Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 12

Total number of words is 3922
Total number of unique words is 2134
35.8 of words are in the 2000 most common words
49.5 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
атысқан-шабысқан сүрен. Əйелі əкесі кинодан өлгендей, кеш батса,
креслоға үйелеп телевизордың алдынан шықпайды. Қашан
басталғаны есінде жоқ, əйтеуір ана бір түріктің көп сериялы құдай
ұрған фильмінен көз алса, қане. Қайсы бірде ауыл жақта тұратын
жақын ағайындары дүниеден өткенде, кезекті сериаларын өткізіп
аламын деп бармай масқара қылды ғой. Оны қойшы, өзінің қан
қысымы оқыс көтеріліп, өлім халінде ауруханаға əупірімдеп
жеткізгенде ше... Дəрігерлер жабылып есін əзер жиғызса, кірпігі зорға
қимылдап жатып: «Юс... уп» депті. Дəрігерлер бұдан сұрайды ғой:
«Юсуп деген бауыры ма, балаларыңыз ба?» деп. Борқан қапелімде
сасып қалды. «Шынында, ол кім еді?» Содан есіне түсірсе, əлгі түрік
сериалындағы бас қаһарман жігіт.
Бала-шағаны қояқ қой, құдай қазақтың бүгін кəрі-құртаңына дейін
сериалдарымен ұрып жатыр. Сериялдан сериялдың артына шам алып
түскен жұрт. Естісе, ауыл-ауылда сериалдардың кесірінен сауылмай
сиыр, істелмей тамақ қалады екен.
Борқан бұл қатынды аудандық оқу бөлімін басқарып жүргенде алған
еді. Жиырма жыл отасқан жұбайы қайтыс болып кетіп, жесір жүргенде
кездескен. Балалар бақшасына күтуші екен. Отырыңқырап қалғаны
демесе, аяқ-қолы балғадай қыз. Алды. Содан бері де талай жыл өтті.
Бірақ пұшпағы қанамады. Оған Борқанның қабырғасы қайыса қоймады.
Бұрынғы əйелінен екі ұл қалған. Қазір үйлі-баранды. Өз алдына жекежеке тұрады.
Сағаты сегізге барып қалыпты. Сегізде облыстық телеканалдан
берілетін ақпаратты міндетті түрде көретін əдеті бар. Он бес минуттық
хабар. Əйелі екеуінің келісімі – сол он бес минут Борқандікі. Қалған
уақыттың барлығын анау керек десе, «пісіріп жесін».
Күлсалғышы қолында, сигареттің талын езуіне қыстырып, Борқан
теледидардың алдына келді. Əйелі бұл кезде суды салдыратып
ваннада жуынып жатады. Ана жылдары мұндайда өңмеңдеп үстіне
кіріп кетуші еді, қазір қатыны алдына келіп тыр жалаңаш тұрса да,
селт етпейді. Тіпті бірге жатуды да қойған. Қазір бұған қатынан өз
бөлмесіндегі қара диван жақсы; анау ұқсап ұйқысыраған сыңаймен
аяғын үстіне салмайды, қолы қуық айналып жыбырламайды.
Қырықтан жаңа асқан ұрғашының қай жері құдай-ау, тынысы ма,
басқасы ма, қайта ашылады дегенге сенсе, обалсынады-ақ. Бірақ ол
мекіренеді екен деп мұның мөңірей қоятын халі шамалы, о жағынан
«зейнетке» баяғыда шығып кеткен.
Теледидардың каналын облыстыққа ауыстырды. Көзі бақырайған
пысақай қыз шыға келеді қазір. Содан 15 минут облыстың қоясын
қозып береді. Бүгін кешке дейін не болды, не қойды – отыр да, тыңда.
Кенет... кенет Борқан оқыс селк ете түсті. Аузы аңқайған. Диктор қыз
сайрап тұр: Бүгін Құмбел ауданында бұрынғы Ленин мектебіне
кезінде осы ауданды 15 жыл басқарған, одан облыстық партия
комитетінің хатшысы, Республика Жоғары Советі Президумы
Председателінің орынбасарлығына жоғарылаған, ауданның, облыстың
экономикасына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер азамат, жерлесіміз
Тұтқабай Бошаевтың есімі беріліп, оның кіре берісіне бюсті қойылған
салтанатты рəсім болып өтті...
Тұтқабай Бошаев... Сəпиевич... Борқанның басы айналғандай болды.
Жанының жалғыз жебеушісі жан жүрек оқыс бүлк еткен.
Күлсалғышын көтеріп, балконға шықты. Дала əлі қапырық. Үлкен
көшенің бойы ызың-шу: қаптаған машиналар ары-бері үздіксіз
ағылады. Орындықта жайғасып жатып, «өмір де осы, – деп қойды
күбірлеп – ағып өтіп жатады». Бəрі кеше ғана сияқты еді. Қайда сол
кеше? Кешең – кең дүниеге сыймай керіліп, кемел, кесек, керім кезіңау. Ғұмырыңның мəні де, мағынасы да, кеселі де сол кешеде. Кім болып
едің, не бітіріп едің, не істей алмадың, кімнің аяғын бастың, кім
құйрығыңнан тепті, сен кімдікін тептің, бəрі, бəрі... Адамның кешегісі –
тарихы. Біреудікі – бай, біреудікі – жұтаң... Күнəһарлығың да. Мұныкі
қайсысы? Сірə, оңғаны емес. Оңғаны болса, бір мектепке Борқан
Тойлыбаевтың есімі неге берілмейді... Ал Тұтқабай Бошаевқа берілді.
Ендігі жерде əлгі мектеп оқушылары енді соған ұқсап өсулері керек.
Борқан шылымды үздіксіз бұрқыратты. Ойы кешені кезіп барады.
...Онда бұл ауыл мектебінің директоры болатын. Аупарткомға
Тұтқабай Бошаевтың басшы болып келіп, кадрлардың астаң-кестеңі
шығып жатқан кезі. Мұны аупарткомның идеология жөніндегі
секретары шұғыл шақыртты. «Сені оқу бөлімінің меңгерушілігіне
ұсынып отырмын, қатын бастық қай оңдырады, шаруаның барлығын
былықтырып бітті. Мектеп директорларының тең жарымынан
астамын өзінің руластарынан қойып үлгеріпті. Тіпті завучтарына
дейін, – деді салған жерден. – Сен қайсысы ең?» «Ненің?» «Руыңды
айтамын». «Мен онымен туыс емеспін». «Рас айтасың. Зерттелген. Ал
қазір жүр, біріншіге кіреміз».
Бұдан келісесің бе, келіспейсің бе деп сұрап жатқан жоқ. Секретарь
деген өз ойы, өз шешімімен өзі келіссе болды екен.
Бірінші бұған сүзіле қарады да, анаған:
 Осы ма? – деді.
 Осы, Тұтқабай Сəпиевич.
 Алып кете ме?
 Сөйтеді.
 Бас терісі дұрыс қой?
Идеология жөніндегі секретарь мұның сəл жалпақтау басына
қарады. Қайызғағы қалыңдау еді, бұл содан ыңғайсызданды.
 Дұрыс болу керек.
 Онда көрсін.
Болған, білгені осы. Бірінші де дəнеңе сұрамады.
Содан аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып шыға келді ғой.
Ертесіне-ақ идеология жөніндегі секретарь шақырып алып, алдына
бірнеше адамның тізімі бар қағазды қойды.
 Мыналар əлгі қатын тағайындаған директорлар. Осыларды көтке...
то есть, құйрыққа тебесің. Енді мынаған қара, – деп алдына тағы бір
парақ қойды. – Мыналарды шетінен əлгі тепкендердің орнына қоясың.
Осы өшірет бойынша.
Бұл əлдене айтпақ болып басын көтеріп еді.
 Өзің көтке... то есть, құйрыққа тепкенді білесің бе? – деді
секретарьдың көзі алайып.
 Тексеру жіберіп пе?
 Міне. Осыңнан таймасаң, адам болып кетесің əлі.
 Мыналарды қайдан табамын? – деп сұраған соңғы парақты қолына
алып.
 Оларды өзім тауып беремін. Сен əуелі аналарды құйрыққа...
Борқан сөйтіп біраз құйрықты тепкен. Еркектерін қойшы,
əйелдердің құйрығын тепкен жаман екен, жылап-сықтап... бірақ
қайтеді, амалсыз тепті. «Тепкеніңізше...» деп ышқырын ұстағандары да
болып еді, о бастан ондайға əуес емес, оның үстіне жоғарының үкімі
қосылып, бұл ылимады.
Борқан тек бір келіншекті орнынан ала алмады. Тексеру
қорытындысы бойынша жұмысы тап-таза. Өзінің де сауаты сақпанның
тасындай екен, заңды айтып сарт-сұрт сайрап қоя бергенде, мұның
өзінің екі аяғын бір етікке тығып жіберді. Ұшып идеология жөніндегі
секретарьға барған. Осылай да, осылай.
 Жұмысынан қылдай кемшілік табылмады ма?
 Табылмады.
 Қап! – секретарь жаман өкінді. – Соның орны жоғары жақтағы
кісінің адамына лайық еді, қап... Басқа мектепке ауыстырсақ па, а?..
Борқанның бар жұмысы директорларды орнынан алып, орнына
тізім бойынша адам отырғызумен ала шапқын жүргенде, бірінші
кезекті еңбек демалысына кететін болып, идеология жөніндегі
секретарь тағы шақырды.
 Біріншінің Сочиге аттанғалы жатқанын естідің бе? – деді ол. – Сочи
– жердің түбі.
 Иə, алыс қой Қара теңіз.
 Алыс болса, ойыңда не бар?
 Ол жаққа маған бару қайда?!
 Сені біреу бар деп отыр ма, əй! Жоқ, əлде андағың əдейі ноқайлық
па? Прекрати оныңды!
Мұның көзі бақырайды.
 Бірінші алысқа кетіп бара жатқанда, сосын өзінің, əйелінің туған
күнінде арнайы кіріп шығу дейтін не писанный закон дегенді əлі күнге
білмеуші ме ең?
 Білмеуші ем... Аздап естігем... – деп бұл шынынын айтты.
 Естісең, давай, жөне, кіріп шық үйіне кешкісін. Сводка əкелдім
дейсің.
Борқан ұрып айдап кеңсеге келді. Бас бухгалтер, бас экономист,
инспекторды шақырып алды. Баяғыдан осында қызмет істеп келе
жатқан тіс қаққандар. Əрқайсысының бетіне қарап, сұрады:
 Қане, мұндайда не істеуші едіңдер?
 Бастық апарып беретін.
 Қанша?
 Ол арасын білмедік.
 Рас па?
 Честно пионерский! – деді басында бірер жыл пионер вожатый
болып істеп келген күлегештеу инспектор кəрі қыз.
Борқан қайтеді. Өзге мекеме басшыларына барып немесе телефон
шалып сұрауға болмайды. Сосын өзінше жобалады. Нобайы осы-ау
деген сомманы кассадан алып, кешкісін біріншінің үйіне тартқан.
Алғаш рет емес пе, жүрегі аузына тығылып, демі жиілеп, сырты
былғарымен қапталған есіктің қоңырауын еппен басты. Ар жақтан
гүлді қытай халаты тобығын соққан, қасы-көзі сүрме хатшының əйелі
шықты.
 Сəлеметсіз бе, жеңгей. Тұтқабай Сəпиевичке сводка əкеліп едім, –
деп конвертті ұсынған.
 Ағаңа көрсетіп келейін, – деп əйел конвертті алып, ары кіріп кетіп,
көп ұзамай қайта шықты.
 Сводкаң дұрыс емес екен, – əйелдің қабағы қатулы – Дұрыстап
əкелсін деді, айналайын.
Борқанның жүрегі тоқтап қала жаздады. Қаны басына шапқан.
Кеңсеге келе сала əлгі көкелерін үйді-үйінен алдырып, бомбаның
астына алды.
 Ойбай, жазығымыз не? – дейді аналар безектеп.
 Неге шындарыңды айтпадыңдар?
– Ненің шынын?
 Қанша беруді.
 Білмесек, өлеміз бе?
 Слушай, – деді бас бухгалтерге – Бұрынғы бастықтарың беретін
ақшаны кассадан алушы ма еді?
 Сөйтетін.
 Қанша алушы еді?
 Оны сізге айтуға біртүрлі неттім...
 Себеп?
 Көп.
 Əкеміздің құны емес шығар.
 Сонда да, – деп басбух сомманың көлемін атап еді, Борқанның төбе
шашы тік тұрды.
 Бұл бір жигулидің ақшасы ғой.
 «Ладаның», – деп инспектор кəрі қыз сөз қыстырды.
Амал жоқ, Борқан «ладаның» құнын тауып, біріншінің үйіне қайта
жетті құстай ұшып.
 Дұрыстап əкелдім, – деді жеңгесіне.
 Қазір көрсетіп келейін, – əйелі конвертті алып ішке еніп кетіп, тез
шықты.
 Кірсін деп жатыр.
Бірінші шет елдік пижамасымен бас-аяғы ат шаптырым залдың о
басындағы диванда отыр екен. Ортадағы үстел үстінде түрлі ауқат
мəзірлері. Борқан төрге өте алмай, тұрып қалды.
 Сəлеметсіз бе, Тұтқабай Сəпиевич...
 Сəлемет, – деп бірінші орнынан көтеріліп əйеліне иек қақты.
 Қайныңа бірдеңе құймайсың ба?
Борқан аяғынан тік тұр. Отыр деген ешкім жоқ.
Жеңгесі оймақтай екі рюмкаға коньяк тамызды.
 Жұмысың былай жаман емес, – деді бірінші қолына өз сыбағасын
алып жатып, – Былайша... Ал шын мəнінде қайда əлі... Пісіп-қатуларың
баяу. В политическим аспекте. И ответственностарың да... Қызмет
бердік. Енді істеу керек қой өліп-тіріліп. Партияның талабына сай. Ал
балаға білім, тəрбие беру саласы – дело государственная важности.
Владимир Ильич не деді: «Учиться, учиться и учиться»... Так?
 Так, Тұтқабай Сəпиевич.
 Онда кел... Мен жоқта тым еркінсіп кетпеңдер. Түсіндің ғой.
 Түсіндім, Тұтқабай Сəпиевич.
Біріншінің үйінен шыққанда, неге екенін аспанға қарады. Ай жапжарық екен. Сол түні оңаша, өлең төсегінде, əй бір ішті ғой. Дəл қазір
туғаннан бері құтыла алмай жүрген қарызынан енді құтылғандай
сезінді. «УҺ!» деді. Құдайдың құдіреті, сосын жатып қуанды. Алса бір
жөн-ау, бергені үшін. Күнің қарап тұрған адамның бергеніңді алғаны
қандай жақсы. Бергеніңді де алғаны, демек ол мұны бөтен көрмейді.
Демек бұл оның өзі сенетін адамының бірі. Өсти-өсти жақындайды
екенсің. Міне, мəселе қайда! Жақындай-жақындай өсіп кетуің де əбден
мүмкін. Сөйтіп отырып кассадан алған ақшаның орнын қалай
толтырам деп те басы қатты. Осы оймен ертесіне кеңсеге келіп,
басбухты шақырып ақылдасса, əбден тіс қаққан қу:
 Ойбай, Бореке, соны да сөз көріп отырсыз ба? – деп күлді. – Ауданда
қанша мектеп бар?
 Ал.
 Алғанда, сонша директор да отыр. Туған күніңіз қашан еді?
Борқан айтты.
 Ойбай, əне-міне екен ғой. Сол күні бəрі кіріп шығады.
Ұйымдастырамыз.
 Əй, ол бəле болмай ма?
 Өйдеп жаман айтпаңыз, басеке. Қазақта кісілік деген бар. Баяғыда
қазақ атамыз «адамның күні адаммен» десе, қазір ол «адамның күні
бастықпен» деп өзгерген. Ана жақтан, – деп басбух сұқ саусағымен
көкті көрсетті, – бері қарай осы мақалмен от оттап, су сулап жатыр.
Басбухтың айтқаны рас екен. Борқанның кейін бұған əбден көзі
жетті. Оған тез-ақ төселіп алған. Бірінші түгілі, екінші, үшінші
секретарьларға басбух айтқан «кісілікпен» кіруі дəстүрге айналған.
Ой үстінде отырған Борқан бір əлетте мырс етті. Есіне үкімет
басшысына басқа адам отырған кездегі жабыла аласұрған күндер
түскен.
Ол былай: үкімет басына жаңа келген адамның туған жері көрші
облыс. Бұлардың ауданымен шекаралас. Төсекте басы, төскейде малы
қосылған. Ендеше о кісінің бұл ауданда бір туысының болуы əбден
мүмкін ғой. Шаруашылық, мекеме, ұйым басшыларына осы мəселені
зерттеу жеке-жеке тапсырылады. Біріншінің болжамы дұрыс болып
шықты. Үкімет басшысының жақын туысы табылды. Аудан
орталығынан қол созымдағы колхозда бір тракторшының əйелі екен.
Бірақ жоғары білімі жоқ. Ал оған қызмет беру керек. Қандай қызмет?...
Идеология жөніндегі секретарь Борқанды шақырды.
 Слушай, повезло, естідің бе?
 Иə.
 Жаль что, дипломы жоқ.
 Обязательно қызмет беру керек пе? – деп қалды бұл.
 А как же? Ұят қой. Давай, былай етеміз... Былай еткенде, оны
мектепке орналастыру керек болды. Осы қазір-ақ. Тұтқабай Сəпиевич
асықтырып отыр. Ар жақтағы аудан көшіріп əкетуі мүмкін əйтпесе.
Екеуі шаңдатып колхозға жетті. Оның басшысы, парторгы, мектеп
директоры күтіп отыр екен. Дереу алға түсіп тракторшының үйіне
келген. Күн сəскеден асып кетсе де, тракторшы бетін жумаған екен,
кіндігін қасып алдарынан шықты.
 Келінді шақыр, – деді бастық.
 Ой, ол ұйықтап жатыр.
– Əлі ме?
 Түнде туған күнде болып едік.
 Оят. Тұрғыз. Мына кісілер ауданнан арнайы келіп отыр. Райкомның
секретары.
 Маған-ақ айта бермейсіздер ме?
 Əй, келін керек!
Шашы будырап келінің басы көрінді. Бұтына трико киіп алған екен,
оның тізесі шодырайып артына айналып қалған. Түймесі ағытылып
кеткен көйлегінің төмен түскен өңірінен бір емшегінің жартысы
көрініп тұр. «Мынаны көрсе, мектептегі балалар құйрықтарын ашып
күледі ғой», деп Борқанның жүрегі зу ете түскен.
 Қарағым, мына кісі райкомпартияның секретары, ана ағаң
райононың бастығы, сені мектепке жұмысқа алғалы келді.
 Техничкаға ма? Былтыр алмай қойған.
 Жоқ, мұғалімдікке, – деді бастық.
 Бала оқытам ба?
 Сөйтесің.
 Қайтіп?
 Оқытасың, айналайын, үйренесің.
 Мұғалім болғанды жек көремін.
 Қой, өйтпе.
 Маған ылғи ала ми деп ұрсатын олар.
Бəрі біраз дағдарып тұрып қалды.
 Ертең жуынып-шайынып, киініп былай, не қылып... мектепке келе
ғой, келін, – деді мектеп директоры, – Бастауыш кластан бастаймыз.
Үйретеміз, үйренесің.
Қайтар жолда идеология жөніндегі секретарь:
 Құдайдың ұрғаны-ай, – деді күрсініп.
 Бұл сонда үкімет басшысының тапсырмасы ма? – деп сұраған
Борқан да жаман күйініп.
 Е, жоқ. О кісі жақын ағайынының қызы бар екенін білсе білер, бірақ
дəл біздің ауданда тұрып жатқанынан, əрине, бейхабар.
 Онда несіне нетеміз?
 Тыныш. Тіліңе ие бол да, дымыңды шығарма.
Сол келін, не керек, бастауыш класқа мұғалім болды сөйтіп. Болғаны
құрысын, сабақ үстінде оқушы:
 Тəтей, Ленин ата қай жылы туған? – деп сұраса:
 Ит білсін бе, – депті.
Енді бір оқушы кітаптағы Шоқан Уəлихановтың суретін көрсетіп
сұрайды:
 Тəтей, мына кісі кім?
 Солдат.
Балалар деген бəле емес пе, ананың олпы-солпы ұсқынына қарап,
əрі үйдегі əке-шешелерінің «О, тоба! Мұғалім емес адамды мұғалім
еткендері не сұмдық!» дегендерін естігендері бар, сорлыны қилы-қилы
сұрақпен жатып мазақтайтын болған. Содан шетінен тырқ-тырқ күлкі.
Құдай ұрғанда, оларға ананың өзі де қосылып тырқылдайды екен.
«Тəтей, бұл солдат емес, ғалым». «Иə, саған. Пормасын көрмейсіңдер
ме»...
Мектеп директоры мұны Борқанға, бұл идеология жөніндегі
секретарьға айтып, жат та келіп күлетін. Секретарь біріншіге айтқан
екен. Тұтқабай Сəпиевичтің ішек-сілесі қатып қалыпты. Ақыр соңында:
 Не істесе де, қарайып жүрсе болды, – деген. – Енді сендер ол қыздың
тұрмысын көріңдер, біліңдер.
 Білгенде, көзімізбен көрдік. Соғыстан кейін салынған екі бөлмелі
үй, əйтеуір кейін шифрмен қайта жапқанға ұқсайды.
 Қой, оны өзім барып көрейінші, – деп енді бірінші нөкерлерімен,
оған колхоз басшылары қосылып, бір қора болып үкімет басшысының
туыс қарындасының үйіне келмей ме. Сөйтсе, əлгінің тракторшы байы
сəл ішіп алған:
 Мені қашан бастық жасайсыңдар? – деп ентіксін.
 Əй, саған не болды?! – деп колхоздың председателінің көзі алайды.
 Қарындасының байымын.
Біріншіден бастап бəрінің түгел дымдары шықпай қалды. Сол үндері
шықпаған қалыптары үй-жайды аралап көріп шықты.
Былай ұзаған соң, бірінші колхоздың бастығына:
 Үй-жайын оңдаңдар, – деді.– Тездетіңдер.
Өзі басқа тірліктеріне жаратады деп қомақты несие бөлуге нұсқау
берген.
Ойын қатыны бұзды. Бері басын сұғып:
 Əй, мен киномды көрем, – деді.
 Көр, көр...
Борқанның осының киносы десе, қаны қайнайды. Жалпы бұл əйел
затының ырбалаң болғанын жаман жек көретін. Ырбалаңы көп
ұрғашыда бəтуə бола бермейді. Біреулер үшін сол бəтуəсіз қатындар
жақсы. Соларды алыстан таниды. Ұрғашыны ит секілді иісшіл дейді.
Құдай біледі ғой, еркек одан өтеді. Өзгені білмейді, ал Тұтқабай
Сəпиевич соның өзі еді.
Біріншінің шахмат құмарлығы бар екен. Борқан да мықты
ойыншының бірі. Қайдан естігенін, мұнысы ананың құлағына жетіпті.
Қайсібір сенбіде үйінде шалқасынан түсіп жатса, телефон безектейді.
Тұтқабай Сəпиевичтің көмекшісі.
 Сізді бірінші шақырады, – деді. – Тездетіңіз.
«Япыр-ай, жайшылық па» деген үрейлі сұрақпен апыл-ғұпыл киініп,
алып-ұшып келсе, кабинеттің үлкен үстелінде шахмат құрулы тұр.
 Ойнайды екенсің, – деді бірінші.
 Енді, былай... ептеп...
 Отыр. Бірақ шын ойна. Ойында басшы, қосшы жоқ. Өтірік жеңілген
мен мас əйелдің қызығы болмайды. Түсіндің бе!
Екеуінің өстіп шахмат ойыны жиіледі. Ойын үстінде қайдағыжайдағылар да сөз болып қалады. Күліп те алысады. Қайдағыжайдағыны айтатын, əрине, бірінші. Сондай отырысында бұған:
 Жігітшілік мəселесіне қалай едің? – дегені күтпеген жерден.
 Тұтқабай Сəпиевич... Мен...
 Жə, жə... Сен ұялма. Мекемеңде бір келіншек істейді. Экономист, –
деп ол бір жүріс жасады.
 Иə, иə... істейді. – Пілді аттан алып қашты.
 Күйеуі біздің газетте зам.
 Солай, Тұтқабай Сəпиевич.
 Елпеңдеген бірдеңе.
 Жаңғалақ, қызық кісі.
 Келіншегі өзінен біраз жас кіші?
 Кіші.
 Со келіншектің көзі адамның жанын суырады. Алам десе, алмай
қоймайтын, берем десе, бермей қоймайтын пəле қатын зəді. Амансың
ба одан?
Борқан король влангасына ферзьмен келе жатқан қауіпті сезді.
 Қаншада өзі? – бірінші шылым тұтатты.
 Отызда-ау.
 Ойыншы қатын. Не қылсақ екен?
Борқан түсінбей қалып, сасқанынан корольдің алдын пілмен
жапқан.
 Күйеуін ішсе, самолетпен қуып жете алмайсың деседі. Рас па?
 Ондайын көргем. Өзіне есеп бермейді. Бала сияқты.
 Сен былай ет. Соны қосып, бізді үйіңе шақыр.
 Қай күнге? – деп Борқан оқыс қуанғанынан орнынан тұрып кетті.
 Қазір емес. Отыр. Бір шах беріп қояйын əуелі.
Біріншінің ферзасы сол қанаттан тым таяп қалыпты.
 Күнін өзім айтамын. .... сот, прокурорды да шақырасың.
 Рахмет, Тұтқабай Сəпиевич!
 Тағы да шах! – деді бірінші.
Борқан ойнап отыр дегені болмаса, манадан бері ойланғанды
қойған. Біріншінің өзі үйіңе шақыр деп отырса, не қылған ойын. Оның
бар ойы – шыға сала сауда базасына бару, таппағанын қаладан іздеу.
Бірінші, прокурор, сот... Құдай-ау, соның барлығы отыра ма мұның
төрінде тізіліп. Залы тарлау еді... Үйді кеңейтудің амалын қарастыру
керек енді. Мына жаңа көше дейтіннен үйлер салынып жатыр емес пе,
содан жақсы пəтер алу жағын ойластырса... Бірінші шешіп берер. Əй,
енді көмектесетін шығар-ау. Айтпақшы, құр үйден... Е, сонысы бар
тағы. Біраз ақша іздестірмей болмас. Өздері, əйелдері... Əне-міне,
мектеп мұғалімдерінің де айлықтары берілетін күн жақын. Басбухты
қосайын. Директорлардан нетсін. Ұяттау, бірақ қайтесің. Бұл алғанға,
олар бергенге қуанатын қу заман. Десең де, қазақтың
ағайынгершілігіне де ұқсайды өзі. Уқалағандары бір терінің пұшпағы.
 Тұтқабай Сəпиевич, – деген. – Мен екі жүрістен кейін мат аламын.
 Амалың жоқ.
Борқан идеология жөніндегі секретарьды есіне алды.
 Ол кісіні қайтем?
 Жалпы ол сен үшін əжептеуір кісі болғанымен, мен үшін барып кел,
шауып келдің атқа жеңіл, тайға шақ баласы ғана, – деп бірінші орнынан
тұрды. – Демек керек.
Борқанның өмірінде кісі күтуге алғаш рет мұрнынан қан кетіп
дайындалғаны осы. Былтыр əкесінің асын өткізгенде де дəл өстіп
ұйқысынан қалып, табанынан тозған жоқ. Басбух мектеп
директорларын жеке-жеке шақырып жағдай айтып, жан алып ақ тер,
көк тер. Олар өз кезектерінде мұғалімдерді... Экономист келіншек
қонаққа киіп баратын көйлек іздеп екі күннің бірінде сұранады.
Сөйтіп ол маңайдағы қалалардың бармаған, көрмеген дүкенін
қалдырмай жүргенінде, мұны аяқ астынан идеология жөніндегі
секретарь алқымдап жатты.
 Іскер маман көрінеді ғой экономист келіншегің.
 Өз шаруасына жүйрік.
 Тау жақтағы сельпоның басшысы орнын босатады таяуда. Соған
осы келіншекті лайық көріп отыр бірінші. Бұл кісінің кадрлар жайлы
информациясы мықты ғой. Сосын енді былай... – Секректарьдың екі
көзі бал-бұл жанып барады. – Тұяқбай Сəпиевичке симпотично болып
отыр. Түсінесің бе?
 Түсі...нем.
 Так что, келіншекпен сөйлес. Біріншінің көңілін сездіріп дегендей,
жұқалат... Жалпы жолда жатқан қызмет жоқ. Оны өзің де білесің.
Орыстар «Бесплатно только мать целует своего дитя» дейді. Вообщем,
«ымды білмеген дымды білмей» ұятқа қалып жүрмейік. Əйелдердің
кейде түсінбегенсіп, ары-бері алып қашатын сиқырлығы көп, ондайын
байқасаң, ашық кет.
Борқан күмілжіді:
 Енді оның өзімен былай... не қылмаған ем бұрын.
 Енді не қыл.
Борқан бұрын былай пайымдайтын: Үлкен басшылар – барлық
жағынан өнеге-үлгі. Олар – алдыңғы арба. Олар қалай жүрсе, өзгелер
солай жүреді. Енді келіп... Бұларың... Салтанатты жиындардың төрінде
кісі болып отыратыны, мінбеге шықса, көсем боп көсілетіні, көл-көсір
ақылы, коммунистік мораль, советтік өмір салты жайлы цитаталары
құр құйтырқылық болғаны ма?! Сонда бұл қоғам – қандай қоғам?
Сырты періште, іші жын-шайтан қоғам ба? Оның ішінің жын-шайтан
екенін кім біліп жатыр. Кімге көрсетеді. Көрсетпейтін, сірə, бұл ішіне
халықты өлсе кіргізбейтін тас қоғам. Мұны кімге айтасың. Айтып көр.
Аузыңды артыңнан шығарады.
Сонда қайтпек керек?
Жұмыста күн ұзын осы ойларымен омалып отырып алды. «Атасына
нəлет!» деп қызметін тастап жүре берсе ше. Екі қолға бір жұмыс. Бірақ
жұртқа не бетін айтады. Кеткеніңнен қайтқаның жылдам болды ғой
десіп күлмей ме ауыл. Қазақ ешнəрсенің себебін сұрамайды. Қазақ
себебін сен үшін өздері айтады. Əлі келмеді.Өресі жетпеді. Сенімді
ақтамады... Өстіп абыройдан жұрдай етеді. Қарадай кісі болудан
қаласың.
Сағатына қараса, алты болып қалыпты. Хатшы қызды шақырды.
 Маған экономист кірсін.
Анау өкшесін тықылдатып жетіп келді. Əдемі-ақ, пəле. Осы əдемілік
қой бұлардың соры. Қазақ «адамның көзі дүниеге тоймайды», деседі.
Борқанға аяқ асты басқа ой келді. «Пəтуəсіз еркектің көзі, басқа
дүниеңді қайдам, əйелдің əдемісіне тоймас». Тойса, Бұқаға бауыздар
алдында соңғы сөз берілгенде: «Сойып алған соң, терімді сиырдың
үстіне жауып қойыңдар», дер ме еді.
 Ағай, ойға батып кетіпсіз ғой, – сыңғырлады келіншек. – Жай
шақырдыңыз ба?
 Сенің қызмет жағынан өсетін түрің бар?
 Қойыңызшы, – көзі жайнап шыға келді.
 Біріншінің ойы.
 Неужели...
 Бəрі шешілгенге ұқсайды. Тек қалғаны. – Борқан не болса да, тіке
тартты – сенің о кісіге симпатияң.
 Аға... ай, – дегенде келіншектің дауысы əндетіп-ақ кетті. Мəссағаны
жоқ. Керісінше, «Солай ма, бəлем!» деген əйелге тəн өзіне-өзі разы
паңдық жүзіне лып етіп шыға келді.
 О кісіге дəм беретініңіз қай күні? – деп кенет күтпеген сұрақ қойды.
 Қайтеді?
 Күйеуім күн сайын сұрайды.
 Байқауымша, саған қарап тұр бəрі.
 Онда шақыра бермейсіз бе? – деп келіншек орнынан көтерілді. –
Ағай, сағат алтыдан кетіп барады.
Осы кезде телефон шыр еткен.
Борқан келіншекке бара бер деп иек қақты да, тұтқаны көтерді.
Идеология жөніндегі «жан алғыш» екен.
 Қазір біріншіден шықтым. – деді – Тапсырма қалай?
 Дұрыс.
 Сөйлестің бе?
 Сөйлестім.
 Бүк пе, шік пе?
 Бүк сияқты.
 Молодец! – деді анау. – Осы субботаны айтып қалар бірінші. Так что,
будь готов!
Айтқаны дəл келді. Сенбінің түнінде Борқанның қонақтары көлкөсір дастархан ортада, шекелері түгел қызып отырды. Асаба,
біріншінің ұйғарымы бойынша, идеология жөніндегі секретарьдың өзі.
Сөзге жүйрік пəле ананы Алатауға шығарып, мынаны Қаратау асырып
сөз береді. Біріншіге келгенде, оны аспандағы жұлдыздарға
жақындатып тастады. Соның сəулесінен бұлар көрдей қараңғыда да
адаспай жол тауып жүр. Күндіз бірінші күнге таяп барады екен. Таяп
барып артына көлеңке түсіреді. Сол көлеңкесіз өзгелер күнге күйіп,
күлге айналып кетпек. Келіншектің күйеуін де жырғатып қойды.
Тұтқабай Сəпиевич нетсе... Қызметі замнан самға дейін... өсуге тиіс.
Соны естісімен, ақ көңіл, аңғал байғұста жан қалмады. Өлең айтатыным
болушы еді деп домбыраны дыңғырлатып əн салды. Қалбалақтап
құйғанды түп-түгел жұтып қояды. Қалдырып ішуге асаба: «Болмайды
оныңыз. Түбіне дейін», деп қайта-қайта қамшылап, есін аударып
жіберді.
Борқанның көз қиығы бірінші мен экономист келіншекте. Бірінің
жаудай шаппай, жаны тынбайтыны, бірінің құдай салса, мен көндімі
жиі-жиі ұшырасып қалатын көз қарастарынан ап-анық білініп қалды.
Мұны прокурор да, сот та, олардың əйелдері де біліп, сезіп отырған
сыңайлы. Тіпті көктен біріншінің ойы жүзеге асса екен деген тілек
жүздерінде сайрап тұр.
Тұтқабай Сəпиевич əйелінсіз отыр. Əйелі қалада тұратын қызының
туған күніне кетіпті.
Келіншектің күйеуі масайып, еркінсіп əлек. Босаға жақта отыр еді,
стаканын көтеріп, бірінші жаққа қайта-қайта барады.
 Қане, ішіп жібер, – дейді анау. Содан аяғы кеткен жерге басы кете
бастады.
Асаба Борқанды ас үйге алып шықты.
 Ананы жатқызамыз апарып. Ұйықтасын. Сосын біріншіге бөлме
ыңғайла.
 Не үшін?
 Сен не, ноқайсың ба, жоқ əдейі істеп тұрмысың?!
 Ойбай...
Борқан əйелін оңашалады.
 Спальныйдағы төсек реттеулі ме?
 Не болды? – əйелінің көзі бақырайған.
Амал жоқ, айтты.
 Қой, – деп селк еткен анау. – Ұят емес пе?
 Сөзді көбейтпе!
Борқан мен секретарь екеулеп замды спальныйға жапсарлас
бөлмеге сүйеп апарып, жатқызып тастады.
Отырыс жалғаса берді. Үлкен астан кейін, тоқбасар жарияланып,
ерлер жағы преферансқа отырып, əйелдер ас үй жаққа өсек-аяң айтуға
шығып кетті. Бір шамада идеология жөніндегі секретарь Борқанға
көзін қысты. Борқан ас үйге бас сұғып, замның келіншегін шақырған.
 Күйеуіңнің жүрегі көтеріліп жатыр ма, көрсеңші, – деген жұртқа
дауысын əдейі естірте.
Сөйтті де, оны бірден өздерінің «спальныйлеріне» кіргізіп жіберді.
 Отыра тұр қозғалмай.
Келіп секретарьға қарады, ол – біріншіге. Бірінші:
 Алаңдамай, сыза беріңдер, сыртқа шығып сəл сейілдейін. Менің
қолымды сен ал, – деп секретарьға картасын ұстатты.
Дəлізде тұрған Борқан біріншіге «спальныйдың» есігін ашып,
қайтадан жайлап жауып қойып, орнында тұрды дымын шығармай.
Кенет... кенет жапсарлас бөлмеден алқа-салқа болып замның шыға
келгені. Борқанның есі шығып, қатты састы. Анау бұған сүзіле қарап,
«туалетің қайдалап» сол жағындағы «спальныйдың» есігін ашып-ақ
жібергені.
Дəлізден жартылай жалаңаш түскен сəуледен Борқанның ə дегенде
көргені – келіншектің əуеде ербеңдеген екі аяғы, қара сандарының
арасындағы еркектің бүлкілдеген аппақ семіз ақ құйрығы.
Бір сəт сілейіп қалды. Төсектегілер атып тұрған. Сол сол-ақ екен
келіншектің күйеуі:
 О, əкеңнің аузын... – деп тұра ұмтылды. – О, шешеңнің... Ойбай-ай,
ойбай...
Ана жақтағылар үрпиді. Бірақ дəлізге идеология жөніндегі
секретарьдан басқа ешкім шыққан жоқ. Борқан екеуі жабылып замды
ауызғы үйге сүйрелеп алып шықты.
 Ойбай-ай, ойбай! Бұл қорлықты көргенше... Тас қайда, тас... Бірінші
болмақ түгілі, Брежнев болса да, шешеңді... нің шекесін жарам! Қақ
айырам басын! Тас!.. Тас қайда!
Гөй-гөй күшейіп барады. Замның аузынан шықпаған былапыт сөз
жоқ. Біріншінің əкесінің аузын, шешесінің ауын əбден толтырды.
Идеология жөніндегі секретарь мен Борқан «Қойыңыз, сабыр етіңіз!»
деп бəйек.
 Ой, көкесі... – Секретарь енді оны өңірінен алып сілкіп-сілкіп жберді.
– Не болды сізге?
 Не болдың не, ей?!
 Не болды?
 Əй, қатыныңды біреу тырқылдатып жатса, көрер ем мен сенің не
болғаныңды. Ой... твою мать. Шақырыңдар əлгі менің қаншығымды.
Қанын ішемін! Қарабет қыламын мен сендерді түгел!
Дəл осы кезде секретарьдың жалмаңдаған қатыны шыға келмесін бе
ар жақтан.
 Əй, аға... – деп сызылады. – Мұныңыз не? Не айтып тұрсыз? Не
сұмдық! Қойыңыз.
 Көзіммен көрдім ғой, ... твою мать!
 Көргеніңіз түс сіздің. Түсінесіз бе, түс. Осынша елдің көзінше ондай
нəрсе болушы ма еді, ойлаңызшы?!
Жаңғалақ, аңқау, ақ көңіл сорлы кенет біртүрлі пəсейіп қалды.
 Түс...
 Енді немене? – Секретарьдың қатыны тып-типылыңды шығаратын
тығырықтан табанда жол тауып кететін тапқыр пəле екен, ананы əрісəрі қылып қойды. – Түсіңізді шын көріп... Ой, ағай мұныңызды бізден
басқа біреу естімесін. Тұтқабай Сəпиевичтен мүлде ұят болды ғой өзі.
Қап!..
Зам қолымен басын ұстады:
 Бəсе... Əй, қу арақ... Бəсе... Бəсе, түсім екен ғой, – деп теңселіп тұр. –
Неден қарабасты мені... Түс... Иə, түсім ғой, конечно, түсім... Əйтпесе
қалай... Қап... Ұят-ай... Енді не бетімді айттым... Тұтқабай Сəпиевич...
 Сіз былай істеңіз, – деді секретарьдың қатыны. – Осы бойда қайтып
кетіңіз келіншегіңізбен. Қайта кірмей-ақ қойыңыз онда. Ар жағын
өзіміз реттейміз. Түсіндіреміз ол кісіге.
 Сөйтейін, ə, – дейді анау. – Түсіндіріңіздерші, айналайын. Кешірсін
мені, бəрің кешіріңдер. Қара басты ағаңды. Арақтың кесірі. Көзіме қос
көрініп, кешірсін, кешіріңдер...
Қонақтар кеткен соң, Борқанның əйелі:
 Масқара ғой мыналар! – деді. – Айтса кісі сенбейді бұған. Масқара...
Ал Борқанның ет жүрегі орнынан қозғалып кеткендей аласұрып
аузына тығылған. Содан көпке дейін бүлк-бүлк...
Борқан отырған орнынан тұрып кетіп, балконның жиегіндегі
қоршаудың белбеуіне білегін тіреп, төменге қарады. Себебі осы кезде
бұлардан кейінгі үйде бұрын əртүрлі жауапты қызмет істеген
зейнеткерлер тұрады. Бет алыстары ана тұста шағын дүкен. Соның іш
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 13
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.