Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 10

Total number of words is 3963
Total number of unique words is 2223
35.0 of words are in the 2000 most common words
49.9 of words are in the 5000 most common words
57.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Нендей ауыс-күйістер жүреді сияқты əңгімелермен үріп ұрттайды.
Шетінен білгіш, көріпкел, сəуегей. Биліктің ана тармағын ана жаққа,
мына тармағын мына жаққа апарып тастай салу иттен оңай. Қай
тармақ қай жүздің қолында – осылар біледі”.
Бүгін түске дейін қарсыдағы мекеменің шайханасы іспетте
жоспарлау бөлімнің бөлмесіне төрт-бесеуі үйме-жүйме болып барып
екі-үш жолы шай ішті. Əңгіменің ауаны, əрине, жаңа келе жатқан
бастық туралы екені белгілі. Ботабай оны былай да біліп отыр.
Білгенде, бұлар адамның ең осал тұсын сөз қылады. Ұстайтын жері
сол. Ішімдікке қалай, қыз-қырқынға қалай, түйені түгімен жұта ма?..
Осының біреуін тапса “Е, … е … өзіміздікі, свой”, десіп лепіріп кетеді.
Соңғы шайдан шығып келген бөлмелес көктұқыл салған бетте:
− Келгелі жатқан жаңа бастық қиырдағы ана атадан екен ғой,  деді
танауы парылдап,  ол мұнда қайдан жүр, білмейсің бе?
− Білмеймін.
Ботабайдың онымен бірге оқығанын мұнда ешкім білмейтін.
− Өзімізден бір адам табылмағандай…  деп көктұқыл бет орамалына
бырқ еткізіп онысын қайтадан қалтасына салып қойды.
Ботабайдың іштей жаны кірді. “Айта түс, ақымақ. Бас ашуға. Қаз, өз
көріңді өзің. Аузыңнан шыққан ақ ит, көк итке өзіңді талатамын, ертең.
Кəні, қане”.
− Ішпейді, жемейді,  деседі.  Ал енді беті жылтыраған қызкеліншекке келгенде қазақтың қалмақты қырғанынан да қиын
көрінеді. Əй, бірақ бізде қайбір оңған ұрғашы бар. Бəрі құртаң, кез
келгені климакс.
− О не пəлеңіз тағы?
− Бомбылап жатсаң да, борбайы бүлк етпейді деген сөз. Білмейтін бе
едің?
− Сұмдықсыз ғой.
− Əй, сені де кісі деп…  көктұқыл тойтаңдап қайта шығып кеткен.
Ботабай оның “… қыз-қырқынға қазақтың қалмақты қырғанынан да
қиын”, деген сөзін қағазына бөлек жазып та қойған.
Түскі асын жарты сағатта жайпап тастаған Ботабай енді ойланды:
сонда бұл қай бөлімге бастық болады? Ана бір бөлім… Бəрінен беделді.
Бірақ оның меңгерушісі осы мекемедегі ең жібі түзу кісі ғой. Өз ісінің
білгірі. Жұмысы құнттай. Артық ауыз сөзі жоқ. Ана бөлім ше? Құрсын
оның жұмысы қым-қуыт. Оған мұның əлі келмейді. Неге? Өйткені
үкімет бұған диплом бергенімен, құдай қабілет бермеген. Күрделілеу
шаруаға келгенде қалай бастап, қалай аяқтауды білмей, екі ортада миы
айналып қалады. Алатын жерде қосып, қосатын жерде алып жібере
ме… Жалпы, мұның жасаған жұмысын талдаған адам шешуі мүмкін
емес жұмбаққа тап болғандай, дəнеңе түсінбей сілейіп, сілесі қатып
қалатын. Демек, Ботабайдың ойынша, бұл жұмысты басқа біреуге
жасатып, өзі тек біткен шаруаның үстінен қарап қана отыратын адам.
Бекітемін деп қолын қойып отырса болды. Мысалы, əнебір бөлімнің
меңгерушісі сияқты. Ит-ай, күн ұзын қолын қалтасынан бір алмайды
ғой. Алда-жалда бөлімге кіріп қалсаң, қырық мың айлықты сол үшін
алатындай ылғи кроссворд шешіп отырады. Ал жұмысты өліп-өшіп
істейтін қарауындағы үш қызметкер. Үшеуінің күбір-сыбырына
қарағанда, оның жұмысы  бастықтың тілеуін тілеу. Екеуі туыс. Туыс
болғанда қыз алыспайтын атадан. Əйтпесе темір-терсек жинайтын
итке керек жоқ мекеменің дайындаушысынан осында басын сұғып,
жарты жыл өтпей бөлім бастығына айналып шыға келер ме еді.
Зығырданы қайнап Ботабай бөлмесінен шыға келіп еді, дəлізде
темекі тартатын бұрышқа ентелеп кетіп бара жатқан əлгімен соғысып
қала жаздағаны.
− Шылым тартпайсыз ба?  деді анау.  Түскі астан кейін түтін
жұтқаннан рақат жоқ. Қалайсың?
− Нені сұрайсың?
− Жаңа бастықты тағайындауға көз қарасың?
− Өкімет өзі біледі де.
− Өстіп құримыз ғой. Демократия қайда? Ұжымның пікірі қайда?
Неге соны сұрамайды? Мына жібергелі жатқандарының құрт ауруы
бар деп естідім. Шетімізден күркілдеп жүреміз бе сосын?
Ботабай темекісін шала тартып келіп, ананың аты-жөнінің тұсына:
“туберкулез” дегенді жалғап қойды.
Не керек, кешке дейін осылай талай шаруа тындырды. Қара
тізімдегілердің тұсына тырнақшаларға алынған тырнақтарының
астынан кір іздеуге іздесең таптырмайтын талай-талай сөздер
жазылды. Ол күн сайын толығып отырды.
Үйде де тыныштық болған жоқ. Əйелі екеуі бөлім бастығы
болғаннан кейін немесе құдай сəтін салып орынбасарлық бұйыра
қалған жағдайда кеңседегі жұмыс кабинетін қалай жасақталуы
керектігімен бастарын қатырды. Бұрышта шағын арзанқолдау кілем
жатушы еді. Ол міндетті түрде еденіне төселетін болды. Столын “Т”
əрпіне ұқсас қылып құрады. Мəселе оңды стол табуда. Əйелінің немере
ағасы бір фирмада завхоз болатын, “Қайнағаңның қызметі өскелі
жатыр, сүйіншіме екі оңды стол тауып бер” деп Ботабай ұрып айдап
соған барды. Анда-мұнда басын сұғып жүріп, арзанға есептен
шығарылған жатағандау кресло сатып алды. Бəрін жиып-теріп біткен
соң, пəтердің бір бөлмесіне офисін құрып көрген. Төрдегі креслоға
қонжиып келіп отырып, əйеліне бадырақ көзін салғаны сол, сары
қатыны:
− Əй, андағы қарасың не пəле?!  деп селк ете түскен.  Əлпетің əпсəтте əлемтапырақ болып. Қой əрі.
− Сұсты ма екем?  деген Ботабай мəз болып.
− Сұмырайдай болып қалады екенсің, айналайын.
Одан əрі екеуі Ботабайдың “офисінде” бірде алма-кезек, бірде
қосыла армандаған. Енді айлық екі есе өседі, орынбасарлыққа іліксе үш
есе… Жинай береді, жинай береді…
− Бастықтың өзі болып кетуім де əжеп емес,  деп қояды Ботабай
арзанға алған ескі креслоның үстінде бойын қомдап.
− Онда бар ма,  дейді сары қатынның көзі қылмыңдап.  Əлгі бағасы
мың долларлық дамбалшаны алып кием.
− Кетші-əй,  деп Ботабай мыңқ-мыңқ күледі,  сенің май басып кеткен
көтендігің мен қуығыңның қималарын қызыл ала қылып қажап тастар
ол.
− Əй, сонда мені шошқа болып кетті дейсің бе?  Əйелі тырқ-тырқ
күлді.
− Жə, жə,  Ботабай екі қолын көтерді.  Əуелі машина сатып
алмаймыз ба?
Орынбасарлыққа жетсең қызметке мінетін машинаң онсыз да
болмай ма. Сенбі, жексенбіде мен мініп алар едім…
Осылай қиял-арман əлеміне емін-еркін ессіз еніп алған екеуі ертеңгі
болатын рахаттарымен масайрап, елең-алаңға дейін отырып алатын
кездері көбейген еді.
Осылай үлкен дайындықтарды жүзеге асырып, күндіз-түні көңілі
өсіп, түскі асы тауық еті мен шұжыққа айналып, мінгені “Газель” болып
жүрген күндерінің бірінде Ботабайдың басына жай түсті. Түскен жай 
Қойбағардың бұрынғы істеген жерінен үстінен “ішіп-жеді” деген
ұжымдық арыз түсіп, тексеруде оның расталып жатқандықтан бұларға
бастықтыққа ұсынылған кандидатурасы сызылып қалыпты. Кешкісін
Ботабай үйіне зорға жеткен. Жеткенде талай жыл ішпеген араққа бөгіп
келді. Жерде адамды, көкте құдайды боқтап отырып, ботадай
боздады-ау, келіп.
Ертеңгісін көзін əзер ашып тұрса, əйелі орындықтың арқалығына
баяғы қоңыр костюмі мен боз шалбарын іліп, жанына талай жылғы
жолдасы  қара пакетті сүйеп қойыпты. Аузын ашып ішіне үңіліп еді,
көзі ұрықтанған жалғыз жуан қияр, піскен екі жұмыртқа мен тілдей
қағазға түсті. Қағазды алып, көз жүгіртсе: “Рядовой байғұс, ақыры осы
екеуін жеп қалдың ба!” деген айдақ-сайдақ жазуды оқыды.
Ботабай қызметке барар, бармасын білмей есік алдында состиып
ұзақ тұрды…
ДУДАРАЙ
Күз лебі білінісімен-ақ шығыстан ызыңдап тұрып алатын суық жел
азынап Аңырақай даласының тасын суыратыны ежелден. Əсіресе,
түнге қарай лепіріп, дүниенің астан-кестеңін шығарады. Қайсыбір
кездері керегені сықырлатып, түнекті үзіп, үй ішін құмға толтырып,
таң атқанша тасқаяққа сыйғызбайтыны бар. Бұған даланың “Тымпайы”
күздеуінде отырған екі үйдің төрт жаны – Тойбай шал, Айқан кемпір,
бала мен қыздың еті əбден үйреніп алған. Əне-міне өшіп қала жаздап,
лүпіл қаққан шишасы құрсау ондық шамның жарығына жабыла итініп,
əрқайсысы тірліктің өзіне тиесілі шаруасымен əуре. Қазірде ескі
шоқайлардың ұлтанын тігіп, бала оғын дайындап, кемпір ұршығын
иіріп, қыз қазан астын көсеп, өздерімен өздері.
Бала байқайды, екі сөзінің бірінде Бөршімбай ферма бастықты
жерден алып жерге салып отыратын Айқан кемпір бүгін үнсіз.
Бөршімбай дегенде айтатыны: “Мына қараң қалғыр малына неге ие
болмайды. Сəл шыдаңыз, сəл шыдаңыз, кісі тауып əкеліп, өзіңізді
ауылға көшіріп əкетемін, деп еді ғой... О, өлген əкеңнің көріне... ” деп
кеткенде кемпір жуық маңда тоқтай қоймайды. Ферма бастықтың
аузын сыртынан зəрге толтырып, бұлқан-талқан болатын кемпірге
шал басу айтады. “Шыдаңыз, – дейді Тойбай, – шыдайық, бəйбіше”.
“Тойбай-ау, қашанғы шыдауға болады. Мен шыдамаған не қалды?...”
“Соғыс болып жатқан жоқ па, бəйбіше. Ауылда мал бағар тіпті, қайбір
кісі қалды. Өу, қызыл қарын бала, шал-шауқан. Қайтеміз... Жағдай
солай...” “Менің жағдайым ше?.. – дейді кемпір – Менің жағдайымды
қайтесіңдер. Тіпті менің өлі-тірімді білетін, білгісі келетін кім бар?
Мына өзіңді ше? Осы төртеуміздің төбемізден қазір жай түсіп, жайрап
қалсақ та ешкім білмейді...” “Құдай сақтасын, – дейді шал. – Оныңыз не,
бəйбіше?” “Шыны сол, – кемпір жуасымайды. – Бізді ойлайтын пенде
болса мына ат аяғы жетсе жетер, адам аяғы тірі жанға жетпейтін жалаң
далаға жалғыздан-жалғыз тастамас еді”.
Шынында да Аңырақай даласының “Алғабас” ұжымшарына
қарайтын ұлан-ғайыр мал қойылымында бұлардан өзге тірі жан жоқ.
Бөршімбайдың айтқаны: ұжымшарда қалған бойдақ мал – осы екі отар.
Бұларды қыстан дін аман алып шықпай өкіметтің келесі жылғы ет
жоспары, өл-тіріл орындалмайды. Ал малдың қыстан дін аман шығуы
жердің отына байланысты. Аңырақай даласы – қара от. Жазығы –
қалың қара жусан, ой-қыры – ұйысқан изен, тауында – қылша. Оның
үстіне қыс бойы күнгей бетінде қар жатпайды...
Осының бəрін жіпке тізе келіп ферма бастық шалға кемпірді
табыстаған. Онымен қоймай, “Айқанның алдындағы малды бағуға адам
табылғанша оған да өзіңіз иесіз” деп нығарлап кеткен. Одан бері де...
Атасы кемпірді қатты аяйды. Сосын осы шүйкедей пенде Құдайға
неден жазды екен деп те дал. Сорлының əкесі де, байы да жер түбіне
айдалып, ит пен құсқа жем болған. Сөйтіп, атаның дəулеті түптеріне
жеткен. Солай еткен өкімет енді жалғыз ұлын соғысқа алып кетті.
“Сондағы Айқан сорлының боздағанын айтпаңыз... Сондағы Айқан
сорлының Құдайды қарғағанын айтпаңыз... ” – деп атасы кейде өзіненөзі егіледі.
Ұлы майданға аттанғанына ай өтті ме, өтпеді ме, екі қызын жетелеп
келіні төркініне тайып тұрған. “Енді Айқанда қарайлайтын не қалды? –
дейді шал. – Қара тұтар кімі бар? Қара басы, қара басының қайғышерінен өзге бары, қане? Япыр-ай, сонда бұл сорлы мына жарық
дүниеден тек боздап, бордай тозып өте бере ме?”
“Бəрі Құдайдан... – дер еді шал енді бір кезекте. – Құдайдан...”
Осылай деп алып, іле онысына өзі қарсы шығады: “Айналайын-ау,
көктегі Құдайдың жердегі Айқан несін алыпты. Алайын десе де Алла
тағалаға адамның құдіреті жете ме. Алла тағала емес, адам ғой
Айқанды боздатып қойған, адам...”
“Тойбай-ау, – дейді кемпір кейде, – Адам осы неге қатыгез? Неге бірбірін аямайды? Бір-бірін неге өлтіреді, неге?... Өзің білесің, менің
Тоқбергенім адам түгіл, малды да маңдайға шертпейтін, енді əне
соғыста. Соғысқан соң кісі өлтіреді ғой. Құдай-ау, менің де жалғызым
сөйтеді ғой, сөйтеді, ə, Тойбай?” “Бəйбіше, ол енді соғыс...” “Өлтіреді де”.
“Жауды өйтпесе болмайды, – дейді атасы, – Түптеп келгенде
бəйбіше, соғысың – адамның өз ажалын адамнан өзі іздеуі. Бір адамның
қатыгездігі келесі адамда жоқ қатыгездікті оятады, қасіретіміз осында,
көз жасымыздың құрғамайтыны, адамның азап-шерден арыла
алмайтыны сол”.
Осылай ойланып, кейде түннің бір уағына дейін шығандап кете
беретін шал мен кемпірдің əңгімесін тоғызға қараған Дударай көп
түсіне бермейді. Бірақ бала жүрегі, əйтеуір атасы мен кемпірге оңай
болып жүрмегенін сезеді.
Кемпірді жұбатып, демеп, күн шуағына қарай жетелеп отырғанымен
шалдың өзінің де шекесі қызып жүргені шамалы. Ана жылғы
ашаршылықта қос боздағынан айырылды. Аман қалған жалғыз қыз
мына Қуанабасы станциясындағы поез жүргізетін тұлдыр жетім бір
жігітке тұрмысқа шығып еді, бұрнағы жылы көкірек ауруынан қайтты.
Осының бəрін көтере алмағаны шығар, кемпір байғұс өткен күзде үшақ күн төсек тартып жатып бақилық болған. Күйеу баласы майданда.
Майданда болғанда, сол поезымен жеткізген хабарын да – əскер, оқдəрі таситынға ұқсайды. Кеше соғысқа аттанарда мына жаман немесін
шалға əкеліп, табыстап кетті. Табыстап жатып: “Өзіңіз білесіз, ата,
менің түбім Маңғыстауда. Білмейтініңіз, мен Дүлдүл атаның тікелей
ұрпағымын. Кеңес өкіметі орнағанда ауылымыздағы Қайырғали деген
белсенді соңымызға түсіп, үй-орманымызбен жан-жаққа қаңғып
кеттік...
Соғыс қатер... Олай-бұлай кетсем, жалғыз өтінішім – ұлым ата
жұртын ұмытпасын, ұмыттырмаңыз...”, деген.
Еркек бала емес пе, Дударай əжептəуір қолғанат. Əсіресе, Айқан
кемпірге үлкен демеу. Көбіне соның қойын бағысады.
Қыз болса, оның жағдайы басқа. Бейшара туа мақау. Шал оны отыз
үшінші жылы Құлжабасы станциясына баратын үлкен жолдың
бойында, өлгелі жатқан жерінен тауып алыпты. Жасы қазір 14-15-те.
Кəдімгідей бойжетіп қалған. Қайғылысы – мына жалғанда не болып, не
қойып жатыр, не болып, не қояды, о байғұсқа беймəлім. Əйтеуір, қара
мосыға шəугім іліп, от жағып, шай қайнатып дегендей үй тіршілігіне
өлердей пысық.
Əдеттегідей түнгі жел өлердей құтырып тұр. Ышқынған сайын
кереге, уығы сықырлап ескі киіз үй теңселіп-теңселіп кетеді.
Баланың көзі кемпірде. Неге бүгін үнсіз? Неге түсі басқаша, суық...
Ұршығын жайына қалдырып, қазандыққа итініп алыпты. Шағын
денесі одан сайын шөгіп, бүктетіле түскен. Терісі əбден солып, кеуіп
қалған бетінің əжімдері бұрынғысынан да сай-сай.
Дударайдың бір таңғалатыны, кемпір соғыстағы баласын айтып
ботадай боздағанда көзінен тамшы жас шықпайды. “Əдіре қалғыр, –
дейді артынан, – Қурап-суалды деген, қурап-суалған соң көзімнен жас
та шықпайды. Ес білгеннен еңіреп келем, еңіреп келем... ыстық жасты,
мүлде түгесілді. Құрғақ жастан асқан азап, қорлық қайда, кімде бар?”
Қаперінде тұрып алатын баланың қорқынышы – кемпір ұлының
опат болғанын естіп қойса... Құдай жарылқағанда оны тек екеуі ғана
біледі. Осыдан ай бұрын ба “Тымпайыға” Бөршімбай келген. Кісіге
бұлар қатты қуанды. Атасы жалғыз серкесін сойып тастады. Соның
басын асып, мүжіп, өзі ала келген екі жартылықтың бірін тауысып,
екіншісінің аузын ашса да, ішпей ықылық атқан ферма бастық кемпір
сыртқа шыққан мезетте атасына сыбырлаған: “Сорлының баласы...”
“Не?!” – атасының дауысы біртүрлі үрейленіп шықты. “Жырық ауыз
селсебетке қара қағазы келген екен, алмай кеттім...” “Бөршімбай, жап
аузыңды, жап... – Шалда береке қалмады. – Өледі... сеспей қатады... Ой,
əттең-ай…”
Бөршімбай ертеңгісін түндегі қалған арақты екі бөліп ішіп,
жылытпаға тойған соң атқа мінген. Дəл сол кезде кемпір: “Əй, бала хат
қайда?” – деп шаужайдан алмасы бар ма.
– Əй, Дудар, – ойын атасы бұзды. – Иттер тым шыжбалақтап...
шығып мылтығыңды атып қойсаңшы.
Шалдың отыз екінші қара мылтығы бар. Атқа мінсе үнемі
тақымында жүреді. Далада құс көп. Сосын жыра-жықпыл қоян, кекілік
бұлдырықтан кенде емес. Сонау “Қараой” жазығында дуадақ, арыдағы
Сораң тауында арқар бар. Шалдың атқан оғы құры кетпейді, арқар
іздеп, елік аңдымаған өрістен жолыққан майда аң-құсты жібермейді.
Ол өнеріне Дударайды баулып қояды.
Бала сыртқа шығып мылтық атты. Қақаған суықтан қашып үйге
кірген оған Айқан алая қарады.
– Босағадан түрсілдетіп... Ары барып атсаң біреу көтеріп əкете ме?!
Дударай аң-таң. Кемпір бұрын-соңды бұған бұлай діңкілдеген емес.
Шал да басын көтеріп алды.
Бала мұңайды. Мұңайса болды көз алдына поез, ары-бері
сапырылысқан составтар, станцаның бірі-біріне іркіс-тіркіс үйлері
елестеп қоя берер еді. Бұлардың үйі темір жолға таяу, соның бойында
болатын. Батыстан шығысқа, шығыстан батысқа ағылған поездар,
оларға мініп, түсіп жататын адамдар... бəрі, бəрісі əрі қызық, əрі
түсініксіз еді. Бұлар қайда барады, неге барады, қайдан келеді – мүлде
беймəлім. Көкесінің айтатыны: “Өмір осылай, адамдардың оңды-солды
қозғалысы. Кейін өзің де сөйтесің” дер еді ол. “Екеуміз дүниенің төрт
бұрышын шарлап, оны он орап шығамыз... Он орап жүріп сенің
бақытыңды іздейміз, өзгелердің бақытын көреміз, ұлым”.
Сөйткен папасы қайда? Соғыста. Шал мен кемпір айтқандай, не ол
өледі, не оны өлтіреді. Өлетін, не өлтіретін болса адам неге соғысады?
Неге?
Атасының айтуынша, осы Аңырақай даласында да қырғын соғыс
болған. Бір қазақ таяқ жесе бір қазақ жер түбінен жететін заман екен
ол. Мұздай темір құрсанған қалмақты оның осы қасиеті жеңіпті.
“Осындай қасиеті бар қай жұртты да көкте – Құдай, жерде жау ала
алмайды”, – дейді шал. “Қан кешіп қасірет шегерміз, бірақ түбі жеңіс
біздікі, өйткені аққа – Құдай жақ”.
Жау ертерек жеңілсе деп көксейді Дударай. Ертерек жеңілсе көкесі
де келер еді. Келіп бұлар өз үйлеріне барар еді. Барып бұрынғыдай
тұрар еді. Сосын көкесінің паровозына мініп екеуі рельстің үстімен
шетсіз-шексіз дүниенің түпсіз көкжиегіне қарай самғап бара жатар
еді...
– Күннің ұстыны жаман, сірə, биыл қыс əдеттегіден ерте түсер, – деді
атасы аяғын жазып. – Келер жұмадан қалмай қыстауға көшіп алмай
болмас, бəйбіше.
– Қыстауы құрсын! – деп кемпір шаңқ етті. – Неғып өртеніп кетпейді,
о, қараң қалғыр!
– Бəйбіше...
– Қарабет болып отырмыз, Тойбай!
Шал кемпірге біртүрлі əңірейіп қарады.
– Бұ, қай сөзің байқұс.
– Мына албасты көжеге тойып алыпты, – деп кемпір мақау қызға
қарады.
– Көжеге тойғаны несі? – шал дəнеңе түсінбей аң-таң.
– Қыз екіқабат!
Баланың жүрегі аузына тығылды. Атасы тіл-ауыздан айырылғандай
сілейіп қалған. Солай есеңгіреп біраз отырды да сұрады:
– Сонда қалай?... Қайтіп?..
– Оны мен қайдан білем! – Кемпір ернін сылп еткізді.
– Менің білетінім, бұл жерде өзіңнен басқа еркек жоқ, Тойбай.
– Əй, Айқан! – Атасының дəл қазіргідей ащы дауысын бала еш
уақытта естіген емес. – Ойбай, сен нені мезгейсің?! Дəтің қалай барады,
қалай?!
– Сонда қайт дейсің маған. Ұрғашы деген күлге аунап бала
таппайды, Тойбай.
– О, атаңның көрі, Құдай! – Шал жер тоқпақтады. – Ал мені, уа, ал...
Мені еркек деп отыр, əлі. Еркек деп... Еркек екем... нəлет, нəлет...
Дударайдың тісі тісіне тимей сақылдады. Басы зеңіп, көзі
қарауытты. Жаңа əзірде азынаған желмен əлсін-əлсін теңселіп тұрған
киіз үй енді шыр көбелек айналып, əлдеқайда ұшып бара жатқандай,
отырғандар бір түрлі қыңыр-қисық болып көрінді. Ендігі бір сəтте
кемпір қиралаңдап есіктен шығып бара жатты. Атасы бүк түсіпті.
Дəнеңе түсінбеген мақау қыз бұған қарап жымиып қойды. О, Құдай...
Баланың көз алдында... Шілде айы-тын. Онда бұлар Бесқауға
жайылымында отырған. Шал мен кемпір малды таң қылаң бере өргізіп
кетеді де түске қарай бір-ақ оралады. Бала мен мақау қыз үйде қалады.
Сондай күндердің бірінде, сəске енді болған кез, төсекте жатқан
екеуінің үстіне еңгезердей біреу екі бүктеліп кіріп келді. Аузы-басы
сақал-мұрт қаптап кеткен жалғыз көз еркектің əзірейілдей суық
жүзінен жан шошитын еді. Екеуіне жалғыз көзін алма-кезек жүгіртіп
алған соң төтеннен келген пəлекет қызға қарап ырсиды. Ырсиып
тұрып бұлардың үстіндегі тозығы жетіп əр-əр жерінен жүні көрінген
көне көрпені жұлып алған. Мақау қыздың көйлегінің етегі беліне қарай
жиналып қалған екен, жалаңаш борбайын қайда жасырарын білмей
тыпырлады да қалды. Жалғыз көз енді ай-шайға қаратқан жоқ.
Дударайды тоқпақтай қолымен маңдайға бір салып есеңгіретті де,
мақау қыздың əлі түгел жетіле қоймаған нəзік тəніне алпамса
денесімен шөге берді.
Бала қыздың келеңсіз əрі ащы айқайынан ес жиды. Қыздың
тұншыққан, қиналған аянышты, бейшара үні мен жалғыз көздің
ыңқылын еріксіз естіп жатып, ботадай боздап, бордай тозды, күллі қан
тамырын қара суық кеулеп алғандай өн бойы дірдектеп, құртақандай
жүрегі мұз болып қатып қалды. Ұяттан, қорлықтан өлі мен тірінің
арасында барып-келіп жатқан бала көзін бір ашқанда еркек төбесінен
төніп тұр екен. Шалбарының ышқырын көтермепті, келідей жалаңаш
бөксесін жайрап жатқан қызға беріп, екі тізесін сəл бүкті де, балаға
босаға жақта тұрған қара шəугімді алғызды. Сосын күректей
алақанына су құйғызып ауын апұл-ғұпыл жуып, шалбарын көтерді.
Шалбарын көтеріп жатып: “Əй, көкшешек, мына қыз не, мақау ма?” –
деп гүр-гүр етті. Сосын: “Не болса да қатын еттім, енді ар жағын өзің
үңгірлей бер”, деп, ырқ-ырқ күлді. Сосын өңі тез бұзылып, белінде
салақтаған екі жүзді сапысын мұның алқымына тақады да: “Ана
кемпір-шалға айтып қойсаңдар бəріңді түгел бауыздап кетемін!”, деді.
Есіктен екі бүктеліп шығып бара жатып сапысын тағы көрсетті.
Мына сұмдыққа қалай, неге тап болғандарын білмей, түсіне алмай
бала мəңгірді. Бұл кім? Қайдан келді?
Дударай сонау Сораң тауының ар жағындағы құмайт өңірді көрші
облыстың азын-аулақ ірі малдары жайлайтынын, жалғыз көздің сонда
жылқы бағатынын, алыстан мал ұрлайтынын, сондай оймен кеше
екіндіден бұлардың қонысын жоғарыдағы қалың қамыс арасында
жатып барлағанын, алайда шал мен кемпірдің мініс аттарына көңілі
толмай, сол арада үйге кіріп-шығып жүрген өрімтал қызды көріп,
қайтсе де соның тəнін айырып кетуді ұйғарғанын, əрине, білген жоқ.
Бетін алақанымен басып, екі иығы дірдек қағып жайрап жатқан
қыздың үстіне көрпе жапты. Жауып қойып қызды əзер жұбатты.
Жұбатып алып, мұны тісімізден шығармайық, айтсақ жаңағы
жаналғыш бəрімізді түгел бауыздап кетедіні қимылмен əзер
түсіндірген.
Түсте өрістен оралған кемпір мен шал өң-түссіз отырған қыз бен
баланы көріп жаман апалақтаған. “Шошынып-ұшынғаннан сау ма”
десіп, асты-үстеріне түсті. Тіпті шал “Қой, бұларды сорпалайық”, деп
жардай бір қойды жайратып тастаған.
Бала болған жайды атасына айтуға қанша оқталса да, жүрегі
дауаламады. Қорықты. Жалғыз көз түгел бауыздап кетер деп шошыды.
Бірде атасы екеуі қойды кемпір мен қызға тастап, Сораң тауына
арқар атуға барған. Сонда əлгі жалғыз көзге оқыс жолығып қалды.
Еңгезердей неме ай-шай жоқ, салған жерден: “Ақсақал, немене, неміс
іздеп жүрсіңдір ме?” деген. “Шырағым, анда-санда аң-құс қағатынымыз
бар еді, – деді атасы насыбайын атып. – Ал, əлгі немісіңмен... Құдайға
шүкір, балалар есеп айырысып жатыр”. “Қалай, бірдеңе шығатын ба?”
“Нені айтасың?”, “Жеңеміз дей ме немісті, қайтеді?” “Оны мына сендер
білмейсіңдер ме. Жассыңдар, ғазит оқисыңдар”. “Ойбай, ақсақал,
ғазитіңіз не. Ғазитіңізді өзім тумысымда екі-ақ жолы көргем…”
Атасы жалғыз көздің тегін, руын сұрап еді, анау: “Ақсақал, бізде тек,
ру деген болмайды, бəріміз сəбетскийміз”, деп ырқ-ырқ күлді. Сосын
сөз арасын дереу басқа жаққа бұрып жіберді: “Атқан оғы құры
кетпейтін сұр мерген болсаңыз, анау көрінген шағылдың теріскей
бетінде екі үйір арқар жүр”, деп, атын тебіне берген. Тебіне беріп
Дударайға жалғыз көзін бағжаң еткізіп еді, баланың зəресі ұшты.
“Иттің сұрын, – деген шал басын шайқап. – Көзі жабылмай ма, немене”.
Содан Дударай жалғыз көзді соңғы рет қыркүйектің басында көрді.
“Тымпайыға” көшіп келгеннен кейін атасы мақау қыз екеуін
бақырауық сары атанға мінгізіп қыстауға, екі бөлмелі ескі тамның ішісыртын сылатуға алып барған. Қыз бен бала топыраққа жылқының
қиын қосып, лай шылап, үйдің түскен жерлері мен еденін сылап
дегендей бір апта күзеу мен қыстау арасында сары үлектің қызығын
көрген. Сол үй сылаудың соңғы күні ме екен, түс əлетінде екеуі там
көлеңкесінде демалып отыр еді, желке тұстағы қылтадан дүрсілдетіп
бір атты шыға келді. О, сұмдық! Жалғыз көз! Келді де, ат үстінен
қарғып түсіп, тізгінді қораның сидиып шығып тұрған бел ағашына іле
салды. Сосын Дударайды итпісің, кісімісің деместен сілейіп тұрған
қызды бажылдағанына қарамай тік көтерген бойы үйге алып кіріп
кетті. Ары отырды, бері отырды, аналар жоқ. Есі шықты. Мүмкін ана
пəлекет қызды өлтіріп жатқан шығар. Атып тұрып барып ақырын
терезеге үңілген. Үңілсе... Жалғыз көз қызды екі қолымен жаман пешті
тіретіп, өңкейтіп қойыпты да өзі арт жағынан артылып алып изеңдеп
тұр...
Мақау қыз үйден жалғыз көз аттанып кеткеннен кейін барып бір-ақ
шықты. Жыламаған, сықтамаған. Қайта аппақ жүзінің қызылы
молайып, албырап, уылжып тұр. Əдетте, кеберсіңкіреп жүретін шошақ
еріндері шиедей қызыл.
Бала қайран қалды. Буыны былқ-сылқ қыз көлеңкедегі ескі
күбəйкенің үстіне барып сұлай түсіп, бірден ұйықтап кетті. Бетіне
үңіліп еді қыз жымиып жатыр. Дударай адамның жымиып жатып
ұйықтағанын бірінші рет көріп еді...
Ол бір түрлі өзіне беймəлім күй кешті. Қызды аяп отыр ма, жек көріп
отыр ма, əлде өзі ұялып отыр ма, қорланып отыр ма, білмейді. Сірə,
соның барлығы бар. Соның барлығы жан дүниесінде алма-кезек ат
ойнатып жатыр. Жылады. Қыстығып, қиналып ұзақ еңіреген...
– Е, Құдай!
Бала атасының қарлығып, қаңсып шыққан азалы үнінен селк етіп,
ойға батқан басын көтеріп алды.
– Е, Құдай, мынаны естірткенше ал мені, ал, – деп шал басын
керегеге ұрғылады. – Қайдасың сен? Көктесің бе? Көкте болсаң неге
көрмейсің мені?!
Дударай енді бұдан əрі шыдап отыра алмады.
– Ата, ата, – деген ботадай боздап. – Ата, мен білемін...
Шал оқыс бұрылды:
– Нені? Нені?
– Жалғыз көз...
– Жалғыз көз?...
– Сол, анада арқар атуға барғанда “Сораңда” жолыққан жалғыз көз
ше... Сол, ата, – деп бала көз жасына көміліп, көрген-білгенін айтып
берді.
– Ойбай, мұны неге айтпадыңдар бізге.
– Түгел бауыздап кетемін деді.
Едəуір есеңгіреп отырған шал бір кезде:
– Жаңағы Айқан байғұс қайда? – деп апалақтады.
Ертесіне бала мен шал екі атқа мініп, “Сораңның” арғы етегіндегі
көрші облыстың малды ауылына қарай бет алды. Шалдың тақымында
отыз екісі. Шаруалары оңынан туып, көңіл жайланса қайтар жолда аң
қаға қайту да ойда бар. Қызылға тістері тимегелі біраз.
Бұлар діттеген жерлеріне түс ауа жетті. Дударайдың мына өңірді
көруі алғаш рет. Тауға емінген жағы жайдақ жылға болып келеді екен
де, ар жағы ұшы-қиырсыз ми жазық.
Шал мен бала тана-торпақ қайырған бір малшының жөн сілтеуімен,
тау бөктерінде отырған жылқылы ауылды тез-ақ тауып алды.
Жарбиған қараша үйден екі бүктеліп сыртқа шыққан жалғыз көз
бұлардың сəлемін де алмады, аттан да түс деген жоқ. Мама ағашта
қаңтарулы тұрған қара айғырына қарғып мінді де тауға қарай шоқыта
жөнелді. Содан жадағайлау Құмдауыт өзекке жеткенде ат басын бір-ақ
іріккен.
– Жоқ іздеп жүрсеңдер, – деді бірден. – Малдарыңды алған мен емес,
басқа жақтан іздеңдер.
– Ойбай, шырағым, біз мал іздеп жүргеніміз жоқ, – деді атасы. Біз
өзіңді іздеп келдік.
– Мəссаған... Ал...
– Келіп қалдық шырағым, келмеске болмай қалды.
– Құлақ сізде.
– Ана мүсəпір... Қызды айтам... Отыз екінші жылғы ашаршылықта
өлгелі жатқан жерінен тауып алып едім... Енді, əне, болары болып,
бояуы сіңіп қойыпты.
– Шал, сенің осы не оттап тұрғаныңды түсінсем бұйырмасын.
– Аяғы ауырлап қалыпты байғұстың.
– Жүкті ме?
– Зорлық жасап, бетін өзің ашыпсың, “қолыңмен істегеніңді
мойныңмен көтер” деген атаң қазақ... Тілі жоқ демесең, бір үйдің
шаруасын дөңгелетіп-ақ əкететін бала.
Жалғыз көз жатып келіп күлді.
– Шал-ау, – деді сосын, – Мақауды айтасың, мен сау қызды
алмаймын. Қазір, шалым, не көп – қылмыңдаған қыз көп, желкілдеген
жесір көп. Оның біреуін алып, бағып-қағып басты ауыртқанша бəрімен
ойнау керек.
– Шырағым, Құдайдан қорық.
– Ойнас жасама деген Құдайды көргем жоқ, шал.
– Зорлық етіпсің...
– Андағы боқмұрынның сөзі ме? – Алпамсадай неменің ақшаңдаған
көзін көргенде баланың төбе шашы тік тұрды.
– Ая, сорлыны, бізді ая, – деп шал жыларман болды. – Өз тұқымың...
– Өз тұқымың... – Анау ырқылдап келеңсіз күлді. – Саған бердім
соны, ақысыз ал.
– Мейлі, оныңа да мақұл, алмасаң қайтейін, бірақ ең болмаса бізбен
барып баланың сенен екенін айтшы, сөйтші, қарағым, ана кемпірге.
– Өй, кемпіріңді...
– Өй, сен адамнан туған шығарсың, – атасы дереу өзгеріп, сақалы
селкілдеп кетті.
– Туса ше... Жə, шал, осы тəжікелескеніміз де жетер. Қане, марш,
əйтпесе екеуіңді қоса ат құйрығына байлап жіберемін қазір. Шал
тақымындағы отыз екісін жұлып алды:
– Иттен жаралған, – деді зығырданы қайнап. – Мүсəпірді қорлап.
Шал мылтықтың затворын сарт-сұрт еткізді.
– Ол аздай апандай адамды... Жалпаңнан түсірейін, доңыз!
Жалғыз көздің қолындағы құрық шал мінген күреңнің басына қалай
сарт еткенін байқап та үлгермеді. Ат жалт берді, шал ер үстінен ауып
қала жаздап, əзер түзелді. Бірақ мылтығы қолынан түсіп қалды. Со
мезетінде жалғыз көз шалды ат-матымен сабалап, қуды да кетті.
Құрықтап біресе сайдың ана басына, біресе мына басына қуады. Сосын
қатарласа шауып келіп шалды белбаудан алды да, ер үстінен жерге
лақтырып тастап кетті. Одан кейін аттың омырауымен ары да, бері де
қағып ес жиғызбады. Шалдың бет-аузы қан. Басын қорғалап, екі қолы
ербең-ербең етеді.
– Көрсетейін саған жалпамнан түсіргенді, – деп жалғыз көз тіпті
екіленіп алды. – Қыздарыңды қатын еткенді айтасың, мен сендерді
тірідей көкпар қыламын.
Атасын ат бауырына алып дырылдата сүйрей жөнелгенде, шал
“жəкетай-лап” жалына бастады.
– Əй, солай ма, – дейді анау қыбы қанып. – Əлі менің табанымды
жалайсың. Қане, құтылып көріңдер менен, енді сендерді Құдай да
құтқара алмайды.
– Жəке-е-тай...
Болды. Бітті. Төзді. Шыдады. Бала аттан түсе мылтыққа жармасты.
Отыз екіні көтере салып, шалды көкпар қылып ойнап жүрген жалғыз
көзге қарай жүрді. Анау мұны таяп келгенде ғана аңғарды. Шалды
былай тастай салып, Дударайға құрығын кезеді:
– Əй, күшік, жан керек болса таста андағыны, – деп ақырды.
– Ду...дар...ай... күнім, қой, таста мылтықты, таста жарығ-ы-ым!
Бала атасының ыңырсыған дауысын анық естіді. Бір-ақ оның ешбір
əсері болған жоқ. Дударай бірақ нəрсені тіледі, ол – мына əзірейілден
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 11
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.