Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 09

Total number of words is 3891
Total number of unique words is 2246
34.4 of words are in the 2000 most common words
48.0 of words are in the 5000 most common words
54.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
еді. Қазіргі сыйқы, дəл бір үстінен соғыс жүріп кеткендей.
Естиярлар мектепте оқып жүргенде, ауыл балалары көп
қатынайтын мұнда. Сондағылары  шұжық, бəліш, балмұздақ алып жеп,
асхананың тамағын ішу. Төмендегі темір жол станциясына да соны
іздеп барады. Ауылға Мұзбел де, станция да жақын, осы екеуінің
арасына үздіксіз жүріп жататын, түстері бір өңкей сары МАЗ-дардың
біріне жиырма тиыныңды төлеп, жарты сағаттың ар жақ, бер жағында
жетіп келесің. МАЗ-дар асфальтқа су сорғалатып Мұзбелден теміржол
станциясына тас-топырақ таситын. О не қылған топырақ неге тасып
жатады, ешкімнің шаруасы жоқ. Білетіндері  Мұзбелде шахты бары.
Уран деген кен шығады. Сосын білетіндері  Мұзбелді тұрмысқа керекжарағымен тікелей Мəскеу қамтамасыз етеді. Не керек, бəрі бар. Бəрі
импорт жəне арзан. Жұрт “жыртық үйдің құдайын” айтып, соған
қуанатын.
Шал айтқан нұсқамен Мұзбелді көктей өтіп, таудың тастақ жанына
түскен Естияр Мылтықбайдың қонысына тез-ақ жетті. Атты кісіні
байқап, абалаған алпамсадай кəрі төбетпен қоса, үй көлеңкесінде шай
ішіп отырғандар орындарынан өре түрегелді. Малшы жұрттың,
əйтеуір, біреуді күтіп отыратын, біреудің төбесі көрінсе жабыла тұрып,
қарсы алатын қазақы əдеті. Бұл таяп келгенде ғана таныды ма,
Мылтықбай:
– Ойбай, аға… Аға ғой, – деп тұра ұмтылды.
Сол баяғы бойы құрықтай, жүрісі именшек қалпы. Тек шашы жидіп
түсіп қалыпты. “Жасы жетпей мұнікі не?” деп ойлады Естияр.
– Əй, Кəртешбек, Порықбек, Пестенкүл, келіңдер. Естияр көкеңе
сəлем беріңдер. Көкелерің ғой. Анада жорналдан суретін көрсеткем.
Балбала дастарқаныңды… – Мылтықбай үй ішін қақпа тастай қағып
барады. – Кəртеш, төркөрпе…
Сəлемдескенде байқады, əкесінен айнымай қалған Кəртешбектің
қолы тым ұзын екен, үстіңгі ернін бір шүйіріп алып, кеспек
ұсынғандай онысын алыстан ұстата салды.
Порықбегі шешесіне тартқан ба, тапалтақ.
− Сагаумагигім, гөгө, – деді алты-жетілердегі көмірдей қара бала.
– Амансың ба? – Естияр оның қолын сəл жібермей тұрды. – Атың
кім?
– Поргбег.
– Мені білесің бе?
– Бігбеймін.
Келін əне-міне дегенше-ақ, дастарқанын жаңалап, көлеңкенің төріне
екі-үш қабаттап су жаңа құрақ көрпені төсеп тастады. Ортаға гүлді
жайпақ табаққа салынған ыстық қуырдақ та келіп қалды. Тау
сарымсағының өзегін қосып, бірыңғай майға қуырылған тағамның иісі
мұрын жарады.
– Арқардың тоқтысының еті, − деді Мылтықбай. – Итбаспақтың
құзынан түнде келдім. Алыңыз, аға.
– Ойжайлаудың Итбаспағынан ба? Тым алыстау ғой бұл жерден.
– Арқар қазір басқа өңірде жоқ. Ол жерден де жоғалып, Хан тау ауып
кетіп еді, колхоз, совхоздың тұқымы құрып, жайлау шығар малдан
береке кеткен соң, қайта пайда болды ғой. Бірақ баяғыдай үйір-үйір
емес, аздау. Шанда көзге түседі.
Естияр дастарқанға салынған тəттілерді теріп жеп, айналасына
мағынасыз қарап отырған жалбыр шаш қызға қарады.
– Бұ қызымыз сөйлемей қалған, аға. Тілі былдырлап-ақ шығып еді,
жалғыз күнде өзінен-өзі байланды да қалды, – деді Мылтықбай кəрі
жіліктің көк етін көмейлете асап жатып, əбден былқып піскен жас ет
аузында еріп кетті ме, жұтқаны білінбей, сөзі үзілмей ары қарай
əңгімелей берді. – Ауруханаға апардық. Əуре-сарсаңы көп пəле екен.
Тексермегендері жоқ. Біресе анаусына, біресе мынаусына жұмсайды.
Бекер барып, бекер қаралмайсың, ақша төлейсің. Содан, қызымыз
осыдан қайта сөйлеп кетсе жақсы, өйтпесе ше… Өйтпесе жиғантергенімізді құры шаша береміз бе, құдайға шүкір сөйлемей қалды
демесек, тамағы сау, ұйқысы тыныш… Мақаулықтан өлген ешкімді
көрген жоқпыз дедік те, сандалысты қойдық. Қайсы бірде тəуіпке
көрсетіп едік, ана жылы Ауғанстанда соғысып қан көрген пəле екен,
жаман зікір салып, Пестенкүл түгілі өзіміздің зəремізді алды.
– Сəбдешбек əйем мына Кəртешбектің бір қылығын айтады ғой, –
деді Естияр.
– Ол Гəртешбег емес, – деп Порықбек шап етті. – Ол бұга, кага буга.
– Сен гысың, гысың, – деп Кəртешбек інісін иықтан түртіп қалды.
– Əй, қойыңдар тақаспай! Мылтықбай екі баласына зілсіз зекіп
қойды. Сосын бұған қарап: – Əйемнің айтып жүргені Кəртешбектің
бұқа болып ойнайтыны ғой. Осы жаққа көшіп келгеннен кейін пайда
болды сонысы. Ана жылы қожайын əуелі он шақты тана-торпақ
əкелген. Ішінде үш-төрт сиыр, бір бұқасы бар. Дəу қара бұқа.
Кəртешбектің əжетке жарап қалған кезі. Күндіз көбіне малды өрісте
осы қайырып жүреді. Содан бастап, бұ күшік қара бұқа не істесе, соны
істейтінге ұшырады. Келе-келе ұрғашы тана-торпақ көрсе бітті,
тырағайлатып қуып кете беретін пəлені шығарды. Қанша ұрыстық,
қоймайды. Тіпті үдеп бара жатқан соң, қожайынға шынымызды айтып
едік, “ой, бұл не сұмдық” деп біраз жүрді де, ұрғашы тана-торпағының
қу сүйекке айналып бара жатқанын өзі де байқап, оларын амалсыз
алып кеткен. Өзіміздің де жанымыз кіріп қалды. Болмаса, өрісте де, екі
өкпесін қолына алып ұрғашы бұзау-тана қуып жүрген Кəртешбек, үй
маңында да көзі алайып, танауы делдиіп ұрғашы бұзау-тана қуып
жүрген Кəртешбек. Ит-ай…
– Ой жыгды, – деді Порықбек ыржиып.
– Сен жаман, оған күлме, – деп Мылтықбай Порықбекке қарап кеңк
етті. – Өзіңе қарасаңшы. Өзіңше бір тіл шығарып жүрсің, қыңыр-қисық.
Естияр:
– Мұның кей əріпке тілі келмей ме, жоқ əдейі бұзып сөйлей ме? – деп
сұрады.
– Түсінсем бұйырмасын, – деді Мылтықбай. – Бара-бара мүлде ешкім
түсінбейтін, жер бетінде жоқ тілмен сөйлеп кете ме, қайтеді? – деп
Мылтықбай тағы да қарадан-қарап мəз болды. – Ойласам, осы жаққа
көшіп келген соң, біздің үйден басқа бір халық пайда болып келе
жатқандай көрінеді кейде.
– Көл бар дейді ғой мұнда?
– Көкпенбек. Мұндай мөлдір суды көрсем, көзім шықсын.
– Соны көрсем.
– Көрсеңіз, мына тұрған жерде. Балалар ертіп барады, мен мал соя
берейін. Атқа мінесіз бе?
– Жақын дейсің ғой, жаяу-ақ барайық.
Естиярға Кəртешбек пен Порықбек ілесті.
Қырға көтеріле суылдаған бір жел пайда болды. Қай жақтан есіп
тұрғаны белгісіз. Қай жаққа қарасаң, сол жақтан ұрады бетке.
– Гəзір онша егмес, – деді Порықбектің мұрны пысылдап. –
Гішгенеден гейін гатты согады.
Көл шынында да қол созымда екен. Қыр астында оймақтай болып
жатыр. Көкпенбек. Өте ашық та, өте қою да емес, сол екеуінің
арасындағы бір ғажап рең. Түбі түгел көрінеді. Өң бір еш жерлерін
топырақ тұтпаған, мүк баспаған жалаңаш қайрақ тас сайрап жатыр.
Маңайында ұшқан құс, қыбырлаған құрт-құмырсқа сияқты тіршілік
белгісі білінбейді.
– Бұл суда балық, бақа дегендер бар ма? – деп сұрады Естияр
балалардан.
– Жог, – деді Порықбек. – Өгіп галады.
– Өліп қалғаны қалай?
– Ягов Галгутыдагы сугдан багыгтар ұстап əгеліп ішіне гоя беріп еді,
сгазу өгіп галды.
– Ал сендер бұған шомылдыңдар ма?
– Бұгын ылги. Газір папам жігбермейді.
– Папаңның өзі ше?
– Бұгын о да шогылатын. Согдан гейін шашы түгісіп галды.
– Анада арақ ішкенде шомылды ғой, – деді Кəртешбек сөзге
қосылып.
– Агаг ішгенде бəгі шогылады. Мас адамга багыбір. Агуырмайды.
Естияр демін зорға алды. Ұрғашы бұзау көрсе қуалай жөнеліп, бір
артылмаса жаны тынбайтын үлкен бала анау, əр сөзінің ішіне “г” əрпі
түсіп кеткен ортаншы бала мынау, бар тілінен бір күнде айырылып,
мəңгі мақауға айналған қыз… көгілдір əлеміне көз тұнатын, бірақ
тіршілігі тұл көл… Бұл не нəрсе? Неге бұлай?
– Гөгө, – деді Порықбек мұның ойын бұзып. – Сіз өгіметсіз бе?
– Емеспін.
– Неге?
Естияр қапелімде жауап бере алмай қалды. Бергенде не дейді, нені
түсіндіреді. Сосын сұрақты баланың өзіне бұрған.
– Өскенде өздерің кім боласыңдар?
– Гəртешбег бұга болады, – деді Порықбек.
– Кетші-əй, – деді анау ыржиып.
Естиярдың көзі шалбарларын
балаларға түсіп кетті.
шешуге
ыңғайланып
жатқан
– Əй, не істегелі жатырсыңдар?
– Бір сүңгиікші, – деді Кəртешбек.
– Гүн гүйді гой, – деп Порықбек аспанға сығырайды.
– Қойыңдар. Түспеңдер бұл суға ендігəрі. Қане, қайталық, – деп
Естияр орнынан тұрды.
– Бігаг сүгиікші, гөгө, – деп Порықбек ыржиып тұр.
Бұлар келгенде Мылтықбай сойылған семіз тұсақтың етін жайғап,
Яков арқар тоқтысының сан ет, сүбелеріне құйрық май қосып кəуапқа
дайындап, Балбала жүні жұлынған үндіктің сыртын жалынға ыстап,
ала шапқын болып жатыр екен. Еш қаперсіз. Барға бəріне разы кейіп.
Не істеп жатыр, содан өзге еш нəрсе керек жоқ. Ертең қайтеді, бүрсігүні
не болады, шаруалары жоқ.
– Көке, келіңіз, үйге, төргі бөлмеге көрпе төсеп, жастық тастап
қойды, мызғып аласыз ба біраз, – деді Мылтықбай. – Əлде, шай
əзірлетейін бе?
Естияр аяқ созғанды дұрыс көрді. Үй іші тап-таза, сап-салқын. Ақ
сейсеп, құс жастықтан тазалықтың жеп-жеңіл жұпар лебі білінді.
Бірақ жаны жаман құлазып, ой-санасы безбен күндердей береке
таппай бебеулеп жатты. Оған көп ұзамай дүниенің беті қай жағыңнан
соғып тұратыны белгісіз аңызақ жел мен айналасында қылпып алары
жоқ көлге айналып кететін сияқтанады. Мұны бірақ бағамдап жатқан
кім бар? Неге жұмыр басты пенде бейғам? Айналасына жаппай
ақылмен, абай қарайтын кездері бола ма?
Сандаған сұрақтардан сансырап көзі ілініп кеткен Естияр түс көрді.
Айнала қалың тұман. Айналасы тұлдыр оймақтай көгілдір көл
көпіршіп, көкке қарай көтеріле-көтеріле бері қарай лап қояды.
Жолындағының барлығы қурап-семіп, солып, қурап жатыр… Солардың
арасында Кəртешбек ұрғашы қызыл бұзауды қуалап, Порықбек "бұга,
бұга" деп айғайлап, Пестенкүлдің қолы жан-жағына ербеңдеп, ала өкпе.
Қай жақтан екені белгісіз бір сұмдық аңызақ жел де аңырап қоя
берді. Аңырап… Арыда топырақ па, құм ба, күл ме, бір қалың, қара тозаң
келеді жайлап. Əне-міне… Əне-міне…
Бір қияр, екі жұмыртқа,
Ботабай
Жаздың қайнаған ортасы. Үшінші қабаттағы пəтердің іші түн
жарымына дейін қапырыққа лықып, өкпең қабынады да жүреді.
Ботабай душқа түскіш. Əйелі екеуі ваннаға кіріп, суды алма-кезек
сарылдатады келіп. Үлкен ұлдары шалдың қолында еркін өсіп,
бұларды онша мойындай қоймайтын дүлейлеу еді: “Қосмекенді адамға
айналып кетпеңдер”, деп тырқылдай береді. “Əй, қосмекендің не пəле?”
дейді Ботабайдың екі ұрты домбығып. “Амфибия…”
Ботабайдың есіне “Человек-амфибия”, деген фильм түседі. Ғажап
қой. Суда да, құрлықта да. Су астындағы інжу-маржанды сүзіп əкеліп
тұрсаң… Сатасың. Абайлап, ақырындап, ақылмен, əрине. Ал енді байы…
Шіркін-ай! Осы жұрт су астына түспей-ақ бұл жүрген жерде жүріп, бұл
жатқан жерде жатып-ақ байып жатыр. Мына қарама-қарсы есіктегі
жүгермекті қарашы. Бесіктен белі шықпай мінгені “Мерседес”, үстібастары үлде мен бүлде. Əйелі жазы-қысы дүкеннен шықпайды. Бұ
қаланікі аздай, ай сайын жер түбіндегі Алматының дүкендерін адақтап
қайтады. “Не ала береді екен?” деп бұл таң қалатын. “Не ала беретінін
қайтесің,  деді мұның сары қарын, сал бөксесі,  сен мынаны тыңда: О
қаншық бұтына бір мың долларлық дамбалша киеді əуелі.” “Қойшы-ей!
Ботабай селк ете түседі. – Ондай да дамбал болушы ма еді?”
“Дамбалша де.” “О не сұмдық?” “Құйрық пен қуықтың қималарын ғана
ілдəлап жауып тұратын арты мен ауы қылдай лыпа.” “Сол мың доллар
тұра ма?! Сен де айта бересің осы.” “Əй сенбесең, сұра.” “Кімнен?”..
Кейін былайғы жұрттан естісе, ондай дамбалшаның болатыны да,
сатылатыны рас екен. “Соған бола, сонша ақшаны”, деп жатып жыны
келген.
“Байлық бірақ не істетпейді”, деп қояды Ботабай іштей. Ақшаның
күші сұмдық. Сол сұмдық бұған қашан қара көрсетеді? Көрсете ме
жалпы? Жас болса, ентелеп кетіп барады. Уыстағанда алақанына
сыймай, сыртына бұрқырап шығып кететін ақшаны тумысында ұстап
көрген емес. Былай тартсаң былай, олай тартсаң олай жетпейтін
айлықпен жаяу жалпы балпаң-балпаң басып келе жатқанына қанша
жыл. Құрғыр қызметі бір өспеді. Тіпті бөлім бастығына жете алмады.
Қатардағы қызмет мұның маңдайына мəңгілік қашап жазылып қойған
сияқты. Қарсыдағы жүгермек қой, қойны-қонышы майға шылқыған
мекеме басшысының орынбасары. Сонда кеше туып, бүгін не тындыра
қойды. Əлде бүгінгілердің туысы бөлек пе. Аузы-басы қан болып бұлар
шыққан жерден шыққан шығар-ау олар да. Ал сонда туа сала ту
ұстайтындары ненің құдіреті? Осы жүріс, осы табыстарымен күні
ертең жеке зымыран сатып алады əлі. Ал сен жүр, елуден асқан
жасыңда мекеме мен пəтердің екі ортасында ішінде не өспейтін, не
өшпейтін күнің үшін қатының қарғап-сілеп салып берген ұрықтанып
кеткен жалғыз жуан қияр мен піскен екі жұмыртқа салынған пакетті
сүйретіп, аялдамадан аялдамаға дейін айнала тұрғандарға аяғыңды
таптатып. Ой, атасына нəлет бұл тірліктің!
Ботабай осы зарды талай қайталады ғой. Одан бірақ не шығады.
Маған десең асылып өл, атылып арам қат, ешкім “е, байғұс-ай!”
демейді. Деп жілігі татитын қызмет бере салса, қане. Бере
салмайтынына əбден көзің жеткенде, қарадай қаның қарайып жүреді
екен. Біреудің күлгені де, жылағаны да жақпай жағасынан ала түскің
келіп жынданасың. Өзінен абыройы жоғары, бастықтан ылғи мақтау
естіп отыратын қызметтестерді ит етінен жек көретін пəле
үйірсектеді. Құдайдан осылар жазылмайтын дертке ұшыраса, ішіп
кетсе деп тілейсің. Əсіресе бөлім бастықтары, орынбасарлар сөйтсе
деген есіл-дерті “ертеңнен салса, кешке озады да” жүреді.
Жанын жалғыз өзі жесе бір жөн, қапталдасып келіп қатыны
қосылады. Бұған баяғыда-ақ: “Əй, рядовой”, деп ат қойып алған. Шыны
сол ғой. Ал шындық кімнің аузымен, қалай айтылса да дымыңды
шығармайды. Мұның жағы қарысқан күннен қатыны өмірі галстук
тастамайтын мойнын жайына қалдырып, қақ төбесіне шығып алған.
Содан ба, анау шаңқылдай бастағанда, мектеп директорынан соңғы
сөгіс естіп тұрған оқушы баладай басынан қолы кетпейді. Баяғыда осы,
кез келген жеріне тиіп кетсең, сықылықтап қоя беретін саны шидей
сары қыз еді, енді қуырып жей берген макаронның əсері ме, қол-аяғын
байлап тастап, бастан-аяқ қылмен қытықтасаң да езу тартпайтын
санының жуандығы сала құлаш сары қарын қатын.
Ботабай ай сайын екі əйелдің алдында қаздиып отырады. Бірі 
мекеменің кассирі, бірі  өзінің сары қарыны. Бірінен айлығын алады,
біріне оны апарып береді. Санап. Кассир айлығын екі қайтара санайды,
бұл  үш. Ұзын саны бес. Қанша санасаң да 20 мың теңге. Одан
азаймайды да, көбеймейді. Ботабай алдына қағаз жаяды. “Так,  дейді
əуелі.  Менің твердый айлығым мынау, оған қосылғаны анау, барлығы
болады былай… Қалғаны?..” Кассир қабағын шытынады. “Аға-ау,
зейнет қоры, кəсіподақ жарнасы, подоходный налог деген бар ғой”.
“Сен тиынына дейін нақтылап айт, тізімдеп жазып алайын”, дейді
Ботабай. “Сенбейсіз бе?” “Мен сенгенмен үйдегі прокурор сенбейді.”
Кассир келіншек қағынды: “Əйелдің дұрысын алмаған екенсіз, ə”.
“Дұрыстарын пысықтар алып кетіп, бізге қалғаны сол болды”,  деп, бұл
қалам ұстаған қолын құс қанатындай əуеге бір қағып алып, тізбесін
жасайды.
Кешкісін, жұмыстан келген соң, ас бөлмесінде макаронның иісін
бұрқыратып қойып бетінен түгі шығып отырған қатынының
қарсысына келіп қаздияды. “Алдың ба?” “Алдым.” “Əпкел.” Береді.
Қатыны айлық ақшасын екі-үш қайтара санайды. “Осы-ақ па?” “Ай
сайын алып жүргеніміз ғой, қалғаны, міне.” Ұсталып қалғандардың
тізімін де қатыны екі-үш қайтара тексеріп шығады. “Берекесіз
айлығыңның берекесін кетіріп беретіндері не,  дейді сосын.  Едіреңдеп
кіргеніңе қарап, қызметақысы өскен екен деп қаламыз”.
Ботабай не уəж айтады. Іші қыз-қыз қайнайды. Қатынын жақтан
тартып-ақ жіберейін десе, пəленің тамыры жуандап кеткен. Бастығын
жағадан алуға, о пəленің тілі шыққанды оңаша қалдырып ап баспен
ұратын пəлесі бар. Онымен қойса жақсы, қызметіңнің кез келген
жерінен тауып алған кем-кетігіңмен мойныңа іліп қойған екі сөгісіне
үшіншісін қосып, автоматты түрде көзіңді көкшитіп, көтендігіңнен
тебеді де жібереді. Сосын қайтеді. Ара-кідік арасында алты түйір еті
бар макаронды, не күрішті, не картопты бұрамайлап ұрып алып, түн
баласы өлі ұйқыны соғып, ертесіне ішінде сəл-сəл ұрықтанған жағы
қияр мен піскен екі жұмыртқасы бар қара пакетін салақтатып
аялдамаға қарай кетіп бара жатады. “Құдай салды, ол көнді”.
Жо… жоқ, айналайын, құдай көз жас, мұрынбоғыңды əйтеуір бір
көреді екен. Ботабайдың да жұлдызы туған сияқты. Осы бүгін
ертеңгісін қазіргі бастықтары зейнетке кетіп, оның орнына мұнымен
бес жыл институтта бірге оқыған, бір пəтерде бірге жатқан курстасы
келетін болды деген хабардан аузы аңқайды да қалды. Есеңгіреп, есігін
тапса, қане. Бұл қуаныш дегенің де басты айналдырып жіберетін
құдірет екен. Əлтек-тəлтек басып, ұзын дəлізде ары да, бері жүріп
алды. Неге өйтіп жүргенін өзі де аңдамады. Əншейінде орнынан өлсе
шықпайтын Ботабайдың мына қылығын кімнің қалай пайымдағанын
құдай білсін, анау аузы ұрғашылардың аузынан да жылдам, жұдырық
бас жұлыны үзілгірдің: “Бөкеңнің тоңқаңдауы жаман, топалаң тиген
бе?”, деп бара жатқанын естіп есін жиған. Жұмыс бөлмесіне еніп,
қарама-қарсысындағы зейнет жасынан асып кетсе де, “өлігім осы
жерден шығады”, деп бұл мекемеден өлмей кетпейтінін анаған да,
мынаған да сұқ саусағымен жерлесі отырған əкімият ғимаратына
нұсқап қойып, айтып отыратын көзілдірікті көксақалға қарап:
“Солай…”, деп мыңқ етті. Көктұқыл əңірейді: “Қалай?” “Бастығымыз
өзгеретін бопты.” “Келе жатқаны басымызға көктас қояды деймісің…
Оны да саз балшықтай илеп аламыз. Қырып бара жатқаны жоқ, атызаты шықпаған көптің бірі көрінеді оның”. “Опытный деседі.”
“Шырағым, бастық адамға опыт емес, от керек, сүйген жерін күйдіріп,
тиген жерін жидітіп жіберетін.”
“Бұл қарт оны ұнатпайды екен”, деп қойған Ботабай іштей. “Тоқта,
бəлем! Кетсең кеттің бұл жерден, өйтпедің бе, өлігіңді сүйреп
тастайтын күн туады, ит. Қойбағар келсін əуелі”.
Содан күні бойы байыз таба алсашы. Түскі үзілісте есікті іштен іліп
алып, столының үстіне баппен жайып қоятын ұрықтанып кеткен
кішігірім қауыннан сəл кіші жуан қияр мен екі жұмыртқасы бұ жолы
желінбей, қара пакеттің түбінде қала берді.
Қойбағардың үйіне телефон шалмақ болып, сан оқталды, бірақ
өйтпеді. Өйтпегені  бір қалада тұрып, оқта-текте кездесіп қалғанда қол
алысқаны демесе, алып бара жатқан аралас-құраластықтары жоқ еді.
Одан да кешкісін əйелін кісіге ұқсап ертіп, кіріп шыққанды дұрыс
көрді.
Əйеліне телефон соққан. “Мен ғой.” “Е, не болды?  деді қашанда
сіркесі су көтермейтін онысы.  Сонша əңкілдеп”. “Құдай берді”. “Нені?
Алтынды ма, күмісті ме?” “Қойбағар бастық болып келгелі жатыр
бізге.” “А…  əйелі сəн үнсіз қалды.  Анау өзіңмен бірге оқыған Қойбағар
ма?” “Иə, соның өзі.” “А…  əйелінің дауысы бəсеңдеді.” “Кешкісін үйіне
кіріп шығайық.”
Содан мана жұмыстан соң келсе, өмірі макароннан көз
аштырмайтын əйелі ішінде асықты жілігі бар ет асып қойыпты.
“Кісіге”, деп бар етті аса қоюы қиын еді. “Біз кісі емеспіз бе?” дейтін бұл
кейде жүрегі сазғанда. “Өз үйіне өзі кісі болғанды қайдан көрдің!” деп
қағып тастайтын. Ендігісі мынау.
− Бөтен үйге барғанда отыз екінші жылғы ашаршылықтан
келгендей, аузы-мұрның шуылдап, шүйгіп кетуші едің, үйден тойып
ал,  деді салбөксесі.
Асықты жіліктің көк етін
Тойбазардың ұрты қомпаңдап:
түгел
аузына
тығып
жіберген
− Орын.. ба…  деп келе жатып, екі ұртына алма-кезек жүгіріп жүрген
кесек ет шайнауы жетіспегендіктен жұтқанда тамағынан өтпей қалды
ма, екі көзінен жас парлап қоя берді.
Əйелі желкесінен қойып жіберген.
− Шайнап-шайнап жұтсаңшы, айналайын.
− Қолың зілдей ғой.
− Кісінің кім екені кез келген қылығынан-ақ ұшқындап тұрады. Сен
аузыңа апарып салып бергеннің өзін шайнай алмайсың, ал елдің еркегі
шайнамай-ақ жұтады. Ет түгілі, жіліктің өзін қылғытып жібереді.
Бастық болып жүрген, əне, солар…  деп əйелі таңқы мұрнын тартып
қойды.  Жаңа қақалып-шашалып, қарадай өле жаздағаныңда, не
айтайын деп едің сонша?
− Орынбасарлықты сұрасам…
− Бөлім бастығына жетіп алсаңшы əуелі.
− Бес жыл бір нанды бөліп жегенде, орынбасарлықты қияр. Керек
десең, бес жыл екеуміз үшін мен оқығанмын.
− Ол космоста ұшып жүрді ме?
Майлы етке мелдектеп алған Ботабай сорпа ішпестен тұрып кеткен.
Содан бері балконға шығады, қайта кіреді…
− Əй, рядовой!  деген əйелінің дауысы естілді.  Əй, сағатың тоғыз
болып қалды ғой.
− Киінейік пе?
− Жоқ, шешін.
Қап, мына қатын ба… Оң сөзі таусылып қалған албастының аузын
ашса артына қарай шаптырады.
Екеуі жолай дүкенге соғып, Қойбағардың қатынына гүл мен қорап
шоколад алды.
Бұлар келгенде Қойбағар мен əйелінің кешеден бергі өзара “менің
інімді жұмысқа ал”, бірі  “туыстарды алуға болмайды”, деген
қырықпышақтары сəл саябырсып, екеуі екі бөлмеде  қатын төсекте,
еркек диванда жатқан болатын. Есікті Қойбағардың өзі ашты.
− Оу, қайдан жүрсіңдер?  деген өрт сөндіргендей өңіне дереу күрең
күлкі жүгіріп.  Сағымбала-ей, шық бері, қонақ келді.
− Əпкелші қолыңды,  деді Ботабай əңкілдеп.  Құдай бізді де
жеткізген шығар.
− Əуелі креслоға отырайық та барып.
− Отырсың уже.
Қойбағардың Сағымбаласы осы қазір ботадай боздап отырса, ілешала сықылықтай салатын əртіскештеу əйел ғой, жаңа ғана байының
қойнынан жанып-күйіп, жаны кіріп шыққандай жайраң-жайраң етіп,
қонақтарын төрге шығарды. Ботабай мен əйелі мұншалық құрметті
күтпеп еді, əжептеуір ыңғайсызданды. Бəлендей сіз, біз десіп, дəм
татысып жүрмеген соң мына пейілге сасқалақтап қалсын.
Дастархан жайылды. Үсті толды. Екі арада Қойбағардың телефоны
үш-төрт жолы безілдеді. Бəріне де “Рақмет, рақмет”, деп жатыр.
− Құттықтаушылар көбейіп жатқан шығар,  деп қойды Ботабай.
− Сөйтеді ғой,  деді Қойбағар.  Телефонға маза жоқ болып тұр.
− Біз өзіміз келіп құттықтайық дедік.
− Басқаны қайдам, сенің жөнің сол емес пе.
Қойбағар сап түзеген шөлмектерге қол созды.
− Қайсысынан?
− Ойбай, оны жеті жылдан бері татпай кеткем.
− Баяғыда екі кружка сыра ішсең, ылғи жеті атаңды түгелдей алмай
жылап отырушы ең.
− Ой, сен де қоймайды екенсің, қайдағыны,  деп Ботабай кеңк-кеңк
күлді.
− Бəйбішең де ішпей ме?
− Жоқ, бұл енді аздап…  деп Ботабай əйеліне қарады.  Иə, осындайда
нетеді…
Ішім-жем үстінде өткен-кеткенді айтумен біраз уақыт өтті.
Ботабайдың əйелі күйеуінің аяғынан басып қойған.
− Менің ана мекемеде жұмыс істеп жатқаныма талай жыл,  деді ол. 
Қатардағы қызметкерден қарыс өсірмей қойды. Кеткелі жатқан
бастығымыз айналасына өң өз руластарын жинап алды. Солар өсті.
Менің де бар екенімді есіне салмақ оймен жылда кірем. “Сен осы
жүрісіңе тəубе қыл”, деп ит терімді басыма қаптап көзін алайтады.
Балалардың бірі анда, бірі онда, ай сайын алақан жаяды да тұрады.
Қатардағының айлығы қай оңған.
− Сонда айлығың қанша?
− Жиырма мың.
− Мəссаған,  деп Қойбағардың əйелі бетін сызды.  Біздің комуслугаға
төлейтіннен бес-ақ мың артық қой.
Ботабайдың əйелі қол орамалымен көзін сүртті. “Мына иттің
қатыны жылаған сыңай танытып… Əртіс пе, о несі?” деп Ботабай іштей
жаман таң қалды. Қырып-жойып отыратын зəрлі ұспыны із-ғайым,
моп-момақан, мүсəпір кейіп.
− Қу тіршілік… Ертеңгісін жұмыс, кешкісін үй… Соңғы біраз жыл
етене араласа алмай қалдық. Бірге туғанның өзін шанда бір көреміз.
Сенсең, ауылыма бармағаныма төртінші жыл. Бір жыртығымды жамап
бітірдім-ау дегенде, келесі жағы дырылдап қақ айырылып тұрады,  деп
Ботабай шайдан бір-екі ұрттап қойды.
“Құдай-ау, мынау менің байым ба?” деп əйелі басқа адамды көріп
отырғандай байының бетіне ұзақ үңілді. Бұл қашаннан бері тігісін
жатқызып сөйлейтін болған. Тіпті қырғыздардың ет турасындай үгіп
кетіп барады ғой. Бадырақ көзінің астындағы балпиған беті байсалды
жанның байыпты жүзіне айналыпты.
− Бірақ Красина 70-тегі бес жыл бірге жатып тұрған пəтердегі
татысқан дəм-тұз əрдайым көкейде. Бірде ауырдың ғой қатты.
Университеттің қарсысындағы пельменныйдан тамақ ішіп келе
жатқанбыз. Тура асфальттың ортасында шалқаңнан түстің. Оң жағың
парализовать етіп… Аурухананың төсегінде шалқаңнан жаттың. Екі
күннің бірінде барып сақал-мұртыңды қырып беремін…
− Құдай сақтады сонда,  деді Қойбағар.  Төрт айда зорға тұрдым емес
пе. Одан ары тағы үш-төрт ай ұмытшақ болып жүрдім ғой. Кісінің, қала,
ауылдардың атын есіме түсіре алмаймын. Əйтеуір жас организм жеңіп,
жан қалды. Сенің сондағы жолдастығың есімде.
− Алып қоюдың реті келді-ау деймін.  Қойбағардың нақсүйері стакан
көтеріп,  Қане,  деп қолын Ботабайдың əйеліне созды.  Осыны
тауысшы.
− Мен əуелі отырып алайын,  деді Қойбағар Ботабайға.  Бір ай
конкурс мерзімі бар. Сосын ретін келтіреміз.
− Не қылса да орынбасарлыққа бір-ақ ұрсаңшы,  дегенде
Ботабайдың бадырақ көзі сыртына ыршып шығып кете жаздады.
Қойбағар закускалатып отыр еді, аузындағысын жұта алмай біраз
ұстап қалды.
− Дос бар, дұшпан бар, шляпалары теріс айналсын…
Қойбағар аузындағысын зорға жұтып:
− Ол жағын енді… Ой… лану керек,  деді.
− Ойланып-толғанып жүретіндей несі қалды. Өзіміз де бес-алты
жылда зейнетке шығамыз.
− Соны айтамын-ау,  сөзге Қойбағардың əйелі кимеледі.  Қазір
жұмысқа біреуді ойланып-толғанып қабылдап жатқан ешкімді
естімедік, жанашырларын жинап жатқан жұрт. Бір адам таққа отырса,
қырық атқа мінеді-ні айтқан қазақтың өзі.
− Пəтеріміз, сол баяғысынша екі-ақ бөлме,  Ботабайдың əйелі
күрсініп қойды.  Үйде үлкен бала. Кентаудағы қызымыз күйеуінен
ажырасып қолымызға келгелі жатыр үш баласымен.
Бұлар қайтарда Қойбағардың айтқаны: орынбасарлықты ойланады.
Ал бөлім бастығына жүз процент уəде.
− Сен онда ұзақ жыл істеп жүрсің. Рулықтың үдеп тұрғанын өзім де
еститінмін. Тағы, тағылары… Əсіресе кімнің кім екені үлкен мəселе.
Информация өзіңнен,  деді Қойбағар.
Ботабайдың бадырақ көзі бал-бұл жанды.
− О жағын маған жібер. Тастай етіп дайындап қоямын.
Осы түні бұл анда-санда оқырана қалғанда “оныңды қойшы,
айналайын”, деп теріс айнала салатын əйелі өзі ұрынып: “Бері
жатшы…” деді.
Ертесіне күн сенбі еді.
Дүйсенбіде Ботабай судай жаңа киініп келді. Қолында қара пакет
емес, қара портфель. Ботабайдың мына жүрісіне көздері үйренбеген
мекемедегілер аң-таң. Қол алысқандарының сұрайтыны:
− Бір жаққа жол жүремісің?
− Ей, сенің бүгін туған күнің бе еді?
− Қашан, қаншаға алдың мына костюмді?
Алайда қызметтестерінің көбірек көңіл бөлгендері  қарны қампиған
қара портфель. Қара пакеттің ішінде не болатыны белгілі еді, қара
портфельдің ішінде ше?..
Бөлім бастығы болатыны жүз процент шешіліп, орынбасарлықтың
соншалық алыс еместігіне көздері жетіп, саны жуан сары қатынының
“бері жатшы”-сымен бебеулеген түннің ар жағы ерлі-зайыптардың таң
бозарып атқанша Ботабайдың ендігі жүріс-тұрысы жайлы жоспарын
жасауға жалғасқан. Қайсыбір жылы сатып алынып, күн сайын тазалап,
үтіктеумен ғана жаны қалып жүрген қоңыр костюм мен боз шалбар
енді үй шаруасына лайық. Қара пакет бөлім бастығы ұстап жүретін
бұйым емес. Керегі қолға ұстайтын, іші екі-үш бөлімнен тұратын
портфель. Оған бұрынғыдай қияр, жұмыртқа салынбайды, бөлім
бастығы тауық еті немесе шұжық, таба нанмен ауқаттануы тиіс. Темекі
де өзгереді. Бөлім бастығы аузының қуыс-қуысын қиқымына
толтырып, бас бармағы мен балаң үйрегінің басын сап-сары қылып
жүрмейді. Жұмыс пен пəтердің екі арасында əзір таксилетуге ерте,
бірақ абажадай автобусты “Газельге” ауыстыру қажет.
Бұл темекі шегетін арнайы бұрышта сигарет бұрқыратып тұр еді,
жұдырық бас жүгермек келді қисаңдап:
− Бөке, темекіге дейін өзгерткенсіз бе?
− Өзгерсе, қайтеді?  деді Ботабай жақтырмай. Ішінен айтқаны:
“Қойбағар келген күні осы елдің арасына сөз тасығыш қуды қоңыз
тергізіп жіберу керек”.
− Жəй, сұрағанымыз ғой,  деді анау майысып.
− Өзіміз біреу жүн жеп, жабағы нетіп жүрсе де үндемейміз,
айналайын.
− Ойбай, Бөке…
− Жə, шаруа көп, бала,  Ботабай жаңа туфлиінің өкшесін сықырлатып
өзінің бөлмесіне бет алды. Еніп, орнына отыра сала мекемеден қуылуға
тиіс қызметкерлердің тізімін жасай бастады. Қарсысындағы өлсе өлігі
осы мекемеден шығатын көктұқыл көзəйнек кигеннің көрмейтіні жоқ
еді:
− Ведомость жасап отырсың ба?  деді мұрны сəңкиіп.
− Сіздің шаруаңыз  өзгені аңду ма?  деп қопаң еткен.
Күні кеше басына ұрып жатса, мыңқ етпейтіннің қоқаңы көктұқылға
ұнамай қалды.
− Əй, сенің дауысың аяқ асты неғып жуандап қалған, а?!
− Мақау деп пе едіңіз?
− Мəссаған… Жаңа костюм кидім деп қырамысың мына елді. Байқа,
сен. Қолыңнан бəленшем де келмейді. Əйтеуір, мына мекемені адаспай
тауып келіп жүргеніңе мəзсің.
Ботабай үндемеді. “Ит көктұқыл, сенің де күнің жақын”, деп оның
аты-жөнінің тізімнің ең басына апарып жазды.
Түс əлетінде əдетінше бөлменің есігін іштен іліп алып, қатыны
салып жіберген ас мəзірін алып, дастарханын жасады. Тауықтың булап
пісірген бір бұты, таба нан, екі помидор, бір жас қияр… “Бұ қатындар
тиюін байға тигенімен, қызметке қатын болады екен ғой”, деп қойды
аздап дауысын шығарып.
Асықпай ауқаттанып отырып жасаған тізіміне көзін салса,
мекемедегі қызметкерлердің тең жарымынан астамы жазылыпты.
“Ойпырай!  деп ойлады,  мына мекемені өңшең ит пен құс иектеп
алыпты ғой. Бəсе, жұмысы неге өнбейді десе. Өң бір кəртеміс,
көктұқыл. Керек болса, мұның өзі елуден асып кеткен. Ең жас
дегендері немере сүйіп отыр. Құдай-ау, енді аз болмаса, мекеме “Дом
престарелыхқа” айналыпты. Сосын бəрі де мұның өзі сияқты əйтеуір,
келіп-кетіп жүр. Жұмысқа шетінен тиіп-қашады. Есептеген, талдаған
болады. Аздан кейін тастай салып, бас қосып қайта-қайта шай ішеді.
Құры ішпейді. Айналада не болып жатыр, кім кетеді, кім келеді…
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 10
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.