Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 23

Total number of words is 3858
Total number of unique words is 2234
34.3 of words are in the 2000 most common words
48.6 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
анадан да, мынадан да оны-мұны сұрай береді екен ғой деген ой. Ал
жанына жаққаны – тəтейінің бұдан сабақ сұрамайтыны, тоқсан сайын
төрт шығатыны. Сонда мұның балғын жан-дүниесінде жұмысын істеп
берсең, жаның қиналмайды екен-ə, деген беймəлім де, бейбақ бір сезім
лүп еткен. «Ал» десең, оның не шаруа екенімен ісі жоқ, тұра
шабатынын бірінен бірі естіген мұғалімдер ендігі жерде кезек-кезек
жұмсайтын болды... «Таңқиев, əй, аулада алақандай жоңышқа бар еді,
соны келіп шауып тастай салшы». «Таңқиев қарағым, біздің үйдің
оншақты қой-ешкісінің оймақтай қорасының көңін аударып беріп
кетші, осы қазір келіп, айналайын...» Осылай кете береді. Тілалшақтікі
не... Жазған құлда шаршау жоқтың кері. Əйтеуір, қай сабақтан да
бірыңғай төрт. Не себепті бес қоймайды екен, деп те ойлайды. Əлде,
жұмыстарын жақсы жасай алмай жүр ме. Не десе де, бұл сабаққа
қатыспаса да, жөндеп оқымай-ақ, мұғалімдердің анда бар, мұнда кел,
ананы шап, мынаны оры-мен он жылдықты бесі болмаса да, екі мен
үші жоқ бағамен аяқтап шықты. Сонда қаперіне алып, қатып-семіп
қалған байламы – институтта да өстеді. Олар да адам. Олардың да
шаруасы шаш етектен. Оларға да жұмсайтын, жұмсаған жақтарына
аяқ-қолы жерге тимейтін біреу тегі керек. сөйтіп институтқа дейін-ақ,
оның денінде біреудің өзін жұмсағанын асыға тосатын əлдебір
елеңдеп, елегізу мінез пайда болған. Сонысын медет тұтатын. Демеуі,
сенері сол ғана болып қалып еді. «Ал кеттім, Алматыға» дегенде,
көшеге үстіне жақсы киім киіп шығуға ұялатын əкесінің мұны қимай
көзі мөлтең-мөлтең етіп... Ал көрші-қолаңның өзгедей дері бар екен.
Сондағылары, бұлар енді мұны жұмсағандай жұмсайтын, жұмсағанда
бұл ұқсап жүгіре жөнелетін кім қалды?.. Соны естігенде төбесі көкке
сəл тимей... Өзіне өзінің жүрегі елжіреп, бауыры езіліп, көңілі босады.
«Кеп тұрам» деп кемсеңдемесін бе.
Айтпақшы, сол Алматыға оқуға барамын, деп бірақ ненің оқуына
баратынын білмей, біреу сұраса «Көрем ғой-дан» əрі аса алмай, əрісəрілеу жүргенде, бұларға жамағайын болып келетін, осы ауылдан
шыққан тұңғыш замдеканның келе қалмасы бар ма. Əкесі мұны бас
салып соған қарай сүйрелей жөнелді. «Құдай өзі айдап келді, – деп
елпілдеді. – Ананың да, мынаның да бетін қайтармай шапқылап
жүргеніміздің өтеуі».
Замдекан төрде көп қабаттап төселген көкқұрақ көрпенің үстінде
көкала жастықты қолтығына тығып алып көлденең жатыр екен. Əкесі
барған бойда сөзбен бас салды: «Мына жалғызды не Алматыңа алып
кет, не мені көміп кет. Сүйегі менікі, еті сенікі. Ұр, соқ, əйтеуір
үністүтіңе кіргіз мұны. Əтістəті мынау – өріп жүрген өң төрт». Бұл неге
екенін, Замдекан көз салғанда ыржиған. «Ынжық емес пе?» деп қалды
анау. «Ылғи емес, – деді əкесі. – Қазір ұялып тұрса, онысын қазір
ұмытып кетіп, неғылатыны да бар... Ал енді бар ма, менен де асқан
тілалшақ, сұра мына елден. Жер түбіне жұмса, керек болса. Барып та
келеді, алып та келеді. Тап дегеніңді табады. Түбіміз бір –
Тұрағұлмыз». «Келсін. Көрелік» деген замдекан тілдей қағазға
телефонын жазып беріп жатып. «Бір сауғанда қара қазанды
толтыратын қарала сиырды сатып, қалтасына салып беремін,
қарағымның,» – деп əкесінің қуанғанынан əптер-тəптері шыққан.
Алып-ұшып Алматыға жеткенде, замдеканның алғашқы сұрағаны:
«Қалтаң қалай, бала?» «Қарала сиырды сатқанбыз»деді бұл. «Онда,
əуелі пəтер іздейік».
Бақса, замдекан қатын-баласымен баяғыда ажырасқан. Одан кейін
де екі-үш əйелмен дəмдес-тұздас болыпты. Болғанда пəтері бар балалы
əйелдермен. Біреудің қатыны болған саған да қатын болғанымен,
баласы – бала болмайды екен. Содан кейінгі жерде бұрын да бала
тумаған, енді де тумайтын, бірақ пəтері бар қатын іздестіріп жүрген
жайын айтты. «Ол табылғанша екеуміз пəтер жалдап тұра береміз»
деді. Сосын мұның қандай мамандық алғысы келетінін сұраған.
«Білмеймін» деп бұл шынын айтты. «Түсінікті, – деді ол. – Онда өзім
қызмет
істейтін
тіл,
əдебиет
факультетіне
тапсырамыз
документтеріңді». «Мейлі».
Қайсыбірде білім деңгейін сынап көргісі келді ме, сұрады:
«Қобыланды батыр эпосын білетін шығарсың?» «Тайбурыл деген аты
бар ғой, оның». «Құртқаны ше?» «Қатыны ма?» «Өй, – деп қалды анау,
сосын ары қарай сұрады. – Соның образын айтшы». «Кімнің?»
«Құртқаның». «Жаңағы ғой ол». «Жаңағың не?» «Қатыны».
Замдекан күліп жіберді. «Сен өзің мектепте... Өріп жүрген өң төртті
өзің алдың ба? Шыныңды айт» деді. Бұл ыржиған. «Түсінікті...» деп
замдекан күрсінді. Екі-үш күн өткеннен кейін: «Документтеріңді
сырттай оқытатын бөлімге тапсырамыз. Өйтпесек, сенің жағдайың
қиын екен, – деген. – Əзірше, екеуміз екі жақтап, пəтері бар, бала
тумайтын қатын қарастыра берейік». «Қатырамыз» деген бұл.
Артынан ойласа, бала тумайтын, пəтері бар қатын табу барып кел,
алып келге тəн қатыра салатын шаруа емес екен. Пəтерінің бар-жоғын
білуді қойшы, бала тумайтынын қалай білуге болады. Қайтып, не деп
сұрайсың. Қарастырып жүрген болып, қаңғып-қаңғып қайтып келетін.
Басқасына жұмсаса деп тіледі. Бара алатын мен ала алатынға жұмсаса
ғой, шіркін. Соған қарай екі етегі делеңдеп кердең-кердең, табаны
қызып, қолтығы жіпсіп, танауы шуылдап, жағасы жайлау жарқ-жұрқ
келе жатса...
Зары құдайдың құлағына жеткен шығар, қайсыбір күні замдекан
«Бала, сапарға жинал» деді. «Қатырамыз» деді бұл қайда барып, не
қоятынын сұрап-біліп жатпай-ақ. Замдекан айтса, сапардың мəн-жайы
мынандай: Декан биыл алпыс жасқа толмақ. Соның алдында туған
өңірін аралап қайтпақ. Қасына үш-төрт дөкей достары ілеспек. Соларға
қосшы бала болып барады бұл. «Қатырамыз» деді бұл, тағы да.
Содан ілескен дөкейлерге. Дөкейлердің жол бұйымдары, киімдері
салынған екі қара чемодан қолында, арқасында рюкзак бүкшеңбүкшең бүлкілдің қызығын енді көрді. Қолым ойылды, қолтығым
сөгілді дейтін емес, қайта жадырап, жаны кірді. Шəйін тасыды, арақшарап құйды, костьюмін кигізіп, галстугын тақты. Олар демалып
қалған соң түннің бір уағына дейін киімдерін үтіктеп, бет орамалдары
мен носкилерін жуып, бір тыным тапқан жоқ. Жəне осының барлығын
жан-тəнімен істеді.
Не көп малы көп өлке екен. Бітпейтін сойыс. Жиылмайтын көл-көсір
дастархан. Деканға ілесе шыққан дөйдің біреуі ішсе араққа, жесе
тамаққа тоймайтын пəле екен. Көргенде қызықты содан көрді. Қорылы
сұмдық болған соң, жеке бөлмеге жататын. Арақ пен тамаққа
мелдектеп алған соң, шешіндірудің өзі қиямет-қайым. «Бала
шалбарымның ауын ағытып жібер» дейді. «Носкиімді шешіп жібер»
дейді. «Жейдемнің жеңін тартып жібер» дейді. «Жастығымды биіктет»
дейді. Соның бəрін бітіргенде, «қалтаң-селтең жүрген қыз-келіншек
болса, қарастыр» дейді. Мұның жауабы дайын: «Қатырамыз!»
Енді бұлар, бұлардан естіген тағы бір дөкейлер қит етсе,
Тілалшақты іздейтін заман келді. Əрине замдекан ағасы арқылы.
«Құдайың берді, бала, – дейді ол. – Сыртта оқуға үйде жатып түсетін
жағдайдасың, енді». Онысы рас болды. Алайда, мектептегі сияқты
институтта да оқуда береке болмады. Біресе ана оқытушы, біресе мына
оқытушы «Каменкада біреудің берешегі бар еді, алып келсең...»
«Калинин колхозына барып, бəлен деген зауочникті тауып, бір қой
сойып берсін десең...» «Жеңгеңді Ұзынағаштағы төркініне жүгін
көтерісіп, жеткізіп салсаң...» Өйтсең-бүйтсең... Мұнікі баяғы «Құп ағай,
қатырамыз». Бұл оқыған жоқ, сабақты сол «Қатырамыз» оқыды.
Осылай үш-төрт жыл өтті. Осы үш-төрт жылда оқуды өз басымен
қатырмағанымен, өз аяғымен жүріп қаланың есік-тесігі, қонақ үйлері,
дүкендерін түгел біліп алды. Барып кел, алып кел, тауып келдің
арқасында. Ары қарай да осылай бола береріне еш күмəні жоқ еді,
алшаң-алшаң басқан ай мен күннің аманында институттың ректоры
орнынан кетіп, басқасы келіп, оқу орнының астаң-кестеңі шыққан.
Декан орнын босатып, онымен бірге орынбасары – мұның ағасы кетті,
оқытушылардың талайы солардың жолын құшты. Негізінен олар мұны
ары-бері жұмсайтындары еді. Ендігі жерде жұмсайтын оқытушы
қалмаған соң, қайтеді, келесі семестрде емтиханның бəрінен екі алған
Тілалшақ институтпен қош айтысқан...
Оу, ары қарай қайтпек керек?
***
...Кірпігі қимылдады. Есі сол кірелі-шығалы. Лай сумен ағып бара
жатқандай болды. Жанталасып жағалау іздемек еді, қолын ағыс
создырмайды. Айғайласа сұмдық-ай, өз аузын өзі көрді. Ыржиып
қалыпты. Үні шықпайды. Əуежақтан еңкіл естіледі. Аспан жылап
тұрған сияқты. Аспан жылаушы ма еді... Денесі қозғалып кетті. Сəл-пəл
өзіне келгендей болды. Ағып келе жатқан лай су жоқ. Жер. Ия, жерде
жатыр. Сілбіп тұрған жаңбырмен жер де, бұл да əбден лай болған.
«Адам топырақтан жаралған...» Санасында осы ой қылт етті.
«Топыраққа айналады...» Өзі өстіп күбірледі ме, жоқ басқаның сыбыры
ма, айыра алмады... Жоқ, айырды. Анау... Сол... Баяғы өзі жейдесінің
жеңін шешкен, ауын ағытқан, носкиін сыпырып алатын əйел құйрық,
əңгелек бас, əтеш тұмсық... Бұ, нағып жүр?.. Қазір ғана... Қайда кетті?...
«Əй, əй, қайдасың?» Өз дауысын өзі де естіген жоқ...
***
Оқудан шығып қалғаан соң, Тілалшақ қайда барарын білмей
сенделіп біраз жүрген. Ақыр соңында баяғы замдекан ағасына
жолығуды ойлады. Ол қызметінен кеткелі арада едəуір уақытөткен.
Екеуі бір жылдам астам бір пəтерде тұрды ғой. Со кезде ажырасып
кеткен əйелі автокөлік апатынан қайтыс болып, екі қызына енді өзі
бас-көз болуда ойлады ма, жоқ пəтері бар, бала тумайтын қатын
табылмады ма, əйтеуір көп ұзамай от басына оралған. Бір мектепке
жұмысқа тұрыпты. Айтқан ақылы: Ана жылы деканның алпыс
жылдығына байланысты туған өңіріне барған сапарында қасына
ілескеннің бірі мықты бір мекеменің бастығы. Соған барып көр. Мекенжайы, мынау... «Ол əлгі əйелқұйрық?..» «Ия, сол».
Келді. Ұзақты күн тосып жүріп, кірді-ау, кабинетіне. Ол бұған ұзақ
үңілді. Сосын барып: «Осы сені қайдан көрдім, айт» деді. Бұл айтты.
«А...а... Ия, ия, – деп жүзі жылыды. – Солсың. Рас. Енді ана дос... Қызмет...
Болады ондай, болады. Но жалко...»
Тілалшақ оның декан туралы айтып тұрғанын түсінді.
«Аға мен жұмыс іздеп келіп едім,» деп Тілалшақтың көзі жыпылық
қағып, жылтың-жылтың етті. Анау ай-шай жоқ сұрағаны: «Қатының
бар ма?» «Əлі...» деп бұл міңгірлеп қалған. «Онда дұрыс, –
беторамалының бүктеуін жазып, бырқ еткізіп сіңбіріп, қайта бүктеп
қалтасына салып қойды. – Қатынсыз... Қу бас адамға лайық бірдеңе
бар, менде. Ылдым-жылдымдық. Анау кезде, əлгі ана жаққа бірге
барғанда, көзіммен көргем. Сонда... – Ол кеңкілдеп кеп күлді. – Бір
санынан бір саны жіңішке қыз ба, келіншек пе, қайдан тауып келдің,
түн ортасында?»
Бұл қызарақтап қалды. «Істеймін десең, саған беретін қызметімнің
характері: «Анда жүгір, олай шап... Бол ұмтыл, дереу жет... Апар, əкел,
күтіп ал, шығарып сал болып келеді...» «Қатырамыз!» деп қақшиып
қатып қалды. Қақшиып қатып қалған қаншырдай қатқан арық
денесінің өн-бойын ыстық кезіп кеткендей, бусанып, қатты тершіді.
Бұл мекемеде кезінде, небір марқасқалар қызмет істеп, құрметті
демалысқа шыққан екен. Марқасқа болғанда, атақтан, абыройдан кенде
болмаған. Кеуделері толған орден, медаль. Шетінен зиялы, құрметті,
ғұлама... Зейнетке шығып кеткен дейтін емес, қай-қайсының да
жүрген-тұрғаны барып тұрған міндет. Төбесі көрінгеннен алдынан
құрақ ұшып шықпасаң, қолтығынан сүйемелдеп кіргізбесең, «Ал, көке»
деп отырғызбасаң, айтқанын екі еткізсең, бəлеге қалатының оп-оңай
екен. Өздері құрметті демалысқа кеткенімен біреуінің баласы,
біреуінің нағашысы немесе жиені, біреуінің қайын жұрты дегендей,
дəурендерінің жүріп тұрған кездерінде билікке жетелеп, итеріп,
кіргізіп кеткен жағдайлары бар боп шықты. Оларын айтпайды, ал
мұның бастығына «Мына креслоға өзіміз жабылып отырғызған
баласың» дегенді, сөз жоқ келген сайын бір əуендетіп өтеді. Мұның ар
жағы қилы-қилы бұйымтай. Жаз бойы, мəселен, кезегімен елге шығып,
аунап-қунап, қысқы соғымдарының мəселесін шешіп қайтатындары
əдетке айналған. Тілалшақтың негізгі қызметі соларға қосшы болып
ілесіп барып, қайту болып шықты. Марқасқалардың барып-келіс
шығыны мекеменің мойнында. «Дымың ішіңде болсын» деп бастығы
Тілалшақтың қалтасына бір буда ақша салып береді. Сондағысы:
«Шатақ шал ашығып қалмасын, шатақ шал шөлдеп қалмасын...»
Сөйтіп, Тілалшақтың бұдан былайғы өмірі абыройлы, атақтыларды
киімдерін көтереді, жүктерін арқалайды, жатқызады, тұрғызады.
Ананы əкел, мынаны əпер...
Кезінде абырой, атағы болғанды қазақтың хан көтеріп алатын
дəстүр: бар ғой. Обалы не керек, қайсысына қай жерге еріп барса да
Тілалшақтың көретіні – анаған деген ыстық ықылас, кең пейіл, кезінде
өйткен де, бүйткен ағамыз ғой, мəртебеміз, мерейіміз, дескен қазақ.
Біреу сөйтіп жалбақтап жатса, анау жүрсе талтақтамай, отырса
шалқақтамай қайтеді. Сөйтіп қана қойса жақсы, сапары – киген аса
бағалы костьюм-шалбар, шапан-шақыт жəне күзге жеткізілетін
соғыммен біте қоймайды. «Осы сендер, менің есімімді мектепте,
көшеге неге бермейсіңдер?» деп үдейді. Енді біреуінің салатын
салмағы – «туған ауылдан бір зəулім үй салып берсеңдерші, жастың
келген шағында жатайын да жамбастап, туған топырақтың төсінде...»
Шай-пайын алып беріп, терін сүртіп, жастығын түзеп жаныңнан жарты
елі шықпайтын бұл жайына отырмай: «Айтары жоқ». «Міне, міне сөз».
«Дөп түстіңіз». «Е, бəсе, осы ғой, əңгіме,» деп қосарлана кететін өнер
шығарды. Сөйдеп отыр, деп үйреткен аналардың өздері. Сөзі салмақты
болсын дей ме олар мұның өзін үлкен мекеменің жауапты қызметкері,
болашағы зор, қазірдің өзінде аты мəлім» деп қолдан ісіріп-кептіріп
таныстырып қояды. Бірте-бірте бұған мұның өзі кəдімгідей сене
бастады. Даусы қоюланып, ара-кідік ыңыранып шығатын болды.
Басының екі қапталындағы шашы артына қанша сулап қайырса да
жатпай, екі құлағына сусып түсе беруші еді, сонысын əлсін-əлсін сілкіп,
дəл бір тана бұқа сияқты үстіңгі ебедейсіздеу ернін танауының астына
қарай қайта-қайта жиырып алып, басын изеңдеткенде абыройлы,
атақты мұны не шынтағы, не аяғымен нұқып қоятын. «Бұл, əй бала,
артыңды қыс енді, абайла» деген ескерту еді.
Оңаша қалғанда зекіп те қояды, өздері. «Əй, сенің əңгімеге əр жерден
əліңе қарамай қыстырылатының көргенсіздік қой» дейді. Мұның
жауабы дайын: «Рас, айтасыз». Анау одан əрі зілденсе «Дəл айттыңыз».
Ары қарай да жер-жебіріне жетіп жатса, мұныкі: «Турасы осы»,
«Именно, солай!» деп өзін қорлауды, өзі қолдап кететін. Қайсыбірде
дəудің бірі: «Біздің қазақ ең ақылды» деп еді, бұл «Рас, айтасыз» деген.
«Жоқ, олай емес, əлі! – деген анау жұлып алғандай, – Ешқандай да
ақылды емес!» Бұл қолма-қол: «Өте тура айттыңыз» дегені. Сонда
ардагер аға ұрысқан жоқ, мұның бетіне ұзақ қарап отырып-отырды,
сосын кімнен сұрағаны белгісіз: «О, құдай-ай, бұ қалай, мұнысы несі?»
деп жаман күрсінген. Одан əрі жұмсауды көбейтті. Анаған ұш, мынаған
қон... Арқамды ез, аяғымның тырнағын ал... Қолымды, белімді уқала...
Көзіме дəрі тамыз... Құлағыма тыққан мақтаны ауыстыр...
Ол жұмсауды көбейткен сайын мұның қимылы үдеп, тынысы кеңи
түскен. Көңілі шалқып, жаны жадырады. Сондай бір не жерде, не көкте
емес, көңілімен ұшып жүргенде ардагер ағасы күтпеген жерден: «Сен
осы Моисейді білемісің?» деп сұрағаны. «Орыс па?» деді бұл
сасқалақтап. «Пайғамбар! – деген анау зəрленіп, – Не, естімеп пе ең?»
«Біздің ауылда білмейді оны, ешкім». «Сен өзің неге білмейсің?»
«Ешкім айтқан жоқ о кісіні». «О кісіні деші... – шал мырс етті. – Құдай
ұрған ғой, сендерді». «Аға, сонда о кісіні неге сұрадыңыз?» «Еврей
деген жұрттың барын естіген шығарсың?» «Ия, білем оларды». «Енді
солар, ұзақ-ұзақ жылдар Египеттің құлақкесті құлы болған. Ақырында
Моисей сол жұртты алып шықты. Құмға. Ары да бері де кездіріп,
көрмеген көресіні көрсетіп, сол құмнан қырық жыл шығармай қойған».
«О несі?» «Себебі, бүтіндей жұрттың денін құлдық жайлап алған.
Солардың түгел өліп біткенін күтті, Моисей. Сөйтті де олардың дені
таза туған ұрпағын алып шықты, құмнан. Құлдықты құмға көміп кетті.
Сөйтіп, бала, еврей сияқты аса ақыл-ойы терең, рухы мықты, шексіз
білімді ұлтты алып келді, дүниеге...»
Тілалшаққа əңгіменің анау, мынаусы зəредей əсер еткен жоқ. Бір
ғана құмда қырық жыл қаңғып жүріп, өлгендерді біртүрлі аяды. «Солай
еткен, онда Мойсейдің несі жақсы?» деп ойлады.
«Сендер осы құрттай құжынап барасыңдар, – деді шал. – Ақыры
қайырын берсін... Қайдам, бірақ... Ал, енді жүгір...» «Қайда барайын?»
деп сол бұйрықты асыға күтіп отырған Тілалшақ есі кете елпеңдеген...
«Қайда барғанда... – шал ойланып қалды. – Бүгін бəріне барып, бəрін
істеп бітпедің бе, өзі...» «Тағы да айта беріңіз, Тілалшақ дəл мынау қазір
бір жаққа жұмсамаса, жүрегі жарылып кететіндей, кеуде сүйегінің сол
жағын қатып-семген қара саусақтарымен сығымдап, сұрының сиқы
кетіп қалды. «Жə, қояқ қой,» деді шал. «Барып келейін, аға». «Барып
кел, алып кел, дейтін дым қалмай тұр, қазір...»
Мұндайда Тілалшақтың «Ұнамай қалдым ба?» деп қарадай
қипықтайтыны бар. Жан-жағына жаман жалтақтап, жазатайым
жаңылып-жазып қалмадым ба, деп жəудірейді. Түнде ұйқысы
бұзалады.
Сонымен қатар бірте-бірте абыройлы, атақты адамдардың, мейлі,
олардың жол жүгін арқалап, аяғынан тік тұрып, отымен кіріп, күлімен
шығып жүрсін, əйтеуір, кейде жолдың даңғыл, таза жеріне бастап,
алдарына жүгіріп шығып кетіп, кейде соңдарынан сүмеңдесін, бəрібір,
кеудесіне нан пісіп қоятын болған. Аналардың қасында келе жатқанда
оларға байқатпай, былай жұртқа байқатып, екі қолын артына қайырып
ұстап, сырт киімінің түймесін ағытып жіберіп, маңғаз басып келе
жататын. Сондайда мұның түрін де, сырын да жақсы білетін таныстың
бірі кездесе қалса, артына қарай айқасқан екі қолын жұлып əкеліп, екі
қалтасына тыға қоятын.
Қатарларының ортасына түсіп қалғанда, «Түгеншекеңмен...
Бəленшекеңмен өйтіп жібергенбіз, бүйтіп жібергенбіз...» деп қарадай
күмпілдейтіні, несін айтасың, бір дəурен еді.
***
Денесінің дірілін сезді. Еңсесін тіктемекке жер сипалаған. Уысы
шылқылдап, су жусанның сабағынан сусып шығып кетті. Жауын со
сілбіген қалпы. Жылы, майда тамшылар бетінде жыбыр-жыбыр етеді.
Тас қараңғы дүние бұрынғысынан да қоюлана түскендей... Соның
түкпірінен қалы көп, қан-сөлсіз қағаздай бет-əлпет бері қарай қылаң
етті. «Аға... Аға...» дегісі келіп... Деуге əл-дəрмені құрып, қайтадан
əлсірей берген...
***
Кеңес өкіметі келмеске кетер күн туып, керегі жоқ мекемелердің
есігі енді ашылмайтындай болып, тарс жабылғанда Тілалшақ далада
қалды. Өйткені, бұл істеп жүрген мекеме ірілеуіне барып қосылып, көп
бөлімнің бірі ретінде судай сіңіп кеткен. Жұмыстың жайын
қарастырып анда барды, мұнда барды. Дипломын сұрайды.
Мамандығын сұрайды. Екеуінен де жұрдай. Қай жерде қандай қызмет
еткенін сұрайды. Еңбек кітапшасында мөр басылған жалғыз бұйрық
бар. «Мекеме күзетшісі». Сөйтіп қабылдаған, бастық. Рас, бұл мекеме
күзеткен жоқ, абыройлы, атақты ағаларға қосшы бала болып жүрді.
Одан қалса, ұзынды-кеш өзге қызметкерлер жұмсады: базарға, дүкенге
баруға, пойызға, автобусқа билет тауып келуге, асханадан кезек,
кафеден орын алып қоюға... Сонда қырып ақша тауып жатса. Байынан
жастай жесір қалған жас əйелдің қолына кіріп алған еді, бетті пəле
екен: «Сығарға биті, үрерге иті жоқ» – біз боламыз, – дейтін екі күннің
бірінде құдайдың зарын айтып. – Екеуара бір дамбал киіп жүрміз».
Бұрынғы күйеуінен бір бала, бұдан екі қыздың не болса соны жегісі
келіп, қосыла қыңқылдайды. Япыр-ай, енді не қай терінің пұшпағын
қай жерден табамын, деп ақылынан адасыңқырап жүргенде, төркініне
кеткен қатыны, суға батып бара жатқан жерінен суырып алғандай
болды. Пəтерлерін сатып, төркіні тұратын аймақтың орталығына
көшетіндерін шешіп келіпті. Бұған жұмыс та тауып қойған. Нағашы
жұртындағы бір ағасы мемлекеттік-коммуналдық шағын мекеме ашып
жатыр екен. Соған алатын болған...
***
Қатынының нағашы жұртындағы ағасы қалы көп, қағаздай жұқа
жүзі жылмиған қағылез кісі екен. Мұның өткен-кеткенін дымын
қоймай сұрап алған соң: «Тілалшақтығың жақсы екен, маған соның
керек. Жер-жерден маған аса қат мəлімет жинайсың, қажет десең
Қазақстанның шекарасынан да шығып кетесің,» деді. Мұның айтары
баяғы үйреншікті жауап: «Қатырамыз, аға!» Сонда төрт-бес жылдың
төңірегінде бармаған, баспаған жері қалмады. «Ал, жөнел!» дейді. «Ізде,
қопар, қаз, тап» дейді. Одан қалса, коттедж салып жатыр екен. Соның
басы-қасында болады, кірпіш санайды, топырақ, цемент түсіреді,
сылақшыларға көмектеседі. Демалыс дегенді ұмытты. Оны ойлаған да
жоқ. Қатынды да... Қайта «Бар, қалма, сөйт» деп дігерледі.
Шағын қаланың шеткері базар жағынан сатып кеткен пəтерлерінің
ақшасына ескі екі бөлмелі үй алған. Көршісі жесір шал. Жалғыз тұрады.
Елу-алпыс қойы, сауын сиыры бар. Балалары соның қой-қозысын
қайырысады, əйелі сиырын сауып беріп, қолғабыс жасап қояды.
Шалдың да азды-көпті жəрдемі бар. «Өлмегенге өлі балық жолығадының» кебі шығар, деп бұл тəубе етеді.
Сөйтіп, қиырдан да, шиырдан да бастығына керекті, бағалы
мəліметтерді жинап, ақтер, көк тер болып жүргенде, кенет...
Ертеңгісін елпеңдеп жұмыса келгені сол еді, жаман хабардың
үстінен түсті.
– Біз жабылатын болдық, – деді бастық жайбарақат, жылмиып.
– Жабылғаны қалай?
– Солай. Екі жал қатарынан шығынмен жұмыс істептік.
Тілалшақтың есі екеу, түсі төртеу болды.
– Енді, қайттік?
– Қайда барсам да, менің жұмысым дайын ғой.
– Біз ше, аға?
– Көресіңдер де.
– Ілестіре кетпейсіз бе, мені?
– Ілестіргенде, біреуді жұмсайтын орын емес, баратын жерім...
Болған күннің өзінде тілалшақтар о жақта да жетіп жатыр, айналайын.
Бастығының қалы көп, қағаздай жұқа жылмиған жүзінен келекемазақ сезілгендей болды. Аяуы жоқ суық өң. Қайсыбір жолы оның бір
досының келгені есінде. Екеуіне əдеттегідей кабинетке дастархан
жасап, өздерін оңаша қалдырып, ара-кідік кіріп-шығып шайларын
құйып, қызыл күрең конъяктарын тымызып, беріп жүргенде бірліжарым əңгімелерін естіп қалған.
«Осы жігіт қашан келсем құрдай жорғалап, құлдырақтайды да
жүреді. Қандай қызмет істейді?» деп сұраған қонақ. «Ата жеңіл, тайға
шақ», деді бастығы жымиып. «Ол не?» «Бар деген жағыңа ұшады, ал
дегеніңді алады, тап дегеніңді табады. Шаршауды білмейді. Ештеңе
сұрамайды. Жұмсамасаң жаман болып жүреді». «Онысы несі? Неліктен
олай?» «Бүгінгі поколениенің дені сол. Не на что не способный. Только
– тілалшақ. Тек айтқаныңды орындауға ғана жарайды. Онда да бар
бітірері – жаңағы. Все. Соны қанағат тұтады, сонысына мəз. Жалко,
шынымды айтсам». «Бұлар сонда қайдан шығып жатыр?» «Черт его
знает». «Менімше, – деп конъктан бір ұрттап алған. – Тілалшақтықтан
өзге қолынан түк келмейтіндерді көбейтіп жатқан мына сендер. Солай
болғандары өздеріңе пайдалы. Өздеріңе керекті жұмыстарыңды
істетіп аласыңдар. Сонда ертеңіміз қалай болады. Ертеңнің обалсауабын қайтеміз?» «Сенің өстіп, көктен түскендей болатының не? –
деп бастығы шиқ-шиқ күлген. – Көзімізді ашқалы көріп келе
жатқанымыздың көбі осы тілалшақтар емес пе. Сен сұрайсың: бұлар
қайдан шығып жатыр деп. Қалтаң-селтең жүрістен. Оқитын кезінде
оқымайды, ойланатын кезде ойланбайды, саналары сазға отырып,
намыстары оянбай қалған а потом дорогой друг, біздің өз
балаларымыз сияқты, бұлардың іздеп, сұрарлары жоқ қой». «Сонда бұл
байқұстар осылай болып жүре бере ме?» «Оны сен менен сұрама. Оны...
– бастығы төбеге қарады. – Өзің білесің, бұл сұрақты ана жақта сұра...
Əрине, егер батылың жетсе. Жете ме, батылың?!»
Осыны айтқанда бастығының қалы көп, қағаздай жүзі біртүрлі
бедірейді де қалды. Бірақ бұл естіген-көргенінің бəрін сол сəтте-ақ
ұмытып кетіп еді...
***
Құлболды үшін тағы да бір сенделістің кезеңі басталған. Бір ай, екі
ай... Жүрегі ұстап ауруханаға түскен. Он күн жатты. Артынан ешкім
келген жоқ. Он бірінші күні үйіне келсе, есіктің алдында ескі «жигули»
тұр. Үйге кіріп-шығып жүргендер бөтен береулер.
– Сендер кімсіңдер? – деді бұл ештеңе түсінбей.
– Біз осы үйдің жаңа иесіміз. Қарақалпақтақтан келген оралманбыз.
Сатып алдық. Өзің кімсің?
– Мен... Мен... Осы үйдің...
– Ə...ə. түсінікті. Міне, мына қағазды беріп кеткен, келгенде
берерсіңдер, деп.
Ашса, əйелінің қолы: «Сенің жаныңда екеуара бір дамбал киіп жүре
беруге енді шыдамым жетпейді. Бізді іздеме. Іздегенде қайдан
табасың?!» деп жазыпты.
Дағдарып тұрып-тұрып, басқа барар жері жоқ болған соң ба, көрші
шалдың баспасына қарай бет алып еді, үйінің жаңа қожайыны:
– Əй, жігіт, ол шал да əйеліңмен бірге көшкен. Оның үйін де мен
сатып алғанмын, малымен қосып, – деді.
Сол кезде, алай-түлей қарауытып келе жатқан аспанынан тырс-тырс
тамшылар тама бастаған еді. Тілалшақ беті ауған құладүзге қарай кете
барған...
***
Таң құланиектенгенде есін жиған. Шоқайып ұзақ отырды. Үсті-басы
малмандай, лай-батпақ. Жауын əлі басылмапты. Əңірейіп аспанға
қарады. Тұтасқан қара бұлт бозғылт тартқан ба... «А, құдай! – деп
бақырып көрді. Тарғыл-тарғыл даусы талып-талып шықты. – А, құдай,
ешқайда алып бармайтын жолың, қане? Бар ма? Бар болса, мені соған
сал. Сөйте көрші, құдай!»
Со мезет көз алдына шетсіз-шексіз қу медиен құмды шырайналып
жүрген əбден арыған, алқам-салқам қалың топ елестеп қоя беріп, топ
алдында бара жатқан ерекше бітімді біреу, бері кел, мына топқа қосыл
деп ымдап шақыратын секілденді.
Шал
Соңғы кездері онсыз да ию-қию ұйқысынан əлсін-əлсін оянып,
мазасы болмай жүрген шал, əдеттегідей, таң қылаң бере балконында
фильтрсіз сигареттің талын ұзақ-ұзақ иіскеп отырып, дүниеге бей-жай
мағынасыз көз тастаған. Төменде тырп-тырп аяқ дыбысы естіледі.
Бара-бара ол көбейіп, гүріл-сырыл машиналардың ары да, бері де
жөңкілгені бір жағында, қаланың қалың нөпір тірлігі басталады; бетбетімен безіп бара жатқан жұрт, бет-бетімен безіп келе жататындар да
солар. Кім не бітіргелі барады, кім не бітіріп қайтты… оны білісіп,
сұрасып жатқан ешкім жоқ.
 Су!  ұлының қарлыңқы даусы балконға əзер-əзер жетті.  Су!
“Құзғын сəріден көні кепкен ит-ай!” Зығырданы қайнаған шал ас
бөлмеден үлкен зерен су алып баласы жатқан бөлмеге кірген. Бет-аузы
көгілдір тартып, өн бойының арса-арсасы шыққан неме əкесіне ала
көзбен қарады.
 Я же просил жаныма су əкеліп қой деп.
 Мынаны не, тауысып тастағансың ба?  Шал төсек жанында тұрған
шəугімнің қақпағын ашты.  Бір түнде…
 Жалко что ли,  баласы зерендегі суды қылқ-қылқ жұтып алды.  Как
там на счет выпивки?
 Бір-екі ұрттам ғана.
 Давай, сюда.
Баласы жарты стакан самогонды қолы дірілдеп, қақалып-шашалып
зорға ішті.
 Яд что ли,  деді сосын біраз тұншығып отырып.
Шал жауап қатпай шығып кетті. Ызылдатып шай қойған. Қанша
жылдардан бері осы. Өз шайын өзі қояды. Өзі ішеді. Еті соған əбден
үйреніп алғаны соншалық, баласы үйге қайтып келгелі, бөлмелер
тарылып, дыбысы ұлғайып, мұның тынысы тарылып кеткен
сияқтанады. Жанына жайсыз. Өзінен басқаның бұған керегі жоқ еді.
Өзіне-өзі ғана керек. Басқаны қайтеді. Баласының қайтып келген
қырсығын көрмейсің бе. Ит-ай… Өзінен туды дегенмен, бала кезінен
жат болып қалғанға бауырың езіле қоймайды екен. Өзгеден көріп
жүрген əкелік мейірімін өзінен қанша іздесе де таппай-ақ қойған.
Бір подъездің бір қабатында тұратын төрт отбасы жылдар бойы
қатар жасап та бір-бірін біле бермейтіні  əркім өзіне өзі ғана керек.
Ешқайсысы да “Оу, осы көршілердің жағдайы қалай өзі?” деспейді.
Өзгелер үшін тұяқ серіппейтін тұйық тірлік. Шал əбден көндіккен,
өзіне қалайтын өмір. Мұнда ұл болған соң шүйіркелесіп отыру дейтін
ұғым бөтен. Ұзақ жыл паровоз кабинасында қиыр-шиыр кезген
ғұмыры əуелде дала-безер қылып жіберген. Қырықтан енді асқанда
қатыны өлді. Қайта үйленген жоқ. Керек қылмады. Поездағы қызметті,
қыз-қырқынның қызығын місе тұтты. Ойнакүл. Алдында еш борыштар
емессің.
Осылай өткізді ол өмірін. Қала… Жол… Рельс…
Оқта-текте ауыл еске түсетін. Сонда туды ғой. Өсті. Бірақ əскерден
соң теміржолшылардың оқуын бітіріп, пойыз жүргізіп кетті. Өмірі
рельстің үстінен шықпайтын, анадайда аузы қисайып əкең өліп жатса
да, пойызды тоқтатуға болмайтын кəсіп ол. Осыдан кейін бұл ауылды
да, ауылдағы ағайын-туғанды да баяғыда ұмытқан. Олардың да мұны
тарс естерінен шығарғаны күмəнсіз. Мұндағылар жəне білмейді. Досжаран дегенге о бастан үйір емес-тұғын. Бірді-екілімен соншалық
əмпей-жəмпей болмаса да, анда-санда шай берісіп жүруші еді, əйелі
өлген соң ол да тыйылған. Үйелменділермен араласуға
жалғызіліктінің сəні келмейтін болып шықты. Сосын жан-жағына
қолды бір сілтеген. Əйтеуір, жалғыз ұл бар. Ұлы үйлене сала қайын
атасының қолында тұрды. Алғаны прокуратурада беделді қызмет
істейтін бір дөкейдің маңдайға басқан жалғызы екен, “сүйетінің рас
болса, біздің үйде тұрамыз”, деп ұлын қолдарына кіргізіп алған.
Орысшалау өскен баласында қазақтың күшік күйеу дейтін намысқа
тиетін ұғымы жоқ болатын.
Жалғыздың жайы белгілі. Өзінен жаралды дегенмен, бір түрлі
бөтен. Көбіне-көп анасының бауырында, жанында болды. Бұл
пойызбен рельс бойлап қиыр-шиыр дүние кезумен, ресторанда
істейтін орыстың ышқыры бос, тоқ балтыр, қалың құйрық, қиылған
бел, қаз бөтеге қыз-келіншектерімен алма-кезек көретін рахатымен
жүрді, үй-жайды оншалық қаперіне ала қоймайтын.
Өмір өтеді ғой. Жылжыған жылдармен бала да өсті. Мектеп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 24
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.