Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 07

Total number of words is 3920
Total number of unique words is 2312
34.7 of words are in the 2000 most common words
49.9 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жоспарлы тексеру жүріп, онысы ашылып қалды да, міне енді түрмеде...
Түрменің азабын аз тартқан жоқ. Бірақ ол азап өзі жасаған жобамен
балалар бақшасын салып кеткенінің жанында шыбын ғұрлы көрінбеді.
Ой-қиялының, арманының жылдар бойы ақылын ашытып, жанын
жеген еңбегі – бұрын-соңды болмаған жобасы жүзеге асқан соң,
немене. Солай етсем деп үздігіп сүрген жоқ па, өмірін. Жан қалауы –
тағы, тағы жаңаларды көксейді. Ең ғажайыптары солары сияқтанған.
Қанша қағаз сызды, қаншасы сызылып жатыр. Шығады солардың
арасынан көксегендері, деп сенеді.
***
Түрменің темірторлы терезесінен ары-бері ұшып өткен торғайларға
үздіге қарайды... Тағдыр шіркіннің осылай боларын кім ойлаған...
Жарық дүниеде де, мына тар қапаста да келеке-мазаққа, қорлауға
душар боламын деп пе...
Түрмеге түскеннен кейін общаг дегенде тұрды. Алты адам бір
бөлмеде. Араларында Пахан деген бар. Əкесі қазақ, шешесі орыс,
нағашы апасы неміс, ар жағы тағы біреу, қырық сідіктен біткен біреу.
«Осылардың барлығы мені жек көреді, мен де олардың бəрін жек
көремін» деп отырады. Мұның сотталуының мəн-жайын түгел естіп
алып, басынан аямай ұрып-ұрып жіберген:
– Бəленің бəрі осындай баста. Осындай бастың ішіндегі мазасыз,
құтырған мидың ойлап таппайтыны жоқ. Түрмені де ойлап тауып
жүрген осындай бас! Енді келіп, жер төңкеріліп кетсе де құламайтын
үй саламын деп өзіне бəле тауып отыр. Жер сілкініп, топан су қаптап,
ешкім өлмесе, мына дүниеге адам сыймай кетпей ме. Құдай əне, соны
ойлап жерді сілкіндіріп, топан суын қаптатады. Ал сен құдайға қарсы
шығасың. Құдайға қарсы шыққан бас керек пе бізге, керегі жоқ па? –
деп жандайшаптарына қарайды.
– Боже спаси, не надо, не надо, – десіп жамырайды аналар, өтірік
мүлəйімсіп.
– Раз так, что-то надо делать с этой опасный головой, – дейді Пахан.
– Ясно что...
Аналар кезек-кезек басынан келіп шертеді мұның. Шертістері
шекеңді тесіп жібере жаздайды.
Қайдан алатындарын, кімнен келетінін анда-санда наша
шегетіндері бар, бұлардың. Майы кілкіген түтінді кезек-кезек, демілдеміл сорып, көздері құтырып шыға келеді. Сондай бір кездерінде
мұны бұрышқа тұрғызып қойып, сұрақтың астына алсын, кеп.
Қабырғаны көрсетіп:
– Қане, – деді Пахан. – Мына қабырғаның түсі қандай?
– Ақ, – деді бұл қабырға шынында да ақ болған соң.
Пахан мен жандайшаптарының ішек-сілелері қатты.
– Вот дурень, – деп Пахан бұған қарата түкіріп жіберді. – Сен не, бізді
мазақ етемісің?
– Енді ақ қой, – деді мұның тізесі дір-дір етіп.
– Ақ, – дейді. Пахан жанындағыларға жағалай қарады. – Кто
потвердить, мұны?
– Ни как не осмелимся. Он что-то путаеть, – деседі жандайшаптары
ырбалаңдап.
– Көрдің бе, – Пахан жұдырық көрсетеді, – Твои ответы не
соответствует к действительности, так что, давай айт: қабырға ақ па,
қара ма?
Өркенбек өмірі көрмеген мына қорлықтан есі мүлде ауысып кете
жаздады.
– Қа...ра, – деген даусы əзер шығып, амалы жоқтықтан.
Пахан мен жандайшаптары ал кеп күлсін.
– Ну как? – деп пахан бұдан көзін алмай тұып жандайшаптарына
сұрақ қойды.
– Ни как, – деп шəуілдейді аналар. – Қайдағы қара... Видимо он
совсем очумель.
– Адам емессіңдер ме?.. Бұларың не, – деуге ғана тілі келіп, құлап
түсіп еді.
Өзіне-өзі келіп, кірпігі қимылдағанда, аналар не болса соны айтып,
не болса соған күліп, жатыр екен. Сүйретіліп орнына қарай бара жатыр
еді. Пахан: «Ей, қайда барасың, біз əлі біткен жоқпыз, - деп ырқ-ырқ
күлді. – Қане, мұның шимай-шатпағын бері əкеліңдер». Біреуі барып
жастығының астындағы сызбаларын бұрқыратып бері алып шықты.
Пахан жандайшаптарына жоба сызбаларын парақ-парағымен бөліп
берді де: «В туалете будете использовать», - деп қарқылдап кеп күлген.
Осы сəтте жан дүниесі жай оғы тигендей жалма-жан жаман күйреп
кетті. Түйсігінен өмірінде ешқашан болып көрмеген долылықтың қара
бұлты түтеп қоя берді. Іле жыртқыш хайуандар айбат шеккенде
болатын ырылға ұқсас дыбыс естілген. Сол бойы сұмдық бір
жылдамдықпен өзін-өзі еденнен жұлып алып, Паханға оқша атылған.
Жағасына қолы жетті ме жетпеді ме, ол арасын білмейді, есінде
қалғаны – қап-қара күректей күс табанның дəл бетіне келіп былш
еткені...
Паханнан көрген соңғы қорлығынан кейін біраз күн еңсе көтере
алмай жүрді. Ешкімге шағынбады. Тас түрмеде біреудің атын атап айту
түгілі, саусағымен көрсету басына пəле болатын. Бас жарылса, бет
аузың көгерсе құлап қалдым, ұрып алдым деп құтыласың. Бұл да
сөйткен. Жə оны қойшы, «Бас жарылса бөрік үшін, қол сынса жең
ішінде»... Өркенбекті таңқалдырғаны – анау жолы Паханға қарсы лау
еткен сұмдық сұрапыл долылық... Алғаш рет... Ғимаратқа тексеру
жүріп, мұның жағдайы қиындай бастағанда далбасалап көршісіне
барған. «Аға-ау, мен сотталып кететіп болдым ғой», деген «Ал»... деген
анау жайбырақат қана. «Қалай болғаны сонда?» «Қолыңмен істедің бе,
мойныңмен көтересің» «Амалсыздан ғой анау шапка»... «Оны ұмыт
сен» «Нені?» «Шапкі-сапкіні» «Рас қой енді» «Оны екеуімізден басқа
ешкім білмейді бірақ» «Тергеушіге айтсам ше?» «Аштық жарияласаң да
өзің білесің, айналайын».
Өркенбек ананың дүниені өртеп жіберсең де қылы қисаймайтынын,
аяуды, обал сауапты білмейтін, оны ұялту, қорқытудың мүмкін емесін
байқап, адамдарға бұған дейінгі өкпесі адыра қалып, ашу ызасы
алқымына кептелген... Паханға келгенде онысы дүлей долылыққа
үлесіп кетіп еді. Сол долылықтан соң өмірінде өнбойында болмаған
өшпенділік сезімі өңмеңдеп қыр соңынан қалса, қане. Өзінен өзі қатты
тіксініп қалған. Сонда жайлауға ат əбзелдерінен тарту алып келетін
шалдың толғап айтатын көп сөздерінің бірі – «Жауыздыққа
жауыздықпен емес, жаныңның тазалығын сақтап қалумен жауап бер»
дегенін есіне алып сабасына түсер еді...
***
Солай етіп жаңа жобасының сызбасын таза параққа қайта қайта
көшіріп отырған бір сəтінде есік шақұр-шұқыр етіп ашылып, түрме
күзетшісі кірді. Қолында таза қағаз бумасы арагідік өстіп əкеліп
тұрады.
Пахан мұның жобаларының сызбалары түскен қағаздарын
жандайшаптарына артын сүртуге бөліп беріп, бұл үшін қорлаудың ең
айуандығын көрсеткеннен кейін түрме бастығына арыз жазған.
Артық-ауыз сөзге барған жоқ. Қағаз алып тұруға мүмкіндік жасауын,
артынан іздеп келер ешкімнің жоқтығын жазған.
Қайсыбір күні түрме бастығы шақыртты.
– Артымнан іздеп келер ешкімім жоқ депсіз? – Əйелім балаларды
алып кетіп қалған. Тергеу кезінде-ақ. Біржола.
– Қалай шатылып жүрсіз?
– Жаңамен өмір сүремін деп.
– Енді не болады?
– Ешкім түсінбеді...
– Нені?
– Жобамдағы барлық құрылыс материалдарының жалғасуы
қиылысуы, бірігуі адам мүшелерінің үйлесімділігімен сəйкес еді.
Түрме бастығы бетіне ұзақ үңілді.
– Бұл не дегеніңіз?
– Мен рас айтып отырмын.
– Ондай болуы мүмкін емес қой.
– Менімше, адамға мүмкін емес ештеңе жоқ.
Түрме бастығы басын шайқады.
– Солайы, солай да шығар. Бірақ адам нені істесе де заңды бұзбауы
керек емес пе.
– Мəжбүрлесе ше?
– Сізді сөйтті ме?
– Түсініксізбіз ғой, – деді Өркенбек үнсіздікті бұзып, – Күйретіп,
жоюдың жаңалығы ойлап табылса, тарпа бас салып, соны іске
асырғанша жанымыз қалмайды, ал оған қарсыны ойлап тапсаң,
келекелейді, мазақтайды, қорлайды...
Түрме бастығы Өркенбекті сол күннен общагтан кітапханаға
ауыстырған. Жалғыз тұрады. Тіпті, ертеңгі-кешкі тексеруге бармай
қоюына рұқсат етілген.
Əп-сəтте осы болған əңгімені ойлап үлгерген Өркенбекке біртүрлі
қарап тұрған түрме күзетшісі қолындағы қағаз будасын ұсынды.
– Рахмет. – деген бұл.
– Оны бастыққа айтыңыз.
– Білем ғой. – деді.
Түрме күзетшісі стол үстінде қопсысып жатқан қағаздарға қарады.
– Сызып жатырсыз?..
– Ептеп.
– Жалықтырмай ма.
– Жо... Жоқ...
– Босану мерзімі таяп қалды ма?
– Ия, үш айдан соң. Бес жыл дегенің де өтті осылай. – Өркенбек
күрсінді.
– Өкінесіз ғой, ə? – деді түрме күзетшісі.
– Өзгелер үшін сөйтемін...
– Өзгелер үшін... Ол қалай?
– Жаратқанға жақындай түсу үшін жаңа іске жаппай ұмтылмайды.
Қолындағы түрме күзетшісі жаңа əзірде алып келіп берген. «Рахмет,
азамат, – деді күбірлеген, – Құдайдан қайтсын». Бұл түрме бастығына
бағыштаған сөз еді.
***
Темірторлы алақандай терезенің ар жағынан күн сəулесі лүпілдейді.
Əлде олай емес пе? Соңғы күндері кей құбылысты не екенін дəл айыра
алмай қалатын болып жүр. Сондайда екі жауырының арасынан əлдене
қадалып, демі тарылады. Түрме дəрігеріне көрінбек болса, жатқызып
қоя ма деп қорқады. Онда мына соңғы айда жасап жатқан жаңа жобасы
тұрып қалар деді. Осыны шегіне жеткізесін, əуелі. Бұл өзі салған екі
қабатты балалар бақшасы жобасынан бастау алып, аса көп қабатты
ғимараттар құрылысына арналып жетілдірілген, жаңа еңбегі еді.
Зеңгір көкпен тілдескен осы жобасының ғимараты көз алдына елестеп
қоя берді. Сосын жайлауда сілкінген жер үстінде билеп тұрған киіз үй...
Сосын аудан орталығындағы балабақша... Үш ай... Еркіндікке қалай
шықты, бұл ешжаққа бұрылмастан, ешкімге бармастан соған барады.
Соны күзетіп, айналысын сыпырып жүреді, жаңа жобаларын сызып...
***
Темірторлы алақандай терезеден кептерлер қанат қағып өтті.
Төртеу емес, бесеу емес. Анық көрді – үшеу. Қалған үш айымды еске
салғаны ма жаратқанның деп ойлады іштей. Үш ай... Бас еркіндігіңнің,
арман-мүдде, ой-қиялыңды іске асырғаның, адамдарды «Ой,
бəрекелді» дегізгеніңнен артық не бар. Үйіліп-төгілген сонша көп
тілек емес қой. Əркім-ақ білер, ұғар мұны. Сөйте тұра бір-бірінің соған
жетуіне неге қарсылықтар жасайды?.. Жауап таппай, сандалып
отырады, сосын.
***
Күндер өтіп жатқан. Өркенбектің бостандыққа шығуына бірер
күндер қалғанда түрмеге жоғарыдан жоспарлы тексеру келді. Бір топ
адам біраз жатты. Қайтарларында соларды орталықтан тысқары тау
қойнауындағы өзен бойына апарып, ішкізіп-жегізіп, шығарып-салып,
түн ортасында төсегіне жете құлаған түрме бастығын азанда əйелі
оятқан.
– Əй, тұр! – деп жұлқылады. – Кеше түс ауа сұмдық болды ғой. Естіп
пе едіңдер?
– Нені?
– Жер сілкінді, əнебір ауданда.
– Қой, əй, – түрме бастығы жастықтан басын жұлып алған.
– Рас. Телевизордан көрсетті түнгісін. Қирап қалыпты. Тірі қалған
адам бірен-саран көрінеді. Естімедіңдер ме, мұны?
– Тау арасында... мобильный ұстамайды. Қайдан, қалай естиміз. Əй,
сұмдық қой, мынау. Қап...
– Телевизорды қойып қойдым, ертеңгі жаңалықтан естиміз, қазір.
Көресің, жаның түршігеді.
Түрме бастығының көзі теледидарда. Таңғы жаңалықтар біреу əдейі
ұстап жібермей тұрғандай экранға əзер шыққаны. Бəрі рас. Шағын
аудан орталығының шаңы аспанға шығып, үйлер ат көпір қирап
жатыр. Мемлекеттік мекемелер ғимараттарының шеккен зардабы да
сұмдық. Кейін салынған үш қатар мектеп пен мəдениет үйі де сол.
Көптеген оқушылар бетон қабырғалардың астында қалған. Аман
қалған, аман қалғанда бір кірпіші де жерге түспеген жалғыз –
балабақша. Соның жанында тұрған телерепортер лауазымды тұлғаға
сұрақ қойды.
– Бұл ғимарат қашан салынған?
– Ана мектеп, мəдениет үйімен бір мезгілде.
– Мұның еш зардап шекпеуін немен түсіндіресіз?
– Білсем, қане.
– Кімнің проектісі бұл?
– Жергілікті азамат болатын.
– Болатыны қалай?
– Қазір түрмеде, ол.
– Не үшін?
– Ол өзі бір шипититьный əңгіме...
Хабарының соңынан комментарий жүргізген телерепортер
балабақша жобасын жасаған адамның есімін атады. – Өркенбек
Бəзілов.
Түрме бастығы орнынан атып тұрды.
– Бізде... Біздің түрмеде жатыр о кісі, – деп дегбірінен айрылып
қалды.
«Ал сол Өркенбек Бəзіловтың түрмеде жатқанына бес жыл
болыпты, – деді телерепортер қыз. – Неге сотталғанын алдағы уақытта
анықтай жатармыз. Ал бүгін айтарымыз, соның жобасымен өзі бас
болып салынған жүз жиырма орынды балабақша мен ондағы
бүлдіршіндер жеті баллдық жер сілкінісінен дін аман қалды...
– Міне, міне, – деп түрме бастығы, – орнынан тұрып кетті. – Біліп
едім. Сезгенмін, жай кісі емесін. Сезіп ем...
– Кімді айтып тұрсың? – деп сұрады əйелі.
– Архитекторды. Бізде жатыр, дедім ғой, бес жылдан бері. Ал оның
жобасы жүз жиырма бүлдіршінді аман алып қалды. Дін аман.
Өркенбектің жатқан жеріне өзі бармақ болып, қолын алмақ болып,
жақсы-жақсы лебізін айтпақ болып қызмет орнына ентігіп жеткенде,
орынбасарының бірі есік алдында күтіп тұр екен. Ілесе кіріп айтқаны:
– «Архитектордың» жүрегі тоқтап қалыпты, азамат бастық.
– Тоқтап қалғаны, қалай? – жаман көзімен жалт қарап, орнынан
атып тұрған.
– Сызбаларын кеудесіне басып құшақтаған күйі...
– Бара бер, – деді қолын сілтеп. Басын қос алақанымен құшақтап,
ұзақ отырды. Ойлап келгеніне жетіп үлгермегеніне, байқұстың салып
кеткен бала бақшасы жер сілкінісінен аман қалғанын естімей
кеткеніне өлердей өкінді, опынды. Біртүрлі көңілі жаман босаған.
Бірақ, көзінен жас шыққан жоқ.
БАТЫР
Соңғы кездері Батыр көбіне оқшаулана беретін: күн ұзын түйенің
жүнінен жасалған бөстекте жамбастап жатады да қояды. Қызметші
жігіт арқылы өзі шақыртпаса, бəйбішесі мен тоқалы да үстіне өз
еріктерімен кіре бермейді. «Япыр-ай, өзін-өзі соншама оңашалап,
Батырдың талқаны таусылуға таяды ма, немене?» – деген де сөз
сыбыр-сыбыр естіліп қала бергелі де біраз уақыт.
Оның етегінен тартып, еңсесін езген екі ауыр қайғы болатын:
біріншісі – ата мирас жау қолынан өлмегені... «Батырдың ажалы
жаудан» дейтін қатал кесім бұлардың тұқымына тəн ұлағатты ұран
сөз; жауға шаба алар қай-қайсысы да ат жалын тартып мініп, қолына
найза ұстағаннан, «Е, құдай, сол тілекті бере көр!» десетін-ді. Десетін
де, жан алып, жан беріскен қанды қырғында өлем-ау дейтін ой
ешқайсысында болмайтын. Атасы кіндік тұсынан бойлап кірген сұр
жебеден, əкесі мойын түптен тиген семсердің өткір жүзінен қаза
тапты. Ал бұған келгенде... Батыр əкесі мен атасынан аз немесе кем
шайқасқан жоқ. Он алты жасында төрт көз сауыт киді. Жау қарасы
көрінгеннен жер тарпитын тоқпақ жалды торы айғыр деймісің, қамшы
сілтетпей-ақ қара тұяғымен бір орнында шыр айналатын қабырғалы
қазанат деймісің, қаншама жыл қайсысының белінен қашан түсті.
Сондағысы ел мен жердің намысы. «Аттан!» дегенде, алтын сақадай
алшысынан түсіп, алдаспанын айға, күрзісін күнге білегенде, əлгі
намыс үшін жау қолынан мерт болсам деп көкседі. Елі мен жерінің
құрбандығы болу – ұрпақтан-ұрпаққа қалар мəңгілік аманат еді. Амал
не, жаныңды жалғыз сəтте жаһаннамға жібере салатын дүлей
дұшпанның аруақ-айбаты, қуат-пірі бұған келгенде, абыройдан
айырылып адыра қалды. Əйтеуір, тіктеп келген кім де екі бүктеп,
үптеп кете алмады... Қылыштасқанды ер үстінен ұшырып,
найзаласқанды ат көтіне түсіріп кете барған. Сонда ғой... Сонда жан
сауға сұраған аз. Десе де, «Батыр-ай, жанымды қи!» деген құдайдың
құлдары да болды-ау... Иə, ондайлар да болған. Қайсыбірде, жаудың
бірімен жекпе-жекке шықпай ма. Жастау кезі ғой, жасамыс батырмен
бие сауым найзаласып ат көтіне түсірмей ме. Сосын сала құлаш
семсерін суырып алғанда, көзі жаутаңдаған алпамсадай неме: «Батырай, жанымды қи!»  демесін бе. «Оның не?  деген бұл. – Жау қолынан
мерт болу  батырдың мұраты емес пе-əй?!» «Бұл қай сөзің? Өлудің қай
жері мұрат?» «Найсап, батыр дүниеге елі мен жерінің құрбандығы болу
үшін келмейтін бе еді!» «Оны қайтесің. Жанымды қи, Жаугер!»
Батыр оған енді қайта көз салмаған. Атын қатты тебініп,
жасақтарына қарай жөней берді. «Нəлетіні тірі қалдырып кеткенің
қалай, Батыр?»  дескендерге: «Ол өзі де өлген адам екен, – деді бұл. –
Батыр емес, қатын. Қатынды қалай өлтірем!..»
Басын көтеріп насыбай иіскеді. Балтыры сыздай бастаған. Дыбыс
беріп еді, қызметші жігіт лып етіп кіріп келді. Ойыңды айтқызбай
білетін сұңғыла:
– Шақырайын ба? – деді.
– Сөйт.
Көп күттірген жоқ, үйге үлпілдеген түркімен қатыны енді. Оған
аяғын созған. Ұрғашының əрі жұмсақ, əрі ыстық алақанынан бойың
балқиды. Аялап сипағаны қандай... Сол аялап сипаған ыстық алақан
балтырдан өтіп, тізеге жеткенде көңілің қутыңдап, жоғары қарай өрлей
берсе деп үздігетінің-ай. Сəл езу тартты. Мұрты тікірейген.
– Жай ма, батыр? – тоқалының дауысы əн салып тұрғандай ырғалды.
– Есіктің ілгегін салшы.
– Ауырып отыр ем...
– Не ауру? – Батырдың өңі суыды.
– Сол, əлгі...
– Ə... Ə...
Көзін қайта жұмған. Суық леп өзегін тіліп өткен: «Жаратқан-ай, мені
екі нəрседен қақтың ғой: ажалым жаудан келмеді, бір ұл перзентке зар
қылдың...» Бəйбішесі төменгі өзен бойындағы аталы жердің қызы еді.
Екі қыз туды да, тоқтап қалды. Қыз кезінде солқылдаған тал
шыбықтай сұңғақ бойлы-ақ болатын, алғашқы қызды туған соң тез
тола бастап, көп ұзамай екі бұтының арасы майға толып, ана қаздай
талтаңдап қалған. Қатты семірген тауық жұмыртқа тумайды деуші еді,
сірə, бəйбішенің жатырын май басқан. Оның үстіне мына түркімен
тоқалынан кейін бəйбішесіне артылуы оқта-текте, əрі онысы апылғұпыл əйтеуір «əриай-дай» еді.
Түркімен тоқалы... Онда ма... Онда мұның елуден асқан кезі.
Қайсыбірде, бұлар жоқта ауылды шауып кеткен түркімендерден
қарымта қайтару үшін мұздай темір құрсанған қазақ жасағы атқа
мінбей ме. Араға əдейі екі ай салып мінеді. Сөйтіп екі күншілік жер
жүріп, таң енді қылайғанда, қалың ұйқы құшағында жатқан түркімен
ауылын бас салмай ма. Екі айдан бері арттарынан келуге тиіс
қуғынның қарасы көрінбей, «қазақ қорықты» десіп, құдай, тобаларын
ұмытқан сеңсең бөрік, сіреңке қара түрікмендер азанғы айғай-сүреңнен
төбелеріне оқыс жай түскендей сасқалақтап, киінуге мұршалары жоқ,
қолдарында жалаң қылыш, дамбалдарының ауы мен бауы салақтап,
киіз үйден атып-атып шыққан. Жасанып келген жаугерлерге бей-
берекет қару сермеп жүрген құдайдың құлдары бұйым ба, қазақтар
оларды жусатты да салды.
Мұндайда жаудың өзіне істегенін өзіне істеу, тіпті асырып жіберу 
кектің еселеп қайтқаны. Қатыгез заманның қатыгез əрекеті көз жас,
мұрынбоқты қаперге ала бермейді. Жылатқанды жылату керек.
Сенікінен мұнікі əулие емес. Кек қан төгумен ғана қайтпайды. Өшті
жауыңның ұрғашыларын масқаралаумен алу  тіпті лəззат.
Қазақтардың азаматы əлдебір жиын-тойға ма, өзгедей шаруамен бе,
тысқары кетіп, осыны аңдыған түркімендер ауылды бас салғанда
жасайтын сұмдық сойқаны – қыз-келіншектердің ұзын етегін төбесіне
көтеріп, түйіп тастап, білгендерін істеп, құмарлары қанған соң, көделі
қималарына қоз толтырып кететін. Қамшының сабымен піспектеп.
Бұл қорлық пен көргенсіздік – сол қорлық пен көргенсіздікті тудырды.
Қазақ жасақтары түрікмен ауылын шауып кек алғанда, түрікмен
ерлерін керегеге таңып байлап тастап, көздерін жұмылмайтындай
етіп еттеріне ши тіреп, керіп ашып қоятын да, дəл қарсы алдында
əйелдерін тыр жалаңаштап аяусыз умаждайтын.
Түркімендердің түте-түтесін шығарып, Батыр жасағы енді əлгі
əрекетке кірісуге ыңғайлана бастағанда, шеткері тұрған киіз үйден бес
қаруы сай төбедей түркімен жігіт шыға келді. «Батыр, – деді дауысы
қаңсып, қамығып, – батыр, əуелі мені өлтір!» Шамамен бұдан екі
мүшелдей кіші. Күндердің күнінде осы қорлықты көрермін деген ой
қаперіне кірмеген аусар, адуынды жас енді мына дүниеден түңіліп,
болғалы тұрған сұмдықты болдырмау үшін өзін құрбандыққа шалғалы
тұр. Егер Батыр қазір жасақтарына иек қақса, мына жалғыздың жанын
қас қағымда жаһаннамға жібере салады. Алайда бұларға атадан қалған
бір мирас  батырды жабылып жеңуге болмайды. Ол  өзіңді қорлау.
Өзіңді-өзің қорлағың келмесе, оны жекпе-жекте жең. Жеңе алмасаң,
өзің көксейтін жаудан өлу мұратыңа жетесің. «Атыңа мін! – деді сонда
бұл. – Шық, былай!»
Жаугерлер орталарын ашып, қақ жарылды.
Екеуі ұзақ айқасты. Түркімен əрі жас, əрі тым қайратты еді: ұрған
сайын найзасы Батырды ер үстінен солқ-солқ қозғап, ұшырып жібере
жаздады. «Сірə, ажалым осыдан болар, – деген Батыр іштей. – Жекпежектен өлімім. Оқыс тиген қылыштан, қаңғыған жебеден емес, ерге тəн
жекпе-жектен жер жастанды. Ерлікпен дер...»
Түркіменнің найзасы келесі сілтегенде, сүбесінен қадалды. Əнеміне, ат бауырына түсетін сəтте, талай жаугершілікте иесінің
жағдайын тақымынан аңғарып, керек жағына жалт беруге əккіленген
қара төбел қазанат Батыр қисайып бара жатқан жаққа қарай шалт
қимылмен, шапшаң бұрылып, шұғыл айналсын. Сол сəтте түркіменнің
найзасы тайып кетті. Бойын түзеп алған батыр ендігі жерде өлімді де,
өзгесін де тарс ұмытып, тек оттай қаулаған намысымен ғана қалды.
Бірақ өзін долдануға жіберген жоқ. Долданған адамның көзі дым
көрмей кетіп, отқа өзі түседі. Жеңістің ең жеңіл жолы – ақыл, айла, əдіс.
Қайта бір бетпе-бет келгенде, өзі жақсы білетін тəсіл – ұшы
таралғының астына өтіп, ер қасасына байланатын шумақталған қыл
арқан бұғалықты көз ілеспес шапшаңдықпен түрікменнің мойнына
тастап жіберген. Осы мезетте əккі қара төбел қазанат артына қарай
жалт беріп, қарғып кетті. Төбедей түркімен ат жалынан, ер басынан
ұстап үлгермей, ақалтекенің үстінен қара жерге төңкеріліп түскен.
Батыр оны қырылдатып біраз жерге сүйреп барып, кері оралды.
«Аруақ! Аруақ!»  десіп жасақтары азан-қазан.
Қылшылбыр буындырып, қырылдап жатқан түркімен көзін ашты.
Қып-қызыл жанарынан екі ірі тамшы жас ыршып шықты. Намыс пен
қорлықтың оттай ыстық екі тамшысы. Батыр найзасын көтеріп, оның
кеудесіне дəлдеген. Бойлата сұғып жібермек. Іркілді. Батыр адамды
жеңу де, жеңген соң өлтіру де қиын. Көзің қимайды. Əсіресе, мынандай
боздақты. Қыршын ер... Найза көтерген қолы аспанда салбырап ұзақ
тұрыңқырап қалды. Сол мезетте киіз үйден, құдай-ау, көрерге көз
керек уыздай жас əйел заты жүгіре шығып, қылшылбырға буынып,
үсті-басы топырақ болып жатқан түркіменді дауыс шақырып бас
салсын. «Қосағым!» деп сыңсығанда сай-сүйекті сырқыратады.
Соңынан бұлтың-бұлтың жеткен үймелі-сүймелі қос бүлдіршін де
еркектің үстіне барып төнді. Батыр кез келген шешімді шұғыл
қабылдайтын. Жасақтарына иек қақты. Бəрін ымнан түсінетін
жаугерлердің екеуі сытылып шығып, барған бойы қырғи мүше, қыпша
бел келіншекті екі қолтықтан ілді де əкетті: «Жаныңды қидым, – деген
сонда Батыр түркіменге. – Бірақ қатыныңды алып кетемін!»
«Өйткенше, өлтіріп кет, – деді анау боздаған, бордай тозған дауыспен.
– Өлтір!» Бұл лəм деместен ер қасасындағы қылшылбырдың байлауын
шешіп, оны түркіменнің кеудесіне қарай лақтырып тастады да, атын
тебіне берді. «Өлтір! – енді түрікмен түйедей бақырды. – Өлтірмесең,
жер түбіне кірсең де, сені мен өлтіремін!» «Мə! – деген бұл сонда ердің
қасасына тиіп тұрған дорбадай ауын уыстап ұстап. – Мынаны жеп ал,
əуелі!»...
Көзі жұмулы Батыр мырс еткен. Салалы саусақтарымен балтырдың
көк етін сығымдап отырған тоқал қасын керді.
– Ойыңызға күлкілі жағдай келді ме, батыр?
– Тыныштық, – деді.
– Қанша жыл біргеміз, бір ашылмайсыз маған?
– Қатының барыңның бəрін білсе, оның байына əуестігі жоғалады.
– Қызық екен!
– Қызық емес, рас.
Ол көзін ашты. Қырықтан жаңа асқан тоқалы əлі құлын мүшесінде
дерлік. Сол баяғы құмай көз, құба жүз.... Қаз кеудесі сəл қимылдаса, дірдір етеді. Қиылған белдің ар жағында қолың тисе, ұлпадай əсер ететін
томпақ, тоқ бөксе...
Мұның көргені  бəйбішесі мен тоқалы ғана емес еді. Сонда он алты,
он жеті жасқа жеткеннен бергі жерде желіккен жеңгелерімен
басталған сері сүреңнің соңына шам алып түспесе де, оңтайы келгенде
қасы-көзі қиылған ұрғашының ыңғай бергенін шатқаяқтатып кете
беретін. Көбіне апақ-сапақта. Қазақ шіркін өрістен мал қайтып, ауылы
азан-қазан болып кететін сол апақ-сапақта аңдыған қатынын, қорыған
қызын тарс есінен шығарып, сиырын байлап, қойын қоралап,
жылқысын тұсап, отпен жағаласып, ошақпен алысып, сіңбіруге
мұршасы келмей кетеді емес пе. Е, сонда...
Көзі қайтадан тоқалына түсті. «Сүйегі асыл зəді»,  деп қойды іштей.
Болмаса, қырықтан асқан қатын өстіп талшыбықтай бұралып отыра
ма, сыры да, сыны да кетпей. Жалпы түркімендер қыздарын қазаққа
қарағанда, ертерек қатын қылады. Қос алмасы енді бұлтиған
қыздарын алдарынан өткізіп, сеңсең бөріктерін дəлдеп жіберіп қалады.
Тигенде қыз жығылса, жығылды, жығылмаса қойныңа сала бер. Мынау
да, əрине, байына ерте тиген.
 Қатын-ақсың,  деді батыр келесі аяғын созып жатып.
 Оныңыз не?
 Рас айтамын,  Батыр көзін қайта жұмды.
Байынан жекпе-жекте жеңіп, тартып əкеліп, енді қойнына саларда
төсек шетінде екі иығы дір-дір етіп, құнысып отырған өрімдей
келіншек: «Екі ұлым қалды онда, – деп еңіреп жіберген.  Екі ұлым...»
«Енді менен туасың, маған тап ұлды!  деген Батыр.  Қане, кір көрпеге!»
Жаудан келген олжаның ең бағалысы  ұрғашы. Сонымен мауқын
басқанша еркектің жауына деген өшпенділігі басыла қоймайды. Ой,
сұмдық-ай... Неге? Кектің күйігін сонымен баса ма, əлде бұл еркектің
өзі шыққан жерге өмір бойы үздігіп өтер пəтуасыздығы ма?
 Əттең,  деді Батыр сол көзі жұмулы қалпы.  Ұл туып бере алмадың.
 Құдайдың ісі,  деп тоқалы кінəлі жандай басын жерге салды.
 Екінші қызыңды туған соң, сен де бəйбіше сияқты тоқтап қалдың.
Ұрығым көксідіктеніп кетті ме немене, а?
 Сол екінші қызды зорға босандым ғой. Соның зардабы ма...
 Түркімен байыңның көзінен шыққан екі тамшыны көріп едім. Сол
көз жасы ма екен... Қарғыс жаман,  деп Батыр енді тұрып отырып тағы
насыбай иіскеді.  Өлтіріп кетпесең, қаныңды ішемін деп еді. Келмеді...
Тірі ме екен, а?!
Екеуі де біраз үнсіз қалды. Сосын тоқал тіл қатқан:
 Қымыз əкелдірейін бе?..
 Қояқ қой, əзір.
 Үйден мүлде шықпайтын болдыңыз. Атқа мініп біраз сейілдемейсіз
бе?
 Одан не шығады?
 Сергисіз.
 Адам атқа мініп, дала кезбек түгілі, қанат байлап көк зеңгірге ұшса
да, жанын жеген ойдан қашып құтыла алмайды.
 Сізді азапқа салатын не?
 Жау қолынан өлмедім.
 О, құдай, сұмдық қой мұныңыз!
 Атадан қалған мұра.
 Түркіменде мұндай жоқ.
 Қазақта бар.
 Сосын?
 Бір ұл...
Əйелдің өңі қызарды, қысылып-қымсынғаны білініп тұр.
 Тағы біреуді алып берсек...
Батыр мырс етті.
 Үмітсіз шайтан,  тоқалы шын пейіл білдіріп-ақ тұр.
 Үміт  өзіңді-өзің емексіту. Өйтіп, əне-міне, иə, иə деп елпеңдейтін
жайым жоқ. Қайтесің,  деп Батыр тоқалының бұрымынан сипады. 
Барып шаруаңмен айналыс енді.
Оңаша қалған батыр тағы да ой қаузайды. Жаңа «түркімен
байыңның» дегенде тоқалының селт етіп, танауы қусырылғанын еске
алды. Ұмыта алмайды, сірə. Қыздай қосылғаны. Қыздай қосылып,
сосын оның жауына қатын болу... Неткен сұмдық зауал. Құдай-ау,
бұдан өткен қорлық бола ма? Əйелдің пешенесіне осы теңдесі жоқ
азапты жазған кім?! Тəңірі ме? Тəңірі қайда, біз қайда... Біз, еркектер
емес пе бəрін істейтін. Біз ойлап тапқан жоқпыз ба небір сұмдықты:
ұрыс-таласты, қан ішуді, біреудің елін талап, жерін тартып алуды,
біреудің қатынын күшпен алып, қатын етуді... Ұзында кеткен өші мен
қысқада кеткен кегін іздейтін: дүниені бүлдірген, бүлдіріп жатқан,
бүлдіре беретін біз  еркектер екенбіз-ау осы. Өзіміздің қарау, бұзық
қылығымыз, əдетіміз, пейіл-ниетімізбен əуелі дауласып, артынан
жауласып кете барамыз. Болмаса, осы даланы қойы қоралас, жылқысы
аралас, жұрты қоңсылас жатқан қазақ пен түрікменнің қайсысын, қай
күні, қалайша түлен түртті. Өткендерден қалған сөз  қазақ-түркімен
жаулығы қазақтың ақ байталынан шығыпты əуел баста. Желден
жүйрік екен жануар. Қазақ пен түркіменнің қай бəйгесінде де алдына
жылқы салмаған. Енді осыған түркімендердің сілекейі шұбырмай ма.
Адамды құдай бір нəрсеге үздіктірмесін. Үздіксе, соған қолы жеткенше
жаны қалмайды. Қу тамағын ішіп отырып та, құс салып жүріп те,
насыбайын атып отырып та, қатынының жұмсақ бөксесін сипап жатып
та, əлгіге аңсары ауады да тұрады. Сөйтпесе, түркімендер қазақтың
жердің шаңын боратып, аспанның басын айналдырып, шабатын ақ
байталын сұрап қазаққа қолқа сала ма. Қазақ желден жүйрік жүйрігін
мұрты жоқ, сапсиған сақалының ұшы сіміріп тұрған қымызына ортан
белінен батып тұратын, сеңсең бөркін басынан алса, тердің күлімсі иісі
бұрқырап жүректі айнытатын қызталақтарға қалай мінгізіп жібереді.
Осыған ерегіскен түрікмендер ақ байталды өрісте жүрген жерінен
ұстап алып, бауыздап кетіпті.
Мына қорлауға қазақ қайтіп шыдайды. Ерін намыс өлтірген,
асқынғанды тəубесіне келтірген жұрт қой бұл. Қаһары қара бұлттай
қаптап шыға келді. Əншейінде он мың жылқысынан бір тайды қасқыр
тартса, қайғыдан қан жұтып жатып алатын байлар тізіліп келіп суын
ішсе, өзеннің ағысын тоқтатып тастайтын үйір-үйір жылқыларын
ауыл-ауылға айдатып əкеліп, «Ал, қане, азамат біткен атқа мін! Кек
қайтар!» дескен ғой. Сөйтті де қазақтар сеңсең бөрік, сіреңке қара
құдайдың пенделерін қуып отырып құмға тықты да тастады. Сол екі
арада қанша қырғын өтті. Қазақ пен түркіменнің қаншасы қыршын
кетті. Тапталған абырой қанша...
 Япыр-ай,  деді Батыр дауысын шығарып.  Ақ байталды бауыздап
тастамаса ғой, түркімендердің мына ұланғайыр далада іргемізге іргесі
тиіп, інгенімізге інгені сүйкеніп отыра бермес пе еді. Зобалаң жасап,
зобалаңға тап болды. «Шығасыға иесі басшы» деген сол...
«Əлде,  деп те қояды бір ойы,  жауласудың себебі басқада, тым
тереңдегі ме екен? Кім білсін!? Кім білсін!?»
Сəл мызғып алсам деп еді, онысы болмады. Қайдан сап еткенін,
тоқалының жаңағы «біреуді алып берсек қайтеді» деген сөзі ойына
оралды. Алам десе, құдайға шүкір малы жетеді. Беделі сұмдық. Бірақ...
Иə, ол ұл туып бере ме бұған? Мұның сасайланып, ұрығының
көксідікке айналған кезі емес пе. Ұрғашының ауын дымдағанға мəз
дəурені баяғыда өткен. Бұған керегі  ұл перзент. Беу, дүние!..
Атадан екеу еді. Артынан ерген жалғыз інісі дүниеден бас құрауға
үлгере алмай кетті. Неге өйтті?.. Япыр-ау, неге?.. Азанғы шайын енді
ішіп отырған. Ауылдың бүкіл итін шулатып екі атты есік алдына
тоқтаған. «Батыр үйде ме?!» деген зəрлі дауыс киіз үйдің жабығын
желпілдетіп жібере жаздаған. Қызметші жігіт міңгірледі: «Үй...де».
«Онда ұста ат тізгінін!»
Еңкейіп екеу үйге кірді. Өңдері өрт сөндіргендей, мұрттары
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 08
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.