Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 14

Total number of words is 3946
Total number of unique words is 2274
32.7 of words are in the 2000 most common words
46.7 of words are in the 5000 most common words
53.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
келесіде көгілдір алқапта төбесінен төмен қарай көк гүлдер жауып
тұрған.., келесі бір сəтте алқынған ақ бұлақтар алма мойын, аршын
төсін аймалап аққан… Ия, ия, осының бəрі лезде із-ғайым жоғалып,
денесін əлдене түтіп жеп жатқандай, сұрапыл сұмдықпен азап шегеді.
Мұнысы несі, неге бұлай? дейтін сұрақ жатса да, тұрса да өкшелеп
қалса, қане. Келе-келе келіншек жарық дүниеге əйел болып келудің
мəні − өлгеніңше бітпейтін күйкі тірліктің мың сан тауқыметі
титықтатып, тығырыққа тірейтін қияметінен де қиямет, тағы не.., тіпті
күтпеген жерден сап етер дерт пен ажалдан да сұмдық əулетті əуен −
əйел екенін сезінбеуде жатқанын пайымдай бастады.
Келіншек өзгелер секілді, абыройын сақтауды ардақ тұтатын
қыздың бірі еді. Қауызы жарылмай жүріп мектеп бітірді. Солай жүріп
арнайы орта білім алды. Сосын жан-тəні таза кезінде тұрмыс құрды.
Жар төсегінің атар таң, батар күнінің табиғи қызық-шыжығын біліп,
болмай жатып, күйеуін ажал алды. Жиырма беске енді толған
байғұсты троллейбус қағып, өлтірген.
Уақыт жылдам ғой. Өлгеннің артынан өлмейсің. Тірінің тірлігі
жазбайтын жара жоқ. Тек бірте-бірте түн жалғыздығы жанын мазалай
бастады. Соның ішінде тайдай тулаған еркекпен тар төсекте тақым
қағыстырып қалған ұрғашы дегенге бұл бір азап екен. Сағыныш,
сарғаюмен, сананың сандалуы… Тамсандырып, таңдай құрғатып,
талықсытып, тамыр өртеп басталған адами лəззат əрекеттің қалай
аяқталуға тиіс екенін білмей қалып, кейін біреулерден ұқса қасірет. О
баста еркекпен жақындасудың бары осы шығар дей тұғын. Жастары
шамалас күйеуі табаны қызбай жатып талықсып кететін… Еркек пен
ұрғашының төсек майданы – тұла бойды тулатқан ұрпақ күйінің
ағыны екеуінен де бір мезгілде ағыл-тегіл болып кетуі сөзсіз қажет
екенін, келіншек кейінірек естіді. Секс əуені жаулаған мына дүниеде
оны ұқпау мүмкін де емес еді. Əлеміш газет-журналдар, теледидар,
ондағы кинофильм мен арнайы хабарлар, яғни екі қара санының
арасын қоздырудың мына жаркөлеш қасірет заманы бойдағы
бұқпантай жүретін құтырынған сезімнің бас көтере беретніне əкелді.
Нəпсі деген нəлет тиіп кетсең лау ететін шайы қурай сияқты
лапылдағыш пəле екен, қоясы қотырдай қозып… Түн баласы ояу
жатып та, ұйқы құшағында да еркек иісті аңсап жанталасар еді.
Жұмысқа көзінің алды көкшіл тартып келетін келіншектің жүзіне
тесіле бір қарап қоятын жасамыс əйел: “Қарағым-ау, болмайды ғой”
деген. Мұның көзі бадырайып, қасын кереді. “Болмайды – дейді анау
тағы. – Солып қаласың”. “Түсінбедім ғой, апай”. “Түсінбейтін түгі жоқ.
Саған нақсүйер керек”. “Қойыңызшы…” “Мен қойғанмен, өзің
қоямысың. Өзін-өзі қойдыратын құдірет кімде бар. Тоят бəле, балаға
жерік сияқты, аңсарына жетпей қанбайды, айналайын. “Сонда неғыл
дейсіз?” “Неғыл дегенде, болса байға ти, болмаса бір азаматты тауып
ал”. “Ой, апа-ай…” деген. Деуін дегенмен, күн ұзын елегізіп, еркектің
исіне ойша елтіп, еміреніп, есі кете елжіреп, етегінің астынан жылы
ылғал білініп, есалаң ба, есірек пе, əйтеуір, өзіне беймəлімдеу күймен,
ара-тұра күлмең қағып, ара-тұра өзінен-өзі күрсініп қойып жүрді.
Кешкісін ваннаға кіріп алып ұзақ жуынған. Үсті-басын сылап талайға
дейін отырды. Бала ембегендіктен шығар, қос анары сəл-пəл босағаны
болмаса, əлі тік, кіндігінің асты аздап білеуленіпті. Қимасының үстіне
біткен қалың қара бұйра шудасына су жұқпайтын сияқты, жылт-жылт
етеді. Алақаны тиіп еді көз алды тұманданып, тұла-бойынан төмен
қарай бір жойқын ыстық ағып өткен. Сол-сол-ақ екен, уысында əуке
тұрғандай, бір сұмдық əсермен оқыс сілкініп, басын жақтауға соғып
алды.
Ваннадан көңілсіз шыққан. Содан жанарынан жас жаңбырдай
бұршақтады. Əйел затының еркек сияқты кез келген кезде керегін
тауып ала алмайтынына, олай етуге көкіректе көзі жұмылмайтын бір
құдіреттің жібермейтіндігіне, ұрғашының еркі еркектікімен бірдей
еместігіне налып, ботадай боздады-ау…
Неге, неліктен бұлай? Алмадай албырап тұрған шағында, əулетті
қолдың алақанымен аунап-қунамауы неліктен? Тағдырдан ба?
Тағдырдан, деп қоюы өзін-өзі жұбататын адамның əу бастан көнген
көнбіс мінезі, сірə. Əйел жолы жіңішке… Ғұмырының оңға бұрылып от
баспай, солға бұрылып су кешпей, жібектей есіліп өтуі ме, ол? Əлі
еркекке кеуде бастырмаған, бастырса жұп болып, жұбы жазылмай
ғұмыр кешіп жатқандардың мұрат-парызы десең, мейлі. Ал, некенің ақ
төсегінде етегі ашылып, құдайдың құдіретімен қосағынан айрылып,
есіл өмірдің еділ-жайық ерке ағысын бойлап жүзе алмай, күннен күнге
күйтінің күйігінен күйректеніп, жалғыз аунап-қунаудан шаршапшалдығуы шарықтау шегіне жетіп жүргендердің көңіліне оның қона
ма? Сонда оған қалатыны не? Байға тию ме? Əукесі салақтаған еркек
табылар-ау, ал бай ше? Бай ұғымның ар жағында, бас иең – асыраушың,
қорғаның деген құдірет аңырап, атой салып тұрған жоқ па. Аңырау мен
атой салуды қай жігіттен табасың, қазір. Үштің екісі дүбара, дүмбілез,
білімсіз, танымсыз. Танысса: "Қайда істейсің? Айлығың қанша? Əкеңнің
қызметі нендей, малды ма?" деп сұрай бастайтын сұмдығы не? Қазақ
еркегі қашан сөйтіп еді? Қазақ еркегі қашан əйелге масыл болып еді.
Исі еркек қой, бас ие болар деп байға тиген анау, өздерімен қызметтес
қыздың жағдайы қалай? Екі ай өтпей, еңіреп қайтып келіп тұр. Айтса:
өңі жылтырап, сыптай болып, өрге шапса, төске озған сияқтанып
көрінгенмен, тіршілігі жоқ, е, соны ойламайтын да, түн жарымы
ауғанша телевизор, одан түске дейін ұйқы, одан кешке дейін сырахана
маңынан шықпайтын біреу екен. Ол аздай, күн сайын қылқылдап ақша
сұрайды. Ол аздай өзі сияқтыларды сүйретіп үйге ертіп келеді;
дастарқан жай, арақ қой… Ары қарай қолтығы қолаңса, аяғы шуаш,
аузы сасық… "Қыз кезінде бəрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады”
дегенді қазір ұрғашыдан алып, еркекке қаратып айту керек. Еркектен
ес қашты, бүгін. Жігіт-мігіт кезең. Неге, неліктен? Қоғамның еразаматтығының азғындауынан ба? Солай, емей, не? Осы күні əйел мен
еркек хайуанаттық жыныстық қатынасқа бейім − сату мен сатылу бар.
Ұрғашы күні үшін сатылады, еркек қанағаты үшін сатып алады. Індет
індеп келеді. Қоғам бəрін көріп-біліп отыр. Қоғам еркегі мен
ұрғашысының сайқалдығына дым істей алмайды. Немқұрайды.
Сұмдық-ай…
Келіншекке қылмаңдаушылар жоқ емес; автобуста, аялдамада,
асханада тұла бойын тінте қарап, көзбен шешіндіріп, оймен аунатып
өзегі өртенетіндер, бірі жуа жұлатындай тапырақтап келіп, бірі жылыжұмсақты қазір көріп тұрғандай, жымиып келіп, "қарындас” дейтіндер
күн сайын көлеңкедей көлбеңдейді. Алдамшы, арамза қылық. Ол еркек
атаулының барлығы аусар, əңгі, алаяқ емесін, небір нарқасқаның бар
екенін біледі. Бірақ, жақсы мен жаманды қалай ажыратасың? Жақсы
мен жаманды мидай араластырып жіберген мына қу дүниеде, оның
адалдығы мен арамзалығын танып, ажыратып көрші. Тектінің
тереңдігі, тексіздің текірегі менмұндалай қоя ма.
Осылай, сандаған сұрақтан сансырап, өзімен-өзі алысып жүрген
келіншек өзімен бір бөлмеде, бір столда қарама-қарсы отыратын кəрі
қыздың тірлігіне ден қоя бастады. Қыздың жасы бұдан үлкен
болғанымен, өңі алмадай уылжып тұратын еді. Қаз кеуде, қиылған бел,
тұсақ бөксе, тоқ, түзу балтыр, жүзінде алқызыл рең лүп-лүп етіп
тұрады. Күніне үш мезгіл əлдебіреумен міндетті түрде сөйлеседі.
Сондай кезде даусы мүлде ұяңданып, сөздері жан тебірентер əуезбен
əн салып тұрғандай естіледі; еркіндігі, еркелігі қатар. Трубканың ар
жағынан еміс-еміс естілетін қоңыр дауыс қоңыр желдей есіле ме… Қыз
əткеншекте отырғандай тербетіледі. Əуелде келіншек бұған онша мəн
бермеуші еді, бірте-бірте қызығатын болды. Əйел нəсілінің ең осал
тұсы − əуестік ұршықтай үйіре бастаған. Содан бір күні əлгі еркек
туралы қыздан сұрады.
− Жігітің бе?
− Нақсүйерім, − деп күлді анау.
− О, не тағы?
− Ол ма?.. Ол менің тағдырым…
Қыздың айтқанынан ұққаны: Нақсүйері үйелменді. Егер, ерлізайыптылардың ерлі-зайыптылығын барша мойындап, Заң бекітіп
берсе, бұлар бірінің-біріне керектігін өздері ұйғарып, тағдырлары
қосақтап қойған. Адамның тағдыры – бостандығы. Ол бостандық ешбір
заңға түкірмейді. Бостандығын түсінбеген, білмеген адам – құл!
− Біреудің күйеуі ғой, ол, − деді келіншек қызға таңдана қарап.
− Болса ше… Неге ондай ерен еркек бір ғана əйелдікі… Ондай ерен
еркек жалғыз сəт болса да, мені де бақытты етсін. Ал мен өз
бақытымды сезінейін одан. Мен оны сүйемін… Ол да… Сүйгендігім
үшін де, мен оны отбасынан бөліп əкетуді ойламаймын. Жалғыз сəт
даусын естігенім де, жалғыз түн жанымда болғаны да жетеді. Оның
жанымдағы жалғыз сəт – мені басқа ешкім шығара алмайтын ұшпақ.
Сол бақыттың жанында кімнің де мені жер табандатып жазғырғаны,
мазақтағаны, күлгені түкке тұрмайды. Мені сүйетін, менің жанымды
түсінетін, маған қамқор, қорған болатын əлгі жер табалаушылар емес,
− Ол!
Келіншек қызға уəж айта алмады. Рас-ау, деп те мойындай қойған
жоқ. Осы екі арадағы əрі-сəрі ойлардың ортасында омырауы ошақтай
өртеніп жүргенде, əлгі қыз мұны қонаққа шақырды.
− Мен сізді нақсүйеріммен таныстырайын, − деді ол. – Жанында
қызметтес бір азамат болады.
− Болса ше? – деген бұл, оны маған несіне айтып тұрсың дегендей.
Əйтсе де əңгіменің ар жағындағы ауанын байқап қойды.
− Ертең нақсүйерімнің туған күні. Оны біз бүгін тойлаймыз. Бірге
отырайық. Серпілсеңіз, аздап…
Мына еркекпен сонда танысқан. Көп сөйлемейтін, түр-тұлғасы
əжептəуір еркекпен қатар отырды. Қыздың нақсүйері тік мінезді, өткір
сөзді адам екен, салған жерден дəл бір бұрыннан таныс адамдай үйіріп
əкетіп, бөтенсу, жатырқау, қысылып-қымтырылуды қылпып жіберген.
Сосын да отырыс көңілді болған. Кенет, сағат тура он бірде жанындағы
еркек орнынан тұрды. Қайтпақ екен.
− Тəртіптің аты тəртіп, − деді. – Амал жоқ…
Қыз асықпасаңызбен безек қағып, қиылып еді, ол қыңа қоймады.
Бұған күлімсіреп қарап:
− Біз кездесеміз ғой, − деп есікке беттеген.
− Сөйтеді, − деді қыздың нақсүйері. – Түнгі сағат он бірге дейін
бəріне көнеді, сосын қырық құлаш зынданнан да шығып үйіне кете
барады. Қызық. Үйелмендік бұлжымайтын тəртіп пе, не пəле. Өзі де,
əйелі де қандай болған жағдайда сағат он бірде үйлерінде болу керек
екен.
− Əйелі де он бірге дейін жүре ме? – деп қалды бұл.
− Білмеймін, − деді қыздың нақсүйері. – Бірақ, тəртіп əлгіндей.
Сол күні… Тым кеш болып кеткен соң келіншек қыздың үйіне қонып
қалған. Есіктері жоқ екі бөлме бірінен кейін бірі екен. Бұл төр
жақтағысында жатқан. Бірден ұйықтап кетпек еді, өйте алмады.
Əжептəуір ішкен шараптың əсерінен бе, əлде əйелдік əуестігі ме,
бəлкім, екеуі əл бермеген шығар, əйтеуір, бұл тас қараңғы əлемге көзін
тігіп, жатты да қойды.
Келіншек еркек пен ұрғашының емін-еркін есі кете еміренгендерін
екі аттам жерден бұрын естіп көрген емес еді. Еркектік-ұрғашылық
еміренген əуеннен тас төбесінен ойнаған от қара табанына жетіп, одан
қайта тас төбесіне қарай лаулап, қолдары о жақ, бұ жағына кезіп кетті.
Тамырлары жарылып кететін сияқты; қатты лыпылдап, тарс
айырылардай тарқатылып, сіңірлері тартылып қала берді. Қас
қылғанда, көрші бөлмедегілер көндері кеуіп қалғандай, сол көндері
кеуіп қалғанын бір-біріне сөзсіз дəлелдегілері келгендей, олай етпесе
мұраттарына жетпейтіндей ұзақ, сондай бір ынтық, ынтызар, іңкəр
сыбыр-күбірмен, үздіге аласұрды. Келіншек ойымен ана еркектің
бауырына өзін алып барды. Аймалап, аялап жатып, аяусыз езген
əулетті салмақты аңырап аңсаған. Енді соған ертерек жетпесе, арманмақсатының, қуаныш-шаттығының ақтық демін сезінген… Сөйтіп
жатып аналардың сөздерін естіп қалды.
− Маған біткен сияқты, − деді қыз, демігіп.
− Туасың ба?
− Туам. Жаныма серік болады.
− Күйеуге тисең ше?
− Күйеуге… Қайсы күйеу?.. Жоқ, жаным, мен тек сенен туамын. Бір
тексізге тағдырымды қор еткенше, өзіңнен туамын да, өлгенше соның
тілеуін тілеймін. Сол аман болса, жалғыздық көрмеймін. Басы бүтін
өзімдікі ол… Ол – Сіз. Ендеше, мен бақыттымын. Болатыным, ол бар да,
біз мейлі екі қиырда жүрсек те, өмірде қайта кездеспесек те, бəрібір
біргеміз.
Қыз бен нақсүйерінің осы түніне куə болған сəттен кейін келіншек
бір тəуекелге бел буған. Буған белді босататын еркек қыздың
нақсүйерінің қызметтесі болсын деп шешті…
Күйеуі өлгеннен кейін төркініне оралған келіншекке бертінде атаанасы қаладан осы бір бөлмелі пəтерді сатып алып берген. Кім білсін,
өмір көрген кемпір-шал жас əйелдің жағдайын түсінгені де. Тесік
моншақ теңін тапсын дер. Тіпті, төсек көріп қалған əйелдің тұла-бойын
тулатып тұратын табиғи толқынның кей-кейде арнасынан асып та,
тасып та кететіндігін, онсыз жан-дүниесі азап шегетінін, ендеше өз
бетімен, өз қажетімен ғұмыр кешу табиғилығын да ойлаған шығар.
Қалай дегенде де өзінше өмір сүруге жағдай жасап берген.
…Мына еркектің пəтеріне алғаш келген күні… Ұялу мен қуанудан
бір мезгілде өліп-өшіп, еркінен айрылып елпеңдеп кеткен еді.
Ежірейген екі көзі омырауына қадала берген еркекті қай бөлмеге
кіргізерін білмей, қарадан-қарап сасқалақтасын, кеп. Сөйтіп тұрғанда
еркек ас бөлмеге өзі кіріп кетті. “Телевизор көрмейсіз бе?” − деген бұл
басқа уəж таппай.
− Сериал əлі басталған жоқ қой, − деді анау.
− Қай сериал?
Еркек ыржиды: − Атын білмеймін, соның.
Өзін көзімен ішіп-жеп отырған еркектен қысылып-қымтырылып
жүріп келіншек дастарқан жайды. Танысқаннан бергі жерде осының
сөзсіз келерін біліп, дайындық жасап жүргені шығар, барын үйіп
тастады.
Еркек ауылдан келген қарынның сүр майын нанға қалыңдап жағып
алды.
− Уылдырықтан қоспайсыз ба, үстіне? − деген келіншек.
− Ой, оны… Дəмі жаман…
“Вот тебе, колхозбай, − келіншек іштей мырс етті. − Онда салқын
тауық етінен алыңыз”.
− О жағын қатырамыз, − деді анау. Сөйтті де сан етті көмейлете
асады. Асап жатып рюмкаларға қарады.
Келіншек коньякты өзі ашты.
− Мен… Сол, үлкен стаканмен ішейін, − деді еркек.
− Мейліңіз, – деп келіншек оның қалауын жасап, рюмка көтерді.
− Бірдеңе айтасыз ба?
− Өзің нетші.
− Сөзді еркек бастамай ма.
− Разницасы қайсы…
Келіншек ұрттап татып, еркек қылғып ішіп дегендей, біріне-бірі
қабыса қоймайтын қоңылтақ құрғақ сөздермен отырып екеуі бір
шөлмекті тауысты. Қонақтың араны жаман емес екен, уылдырықтан
өзге тағамдарды жайпап жеді. Тіпті, торттың өзін жылан жұтқандай
қылып жіберді. Кімнің де, соның ішінде еркектің дастарқанға жаудай
тиюін келіншек ұната қоймайтын. Əкесі кісінің ас-суына сұғанақтарды
тексіздік, құлдың құлқыны, деп отыратын. Жалпы еркектің, тамақты
тартынып жеуін сұңқар мінезділік дер еді. Осының барлығын
құлағымен естіп өскен келіншек, бірер ұрттам коньяктың əсерінен бе
екен, əлде еркекке зар күйі, сол зар күйінің аңсарынан ба, əдеттегі
кəділігін ұмытып, дəнеңеге назар аударған жоқ, осы жолы.
Ымырт қоюлай бастаған. “Демалайық, ə…” деді еркек. Келіншек екі
адамдық жұмсақ кереуетке судай жаңа ақжаймалар төседі. Жамылғы,
жастықтың тысына дейін көгілдір гүлді. “Егер тəніме перзент бітсе,
төбесінен көгілдір гүлдер жауып тұрсын” − деп күбірледі, өзінен-өзі.
Келіншек еркекті жалғыз ғана табиғи күйтін қандырып, одан ұрпақ
көру үшін ғана іздеген жоқ, еді. Оның ар жағында анау қыз айтқандай,
құдайға қараған, құбыласынан кісілігі мен түсінігі қатар сəуле шашып
тұратын, алдыңнан соққан боранға, артыңнан соққан ызғарға қалқан
болар азамат кездесе қойса жақсы, оның кездесер күнін тоса-тоса жас
өмірім өтіп кетіп қор болмайын, ол үшін жөні дұрыстау біреуден
ертеңіме серік болар өлгенде топырақ салып, басыма белгі қояр ұрпақ
тусам, туып алайын деген ой қаттырақ атойлаған ғой. “Адуынды, асау
еркектен жуасы дұрыс, − дейтін қызметтес жасамыс қатын. – Мінезді
пəлекеттер қаққанда қаныңды, соққанда сөліңді алады. Одан туған ұл
да жаугер болып жаныңды жейді.”
− Əйелдің бəрібір еркектен ығып тұрғаны дұрыс емес пе, − деген
бұл, анасы айтқан сөзді қайталап.
− Əй, айналайын, жалғыз қарағанда жанарымен-ақ жапырып
жіберетін жаугер жоқ, қазір. Болса түгел астымен асық иіретіндердің
қойнында… − деп елбіретіп жіберген.
− Мұнда кіріп дем ала беріңіз, − деді келіншек ас үйдегі еркекке.
− Өзің…
− Қазір келем.
Келіншек
ваннада
біраз
бөгелді.
Екі
жыл
еркекпен
қойындаспағандікі ме, біртүрлі жүрексінеді. Бірақ, қайтеді, Ай
батпайын десе де, Күн қоймайды ғой.
Төсектің бергі ернеуіне таяп шалқасынан жатқан еркек бұл кіргенде
темекісін сөндіріп, жамылғы көтерді.
− Іргеге өтші.
Келіншек іргеге өтіп бара жатып, көтерілген жамылғының
астындағы еркектің жалаңаш денесін көзімен еріксіз бір шолып өтті.
Сол кезде-ақ ол еркінен айрылып қалған; ойында не бар еді; азабы ма,
қайғысы ма, қуанышы ма, реніші ме, арман-қиялы ма, мұрат-мақсаты
ма, ар-ұяты ма, абыройы ма… бəрі түгел əлдеқайда шым батып кетті.
Санасында тек мына денесіне денесі тиіп, əулетті қолдары бірте-бірте
тұла бойын сипалап, екі қара санының арасын айқара ашып, бар
салмағымен кеудесіне қарай келе жатқан еркек қана қалды…
Еркек қалай тез икемдесе, солай тез əрі аунап кетті. Келіншек сонау
жылғы, күйеуімен болып жүргендегідей, мына əрекеттен дəнеңе
түсінбей қалды. Не болып, не қойды? Ел айтатын қызықтырған,
соншалық дүние көріп күткен, сенген, үздіккен рақаты, қане? Е, содан
іңкəрлікпен дəметкен жан-тəні, балқудың күнін енді-енді көре
бастағанда…
Төсек ернеуінде шылымын шегіп отырған еркек сағатына қараған.
− Уақыт жылдам өтеді, ə? − деп қойды. − Страшно, бежит.
− Асығыс па едіңіз?
− Он бір де үйде болуым керек.
− Себеп?..
− Тəртіп.
− О, құдай… − келіншек ауыр дем алды.
− При чем, құдай?
Келіншектің əлдене айтқысы келсе де, үндемеді. Үндесе,
əңгімелерінің қолайсыз болатынын білді. Жаны бір түрлі жаман
жүдеген. Жүдеді деп кімге өкпелейді, бірақ. Үйлі-баранды адам, үйіне
баруы керек. Десе де бір түнін, алғашқы түнін бүтіндей бұған неге
қимасқа, деген ой-сауал да ішін тесіп барады. Сүймеген соң ба? Өзі ше?
Өзі сүйе ме мына еркекті? Ұнайды. Ал сүю… Келіншек кімді, қашан
сүйіп еді? Күйеуі де ұнаған. Болғаны сол. Өліп, өшкен жоқ. Рас, өткен
қыста ма екен, бір ер адамға қатты қызықты бұл. Ойда жоқ жерден.
Бастығы үлкен мекеменің бастығына əлдебір қағаз апарып беруге
жұмсады. “Жеке шаруа еді, өз қолыңмен өзіне тапсыр” деді. Хатшысы,
көзі ботадай, көркем қыз қадалып қалған пəле екен, шешініп, таранып
кіріңіз деп тықшыңдап қоймады. “Фигурамды көрсетем бе?” деген бұл
да қитығып. “Мемлекет мекемесінің этика дегені бар, тəтей”. “Солай
ма”…
Хатшы қыз бастығының кабинетіне мұны ертіп кіріп, өзі шығып
кетті. Төрде отырған сұсты, бұған жалғыз сəт қана басын көтеріп, одан
əрі өз шаруасымен болып кеткен еркекті көргенде жүрегінің неге шым
дей түскенін келіншектің өзі де түсінбей, бір түрлі абдырап қалған.
“Тыңдап отырмын” деді анау жазып отырған қағазынан басын
көтермей. Даусы да суық екен. Сөйте тұра, жағымды. Сөйте тұра, əсерлі.
Əуезді де, əулетті. Жалғыз қарасы да əулетті еді. Өңменіңнен
өткенімен, өзегіңе өзгеше шоқ тастайды. “Бастығым бір қағаз беріп
жіберіп еді” деді бұл тілін кəлимаға əзер келтіріп. “Беріп жіберсе,
бермейсің бе”. Берді. Енді шығып кетер жерде аяғын еденнен ала
алмай қойғаны. “Тыныштық па? – деді анау бастығы беріп жіберген
қағазға көзін жүгіртіп отырып. – Айтарың бар ма, тағы?”. “Жоқ”. “Онда,
сау бол”…
Осы ғана. Осы ғана сəт оны талай күндер мазалады. Сол еркек түсіне
де кірген, сосын. Қазір де жүрегінің терең түкпірінде сол отыр. Бірақ
оны тек армандай ғана алады. Бір-екі рет телефон шалып та көрмек
болды. Батпады. Тəуекелі жетпеді. Ұяты жібермеді. Қорықты.
Ойлады: адамның бір көргенге ғашық болып қалуы шын болғаны
ма? Не ол, ғашықтық? Өзің мүлде білмейтін, еш уақытта кескін-келбеті
қаперіңде болмаған жанға… Жо, жоқ… Əлдебір кескін-келбеттің,
тұлабойдың елесі мұның қиялында қылаң беретін. Тіпті, бір дауыс та…
Бəлкім, ана… иə ол ой-қиялындағы елес-кейіпке ұқсай ма екен… Сол
ғой, сол… Бəсе…
Еркек қайта икемдеді. Бұ жолы да жаңағы қайталанған. Жылуы бар,
жырғатуы жоқ.
Содан бері талай-талай күндер өтті ғой. Талай күндердің екі-үш
күнінде табыстыратын тар төсектің алғашқыдан еш айырмасы
болмады. Келіншек өзгелер айтып отыратын, өзі көксеген таңғажайып
дегенге жеткен жоқ. Есесіне мына еркектің көнбіс көңілдесіне айнала
бастады. Қызметінен шалдығып келеді. Ананың төбесі көрінгеннен
дүкенге жүгіреді. Əуелде бергенді жейтін еркек, келе-келе “біздің
үйдегінің борщ-супынан зəрезеп болдым, тауық етін пісірші, балық
қуыршы, тұздап қарынға салған сүр май болса” дейтінді шығарды.
Ішімдікке де кет əрі емес. Дастарқан ортасында əр келісінде міндетті
түрде бір шөлмек тұрады. Өз қанағатын алысымен, қорылға басып дəл
он бірде атып тұрады. Атып тұрады да əй-шай жоқ, “Қой, біз қайтайық”
дейді.
Қыста ғой, далада қарлы боран алай-түлей болып тұрған.
− Қона салмайсыз ба,− деген.
− Тəртіп…
Тағы бірде:
− Сіз осы мені сүйесіз бе? − деп сұраған.
− Келіп жүрміз ғой.
− Мен оны айтып тұрған жоқпын.
− Енді нені?
− Сүюді?
− Проблема ма ол? − деген еркек жайбарақат қана.
− Жоқ, сіз айтыңызшы?
− Нені?..
Келіншек боздап жібере жаздаған. Мына еркектің жүрегінде жалпы
шынайы сезім дейтін қасиет, сағынып сарғаю қасіреті, сүйгенге тəн
азап-шер бар ма, жоқ па? Адамның солай болуы керек екенін біле ме,
білмей ме. Білсе мейірім, шапағаты, еркектің ұрғашыны көңіл-күйіне,
оның бірде бүк, бірде шік түсіп жататын, қабырға қайыстыруы
жетерлік тіршілігіне ден қоюы, сөйтіп “Осы сенің жағдайың қалай
болып жүр?” дейтін қамкөңіл-қамқор сауалы, кез келген шаруаңның
оңтайын мен келтіріп берейін, сен осы кез келген қиын мəселелеріңді
міндетті түрде маған айтып тұр дейтін үстем, кісілік мінезі, қайда. Не
ана жағыңның, не мына жағыңның рақатын көрсете алмаса, мұның несі
еркек? Керегі не? Керегі..
Құдай-ау, бұл өз əйелімен қалай екен? Оған да көрсететін опасы осы
ма? Əлде?..
− Сұрасам айтасыз ба? − деген бірде.
− Проблема, жоқ, − деді ол өзінің əдеттегі сөзімен.
− Əйеліңізді сүйесіз бе, сіз?
− Енді, нетеміз…
− Неткені, қалай?
− Тұрып жатырмыз, нетіп...
− Сүйесіз бе, деп сұрап жатқан жоқпын ба?
− Болған ондай.
− Қандай?
− Ну…
− Қазір ше?
− Қазір… Оны қайтеміз. Надо ли, − деген еркек. – У каждого есть свои
интересы, менің де... Но, живем.
− Ол қандай интерес, сонда?
Еркек үндемеді. Бұл да ары қарай індетіп сұрамаған. Ұрғашының
ұлы түйсігі, бір ошақтың отын бірге көсегендердің қырық бұрым
ахуалын түгел тарқатып жатпай-ақ, жалғыз талын-ақ аңдай қоятын.
Келіншек талай-талай ерлі-зайыптының жандары жымдасқан
жарасымды сезімдерсіз-ақ төсектес ғұмыр кеше беретінін, сондықтан
да олардың бірі еркек екенін, бірі əйел екенін бір-бірі арқылы сезінбей
өмірден бары осы шығар деп, тойған қарынға тоба деп өте
беретіндерінде білмейтін еді. Жұптасудың ең асқар шыңы – еркек пен
ұрғашының екі жүректің бір лүпілімен, екі тілектің бір аңсарымен ғана
күн батырып, таң атыруы сиректеу кездесетінін ұға қоймаған. Ерлізайыптылардың көбінің өздерінде көп жағдайда адамилықтан гөрі
хайуани түйсік қалыңыр-ақ екенін түйсіне, сезіне, байқай
алмайтынынан тіпті, қаперлеріне болмайтынынан хабарсыз еді.
Екі айдан бері келіншектің аяғы ауырлап қалған еді. Байсыз бала
туудың қазақ үшін қаншалық қасірет екенін біле тұра, өз жалғыздығын
қандай жолмен болса да өзі ғана жеңетінін, қандай жолмен де жеңіске
жеткенді ешкім де кінəлай алмайтынын өзіне-өзі мойындатып қойған
ол, бойындағы ұрпақтың жарық дүниеге ертерек келуін армандаумен
жүрген-тұғын.
Еркек мұның жүкті екенін білмейтін. Сен осы көтеріп қалмаймысың,
деп сұраған да емес…
…Ауының бұзылған сыдырмасын орнына əзер келтіріп, дəлізде
сағатына қарай отырып, бір тал шылымды асықпай отырып шегіп
алатын еркек, дəл он жарымды соққан сағат тіліне көзін тігіп:
− Ал мен кетейін, − деді.
− Əйтеуір, қайта келмейтін болыңыз, айналайын!
Еркек əңірейді.
− Ау…
− Сол! Жылдам шығыңызшы!
− Проблема нет. Но…
− Не, но?.. – орнынан атып тұрған келіншектің даусы өзімен бірге
жұлқынып шықты. − Кет!
Есік жабылған соң, келіншек шифонерді ашты. Аяғы ауырлаған
күннен өзіне кең көгілдір көйлек тіктіріп алған еді, соны алып айна
алдына барды. Жартылай жалаңаш денесіне киіп, тобығына келе
төгіліп тұрған нəзік, жұқа көгілдір матаның ішінде теңселіп ұзағырақ
тұрған. Неге екенін іші білінгеннен осы көгілдір көйлекті киіп жүруді
ниет еткен. Ұрпағын көгілдір əлеммен көмкеріп жүрейін, көгілдір
əлемдей көкорай көңіл, көкмайса ғұмыр кешер ме екен деген əуел
бастағы үмітте еді. Енді, сол ойынан ай асты ма… əйтеуір, айнып тұр.
Шешім оқыс келді. Бұл əлгіндей жан-дүниесі мылқау, меңіреу адамның
ұрпағын жарық дүниеге əкеле алмайды. Түбі, соның солай туғанына өзі
кінəлі болып шықпай ма? Келетін ұрпақтың кім болатын
жауапкершілігін əркім өзіне алатын ой қашан туады? Мəселе, басты
кісілік − жауапкершілік – ұрпақтың дүниеге келгендігінде емес, қалай
жəне кімнің ұрығы болып келетіндікте шығар. Жан-дүниелері мылқау,
меңіреулер жер бетінде онсыз да аз емес. Жан-дүниелері мылқау,
меңіреулер көп болғандықтан да, көз жас көл, бақытсыздық мол,
прогресс жоқ. Жан-дүниесі мылқау, меңіреудің ұрпағы да соның өзі
болып бітеді, сол болып жасайды, сол болып өтеді. Одан
жаратылғандар да… Ендеше, бұл неге оны тоғыз ай көтеріп, тоғыз күн
толғатып, тууы керек. Жатырыңа біткен меңіреудің ұрпағының өмірін
қиған қылмыс па, жоқ мылқау мен меңіреудің санын көбейткен
қылмыс па?
Қылмыс деген не осы? Қылық па, қимыл ма, құйтырқылық па,
құмарлық па, құтыру ма?..
Келіншек өзін соның қайсысына жатқызады..? Қылмыс – адамның
еркі емес-ау, сірə. Ортасының азғындығы, ортаның азғындығы −
əйелдік о бастан жəркөлештікті былай қой, ер-азаматтың тініне енген
сайқалдық, сатқындық… құрсын…
Əйелдің жатыры – қасірет-кесепаттың да ұясы болса, Ана дейтін
ұлы құдіреттің мəні қайсы? Түсініксіз. Бойыңа біткенді адам ғой дейді.
Адам – жалпы ұғым. Адам кейпіндегінің бəрі ол емес. Құры нөпір, құры
тобыр. Бекер жер таптайды, бекер су ішеді, бекер нан тауысады...
Балконға шықса дүние сұмдық алай-түлей. Сұрапыл бір дауылды
боран тұрыпты. Үлкен-үлкен ағаштардың басы ауа сабалап, шатұршұтыр сынған бұталары қу далаға лағып кеткелі тұр. Байқоңырдан
тағы ұшырылған ғой, деп ойлады келіншек. Бүгінгі дүние осы, аяқ
асты астаң-кестең. Саған, сенің сұраным-арманыңа тəуелді емес. Бұл
ше? Тəуелді ме? Ия.., ия… Бірақ, өз бойы, қол-аяғы сүйек-саяғы өзінікі
емес пе. Пейіл, ниет, ой-мақсаты да… Кімнің шаруасы бар. Өз ар-ұяты,
намысы, сенімнің болмысы емес пе. Бəрі өзінікі ғой. Өзі… Өзгелердің
өкпесі, өзеурегені, өктемдігіне түкірмейді де. “Алдырам ертең, − деді
сосын зар еңіреп – Отаймын, жатырымнан!” Сөйтіп тұрып сұмдық аһ
ұрды. Сұрапыл найзағайдың жарқылынан қақ айырылатын қара
аспаннан тамып-тамып түсетін қара жаңбырдың ірі тамшысындай
ыстық жас қара көздерден алма бетке ағып өтіп, аршын төске қарай
домалап түсіп жатты…
Көкмойнақтан шыққан
«көкжал»
Кеше сол түс екіндіде семіз тусақтың етін бас-сирағымен қоса түгел
көтеріп, Асыраубай Алматыға құдасының үйіне жеткен еді. Баласы
өткен күзден бері қайын атасының қолында тұрып жатыр. Келіні
құданың жалғызы екен. Екі бала дəм татып қосылғаннан кейінгі жерде
құдасы мен құдағиы: «Сопайып жалғыз қалатын болдық... Балалардың
мына тірлігінен кейін сенікі, менікі дейтін не қалды... Егер, құда,
қисаңыз, екі бала əзірше біздің қолда тұрса...» десіп шынында да
жыларман жағдайда емексігенде Асыраубай қапелімде не айтарын
білмей ұлына қарап еді, о бастан момындау баласы жер шұқыды.
«Ұсқыныңды ұрайын, − деген бұл сонда іштей – Мынау қалпыңмен
əкеңнің əйтшуіне əлі əзір жарай қоймассың».
Құдасын күн ұзын кесімді жауапқа зар қылған Асыраубай кешкісін
мəмілеге келген. Оның үстіне ұлы 4-5 жылдан бері бір ғылыми
мекемеде қызметкер еді. Сөз саптауында, миронос қойдың жүнін
бұрынғысынан да жіңішкерте ме, ұзарта ма, сондай бір шаруаны
зерттеумен айналысып жүрген.
– Құдағиды да ала келмедіңіз бе? – деді үстіндегі халатының өзі үлде
мен бүлде құмайкөз құдағи дастархан жайып жатып.
Қырықтан асып кетті дейтін емес, белі қиылып, бөксесі дөңгеленіп
көз жауын алады. Елдің қатыны осы. Сенікіндей бұты тылтиып,
шонданайы шошайып тұрмайды.
– Құдағи дегенде... – Асыраубайдың əдеттегідей тілі қышыды – мына
сізге ұқсап сусып тұрса бір сəрі, – деді, – Сусып тұрмаған соң, өз денем
өзіме жүк болып жүрген мен оны қалай сүйретемін.
– Айтасыз-ау, – деп күлді əйел.
– Айт не, айтпа не, əңгіме сол құдағи.
Осы кезде ақ тер, көк тер болып ваннадан отағасы шықты.
– Келетініңізді білмедік, – деді ол, – Білсек күтіп алатын едік.
Телефон шала салғанда ғой...
– Ойбай, құда біздің Көкмойнақта қайдағы телефон. Тоқсаныншы
жылдардың басында-ақ ішкі-сыртқы ұры-қары темір сымы түгіл
бағаналардың өзін жаудай шауып кеткен.
– Иə, ауыл көрді көресіні, – деп құдасы шылымын будақтатты.
Сөйтіп отырып, біраз саясат сауды. Сөйтіп отырып, ауылдың
тозғанына кінəлі біраз адамдардың аты аталды. Құдай ұрғанда
солардың барлығы да ауылда туып, сиырға ит қосып ауылда өскендер
екен. Содан бақ қонды ма, басқасы болды ма айғыр мінбесе де, ат
мінген əлгі қара тұяқтар су сұраса сүт берген ауылдың бар-жоғымен
шаруасы болмай кетті.
Екі құда ауыл əңгімесінің инесіне кезек-кезек жіп сабақтап түннің
бір уағына дейін отырған. Асыраубайдың мына келісі сол Көкмойнақ
ауылының жайы. Үйдің шаңырағындағы қарлығаштың ұясы сияқты
Көкмойнақ ауылы да қиындағы биік таулардың қапталында жатқан
шағын мекен. Оның қашаннан жұрт тұрағына айналғанын дəл басып
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 15
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.