Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 08

Total number of words is 4071
Total number of unique words is 2324
34.8 of words are in the 2000 most common words
49.0 of words are in the 5000 most common words
56.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жыбырлап Батырға қатар келіп қол созған: «Ассалаумағалейкум!» Ат
шаптырымдағы ар жақтан аталастар. Бүгін бірге туса да бұлардың
тасыр-тұсырына қитығып отырған Батыр: «Немене, мен қартаяйын
дедім бе, жоқ сендер жетіп, жетілдіңдер ме есігімнің алдына ат тұяғын
ойнатып!» Шоқша сақалдысы сарнап қоя берді: «Алдырған албырт,
анасының қойнын ашыпты деген, батыр!» «Бұл не бипаз? Айтарыңды
артыңа тықпай, аузыңнан шығар!» «Ініңіз адал малымызды айдап
əкетіп, түрікмендерге асырып жіберіпті. Ішінде ауыл иесінің бір
қыздың қалыңына бермейтін күллі ауылды алған бəйгесімен асырап
атырған... Онысын қойшы, аруағымызды аспан асты, жер үстінде
асқақтатып отырған əйгілі жүйрігі бар». «Не дейд!  Батырдың қолы
белінде жүретін ұзын сапысына барып жармасты.  Жаптым жала
болса, екеуіңді ауылдан шығармай бауыздаймын!» «Біз мақұлмыз,
батыр» деп шоқша сақал бауырсақты қаймаққа малып алып, аузына
тастап жіберген. Жанындағысы ашық түндіктен аспанға əңірейіп: «Е,
құдай!» деп қойды. «Сондағысы  ауыл иеміздің ініңіз əйгілі жүйрігіне
қолқа салғанда, бермей қойғаны». Шоқша сақал бауырсақты шайнамай
жұтқан ба, қылғынып қалды.
«Əй!» Батырдың сұп-суық, сұрапыл дауысынан отырғандар түгел
селк еткен. Үйге қызметші жігіт лып етіп кіріп келді. «Шақыр əлгіні!»
Болған əңгімені сырттан түгел естіп тұрған ол көзді ашып-жұмғанша
ғайып болды. Батыр теңселген. Бүкіл ішкі сарайында жан азабы
аңырап қоя берді. Япыр-ау, не нəрсеге душар болғалы отыр. Жаудан
қайтпаған, өлімнен сескенбеген жүрегі... Алғаш рет кеуде сүйегін тесіп
кетердей дір-дір етті. Өзегі өртеніп, өкпесі қабынып, өмірем қауып
барады. Сүйекке таңба... Осыдан еді ғой бұлардың қорқатыны.
Ағайынның ала жібін аттау... Атасына нəлет дегізетін, адам түгілі
аруақ, құдайдың да қарғысына қалатын қараулық. Тұқым-тұяғында
болмаған. Енді келіп... Енді келіп, бұлардың атадан балаға жалғасып
келе жатқан əйгілі батырлығында не абырой қалады. Бұлардың
батырлығының түп атасы  Адалдық пен Əділдік еді ғой. Қайсыбір
бабасы: «Адалдық пен Əділдіктен асқан батырлық болмайды» деп
кетпеп пе еді. «Аспан айналып жерге түссе де, ағайынға қол салма
демеп пе еді. Ит-ай, ұзында кегі, қысқада өші кетсе де, қаны бір
туыстың маңдайына басқанын қалай дəті барып, көзі қиып қайдағы бір
түркімендерге асырып жіберді. Қайтіп?»
Қызметшіні сыртқа қалдырып үйге інісі кірді. Сəлемін ешкім алған
жоқ. «Мыналардың айтып отырғаны рас па?» деді Батыр бауырына.
«Рас». «Қайтесіз, батыр, бауырыңызды өзіңіз жазалайсыз ба,  деп ана
екеуі елпең етті.  Қайтесіз?» «Алып кетіңдер, қандай жаза
қолданасыңдар, үкім өздеріңнен!»
Бауырынан «Неге өйттің?» деп сұраған да жоқ. Ала жіп аттағаны рас
екен, біліп қайтеді. Ары қарай пешенесінен көрсін. Арам əрекетке ара
түсу мұның қанында жоқ. Ағайынға қол салған  ағайынның қарғысына
ұшырауы тиіс. Иə, сол...
Бетін іргеге беріп, бүк түсіп жатып алған. Мəн-жайды естіген
ағайын-туыс үстіне кіруге батпады. Ауылда бір қабағы қату тыныштық
орнаған. Сірə, ай шамасы өткен шығар. Жеткен хабар: інісі
бауыздалыпты. Батырдың сұрағаны: «Жанымды қия көріңдер деп
жалынып, жалбарынбап па?» «Жоқ. Тек қол-аяғымды байламай
бауыздаңдар» депті. «Е, онда бопты».
Батырдың көзінен қанша бір жылдан кейін боданадай екі тамшы
жас шыққан. Онысын да ешкімге көрсетпеді. Қан жылаған іші. Өзін
бауырының ала жіп аттап, аруақ ұрса да, өлімін ерлерше қарсы
алғанымен жұбатты. Ең сенімді екі адамын оңаша шақырып алған.
Айтқаны: басына дұға оқып, моласының жатқан жерін адаспай тауып
бара алатындай болып келіңдер!..
Олар сөйтті. Содан бір түнде Батыр əлгілермен барып, бауырының
мəйітін қазып əкетті. Ешкім онысын білмес үшін, топырағын қалпына
келтіріп, үйіп кеткен. Бауырының мəйітін ауылдан жырақтау Ұлы
өзеннің бойына оңаша жерлеген. Ойы  ата-бабамыздың аруақтары
үркір. Айдалада қалмай, осылай жатса да, шүкір…
Одан бері де қанша жыл өтті…
Батыр орнынан тұрып, жайлап далаға шықты. Қызметші жігіт
босағаға сүйеніп қалғып-мүлгіп отыр. Түс əлеті. Ауыл тып-тыныш.
Анда бір кемпір бұзауын бұйдалай алмай əлек. Құдықтан қос шелекпен
су алып осы үйдің отымен кіріп, күлімен шығатын қыз келеді. Осы қыз
мұның ордасына қаңғып келді ме, əлдекімнен қашып келді ме, Батыр
білмейді. Бəйбішесі, міне, екі жылдан бері оны күң ретінде ұстайды.
Сорлының үстінде сауыс-сауыс бөз көйлек, тозығы жеткен қамзол, ескі
бөрік. Онысын көзіне басып кие ме  бетінің жартысы көрінбейді.
Қайсыбір күні түс ауып, ет пен қымызға мелдектеген жұрт ұйқыға
басқалы жатқан шақта Батыр қыз тұратын шошаланың тұсынан өтіп
бара жатып, судың сылдырын естіп қалды. Жайлап жабдықты көтеріп
ішке үңілсе, күң қыз суға шомылып отыр екен. Үсті-басын сабынмен
езіп, шайыну үшін орнынан түрегеліп, төбесінен төмен қарай су құйып
жіберіп еді, ар жағынан үлкендігі ерте пісетін ақ алмадай қос анары
тікірейіп, белі қиылып, көделі жері күлтеніп шыға келді. Батырдың
көзі бұлдырап, басы айналғаны. Есін əзер жиып, жан-жағына жалтақжалтақ қарап, жылдам тайып тұрған.
Батыр енді көзі ауылдың шет жағына тіз қатар орналасқан алты ақ
үйге түсті. Асқанбайдың алты ұлының ақ отауы. Асқанбай соншалық
атақты да, асқан бай да емес... Алайда алты ақ отауы бар. Батыр терең
күрсінді.
 Батыр аға, түскі асыңызды ішесіз бе?  қызметші жігіттің бипаз,
бипыл дауысы дəл құлағының түбінен естілді.
 Сөйтелік,  деді бұл.
***
Байжұманың күн
қызметшісі кірген.
бесінінде
насыбай
иіскеп
отырған
үстіне
 Батыр...
 Айт.
 Төбедей бір түркімен аттан түсіп жатыр.
 Төбеттер неге үрмеген? Жалғыз ба?
 Жалғыз, қаруы жоқ.
 Кіргіз.
Түркімен көрмегеніне талай жыл өтіп еді. «Мұнысы кім? Нағып
жүр?»  деп ойлады. Сөйткенше қонақ есіктен екі бүктеліп ене берген.
Со бойы:
 Ассалаумағалейкум,  деп қос қолын бірден ұсынған... «Япыр-ау,
мынау...  Батыр қатты таңырқады.  Мынау сол ғой, иə соның өзі».
Иегімен төрді нұсқады. Қонақтың ұзақ жолдан ат соқты болып
қалжырағаны білініп тұр.
 Жол болсын, қонақ.
 Жоғымның ізімен келемін, ақсақал.
 Сонда не, жоғыңның ізі біздің ауылға бастап келді ме?
 Мені танымадыңыз-ау, сірə?
 Далбасаңды...  деп қалды Батыр.  Өлтіріп кет! Өлтіріп кетпесең, жер
түбіне кірсең де, қаныңды ішемін деп едің. Өйтерің бар, жиырма
жылдан бері қайда жүрдің! Əлде менің қаусаған шағымды күттің бе!
 Кек қуып келгем жоқ, тегі.
 Онда қай түлен түртті?
 Қатынымды қайтарып беріңіз.
Батырдың аузы аңқайды.
 Не... Не дедің?
 Қатынымды қайтарып беріңіз.
 Əй, ит, оны мен жиырма жыл қатын қылдым ғой.
 Құдай тілеуіңізді берсін, қайтарыңыз қатынымды. Екі ұлы өсті.
Анасын іздейді.
 Менен де екеу туды ғой,  Батырдың дауысы бір түрлі жұмсарды.  Екі
қыз.
Екеуі де үнсіз қалды. Бір кезде Батыр тіл қатты.
 Өлтірем деген сертің қайда?
 Берген серттен тайдырған екі ұлым. Үйелмелі – сүйелмелі еді ғой.
Өз басым ата-анадан жалғызбын. Бірде сапардан қалжырап келіп, күн
сəскеге дейін ұйықтап қалған екенмін, оянғанда əдет бойынша қаружарағымды көзбен іздесем, көрінбейді. Далаға жүгіріп шықтым. Екі
ұлым есік алдында монтиып отыр. «Қаруым қайда! Кім алды?» деп
азынаған дауысымнан екеуі бірдей қатты шошып кетті. «Оны біз
шыңырау құдыққа тастап жібердік, əке»,  десті күйбеңдеп. «Тастап
жібердік дегендерің не!» Түтеп кетсем керек, онсызда үрпиіп отырған
екі ұлым еңіреп келіп етегіме жармасты. «Олардың керегі жоқ, əке.
Олармен жүрсең, біреулер жау екен деп өлтіріп кетеді,  десті олар. 
Өлтіріп кетсе... біздің атамыз, апамыз да жоқ қой. Біз өліп қалмайбыз
ба?»
Өмірімде алғаш рет оқыс қатты тіксініп, қатты ойланып қалдым.
Бала  періште. Бұлардың аузына құдай салып тұрған шығар дедім.
Содан жұрттың «Ей, мынау қатынын алып кеткен қазақтан кек алмады
ғойын» естігім келмей, қараң-құраң уақ малымды алдыма салып,
жалғыз атым мен екі ұлымды жетектеп, бір түнде құмның терең
түкпіріне сіңіп кеттім. Көп жыл оңаша ғұмыр кештік. Малымыз
көбейді. Ел ортасына балалар өскенде бір-ақ оралдық. Екі ұлды
үйлендіріп, отау еттім. Енді олар анасын іздейді. Анасының бейнесі,
сірə, жадыларынан өшпейді. Сіз алып кеткенде, естері кіріп қалған еді
ғой...
Батыр лəм деген жоқ. Жылқыдан тай алдырып сойдырды. Қонағын
сыйлап, жайғастырған соң, түрікмен қатынын оңаша шақырып алды.
Көп сөйлеген жоқ.
 Бұрынғы байың келді. Əдейілеп іздеп келіпті өзіңді. Қайтарыңыз
деп отыр. Кесімді өзіңе айтқызам. Таң атқанша ойланып, ертең ел
алдында шешіміңді өзің айтатын бол.
Ертесіне Батыр ауылдағы игі жақсы дегендерді ордасына жиып,
қонақтың бұйымтайын естіртіп, жұрт алдына түрікмен қатынын
шақыртты.
 Олжалап əкеліп едім,  деді тоқалға.  Жиырма жылдай отастық.
Асылы, разымын. Екі қыз туып бердің. Адал ыдысымды арамдаған
жоқсың. Мына қонақ  қыздай қосылған қосағың еді. Арнайылап ат
терлетіп келіп, өзіңді қайтар деп отыр. Зорлықпен əкетіп едім, енді
зорлық қылғым келмейді. Қайтамысың, қаламысың  қалау өзіңде.
Əйел дауысын шығармай ұзақ жылады. Ақыры соңында:
 Еліме, жеріме, ауылыма қайтарыңыз. Құдай тілеуіңізді берсін,
сөйтіңіз.
Қатынды қайтарды Батыр. Əуелде құдай қосқан қосағына қосып
жіберді. Өз қолымен аттандырды. Аттандырып жатып сұраған: «Екі
қызыңды шынымен қиып барамысың?» «Қиын. Қайтем... Қыз бала
қайтсе де ата-анасының жанында қала алмайды, түбі кетеді. Қыз бала
жат жұрттық... Құдай алдарынан жарылқасын олардың. Өзіңізге
табыстадым. Мен еліме, жеріме, ауылыма барайын».
Еңіреп қалған екі ұлыма кетіп барамын деген жоқ. «Елім, жерім,
ауылым...» Сонда əркімнің ең қымбаты  осы үшеуі ме. Сірə, осы үшеуін
ұмытпас ешкім. Осы үшеуі деп аңырап өтер кім де кім. Əй, əй... бірақ
құдайдың құлдары тегіс өсти ме. Кез келген пенденің жүрегінде осы
үш қымбаттың гүлдеп тұратыны неғайбыл. Тойған жерінде жүре
беретін ит сияқты ездер қайда, кімдерде жоқ. Ал мына тоқал... Өстіп
тұрып Батыр өзіне-өзі қатты налыды: япыр-ай, қаншама жылдар
қойнында жатқан ұрғашының қадір-қасиетін танып білмегеніне
өлердей өкінді.
Аз күнде жағы суалып, көзі кіртиіп қалды. Тоқалдың кеткеніне жасы
елуге келсе де, тақымының ыстық-суығы басылып болмаған бəйбішесі
мəз. Мұны əрі-бері иектеп... «Менің əукем кісінеуден қалған» деп Батыр
оны кеудеден итеріп тастаған.
Бір жылы түрікмен тоқалынсыз өтті. Жиі-жиі түсіне кіретін: бұған
қымыз құйып беріп отыра ма-ау, аяғын уқалап отыра ма-ау, көрпесін
қымтап жата ма... Қайсыбірде ол құмтөбеде тұр. Бұл ұмтылады оған.
Енді жете бергенде, құм сусып кетіп, етекке қайта сырғып түседі.
Əбден діңкелейді. «Батыр еліңе, жеріңе қайт,  дейді анау.  Ұл перзент
көксеуші едің, құдай оны береді саған. Сенің қуатың түгесілген жоқ.
Түгесілмейтін қуатты бойыңа оттай ыстық жас тəнімнің жалынымен
сіңіріп кеткем...»
Құдайдың құдіреті, осы түстен соң, Батырдың қандай да бір күш
еңсесін көтере түскен. Атқа мінетін, өзен бойын аралап кететін,
ыңылдап əн айтатын... əдет тапқан.
Қазір де қалың бөстек үстінде тікесінен тік отырып, жалғызданжалғыз: «Ə, құдай!» деп езу тартады.
Кенет, сырттан бəйбішесінің шаңқылы естілді. Зəнталақтың өстіп
айдың-күннің аманында қарадай шыжбалақтайтыны бар. Сондағысы
осы үйдің отын жағып, суын тасып, малын қайырып жүргендерді
тасқаяққа сигізу.
Əдетте əупілдеп-əупілдеп қоюшы еді, мына шаңқылы барған сайын
үдеп барады. «Бұл қаншық бұтына сие ме?» деп орнынан тұрып,
жабықтан сыртқа сығаласа, бəйбішесінің қолы əлгі күң қыздың
бұрымында, бейшараны сүйрелеп жерден алып, жерге салып жатыр.
 Адал ыдысымызды арамдап...  деп қыздың басын олай да, былай да
сілкігенде, бəйбішенің май басқан іркілдек беті желіп келе жатқан
сиырдың желініндей бұлғақ-бұлғақ етеді.  Қарабет! Құдайдың ұрып
қойғанын, ертерек неге айтпадың. Жіберетін едім ғой бір қаңғыбастың
артына мінгестіріп!  деп екіленеді.
 Адал ыдысыңды арамдаған мен емес, Батырдың өзі,  дегені қыздың
бір кезде.
 Əй!  бəйбішенің аузы аңқайып қалды.  Андағың не?!
 Батырдың өзі,  деді қыз.  Өзінен сұра.
Бəйбіше қызды жөніне жібере салып, бері қарай талтаңдады.
Батыр барып орнына жайғасты. Қатыны ырсылдап бір қырымен
əзер үйге енгенде, көзін жұмып жатып:
 Жанды жеріңе біреу ағаш тығып алды ма сонша шаңқылдап?  деді
зілді үнмен.
 Ойбай, ана күң...
 Е!
 Іші білініп қалыпты.
 Білінсе ше!
 Өзіңнен көріп отыр, ойбай!
 Онікі рас.
 Расы несі?  деді бəйбішенің басы бұлғалақтап.
 Рас!  деп Батыр басын көтеріп алды.  Қайсібірде апақ-сапақта мал
келіп жатқанда құрғырға көңілім ауып кетіп... Білесің ғой, еркектің
көңілі ауса, албастыдай басады. Енді былжырамай ол қызды айрықша
күтімге ал. Өлсең де аман-есен босандырудың қамын жаса! Ұл туса,
атын Сексенбір қоям.
 Сексенбір...  бəйбішенің тілі байланып қалғандай болды. Онысы
кəлимаға келіп бар далбасалағаны:  Неге Сексенбір?..
 Қазақта Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай дегендер иттің басынан
көп. Ал мен ұлымның атын Сексенбір қоямын.
Осыны айтып бөстекте күн ұзын жатып алатын Батыр орнынан
көтеріле берген. Дəл жас кезіндегідей жеп-жеңіл тұрды. Сөйтіп алып
ашық түндіктен сығырайған күн көзіне көзін салып: «Е, құдай... шүкір!»
деген. Шүкір деп тұрып, осы жаңа «іші білініп қалыптыны» естіген
сəтте аяқ асты бойы бусанып, содан қазір екі самайынан шүмектеп
аққан терін сүртіп тастады. Сүртіп тастап, алдында абдырап, аузы
аңқайып қалған бəйбішесін иығымен қаға-маға жарық дүниеге
жадырап шыққан. Жадырап шыққанда... Көзімен шошала маңынан күң
қызды іздеді. Мана бəйбіше жұлқып-сілкігенде түсіп қалған жаман
бөркі жерде, қалың қара мақпал шашы иығын жауып, екі қолымен сəл
томпиған ішін сипап тұр екен... «Əйтеуір, тілектің бірін бердің-ау,
құдай!» деген сосын дауысын шығарып.
***
Сексенбірдің жасы төрттен асқанда, құдайдың аманатын тапсыруға
дайын Батыр оның тұлымынан сипап жатып: «Жаудан өлу  біздің
тұқымда ата мирас еді. Ел мен жер үшін ғой. Сөйтемін деп аз
өңмеңдеген жоқпын. Қайтемін... Қас дұшпанның қайсысы да жанымды
ала алмады. Сен, Сексенбір... Пешенеңде не жазудың бар екенін қайдан
білемін. Не қылса да ел мен жерге жаныңды садаға етіп кеш мына
алқын-жұлқын ғұмырды... Əй, сонда аунап түсем орнымнан» деп
жатып жан тəсілім етті. Сексен бес жасында!
Бейғам дүние
Арты желіп, алды аяңдайтын күрең биенің төрт тұяғы шаппай-ақ
жер апшысын қуырып келе жатқандай; иен далада ірге тепкен
ауылдан ертеңгі салқынмен шығып кеткен Естияр енді аз жүрсе асуға
күн сəске болмай-ақ ілінермін деп ойламаған. Сірə, жылқының жел
аяқтығы жадынан өше бастаған-ау. Ат жалын тартпағалы қашан. Өмір
дейтін инеге ғұмыр дейтін шіркіннің жібін сабақтай-сабақтай, күнді
түнге жұтқызып, түнді күнге ұтқызып, туған топырақтан бірте-бірте
алыстай беріпті. Ата-ананың да бір-бірін онша ұзатпай əруақтарға
барып қосылғанына он бес жылдың жүзі. Соңынан ерген екі
қарындасы дəм бұйырған екі қазақтың отын жағып ту-туде. Қалай
болған күнде де ауылдан қара үзіңкіреп кеткені рас.
Биыл да келетін ойы жоқ еді, əкесінің ағасы Сəбдешбектен оқушы
дəптерінің он парағына жазылған хат келіпті. Ауылдағы бұлардың
Естөре руынан тарайтын жиырма шақты түтіннің жай-жапсары – кімі
қайтыс болды, қайсысының баласы үйленіп, кімінің қызы тұрмысқа
шықты, ажырасып кеткендері қанша, оқуға қанша бала түсті… түгел
тізіліпті де, тобықтай түйіні: “Шорман тұқымынан екенің, менің
Сұрапалды бауырымнан туғаның рас болса, ұзын арқан, кең тұсауға
салып жүріп алмай, келіп қайт, айтарым бар”, - депті.
Өзінің де ауылды сағынғаны, оның үстіне ойында көптен жүрген
ата-анасы мен өзге де бірі жасы жетіп, бірі тағдырының талайымен
мезгілсіз дүниеден өткен жақындарына құран бағыштату парызы бар,
оған шалдың мына “жет те, жеті” қосылған соң, кезекті демалысын
алып, жолға шығып кеткен.
Сəбдешбек əкесі жылдан-жылға шау тартып келе жатқанымен əлі
ширақ көрінді. Кемпірі тəңірінің аманатын баяғыда тапсырып, жесір
қалғанымен, құдай келіннен салыпты. Шалдың шашын алып, сақалмұртын да басып беретін де сол екен.
Жаздың күні емес пе. Шал бұтақтары бір-біріне айқасып кеткен екі
түп алма ағашының көлеңкесіне киіз жаздырып, көрпе төсетіп, жастық
тастатып, ас-ауқатты солай алдырды. Өзінің қалыңдығы кере қарыс
арнайы бөстегі бар екен, жамбасына соны басты. “Попыразың жоқ, ə, –
деп қойды бұған. – Андағы құйрығы сарыңды сорып көргем, дəмсіз…
Əлгі біздің бала шылымның құйрығы жалаңашын тартады, езуіңе
қыстырсаң, аузың қиқымға толып… бір жағы сорып, бір жағы шайнап
жүре ме, немене”.
Шал ыстық шайдан ұрттап қойып, сөйлеп отыр: “Естөренің ішінде
Шорман тұқымы бəлендей өспей келе жатқан ата. Жиырма түтіннен
жаңа асты. Отыз екінің нəубаты бар, соғыстың зауалы бар…
Спанбайдың маңдайы жарқырап шыққан қос ұлы “халық жауына”
ілікті. Əйтеуір, енді өсіп келе жатқанда, бір пəле кесе көлденең келеді
де, қараң-құраңданып қалады”,  деді күрсініп.
Естияр ыңғайсыз күйге түсті. Жасы қырықтан асып қалғанымен
мұнда не ұл, не қыз жоқ. Құдай бермеді емес, берді. Бірақ үшеуі де
апыл-тапыл басып қалғанда үш түрлі аурудан бақилық болған.
Медицина олардың дертіне диагноз қойғанымен, ем таппады.
“Келін осы Семей жақтың қызы ғой, – деді шал. – Біздің ауылда бір
білгіш бар қазір. Қасы-көзін жауып тұратын Таубай атаң есіңде ме,
түйе ұрып өлтірген. Ұмытпасаң, жарықтықтың осы өзің құрыптас
алакөз баласы болмаушы ма еді. Əлде сенен сəл үлкен бе екен. Сол əне
бір жылдары аяқ астынан құладүз кетіп, айдалада жападан жалғыз
домбыра дыңғырлатып отыратын дертке ұшырады ғой. О пəлесін
ағайындары Мамыт мергеншіге айтып, ол бала қу далада домбыра
сабалап отырғанында байқатпай барып, төбесінен мылтық атып, содан
қатты шошып, жазылған. Кейін қойшыларды моншаға түсіретін
машина айдап жүр еді, қой мен қойшының мəнісі кеткен соң, қайбір
береке қалды. Қазір үйінде. Үйінде болғанда жатпай-тұрмай істейтін
шаруасы – газит оқу, құры оқымайды, қойны-қонышына толтырып
өзімен бірге ап жүреді. Барған, тұрған жерінде басқа əңгімесі жоқ, тек
газит судыратады. Тыңдасаң, екі қолыңды төбеңе қойып, бұл дүниеден
безіп кетесің. Ылғи қырғын, лаулап жанып жатқан өрт, сілкініп жатқан
жер, тасып жатқан су, қаңыраған далалар, қараң қалған ауылдар мен
жазылмайтын ауруларды жиіп-теріп алған… Осы күні алакөз келе
жатыр десе, жарық əлемдегі барлық пəле-жаланы сол көтеріп
жүргендей жұрт одан тым-тырақай қашатын болды. “Ау, қайда
барасыңдар, неге қашасыңдар, мынаны естісеңдерші, білсеңдерші” –
деп ананың да, мынаның да соңынан далақтап, алакөз ала өкпе. Со
қызбалақ бірде: “Ағайын, Семей жақтан келін алмаңдар, Семей жаққа
қыз бермеңдер, о жақта бір бəленің сынағы бəлен жыл өткен, ауа
бүлінген, қан бұзылған тұқым азады” деді ме, əйтеуір, құдайдың зарын
қылды. Бұл не, жындының сандырағы ма, қалай?
Мынаны айтқанда шалдың нені меңзеп отырғанын Естияр түсінген.
“Əке, қалай енді, сөйтіп Семей жақтан қыз беріп, қыз алғанды
қойдыңыздар ма?” – деп əңгімеге əзіл араластырмақ болып еді, шал
оны елеген жоқ. “Шырағым, газит жазған екен, оны түйе ұрып өлтірген
Таубайдың алакөзі айғайлап оқып, айтып жүр екен деп жұрт жүрісінен
жаңылмайды ғой. Сосын бір қазақтың баласы бір жағымыз аурулы
екен деп өз қағынан өзі қалай жериді. Не көрсе де бірге көреді де.
Əңгіме бірінің басына түскенді бəрі болып оңдап-түзеуде шығар. Құдай
тағала əу баста пенде шіркіннің тағдырын бір-біріне матап, тұтас
қылып жаратқан ба, кім білсін, оқымаған адамбыз…”
Күрең бие пысқырынды. Тау шөбін үзіп тартқысы келе ме,
ауыздығын шайнап, басын сүзе береді. Мына кейпінде сəл тебінсең
жердің жүрегі болып соғып, дүниенің кеудесінде дүрсіл қақпақ. “Пау,
шіркін-ай!” деп дауыстап қалды Естияр. Деп қалып оңтүстік пен
солтүстікке екі шалғайын жайып тастап, батыс пен шығысқа көлденең
жатқан, ана басы мен мына басына көз жете қоймайтын асуды көзімен
сыпыра қыдырып өткен. Сонау бір кездерде осы асу жатқан кең далаға
жұмсақ жұпарлы самал саулап тұратын. Сəбдешбек қария айтып
отырса, ұзақ жылдар өтіпті, таудың ол үлпілі із-ғайым. Оның орнына
қай бағыттан шығатыны белгісіз, күн сайын түс ауа шыр айналып,
сабалап соғатын күшті бір жел пайда болыпты. “Есіңде шығар, – дейді
шал, – сендердің бала кездеріңде мына құладүзге қызыл изені аралас
қара жусан ұйысып өсіп жатпаушы ма еді. Көркемтаудағы екі колхоз
бар, оған біз қосылып, тайлы-таяғымызбен ала жаздай мал азығын
дайындағанда ұшы-қиырсыз дала аралары алпыс адымнан аспайтын
шөп маяларынан көрінбей қалатын. Қалай мына шыр айналып
соғатын жел пайда болды, солай қаптатып мая тұрғызбақ түгілі, ешкілағымызды енді қайда апарып жаямыз деп қалдық қой. Ерте көктемде
айнала көктеуін көктейді, содан жаз шыға жынды жел басталып,
көктей солып, көтерілмей қалады. Ал енді мына сұмдықты қара, сол
көктей солып, көтерілмей бірте-бірте тұқымы құрып бара жатқан қара
жусан мен қызыл изеннің орнына шөп деуге келмейтін, тікенге
ұқсамайтын, шіліктен бөтен, жапырағы жоқ тырбиған-тырбиған
бірдеңелер өсіп жатыр. Мал жемейді, отқа жанбайды. Таубайдың
алакөзі айтса, жер азды. Азуына Мұзбелдегі баяғы шақтының орнына
өзінен-өзі пайда болған көл себеп.” Естияр елеңдеген. “Көл деймісіз?”
“Иə, көл. Əлгі Мылтықбай сол жаққа көшкен соң, оқта-текте ат ізін
салам ғой, сонда арнайы барып көрдім. Айналасы ат шаптырымға жете
қоймағанмен, көлемі əжептəуір. Түсі көкпеңбек. Жетпісіңді аяқтап
қалған жасымда мен сондай тұнық көгілдір су көрген емеспін,
шырағым. Өз бетінше қарап жатқан көгілдір көлден бір жақтағы жер
азады дегенге қалай сенесің”. “Сонда ол көл шынында да өзінен-өзі
пайда болған ба?” “Сөйткен”. “Шахтаның орнына дейсіз?..” “Солай деп
айтып жүрген алакөз. Алакөз айтса, Мұзбелдегі көл тұрғанда азудың
ендігі кезегі бізге, адамдарға келмек… Бізде бірте-бірте əлгі қара жусан
мен қызыл изеннің орнына шығып жатқан тұқымы мен түрі белгісіз
өсімдік іспетті тегін, тілін, дінін айырып болмайтын сұмдыққа айнала
бастайтын сияқтымыз. Ол иттің зар заманына сеніп жүрген ешкім жоқ,
əрине. Бірақ осы өткен күзден бері ойланып қалдым. Ойлағанда бəрі
Мылтықбайдың Кəртешбегінен шықты ғой,  деп шал əңгімесін əуелі
Мылтықбайдың өзінен бастап кетті. − Өзіңе аян, бір əке, бір анадан
туған үш ұл əр қилы болдық қой. Сенің əкең қой бақты, мен, əйтеуір,
дүйім елді иіріп əкетпесем де, белсендінің шекпенін кидім, Құлбай інім
диірмен жағаламады ма.
Өзің білесің, о байғұс ұлының басын құрауға үлгермей кетті. Оқу
жағы оңбай, көбіне тауда жүріп, тауда өскен бойы бұлғаң неме күндіз
ұйқы, түнде бос сенделіспен біраз жүріп алды. Марқұм шешесі екі
күннің бірінде “Мылтықбайды қайтесің?” деп келіп тұрады. Сондағысы
баланы отау ет дегені. Ойбай, енді əкелсін де бір шүйке басты десем,
шешесі “Төрежан-ау, ол өз бетімен қатын ала алмайды” деп құдайдың
зарын қылады. Қайтемін, күшікті шақырттым. “Жүгермегім-ау, осылай
қу тізеңді құшақтап жүре беремісің, келін түсір” десем, “Əке, мен əйел
алмаймын” дейді. “Оу, неге?” “Ұяламын”… “О, бас теріңді”… деп жанын
қоям ба, Қарақалпақтан қайтқан төрт-бес түтін бар еді, соның бірінің
қызына құда түсіп, алып бердім. Енді үйінен шығара алсақ, қане. Соның
түбіне жетсең көремін деп мен де тым-тырыс жаттым. Күздің төбесі
көрінгенде өзі де сидаң неме, қурайдай болып келіп тұр. Екі ұрты ішіне
кіріп, екі көзі ары кетіп қалған. Əйелдің борбайы тамақ болмайтынына
көзі жетсе керек, “Əйе, жұмыс жағын қайтеміз?” дейді. “Мені жұмыс
үлестіріп жатыр деп пе ең” деп өзін біраз жіліктеп алып, қайтемін,
колхоздың кеңсесіне ертіп бардым. Бұл өзі кеңестің іргесі əне-міне
сөгілгелі тұрған, дүниенің астаң-кестеңі көп кез еді. Жұрт түгел не
болып, не қоятынын жөнді білмей, дүбараланып қалған. Бастық бала
орнында екен, шылауына жармаса кеттім. Ары отырып, бері ойланып,
ауыл маңынан, өзіміз жақтың жыра-жықпалынан лайықты дəнеңе
таппай, ақыр соңында əлгі Мұзбелге тоқтаған. Мұзбелде қанша жыл
құдай-ау, уаенный тұрды ғой. Енді солар бір жола Мəскеуге көшкен.
Көшкенде пəдқоз дей ме, əйтеуір, əжептəуір қора-қопсысы болыпты.
Соны колхоз су тегінге сатып алып қалыпты. Бастық бала
Мылтықбайды сол қора-қопсыға қарауыл болып барсын деп шешті.
Одан бері де он жылдан асты. Құдайға шүкір, үш жаманы бар, енді
оларының есімдері… тұңғышы Кəртешбек, ортаншысы Порықбек,
қызының аты Пестенкүл. Ит-ау, мыналарың ұл-қыз ба, жоқ бір дорба
оқ-дəрі ме десем, Мылтықбайым, “Əйе, келініңіздің аяғы тағы ауыр,
аман-есен ұл босанса, атын Жалғызоқ” қоямын деп жайраң-жайраң
етеді.”
Естияр мырс етті. “Күлкінің көкесіне енді келе жатырмыз, балам, –
деді Сəбдешбек шал – күлкі деймін ғой, қайдағы күлкі… Өткен күзде
Кəртешбек мектепке баратын болды. Қайтпек керек. Əке-шешесі
ауылға көшіп келейін десе, тірлік қалады. Тірлік дегенде колхоз тарап,
тұрымтай тұсымен кеткен тұста Мылтықбай қарап отырған қорақопсыны аудан орталығындағы дөйдің бірі бəленбай жылға əренделеп
алған. Нəлөктің бастығы деді ме, əйтеуір, малды неме екен.
Мылтықбайдың алдына соның біразын əкеліп салып, осыны жақсылап
бақ, жақсылап бақсаң, ішер тамақ, киер киімнен кем қылмаймын дейді.
Сөзінде тұрды. Мылтықбайымыз көш алдына түсіп кетпегенімен, одан
қалып жатқан жоқ. Көже-қатығын ажыратар мал бітті, ай сайын
ақысын алады, киім бүтін, тамақ тоқ. Тек əлгі уаенный гəрөдектегі
сары ауыз тамырларымен ішіңкіреп қояды күшік… Осы бірді айтып,
бірге кеттім бе… Содан əлгі, Кəртешбек мектепке баратын болды.
Баланы бізге əкеліңдер, біздің үйде жатып оқысын дедік. Басқа амал,
қайсы.”
Бұдан ары қарияның əңгімесі былай өрбіді: Мұзбелден ертеңгісін
əкесі алып келіп тастаған Кəртешбек шалдың бастауыш кластағы
үймелі-сүймелі немерелерімен түскі асқа мелдектеп тойып алған соң,
байыз таба алмай, мал қораға кіріп-шығуы көбейіп, бір түрлі мазалы
күйге түседі. Мұнысы несі екен деп шал осы көлеңкеде үй ішімен
ыстық шайларын шайқап ішіп, қарайды да отырады. Содан бір мезетте
Кəртешбек қалт тұра қалды дейді. Қалт тұра қалып, үстіңгі ернін
шүйіріп, оң аяғымен жер тарпыған. Тарпып-тарпып тұрып, бұлардың
жанынан көктей өтіп, қарсыдағы қоңсыластың ауласына қарай оқтан
бетер атылады. Ей, ей, мынау қайтеді дегенше болмай, қоңсының
жоңышқалығындағы арқандаулы тұрған бұзауының барған бойда
артынан артыла кетеді. Оқыс келіп, ес жидырмай бөксесіне артылған
зауалдан жаман үріккен қызыл бұзау қатты тулайды. Бірақ кеудесі қыр
жотасында, аяғы жерде, екі қолы бауыр жүніне тастай жабысып итеңитең еткен пəледен босап шығу оңай болмайды. Қоңсыластың кəрі
төбеті əупілдеп, үйлерінен олар шығып, бұл жақтан шалдың келін,
балалары тұра жүгіріп, бəрі жабылып жүріп Кəртешбекті бұзаудың
бөксесінен əзер ажыратып алады. Бала əбден еліріп алған. Көзі шоқтай.
Үстіңгі ернін шүйіріп, тұмсығын көкке көтеріп, оң аяғымен жер
тарпып екі көзі қызыл бұзауда, көпке дейін “жетекке жүрмей” қояды.
“Қоңсыластар да, біз де баланың мына əрекетінен дəнеңе түсіне
алмай далмыз, – дейді шал – өзі бір ұяттау шаруа болды. Келінге,
көршілерге қарайтын бет қалмады. Қара пұшықтарымның ішексілелері қатып: “Ата, Кəртешбек бұқа ма?” деп жəне күйдірді ғой”…
Кəртешбек онымен тоқтамайды. Кешке өрістен қайтқан мал
көшемен өткенде, арасынан ұрғашы бұзау-тана көрсе тұра қуып,
жеткен жерінде артылып, қып-қызыл сойқан салған. Мұнысы күллі
ауылға тарап, Сəбдешбек үйден шыға алмай қалады. Ал бірде
Кəртешбектің “бұқалығынан” бір рудың екі атасының балалары бірбірімен ат құйрығын кесісіп кете жаздайды.
Осындағы Шоманнан тарайтын көп атаның бірінде Əлімхан деген
бағбан бар. Баяғыда бұл атаның балалары Ирсуда өз алдарына колхоз
болып отырғанда, сонда алма ағашын өсірген. Одан бері не заман өтті.
Ирсуда-Ирсудан өзге ештеңе жоқ. Бірақ Ирсудан жұртпен бірге
баяғыда осында қоныс аударған Əлімхан бар. Əлімхан болған соң алма
ағашы да өседі. Қазір оның ауласында алма ағашының небір түрін
көресің. Саны аз, түрі көп. Амал қане, əлгі шыр айналып соғатын жел
пайда болғаннан кейін, Əлімханның апорты дəл пісер кезде өзінен-өзі
тең жартысынан шіритін зауалға ұшыраған. Балалар оған қарай ма.
Сол Əлімханның апортынан жемесе бойлары өспей қалатындай,
күндіз-түні соны аңдиды. Аңдығанда, ұрлап жеу ғой. Сəбдешбек
шалдың да немерелері үйір оған. Содан Əлімхан ұйқыға кеткен шығарау дейтін тал түсте Кəртешбекті алып, бармай ма ұрлыққа. Кəнігі шал
қалың ағаш арасынан аңдып тұрған. Балалар алмаға қолдарын соза
бергенде, “О, қызыңды…” деп тұра ұмтылады ғой шал. Сонда өзгелер
келген іздерімен қашып, Кəртешбек қарабасқыр шалдың өзіне қарай
қашады. Əлімхан, “Мына ит қайтеді?..” деп сасып қалған ба, тапырақтап
таяп қалған баланы қолындағы солқылдақ көк шыбықпен жон арқадан
тартып келіп жібереді. Қиралаң еткен Кəртешбек: “Ата-тай, мені
ұрмашы” деп отыра кетіпті. “Е, неге ұрмаймын. Ұрмайтын сен кім
едің?” десе, “Құлбайдың Мылтықбайының бұқасы едім” дейді. Əлімхан
қайбір оңған шал: “Онда жақсы болды ғой, сиырларым күйлеп жүр еді”
деп баланы екі құнажынмен кешке дейін қораға қамап қояды. Арты
айтыс, айғайға ұласып, араға басқа ағайын түсіп əзер ымыраласқан.
Бірақ Кəртешбекке жұрт сөйтіп жатыр екен деп “бұқалығын”
қоймады. Бұрын өріске жіберетін малдары Сəбдешбектің көшесінен
өтетіндердің ішінде ұрғашы бұзау-таналары барлар енді оларын
жайылымға басқа көшемен айдап, басқа көшеден күтіп алатын болған.
“Осындай сұмдыққа ұшырадық қой, – дейді шал – ұят та болса
көндік, намыс та жеп барады. Ол аздай, шырағым, Мылтықбайдың
екінші баласының сөзі бір түрлі болып бұзылған, ол аз десең кеше ғана
тілі былдырап жүрген кіші қызының жалғыз күнде мүлде мақау болып
қалған жағдай жəне бар. Сені хат жазып, тез жет дегенде осыларды
айтайын дедім. Бұл өзі не? Дерт пе, басқа пəле ме? Бауырың.
Бауырыңның бірі ұрғашы бұзауға артылып, біреуі сөз бұзып, бірі
мылқауға айналып кете берсе, мұның арты қайтеді. Жазу-сызуың бар,
жөн білесің…”
Асудың төбесіне шыққан соң, күрең биені қатты тебініп қалды.
Мұзбелің, əне. Əскери қалашық кезінде көз жауын алатын елді мекен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 09
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.