Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 11

Total number of words is 4065
Total number of unique words is 2156
34.8 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
дереу құтылу керек. Жалғыз сəтте одан көрген зорлық-зомбылық
түгел көз алдынан ағып өтті. Оған жалғыз көз көкесімен соғысып
жатқан да, Айқанның ұлын өлтірген жау өзі болып та көрінді. Сол, солақ екен əлі адам маңдайын шертіп көрмеген балғын саусақ жалғыз
көздің өңменіне кезелген мылтықтың шүріппесін басып жіберді...
Еңгезердей дене ат үстінде ары-бері біраз лоқсып, бір кезде жерге
гүрс еткен.
Үсті-басы дала-дала шал сүйретіліп келіп, ананың көк аспанға
шақшиып қадалып, қатып қалған жалғыз көзін жапты. Бала тау жақтан
бері қарай ұшып шыққан алып қара құсты көрді.
– Ой, сұм дүние... – деді шал, – Сұм дүние...
Бұл оқиға 1942 жылы болған еді.
Жалғызілік
Айнала қызыл-сарғыш жылбысқы... Даланың беті тұтас соған
айналып кеткен сияқты. Үрейі ұшты. Үрейі ұшып өзінің өн бойына
қараса... Ол да сол. Қызыл-сарғыш жылбысқы. Саусақтарының ұшын
тигізіп көріп еді, үсті-басы өлердей қышып қоя берді. Ал, кеп тырнала.
Жанын қоярға жер таппай, осы пəледен сөйтсем құтылам ба деп, үйіне
өзінен өзі қашып кірген...
***
Жекешелендіру басталғанда Мəндібайдың үлесіне өз қалауымен
«Ақтам», оның айналасындағы едəуір жер телімі тиген. Сонда төбесі
көкке жетті ғой. Кемпірі екеуі бақ пен бақыт осы, десті. Ешкімге енді
ешқашан ісіміз түспейді, күніміз қараймайды, жеке игілігіміздегі екі
отар қой жаз жайлап, қыс қыстап шығуға еркін жететін жер мынау,
«Ақтам» міне, қырық метр тереңдіктен су тартатын моторы, ұзындығы
жүз адым бетон науасы бар артезиан құдығы, əне... Бұрыннан бар
қараң-құраң уақ-жан, биесі, сиыры... Күні ертең-ақ топырлап, көбейіп
шыға келеді. Құдай жарылқамағанда, енді не қалды.
Одан бері де біраз жыл өткен...
Ешкімге күні түспеген, бұл да ешкімді керек қылмады. Кемпірі, жері,
малы, «Ақтамы» көз алдында. Оқта-текте, неге екенін, Оразбек қортық
қана түсіне кіріп қоятын. Сонда, «Кеңес өкіметінің жұмысы дегенге
қамшыңнан қан тамушы еді» дей ме, «Қайда енді сол, Кеңес өкіметінің
жұмысы» дей ме, «Ол құрыды-суалды, сен де қу далада қу басың қурай
паналап қалдың, сандалып» дей ме... Əйтеуір, бір қыжыл, бір зəр... Бұл о
қортықтың дымын қоймай сыбайын десе, тілі сөйлеуге, ит терісін
басына қаптайын десе қолы икемге келмей, қара терге түсіп жатып,
оянып кететін. «Осы ит неге кіре береді, түсіме?» деп қайран болады.
Ойлайды: қысқа да кеткен өші ме?.. Япыр-ай, онысын түсіне кіріп алып
жүр ме, сонда. Не пəле...
***
Жетпістен асқан жасында шашының осылай қаулап өсіп, көзіне
түсіп, құлағын жауып қалғаны осы жаз. Басы əбден есіркеніп, дуылдап
қышыған құйқасынан қолын ала алмай дал. Əсіресе, түнде тыр-тыр
қасып шығады. Бұрындары колхоздың далақосы болған «Ақтамға»
қазір əлдебіреудің ат басын бұруы, болса, оқта-текте. Осы күні əркім
өзінің жекешелендіріп алған жерінен бір адым қия баспайды. Ауылдың
төбесі əне ағараңдап көрініп-ақ тұр. Бірақ, барып, келуге мұрша керек.
Жүз қаралы уақ жанын, сиырларын, жылқысын кімге тастайды.
Осылар үшін жүрген жоқ па, жапанда жалғыз. Бəрі өзінікі. Солай
болады деп түсіне кіріп пе. Колхоз, колхоз, деп өтпеді ме, қайраты
бойыңда тұрған қайран жылдар. Ол кезде сонау бір басынан келесі
басына атпен жарты күн жүріп жететін асудың бөктерінен төмендегі
теміржол станциясына дейінгі аралықта үш бөлімшенің егіні егіліп,
шөбі шабылып, малы жайылып жататын. Ми даланың əр жерінен
артизиан құдықтары қазылып, біраз егіс суландырылған да. Кеңес
өкіметінің көзі жұмылып, бəрі иесіз қалды, артизиан құдықтарын шөпшалаң, құм-топырақ басты, маторларын, бетон лотоктарын əркім бір
талап, тасып əкетті. Бұл зейнетке шыққаннан кейін, өзі талай жылдар
бригадир болып істеген далақосы – «Ақтамға» қарауыл болып қалған.
Қараң-қараң малы үшін. Ауылда бұл қимайтындай соншалық дəнеңе
жоқ та еді. Əкеден жалғыз. Бары – жамағайын. Құдай бала бермеді.
Ендігі, мұның бары мен нары, жан медеуі – көбейе-көбейе əжептəуір
болып қалған малдары, басы бүтін өзінікіне айналған жер мен
«Ақтам». Керек десеңіз, осы шет-шеті көрінбейтін ми жазық түгел
өзінікі сияқтанатын. Себебі, өзгелер жер үлестерін асудың үстінен,
соның ар жақ, бер жақ қапталынан алған. Шөбі шүйгін, суы мол. Қу
даланы қайтеді. Оны өңдеп, су жеткізіп көкорайға айналдырып,
табанынан тозып, алақанын оятын қазақ қайда бар. Керек десең, осы
даланы əлдекімдер ойып алып, тік көтеріп əкетіп бара жатса да
«Мұның не?» демейді. Шөбі өзі өсетін, суы өзі атқылап жатқан таудағы
жеріне ғана тиме.
Қазір бұл малдарын даланың қай жағына жайып шығамын, қай
жерге дейін ұзатып барамын десе де өзі біледі. Қанша жыл болды, қар
қалың түспей жүр. Баяғыда «Ақтамның» іргесінен оңтүстікке қарай
астық себілетін егістік жерге бұл күні қарабарақ қаптап кеткен. Дəнді
өсімдік. Дəні қыста пісіп тұрады. Уақ малдары соны күрс-күрс күйсеп
шығады. Оның үстіне қара суық түсісімен теміржол станциясынан шөп
сатып келетіндер бар. Соның екі-үшеумен о баста келісіп қойған.
Бағасына керегін жеткізіп береді. Қыстай қажетті шай-қантты да
соларға мол қылып алдырып алады. Амал не, олар көктемнен сол күзгі
қарасуыққа дейін мұнда ат ізін салмайды. Оған дейін кемпірі жуас сары
биемен ауылдан əкеліп тұратын еді, шай-пұлды. Ара-тұра малды соған
қалдырып өзі баратын. Шай-қантқа емес, шашын алдыруға. Енді
кемпірі жоқ. Ақпанның ортасында ауырмай-сырқамай, үш күн жатып
көз жұмды. Ауыл жақтан қараң-құраң адам келіп, «Қарақабақтағы»
зиратқа апарып жерледі. Сонда ғой, екі-үш күнге малына қарай
тұратын адам табылмай қиналды ғой. Жамағайынның үлкендері
жағының бірінің белі ауыратын, бірінің көзі жөнді көрмейтін, бірінің
тағы бірдеңесі... Жастары болса өзге түгілі, өз шешесін де көмуге
қолдары тимейді екен, азанда үдере тұрып, бір тобы арасы екі
сағаттық қала жаққа, бірі аудан орталығына, бірі теміржол
станциясына дегендей, сауда-саттықпен кетеді екен. Содан амал қане,
екі күнге ісек қой, жарты жəшік араққа бір ағайынның жұмыссыз
жүретін селтеңбай екі ұлын жалдады ғой. Жасы бəрінен үлкен
қариядан «Бұл қалай болғаны?» деп сұрап еді, «Қайдан білейін, – деп
кемсеңдеді анау, – Бұлар түгілі, бес жасар немеремнен анауымды,
мынауымды əпере салшы, деп жұмсай қалсам, «Əуелі теңге төле!»
дейді. Міне, батыр, осы болдық бүгін».
Бұлар осылай болған екен, қайтем, мен де бұлардан аулақ жүре
берейін, деп шешкен бұл. Шүкір, аяғынан жүре алады, тамағын өзі
істеп, іше алады, кір-қоңын да жуа алатын халі бар. «Ақтамы», малы
бар. Колхоздыкі емес, өзінікі. Өзінікінің қызығын көрсін, демі
біткенше. Тек мынау, өскенін қоймайтын шаш... Бұл қатарлы
шалдардың шаштары баяғыда-ақ не мүлде түсіп қалды, не əбден
сиреді. Мұныкі, кезінде қайратты еді, сəл жұмсарғаны болмаса, əлі
қалың. Ұзарған сайын ана жылдары станциядан бақша өсіруге келетін
орыс қатындардікіндей ұштары бұйраланып бара ма, не пəле.
Иттің басы тағы дуылдады. Қасымасқа амал жоқ. Көзі айналада.
Біреу-міреудің қарасы көрінер ме дейді де баяғы. Көрінбейді. Енді
жапан даладағы жалғыз «Ақтамға» неге жабысып қалдым осы, деп
кінəлайды бүгінде, өзін. Үлеске түсетін жер колхозда жететін еді ғой.
Жоқ, бұл «Ақтамды» таңдады. Өйткені, егіс бригадирі кезінде оны өзі
соқтарған. Ұзақ жылдар талай астық егіліп, оны орып алғанға дейін
алты ай жаз өзі қаздырған артезиан құдығының тастай таза суына
піскен еттің сорпасы мен қайнаған шайын сораптап, соны айналып,
ғұмыр кешті. Содан да сірə, Ақтамжады болды. Болмай ше... Асып бара
жатпаса да қарауыңдағы қараң-қараңға жүргізген билік, ара-тұра
шолтаңдап қоятын қамшының дəурені өткен жер ғой, бұл. Сол
дəуренінде Ақтамның айналасындағы қай айтыс-тартыста да кімің де
бұдан уəжі, шешендігі өтіп тұрса да, көпе-көрнеу осыған жол беретін,
алыса кетсе, қайсысы да жығып тұрып та, осыған жығыла салатын.
Төрт бүктелген көрпе осының астына төселіп, жілік осының алдына
қойылатын. Қайран да, қайран сол заманы жүріп тұрғанда Оразбек
сияқтылар бүгінде ата-бабасы ғұмыр бойы таппаған байлыққа аз
жылда-ақ кенеліп, бөктердегі шөбі шүйгін, суы мол жыра-жықпалды,
ол аздай кейбір кержалқаулардың үлесін жəне сатып алып, малын,
егінін адам жалдап бақтырып ісіп-кеуіп отырар деп қаперіне алып па?
Со, қортық шаруаға қырсыз, берекесіз, қалтаң-селтең-тұғын. Солай
екен деп о кезде, қаңғытып тастай алмайсың; жалқауға жұмыс
берілмесін деген заң жоқ. Бірде анаған, бірде мынаған жұмсайсың. Бір
шыбықпен айдап Оразбекті сөйтті, бұл. Өзі құрдас, əрі бұлардың
руынан қыз алған күйеу. Тілі шешектей. Соған сүйенем деп, кімге де
сүйкімі кеткен. Ешкім қасына алғысы келмейді. О кезде бөктердегі
арнаның суынан тосып, тоған жасалған болатын. Азын аулақ, бақша
мен жоңышқа суару үшін. Су бірде бақшаға, бірде жоңышқаға беріледі.
Əрқайсысының өз арнасы бар. Тоғаннан жіберілген су басты арнамен
межелі жерге ағып келеді де, екі айрыққа – бірде бақшаға, бірде
жоңышқаға қарай жығылады. Алып бара жатқан ауыр жұмыс емес.
Суды бір жағына жібергенде бір жағын байлап қой да, отыр, қадағалап.
Болған-біткені сол. Соны жетістірмеді ғой, Оразбек ит. Қайсыбірде су
басындағы күркеге басын тығып алып, шарт ұйқыда жатқанының
үстінен түсті. Бақшаға жіберілуге тиіс су, екі жаққа бірдей ағып жатыр.
Жоңышқа жақтың байланған топырағын бұзып кеткен. Ат үстінен
ақырды, қортыққа: «Өй, ит, тұр қане!» «Əкіреңдеме». «Суға ие
болмайсың ба, албасты!» «Қазір байласаң, қазір бұзып кете береді
топырақты, маған нағыл дейсің». «Осы топырақпен-ақ байлап жүрген
едік қой, қашаннан бері». «Енді топырақ тозған шығар, мен пошом»,
деп Оразбек қортық қарнын тыр-тыр қасып тұр. Онымен қойса жақсы.
«Қарындастарыңның ыстанының бауын əкеліп байла демесеңдер», деп
ыржың-ыржың етеді. Мына бейқамдыққа мұның қаны жаман қайнады.
«Қарындасымыздың
ыстанының
қылдырықтай
бауымен
су
байланбайды, ит», – деп қанжығаны шешіп алды да, қортықтың қолаяғын буып, жоңышқалыққа кетіп жатқан суды оның өзімен байлап
тастап, бақша əбден қанып су ішкенше, тыпыр еткізбей басында
отырған. Үш-төрт сағат таудың суық суының өтіне көлденең жату оңай
ма, Оразбектің тұла бойы көкпеңбек болып кеткен. «Осыдан өлсем,
қарындасыңды өзің қатын қыл» деп тіл тартпады-ау, ит. Өлген жоқ,
бірақ аудандағы ауруханада біраз жатып шықты. Өкпесіне суық тиген.
Абырой болғанда бұған ешкім заң орнын араластырмады. Колхоз
басқармасы қатты ескерту жасады. Қазақы ауылдың қазақылығы
жақсы еді ғой, «Күйеусіндім» дегенін есепке алды. О кезде, шынында
да жезде, күйеумен ойыны ұшынып тұратын. Əрине, мүлде шектен
шықпау керек. Ал, мұның содан шығып кеткен жағдайы болды. Обалау, демеді. Қайта қыбы қанды. Қайсыбірде «атқа жеңіл, тайға шақ»
Оразбекті алып, төмендегі теміржол станциясынан қат темір
жабдықтар іздеп барған. Тележкасы бар доңғалақты жаңа трактормен.
Бара жатқанда бұл кабинада, Оразбек тележкада отырды. Қайтарда...
іздеп барған жабдықтарын əр жерден тауып, көңілдері біраз орныққан
соң, көздері дүкенге түскен. Оқта-текте болса да бірер жүз грамға екеуі
де кет əрі емес еді, əрқайсысы бір-бір шөлмектен алды. Қарамақарсыда асхана тұр. Бірінші, екінші дейтін əуес тамақтарымен бір
бөтелкені қақ бөлген екеуі енді тележканың үстіне бірге мінді. Таза
ауада отырып, қосқа жеткенше екінші шөлмекті жəукемдемек. Арақ
шіркінің кімді де елпілдетіп, лепіртіп жіберетін қасиеті қандай. Мұның
бригадирлігі, ананың берекесіздігі жайына қалды. Бұлардың бірі
қайын, бірі күйеу, ауылдас, құрдас. Екі арадағы бəле дəл осыдан
шықты. Стакан жоқ. Аузынан ұрттап отырып ішкен арақ бойларын
жайылған сайын кезек-кезек тілдерін безеді. Тістелеп. Ең бір осал
тұстарына тікен болып кірді. Алма-кезек аямай ара болып шақты.
Оразбектің шағысына мұның жаны шыдамады. «О, ит күйеу-ай» деп
қортықты астына басып алды да, басын тістелей берді, тістелей берді.
Таяуда ғана шашы алынған құйқаның қосқа жеткенше сау тамтығын
қалдырмаған. Құлқынсəріден тұратын аспаз келіншек пішеншілер
жататын ағаш вагонның алдында басы көнектей, бет-аузы үрлеген
қарындай тұтас домалақ, бойы біртұтам селеуетті көріп: «Ойбай!» деп
отыра кеткен. Аяғы ауыр екен, содан түсік тастады. О түгілі Оразбектің
онсыз да оңбай біткен басы мен жіпсік көзінің орасан өзгеріске
ұшырағанынан мұның өзінің де есі шыққан. Былайғылар не күлерін, не
жыларын білмеді. Тістелген құйқа ұшынған. Оразбек қайтеді,
аудандық ауруханаға тағы барып жатты. «Қайын мен күйеудің
ойынымен» бұл іс те бітіп еді. Сонда ғой, мұның анаған аяушылық
сезімі болсашы. Қайта, ішінен мырс-мырс күлген. Ол иттің басы
Алланың емес, менің добым деп те күпінген, өзіне өзі.
Сөйткен Оразбек бүгін бұл түгілі ханға сəлем берсе де. Бұған рулас
болып келетін орамалы күйелеш, етегі сауыс қара қатын мен берекесіз
Оразбектен тіршіліктің апшасы қуырған екі бала қалай шығып
жүргеніне таң. Əсіресе, үлкені. Бас зоотехник еді, колхоз бастығының
кенеттен жүрегі тоқтап қалып, соның орнын басқан. Бұл өзі əлгі бартер
деген апай-топайдың кезі. Итіңнің қолы сол кезде жүріп бермеді ме.
Содан жарты жыл өтпей, колхоз шаруа қожалықтарына бөлініп, алқасалқасы шыққанда, бөктердегі кейін салынған жаңа қыстауын,
жайлауымен, жотадағы егіс жерінің ең оңтайлыларын, екі отар қойды,
бір үйір жылқыны иемденіп алған. Қаншама адамның қаны, терімен
қаншама жыл жиып-тергенін көзді ашып-жұмғанша сонікі болды да
кетті. Ауылдың бірнеше отбасы осы күннің соның малын бағып, егінін
өсіріп, шөбін шауып жан бағып қалды. Оразбектің тас жолға шықса
астында шетелдік автокөлік, тау, далада тайпалған жорға.
Жылқыларының өзі төрт-бес үйірге жеткен деседі. Кемпірінің
жерлеуіне келіп көңіл айтқаны бар. Баяғы Оразбек емес. «Əй, сол да
кісі ме!», «Ой, ол да адам ба?!» деп күшеніп, күпініп сөйлейтін болыпты.
Бір тұтам қортық бойы да ұзарған сияқты ма... Жанында шапанын
жауып, кебісінің галошын кигізіп, машинаға сүйемелдеп мінгізіп,
елпең қағып біреу жүр. Онысы жеке қызметшісі екен.
Құдайдың құдіреті, деп қойды. Бір кезде осы Оразбектің өзін «Əй,
сол да кісі ме!», «Ой, сол да адам ба?!» деуші еді, жұрт. Енді оны жұртқа
Оразбек айтатын болды. Аяқ асты дəулет бітті, бақ қонды. Кеңес
өкіметі тірі тұрса өсте алар ма еді. Жүретін еді ғой, азын аулық
пенсиясымен үй айналып. Кісімісің, итпісің демейтін еді, ешкім, оны.
Жо, жоқ, бұл бақ пен дəулетті Оразбектен қызғанбайды. Солай
болып кеткеніне таң қалады. Азабы жоқ, шері жоқ, аянбай еткен еңбегі
жоқ адамның аяқ асты айының аспанға шығып кеткені біртүрлі.
Əділеттікке келмейтін сияқты. Осы малды телім-телім тірлікпен
тебінгісі тесіліп бəленбай жыл өсірген, егістік жерді бəленбай жыл
жыртып, егін салған, орған, қызыл қырманға құйған, күллі ғұмыры
сөйтіп өткен, сонысына шүкір, тəубе еткен, соңғы сөзін ойдың шөбін,
таудың арпа-бидайын ұрламаңдар, деп алып көз жұмған аруақтардан
ұят-ау, қорладық-ау, деп те налиды. Өзі де иеленіп отыр ғой біраз
нəрсені. Иеленсе, тері жерге, еңбегі елге сіңді емес пе. Оразбекке ұқсап
əр жусанның басын бір шалған жоқ. О секілді жеңілдің асты, ауырдың
үстін іздемеді. Оның баласы секілді аз күндік билігін пайдаланып
колхоздың малын, қыстаулары мен жайлауын, ұлан-ғайыр егістік
жерін талайлардың аузынан жырып əкетпеді. Ал жырып əкетіпті, ал
аузынан ақ май ағыпты, одан соның отымен кіріп, күлімен шығып
жүрген кезінде қазіргі бар байлықты жасағандардың үрім-бұтағы қай
жақсылықты көріп отыр. Қарауына барғандарды малайынша жұмсап,
бір шыбықпен айдап отырғанын естіген талай. Солар бөтен емес,
шетінен алыс-жақын ағайын.
«Жапан далада шашымды алдырар адам таппай жалғыз жапа шегіп
жүргенде, өзімнен өзім көсемсіп, осым не», деп өзін жерлеп те қоятын
кездері көп. Ойдан өзге ештеңесі жоқ болғандықтан қаперіне не келіп,
не кетпейді, бірақ. Өзіңе кір жуытпайсың ғой, сонда. Адам мына
жалғанда бар кесір-кесапаттан өзін-өзі ақтап алу үшін өмір сүре ме,
немене. Құдайды қайтеді. Соңғы кездері осыны жиі алатын болды
қаперіне. Өзінің де обал-сауапты есінен тарс шығарып алған кездерін
ойлайды. Содан қорқады. Белсенді болып жүргенде Кеңес өкіметінің
бар шаруасы осы айтпаса бітпейтіндей талайға тілі де тиді,
қамшысының ұшы да, сөйтті. Оразбекпен су байлады, Оразбектің
басының құйқасын дым қалдырмай тістелеп, күпшелек қылып
жіберіп... Ой, құдай-ай.
Басы тағы дуылдап қоя берді. Қасымайын десе өлтіріп барады,
қасыса одан əрі өршіп, қышып, қолын ала алмай қалады. Бөртпелері
сулана бастағанына біраз. Қасыған кезде тырнақтарының ұшына
қызғылт жылбысқы жабысып шығады. Бара-бара басы мына қалпымен
түкке жарамай қалса қайтеді. Өз ойынан өзі шошиды.
Япыр-ай, бүгін де Құдай біреуді айдап келмей ме... Сөйтер деп
малын бөктерге қарай өргізіп шығып жүргеніне біраз күн. Бөктерде
теміржолға қарай өтетін ескі жол бар. Сонымен əлдекім жүріп қала ма
деген далбасасы.
Азанда өріп шыққан малдың қарны теңкиіп, марғау жайыла бастады.
Күн шақырайып тас төбеге қарай келе жатыр. Түс əлетінде Ақтамға
түрткілеп апарып, артезиан құдықтың бетон науаға толған тастай
суының басына үйездетіп тастайды да, салқын түскенше, өзі де
дамылдайды. Соған жеткенше бір азап. Күн күйдіріп бара жатқан бас
жіпсиді. Содан дуылдап береді дейсің. Тырлатып қасымасқа амал жоқ.
Тырнақ тиген бөртпелер удай ашиды.
Кенет көзі бөктер жақтан қарайғанға түскені. Көзін көлегейлеп ұзақ
үңілді. Салт атты. Тура осылай салып келеді. Бұ, қайсысы екен? Е,
Құдай, танитын біреу болғай, шаш ала алатын. «Ақтамға» ертіп барып
қырғызып алса, бастағы пəлені. Мына, түрін көріп аяр, жағдайы
түсінер.
Салт атты таяп келді де, атының басын мінер жағына кілт бұрып:
– Кімсің, əй? – дегені дауыстап.
Мынау... Ия, сол... Оразбек. Құрдас, күйеу...
– Кімсіңің не... Мəндібаймын ғой, – деді боздап жібере жаздап.
– Мəндібай... Қай Мəндібай?
– Бірдеңе ұрып кеткен бе. Кəдімгі Мəндібаймын.
– Онда атым неге үркіп тұр?
– Өйдеп неқылмай, келсеңші бермен, – деп тіпті, жалынғандай
болды.
– Мəндібай болсаң жақсы, ол болмасаң, қайтем.
– Өзімін-ей!
– Онда басың не пəле?
– Өсіп кетті ғой, мына шаш.
– Неге өсіресің? Заманыңда қылышыңнан қан сорғалаған қып-қызыл
комөнес, ұрып кеткен белсенді едің, енді стелəк болайын дедің бе?
Оразбек атын тебініп, келіп ер үстінен қол созды. Сөйтіп тұрып:
– Əпіриканың əбригөнісің құдды... – деп жəне бір пəлені айтты. –
Телебизерден көріп жүрміз.
– Түссеңші.
– Ойбай, оған уақыт жоқ, жылқы іздеп жүрмін. Бір үйір. Үш күн
болды, бөлініп кетіпті. Əлде біреу қуып кетті ме. Ондай көзіңе түскен
жоқ па?
– Байқамадым.
– Осы күні кісі қалды ма. Жылқы бақтырғандарымыз шетінен алами,
албасты басып бір үйірден көз жазып қалған. Асудың күнгейтеріскейін түгел тінтідік. Мына шойынжолдың арғы бетінде бір
көнəкрəт бар дейді, соған өзім кетіп барамын, жөн сұрайын деп. –
Оразбек ер үстінде шіренді. – Əй, андағы шашың жаман ғой... Қатын
бастанып?
– Алдыратын адам табылмай қор болдым ғой, Оразбек. Малды
тастап шыға алмаймын, алажаздай «Ақтамға» ешкім келмей-ақ қойды.
Жүрсеңші. Түс те болып қалды. Шəй іш.
– Шəй деп жүрер жайым жоқ, дəл қазір.
– Өйтпесеңші... Қалімді көріп тұрсың. Шашымды алып бер. Жаман
есіркеніп кетті, басым.
– Шойынжолға дейін біраз жер. Одан ана Құлжабасы-Қушоқыны
асуым керек. Одан əрі Қараойдан өтіп, Тымпайыдағы көнəкрəтқа
жеткенше... Əй, уақытым болмай тұр ғой, сол.
– Қарадай өлтіремісің.
– Қайнааға-ау, менің кінəм не.
Мəндібайдың бұған айтар уəжі болмай дағдарды.
– Қайтсек екен? – деп міңгірлейді.
– О жағын енді... Қой, мен жүре берейін, – деп Оразбек ат басын
бұруға ыңғайланды.
Мəндібайдың жаны шиқылдап шығып кете жаздады.
– Əй, оның не? – деп ышқынып қалды. – Қоя тұрсай.
– Айналайын, жол ұзақ.
– «Ақтамға...» Ана тұр ғой, – Мұның даусы бордай тозды.
– Хош, – деп қойды Оразбек. – Өйтуге уақытым жоғын айттым. Ал
тап осы жерде-ақ қырып берер едім, бірақ басыңды қалай жібітеміз?
– Сосын ғой «Ақтамға» жүр деп тұрғаным.
– Оған уақытым жоқ демедім бе жаңа. Əйтпесе, ұстарам да міне,
қалтамда, – деп Оразбек онысын орап салған орамалын жазып, қолын
алып жүзін ашты. – Өткір-ақ.
– Көріп тұрып...
– Баяғыда өзімізді көріп тұрып өлтірмесе де, өлімші қылғандар бар.
– Өтті, кетті емес пе, ол, Оразбек?
– Сен үшін солай, ə. Мені қайтесің?
– Енді... – бұл мыңқылдап қалды.
– Қазір-ақ сыпырып берер едім, – деп Оразбек даусын жұмсартып,
жаны ашығандық танытты. – Немен жібітеміз. Өзі биттеп кеткен жоқ
па, бəле болғанда?
– Ит-ай, – деп Мəндібай жылап жібере жаздады. – Биттеп деп... Өйтіп
не көрініпті сонша...
– Шаш андағыдай боп өскенде битің балтай-шалтайға қарамайды,
білсем, – Оразбек мұның былай шешіп тастаған желең бешпетіне
қамшысының сабын кезді. – Ананың астындағы не?
– Е, ол сусын.
– Айран ба, ашымал ма?
– Айранның сары суы, – деп Мəндібай желең бешпетті былай
ысырып тастап, қарынды көтерді.
– Əй, андағың толы ғой.
– Мана сəл жұтқам.
– Сонымен жібітпейміз бе, басыңды.
– Қайдам.
– Несі қайдам? Айранның сары суы сұп-сұйық емес пе.
– Сабын да жоқ.
– Сол əлгі қызыл үкіметтің заманында ғой, «Ақтамдағы» дала
қосында өзің құдай, бізді бір шыбықпен айдап жүргеніңде ауылға
барып, шашымызды алып келуге сұрансақ, оны мынау алады деп
Ақатай ақсақты желкемізге мінбелетіп қоюшы едің. Ақатай иттің сонда
қолдан жасаған ұстарасы жасық па, əлде ақсақтығының өшін бізден
алғысы келе ме, жалғыз рет сабындатып, ары қарай кеуіп қалғаны
түгілі, өртеніп кеткеніне де қарамай тыр-тыр қырып, жерге тұтас
бойымызбен кіргізіп жібере жаздайтын. Соны көріп тұрып, қыңқ
етпеуші едің. Қыңқ еткенің не... «Ата-бабаларың керек болса шашын
қойдың қабырғасымен алдырған. Ал сендер... Өй, өңшең жасық, жəутік,
боскөтен» деп жер-жебірімізге жетіп, діңкелейтінің, дəл осы жерде
есіме түсіп тұр, қазір.
– Ит-ай... – Мəндібай бүкшектеп, күмілжіп қалды. – Қой тас
тергендей қоямызды қаза беремісің, өстіп.
– Жақсы, онда, – деп Оразбек кетуге ыңғай танытты.
Соған қарап тұрғандай мұның басы өртеніп қоя берді. Екі қолымен
бірдей бас салған. Осып-осып жіберді. Одан əрі дуылдап, жаны көзіне
көрінді. Амалсыз:
– Əй, тоқта, сəл, – деп қалды.
– Айт.
– Көрсек көрейік сары сумен, қайтем...
Одан арғысы: Қарындағы сарысумен жібіткенде Мəндібайдың
шашы ұйпа-тұйпа болып, біртүрлі былжырап қалды. Оразбек ұстараны
тас төбеден салған мезетте-ақ бұл мықшиып қалған. Сабындалмаған,
əрі шаштың түбіне сарысу жақсы жетпеген соң, ұстара қанша өткір
болса да, басының терісі сыпырылып жатқандай жаны көзіне көріне
бастаған. Бүктетіліп, екі қолымен жер тіреп, мүлде тұқшиып кетті.
Анау болса көк желкесіне қарай мінбелеп алған. Бір кезде шыдам
таусылды, төзім түгесілді. Құр сарысумен апыл-ғұпыл жібітілген шаш
шыжыған күн астында тез-ақ кеуіп кеткен еді.
– Қоя тұршы, – деді ыңырсып.
– Сөйтпеске өзі де болмай қалды. Түк қалмай кеуіп кетті шашың.
Ұстарам сəпсім жүрер емес.
– Қаншасы бар əлі?
– Арт жағың тұтас. Əлгі кім бар ғой. Кім ше, – Оразбек лекіте күлді. –
Əлгі Ленин. Құдды соның басына келіңкіреп қалды, мынауың.
– Ой, Лениніңді сі... – Мəндібай күйіп кетті. – Енді не істейміз деп
тұрса...
– Не істеуші едік. Шыдасаң қыра берем, болғанынша. Өйтпейді
екенсің... Баратын жерімді естідің, ит өлген жер.
– Сонда өстіп, алабас қылып тастап кете беремісің.
– Жылқым көздеп бара жатқан жерден табылса, осы арадан айдап
өтем ғой. Су, сабын ала келесің.
– Ол жақтан табылмаса ше?
– Онда енді... – деп барып Оразбек атына мінді. – Тағы бірде жол
түсер...
– Ой, əкеңнің аузы... – бұл аттылыға қарай тұра ұмтылмақ еді, əлі
құрып, бойына ие бола алмай, етбетінен түсті. Маңдайын жерге ұрды
ма, жоқ əлде қорлық, азап, долылық бір мезгілде жан-дүниесін түтіп
бəрінен түңіліп кетті ме, есі ауып қалған. Көзін ашқанда Оразбек ұзап
кетіпті. Қарасы ғана бұлдыр-бұлдыр көрінеді. Басының шашы алынған
маңдай жағы удай ашып тұрған соң қолын апарса, алақаны жабысып
қала жаздады. Алып қарады. Реңі қызғылт-сарғыш жылбысқы...
Көптен бері, тіпті бəленбай жыл жолдас болған кемпірі өлгенде
əйтеуір, кірпігі болар-болмас шыланғаны болмаса, жас шықпаған
шүңірек көзінен баданадай-баданадай ыстық тамшылар бетін жуып
кетті. Ол дəл мұндай қорлауды ешуақытта көрмеген еді. Оразбек
қортықтың қорлағанынан бұрын сол қорлыққа қарсы дəнеңе де жасай
алмайтынына жер болды. Күллі дүниені, алдында жайылып жатқан
малы, алыста ағараңдаған «Ақтамды», өзін қоса өлердей жек көрді.
Жапанда жападан жалғыз жүрісінен тапқаны осы бопты.
Жекеменшігім, жерім, малым, «Ақтамым» бар депті. Басым еркін,
ешкімге тəуелді емеспін депті. Өзгемен ісі болмайды, депті. Өзгелердің
де мұнымен ісі жоқ депті.
Жеке игілігінде жер де, мал да, еркіндігі де болыпты. Ал сосын
барлығы болғанда бақыт та, бақ та неге жоқ?
Жауап таба алмай, діңкеледі. Өйткені, өзгемен ісі жоқтық мұның да
жан-дүниесін кеулеп алған ғой. Жетілген, жеткен осы екен деп
сандалды. Біткен азды-көпті жеке дəулеттен көзін шел басты. Енді
келіп кеудесін тырмалап, өз жанын өзі жеп, өлердей опынып ойлап
отырса, бұлар түк көрмеген тексіз құл-құтан екен ғой. Көр екен.
Сондықтан екен өзінен өзі ұзай алмай, бірін бірі тірідей жоғалтып
жүргені. Болмаса, «Əй, əлгі Мəндібай да осы өзіміздің Құрымбай
əулетінен ғой, құдай бейшараға бала бермеді, кемпірі өлді, жапан
далада жалғыз жүргені анау, өлі-тірісін білмейміз бе?» деп ат ізін бір
салмай ма бірі. «Көзі бір күні жұмыла кетсе, арам өлгені. Ісіп-кеуіп,
иістеніп, ит-құсқа жем болмаса, қанекей!» демес пе еді.
Оразбектің қорлығы бар, өзінің қу дүниеге алданып жапанда жалғыз
қалғаны бар, сол үшін өз жанын алғаш рет өзі өлердей талап жегені
бар, сұрапыл азап алпыс екі тамырын тарқатып, тартқылап, ішібауырын үңгірлеп өлі мен тірінің арасында «Ақтамға» қарай бет алған
мал соңынан əзер ілбіп келеді. Əңірейіп аспанға қарап еді, шақырайған
күн лаулап жанып тұр екен. Дəл тас төбесіне құлап түсетіндей, есі
шығып екі қолымен басын баса қойып еді, алақанына манағы
жылбысқыға тағы жабысты.
«Ақтамына» ілбіп жетіп, үйіндегі төрт бұрыш айнаға қарағанда өзіне
үңіліп тұрған сұмдық бір ұсқынды көрді; шашының алғы жағы ала-құла
алынып, оның бөртпелерінен шыққан жылбысқыға жабысқан
қиқымдар мен желке жағы сол сабалақ-сабалақ, екі самайы айғызайғыз басын көріп «Өй!» деп шегініп кетті. Қолындағы ескі айна
қолынан түсіп, жер еденде быт-шыт болып жатты. Мына сұмдық
ұсқынмен енді жарық дүниеге қалай көрінеді. Бұл ненің, кімнің қорлық,
мазағы. Жалғыздығынан ба, Оразбек иттің бе?.. Ағайынның екі
селтеңбайын малын қарай тұруға, тағы бір ісек, жарты жəшік араққа
жалдап кемпірінің асын өткізген соң, мұны оңашалап алып, Құрымбай
əулетінің үлкен шалы не деп еді. Жапанда жалғыз қалма деді. Жұрт
арасында, от басымда отырған мына менің өзіме қарайтын адам жоқ
деді. Əр қайсысы əр жаққа теңге табуға азанда кетіп, ел орынға
отырғанда бір-ақ келеді деді. Маған қалің қалай деп жатқан ешқайсы
жоқ, көздері ұйқыға кеткенше улап-шулап айтатындары мал табудың
əңгімесі деді. Немерелерімді айтқам, бірдеңеге жұмсасам əуелі теңге
бер, дейді. Бірақ, əйтеуір, ел іші ғой, деді. Сенің жасыңда күннен күнге
ыңқыл-сыңқыл да көбейе береді. Жазатайым... Енді құдай əрине, оның
бетін ары қылсын, десе де ет пен сүйектен жаралғансың... деді. Жерім,
малым, «Ақтамым» дейсің, төрт түлік малы осыдан былай қараған
күңгей-теріскейін түгел алып жатқан Олжабай, Бектембай
бабаларымыз немене соларын өздерімен алып кеткен жоқ, қалды,
екеуінің де ұл балалары болмап еді, жайлауы, қыстауы қолдан қолға
өтті, төрт түлігі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті, деді.
Есің барда еліңді тап, көшіп кел ауылға, малыңның артығын сат, деді.
««Ақтамды», он бес гектар жерімді қайтем?» Оларыңды да сат, сөйт».
«Онда нем қалады?» «Өзің қаласың. Өзіңе керегі əуелі – өзің».
Үлкен шалдың сөзіне ылимады ғой, бұл. «Егер, – деген сонда анау, –
Жапанда жалғыз қала берсең, ажалың қорлық пен мазақ болады».
«Жəкеу, кімнен?» «Өзіңнен...»
Дəнеңе түсінбеген. Адам өзін-өзі қорлап, өзін өзі қалай мазақтайды,
деген. Енді соған... Қос қолымен бас салып, өзін буындырғысы келгені.
Заматта ол ойынан иманы тас төбесіне шығып, шошып та кетті. «Қой,
əй. Қой, əй!» деп күбірлеп сыртқа қашып шықпақ болды. О, құдай.
Өзінен өзі, қашпақ. Тұлабойы тұтас түсініксіз күйге енді. От боп
өртеніп жатқаны, əлде мұз болып қатып жатқаны белгісіз. Көз алды
бұлдырықтаған сағым дала. Соған қарай ұмтылды. Сұмдықты қара:
Айналасы əлі сол əлгі қызыл-сары жылбысқы. Соған шырт-шырт
түкірген Оразбектің сұлбасы қараңдайды. Мұның малдарын айдап,
«Ақтамы», он бес гектар жерін сүйретіп алып бара жатқан сияқтанды.
Соның соңынан жүгіріп бара жатқан өзін де көрді: «Əй, мені тастап
кетпе» деп өзіне қарай өзі жанұшыра ұмтылып еді, үлгермеді. Еңкілдеп
жылап етбетінен түсті. Тұла бойы түгел қызыл-сары жылбысқыға
жабысып қалғандай, енді еңсесін көтере алмай, есі ауып кетті.
Жүрекке тиген оқ
Күн сəске болмай-ақ дүниені жайлап алған шілденің қалың
қапырығы əлі сейілмей тұр. Кеудеге алпыс жылдан астам ұя салған ет
жүректің екі қалақшасы бір мезгілде соға алмай, жанының жалғыз
жебеушісі жиі-жиі бүлк-бүлк еткендей...
***
Зейнетке шығар күн жақындаған сайын Борқан пірəдар оңашалана
беретін болған. Кішігірім қызметінен келіп шай-пұлын ішкен соң,
қатынымен оны-мұныны сөз етіп біраз отырады да, өзіне-өзі кабинет
жасап алған бөлмесіне барып, өзімен-өзі болады.
Басқа бөлмеге қарағанда, мына орны əрі жылы, əрі жарық болып
көрінеді. Қырып жазатын дəнеңесі болмаса да, столының үстінде
қалыңдығы екі-үш елі ақ парақтар, күнтізбе, астында қойғышы бар қос
қаламсап, азын-аулақ кітаптар жатады.
Оқта-текте «кабинетіне» əйелі бас сұғады. Сондағысы – «Кино
көремісің?» Кино көріп қайтеді Борқан. Ылғи бір сүйген-күйген,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 12
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.