Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 19

Total number of words is 3833
Total number of unique words is 2238
34.3 of words are in the 2000 most common words
45.9 of words are in the 5000 most common words
53.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
едің?” “Бітіргелі тұрғанда оқудан шығарып жіберді.” “Не қираттың?”
Дарбызбек үндемеді. “Мейлі, − деді анау. − Жазу шаруасында
аттестат, диплом ерунда… жаза білсең болды. Сенде қабылет бар.
Байқадық. Сосын да шақырттық. Переводной газетпіз… Материалдың
сексен проценті орысша түседі. Переводчик құтаймайды. Ертеңнен
қара кешке дейін тынымсыз аудара беру шынында да қиямет қайым.
Бірақ, аудару керек. Переводной газеттің тексті единый. Орысшаң
қалай?” “Білем.” “Білсең, кіріс. Көмектесеміз. Есіңде болсын, аудандық
газеттің жұмысы өлген-тірілгеніңе қарамайды”.
Дарбызбек кірісті. Аянбай істеді жұмысты. Азанда кеңседе
басталатын жұмысы жалдап тұрып жатқан орыс кемпірінің бір
бөлмесінде түн ауғанша жалғасып жататын. Əйтпесе, үлгермейді. Түн
жарымы ауғанда редакциясын академик Нығмет Сауранбаевтың
басқаруымен жарық көрген, талай саусақ талай рет парақтаған
“орысша-қазақша” сөздік деген қалың қара кітапты басына жастап
жатып, төрт-бес сағат көз іледі. Орыс кемір күн сайын: “Дарбызчик, за
свет кто платит?” деп оятады, сонда Дарбызбектің. “А кто платит за
нашу землю?..” дегісі келеді де тұрады.
Жап-жақсы басталып, редактор мен басқаларына да жағып,
“жарайсың бала, əйтеуір осыңнан танба, əй сен бе, сен түбі мықты
журналист боласың!” дегенде естірткен жұмысының көп ұзамай-ақ
адыра қалатынын кім білсін. Бəле Брежневтен басталды. Кез-келген
жиынның есебі, жеке адамдардың сөзі КПСС Орталық Комитетінің Бас
секретары, СССР Жоғары Советі Президиумының Председателі Леонид
Ильич Брежневтің бəлен жерде айтқаны дейтін цитаталар мен сүйікті
Леонид Ильичтің жеке өзін сендіремін дейтін уəделерін қайта-қайта
аудара беруден Дарбызбек əбден мезі болған. Бірде аудандық партия
комитетінің кезекті Пленумы жайында есепті мақалада сол
цитаталарды аудармай əдейі тастап кетіп, оны кезекші байқамай
қалып, ертесіне редакцияда өрт шыққандай болды. Өртке от қойған
партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі. Редактор облыс орталығына
жиынға кетіп, жұмысқа екі күн келмей қалған еді. Есіктен төбесі
көрінгеннен, партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі қолында газеттің
өртке тамызық болған саны, редактордың кабинетіне онымен таласа
кірді. Көп ұзамай басалған əңгіменің ұзын-ырғасы. Редактор: “Ағыбаев
айтшы, мұның не?” “Ылғи, Брежнев…” “Не!..” “Кез-келген мақалада ол
айтқандай, оның жеке өзін сендіремін, дегенді жаза береміз бе, ағай?
Бəрібір Брежнев біздің аудандық газетті оқымайды ғой, қазақшасын,
вообще…” “Əй, мынау… − редактордың аузы ырсиып, беті түгел
сиырдың желініндей талаурап ісіп-кеуіп кетті. – Барып тұрған ақымақ
қой, ə!” Партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі редактордың
анықтамасын одан əрі үдетті: “Дициденд! деңіз.” “О не пəле еді, тағы?”
“Сондай термин бар халықаралық саяси тілде.” “Ал.” “Алғанда,
Ағыбаевтың бұл əрекеті біздің коммунистік убеждениемізбен
сыйыспайды. Аса зиянды. Тіпті, сұмдық қауіпті. Газетіміз партияның
органы ғой. Партияның органында Ағыбаев сияқтылардың қызмет
істеуі… Ой-бой… Сен Жапеке абайла.” “Не айтпақсың-ей, мұныңмен?”
“Мəселе, саяси моральдықта” “Ит-ай, сен алқаш-ең ғой кеше. Сол үшін
партия қатарынан қуылдық. Енді келіп…” “Жолдас редактор мен
арақтан емделіп қойған адаммын. Партбилетімді Мəскеуге барып
Пельше жолдастың өз қолымен қайтып алған. Пельше жолдастан…”
Редактор оған қолды бір сілтеп, бұған қарады: “Əй, бала. Қане, сен
тездетіп жұмыстан өз өтінішіңмен босану жөнінде арызыңды жаз, −
деді редактор мұның алдына қағаз-қалам тастап. – Қазір, осы жерде
жаз!” “Жо…жоқ!” Партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі атқа жайдақ
мініп құйрығы ойылып келе жатқандай жаман қопаңдап кетті.
Статьямен қуу керек. Пленум жайлы есепті мақалалы қазақшаға
аударғанда, Леонид Ильич Брежневтің цитаталарын, əдейі аудармай
тастап кеткен саяси көрсоқыр қылығы үшін деп...
Редактордың орынбасары, жас орыс жігіті еді. Сол əдейі деген сөзге
қарсы шықты… Біреу: “Баланың əрекеті коммунистік өмір салтымызға,
партиялық неге… расында нелеу… ал аудармашыны қайдан табамыз”,
деді. Білместігі, шалағайлылығы сөз болды. Алайда, партия тұрмысы
бөлімінің меңгерушісі ешкімге дес бермеді. Ертең əлдекім, аудандық
газет КПСС Орталық Комитетінің Бас секретарының, цитаталарын
орысшасында басып, қазақшасында қысқартып тастаған, деп жоғарыға
арыз жөнелтіп жүрсе ше?., дегенде көзəйнегінің аржағындағы көзі бер
жағына саттиып шығып кете жаздады.
Не керек, Дарбызбек статьямен жұмыстан қуылған. Қуылып бара
жатып, сыртта есік алдында темекісін тартып тұрған партия тұрмысы
бөлімінің меңгерушісінің құйрығынан бір теппей ме. Тепкені бар
болсын, милицияда он бес тəулік жатып шықты.
Осыдан былай қарай, бəрінен көңілі қалған мұның бір күн анда, бір
күн мұнда дегендей, дəуіріш іспетті кезбе өмірі басталған. Кезбелік көп
жағдайды көзбен көріп, жақсыға да, жаманға да тірідей куə болу екен.
Əй, сонда мұның білгені жұрттың əділетсіздік, түсініксіздік жалпы ішін
тесіп бара жатқан əңгімеңіз де көп болып шықты.
Кезбе ғұмырдың қайсыбір күнінде шалғай ауылда бір азаматтың
үйіне тап келген. Құдайы қонақ болып та. Анау əңгірлеген болып
шықты. Бұл үйіне бас сұққанда, делбетап еді, құдайы қонақтың
құрметіне, деп үш-төрт стакан арақты көмейге тастап алған соң,
əжептеуір масайып, көсілді кеп: “Ағаң оңай емес, - дейді сонда – Ағаң
жетпіс екінші жылы сары шалды күзеткен, əуелі.” “Қай сары шал?”
“Ленинді.” “Мəссаған…” “Əй, несі, мəссаған?” “Қызық қой.” “Қызық…
Мавзолейдің босағасында баяғыдан сүйегі қурап жатқан шынашақтай
орыс шалдың қураған сүлдесін сағаттар бойы тікеңнен-тік, кірпік
қақпай күзетіп тұрудың қай жері қызық, а?” Деп алып, қыт-қыттап
келіп күлмесі бар ма. “Қызық деп сен мынаны айт: Чукчаны білесің ғой,
Тундрада тұратын. Соның бірі Мəскеуге келмей ме. Келіп, тундрасына
қайта оралмай ма. Оралса, чукча біткен жаудай талап, қане, Москвада
не көріп, не білдіңнің астына алмай ма. Москваны аралап жүрдім, дейді
анау, аралап жүрсем, бір сұмдық ұзақтан-ұзақ кезек тұр. Мың адам ба,
одан көп пе… Мен де тұрдым кезекке. Содан сағаттар бойы сарылып,
аяғым талып зорға жеткенде, сатушы өліп қалды…”
Осыны айтып үй иесі одан ары ырқылдады. “Иттің чукча болғаныай, - дейді ырқылын баса алмай, − Мавзолейдің кезегін, магазиннің
кезегі, жатқан Ленинді сатушы деп ойлаған ғой. Ой иттің ғана
чукчасы…”
Ертесіне бұл жиналып жатқанда анау сыртқа ілесе шықты.
Сұрағаны: “Түнде мен не айттым, осы?” “Есіңізде жоқ па?” “Болса, сұрап
нем бар.” “Мавзолей, сары шал, чукча…” Үй иесі мұны жетелеп
баспанасына қайта ертіп кірді. Оқта-текте киілді дегені болмаса, су
жаңа дерлік шетелдік, шибарқыт костюм шалбарды кигізіп, алақанына
аздап ақша салды. “Қырықтың бірі – қыдыр, - деген сосын сөйтіп,
қабылдаймын кімді де. Енді анау, аздап ішіп алсам қу аузымның
қышымасы ұстап, лағып кететінім рас, не естісең осында қалсын,
туысқан.” “Оған қам жемеңіз. Оны өзімнің де суқаным сүймейді.”
Ананың көзі бақырайды. “Қой, өйтпе” “Рас…”
Кезбенің ермегі – ой. Дарбызбек не ойламайды. Бірі келіп, бірі
кетеді. Көңілді сандаған сауал кеулейді. Жауабы жоқ, бар болған күнде,
оны Дарбызбек білмейтін сауалдар. Мысалы, Ленин… Ол дегенде, неге
бала-шаға демей, кəрі-құртаң демей, шығарға жаны басқа. Ақ патшаны
құлатыпты, төңкеріс жасапты. Көкесі айтатын: “Өз жұртыңа жасаған
төңкеріс имансыздың имансыздығы. Қазаныңды төңкеріп тастасаң от
енді астынан тимей, ішінен бықсиды. Қазанның ішінен бықсыған от –
көк түтін. Сол түтіннен көз ашпай қалдық. Бəрі дінсіздіктен.”
Дінсіз… Дін – апиын… Құдай жоқ… Солай деген адамды “атамыз,
көсем, кемеңгер” десіп шала бүлінеді жұрт. Ленин партиясы, Ленин
комсомолы, пионері, октябряты… Демек, бəрі дінсіз, бəрі құдайсыз.
Дінсіз, құдайсыз жұрт… Дінсіз, құдайсыз жұрт қайтіп жетеді бақытқа?
Дінсіз, құдайсыз жұртта қасиет қала ма. Қалса, аузында арақ, езуінде
шылым, лəйліп жүргені қалай, мына елдің.
Кезбе жүріс қайсыбірде түкпірдегі шағын ауылға алып келген.
Айналасы жүз шақты аядай мекен. Сонда қаралы жағдайдың үстінен
шықпасы бар ма. Жап-жас келіншек аудан орталығындағы ауруханада
қайтыс болыпты. Енді мына сұмдықты қараңыз: марқұмның сүйегін
əкелуге кеткендер жеткенше ішіп, əбден масайғандары соншалық,
ауылға басқа біреудің мəйітін алып келген…
Ленин… Одан – Брежнев. Япыр-ай… Соның жеке өзін сендіремін деп
те, өліп-өше ме, жаппай. Брежнев болмаса егін егіп, мал бақпайтын ба
еді, қазақ? Жеке өзін сендірмесе, шаруасы дым қалмай өртеніп кете ме?
Брежнев жолдастың айтқаны, Брежнев жолдастың кеңесі, Брежнев
жолдастың нұсқауы…
Құлдықтан құтылдық дегені қайда бұл елдің. Құтылса өсте ме?.. О,
əкесінің аузын…
Манадан бері өткен-кеткенді есіне алып, ойды ойға сабақтап
отырған Дарбызбек осы тұста орнынан тұрып кетті. Ашу қысқанда,
өстіп байыз таппай, ары-бері жүріп алатын. Бет алды жаяу-жалпы
кезіп те кетер еді, амал қане, мына жерден шыға алмайсың.
Дарбызбек “Адамның басы – Алланың добы” дегенге онша сене
бермейді. Сірə, адамның басы адамдардың добы деген дұрыс шығар.
Солар ғой, мұны бас-көзге тепкілеп жүрген. Сондағылары, Лениннің
суретін басын таз қылып салғаны. Таз екені өтірік емес қой. Қасқа бас.
Шүйде жағында қыл-қыбыры бар. Соны шимайлай салғанда… Неге
екенін сөйткісі келмеді. Сосын… Брежнев жолдастың цитаталарын
орысшасынан қазақшаға аудармай, тастап кеткені… Айтпақшы… Бəрін
қойшы. Бəрінен бұрын бұл Лениннің мойнына мінгенін айтсаңшы…
Сөйтіп қой, мына жындыханаға түсіп, жарты жылдан бері жатқаны.
…Əйгілі желтоқсанның қаралы күнінде Дарбызбек автобуспен
облыс орталығына келе жатқан. Алматыдағы қазақ жастарының
қозғалысын автобустағы радиодан естіді. “Маяк” деген радиостанция
қазақ жастарын жерден алып, жерге салып жатыр. Айтпағандары жоқ.
Ұлтшылар дейме-ау, нашақорлар дейме-ау…
Түнделетіп автобекеттен түскен Дарбызбек қаланың орталық
алаңына таксимен жеткен. Мұнда да дүрбелең десе, тып-тыныш. Арыбері өтетін жолдар бойында қаптаған патрульдердің машинасы.
Алаңда тек серейген біреу жүр, екі қабат əйелін жетелеп. Қазақ екен.
Сəлем берді. “Ассалаумағалейкум!” “Сұмдық қой, мынау, − дейді анау –
қорлап жатыр қазақты, таптап жатыр табанына.” “Екеуден-екеу
мыналарың не жүріс?” “Протест!” “Ол не?” “Қарсылық” “Мұның кімге
керек?” “Енді мен патриотпын. Жүреміз өстіп. Таң атқанша, қатып
өлсек те.” “Мына суықта қатының бала тастаса, қайтесің?” “Құрбандық,
ұлтым үшін” “Ақымақ, − деді бұл – сендей əсіреқызыл ұлтшылдарданақ өлеміз. Қарсылық – ұрпақты құрту емес, кесепат, құбыжықты құрту.”
Сөйтті де, аттап-бұттап жүріп кетті.
Туысының үйіне келген. Таксист еді, көзі алақандай. “Аға, бұл не
болды?” дейді. “Мен кезбемін. Кезбе не біледі…” Азанда тұрды. Тұрып
əлгінің тіркеуге арналған жібек арқанын сұрап алып, Орталық алаңға
жетті. Бала кезінде көкесі бұғалық тастауды үйреткен еді, сонысы
кəдеге жарады. Шумақтап лақтырған арқанның бұғалығы Ескерткіштің
мойнына дəл түсті. Сонымен өрмелеп шықты ғой, Дарбызбек, жоғары.
Шықты да Лениннің мойнына мініп алды. Кезбеде не болмайды, күн
суыта үлкен сумкасына мақталы шалбар, шолақ тон алатын еді.
Соларын киіп алған. Қолында балға. “Күн көсемнің” басын уатып
тастамақ. Дəл төбесінен періп жіберсе, гранит тас темірде қатты екен.
Соққысы кері серпіліп, қолынан балғаның жерге түсіп кеткені. Барып
алуға “жер шалғай”. Өлердей өкінді. Енді қайтпек керек? Құры отыра
бере ме? Қайдан сап еткенін, ойына соғыстан кейін халықтың
Муссолиниді ұстап алып, аяғын көктен келтіре іліп қойып, жабыла
басына түкіре-түкіре, тай қазандай қылып жібергенін бір жерден
оқығаны түсіп, ал кеп түкір, басқа. Аузына түкірігін жинайды да, дүние
жүзі пролетариаты ұлы көсемінің тірісінде таз, қазір тас басына былшбылш еткізеді. Желтоқсанның ызғары қандай. Түкірік тиген жерінде
мұз болып қатып жатыр.
Күн көтеріле шаруаға ентелеген жұрт бұрын-соңды көрмеген, тіпті
қаперлеріне алып көрмеген мына сұмдыққа көздері түсіп, əуелде
дəнеңеге түсінбей тұрған орындарында сілтедей тұнып, сілейіп, сосын
шуылдап-дуылдап кеткен. Жұрт аланға демде-ақ жиналды. Бір-біріне
“Ойбай, орталық алаңдағы Лениннің ескерткішіне біреу мініп алып,
Владимир Ильичтің басына түкіріп отыр, десіп хабар беріп жатыр ма,
қаланың тірісі осылай ағылсын енді. “Сұмдық-айлаған” қазақ, “Божемайлаған” орыс. Аптығып милициялар да жетті. Желінбет полковник:
“Əй, иттің баласы, түс бері!”, деп айғай салды. Дарбызбек оған қыңған
да жоқ, Лениннің азаннан бергі түкірігі қатып, əр-əр жері бүртікбүртікке айналған басына қақырып тұрып, былш-былш еткізді.
Ескерткішке таяу тұрған орыс кемпірі “О… О…”, деп барып,
шалқасынан құлаған күйі, тырайып қалды. Желінбет полковник
баяғысынша бақырып тұр: “Түс, əй, албасты! Түс жаныңның барында,
атамын!” Дарбызбек оған екі саусағының арасынан басбармағын
көрсетті. Көрсетіп тұрып, бар даусымен бақырып отыр: “Ей, қазақ! Бар
бəленің басы осы тазда. Осы таздан басталды, ойран. Осы таздың
сілеуетін мүлде қиратпай тапталғаның тапталған, қазақ. Соны да
көрмейсіңдер ме, түгел ноқай!”
Жұрт ырду-дырду. Алдарында милициясының мигалкасы
безілдеген сүліктей машиналар қалың топты қақ жарып келіп, тоқтап
жатыр. “Əкімдер, прокурор, сот” десіп, бір-біріне үрпие қараған жұрт.
Желінбет полковник нəн қараның алдына барып, қаққан қазықтай
қалшиып тұра қалып еді, “Əй, мына бассыздықты кім тияды?”, деп
анау ақырып жіберді. “Түспейді.” “Ал сен түсір! Өл, бірақ, түсір!” “Қазір,
домуправленияның арнайы краны келеді, Құлқожа Күреңбайыш.”
Үй басқармасының автомашинасы келіп, оның кранына үш-төрт
милиция мініп, əуемен Дарбызбекке қарай қозғалды. Содан жабыла
қолдарын созып бас салады ғой. Бас салғаны бар болсын, Дарбызбекті
Лениннің мойнынан жұлып ала алсашы. Ала алмағаны, оның оң қолы
бастың бір құлағына тас болып жабысып қалған еді. Ескерткіштің
құлағы дəу болатын. Дəу құлаққа жармасқан қарулы қолды ажырату
бірі тəпелтек, бірі шілпиген милицияларға оңай болмады. “Ой, ой-лап”
тұрған жұрттың арасынан енді жырқыл-тырқыл күлкілерде естіле де
бастады. Əй, бір кезде алды-ау, Дарбызбекті Лениннің мойнынан.
Содан екі бүктеп милицияның бөлімшесіне ала жөнелді. Бір-екі апта
тепкілеп,
жындыханадан
бір-ақ
шығарған.
Сөйтсе,
кейін
жындыхананың дəрігері сыбырлап айтқандай, басшыларға мұны есі
ауысқан адам етіп көрсету қажет болған. Диагнозын сөйтіп қойыңдар,
деген нұсқау түскен. Əрине, ауызша. Жоғарының нұсқауы ауызша
айтыла ма, жазбаша беріле ме, орындау – заң. “Ақиқатында, саумын,
медициналық анықтама бойынша жындымын, ə? – деген бұл сонда –
Құдайдан қорықпайсыңдар ма?” “Қорыққан соң да осылай істеп
отырғанымыз”, дейді дəрігер. “Қалайша? Бұл жерде құдайдың қандай
қатысы бар?” “Біз үшін Құдай – басшылар, аға. Соны əлі күнге білмейсіз
бе?” “Əй, оларға мені жынды қылу не үшін керек болды?” “Жындының
əрекетіне ешкім, яғни басшылар жауап бермейді ғой.”
Не қылса да Дарбызбек өзіне разы. Лениннің мойнына мінген
оқиғадан кейін, басшылардың біразының жүрек талмасы ұстап, ішкі
істер бөлімінің бастығы орнынан алынып, шақ-шəлекейлері шыққан.
Былайғы жұрт өзді-өзі қалғанда: “Кезбең – ер екен-ақ” десіп жүрді.
Бірақ, оның Дарбызбек есімін ешкім білмейтін еді. Жалпы, “О кім екен,
тұрағы қайда?”, деп індетпен де ешкім болған жоқ. Сондай да жынды
болады екен деп жабыла тырқ-тырқ күлген.
Лениннен бастап, иттерден өшімді бір алдым-ау, сонда, деп
Дарбызбек қазір өзіне-өзі өлердей разы. Көкесі көріп, білгенде ғой.
Басынан сипар еді, байғұсы. Сипар еді… Кеңес өкіметі ата-жауымыз, бір
қолымыз жағасында өтсін дейтін. Жағасы тұрмақ, мойнына мініп,
басына түкірдім…
Мойнын созып жындыхананың үш қабат үйіне, оның биік-биік
дуалмен қоршалған ауласына көз салды. Өздігінен жынданғанды
қайтесің. Ал мұнда өзгенің жынды қылғандарын қайтесің. Өзгенің…
Тəңірі қасыреттен ана биік-биік дуалдың аржағындағы ұшы-қиырсыз
əлемді өстігеннен сақтаса де. Адамнан Құдайлар шыққаннан сақтасын.
Адамнан шыққан Құдайлардан өткен қасырет жоқ. Адамдарға, адамнан
шыққан Құдайлар істейді, кесепатты. Істеген. Ленинің де сөйтті.
Сталинің де… Енді, Горбачевің. Өң өрімді қан бөктірді…
Жел үлп етіп, ағаш бұтақтарынан бірер жапырақ жерге қарай
қалықтап түсті. Манағы ма, жоқ өзгесі ме, екі жабайы кептер ағаш
бұтағына келіп қонды. Бір-біріне еркелей сүйкенеді. Қораз кептер
қанатын қомдай бастады. Дарбызбек күрсінген. Ленин құрсын, өзімді
айтсаңшы, деп айтады ол. Өзіммен өше ме біздің от… Күзің де əнеміне… 1987 жылдың күзі…
***
Бірер жылдан соң ел арасында мынандай əңгіме айтылып жүрді:
Ленин ескерткішінің орнына орын тепкен ұлы Баба ескерткішін
айналып бір кезбе өкіріп жылап жүріпті, өкіріп жылап жүріп, құлаған.
Жүрегі жарылып кеткен деседі. Дарбызбек пе екен? Басқа кім?..
Мінез
Бірін-бірі көрмегендеріне төрт-бес жылдың жүзі де болып қалыпты
ғой. Қу тірлік те баяғы. Бірге тұрмақ болсаң да, бірге жүрмек жоқ; бір
ұядан өріп шыққандар ары қарай тарам-тарам тағдырларға айналады;
пешене дейтін шіркінге жазылған соқтықпалы соқпақтар ара-кідік бір
түйісіп, оқта-текте бір қиылысып қалады демесең, өзді-өзімен қиыршиыр.
Ағасы жаңа əзірде аузы ашылып, бірақ құйылмаған арақтан
стаканына толтырып алды.
– Көптен ішпейсің бе? – деген інісіне ортадағы қуырылған балыққа
лықа толы сковоротканы бері ысырып жатып.
– Мүйіз шықпады.
– Ана бір жылдары екі бүктеліп жатып алушы едің.
– Енді де.
– Ішпей-ақ па?
– Қасірет дейтін бар ғой.
– Рас, – деді ағасы арақты сыздықтата сіміріп. Дəл бір тісінің
арасынан жіберіп жатқан сияқты.
– Бір-ақ қақпайсыз ба.
– Қайсы шаруаны да жанды қинап жасау керек қой. Оңай болғанның
лəззаты жоқ.
Шашы мойылдай қара еді, ағы көбейіп, едəуір селдірепті. Ұрты
суалыңқы. Тек көзіндегі жай отырса жабыңқы, жалт қараса жанып
шыға келетін жанары ғана сол қалпы.
– Сенің бірде-бір кітабыңды оқымаппын, − деді ағасы − не жазасың
өзі?
– Өзімді де.
– Өзің не… үлгімісің елге?
– Болмаған соң да өзімді-өзім талайтыным.
– Біздің түбімізге сол… мінез жетеді, – деді ағасы. – Əйтпесе, өзгелер
сияқты менің де қазір ат мінбесем де, тай мініп жүретін жөнім бар-
тұғын. Сипай қамшылай салатын жерде сабап жіберетін ит мінезіміз
бар. Ымыра жоқ. Келісімге келмейміз. Жиырма жыл бір көрпенің
астында жатып та жеңгеңнің əлі күнге дейін төркініне бір кетіп, бір
келіп жүретіні сол. Тіпті соған да "иə, жарайды" дей салмаймын ғой.
– Қайсыбір жылы ауыл кеңсесінде əжəптеуір қызмет істеп жүрдіңіз…
– Жүре беретін де ме едім. Əлгі Лигачев деген иттен болды ғой бəрі.
Салауатты өмір деді ме, немене. Бітті, енді ешкім ішпесін деді. Қайдағы
ішпеген! – ағасы стаканын тағы толтырып алды. – Ауызда ерік бар ма,
ар жағында аңырап құлқын тұрғанда. Құлқынды кім бітей алады.
Қолыңды сұқсаң, қолтығыңа дейін кіріп кетеді. Арақты айтасың, адам
жұтады ол. Жұтып та жатыр. Жұтпай тұра алмайды. Қоғамның соры
сол.
“Қазақ шетінен философ”, деп ойлады Хакімжан, “кез келген
əңгімені тұйықтай салмай міндетті түрде тарқатып əкетеді. Ойға
жүйрік, сөзге шебер. Əттең, іске жоқ. Əрекеті аз. Өзіне-өзі масыл. Не,
пəле?..”
– Адамның жынды болмағы қоғамынан, ағасы приманың талын
езуіне қыстырды. – Жоқ десең, биліктің айналасында атқа мініп
жүргендер болса жарайды, ал енді қойшы-қолаң, тракторшы,
комбайншыны да арақ іштің деп жиналысқа салып, партиядан шығара
ма. Алты ай жаз күнге қақтап, алты ай қыс аяз сорып қым-қуыт қу
бейнет күн сайын титықтататын, ғұмырларында театр, ресторан тағы
не… санасаң бітпейтін қызық, рахаттарды көрмейтін қарапайым
жандарды неге ішіп, неге жейсің деу ақылға сыятын ба еді. Айтшы.
– Сыймайды, əрине.
– Бізге сыйды ғой. Сен Есіркесін ағаңды білесің. Ғұмыры тау, далада
мал соңында өтті. Сол енді əлгі біреудің аузын біреу аңдып жүрген
күндері бала-шағасына шай-қант алуға ауылға келмей ме. Келгесін
жерден қазса да бір шөлмек, екі шөлмек, тіпті үшеу шығар, əкесін
танытып ішпей ме. Əкесін танытып ішкен адам қайтеді, өзі қой
соңында, қу далада ыңылдап жүретін "Құралайды" көшенің қақ
ортасында, ат үстінде талықсып тұрып бар даусымен айтпай ма. Содан
байғұсты партия жиналысына салды ғой. Партком хатшысы үш жыл
бұрын аупартком əкеліп қонжитып кеткен бетінің қызылы мол қайқы
бел, қалың құйрық кəрі қыз болатын. Қыз деген аты, əрине. О кезде
мұндай атқа мінген қыздардың қимасы бүтін болмайтыны белгілі.
Жоғарыдан қызмет бабымен келген дөкейлердің бауырында
бүгерлейтіндер осылар еді. Кеңсе жағалаған соң бəрін біліп, сезіп
жүрдік.
Содан партия жиналысы өтіп жатыр. Есіркесін сорлы ақ тер, көк тер.
"Бір жолы кешіріңдер", деп міңгір-міңгір етеді. Тіпті, кірпігі шыланып
тұр. Былайғы жұрт: "Бұдан кейін өйтпес, енді…" – деді-ақ, бірақ
партком қыз тепсініп қояр емес. Əкесіндей адамды бидайықтай
қуырып барады. "Моральдық жағынан азғындаған мұндай маскүнем
адам КПСС қатарында ендігі жерде жүруге тиіс емес, жолдастар!", деп
дігерлегенде, кеудесіндегі үнемі ісіп-кеуіп жүретін екі емшегі желіп
бара жатқан сиырдың желініндей селкілдеді. Ой, атасына нəлет!..
Қаным басыма шауып шыға келді. “Əй, партком! – дедім сосын атып
тұрып, – Сенің айтып отырғаның қай мораль? Мораль десең аудан,
облыстан келетін дөкейлердің қайсысы сені шалқайтып, қайсысы сені
тоңқайтпады?”
Хакімжан мырс етіп күліп жіберді.
– Дəл осылай дедіңіз бе?
– Колхоздың бастығы қыздай сызылған момын жігіт еді. Бар
айтқаны: "Аға, өйтпеңіз". Өйтіп қойған соң, айттың не, айтпадың не…
“Қорқытарларың партбилет пе? Онда мə! – деп қалтамнан алып, өлейін
десе жан тəтті, кірейін десе жер қатты болып əзер отырған партком
қызға қарай, – Енді мұны сен қойныңа алып жат!", деп лақтырып
тастадым да, есіктерін тарс жаптым. Содан кейін кеңсе бетін көрген
жоқпын, – деп ағасы тағы сигарет тұтатты. – Үндемеген үйдей пəледен
құтылады дей ме осы қазақ?
– Үйдей пəледен құтылар, ар-ұятынан құтыла қояр ма?
– Мəселе сонда. Ал жұртта ар-ұят неге бірдей емес? Ар-ұятынан
елдің бəрі неге бірдей қорықпайды?
– Бұл ұзақ əңгіме.
– Сен қысқартып-ақ айт. Бала кезімде: "Краткость – сестра таланта"
дегенді кімнен оқыдым. Жазушы екенсің. Əңгімені бір тамшыға
сыйғызып жібермейсің бе.
– Бəрі бір тамшыға сыя бермейді.
– Талантың кемшін бе?
– Мүмкін. Бірақ талант ұзын, қысқамен өлшенбейді.
– Онда Чеховтікі не?
– Антон Павлович қысқалықты – таланттың өзі деп отырған жоқ
қой, қарындасы дейді.
– Қарындасы деп… – ағасы сəл жымиды. – Өзі қыз мінезді адам
болған-ау. Қай жерден, қашан оқығаным, Толстой, Горький үшеуі ағаш
арасында серуендеп келе жатыпты ғой. Сонда Лев Николаевич: "Антон
Павлович, сіз қыз-қырқынмен қалай болдыңыз?" деп сұраса, Чехов
ұялғанынан өрттей қызарыпты. Ал Толстой "мен шаршамаушы едім",
дейтін көрінеді.
– Бұл алыптың мінезі қиын болған.
– Абай да қарсы кезіккен қазақты қарадан-қарап қамшымен тартып
жібереді екен деседі ғой.
– Неге олай деп ойлайсыз?
– Мінезіне үйлеспегендіктен де. Данышпан Абай қазаққа намысқой,
мəрт, ойлы, прогресшіл мінезді көксемеді ме. Соған үндеді, соған
шақырды. Қанша жерден басын тауға да, тасқа да ұрса да, қайран қазақ
селт етпеді.
– Қазақтың сондағы қалың ұйқысы бүгін ашылды ма?
Ағасы қасын керді:
– Сен оны шынында да білмейсің бе, жоқ əдейі сұрап отырсың ба?
– Толстойды ойлап отырмын.
– Қу бала.
– "Қанша кітап жазсаң да, өмір өз жолымен жүреді", деп қамықты ол.
Адамдардан бір түрлі көңілі қалды. Өз үйінің терезесінен ұрланып
қашып шыққанда, өзін бүкіл əлемнен қызғанған тас құйрық қатыны
Софья Андреевнадан емес, көрсоқыр қоғамнан безді. Толстой – өзі
сомдаған Анна Каренина тағдырының қайғылы жалғасы, аға. Ол да,
Абай да, өзін-өзі атып салған Хэмунгуэй де ішінде өзіміз бар қалың
көпір баяғыдан көнген, əбден мойындап алған, айдауына жүрген
көнбіс, көңілшек өмірге ешқашан сыймайтын азабы мен шері мол,
шеңбірек атқан шерменде мінездер.
– Бірақ сол мінез, қарапайым жұртты өз алдына қойғанда,
ұлылардың өзінде əр қилы емес пе?
– Əрине. Лермонтовтың түбіне жеткен қызғаншақтық мінез. Бекер
обалы қане, Мартынов оған бірнеше жолы "отпен ойнама", деп
ескертті ғой. Қайтесің, басы тым үлкен, мойны қылдырықтай, аяғы
талтақ Лермонтов сұлу, сымбатты Мартыновтың балға жиналатын
ақсүйек қыз-келіншектердің алдындағы биік мерейін өлердей
қызғанып, солардың көзінше мазақтауын қоймады. Ол кездің еркектік
өлшемінде дуэль – соңғы да, сөзсіз шешім болатын. Рас, Лермонтов
ұлы ақын. Алайда, ұлылықтан да жоғары азаматтық ар-намыс, арнамыстан от боп ойнап шығатын ойран мінез бар ғой.
– Рас, − деді ағасы − өмірді де мінезбен сүрмей, жұмысты да
мінезбен істемей, əйелді де мінезбен сүймей, бəрі бекер. Қалай?
– Мүмкін.
– Мойның былқылдай бастаған ба?
– Неге олай дейсіз?
– Сенде де оңған мінез жоқ-тын, енді келіп… – деп ағасы орнынан
тұрды. – Күн кешкіріп барады, баяғыдай сөре-сөре ілініп тұратын сүр
жоқ қазір, бір қаз сойып, булап пісіргенді жақсы көруші едің баяғыда.
– Əуресі көп қой. Жеңгей де…
– О жағын маған қоя бер. "Сыртқа шықсам, батырмын, үйге келсем,
қатынмынның" дəл өзімін бүгінде.
Айтты, бітті, тоқтамайды. Көлденең тұрсаң, бəлесіне қаласың. Өршіп
кетеді. Сол өртеніп жүріп қой, бəрінен қағылды. Əйтеуір, бұл көргелі
өртеніп келеді. Өртеніп ойнады. Осы ауылда сол баяғыда төбелеспеген
баласы жоқ. Өртеніп оқиды. Қай сабақтан да төрт пен бес. Тек кейде не
мұғалім, не үйде біреу қитығына тисе, ерегісіп екі алатын. Институтқа
алдына жан салмай түспесінің бірі осы. Үшінші курста оң аяғы протез
профессормен айтысып… Сондағысы  "Капиталдың" екінші томы
түсініксіз. Аудиторияда соны курстастарына айғайлап айтып отырса,
үстеріне аяғы протез оқытушы кіріп келеді: "Əй, сен не оттап
отырсың?" "Естідіңіз ғой". "Марксты сынайтын сен кімсің?". "Айта
беріңіз". "Айта берің не-ей!" профессордың мойын тамырлары ұйқыдан
оянған жыландай білеу-білеу болып қозғалақтап кетеді. "Айта беріңіз".
"Қап… мына боқмұрынды…" "Қыздардың көзінше өйтіп оскарблять
етпеңіз, профессор". "Жоғал, шық!".
Ар жағы белгілі. Институттан қуылды. Тіпті істі болып кете
жаздаған.
Талай-талай шыжығы бар ғой ағасының.
Хакімжан дипломатын столға алып қойды. Ашып, бір буда
қағаздарын бері алып шықты. Көптен бері жазып жүрген дүниесі.
Қиюы келмей қинауы көп. Қаламы алға жылжыған сайын айтарынан
адасып қала береді. Ой жүйесі сылбыр, салқын. Шығармашылық
адамының, сірə, ынта-ықыласы оның не сұмдық долдануына немесе
əлдекімге шексіз іңкəр болып отыруына байланысты. Хакімжан кімге
долданады? Долданды да ғой. Одан не өзгерді? Ештеңе де. Тірлікке
қараса, баяғы жартас, бір жартас... Дос дегендер көзде жоқ, көңілдің
ұшында. Көбісі дүние салып кетті. Енді одан беттері тіріде қайтпайды.
"Кітап жазамыз, жазушы боламыз деп баяғыда Алматының
көшелерімен таңды таңға ұрып, пəлсапа соғып жаяу кезіп… жынды
екенбіз ғой", деп отыр жазуды баяғыда қойып, бизнеске түбегейлі
берілген бір досы. Өйтетіндейі де рас. Қазірдің өзінде қаланың ең
ыңғайлы аудандарында екі жер үй, екі пəтері бар. Талай жылдан бері
оларын жалға беріп қойған. Ай сайын төрт жүзден ақша санап алады.
Баласында да, əйелінде де - иномарка. “Əттең, кейінгі кезде жүрегім
ғана сыр беріп жүр”, дейді. Хакімжанның оңар қылығы қайсы:
"Тырайып қалсаң, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жиған мына дүниең
ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей ме?", деген. "Не
оттап отырсың?" деп анау өре түрегелді.
Алды-артына қарасаң үлкен де, кіші де айналада не болып, не қойып
жатыр, оның дəнеңесін түсінбей, ауыздарын ашып, аң-таң. Енді не
қалды? Іңкəрлік пе? Кімге? Əйелге ғой. Қай əйелге? Өзіңдікі − өзіңдікі.
Оған өліп-өшемін дегенің − өтірік. Өзінікіне ешкім де өле-өлгенше өліпөшпеген. Өзінікіне өле-өлгенше өліп-өшкен жазушы – тірі
жүрмегенімен, өлген жазушы. Өтірікші. Шын жазушының іңкəрі –
тағдырының таң азанында ма, тал түсінде ме, бел асқан бесінде ме,
мейлі қай кезінде болсын, əйтеуір өз қолында ғана өмір сүріп жүрген
ұрғашыда. Оның берер шабытына еш құдірет жетпейді. Хакімжан оны
əлі күнге жолықтыра алмады ғой бірақ. Сосын да шығар, соңғы кезде
жазуға, жазу түгілі өмірге самарқау. Əлдеқайда безіп кеткісі келеді.
Текті жердің қызы емес пе, əйелі бəрін түсінді. "Саған сөзсіз ғашық болу
керек", деді. "Кімге?" "Қызға да". "Мен Гете емеспін". "Оның бекер".
"Нем?". "Жасыңа жалтақтағаның". "Олай түсінетін елдің бəрі сен
деймісің". "Менен де ақылдысы жетеді. Оның үстіне мына заманда қыз
дегенің проблема емес". "Иісі қызға итім лағымайды". "Ал сен итің
лағитынын ізде".
Əйелінің соншалық мəрттігіне таң қалды. Ұрғашының мінездісі.
Солай екенін о, баста білген. Екеуі қосыларда… иə, сол қосыларда
қыздың ата-анасының алдынан өтер адам табылмай бас қатқан. Бұ
кезде Хакімжанның əке-шешесі о дүниелік еді. Ағасының
Қазақстанның бір шетінен екінші шетіне жетуі біріншіден қиямет,
екіншіден, ол кезде партком қыздың кімге шалқайып, кімге
тоңқайғанын есептеймін деп КПСС мүшелігінен істеп жүрген
қызметінен кетіп, сіркесі су көтермей жүрген кезі-тін. Ағайын ішінде
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 20
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.