Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 22

Total number of words is 3805
Total number of unique words is 2239
34.5 of words are in the 2000 most common words
47.9 of words are in the 5000 most common words
55.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Құрып қал, – деп қатыны қалың құйрығымен серіппелі төсекті бір
солқ еткізіп, теріс айналады. Ол да Жербай секілді соңғы жылдары
рабайсыз толып кеткен еді: отырса, шөккен түйеге ұқсап өңкиеді де
қалады. Сөйтіп отырып айтатыны: “Сен осы өкіметтің жұмысының
байысың ба, менің байымсың ба?”
– Ит-ау, өкіметтің жұмысы болмаса, өлмейміз бе?
– Міндет қылатындары орынбасарлықтары ма. Он жылдан бері
солсың. Құдай бұйыртса деп едің, біріншіні саған оның бұйыртатын
сұры көрінетін емес.
– Тағы не айтасың?
– Енді өлетін жағдайымыз жоқ біздің.
Қатынының меңзеп отырғаны – Жербай орынбасар болғалы біраз
жылда қаланың сырт жағынан, орталықтан екі қабат екі үй салып
алғандары; Астанада іргесі көтеріліп жатқан коттедж, ағайынның
атынан құрылған шаруа қожалығы, ондағы екі отар мал...
“Шашы ұзын итте ес жоқ қой” деп кіжінеді Жербай іштей, бұл
орынбасарлықтан түсіп қалса, мал-жанды қалай бағып, сақтайды.
Азды-көпті билік айналайын барда біреуден анасын, келесісінен
мынасын дегендей, керегіңді оп-оңай істетіп аласың. Басқалар жүз
теңгеге таппай жүрген қажетің тіпті ақы-пұлсыз келіп жатады.
Үлкенді-кішілі биліктің қашанда мысы басым, сесі өзгеше, айбары
айрықша ғой. Қазақ деген, жалпы, дəнеңеден қорықпайды. Құдайдан
да. Ал биліктен... Төбесі көрінгеннен қол қусырып, тағзым етіп,
аяғының ұшымен жорғалап шыға келеді. Жербай қазақты осысы үшін
жақсы көреді. Əуелде, анабір жылдары ішінде жалғыз костюмшалбары бар ескі чемоданмен өкшесі жылтырап келіп қызметке
кіріскен кездері қазақтың əлгісіне “бұлары несі?” деп таңырқап, өзіненөзі қысылып қарайтын. Оған еті үйренді: “Жерке, Жерке” деген сайын
қомпия бастады. Айналаңдағылардың қу жандарының қуырдақ болып
тұрғаны бір ғанибет екен. Құрақ ұшып қарсы алады, құйындап жүріп
шығарып салады. Төр сенікі. Тамағыңды салып береді. “Мынадан
алыңызшы. Анадан көріңізші...”
Бастапқыда бұл алдына келген тағамды дым көрмегендей қидай
сыпырып, қиқым қалдырмай жеуші еді, келе-келе онысын қойды,
əрнеден бір-бірден ғана шұқиды: “Жерке, анадан салайын ба, мынадан
құяйын ба, Жерке, Жеркенің” өзіне-ақ тыңқия тойып отыратын болған.
Болғанда, “Жеркелегендердің” безек қаққанына қарадай қарын тояды
екен. Тойғанда, ас-мəзіріміз дəмсіз бе, əлде мұның бізге қабағы теріс пе
деп тызалақтайды ғой. Жұрт тызалақтаған сайын жаның кіреді,
рахаттанасың, елтисің, жер айдалада қалып, аспанға ұшып бара
жатасың ба...
Осының бəрі жоғарыдағы нағашысы мен туысының арқасы. Кез
келген мекемеде тиіп-қашып қызмет істеп жүрген мұны екеуі екі
жақтап кергілеп жүріп, “кісі” жасады. Екі туысы да бір аттан бүгін
құласа, келесі атқа дереу мініп алатын ысқаяқтар еді, солардың ақылы
шекесінен күннен бетер өтіп кетті. Айтқандары: “Бұлар бəлен атаның
ішінде өспей қалған ру. Ешкімді ешкім жетелемегендіктен. Сен енді
руымызда оқыған-шоқығанның түгел тізімін жаса. Еті тірісін ішке
тарт...”
Орынбасарлықтың орындығының ортасына омалған күннің бір
жылы өтіп, кешегі Жербай “Жерке” бола бастағаннан ақылман
туыстарының аманатына екі білекті сыбанып, кірісіп кеткен. Əкесі
марқұмның кез келген сөзінің бірінің кебісі күншығысқа, келесісінікі
күнбатысқа қарап, айналасын қылпып тұратын қышымалы еді, мұның
əр жерден бір шыққан селдір шашын өткір ұстарасымен теріп алып
жатып: “Осы баламның тұрпаты тұтас домалақ, əй, бұл пысық болар”
дейтін. Шалдікі рас болды. Біріншіге жағудың қилы-қилы тəсілін тез
игеріп, оның ең сенімді қол баласына айналып алған ол əуелі руынан
шыққан ауыздары қисық болса да, əйтеуір дипломы бар дегендерін
ішке тартудың процесін бастап жіберді. Қыза-қыза тіпті үдетіп жіберсе
керек.
Сөйтпесе, соңғы кездегі бұл туралы ию-қию əңгімелер қайдан
шығады. Шықпаса, жаңа келген біріншінің бұған қарасы алғашқы
күннен қырын. Соны түзетсем бе деген дəмемен елпеңдеп ерулікке
шақырып, қалың бір конверт дайындап еді, біріншің салған жерден:
“Оныңды қой!” деп сілейтіп тастады. Ана жолы аптаны
қорытындылайтын ертеңгілік бас қосуында: “Өтірігің көптеу...” дегені
тағы бар.
Таяуда ғой республикалық газетте: “Жербай неге жарбаңдайды!”
деген құдай ұрған етектей мақаланың бұрқ еткені. Бұрқ еткенде, иттің
баласы салған жерден санасыздыққа меңзеп сай-сүйекті сырқыратып
жазыпты. Əй, мұның ба... Мұның өзінің де оңатын қылығы жоқ. Өзінен
лауазымы жоғарының дұрыс-бұрыстығына қарап жатпастан, сөзін
сөйлегісі келіп тұратын жыны бар. Солардың сөзін міндетті түрде
сөйлеп қалмаса, кінəлі жандай сезініп, неше күн сіркесін су көтермей
жүреді. Соңғы жолы да солай болған. Əлгі газетте біріншіні де сынаған
мақала шығып, ол орталарында талқыланып, ой-пікір бір мəмілеге
келіп, əңгіме осымен бітті дегенде, мұны қарадай түлен түртпесі бар
ма. Орнынан қалай ұшып тұрып кеткенін өзі де білмейді. Мұндай
газетті жабу керек, сотқа беру керек деп «қырып-жойсын». Делдиген
танауынан дембіл-дембіл шыққан ашулы демінен иегі дірдек қағып,
сөзі шатты-бұтты кетіп бара жатқан байғұсты «қояқ-қойлап»
біріншінің өзі зорға тоқтатқан. Соның бəрін əлгі журналист жүгермек
газетке бұрқыратты кеп... Осымен қоя қойса жақсы, сөз саптауына
қарағанда, қоясын ары қарай қаза түсетін сияқты. Қазғанда, ана алакөз
əпкесі туралы да пыш-пыш біраздан бері бықсып тұр. Жетелеп,
желкелеп жүріп орта мектептің біріне директор етіп тағайындатып еді
ғой, иттің қызы өзгелері аз болғандай, еден сыпырушы əйелден де жүз
доллар алып, қайсібір класқа жетекші етіп қойыпты. Көрінген
отырыста «Неге екенін білмеймін, мені ақшаның өзі іздеп жүреді»
дейтін көрінеді тағы. Шақырып алып, жер-жебіріне жетпей ме. Сөйтсе
əпкесі өзін бас салғаны: «Алмасаң үйден үйді қалай салып, қыруар
малды қайдан жинап жүрсің өзің».
Мұның тілі байланып, аузы аңқиды да қалды. Желі тым қатты
үрленген доп сияқты домалақ денесі одан əрі күмпиіп, қитар көздері
бір-біріне қарай қисайып, доғал мұрны сəңкиіп, екі ұртына жұмыртқа
тығып алғандай аузы дорбаланып, қатты долданды. Бірақ айтар уəж
қайсы.
Қай ісіне де айтар уəжі қалмаған кезі ғой қазір Жербайдың. “О несі,
əй” деп боздаған ішкі даусынан əлсін-əлсін шошып, оянып жатып,
құлқынсəріден тұрып кетті. Үкімет басшысы келетін күн жақындап
қалды. Дөңгелек столда кездесуге баратындардың дайындығына
Жербайдың көңілі толмайды. «Жабыла жамырап кетпесін, бет-бетімен
лағып кетпесін, смотри» деп қайта-қайта өкпесіне жебедей қадалып
отырған бірінші анау.
Үкімет басшысымен кездесуде сөйлейтін төрт-бес адамның сөздері
қысқа да, нұсқа болуы керек. Олары сөзсіз ол кісіге жағу керек.
Дайындыққа қатысушылар, бекер обалдары қане, ысқырған жағына
қарай ызғи беретіндер. Тек Анау ...Сол Анау қиын. Пəлекет Алматыдан
мұнда қайдан сап етті. Мұндағылар құдайдың бір бере салғандары ғой.
«Жерке, сіздердің айтқандарыңыз бізге заң» деп монтиып отырады
шетінен. Ал мынауың бас жарып, көз шығарып тұрған біреу. Иілмейді,
икемге келмейді. “Жерке”-сі жоқ, “Қойтайұлы” деуі жоқ, “əй, Жербай”
дейді. Не пəле...
Осыдан екі-үш жыл бұрын ғой ақын-жазушылар ауыл, аудандарға
шығып, жұртпен кездесу өткізген. Оларды мұндай шараларда баяғы
«желден жүйрік» Жербай бастап жүрді.
Қайда барсаң да, əйтеуір, алдыңнан дастархан шығады емес пе.
Бұларға түскі ас аудандық оқу бөлімі бастығының үйіне дайындалған
екен. Үсті түрлі тағамға толған столды айнала отырған үркердей топ:
Жербай, үш қаламгер, аудан əкімінің орынбасары... Жербай қысқа
қолдарын қампиған қарнының үстімен бір-біріне əзер жеткізіп,
айналып кеткен кіндігінің тұсына тастап қойып, шалқасынан отыр. Үй
иелері баяғы алақұйын. Алақұйын болғанда – Жербайдың
айналасында. Соның тарелкасына ананы салады, мынаны алады. Оқу
бөлімі меңгерушісі – жайын ауыз жалпақ қатынның мына елпіліне
қарағанда, Жербай кеткенше жаны қалар-қалмасы белгісіз. «Жербай
Қойтаыш алыңыз... алыңыз... алыңыз»... Жербайдікі, əдеттегідей,
маңғазданып, мардымсып, сөйлесе ісініп, күлсе күмпиіп... Сол арада
жергілікті ақын-жазушылар арасында əдеби бəйге ұйымдастыру сөз
бола қалмасын ба. Ол əңгіменің төбесін қылтитқан əлгі Анау. «Бірақ, –
деді ол – менің естуімше, мұнда əдеби бəйгелердің алқа мүшелері
институт,
мектеп
мұғалімдері,
мəдениет
қызметкерлері,
чиновниктерден тұратын көрінеді. Ақын-жазушы еместер, ақынжазушының шығармасына қалай қазылық етеді? Парадокс!».
Жербайдың сайтаны ұстап кетті. «Слушай, сонда не. Сонда мен
сенен əдебиетті кем білем бе?!» деген үрген беті талаурап. «Əй, сен
жазушы емессің ғой, – деді Анау да жалт қарап – Əдебиеттен не білесің!
Нең бар əдебиетте!». Орынбасар болған он жылдан бері біріншіден
болмаса, өзге тірі жаннан «не білесің» деген сөз естіп көрмеген Жербай
көтеншегіне оқыс ағаш кіріп кеткендей қопаң етіп, оң-солына ойсыз
оқшырая қарап, омалып қалып еді…
Түске дейін біраз шаруаның басын қайырған Жербай түс ауа үкімет
басшысымен кездесетін адамдарды тосты. Сағат тура үште хатшы
келіншектің төбесі қылтиды.
– Жербай Қойтаевич, шақырған кісілеріңіз келіп тұр.
– Кірсін!
Кабинетіне кісі кірсе, Жербайдың қарадан қарап кісімсіп қалатыны
бартұғын, сол жыны қанша қысса да: «Əй, сен үкімет басшысымен
кездесуге баратын адамдарды қабылдап отырсың» деген ой еріксіз
орнынан тұрғызып, келгендермен кезек-кезек қол алыстырып, терісі
ет пен майға толы торсық бетіне күлкі үйірді. Сосын шағын топпен
мəжіліс жасайтын столының төріндегі креслоға домалана келіп
отырып сөйлеп кетті. Сондағысы: «Үкімет басшысының келу
бағдарламасы өте ауқымды. Бұлармен кездесуге бір сағаты арналған.
Ал енді не айтып, не қою керек? Əңгіме дұрыс, оң болуға тиіс. Пықытықи сұрақтар қоюға, қу далаға лағуға, жаппай жамырап кетуге,
нельзя... Қарабет болып жүрмейік. Осыған дейін төрт жолы ма... Бағыт
бердім. Қане, қайсыңыз қалай дайындалдыңыздар? Қазір осы жерде
тыңдаймыз. Қысылмай еркін сөйлеңіздер. Мысалы, міне, мына мені
үкімет басшысы деп приставить етіңіздер. Міні...»
Отырғандар біртүрлі əңірейісіп қалды. Жербай қиялымен үкімет
башысының кейіпіне еніп отыр.
– Мені сөйтіп, үкімет басшысының өзі ретінде көріп, сөйлей
беріңіздер. Қане?
Шешесінен бірнеше қайтара туса да, ешқашан үкімет басшысы бола
алмайтынын білетін Жербай, тым болмаса, мына жағдайды
пайдаланып, бірер сəт оймен өзін оның орнына қойып, сол болып
сезініп бақыт құшағына енген еді. Содан тамағына сүйек көлденең
тұрып қалғандай жаман жөткірініп:
– “Аса мəртебелі!” деп бастайсыздар, – дегенде қитар көздері шоқтай
жанды. – “Тақсыр” десеңіздер, тіпті жақсы. Ничего такого... бұл кісілер
оны баяғыда заслуживал.
– Өйтуге болмайтын шығар, – деді Анау.
– Неге болмайды? – Жербай ежірейді.
– Тақсыр – өткен дəуірлердің əуені. Ал біздің басшылар мына
заманның өркениетті тұлғалары.
Осы кезде қайсыбір ұлттық мəдени орталықтың жетекшісі елпең
етті:
– Жербай Қойтайыш, мен бастайын ба?
Ананың қолындағы əлденеше парағы көрінгенде, Жербайдың екі
беті жаман ісінді:
– Слушай, алдағының бəрін оқисың ба?
– Тағы аздап қосарым бар…
– Ойбай, прекрати. Екі-үш мөйнут. Екі-үш... Екі...
Жетекші қағазына үңіліп оқи жөнелді:
– Аса мəртебелі... То есть, Жербай Қойтайыш! – дей беріп еді, екі
арадан сілеусін көз, сарыжалақ киіп кетті: – Менікі сол екі-үш
минуттық.
– Көрші, – деді «үкімет басшысы».
Сарыжалақ шын мəнінде үкімет басшысының алдында отырғандай
галстугын түзеп, тамағын кенеп, қағаз ұстаған қолдары дірілдеп,
жазып алғандарын судыратты кеп. Белгілі жайлар, айтыла-айтыла
жауыр болған тілек, алғыс, сендірулер...
Алты минутта əзер оқып бітірді.
– Айналайын, андағының үштен екісін құрт, – деді «үкімет
басшысы». – Қазір осы менің көзімше. Давай, сөйт.
Кезек əлденеге алаңдап, күйзеліңкіреп отырған күйшіге жетті.
– Қане, сіз не айтасыз?
– Күй тартамын, – деді анау. – Соңғы екі күйімді.
Жербайдың тамағына қол басындай құрт тұрып қалғанан бетер демі
түгесіліп, екі шықшыты бұлтиып, жарылуға шақ қалды.
– О, қай сөзіңіз? Күй тартқаны несі?!
– Күйшімін ғой, енді.
– Құдай-ау, аймақтың мəдениеті жайында айтпайсыз ба. Қанша
кітапханамыз бар. Мəдениет Үйінің саны қанша...
– Кітапхана дегенде, оның ішінде барын ана жылдары кім көрінген
үптеп кетпеді ме. Мəдениет Үйлерінің қаншасының қолды болып,
шайхана, астық қоймасына айналып кеткенін дəл біле алмаймын,
айналайын.
– Оны қойыңыз, ойбай... Қайтардық қой біразын. «Мəдени мұра»
жылы болса мынау... Қарадай қараң қалдырып, құдай-ау, не болды
сізге?
Жербай ызадан ошақтағы оттай өртенді. «Үкімет басшысы» болып
отырған кейпеттен дым қалған жоқ. «Мына күйшің... Кісі деп жүрсе,
қып-қызыл қырт екен ғой. Осыны зиялы қауымға қосып... Жатса да,
тұрса да домбыра сабалап жүрген дуана не біліп, не қояды. Отырысын
қарашы сексиіп... Құдай біледі ғой, қазір бар ойы – концерт. Дыңғырдыңғыр... Ит-ай!».
Осы кезде: «Жербай Қойтайыш, мені тыңдаңызшы, – деп аймақтағы
мəдени орталықтарының біріндегі, кеудесі баяғыда солып қалған, ешкі
сирақ ескі əйел қолын көтерді: кезінде комсомолдан бүршік жарған,
компартияда гүлденген, биліктің тұр десе тұратын, жат десе жататын
«Əр қашанда дайынбыз!» ұрғашысы заулатты. “Аса мəртебелі, асқан
кемел, ардақты да қымбатты”-ларды біраз тізіп алып, ары қарай
жұмсақ жорғалап берді. Оның өңінде де, түсінде де көретіні, өңінде де,
түсінде де тəңірден амандығын тілейтіні – үкімет басшысы екен.
– Міне! – деді Жербай жағал қанат қораз секілді екі қолын бірдей
қопаңдатып. – Міне, сөз! Вот так надо! Точно, так!
– Үкімет басшысы дəл осы сөздерге зəру ме? – деп Анау Жербайға
суық қарады. – Мына жалпаңнан қарадай көңілі қалады ғой.
– Сонда сіздіңше қалай сөйлеу керек? Қане, сөйлеңізші өзіңіз.
Көрелік.
– Не деуім керек сонда?
– Ойбай, құдай! Сізді білдей қаламгер деп отырған жоқпыз ба.
– Деп отырсаңдар, не айтып, не қоятынымды өзім де білетін
шығармын. Маған репитицияларыңның қажеті қанша?
– Жо... жоқ. Так нельзя. Болмайды. Не айтып, не қоятыныңызды біз
алдын ала білуіміз, необходимо. Тут вопрос политически. Для нас
случай особый, ағайын.
– Мен қазір айтқанымды ертең басқаша айтуым мүмкін ғой, – деді
Анау.
– Өйтуге категорический болмайды. Самодеятельность исключено.
– Сонда сен мені жаттап алып сөйлейтін жалдамалы тамада деп
отырсың ба?
Жербай күмілжіді:
– Сіз дұрыс түсініңізші...
– Түсінетін түгі де жоқ. Мынауың ұят. Сонда қашан кісі боламыз?
– Сізше емес екенбіз ғой. Өңшең ит отыр екенбіз, ə, мұнда, – деп
Жербай кекесін үнмен кегежесі кері тартты. – Жарай...д.
Осы кезде сөзге күйші киліге кетті:
– Күйі, əнін қосқанда қырық шақты шығармам бар. Еңбегі сіңген
мəдениет қызметкерімін. Жас болса мынау. Ал басымда өңі бүтін
баспана жоқ. Бəрін қойып үкімет басшысына мен осыны айтсам…
– Қай сөзіңіз андағы, а? – Жербай орнынан тұрып кетті. Сорлының
бойы отырған креслосынан сəл ғана биік екен. – Құдай-ау, үкімет
басшысының басын үй-пүймен қатырамысыз сонда. Немене ол кісінің
басқа шаруасы жоқ па, а!..
– Жағдайымызды білмесе, жағдайымызды айтпасақ, не үшін керек
бұл кездесу? Қажеті қанша?
Жербай үкімет басшысының пықи-тықимен басын ауыртуға,
уақытын алуға болмайтынын, кезегі келіп тұрғанда оның көсемдігін
ардақтап, шешендігін əспеттеп жіберу, ел болып шексіз алғыс білдіру,
шексіз берілгендік көрсету қажеттігін тағы қайталады.
– Кездесуге өстеді деп сіздерді қалың жұрттың ішінен іріктеп алдық
қой, – деп ентікті. – Үкімет басшысы да ет пен сүйектен жаралған.
Сіздер сөйлегенде оның дем алып отырғанын ойлайық. Шаршатып
алмайық.
Осылай дегенде, шыны ма, əртістігі ме, даусы қатты қамығып
шығып, көзі жасаурағандай болып, көңілі босап кеткендей сыңай
байқалды.
– Көди-сөдиді көңірсітіп мезі етіп алмау қажет, – деп қамқорсыды
сосын.
– Адамның тұрмыс жағдайы қалайша көди-сөди? – деді Анау. – Не
істелініп, не қойса да, əуелі адамның жағдайы үшін жасалмай ма? Олай
емес екен, несіне отырмыз.
– Жетер, жетер... – деді мыналардан шаршаған Жербай. – Қазақ осы...
қу далаға лағимыз кеп... Отыр ғой, міне, мына кісілер бүйректен сирақ
шығармай-ақ.
Солай деп қымбат сигареттің бір талын езуіне қыстырып, өзін
үкімет басшысының орнына қойып отырғаны есіне түсіп, ар жағынан
«Шіркін-ай! Құдайдың құдіретімен үкімет басшысының өзіне… тіпті
Президентке айналып кетсем ғой”-ы қайта гөй-гөйледі. Қолдан
келмейтіндей не сонша... Əңгіме бақта. Бақ қонса, немене ... Анау, əлгі,
Абылай... Əуелде бидің түйесін баққан құл еді. Бақ қонды... Бірақ, осы
бақ дегенің қай тұста, кімнің айналасында жүретін құдірет?.. Бұл ғой
əлі күнге бір аймақтың біріншісі бола алмай қор. Жоғарыдағы екі
туысының болдырамыз десіп сендіруі сұмдық еді, осы күні шығып
жүрген сөзге қарағанда, олардың өздерінің жағдайы мəз емес.
– Осылай отыра береміз бе? – деді күйші тыпыршып. – Бүгін
концертке қатысатын едім, дайындығым бар.
– Көке, сіз де болмай қапсыз, – деп Жербай аяғының астындағы
қоқыс тастайтын тор шелекке қарай шырт түкірді. – Аса маңызды
саяси события əне-міне-леп тұрғанда, нағылған концерт!
– Қит етсе, концерт қойыңдар, концерт, концерт деп жүрген өздерің
емес пе. Концерт қоймаған жер қалдырмай, қанша жылдан бері қара
терміз. Облыста да, ауданда да, ауылда да күнде концерт...
– Ақсақал, ақсақал... – Жербай қаламсабымен столды тық-тық ұрды. –
Көр-жер əңгімені қайтеміз.
– Жер-көкті кеулеп бара жатқан жосықсыздық көп. Ойға келгенді
істеп... Пəле ғой жатқан. Баяғыда... – деп күйші ары қарай тебіне беріп
еді, Жербай:
– Баяғыңыз құрысын! – деп, столын алақанымен салып қалды.
Сөйтті де, өкпелі үнмен: – Бұларыңыз қалай? – деді. – Мүлде дайын
емессіздер кездесуге. Сіздерге зор сенім көрсетіп... Үкімет басшысын
қуаттайтын, қуандыратын сөз айтады дедік. Аймағымыздың
жетістігін... Ведь, жақсы ісіміз уйма ғой. Бəленбай ұлттың бейбіт қатар
тату-тəтті өмір сүріп жатқанын былай...
– Осы көп ұлтты деген күлбілтелеңді қоятын уақыт жеткен жоқ па?
– Ананың суық қарасы өңменінен өтіп кете жаздады. – Қазақстанда
қазақтан басқаның барлығы – диаспора.
– Ондай официальное определение əлі жасалған жоқ, – Жербай суық
сөйледі. – Так, что, по существу сөйлейік, туысқандар. Қазіргі əңгімеден
жасайтын қорытындым: дайындықты күшейтейік. Ертең осы уақытта
тағы жиналамыз. Күрді мəдени орталығы сіз жаңағы сөзіңізді едəуір
қысқартыңыз. Орыс, украин, башқұрт-татар орталықтары да
ықшамдаңыздар. Сосын дикцияларыңызды нетіңіздерші... Дауыстан
асқан қанағаттанған сезімнің қуанышты лебі есіп тұрсын да.
Айтып, айтпай не керек, Жербайдың репитициясы сөресіне жетті-ау
деген кезінде, үкімет басшысы да кеп қалар күн есік қақты. Жербайдың
біріншіге жасаған баяндауында – кездесуге іріктелген адамдар
суытқан аттай. Тек... Тек дегенде, əлгі Анау соңғы күндері дайындыққа
келмей қойған. Оны Жербай ішінен бүгіп қалды. Себебі деген сұраққа
қайдағы бір бəлесіне қаламын ба деп сескенген. Оған қарсы қолданған
шаралары – сөз кезегін жеткізбеу. Ол үшін ұлттық мəдени
орталықтардың үстінен қарайтын ешкі сирақ ескі қатынмен оңаша
сөйлескен. Сөйлескендегі тапсырмасы: орталық жетекшілері сөзді
бірінен кейін бірі дереу жалғап кетіп отырсын... Сонда анаған уақыт
жетпей қалады. Билік пен комсомолдан тақымдасып, компартияда
қилы-қилы бүгерлеп қалыптасқан қара қатын күлмеңдеп, «Əрқашан да
дайынбыздың!» кейпін көрсетті.
Күйшіні ғой икемге келтіріп тастады. Ипотекаға берілетін үй
салынып жатқанын, содан бұған пəтер жағынан көмек болып қаларын
құлақ қағыс етіп еді, домбырашың: «Е, сөйтсеңдерші, сөйтсеңдер
айтқандарыңа көніп, айдағандарыңа жүре береміз ғой, айналайындарау!» деп елпеңдесін... Əртіс қой, əртіс болмаса, өсте ме деп ойлаған сол
сəтте Жербай, алдай салуға оңай бұларды. Ə десең, да...а десіп, иланып
қалады.
Апталап күткен сəт те келіп жетті-ау. Үкімет басшысының зиялы
қауым жəне мəдени орталықтар жетекшілерімен кездесуі сағат екіге
белгіленген. Жербай тиісті адамдарды сағат он бірге жинады.
Күн шыжып тұр. Еңселі ғимараттың алды ығы-жығы. Түрі де,
мазмұны да жеке-жеке ұлттық топтар, əлем-жəлем киінген
көркемөнерпаздар мүшелері шаңқайған күннің астында үйме-жүйме.
Жербай мен оның нөкерлері шаң боратып біресе ана, біресе мына
шетке шығады. “Былай тұрыңыздар, олай тұрыңыздар, шетке шықпай
қаздай тізіліңдер. Вот так, вот так...”
Зиялы топ тал көлеңкесінде тұрған, Жербай соларға келді ақ тер,
көк терін сүрткілеп.
– Мырзалар, орындарыңызға.
Топ тура ұмтылды.
Анау қозғалған жоқ.
– Сіз ше?
– Келетіні сағат екіде емес пе?
– Болса ше, – деді Жербай жақтырмай.
– Сонда бəлен сағат бойы күйген күннің астында тұрамыз ба?
– Слушай, сен не, – Жербайдың талағы тарс тарс айырылып, –
Үкімет басшысымен кездесу саған ойыншық па?
– Емес! Бірақ кездесудің дəл қай кезде екенін біле тұрып, бақандай
екі сағат күйген күннің астында тапжылмай тұру не үшін?
– Вот как! Ладно…
Жербай енді қолды бір сілтеді де, ары қарай жүріп кетті. “Көкі” деп
барады іштей, пəлсапа бұлардікі... Өкшелері мен құйрықтары жылтжылт етіп жүріп, шеттерінен философ. Мына ит солардың асқынған
түрі. Е, мейлі... Əйтеуір, үкімет басшысының алдында сөз тимей құрыса
болды. А то, көкіп... О, құдай сақтасын... Жербайдың осындайда үнемі
суылдап тұратын жүрегі оқыс бүлк етіп, қуығы сыздап қоя берген.
Кейінгі кездері əлденеден қатты секемденсе, қуығы өстетін пəлеге
ұшыраған.
Мұндай кездері ойлайтын: “Япыр-ау, біздің осымыз не? Жоғарыдан
біреу келе жатса, неге ақ тер, көк тер боламыз? Жоғары жақтан ондай
нұсқау жоқ қой. Бəрін бүлдіретін өзіміз. Балық басынан шірісе, біз
бақайдан… Енді, міне, ананың да, мынаның да аузынан шығатын сөзді
аңды, олай етпе, былай айт деп жан ұшыр, аузы қисайып кетсе, қайтем
деп зəр-иманың қалмасын...”
Сөйтіп ойлап тұрып жəне шошыды: “Мұны біреу біліп қойса,
құрыдым ғой, құрысыншы… ”
Бала кезінде өзі туып-өскен темір жол станциясынан ары-бері өтіп
жататын поездарға қарап, машинист болсам деп армандайтын. Қанша
жерді аралар еді... Адам толы қаншама вагонды өзі сүйреп, бүкіл əлемді
аралатып келе жатқандай бір ғажайып сезімге бөленетін. Одан
мектепте активист болып, əуелі пионердің, одан комсомолдың қилықилы шаруаларының алдында жүріп, жиындарға қатысып, пейілі басқа
жаққа бұрыла бастады. Бəрінен бұрын керегі, жұрт көзіне түсіп, яғни
бедел алған екен ғой деген ойға келіп еді. Институтта топтың
старостасы болып сайланып, оқытушылар түгілі, деканның өзімен
қолтықтасып билеп кеткенде, бұл биліктің құдіретін түсінді. Сол сол-ақ
екен, вагон толы адамдарға əлемді аралату арманы адыра қалып,
алыпсоқ кеудесінің ар жағынан əлемді адамдардың мұны арқалап
аралатуын аңсаған ағыс атып шыға келген. Содан келеді қиқулап.
Əзірше алдынан абай басып өтетіндер болмаса, арқалаған ешкім жоқ,
өзі аспанға бұдан гөрі жақындардың аяқ-қолын уқалап, аға-лап, көкелеп, аузын бағып, аңысын аңдып, əруағын айтып, əмірін күтіп əлтектəлтек... Өзің құдай болмаған соң, өстеді екенсің. Орынбасарлық
биліктің озбайтын да, қалмайтын да орта бойлыдан сəл жоғары тұсы
екен. “Шешу керек!” деп айтатын бірінші екен де, оны темір ме, қыл
арқан ба, тістеп шешетін сен екенсің.
Үкімет басшысы дəл уақтысында келді. Ғимарат алды дүркіреп
қарсы алды.
Кездесуге арналған арнайы столдың төрінде үкімет басшысы. Екі
қапталында зиялы қауым өкілдері мен ұлттық мəдени орталықтың
жетекшілері, зал іспеттес бөлікте өзге арнайы адамдар. Жербай соның
орта тұсында. Жүрегі аузына тығылады.
... Есін ауруханада жиған. Ақ халатты бірнеше адам бетіне үңіліп тұр
екен. Дəнеңе түсіне алмады. Қайда, неге жатыр? Кездесу... Үкімет
басшысымен…
Ұмтылып тұрмақ еді, ақ халатты еркектің біреуі иығынан басты.
– Тынышталыңыз. Сізге қозғалуға болмайды.
– Не болды?
– Жүрегіңіз...
Жербай көзін жұмды. Кездесу... Ұлттық мəдени орталықтың
жетекшісінің екеуі сөйлеп, үшіншісі ыңғайлана бастағанда, Анау...
Қоңыр дауысы құлағында... “Сіз өркениетті басшысыз. Амал не,
жергілікті биліктің əр деңгейіндегі сол өнегені сөзсіз жалғастыруға
міндетті кейбіреулер əлі қалтаң-селтең, көрбай-жербай”.
“Жербай” деген сөз естілгенде, Жербай селк еткен. «Мына иттің
баласы қайтеді» деп қалды ішінен.
– Келмеске кеткен Кеңес өкіметінің адамның еркіне жол бермейтін,
оған не сөйлеп, не қоюды еріксіз тықпалайтын, əсіре патриот, əсіре
адал берілгендік, əсіре адамгершілдіктің құйтырқысы бүгін де өрттей
лаулап тұр... Мəселен, аймақтың біріншісінің орынбасары ай бойы
Сізбен кездесуде не айтып, не қоюымызды үйретіп əлек болды. Мына
отырғандар, – деп Анау столды айнала отырғандарды қолымен
жағалай көрсетіп шықты, – Сізге айтар сөздері бойынша, күн сайын
емтихан тапсырды. Тіпті Сізге “тақсыр” деп қайырылуға нұсқау берілді.
Үкімет басшысы дереу бойын түзеп алды:
– Тақсыр... Аты-жөні бар ма ол орынбасардың?
Жербай осы аса зəһарлы дауыстан кейін есінен қалай ауып кетті,
білмейді...
Ауруханадан ол шыққанда, қазан айы да келіп, дүние салқындай
бастаған. Қара қошқыл бұлттар жөңкіліп, шығыстан соққан қатты жел,
жапырағы азайған ағаштардың бұтағын аяусыз сілкілеп тұр екен.
Қаланы қиып өтіп бара жатқан поездың сарт-сұрты құлағына емісеміс жетеді. Еміс-еміс... Жербайдың бар дауысымен еңкілдеп
жылағысы келді, жылағысы...
Тілалшақ
Айнала төңірек көрдей қараңғы. Жаңбыр толастамай, бір қалыпты
сілбіп тұр. Үсті-басы малмандай су Құлболды сүйретіліп келе
жатқанына қанша уақыт өткенін білмейді. Тіпті, өзіне қай бағытқа,
неге келе жатқаны да беймəлім. Оған тоқтамай жүре бергені ғана
керек. Əйтеуір, бəрінен безсе болды. Қарасын батырса болды.
Ешкімнің даусын естімесе болды.
Əттең, аяғы жерге тимей жүгіре алса ғой. Құйын-шыбынға айналып,
ешкім жоқ қу медиеннен бір-ақ шығар еді. Өйту қайда, жүре-жүре
жаңбыр суымен былқылдап қалған топыраққа батып, добалдай болып
қалған ботинкасын əзер сүйретіп ілең-салаң.
Қай кез екенін сүлдері мүлде құрыды. Бүк түсіп отыра кеткен. Со
бойы біраз жантайып жатып, арқасына қарай аударылды. Көзі қара
түнек аспанда. Не ай, не жұлдызы жоқ.
Кірпігі айқаса берді. Не ұйқы екенін, не елес екенін жарық дүниенің
бетімен тұлымшағы желбіреп, жүгіріп келе жатқан құйтақандай өзін
көрді...
Ар жағында аяғы жерге тимей салбырап бір сұлаба тұрған сияқты.
Əкесі ме, жоқ ол емес пе, ажырата алмайды. «Қайда бара жатырсың?»
деп сұраған секілді. «Білмеймін». «Білмегені қалай?» «Сол, білмеймін».
«Онда неге шықтың иен далаға?» «Басқа барар жерім қалмады».
«Бүлдірдің бе, бірдеңе?» «Жо...жоқ». «Енді не?» «Жұмсайтын ешкім
қалмады». «Қайда жұмсайтын?» «Қайда болса да». «О қалай, сонда?»
«Солай...» «Неге?» «Білмеймін...»
Сұлаба жоқ болып кеткендей болып көрінді. Солай құлдырақтап
жүгіріп бара жатқан бала... Əй, анау өзі ғой, өзі...
***
Ес кіргеннен білгені – əкесі марқұм колхоз басқармасының кісі
шақырғышы еді. «Ананы шақыр, мынаны тап,» деп бастық жұмсайды,
басбух жұмсайды, бас экономист жұмсайды, бас инженер жұмсайды, ең
аяғы кассирге дейін соны істейді. Торшолақ атпен ертеңнен кешке
дейін көшеден көшеге тепеңдейтін де жүретін, əкесі. Тіпті, ауылдағы
той, асқа да жұртты шақыруға ел соны жұмсайтын. Ол енді колхоздың
жұмысы емес, өз еркіңе байланысты. Тұра шабуға, құдайдың құдіреті,
əкесінің өзі елеңдеп елпілдеп тұратын. Жұрт та мұның əкесі шақырып
бармаса, ешқайсысы келмей қалатындай, «Өзіңіз барып айтпасаңыз,»
десіп үзіліп тұратын. Өздері немесе қайсы біреуге шақыртса əкесі
кəдімгідей ренжіп, өкпелеп қалатын.
Неге екенін кім білсін, əкесі бұл ат басына ие болар күніне жеткенде
жұрттың кісісін шақыруға осыны жіберетін болған. «Тілалшақ болған
өзіңе жақсы» деген. Тұқым қуалағандікі ме, бұл жұмсаған жаққа қарай
құйындай ұшатын еді. Сонда бүкіл ауыл азан шақырып қойған аты –
Құлболдыны ұмытып, Тілалшақ атап кеткен.
Тілалшақтың «барып кел, шауып кел» өмірі мектепте одан ары
қарай жалғасты. Əсіресе, төртінші-бесінші кластан бастап үдеді.
Бұларға жақын туыстығы бар дəу ақсары əйел – класс жетекшісі еді.
Қалай соның сабағы болады, «Таңқиев, бері кел» дейді. Оған дейін
жазып қойған қағазын төрт бүктеп, бұған сыбырлайды: «Складқа
барасың». «Аһа». «Жанан ағаңды білесің ғой». «Аһа». «Соған мына
қағазды көлденең көзге көрсетпей бер». «Аһа». Енді бір кезекте:
«Магазинге». «Қайсысына?» «Промтоварьға». «Пұшық қатын ұстайтын
ба?» «Соған. Мына записканы ешкімге байқатпай ұстат». Не керек,
мұның дəу ақсары əйелдің сабағында «оқитыны» колхоздың
завскладына, дүкенге, қой фермасының бригадиріне записка тасу
болатын. Қайсыбірде класс жетекшісінің завфермаға жазған
запискасын оқып қалғаны бар. Оқиын деп оқыған жоқ. Ананың колхоз
кеңесінен шығар кезін күтіп ұзақ тұрып қалған. Содан əуестік биледі.
Қағаздың орауын жазса, он-он бес-ақ жол. «Бедел қайнаға, көрген
жерде «Келін шырақ, келіссек қайтеді?» деп қоймайсыз... Біздің үй
біраз болды, етсіреп қалды. Ініңіздің дімкестігін білесіз. Келген,
кеткеннің кім көрінгені өңгеріп əкетіп бара жатқан колхоздың көп
қойының біреуін келініңізге де қиярсыз...»
Тəтейінің запискалары жəкелеріне негізінен бір мəтінмен, тек
өтініші əрқилы жазылатын. Бірінен, ет, бірінен май, бірінен көкөніс
сұрап, дегендей. Əйтеуір, кімге жазылса да, мəтіннен «Келін шырақ,
келіссек қайтеді? – деп қоймайсыз,» дегені түспейтін. Оның не емеурін
екенін о кезде бұл əрине, түсінген жоқ. Таңырқағаны – мұғалім де
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 23
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.