Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 15

Total number of words is 3887
Total number of unique words is 2182
35.4 of words are in the 2000 most common words
50.0 of words are in the 5000 most common words
57.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ешкім айта алмайды. Ауылда тəуелсіздік келгелі «тарих ауруымен
сырқаттанып», өз бетінше зерттеулері аудандық газетте оқта-текте
төрт елі көлеммен басылып жүрген сызу пəнінің мұғалімі бар еді, сол
бəрін анықтамақ ниетпен алпыс үйдің бірінің тісі кетік, бірінің құлағы
керең шалдарын айналдырғанына он шақты жылдың жүзі болды,
əзірше нəтиже жоқ. Бəрінің айтатыны: бабаларымыз білмесе... Бабалар
қайда? Бабалар түгілі мына шалдардың əкелерінің, аталарының өздері
баяғыда, о дүниелік болып кеткен. Япыр-ау, сонда Көкмойнақтың
қашаннан қоныс екенін енді кім індетіп береді? Сызу пəнінің мұғалімі
де еш уəж айта алмай, аудандық газет айдар тағып берген тарих
зерттеушісі
атағынан
айырылатын
жағдайда.
Дегенмен,
Көкмойнақтың жұрты кейінгі кездері Көкмойнақта түтін түтеген
датаның анықталмағанына қуанатын да сияқты. Сонда жасайтын
пайымдары: жылы, айын ешкім білмейді екен, Көкмойнақ көнеден бар,
ежелден ел қонысы. Ел қонысы дегенде бұлардың тікелей атабабаларының мекені. Оған қанша ұрпақ келді, қаншасы өтті. Ана
дүрбелең, мына дүрбелеңде қаншасы Қытай қашты, қаншасы Түркімен
ауды. Бəрібір Көкмойнақ жұрты таусылып, құрып-суалып қалған жоқ.
Япыр-ау, мұнда енді біз қимайтын не қалды, күні кеше үй-үйіміздің
тұсында ертеңгісін тауға қарап аңырап, кешкісін үйге қарап маңырап
жататын мал қане, кəрі-құртаңның тайлы тұяғына дейін біресе
киноны, біресе мұғалімдердің концертін қызықтап топырласып
отыратын клуб қаңырады, кітапхана, медпункт дегендер жабылды,
ана жылдары азанда қорабына жұртты аудан орталығына аузымұрнынан шығарып алып кетіп, кешкісін солай алып қайтатын
көкқасқа автобус та ізі-ғайым, деп жатқан ешкім жоқ, сол баяғысынша
таудан төмен құлдырай құлаған терең сайдың екі жағында бір-бірімен
айғайласып əңгіме-дүкен құрып, онысын бүкіл ауыл естіп отыратын
қалыптарымен мамыражай. Сірə, Көкмойнақтың жұрты Көкмойнақтан
аспан айналып жерге түссе де жылжи қоймас. Қайсыбір жылдары
Хрущев таз ауыл шаруашылығын ірілендіріп, шағын елді мекендерді
бір орталыққа біріктіргенде Көкмойнақтың адамдары қозғалмай
қойған. Сол үшін бөлімше меңгерушісі Солтыбай байғұс партбилетінен
айырылыпты. Содан партбилеттің соңынан қалмай Мəскеуге дейін
барып, қайырып алған. Сөйтіп табанынан тозып, қайтарып алған
қызыл кнежкені қайтарып алғанына мал құдайы таратып, көкпар
беремін деп, қайта айырылады ғой... Асыраубай Солтыбайды бала
кезінде көзімен көрді. Кез-келген сөзінің басы "əгəрəки" деп келетін,
қандай да бір нəрсеге дəлел іздеп, айтыса жөнелетін қызба кісі еді,
жарықтық. Партбилетін екінші жолы алып қойған соң «мына
нəлеттерде иман жоқ екен» – деп бəрін қойып, Көкмойнақта сонау
отызыншы жылдары əкесі салдырған, кейін өзі бас болып кеңейтілген,
жыл сайын əр жері жаңартылып отыратын мектептің күзетшілігіне
біржолата ауысып кеткен. Айтқан уəжі: «Үкіметке керегім жоқ па,
əкемнің көзі ғой, ендігі жерде осы мектепті күзетейін. Балалар аман
болса жаңасын салар, сол кезде біз бұл мектепті Көкмойнақтың музей
үйіне айналдырармыз». Оу, терең сайдың екі қырқасында бір-бірімен
айғайласып амандасып, айғайласып əңгіме-дүкен қыздырып,
айғайласып қонаққа шақырысып жататын айналасы алпыс үй
Көкмойнақтан кімдер шықпады... Солтыбай саусағын бүгіп санап кетсе
батыр да, ақын да осында. Оқымыстың да, саясаткерің де аз емес. Еңбек
ерлері десең СССР Жоғары Советіне депутат болған да бар...
Жазмышқа қылар айла қане, Солтыбай байғұстың ғұмыры
арманына жеткізбей, үзіліп кетті. Одан бері де біраз қар еріп, біраз су
ағыпты. Солтыбай баяғыда жоқ, ал оның əкесі салдырған, өзі біраз
күзеткен мектеп əлі тұр. Тұрғанда əбден тозды. Қыста отынның
қаттығынан жөнді жылынбай, бөлмелерінің бұрыш-бұрышы көгеріп,
сылақтары жалбырап түсе бастайды. Мұғалімдер мен оқушылар əр кез
жаз бойы лай айдап жыртықты жамаумен əуре. Ал өзгенің шаруасы
жоқ. Қайта құру деді ме, реформа деді ме, нарық деді ме былайғы жұрт
біраз жылдан бері өзді-өзімен қақпатас ойнап кетті. Оны қойшы, одан
да зор оспадарлықты көрді ғой бұлар. Қайсыбір жылы облыстың
басшысына келген біреу оқу мен мəдениет бөлімдерін мүлде жауып
тастап, масқара болды ғой. Кейін білгендей, бюджеттің
тапшылығынан сөйтіпті, əлгі. Қаржыны үнемдеген түрі. Үнемдегенде
басқа түк таппағандай білім мен мəдениеттен үнемдеген, о құдай...
Асыраубайдың зарын үнсіз тыңдап отырған құдасы жағасын ұстады.
– Сонда елге оқу мен мəдениеттің керегі жоқ дегені ме?
– Дегені ғой.
Асыраубайдың манадан бері алабұртып отырған жүзі тіпті
күреңденіп кетті. Мұндайда аузынан сөзімен қоса майда түкірігі
шашырап қоймаушы еді, сол есіне түсті ме, қалтасынан бет орамалын
алып аузын сүртті.
Е, жоғары жақ солай шешсе, қайтеміз, əйтеуір, артының қайырын
берсін деп басы салбырап жүре беретін Асыраубай ма, ұрып ауданға
барған. Сонда білейін дегені бұл түбегейлі ме, əлде уақытша нəрсе ме.
Əуелі аудандық оқу бөліміне соқса, шағын болса да екі қабатты үйдің
маңдайшасында басқа жазу тұр. Əлдебір фирманың офисіне айналып
кетіпті. Содан аудандық əкімшілікке барды. Əкімнің оқу бөлімінің
жұмысын үйлестіретін орынбасары абырой болғанда орында екен.
Айтқаны: «Облыс əкімінің шешімі... Енді шынында да нелеу...» − деді ол.
Асыраубай: «Нелеуі қалай?» − деді қиқайып. «Өзіңіз де біліп отырсыз
ғой». «Нені біліп отырмын?» «Енді жаңағы... көреміз де». «Қашан?»
«Ойбай, ағасы мені тергеймісіз, менің қолымда не тұр?» «Неге
тұрмайды, неге бəрі бір-ақ адамның қолында тұрады. Ол адам
жындының сөзін айтса да көну керек пе? Ондай болса, сендер неге
отырсыңдар мына құттыханада, қоқайып. Керектерің не?»
Асыраубай аузын бет орамалымен үсті-үстіне сүрткіштеп талай
жерге барған. Орынбасар қазақы момын жігіт тұғын, лəм демеді. Одан
келісімді сөз есту мүмкін еместігіне көзі жеткен Асыраубай
шапанымды шешіп алмас деп əкімнің өзіне тура тартты. Қабылдау
бөліміндегі қыз: əкім жеке мəселемен сəрсенбі күні қабылдайды,
тізімге жазылыңыз, – деп құдайдың зарын қылсын кеп. «Шырағым,
менікі жеке бастың шаруасы емес, елдікі, сонау ит арқасы
Көкмойнақтан арнайы келіп тұрмын» дегенді айтып жатып, не керек,
əйтеуір, əкімге кірді. «Шешім солай, – деді ол – оны орындамау біздің
құзырымыз емес». «Сонда қалай, білім мен мəдениеттің енді керегі жоқ
болғаны ма? Білімі мен мəдениетін жапқаннан кейінгі жерде ел қандай
ел?» «Жабылса оқу мен мəдениет бөлімдері жабылды ғой мектептерің
бар, оқыта беріңдер, клубтарың бар, концерттеріңді қоя беріңдер».
«Осы біздің жүрген жерімізге, деген Асыраубай ашуланып, – қашан
шөп шығады?» «Қандай шөп?» Манадан бері салмақты, байсалды
отырған əкімнің қолындағы қаламсабы стол бетіне қаздаңдап басқан
əйелдердің біз өкшесіндей тықылдады. Мұндайда Асыраубайдың
екіленіп, тілі аузына симай түкірікке толып кететіні ұстады. «Оқу мен
мəдениет бөлімімізді бүгін жапқан əкім, ертең жоқ. Келесісі келеді.
Оның ойында не бар екенін құдай білсін. Білетініміз, о неме не айтса да
істейсіңдер, істетесіңдер. Сонда бұл не өзі. Құдды əкімдер бірдеңе
айтпаса өздігінен армандай алмайтын, ойлана білмейтін жұрт
болғанымыз ба?» «Бұл сөзіңді облыс əкіміне барып айтыңыз, сол
кісіден сұраңыз». «Сендер айттыңдар ма? Сендер сұрадыңдар ма?..»
Асыраубай Көкмойнаққа түңіліп, түнеріп қайтқан.
– Осындайды да көрдік қой, құда, – деді Асыраубай отағасы алдына
қойған тарелкадағы жамбасқа қол жүгіртіп жатып. – Не болғанда, мен
мектеп директорлығынан алынып, қатардағы мұғалімге төменделдім.
Облыстың жаңа əкімінің екі жылдан соң көзі құрып оқу бөліміміз қайта
ашылды. Мəдениет бөлімі де сөйтті.
– Жөні сол ғой.
– Əрине. Енді анау мектебімізді оңалтуға, оңалтқанда қайта
жөндеуден өткізуге шамамыз жетпей жатыр. Қаржы ғой баяғы... өткен
күзде өзінің жетпіс жылдығын атадық...
Мектептің жетпіс жылдығын атап өтуді көтеріп жүрген де,
Асыраубай еді. Тура екі ай дайындалды-ау. Бұл мектепті бітіріп енді
Алматы, Астанада қилы-қилы кəсіптің қыл шылбырын ширатып
жүргендер тізімінің өзі бір апта жасалды. Ауданда, облыста
жүргендердің алып-қосарлары да көп болды. Баяндаманы кім жасайды
дегенде, ол дауысқа салынып, əжептəуір талас жүрген. Бұл зейнетке
шықса да, əлі мектепке кіріп-шығып, бірі əскери, бірі əн пəнінен сабақ
беретін Түрікбай мен Қилыбай ақсақалдар тең дауысқа иеленіп
тайталасқа түскенде, мүлдем өртенді. Мектеп ұжымы жеңісті
қайсысына берерін білмей дал еді, біреу мына уəжді айтты: «Ағайын,
бұл мектепті салған Солтыбай марқұмның əкесі ғой. Бəріміз
Қарабаланың баласымыз, дегенмен мына Қилыекең Солтыбаймен
немере, значит, қарыс сүйем жақындығы бар. Баяндама жасаудың
моральдық құқы осы кісі жағында ма деймін...». Сол, сол-ақ екен, сызу
пəнінің мұғалімі: «Бұл трайбализм», деп отырған орнынан ұшып кете
жаздады. «Əй, осы трайбализмің не осы?» деді біреу. «Трайбализм, –
деп сызу пəнінің мұғалімі анаған соны да білмейсің бе дегендей
таңданыс раймен қарады. – Трайбализм деген – трайбализм».
Қызу жүрген талас-тартыстың қорытындысында баяндама жасау
бақытына Түрікбай ақсақал ие болып, оны жазуға аудандық газетте
көлемі төрт елі дегенмен тарихи мақалалары там-тұм болып басылып
жүрген жаңағы сызу пəнінің мұғалімі бекітілген. Амал қане, екеуінің үш
күн, үш түн ұйықтамай жазған баяндамасы талқылауға түскенде,
жарамай қалды. Сызу пəнінің мұғалімі көп жағдайда қазақ хандығын
қазбалап, айдалаға лағып кетіпті. Енді қайттік дейтін кризис
басталғанды сонда осы ауылдың баласы. Кезінде аудандық газетте
қызмет еткен, қазір ата сақалын қылтиған сəтіне қырып тастап,
арекеңді бар тəнімен ішіп жүрген жорналист туыстары еске түсіп,
соған қолқа салайық, осы мектепте өзі де оқып еді ғой, десті. Дескенмен
о пəлең алқаш ретінде шақырылғандардың тізіміне ілінбей қалыпты.
Амал жоқ, енді қоспай болмайды. Аудан орталығында тұратын
жорналиске сызу пəнінің мұғалімін аттандырып, ол он күннен кейін
бөшке толы араққа киімшең түсіп кеткендей əлем сасып, аяғын əр
жерден бір басып əзер оралған. Абырой болғанда баяндаманы бітіріп
келіпті, əйтеуір.
Асыраубай негізінен қонақтарды қарсы алу, күту қамын ойлап,
соның керек-жарақтарын жиыстырып, барын салып, жоғын
түгендеумен жүрді. Жарты күн жолы бар əскерилерден ішіне екі жүз,
үш жүз адам еркін сиятын палатка сұрап əкелді. Сойыс малдарын
дайындатты. Тек арақ-шарап жайында жұмған аузын ашпады.
Өйткені, ақылдаса барғанда, Алматыда үлкен қызметте отырған досы
Жайлыбай: «Егер көзіме шөлмек көрінсе, сол мезгілде тайып тұрамын,
осыны ұмытпа» − деген. Жайлыбайдың сөзі бұған заң ғой. Жайлыбай
айтқанды орындамау – иттік. Мектептің жетпіс жылдығына Жайлыбай
қатыспаса, төріне сол отырмаса – не болғаны.
– Жайлыбай дегенің шет елге кетіп, балалардың үйлену тойына
келе алмаған досыңыз ба? – деп құдасы сөз қыстырды.
– Дəл өзі.
– Əйтеуір аузыңыздан түспейді.
– Қайтіп түседі. Неге түседі? – деп Асыраубай қараптан-қарап
масаттанды – ол өзімнің Жайлыбайым...
– Хош. Сонымен мектептің жетпіс жылдығы өтті ғой?
– Өткенде Жайлыбайдың кісілігін сонда көрдік. Көргенде əңгіме
былай еді...
Баяндаманың соңғы екі-үш абзацын Асыраубай мектептің қазіргі
мүшкіл қаліне арнатқан. Енді, екі-үш жыл осылай тұра берсе, оның
құлау қаупін қадап-қадап жаздыртқан. Мерекеге жиналғандарға бұл
əсер етпей қоймады. Əсіресе, Жайлыбайдың қабырғасы қатты
қайысты. Оның айтуынша, Көкмойнақта туған кімде-кім бүгін кісі
қатарына қосылып, азамат атанып, мемлекеттің қоғамдық деңгейдегі
тұлға дəрежесіне жетіп жүрсе, ол осы Көкмойнақтағы мектебіміздің
арқасы. Көкмойнақтағы мектепті бітіргенде ішінде жазушы да, ғалым
да, саясаткер де, композитор да бар екен. Əсіресе, бизнесмендер көп
болып шықты. Бақандай он бес. Бұлардың қай-қайсысы да осы күні
үшін ең алдымен Көкмойнақтың мектебіне қарыздар. Көкмойнақтың
мектебін қамқорлыққа алу, білгенге атамыздың ақ батасын,
апамыздың ақ сүтін ақтағанмен бірдей...
– Жөн білетін, жоба танитын адамның сөзі осы, – деді отағасы.
– Сөйтпесе Жайлыбай бола ма, – Асыраубай тіпті көтеріліп қалды. –
Не керек досым қатырды. Қатырғанда біздің мектепті жөндеуге жəне
аса қат керек-жарағына қаржымен қамтамасыз ететін арнайы есеп
ашуды ұсынды. Есепті ашқан күні хабарлайсыңдар, оған өз əулетімнің
атынан нөмірі бірінші болып ақша аударамын, сырттан келгендер,
іштен келгендер, түгел бəріңді соған шақырамын.
– Үлкен азаматтық көрсеткен екен.
– Резонанс тудырды дегеніңіз дұрыс болар. Жайлыбайдың
айтуымен сол жерде есепке ақша аударуға ниет білдіргендердің тізімі
жасалып, төбеміз көкке тигендей болды. Сонда жиналатын қаржыны
шамалап іштей есептеймін ғой.
Асыраубайдың ішкі есебі бойынша біраз дүниенің басы құралатын,
тіпті мектепті қайта жөндеуден өткізгеннен артылып қалатын
сияқтанды. Ондай атты күн туса, былтыр комбайны аударылып,
астында қалып қаза болған Сейіттің, анау өз отбасынан жеріп, осында
келіп сауда жасап жүретін коммерсант əйелге үйелменін тастап, ілесіп
кеткен Ілиястың үйіндегі қара домалақтарға қысқы киім жағынан
қарайласпай тағы болмайды. Олай болмаған жағдайда мектепке
қатынаулары биыл байқады, неғайбыл. Сосын, бұл енді Асыраубайдың
есі кіріп, етегін жапқан күннен бергі арманы, Көкмойнақтың
сыртындағы оқшау тұрған тас төбеге Ағыбай батыр бастап, Кеңес
үкіметіне қарсы шыққан бабаларына белгі қою. О, төбенің астында
Көкмойнақтан, төмен етектегі ауылдардан бар, Ағыбайға қосылған жүз
адамның сүйегі жатыр. Кеңестің қызыл əскерлері оларды дəл осы
жерде қырып салып, ауыл адамдарына төбені терең қаздырып, көміп,
үстін дəу-дəу тастармен бастыртып тастаған. Көкмойнақтықтар
бұрындары оны «Тастөбе» деп атаушы еді, қазір «Қызыл қырған»
дейді.
– Сонда бұл өткен күзде болған əңгіме ме? – деді отағасы.
– Тура айтасыз.
– Нəтиже қалай енді?
– Есепті іле-шала ашып тастағанбыз. Со мезетінде жан-жаққа хабар
да кетті, бірақ əлі-əзір ешқайсысы қимылдай қойған жоқ, жаз болса
мынау күйіп-жанып келіп тұрған, сосын қой, Жайлыбайға барайын деп
тартып отырдым.
Отағасы үндемеді. Екеу қолдарын шайып келіп, шайға отырды. Түн
баяғыда түскен. Сүт қатқан қызыл шайды ұрттап отырып, Асыраубай
енді ұлы мен келінінің жайын сұрайды.
– Көрінбейді ғой өздері.
– Бізде де өзгеріс көп, – деп күлді құдағи. – Өзіміз де таяу күндері
сіздерге хабар жібереміз бе деп отыр едік...
– Тыныштық па?
Сөзге отағасы араласқан. Бақса, құда-құдағи мұның баласы мен
келініне жақында «Майгүлден» екі бөлмелі пəтер сатып əперіп
қойыпты. Манарбегі қызметін тастаған.
– Тастағаны несі? – Асыраубай басын көтеріп алды. – Бес-алты
жылдан бері зерттеп жүргені сонда далада қалды ма?
Құдасының уəжі: Қазіргі қазақта қой дейтіндей қой қалды ма?
Қалмаса ненің жүнін ұзартып, ненің жүнін жіңішкертеді...
– Дүние осылай тұрып қалмайтын шығар? – Асыраубайдың аузы
түкірікке толып келе жатыр еді, абырой болғанда осы кезде үйге
баласы мен келіні кіріп құдай сақтады. Ұлын көрмегеніне үш-төрт ай
болған, көзі шүңірейіп, бұты тылтиып қалыпты. «Алты ай қыс үйірге
түскенбісің, ұсқыныңды ұрайын», дей жаздады.
Ертеңгі шайға қанып алған соң, Асыраубай, а, құдайлап көшеге
шыққан. Енді бір шамада Жайлыбай досы отыратын көп қабатты
көркем ғимараттың баспалдағымен жоғары өрлеп келе жатты. Жоғары
дегенің жай ғой, көкке, көкке өрлеп десейші. Осындай қанатты
сезімнен қабылдау бөлменің есігін ентелей ашып еді, бастығының
босағасын күзетіп отыратын құмырысқа бөксе хатшы қыз: «Жын қуып
келе ме сені?» дегендей жақтырмай қарады. «Осы хатшы қатындардың
бəрі неге бір-бірінің аузынан түскендей», деп жынданды Асыраубай:
– Жайлыбай өзінде ме? – деген даусын суытып.
– Бос емес.
– Босай ма, биыл? – қыжылы бұл.
Қыз иығын көтерді.
– Білсеңші, Көкмойнақтан Асыраубай келді де.
– Мəскеуден келсеңіз де қазір қабылдай алмайды.
– Мені қабылдайды, айналайын.
– Поймите, там люди, шетелден.
– Ал мен ол иттің бір ауылда, бірге өскен досымын.
Хатшы қыз қасын керді.
– Қандай иттің?
– Жайлыбай иттің.
– Как Вы смеете, так Жайлыбай Сембаевичті... – Хатшы қыз «бұл не
пəле» дегендей кеудесіндегі торсиған қос əңгелекті қолымен басты. –
Он же... он же...
Қыздың демі бітіп, ықылық атқанында Асыраубайдың көк тиын
шаруасы болған жоқ.
– Шетел, метеліңді білмеймін, тура кірем, қазір, – деп орнынан
тұрған.
Анау жалма-жан телефонға жармасты.
– Да... – Асыраубай Жайлаубайдың даусын алыстан болса да анық
естіді.
– Жайлыбай Сембаевич, кешіріңіз... Мұнда бір кісі прямо... бой
бермейді, совсем.
– Кім?
– Говорит Көкмойнақ, Асыраубай...
Ар жақтағы дауыс біраз үнсіз қалды. Сосын барып:
– Трубканы бергін, – деді.
Трубка қолына тиісімен Асыраубай айғайлап кетті.
– Ай, Жайлыбай, ассалаумағалейкум!
– Амансың ба?
– Аман болғанда, міне кіре алмай тұрмын ғой.
– Менде шетелдіктер отыр еді. Сен былай ет: түске қарай кел. Сөйт!
Мынандай жағдайда Жайлыбай, сөйтпеймін дей алмады. Келе сала
кіріп кетпегеніне енді өкінген жоқ, қайта көшеге көтеріңкі көңілмен
шықты. Сағатына қараса, əлі он жарым. Тротуар бойлап біраз жүрді.
Баласы мен келінінің көкбазардағы дүкеніне барып, көріп келуді ойлап
тұрды да, өйтпеді. Таза шаруаға сауданы араластырғысы келмеді.
Киоскіден бірлі-жарым газет алып, досы отырған ғимарат маңындағы
сквердегі орындықтың біріне жайғасып қолындағысын ары-бері
аударып-төңкергенімен оқып жетістірмеді, бар ойы Жайлыбай
жақта.Көкмойнақта туып, Көкмойнақтан шықты ғой ол. Бəрінен бұрын
соны айтсаңшы. Көкмойнақтан шыққан Жайлыбайдың Алматының
төріндегі мына көрсең көз тоймайтын ғимараттың төрінде отырғаны
ше... Тəубе, тəубе... Е, сосын құдайдың құдіреті, Асыраубайдың төс
қағыстырған досы, бұл Жайлыбай. Рас, соңғы жылдары араласқұраластары шамалы. Досы қазіргідей тасы өрге домалап тұрмаған
əнебір жылдары үйелменнен ауылға жиі соғатын. Əуелі жесір
жеңгесінің үйіне түнеп, ертесіне Асыраубайдікіне келетін. Келгенде
Жайлыбайдың бір баласын мойнына мінгізіп, бір баласын қолынан
жетелеп Асыраубайдың өзі бастап келетін еді. Бұл кезде Жайлыбайға
арнап түнде сойылған семіз тусықтың майлы етінен қуырылған ыстық
қуырдағы Гүлжамалдың дастарханында буы бұрқырап дайын тұрады.
Қаймақ, сүтке езілген қатық, мейіздей қатқан сары құрт, ірімшік, шекер
қосылған тарының талқаны жəне былай... Бұлар ыстық қуырдаққа енді
бас қоя бергенде Көкмойнақтың шаң-топырағын кезінде тең
борпылдатқан, бірі он жыл мектепке барып жүрсе де, өзге түгілі, өз
аты-жөнін өзгеден көшіріп жазатын, бірі оқуды əры қарай
жалғастыруға жағдайы келмей ауылда амалсыз қалып қойып, қара
шаруаның қазанында қайнап кете берген кластастар жиналып қалады.
Гүлжамалдың сандығындағы екі-үш шөлмектің басы қылтияды. Содан
дуылдар еді, бұлар. Қуырдақтан кейін кəуап піседі, одан бас асылады.
Сол екі арада балалар да дүкенге екі-үш рет шапқылап барып, келіп
қояды. Қызды-қыздымен айтылмаған əңгіме қалмайды. Көбіне
сөйлейтін Жайлыбай. Бəрі жабыла соның аузына қарайды. Жарық
дүниеде не болып жатыр, не қойып жатыр, ертең қайтеді, бəрін білетін
Жайлыбай. Бұл əңгімені төрт құбыласынан түгел түтіп, əбден
діңкелеткен соң, адам өмірінің мəні, ізгілік, кісілік жайлы көсіледі.
Кластастары араларынан осындай көңілі көсем, көсілген шешен
адамның шыққанына жатып қуанады, əрі, айран-асыр таң болады. Таң
болатындары, кеше ғана орталарында ешкімнен озып та кетпей,
қалып та қоймай ел қатарлы жүретін Жайлыбай айналасы біраз жылда
философқа, политологқа, энциклопедияға қалай айналып кетті, сонда
қалай, əлде Жайлыбай озық ақылын, ой-парасытының қайнар бұлағын
бұларға көрсетпей ішіне тығып жүрді ме екен...
Сағат тура бірде, обал не, Жайлыбай Асыраубайды кіре берістен
қарсы алды. Бұл досын бас салып құшақтап бетінен сүйді, анау
арқасынан қақты.
Кабинетінің ішінде оңаша демалыс бөлме бар екен. Шағын диван,
үлкен тоңазытқыш, стол тұр. Еденіне кілем төселген.
Хатшы қыз дастархан дайындады. Стол үсті əп-сəтте шұжық, сары
май, қара уылдырық, қант, конфетке лықып кетті. Екеуі ыстық шайды
ұрттай отырып, əуелі Көкмойнақтың жұртын түгендеді. Саусақтарын
бүгіп санап отырса, бұлардың алдындағылар селдіреп-ақ қалыпты.
Тіпті, өздерімен бірге өскендердің үш-төртеуі бақилық болған.
– Өмір шіркін, өстіп-өстіп қидай сыпырады екен ғой, – деді
Асыраубай жабырқап.
– Оған сөз бар ма, – деп күрсінді Жайлыбай.
– Бір-бірімізді де шанда бір көретін болдық.
– Қайтесің. Мен ғой мыналарға байлаулымын – Жайлыбай қатар
тұрған екі-үш телефонға көз салды. – Амал жоқ...
– Əрине, – деп Асыраубай досына неге екенін мүсіркей қарады, –
Қызмет деген пəлеңді жағалағандардың бас еркі өзінде болмайтын
көрінеді ғой... Не қылғанда да, ел өзіңе разы. Жайлыбайымыз бар
дегенде Көкмойнақты теңселтіп жібереміз.
Жайлыбай езу тартты. Асыраубайдың көмейіне тағы бір сөз
кептелген. Ол не сөйлеп, не қойғанын білмей кететіндердің де
барлығы. Ерімбет шалдың немересі үйленген тойда Боташ алқаш:
«Жайлыбай, Жайлыбай дегенде естерің шығып кетеді, басы жатқан
қауын секілді о, қызбалақты дүкенге арақ-шылымға жұмсап, талай
тепкілеп едім... Енді келіп... Көктен салбыратасыңдар. Көктен салбырап
түскен көсем болса басқамызды қойғанда, Сейіт марқұмның өзі бір
көрпенің астында бірге биттеп өскен балаларына көз қырын неге
салмайды.»
Асыраубай осыны айтып жібере жаздап, əзер тоқтады.
– Өткен күзде өздерің келіп-кеткеннен кейін де сегіз-тоғыз айдың
жүзі болып қалды, – деп əңгімесін негізгі арнаға бұрды.
– Білемін.
– Ашқан есебімізге ауылдан жиналған біраз қаржы болмаса,
сырттағылардан əлі көк тиын түскен жоқ, - деді Асыраубай. – Мектепті жөндеуге кірісіп кете алмай далмыз. Жаз болса мынау,
ентелеген. Сосын қайтемін, амал жоқтықтан өзіңе қарай тартып кеттім.
Жайлыбай біраз үнсіз отырды.
– Сол шаруаның өзі сірə, береке таппас. Бизнес жағында жүрген
жігіттерімізді ұстау құдайдың бəлесі, бүгін Алматыда, ертең Астанада,
не шетелде, – деді Жайлыбай. – Уақыт сондай.
– Сонда таман жұрттың алдында берген уəделерін ұмытып кете
бере ме? – деп Асыраубай қолындағы шай толы шынысын столға қоя
салды. – Сөйте ме?..
– Уəде дегенде...
– Уəде – құдай сөзі ғой, Жайлыбай.
– Сен еш өзгермегенсің, – деді анау бұған барлай қарап, – Сонау бала
кезіңдегі қалпың...
– Жайлыбай-ау, есеп ашыңдар, оған əуелі ақша аударамын деген
бəрінен бұрын өзің емес пе едің?
– Айтып отырмын ғой, сол бала қалпың. Мен жұртқа мұрындық болу
үшін сөйттім. Оларды жұмылдырып берейін дедім, əйтпесе мені бір
ақша жасап жатыр деймісің. Өзің білесің, екі бала шетелде оқиды.
Қызым мен күйеу балаға орталықтан пəтер алдық. Алматыдағы
бағаны естіген шығарсың...
Асыраубай сылқиды. Өкпе, өкініш, өксік араласқан бір сезім өзегін
өртеп, көз алды мұнартты.
Сол мұнардың арасынан Жайлыбайдың жатқан қауын секілді ұзын
басы əзер бұлдырайды.
– Сенің екі балаң шетелде оқиды, а Көкмойнақтың күллі баласы
оқитын мектептің сылағы түсіп, іргесі сөгіліп, төбесінен су тамшылап
құлағалы тұр.
– Сабыр ет, – деді Жайлыбай дауысын суытып. – Шала бүлінгеннен
ешкімнің уығы қисайып қалмайды.
– Қисайып тұр ғой.
– Тыңда. Алдағы жылдан қатарынан үш жыл ауыл жылы. Үкімет
ұшан-теңіз көмек көрсетейін деп жатыр. Көрінгенге жалынып
қайтесің, ақша өзінен-өзі келейін деп тұрғанда.
– Өзіміз ше... Өз ауылымыз үшін өзіміз де бір кісілік, елдік
жасамаймыз ба, тегі?
– Пəлсапаны қайтесің.
Екеуінің əңгімесі енді жараса қоймады. Асыраубайдың тығырыққа
тірелген жері осы болды. Япыр-ау, енді Көкмойнаққа не деп барады?
Құралақан қай бетімен көрінеді. Жұрт күтіп отыр ғой, үміт етіп отыр
ғой. Құрал-саймандарыңды дайындап, сақадай-сай тұрыңдар деп
кеткен өзі. Қап, əттеген-ай. Сарт санасымен байып... Болады да болады,
жасаймыз да жасаймыз деп дес бермей, алдында тау тұрса тауға
өрмелеп, тас тұрса тасқа шығып, күйіп-жанып жүретін жынды мінез
қайдан біткен бұған. Қашан көрсең табаны жерге тимей, безектейді де
жүреді. Қайда асығады, неге асығады? Мына дүние осыған ғана керек
пе? Мына дүние осы болмаса қаран қалатындай, бала-шағаны да
ұмытып кетеді. Үй тірлігінің көрбай-жорбайын жалғыз дерлік сүйреп,
əйелі байғұстың құр сүлдері қалды. Дəл бір ағаш ат. Оқта-текте
оқыранып ойнағысы келсе, жылы-жұмсақ іздеген қолы адырайған
қабырға, шодырайған шонданайға тиіп, сол сəтінде теріс аунап кетеді.
Екі тете қыздың өткен қыста жалғыз көк пальтоны кезек-кезек киіп
шыққаны анау... Жə, қойшы, кедейлік мін емес. Адам талай байып,
талай кедейленген, талай кедейленіп, талай байыған. Бір терінің
ішінде толған да солған...
Өзгеге қайдам, Асыраубайға осы күні де шүкіршілік. Майы ағып
сорпасы асып-төгіліп жатпаса да, ішер тамағы, жалт-жұлт етіп тұрмаса
да, киер киімі бар. Құдайдың нұры өзі жаратқанның бəріне түбі бір
түсер. Бұлардың да күн көрісі күні ертең-ақ күбідей күмпілдеп кетері
сөзсіз. Көгілдір экранға қарап, газет-жорналдар оқып отырса, аузынан
ақ түйенің қарнын жарып жүрген талайлардың банкрот болып, бағы
тайып жатқанын, тіпті, мұндайда кейбіреулердің өзіне-өзі қол жұмсап
та жіберетінін естіп, біліп жағасын ұстайды. Ал адам адамгершілігінен
банкротқа ұшыраса қайтеді? Адамгершілігім банкрот болды, ойбай –
деп төбе шашын жұлып, асылып, атылып жатқан ешкім бар ма, осы?..
Демалыс бөлмесінің дəретханасына кіріп кеткен Жайлыбай əлі
шыққан жоқ. Япыр-ай, елге... Қып-қызыл ұятқа енді ұшырады ғой.
Қыстай алма-кезек соғым басына шақырып шала бүлініп жататын
Көкмойнақтың кез-келген түтініндегі отырыста мұның «пəлен қаржы
мектепке, пəлен қаржы қызыл əскер қырған 100 адамға белгі қоюға,
пəлен қаржы жетім-жесірлерге қол ұшын беруге» деп жарылқап
жататын əңгімесіне елітіп шыққан жұрт енді не дейді? Əй, тоқта...
Кенет... Кенет Асыраубайды бір ой иектеп шыға келді.
– Əй, Жайлыбай шығасың ба, – деген құдды заматта келген ойын
заматта ұмытып қалатындай, жалма-жан дауыспен.
Анау шықты.
– Маған бір ой келіп қалды.
– Айт.
– Айтсам, маған екі мыңдай көк қағаз тауып бер. Қарызға, əрине. Екі
бие бар, тана-торпақ бар дегендей, осы күз сатып құтыламын.
Жайлыбай қасына келді.
– Ол не үшін керек, саған?
– Ауылға апарамын. Сендер берді деймін. Құр қол барғаным ұят қой,
бəрімізге ұят.
– Ондай ақша қолда бола бермейді, – дейді Жайлыбай жайбарақат, –
түскені қажет жеріне жұмсалып жатады.
– Өзіңде жоқ болса біреуден ала тұрсаң қайтеді. Достарың көп,
беделің бар, – деп Асыраубай жалынғандай болды.
– Сен тура түсін, – деді Жайлыбай. – Маған біреуден қарыз сұрауға
болмайды. Қызметтің положениесі сондай.
– Сонда...
– Айттым ғой, түсін деп, – Досы сағатына қарады. – Екі болып
қалыпты, сен кешке үйге кел, тамақ ішіп, қонып қайт. Қазір менде
мəжіліс... Өкпелеме...
Кімге өкпелеймін. Менің енді өкпемнің кімге керегі бар... деген сөз
Асыраубайдың көмейіне кептеліп келіп-келіп қалғанымен үндемеді,
үнсіз кетті.
Аспан мана ғана ашық еді, сыртта жаңбыр сіркіреп тұр екен. Əпсəтте мың құбылуын, деді Асыраубай ішінен, құбыл, құбыл.
Құбылғаннан басқа бұл жалғанда не бар дейсің.
Көше бойында айналасы ашық кафе көрінді. Соған қалай, неге
кіргенін өзі де білмейді, жауын тимейтін ортаңғы столдың біріне
отыра салды.
Қолында блокноты мен қаламы, тық-тық басып даяшы қыз жетіп
келді.
Етімен ет қылып шалбар киіп алған. Алдыңғы жағынан білеулене
қимасы, арт жағынан көтеріңкі көтендігі ап-анық білініп тұр. Құбыл.
Бұл да құбылудың түрі, құбыл...
– Не дедіңіз? – қыздың сірə, мұның тіс арасынан шыққан сыбырын
құлағы шалып қалған сияқты.
– Ештеңе.
– Ішке кіріп отырсаңыз да болады, – деп сызылды қыз.
– Қайтесің, осында əкел.
– Не бұйырасыз?
– Арақ.
– Қанша?
– Қырлы стаканды толтыр.
– Фужер ғой бізде.
– Барына құйсаңшы.
– Тамақтан ше?
– Оны қой.
– Бəлкім салаттан. Свежий...
– Мейлің.
Асыраубай фужер толы араққа ұзақ қарады. Аузына алмай кеткеніне
біраз жыл. Бала кезінде сары аурумен ауырған еді, ол иттің бауырға
қалдырып кетер лаңы бар екен, сол кейін сыр беріп, сыздата берген.
Дəрігердің кеңесі: өмір керек болса – арақ-шарапты тартып алма...
Асыраубай қазір өзіне не керек екенін білмейді. Керегі Жайлыбайдың
қол ұшы еді, ол енді жоқ. Ал өмір... Демін терең сімірді де, у мен зəрді
тартты да жіберді... Өмір... Ол не? Адамдардың ғұмыры ма...
Адамдардың ғұмыры болса, онда ол адамның өзі ғой. Егер адам өмірдің
өзі болса... Жо, жоқ... Өмір – тұтас дүние. Жер-көл, дала-тау, өзен-мұхит,
ауа, тал-дарақ... Сондықтан мəңгі. Қазақтың дүние жалған деп жүргені
жəй сөз. Дүние жалған емес, адамның өзі жалған... Дүние өз қалпын
сақтайды, бұзбайды ғой. Ал адамың айнығыш, құбылғыш. Түске дейін
көрген адамыңды түстен кейін танымай қалады екенсің. Ол бүгін
айтқан сөзін ертен мүлде ұмытып кете салатын болып шықты...
Асыраубай кешкісін құдасының үйіне қызыңқырап келді. Отағасы
аң-таң.
– Құда-еке...
– Іштім, – деді бұл, – Ішпей болмады.
– Досыңызбен бе?
– Дос... қайдағы дос. Дос деген не? Қашан, кім ойлап тапқан оны.
Бəрі жалған... Бұрын бəлкім, бəрі шын шығар, ал бүгін жалған... Одан
да құй, құда.
– Ойбай, енді, – деп құдасы ақ, қызылы аралас екі-үш шөлмекті ала
жүгірді.
Жүздетіп алған соң Асыраубай ағыл да тегіл аңырады-ай келіп.
Сондағысы: адам жалған екен ғой. Жалған болмаса кешегі Жайлыбай
қайда. Кешегі Жайлыбай бүгін неге басқа Жайлыбай. Неге бұзылды, не
бүлінді. Əлде ол ет жүрегін, езілген бауырын алдырып, орнына темір
жүрек, тас бауыр салып алды ма?
– Таусылмаңыз, өйтіп, – деді құдасы жұбатып. – Бəрі де бір тəңірінің
құдіреті.
– Тəңірінің құдіреті... Ал əділдіктің иесі кім? Бар ма? Болса неге
несібеміз тең емес? Неге біреу үнемі озып, біреу үнемі қалып өтеді
мына дүниеден. Неге Жайлыбай Алматыдағы көрнекті ғимараттың
төрінде, ал мен ит арқасы қияндағы Көкмойнақтың оты мен
күліндемін. Көкмойнақ ауылы деп ес білгеннен етігі тозған, етегі жасқа
толған менің басымда мына жаман шляпа, ал оның басында
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 16
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.