Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 20

Total number of words is 4171
Total number of unique words is 2247
36.3 of words are in the 2000 most common words
50.1 of words are in the 5000 most common words
57.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ет жақын дейтіннен елдік көрсетер есі дұрысы əуел бастан жоқ.
Қайтеді, Хакімжан құдалыққа өзі аттанды. Егделеніп қалған қыздың
əке-шешесі
шай-суларын
енді
ішіп
бола
берген
екен,
"Ассалаумағалейкум!" деп кіріп келген жалбыр шаш жігітке, "Көктен
түскендей мұнысы кім еді тағы?" дегендей, жарыса қарады. Хакімжан
дəл төрге шығып отырды. "Күйлі-қуаттысыз ба?" деген шалға қарап.
"Шүкір". "Біз де аманбыз". "Шырағым, осы біз таныспыз ба?" "Туыспыз
деңіз". Қыздың шешесі ернін сылп еткізді. Отағасы ожырайды. "Əй,
сенің төркін жағыңнан емес пе?" "Емес", деді кемпірі. Хакімжан жаңа
піскен бауырсақтың біреуін ауызға тастап жіберді. "Шай бере ме бұл
үй?" деді сосын өзін-өзі төрге нығарлап. "Қаталап келіп пең" деп
отағасы да қисайған. "Ыстық шай, жұмсақ насыбай жан рахаты
демейтін бе еді қазақ". "Дейтін, бірақ насыбай ащы болмай ма?"
"Жұмсағы да бар, ағасы, жұмсағы ғой, жан рахаты". "Жə, сонымен жол
болсын!". "Ата жолын алдыға салып, келіп қалдық". "Айт". "Құда келіс
дейді бұл келісті" – деп Хакімжан қойнынан коньяк суырып столға
қойды, – "Апай, сіз қазан көтере беріңіз". "Япыр-ай"… "Тамсанатын, таң
қалатын дəнеңе жоқ, мына төрлеріңізде отырған туған күйеу
балаларыңыз болады". Отағасының қабағы түксиді. "Не оттап
отырсың, бала". "Қалай десеңіз де, болар іс болып, бояуы сіңіп қойған."
"Ненің бояуы?.." "Жадыраның аяғы ауыр."
Қыздың əке-шешесі əуелі тыпыр етпей тым-тырыс қалды. Бір кез
анасы шəлісінің ұшымен көзін сүрткіштеді. Отағасы темекі
будақтатты. Содан əзер деп тілге келді. Келгенде айтқаны: "Қызталақ,
күйеудің құда болып келгенін қай атаңнан көрдің?" "Мына заманда ата
іздеген адам аштан өледі, аға". "Əй, жөн-жоба бар ғой". "Жөн-жобаға
жалтақтап қатынсыз қалар жайым жоқ. Сосын, аға, біз екі араға жаушы
шапқылатпай-ақ, өз қатынын тікелей өзі барып алатын ауылданбыз"…
Хакімжан талай беті аямай шималанған буда қағазды ары-бері
төңкеріп, ұзақ отырды. Тазалап қайта жазу керек. Тағы түзетпесең де.
Тағы түзеткен ғой – азап. Ақылды удай ашытып, жанды жеген
жанкешті еңбек ол. Қайсыбірде теледидарға шақырды. Əдеби хабарға.
Біраз ығай мен сығай бар екен. Өз кезегінде бұл дарынды бір ақын
азаматтың аузынан шыққан сөз – еңбекқорлық пен талантты
шабыстыруға болмайтынын айтты. Сұлабасы сомпайдай сопақ ауыз
жүргізуші жігіт: "Толстой талант дегеніміздің тоқсан проценті еңбек",
деген жоқ па еді деп қалды. Толстой олай деп, "Анна Каренина" сияқты
қалың романды 117 рет, "Соғыс жəне бейбітшілік" эпопеясын 7 рет
қайта түзетіп, қайта көшірген соң айтқанын санасыз сорлы қайдан
білсін. Көрінген көген көз, көр көкірек ойлап жүргендей, талант
дегеніміз – талғамсыз, танымсыз төпеп жаза беру екен ғой деп
пайымдаса, дүниені жабағы жүні түспеген, жадау-жүдеу сөздер мен
ойран-ботқа ойлардың жазгерлері жауып қалады. Солай болып та
жатыр қазір. Қалбалақ қаңбақтарды қанкөбелек ойнатып, қарасын
батырып, қаңғытып жіберетін қатты бір дауыл керек-ау. Мұндай
қарғаны қанатынан сигізетін қаһарлы мінез қай тұста, қалайша
қаңтарылып тұр? Нені, неге күтеді? Əлде, өйту тірліктің заңдылығы
ма? Заңдылық – қалыптасып, қатып-семіп қалған қағида. Адамның
сорлы болатыны, соның шеңберінен шығуға ұмтылмайды. Өйткені
олар қандай да шеңберді тас-талқан етіп бұзып кетер ой мен əрекеттен
ада-күде. Ада-күде болмаған күннің өзінде түйсігінде осым өзіме пəле
болмасын дейтін сақтық жатыр. Сол сақтықтың "тəк, тəгі" пенде
шіркінді құлақкесті құл қылып алған. Құлақкесті құлдықты
мойындамағанның көкесінді көргені көрген. Көкала қойдай болмай
көр, сосын. Хакімжан мұның бəрін де біледі. Біле тұра ағасы секілді
айтар жерінде ай-шайыңа қарамай, тартпаңды тарс тіліп жіберуі əбден
мүмкін. Сөйткен жері де жетеді мұның. Бұрынағы жылы ғой, əжəптеуір
қызметке ілініп, ай енді бір барыммен құлаштайыншы кез келген
жерде, кемел сөйлеп, кердең басар кезек бізге де келген шығар деп
жеке кабинеттің желігі жындай қысып жүргенде "дəу" шақырды.
Сондағысы: анау, анау жылдары құрылған қордың біріне бұ кісəпірің
төраға болған. Содан енді… Дəм айдап мына қызметке келді ғой. Ал ана
жақта шу. Қор бар, қоржын жоқ. Қоржын қайдалаған елдің даусы жер
жарып барады. Енді кінəлі іздейтін арнайы жиын өтпек. Соған мұны
арнайы адам жіберіп шақырған. Бармай болмайды. Азанда жүріп кету
керек. Жер шалғай. Əңгіме-дүкенсіз ішің пысып өлесің. Ағаң өлмесін
десең ер, бір жағы біздің өңірді көресің, ел-жер танып серпіліп
қайтасың деді бастығы. Бастығың айтса, бас тарту қайда.
Ана басы мен мына басы ат шаптырым мəдениет үйінде жұрт ығыжығы. Жиын қор қайдалап улардай шулағанда, сырттан естіген "япырай, мынаның ішінде біреудің əкесіне жоқтау айтып жатыр ма"
дейтіндей жағдайда өтіп жатты. Үш сағатқа созылған осы жоқтаудан
Хакімжан қорға зауалдың кімнен келгенін білді. Əттең, соны
ешқайсысы дəлдеп айтпай, кінəліге жақындап, маңайлап келіп, қарға
адым қалғанда тайқып жатыр. Е, құдай, бұлары несі? Жұрт па, құры
шуылдақ па, бұлар. Қазақтың "өз бетін аямаған, кісі бетін аямайдысы"
қайда. Əлде ақиқатты айтар атадан ұл тумай қалды ма екен. Қуаты
құдіретті жатырдан емес, кісінеген еркектің кіміне де кет əрі демейтін
пəтуасыз əйелдің ауынан шықтық па түгел. Жаман жыны келді. Елдің
ездігінен еңіреп жібере жаздады. "Оу, ағайын! – деген сосын даусын
едəуір көтеріп. – Маған бірауыз сөз айтуға бола ма?" Жұрт сілтедей
тынған. Сосын жамырады: "Болғанда қандай. Қонақсың, осында
айтылмаған сөз қалмады, қане, қалыстығыңды көрсет". "Көрсетсем, −
деген Хакімжан – осы сіздердің барып-келіп іздеп отырғандарыңыз
қорды құртқан адам ба?" "Дəл өзі". "Онда ол міне, − деп Хакімжан өз
бастығына саусағын кезеді – орталарыңа өзі келіп отыр ғой".
Қысқа мойында қисайып жатқан басы селк еткен бастығы түшкіріп
жіберді.
Алматыға бастығы джиппен, бұл поезбен, екі бөлек қайтқан.
Барыммен құшақтайыншы, кез келген жерде кемел сөйлеп, кердең
басар кезегі бізге де келген шығар деген сенімі адыра қалды. Содан,
міне, əлі күнге дейін жұмыссыз. Бірді-екілі газет-журналды жағалап
еді, мұның сырына қанық редакторлар: "Таланттысың шіркін, бірақ…"
Бірақтың ар жағында мінезің иттікінен де жаман деген сөз тұр, əрине.
“Сонымен…” дейді бұл. "Енді, түсінікті ғой". "Ə, сау болыңыз".
Тұрып терезеден сыртқа көз салып еді. Ағасы қораның алдында
қаздың жүнін бұрқыратып жұлып жатыр. “Біздің ана өлген қаздан
қанша айырмамыз бар”, деп ойлады Хакімжан. Жабыла жүндей түтіп,
жалаңаштап жатыр ғой. Құдайдың құдіреті: қия баспа, даусыңды
шығарма. Демек, көрсетпе кім екеніңді. Бұғасың ба, қашасың ба əйтеуір,
өзіңді өзіңе тығып қой. Сонда өзіне-өзін тығып қойып та өмір сүре ала
ма адам? Ол қандай өмір? Несі тірлік? "Емес! – деп күбірлеп қалды
Хакімжан – Емес! Біздің сырымыз сол еместі айдай əлемге айғай салып
айта алмай өзімізді өзімізге тығып тастап, тірі жүре беретін
мінезсіздігімізде. Солай…"
Ағасы жүні жұлынып ошаққа үйтілген қаздың етін үйге көтеріп кіріп
келе жатып, даңғыр-дұңғұр сөйледі:
– Əй, Хакімжан, осы біздің əкеміздің де оңған мінезі жоқ еді ғой.
"Ол енді басқа əңгіме. Тірі болсақ, оны да айтармыз,  деді Хакімжан
іштей,  айтамыз, əлі".
Қанқызыл жалқын…
Нарқызылдың бұйрат қырқалары кезінде арғы-бергідегі колхозсовхоздың бірлі-жарым бойдақ қойлары қыстап шығатын түкпірдегі
мал қыстауы еді. Соның бір қиырындағы “Сəттің шоқысы” дейтін
биігіне аң аулап барған, не болмаса жоқ қарап жүрген біреу болмаса
шыға қоймайтын. Қазір міне, ұшар басындағы кісі бойындай тас
обаның түбінде Ерсуан жатыр жамбастап. Көктөбел ат сəл төменде
қаңтарулы. Сарыала тайған иесінің тонына тығылып, мүлгіген. Таң
сібірлеп енді атып келеді. Дүние тып-тыныш. Тып-тыныш дүниенің
бетін шыңылтыр аяз жалап тұр. Қожалықтың қыстауынан түн
жарымы ауа шығып, мұнда жаңа əзірде жеткен Ерсуанның қанша
қалың киінгенімен бойында жеңіл тоңазу бар. Əрі аздап ат-соқты да
болып қалған. Соңғы оншақты күннің ішінде мұнда үшінші рет келіп
отыр. Сондағы көкейді тескен, тұрқы бөлек, терісі ерекше қанқызыл
түлкі… Соңғы жылдары пайда болды, сол. Сарыала тайғанды əр
келгенінде самғатып қосады, бірақ өзге түлкіні өзек-өзекке қуып
тығып, өр-ылдимен өкпесін өшіріп, ақыр соңында өкпе тұсынан тарпа
бас салып қарап тұратын қайран тайған мынаған келгенде сандалып
қалып жүр.
Қанқызыл түлкіге тазы қосып жүрген жалғыз бұл емес. Осы
Нарқызылдың құйқалы жайылымын бөліп-бөліп жекешелендіріп,
оның ықтасын-ықтасынына қыстау салып іріқара, жылқы, қой өсіріп
отырған азды-көпті қожалықтардың қорықшылары аңдулы оны. Сонда
ғой, қанқызыл түлкіні алмай қоймаймыз деп дігерлеп жүрген
қорықшылар емес, қожалық иелері. Өткен қыста қайсыбір күні солар
бұлардың қыстауында қосылып қалды ғой. Ал кеп ішті сол жерде
қымбат бір ішімдікті. Содан қызылкеңірдек. Кеңірдектерін кетпендей
қылған қанқызыл түлкі. Қайсысы айтса да, түлкі сөзсіз тек соған
бұйырады. Əсіресе, мұның қожасы Өжденбай қатты күпінген: Сарыала
тайған тұрғанда сендерге түлкі қайда?.. “Сарыала деп сандала
бермегін, ей. Біздің тазылар не, ай қарай ма?” “Оны білмеймін, сарыала
тұрғанда, əйтеуір құдай мен жақта…” “Құдай сенің сарыалаға қарап
қалып па, общым бар ғой, құдайды кез келген əңгімеге
киліктірмеңдер”. “Қазір солай ету модно”, деп шықты біреуі. “Сендер
бүйтіп жыныма тие берсеңдер о, түлкі мен автоматпен…” деп келесісі
екіленді. Қайсысы екенін, танкке арналған минасы бар екенін айтты.
“Əй, иттер-ау, сөйтсеңдер оның елде жоқ көз жауын алған қанқызыл
ұлпа терісінен не қалады – деген, Өжденбай. – Қалмаса оның керегі
не?”
Айтыса-айтыса мына мəмілеге келген: қанқызыл түлкіні кім бұрын
ұстаса, соған əрқайсысы бір-бір жылқы сыйақы береді. Алысқан қол,
берген сертпен əңкілдеп-əңкілдеп əзір тараған. Ертесіне түс əлетінде
басын зорға көтерген Өжденбай: “Гулетіп жібердік-ау, кеше. Артық
кеткен жоқпын ба, көке?” деген көзі кіртиіп. “Түлкіге қатты
таластыңдар ғой”. “Жекешелендіріп алған жерімізде жүрсе, бірбірімізбен итше ырылдасып неміз бар. “Сəттің шоқысы” айналасымен
ешкімді емес, иесіз”. “Неге иесіз?..” “Ешкім жекешелендірген жоқ, оны”.
“Бəрібір иесіз емес қой”. Өжденбай басын көтеріп, таңдана қарады.
“Иесі… иесі кім, сонда?” “Жаратқан емес пе”. “Бəрі де сонікі емес пе”.
Жер əлемді жаратса жаратқан шығар, оның біз сатып алған пұшпағы
енді онікі емес. Өртейміз бе, суға батырамыз ба ендігі жерде оны өзіміз
білеміз. Жəне тағы қай жерді алғымыз келсе, жаратқан келіп біздің
қолды қақпайды. Мысалы, “Сəттің шоқысын” керек етсем, ертең-ақ
жекешелендіріп аламын. Сонда құдай бір жерден басын қылтитып, “əй
қой, өйтпе” дей ме” деп бұған ренжігені ме, əлде түндегі арақтан
ауырып тұр ма, қатты күйініп сыртқа шығып кеткен. Өжденбай
сұмдық тіксініп қалса да, күні құрғыр түсіп тұрған соң, еш уəж айта
алмады. Орталыққа қайтарында “Жаңа жылдың қарсаңында келемін,
оған дейін “Сəттің шоқысында” күндіз-түні жатып алсаңыз да, түлкіні
ұстаңыз. Алдымызды аналар орап кетпесін. Көзің көріп, көкейіңді тесіп
тұрғанды біреудің іліп əкеткен күйігі өте жаман болады. Бұл жерде бір
ауылдан едік, аталас едік, ағайын едік деу жоқ, қазір туған əке, туған
балаң да бəлен-түгенің емес, бəсекелесің. Заман сондай, көке” деп
құдайдың зарын қылып кеткен.
Ерсуан осы жігіттің пейіліне біраздан бері іш тартып жүретін.
Қолды бір сілтеп кетіп қалайын десе, барар жері – əкенің қара
шаңырағы бар-ау, бірақ қалай, немен тірщілік етеді. Ауған соғысында
бір аяғыңды түбінен беріп келіп едің деп алтынмен аптап, күміспен
күптеп отыратын кім. Үкіметтен алатын мүгедектік тиынымен өлмес
күнін көрер. Бірақ, өлмелі шешенің, жас келіннің асатын тамағына,
құятын шайына қалай телміріп отырады. Оңаша отау құрып кетуге оң
аяғы түбінен жоқ. Бұған бүгін-ертең кім тие қояды. Олар түгілі,
сегізінші кластан өзіне өбектеген, өліп-өшкен, əскеріне кетеріне екі
күн қалғанда бұл еркінен айырылып қалып: “Аздап, кішкенесін ғана…”
деп емініп-ентіккенде, “өйтпей-ақ қояйықшы” деп алып, енді бұл есін
жиып тұра бергенде етпеттеп жатқан жерінен шалқасынан түсіп,
етегін өзі көтерген, өлсең, өзіңмен бірге өлемін…”-ін айтқан ғашығы
ауылға жалғыз аяқпен балдағын тақылдатып келгенде не опа берді.
Тіпті, кездесуге келмей қойды ғой. Содан қанша күн күңіренді. Ішті.
Үш-төрт жылғы өмірі осылай береке таппай өтті. Одан мектепке
қарауыл қылып алып еді, мұның өзі ұрлық-қарлық үдеген кезге тап
келді де, жалғыз аяқпен үлкен ғимараттың ана басы мен мына басына
жетуі мүмкін болмай, онысынан босап қалды. Қайсыбір күні осы
Өжденбай келді ғой, бұған əдейілеп. Əкелері көп жыл колхоздың
қойын қатар баққан еді. Ағайындықтары жəне бар. Бұдан жасы біраз
кіші. Оқу жағы онша қонбаған, басқа жағы да шикілі-пісілі бірдеңе еді,
ненің құдіреті екенін бір құдай біледі, шаруа қожалығын құрып, жер
жекешелендіріп, байып алыпты. “Көсе аяқ сатып əпере алмаймын,
басқасы оңай, соның ішінде ең арзаны қазір қатын, өзіме қорықшы
болыңыз” деп асты-үстіне түскен.
Тауда туып, тай үйретіп, аламанда атқа шауып өскен Ерсуанға бұдан
асқан қолайлы ештеңе жоқ еді. Шынын айтқанда ауылдан қайда, қалай
безіп кетуді білмей жүрген…
Бар обалы не керек Өжденбай малын бағып отырғандар мен бұған
жалпы жақсы қарайды. Ауыздарынан сорпа-су үзбейді. Он күнде бір
келгенінде азық-түліктің не түрін үйіп-төгіп əкеліп тастайды. Айғайұйғайы жоқ. Бір ғана пəлекет мінезі бар. Онысы көз құртын жегенді
қалай да алу. Жолы жеңілді өз қолымен, жолы ауыр, не қауіптіні
өзгенің қолымен. Осы күзде ғой. Қарашаның бас кезі. Қар түспеген,
бірақ қара суық. Өжденбай егіс суаруға деп тоған байлатқан. Аумағы
əжептəуір. Жылы жаққа қайтқан қаз-үйректердің соған бір қонақтап,
ұшатыны бар. Соны атуға ауылдан арнайылап келген Өжденбай таң
азанда тоғанға кеткен. Күннің төбесі енді қылтиғанда бос қайтып келіп
тұр. “Не үйрек, не құс қонбады. Таң қараңғысында жағаға таяу тұстан
əлдене жүзе жөнелгені. Басып қалсам тура сол жүзіп бара жатқан
жерінде қатып қалды. Жоны қап-қара. Не екенін білмедім. Көке, көресіз
бе, барып” деп тұр. Машинаға жол алыс па, зу деп жетті. Ия, жоны қапқара əлдене жағадан қырық қадамдай жерде жатыр. “Көке, – деген
сонда Өжденбай. – Менің тамағымның ангинасы бар еді, сіз енді… Ия,
сіз соғыста шынығып дегендей… Көрсеңіз қайтеді”. Ерсуан дəл мұндай
мұздай суға ешқашан түсіп көрмеген болатын еді. Жағаға қайта
оранғанда денесі мүлде жансызданып қалып еді… Ал əлгі ондатр екен.
Ерсуанға содан бері бір тық-тық жөтел біткен.
Қара жерден қараңғылық қара аспанға қарай жəйлап қашып бара
жатқандай етек-жеңі мүлде түріліп, əлемнің жүзі жаңа түскен əдемі
келіннің бетіндей ашылып, алыс пен жақын айдан анық көрініп-ақ
қалды. Кез келген сəтте Қызыл түлкі кез келген сəтте қылт ете қалуы
əбден мүмкін. Сөйтуін сөйтер-ау, бірақ алдыра қойса де. Құдды жаныпөшіп ағып бара жатқан от секілді əр жерден жарқ етіп бір көрініп, жалп
етіп, жоқ болып діңкелетеді. Əне жетеді, міне жетеді деп бара жатқан
тайған со кезде бағытынан айырылып, айналақтап қалады.
Əшейінде неге де елеңдей қоймайтын Ерсуан осы қанқызыл түлкіні
көрген сəтте еліріп кететін өзіне беймəлім бір күй кешетінін сезген.
Мұнысы несі? Желіктіріп, жеңсік бермей кететін ненің күші? Білсе,
қане. Білетіні, қанқызыл түлкіге тап берген сарыала тайғанның соңына
түсті бітті, жалғыз аяғын үзеңгіге тіреп, аяғы жоқ жақтағы білегінің
қарына іліп алған балдағы ары да бері де салақтап, көктөбелді
борбайлағанда мынау тау-тас екен, оның үсті қар, мұз екен, ат сүрініп
кетер, тайып жығылар, ер үстінен ұшып кетіп, құладүзде жайрап
қалып жүрмейін-ай демейді. Ауған соғысында кез келген сəтте мүрдем
кетуім əбден мүмкін деген секем, үрей кез келген сəтте қылаң беріп,
қиғылық салатын, ал мынаған келгенде ондай сезімнің бірі де жоқ,
өлсін-тірілсін əйтеуір, ана қанқызыл түлкіні алып, терісін іреп-сойып,
ғажайып қызыл ұлпасын сылап-сипап, бөктергісінде салақтатып бара
жатса, бар мұратына жететін секілді. Тіпті, оны Өжденбайға апарып
беретіні ешқашан өзінікі болмайтыны есінен шығып кетеді.
Япыр-ай, сонда əйтеуір, осы өңірде бұрын-соңды кездеспеген
демесең, бəрібір заты түлкі ода тұрған не бар. Көрген мезетіңде есіңді
екеу, түсіңді төртеу қылып қоятын сиқыры қай жағында. Мəселе, соның
сөйтіп қоятынында ма, жоқ сондайға миы айналып, араны ашылып
албасты басып қалатын пенделік шіркінде ме. Осы ойлармен
қанқызыл түлкінің соңына түскелі тербеліп, теңселіп қала беретін
Ерсуанды өзі де елеңдеп жатқан сарыала тайғанның дүр сілкініп тура
келгені, бəрін сол сəт ұмыттырып, едірең еткізді. Содан сүрініпқабынып көктөбелге мініп, тебініп тас обаның қалқасынан шыға
келгенде көргені, қапталдың етегіне таман қанқызыл түлкінің соңында
самғап кетіп барады екен. “Бас, сарыала, бас!” деп даурығып, айғайлап
жіберген. Сөйтіп, қана қойған жоқ, аяқ басар жер қилы тас, қатқан қар
үстімен көктөбелге аямай қамшы ұрып құйындамаса да, орағытып,
секіртіп барады. Көктөбел қандай жерде де, соның ішінде көкпар қолға
тигенде шың-құзға салып кетсе де, тау текедей тұяғы ашық жерді
тауып шабуға үйренген текті жылқы еді, əйтеуір сүрінбей, таймай-ақ
келеді. Десе де мынадай жағдайда төрт тұяқ иесінің де кеудесіне
сыймай, алпыс екі тамыры терісін теңдей тепкілеп тұратын дірілін
иесі сезбеді. Жалғыз аяғы өкпесін тепкілеп, қамшысы бауырын осып,
алай-түлей. Бірақ, не керек, шоқыны түгел айналмай жатып, ар жақ
тұмсығында сарыала тайған сандалып тұрды. Түлкі жоқ. Тайған
қыңсылады. Алдындағысынан айырылып қапы қалғанына долдана ма,
екі көзі қып-қызыл, езуінен сілекейі тамып тұрған. Ылғи осы. Ерсуанды
да ашу қысты. “Өй, əкеңнің аузын…” деп жіберді. Тайған тұрған жерге
тебініп барып, қарға үңіліп еді, осы жерге дейін жеткен түлкінің ізі
зым-зия. Тек соның ізі біткен жерде ары-бері қар осқылаған тайғанның
шиыры. Сол өткен жылғыдай бір жұмбақ. Онда рас, таңғалған. Ал қазір
біртүрлі іш жиып қалды. Өйтпей ше. Көзіңе жаңа ғана көрінген нəрсе
көкке ұша ма, жерге кіре ме. Бұл не, өң бе, түс пе? Əңірейіп айналасына
қараған. Айнала да, аспан да, аяғының астындағы да орнында.
Ініне кірген шығар дейін десе, тап мына тұста тінте қарайды, атпен
жүріп үңіледі, үңірейген ештеңе жоқ. Ия, деп қойды іштей, оп-оңай
таптыра қоятын, сол сəтінде ұстата беретін не бар, дүниеде. Кім өйте
алған жалғанда. Тас қопарып, жер қазып алақандары күлдіреп,
маңдайларын тер жуып іздегеніне жете салған қайсысы? Сонда рəсуа
болғандардың санын кім айтып бере алады. Ешкім де. Əйтеуір, ел
есінде қалғаны еміс-еміс… Осы сəтте қайдан сап еткенін, кенет ойына
бала кезінде ия əкесінен, əлде басқа қариядан естіген бір əңгіме орала
кеткені: Баяғыда бір байдың жалғыз ұлы болады ғой. Өседі ол. Əке
қазынасындағыларды қарап, санап көріп осында не жетпейтінін
сұрайды. Жетпейтіні алтын. Оны қайдан табуға болады, деп сұрайды.
Оны іздеп қажеті не, дейді əкесі, осы дүниенің өзі аз емес. Ұлы
тыңдамайды. Бар нəрсенің бəрі түгел болу керек қазынада, əке. Баламау, алтынға қол жеткізудің жолы қиын. Сіз маған қайда барып, кімнен
сұрауды айтыңыз. Айтсам, қайтып оралмай қаласың, ұмыт мұныңды,
ұлым…
Бала көнер болмайды. Күн сайын қылқылдап құдайдың зарын
қылады. Əке бəрібір тіс жармайды. Əкесінің жалғыз бауыры бар еді. Ол
қайткен күнде ағасының қазынасына мұрагер болуды армандайтын.
Амал не, құдай ағасына ұл берді де, мұның арманы адыра қалғандай
болған. Қарашы енді, аяқ асты өлген арман тірілетін сəт келіп тұр.
Келгенде былай: ол алтын үшін қайда барып, кімнен сұрауды білетін.
Сондай-ақ, əлгі жақтан аман оралудың неғайбыл екені де оған аян еді.
Інісі оралмайды екен, жасы жеткен ағасының демі таусылар күні де
таяу, сонда қазына бұған қалмай, кімге қалады. Не керек, інісіне сырды
ашып, жасырын жолға салды. Жігіт ұзақ күндер жол жүріп, арып-ашып
ағасы айтқан өзенге жетеді. Өзенге қарап, төне біткен биіктеу
жарлауытта жаман үйшік тұр. Сақалы белуардан, қасы мен кірпігі де
қудай қария қарсы алды оны. Жөн сұрады. Анау айтты. “Алтын бар.
Бірақ, оны алудың шарты қатал, – деді қарт. – Бел буа қояр ма екенсің
оған?” “Қандай да шартқа дайынмын” деді бозбала. Қарт мұның қатер
екенін олай айтты, былай айтты, бірақ жігіт дегенінен қайтпады. Оның
бар ақыл-ойы, дені алтынға мүлде ауып кетіп еді. “Онда шарт мынау”
деді қарт. Қол басындай алтын шандып байланған ұзындығы жарты
адым жалпақ тақтайды бұрқырап ағып жатқан өзенге тастап жіберді.
“Ұстап ал, – деді сосын жігітке. – Ұстай алмайтыныңа көзің жетсе,
жағаға қайт, өйтпейді екенсің, өзіңе өкпеле”...
Жігіттің көзі өзенге тастаған алтында. Ғажабы, ол асау ағысты
қуалап кетпей, көз жауын алып, бір орнында қалықтап, тербеліп тұр.
Сүңгиді де, алады. Сүңгіді. Алтын тербеліп тұрған тұстан дəл шығамын
деп еді. Сөйтті де. Басы судан сопаң етіп, көзін ашса, жаңа əзірде бір
орнында қалқып тұрған дүние ағыс бойлап, жылжып барады екен.
Жаны қалмай ұмтылды. Анау жеткізбейді. Сүңгіп те, малтып та бар
өнерін салды. Бетіне қолбасындай алтын буылған тақтайша не мүлде
ұзап кетпей, не созған қолына ілікпей əбден діңкелетеді. Осылай қанша
уақыт өтті, бозбала қанша азап шекті, не деп аңырады, нені айтып
опынды, кім білсін. Белгілісі, алтын қуалап, ағыс бойлап аласұрған оны
бұдан кейін ешкім көрмепті…
Ерсуан мен сарыала тайған аумағы үлкен шоқының жыра-жылғасын
біраз тінтті. Түлкі жоқ. Оның соңына өзі секілді өле түсіп жүрген өзге
қожалықтың қорықшылары да бұлардың қыстауына жөн білмек оймен
шығар, аттарын қансорпа қылып, алма-кезек келгендерінде қанқызыл
пəлекеттің өстетінін айтқан. Жылт етіп көрінеді, жым-жылас
жоғалады. “Осы біздің аулап жүргеніміз түлкі ме, өзі? – десіп те
бастарын шайқаған. – Түсіп жүргеніміз ненің соңы?”
Бірақ бірде-бірі үміттерін түбегейлі үзбеді. Үзіп те кетер ме еді, сірə,
қожаларынан именеді. Күндері қарап тұрған соң амал, қане. Басып
жүрген жерлері де, мініп жүрген қылқұйрықтары да солардың
жекешесі. Солардың жекешесі арқылы бала-шағаларын асырап жүр.
Бұлардың не деп, не қояры тіпті не ойлап, нені ойламауы да солардың
еркінде… Өжденбай бірде жасы ондағы аласын алып келген қыстауға.
Ұлына бəрін көрсетіп жатыр. Осының барлығы сенің жекешең деді.
“Қой, сиыр, жылқы бəрі ме?” “Бəрі, мына үй, қыстау, жер бəрі”
“Малшылар ше?” “Олар да”. Осыны анадайда тұрып естіп қалған Ерсуан
селк ете түскен.
Ары-бері ойқастап келе жатқан сарыала тайған кенет алға қарай
орғып-орғып кетті. О, Құдай, қанқызыл түлкі тас обаның түбінде
секіріп ойнап тұр. Бұларды мүлде елейтін емес. Алдыңғы екі аяғын
кезек-кезек көтеріп, секең-секең етеді. “Хайт!” деп жіберді Ерсуанның
жан дауысы шығып. Сарыала тайған бүктеліп, созылып жұлдыздай
ақты. Тіп-тік өрге көктөбел тікіректеп шыққанша тайған мен тазы тас
обаның тасасына түсіп кеткен. Дем арада дегбірінен айырылып, əбден
еліріп алған Ерсуанның көзі шоқының ұшар басына шыққанда “қайдалаған” көңілмен көпке дейін ештеңе көрмей қалған. Барып-барып
байқады, қанқызыл түлкі тік салмай қапталдап қашып тұмсық
айналып басады екен. Тайған құйрық тістесіп-ақ қалған. Ерсуан
шоқының қыр үстін қуалап, төтелеп шапты. Бұл өкпе тұстан
қосыламын дегенше түлкі мен тайған астынан самғап өте шыққан.
Дереу жаналмай қосылды. Ат кез келген қилы-қилы жерден самғап
өтетін түлкі емес, тайған емес, қанша қамшы ұрғанмен қалыңқырап
қалды. Сосын да соңына түсе берудің керексіз екенін біліп, шоқының
ұшар биігіне қарай бұрған ат басын. Ентіктіріп шықса, шоқының төмен
еңкейіп етегіне түсер тұсындағы көлемі киіз үймен бірдей түйетабан
тасты тайған шыр айналып шыжбалақтап жүр екен. Түлкі зым-зия.
“Əй, түлкі қайда?” – деп бақырды долылық қысқан Ерсуан. – Қайда о,
пəле?” Тайған адам емес, не дейді. Салақтаған ұшы шашақты
құлақтарының түбі дүрдиіп, тұмсығы жерде, үй тасты айнала береді.
“Іні осында ма екен, соған кіріп кетті ме?” – деп Ерсуан соңына ілесіп
еді, тайған бір тұста ырыл-қыңсыл үн шығарып алдына үңілді. Сосын
ары қарай кеуде тұсына дейін кіріп кеткен, бірақ дереу артқа ытқып
шықты. Ерсуан дəл сол жерде тақалып келіп атынан түсті. Тізерлеп
жетіп үңілсе – ін. Ауыз жағы ағараңдап көрінгенімен ар жағы тас
қараңғы. Балдағын бойлатып байқаса, едəуір бөлегі еніп кетті.
Қалтасына қол салып шырпысын іздеп еді, таппады. Далақтап шауып
жүргенде түсіп қалды ма, жоқ түлкінің қызығына түскенде ауырлап, ат
үстінен шешіп алып, қайсыбір тұста лақтырып кеткен тонының
жанқалтасында кетті ме, əйтеуір жоқ. Мейлі, деді. Тас қараңғыда аңның
көзі оттай жанып тұрады.
Дəл қазір Ерсуанды сыртынан біреу көрсе аң-таң болар еді. Тас
түбінде жалғыздан жалғыз алақ-жұлақ етіп, өзін өзі жұлып жеп,
аласұрып отыр. Қанқызыл түлкі енді қол созым-ақ жерде, қазір-ақ
буындырып алып шығады. Естісін, білсін жұрт, жоқ, əуелі “сол шіркін
түлкі ме, өзі?..” десіп күмəнданып жүрген өзге қорықшылар көрсін,
Ерсуанның оны інінен суырып алғанын. Өжденбайдың төбесі көкке
тисін. Көз жауын алған, ешкімде болмаған жəне болмайтын бір ғажап
қызыл ұлпаны ең алғаш осы сипайды алақанымен. Қане, енді отырма.
Түс ауғалы қашан. Қияндағы қыстауға сен жеткенше түн түсіп кетеді.
Бол батыр, кіріс шаруаңа. Ерсуан інге еңбектеп ене бастады. Жəйлап
сұғынып келеді. Алға жығылған сайын ін аздап тарыла түскен. Бірақ,
денесі мүлдем кептеліп қалған жоқ. Аңның шоқтай жанып тұрған көзін
іздейді. Іннің тұйықталып бітер жерінде артын тіреп бұғып отырған
шығар. Кенет алдына созып ұстап келе жатқан қолы əлденеге тіреліп
қалды. Сипап байқаса, жалпақ тас. Жағалата сипады. Мəссаған, алдын
тұтас жауып тұр. Ін осы жерден тік төмен түсіп кетіпті. Қолын соған
бойлатса, түбі жоқ. Ышқынып, тағы да алға жылжып үңіліп еді, ар жағы
көрдей қараңғы. Мұздай суық лебі бетін қарып жіберді. Селк етті. Бұ
несі?! Бұлың-бұлың болды ғой, іні. Түтін салып қана алуға болады, енді.
Ия, сөйтіп қана. Онда сыртқа шығып, іннің аузына тас үйіп бекітіп,
қыстаудан отын, шырпы алып ертеңгісін келу керек. Інге
шонданайына дейін кіріп кетіп еді, артқа қарай əзер жылжыды.
Жылжыған сайын байқайды, сыртынан киген киімдері қолтығына
қарай жиылып келеді. Сөйте-сөйте дəл іннің шығар аузына келгенде
кептелді де қалды. Жанталасып алға жылжыған. Түріліп кеткен
киімдері орнына келді. Артқа етегін бір қолымен ұстап жылжып
көрейін десе, онысы жанына қарай сыймады. Амал жоқ,
бастапқысынша шегіншектеген. Тағы жаңағы: киімдері қолтығына
қарай сырылып келеді де, шығар ауызда тағы келтеледі. Қанша рет
сөйтті, білмейді. Мұздай суық іннің ішінде қара терге түсті. Мұндай
шарасы жоқ азапты ол ешқашан, тіпті Ауған соғысында да көрген жоқ.
Есін енді жиды. Қанқызыл түлкінің соңына түскен күннен сол көзіне
көрінгенде, жаңа əзірге дейін ақылынан адастырып, дегбірін алған
жеңсік, желіктен əп-сəтте дым қалмады. Оның орнын енді сұмдық үрей
кеуледі. Бұл үрей соғыстағы жаңбырдай жауған оқтан да, бір аяғын
түбінен кесіп алып жатқаннан да суық еді. Кездейсоқ болмаса адам
аяғы баспайтын қу медиен, көрдей қараңғы інге шыға алмастай болып
кептеліп қалу… Бақырып-шақырып, өкіріп жіберді. Аузынан ақ ит кіріп,
көк ит шыққан. Кімді боқтамады. Қанқызыл түлкіні де, Өжденбайды
да, өзін де. Неге керек еді, осы. Нені бүтіндеп, неі өзгертіп, кімнің
алдына шығарар еді. Ана қызылдың мына көктің соңына өліп-өшіп
түспей-ақ, кісі тып-тыныш өмір сүрсе қайтеді. Есі кіріп, етегін
жапқаннан нені армандады өзі. Ержетсем, отау құрып, от жақсам, ұлқыз өсірсем, бірін қияға, бірін ұяға ұшырсам, немере, шөбере сүйсем, е
сосын ата-бабамның, ата-анамның, өзімнің, ұрпағымның кіндік қаны
тамған туған өлкенің топырағында көзің тіріде алтыннан үй, күмістен
қора соғып алсаң да, өлгенде бұйырар ені екі, ұзындығы төрт метр
кебініме оранып жер томпайтып жатсам болғаны демеді ме. Десе,
мынасы не. Не үшін, кім үшін. Өжденбайдың көке, менің жанымда
жүрсең ештеңеден қам жемейсің. Айтқанын істеп, аянбай жүрсеңіз үйің
де, жайың да болады. Қатынды да сатып əперемін. Керек десеңіз
қыздайын. Тіпті тоқалды да, тек анауыңыз аман болсын” дегені есін
алып жібермеді ме. Енді келіп ит болғанын көрмейсің бе? Көзі көірп
тұрып, көрге өзі кіріп.
Мұның не, байқұс-ау? бүйтіп қор болып өлгенше, Ауған соғысында
мүрдем кетпедің бе? Ол өлім ел-жұрттың намысы үшін болар еді ғой.
Ел-жұрттың намысы үшін есіл ер еңіреп кетті дер еді.
Ақ тер-көк тері баяғыда қатып қалған. Тұла бойы мұздап дірдектей
бастады. Сарыала-ау, көктөбел-ау, деп өкіреді. Құлындаған даусы
шығып, Құдайды алды аузына. Құтқара гөр, Жаратқан, деп жалынды,
жалбарынды. Кешірім сұрады, кеңшілік дəметті. Кенет көзіне
əлдененің сұлабасы ағараңдап көрінгендей де болды. “Пенде ненің
соңына астамшылықпен түссе, соның қасіретін тартады” деген сөзді
ап-анық естіді. Есі ауып кеткен. Өзіне-өзі əзер келгенде: “Өжденбай
ғой, айдап салған” деп күбірледі. “Өз ақылың, өз иманың, өз еркің
қайда?”. “Қанқызыл түлкіні көргенде соның барлығын жоғалтып
алдым ғой”. “Демек, сендер ашкөздіктеріңнен өздеріңді өздерің
тоқтата алмайсыңдар. Өйтуге өздеріңе өздеріңнің əлдерің келмейді.
Өздеріңе жау – өздерің…”
Еміс-еміс есі бар Ерсуан біреумен сөйлесті ме, жоқ əлде өзімен өзі
сөйтті ме, ол арасын аңғармады. Өйткені, санасы шатаса бастаған.
Əйтсе де, бір өкініш өшіп-жанып мүлде сөне алмай тұр. Ол жаңағы ия
біреумен, ия өзімен болған əңгімені ешімге айтып кете алмайтындығы
еді. Сонымен бірге Өжденбайдың баласына айтқаны рас екені,
бұлардың өз еркі өздерінде емесі, яғни қожайынының өл десе өлетін,
тіріл десе тірілетін меншігіне айналғанына оңбай опынып, мойындап
та үлгерген.
Көзін зорға ашты. Қозғалудан қалған тұла бойы кенет
жылынғандай. Сөйтсе, іннің тік төмен түсіп кететін ойығының түбі
қып-қызыл алаңқай екен дейді. О ғажап… Дөңгелене лаулап жатқан
оттың ортасындағы биік тұғырда қанқызыл түлкі отыр. Отты шыр
айнала жүгіріп, анталап түлкіге қарай ұмтылған адамдарда есеп жоқ.
Бəрінің арманы қанқызыл түлкіні бас салып ұстап алмақ. Сөйтеміз деп,
шеттерінен дөңгелене лаулаған отқа түсіп, өртеніп-жанып, күлге
айналып кетіп жатыр…
Ерсуанның қыстауға оралмай қалғаны туралы хабар айналаға екі-үш
күннен соң естілді. Жабыла іздеген. Бірақ оны ешкім таба алмады…
Өнеш, Комбинатор, алжапқыш
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 21
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.