Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 02

Total number of words is 3979
Total number of unique words is 2390
31.0 of words are in the 2000 most common words
43.8 of words are in the 5000 most common words
50.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қазақша ноль. Но страшный жеңгетай. Пайдакүнем болғанда, сұрама.
Кеше айттым ғой, үйін мына колледжге оқытушы болып келген жас
қыздарға, а может байға тимеген қыздар... квартираға беріп қойған. Өзі
времянкасында тұрады. Ойнаспыз. Как кошка иттің баласы. Жеп қоя
жаздайды. Тоймайды. Давай, давай, давай...
− О чем ты? − əйел басын көтеріп алды. − Не про меня ли?
− Да нет, закусывай... − шал кеңірдегін қасып қояды. − Ал маған
ыстық тамақ істеп беріп тұратын біреу керек. Иногда и того хочется... А
ты не горюй, сынок. Кеше айттым, қатын табамыз саған. Хочешь ал,
алмасаң ойнас қыл. Мына қатын пəтеріндегінің бірін реттейді. Əдемі
жігітсің. Ей богу, қойныңа өздері қойып кетеді... Диірменді біраз оңдап
алайықшы, тартамыз ұнды. Ақыңды жемеймін. Керек етсең, законно
могу оформить. Мен сенің əкеңді көрдім ғой. Баяғыда ауылыңдағы
қазақтар мені "ұнымызды кем бересің" − деп сабап, өлімші қылғанда,
сенің əкең ажыратып алып, үйіме атқа өңгеріп жеткізіп салған. Павел
Панталеев жақсылықты ұмытпайды... Ал сен қазір диірменнің сынған
пəрігін шығарып таста да, далада біраз таза ауа жұт. Мен мына
қатынды... Бұл қаншықтың екі бұтын кермей, жақсылық жоқ.
Тамағымызды істеп бермей кете салады.
Далада азанғы аяз сыныпты. Қар солқылдай бастаған. Ақкүшік
диірменнің бұрышындағы үйшікке құлағы селтиіп біраз қарап тұрды.
Ол осында туып еді. Енесі төрт күшік туған. Үшеуі еркек, бұл ұрғашы.
Аналарды диірменші бір-бір мешок құмшекерге сатқан. Енелерін кейін
əлдекімдер ұрлап əкеткен еді.
Ақкүшік осы күні еш жерде жұмыс істемейтін, өздері араққа үйір жас
жігіттердің итті қырып жеп жүргендерін білмейтін. Төрт-бестен бірігіп
алады да, ұрлаған иттерін сойып, тұздап, бұрыштап қазанға тұтас
салып қуырып тастап, таң атқанша арақ ішіп, карта соғады. Ит етіне
мелдектегендер екі-үш күн тоқ жүреді.
Қазір көшеде бейсауыт жүрген ит кездеспейді. Бұрын адамдар
бейсауыт жүрген адамдарға үрсін, пейлі бұзықтарды үркітсін деп
иттерін түні бойы аулаға бос жіберіп қойса, қазір бейсауыт
жүргендердің көзіне түспесін деп иттерін үйшікке бекітіп, шынжырлап
қоятын болған.
Ақкүшік секемденіп барып үйшікті ұзақ айналды. Мұрнын əлдебір
таныс иіс жарып барады. Сондай таныс, сондай жағымды. Соған
елтігені соншалық − үйшікке қалай кіріп кеткенін білмей де қалды.
Мына үйшік өзінікінен əлдеқайда биік те, кең еді. Еденінде ескіріп,
əбден тоз-тозы шыққан төсеніш жатыр. Күшіктің түйсігінде əлдебір
оймақтай сəулелі алаңқай пайда болды. Тырбаңдаған төрт күшік
ұзынынан сұлап жатқан енелерінің тіз қатар емшектерін борпылдата
сорып жатыр.
Күшіктің таңдайында өзі əлі күнге ұмытпай жүрген оқта-текте
сұмдық аңсататын тəтті дəм білінді. Мұндай тəтті дəмді берітінде
ешқашан татып көрген жоқ.
Түйсігінде ысыған оймақтай сəулелі алаңқай лезде із-ғайып
жоғалды. Күшік үйшіктен атып шыққан. Оймақтай сəулелі жарық
алаңқай сыртта да жоқ. Қолында құрал-сайман, иесі шайқалып
диірменнен шығып келеді екен. Бұл барып аяғына оратылды. Иесі
мұны ертіп есік алдындағы жан-жағы ашық беседкаға кіріп отырды.
− Көктем де шығып келеді ə, Ақкүшік, − деп қойды. − Биыл лығасың.
Бірінші рет қой күшіктейтінің... Көктем шығып келеді... Өзен көтеріліп
пе? Көпірді ағызып əкетпесе неғылсын. Былтыр күзде оңдап-ақ қоятын
жөніміз бар еді, өйтпедік... Домбырамды ала кетпеппін өзіммен.
Осындайда шертетін едік қой, Ақкүшік. Боздатар едім қазір. Бойымнан
боран соғып кетер еді. Боздап, əрине.
Ақкүшік иесінің қолының сыртынан жалап, бүйіріне тығыла түсті.
Сағынып қалған сыңайлы. Қалдыбай ой қаузайды.
...Əкесі бірер жыл трактор жүргізген, бірер жыл есепші болған, бірер
жыл қойма ұстаған ісіне адал, зіді жуас адам еді. Домбыра тартатын.
Қайдан теріп алғанын кім білсін, күмбірлететіндері шерменде көңілдің
шерлі шертпелері еді. Перне бойымен бес саусағын қаздаңдатқанда
қара шанақтан қоғалы көлін қия алмай маз да ұшып жатады, иесінің
қайқы қылыш қапыда қақ маңдайын қарыс айырып, қараң қалған
қайран дүниені қайраңда қалдырып, қабағына тер, қабырғасына тер
қатқан қарагер де, қападан қаңғырып кетіп бара жатады, суылдап
ұшқан сұр жебе сұлатып салған сыңарын жоқтап, су жағалай ұшқан
аққудың сұңқылы да сұмдық, қуғыннан қуғын көріп, құлан жортқан,
құба жоннан құлдилап құмға түскен кұралайдың қырыл-сырыл демі...
Сонау Алматыдан талай-талай музыка зерттеушілер келіп əкесі
тартатын күйлерді таспаға түсіріп əкетіп жатты. Бірақ бəрінің
сұрағаны: "Сіз бір күйді қанша қайталасаңыз, неге сонша өзгертіп
тартасыз?" "Білмеймін, дейтін əкесі. − Солай тартылып кетеді. Ерік
бермейді, білмеймін".
Күйші əке жалғыз ұлына домбыраны ерте ұстатты. Қолында бар
болғаннан шығар Қалдыбай қара шанақты тез-ақ күмбірлетіп əкеткен.
"Əттең саусақтарыңның шылдыр шүмегі икемсіз, болмаса бар ғой..." −
деп əкесі өкініш білдіретін.
Кейін сол сөзінен бе, домбыраны қанша ұршықтай үйірсе де,
Қалдыбай оның соңына індетіп түсіп, Алматы бармады. Орта мектепті
бітіріп, əскер қатарына барып келген соң, біраз жыл шаруа
қожалығының астық қоймасына айналып, кейін жұрт жабыла
жоғарыға жаза-жаза қайта мемлекет иелігіне кайтқан алпыс орынды
ауыл клубына меңгеруші болып орналасқан. Жұмыс жаман жүрген
жоқ. Үлкендердің айтуы шын болса, осы алақандай ауылға əншілік
қонып кеткен. Кез келгеннің үйінде домбыра, кез келген үйде бір
немесе екі əнші шығады. Күллі үйелменімен əн салып, би билейтіндер
жəне жеткілікті. Кеш болса, ауылдың төрт құбыласы түгел азан-қазан
болады да жатады. Ауыл түгел əн салып, би билеп кеткен бір түрлі
екен, той-томалақ көп, қит етсе жұрт жабыла күйлетіп, əндетіп, жер
тепкілеп шыға келеді.
Ауылда алып бара жатқан жұмыс жоқ. Жұрттың малы топ-топ
болып тау аңғарында жайылып жатады, сол таудың ар жақ, бер жағы
белуардан шөп, ауылдағы қолы бос селтеңбайларға ақыңды төлесең,
қысқа жетер мал азығыңды дайындап қораңа үйіп-төгіп береді.
Тұрғындардың күндіз көбіне жағалайтын жерлері Өрікайдардың
ауыл ортасындағы кафесі. Кеңсе заманында шаруашылықтың ет
дайындаушысы болып істеген тиын сауғыш пысық неме мына заманға
іштен лайық туған адам екен. Сонау бір жылдардағы елдің зейнетақы
еңбек айлығына аузы жарымай, қорадағы малдарын топырлатып сата
бастағанда, жиған акшасы бар Өрікайдар əр қойдың басына екі мыңнан
төлеп, жаппай сатып алған. Онысы бір отар қой болды. Үйірлі жылқы
да, табын сиыр да бітті арзан бағамен. Содан екі-үш жылда ауылдың
бас көтерер байы болып шыға келген. Үйінің бұрышына жапсарлас
қылып шағын дүкен, орталықтан кафе салды. Кафеде негізінен
ішімдіктер, сусындар, қуырдак, балмұздақ сатады. Ақшасы барлар
қолма-қол төлейді, жоқтары қарызға. Қарызға ішіп-жеушілердің жеке
куəліктері мен тізімдері Өрікайдардың сейфінде тұрады. Қарызыңды
төлесең аласың, өйтпесең жата береді. Өрікайдар қарызға негізінен
зейнеткерлер мен мүғалімдерге береді.
Жұмысқа қыры жоқ селтеңбайлар күн ұзын топырлап
Өрікайдардың кафесінің төңірегінде. Кафенің айналасын тазалайды,
ағаш жарады, су тасиды. Ақыларына ішкені − арзан арақтары мен
жеген тамақтары.
Өрікайдар кафені жүзден астам адам еркін сыйып отыратын қылып
соққан. Осы ауылдың той-томалағы сонда өтеді. Ақысын төле де
сайраныңды сала бер. Сайран салудан жұрт қашан жалыққан, қазақ
айналайын баласының тұсауын кессе де, сүндетке отырғызса да,
мектепке берсе де, оны бітірсе де, кейін оқуға түсірсе де, туған
күндерін жасаса да тойлаған заман. Ұзынқара деген əпенділеу жігіт
ағасы көкайыл əйелімен сотпен ажырасқанда: "бəледен құтылғаныма
вечер жасаймын" − деп бəле қылған. Əйтеуір, Өрікайдар елдің барын
кафесімен-ақ жалмап жатыр. Одан той-томалақта музыка ойнайтын
болған соң, Қалдыбайлар да тиын-тебен тауып қалады. Сөйте-сөйте ол
кафеге үйірсектей бастады. Клубтың методисі, əрі əншісі о бастан
ішімдікке үйір еді, соны ертіп алып кафеге күніне үш-төрт рет бас
сұғып кететінді шығарды. Айлық алғанда оның жартысынан көбін
Өрікайдардың əрі аурушаң, əрі жалқау, жалпақ сары қатынына апарып
беріп жүретін болған.
Өрікайдардың бұған жамағайындығы бар. Қайсы бір заманда
аталары қандай жазықтары болғанын, қырғыздан ауып келіп осы
ауылға сіңіпті. Соны бетке ұстап Өрікайдар Қалдыбайды
айналдырады. Сондағысы: "Келін шаруаға оңқай асықтай оңтайлы
көрінеді. Маған келсін де, ыңғайлы жұмыс бар". "Кітапханасын
қайтеміз?" дейді Қалдыбай. "Кітапханаң не, айналайын-ау, ел түгел
есектің артын жуса да, еңіреп жүріп дүние табатын кезде?". "Өз
тапқанымыз өзімізге жетеді, аға". "Қазір жеткен аз, қазір тиынтебеннің үйіп-төгілгені керек. Ал сен Алматыға бір барып қайтуға
жетпейтін айлықтарыңды айтасың. Кітапхана дейсің. Кітапты кім
оқиды ендігі жерде. Осы ауылда кітап оқитын кісі қалды ма? Оқығанда
не бітіріп, не қояды. Керек десең, өзің де кел маған. Аудан
орталығындағы орталық базардан шағын сауда дүкенін ашайын деп
жатырмын, соған ет тасы. Астыңа машина беремін. Клубты қой. Құры
əлəулəй. Əлəулəй дегенде, атақты музыкант, белгілі əнші болмаған
екенсің, көркемөнерпаз деген не пəле. Қарадай бақырып-шақырып
тұратын ұрма-пернелердің жын ойнағы. Естуімізше, бірде-бір елде жоқ
көрінеді мүндай хай-вай".
Қалдыбай ойланып қалған. Шынында да өмір бойы көркемөнерпаз
болып өткен қайбір оңған шаруа. Өмірі ауылдың артисі. Алпыс
түтіннің... арыға кететін, алысқа сермейтін қабілет жоқ.
Алғаш рет өз тірлігінен жаны жаман күйзелген. Содан жиі-жиі
ұрттайтынды шығарды. Жалғыз содан ба? Жыл өткен сайын жүрегін
тілім-тілім етіп, бүкіл жан-дүниесінен аңырап тұратын азап-шері ше.
Өзі қатарлылардың томпаңдаған балаларын көргенде, қарадай қатты
қысылады. Үйленіп үй болғандарына алты-жеті жылға айналып
барады, бір перзентке зар. Бала іңгəлəп жатпаған соң, тар төсекте
тақым қағысып талықсып жатудың да еш рақаты болмайды екен.
Аршын төсті кеудеңе басын шүйгіп жатып, мұныңның баяны жоқтығы
есіңе сап етіп, бойың лезде суып, шаруаңды аяқтамай, екі қара санның
арасынан денеңді суырып алып бара жатасың. Күйті енді күшейіп,
жаны енді кірер жерге əне-міне жеткелі тұрғанда, айызы қанып жатқан
ауын адыра қалдырып ары аунап бара жатқан еркекті ұрғашы ендігі
жерде əр түрлі тəсілмен отқа да, суға да салатын болып шықты.
Келіншегі төсекке жатар алдында бұған қырлы стақанға толтыра арақ
ішкізетін əдет тапқан. "Неге?" − деп сұраған бұл. "Ұзағырақ боласың"
деген əйелі бір түрлі қылмыңдап.
Əйелі мұның неге өйтетінінің шын себебін білмеді. Айтпаса, қалай
аңғарсын.
Ойын сарт етіп ашылған есік бұзды. Диірменші шал екен. Ышқырын
түзеп есік алдына шықты.
− Ну, баба, − деп қойды басын шайқап. − Чуть не съела... Давай,
Қалдыбайчик, біз монша жағайық. Попаримся как следует. А вечером...
знаешь что?
− Что?
− Матренаны пəтеріндегінің бірін ертіп келуге уговорил. Стерва же,
Матрена. За услугу ақша сұрайды. Но я успокоил ее. Гулять будем,
сынок. Ты только на домбре играешь?
− Гитара да тартамын.
− Черт. А где взять ее? − шал аспанға қарап əңірейді. − Надо
придумать что-то.
Диірменшінің шағын моншасының мұржасынан түтін будақтады.
− Пока мы пообедаем, она готова будет, − деді шал пеште жанып
жатқан ағаштың үстіне көмір салып жатып. − Рақат-ау, баня.
Орыстардың жанын алып қалып жүрген осы. Ішкіш қой біздің орыстар.
Арақ − ата-бабамыздың асы. Ішпесек, ойымызға неше түрлі пəле
келеді. Сосын сіміреміз. Бəрін ұмытасың. Поем, танцуем... А дальше вся
жизнь похмель. Марқұм қатыным: "Когда ты пьешь Павлуха,
становишься гораздо добрее" − дейтін. Смирный, жақсы қатын еді.
Деревенская. Барнаул жақтікі.
− Дядя Павел, сіз жалғызсыз ба?
− Неге жалғыз. Ұлым бар. Россияда. Сол жақта служить етті де,
қалды. Шешесі өлгенде похоронкасын жіберейік десек, адресін
білмейміз. Кострамадамын деп хат алғанбыз. Қызым бар. Ол да
Ресейде. Байы кореец. Воронеж облысында. Содан жылына бір хат
келеді, чтобы узнать живой я или нет. Солай Калдыбайчик, орыстар
балаларын өскенде өздерін тастап кетуі үшін туа ма, черт его знает.
Поэтому ғой біз қазақтар сияқты құдайға бала бере көр деп жалбарына
қоймаймыз. Дает спасибо, не дает обиды нет.
− Өзіңіздің Россияға кеткіңіз келмей ме?
− Что я там потерял. Мен осында, анау Қызылтауда туғам. Əкем мен
шешем сонда захоронен. Орыс болып туып, қазақ болып өстім ғой мен.
Жүз процент орыс бола алмаймын енді. Қазақстанда туған орыстың
көбі сол. Қазақстаннан Россияға көшіп барғандарды жергіліктілер
"қазақ" дейді екен.
Сендер де Қарақалпақстаннан келген казақтарды "қарақалпақ"
дейсіңдер ғой. Себебі əркімде туған, өскен жер ортасының өмір сүру
салты өшпейді. Оны аналар түсінбейді, өзің қимайсың. Менің түрім
орыс, жаным қазақ. Люблю я вас, сынок.
Ақкүшік аула ортасындағы аяқ ізі түспеген ақ қарға аунап-қунап
жатыр. Өзіне беймəлім əлдененің қытығы бар, көз алдына төбеттер
келіп, солардың бауырына да бүгерлеп тұрған өзін көреді.
Сүр қарға бөксесін аямай үйкеді.
− Биыл алғаш күшіктейді бұл, − деді шал Қалдыбайға. − Хороший
кобель нужен. Жатыры таза қаншықты всякий төбетпен
жақындастыруға болмайды. Тұқымы бұзылады. Ары қарай одан
сырттан болар күшік тумайды. Кімнің де, ненің де тұқымының азбауы
жатырға зависит, Калдыбайчик. Все от нее начнется. Ұрғашы
жатырын тексізбен бір лайлап алса, после қанша тектінің астына сал,
одан оңған ұрпақ өрбімейді. Вот қазақтар, да и орыстарда өткен
замандарда қыздарды неге жастай қатын қылған? Өліп бара жатқан
соң ба? Е, нет, сынок. Жатырының аман-сау кезін сақтап қалу үшін. Ал
қазір не, қыздар дегенің қырыққа дейін байға тимей аттай шауып
жүреді. Раз так, оған біреу сөз жоқ вскочет. Может екеу, үшеу... Соңғы
ұрпақтың майдаланып, əр қилы азғындап бара жатқаны сол. Так что,
Ақкүшікке алғаш нағыз сырттан артылуы керек. Мы найдем ондай
төбетті. Есть тут один кинолог. Бывший правда.
Ақкүшік бұлардың не айтып жатқандарын қайдан білсін, бойының
қыртыс-тыртысын жазып алғаннан кейін олармен үйге ілесе кірді.
− Вот стерва, − деді шал төргі бөлмедегі шашылып жатқан төсекке
қарап. − Талтайып жатқан жерін жинап та кетпейді. Ұты жоқ қатын
бұл. Но маған керек. Кірімді жуады. Часто разделеют мою одиночеству.
Бəле, бірақ. Диірмен жүріп тұрғанда тура қатынымша жүреді осы
жерде. Потому что, жем, ұрпақ навалом. И почти бесплатно. Кейбір
клиенттер екі стакан самогонға ұрпақтарын тастап кете береді.
Төсек үстін өзі ретке келтіреді.
− Еще тамақты жақсы істейді. Повар болған ғой, мына колледждің
техникум кезінде. Мұнда əмпейлесіп жүрмін өзімен. Жылда екі-үш
шошқа бордақылайды. Жем керек. Жалмауыз ғой шошқа. Содан бір
күні іңір қараңғысында келіп тұр бұл қатын: "Панталеевич, доброй
ночи" − дейді көзі жайнаңдап. И началось. Жем беремін. Биыл
январьда екі шошқасын райцентрдегі базарға апарып, сатысып бердім.
"А что если нам поженится?" дейтіні бар. "Боже, упаси!" деймін іштей.
Жасым жетпіске таяды. Бұл қатын болса қырықтан енді асты. Қойнына
бір кірсең... оның құшағынан немістің пленінен қашып құтылған оңай.
Маткасы бешенная пəленің.
Шал мен Қалдыбай ауқаттануға отырды. Ақкүшікке де шағын темір
табаққа тамақ құйып, пеш түбіне қойды.
− По одной, сосын екі-үш сағат ұйқы, − диірменші стакан көтерді. −
Опьянеть нельзя! Или водку пить, или бабу... дейді біздің орыстар.
Еркектер есікті іштен іліп алып қорылға басқан кезде, тамаққа
тойып, пеш түбінде бойы əбден жылыған Ақкүшік те мызғыған...
Ауланың орта шеніндегі екі түп алма ағаштың ақ гүлдерінде есеп жоқ.
Ағаштың көлеңкесіне жайылған текеметтің үстінде Қалдыбай мен
келіншегі Ақкүшікті орталарына алып, жүнін тарап, көзіне қарай түсіп
кеткен кекілін қайшымен қырқып мəре-сəре. Арасында екеуі бір-бірін
қытықтап, алысып ойнап кетеді. Əне, Қалдыбай келіншегін жығып
алды. Еріндері бір-біріне жабыса берген. Ақкүшік Қалдыбайдың
арқасына секіріп мінеді. Əйел мен еркектің сықылықтаған күлкісінен
күшік иесінің жотасында тербеліп тұр...
Қатты жөтелден селт етіп, көзін ашып алды. Жөтеліп жатқан шал
екен. Жаңағы көргендерінен айырылып қалған Ақкүшік айналасына
алаңдады. Көргені қайда жоқ болып кетті деп аң-таң. Түсі екенін
білмейді.
Шағын терезенің əйнегі тырсылдай бастады. Далада жайлап жауын
тама бастаған. Биылдың алғашқы жауыны. Қыс айы ақпанның
ортасында. Дүниенің, соның ішінде ауа райының да өзгере бастағанын
Ақкүшік қайдан білсін. Тіпті, адамдардың өздері де кез келген
өзгеріске таңдана қоймайды ғой. Неліктен деп елеңдемейді. Кімнен
деп толғанбайды. Бəрін Құдайдың ісіне балайды. "Адамның өзінің
əрекетінен емес пе?" дегенге, оны да құдай істетіп отыр деседі. Сөйтіп
бəріне кұдай кінəлі болып шығады. Бəрін құдайдың ісіне аудару
арқылы адам өзін өзінің күнəсінен ақтап алады. Адам өзінен корқады,
құдайдан қорықпайды. Адам өзін ғана өлердей жақсы көреді. Адам
жамандықты да өзіне-өзі істейді.
Терезе əйнегін тырсылдатқан тамшы жиілей түскен. Шал мен
Қалдыбай ұйқыдан оянған кезде далада жаңбыр кəдімгідей жауып тұр
еді. Моншаны көріп келуге шыққан диірменші қайта оралғанда:
− Былтыр да өстіген, − деді. − Февральда жауған осы жаңбыр.
− Өзен тасымаса деңіз, − Қалдыбай күрсінді.
− Кім білсін.
− Өткен жылы төмендегі жол пайдалану учаскесіндегі үйлерді
қиратып кетті ғой. Ерағи дейтін шешеннің екі қызын су алды. Қапқазға
енді көшкелі жүр еді...
− Ладно, − деп шал Ақкүшікке қарады. − Мынаны сыртынан бекітіп
кетейік. А то біреу-міреу қағып кетер.
Моншаның ыстығы əлей болып кетіпті.
− Жапондардың ақылы осы моншада кіреді дейді, − диірменші
бірден бу бөлмесіне бастап кірді. − Барлық мəселелерін моншада
сұхбаттасып отырып шешеді екен.
− Күйіп өлеміз ғой, дядя Паша.
− Қайдағы күйген. Төменгі полкаға отырып, денеңді үйретіп ал.
Сосын сыпыртқымен жақсылап сабап берсем, терің піседі де, екі
дүниеде пардан шыққың келмейді. Марқұм қатыным жақсы парит
етуші еді мені. Тура қара табанымнан бастайтын. Сыпыртқыны екі
шатымның арасына əкелгенде, ит-ай, бүлкілдетіп тұрып алатын, − шал
жарыла күлді. − "Əй, пісіріп жібересің" деймін ғой, шынында да
тақымым өртеніп, "піспейді, іседі" дейтін сорлы күліп. Өзің
қатыныңмен бірге моншаға түсіп көріп пе ең?
− Жо-ға.
− Жаль, − деп қойды шал.
− Несі жаль?
− Денесін түгел жалаңаш көріп, кемшін тұстарын тізіп берсең, қатын
дегенің қашанда именіп тұрады. Ал ұрғашының денесінде недостатки
уйма. Одежда скрывает. Мысалы, возьми лица. Опа-далабын,
бояуларын сабындап жуып тастасаң, қазір ғана қасы-көзі қиылып
қарақаттай үлбіреп тұрған сұлуың өзіне ұқсамай қалады.
− Қайдам.
− Несі қайдам?
− Менің əйелім боянбайды.
− Неужели.
− Рас.
Шал сыпыртқымен үстін сабай бастады. Қалдыбай Бекзатты есіне
алды. Бұлардың ауылында бұдан өткен əдемі қыз-келіншек əзірге жоқ.
Денесі оқтай түзу. Тумағандығынан ба екен.
− Ведь, сынок, есть один вопрос, − деді шал сыпыртқының
соққысынан кейін демі ырсылдап. − Кто виноват в этом?
− В чем?
− Бесплодие кімде?
− Білмейміз ғой, дядя Паша.
− Ə... Ə... Болмайды. Надо узнать, уточнить. Докторға надо было
идти.
− Одан не пайда. Мүмкін ол, мүмкін мен бедеумін. Солай екен, демек
перзентіміз болмайды ғой.
− Подажди, подажди... Докторлар емдейді еще.
− Ешқайсысымызға ем қонбаса ше?
− Тогда... − деді шал сыпыртқыны бұған ұстатып. − Мен ана
жуынатын бөлмеге шығып, үстіме суық су құйып келейінші.
Қалдыбай шалға шынын айтқан жоқ. Бедеу өзі еді. Осыдан екі жыл
бұрын
тамағының
баспасына
операция
жасатып,
аудан
орталығындағы ауруханада жатқанда арнайылап тексерілген. Сонда
білді. Онысы туралы жан баласына тіс жарған жоқ. Қорлық санайды.
Бедеумін деу қайбір оңған шаруа. Бедеу де бедел бола ма. Содан бері
қарайғы жерде ғой жиірек ұрттап-тата бастағаны. Содан бері қарайғы
жерде əйелінің алдында өзін кінəлі сезінетіні. Обалына қалдым
пайымдауы. Гүл жарып алатын алма ағашы суғарылмағандықтан алма
салмаса, ағаш болғанынан не қайыр. Тууға тиіс ұрғашы да сол. Бедеу
байдың кемдігінен жатырына ұрпақ ұя салмайды екен, өзге түгілі
өзіне-өзі көзге күйік. Əйелінің осы жан күйзелісін, соған тұншығып
жүретінін, күрсінісінің ар жағындағы күңіренісін бұл сезетін.
Еркек əйелді неге алады. Əйел еркекке неге тиеді. Екеу ара бір ойын
− табиғи күйіктің өліп-өшіп өмірем қапқан сүреннің өңмеңдей беруі
үшін ғана емес қой. Адамда адами жан рақатының өлшеусіз лəззатынан
да жоғары іңкəрлік, ынтызарлық бар, еркек ұрғашының жатырын
тоғыз ай тулатып толғағын келтіріп, ұрғашы сол толғақтың ұлы күйін
тартпаса, бəрі қараң. Ендеше, Қалдыбай Бекзаттың обалына неге
қалуы керек.
− Қазақтар туған-туыстан бала асырап алмаушы ма еді, − деп
диірменші жуынатын бөлмеден сөйлей кірді.
− Бірге туған бауырыңнан болса бір жөн, ал ағайыннан, қайдам.
− Вообще дұрыс. Сəби кезінде бəрі періште. Өскенде кім болады?
Кімді өсіріп-баққаныңды білмей жүрсең, дүниенің бəлесі сол ғой.
Қызылтауда Құлманбет деген сиыршы болды. Жақсы адам еді. Менің
əкеммен тамыр болатын. Əкемді қазақтар "ақсақ Панталей" атап
кеткен жүйрік жылқыға үйір кісі еді. Құлманбет бəйге атын ұстайды.
Содан ба, жоқ жалпы сыйластық па, екеуі тамыр. Осы сиыршының
ағайыннан асырап алған Оңлан деген баласы болады. Құлманбет
байғұс соны бүлдіршін кезінде алдына алып, сəл есейгенде артына
мінгестіріп өсірді ғой. Оңланым, Оңланым... Өскен соң сол Оңланынан
көрді-ау көресені. Бір қатын əперді, екі қатын əперді, ешқайсысымен
кісі болмады. Қатындары безді. Оңланға бəрібір. Күн сайын возле
магазина, ішеді, дерется со всеми. Содан сотталды, за мелкое
хулиганство. Келді. Ішу керек, жеу керек, сайрандау керек. Оған
ақшаны қайдан алады. Естественно Құлманбеттен. Құлманбет
аямайды. Бірақ онда ақша көп емес қой. Жылқысын сатты, сиырын
сатты. Ақша как вода текут. Даже быстрее. Оңлан сука ары қарай
қайтеді? Əкесінің маңдайына басып жүрген бəйге атын ұрлап əкетіп,
Нарындағы қырғыздарға сатып жібереді. Ой, сонда Құлманбеттің
жылағаны... Анау ол ақшаны да тауысты. Дальше, что. Дальше ақша тап
деп Құлманбетті сабайтынды шығарды. Бедный Құлманбет күйіктен
өлді. Сұмдық-ай, кемпірі запилась. Жетпістегі кемпір. Өмірі аузына
арақ алмаған адам. Қайсыбір қыста жақсылап ішсе керек, жанып
жатқан пештің жөнді жабылмаған аузынан түнде сыртқа от түсіп,
үйімен қоса өртеніп кетіпті.
− Оңлан ше? Ол қайда?
− Түрмеде өлді, ит. Көрдің бе? Тып-тыныш жүрген екі момын өз
ажалдарын өздері мəпелеп өсірген... Шал түкпірге қарай шырт-шырт
түкірді. − Кел енді, етпеттеп жат мұнда, дай тебя попарить.
Кешке қарай күн əжептəуір суытып кетті. Қалдыбай Ақкүшікке
бөлменің бұрышына төсеніш төсеп берді. Бұл оның аяғына
оратылғанды қойып, сонда барып етпеттеп жатып алып, екі еркектің
əрекетіне көз тігеді; шал ішінде помидоры мен қияры толы банканы
ашып, Қалдыбай сиырдың жас төс етін қуырып ала-сүргін.
Қонақтар көп күттірген жоқ. Матренаның ертіп алғаны жас қыз.
Таныстырып жатыр.
− Окончила институт. Приехала по направлению. Преподает в
колледже. Девушка что надо, − деп салдыр-күлдір етеді. − Давай, Роза,
раздевайся. Люди свои. Добрые, душевные... У меня вот что есть, − деп
столдың ортасына коньяк қойды.
− Откуда это? − деп диірменші қабағын керді.
− Оттуда, − Матрена сұқ саусағын көкке шошайтты.
− Құтырған қатын, − деді шал қазақшалап разы раймен. Сосын өзі
шкафтан ұзын бөтелке самогон алды. − Коньяк хороший, а это лучше.
Отырыс бірден дуылдап кетті. Диірменші мен Матрена ауыз
жаппайды. Екеуі алма-кезек анайы анекдоттарын сапырды дейсің. Қыз
əуелде тіксініп, қымсынған сияқты еді, коньяктан біраз ұрттаған соң
сықылықтады келіп. Сықылықтаған сайын жарқылдаған көздері қатар
отырған Қалдыбайға қарай аунап кетеді.
Бір кезде жақсылап қызған шал:
− Эх, баба! − деп Матренаны бұрымынан ұстап, басын шалқайтып
алды да аузын сүліктей сорды.
Қыздың көзі Қалдыбайда. Ұзын кірпіктері дір-дір етіп, еріндері
əнтек ашылған. Жігіт еңкейді. Дəл сол сəтте Ақкүшік шəу етіп, атып
тұрды. Отырғандар жалт қарасты.
− А что она так, − деп Матрена таң.
Ақкүшік шəу-шəу етіп, қызға карай тап-тап береді.
− Ревнует, − деді шал.
− Кого?
− Хозяина. Кого еще.
− Неужели.
− Бывает. Есть такие собразительные собаки.
− Мен аржағында отырайыншы, − деді қыз Қалдыбайға. − Анау
қауып алар.
Ақкүшік əрең тынышталды. Тек көзін қыздан алмай қойды.
Қонақтар түн жарымына дейін отырды. Бəрі əжептəуір масайғанда
диірменшіні Матрена үйіне алып кетті. Қалдыбай мен қыз төргі
бөлмеде.
− Осылай омалып отыра береміз бе? − деді сəл қызыңқырап қалған
қыз.
− Бас салсын деп отырсың ба? Қалдыбайдың ішкенде қарадай
қисайып кететін мінезі қылтиды.
− Е, жоқ.
− Енді не?
− Вообще... шынымды айтсам мұнда неге келгенімді білмеймін. Тетя
Матрена давай деді...
− Давай десе көне бересің бе?
− Қызық екен сұрағың, − қыз мырс еткен.
− Мүмкін. Бірақ қызық сұрақтың жауабы да қызық бола бермейді.
− Мен философияны түсінбеймін.
− Мен де.
− Онда несіне шала бүлінеміз. Демалайық. Сен ана төсекке, мен
мына төсекке. Сойдет?
− Маған бəрібір.
− Əйелің бар ма?
− Қайтеді?
− Қазір не ойлап жатыр екен деймін де.
− Өзі біледі.
− Мен киімшең жата алмаймын, шешінемін.
− Жарықты сөндірейін бе.
− Жоқ. Просто көзіңді жұм.
Жігіт көзін ашқанда Роза жамылғының астына кіріп алыпты.
− Сен қызбысың?
− Кемпірмін.
− Жөн сөйлесеңші.
− Ажырасқам. Ұлым бар, екіде. Мамамен.
− Анаған не болды?
− Қалды.
− Жазығы?
− Кез келгенге жалпаңдап, көрінгеннің қолына су құйып өскен
жұқсыз екен. Намыс жоқ.
− Бай болғаны, бағып-қаққаны жетпей ме?
− Жетпейді. Маған исі еркек емес, ер мінез керек.
− О баста қайда қарап ең?
− Алып қашты ғой.
− Мына заманда ма?
− Біздің жақта қыз түгіл, кемпірді де алып қашады.
− Кетші-ей!
− Шын айтамын, − деп Роза жастықтан басын көтеріп алып еді,
жамылғаны кеудесінен төмен сырғып кетіп, қос анары көрініп қалды.
− Омар деген атамыз көрші ауылдағы бір шалдың кемпірін алып
қашып келген. Шалының көзі соқыр екен.
− Құдай ұрған шығар.
− Может. Ал оның болғаны рас.
− Сонда қалай, алып қашса отыра бересіңдер ме?
− Есік аттады деген сөз оңтүстікте кісі өлтірдімен бірдей.
− Цивилизация қайда?
− Сен не, өзіңді цивилизованныймын деп ойлайсың ба?
− Біз алып қашқанды білмейміз.
− Оңаша қалғанда бас салғанды ше?
− Оны да.
− Бұл жақсы ма, жаман ба?
− Өзің қалай ойлайсың?
− Ойлап не қылам.
− Ол өз шаруаң. Мен де шешінем.
− Көзімді жұмайын ба?
− Ұйықтап қал, − жігіт мырс етіп, ауызғы бөлмеге шықты.
Ақкүшіктің көзі есікте екен. Шоқайып отыр. Басынан сипап, арқасынан
қағып-қағып қойды.
− Қызғанасың ба мені?
Ит баяу қыңсылап қойды.
Қалдыбай стол үстіне қарады. Коньяк біткен. Ұзын бөтелкенің
түбінде аздап самогон қалыпты. Стаканға сəл кұйып алды.
Бөлмеге қайта оралғанда, оның қолындағы стаканды көріп:
− Тағы ішесің бе? − деді Роза жақтырмай.
− Коньяк бітіпті.
− Мен енді ішпеймін, айналайын. Ертең сабақ.
− Қандайсың өзің? Жақсымысың?
− Не болып қалды?
− Ұлыңды сағынасың ба?
Роза үндемей қалды.
− Темекі берші, − деді сосын даусы бұзылып.
− Шегемісің?
− Жоқ. Кейде...
− Балаң болған ғажап, ə? − Қалдыбай шылымның талын өзі тұтатып
берді.
− Бақыт! − деді Роза. − Бауыр ет. Тек...
− Айта бер.
− Əкесіне тартпаса екен.
− Əкесі ғой.
− Есіктен кіргендерден төрге шыққандарға дейінгілердің алдына
кұрдай жорғалап, қолдарына су құйып жүрсе не қасиеті қалады.
− Есіктен кіргендерден төрге шыққандарға дейінгілердің есін екеу,
түсін төртеу қылатын еркек кіндік ілеуде біреу. Бардың өзі неге
тұрады.
− Ез − бар да болса − жоқ!
− Жə, жарайды, мен мынаны ішейін.
− Масаймайды екенсің.
− Сенің ұлың үшін.
− Рақмет.
− Арақтан таза екені рас, − деді Қалдыбай ішіп тастап − бірақ үштөрт күн таңдайыңнан кетпейтін бір жағымсыз дəмі бар, иттің.
− Бірақ, ішесің.
− Рас.
− Неге?
− Қайтесің.
− Сені музыкант деді ме?
− Оқымаған.
− Талантқа оқу көк тиын дегенді бір жерден оқығанмын.
− Талантқа.
− Ал сен немене, талантты емессің бе?
− Емеспін.
− Бері келші, − деді Роза.
− Барсам, бассалам ғой.
− Өйтпейсің.
− Қайдан білесің?
− Білем.
− Айт əуелі.
− Тым гордыйсың. Сол үшін де... Келші...
Жігіт барып Розаға еңкейді. Қыз Қалдыбайды құшырлана иіскеп,
мойнынан сүйді.
− Бара ғой енді.
Диірменші шал құзғын сəріден келген. Үйге есікті жайлап ашып
енді. Стол үстіндегі самогонның түбіндегіні стаканға сарқа құйып,
бұған көзін қысып қойды да, тартып тастады.
− Қалдыбайчик! − деді аз-кем отырыстан кейін − пора дорогой.
Шал сыртқа беттегенде Ақкүшік ілесе шығып, кешегі келген ізімен
безіп бара жатты. Оның есіне Бекзат, оның азанда тостағына сүт
толтырып беретіні түсіп еді.
Көп ұзамай сыртқа шыққан Қалдыбай Ақкүшіктің орнын сипап
қалды.
− Вроде жанымда тұрған, − деді диірменші.
− Қайда, неге жоқ болып кетті?
− Может обиделся, саған.
− Ит те өкпелегенді біле ме?
− А как же... Жақсы көргенді білгенде, өкпелегенді неге білмейді.
Түнде жауған жаңбырдан кейін жер көктайғақтанып қалыпты.
Ақкүшік бəрібір заулап келеді. Өзендегі сықыры біліне бастаған ағаш
көпірден оқтай ұшып өте шыққан.
Ауыл адамдары жаңа-жаңа малдарын сыртқа айдап шыға бастапты.
Ақкүшік безіп келе жатқан бойы аулаға шарбақтан қарғып енген. Келе
шəуілдеп, есікті тырналады.
− Ақкүшік! Бекзаттың жан даусы шықты. − Күшігім, күшігім... Қайда
жүрдің сен? Мұның не? Бүйтпеуші едің ғой. Пəлекеттер қуырып жеп
қойды ма деп зəр-иманым қалмады. А, Ақкүшік, қайдан келдің? Көрші
ағайдан сұрасам, иттің лығатын мезгілі кеп қалды, төбет жағалап
кеткен шығар дейді. Сөйттің бе?
Ақкүшік не дейді. Ақкүшік адамның айтқанын түсіне ме. Бекзаттың
жалаңаш тобығын, саусақтарын жалайды.
− Қарның ашты, ə... Қазір. Қазір тамағыңды тойдырамын. Сүт ішесің
бе. Сорпа-су құяйын ба. Кірші бері.
Келіншек күшігін дəлізге кіргізіп алды.
Ертеңгі шайын ішіп алған соң Бекзат Ақкүшікті жұмысына өзімен
бірге ертіп ала кетті.
− Біреу ұрлап кете ме, əлде ішің пысып өзің қаңғып кетесің бе, жүр, −
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 03
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.