Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 13

Total number of words is 3908
Total number of unique words is 2235
34.3 of words are in the 2000 most common words
47.5 of words are in the 5000 most common words
54.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жағында жапсарлас шағын бөлмесі бар. Орысша айтқанда, закусочная.
Мына сабаздар жиі-жиі сонда барып отырып, бірер жүзден
сыздықтатады, саясат соғады, билік жақта жүріп жатқан өсек-аяңды
түгендейді, өздерінше бəріне талдау жүргізіп, қорытынды жасайды.
Біздің заманымызда... десіп шіреніскенде, шалбарларының белдігі
үзіліп кете жаздайды. Осылар болмаса, дүние қаңырап, қараң қалмақ
екен. Тəртіп еді ғой, тəртіп еді деседі. Сайтандық пен сайқалдыққа жол
берілмейтін. Не в коем случае! Сіңбіруге мұрша жоқ болатын. Жұмыс,
жұмыс жəне жұмыс. Рахат, қызық қайда. Қазіргілердікі – сауна, қыз...
жатқан сайран, тұрған сауық. Қайран біздің қасиетті заман...
Соны естігенде Борқан ішінен: «Əкеңнің қу басы» дейтін.
Сабаздар мұны да орталарына қоспақ ниет білдірген. Борқан қу
даладан қашты.
Мұғалімдердің дəстүрлі августь конференциясы енді-енді өткен.
Бірінші шақырды. Күн сенбі. Шахмат. Ойын үстінде:
 Конференцияда Қоғаты совхозынан ба... Бір жас мұғалім сөйледі
ғой. Болайын деп тұр. Сен соны зерттеші, – деді.
Несін дегендей Борқан біріншіге көзін сүзген.
 Кімі бар...
 Сұрастырайын.
 Өсетін жас. Аудандық комсомол комитетінің бірінші секретары
мұртты бала бос белбеу, енесін... Соның орнына жаңағы қыз лайық.
Дүйсенбіде идеология жөніндегі секретарь шақырып тұр.
 Біріншіден тапсырма алдың ба? – деді салған жерден.
 Зертте деді.
 Дереу кіріс онда. Қанды басың бері тарт деген əңгіме бұл, – деп ырқырқ күлді. – Тұяқбай Сəпиевичтің вкусы сұмдық.
Борқан үйіне келді де, бөтелке арақтың аузын ашып фужерге
толтырып құйып, тамшысын қалдырмай тартып алды.
 Тыныштық па? – Əйелі қасын керіп еді, оған көзін салмастан:
 Мазамды алма! – деп тыйып тастады.
Содан отырған. Бəрінен жаман көңілі қалды. Іштей жаман екіленді.
Енді үлбіреген қызды... Япыр-ау, бұл бір уақ айнаға қарамай ма? Қарны
анау жер сызған, бет анау – сүтті сиырдың желінінен сəл үлкен. Қайсы
бірде топ болып, ол бастап Қараойдың жазығына шыққан ғой бұлар
бұлдырық атуға. Сонда жаман шошыған, жиіркенген одан.
Жиіркенгенде, қарны қабақтай адам жазық жерде өздігінен түзге нете
алмайды екен. Бірдеңені қолымен ұстап отырмаса, құлап қалатын
болып шықты. Содан қайтеді, қайткенде идеологиялық секретарьдың
қолынан ұстап отырып күшенді. Идеология жөніндегі секретарь
күшеніп отырған адамның емес, құдайдың қолын ұстап тұрғандай
нетіп... Борқанның аза бойы қаза болған. Сол өздігінен жазық жерде
түзге отыра алмайтын адам енді келіп үлбіреген қызды... Бұл ұрғашы
біткен туғаннан жатыры қағынған əлгі экономист келіншек деп жүр
ме. Бірінші секретарьлығына баспақ. Не қылса да, енді аулақ. Бұл ары
қарай екі араға жеңгетайға жүре алмайды. Ана жолы келіншектің
күйеуін масқаралағаннан кейін-ақ, сөйтіп түйген көкейіне. Сонда зам
байғұсты аяусыз қорлағандарына жер болған. Есіне алса, бетінен оты
шығатын. Əйтеуір, сол оқиға ойынан кетсе, қане. Кінəлі сезім жан
дүниеңе бір еніп алса, түйсігіңді түтіп, сүйегіңді кеміріп жеп жатар
жағы қарыспайтын, жарасы жазылмайтын жаңғырық болып шықты.
Сол масқара оқиғадан бері екі ай өткен жоқ, тағы...
Фужерге толтырып алып, сіміріп салды. Ой, бүйткен өмірдің... Оқу
бөліміне меңгеруші болып келген күннен бері басқан батпағы, кешкен
лайы сұмдық қой. Аз ғана уақытта... Бұлардың айтқанына көніп,
айдағанына жүремін деп қаншаның обалына қалып, қаншаның
қарғысын алмады. Атасына нəлет!... Осылай жалғаса-жалғаса,
күнəһарлықтан көз ашпас. Кету керек! Қалаға. Немере ағасы бар.
Мұғалімдік жұмыс тегі табылады. Математика пəнінің маманы.
Математик қай мектепке де керек.
Арызын жазып ертесіне идеология жөніндегі секретарьдың алдына
келген. Ананың көзі адырайды.
 Əй, мұның не?
 Кетем!
 Кетем... Кете салғанның оңайы-ай, ə! – деді ол кекеп сөйлеп. – Кім
жібере салады сені.
 Мен ешкімнің байлаулы төбеті емес шығармын.
 Емессің. Бірақ партучетта бізде тұратының рас.
 Тұрса ше?
 Партиялығыңды қараймыз тік тұрғызып.
 Қарай беріңдер.
 Əй, тоқта!
Есікті тарс жауып шығып кеткен. Сол кеткеннен мол кетті ғой бұл...
Борқан күрсінді. Кешкі тамағын ішіп, қара диванына сұлап түсіп
жатқан соң, ұзақ дөңбекшіген. Тұтқабай Сəпиевич... Оның атындағы
мектеп. Бюсті... Қазір қай жағыңа қарасаң да, тарихыңды түгендейміз
десіп, «қан құсып» жүрген қазақ. Сонда кімдермен... Тарих деген
қасиетті қарияның қойнына кімдерді кіргізіп, кімдерді тықпалап
жатыр. Тарихтың өстіп көр-жермен ішін сыздатудың обалы кімге.
Сыздаған іш сөз жоқ бір күні өтеді, сонда көр-жер түгел сырқырап ағып
кетері қаперге неге кірмейді. Неге? Япыр-ау, қайда асығып, қайда
аптығып барамыз? Көңілді неден көк тұман, көзді неге ақ шел басты,
келер күндерге кімдерді үлгі етіп жатырмыз?
Ұзақ жылдардан бері тиіп-қашып қоятын. Енді мына Тұтқабай
Бошаев туралы теледидардан естігенде, сол азап-шері қозып, жүрегі
біртүрлі қатты сыздай бастаған. Бойы біртүрлі ұйыды ма... Əлсіреп
ұзақ жатты.
Марқұм əкесі құлағына сыбырлайтын сияқты: «Жүр, – деп бұған
қолын созып тұр. – Мəңгілік орныңа, өз қасыма кел, ұлым... Қане!»
« – Жүр бері, – дейді – Жүр... Ақиқаты айтылмайтын о жақта құр
жүре беріп қайтесің... Құр жүре беру азамат үшін өмір емес, қорлық. Сен
сол қорлықты əлі көтеріп келесің. Өйткені өзің де күнəһарсың.
Болғансың. Бойыңды тазарту үшін ақиқатты айтуың керек еді.
Айтпадың. Қорықтың. Дымың ішіңде, бұғып кештің ғұмырды.
Қорлықтың, үрейдің шекпенінен шыға алмадың. Азаматтығың жетпеді.
Ерлік рухтан ада едің. Ерлік рухы жоқ адамдардан ерлік рухы жоқ
сырты əлеміш, əртіскеш, əсіре қоғам пайда болады. Сен оны өз
көзіңмен көрдің кеше. Бірақ айтпадың. Ешкім де айтпады. Тұтқабай
Бошаевтың қоғамның өлмес өнегесіне айналып отырғаны сондықтан.
Он ба, жүз бе Бошаевтар?.. Қой енді, жүр... Кел өз қасыма... Тыншы...
Өзіңнен өзің сөйтіп құтыл».
Бұл қап-қараңғы түнекке сіңіп кете барды...

 
Мəкеңдер, Малсекеңдер, заман
Мəкеңнің соңғы жылдары шапқылауы көп: жұртпен кездесуі жиілеп
кеткен. Өздері шақырады. Оу, неге десе, Ақдала аулында бұл ұзақ
жылдар партком болыпты. Болса ше? Кім партком болмады. Ə, жоқ,
мұның парткомдығының жөні бөлек. Бөлек болатыны, Мəкең сол ұзақ
жылдар атышулы қой өсірушісі Малсақбайдың жанында жүрді ғой.
Жəй жүрген жоқ, жетелеп, үсті-басын қағып-сілкіп, сақал-мұртын
басып, кебісін тазалап, кигізіп жүрді. Тіпті, шалыңды қонақ үйдің
бөлмесінің ішіндегі дəретхананың ақ келісіне де отырғызып,
тұрғызатын осы еді.
Бала баққаннан қиын күндер еді ол. Бар ғұмыры далада өтіп, қай
бұтаны шеңгелдеп ұстап, қай суды қалай кешем десе де еркіндігі
өзінде болған шалың қонақ үйдің безерген тас қабырғаларынан жарық
дүниеге безіп шығар саңылау таппай, үһлейтін де отыратын.
Негізі момын адам еді, жарықтық. Айналасында не болып, не қойып
жатқанын соншалық бағамдай қоймайтын. Жиынға кірсе қалғыпмүлгиді, шықса сұрайтыны: “Не болды осы, енді ауылға кетеміз бе?”
Жиналыс дегенді естігеннен-ақ ұнжырғасы жаман түсіп кетер еді.
“Тағы ма? − дейтін дүңк етіп. – Мені қоя қойсаңдаршы” “Ойбай, Малсеке
болмайды ғой. Депутатсыз. Аупартком, облпарткомның пленум
мүшесіз.” “Соларың не осы?” “Нені айтасыз?” “Жаңағы пықылбай,
тықылбайға мүше-пүшесің дейтіндерің?”
Парторгтың аузы аңқаяды. “Құдайдың ұрғаны-ай, − дейтін іштей
күйіп-пісіп. – Бұ шал дəнеңенің мəнін түсінбейді екен ғой.”
Мəкең туған əкесіне де Малсекеңе қызмет еткендей, зыр жүгіріп,
запыран құсқан жоқ. Бұ, шалың Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат
болғаннан кейін үлкен жерлердегі жиындардан қалмайтын болған. Ал
жетеле. Ішкіз, жегіз… Түнімен күзет. Бір түнде бірнеше оянады.
“Мəндібай!” “О, не Малсеке” “Түзге шығам”.
Жарықтық тамақты өлтіре жейтін. Оның үстіне бір шөлмекті үлкен
ыдысқа бір-ақ құйып тастап алатыны бар. Оған майлы тамақ қосылған
соң…
Өмірінде қонақ үй көрмеген Малсекеңнің алғаш сонда орналасқаны
қызық. Əсіресе əлгі түзге отыратын жерін көрсеткенде күйіп-пісіп
кетті: “Сонда мына ақ келіге отырам ба, күшеніп?” деп шала бүлінсін.
“Сөйтесіз.” “Əй, сонда ұят қайда?” “Ойбай, біреу көріп тұрады дейсіз бе,
шаруаңыз біткен соң, мынаны басасыз, бітті.” “Сонда ешкім естімей
ме?” Жарықтық бөкселері бұлтыңдаған кезекші орыс келіншектерге
жатып қызығады. “Осындай бір қатын əперсеңдерші, одан да” деп
ызыңдайды.
Шалдың ең бір жақсы жері ақша аямайтын. Аудан бар, облыс бар,
Алматы бар, барғандардың бəрінің ішім-жемі Малсақбайдан. Ақшаны
өзі ұстамайды, Мəкең ұстайды. Айтатыны: “Өзің жұмса”. Тегін ақшаны
жұмсай алмайтын Мəкең кеще емес. Сілтейді оңды-солды. Үлкен де,
кіші де разы. Ара-арасында өз ұпайын да ұмытпайды. Əр сапарда бір
костюм-шалбар. Костюм-шалбар болғанда қандай. Австралиялық
деймісің, итальяндық па, финдікі ме… Осы күнге дейін қырын
сындырмай, алма-кезек киіп жүр. Алма-кезек кигенде, одан бері де
талай жылдар өтіп қалыпты-ау. Енді мұның өзі зейнетте. Малсекең
жарықтық болса, баяғыдан жер томпайтып жатыр.
Мəкең сағатына қарады. Біразға келіп қалыпты. Көп ұзамай əлгі
көрші ауылдағы кездесу құрғыры… Ол қалыпты жағдайда жанға
жайлы өтсе жақсы. Кейде, тебіңгіңді кесіп, текеметіңді тіліп түсетін
тентек сұрақтар тепсініп шыға келеді. Ана жолы ғой, біреу: “Сіз
парторг болып тапжылмай талай жыл қызмет істепсіз. Жақсы істепсіз.
Орден де алыпсыз. Сонда парторгтан ары қарай неге өспегенсіз?” деп
сұрамасы бар ма. Бұған не уəж айтарын білмей қалды. Айтар еді,
қалай?..
Бəрі Малсекеңнен болды ғой. “Əй бастықтар, − дейтін шал
секретарларға, − мына баланы менің қасымнан ұзатпаңдар.”
Шал айтты, бітті. Көлеңкесіне айналды. Əйтеуір, бірге жүріп қой
баққан жоқ. Өйтер де ме еді, егер шалдың өзі атқа мінсе. Бірақ ол атағы
шыққан күннен қой қайыруды мүлде қойған. Малды үнемі бір
жамағайыны бағады. Үй-күйсіз жалғыз ілік біреу. Азабы жоқ, шері жоқ.
Тек тамағын тойдыр. Бар рақат-қызығы сол қу тамағының тесігі. Қал
сұрасаң, ыржың-ыржың етеді. Ұрысып-зекісең де сол. “Қатын əперейік
пе?” десең де əлгі. Отыр десең отырады. Тұр десең тұрады. Кет десең
кетеді, кел десең келеді. “Япыр-ау, мынау адам ба, емес пе?” деп таң
қалатын Мəкең…
Ойын есік алдына келіп тоқтаған машинаның сигналы бұзды. Мұны
мектептегі кездесуге алып кеткелі келген көрші ауылдың əкімі екен.
Шыттай киініп, дайын отырған Мəкең иномарканың алдына жайғасып
алды. Əкім бала аузы жыпылдаған пысақай екен, жол-жөнекей
зуылдады дейсің. Мəкең оның бір сөзін ұқса, келесісін ұқпай, өзімен-өзі.
Баяғыда Малсекеңнің жанында жүргенде өзі де заулап тұрушы еді-ау.
Əй, шіркін жастық-ай. Буы сұмдық қой. Оның үстіне қолыңда аз-маз
билігің болса. Оған бүкіл аудан, облыс алақанына салып əлпештеп
отырған атақты қой өсірушінің жанында жүргенің қосылса. Жəй емес,
жетелеп… Мынанікі не жылпыл? Несіне мəз?
Қай қызық, қай рақатты көрді, бұл боз өкпе? Ақ түйенің қарны
жарылған, ішкені алдында, ішпегені артында заман мына
Мəкеңдердікі еді ғой, шіркін. Мəкеңдердікі болатын. Ал мынау… аяқ
киімінің өзі, құды теріс киіп алған сияқты, екі басы ек жақ сыртына
қарай майысып кеткен. Шалбар анау… Екі бұтының сыртында
қатындардың кең етек юбкасындай болбырап, бос жатыр. Көне
костюмнің жағасы қыртыс-қыртыс. Бір түймесі үзіліп түсіп қалыпты.
Білмейтін, танымайтын біреу көрсе, мұны əкім емес, шпана дер еді.
Мəкеңнің қарадай көңілі қалып қалды. Бойын түземеген адамның
ойы да сол олпы-солпы, деп ойлайтын ол. Бекзаттығы жоқтан көп үміт
күтуге болмайды. Қарабайыр қалай елге жөн сілтеп, жоба көрсетеді?
Бұлар келгенде мектептің алды ығы-жығы екен. Ержетіп, бойжетіп
қалған ұл-қыз. Араларында мұғалімдері де жүр.
Мектептің актовый залы лық толды. Əуелгі сөзді ауыл əкімі алды.
Ал заулады. Сондағысы: Бұл Мəкең – Мəндібай Молдасүгіров қария осы
Құрөзек ауданында дүниеге келген айтулы тұлға. Ұзақ жылдар
“Ақдала” совхозында партком секретары болған. Болғанда, осы
Мəкеңдердің білімдарлығы мен іскерлігі арқасында əлгі “Ақдалада”
облыс бойынша ең үздік қой өсірушілері өсіп шыққан. Соның ішінде
есімі елге əйгілі Малсақбай Сомжүреков аталарың Социалистік Еңбек
Ері, Қазақ ССР Жоғары Советінің депутатына дейінгі деңгейге жетіп,
дара кетті. Мəкеңдердің кезінде “Ақдалада” жусаннан қой, изеннен
қозы көп болған.
Мəкең жөткірінді: “Ит-ай, жусаннан қой, изеннен қозы қалай көп
болады”, деп қойды ішінен.
Əкімнің табаны қыза бастады. Құрөзек ауданында ең алғаш
комсомол жастардың қой өсірушілер бригадасын құрған осы Мəкең
ағамыз. Облыста қойды қолдан ұрықтандырудың алты айлық қурсын
тұңғыш ұйымдастырғанда мына Мəкеңнің өзі. Сол курсты жер-жерден
келіп оқымаған қойшылар кемде-кем. Содан шығар, əр ауданда бір
отар саулықтың тең жартысын егіздеткен көл-көсір заман болды.
“Тең жартысы несі, − деп Мəкеңнің бір денесі селк етті – қызталақ
сонша асыра сілтеп… Əй, мынаған түбі су жұқпас.”
Мəкеңнің өмірі мен қызметі жайлы талай-талай əңгіменің шаңын
қаққан əкім, залдағылардың қозғалақтауы көбейіп бара жатқан соң,
“қой ендігім болмас” деді ме, сөзді қонақтың өзіне берді.
Ғұмыр бойы сөйлеп келе жатқан, өзін əр жерден көшіріп немесе
жаттап алған, сөзбен асыраған, сөзден басқа қолынан түк келмейтін
Мəкеңе о, шіркінің бұйым ба. Бір айтқаны қайта-қайта қайталана
кеудесіне əбден жатталып қалған сөзді Мəкең судай сапырады.
Комсомолдағы белсенділігінен басталады əңгімесі. Десе де,
тəуелсіздіктен кейін комсомолды жастар ұйымы деген ұғымға
ауыстырып, екі сөзінің бірінде киліге беретін КПСС Орталық
Комитетінің шешімдері, Маркс, Ленин өсиеттері, Брежнев жолдастың
нұсқаулары сияқты ұрани мақамдары қысқарып қалған.
Бұл көсіле сөйлеп, жұрт ұйып тыңдап дегендей, кездесу ортақ
үйлесім тауып өтіп-ақ жатқан сияқты еді, сұрақ-жауапқа келгенде, бəрі
нілдей бұзылды. Бəле селдірлеу шашы тікірейген сіріңке қара баладан
шықты.
− “Ақдалада” аралары бір-бірінен жақын, екі Ескерткіш тұрғанын
көрдім. Бірі – Абай Құнанбевтікі, бірі – жаңағы атақты қойшы
Малсақбай Сомжүрековтікі екен. Солар сіз партком болып тұрған
жылдары тұрғызылған ба? – деп қойды сауалды, əлгі.
− Солай, шырағым.
− Айтыңызшы, Абайдың Ескерткіші қойшынікінен не себепті он
еседей кіші?
Мəкеңнің қапелімде аузы аңқайып қалды.
− Абай күллі қазақтың күллі əлем мойындаған кемеңгері емес пе? −
қара жүгермек ары қарай қадала түсті.
− Шырағым, Малсақбай Сомжүреков атаң Социалистік Еңбек Ері,
Қазақ ССР-ы Жоғары Советінің депутаты болған – деді Мəкеңнің шеке
тамырлары білеуленіп. − Өзіміздің ауылдан, облыстан шыққан.
− Абайдың сонда не?.. Біздің ауыл, аудан, облысқа қатысы жоқ па? Ол
қазақтың прогресі, рухани реформаторы, ойы орасан, есі ерен данасы.
Мəкең сасқалақтап:
− Малсақбай Сомжүреков те қатарынан бірнеше жыл əр саулықтан
170-180-тан қозы алған… − деп мыңқылдап қалды.
− Қозы өсірген ұлттық кемеңгерлік емес қой. Ол – қойшының
міндетті шаруасы, кəсібі.
Мына жүгермек қайтеді-ей… Мəкең амалсыз ауыл əкіміне көз қырын
салды. Оның аузы мектеп директорының құлағына кетті. Мектеп
директоры – нəн қара əйел орнынан тұрып:
− Əй, Бөлекбаев, − деді даусын қатайтып. – Тағы не білгің келеді
сенің сонша тықшыңдап?
− Тəтей, Абай мен қойшының айырмашылығын біліп алмаймыз ба.
Қазіргі заман – танымның заманы, деп жүрген өзіңіз. Мысалы,
“Ақдалада” шет елден біреулер келіп: “Мына Ескеркіш кімдікі, ана
Ескерткіш кімдікі?” – деп сұраса, Не дейміз… Үлкені – жүз саулықтан
170-180-тан қозы алған қойшынікі, кішісі – қазақтың ұлы ақыны
Абайдікі дейміз бе?.. Сонда олар: “Сіздерде не, қойшы ұлы ақыннан да
ұлы ма?” деп сұрай қалса ше?..
− Шырағым, − дегенде Мəкеңнің көктұқыл иегі жаурап тұрған
баланікіндей дір-дір етті. – Малсекең аса ерен еңбек еткен адам.
− Аға, ерен еңбек етсе, ерен айлық алған шығар, жоқ ақы-пұлсыз
бақты ма қойды? Сосын қой баққан мен ой баққанды шендестіруге
болмайды ғой. Не көп ерен қойшы көп қазақта. Ал Абай жалғыз, дара.
Залдағылар сілтедей тұнған. Əр-əр жерден мырс-мырс күлкілер де
естіле ме…Мəкең теңселді. Əй, бұл дүние… Мына бала-бақыр, мына
қалыптарымен бұлардың қылған шаруасын дымын қалдырмай қараң
қалдырар түбі…
Осы кездесуден бергі жерде Мəкеңнің басы мең-зең. Əлгі сіріңке
қара жүгермектің сауалы құлағынан кетпейді. Итіңдікі былай, дұрыс
та. Шынында да Малсекеңнің Ескерткіші тым рабайсыз. Қойшынікі
емес, Қобыланды батырдікі сияқты. Əйтпесе, шалың тапалдақ қана
адам болатын. Аса көрнекті болсын, деген аупаркомның бірінші
секретары еді. Жалпы, Малсекеңді бар қойшыдан озат етіп, оздырып
жіберген де сол. Нағашы-жиендіктері бар екен. Хатшы студент кезінде
Малсекеңнің талай шапағатын көріпті. Сол енді бірде, Мəкеңді колхоз
бастығымен қоса шақырып, екеуін оңаша қабылдамай ма. Əңгімесінің
ұзын-ырғасы: аудан негізінен қой шаруашылығымен айналысады.
Шүкір, көштен қалып жүрген жоқ. Қозының да, жүннің де жоспары
жыл сайын орындалады. Кейінгі жылдары үдеп тұр. Атағын мықтап
шығаратын кез-келген шығар, сірə. Ауданның атағын шығару үшін
əуелі адамның атағын асқақтату керек… “Ақдалада” қой басы алпыс
мыңнан асады. Шопандардың бірінің маңдайын жарқыратып көрсет
əуелі. Мысалы, ана Малсақбай Сомжүреков ақсақалды… Қоқаңсоқаңсыз момын адам. Артық сөзі жоқ. Қолы ашық. Ана-мынада
шаруасы бола бермейді. Туғалы томпаңдап қой соңында… Еңбеккер…
Ымды білмеген, дымды білмейді, колхоз бастығы мен партком
хатшының қайда қарап сөйлеп отырғанын бірден түсіне қойды.
Шынында да, Малсақбай Сомжүреков, қойды жақсы бағатын. Көзін
ашқаннан көрген кəсібі. Соның соңында жүріп, рас дүние көрмей, қара
танымай қалған айыбы – аздап ноқайлау. Тіпті, газетті қол сүртуге, ет
орауға керек қағаз, деп қана біледі. Жазылым кезінде айтатыны:
“Бояуы қолға жұқпайтынына, дəуіне жазыңдар…” Малды-жанды. Қойы,
жылқысы көп. Дастарханынан жыл он екі ақ май ағып жатады. Қойдың
құйрығы, қазы-қарта, қаймақ, құрт… Келген кісіге біреу, екеу деп
қарамайды, сөзсіз мал сояды. Соғым сұрасаң – “Ал.” “Бағасы қанша?”
дейсің. “Мен қайдан білем!” “ойбай, енді айтпайсыз ба, нобайлап.”
Айтпайды. Əкеп бергеніңді алады. Кемпірі ғана: “Осы-ақ па”, деп
қалады. “Тəйт-əй” дейді ондайда Малсекең.
Хатшының нұсқауынан кейін Мəкеңдер Малсақбайдың басына
жандары қалмай шырақ жағуға кірісті. Осы кез қозыға қосып жазу
дейтін пəле пайда болған. Əуелі шаруаны содан бастады, бұлар. Сол
əдіспен алғашқы жылы-ақ, шалың əр жүз саулықтан жүз сексеннен
қозы алды болып шыға келді. Ауыл шу, аудан шу, облыс шу. Мəкеңнің
қойды қолдан ұрықтандырудың курсын ұйымдастырып жүргені осы
кез. Бұл бастама облыс бойынша мəнге ие болды. Жер-жерден қолдан
ұрықтандыру курсына қойшы қаптады. Малсекеңнің беделін асыра
түсу мақсатымен курсты оның тəжірибесі іспеттендірді. Шалыңа
осыны айтып еді, “О, не пəле!” деп басын жұлып алған. Бұлар СЖК-ыкі
түсіндірді. Сонда бар айтқаны: “Қошқарлар қайтеді-əй!..” “Қошқар
құрсын, қозыны көбейткенді айтыңыз” деп бұлар бас салды. “Сонда
сендер ертең əйелдерді де қолдан ұрықтандырасыңдар ма?” дүңк
еткен.
Төрт-бес жыл көлемінде Малсақбай Сомжүрековтың есімі есіктен
төрге, төрден өрге өрмелеп, дүркірей жөнелді. Шалың қай жиынның да
қызыл мауыты жамылған столының орта тұсында отыратын болды.
Алғаш рет Малсекеңді колхоздағы жиналыс президиумына сайлағанда
ше… Жиналыс бітіп, жұрт тарап бара жатқанда, шалың: “Əй, сонда енді
мен не болдым?” демесі бар ма, ышқынып. Əй, Малсекең-ай… Жиналыс
президиумына сайланғанын, өкімет болған екенмін, деп ойласа керек
қой.
Қайсыбірде облыстық бір үлкен жиын өтті. Малсекең
президиумдағы 50-60 қаралы адамның арасында. Облыстық партия
комитетінің бірінші секретарының мінбеге енді шыққан сəті,
Малсекең: “Əй, Жұбанияз, – деді оған дауыстап. – Мына жиналысың
қашан бітеді?”
Хатшы жөн айтты: “Бүгінгі қаралатын мəселелер біраз, ертең
қалғандары… Арғы күні қайтасыз, Малсеке.” Сол кезде шалдың: “О,
бігəйт” дегені. Залдағылар мұны əрине, естіген жоқ. Ал
президиумдағылар түгел сілейіп қалды. Малсекеңнің дəнеңемен ісі
жоқ, жайбарақат қалпында монданақ бетін сипап монтиып отыр.
Үзіліс кезінде облыстың басшысы шалды қолтықтап, оңаша алып
шығып: “Малсеке, сіз жаңа не дегеніңізді білесіз бе? Ол жаман сөз”, −
деді. “Қайдан білейін, - дейді шал. – Бізді көшіретін орыстар ылғи
сөйтеді ғой.”
Орыстың əлгі бейпіл сөзін шал адамның əлденеге көңілі толмағанда,
кейіген кезде айтылатын кəдігулі реніш сөз, деп ойлаған ғой. Жиын үш
күнге созылады дегенде, сол күйіп кетіп: “Ой, бігəйт” деген…
Ойының осы тұсына келгенде Мəкең еріксіз ырқ күліп жіберді.
“Жарықтық”, деп қойды даусын шығарып.
Сессия аяқталып, бұлар ауылға келген күннің ертесін аупаркомның
бірінші хатшысы шақырып алып, ит терілерін бастарына қаптаған.
“Айтпайсыңдар ма, қарияға” дейді. “Ойбай, о кісінің өйтерін біз
білмедік қой”, деп бұлар шыж-быж. “Сонда, ай қарап жүрсіңдер ме?”
Шалға ғой Мəкең нені түсіндірмеді. Түсіндіргенде, əлгі “бігəйтті”
қазақшаға аудармай ма. Аударса, шал: “О, бігəйт”, − деп селк ете түскен.
Жарықтыққа облыста өткен ерекше бір жиында сөз бергені бар.
Жайшылықта өйтпеуші еді, жиынға үлкен жерден үлкен кісі қатысып,
Брежневтің Қазақстанда: “қой басын 50 миллионға жеткізу” жөніндегі
нұсқауы талқыланып жатқан соң, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР
Жоғары Советтің депутаты шопанға қалай сөз бермейсің. Мəкең ат
баптағандай, Малсекеңді жиынға тура бір ай дайындады. Қағазға
түсіргенде жарты парақтай, айтатын сөзін жаттады келіп. Көп
сөйлемейтін шалдың тілінің еті өсіп кеткен бе, тым доғал, икемге
келмейді. КПСС-ті – КПЫС, Леонид Ильич Брежневті – Ылайанит
Ылыш Блежнев, деп əбден əуреге салды. Ана тіліндегі сөздерді де есіне
сақтай бермейді. Қазір айтқызғаныңды қазір ұмытып қалады.
Жиын өтіп жатыр. Əй, бір кезде Малсекеңе де келді кезек. Мəкең
шалды мінбеге жетелеп апарып, сүйеп шығарды. Сонда не деді
дейсіңдер ғой. Əдеттегідей: “Əй!” деп, жиналыс президиумы мен залға
айнала төңірекке қарап алды да: “Ылайанит…” деп, тұрды да қалды.
Мəкең колхоз бастығы екеуі қатар отыр еді, екеуінің де тізелері дірдек
қақты. Үлкен жерден келген үлкен кісінің көзі Малсекеңде, облыс
басшысының көзі, бұл екеуінде.
Шал тамағын кенеді: “Əй..! Қойшыларға қиын көргені құқай. Қу
далада тентиміз. Қазан-ошақ, кір-су, бала-бақыр… Бір қатын нете
алмайды. Қатын сияқтары қалған жоқ, түгел. Бізге тоқал керек”, деп
қарап тұр.
Президиумдағы облыс басшысынан бастап, өзгелерінің өңдері түгел
қураған шүберектей қуп-қу. Үлкен жерден келген үлкен кісіде
бəлендей өзгеріс болған жоқ.
Президиумдағылар да, залдағылар да сілтедей тынды. Төбеден жай
түскендей шаруа. Оған қыңатын Малсекең бе, залға қарап аңырап тұр:
“Əй, Мəндібай, − дейді мұны іздеп − болды ма, енді? Болса ап кетсеңші,
мені…”
Қайтарда, аудан шалғай емес пе, облысқа жиналысқа келгендердің
орта жолда ауқаттанып алатын дəстүрлері бар еді, сол отырыста аудан
басшысы: “Үлкен жерден келген үлкен кісі терең адам ғой, болмаса,
Малсеке сіздің тоқал, деген əңгімеңіз мінбеден айтылатын сөз емес.
Феодалдық пəле” десе, шалың: “Əй, бастық, сенің əкең, менің нағашым
тоқалдан туған, сонда ол педал ма?” деп дүңк еткен.
Ойбай, “Ақдала” колхозындағы атақты шопан үлкен жерден келген
үлкен кісінің көзінше дүйім жұрттың алдында “қойшылардың тоқал
алуы” жөнінде мəселе көтеріпті, деген гу-гу əңгіме ана жылғы “о,
бігəйты” сияқты талай жерді кеулеп кеткен.
Аупарткомның хатшысы Мəкең мен колхоз бастығын бюроға салды.
Сондағысы, бұлар идеологиялық тəрбие жұмысын бетімен жіберген.
“Құдай-ау, жасы жетпіске келген адамға тəрбие жұға ма” деуге дəрмен
жоқ. Хатшы бюроның соңынан бұларды жеке алып қалып, шалмен
жұмыс істесеңдерші, деді. “Істеп жүрміз ғой” “Онда, тоқалы несі?”
“Қайдан білейік. Біз де өзіңіз сияқты, сол жиында алғаш естідік,
аузынан”…
Ойлап отырса, жарықтықтың қызық-шыжығы бір атанға жүк.
Қайсыбірін айтасың. Айтасың ғой, е соның енді кімге қажеті бар. Бүгін
заман басқа. Бүгінгі заман кешегі дəуренге пішту демейді. Жақаурай
қарайды. Қайтесің, “елу жылда ел жаңа”… Бүгінің бұларға жағаласа
туатындардың заманы ма, немене… Сол, сол… Кешегі күндер болса,
бесіктен белі шықпаған əлгі сіріңке қара жүгермек зал толы жұрттың
көзін бақырайтып қойып, “Ақдаладан” ауданға дейін сыйлы Мəкеңнің
екі аяғын бір етікке тығар ма еді. Əрбірден соң, Малсақбай
Сомжүрековтың Ескерткішін ерсен қылып салған бұл емес, жоғарының
нұсқауы. Көрнекті болсын деді, келбетті болсын, деді. Сосын, жүгірмей
көр. Шу десе, шапқан атқа жеткізбей заулайтын кез. Тек алға. Артыңа
қарадың, албастыдай басады…
Мəкеңнің біртүрлі жүрегі шым-шым етті. Мұндайда бір рюмка
коньякты тастап қоятыны бар еді, соны істеді. Үй іші түгел ұйқыға
кеткен. Дала да тыныш. Аспанды бұлт торласа керек, терезенің ар
жағы қара түнек.
Дүние осы ма?.. Алдың жарық, ар жағы беймəлім бе? Ар жағын қалай
көресің?.. Кешелер бұлар бүгінін неге көрмеді? Көргілері келмеген соң
ба, көрсоқырлық па? Құрып кеткір қу көнбістік, көнгіштік пе екен? Қу
ғұмырды ылғи ықтап өмір сүру ғой, ықтап, иіліп, бүгіліп… Сөйткізді
заман. Сөйткізді…
Абай жарықтық… Оқта-текте “Айттым сəлем Қаламқас”, “Сегіз аяқ”
деген əндерін жұртқа қосылып айтқаны болмаса, Мəкең ол
жарықтықтан жарытып, ештеңе оқыған жоқ. Аласүргін қызмет нені,
қалай оқытады? Ауданда, облыста үсті-үстіне өтіп жататын, əрі бірінбірі қайталаған қырғын жиналыс, одан қалды өзіңе келіп əлгілердің
негізінде өткізетін жиналыстар, түрлі семинарларға қатысу, аптасына
əлденеше қайталанатын қонақшылық отырыстар, облыс ауданнан іс
сапармен келгендерді күтіп, шығарып салулардан арқа етің арша,
борбай етің борша етіп жүріп, нені қашан, қайтіп оқисың. Бұлардың бар
оқуы – күнделікті газеттерге көз жүгірту ғана болды. Құры көз
жүгіртеді.
Қызмет деген итің, енді ойласа бұларды қарадай ноқай қылыпты.
Əйтпесе, Абайдан қойшыны асырып… Оның күллі қазақтікі екені,
қазақтың кереметі екені оқы, оқы ма былай да белгілі емес пе еді. Енді
келіп… қарғадай қара баланың алдында қарадай қарабет болып…
Анабір жылы осы “Ақдаладан” жазу-сызуымен Алматы кетіп,
сондағы газет, журналдың бірінде қызметте қалып қойған рулас
інішегімен бірге қонақшылап келген бір жазушы жігітпен
дастархандас болған. Шашы иығына түскен сұсты қонақ бетің бар,
жүзің бар демейтін сөзі өткір қиын жігіт екен. Бұл Малсекеңдер туралы
əңгіме бастап келе жатыр еді, “Қара шаруаға тəн ерен еңбек – ерінбеген
кез-келген адамның қолынан келетін кəдімгі күнкөріс əрекеті. Сіз
ерекше туып, ес болған, ұлтын жанның тазалығы мен рухының
мықтылығына жетелеген, парасат патшалығына қарай жүрер жолды
көрсетіп бергендер туралы айтады”, деп ауыз аштырмап еді. Сонда бір
тосылып, өзіне тосқырқап қарап қалған.
Мəкең таңды көзімен атқызды. Ол қылаң бере сыртқа шыққан. Содан
көше бойлап, орталыққа қарай жүрді. Орта мектептің алдында
Абайдың шағын мүсіні, сəл əріректе бұрынғы екі қабатты кеңсе үйінің
қарсысында Малсақбай қойшының алып Ескерткіші. Екеуі ауылдың екі
басында болса мейлі, ал мына қатар тұрысында шынында да, “қап
əттеген-ай” екен.
Малсақбайдың алып Ескерткішінің тұлабойы ешкімнің бойы жетіп
сүртпеген соң ба, əлде сөйту ешкімнің ойына келмегендіктен бе,
мүмкін қажеті не дегендерінен шығар, баттасқан шаң-тозаң. Етек
жағының іргесінен ұзынша үлкен жарық пайда болыпты. Оң қолының
үш саусағы үгіліп түсіп қалыпты.
Жақсы қойшы еді-ау онсыз да, − деп күрсініп қойды Мəкең. –
Қозыны қосып жазып, тым аспандатып жібердік. Шындыққа қиянат
жасадық. Бəрін ол емес, біз өз қолымызбен істедік. Ал бұл жарықтықта
не кінə бар. Кінəласаңдар оны емес, заманды кінəлаңдар. Сөйткізген
заман…
Мəкең Ескерткіш алдында ұзақ отырды. Қай кез екенін, ойын
тыпыр-тыпыр аяқ дыбысы бұзды. Мектепке асыға басып бара жатқан
оқушылар екен. Мəкең де түрегелді. Үйіне беттеп бара жатып, екі-үш
оқушы қыздың Абай ескерткіші алдына гүл қойып жатқанын көзі
шалды. Кемеңгерге мəңгі құрмет екен, ə, деп күбірледі. Ол алғаш рет
кемеңгер, туғаннан кемеңгер болып туатынын, ал өзгенің барлығы
алтынмен аптап, күміспен күптесең де, өзгелер сияқты жəй пенде
екенін пайымдай алмағандарына қатты өкінді.
Көгілдір көйлекті келіншек
Ақ жамылғының астында жұмсақ, жас тəні күйіп-жанып жатқан
келіншек көзін есік жаққа салды. Манадан бергі құшағындағы еркегі
енді жарығы көмескі шағын дəлізде шалбарының ауымен алысып,
құнжыңдап тұр. Сыдырғысы бұзылып қалған ба, онысы жоғары
көтерілмей, анау қайта-қайта екі қолын одан ала алмай, ылди-төмен
жұлқылап, əуре.
Келіншек еденге салынған төсектің үстінде олай да, былай да
аунады. Күллі тамырын қуалай, шымырлап аққан отты ағыс пен
шиыршық атқан ширақ тəн зар күйінде; жанын жайпап жіберердей
жанталасқан еркектің қимылы өзі күткендей, өзі соны білсем деген
көксеуге жетпей, діңкелеп қалды, енді… Сосын кешетін күйі; қашаннан
бері жолығып жүрсе де, жаратылыстағы жалғыз жан алауы осы екенау, осы екен деп басталатын рақаттың айы неге тез батып, жұлдызы
неге тез сөнетініне таң əрі өкпелі; мұның сонау тас төбесінен басталып,
бірте-бірте екі жауырынының астымен өтіп, тамырларын қуалай
жөңкілетіп ғажайып ыстық ағыс, күллі бөксесін күйдіріп-жандырып..,
енді-енді дегенде.., өліп-өшіп жатқан еркегі өмірем қауып, төстен түсіп
бара жатады; қалың кірпіктің ар жағында кейде қылиып, іле сəл-сəл
жұмыла беретін көздердің көретін ғажап əлемі – көгілдір таулардың
үстімен көгілдір аспанға қарай ұшып келе жатқан.., келесі мезетте
көгілдір айдынның бетімен көгілдір жиекке қарай жүзіп бара жатқан..,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 14
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.