Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 16

Total number of words is 3980
Total number of unique words is 2314
34.1 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
55.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жарқыраған бақ. Тəңірі дейсіз... Тəңірге менің жазығым не?
Менің жазығым институтты бітірген соң қалада қалмай, ауылға
қайтайын, Көкмойнақтың балаларын оқытайын, тірі жүрсем
Көкмойнақта Кеңеске қарсы шығып, қызыл əскердің қылышынан опат
болғандарға белгі қояйын дегенім бе?
– Сірə, біреу өзгенің бақыты, өзінің соры үшін туатын шығар, – деп
қойды Асыраубай сосын. – Егер менің пешенеме жазылғаны соңғысы
болса, разымын. Бір тамызып қой, құда.
Отағасы рюмканы толтырды.
– Жолыңыз болмаған-ау, сірə.
– Болса өстіп отырамын ба? Ұшатын едім ғой, Көкмойнаққа қарай,
ұшатын едім, – Асыраубай рюмкадағыны соғыстырмай-ақ қағып
тастады. – Қызықты қарасаңшы, құда. Бүгін ойлап отырсам, үнемі
Жайлыбай озып, мен қалып келеді екенмін. Қараңыз бұл қызықты.
Асыраубай ақтарылды:
– Жайлыбайдың менен қай жері артық еді. Ол əлгі Боташ алқаш
айтпақшы, аспаннан салбырап түспегені рас. Екеуміз де сиыршының
баласымыз. Жүні түте-түте жамау көрпенің астында қатар жаттық.
Битіміздің саны да бірдей болатын. Ішкеніміз де бір тамақ. Бірақ, ылғи
да соның жұлдызы жанады. Бала күннен солай. Бала күнімізде жаз
бойы пішеншілерге қолғабыс жасайтын-ек. Еңбек күні де бар. Шамасы,
он-онекілердегі кезіміз. Қайсы бір күні таудағы қосқа Жайлыбай бауы
жоқ, тұмсығы тоқал, қолға ұстасаң былқ-былқ еткен резина аяқ киім
алып келді. Бұрын көрген пəлеміз емес. «Бұл не? Топыли ма?» – дейміз.
«Боти – дейді Жайлыбай. – Су өтпейді». Былтыр əкпесі алыстағы темір
жол станциясына байға тиіп кетіп еді, «күзгі лайсаңда киесің», деп сол
сатып əкеліпті. Жайлыбай оны бізге көрсетіп мақтану үшін, үйінен
тығып алып шыққан. Қатты қызықтық. Кезек-кезек киіп көреміз,
кезек-кезек киіп жүгіреміз. Жаз шілденің кезі ғой. Екі-үш күн өтті ме,
өтпеді ме аяғымыз əлем сасып шыға келді. Сөйтсек, ботиыңыз күн
ыстықта аяқты шуаш қылып жіберетін пəле екен. Жасамаған ем-дом
қалмады. Соның ішінде шипасы – қатық болды. Қатық болғанда, одан
Жайлыбайдың аяғы таза жазылып кетіп, менікі пəсейгенімен, қалып
қойды. Не сұмдық. Ол жаққан қатықты мен де жақтым. Қалыңдығы да
теңдей. Оныкі кетті, менікі қалды... Енді қараңыз, бесінші класта оқып
жүргенде теміретке деген пəлеге тап болдық. Бастың құйқасы толы
ақтаңдақ. Күкірт септі ме, тобылғының майын тамызды ма, болмайды,
түн баласы қос қолдап басымызды талап жатамыз. Содан əке-шешеміз
қайтеді, аудандық балалар ауруханасына алып барды. Қойған
диагнозының аты жаман – таз. Бола қоймағанбыз, бірақ осылай жүре
берсек сөзсіз боламыз. Ол аздай бұл теміретке дегенің жылдам
жұққыш дерт екен. Содан Көкмойнақтан келген құйқасы қызылала
төрт бала, үш қызымыздың басы əуелі тоққа салынды, артынан ақ
дəкемен қалыңдап оралып, гипстеліп тасталды. Бірер күннен кейін,
басымыз кішірейгенін, жоқ гипстің кеңінен қолпылдап қалған пəлені
дəрігерлер алдыңғы жағын қайшымен қиып жіберіп, басымыздан
сыпырып алғанда зəре-иманымыз қалмады, құйқамыз құйқа емес,
былжыраған қып-қызыл ет... Ұзын сөздің қысқасы бұл қып-қызыл ет
келесі ем-домнан соң қарақотырланып жазылып, құйқаға қайта
айналып, шаш шықты ғой. Жайлыбайдың басы жатқан қауын секілді
ұзын еді де, менің төбем шошақ болатын. Құдай қырсық қылғанда,
менің бұрынғы қалын шашым көктемде орылып күзге дейін күн
астында жатып, көбісін жел ұшырған шөптей селдіреп, ал
Жайлыбайдың бұрынғы шөлейттің селеуіндей селдір шашы
толқындалып қалың өспесі бар ма. Басының жатқан қауын секілді
ұзындығы да білінбей қалды. Менікі, мінеки, əуелгісінен де жаман
істиіп кетті, - төбесін отағасыға көрсетті. – Неге? Неге Жайлыбайдың
жолы үнемі бола беріп, менікі неге кері кетеді деймін?
Түсінсем бұйырмасын дегендей отағасы иығын көтерді.
– Сегізінші класты бітірген жылы ғой, - Асыраубай əңгімесін ары
қарай індетті. – Мені түлен түртті. Қайткен күнде мұғалім боламын
деген арманым ба, əйтеуір, Жайлыбайды педучилищеге түсейік деп
қояр да қоймадым. Бұрын қаланы кім көрген, қым-қуыт бір дүние.
Əкем берген адреспен күн ұзақ жүріп, немере қарындасының үйін əзер
таптық. Апамыз кешкі тамағын беріп отырып: «Ақшаларың болса,
сендер əуелі бір сыпыра киініп алыңдар, əйтпесе мына
сықпыттарыңмен жұртты үркітесіңдер», деген соң ертесіне
универмагқа бардық. Сонда ғой, көзімізге ең əуелі түскен
универмагтың үлкен-үлкен терезелерінің алдындағы зіңгіттейзіңгіттей қыздардың селеуеттері. Үлбіретіп киіндіріп қойған. Бұрын
мұндайды түсімізде көрмеген біз байғұс жаман таңғалайық.
Таңғалғанымыз құрысын, құда, сіз мына иттігімізді қараңыз. Япыр-ау,
дейміз мына селеует қыздардың басы, аяғы, қолы, беті, қиылған белі
бəрі, бəрі бар екен, сонда анауысын ше... Анауысын да көргіміз келіп,
елге байқатпай етектерін көтеріп, астына да үңілдік қой...
Отағасы мырс етті.
– Қызық болған екен.
– Жо.., жоқ құда, қызықтың көкесі педучилищеге Жайлыбайды қояр
да қоймай ертіп барған мен емтиханнан құлап қалып, ол түсіп кетті
ғой. Өмірде осы жолы қатты арландым. Өзгені қойғанда
Жайлыбайдың бетіне жөндеп қарай алмадым. Обалы қане, мен құлап
қалған соң ол да документтерін қайтып алып, ауылға бірге қайтіп едік.
Айтшы, құда-еке, қайда да бірге барып, бірге қайтатын сол күндер
қайда қалды? Əуелгі бір жолымыз кейін неге онға, жүзге бөлініп,
бөлектеніп кетеді. Тағдырдан ба? Болсын-ақ, бірақ, ара-тұра
қиылысып, ара-тұра түйісіп тұрмай ма. Күні ертең, құдай оның бетін
əрі қылсын ғой, əрине, кез-келгеніміз майда-шүйде соқпаққа айналып,
оны шөп-шалаң басып, сорабын да таппай қалсақ, қайттік.
– Қамыға бермеңіз, – деді отағасы.
– Қамықпауға болмайды, – деді Асыраубай, – Қамықпаған жерде
үміт түгесіледі, арман таусылады. Менің үмітім – Көкмойнағым.
Ықылымнан оты өшпей, түтіні бітпей келе жатқан оның мəңгі көктей
беретіні. Арманым – Көкмойнақты ұл-қызының соны біліп, соған
қуанып, сол үшін ғұмыр кешкені. Жайлыбай екі балам шетелге оқиды
деді, оқысын. Ал, енді Көкмойнақтың бүгінін, ертеңін шетелде оқыған
соның екі баласы ойлай ма, жоқ Көкмойнақта сылағы жалбырап түсіп
тұрған мектепте оқып жүрген киімдерінің бірі ұзын, бірі қысқа балалар
ойлай ма?.. Күллі қазаққа ертең ие болатын ұл, бəлкім, Көкмойнақтағы
сол сегіз жылдық мектепте оқып жатқан балалардың арасында жүгіріп
жүрмегеніне кім кепіл...
Құдасы бұған ұзақ қарады.
Түннің бір уағына дейін гөй-гөйлеп, жатқаннан кейін төсегінде ұзақ
дөңбекшіп, таң елең-алаңда кірпігі əзер айқасқан Асыраубай түс
көріпті.
Көкмойнақтың үсті көк тұман. Өзі шыңырауда тұр. Ернеуден біреу
қол созады, қараса, о, тоба, өзі...
Қай кез екенін, шошып оянды. Терезеден күн сəулесі төгіліп тұр.
Тырс еткен дыбыс білінбейді. Басы мең-зең. Киініп, ас бөлмеге бас
сұғып еді, дастархан əзірленіп, беті жабылып қойыпты. Шетіндегі
подноста аузы ашық конверт пен тілдей қағаз жатыр. Қағазды алды:
«Құда! – деп жазыпты онда – Үйде аздаған жиған-терген бар еді, соны
алыңыз, конверттің ішінде. Мектебіңізге сеп болар, асықпай бір
қайтарасыз. Азанда Манарбекпен де сөйлескем, балаңыз бен келініңіз
де қарап қалмас. Манарбектің өзі телефон шалады. Біз қызметке кеттік.
Əлдене қажет болса, тоңазытқышта».
Асыраубай жалма-жан конвертті алды, ішіндегісін санаса тұп-тура
бір мың доллар. Қуанғанынан отырған орнынан құлап қала жаздады.
Япыр-ай, мына құда... Енді келін, баласы қосылса...
Тұрып тоңазытқышты ашып, шөлмектерге біраз көз салып тұрды
да: «Жоқ, Асыраубай, – деді өзіне-өзі. – Енді ұмыт бұл пəлені. Енді
өзімен кетсін. Енді таза ниетке таза деніңмен кіріс».
Балам хабарласып қала ма деген оймен ваннаға телефонды өзімен
бірге ала кіріп, шым-шым суға əжептəуір жуынды. Жуынып жатып та,
жуынып болып, ыстық шайды пора-порасы шығып ішіп отырып та
көкейінен құдасы кетпей қойды. Неге бүйтті? Аяғаны ма? Əлде кісілігі
ме? Анда-санда бас қосқандары болмаса, өзімен жақсы əңгімелесіп,
терең сырласқан емес. Білетіні ата-анасынан тым ерте қалып, балалар
үйінде өскені. Кіндік қаны тамған ауылды іздеу жас кезінде ойына
келе қоймаған, кейін тапқан екен, барса ауыл бұған, бұл ауылға жат
болып шығады. «Сөйтіп, амалсыз ауылы жоқ қазаққа айналдық. Ауылы
жоқ қазақ...» деп терең, терең күрсініп еді, бірде.
Неге екенін, осы сəтте Асыраубайдың ойына Жайлыбайдың
шетелде оқып жүрген балалары түсті. Ал енді олар... деп ары қарай
бара жатыр еді, телефон без-без етіп ойын бөліп кетті. Ұлы екен.
– Мен ғой, папа.
– Əй, Манарбек, амансыңдар ма? – деп елпілдеп кеткен. – Иттің
күшігі, сен мына əкеңді біреу көкала қойдай қылып тепкілеп түрмеге
қамап қойса да іздейтін түрің жоқ қой.
– Қойшы, папа. Қазір барамын да үйге алып кетемін. Киіне беріңіз.
– Əй, тоқта. Үйге алып кетеміңді қоя тұр. Қазір оған алаңдама, қу
қара басым, құры қол қоқайып барған ырымға жаман. Көп ұзамай
шешең екеуіміз келеміз. Үй алып, бөлек шыққандарыңды білмедік қой.
– Енді, папа, келіп тұрып үйге кірмей кетесіз бе?
– Айттым ғой. Айтқанымды тыңда. Одан да қазір өзіңе барамын.
Дүкеніңе кіріп шығайын. Көрейін. Сосын жүріп кеткенім дұрыс, балам,
жұрт күтіп отыр. Құда айналайын, қаперімде жоқ жақсылығын жасап...
– Келініңіз де сонша дайындап қойды, папа.
– Сөйтті ме?... – Асыраубайдың көз аясы ысып қоя берді. Сөйтіп, бір
түрлі көңілі босап тұрып, ішінен «келініңіз де» деп,.. келінді алға салып,
ит-ай ұрғашысын өлердей жақсы көретін болғаны ғой, деп те ойлап
үлгерді.
– Папа, машина ұстап барайын ба? – деді Манарбек – Неге үндемей
қалдыңыз?
– Жоқ, өйтіп əуре болма, өзім жетемін. Дүкендерің базардың қай
тұсында... күн шығыс жағы... Аты...
– «Мейрам.»
– Е, табамын, таппай.
– Есіктерің сыртынан қатты итере салсаңыз өзі жабылып қалады,
ағылшын құлпысы ғой...
Асыраубай апыл-ғұпыл киініп, сыртқа шықты. Аяқ-қолы жерге
тимейді, жеп-жеңіл. Көңілі сондай бір алақұйын. Баласы мен келініне
көп болса жарты сағаты кетер, сосын Көкмойнақ... «Міне, əкелдім,
дейді ғой – міне..»Үлкен көшеде машина, автобус дегендер оңдысолды судай ағып өтіп жатыр. Жолдың арғы шетінде екі-үш такси
көрінеді. Соларға қарай аялдамадағы тұрған автобустың алдынан
жүгіріп өте шықпақ оймен ұмтылғаны сол, қайдан сау еткенін...
Асыраубайдың есінде қалғаны зулап келіп қалған «Джип», қатты соққы
мен тас қараңғылық...
Ол өзіне-өзі біраз күннен кейін келді. Көзін ашса тұла бойы
сырқырап қатты ауырып жатыр екен. Дəл біреулер жабылып аяққолын бұрап, іші бауырын езіп тастаған сияқты.
Жанында бетіне үңіліп, баласы мен құдасы отыр.
– Ояндыңыз ба? – деді құдасы. – Зəремізді алдыңыз, біраз.
– Не болды, өзі?
– Ішіп алған қулар екен. Өңшең өрім жас. Сіз де асыққансыз...
– Осы менің денем түгел ме?
Құдасы Манарбекке қарады.
– Папа, бір аяғыңызды...
– Көрсетші, көтер одеялды.
Балам одеялды жоғары ысырды. Сол аяғының тобықтан арғы жағы
жоқ...
– Бастың амандығын шүкіршілік етейік, – деді құдасы, – Оқыс та жау
ғой. Жаудан қалған жан олжа, Асеке.
Əке мен ұл сөйлессін деді ме, құдасы бұларды оңаша қалдырды.
– Балам, қалтамда құда берген ақша бар-тұғын.
– Бар, папа.
– Саған өтініш, ұлым. Сол бар, келін береді дегенді қосып,
Көкмойнаққа тарт. Бүгін жүріп кет. Жұрт күтіп отыр ғой. Күн болса
өтіп барады. Ақшаны жеткіз. Жайлыбай бастаған ағалардың жиып
берген көмегі де.
– Папа-ау...
– Сөйт. Жайлыбай десе ішкен астарын жерге қойып, төбелері көкке
жетіп жүрген жұрттың одан көңілі қалып қалмасын. Өзі жақсы дегенге
жұрттың сенімі жоғалса, адам біткеннен түңіле бастайды.
Көкмойнақты өйткізбейік, ұлым. Көкмойнақтағы бауырларың
ешкімнен, ешқашан сенімін жоғалтпасын. Сосын шешеңе айт, маған
келемін деп ары-бері сабылмасын. Өйтер жағдай, қане. Тірі қалыппын.
– Баяғыда майдан даласына бір аяғын түгел қалдырып келіп, бізге
сабақ берген марқұм Əміреқұлды оқушы біткен «Ойбай, балдақ келе
жатыр» деп күлуші ек, азар болса енді мені де сөйтер, – Асыраубай əзер
езу тартты. – Сабылмасын шешең. Мұнда құдайға шүкір, өздерің
барсың ғой... Қайын атаң иманды екен, қайдан білейін. Өміріміз шын
жақсыны танымай, өтірік жақсыны жағалаумен өтеді, ит-ай...
– Басқа айтар сəлеміңіз бар ма?
– Сəлемім сол, əне-мінелемей жұрт іске кірісіп кетсін. Осыны
Түрікбай атаңа қатты табыста. Ақшаны сол кісінің қолына ұстат.
Баласы шығып кеткен соң, көзі молтақ аяғына түсті. Құдайдың ісі
шығар, деді іштей өзін өзі жұбатып, мүшеңнің кемдігі ештеңе етпес,
бəрінен бұрын ниеттің кемдігінен сақтасын. Адамдардың бірін-бірін
іздеп келгені, іздеп жатқаны, іздей беретіні ең алдымен ниеттің
саулығы, тазалығы шығар. Иə, сол, сол... Басқа немене...
Көкмойнақ жақтан қазір еміс-еміс бір əңгіме естіліп қалады. Ол сызу
пəні мұғалімінің Көкмойнақ мектебіне түптің түбінде Асыраубайдың
есімін беру туралы мəселе көтеріп жүргені. Сосын «Көкмойнақтан
шыққан көкжал» деген жалпы көлемі алты дəптер очерк жазып,
аудандық газеттің редакторына алып барған екен, ол: «Бұл дүниеңізді
журналистік стильмен қайта жазып шығуды айтпағанда, ішінде
əкімдерге байланысты ыңғайсыз сөздер кетіп қалыпты. Ал біз,
əкімияттың газетіміз. Образдап айтқанда, сол əкімияттың шашқан
тарысын теріп жеп, бала-шаға асырап жүрміз. Сондықтан, шырағым,
мынауың біздің ыңғайымызға келмейді» деп қайтарып жіберіпті.
Көрбай
Соңғы бір екі ай көлемінде Көрбай қариядан маза кеткен. Жүз
шақырымдағы қалаға əлсін-əлсін шапқылауы көбейді. Бұл нағылған ақ
тер, көк тер деп əйелі аң-таң. Бірде жөн білмек еді, долы мінез
Көрекеңнің сонау терең шыңырауға түсіп кеткен ақ мұнар сарғыш
көздері қанталап шыға келді.
– Не білгің келеді?
– Тыныштық па деймін ғой?
– Болмаса ше…
– Енді... – деп өзінен жиырма бес жас кіші əйелі отағасы алдында
кібіртіктеп қалған. Одан бері де ай өтті. Қалаға кеше суыт кеткен
Көрбай ақсақал үйіне іңірде жетіп, есіктен кірер-кірместен əңкілдеп
кетті.
– Ұрғашы, ей ұрғашы тамағың əзір ме?
– Қамыры илеулі түр.
– Онда жай.
Қолында сырты қалың сарғыш қағазбен оралып, жіппен буылған
əлдене. Оны орауын шешпей, қонақ бөлменің ортасындағы стол үстіне
апарып қойды.
Қимылы бұрынғысынан да ширақ. Жүзінде əлденеге аса разы
пейілдің райы бар. Əшейінде ас үйдің бір қабырғасында тұратын
ортасы ойдым-ойдым болып кеткен атам заманғы қара диванның
үстіне қалай қалай болса солай ытқыта салатын драп пальтосын
шифонерге апарып ілді.
– Асыңды тездет қатын, – деп қояды қайта-қайта. – Бүгін ерте
жатамыз.
Соңғы жылдары дəл жатар кезде белім-айлап, басымай-лап бос
бөлмеге қарай қалтаң-қалтаң кетіп бара жататын шалының мына
едірең қылығын əйелі қалай түсінерін білмеді.
– Ерте жатқанда, – деді Көрекең. – Ерте тұру керегін айтып
жатырмын. Бүгін таңнан бұрын ату керек.
– Тыныштық па?
– Тыныш болғанда мені бір тоқал алғалы жүр деймісің. Менікі айды
аспаннан шығару.
Қай айды қай аспанға шығарады, оны əйелі сұраған жоқ.
Жасы келгенмен Көрекеңнің семіз етті еңіретіп жейтіні бар еді,
бетіне білем құйрықтың бірер түйірі туралған қойдың сүрін жаңа
əзірде талай күндер жанын жеп, мазасын алған шаруаның ушығына
жеткен қуанышына тартып жіберген жарты кесе арақтан кейін түгел
жемесе де, түріп жеп үлкен темір табақтың ар жақ ернеуіне жетержетпес қылып тастаған. Сосын, баяғы бос бөлмеге барып, қашан кірсең
салулы жататын төсегіне жантая кетті. Қараңғы бөлмеде көзі
бақырайып ұзақ жатты. Ұйқысын біреу ұрлап əкеткендей кірпігі
айқасар емес. Ана жерден бір, мына жерден бір бой көтерген сан-сан ой
қатар-қатар кимелеп, алма-кезек ала қаша ма... Ғұмыр бас-аяғы еш
түгелденбейтін азап-шер екен. Іздегеніңе, қол созым жерде тұрып
қусаң жетпейсің. Жеткізу қайда. Не десе де Көрбай өзі ə баста
діттегеніне жете алмай діңкеледі. Діттегені ақын болу еді. Солай
болатынына сенген де. Сенгенде өлеңді он алты-он жетілер
шамасында жаза бастады. Сонда, құдайдың құдыреті тұңғыш өлеңінің
тұңғыш жолдары қойлы ауылдағы немере ағасының үйіне
қонақшылап барғанда үй сыртындағы жықпылда тырбиып өскен шие
сабақтың үстіне жайылған əйел дамбалын көргенде тіліне оралған.
Басып-басып келесің маң-маң батыр,
Шие сабақ үстінде дамбал жатыр...
Дамбалдың жас жеңгесінікі екенін білді. Қанша жуса да ауында
дабтың таңбасы қалып қалған ұрғашының тіз киімі. Бұрын мұндайды
көрмеген бозбаланың өзіне беймəлім ерекше бір сезімі оттай өртеп, бір
орнында сілейтіп тастаған. Əлгі дамбалдың ауын сипағысы келді.
Жел барады балақты жүре сабап,
Жібермейді ышқырдан шие сабақ...
Сол күннен бастап Көрбай ғашықтық ғазелдерді ботадай боздатқан.
Əдемі қыз-келіншек көрсе бітті, өліп-өшіп өлең жазатын. Соларын
жиып-теріп бір күні аудандық газетке көтеріп барып еді, кабинетінде
алма мен нанның бірін қаршылдатьш, бірін малжаңдап отырған
мəдениет бөлімінің “пірі” мұның бас-аяғын бір сүзіп өтті де, аузы асқа
тола қалпы:
– Отырсай, – деді.
Отырды.
– Не əкелдің?
– Өлең.
– Кім туралы?
Бозбала қызарды.
– Əпкел!
“Пір” оқушы дəптерінің талай бетін алып жатқан ғашықтықтан өліпөшкен өлеңдерді ары-бері асығыс аударып көрді де:
– Қаршадайдан қатыншылсыңдар, – деді бұған ежірейе қарап. –
Оның түбіне ешкім жетпеген, бала. Əкең бар ма?
– Бар.
– Шаруасы қалай?
– Қай шаруасы?
– Мал-жандарыңды айтам.
– Енді... – деген бұл сұраққа онша түсінбей.
– Əкеңе айт, келіп кетсін. Келіп кетсе, өлеңдеріңді шығарамыз. Ъ
Ауылға келіп бар жайды көкесіне айтып беріп еді, ол жата шала
бүлінді.
– Ит-ай, осы сен қайдан ғана жазғыш-сызғыш болып жүрсің. Шешең
екеуміз осы жасымызға дейін бір əуеннің сөзін түгел жаттап алып
көрген жоқпыз. Қазір жаттасақ, қазір ұмытып қаламыз. Енді келіп... –
деп сөзінің соңын пүшаймандатып алды.
Осы кезде:
– Өз балаңа да өстесің, – деп шешесі əңгімеге өкпе сөз қыстырған.
– Өстігенде, далада жатқан мал, қане?
Көрбай ішегін тартқан.
– Көке-ау, бұл жерде малдың қандай қатысы бар?
– Əй, жаңағы газитің соны тілеп отырған жоқ па, сөз саптауында.
Берсек шығарады өлеңіңді, бермесек мынау да жоқ, – деп екі
саусағының арасынан тырнағы өсіп кеткен бас бармағын көрсетті.
Сонымен не керек, үйелмендік ұзақ талқылау, талдау,
қорытындылаудан кейін, көкесі бір тоқтысын сойып, етін бас-сирақ,
ішек-қарнымен қосып газеттегі “пірге” жеткізген. Сөйткен “пірі”
жиырмашақты өлеңнен əр қайсысы бар-жоғы екі шумақтан үш-ақ
өлеңін газетке басыпты.
– Иттің баласы-ай, – деген көкесі.
– Əдіре қалғыр. Жегенің тас болғыр, – деді шешесі.
Уақыт шіркін шапқан аттай. Соның жалына жармасып жүріп Көрбай
мектепті, университеттің журфагын бітіріп, аудандық газетке
қызметке тұрды. Ал енді бұрқыратсын. Мақала деймісің, өлең деймісің
Көрбай Бошқаев деген фамилиямен “Жаңа өмірдің” бетінен түспей
қойды. Көрбай ақын деген есімі ауыл-ауылды кезіп кетті. “Əй, енді сен
облысқа, республикаға ауыз сал” десті иықтас жүріп, тізерлесе
отырғандар. Рас-ау, деп Көрекең өлеңдерін топтама-топтама етіп
облыстық, республикалық газеттерге заулатты. Сол жақтарға қарап екі
көзі төрт болып жүргенде, басылған өлең жоқ, оның орнына тілдей
жауаптар келіп жатты. Тілдей жауаптардың ұзын-ырғасы, оңған емес.
Бір қағынғаны: “Мұндай өлеңдерді кез-келген ауылдағы кемпірлер бірекі стакан арақ ішсе, суырып салып айта береді”, деп тіпті, іске алғысыз
етіпті.
Бірақ бұған тоқтайтын Көрбай ма. “Далбасаларыңды ұрайын”, деп
одан əрі қозды. “Көре алмайсыңдар”, деп тепсінді. Таланттың жолы
ауыр, деп сендірді өзін. Өткір пышақ қап түбінде жатпайды, деп
екіленді. Өстіп, талай жылдары өтті. Екі ортада қыздай қосылып отыз
жыл отасқан қосағынан айырылды. Мұның жазған өлеңдерін отыз жыл
тыңдап келген байқұс көп ауырған жоқ, кір жуып отырған жерінде
құлады да, үш күн басым-айлап жатып, көз жұмды. Миына қан кеткен.
Өлгенмен бірге өлмейсің. Елуден енді асқан еркектің қақа басы үйге
сия ма. Құдай екі қыз беріп еді, екеуі де ерте пісіп, мектеп бітірісімен
байға тиіп кеткен.
Қой енді қатын қарайын, деді Көрбай бір күні өзіне-өзі қарады. Ана
ауыл, мына ауылға бас сұқты. Барлау жасады. Тапты ақыры. Тары мол
өсетін шағын ауылда жалғыз басты əйелдің жалғыз қызы бар екен.
Жасы жиырмадан жаңа асқан. Қасы-көзі қиылып тұр. Айыбы,
балағатқа енді толғанда əлде-кіммен ойнап қойып, оң жақта босанып
қалыпты. Ойбай, он баласы болса да тисе осыны аламын, деп Көрбай
күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалды. “Жас тайлаққа мініп жүре аласың
ба?” дегендерге қолды бір сілтеді: “Мінбек түгілі, зорықтырып
өлтіремін”.
Қыздың шешесі долы адам екен. Мұның жасы өзімен шамалас
екенін байқап, салған жерден: “Мені айттырып келдің бе, жоқ
қызымды айттырып келдің бе?”, деп тарпа бас салды. Қойшы əйтеуір,
бұйрықтан кім қашып құтылған. Көрбайдың құдайы беріп, өзінен екі
мүшел жас əйелін үйіне кіргізіп алды ғой, сонда. Ерте көктемде кіргізіп
еді, шілде шығарда Көрекеңнің екі құлағынан күн көрініп, өзі де жеңіл
денесі желмен ойнап, көзі шүңірейіп, жағы суалып күн көзіне тік қарай
алмай, үй алдында қалт-құлт етіп тұрған. Жекешенің сиырын бағатын
қу тілді құрдасы мəстек торымен желе-жортып бара жатыр екен, ат
басын ірікті: “Əй, Көрбай барсың ба?” “О, қай сөзің?” “Көктемнен
көрмедік. Е, сосын бұл төре жас қатынның екі қара санының арасына
шым батып кеткен бе, деп едік”. “Бататын адамды тапқан екенсің”.
“Шанышқылының қыздары санды келеді, кере қарыс а... келеді деуші
еді, не бай, не құдай алмайтын қыздарыңның біреуін жіберсеңдерші,
батсам солардікіне батайын”, деп бұл да тілін ойнатқан. “Саған дауа
жоқ шығар”, деп құрдасы атты сауырға қамшымен бір ұрғанда, мұның
да еті қашқан тас құйрығы шып еткен. Алақанымен салып қалған жас
əйелі екен. “Шанышқылының қыздарын қайтесіз. Ендігі жерде мені
жарылқап алуды ойлаңыз”, деді күлмендеп.
Содан тепеңдеді ғой бұл. Тепеңдеп жүріп бір бала көрді. Жалғыз ұл
биыл əскерден келеді. Бəрі оңды, бəрі дұрыс. Əттеген-айы, ақындығы
құрғырдың елеусіз кетіп бара жатқаны. Нендей зауалдың келгенін осы
күні ақын, жазушы көбейді. Ауылды түгелдей алып айтпағанда, өзі
тұратын ұзындығы сідік шаптырым көшенің бойында үш-төрт ақын
пайда болды. Түс ауа бір-бір шөлмектерімен бір үйге жиналып алып,
түн жарымына дейін бақсыдан жаман сарнап өлендерін оқыды да, түн
жарымнан таң қылайғанға дейін қызыл ала төбелеске көшеді.
Ауыздарында тіс дейтін тіс қалмады, тіпті өткен күзде біреуінің бір
көзі ағып та кетті. Сөйтіп жүріп иттерің нағыз кітапқа ұқсамаса да,
соның сұлабасына келіңкірейтін жинақтары бар. Не редакторы, не
корректоры жоқ осы “ақтабан шұбырындыларда” бəрі жазылған. Жеті
ата туралы өлең, жер сатпа дейтін поэма, жетпіс жездеге толғаулар,
алпыс ағаға сарнаулар, дөрегей тазының монологы, қара бұка, қара
айғырдың қалың қайғысы, сүйем-күйемнің өліп-өшкен өбектеулері,
реформа өрнектері, сыбайластық желдірмелері... осылай кете береді,
кете береді. Бұлар сөйтіп жатқанда, бар өмірін аудандық газетті
шығаруға арнаған, отыз жыл сол газетке өлең жазған Көрбай да тым
құрыса биттің қабығындай бір жинақ жоқ. Ау, сонда əділет деген
қайда? Жарайды, бұл классик ақын емес те шығар. Анша-мұншадан
сорлы емесі де өтірік емес қой. Қайсыбірде теледидарда сонау-сонау
жылдары газет-жорналдан өлеңдері түспейтін, кейін есімі де, өлеңі де
із-қайым жоғалған бір кəрі ақын сөйлеп жатты. Айтып отырса сол
жарықтық мемлекеттік баспадан жетпістен аса кітап шығарыпты.
Қайда сол кітаптар? Ешкімге сірə, сол кезде де қажет болмаған, қазір
мүлде керексіз сол кітаптар сонда қалай жарық көрген? Ананың
Жазушылар Одағында ұзақ жыл беделді қызмет істеп жүргендігінен,
əрине. Осының барлығын ойлағанда іш қазандай қайнайды. Сол
қайнаған ішпен жасы жетпіске толар қарсаңында облысқа барған.
Ақын-жазушымыз деп жүрген ағайындарға жолықты. “ – Жетпіс
жылдығым кеп қалды, соған орай ұзақ жыл жазған өлеңдерімнің
дұрыстарын іріктеп алып, кітап шығарсам, – деді. – Бұған не уəж
айтып, қандай ақыл қосасыңдар?” Мұрнының бар-жоғы жақындап
барып, ұзақ үңіліп қарамасаң онша біліне бермейтін, беті шүйкедей,
бадырақ көз біреу: – Ақыл жағын қатырамыз ғой, – деп бетінен бері
қарай екі елі кетіп қалған астыңғы ернін бір жалап қойған. – Сенің ойың
кітабыңды облыс бюджеті есебінен шығару ғой?” “Өз қаражатыммен
шығара алсам, мұнда тентіп нем бар”. “Облыс бюджеті есебінен
шығатыны жылына екі-ақ кітап”. “Білем ғой. Соның бірі етіп мені іліп
жібересіңдер ме, деген дəмем де”. “Ол енді қып-қызыл қиын шаруа”.
“Мысалы?..” “Біріншіден, Одаққа мүше емессіз. Екіншіден, екіншіден
енді ... жоғарыға шығатын, яғни сіздің сойылыңызды соғатын дуалы
ауыздар керек”. “Ондай ауыздарды қайдан табам?” “Қайдан дейтіндей
дəнеңесі жоқ оның, осы менен бастап, орталықта тұратын
Аспанқозғаевқа дейін бес-алты ақын-жазушының аузы жай ауыз емес,
– деп күлді шүйке бет прозашы. – Міне, əуелі осылардың аузын
алыңыз. Аспанқозғаевты білесіз, дарынды ақын. Дайын редактор. Алғы
сөзді өзім-ақ жазамын. Жазушы Қойторинді жоғарыға шығарамыз.”
“Ой, рахмет, айналайын, мұныңа. Ал енді жаңағы ауыз... оларды
қайтеміз?”
“Қайтетін түгі жоқ, бір қойды соясыз, бір-бір шапанды, жо... жоқ,
конвертті дайындайсыз да дастарханыңызға шақырасыз”.
Көрбай тура осылай істейді. Сонда көрген азабы... Көргенде оны
Аспанқозғаевтан көрді ғой. Ə, дегенде-ақ тілін шайнап келген итің,
есіктен кіре мұның əйеліне үздікті кеп көпе-көрнеу. Дəл сол үшін
келген сияқты. Жеңешелеп кісінеген кезде əшейінде сүлесоқгау
жүретін əйелінің неге екенін, көзі ойнақшып шыға келді. Тұсақ бөксесі
қонақтар келеді деп киіп алған су жаңа көйлектің ішінде бұлт-бұлт
етеді. Екі емшегі салақтап бос жүруші еді, көкірек тартқышын киіп
алған ба, бүлінбеген бойжеткеннің бұлтиған қос алмасындай еріксіз
көз сүріндіреді. Қыза-қыза келгенде Аспанқозғаев дүниені түгел
ұмытып жеңешесімен бірге ас үйге де кіріп кетіп жүрді... Əй, бұл
əйелдің байы бар ғой, болғанда жанымызда отыр, отырғанда төріне
шығарып, қу жаны қалмай адал пейіл, түзу ниетімен сый көрсетуде
дейтін емес. Оған қой, əй деп жатқан жəне ешкімі жоқ, қайта “жеңгесі
ғой Көрке, ақын деген жеңге көрсе жемтік көргендей нетеді ғой. Өзіңіз
де ақынсыз... неткенсіз...”, десіп ыржалаң-ыржалаң. Бұл да күлгенсиді.
Күлгенсіп тұрып, іштей иттерді үйден айдап шықсам ба, деп бір
ойлаған. Өйтсе, кітабы шықпайды. Келіп қалған жетпіс анау. Осы жолы
қапы қалса, арманның түгесіліп, үміттің сөнгені.
– Көреке, карта бар ма? – деді ақынды біраз сілтеуден өзі де жоққа
тəн мұрыны бадырақ көздердің астынан мүлде дерлік көрінбей қалған
прозашы бір сызып тастайық, үлкен ас келгенше. Əйтпесе, сіздің мына
құйысыңыз, біздің мына ішуімізбен ұзаққа бара алмаймыз.
Карта таратылды. Көрбайдың қосылғысы келмеп еді, қонақтар дес
бермеді. Преферанстың серті – үй иесі бір қолдың иесі болуға тиіс.
Ойын жүріп кетті. Көрбай жүздік санды кəндəлəки деп өскен
ортаның өкілі еді. Салғаннан қолы жүріп берді. Аспанқозғаевтың
төбеге түсуі көбейді. Алғашқы партияда оңбай ұтылған сол.
Ойынның екінші айналымының орта шенінде тағы да төбеге түсіп
отырған Аспанқозғаев үлестіру кезегін жасады да сыртқа шығып кетті.
Содан жоқ. Тоғыз алысты тындырып тастап, “Все такие мне везет-пен”
ісіп-кеуіп отырған бадырақ көз тағы да қатыратынына еш
күмəнданбай, шыдамы кетіп: “Əй, əлгі...”, деп есікке қарады. – Қол суып
барады.
“Ойпыр-ай, бұл ит қайда жоғалды-мен” күмəн-сезік жанын жеп, əзер
отырған Көрбай “Қарап келейінші”, деп елпең етіп еді, қонақтың бірі
тізеден басты: “Сабыр етіңіз, Көрке. Ақын ғой ол. Өзіңіз де ақынсыз.
Ақын да бір – бəдəуи. Қайда жүрсін, кезбе. Қане, құйыңызшы одан да
толтыра бір.”
Күні түсіп отырған Көрбай қайтеді, құйды. Мөймілдетіп өзі де
тартып жіберді. Осы кезде Аспанқозғаевтың да төбесі көрінген. Шашы
ұйпа-тұйпа. Жейдесінің етегі ышқырының сыртына шығып кетіпті.
Костьюмнің жеңі шынтағына дейін ұн. Бадырақ көз күлмеңдеді.
“Жеңгеңе қамыр жайысқанбысың, батыр”.
Көрбай ас үйге тапырақтап кірді. Жадағай столдың айналасы
бұрқыраған ұн. Əлі түгел жайылып үлгермеген қамырдың дəл
ортасында күректей алақанының ізі жатыр.
– Ит-ай, – деп əйеліне ұмтылып қалып еді, бойын түзеп алған
ұрғашы тосын мінез көрсетті.
– Дəнеңе бүлінген жоқ, бас салғаны болмаса, дін аманбыз, – деді
əйелі. – Өле мас...
– Қане, – деп бұл көзді ашып-жұмғанша əйелінің көйлегінің кең
етегінен қолын сұғып жіберіп, ауынан ұстай алғаны. Ұстай алып:
– Əй, мынауың дым-дымқыл ғой, – деді.
Сол кезде: “Көрке, қайдасың, Көрке!” деген айғай шығып амалсыз
қонақтарына оралған. Аспанқозғаев жастықты қолтығына басып,
қолындағы картасын жиыстырып ұстай алмай, мойны былқылдап
жатыр.
Не керек, ұзын сөздің қысқасы қонақтар ертесіне ұйқыларын
қандырып, бастарын жазып, түндегіден арман мас болып, конвертке
салынған костьюм, шапандарын киіп күн бесінде əзер қайтты. Бұл
кезде Көрбайдың да шаруасы бітіп қалған. Есінде қалғаны, қонақтар
ішкен ант, берген серт жетпіс жылдығына орай, жыр кітабы, кітабы
болғанда, барлық жазғандары түгел еніп таңдамалысы жарық көреді.
Одан бері де қанша жыл өтті. Таңдамалы түгілі биттің қабығы да
жоқ. Аспанқозғаевқа бір барып еді, беті көлкілдеп бас көтере алмай
отыр екен, əуелі сыртқа шығайық, деді. Шықты. “Анау ларекті көресіз
бе? – деді. – Əуелі соған барайық, – деді.” Барды. “Бір шиша алыңыз”
деді. Алды. “Қарындас, – деді сосын сатушы қызға. – Менің бұрынғы
қарыздарым қанша еді?” Анау қара дəптерді ашып жіберіп, айтты.
“Көрке, төлей саласыз ба?” деді. Қайтеді, ісі түсіп тұр, Оңбағандай
сомма екен. Төледі.
Аспанқозғаевтың ас бөлмесінде екеуі жарым түнге дейін отырды.
Сол екі арада Көрбай əлгі ларекке үш жолы барып келді. Соңғысында
қай шайтанның түрткенін Аспанқозғаевтың тоңазытқышта қашаннан
тұрғанын кім білсін, өңі кеткен төрт-бес мантыны жылытып шай
берген əйеліне бір қорап қымбат конфет ала келгенін қайтерсің.
Байына арақ, қатынына конфет. Сонда шыққан мүйіз, қане? Түнімен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 17
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.