Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 21

Total number of words is 3874
Total number of unique words is 2199
35.5 of words are in the 2000 most common words
49.7 of words are in the 5000 most common words
56.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ағайынды екеу еді. Өткен ғасырдың алпысыншы жылындағы қатты
қыста Аңырақай даласының «Қошқар сайы» дейтін түкпірінде бір қара
бойдақ қоймен киіз үйде қыстап отырған əке-шешелері дүниені
белуардан басып қалған ақ қар, көк мұздың құрсауында ай жарым
қалып, содан дертке ұшырап, соның зардабынан біраз сүйретіліп жүрді
де, бірінен кейін бірі көз жұмған. Əйтеуір,, ағасы олар барда əскерге
барып-келіп, үйленіп үлгерген еді. Колхоздың токарь цехында көмекші
болып істеді. Құдайдың берген қабілеті шығар, темірден түйін түйетін
шебердің нағыз өзі-тұғын. Содан Кеңес өкіметінің қисыны кетіп, басы
бартер болып басталып, аяғы колхоздың қожалық-қожалыққа бөлініп,
дəл осы аралықта бұлардың əкелері, аталары бəленбай жыл тірнектеп
жиған, титықтап жасаған дүние ұстағанның қолында, тістегеннің
аузында кеткен ұйпа-тұйпа кезең өтпеді ме. Ағасы токарь цехын
түгелдей ме, жоқ жартысын ба, əйтеуір, салдырлаған темірлерді əкеліп,
үйге жалғас салынған екі бөлмелі қойманың арасындағы қалауды алып
тастап, шеберхана жасап алды. Содан күндіз-түні шықпады ғой. Кімнің
темір көлігінің, өзге де саймандарының əлдебір деталі істен шықса
немесе жаңасын жондырып жасату керек болса, осында келеді. Істен
шығып қалған түрлі тұрмыстық бұйымдарын да көтеріп əкелетін
жерлері осы үй. Бұған дейін «Əй, Жүлдебек!» еді, енді «Жүлдеке!»,
«Жүлдеш!» атанды. Ағасы ешкімнің бетін қайтармайды. Алақанының
өзі екі елі күс болып кетті. Қазір жонып жасаған темір бұйымдарды
оттай ыстық кезінде-ақ қолымен ұстап тұра беретін. Терісінің күйіп
жатқанын көңірсіген иістен білесің.
Жұрттың уақтылы айлық, зейнетақы ала алмай жүрген кезі.
Жасатып алғандары үшін есеп айырысуға тиын-тебендері жоқ.
Дүкендікі бар, қолдан жасағаны бар, бір-бір шөлмегін көтере келеді.
Ағасының оқта-текте болмаса ішімдікке əуестігі жоқ еді, көтере
келгендердің кеу-кеулеуімен əуелі ұрттап-татып, бара-бара əбден
дəнікті. Азанда шеберханаға кірсең, ана қуыста, мына қуыста жартылай
ішілген, түбінде аздап қалған шөлмектер сорайып-сорайып тұрады.
Ағасы күнде қызу. Өзі мас болғанымен, қолы масаймайды. Түрлі
темір бұйымдарды сантиметр, миллиметріне дейін дəл жонып,
заводтыкінен еш айнытпай жасайды. Ғажабы, азанда басы шелектей,
беті көнектей болып тұрғанда, жартылай ішілген немесе бастап
үлгермеген арақты қайда қойғанын, қай қуысқа тыға салғанын есінен
шығарып алады, ал жонған, жасаған темірлерін қойған жерінен дəл
табады.
Не керек, күндер өте ағасы тап-таза маскүнемге айналды. Əйелі
ауылдастарға, “Айналайындар, арақсыз келіңдерші,” деп жалынды-ақ.
Өйте алмады, ешқайсысы. Кейбірінің өздерінің құлқыны құрып тұрды,
кейбірінікін ағасы арақсыз жасамайтынды шығарды. “Əуелі, құй!”
дейді. Ақыры сол “Құй!” түбіне жетті. Қайсыбір күні ертеңгісін мүлде
оянбай қалған.
Ағасының жанында қолғабыс ете жүріп бұған көп нəрсе үйренуге
болатын еді. Бірақ, үйренгені аз. Қабілет керек екен. Ниеті де болмады.
Тек ағасының кез келген ашылмай немесе жабылмай қалған құлыпты,
өзі станокпен жасап алған əртүрлі істік, имек, басы жіптей жіңішке
темірлермен сарт-сұрт ашып, сарт-сұрт жаба салатыны қатты
қызықтырған. Соған ден қойды. Бəрін кез келген өзіміздің, шет елдің
құлпын шашып-жинаудан бастады. Ағасы қандай құлыпты істік немесе
басы имек, кейде екеуімен, кейде бір өзімен қалай ашуды көрсетті.
Сөйтіп отырып “Мұнымен нан тауып жей алмайсың, станокты меңгер,”
деп қанша күштесе де, əбден біліп алғаны құлып ашу ғана болып қала
берді.
Байы өліп, қайнысы шеберханаға кіре бермейтін болғандықтан
жеңгесі əлгінің ішіндегілерді тұтасын тұтастай, бөлшек-бөлшегін
бөліп-бөліп сатып жіберді. Кейбірін сұрағанға былай да беріп жатты.
Тұрмыс сөйткізді. Шиеттей үш балаға тамақ керек.
Өнеш не істейді, қайда барады? Не істеп, қайда барамыз, деген
жастар ауылда сеңдей соғысып қалған. Опыр-топыр. Кешегі космонавт
боламыз, ақын, əнші боламыз, тағы не еді, əйтеуір,, боламыз да,
боламыз, деген арман-қиялдарынан адыра қалды. Бəрінен бұрын өзге
түгілі, өз əке-шешесі, бауырлары мен ағайындарының көзіне күйік
болды. Еңбекқоры мен жалқауы да жаппай жалақы алатын, жақсысы
мен жаманы теңдей тамақты ішіп, бірдей киінетін, асылы мен
жасығын ешкім ажыратып жатпайтын социализмнің ұрпағы
капитализм жетіп келгенде қалай жүріп, қалай тұрарларын білмей,
қарадай қанкөбелек ойнап кетті. Топтасып мал ұрлау, бау-бақшаны
үптеуді былай қойғанда, ауылдағы семіз иттерді ұрлап сойып, қуырып
жеу деген сұмдықтан елдің есі шыққан. Мал соңына иесі түсті, баубақша күндіз-түні күзетке алынды, үй құстары мен семіз, қоңды иттер
таусылды. Қараң қалған жастардың бір бөлегі енді қалаға қарай
ағылған. Соның қайсыбір легімен Өнеш те кеткен. Ойы, жұмыс тауып,
қаражат жинап, жеңгесі мен ағасының балаларына қарайласу. Мекенжайы қаланың шет жағында əкесімен бір туған əпкесі бар еді, соның
үйіне жетті. Əпкесі əуелі көзінің жасын бір сығып алған. Күйеуі Атырау
жаққа ақша тауып келгелі көктемде кетіпті, күз болды əлі хабарошарсыз екен. Аядай екі бөлме. Үш ұл-қыз. “Мектепті де бітірмедің, –
деді бұған. – Қайда барып, не істейсің?.. Қиыр-шиыр дүние. Біреуді,
біреу түгілі, туған-туыс бір-бірін адам екен-ау, жақынымыз емес пе еді,
деуден қалды. Əркім, өзімен. Өйтпеске, сірə, амалы да жоқ. Тапқаны
тамағынан артылмайды. Газ бен электр жарығына белшеден қарыз.
Кімге қарасаң да, шықпа жаным, шықпа,” “Пəтер іздеймін, əпке,” деді
бұл. “Базарға барып көр, – деді əпкесі. – Тəшке сүйреп жүрген бала көп”.
Базарға бір апта барып жүрді. Тəшкенің табылатын түрі жоқ. Оны
сұрағандар мұның алдында да жетіп артылып жүр екен, бұларға ешкім
кісімісің, итпісің демейді. Естісе, тəшке алу үшін, қып-қызыл ақша беру
керек екен. Ондай ақша бұларда қайдан болсын. Қалаға бет алғанда
жеңгесі: «Барым осы ғой», – деп берген аздаған тиын-тебеннің өзі
таусылуға шақ. Қатты күйзеліп, түн қараңғысында келсе, əпкесінің ұлқызы құры қуырылған пияз жеп отыр екен. Əрқайсысының қолында
бір-бір кесім нан, дастарқанда шамалы шекер болды. Өнештің есіне
жеңгесінің “Барым осы ғой” деп бергені түсіп кетіп, балалардың
аузынан қағып «Қап, бекер алған екем-ау» деп өкінді. “Əпке, пəтер
таптым,” – деген. – Ертең барып кіреміз, үш жігіт”. Өтірік айтты.
“Қаланың ортасында ма, шетінде ме?” “Базар жақта.” “Тəшкіні қайттің?”
“Болатын сияқты”. “Сөйтсе екен”. “Келіп тұрам ғой, əпке. Көмектесем”.
Шын ойы еді. “Айналайын-ау, өзің адам болып кетші, əуелі”.
Ертеңгісін кетерінде əпкесі көзіне тағы жас алды. “Абай жүр,
əйтеуір,”.
Базарда бірер күн бірге сенделген ауылдастары: “Құлбазар” деген
бар екен, сонда баралық, деген. Қаланың өзінен де, оның сыртындағы
ауыл-ауылдардан жалдап əкетушілер табылатын көрінді. Оның үстіне
“Құлбазарда” үйсіз-күйсіз жүргендерді топтап апарып арзанға
түнететіндердің де болатынын естіген.
Келіскен жерлерінде кездесіп, топырлап “Құлбазарға” да жеткен.
Бұл өзі үйлері селдірлеу үлкен көшенің бойында екен. Ана жерде де
топ-топ, мына жерде де шоғыр-шоғыр, жас шамалары əрқалай,
киімдері бірыңғай дерлік өң қазақ. Бірде-бір, шашы сары, көзі көкті
көре алмағандарына таң қалды. “Құлбазарың” тек қазақтардың базары
секілді. Онысы несі, деп қалған Өнеш іштей.
Бұлар қай жерге барып тұрарларын біле алмай, дағдарды. Үлкен
ағаштың көлеңкесінде егделеу екі қазақ отыр. Жан-жақтарына
жалтақтаған жас жігіттерді жандарына шақырды. “Немене, алғаш келіп
тұрмысыңдар?” “Иə.” “Ауылдансыңдар ғой, зəді”. “Ауылданбыз”.
“Қолдарыңнан не келеді?” Бұлар бір-біріне қарады. “Жұмыс” дескен
міңгірлеп. “Қандай жұмыс, сонда?” “Бəрін де істей береміз”. Егде
қазақтың бірі: “Құйрығы жоқ, жалы жоқ, елім қайтіп күн көрер”, деп
ыңылдады. Сөйтіп отырып: “Ешқайсысыңның еш мамандықтарың жоқ,
ə? – деді. – Нақты бір шаруаның басын қайырып істей
алмайтындардың құны “Құлбазарда” көк тиын. Өзің жақсы, көзің
жақсы демейді, ешкім. “Мынау қолыңнан келе ме? Жүр!.. Жоқ деймісің...
Ары тұр!.. “Не дейсің? Дым да. Себебі, тауардан еш айырмаң жоқ. Өзіңді
өзің арендаға бересің. Басыбайлы сатыламын десең де, еркің, егер ол
қаласа”. Бұлардың айтар еш уəжі болмады. Уəжді емес, олар, əйтеуір,
бір жұмыс қалайда табылса, деп үздікті. Ары-бері ағып өтіп жатқан
автокөліктерге жалтақ-жалтақ қарап, ана тұс, мына тұста
тұрғандардың барлығының көкейінде тек сол екенін түсінген Өнештің
үміт оты өлеусіреп қалған.
Түс ауа ма екен, бір такси осылардың жанына сырғып келіп, тоқтай
қалды. Артқы есіктен жасы жер ортасына келіп қалған қасқабас, қалың
қас еркек түсіп, егде екі еркекке тіке жүрді. “Жұмыс керек пе?”
“Əлбетте,” деп аналар орындарынан дереу түрегелді. “Пəтердің ішіне
капитальный ремонт жасау қажет”. “Ол қолдан келеді”. “Жарты ай
мерзімде”. “Əңгіме жоқ”. “Онда жүрелік. Барған соң, ақысын келісе
жатармыз”, деді қасқабас, қалың бас. Өнештің таң қалғаны, анау
қазақша судай ағып тұр. “Қысқа мерзімде дедіңіз ғой, жанымызға тағы
екі адам қосып алсақ”, деді егде қазақтың бірі. “Оны өздерің біліңдер”.
Өнеш пен тағы бір жігіттің аяқ асты жолы болды.
Қасқабас, қалың қастың мекені екі пəтерлі жер үй болып шықты.
Соның бір жағы. Үш бөлмелі. Көптен адам тұрмағаны бірден көрініп
тұр.
– Үш жылдан бері осы. Шетелде жүрдім. Шаруа, – деді анау. – Қарап
шығып, мынаны саңғырлаған үй етуге не керекті түгел айтыңдар.
Дүкені бар, базары бар, төрт көзіміз түгел барып сатып аламыз.
– Мына бөлме есігі ашылмай ма? – деді егде қазақ, тартып көріп.
– Оның іші бос. Сондықтан есігін кілттеп кетіп едім, – қасқабас,
қалың қас қолындағы кілттеріне қарады. – Бəрімен көріп шықтым,
біреуі де ашпайды. Өз кілті түсіп қалған ба, əлде құлыпты тот басып
кетті ме… Үш жыл деген, не так уж мало...
Осы тұста Өнеш шыдамады.
– Маған көруге бола ма? – деді.
– Мына кілттермен əуре болма?
– Қазір… – Өнеш кішкене қол чемоданынан бір уыс əртүрлі істік,
имек жіңішке саймандарын алып, есікке барды да, құлыпты тесігіне
анаусын бір сұғып, келесісімен бір шұқып көріп, əне-міне дегенше сырт
еткізіп ашып жіберді.
– Вот тебе, да, – деп қасқабас, қалың қас орысша сөйлеп жіберді. – Ты
вор что ли, сукен сын?
Сондай бір таңғалып, разы боп айтты, онысын.
– Жо…жоқ, – деген Өнеш ұрымысың дегеннен жаны түршігіп. –
Мен… Мен… Менің ағам токарь болған. Содан үйренгем…
Бөлменің ішін шынында да əбден шаң басқан. Темір төсектен басқа
дəнеңе жоқ екен.
– Жөндеу біткенше осында тұрамын дегендерің болса, пожалуйста,
– деді қасқабас.
– Рас па? – Өнеш пен жанындағы жігіттің даусы қосарлана шықты.
– Постель не обещаю.
– Оны өзіміз табамыз.
Қасқабас, қалың қас өзін Комбинатор деп таныстырды.
– Атыңыз осындай ма?
– Ия, есімім – Комбинатор.
Өнеш ұрып айдап əпкесіне келген. Əпкесі көрпе-жастық, шəугім,
плиткасын арқалатып жіберді. Жанындағы екеуі əлгі құлпын Өнеш
ашқан шағын бөлмені тазалап, бір көрпе, бір жастық бір матрасқа
қырларынан жатып, бірер күн болса да бақытқа кенеліп қалған. Күндіз
төртеу болып үй жөндеп, түнде екеу болып, барды тең бөліп жеп,
көздері ұйқыға кеткенше оны айтады, мұны айтады. Жанындағының
көксейтіні, жақсылап киінсе, кафе, ресторан, казиноларда жүрсе.
Импорт автокөлігі болса. Одан бар ғой, одан шет елге… Теледидардан
көрсетіп жататын ғажайып жерлерге. Тіпті, о жақта біржола қалып
қойса да, мейлі. Мұнда не бар? Ауыл, қой, сиыр, күл-қоқысы кез келген
үйдің артында үйілген кір қала, “Құлбазар”… “Əке-шешең, бауырларың
бар емес пе?” дейді Өнеш. “Ой оларға қарасаң, солардың кебін киесің, –
дейді анау. – Ал мен жаңаша, өмір сүргім келеді…”
Өнештікі – өліп-тіріліп жұмыс істеп, көптеп теңге табу. Сонда
ауылға қайтады. Ағасынан қалған үш бауырын асырап, жеткізу керек.
Қаржыдан тарыққанда жеңгесі сатып жіберген ағасының темірсаймандарын қайта сатып алып, шеберхананы қалпына келтіреді.
Ағасының нені, қалай жонатыны, қалай жасайтыны, қалай жөндейтіні
түгел көз алдында, енді соған қолын үйретеді, жатпай-тұрмай.
Шеберханаға арақ деген пəлені жуытпайды. Осыларды бағып-қағамыз
деп жүріп, ақ қар, көк мұз киіз үймен қыстап жүріп, ауру тауып, ерте
көз жұмған əкесі мен шешесінің моласы темір сыммен қоршалған еді,
оларға ақ кірпіштен қорған тұрғызады. Көршінің қолды-аяққа
тұрмайтын сары тəмпіш пысық қызы да келесі жылы мектепті бітіріп
қалады. Былтырдан бері пəлекеттің көз қиығы осы жақта. Е, сонымен
құдай қосса… Ауылда тұрып, ауылда жүргеннен артық не бар бұған.
Ауылы – алтын бесігі…
Жөндеу жұмысы аяқталуға таяу қалған сайын екеуі ары қарайғы
күніміз не болады деп тызалақтайды. Қинайтыны сол, баяғы жұмыс
пен тұрақ. Олар өйтеді екен деп, жүріп жатқан жұмыс, өтіп жатқан
уақыт тоқтап тұра алмайды. Шаруа дəл келіскен уақытта аяқталды.
Есеп айырысып, бұлар үй иесімен қош айтысып, есікке
беттегендерінде Комбинатор Өнешке ым қақты:
– Сен қала тұр, – деді.
Қалды.
– Саған пəтер керек пе?
– Өте…
– Онда мыналарыңды шығарып сал да, кері орал. Өзің жатып жүрген
бөлмеде тұра бересің.
Өнештің көзі жасаурап кетті.
– Расымен бе?
– Поверь. И работа найдется. Пəтер ақыны да не думай.
– Жанымдағы да қалсыншы. Барар жері жоқ, – деп қиылды Өнеш.
– Вот этого не годится.
Өнештің қарсы айтар уəжі қайсы. Жанындағыға келіп, жағдайды
айтты.
– Өкпелеме, – деді. – Басқа не деймін…
Комбинатордың жалпы қай ұлттың өкілі екенін ешкім білмейтін. Ол
қазақ, орыс, татар, неміс, ағылшын тілдерінің бəрінде еркін сөйлей
алатын. Өзі үйленбеген. Кəсібі… Бұл өз кəсібін ерекше өнер санайды.
Ерекше өнер мейлі, ол ия жақсы, ия жаман, əркімде бола бермейді.
Əркімдегі əрқилы ерекше өнер шешуі қиын жұмбақтарды, оқыс
құбылыстарды, тың əрекеттерді туғызады. Бұл кəсібін қан қуалаған
қасиет деп білетін. Өзіне өзінің дейтіні: таңаған кəсібін бұл ойлап
тапқан жоқ, ол адаммен бірге жаралып, өзгедей кез келген
əрекеттердің бəрімен бірге жалғасып келеді. Рас, əртүрлі сипаты бар.
Кім неге жақын жүреді, шаруасы сонымен. Өкіметке жақын жүргендер
өкіметті, қалаға жақын жүргендер қаланы, далаға жақын жүргендер
даланы, теңізге жақын жүргендер теңізді... Бұлардың кəсібіндегілер
өзіміздің өкімет, өзіміздің қала, өзіміздің дала, өзіміздің теңіз демейді.
Мұны əкесі айтып еді. Əкесіне атасы айтыпты. Атасына бабасынан
қалған…
Өз басы өкіметке, далаға, теңізге жақын жүріп көрген емес, қала мен
далада ғұмыр кешіп келеді. Тек тұрғындардың дені қазақ болсын.
Адал, аңқау жұрт. Ешкім де мынаның түр-түсі бөлек, бұл неғып жүр
демейді. Не істеп, не қойып жүр демейді. Көбі көнбіс. Əйтеуір,, тірі
жүргеніне разы. Байығандары əңгілеу. Жер-көкке сыймай кетеді.
Елден асырып үй салады, елден асырып иномарка мінеді, қатындары
бұтына мың долларлық лыпа киеді. Сосын тоқал аламыз деп арамы да,
ауы да қатар ашылып ардың-гүрдің. Жеттік, жетілдік, оздық дегендері.
Бұлар өстіп жүргенде сен білгеніңді істей бер, енді. Иттің итақайы
сөйтпеді ме, баяғыдан. Қазақ бұл қорлық, бұл мазақ, бұл пайдалануды
кісіге жасаған жақсылығымыз, кеңпейіліміз деп мəз. Мақтаныш етеді.
Ең сойқан эксперименттер осы адал, аңқау жұрттың өзімен жəне
жерімен жасалды: тың көтеру, атом сынағы, жүз ұлттың планетасы
тағы, тағылар...
Эксперимент... Соның бірін... Ия, көреді, бұл да.
Комбинатор өзі барып дүкеннен Өнешке осы замандық қымбат
киімдер əкеліп, мұздай киіндіріп қойды. Сондағы Өнештің қуанғаны.
Ол мұндайды өмірінде үстіне жапсырған емес.
– Сонда бұлардың бағасы қанша? – деген басына “бұған шашым жете
ме” деген ой қылаң етіп.
– О жағын қоя тұр, – деген анау. – Киініп, көшеге шығып, бойыңды
үйретіп ал.
Көшеде əрі-бері жүріп, көңілі көкке кетіп, көкірегі шаттықпен
күмбірлеп, үйге оралса, есік ашқан Комбинатордың ар жағында жүні
жалбыраған кіп-кішкене ақ күшік, шəу-шəу етеді.
– Бұл Снегурочка деген қаншық. Ана жолы иесімен бағасына келісіп
қойып едім, өзі бүгін алып келді, үш жүз баксқа сатып алдым.
– Мына күшікті ме?
– Күшік емес, қаншық кəдімгі.
– Кішкентай.
– Тұқымы солай.
– Керегі бар ма, оның.
– Болғанда қандай!
Кешкі тамақтарына тойып алған соң Комбинатор таратып айтқан
тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: заман опай-топай. Оң мен солын
айырып үлгермеген жұртқа дағдарыс деген келді. Есті мен ептінің
еңсесі түспес, ал ебедейсіздің еркін кім жібітеді. Өзің айттың, ауылда
жеңгем мен ағамның үш жетім баласы қалды деп. Соларды асырап-бағу
керек деп. Өйте қоятындай жұмысты кім береді саған. Оны істеп
жүргендердің өзі қысқарып жатыр. Мамандықтары бар, стаждары бар,
тəжірибелері бар. Сенде оның бірі де жоқ. Оқығандарыңның да оңғаны
қадау-қадау. Табиғи қабілетсіз. Туа білімсіз. Жоғы бара беретін, бары
пара беретін пəленің пəрмені осы. Содан да құры қауқиған қуыс
бірдеңесіңдер. Ары кеткенде аққаладан айнымайсыңдар. Өзін-өзі
өлердей ісіріп-кептіріп, өңмеңдеп жүрген өресіз əсірелерің жəне көп.
Атақ, даңқтың артына атаң қазақ дəл бүгінгілердей түскен жоқ шығар.
Ел қайда, су қайда дейтін емес, екі иығын жұлып жеп, есіктегі басын
төрге сүйреумен қым-қуыт. Ал сендер жүрсіңдер «Құлбазарда»... Қане
айтшы, жұмыс таппадық делік, өзі де солай болады, сонда не істейсің?
Пəтерақы, тамақ, киім... Ауылға қайтамысың, əлде?...
– Сөйтер ем… Жұмыс не ғой, онда.
– Тіпті, бұл қаладан күнделікті оны-пұны тірлік те табылар. Ол ішіпжегеніңнен артыла ма? Кейбіреуде, əйтеуір, баспана бар. Əке-шешесі,
қатыны бардың ата-анасы зейнетақы алатын, қатыны бір жерде
жұмыс істейтін шығар. Ал сенің сенерің кім?
– Соны білмеймін, – деп Өнеш міңгірледі.
– Мынаны қара, сен осы аяқ асты байып кеткендерге қалай
қарайсың?
– Ешқандай… Қайдам…
– Қаншасы қазағын тонап… Əлі өмір сүріп те үлгермеген, ал бірақ,
енді мемлекетті тонап үлгерді. Сол тоналғанның ішінде мына сен де,
бүкіл ауылың да бар. Қайту қажет мұндайда?
– Білмеймін, – деді Өнеш шынын айтып.
– Кек алу керек.
– Кек?
– Ия.
– Котовскийді білемісің өзің?
– Ол кім?
Комбинатор бұған ұзағырақ қарады.
– Ладно, – деді сосын. ¬¬Оны қоялық. Ленин дегенді ше?
– Ленин… Естігем.
– Кім ол?
– Ол ма, ол…
– Нағыздың өзі, – деді Комбинатор. – Ол сендердің елдіктен
еркіндіктеріңе дейін тонап алып, құл еткен пəле. Главный рэкетир,
мирового масштаба, блин. Солай... Робин Гуд, мысалы…
– Көрдім ғой, кинодан.
– Байларды қалай зар қақсатады, ə. Еркек. Сондай болатын заман,
қазір. Сондай... Общем, ойлан. Ойланғанда, как сказал Джек Лондон
«Время не ждет».
Миына ештеңе кіріп-шыққан жоқ. Комбинатордың айтқандарынан
білетіні, өзінің көріп-сезіп жүргендері, расында бүгін қаңқалақтап
қалды, бұлар. Айналаң, апыр-топыр сенделіс. Біреу жұмыс іздеген,
біреу оқуына ақы төлей алмай жүрген, біреу жеңілдің асты, ауырдың
үстіне таласқан... Келесі бірі иномарка мініп жүргендердің тобыры
кафе, ресторан, казино, саунада... Олардың сенде шаруасы жоқ. Оларға
сен ешкім емессің. Сенің бұл дүниеде бар-жоғың бəрібір. Бəріміз де
қазақтың баласы емеспіз бе, демейді.
Ақ қаншықтың шəу-шəуі естіледі. Анау оны бір бөлмеге шығармай
қамап қойған. Іштен есікті тырмалайды. Ырылдайды…
Комбинатор болса, Өнештің жүріс-тұрысынан оның əрі-сəрі халін,
жалпы солқылдап қалғанын байқады. Ол адамның ең əлсіз тұсы –
қайткен күнде жансақтау түйсігі екенін, өзі арқылы білетін. Ендеше,
мынау жасөрім енді ешқайда кете алмайды. Демек, ойлаған шаруаны
тездету керек. Ол тынса... Оқыс оянып, лезде жоғалатын аяныш. Себебі,
аяныш сезімі қалай лүп етті, ар жағындағы айдаһар атып шыға келеді,
тілі сумаңдап. Жан-дүниесі жынданған жыланға айналады. Сонысынан
кейде тіпті өзінен өзі қорқатын да.
Комбинатор ұлтын ешқашан ешкімге айтпайтын-ды. Ұсқыны кімге
келіңкіресе, сол бола салатын. Рас, ол арғы тегін білетін еді, алайда
одан бері қараған жерде қырық сідік, қанында құрлықтағы бірталай
жұрттың тамшысы бар. Оның пайымы – кім болсаң о бол, қайда жүр, не
істесең, оны істе – жан сақта. Өзгенің барлығы адамдардың ойлап
тапқан далбасасы.
¬¬¬– Ауылыңа əлі-ақ иномарка мініп барасың, ¬– деген Өнешке. ¬–
Үйің, жайың болады. Жер, мал сатып аласың, əлі-ақ.
Өнештің бойы шымыр-шымыр етті. Иномаркамен ағасының
балаларын, жеңгесін салып алып, заулап бара жатқандай күй кешті.
Келесі күні түс ауа:
– Кек алуға шығамыз, ¬¬–¬¬ деді Комбинатор. – Құдайыңа сыйынып
қой.
– Сіз ше?
– Мен өзіме сыйынамын, ¬– деп жымиды анау. Жанарында от
ұшқыны тұр екен.
Бұлардың келгені таяуда ғана пайдалануға берілген элитный үйдің
екінші қабатындағы арнайылап салынған алты бөлмелі пəтер еді. Иесі
банктің меңгерушісі. Жап-жас жігіт. Əбден байып алған. Байып алмаса,
бұл жүргізген анықтамада көрсетілгендей, əйелі бұтына мың
долларлық лыпа киер ме еді. Комбинатор оның үйін иті күзететінін
біліп алған. Сол үшін де осында келіп отыр. Алдағы уақытта да өстеді.
Тек иті бар пəтерлер керек, бұған.
– ¬Бұл кімнің пəтері, неге келдік? ¬– деп сұрады Өнеш сыбырлап.
– Ақырын, – Комбинатордың өңі өрт сөндіргендей. – Кек аламыз,
демедім бе?
– Қайтіп?.. Өлтіреміз бе? – Өнеш иманы тас төбесіне шықты.
– Перестань. Қане, аш құлпын. Тез.
Өнеш уысындағы сайманның қайсыбірімен есіктің құлпысын сырт
еткізді. Комбинатор аспалы сумкасынан бүктеулі бір алжапқыш алып,
алдына көлденең ұстады. Өнеш онысына таңғалған.
– Есік ашылғанда, – деді сыбырлап Комбинатор. – Алдымыздан ит
жүгіріп шығады, сен қорықпа, мынау барда, – ол алжапқышты көрсетті.
– Бұл барда ит бізге дым қыла алмайды, ар жағы дело техники.
Қорықпа, алдымен өзім кіремін. Қане, аш, ақырын.
Бұлар кіргенде тайыншадай үсті түгел теңбіл төбет төрден бері арс
етіп, тұра ұмтылды. Сол кезде Комбинатор алжапқышты алдына
көлденең ұстай қойғаны. О, сұмдық-ай, тура ұмтылып келе жатқан екі
көзі шоқтай қызыл теңбіл төбет, алжапқышқа тұмсығы таяй бергенде,
адам шыдай алмайтын аса сұмдық айбарынан лезде айырылып
ырбалаңдады да қалды. Ырбалаңлап алжапқышты иіскелеп өліп
барады. Комбинатор алжапқышты оның тұмсығынан ұстаған қалпы
ваннаға қарай жылжыды. Төбет те солай. Тұмсығын алжапқыштан
алмайды. Комбинатор ваннаның есігін ашты да, өзі кірмей, алжапқыш
ұстаған қолын ішке қарай созып еді, төбет бірге ілесті. Енді анау
алжапқышты ары лақтыра салған. Төбет те сонымен бірге кірді де
кетті. Ваннаның есігі сарт жабылды.
Комбинатор нені қай жерден іздеуді білетін еді. Дəл бір өз үйінде
жүргендей алтын-күміс əшекейлерді дəл тауып, аспалы сумкасына
тоғытып жатыр.
¬– Шкафтардың суырмалары кілттеулі болар, шетінен соларды аша
бер, – деді Өнешке. – Тездет.
Өнешті таңғалдырғаны ерлі-зайыптылардың төсегінің астынан
əдемі қара дипломатқа толы доллардың шыққаны. «Төсектерінің
астына қойғандары несі?» деп күбірлеген
Бас-аяғы сүт пісірім мерзімде мол дүние арқалаған екеу, зып беріп
сыртқа шығып кетті. Сырттағы беседкада екеудің басы қосылып
қалыпты. Мас. Қолдарында стақан. “Не үшін ішеміз?” – дейді. “Ит өмір
үшін де…” “Неге өмір ит? Өзіміз итпіз...” деп екіленді біреуі.
Өнештер олардың сөздерінің аяғын естіген жоқ, лып етіп үйді
айналып кетті.
Өнеш үйге өң мен түстің арасында жетті. Өзіне-өзі көпке дейін келе
алмаған. Оқтау жұтқандай қылғынады. Ішіне біреу қолын білегіне
дейін сұғып жіберіп, не бардың барлығын мыжғылап, езіп жатқан
сияқты. Алғаш рет жаман ұялды, алғаш рет өлердей қорланды. Көзінен
жас шығып кеткен, жас жаны жайрап қалды.
– Есіңді жи, – деген Комбинатор. – Біз халықты ұрлап жатқандардан
кек алдық. Қорықпа! Себебі, əлгілер өздерінің тоналғандары жайлы
ешқашан, ешкімге хабарламайды. Ұрлап алғандарымызды ұрлатып
алдық дей ме?
Комбинатордың кек алдық дегені сəл де болса демеу еді. Əйтеуір,
өзіне солай көрінді. Басын көтерген. Осы кезде Комбинатор қолына екі
бума қағаз ұстатты.
– Он мың доллар, – деген. – Бүгінгіден үлесің.
Өнештің көзі тас төбесіне шықты.
– Он мың!..
– Аз ба? – деп күлген Комбинатор.
– Аз… Қайдағы аз… – сансырап, сандалып отырған жас жігіт енді
сасқалақтап кетті. Ол үшін алақанындағы осынша көп ақшаны
бағанадан бергі жанын жеп отырған күйзеліс сезімін əп-сəтте жайпап
өткен.
– Бұйырғанды тағы көреміз, – деді Комбинатор. – Алжапқыштың
құдіретін көрдің, кез келген төбетті кеңкелес қылып жіберетін.
– Сонда, айтыңызшы, алжапқыштың өйтіп жіберетіні…
– Ол құпия, – деді Комбинатор.
Құпияны бұл үш жыл отырған жақтан ала келген. Сонда біреумен
əмпей болды. Мамандығы веттехник. Бір тəжірибе жасап көріп, онысы
іске асқан соң, үй үптеу жолына түседі. Үптеген бұйымдарын сатып
тұрған жерінен ұсталып қалған. Өзі өлердей дімкəс еді. Бұл оны
қамқорлығына алып, біраз септігін тигізіп жүрді. Əлгі құпия
тəжірибесін білу үшін, əрине. Обалы нешік, ол бұған құпияны айтып
берген. Сонда жаман қатты таңғалып еді. Адамнан бəрін күтуге
болатынына есі шыққан.¬
– Еңбегіңді сіңірсең, оны мен саған айтамын, – деді Комбинатор. –
Бастысы, сенімнен шыққаның. Менің есебім бойынша таяу күндерде
барлығы 50 мың доллар қолыңа тиеді! 50 мың!
Өнеш өмірінде бір буда түгілі, бір жапырақ көк қағаз ұстап көрген
жоқ еді. Басы айналып қалды. Түнімен ұйықтай алса, қане. Долларды
қол чемоданына салады, алады. Қайта-қайта санайды. Бұл үшін түсіне
кірмеген шексіз байлық. Үш-төрт үй қалды деді ғой, сол үш-төрт үйдің
əрқайсысынан осындай үлес… Шіркін, ағасының балалары мен
жеңгесін қолына көшіріп алар еді… Айтпақшы, əпкесіне бір жүз доллар,
жоқ, екі жүзін апарып берсе ше. Қандай қуанар еді. Атырауға ақша
табуға кеткен күйеуі келгенде: “Жақсылықты жаман інімнен көріп
отырмыз,” демес пе…
– Комбинатор ағай, – деген. – Жағдайы жоқтарға да береміз бе?
– Не дейсің?
– Мынауымыздан жағдайы жоқтарға да...
Комбинатор мырс-мырс күлді. Сөйтіп тұрып, ананың соншама
аңқаулығына жаман таңғалды.
¬–¬ Во первых, біз Робин Гуд емеспіз, – деді. ¬– Он герой ущедших
времен. Во вторых, қазір біреуге бірдеңе берсең, скажем долларды,
мұны қайдан алдың, деп сұрайды. Так что, тыныштал.
Келесі жорықтарында Өнеш сенімді қимылдады. Пəтердің бірінде
сейф бар екен. Оны аша алмады. Сонысына өкініп, Комбинатордың
алдында өзін кəдімгідей кінəлі сезінген.
¬– Өйтпей-ақ, қой, – деген үйге оралып келгенде Комбинатор мұның
ойын оқып отырғандай. – Адамның қолынан бəрі бірдей келе бермейді
жəне еш құдіреттің қолынан келмейтіннің адамның қолынан келетіні
де шын.
Өнеш бұдан дəнеңе түсінбеген.
– Адам да, əлем де өзді өзіне қарама-қайшы. Олардан күтпегенді
күту керек, – деп Комбинатор өз-өзімен сөйлеп кетті.
Қайсыбір күні кек алу жорығына Өнеш енді жеке өзі баратын сын
сағаты да туған.
– Перед! – деген Комбинатор.
Жолай Өнештің бойында екі дай сезім болды: бірі дүниеге кенеле
түсетін қуаныш, біреуі бəрібір қылт-қылт еткен қорқыныш. Сол екі
ортада небір ойлар сеңдей соғылысып, əлтек-тəлтек басты. Қол
чемоданындағы ақша да жетер еді-ау, деп ойлады. Сонымен кеткенде…
Бар ақшаны ойлап жүрген шаруаға жаратып, тып-тыныш тірлік
кешіп... Осы соңғысы болса. Ия, соңғысы. Комбинатор айтты ғой,
сөйтіп. Уəдесінен айныса айтады: “Маған осы да жетеді, – деп. –
Ағамның балалары, жеңгем əбден қиналып қалды, барайын. Қыс түсіп
кетпей, əке-шешесінің басына қорған тұрғызайын”, – дейді… Кетеді.
Ауылға.
Діттеген пəтерге келді. Есіктің құлпысын оп-оңай сырт еткізген.
Сосын алжапқышты жайып ұстап, есікті ашып, ішке кіре берді. Көзі тас
төбесіне шыққан шымқай қара төбет арс етіп, қарғып келген бойы,
қалпақтай түсіріп дəл мойнынан ала қауып жіберген. Көз алдындағы
дүние қан көбелек ойнады… Соның ар жағынан өзіне қарай ботадай
боздап жүгіріп келе жатқан жеңгесін, ағасының үш баласын, сəл
əріректе əпкесін көргендей болды. Сосын өзін төбеттің талап
жатқанын сезді. Тек Комбинатордың ылығуы басталған ақ қаншықты
əдейі əкеліп, оның сол ылыққан кезде ырбиған жерінен күйіттің
дымқылы бөлінетінін, соны алжапқышқа ары-бері əбден жағып, тұра
ұмтылған төбеттің тұмсығына
тосатынын, аңқыған күйіт
дымқылының иісінен хайуанды осы жаңа ғана қаны басына шапқан
долылығын ылығу құмарлығы ырықсыз ырбалаңдатып жіберетінін, ал
бұл жолы Комбинатордың Өнешке əдейілеп күйіттің дымқылы
жағылмаған таза алжапқыш ұстатып қоя бергенін, өзі қазір
аэропортта, екі бүйірі тоқ үлкен қара сумкасын сипап қойып, əне-міне
көкке көтеріліп кетуге даяр отырғанын білген жоқ еді.
Репетиция
Жаңа сайланған үкімет басшысы келеді дегелі Жербай
орынбасардың есі екеу, түсі төртеу. Біріншінің: “Байқаймын, қалтаңселтеңің көп, тапсырған шаруаның басын шаң-тозаңдатып, аяғын
шатқаяқтандырып жіберетін берекесіздеусің бе, немене.... Мына жолы
соның байқалса, шляпаң теріс айналып кетеді” дегенінен кейінгі жерде
көрген күні əлгі. Үкімет басшысымен дөңгелек столда кездесуге тиіс
адамдарды екі күннің бірінде жинайды. Сондағысы: “Өй деп
сөйлеңдер, бүй деп айтыңдар, қағаз-қаламдарыңды салдырлатпандар,
столды саусақтарыңмен тықылдатпаңдар, микрофонға тиіп кетпеңдер,
жөтеліп, түшкірмеңдер..”
Түсінде де өстіп жататын сұмдыққа ұшырады. Көзі ілініп кетсе,
əлгілердің алдында екіленіп, əңкілдеп, өңмендеп отырған өзін көреді.
Қара терге түсіп, қаны көтеріліп жатса, қасындағы қалың құйрық,
қайқы төс қатыны бүйірлейді:
– Байғұс-ау, өлемісің қарадай қара терге түсіп?
– Ау... О не? – дейді шала ұйқылы бұл шап жағын жағалай бастаған
əйелінің тілемсек қолын ары сілкіп тастап. – Қоя тұршы, айналайын,
осыңды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 22
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.