Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 18

Total number of words is 3834
Total number of unique words is 2268
33.8 of words are in the 2000 most common words
48.1 of words are in the 5000 most common words
55.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бірінде қалың ағаштың арасынан бұлғаңдап əлгінің шыға келгені.
«Жатысыңыз жақсы екен» дейді. «Е, онда сен де жат» дедім қағынып.
Қыз келіп құлай кетті. Құтырынып тұрған шағым. Шап бердім. «А… а…
апа… а… тай» деп шыбын жаны шығып кете жаздаған қыз, дамбалын
киіп жатып: «Енді мені аласың, – деп күліп отыр. – Алмасаң, білесің ғой,
көкеме айтам. Ол атады да тастайды». «Əй, сен, өзің іздеп келмедің
бе?» деймін. «Өзі іздеп келгенді өсти сала ма. Көп сөзді қой, ал мені.
Болмаса…» деп бұлаңдап кете барды. Қайтемін, көкжал əкесінен
қорықтым. Үй болдық. Бірақ, еркек сорлы əйел сияқты сүймегенімен
үйреніп кете алмайды. Ал осындағы келіншек… Ажары айрықша асқан
əдемілігінен емес, оның күллі тұла бойында бір тылсым құдірет
байқалған маған. Сонда ол кеудемді қақ жарып кіріп, жүрегімді сипап
отырғандай сұмдық күй кештім. Мен қайсыбір адам да, бəлкім,
былайғыларға білініп, байқалмайтын, тек оның өзі жан-тəнімен
қалайтын адамына ғана сезілетін тылсым құдірет бар, болады деп
ешқашан ойлаған емес едім. Ойланып қалғам. Оның демі, жанарының
жарқыл сəулесі, үні, қозғалған дыбысы қанымен бірге алпыс екі
тамырымда теңдей айналып жүргендей сезімге тап болдым. Мен
ешқашан сезіп-білмеген, тіпті қиялымда жоқ ғажап рахат-шаттыққа
кенеле бастағам. Ең əуелдегі серілік-періліктен қалған əдет – əйтеуір,
аунатып алу əуестігі өзімді өрттей қызартып, өлердей ұялтты. Əсіресе,
алғаш жəне соңғы рет жолыққандағы əрекеті мендегі еркектік
əумесерліктің əңкі-тəңкісін шығарған… Біздің арамызда анау
дейтіндей, ештеңе болған жоқ…Бұл дүниеде жеңгей, адамға ең
қорқынышты – адам. Біреуінің ғана үрейі күллі дүниені теріс
айналдырып, есін екеу, түсін төртеу қылып жіберуі көзді ашыпжұмғанша. Қатынымның əкесі сол біреу болатын. Демі үзілгенше
қызыл өкіметпен жалғыз соғысып өткен көкжал. Не істемеді? Атты,
өртеді... Ұстатпай қойды. Біздің ауыл ар жағы Алатау болып кететін
шың-құздың етегінде. Көкжал қайын-атам Алатаудың адам баса
алмайтын шатқалдарына кіріп кетіп, жым-жылас жоғалып, күтпеген
жерден жетіп келіп, білгенін істейтін.
***
Мұның қатынын тастап, құмдағы бір ауылдан ғашығын тауып,
алмақ ойын əуелі əйелі, одан ел, одан көкжал қайынатасы білді...
Жақауратып өзі айтқан. Одан қайынағасы да білген. Қайсыбір күн тапа
тал түсте, енді сол дəл есігінің алдына келіп ат ойнатпай ма. «Əй, атаңа
нəлет, шық бері!» демей ме. Жағы үрпиіп шыққан бұған қарап тұрып,
тақымындағы бесатарын жұлып алған күйі белдеуде тұрған
көкжорғаны жалғыз атып, жалпасынан түсіреді. «Қызымды тастап
кетсең, жорғаның жолын құшасың. Ана ойнасың да, ит!» деп басынан
асырып гүрс еткізіп, көзден ғайып болған.
 ¬Ол сөзін жерге тастамайтын қаражүрек еді, – деді əнші. Мені ғана
емес, келіншекті де атып кете салар еді. Қорықтым.
 «Уəде – құдай сөзі» демеп пе едің. Құдайдан қорықпадың ба.
 Адам құдайдан да қорқынышты ғой, жеңгей.
 Сен оны танымадың, жаңа.
 Кімді айтасыз?
 Алба-жұлба əйелді.
 Не дедіңіз?
 Ия танымадың. Ол баяғы, сол ғой.
 Қойыңыз, жеңгей...
 Ия, сол, енді əне... Арманын адыра қалдырған күйігің бар, байдың
тепкісі жəне былай, əй көрді-ау сорлы. Азды, тозды. Əуелде ара-тұра
шалықтады. Бертінде беталды жүріп кететіні қосылды. Ар жағымыз
қойнау-қойнауында қаншалықты ел-жұрттың барын кім білсін,
құладүз құм қой. Соған сіңіп кете ме, əйтеуір кетеді... Қарасуық түсе
қара көрсетеді. Кенеттен.
 О, жаратқан – əншінің əлпеті əлемтапырақ болып кетті.
 Сенің адыра қалған уəдеңнің күйігі шығар, күйеуінен жыпылдаған
ауыздардың сыпсың сөздері құлағына жеткен сəттен күн сайын көрген
тепкісі бар, бəрі қосылды. Азды, тозды. Əуелде ара-тұра шалықтады.
Соңыра беті ауған жаққа жүріп кететінді шығарды. Осыдан былай
қараған жер ұшы-қиырсыз құм дала. Соған қарай. Қарасуық түскенде
пайда болып қалады.
 ¬– Обалына қалған екем ғой... Ол имандай сенген «Уəде – құдай
сөзінде» тұра алмай... Содан да болар, өзімнің де сорымның қайнап
қалғаны. Қанжиренді алып келуге жіберген адамнан өзіңіз айтып
жіберген оның сəлемін естіген сəтте, қатты қылғынып кетіп,
даусымнан айрылап қалдым ғой, жеңеше. Қайта қалпына келмеді.
Құры сүлдем қалды. Кеттім тентіп, беталды. Күндерім қойшықолаңның арасында мал қайырысып өтіп жатыр. Өзегім толы өкініш,
өксік... – Басын көтеріп, кемпірге жəудіреді, – жеңгей онымен қалай
жолықтырасыз мені. Есіне түсер, бəлкім. Кешірім өтінсем... Өзіне
жетпесе де, құдайдың құлағына шалынар.
Ертесіне кемпір əйелді ертіп келген. Ол бұған көз салған жоқ,
босағада қырын отырды.
– Кешіре гөр, мені, – деді əншінің даусы біртүрлі еңіреп шығып, –
Кеш, айналайын.
Анау жалт қарады да, лып етіп сыртқа шықты. Əнші де дереу
соңынан ілескен. Алба-жұлба сұлаба құладүзді бетке алып безіп
барады екен. Бұл ентелеп барып атына мінді.
Ұршықтай үйірілген сұлаба, кенет биші құйынға айналып,
бұратылып, жылыстай берді. Бұл не? Əйел қайда? Құйын... Қалай?
Адам өйте ала ма? Тұра шапса, құйын қатты үйіріліп, жүйітки жөнеледі.
Тізгін тартса, ол да бір орнында ирелеңдеп, тоқтайды. Осылай қанша
уақыт өтті. Бір күн бе, екі күн бе, апта ма... Əнші ешнəрсе аңдай алмады.
Ол тіпті, ойлаудан да, қалғанын сезбеді. Айналып ауылға келіп
тұрғанын да білмеді. Көрген жұрттың имандары тас төбелерінен
шықты: Əншінің сақал-шашы бір талы қалмай аппақ қудай болып
ағарып, жүзі түгел күйіп кетіпті. «Құдай кешірмеді», деп міңгірлеген.
Бірақ, онысын өзі де естімеді.
***
Қанша жылдар өтті. Ақыл-есі шатысқан əйел со кеткеннен ауылға
қайта оралмаған. Бірақ, анда-санда ауылды бір құйын айналып өтеді
деседі. Одан əйелзатының боздаған даусы еміс-еміс естіліп тұратын
секілденеді екен. О несі? Қалай?..
Лениннің мойнына мінген
адам
Өңі екенін, түсі ме білмейді əкесі қыр үстінде тұр. Астында баяғы
есік пен төрдей қара ат. Тікенек тентек сирек мұрты со едірейген
қалпы. “Көке!..” “Қалайсың-ей, қу жалғыз?” “Жападан жалғыз қалдым
ғой, көке.” “Біздің маңдайымызға жазылғаны сол, маған нағыл дейсің.”
“Мені алып кетсеңіз, қайтеді.” “Тəйт, əрі! Дымы жоқ бұ дүниеде не
істейсің.” “Сыйғызбай жатыр ғой, мұнда.” “ Сен сый! Көнбе! Ерегіс!
Жағалас!” “Жағаластым.” “Жағаласа бер! Құлатқан сайын қайта тұр.
Қайта ұста кеңірдектерінен. Діңкелет. Өлсең əбден титықтатып,
сілікпесін шығарып өл, өңшең құдайсыз құл-құтанның.”
Дарбызбек шəңкілдеген дауыстан көзін ашып алды.
Қарсы бөлмедегі шала есті көз жауын алған көркем келіншек екен.
Ыржалаң-ыржалаң етеді. Ылғи осы. Таң азаннан ыржалаңдап, бөлмебөлмеге бас сұғып, кезеді де жүреді, сорлы.
Бір дөйдің əйелі екен. Əлгінің ел қинаған сұмдығын дəлелдеймін деп
жүріп, ақыры осы жерден шығыпты.
− Не керек?
− Карта ойнайсың ба?
− Жоғалшы, əрі!
− Менің күйеуім қызмет бабын пайдаланып… - дейді.
− Əй, енді бар енді!
Ренжігенді білмейді, байғұс. Кел десең келеді, кет десең кетеді.
Дарбызбек көзін қайта жұмған. Əкесі…
Алпыс үй түгілі, бір шалғайы Хан тауын, келесі іргесі қырғыз
Алатауына дейінгі аралықтағы күнгей жұртына Ағыбай батыр атымен
белгілі, Совет өкіметін ешқашан мойындамаған, колхоздың кеңсесіне,
клубына талай-талай өрт салған, Сүндет деген комсомол құдай жоқтар
ұйымының басшысы болып, алтын-күмістерін өздерімен бірге
жасырған, деп бақуатты адамдардың моласын қаздырғанда, оны өз
əкесінің жанына өзіне көр қаздырып, басын қылтитып шығарып
тірідей көміп кеткен, ойран кісі еді ғой, жарықтық. НКВД соңына қанша
түссе де, ұстай алмай мұшайман болған. Күтпеген жерден пайда
болып, ойран салатын.
Дарбызбек іштей масаттанып, мырс етті. Өрт еді əкесі. Ағыбай келе
жатыр десе жаңа ғана самбырлап отырғандар лезде жым болатын.
Өйтпеді ме: “Əй, бəлшебектер, осы сендердікі не тырқыл?” деген
пəлеге қалады. Қарсы сөйлеп көр. Сабайтынды сабайды, сабай алмауға
əлі жетпесе, атынан қарғып түсіп, ары қарап, бəкісімен өз бетін өзі тіліп
жіберіп: “Əй, мынау не? Мынау не-ей!”, деп қыр соңыңнан қалмайды.
Өлгенде көрген жалғызы болған соң ба, шал мұны əуелде алдына,
соңыра артына міңгестіріп шапанына орап жүріп өсірді, қырғыз жақтан
оралып келіп, үйленген соң жан бағу керек болған шығар, Шу бойлап
отырған діні бір, тілі туыс көрші жұрттан үйреніп келген өнері –
ауылда алғаш рет колхозға деп жүгері өсіруді қолға алған. Соның
ортасына біраз қарбыз егіп, сол жылы жиын-терін кезінде дүниеге
келген баласының атын Дарбызбек қояды.
Əкесінің мұны бірінші класқа алып келгені де қызық. Алып
келгенде, оқу басталып кеткеннен кейін, əкесі екеуі қарбыз жиынын
аяқтап, ол Тоқмақтың базарынада сатылып, Дарбызбектің киім-кешегі,
кітап-дəптері түгелденген соң, қазан айының басында жеткізді ғой,
артына міңгестіріп. Үзіліс кезі болса керек, бастауыш мектептің
алдында бала біткен жабылып жұдырықтай жалғыз резинка допты
ары-бері қуалап жүр екен, қара атты екпіндетіп келіп тоқтаған шал:
− Əй, өңшең ешкінің асығына ұқсаған иір-қиырлар, кім бар анада, деп қамшысының сабын шағын мектеп үйіне кезеді. Зəрлі даусынан
бала біткен үрпиісіп, тұрған-тұрған орындарына сілтедей тынып,
сілейіп-сілейіп қалды.
− Ағай… тəтей… - деді біреуі міңгірлеп.
− Ағайың кім? Əйел ауыз Ақатай тобанаяқтың ұзынтұрасы ма?
Шақырыңдар оны бері!
Шақырды. Ұзынтұра мұғалімнің аузы шынында да ерні əйелдікіне
ұқсас қаймақтай жұқа екен.
− Аға, сəлеметсіз бе, – деді ат үстіндегіге қолын ұсынып.
Шалдың сирек жез мұрты оқыс тікірейіп шыға келді.
− Өй, құлпет! − деді ананың сəлемге ұсынған қолын қамшы сабымен
ары итеріп жіберіп. − Сəлеметсізің не-ей, сенің… Сəлеметсіз деп… Тобан
аяқ, тоқ құрсақ əкең ана жылы теміржол станциясынан ХТЗ-ға май
тасығанда, ыңғай сондағы татар қатындармен ойнас болған, деп естіп
ем, сəлеметсіз солардан жұққан екен ғой, құдай төбелеріңнен ұрып.
Болмаса, атаңнан қалған ассаламағалейкум қайда! Ой жетесіз! Түсіріп
ал қане, Дарбызбекті аттан!
Мұғалім қыңқ демеді. Десе, шатақ шалдың қолындағы сегіз өрім
дойыры екі жауырынының қақ ортасынан сарт ете түсуі əбден мүмкін
екенін біледі. Қызараң-қызараң етіп, Дарбызбекті аттан көтеріп,
түсіріп алды.
− Аға, оқу басталғалы айдан асып кетті ғой, − деген сосын міңгірлеп.
− Жыл өтіп кетсе де, далбасалама, − деді шал – менің ұлым
оқуыңның кез-келген тұсынан оқи береді. Білдің бе-ей!
Сонда оқу тəртібіне үйрене алсашы бұл. Əуелі əкесінің алдына,
соңыра артына міңгесіп, еркін далада еркін өскен, ойына не түссе оны
со мезет істей салатын, еркелігі шектеп шыққан бала 45 минут партаға
жабысып отыруға көндікпей, сабақтың кез-келген тұсынан сыртқа
шығып жүре беретін. Мұғалімнің ескертуі, ренжуі, ұрсуы оған көк
тиын.
− Кетші, ыңқылдамай, − деп жүре береді.
Дарбызбек сол қылығына енді өзі мырс етіп, жастықтан басын
көтерді. Көтермес те ме еді, жанындағы жігіт пен қарсы қабырғадағы
өзі шамалас егде еркектің қыбыр-жыбыры əсер етті. Егде еркек көзін
ашса болды, өзі қолынан тастамайтын газетке жармасады. Оқиды.
Оқығанда, “Қолдан жасаған құдай” деген мақаланы ғана. Күн сайын
қайта-қайта тек соны ежектейді. Басқа өмірдің бəрін ұмытқан. Тіпті,
жанында өзге де адам бар екенімен де шаруасы жоқ. Өзін жалғызбын,
деп ойлайды. Өзіне-өзі сөйлейді. Өзіне-өзі жауап береді. Сондағысы:
− Ит екен ғой, мына Ленин.
− Күн көсем деуші едің, кеше.
− Аудандық комсомол комитетінің бірінші секретары болып
жүргенде ме?
− Пионер кезіңде-ақ. Мектеп комсомол комитетінің секретары
кезіңде, тіпті үдеп кеттің. Өз бетіңмен “Адамзаттың алыбы − Ленин”
деген қабырға газетін шығарғансың.
− Сендім ғой, сондай екеніне.
− Аупарткомның идеология жөніндегі секратарлығына өскеніңде,
тіпті үдеп кеттің. Баяндамаңның, сөйлеген сөздеріңнің бəрі Ленин
цитаталарымен басталып, солай өрбіп, солай аяқталатын.
− Жалғыз мен бе, сөйткен?
− Сенікі сұмдық еді. Кейін аузыңа Брежнев кіріп алды.
Осылай өзімен-өзі біраз əңгімелесіп алып, Ленинді қайта жерлейді.
Көсем деп жүрдім ғой. Көсем деп… Сөйтсем, Арманда деген жəлеппен…
Жəлеп екен, өзі де. Екі имениесін арендаға беріп… Партияның
ақшасымен тайраңдап… Адамдарын ондап, жүздеп атқызып…
Бұлар дəл сағат сегізде шай ішеді. Оны қоятын Дарбызбек. Қойып
жүріп таңқалатыны, жанындағылар тамақты есті адамдай сап-сау
отырып ішіп-жейді. Сондай кезде Дарбызбек мыналардың шала есті
екеніне сенбей де қалады. Қарындары қалай тойды бітті, қайта
далбасалап кетеді.
− Ой, дінсіз, − деп егде еркек қолындағы газеттің ашып отырған
бетіне былш еткізіп түкіріп жіберді – Құдай жоқ деп…
− Сен де сөйткенсің, − дейді өзіне өзі.
− Мынау ғой.
Ол өстіп отырғанда, уақыт өтіп, медсестра келіншек келіп ине
салады, таблетка береді. Пəленің қайқы қалың құйрығы қимылдаған
сайын ақ халатты іштен дірілдетіп… Дарбызбектің бойы қызып қоя
береді.
Жасы елуден асып кетсе де, əйел алмаған еді бұл. Жігітшіліктен де
ада. Бəріне өзінің ирелең-қиралаң тағдыры кінəлі. Мектептің оныншы
класын бітіргелі тұрғанда, “Социализмді сен қалай түсінесің?” деген
тақырыпқа шығарма жаздыртып, сонда мұның сүйегіне əкесінің қалың
жүгерінің ортасына еккен қарбыз жүйегінің жағасына отырып алып,
Совет өкіметінің қаныпезерлігі туралы дəл бір зікір салып отырғандай
зəрленіп, айтатын əңгімелері өтіп кеткен бе, білмеймін, деп жазды бұл,
көкем айтса: “Малдарының барлығын тартып алып жалаңаяқ
жарымаған қылып тастаған. Атамды ит жеккенге айдаған…” Мұнысын
оқыған мұғалім атаулы, жау шапқаннан жаман дүрлікті. Мектеп
директоры соғысқа қатысып, дивизия полк комсомол комитетінің
секретары болған, бір қолының басбармағы түбінен жоқ, қазір жаймашуақ, іле астаң-кестең, ала құйын адам еді, мұны кабинетіне кіргізіп
алып: “Ағыбай бəндінің құзғыны-ай”, деп ылғи қолынан түспейтін бір
топ кілттің будасымен басына ұра берді, ұра берді. Дарбызбектің басы
төңкеріп қойса, астына үлкен қораз еркін сиып жататын шойын
шөңкеге ұқсап ісіп-кеуіп кеткен. Соның зардабы шығар көп ұзамай оң
көзі жиі-жиі шаншып ауырып, ақыры қисайып тынды. Əй, сонда ғой.
Əлгі шығармадан соң ше. Мектепте бір сұмдық жиналыс болды.
Дарбызбектің адресіне не айтылмады: “Бандының бөлтірігі…
Социализмнің жауы… Шіріген жұмыртқа… Көсем атындағы
мектебімізде шын бейнесін залымдықпен көрсетпей жүрген таптық
дұшпан. Совет белсендісінің он саусағын бірдей шапқан кеңсе өкіметті
мойындамай өткен, жаудың тұяғы…” Қойшы, əйтеуір бұдан өткен
сұмырай, құзғын, құбыжық жоқ екен жер бетінде.
− Қане, кім не айтады? – деді жиналыстың төрінде отырған
директор оқушыларға қарап. – Сөйлеңдер.
Бір партада қатар отырып, сабақты ылғи бұдан көшіріп жазып
отыратын сапалақ сары қыз шығып:
− Ол ыңғайда Ленин атамыздың суретін салып отырады, таз
қылып.., − деп жыламсырап қоя бермесі бар ма.
Директор көзі енді қызға ежірейді.
− Əй, Сұлтанбекова!.. Андағың не сөз?
− Рас, ағай, − деді анау. – Таз қылғады, ылғи.
− Басқа аузыңа сөз түспей ме, бар, отыр, өйтіп шөпшеңдемей.
Қашан үйіне барса əке-шешесімен бірге шайға қойдың майын салып
ішіп отыратын ботқа бет кластасы бар еді. Сонысы үшін “шайға
қойдың майын салып ішетін шал-кемпірсің бе” деп жатып сабайтын,
оның шығып жасаған ұсынысы:
− Сотталсын!
Біреу залдан шіңкілдеді:
− Əуелі комсомолдан қумаймыз ба?
Осы кезде əлгі шайға қойдың майын салып ішкіш жұрт алдында
сопайып жалғыз тұрған мұның жанынан өте бергені сол, Дарбызбек
оның жағасынан шап беріп, екі бұтының арасынан аямай тепті де
жіберді. Со бойы сыртқа атып шыққан. Əкесінің мазарына тіке тартты.
“Көке-ау, деп боздады ғой, − сонда. – Басынды ғой жабылып, деп
еңіреді. Мен де өзің құсап қашып кетейін бе, деп теңселді. Ана
басбармағы жоқ директордың қалған саусағын шауып тастаймын,
осыдан, деп тепсінді.
− Көкесі, − деген дəрігердің сөзінен селт еткен. – Қалайсыз?
− Тірімін.
− Ол белгілі ғой, жалпы көңіл-күйіңізді айтамын?
− Жынды адамда қайдағы көңіл-күй.
− Сіз жынды емессіз.
− Енді кіммін?
Медсестра келіншек қан қысымын өлшеді.
− Тамырыңыз жиырма бестегі жігіттікінен кем соқпайды, − деді
күліп.
− Жарылып кетпей жүргенін айтсаңшы.
− Бұ, қай сөзіңіз?
− Өмірі ұрғашыға сүйкенбеген бұл, ағаң.
− Айтасыз-ау.
− Рас-ей.
Медсестраның ем-домынан соң, Дарбызбек балконда біраз тұрып,
қайта оралса, егде еркекке қарындасы келіп отыр екен. Əдеттегідей,
үлкен пакетін толтырып тамақ əкеліпті. Кеткенше көзінің жасын жиіжиі сығып отырады. Ананікі баяғы газеті. Артымнан адам келіп отырау, демейді. Оқта-текте қарындасына бірер сəт қадалып қарап
қалатыны бар. Сонда “Қайда?!” дейді жұлып алғандай. Бітті. Ары қарай
газетімен əуре.
Қарындасы көзінің жасына ие бола алмай отырып, ағасы туралы
үзік-үзік əңгіме айтады. Дарбызбектің ұққаны: қайта құру мұның
бауырына қасырет əкелген. Аупарткомда хатшы болып жүрген кезі еді,
дейді. Мəскеудің Қазақстан басшыларына қырғидай тиіп, ең көрнекті
бірінің мойнына қыл тұзақ салған кезі. О, кісі бұлардың жерлесі екен.
Арғы аталары бір. Сосын Мəскеу емес, енді өзіміздің мəскеушіл
қазақбайларымыз ана кісінің кадры дегендерге қарай тас лақтырады
ғой. Ағасын хатшылықтан бір-ақ күнде алып тастайды. Дос-жаран
жоғалды, ағайын безді. Арыз айтып, барар жер, басар тау жоқ. Балашаға анау. Асырау керек. Бірінші хатшыға барса, “Маған нағыл дейсің?”
дейді. Ылғи да төңіректеп жүретін, ағасының өзі мен əйелінің түгілі бес
баласының да туған күндерін білетін, ішім-жемді үйіп-төгіп əкеліп
тастайтын колхоз бастығы бар еді, соған барған. Обалы не керек,
баяғыдай аяғынан тік тұрып, елпілдей қоймаса да, қызмет ұсынады.
Завхоз болыңыз, дейді. Болмайтын амал, қане. Астына кузовы бар ескі
“Москвич” беріп қояды. Ал, енді тыным жоқ. Мына қымызды
Бəлембаевичке жеткіз. Қаймақты Түленбаевичтікіне апар. Жылқы
сойдыр. Он екі жілікке бөліп, облыс орталығындағы мына тізімде
көрсетілген тірек, сүйеулерімізге үлестіріп қайт. Анаған жем тасы…
“Ағам қаңғып кетті, − дейді қарындасы уһілеп. − Кеше ғана үйіне
кешкісін ертеңгілік қалай киініп кетсе, солай киімінің қыры түспей
оралатын ағам, енді үсті-басы тер сасып, қожалақ-қожалақ болып
оралып жүрді. Жарты жыл əзер шыдады. Жеңгем ішмерез зымиян
адам екен. Кеше ғана асты-үстіне түсіп отыратын ерін енді жерден
алып, жерге салатынды шығарды. Балалары да орысшалау өскен еді,
əкесін итпісің-кісімісің демейтін болды. “Как дела, товарищ секретарь”,
деп кекетіп-мұқататын-ды. Үйінде біраз жатып қайта жұмыс іздейді
ғой. Барған жерінде бір бастық: “Менде товарлы сүт фирмасы
бригадирінің вакансиясы бос. Бірақ сіз идеологсыз ғой. Мал
идеологияны қажет ете ме. Малды айтасыз, өзіміз де сол
идеологияның ендігі жерде қажеті бола қояр ма екен, деп отырмыз. Өз
ақылымызды өзіміз игере алмай жатқанда, кісі ақылын қайтеміз,
дипломатқа салып қоямыз ба, багажникке салып жүреміз бе”, деп
жаман əжуалапты. Кезінде өзінің құзырында болған оқу бөлімін
жағалады, жуытпады. Жасынан қызметте болған адам қара жұмысты
ар көрді. Орыс болса, екі қолға бір жұмыс дер еді, қазақпыз ғой…”
− Қолдан құдай жасап… − деп, осы тұста анау əңкілдеп кетті. −
Қайдан білейік… Көсем дедік. Идиот… Утопист… Фанат… Вор…
Распутник… − газетін сілкілеп өзімен-өзі өлердей өршеленді.
Дарбызбек сыртқа шықты. Аулада, естерінен əртүрлі деңгейде
адасқандар əр жерде екі, үш, төрттен əр түрлі жағдайда жүр. Біреуі
күледі, біреуі жылайды, біреуі жер сабалайды, біреуі талдың
жапырақтарын жинап алып, жеке-жеке күн көзіне ұстап үңіледі келіп.
Енді біреулері бір-біріне ұятты жерлерін көрсетіп, ыржалаң-ыржалаң
етеді.
− Мерси, мадам, − деп біреу талдың тасасынан шыға келді. Кезінде
мектепте француз пəнінің мұғалімі екен, байғұс.
− Француз революциясы туралы, оны террор деп… Ақыры, міне.
− Бар, бар − деп Дарбызбек одан өтіп кетті.
Алдынан тағы біреу атып шықты.
− Здраю желаю, − деп қолын шекесіне апарып, тікесінен-тік, тастай
қатып қалды.
− Ауғанстандағы көрген шындығын айтам деп… Əйтеуір, есі
ауысқан.
− Жарайды, жарайды − одан зорға құтылды.
Дарбызбек ауланың терең түкпіріндегі тұт ағашының көлеңкесіне
келіп отырды. Насыбай иіскейтіні бар еді, шақшасын алып, алақанына
үш-төрт түйірін түсіріп, танауына апарды. Ағаштың бұтағына екі
жабайы кептер келіп қонды. Əуелде байқамапты, бақса, екеуі бірінебірі сүйкеніп-сүйкеніп қойып отыр. Ірілеуі əлсін-əлсін қанатын қомдапқомдап қояды. Қомдап-қомдап қойып серігіне артылды енді.
Дарбызбектің тұла бойынан өрт жүріп өтті. Көзінің түбін ыстық леп
бері қарай лүп етіп, кірпігі шыланған. Екі кептер пыр етті. Əне, ауада
ойнап қалықтап, дүниеге еркелеп барады. Бірге… Екеуі… Бұл ше? Екеу
бола енді..?
Сол оқудан, комсомолдан қуылған соң, күллі ауылда кім жаман
Дарбызбек жаман, зиянды элемент? − дейтін тұжырым жасалды. Əкешешелерінің “бəлесі жұғады” дегенін бе, əйтеуір мұнымен ешкім
кешегідей сөйлесіп, алысып-жұлысып ойнамайды. Жалғыз-ақ,
көршінің бұдан бір класс төмен оқыған қызы. Ақ көңіл, аңқылдақ. Түрі
сəл нелеу енді… Осыған үздігіп тұрады. “Дарбыз, əй Дарбыз, − дейді
мұны көрсе екі үйдің арасын бөліп тұрған шарбақтан мойнын созып. −
Бері келші”. Келеді. “Не болып қалды?” “Сен “Қаһар” дейтін кітапты
оқыдың ба?” “Оны не қылам оқып?” “Қызық.” “Қай жері?” “Қай жері
несі, − деп қыз сықылықтайды. − Берейін, оқисың ба?” Кітап оқығаннан
көрі күн ұзын қораның көңін ойғанды артық көретін Дарбызбек
желкесін қасиды. “Оқышы ə, Дарбызбек.” Қыздың сөзін жыққысы
келмеді ме “мейлі” деді. Кітап қыздың қолында екен. “Мə.” Алды. Алып
келіп шағын столдың үстіне тастай салған. Со бойы ұмытып кетіпті.
Екі-үш күннен кейін көрші қыздың шарбақтан басы қылтиып тұр. “Бері
келші, Дарбызбек.” Келді. “Оқыдың ба?” Дарбызбек аузын ашты. “Жоқ.”
“Оқышы енді.” Қыз жалынғандай болып тұр. Соншалық не бəлесі бар
бұл кітаптың, деп кешкісін төсегіне жатып алып, əлгіні парақтаса, қыз
кейбір беттеріндегі сөйлемдердің астын қызыл қарындашпен сызып
тастапты. Өң бір еркек пен ұрғашының əмпей жерлері. Қарындаш
тиген жерлердің бірінен соң, бірін оқып сілекейі шұбырды мұның.
Əсіресе, “…көделі жері құндыздай” дегенді оқығанда, көзі тұманданып,
қара табанына дейін өртеніп кетті. Осы сəтке дейін көзіне ілмей
жүрген көрші қызға жатып аңсары ауып, көні кеппесі бар ма. Қызды
ойша тыржалаңаш шешіндіріп алды. Былқылдаған дүние. “…көделі
жері құндыздай…” Қане, қане… Көрші қыздың қысыңқы көзі, танауы
делдиіңкі шолақ сəңкілеу мұрны, бұған қараса біртүрлі бүлкілдеп
тұратын бүйрек беті өте сүйкімді болып елестеді... Ертесіне шарбаққа
бұл барып асылған. Көрші қыз есік алдындағы бастырманың астында
май шайқап отыр екен. “Əй, Гүлзағира…” Қыз селк етті. “Гүлзағира…”
Мұны көріп, шаруасын тастай салып, бері жүрді. “Оқыдың ба?”
“Оқыдым.” “Бастан-аяқ па?” Дарбызбек қыбыжықтады. “Ия” дейін десе
қыз сенбейді, əрине. “Қарындашпен сызылғандарын” деді өрттей
қызарып. “Өй, ұятсыз – қыз да қызарып сыңғырлап күлді. – Енді не
айтасың?” Дарбызбек не айтушы еді, айтар еді ғой, бірақ қалай.
Содан екеуі екі жақтан шарбаққа асылып жиі-жиі сөйлесетін болған.
Бірін-бірі жақын тартып, біріне-бірі бауыр басып бара жатты. Қатар
армандайды. Бірге мұңаяды. Қосылып күледі… Енді бірде… Қараңғы
түн еді. Қыз үйі ауласының түкпіріндегі қаулап өскен қалыңға кіріп
алып, өбіскен. Жұмсақ, ұлпа əлемнің жұпар иісімен күйіп-жанған
Дарбызбек одан адасып қалса, өмірем қабатындай, өкпесі қабынып,
өзегі өртеніп, өлердей өбектеді. Күйіп-жанған ұлпа əлем мұның əуеніне
əлсін-əлсін төңкеріліп, самал желмен тербелген көл бетіндей майда
дірілдеп жатты. Бозбаланың санасын билеп алған “…көдегі жері
құндыздай” əуенімен жалынға көмілген жүрегі ағызып келе жатқан
асау жылқының жүрегіндей кеудесіне əзер сиып дүрсілдеген. Сол
дүрсілге елтіді ме, ұлпа əлемнің екі жарыла берген жұмсақ жуан
толқынының арасына ендім-ау дегенде.., “Гүлзағира!” деген қыз
əкесінің даусы жер жарып, атып тұрған қыз тобығына түсіп кеткен тіз
киімін көтеріп үлгермей, бір жығылып тұрып, безе жөнелген.
Ертесіне көзі алайып қыздың əкесі келіп тұр. “Сен бала, біздің
ауладан аулақ жүр, − деді ол жерге тиетін ұшында шегесі бар балдағын
еденге тық-тық ұрып. − Біз тұқым-тұяғымен Советтер Одағына
зиянкес элементтермен сыбайлас болған емеспіз!”
Кеңседе бухгалтер болып істейтін ол, неге екенін, омырауына
соғыстан алған орден, медальдарын түгел тағып алыпты. Дігерлеуі
сұмдық: “Артыңды қыс, бала!” “Қыспасам ше,” деді бұл да қисайып.
“Қысасың, сен түгілі Николай патшаның да, Гитлердің де артын
қыстырғанбыз, − деді бухгалтердің иегі селк-селк етіп. – Сен секілді
зиянкес элементті биттей сығып жібереміз”.
Содан зікірі жаман қыз əкесі Гүлзағираны Алматыдағы
қарындасының қолына жіберген. Дарбызбек жаман күйзеліп, жүнжіп
жүрді. Гүлзағира деп емес. Əуелде ол деп те, ішінің ашығаны рас. Бірақ,
қызды тез-ақ ұмыта бастады. Сүймеген шығар. Ал енді… Зиянкес
элемент деген жанын жаман жеді. Өлердей момын шешесі кемсеңдеді.
Орамалының ұшымен көзін сүртіп отырып: “Ауданға, нағашы ініме
барып көрсең қайтеді, шопырларды оқытатын” деді. Дарбызбек
ойланды. Ойланғанда, мына ауылға сыймасын білді. Сосын тартқан
ауданға. Шешесінің нағашы інісі түксиген, сөзінің басы “так”, аяғы
“ясно” болып келетін біреу екен, мұның жай-жапсарын апыл-ғұпыл
тыңдап, жатын орнын сұрады. “Сен əуелі жатын орныңды тауып ал, −
деді. − Ар жағын подумаем, бала”.
Дарбызбек есеңгіреп қалды. Жатын орынды қайдан табады. Туыс
тұрмақ танысы жоқ мына жерде. Пəтер жалдайтын ақша қайда. Ауылға
жетіп алатын тиын ғана бар қалтасында. Сенделіп ұзақ жүрді. Жүрежүре ақыр соңында айналып автостанцияға келген.
Екі иығы салбырап, ауылға қайтқан. Отырған-тұрған сайын аузы
күбірлеп сықсың-сықсың еткен шешесінің қара шаймен беретін қалаң
етіп жапқан қара нанын кеміріп қанша жатарын құдай білер еді, егер
құрылыс бригадасының бригадирі Əмір болмағанда. Оның айтқаны:
“Сөйткен екен, деп жер аударған жоқ қой, ендеше, ешкім де аштан
өлуге тиіс емес. Тұр бала. Тұр да, қой қорасын салып жатқан
құрылысшыларға қосыл.”
Дарбызбек ала жаздай алыс мал жайылымында қора салысты.
Сөйтіп, жүріп қағаз шимайлайтынды шығарған. Сондағысы өлең. Бір
дəптерді толтырып, күздің қара суығы түскенде ауылға қайтып,
автогараждың құрылысына кіріскенде, жазбаларын аудандық газетке
айдап жіберген. Бір күні редакциядан хат келіп тұр. “Өлеңдеріңді
алдық. Ұйқас нашарлығын былай қойғанда, бірыңғай күйрек сезімге
құрылған. Оптимизм, ой қорыту байқалмайды – делініпті онда. –
Поэзияны көбірек оқып, талмай іздену керек. Ал бізге жалпы, негізінен
керегі мақала. Сондықтан қысқа хабарлар жазып көр. Партияның
қаулыларының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы, мысалы.
Еңбек озаттарын…”
Партияның қаулылары дегендерін Дарбызбек мандытып түсіне
қойған жоқ. “КПСС шешімдерін жүзеге асырамыз!” деген плакаттардың
көрінген жерде ілулі тұратыны рас, көріп жүр. Қандай шешімдер? –
білмейді.
Демек, бəлесінен аулақ деді іштей. Озаттар… Ақ тер, көк тер болып
жүргендер ауылда жететін. Мысалы, өзімен бірге жұмыс істеген
құрылысшылар ала жаздай үй бетін көрмеді ғой. Ертеңнен қара кешке
топырақ шылап, таудан тас тасып, қора қалап, желге қақталып, күнге
пісіп… жаны сірі жұрт. Осы құрылысшылар туралы жазайын, деді
Дарбызбек. Жазды. Не көріп, не қойды, бəрін тізді. Оқушы дəптерінің
жартысына толған мақаласын редакцияға жіберіп, ал енді, деп елеңдеп
жүргенде, онысы газетке де шықты. Шыққанда, көлдей дүниесі балағы
қырқыла-қырқыла тізеге шығып кеткен шалбар сияқты тылтиыпты да
қалыпты. Сөйтсе де, Əмір бригадирдің жасаған қорытындысы: “Түбі
бұдан бірдеңе шығады”.
Рас, болды сонысы. Редакцияны хабарларымен төпелей-төпелей,
селолық тілші атанып, ара-тұра асып кетпесе де, көлемі əжептеуір
суреттемелері жарық көріп жүрген күндерінің бірінде аудандық
газеттен шақырту келді. Редакторы елуге таяп қалған, біреумен
телефонмен сөйлессе: “Уа, Бəке қалай? Аман-есенсің бе. Хабарласуың
сиреп кетті ғой. Нельзя так. Алдық. Өңдетіп, өзім оқып, номерге
жібердім. Жақсы. Көбірек жазсаңшы. Бұқараның газеті көбіне штаттан
тыс, өзің сияқты қолының жорғасы барларға зəру ғой. Əсіресе, өзің
сияқтыға” деп, трубканы орнына қойған соң, “Шошқаның баласы-ай.
Осы ала милардан-ақ көрдік қой, қорлықты. Бұл албасты не жазып, не
қойғанын білмейді. Төшкесі, запитайы жоқ бір бəле. Тыныс ала
алмайсың. Шимайын оқып біткенше демің бітіп, буынып өліп қала
жаздайсың. Кез-келген мақаласының жартысы цитат… Əй, бұлардың
газетте не əкелерінің құны бар-ей! Іштерінде бір оңғаны жоқ. Бұл
шошқаның баласы аудандық оқу білімінің инспекторы тағы. Заочно
оқыған ит”, деп жаңа ғана Бəке, Сəке, жазыңдар да жазыңдар деп
емексіткендерін жерден алып, жерге салып отыратын біреу екен,
мұның бас-аяғына қарап, ай-шай жоқ: “Əй, сенің бір көзің қисық па?”
дегені. Дарбызбек қай оңған, ананың Бəкең, Сəкеңдермен телефонда
əмпей-жəмпей сөйлесіп, трубканы орнына қойған соң, жержеберлеріне жеткеніне жаман таңғалып, əрі мынау “таза ит қой” деп
ренжіп отырғаны бар. “Сіздің басыңыз неге таз?” дей жаздады.
Редактор сұрады: “Əкең бар ма?” “Жоқ.” “Шешең ше?” “Бар.”
“Бауырларың?” “Жалғызбын.” “Мен де, − деді анау. – Оныншы бітіріп пе
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 19
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.