесінен жай түсті: қызметінен айырылып, қайын
атасы мен əйелі көр-жерін арқалатып үйінен айдап шыққан. Содан
қолына қайтып келген. Жатып та, тұрып та ішеді. Қалтасы қағылғалы
қашан. Қазіргі қылғытатыны самогон. Оны да тауып келетін бұл.
Зейнетақысы бар ғой, əйтеуір. Оның үстіне баласы арақтан əбден
жеңіліп біткен бе, орта стаканға шалқасынан түседі. Содан ұзақ ұйқы.
Түс əлетінде əзер басын көтеріп стаканынан тағы жұтып, қайта
құлайды. Кешкісін де сол. “Əй, сенің осы қарның ашпай ма?” деп
сұрайды шал. “У водки, батона, очень высокие каллория”, дейді
өңезденіп кеткен тілінің ұшы екі езуінен кезек-кезек жылт-жылт етіп.
Кей күндері ұлының қалт-құлт басып балконға шығатыны бар.
Темекі талын бірінен кейін бірін сорып, үнсіз ұзақ отырады. Көрікті-ақ
еді, енді қырыққа жетпей беті мыж-мыж, тіп-тік бойы еңкіш тартып,
қолдарының терілері кеберсіп, əр-əр жері ақтаңданыпты. “Енді не
істейсің? – деп сұрайды шал. − Жата беремісің өстіп?” “Налей, батона”.
“Құлап қаласың ғой”. “Умереть бы…” “Қой, оның не…” “А разве ты этого
не хочешь… Хочешь, хочешь…” “Қой əрі. Жалғыз қалып…” “Ты и так-то
всю жизнь одинокий. Одиночество требует избавления от всех, в том
числе и от родных. Это такая болезнь. Твоя болезнь… Твоя беда…
Даже, твоя смерть, батона…” “Өзеуреме өйдеп”. “Дело в том, что ты
чужой мне. Родной, но чужой. Ты почти не жил с нами. Ты часто бросал
нас на произвол судьбы. Мать не смогла выносить этого долго.
Одиночество для замужних женщин смертоносно”. “Жə, жə, − деді шал
– Сенің айтқандарыңды түсініп жатқан мен жоқ. Сен мынаны айт.
Осылай жата беремісің, қайтесің?”. “А как ты думаешь?” “Ішіңе қалай
кіріп шығам?” “Кто-то должен же жить в этом доме”. “Мен ше?.. Мен
бар емеспін бе?” шалдың көзі тікірейіп шыға келді. Но, ты не вечный”.
“Əй, əй…” шалдың басы қалтаңдап, қолындағы сəндік таяғымен цемент
еденді тық-тық ұрды. Ұлының көзі алайды: “Налей!” “Немді? Теңге де
қалмады. Қайдан табам?” “Это уж твоя проблема, батона”. “Өйдеме,
нетіп…” “Батона!..” Ұлының қанталаған көзінің қарасы көрдей суық
екен, қатты тіксініп қалған. “Батона!” деген зəрлі дауыс енді осы үйдің,
үй түгілі мұның да қожасы менмін дегенді айғайлап айтып тұрды. Осы
жасына келгенше бойында “Мен!.. Тек өзім!” деген адамға бұл аса ауыр
тиген; ашу-ыза, дəрменсіздік, лағынет, өкпе, өлердей жек көру, бəрібəрі көзі, көмейі, қолқасына түгел кептеліп, шерменде көңілі зеңбірек
атсын кеп. Осынау азаптар енді жатса-тұрса соңынан қалмай, күндіз
күрсініп, түнде күңіренетін болған. Мынау үш бөлмелі үй, тола
жиһаздар, тіпті аяқ-табақтарға дейін енді өзінікі болмайтынына
өкінетін де мінез шығарды. Ол ұлынан бəрін, тіпті өмірді де
қызғанатын секілденді. Өзінен-өзі қорқа бастаған. Нелер сұмдық
ойлардың шырмауында қалды. Соның ішінде… Соның ішінде ұлынан
құтылу… Ойында пайда болған осыны ойына алудың өзі өзіне сұмдық
үрей еді…
Ұлы шалға маза беруді қойған. Еңсесін шанда бір көтерген
кездерінде көр жерді көйтіп, қанын ішеді. Шешесінің жасына жетпей
өлгеніне де, мұның ішімдікке мектепте жүріп-ақ үйір болғанына да,
келіннің осы үйге келіп тұрмағанына да осы кінəлі екен. Тіпті сары
сайтан, қара албастыларды алып келгенінде, мұныңды қой демегені
үшін де кінəлі болып шықты. Бəрінен бұрын, самогонға шапқылатып
қойғанын қайтесің. Əкел дейді. Тап дейді. Қай уақ, түн бе, күн бе, таң
азан ба, есеп емес, бар да, əкел. Ахромеевке əбден қарызданды. Бірде
бұл дауыс шығарып көрсе, ұлы дəл төс сүйегінің шеміршегінен
қолындағы стаканмен қатты ұрып жіберді. Тұра алмай тыпырлап ұзақ
жатты.
Кімге барып, не айтады? Ағайын-туыс жоқ, дос-жаран жоқ. Тырптырп басып келіп үйлерінің алдындағы көлеңкеде осылардың
подъезінде пойызда жолсерік болып істейтін екі жас тайлақпен
ырбалаңдап отыруы көп ботқа бет, боқ қарын участковыйдан жайлап
сыр тартып еді, ол былай: “Шырағым, елде бір туыс бар еді”. “Так”.
“Соның жалғыз ұлы бар. Маскүнем. Басбұзар”. “Так”. “Сол енді шалды
қорлап, ұрып өлтіремін деп қорқытатын көрінеді”. “Так”. “Так дегенде,
не шаруа істеуге болады соған?” “Заңға беру керек”. “Ары қарай?” “Заң
тексереді”. “Əуелі қамап, сонан соң тексере ме, немене?” “Жоқ, əуелі
тексеріп, бəрі расталса барып қамайды”. “Неге керісінше емес. Сен
заңға беріп қойыпсың деп ол ит əкесін өлтіріп қойса ше?” “Ақсақал, сіз
мені тергеймісіз. Заң жаңағыдай, енді не керек?”
Заңның тəртібімен ұшпаққа шыға қоймасын білген шал ұлынан
қалай құтылудың ұшығына жете алмай, ұзынды-кеш өкпесі қабынып,
өзегі өртеніп, өлі мен тірінің арасында мең-зең, дел-сал омалып
отырып алады.
Түн баласы қилы-қилы түс көреді. Түсінде дейді марқұм əйелі
баласының ит жейдесін көрсетіп, бұған үнемі сұқ саусағын безеп
тұрады. Тағы бір түстерінде баяғы сары сайтандар мен қара
албастылар емшектерін салақтатып жабыла мұны тырағайлата қуып
жүреді. “Сендерге не керек?” “Бізге артылдың, енді біз сені мінеміз!”
Шошып оянады. Қайсыбірде түсінде сары сайтанның біріне артылып
жатыр екен, əлдекім иығынан түртеді. Қараса ұлы. Шошыпты. “Менің
əкемді көрдің бе?” дейді ұлы. “Мен емеспін бе”. “Емессің, − дейді анау. –
Отец разве так делают?” Шал төсегінен атып тұрып, айнала-төңірегіне
мағынасыз əңірейеді.
Таяуда ғой бұл мүлде қаперіне алмаған жағдай болды. Түс əлеті еді.
Ұлы сол ертеңгі жарты стакан самогоннан кейін өлі-тіріде жатқан.
Есіктің қоңырауы безілдеп қоймаған соң, барып əуелі көз ойықтан
үңілсе, өзі бірде өкпесі өшкенше өңмеңдеген қара албастының бірі тұр.
Ашты. “Привет, старик”. “Е, шүкір”. “Ерик, дома?” “Дома болғанда, тұра
алса…” “Мас, наверное. Да пусть… Собственно говоря, я пришла к тебе,
аташка”. “Маған?..” “Ия, саған”. “Нағыл деп?..” “Срочно бес мың теңге
керек”. “Бес мың теңге? Не деп берем оны саған?” “Не деп берем… А
трахать любишь. Думаешь мен білмейді. Сын… Потом отец… Ты,
аташка… Ой, ой… Даже невозможно поверить, какой ты сексуальный
гигант”. “Мына қаншық біліп жатқан екен ғой, − деп ойлады шал іштей
бір түрлі секемденіп. – Құдайдың ұрғаны-ай”. “Так что, дорогой гигант,
гони деньги… А то Ерикті қазір оятып, обо всем расскажу. Как, сойдет?”
“Жə, жə… − деп шал елпілдеп кетті. Екі көзі ұлы жатқан бөлме жақта. –
Қазір, енді нетелік… Өзің өтші былай балконға…” “Давно бы, так”, деп
қара саны жарқылдаған қара албасты қайқаң-қайқаң басып, айтқанды
істеген. “Сен осында тыныш қана отыра тұр, − деген шал сол
елпеңдеген қалпы тым баяу сөйлеп. – Мен қазір келем”. “А ты, куда?”
“Айтқаныңды əкелмеймін бе”. “Только, скорей”.
Шал қалтаңдап шекілдеуік сатып отыратын баяғы жасамыс жуан
əйелді бетке алған. Ары қарап еңкейіп əлденесін түртпектеп жатыр
екен, иттің қалың құйрығының ені сала құлаш. “Мынау сұмдық қой!”
дегенге қара тілінен қан тамып тұратын бетті пəлекет: “Оған
таңқалмай-ақ
қойыңдар.
Көрінген
еркек
көтендей-көтендей
жалпайтып жіберген”, деп қарқ-қарқ күліп қарап тұрады.
“Жайшылық па, елге қарап тоңқайып”, деген бұл таяп келіп.
Əзілдеген түрі. “Саған қарай жел жіберіп тұрмын”, деді қолма-қол
қолтығына су сеуіп сөйлейтін пəлекет. Шал осып жауап қайтаруға шақ
қалып, өйтпеді. Ісі түсіп тұрғанда… Оның үстіне ана жолы “сары қанат
сандуғаштарды дəлдеп жүрміз”, деп меселін қайтарып жібергені тағы
бар. “Иə, жол болсын, − деді əйел. – Қайда жайылып барасың?” “Өзіңе
қарай да”. “Қойшы-ей?” “Рас”. “Айт”. “Анада артық кеттім”. “Кетсең
нағылдейсің?” “Кешір деймін де”. “Есі бар еркек кешірімді олай
сұрамайды”. “Енді қалай? Айтсаңшы өзің…” “Өкпе төсекте тарқайды,
көрші…і…і”. Шалдың денесі мұздап қоя берді. Уыздай сары сайтандар
мен қара албастылардан кейін мынаған… Бірақ, амал қане. “Менің де
ындыным құрып тұрған жоқ па?” “Міне, иманым деші”. “Иманға сенесің
бе, маған сенесің бе?” “Е, онда…”, деп жуан əйел жайраң-жайраң етті.
“Əуелі, − деді шал. – Маған бес мың теңге бере тұрсаң…” “Неге? Не деп?”
“Қарызға, əрине. Балаға апарып беремін де, көзді ашып-жұмғанша
пəтеріңде боламын. Қағып-сілкіп, төсек жайлай бересің”. “Қай…дам…”,
деп анау қылмыңдап тұр. Ақша берсе де, жанына еш еркек жата
қоймайтын байғұс ұрғашының бұған өлердей діңкелеп тұрғанын шал
білді. “Уақытты бекер оздырмайық та”. “Қашан қайтарасың?” “Он
біріндегі пенсиядан”. “Дəл қазір келетінің шын ба?” “Келмей… Бірдеңе
ұрып па”. “Дегенмен, куəлігіңді беріп қой”. “Сенбеймісің?” “Куəлігіңе
сенем…”
Қара албасты балконда темекісін бұрқыратып отыр екен. Мұны
көріп орнынан тұрды. “Принес?” “Мə!” Қыз санап алды. “Ерику привет
передашь?” “Қой, айналайын”. “Запомни, аташка, при необходимости я
приду к тебе. За деньгами…” шал əлдене айтып та үлгерген жоқ, қасыкөзін қылмаңдатып, мұның ауын алақанымен қаққыштап: “Ай, да
бессмертный гигант… Пока” деп шығып жүре берген. Содан бері о
пəлекет есіктен əне-міне кіріп келетіндей зəре-құты қалмайды. Кім,
қашан келсе де, қалтасын тесіп тұратын бес мың теңгесі қайсы. Қара
албасты, қара албасты, ал анау өзі өліп-өшіп əурелеген екі-үш сары
сайтандар да келіп жүрсе ше?.. Баласы естісе, білсе…
Бара-бара шал самогон ішуін жиілете түскен. Бəрін ұмытайын дейді.
Адам өз күнəсінен үрейленуі сұмдық екен. Жаныңа еніп алған
қорқыныш қолқа-жүрегіңді суырып жеп, не ұйқы, не күлкі бермейді.
Кеше ғана əлпештеген əсем дүние  атқан таң, шыққан күн, туған ай,
бəрі, бəрі пəтуасыз, бекер болып көріне берген. Бұрын-соңды болмаған
өкініш, опыну сезімдері алпыс екі тамырын алма-кезек буындырып
бойы бордай тоза бастаған.
Шал балконнан шығып ұлы жатқан бөлменің есігін ашты.
Самогонның күлімсі иісі мүңкіп кетіпті. Төсегінде төрт аяғы төрт жаққа
кетіп рабайсыз жатқан ұлының өлі-тірісі белгісіз. Ол ішінен шыққан
шұбар жыланға əрі шошына, əрі өлердей жек көре қарады. Бір
сұмдығы, осы мезет өзге түгілі өзін де ит етінен жек көріп, өзінен
өзінің жүрегі айныған. Қалтаңдап бөлмесіне жетіп, жарты шөлмек
самогоннан бір стакандайын жұтып алып, төсегіне жантайды. Қанша
жатқанын, қай кез екенін айыра алмады. Дабырлаған адамдардың
даусы ап-анық естіледі. Тек не айтып, не қойып жатқандарын айырып
болмайды. Нағылған адамдар? Подъезде осыншама адамның
дабырлап тұруы мүмкін емес. Жердегілердің бесінші қабатқа, бесінші
қабаттағы пəтердің есігі, терезесі жабық бөлмесіне дəл осылай таяу
естілуі неғайбыл. Телевизор ма дейін десе, ол өшіп тұр.
Шалдың қолы қалтылдап самогоннан тағы бір жұтқан. Содан бір кез
көз алдын елес кезді: қарсы қабырғада əлдебір адамдардың
селеуеттері байқалады. Басын сілкіп, көзін кеңірек ашты. Иə,
селеуеттер… бұлдыр-бұлдыр. Бірақ анық көрінеді. Оң жақта жол. Тау
жолы. Жаңбыр себелейді. Лайсаң жолдың арғы жиегінде бір топ адам
əрқайсысы əр түрлі өлең айтып тұр. Одан ары тау. Тау баурайына кесіп
текше-текше жол салыныпты. Текше жолдар бұралаң-бұралаң. Сол
бұралаң жолда төрт адам саты көтеріп, лай кешіп, төмен түсіп келеді.
Саты үстінде киізге оралып ұзынынан салған сұлаба. Қайдан
шыққанын бөркі қоқайған біреу пайда болып, сұлабаның бас
жағындағы жамылғыны көтеріп еді, шал өзін көрді. Өзі… Беті қап-қара.
Шал көзін жұма қойды. Япыр-ау, бұ не пəле? Өңі ме, түсі ме? Түсі дейін
десе, ояу ғой. Ой-санасы орнында. Сонда мынау қандай сұмдық?
Кірпігін қайта көтерген. Көзі қабырғада. Əне, əне… Сатылы топ сол
орнында əлі жүріп келеді екен. Бөркі қоқайған сұрап жатыр: “Бұларың
кім?” “Білмейміз”. “Білетін біреу бар ма?” “Білмейміз”. “Өзі қашан
өліпті?” “Білмейміз”. “Енді қайда алып барасыңдар?” “Білмейміз”.
Шал əзер сүйретіліп тұрып қабырғаға барды. Алақанымен сипап
көріп еді, көріп жатқаны түгел із-ғайым. Төсегіне қайта келді. Қайта
келіп, көзін қайта жұмып, қайта ашқан. Қабырғада сол көрініс. Сатылы
топ, саты үстінде өзінің сұлабасы. Беті қап-қара… Бағанағы əрқайсысы
əр түрлі өлең айтып тұрғандар тапжылмапты. Кенет… кенет əлгілердің
иықтарындағы саты шыңырауға қарай құлап кетті. Өлең айтқандар да,
саты көтергендер де, бөркі қоқайған да оған назар аудармады. Шал
үңілген… Сонда жарлауыттың терең түкпіріндегі шалшықта жатқан
өзін көрді. Өз өлігін өзі көріп тұрған байғұста зəре-құт жоқ. “Топырақ
салмайсың ба?” дейді өлген өзі бұған. А… а… а…-лап үздік-создық
азынап, аңырап шыққан даусын оның өзінен басқа ешкім естіген жоқ…
Екі күн өтіп, үшінші күні шал есін əзер жиды. Тəлтіректеп зордың
күшімен орнынан тұрған. Ілбіп дəлізге шығып еді, мұрнына сұмдық бір
жағымсыз бөтен иіс келді. Ас бөлмесіне кіріп еді, ас столының бетінде
де, еденде де ас қалдығы, не басқадай бұзылып иістеніп кететін еш
нəрсе байқалмайды. Ұлы жатқан бөлменің есігін ашқан. Əлгі аса
жағымсыз бөтен иіс сол жақтан бұрқ етті.
Баласы төсектен жерге құлап түсіпті. Аяқ-қолы тырбиған арса-арса
қу сүйек. Екі көзі шақырайып, тас төбеге қарап қатып қалған. Бір
езуінен шығып кеткен тілінің ұшы көкпеңбек болып көрінеді. Қатты
шошып кеткен шал:
 Əй… Əй…  деп шегіншектеп-шегіншектеп барып, ас бөлменің
ашық қалған есігіне шүйдесімен барып ұрып, еденге құлап түсті. Қатты
зіңгіген басын зорға көтеріп: “Поезд ушел”, деді күбірлеп. Баласы үйге
қайта оралғалы бері жанын жеген бойындағы опыну, өкініш, үрейден
дым қалған жоқ…

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.