Latin Common Turkic

Аты жоқ əңгіме - 06

Total number of words is 3867
Total number of unique words is 2253
34.5 of words are in the 2000 most common words
49.1 of words are in the 5000 most common words
55.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
келіп жүрген байталы оттап тұрған. Үйден екі жас əйел шығып сол
түкпірдегі əжетханаға қарай кетіп бара жатты. Дəл осы мезетте
"Айғыркісінің" байталға артылып, оның аяусыз ырғауынан жас
байталдың балғын бөксесі қатты шөмиіп кеткенде, құдайдың құдыреті
жас əйелдің бірі "Аһ!" деп екі алақанымен ауын басып отыра кетпесін
бе. Оу, сонда айғырдың байтал шабысынан ана əйелдің оқыстан күйті
құтырып, ұрпақ күйінің ағыны бойынан құйылып кеткені қалай? Ал
мұны түсініп көр, түсіндіріп бер, енді. Қаратөбел айғырдың "кісілік"
қасиетінің бар, əрі оның киелі екендігінен бе, сонда. Бұл да жұмбақ.
Кер биеге қоса кер құлын да "Айғыркісі" қалған жаққа құлағын
тігеді. Əкесіне тартқан, сыртқы пішіні ойқы-шойқылау. Бойы биік,
тұрқы ұзын. Қабырғалары сыртына қарай айнала біткен. Мінезі де
əкесінікі. Үркектемейді. Жөнсіз секектемейді. Жүріс, тұрысы кербез,
бекзада кейіп. Сірə, текті. Тегінде осы қасиет болған соң да. Тегі... Осы
"Айғыркісі" Есқұлға сонау, сонау жылдары кейін марқұм болып кеткен
Бекбосын пошташының қара құнанын елестете береді. О кезде
өкіметтің қазіргідей ат шабысты тыйып тастаған кезі. Той жаса, ат
шабуға тəуекел еткендердің коммунистері партиядан шығып, еместері
үшін колхоздың басшылары таяқ жеп, қатаң сөгіс алып жататын. Содан
да шығар, пошташы Бекбосынның "Баяғы заман болса бір қыздың
қалыңына бермес едім" дейтін құнаны бəйгеге қосылған емес. Не
керек, сол қайран қара құнан бір күні қолды болды ғой. Іздемеген,
сұрамаған жер қалмаған. Із-ғайым. Кейініректе сыбыс шығып жүрді
арғы-бергідегі жылқы ұрлаушылар Таластың ар жағындағы
қырғыздарға асырып жіберген... Осы "Айғыркісі" сол қара құнанның
тұяғы болса ше деп пішеді, Есқұл өзінше. Енді міне, сол тегінің қанына
тартып, сол тегінің кіндік қаны тамған жерде жұлдыздай ағып жүр.
Кемеліне келді. Былтыр əлгі Таластың ар жағындағы қырғыздардың
бəйгеге жүзден аса жүйрік қосылған бір үлкен аламан ат шабысында
қалың топтан қара үзіп, жалғыз келді ғой. Қырғыздың ат құмарлары
жатып айналшықтасын.
Жүйрікпен бірге Жалғастың да аты шықты. Жалғастың қаратөбелі,
Жалғастың "Айғыркісісі"... Жалғастың жан-дүниесі де ылғи самғап,
заулап тұрар еді...
Жалғас жазда мұнымен бірге айғырын осы қойнауға мініп келіп,
бірге түнейтін. Сонда ара-арасында бір досы бар еді, сол да ілесе
келетін-ді. Айлы түнде екеуі қатар жатып алып жарыса ертегі айтатын.
Қилы-қилы... Шындыққа сəл де болса жанасатыны да, мүлде
жуықтамайтындары да бар. Əйтсе де қызық. Қайсыбір жолы
Жалғастың ертегісі... Баяғы, баяғы заманда. Бəлкім, адамдар жаңа
жаралған кезде ме. Таулар түгел көкпен таласып, дала тұтас гүлге
оранып, өзен мен көлдер моншақтай мөлдіреп жатады екен. Жер
бетінде тек адамдар болыпты. Хайуанаттар əлі жаратыла қоймаған.
Олар жер бетімен заулауды, көк төсімен самғауды білмеген.
Сондықтан да адамдар тым жалқау, жайбасар, енжар болған. Бірбірімен жарысу, озу, жер түбіне, ай мен күн, жұлдыздарға жетуді
қиялдап, армандау қаперлеріне кірмеген. Содан да дүниені, тамақ
жегенді, жатып, ұйықтағанды ғана білетін бір өңкей масыл, мешелдер
жайлап бара жатады. Оған ешкім де елеңдеп көңіл аудара қоймайды.
Тек бір қарт қана: "Е, құдай, сен бізді ішкен-жеген, жатып,
ұйықтағаннан өзгені ештеңе білмесін деп жаратқаның не. Дүниенің
бары осы ғана ма? Бізді біз білмейтінге үйрететін дəнеңең жоқ болғаны
ма?" деп зарлайды екен. Содан бір күні қай жақтан екені белгісіз,
Жаратушының даусы естіліпті: Сенің үш ұлың бар, солардың бірін жер
бетімен заулайтын, бірін көк төсімен самғайтын болмысқа
айналдырып, үшіншісін сол адам қалпында қалдырайын, осыған
ризашылығыңды берсең" дейді. "Берем − депті. “Заулауға, самғауға
айналған ұлдарың адам кейпінен мəңгі айрылады”. “”Жаны ештеңеге
ауырмайтын, ақылы ашымайтын, азап-шерден ада жұртты өзгертер
кəдесіне жараса, бердім рұқсатымды, жаратқан!" Сонда бір ұлы
қыранға айналып көк төсіне қарата самғап, бірі тұлпарға айналып жер
бетімен заулап бара жатты... Қарттың адам қалпында қалған баласы
тамаққа тойып алып, тоңқайып жатқан адамдарды аралай жүгіріп,
самғап бара жатқан қыранды, заулап бара жатқан тұлпарды көрсетіп.
"Қараңдар, қараңдар!” – деп жүгіре берген. – Менің ағаларым қыран
болып самғап, тұлпар болып заулап барады". Адамдар аң-таң.
Ойларының астаң-кестеңі шығып, сарытап боп қатып-семіп жатқан
сананың сеңі сетінеп, қолқа-жүректері көкірекке сыймай бара жатты.
Жерді шырайналып жүйтку, көкті көздеп əуелеп ұшу іңкəрлігі іңгəлап
қоя берген. Сөйтіп адамдардың бойында армандау, қиялдау,
құштарлық қасиеттері оянып кетті...
− Сен осыны ойдан шығарып отырған жоқсың ба? − дейді Жалғасқа,
досы.
− Қайтеді?..
− Ойдан шығарып отырсың, ия?
−Ұнады ма, соны айт. Егер адамдар мына дүниеде болғандарды ғана
айта беретін болса, онда армандаудан айырылып қалады ғой. Олай
екен ешқашан ештеңе өзгермейді. Ештеңесі өзгермесе өмірде не қызық
қалады.
− Болды, болды, − дейді досы күліп. − Саған ілессек шетімізден
философқа айналып кетеміз.
− Рас па-ей! − Жалғас қосыла күледі.
Олардың əңгімесін естігенде Есқұл отағасы құдайға шүкір ететін.
Ақылы ерте оянған, естияр ұрпақтың өсіп келе жатқанына қуанар еді.
Бəле-жаладан сақтай көр осыларды, дейтін. Осыларға бəле-жала
жолатпай жүре алар ма екенбіз, дейтін. Қақтырмай-соқтырмай аман
алып жүрсек дейтін. Құдай-ау, сонда осы оймен алды-артына қарайлар
қаншамыз бар, дейтін.
− Көке, − деген бірде Жалғас. − Сіз баяғыда бəйге аты бір ауылды
асыраған деп едіңіз ғой.
− Дегем.
− Папама айтсам, пісіріп жеп қоя жаздады.
− Өтірік деп пе?
− Жоқ. Баяғың не дейді. Баяғының не қажеті бар дейді. Бұлди көкең
екеуің қай заманда өмір сүріп отырғандарыңды шынымен
білмейсіңдер ме, дейді. Қазір əркім өзіне өзі ғана керек заман дейді.
Сосын айтқаны, баяғы деген өткен-кеткен, сүйегі қурап қалған нəрсе.
Қайта келмейді. Бүгінмен бол. Кімде дəулет бар, бүгін – соныкі. Дəулет
сөйлейді, дəулет ұтады, дəулет озады. Дəулетің бар ма, ештеңені
көктегі құдайдан да, жердегі адамнан да сұрамайсың. Түгел, пішту!
Соңғы жылдары онсыз да көңілі қалыңқырап жүрген немере інісіне
Есқұл отағасы жатып ренжіген. "Баяғы деген өткен-кеткен, сүйегі
қурап қалған нəрсе" дегенінен жаны жаман түршіккен. Баяғысы жоқ та
адам, жұрт болушы ма еді. Баяғысы жадынан өшсе, не болады? Баяғы
деген ата-бабалар , ата-бабалардың кісілігі, түсінігі, қуаныш-шаттығы,
азабы мен шері, жеңісі мен жеңілісі, аққан қаны мен төккен терінің ұлы
көші емес пе? Соның барлығын мына жұрт өздері өңмеңдеп соңына
түскен дəулет дейтін қолдың кірінің жолына құрбан ете сала ма. Бұлай
етсе, қазақ несіне қазақ, қай жері халық?..
Кербие тағы пысқырынды. Алдыңғы аяқтарымен алма-кезек жер
теуіп, тепсініп тұр. "Айғыркісіге" барғысы келер... Кім білсін. Əлде,
"Айғыркісі" зират басынан кетіп бара ма екен. Кербие соны сезер...
Ілесе кеткісі келер...
Япырым... Жылқы баласын адам моласына əкеліп, аза тұтқызды.
"Айғыркісіні" қырғыздар алып кеткен күннің ертесіне қаладан
оралған Жалғас болған жайды естігенде үш күн жер бауырлап жатып
еді. Жан адаммен сөйлеспей қойды. Ешкімге ақырған-шақырған жоқ.
Үнсіз, тілсіз жатты да қойды. Ал оны əкесі қалаға бір шаруаға жұмсап
жіберген күнгі оқиға былай еді:
Сəске болмай Бұлдидың биік қақпасының алдына екі "Джип"
автокөлігі келіп тоқтай қалған. Келгендер Таластың ар жағындағы
қырғыздар екен. Біраз күн бұрын да келген, осы бес-алты адам.
Келістерінің жөні − "Айғыркісі". Өздерінің Алатауын берсе де сатып
алмақ. Ана жолы Бұлди: "Алатауды орнынан ала алмайсыңдар ғой,
алған күнде Алатау өзімізде де бар, ал мына біздің ауылға сендердің
Алатауларың сыймайды" деп діңкелетіп жіберген. Есқұл отағасы
байқайды бұл жолы Бұлди ана жолғыдай емес, қырғыздарды жылы
қабылдады. "Қане, Байкелер əуелі мына Есқұл көкеме сəлем беріңдер"
деп жандарына таяп келген бұған қол бергізді. Немере інісі екі жылдан
бері үйіне күтуші əйел ұстайтын еді, соның қай кезде дайындап
жүргенін, стол үстін тамақтың бар мəзіріне толтырып қойыпты.
Самсаған ақты, қызылды шөлмектер былай.
− Бұлди байке, бұ өзі ресторан бұ? − деп жардай қызыл бет
қырғыздың екі ұрты бүлкіл қағып күлді. − Байсыңдар, ия! Честное
слово.
− Қане, ауқат алыңдар, − деді Бұлди. − Ертеңгі ас.
− Сперва ічімізді қыздырып албаймыз ба, байке, − жаңағы қызыл бет
қырғыз шөлмектерге қол созып, бірін көтеріп алды. − Ача берсек,
болабы?..
Арақ екі-үш айналған соң:
− Байке, жылқы салатын машина да, вот-вот кеп қалад. Артыбыздан
ехал, − дескен қырғыздар алақандарын уқалады. − Алдыңғы күн қол
алышқандай, акчаны, то есть долларды ап келдік. Манеки.
Орталары буылған он бөлек көк қағаз столға қойылды.
− Ровно сто тысяч, − деді қызыл бет қырғыз.
Есқұл дəнеңе түсінбей қырғыздарға бір, көкқағаздарға бір, немере
інісіне бір қараған.
− Сендерде ноқтабау − деген жөн-жосық бар ма? − Бұлди арақтан
жағалата бір арақ құйып жіберді.
− Бұрын бар болушқан, в данном случайе, к чему это?
− Жаңа айттым ғой, мына кісі менің немере ағам деп, − Бұлди
аналардың назарын бұған аударды. − Айғырды балама бағысқан,
бəйгеге дайындап жүрген осы кісі. Ноқта баудың ақысын осы ағама
беріңіздер. Бес мың!
− Беш мың...
− Ия, доллар.
Қызыл бет қырғыз шайнап отырған "закускасына" шашалып қалды.
− Ой, Байке...
− Болмаса, айғыр сатылмайды.
Қырғыздар көтеріле далаға шықты. Қораның бұрышына барып ап
күңкілдескен.
Есқұл есінен танып қалғалы тұр.
− Бұлди-ау, мұның не?
− Нем?
− "Айғыркісіні" сатпақпысың?
− Сөйтемін, көке. Қаладағы орталық базарды сатып алуға тиын
жетпей жатыр.
− "Айғыркісіні" сатуға болмайды, Бұлди.
− Қазір, адамды сатып жіберуге бола береді, көке, қайтесіз!
− Жалғасқа не бетімізді айтамыз. Ел-жұрт не дейді?
− Жалғас, Жалғас деп... Не десе, о десін. Сол сықсыңдайды екен деп
құдайдың өзі өз аяғынан айдап келіп тұрған ақшадан айырыламыз ба?
Ал ел-жұрт... Қай ел-жұрт. Жартысы базарда тəшке сүйреп қаңғып
жүрген, жартысы ауылда екі қолы қалтада, бірін екі ету қаперінде жоқ,
жаздай карта ойнайтын, қыстай ұйқы соғатын, өлгенін де қарыз алып
көметін, тойын да қарыз алып жасайтын, құры қазақ болғанына мəз,
жеткен жері "Тамашаға" таңдайы құрғаған, "Айтысқа" аузы аңқайған
ел-жұртты айтамысыз. Бұл ел-жұртқа ненің де бəрібір болғаны қашан.
Тіпті, керек десеңіз алса, соларды да қырғыздарға түгел сатып жіберер
едім.
− Не десең де"Айғыркісіні" сата көрме, қарағым! − дегенде мұның
денесі дірілдеп, иегі кемсеңдеп кеткен. − Ол өзі есті, киелі жылқы.
Əулетіңе, ана жалғыз балаң Жалғасқа біткен бақ, айналайын!
− Жə, қойыңыз, көке!
− Бұлди-ай, өмірімде өтініш айтып көрмеген едім, өйтпеші. Өйтпе,
садағаң кетейін. Жалғасты ая, мені ая.
− Сізді аяғаным сол, қазір аналардан ноқта баудың құны − бес мың
доллар əпергелі тұрғам жоқ па?
− Керегі жоқ. Қажеті жоқ, оныңның. Сатпа айғырды. Киесі барды
сатуға болмайды. Киесі ұрады.
− Қойыңыздаршы, көке! Қандай кие, нағылған кие! Көздеріңе
қарадай не болса, сол елестеп.
− Мұндай емес едің, қарағым. Қайдан мұндай боп қалдың.
− Оны заманнан сұраңыз.
Осы кезде топтанып тұрған қырғыздар да бері жүрген.
− Байке, − десті жабыла сөйлеп. − Немного не хватайт боп жатпай
ма.
− Қанша?
− Две штуки.
− Жарайды, оны өздеріңе байладық.
Қақпа ашылды. Мана келіп тұрған тұрпаты пойыздың вагоны
сияқты ауыр машина аулаға енді. Бұлди айғырды сыртқа жетелеп
шықты. Болғалы тұрған жайды сезе ме, əлде қырғыздарды бөтенсінді
ме, қатты елегізіп, демі пырылдап, тұла бойы дір-дір етіп тұр.
− Жығып, төрт аяғын буып салмасақ, бұл машинаға мінбейді, − деді
Бұлди. − Ұстаңдар ноқта баудан, мен арқан əкелейін.
Бұдан əрі тұруға мұның дəті шыдамады. Көзіне толып келе жатқан
ыстық жасын сүртпестен ашық қақпаға қарай бет алған. Шығар жерде...
"Айғыркісінің" күңіріне кісінеген даусынан құлап қала жаздады. Жалт
қарағанда көргені, айғыр бұған қарай ұмтылып, шыр айнала қарғып
жүр екен...
Түннің қай уағы екенін, көзі ілініп кеткен Есқұл отағасының түсіне
Жалғас кіріпті: Үстінде əппақ кебіні. Қалықтап ұшып келеді. Ұшып
келе жатып мұның төбесіне келгенде: "Көке, "Айғыркісі" келген жоқ
па?, − дейді. − Ол келеді. Мен жаңа ауыл салатын жерін іздеп бара
жатырмын. "Айғыркісіні" сонда жетелеп келіңіз..." Оянып кетті. Таң да
бозалаңдап қалыпты. Кербие сол "Айғыркісі" қалған зират жаққа
баяғысынша елеңдеп қарап, елегізіп, құлағын қайшылаған қалпы.
− Кербие-ай, түсіме Жалғас балам кіріпті, − деген бұл күбірлеп. −
Қарағым-ай, десеңші. Өкпелеп кетіп еді ғой, маған. Бəріне өкпелеген.
Жер-бауырлап жатып алды. Шыңғырып əке-шешесін де жуытпады,
маңына. Тек кетерінде келді маған. Буынып-түйініп алыпты. "Қош бол,
көке! − деді. − Бұл жерде мен үшін еш қызық қалмады. Əкем, мені
қалаға алдап жіберіп, қаратөбелімді сатқанда, сіз оны тоқтата
алмадыңыз. Сіздер біреуді біреу өлтіріп жатса да, ара-тұрып аман алып
қалуға бел шешіп, білек сыбанып кіріспейсіздер. Тек құры сөз. Əрекет
жоқ. Өкінішті, көке, өкінішті... Мен кетіп барамын, көке. "Айғыркісімді"
іздеймін".
Сонда бұл ештеңе айта алмады. Ештеңе...
Содан Жалғас қалаға барған. Əлдидің институтта оқып жүрген
үлкен баласына. Машинасы бар еді оның. Соны сұрап алып, Таластың
ар жағындағы қырғыздар жаққа қарай жұлдыздай аққан ғой.
Жұлдыздай ағып бара жатып, автобусқа соқтығысқан...
Отағасы кербиеге ер салды. Беліне аяқ артуы мұң, биесі басын сүзіп,
ала жөнелді. Басын əзер іріккен. Əшейінде жаңа шығып келе жатқан
күннің жер бетіне тарай бастаған қызыл арайын кешіп ауылға дейін
бірнеше рет айнала ойнақ салып алатын құлын енесінің қапталынан
шықпай қойды.
Əне, зират та көрінген. "Айғыркісі" көрінбейді. Кетіп қалған ба...
Таяп келгенде Есқұл отағасының жүрегі қатты-қатты соғып кетті.
Қоршаудың темір шарбағы быт-шыт. "Айғыркісінің" басы үйілген жас
топырақтың үстінде, денесі сəл бүктетіліп сұлық жатыр. Шарбақтың
төрт бұрышындағы жуандау темір бағананың бірі қолқа-жүректің
тұсынан ортасына дейін кіріп кетіпті. Айғыр өліп жатыр еді.
Есқұл отағасы ер үстінен ауып түсіп, есеңгіреп отырып қалды. Қара
жер шыркөбелек айналып əлдеқайда алып қашып бара жатқан сияқты.
Алғаш рет дəл қазіргісіндей бір азапты бастан кешті; іштей өзін
аяусыз талап жеген; япыр-ау, «Айғыркісіні» қырғыздар алып кеткелі
жатқанда бұл неге жүрер жолдарына көлденең түсіп жатып алмады,
«ұлыңның үміті мен сеніміне, қанатына неге балта сермейсің?» деп
Əлдидің жағасына неге жармасып, неге алқымынан алмады. Баяғыда
бұлардың батыр атасы қатты бір ерегісте ауылдастары «сен екі
сөзіңнің бірінде жұртым үшін жаным пида, өмірім садақа дей бересің,
қане солай етші, шалшы өзіңді құрбандыққа» дегенде өткір сыпасымен
ойланбай өзін бауыздап жіберіпті. Бүгін кім сөйте алады. Сөйте алмаса,
сөйту ешкімнің қаперіне кірмесе, осыдан барып əркім өзімен өзі болуға
айналып, өзін туған өз жұртын өзекке теуіп өмірем қатыра берсе өмір
шіркінде не құн, не абырой қалады. Қалмаса, өзгені былай қойғанда,
осы отырған өзі қай кесапатқа қарсы келіп, қабырға сөгіп, қан жұтып
еді. Е, жоқ… Бұл да іштен еңірегенімен, анадайдан сырт айналып
алыстан кіжінуден өзге не бітірді. Ендеше, өкпелесе өзіне өкпелеуі
керек. Өзінен қалуы тиіс көңілі… Кенет құлағына бір зəрлі дауыс
келген: Өмірлерің осылай өте берсе, сендер Жалғастан, «Айғыркісіден»
ғана емес, тұтас өздеріңнен айырыласыңдар түбі, – дейді. – Жақсы
үміт-арманның иесі мен киесін сақтай алмаған жұрттың көретіні –
ақырзаман!» Отағасы селк еткен. Əзер-əзер ес жиып, көзін ашып еді…
О, Құдай… “Айғыркісінің” жансыз денесінен бір мезгілде бірнеше
бұлдырықтай-бұлдырықтай бұлт ұшып шығып, көкке көтерілекөтеріле күллі аспанды жауып қалды; қара көк қақ айырылғандай
қатты күркіреп-күңіреніп, жалғыз рет жарқ еткен найзағайдың
жарығы жаһан даланы жайпап өтті де, көктен құйылған нөсерден
Есқұл отағасын қоршаған əлем көзін аша алмай қалды… Оның арты…
Ертеңгісін елдің есі шыққан. Мамырдың күнінде ауылды аққар басып
қалыпты. Беті мұздақ. “Сұмдық-ай! – дескен жұрт. – Мұндайды көрген
қайсың бар? Үсік ұрды биылғымыздың бəрін. Бұ несі?..”
Ауыздары аңқиған жұрттың ешқайсысы ештеңені пайымдай
алмады.
Архитектор
Сол бір көріністің елесі... Қанша жылдан бері көңілі мен көз алдында.
Ой-қиялы, жан қалауы сол көріністен басталған. Ары қарай соның
жетегіне ерді де отырды...
***
Өркенбектің он-онбір жастағы кезі еді. Қойшылар жаз жайлауда
отырғанда, қайсыбір түні – ешкімнің үш ұйықтаса түсіне кірмеген
сұмдық оқиға болды. Əуелі «Ойбай, сұмдық!» деген шешесінің жан
шошырлық даусынан селк етіп оянып, есін жиғанша əкесінің сирақтан
алып, сүйреп бара жатқанын сезді.
Жайлау үстінде бір-біріне жақын-жақын отырған қойшылардың
үйлері жақтан да, шошынған дауыстар естіліп жатты. «Жер сілкініп
тұр, – деген əкесі. – О, жаратқан, өзің сақта». Өркенбек жер сілкінеді
деген-ді, оның қатер екенін еміс-еміс еститұғын. Қатты қорықты.
«Көке, қашпаймыз ба?» деген сасқалақтап». «Жерден қайда қашамыз»
деп əкесі жан-жағына жалтақтаған. Сөйткенше жердің дірілі де
басылды. Бұлар жаңа əзірде кереге-уықтары қатты сықырлаған
үйлеріне біразға дейін кіре алмай тұрды. Əлден соң көңілдері
орындарына түсіп, табалдырықтан ішке үңіліп, көргендері – ыдыс-аяқ
қирап, шашылыпты. Көзді ашып-жұмғандай-ақ сəтте.
«Үйіміз аман, – деді шешесі. – Қатты теңселгенде шаңырағы
ортасына түсер деп шошып едім. Құдай-ау, жер сілкінгенін кім көріпті.
Тағы сілкінсе не істедік?»
Жер бірақ, қайта сілкінбеді. Жақын-жақын отырған қойшылар бірбірінің амандығын білмекке, бір-біріне шапқылап таң атқанша
даурықты. Əйтеуір, бəрі дін аман. Боз үйлердің ешқайсысы бүлініп,
қирамаған. Əшейін де ауыздарынан ара-кідік болмаса шыға
қоймайтын. «О, Жаратқан! О, құдіретті Құдай!» сөзі тау мен тасты
аралап кетті. Бұлар қатерден аман қалғанымен, төмен етектегі шағын
ауылдардың бірен-сараны болмаса, үйлері қирап, адамдар опат болып
еді...
«Киіз үй неге құламайды, көке?» деп сұраған Өркенбек əкесінен.
«Қайдан білейін, көрдің ғой, құламайтынын. Қоқалақ-қоқалақ етті де,
қойды. Шешеңнің шыны-шəйнегі қирады, болды...» «Сонда, енді
құламайтыны неліктен? – деп Өркенбек қайта тықақтады. – Кірпіш
үйлер құлап жатқанда...» «Қайдан білем, – деді əкесі. – Қызықсың, сен.
Бірдеңе сұрасаң, арттан қалмайсың. Құдай қақты да, бізді». «Аналарды
ше?» «Кімдерді?» «Ауылдағыларды?» «Немене, ауылдағыларды?»
«Құдай неге қақпаған?» «Əй, мынаны-ай» деп əкесі орнынан тұрып
кеткен.
«Киіз неге құламайды?» деген сауал мектепте де онан кейін де қыр
соңынан қалмай қойса, қане...
***
Архитектор оқуына оны осы сауап алып келген болатын. Қайдан
жабысқан сенім екенін ол «Киіз үйде адамда бойындағы тепе-теңдікті
сақтау бар сияқты. Адамға ұқсап сілкініс кезінде ырғалу ыңғайына
қарай тұлабойы тұтаса алады. Керегесі, уығы, шаңырағы қандай
сілкіністе де бір үйлесіммен теңселеді, бет-бетімен шашылып
кетпейді, сірə.» Ойлады: Кірпіш, бетоннан да осылай етіп салуға
болмай ма? Айға ұшу болды. Тіпті, адам аяғы да тиді ғой, оған.
Курстастарына осыны айтса, олар күлетін. «Біз əуелі жерде құламай
жүруді үйренейік те» деп.
Біреудің күлгеніне, кекеткеніне Өркенбек пысқырмады да. Қилықилы жобалар сызды. Не ойлағанын жасау адамның қолынан сөзсіз
келетініне сенді. Табиғат апатының қайталанып отыратыны –
заңдылық. «Ол енді қашан болады. Болған күнде «Көппен көрген – ұлы
той» дегенді жанындай жек көретін. Солай екен, деп алдын алуға
əрекет етпей жүре бере ме. Жоқ, Өркенбек мұнымен келісе алмайды.
Апаттың болып тұруы қандай заңдылық болса – одан аман қалудың
амалын ойлап тауып, жасау да сондай заңдылық, деп қоймады.
Оқуын бітті. Үйленді. Ұл-қыз көрді. Жобаларын көтеріп бармаған
жері жоқ. Бəрінің айтатыны: Айналайын-ау, мына сызбаларың
түсініксіз... Қиял ма, немене. Мұндай қияли жобаны қуып кеткен біреу
болмаса, ешкім қабылдамайды. Өміріңді қор етпе, құрғақ қиялмен. Без
полезно жить, дейді мұндайды, орыстар... Есіңді жи, ертерек. Өмір
ертек емес, əу бастан...
Қатын баласын алып, ауылға, ауыл болғанда аудан орталығына
қайтқан. Жұмысқа тұрып, бала-шағаны асырау керек. Алайда, арғы
түкпірінде «Мүмкін жобамды осы жерде іске асырып қалам ба» деген
үміті де тұрды, үңіліп.
Бұл өзі тəуелсіздік жылдарының бас жағы еді. Қайсыбір құрылыс
компаниясында жобалаушы болып жұмыс істеп жүрген. Істеп
жүргенде дайын, баяғы барлық жағынан «сауатты» жобалардың
жүзеге асыруын қадағалайды. Ал ішін күндіз-түні тесіп бара жатқан өз
сызбалары. Реті бір келіп қалғанда соларын көтеріп, аудан
архитерторының алдына келген. Мұның жобаларын ары қарап, бері
қарап өткенде, көзəйнегіне жабысып қалған көздерінің жанары бірде
жанды, бірде сөнді. Сұрады: «Бұл не?» «Жобалар ғой». «Ненің
жобалары?» «Ғимарат құрылыстарының». «Осыны сондай жоба
дегенге өзің сенемісің?» «Енді ше?» «Мұныңды сен менен басқа
ешкімге көрсетпе.» «Неге?» «Ит теріңді басыңа қаптайды». «Қызық
екенсіз». «Қызараңдама, өйдеп. Архитектор болып отырғаныма табаны
күректей жиырма бес жыл, мына секілді жоба көрсем бе... Көзім
шықсын». «Бұл бəрін жаңа ойлау жүйесі ғой, аға». «Басты қатырмай,
бар. Давай».
Сыртқа Өркенбектің іші қан жылап шыққан. «Қайда барсаң
алдыңнан тоқырау шығады, омалып, – деп күйінді. – Одан қашан
құтылады, қазақ?!»
«Неден де əркім өзін-өзі алып шығатын заман емес пе, бүгін, – дейді
бір ойы. – Сөйтуге құштарлық неге жоқ? Жаңа – түсініксіздеу болар,
қиял да шығар, мейлі қалай көрінсе де қызығушылық, үңілу, танымға
бейіл беру, қане. Мұның тəсілі, үлгісі – құрылыстың əрқилы
материалдан қандай да тербеліс, қозғалыс кезінде бір-бірінен
айрылып кетпей, тұтас «иіліп, бүгілетіндігі». Осыған қанша күндерін,
апта, айларын, жылдарын сарп етті. Ойын-күлкіден, қызық-думаннан
безді.
Жаман күйзеліп жүрді. Айналаны түгел пəтуасыздық жайлап
алғандай болып көрінді. Жаңаға құштарлық, іңкəрлікті еріккеннің
ермегі, ертегі деп қарайтыны батты, бəрінен. Мұндайда не істеу керек
екенін де білмеді.
Сонда қайтпек керек? Аудан əкіміне кірмек. Қабылдауында ол:
«Мұндай мəселемен айналысатын арнайы адам – аудан архитекторы,
соған барыңыз» деді. «Барғам, оған». «Тағы барыңыз. Менің
мамандығым. Не... Жоба жайында біле бермеймін, бəлендей.
Архитекторға... Сөйтіңіз...»
Далбасалап газетті жағалады. Бармаған жері, баспаған тауы
қалмағанын айтты. Əкімге де кірдім, деді. Редактор қалың шөптің
арасынан құс пыр етіп ұшқанда елең ететін ат сияқты, басын ербең
еткізіп көтеріп алды: «О кісі не деді?» «Дəнеңе. Архитекторға бар дейді.
Оған барғам ғой, алдында». «Онда бауырым, бізден келер қайран жоқ.
Əкімнен аса алмаймыз. Газет сонікі. Біз бір тауықпыз – əкімнің
шашқанын ғана теріп жейміз, – деп екі қолын екі жағына жайды. – Сол
кісі қалай еңкейсе солай еңкейіп, қалай тоңқайса... Енді түсінесің ғой,
айналайын...»
Əйелінің жыны келеді. «Осыңнан бар ғой, ештеңе шықпады, – дейді,
– Шынында да жер төңкеріліп жатса да құламайтын үй бола ма». Бұл
дүрс етеді: «Болады». «Қалай болады?» «Сондай қатты сілкіністе киіз
үйдің құламағанын көзіммен көргем». «Көрсең, киіз үй болғандықтан
шығар». «Кірпіштен салынғанды да құламайтындай етіп тұрғызуға
болады».
Əкесінің немере ағасы – сақалы күмістей шал есінде. Жаз жайлауға
келетін жылда. Тартпа, айыл, құйысқан, өмілдірік, жүген, қамшы өріп
əкеліп, қойшыларға тарту жасап, қозы-лақ жинап əкететін. Қойшылар:
«Жарықтық əр жылда əр қилы өрім жасайсыз, мұның бəрі ойыңызға
қайдан келеді?» дегенде «Қолыңнан кеп тұрған соң жақсыны ойлап
тауып, жасап отырмаған жерде опа таппайсың» дер еді. Осыны айтып
алып, ары қарай толғайтын: Мына боз үйлеріңе қараңдаршы: шаңырақ,
кереге, уық, болған біткені осы. Сөйте тұра алты ай жаз, алты ай қыс
басыңа пана. Ыстықта іргені түріп, салқындатып ала қоямыз, ақ тер,
көк мұзда киізге киіз қабаттап жауып жылытып ала қоямыз... Қазақ
атаң жасады мұны, сөйтіп. Былай қарасаң ерекше ештеңесі жоқ. Бірақ,
берік. Кез-келген нəрсенің құдіретті, қажетті болатыны – беріктігінде.
Өркенбек өз заманы ғимараттарының неге де төзімді, берік
жобасын көкседі. Қолы жеткен жерден алдырып қарап, зерттеп
шықпаған жобасы жоқ. Мұның көксеуіне оның бірде біреуі кепілдік
бере алмаған. Рас, көрнекті, əдемі, əсем. Бірақ, мəңгілік беріктігіне
сенім жоқ. Өркенбекке қай-қайсысының да «менің осал тұсым – мына
жерім» деп ымдап тұрғандай болып көрінетін. Адамның ми мен сезім
арқылы басқарылатын он екі мүшесіндегі керек кезінде бір-бірін біріге
кететін құбылысты іздеп таппайтын. Сонда, сонау кездегі сілкінген
жер үстінде билеп тұрғандай болып көрінген киіз үй елестейтін.
Мұндайда осы менің миым ауысып кеткен жоқ па, деп те тіксінетін.
Алайда, əп-сəтте онысын жылдар бойы алпыс екі тамырымен бір
мезгілде лыпып тұратын аспан төңкеріліп, жер аунап кетсе де кірпіші
босамайтын, іргесі қисаймайтын, төбесі ортасына түспейтін ғимарат
жайлы арманы жайпап кетер еді. Сондай жобасы өзен-көлдерден,
теңіздерден өтіп, мұхиттар асып бара жатса...
Қайда барып, кімге айтады, зарын. Ауданда құрылысқа тендер
жарияланады деген əңгіме шығып қалған. Үш қабатты мектеп,
мəдениет Үйі жəне екі қабатты балалар бақшасы салынбақ екен. «Сен
сол тендерге қатыс, – деді бірге жұмыс істейтіндер. – Бəлкім, жолың
болып қалар». «Сөйтеріне сенбейтін болып қалдым емес пе» деген
анадан да, мынадан да беті қайтып қалған бұл. «Онда, ықпалды адам
ізде». «Оны қайдан табам?» «Көрмес, түйені де көрмес... Батыр-ау
аудандағы ең ықпалды адам – көршің емес пе».
Ия, оның ықпалды адам екенін бұл естіген. Қанша бастық келіп
жатады, кетіп жатады, соның кез-келгеніне осы кеңесші болады екен.
«Штаттан тыс» дейді. Қай бастықтың үстінен арыз жазылса да оны
тоқтататын осы екен. Жоғарыдан келген қандай да бір тексеру келеді,
оның бəрін өз айтқанына көндіріп, жолға салатын да осы болып
шықты. Не құдіреті барын тап басып ешкім айта алмайды. Біреу
ақшасының көптігін айтады, біреу жоғары жақта баласының қызметін
айтады...
Өркенбек қайтеді, жұрттың ақылын тыңдады.
Бұл келген шаруасын бастан-аяқ баяндамақ болып, қолынан
түспейтін қарны тоқ қара пəпкесінен жобалары сызылған қалың
қағаздарын шығарып, «Өзі былай еді,» дей бергенде, анау қолын бір-ақ
сілтеді: «Езіп қайтесің. Не істеуім керек екенін, айт!» «Бəрін түсініп
алсын деп едім». «Қажеті жоқ. Төтесінен ұр». Бұл сөйтті. «Тендірді
ұтып алсам, дейсің ғой, » деді анау. «Сол ғой, аға». «Сөйтпейсің бе,
бірден, міңгірлемей». «Осыған енді... Өзіңізге келдім... Соңғы үмітім».
Көршілес кісі біраз үнсіз отырды. «Ет-жақыныңнан, жора-жолдастан
кімдерің бар?» деп сұрады. «Жалғызбын, – деді Өркенбек күрсініп, –
Ата-анамның дүниеден көшкендеріне біраз жыл. Дос-жаран дейтіндей,
ешкімім жоқ». «Қайын-жұрт жағың қалай?» «Өз-өзімен жүрген
қарапайым жұмысшы адамдар, алыста». «Ым...м» деп қойды анау. Ақыр
соңында, мұның əбден төзімін тауысып, жүйкесін тоздырып айтқаны:
«Көрейік, – деді. – Болып қалар». «О, аға... – Өнербектің көзі бұлдырады.
– Сөйтесіз бе?» «Сен дайындал. Əуелі тездетіп ЖШС-ы құр, есепшот аш.
Құрылысты салатын мердігерлерді ізде, тап, келісе бер. Соларды бір
жақты қылған күні кел, маған. Соңғы істейтін негізгі, – ол сұқ саусағын
мұның мұрнының ұшына кезеді. – Шаруаңды сонда айтам... Əй, бірақ...
Қазірден-ақ біліп ал, бала. Ол өзі былай. Алаған қолым берегенді
білетін шығарсың. Білсең де, білмесең де сөзсіз істейтін шаруаң: Ұтқан
тендердің «шапкасын» мына алақанға əкеліп саласың. Он пайызы
анаған, – көрші басын əуелітіңкіреп бір жағына қарай сілкіп жіберді. –
Екеуі менікі.
Өркенбек күмілжіді. Ия, ол «шапка» дегенді талай естіген. Алған
ақшаның мынау айтып отырған бөлегін беру. Өйтпейін десе, көршінің
«Онда, шырағым, көзіңді құрт» деуі əбден мүмкін. Онда арманы адыра
қалады. Сыртқа есеңгіреп шыққан.
Тендерге қатысу шарттарын тап-тұйнақтай етуге аз уақыты кеткен
жоқ. Бұл кезде оның да өтетін күні əне-міне-леп қалған. Айтылған
нұсқауды табанынан тозып жүріп, бір жақты қылған соң, өкпесін
қолына алып, көршіге қайта келген. «Бəрін бітірдім, аға» деген
елпілдеп. «Мен де бітірдім, – деді анау. – Ұтасың тендерді». Сөйтіп
алып кеңкілдеп күлді. – Осы күнгінің шенеуніктері азбан айғыр
сияқты. Азбан айғыр бие-байтал көрсе, сосын ат дорба көрсе жаман
оқыранады. Мыналар қыз-келіншек пен ақша көргенде сөйтеді.
Ақшаның төбесін қылтитып едім, оқыранып қоя берді. «Кім, аға?» «Кімі
несі... Ой, əлі сен бала екенсің ғой... Жə, жарайды. Есеп-шотыңа ақша
қалай түседі, со моментінде алып кел, əлгі «шəпкіні,» деп көрші көзін
ойнатты. «Аға-ау... – Өркенбектің көмейіне тас тығылғандай тұншығып
қалды. – Орнын қалай реттеймін сосын, оның?» «Со да сөз бе. Өсіріп
жаз, өсіріп көрсет... Өсір... Ол енді өз шаруаң. Мен уəдемді орындадым.
Уəде – Құдай сөзі. Сөйт, əлгіні. Қолына апарып салғанымша анау
оқыранып маза бермейді. Өзінің Парламент депутаттығына түсейін
деп жүрген кезі, келесі жылы. Сонда осы ақшаны өзімізге таратып
береді, əлі». Өркенбек аузын ашты: «Не үшін?» «Дауысымызды сатып
алады...»
Он екі процент «шапка» көп сома болып шықты. Қайтеді, Өркенбек
айтқанын берді. Орнын жабу үшін күнəға батты. Екі жыл өткенде
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Аты жоқ əңгіме - 07
  • Parts
  • Аты жоқ əңгіме - 01
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2197
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 02
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2390
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 03
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2410
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 04
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2262
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 05
    Total number of words is 4080
    Total number of unique words is 2283
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 06
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 07
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2312
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 08
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2324
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 09
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2246
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 10
    Total number of words is 3963
    Total number of unique words is 2223
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 11
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 2156
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 12
    Total number of words is 3922
    Total number of unique words is 2134
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 13
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2235
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 14
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2274
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 15
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2182
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 16
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2314
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 17
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2348
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2268
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 19
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2238
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 20
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2247
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 21
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2199
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 22
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2239
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 23
    Total number of words is 3858
    Total number of unique words is 2234
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Аты жоқ əңгіме - 24
    Total number of words is 3019
    Total number of unique words is 1732
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.