Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 02

Total number of words is 4146
Total number of unique words is 2278
35.1 of words are in the 2000 most common words
50.3 of words are in the 5000 most common words
58.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Есіккүзеттің ықыласты даусынан үй иесіне деген құрмет сезіліп тұрды.
Жорж Дюруа баспалдақпен жоғары көтерілді.
Ол ептеп жүрексінді де, толқыды да, бір түрлі ыңғайсызданды. Өмірінде
бірінші рет фрак кигендіктен бе, бүкіл кəстөмі оны əлденеден қауіптендіре
берді. Ол қаншама əдемі көрінгенмен, лакталмаған бəтіңкесінен бастап
таңертең Луврда төрт жарым франкқа өте жұқа, сондықтан қазірдің өзіндеақ ұйпаланып қалған омыраушасымен қоса сатып алған жейдесіне дейінгі
үстіндегі киімнің əрбірінен бір мін таба бастады, - жалпы, ол жақсы аяқ
киімді жақсы көретін. Оның бұрынғы жейделерінің бəрі əбден тозып
біткен-ді, оның бірде-бірін киіп баруға тəуекелі жетпеді.
Шалбары тым кең, аяқтарын əдемі көрсетпей, бұлшық еттерінің тұсы
жиырылып қалыпты; бойына шақтап арнайы тігілмегені, кездейсоқ
алынғаны умаждалған түрінен білініп тұр. Тек фрак қана жарасып тұр денесіне құйып қойғандай.
Жүрегі тоқтап қалатындай көрініп, арпалысқан сезімнің əлегінде,
бəрінен де күлкілі боп көрінуден қорқып, баспалдақпен асықпай көтеріліп
келе жатқан оның кенет дəл қарама-қарсысынан əдемі киінген бір мырза
бетпе-бет тесіле қарап шыға келді. Олардың бір-біріне тақау келгені
соншалық, Дюруа шоршып кетіп, сол орнында қатты да қалды: бұл оның
өзі еді, екінші қабаттың алаңшасында дəлізді ұзын сияқтандырып көрсетіп
тұрған айнадағы өз бейнесі болатын. Қуанғаннан тұла бойы дірілдеп кетті күтпеген жағдайда ол өзінің сымбатты кейпін көріп қалды.
Үйінде ол қырыну үшін кішкентай айнаға ғана қарайтын, онда өзін тұла
бойымен көре алмайтын; өйтіп-бүйтіп үсті-басының əр жерін жеке-жеке
көріп, кемшіліктерін бадырайта байқап, өзін бір күлкілі адаммын ба деген
күйінішті ойда жүретін.
Енді, міне, қазір, ойда жоқта айнаға көзі түсіп кетіп, тіпті ол өзін
танымай да қалды, - өзін басқа, бір қарағанда, сəнді, мінсіз киінген ақсүйек
адам ба деп қалды.
Өзін-өзі мұқият тексере қараған соң, ол өзінің түрін шын мəнінде де
жарасымды түр деп тапты.
Содан кейін рөлін пысықтаған актер құсап айнаның алдында даярлана
бастады. Жымиды, қолын созды, сілтеді, бет жүзінен біресе таңданысты,
бірде ризашылықты, бірде құптағанды байқатуға тырысты, əйелдер мұның
өзін ұнатып, қызыға қарап отырғанын бірден сезінетін жəне мұны
жарасымды еркек деп танитындай жымиыс пен көзқарасты тауып
жасағысы келді. Төмен жақта есік тарс етті. Біреу-міреу аңдаусызда
үстімнен түсіп қала ма, қонақтардың бірі айна алдында қалай қисаңдап
тұрғанын көріп қойды ма деп қорқып, Дюруа баспалдақпен тез-тез жоғары
көтеріле бастады.
Үшінші қабаттың алаңшасында да айна тұр екен, өтіп бара жатып өзіне
тағы бір қарау үшін, Дюруа жүрісін сəл баяулатты. Шындығында да оның
денесі сымбатты еді. Жүрісі де одан жақсы жүріс жоқтай. Бір сəт оның жан
дүниесін өзіне деген шексіз сенім билеп алды. Мынандай сырт пішіммен
мақсатқа жету жолындағы өзіне тəн табандылықпен, батылдықпен жəне
ешкімге тəуелсіз ойлай алатын ақылдылығымен ол, сөз жоқ, өз дегеніне
жетеді. Баспалдақтарды секіре басып, оның ең үстіңгі алаңына жүгіріп
шыққысы келді. Үшінші айнаның алдында аялдап тұрып, ол дағдылы
қимылмен мұртын ширатып, қалпағын шешті, шашын сипады, сонан соң
мұндай жағдайда ылғи айтатын сөзін қайталап: "өте жақсы ойлап
табылған!" - деді де, қоңырауды басты.
Есік те дəл сол сəтте ашыла кетті десе болады; қара фрак, лакталған
бəтіңке киген, қырынған, барынша жоғары дəрежеде күтімді əрі маңғаз
малайды көргенде Дюруа тағы бір беймəлім, өзіне де түсініксіз
ыңғайсыздықты сезінді; бəлкім, ол өз кəстөмін еріксіз малайдың
кəстөмімен салыстырған болар. Дақ тиген жерін байқатпау үшін қолына
бүктей ұстаған пəлтөсін Дюраның қолынан алып жатып:
- Қалай баяндауды бұйырасыз? - деп сұрады малай.
Сонан соң қонақжайды алдыңғы бөлмеден бөліп тұрған қалың пердені
көтеріп тұрып, оның атын анықтап айтты.
Дюруа бүкіл менмендігінен бір сəтте-ақ айырылып үлгірді, ол қақиып,
толқығаннан зорға дем алды. Ол өзі армандаған жаңа өмірдің
табалдырығын аттағалы тұр еді, оны бұл өмір баяғыдан қызықтырған.
Ақыры ол кірді. Үлкен, жарық, өсімдіктердің көптігінен оранжереяны еске
түсіретін бөлменің дəл ортасында аққұба жас келіншек тұр екен.
Ол қазықтай қақиды да қалды. Бұл жымиып тұрған əйел кім? Кенет
оның есіне Форестьенің үйленген адам екені түсті. Мына əдемі сары
шашты нəзік əйел соның -мұның досының əйелі деген ой оны мүлде
есеңгіретіп тастады.
— Бикеш, мен... - деп міңгірледі де қалды. Əйел оған қолын созды.
— Білем. Кешегі кездесулеріңіз жайлы Шарль маған айтқан, оның
басына бүгін сізді бізбен бірге түстенуге шақырған жақсы ойдың келгеніне
мен өте қуаныштымын.
Ол не деп жауап қатарын білмей, құлағына дейін қызарып кетті, əйелдің
өзін аяғынан басына дейін қарап, байқап, бағалап зерттеп тұрғанын сезді.
Ол өзінің киім киісі үшін кешірім сұрамақ болды, оның олпысолпылықтарын түсіндіргісі келді, бірақ ол не деу керегін ойлап таба
алмай, ақырында ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған ондай мəселені
қозғауға бата алмады.
Ол əйел нұсқаған креслоға барып отырып еді, астындағы жұмсақ,
серіппелі орын төмен басылып, ол оған көміле батып бара жатты,
шалқайғанында арқалығы мен шынтақ қойғышы денесіне жұмсақ
жанасып, оны барқыт құшағына аялай қысқан кезде, ол өзін жаңа, ғажап
өмірге еніп бара жатқандай сезінді; əлдебір айрықша жағымды нəрсені
қолына түсіргендей болып, өзін бір татымды, биіктеп қалған адамға
санады. Сол сəт оның өзінен көз алмай қараған Форестье ханымға көзі
түсті.
Ол үстіне жіңішке белі мен биік торсиған төсін айқындап көрсететін
көгілдір кашемир көйлек киіпті. Қысқа жеңі мен кеуделігін көмкерген
аппақ шілтерлердің көбігінен жалаңаш қолы мен мойны айрықша көрінеді.
Биік етіп жинақтаған шашы жеп-жеңіл, тап-таза, мамық бұлт құсап
желкесінде бұлғақтайды.
Əлденесімен əнеукүні Фоли-Бержерде кездескен əйелдің кісіге қарасын
еске түсіретін қарасы Дюруаға жігер бергендей əсер етті. Жанары сұр екен,
ерекше тартымды етіп көрсететін аздап көгілдір реңкі бар сұр, мұрны жұпжұқа, ерні толық, иегі сəл томпиған, -түп-түзу болмаса да, бет-жүзі
сүйкімді, қылықты əрі өте əдемі. Əйелдің мұндай бет-жүзі əр нүктесі
өзгеше əсерге жетектейтін бет-жүзге жатады жəне мағыналы саналады,
оның сəл-пəл өзгерісі əлденені айтып немесе əлденені жасырып тұрғандай.
Сəл үнсіздіктен кейін əйел:
— Көптен бері Париждесіз бе? - деп сұрады.
— Бар-жоғы бірер ай ғана, - деді ол бірте-бірте бойын билеп. - Мен
темір жолда қызмет істеймін, бірақ Форестье мені үміттендіріп қойды:
менің көмегіммен журналшы боп шығасың дейді.
Бұл жолы əйел бұрынғысынан гөрі жарқын жүзбен жəне молынан
күлімсіреп жымиды, даусы да бəсең шықты.
— Білем, - деді.
Тағы қоңырау басылды. Малай хабарлама жасады:
— Де Марель ханым.
Кішкене қараторы əйел кірді, мұндай əйелдерді жұрт күйдіргі күреңкей
деседі.
Жүрісі жеп-жеңіл екен. Қоңыр, тым қарапайым көйлегі денесіне
жабысып, бүкіл тұлғасын айқын танытып тұр.
Қара шашына қадап алған қызыл райханы кісінің көзін еріксіз
тоқтатады: сол бір гүл оның жүзін жандандырып, бетінің өзіндік ажарын
айқындап, оған қызулық пен жарқындық беріп тұр.
Əйелдің соңынан қысқа көйлекті қыз еріп келеді. Форестье ханым
оларға қарсы ұмтылды:
— Сəлемет пе, Клотильда?
— Сəлеметсің бе, Мадлена!
Екеуі сүйісті. Үлкендерге тəн сенімділікпен қыз да маңдайын сүюге
тосты.
— Сəлеметсіз бе, Мадлена тəте! - деді ол.
Форестье ханым қызды да сүйген соң қонақтарды таныстыра бастады:
— Жорж Дюруа мырза, Шарльдің ескі досы. Де Марель ханым, менің
досым əрі алыс ағайыным.
Жəне Дюруаға қарап қосып қойды:
— Біліп қойыңыз, бізде бəрі жай ғана, салтанатсыз өтеді. Сіздің оған
ешқандай қарсылығыңыз жоқ па?
Жас жігіт басын иді.
Есік тағы ашылды, əдемі, ұзын бойлы, сымбатты, өзінен əжептəуір кіші,
қимылының сыпайылығы мен тəкаппар бітімі еріксіз көңіл аударатын
əйелін қолтықтап домаланған, жатаған жуан біреу кірді. Ол Вальтер мырза
болатын, депутат, қаржыгер, бай əрі пайдакеш, оңтүстіктің еврейі,
"Француз өмірінің" шығарушысы жəне оның əйелі, қыз күнгі аты-жөні
Базиль-Равало, банкирдің қызы.
Сонан соң бірінен кейін бірі аса əдемі киінген Жак Риваль мен Норбер
де Варен кірді, -соңғысының қайызғақты иығына төгіліп түскен ұзын
шашы мен ысқылаған фрагының жағасы жалтылдап тұр, ал қалай болса
солай байлай салған галстугы тіпті де жаңа емес-тін. Тəжірибелі еркектің
ерке əдетімен Форестье ханымға қарсы жүріп кеп, ол оның қолынан сүйді.
Ол еңкейген кезде, əйелдің жалаңаш қолын ұзын шашы жапты да кетті.
Ақыр соңында Форестьенің өзі келіп, кешігіп қалғаны үшін кешірім
өтінді. Морельдің сөйлеген сөзіне байланысты оны газеттегілер ұстап
қалыпты. Депутат-радикал Морель дəл бүгін Алжирді отарлау жөнінде
несие болу мəселесімен министрлікке сұраныс жолдаған болатын.
— Тамақ дайын! - деп хабарлады малай.
Бəрі ас үйге қарай қозғалды.
Дюруаны де Марель ханым мен қызының ортасына отырғызды. Ол тағы
өзін ыңғайсыз сезінді: шанышқыны, қасықты, бокалды қалай ұстап, қалай
жұмсау керектігін ол біле бермейтін, сондықтан рəсімді бұзып қоям ба деп
қорықты. Оның алдына төрт бокал қойыпты, оның бірі жəне де көгілдір
түсті. Қызық болғанда, онымен не ішеді екен десеңші?
Суп ішкенде бəрі үнсіз отырды, сонан кейін Норбер де Варен сауал
тастады:
— Сіздер Готьенің процесі жайында оқыдыңыздар ма? Қызықты оқиға.
Сонан соң-ақ бəрі арандату араласқан сол жағдайды талқылап кетті. Бұл
жерде олар газеттен оқыған оқиғаны отбасында сөз еткендей емес,
дəрігерлердің науқас жайында, көк азық сатушылардың көкөніс жайында
айтқанындай əңгімеледі. Ешкім таңғалмады да, ашынбады да, - бəрі де
қылмысқа
маман
адамның
қызығушылығымен,
барынша
салқынқандылықпен қарап, оның тереңде жатқан құпия себептерін ашуға
тырысты. Қайғылы оқиғаға итермелеген жағдайларды айқындауға, миға
қатысты құбылыстарын анықтауға əрекет жасасты, болған драманы
ғылыми түсінігін табуға болатын, жан дүниенің айрықша зардабы деп
қарасты. Сол зерттеу, сол ізденіс əйелдерді де қызықтырып əкетті. Адам
өміріндегі қызғылықты жағдайларды жазғанының əр жолы бойынша
сатқыштардың көзқарасымен жəне басқа да өткінші оқиғалар дүкеншінің
сатпас бұрын өз тауарын аударыстырып, тексеріп, салмақтап
қарайтынындай зерттелді, талқыланды, жанашырлықпен жан-жақты
қаралды, сонан соң шын мəніндегі өз құны бойынша бағаланды.
Сонан кейін əңгіме бір жекпе-жек жайына ауысты, енді жұрттың
ықыласын өзіне Жак Риваль аударды. Бұл соның құзырындағы іс болатын,
ол мəселеге араласуға басқа ешкімнің де батылы бармады.
Дюруаның сөз қыстыруға тəуекелі жетпеді. Көршісінің жұп-жұмыр
денесі қызықтырған ол ауық-ауық сол жаққа көз қырын сала берді. Судың
денесінен сырғып бара жатқан мөлдір тамшысы тəрізденіп, оның
сырғалығының ұшында алтын жіпке ілінген гауһар тас салбырайды. Оның
əрбір қыстырма сөзі жұрттың бəрінде жымиыс шақырады. Əр сөзі
қызықты, сүйкімді, əрбір тапқыр қалжыңы көңіліне ештеңені кіді
алмайтын, бəріне атүсті жəне ақкөңіл сенімсіздікпен қарайтын ширақ
қыздың қалжыңындай.
Дюруа оған бір қошемет айтуға тырысып көрді, бірақ ештеме ойлап таба
алмады да, оның қызымен айналысты: оған шарап құйды, тамақ алып
берді, қысқасы, соны айналдырды. Шешесіне қарағанда қатаңдау қыз оған
бас изеп қана ризашылығын білдіріп, маңғаз дауыспен: "Сіз сүйкімдісіз,
мырза", - дейді, сонан соң кісінің күлкісін келтіретін салмақтылықпен
үлкендердің сөзіне құлақ қояды.
Түстік тамаша болды, бəрі өздерінің сүйсіністерін білдіріп жатты.
Вальтер бір өзі он адамдікін жеді жəне ылғи дерлік үндемей отырды; жаңа
бір тамақтың түрін əкелген кезде, ол оған көзілдірігінің астынан қиғаштап,
көздеп отырған адамша қарайды. Анда-санда омырауына тұздықты
тамызып алып Норбер де Варен де Вальтерден қалыспады.
Əрі күлімсіреп, əрі қонақтардың қамын ойлап, Форестье бəрін бақылап
отырды жəне əйеліне көп мағыналы қараспен зер сап қояды, ол оның
айтпай ұғатын көмекшісі секілді, екеуі бірлесіп қиын, бірақ ойдағыдай өтіп
жатқан жұмысты атқарып отырғандай.
Кейбірінің беті қызарып, дауыстары зорая бастады. Қызметші тамақ
əкеп, отырғандардың құлағына еңкейіп кеп сыбырлайды:
- Кортон? Шато-лароз?
Дюруаға кортон ұнады, ол əр жолы бокалын тоса қояды. Қарнынан
тараған көңілді, еш нəрсеге ұқсамайтын желік ыстық толқын боп басына
құйылып жатқандай, содан тамыр-тамырына қуалай ағып, ақырында біртебірте оны түгелдей баурап алды. Ол үшін толық масайраған шақ туды,
масайрағанда да бүкіл ойы мен сезімін жұтып қойған, жаны мен тəнінің
масайрауы болды.
Бір минут те толастамаған ортақ əңгіме бір пікірден екінші пікірге
ұласып, қайдағы бір болар-болмас себептермен бір нəрседен екінші нəрсеге
секіріп, ақырында сол күннің барлық оқиғасын түгендеп шығып, онымен
қоймай, басқа да мыңдаған мəселенің басын шалып шыққан соң,
Морельдің кең тарап кеткен Алжирді отарлауға қатысты сөзіне қайта
оралды.
Ештеңеге сенбейтін көзқарасымен жəне жеңілтек ойымен белгілі
Вальтер екі тамақтың арасында ол жағдайға байланысты бірер өткір сөзді
айтып-айтып жіберді. Форестье ертеңгі нөмірге арнап жазған мақаласының
мазмұнын айтып берді. Жак Риваль отарларда əскери өкімет құру
қажеттігін жəне отарлау əскерінде отыз жыл қызмет жасаған əрбір
офицерге Алжирден жер бөліп беру керектігін айтты.
— Сонда сіз жасампаз қоғам құрасыз, - деп түйіндеді ол, - адамдар
бірте-бірте білетін болады жəне ол елді сүйіп кетеді, олардың тілінде
сөйлеуді үйренеді, жаңа келгендерді тұйыққа тіреп қоятын жергіліктілердің
күрделі мəселесінің бəрін түсінетін болады.
Норбер де Варен оның сөзін бөліп жіберді:
— Иə,.. олар бəрін білетін болады, бірақ тек жер өңдеуді білмейді. Олар
арабша сөйлей алатын болады, бірақ қызылшаны қалай егіп, бидайды
қалай себуді білмейді. Олар сайысу өнерін өте күшті меңгереді, ал жерді
өңдеуден өте əлсіз болады. Жоқ, ол жаңа елдің есігін барлық барғысы
келетіндерге кеңінен ашу керек. Басында миы бар адамның бəріне одан
орын табылады, қалғандары құриды. Біздің қоғамның заңы солай.
Бір сəт тыныштық орнады. Бəрі үнсіз жымиысты.
— Ол жақта жетіспейтін нəрсе ол - жақсы жер, - деп қалды кенеттен
Дюруа, өмірінде бірінші рет естіп тұрғандай, өз даусын өзі таңдана
тыңдады. - Жақсы өнім беретін жерлер Францияда қанша тұрса, Алжирде
де сонша тұрады, сондықтан оған салған ақша тиімді деп түсінген
Париждің байлары ол жерді сатып алады. Нағыз отарлаушыларды, яғни ол
жаққа жоқшылық қуып апарған кедейлерді суы жоқ жəне ешнəрсе өспейтін
құмға ығыстырып тастайды.
Енді барлығының назары оған аударылды. Ол өзінің қызарып бара
жатқанын сезді.
— Сіз Алжирді білесіз бе? - деп сұрады Вальтер.
— Білем, - деді ол - Мен онда екі жылдан астам уақыт тұрдым жəне үш
аймағында да түгел болдым.
Морельді бірден жайына тастап, Норбер де Варен бір офицерден естіген
сол елдің кейбір ғұрпы туралы сұрай бастады. Анығын айтқанда, оны
қызықтырған Сахараның қақ ортасында, сондай аптап аймақтың ең құрғақ
жерінде пайда болған өзгеше кішкентай араб республикасы Мзаб еді.
Дюруа Мзабта екі дүркін болған-ды, енді ол бір тамшы су алтынға
бағаланатын, қоғамдық жұмысқа қатысуға əр тұрғыны міндетті болатын,
өркениетті халықтарға қарағанда сауданы əділдеу жүргізетін таңғажайып
жердің əдет-ғұрпын бар ынтасымен суреттеуге кірісті.
Шарап пен ұнағысы келгендік оны батылдандырып жіберді, сол себепті
ол бір түрлі мақтанышпен қызына сөйледі; полк ішіне тараған
анекдоттарды да айтты, соғыс кезінде бастан кешкендерін де баяндады,
араб тұрмысының жекелеген жағдайларын қайта есіне түсіріп те жіберді.
Күннің жалыны күйдіріп-жандырып туратын сап-сары, жалаңаш əрі шексіз
сұрқай жерді тыңдаушылар көз алдына анығырақ елестетсін деп, ол тіпті
біраз əдемі сөз тіркестерін де қолданып тастады.
Əйелдер оған көз алмай қарады. Вальтер ханым өзінің əдетімен əр сөзін
соза сөйледі:
— Сіздің естелігіңізден бірнеше тамаша очерк шығайын деп тұр екен.
Əлдекімнің бетіне дұрыстап қарағысы келгендегі əдетімен, кəртең
Вальтер жас жігітке дереу сол арада көзілдірігінің үстінен көз тастады. Ал
тамаққа ол көзілдірігінің астынан қарайды.
Форестье сол сəтті пайдаланып қалды:
— Қымбатты басеке! Мен сізге бүгін Дюруа мырза туралы айтып ем ғой
жəне оны саяси хабарлар табу жөніндегі менің көмекшім етіп
тағайындауыңызды өтінгем. Марамбо бізден кетіп қалғалы бері менің əрі
жедел, əрі құпия мəліметтерді жинайтын ешкімім жоқ, газет содан ақсап
жүр.
Вальтер салмақты бола қалып, көзілдірігін көтерді де, Дюруаға тура
көзіне көзін қадай қарады.
— Дюруа мырзаның ақылы, сөз жоқ, айрықша, - деді ол. - Егер ертең
сағат үште оның менімен əңгімелесуге құлқы болса, онда біз оны
ұйымдастыра аламыз.
Аз үнсіздіктен кейін ол тікелей Дюруаның өзіне тіл қатты:
— Қазірше сіз бізге Алжир жайында екі-үш очерк беріңіз. Есте
қалғандарыңызбен бөлісіп, жаңа ғана осында айтқаныңыздай, соны отарлау
саясатымен байланыстырыңыз. Сонда дер кезіндегі дəл уақтысындағы
оқиға болып шығады, оқырмандардың оған өте риза болатынына мен
сенімдімін. Бірақ асығыңыз!
Бірінші мақалаңыз ертең менің қолыма тиюі керек, ең ары кеткенде бүрсігүні: палатада əлі талас бітпей тұрғанда, жұрттың назарын біз оған
аудара білуіміз қажет.
— Ал оған сіздер қоятын тамаша тақырып мынау: Африкандық
атқыштың естеліктері, - дегенді не айтса да өтімді етіп айтатын маңызды
кейіппен Вальтер ханым қосып қойды, -солай емес пе, Норбер мырза?
Атаққа кеш іліккен қарт ақын жаңа шыққандарды жақтырмайтын жəне
олардан қорқатын. Ол сүлесоқ жауап қайтарды.
— Иə, тақырып тамаша, егер одан кейінгілер де сол стильде жазылса,
оның ең қиыны сонда. Стиль деген - музыкадағы дəл шыққан үнмен бірдей
нəрсе.
Форестье ханым Дюруаға: "Сен сияқтылар өз мақсатына жетпей
қоймайды" дегенді аңғартатын мейірлі, қамқор, түсінген адамның
көзқарасымен қарады. Марель ханым ол жаққа бірнеше дүркін бұрылып
қарады, құлағындағы гауһар дəл қазір үзіліп түсіп, мөлдір судың
тамшысынша тамып кетердей дір-дір етеді.
Қызы тақсыға төніп, тыныш қана тəкаппар отыр.
Малай сол арада үстелді тағы айнала жүріп, көгілдір бокалдарға
иоганнисбергтен құйып шықты, содан кейін Форестье Вальтерге тағзым
етті де, тост айтты:
— "Француз өмірінің" гүлденуі үшін!
Бəрі де газеттің шығарушысына қарап бастарын иісті, ал табысына
мастанған Дюруа бокалдағысын бір-ақ сіміре салды. Ол өзін бір бөшкені де
бір-ақ ішіп, бүтін өгіздің етін бір өзі жеп, арыстанды да қылғындырып
өлтіре салатындай сезінді. Бойына шамадан тыс қуат пен қайтпайтын
қайсарлық бітіп, аса бір шұғылалы үміттері оянды. Ол енді бұл қоғамның
өз адамы болды, өз жағдайын өзі жасап алды, белгілі бір орынды иеленді.
Оның жанары елдің бетіне бұрын болмаған сенімділікпен байыздап
қарайтын болды, ақырында оның көршісіне тіл қатуға дейін батылы барды:
— Сіздің сырғаңыз қандай əдемі еді, мен мұндайды ешқашан көрген
емеспін!
Əйел оған күлімсірей бұрылды:
— Гауһарды бүйтіп жай алтын жіпке іліп қою - ол өзімнің басыма келген
ой. Таңғы шық екен деп ойлап қалуға болады, рас қой, ə?
Өзінің батылдық жасағанынан қысылып, ақымаққа тəн бірдеме деп қоям
ба деп те қорқып, ол батылсыздау міңгірледі:
— Сырғалар əдемі, құлағыңыз да тек сондай сырғаларды тағуға
жаралғандай.
Əйел оған жанарымен, жанар болғанда да жүрек түкпіріне дейін жететін
жанар отымен алғысын білдірді.
Дюруа бетін бұрғанда, Форестье ханымның көзімен тағы көз түйістіріп
қалды: ол оған сол баяғы мейірімді жүзбен қарап отыр екен, алайда оның
көзқарасында қуланған əрі құптаған бір ыңғай байқалған сияқтанды.
Еркектер енді қолдарын сілтеп, дауыстарын көтеріп, жамырай сөйлесіп
жатты: жерасты темір жолының аса үлкен жобасы талқыға түсіп кетті.
Десерт таусылғанда барып əңгіменің тақырыбы да бітті, - Париждегі
қатынас түрлерінің шабандығы туралы, аттардың ыңғайсыздығы жайында,
омнибустағы тəртіпсіздік пен айдаушылардың дөрекілігі төңірегінде
əркімге айтатын сөз табылып жатты.
Сонан соң бəрі кофе ішу үшін қонақ бөлмеге өтті. Дюруа қалжыңдап,
қызға қолын ұсынды. Қыз салтанатты түрде ризашылық білдірді де,
аяғының ұшымен тұрып, қолын жігітінің шынтағы астына сұғып жіберді.
Қонақ бөлме оған тағы да жабық бақты есіне түсірді. Бөлменің əр
бұрышында жапырақтарын əсем жайып, төбеге дейін созылып биік
пальмалар тұр.
Алды ашық пештің екі жақ бүйірінде бағанаға ұқсаған каучук ағашының
дінінде жап-жасыл жапырақтары жыпырлап тұр, ал фортепианоның
үстінде əлдебір бейтаныс екі бұта тұрды - қызғылт жəне ақ; дөңгеленген,
үстін тұтастай гүлмен қаптап қойғандай, олар жасанды, нағыз өсімдікке
ұқсамайтындай боп көрінді, тірі гүлге қарағанда тым əдемі секілді.
Қонақ бөлменің таза ауасы жеңіл əрі нəзік, айта да, ұстай да алмайтын
жұпар иіске толы еді.
Дюруа қысылып-қымтырылуын біржола қойды десе де болады, енді ол
бөлмені аспай-саспай мұқият қарады. Бөлме тым үлкен емес-ті:
өсімдіктерден өзге онда көз тоқтататындай еш нəрсе жоқ-ты, жарқырап
көзге түсетіндей тым жалтырақ та жоқ, бірақ адам онда өз үйінде
жүргендей сезінеді, ондағының бəрі адамның демалуына ыңғайлы, тыныш:
жинақылығымен кісіні баурап, шексіз-шетсіз ұнап, əлдебір еркелеткендей
жұмсақ сиқырымен денеңді орап қоятындай.
Бөлменің қабырғалары шыбынның үлкендігіндей сары жібек гүлдермен
безендірілген ақсұр матамен қапталыпты. Есіктерге қызыл жібекпен
қалампыр гүлі тоқылған ақшылтым көгілдір солдат шұғасынан жасалған
перделер ілініпті. Қалай болса солай қоя салынған əр көлемді, əр түрлі
жиһаздар - шезлонг дейтін жартылай төсек сияқты шалқайма орындықтар,
абажадай жəне құртымдай креслолар, табуреткалар, пуфтар - кейбірі XVI
Людовик стиліндегі жібек матамен қапталса, кейбірі сарғыш шетіне өсіп
тұрған анарды салған əдемі барқытпен қапталған.
— Дюруа мырза! Кофе ішесіз бе?
Сол баяғы езуін жыймай күлімсіреген қалпы Форестье ханым оған
шыны ұсынды.
— Иə, ханым, рахмет сізге.
Дюруа шыныны алып, қыз қолындағы қант салғышқа қауіптене еңкейіп,
күміс қысқашпен бір түйір қантты іліп алып жатқанында, келіншек
құлағына сыбырлап үлгірді:
— Вальтер ханымды айналдырыңызшы.
Ол бірдеме айтып үлгіргенше келіншек қасынан кетіп қалды.
Кілемге төгіп алам ба деп қауіптеніп, ол кофені тезірек ішіп бітуге
тырысты, сонан соң жеңілдеп қалғандай сезініп, енді жаңа бастығының
əйеліне жақындаудың жəне онымен сөйлесудің амалын қарастыра бастады.
Кенет ол үстелден алыста отырған Вальтер ханымның бос шыныны
қолына ұстап, сірə, оны қайда қоярын білмей тұрғанын байқап қалды.
Дюруа дереу қасына жетіп барды.
— Маған рұқсат етіңізші, ханым.
— Рахмет сізге.
Шыныны апарып қойған соң ол қайта қасына келді.
— Мен ана жақта құмның ішінде жүргенде, "Француз өмірінің" маған
қаншама бақытты сəттер сыйлағанын сіз білсеңіз ғой, ханым! Шын мəнінде
ол Франциядан тыс жерде оқуға болатын бірден-бір газет, өйткені тек қана
ол ең қызықты, ең тапқыр жəне неғұрлым жан-жақты газет. Ол бəрі туралы
жазады.
Вальтер ханым өз сыпайылығына тəн жымиысымен салқын жымиды.
— Қазіргі талапқа сай газеттің түрін жасау менің күйеуіме аз еңбекке
түскен жоқ, -деді əйел өз бағасын білетін кейіппен.
Содан кейін екеуі əңгімелесіп кетті. Дюруа əдеп сақтай бермейтін,
қысылып-қымтырыла қоймайтын əңгімелерді жақсы айтатын; даусы
құлаққа жағымды, жанары өте əсерлі, ал мұртында адамды еріксіз өзіне
тартатын бір сиқыр тығылып тұрғандай-ды. əдемі, жұмсақ, көпсіген,
тікірейген шалғайына таман сəл ақшылтым тартқан сары алтындай
құбылған мұрты жоғарғы ернінің үстінде ширатылады.
Екеуі Париж жəне оның айналасы туралы, Сена өзенінің жағалауы
жайында, жазғы көңіл көтерулер мен курорттар хақында, қысқасы,
ешқандай бас қатырмай-ақ күнұзақ айта беруге болатын жеңіл-желпі
нəрселерді сөз етісті.
Қастарына ликер құйған рөмкесін көтеріп Норбер де Варен келген соң,
Дюруа кішіпейілдік жасап кетіп қалды.
Форестье ханыммен əңгімесі біткен соң Марель ханым Дюруаны қасына
шақырды.
— Сөйтіп, сіз журналшылықта бағыңызды сынап көрмексіз бе? - деді ол
күтпеген жерден.
Ол өзінің мақсаты жайында өзі де түсінбейтіндей бірдемелерді айтты да,
іле-шала Вальтер ханыммен сөйлескен сөздерін оған да айта бастады. Бірақ
бұл жолы ол мəселені жақсы меңгеріп, жақында өзгелерден естігендерін де
өзінікі етіп, сеніммен сөйледі. Жəне сол сəтте əр сөзіне терең мағына
беруге тырысып, өз көзін əйелдің көзіне үнемі қадай тұрып сөйледі.
Өз кезегінде Марель ханым өзін тапқыр санайтын жəне қызықты
көрінгісі келетін əйелдердің табиғи ширақтығымен бірнеше анекдот айтып
жіберді. Бірте-бірте ашыла келіп, бір кезде қолы жігіттің жеңіне тиіп те
тұрды, əр нəрсені айта жүріп, кенет даусын кілт бəсеңдете қойды, содан
екеуінің əңгімесі ішкіл жағдайға ауысты да кетті. Өзіне анық ықыласы
ауған жас келіншектің қасында тұрғаны жігітті толқытты. Өзінің оған
берілгендігін, біреулерден оны қорғай алатындығын дəл қазір дəлелдеп
жəне өзінің жақсы қасиеттерін оның алдына жайып салғысы келгеннен
шаршап қалған Дюруа оның əр сөзіне кешеуілдеп жауап қайтарып тұрды,
ал ол кешігулер оның ойы басқада екендігін дəлелдейтін еді.
Кенет Марель ханым себепсізден-себепсіз: "Лорина!" - деп шақырды да,
қыз қасына келген соң:
— Отыр осында, қызым, терезенің алдынан суық тиеді, - деді.
Дюруаның қызды үнсіз ғана сүйіп алғысы келді, сонда сол сүйістің бір
бөлшегі оның шешесіне де тиесі болатындай көрінді.
— Сізді сүюге бола ма, мадмуазель? - деп сұрады ол сыпайы, əкелік
мейірімді үнмен.
Қыз оған таңдана қарады. Марель ханым күле сөйледі.
— Жауап бер: "Бүгінше сізге рұқсат етем, мырза, бірақ бұдан кейін бұл
қайталанбасын", - де.
Дюруа отырып, қызды қолынан ұстады да, қыздың толқынданған
жұмсақ шашына ернін тигізді.
Шешесі қайран қалды.
— Қарай көр, қашпады! Ғажап! Əдетте ол өзін тек əйелдерге ғана
сүйгізеді. Сіз бағындырып алғышсыз, Дюруа мырза!
Ол қызарып кетті де, қызды бір тізесіне отырғызып, үнсіз тербете берді.
Форестье ханым қастарына келді де, таңданғаннан ішегін тартып:
— Мен не көріп тұрмын? Лоринаны үйретіп алыпты! Міне, ғажап! деді.
Сигарын езуінен тастамай Жак Риваль бұларға қарай жүрді, аузымнан
əлдебір орынсыз шығып кеткен сөзге бола бар жағдайды бүлдіріп, бүгін
жинап алған беделімнен бір сəтте айырылып қалмайын деп қорқып, Дюруа
дереу қоштаса бастады.
Ол басын иіп, əйелдердің қолын абайлай қысса, еркектердікін қаттырақ
сілкіді. Сөйтіп тұрып, қол қысысына Жак Ривальдің достық пиғылмен
жауап қайтарғанын, Норбер де Вареннің дымқыл əрі суық қолы
саусақтарының арасынан сусып өткенін, ал Вальтердің қолы суық, бос,
жаны жоқтай, ұсқынсыз екенін, Форестьенікі толық əрі жылы екенін
байқады. Досы құлағына сыбыр етті:
— Ертең сағат үште, ұмытпа.
— Жо-жоқ, сөзсіз келемін.
Бүгінгі табысына Дюруаның қатты қуанғаны соншалық, баспалдаққа
келгенде, одан оның жүгіріп түскісі келді, төмен қарай екі баспалдақтан
бір-ақ секіріп келе жатып, кенет үшінші қабаттың алаңқайындағы үлкен
айнадан өзіне қарсы секіре жүгіріп келе жатқан мырзаны көргенде, өзін
біреу қылмыс үстінде ұстап алғандай ұялып, тоқтай қалды.
Дюруа өз бейнесіне ұзақ сүзіліп қарады, сонан соң өзінің соншалық сұлу
екеніне шаттанып, айнадағы бейнесіне күлімсірей қарады да, сонан соң
оған дəл бір сыйлы кісімен қоштасқандай қолын көтерді де, құрметпен
төмен иіліп тағзым жасады.
ІІІ
Көшеге шыққан соң Жорж Дюруа ойға шомды: ол қандай шешім
қабылдауы керегін білмеді. Оның ешбір мақсатсыз-ақ қаланы аралап,
армандап, келешекке жоспар жасап, түннің жұмсақ ауасын жұтып
қыдырғысы келді, бірақ Вальтер үшін мақала жазу керек деген ой соңынан
қалмай мазалай берді, ақырында ол үйге қайтып, дереу жазуға отырғаным
тиімді болар деп шешті.
Сыртқы бульварды айнала жылдам жүріп кеп, содан кейін өзі тұратын
Буро көшесіне бұрылды. Ол пəтер жалдаған жеті қабат үйде жиырма
шақты жұмысшы мен тоғышарлық отбасы тұратын. Баспалдақпен
көтеріліп келе жатып, қалдықтар мен темекінің тұқылдары, қағаз
жыртындылары шашылып жатқан кір-кір тепкішектерді балауыз сіріңкемен
жарық етіп, оған жиіркенішпен күйзеле қарап келе жатып, бұл арадан
босанып шығып, байлар тұратын таза, кілемдер төселген үйде тұрсам-ау
дегенді қатты армандады. Бұл арадағының бəріне тамақ қалдықтарының,
дəретхананың жағымсыз иісі мен тұрғын үйдің шаңы сіңген, көгерген жəне
ешқандай өкпек жел тазалай алмайтын иістері сіңіп қалған.
Оның алтыншы қабаттағы бөлмесінің терезесінен Батыс темір жолының
үңірейген, Батиноль вокзалының маңына дейін созылған туннелінің терең
күз сияқты үлкен оры көрінеді. Дюруа терезені ашып тастап, оның тот
басқан темір жақтауына шынтақтай асылды.
Үш қозғалмайтын қызыл шам белгісіз аңның бақырайған көзі сияқтанып
сол қараңғы ордың түбінде жарқырайды, оның ар жағында тағы шам, одан
кейін тағы, тағы көрінеді. Бірде жақыннан, бірде алыстан, кейде əзер
шалынып, Аньер жақтан кейде ұзақ, кейде қысқа гудок үні қараңғы түнде
минут сайын естіледі. Өйтіп құбылған дауыстар жанды нəрселердің
сөйлесіп жатқаны секілденіп те кетеді. Сондай бір дауыс жақындап келе
жатты, оның аянышты күрсінісі əр сəт сайын күшейе түсті, бір кезде құлақ
тұндырған тарсыл-гүрсілмен зымырап келе жатқан үлкен сары шам
көрінді. Вагондардың ұзыннан-ұзақ тізбегі туннельдің көмейіне қалай кіріп
кетіп жатқанын Дюруа көріп тұрды.
— Ал енді жұмысқа кіріс! - деді ол өзіне-өзі. Шамды үстелдің үстіне
қойып, жазуға енді отыра бергенде, кенет өзінде тек пошталық қағаздың
ғана бар екенін байқады.
Несі бар, қағазды көлденеңінен бүктеп, пошталық қағазға-ақ жазуға тура
келеді. Қаламұшты сияға малып алып барынша тырысып, əдемілеп
тақырыбын жазды:
"Африкандық атқыштың естелігі"
Сонан соң бірінші сөйлемді ойлай бастады.
Ол алақанымен жағын таянып, алдында жатқан таза қағазға тесіле
қарады.
Не туралы жазу керек? Түстену кезінде айтқандарының бірде-бірін, не
бір анекдотты, не бір фактіні, ештеңені есіне түсіре алмады. Кенет оның
басына: "Кету кезінен бастау қажет", - деген ой келді. Содан ол: "Бұл 1874
жылы мамырдың орта шенінде, əлсіреген Франция қатерлі жылдардың
сілкілеуінен кейін демалып жатқанда болып еді..." деп жазды.
Содан кейін Дюруа тоқтап қалды: мұны енді одан кейінгімен - кемеге
мінуімен, саяхатқа шығуымен, алғашқы əсерлерімен - қалай
байланыстырарын білмеді.
Бір он минуттен кейін ол кіріспе бөлімін ертеңге қалдырды, қазірше
Алжирді сипаттап жазу керек деп шешті.
"Алжир - бастан-аяқ аппақ қала", - деп жазды да, бірақ одан ары қолы
жүрмеді. Жадындағы əдемі таза қалашық, жалпақ шатырлы үйлердің тау
етегінен теңізге қарай құлаған бұлақ суындай тізбегі қайтадан көз алдына
келіп, бірақ сол көргендері мен бастан кешкендерін баяндайтын сөз таба
алмады.
Ұзақ зорланған соң ғана: "Онда тұратын халықтың денін арабтар
құрайды", - дегенді қосты да, содан кейін қаламсабын лақтырып тастап,
үстелдің қасынан түрегеп кетті.
Оның денесінің салмағынан пайда болған төсектің шұңқырында тозығы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 03
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.