Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 11

Total number of words is 4266
Total number of unique words is 2134
37.7 of words are in the 2000 most common words
53.2 of words are in the 5000 most common words
60.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
нəрсені көрсеткісі келгенде, қолын көтеруге шамасы жетпей, ол тек
саусағын ғана шошайтты.
— Қара, мынау Сент-Маргарит аралы, ал анау - Базен қашып шыққан
қорған. Иə, бұған бола ол кезде біз біраз əуреленгенбіз!
Одан кейін ол өзінің полктегі қызметін еске түсірді, офицерлердің атын
атап, соларға қатысты оқиғаларды əңгіме етті.
Шұғыл бұрылыстан кейін кенет алдыдан кең көрініс ашылды: Жуан
бұғазы да, арғы беттегі аппақ ауыл да, алдыңғы жақтағы Антип мүйісі де бəрі де енді алақаныңдағыдай айқын көрінді.
— Əне эскадра! Қазір сен эскадраны көресің! - деді балаша қуанған
Форестье сыбырлай дауыстап.
Шынында да, кең шығанақтың ортасында қалың бұта өскен жартасқа
ұқсап тұрған алты үлкен кемені байқауға болатын еді. Таңғаларлықтай
ұсқынсыз, тым дəу, əлдебір шошайғандармен не мұнаралармен,
сутілгішпен жабдықталған кемелердің суға терең батып тұрғаны соншалық,
олар құдды сол араға тамыр жайғалы даярланғандай еді.
Түбі тамырланып кеткендей көрінген кемелердің ауырлығы соншалық, олардың қалай қозғалып, қайтіп орын ауыстыратынын түсіну қиын еді.
Жүзбелі обсерватория секілді əрі биік, əрі дөңгелек батарея су бетіндегі
жартасқа орнатқан манарды елестетеді.
Олардың қасынан ақ желкенін желбіретіп ашық теңізге қарай үш
діңгекті үлкен кеме өтті. Ана əскери құбыжықтардың, теңізге терең шөгіп
тұрған жиіркенішті темір құбыжықтардың қасында ол өзінің əдемілігімен,
сəнімен көз қуантады.
Форестье кемелердің атын есіне түсірмек болды:
— "Көлбер", "Сюфрен", "Адмирал Дюперре", "Айбынды", "Аямас"...
Жоқ, мен қателесіппін, "Аямас" - мынау тұрған.
Бұлардың көлігі "Жуан шығанағының фаяныстан жасалған көркем
заттары" деген жазуы бар кең мол павилионға тақап келді де, шағын
шалшықты айналып өтіп, кірер жолдың аузына тоқтады.
Форестье өзінің Париждегі кабинетіне екі ваза сатып алмақ болды. Ол
арбадан түсе алмады, сондықтан оған үлгілердің бірінен кейін бірін əкеліп
көрсете бастады. Ол ұзақ таңдады, əйелімен, Дюруамен ақылдасты.
— Сен білесің ғой, мынау менің кабинетімде тұрған кітап шкабына
қоюға. Мен кресломда бұларға қараймын да отырам. Мен ежелгі дəуірдегі
немесе гректердің бірдемесі болса деп едім.
Ол əкелген үлгілерді айналдыра қарады, басқа үлгілерді көрсетуді талап
етті, қайтадан алғашқы көргенін əкелдірді. Ақыры таңдап алғандарының
ақысын төледі де, дереу вазаларды Парижге жөнелтуді бұйырды.
— Мен бұл арадан жақында кетем, - деді бекем үнмен.
Олар шығанақ бойымен қайтып келе жатқанда, кенет алқаптан суық жел
соқты да, ауру жөтеліп кетті.
Əуелде оны аурудың жай жеңіл ғана қозғаны шығар деп ойлап еді, бірақ
ол бірте-бірте күшейіп, бір секунд те тыныс алдырмады, ақырында ықылық
атқызып, қырылға ұласты.
Форестье тұншыға бастады; əр демін алған сайын кеудесін қырылдатқан
жөтел тамағын жыртып жібере жаздайды. Оны еш нəрсе тыныштандырып
тоқтата алмады. Ауруды бөлмесіне дейін көтеріп апаруға тура келді. Дюруа
оның аяғын ұстап жүрді де, өкпесі қалтырап қысылған сайын аяғының да
қалай селкілдегенін алақанымен сезді.
Жылы төсек Форестьеге көмектеспеді, - аурудың қысылуы түн жарымға
дейін созылды. Ақырында өлім алдындағы бұл жанталасын есірткі дəрі
ғана тоқтатты. Содан ауру таңға дейін көз ілместен креслода отырды.
Оның алғашқы сөзі: "Шаштаразды шақырыңдаршы!" - болды,- қашанғы
əдетінше Форестье күнде таңертең қырынады. Ол қырыну үшін орнынан
тұруға күш жинап еді, бірақ оны дереу қайтадан төсекке жатқызуға тура
келді, Форестье ханымды оның қысқа, ауыр, қинала жөтелгені қорқытқаны
соншама, ол дереу жаңа ғана ұйықтауға жатқан Дюруаны оятуға жұмсады
да, одан докторды шақырып келуін өтінді:
Дюруа дереу барып Гаво деген докторды шақырып келді. Доктор
микстура жазды да, өйт-бүйт деген нұсқаулар берді. Бірақ шындықты
білгісі келіп оны əдейі шығарып салып тұрған Жоржға былай деді:
— Бұл - соңғы тұяқ серпуі. Ертеңге жетпейді. Əйеліне ескертіңіз жəне
священникті шақыртыңыз. Маған енді бұл арада істейтін ештеңе жоқ.
Əйткенмен мен əрқашан сіздің қызметіңізге дайынмын.
Дюруа Форестье ханымды өзіне шақырды.
— Ол енді о дүниелік. Доктор священникті шақырыңдар деген кеңес
берді. Сіз қалай ойлайсыз?
Əйел ұзақ толқыды, бірақ ақырында бəрін ойлап-пішіп келіп, баяу ғана
былай деді:
— Иə, сол дұрыс болар... Барлық жағдайды есептегенде... Мен оны
дайындайын, сені священниктің көргісі келеді дейін... Қысқасы, бір нəрсе
ойлап табармын. Ал сіз, көп жасағыр, священникті іздеп табыңызшы.
Қарапайымдау
біреуін
қарастырыңызшы,
өзін-өзі
əлдеқандай
санамайтындай біреу болсын. Уағызын оқумен шектелсін де, бізді басқалай
əрекеттен аулақ қылсын, солай ұйымдастырыңызшы.
Дюруа не істеу керегін бірден түсінген сөзшең қартты алып келді. Ол
кіріп келген кезде-ақ Форестье ханым көрші бөлмеден шығып Дюруаның
қасына келіп отырды.
— Бұл оған ауыр тиді, - деді ол - Мен священник жайында айта
бастағанымда, өңі соншалық бұзылып кетті, тап бір, ...суық демін сезіп
тұрғандай болып... сіз мені түсініп тұрсыз ба? Қысқасы, бəрінің біткенін,
санаулы ғана сағаты қалғанын ол түсінді...
Форестье ханым боп-боз болып кетті.
— Мен оның сол кездегі бет əлпетін ешқашан ұмыта алмаспын, - деді ол
сөзін жалғастырып. - Сол сəтте ол, сөз жоқ, өлімді бетпе-бет көрді. Ол
көрді оны.
Оларға священниктің даусы жетіп жатты, - құлағы нашар еститіндіктен,
ол əжептəуір қатты сөйледі:
— Жоқ, олай емес, сіздің жағдай соншалық жаман емес. Сіз аурусыз,
бірақ тіпті де қауіпті емес. Мен сізге жолдастықпен, көрші болған соң
кірдім, - бірінші дəлелім осы.
Оған Форестье бірдеме деп жауап берді, бірақ оны бұлар ести алмады.
— Жоқ, мен сізге атаукере бере алмаймын, - деп жатты қарт. - Біз əлі ол
жайында сіз жазылған кезде əңгімелесеміз. Егер сіз менің осында
отырғанымды күнəңізден арылу үшін пайдалансаңыз, онда мəселе басқа.
Мен уағызшымын, мен əрбір қолайлы жағдайды пайдаланып, өз
пенделерімді дұрыс жолға бағыттап отыруға тиіспін.
Тып-тыныш бола қалды. Сірə, енді үні шықпай, үзіп-үзіп Форестье
сөйлеп жатқан болу керек.
Сонан соң басқаша үнмен, шіркеу қызметкерінің үнімен қайтадан қарт
сөйлеп жатты:
— Құдайдың қайырымдылығы шексіз. "Сопfіtеоrды" оқыңыз, балам.
Егер ұмытып қалған болсаңыз, онда есіңізге салайын. Маған ілесіп
отырыңыз: "Confiteor Deo omnipotenti... Bietae Mariea semper virgini..."
Анда-санда дұғаның сөзін өзімен ілесіп қайталап жатқан ауруға
мүмкіндік беру үшін, қарт үндемей күтіп қалады.
— Ал енді тəубе жасауға кірісіңіз, - деді ақырында қарт.
Айрықша толқу билеп, күтуден əбден титықтаған Форестье ханым мен
Дюруа тырп етпей отырды.
Ауру əлдене деп күбірледі.
— Сіздің ұятыңызбен құпияласқан келісімің болып па еді, - деді
священник. - Ол қай түрдегі келісім еді, балам?
Форестье ханым орнынан тұрды.
— Баққа барып кішкене қыдырып қайтайық, - деді ол сыр білдірмейтін
сабырлы үнмен. - Біз оның құпиясын білмеуіміз керек.
Олар бақтың кіреберісіндегі таза ауаға өзінің күшті əрі тəтті иісін
таратып тұрған қалампырдың қасына келіп, гүл ашқан раушан бұтасының
түбіндегі отырғышқа отырды.
— Сіз əзірге Парижге бармассыз? - деді Дюруа біраз үнсіздіктен кейін.
— Кешікпеймін! Қалай бəрі бітеді, мен де дереу кетем бұл арадан.
— Он шақты күнде ме?
— Иə, одан ұзамас.
— Демек оның ешбір туысы жоқ қой?
— Немере бауырларынан басқа ешкімі жоқ. Əке-шешесі оның əлі жас
кезінде қайтыс болып кетіпті.
Екеуі де қалампырдың шырынын сорып жатқан көбелектен көз алмады:
гүлден-гүлге ұшқан оның қанаты дамыл таппайды, тіпті қонып тұрған
кезде де білінер-білінбес дір-дір қағады. Форестье ханым мен Дюруа бақ
ішінде ұзақ үнсіз отырды.
Бір кезде малай келіп, священниктің тəубе жасауды аяқтағанын мəлім
етті. Сонан кейін ғана екеуі жоғарыға көтерілді.
Форестье кешегісінен де жүдеп кеткендей көрінді.
Священник оның қолын жібермей ұстап тұр екен.
— Көріскенше, балам, мен таңертең келем.
Соны айтты да, священник шығып кетті.
Ол есіктен шыға салысымен өлгелі жатқан адам сол ауыр дем алып
жатқан қалпы бар күшін жиып əйеліне қарай қолын созды.
— Құтқаршы мені... - деді сыбырлап. - Құтқаршы мені... сүйіктім...
менің өлгім келмейді... менің өлгім келмейді... Құтқара көрші мені!..
Айтыңдаршы, мен не істеуім керек, шақырыңдаршы докторды... Мен бəрін
де, нені болса да қабылдаймын... Менің... жоқ, келмейді!
Ол жылап жіберді. Оның суалған жақтарынан көз жасы моншақтап
сырғыды, жəбір көрген баланікі құсап қан-сөлі қалмаған ерні ырсия
тыржиып кетті.
Артынша қолы төсекке сылқ ете қалды, содан ол саусақтарын баяу
жыбырлатты да жатты, сол біркелкі қимылы құдды көрпенің үстінен
əлденені жинап жатқанға ұқсайтын еді.
Оның əйелі де жылады.
— Жоқ, бұл əншейін жай ғой, - деді өксіп. - Аурудың жай ұстамасы ғой,
ертең жақсы боп кетесің, сені кешегі қыдыру ғой шаршатып тастаған.
Форестьенің дем алысы қатты жүгірген иттің алқынысынан да жиілеп
кетті, жиілігі сондай, оны санау мүмкін емес еді, ал əлсіздігі соншалық,
тіпті мүлдем естілмейді де.
Ол əлі қайталай берді:
— Менің өлгім келмейді!.. Құдайым, оу... Құдайым, оу... Құдайым, оу...
енді мені не күтіп тұр? Мен енді ештеңені көрмеймін... ештеңені...
ешқашан... О, құдайым!
Оның үрейден қатып қалған жанары əлдебір құбыжықты, өзгелер көре
алмайтын əлденені ажыратты. Саусақтарының көрпе үстімен кісіні əрі
қорқытып, əрі қажытып жыбырлауы əлі тоқтамады.
Кенет оның бүкіл өне бойы жиырылып-тартыла бастады.
— Мені қабірге... Құдайым, оу! - деді сандырақтап.
Содан үндемей қалды. Енді ол айналасына көз тоқтата алмай қарап,
аузын ашып ауаны қармай берді.
Уақыт өтіп жатты; көрші монастырдың сағаты он екіні соқты. Тамақтану
үшін Дюруа басқа бөлмеге барды. Бір сағаттан соң оралды. Форестье
ханым тамақтанудан бас тартты. Ауру қозғалмай жатты. Тек оның құр
сүйегі қалған саусақтары, көрпені бетіне тартып жауып алғысы келгендей,
əлі баяғысынша қыбырлап жатты.
Форестье ханым креслода оның аяқ жағында отырған. Дюруа əйелдің
қасына басқа креслоға барып отырды. Олар үнсіз күтті.
Терезенің түбінде дəрігер жіберген күтімші əйел қалғып отырды.
Дюруа да қалғып бара жатыр еді, бірақ оған аяқ асты əлдене
елестегендей болды. Ол көзін ашып алған сəтте Форестьенің көзі кəдімгі
сөнген отша жабылып бара жатыр екен. Ақырын ықылық атқаннан аурудың
басы шалқайып, артынша екі езуінен жылымшы қан көрінді де, содан кейін
жейдесіне барып тамды. Саусақтардың көрпе үстінде қыбырлаған сүйкімсіз
қылығы сап тыйылды. Оның дем алысы тоқтады.
Форестье ханым бəрін түсінді. Ол шыңғырып жіберіп, тізерлеп отыра
қалды, бетін көрпеге басып, еңіреп жылады. Сасып, абыржыған Жорж
ойланбастан шоқына берді. Күтімші əйел оянып, кереуеттің қасына келді.
— Бітті, - деді сонан соң.
Дюруаға əдеткі сабырлылығы оралып, жеңіл күрсінді:
— Мен ұзаққа созылар деп ойлап ем, - деп күбірледі ол.
Алғашқы сын сəт өтісімен-ақ, бірінші шыққан көз жасы кебер-кеппестен
өлім шыққан үйдің міндетті қам-қаракеттері мен машақаттары басталды.
Дюруа жарым түнге дейін тыным таппай жүгірді.
Ол аш қасқырша араны ашылып оралды. Онымен бірге Форестье ханым
да ептеп тамақ ішті. Кешкі астан кейін екеуі өлік жатқан, түнімен сонда
болуға тиіс бөлмеге өтті.
Түнгі үстелдің үстінде екі балауыз шырақ жанып тұрды, оның қасында
су толған тақсыда мимозаның сабағы жүзіп жүрді, - дəстүрлі букси
ағашының бұтағын табу мүмкін болмады.
Ол екеуі - жас жігіт пен жас келіншек, бұдан былай өмір сүрмейтін
кісінің қасында отырды. Екеуі оған үнсіз, ойлана қарады.
Форестьенің өлі денесін ораған бұлыңғырлық Жоржды қатты қорқытты,
бірақ ол сонда да өзін зорлап оған байыптап қарауын қоймады. Дюруаның
ойын да, жанарын да өзіне еріксіз тартқан адамның əбден семіп арықтаған
жүзін діріл қаққан шырақтың жарығы ерекше айқындап тұр. Кеше ғана бұл
əңгімелескен досы, Шарль Форестье, міне жатыр! Тірі жанның біржола
өлуі қандай сұмдық жəне қандай ақылға сыймайтын нəрсе! О, енді өлімнің
үрейі əбден сілесін қатырған Норбер де Вареннің: "Ол жақтан ешкім де
қайтып оралмайды", - деген сөзі мұның құлағынан бір кетер емес. Барлық
жағынан да Форестьеге ұқсас дерлік миллиондар, миллиардтар туады əлі,
оларда да бұда болғанның бəрі болады: көзі, мұрны, аузы, ойлайтын бас
сүйегі, бірақ қазір мына кереуетте жатқан адам енді қайтып бұл өмірге
ешқашан оралмайды.
Барлық адам сияқты ол бəлен жыл өмір сүрді, тамақ жеді, күлді,
əлденеден үміттенді, əлдекімді сүйді. Ал енді ол үшін бəрі бітті, мəңгі бітті.
Əне, өмір дегенің - осы! Андай-мұндай біраз күн, сонан соң - бос қуыс!
Сен өмірге келесің, өсесің, бақыттысың, əлденені күтесің, сонан соң
өлесің. Кім болсаң да, - мейлі еркек, мейлі əйел бол - қош, енді сен жер
бетіне қайта оралмайсың! Əйткенмен біздің əрқайсымыз өзімізбен бірге
өлмейтін мəңгіліктің жанталасқан əрі ешқашан қанбайтын шөлін де ала
жүреміз, біздің əрқайсымыз əлемнің ішінде жүрген жеке əлембіз жəне біз
жаңа өскінге тыңайтқыш болу үшін, еш қалдық қалмай түгел шіріп кетеміз.
Өсімдіктер, жануарлар, адамдар, жұлдыздар, елдер -бəрі туады жəне басқа
бір нəрсеге айналып кету үшін, бəрі де өледі. Алайда олардың бірде-бірі
қайтадан кері оралмайды - құрт-құмырсқа, адам немесе планета болса да!
Түсіндіріп болмайтын, шеті мен шегі жоқ азапты үрей Дюруаның
жүрегін қара тастай жаншып тұрды, - ол үрей мына соншалық сұрықсыз,
соншалық тез өте шығатын өмірді тоқтаусыз жұтып жатқан, қашып
құтылуға болмайтын, тойымсыз о дүние алдындағы үрей еді. Ол өзіне
төніп тұрған қауіпке бас иіп те қойған-ды. Ол бар-жоғы бірер сағат қана
өмір сүретін шыбын-шіркейлерді, бар-жоғы бірер күн ғана өмір сүретін
жануарларды, бар-жоғы бірер жыл ғана өмір сүретін адамдарды, бар-жоғы
бірер ғасыр ғана тіршілік жасайтын планеталарды ойлады. Олардың
арасында қандай айырма бар? Бар айырма күннің бірнеше рет шығуы мен
батуында - бар-жоғы тек сол ғана.
Өлікке қарамас үшін, ол көзін басқа жаққа бұрып əкетті.
Форестье ханым басын салбыратып төмен қарап отыр, - оны да, сірə,
мұңды ойлар иектеп алған тəрізді. Ақсары шашы оның мұңды жүзіне
жарасымды əдемілік беріп тұрғанын көріп, құдды үміт шұғыласы жүрегін
түртіп өткендей, Дюруаның ішінде əлдебір тəтті сезім қозғалып кеткендей
көрінді. Бар өмірі əлі алда тұрғанда, несіне қайғырады?
Ол Форестье ханымға қарады. Өз ойымен болып отырған ол мұны
байқамады. "Əне, - деді ол өзіне-өзі, - өмірдің жалғыз жұбанышы махаббат! Сүйікті əйеліңді құшағыңа қысу — адам рақатының ең биігі
сол!"
Мынандай ақылды, тартымды өмірсерік тапқан марқұмның маңдайына
қандай бақыт қонған еді!
Екеуі қалай танысты екен? Не ақылымен, не байлығымен мақтана
алмайтын ол шіркінге бұл қалайша күйеуге шығуға келісті екен? Бəрін айт
та бірін айт, оны бұл қайтіп адам қылды екен?
Əркімнің өз құпиясы өзінде деп ойлады ол. Сол арада мұның жасауын
төлеп күйеуге берген кісі дейтін граф Водрек туралы көп қауесет есіне
түсті.
Енді не істейді ол? Өзіне күйеу етуге кімді таңдайды? Марель ханым
ойлағандай, депутатты ма, əлде үміт күттіріп жүрген жас жігіттердің
ішінен одан гөрі жоғары сортты екінші Форестьені ме? Қазір оның берік
мақсаты, ойы, жоспары бар ма екен? О, соның бəрін білсе ғой, шіркін!
Əйткенмен мұны оның тағдыры неге сонша алаңдатады? Өзіне осы
сұрақты қойған соң, ол өзінің мазасыздануының себебі біз кейде өзімізөзімізден де жасыратын, оны тек өз жанымыздың түкпір-түкпіріндегі құпия
қоймаларды ақтарып көргенде ғана анықтай алатын бұлдыр əрі құпия арам
ойлардың біріне байланысты екенін бірден түсіне қойды.
Иə деймін-ау, оны қолға түсіруге бұл неге талпынып көрмейді? Оның
қолдауымен бұл қандай қуатты əрі қаһарлы күшке айналған болар еді!
Аяғын нық басып жəне жылдам бірден алысқа шырқар еді-ау!
Ал неге бұл табысқа жетпеуге тиіс? Ол өзінің оған ұнайтынын сезеді, ол
бұған көңілі кеткеннен гөрі тереңірек бір ынта аңғартады, ондай сезім тек
табиғаты ұқсас адамдарда ғана болуға тиіс жəне оны бір-біріне деген
құмарлық қана емес, олардың арасындағы үнсіз астыртын қастандық та
бекіте түседі. Мұның ақылды, бекем, қайтпас адам екенін ол біледі; бұл
оның сенімділігін нығайта беруі керек.
Қиын сəтте ол бұған хабарласпады ма? Неге мұны шақырды? Соның өзі
оның іштей бір таңдау жасағанының, өзі үшін бір шешімге келгенінің,
бұған бір сыр білдіргенінің белгісі емес пе? Сондықтан сол бір өзі жесір
қалайын деп тұрған сəтте, бұдан кейін өмірдегі серігім, одақтасым кім
болады деп ойлана бастаған кезде, оның есіне бұл түскен жоқ па?
Ол шыдамсызданып, бəрін, əйелдің бар сырын, ең қасиетті ойларын да
біліп алуға асықты. Ол бүрсігүні қайтуға тиіс, бұл үйде жас əйелмен оңаша
қалу оған ыңғайсыз. Демек бөгелуге болмайды, қайтқанға дейін сақтықпен
əрі сыпайылап əйелдің ыңғайын біліп алу керек; оның қайта ойлануына,
əлдекімді дəмелендіріп, кейін қайта алмастай уəде беріп қоюына жол
бермеу керек.
Бөлме ішін ерен тыныштық еңсеріп, тек сағаттың біркелкі темір тықылы
ғана естіліп тұрды.
— Сіз, сірə, қатты шаршаған шығарсыз? - деп сұрады Дюруа.
— Иə, - деді əйел. - Шаршағаннан бұрын уайым қажытты.
Бұлыңғыр бөлмеде екеуінің даусы бір түрлі шықты, оны екеуі де сезді.
Құдды Форестье өзінің ежелгі əдетімен осыдан бірнеше сағат бұрынғыдай
қозғалып, бұлардың сөзіне құлақ түре қоятындай көрініп, екеуі де сол сəт
мəйітке жалт қарасты.
— Иə, бұл жағдай сізге үлкен соққы болды, - деді Дюруа тағы сөз
қозғап, - өміріңіздің бүкіл қалыпты жағдайы бұзылып, басы аяғына, аяғы
басына қарап кетті, соның бəрі жаныңызды қатты жаралайтын жағдай ғой!
Əйелдің оған қайтарған жауабы терең күрсініс болды.
— Жас əйелге жалғыз қалу аса қиын шығар! - деді ол тағы қосымшалап.
Əйел үндемеді.
— Қалай болғанда да, мен сізден біздің уағдамызды ұмытпауыңызды
сұраймын, - деді Дюруа сыбырлай сөйлеп. - Сіздің мені өз қалауыңыз
бойынша пайдалана беруіңізге болады. Мен сіздің құзырыңыздамын.
Форестье ханым біздің жанымызды төңкеріп тастайтын қарастың
бірімен оған мұңды əрі жылы тарта қарады.
— Сізге рахмет, сіз жанашыр, тамаша адамсыз, - деді əйел оған қолын
созып. - Егер менің қолымнан келсе, егер мен сіз үшін бірдеме істей алсам,
онда мен де сізге: "Мендей сүйенішім бар деп есептеңіз!" - деген болар
едім.
Ол əйелдің созған қолын алып, сүйіп алғысы келген құштарлықпен
жібермей, өз алақанында ұстап тұрып, қысып қойды. Сонан соң
батылданып, əйелдің қолын баяу көтеріп ерніне басты, сол сəт ерні жұпжұқа, ып-ыстық, жұпар иісі дірілдеген теріні сезді.
Бұл достық еркелетудің тым шектен тыс созылып бара жатқанын сезіп,
ол алақанын жазып жіберді. Форестье ханымның кішкентай қолы босаң
төмендеп, тізесінің үстіне сылқ етті.
— Иə, енді мен жалғызбын, бірақ мен берік болуға тырысамын, - деді ол
өте шешімді дауыспен.
Егер ол əйелі болуға келіссе, Дюруа өзінің бақытты, əбден бақытты
болатынын оған қайтіп аңғартарын білмеді. Əрине, бұл ол жайында дəл
қазір, бөлмеде мəйіт жатқанда айта алмайды. Əйткенмен өзі көп мағыналы,
сыпайы, астарлы, терең мəнге ымдайтын сөздерден ғана тұратын, бірақ
айтқысы келгеннің бəрін де аңғарта алатындай сөз тіркестерін тапса ғой.
Бірақ Дюруаны ана жатқан мəйіт дəл бір алдарында емес, ол екеуінің
ортасында жатқандай сезім билеп, сол оны күмілжіте берді. Оның үстіне
оған біраздан бері бөлменің бұзылған ауасына іріп-шіріген кеуденің сасық
демі, мəйіттен төсекте тірі жатқан кезінде де шығып, лебі туыстарын
шарпып жатқан, кейін өзінің тар табытының ішін де толтырып жіберетін
бір жағымсыз күлімсі иіс қосылғандай көрінді.
— Терезені ашуға болмай ма? - деп сұрады Дюруа. - Меніңше, мұнда
тымырсық боп кетті.
— Əрине, - деді əйел - Маған да солай сияқты.
Ол барып терезені ашты. Шырақтардың жалынын шайқақтатып, бөлме
ішіне бірден түннің жұпарлы салқын ауасы соқты. Ай да өткен
кештегісінше өзінің жұқа сəулесін вилланың аппақ қабырғаларына,
жалтырап жатқан теп-тегіс су айдынына аямай төгіп тұр. Дюруа кеудесін
кере терең дем алды, жан дүниесіне үміт толқыны лықсып кіріп, бақыттың
жүрек тулатқан жақындығы оны жерден көтеріп əкетіп бара жатқандай
көрінді.
— Таза ауамен дем алсаңызшы, - деді ол артына бұрылып. - Түн ғажап.
Форестье ханым асықпай терезенің алдына келді де, Дюруаның қасына
тұрып, терезенің төменгі жақтауына асылды.
— Менің сөзіме құлақ қойыңызшы, - деді Дюруа сыбырлай сөйлеп, —
сіздің мені дұрыс түсінгеніңіз қажет. Ең бастысы, мынандай жағдайда
басқа нəрсе туралы əңгіме айтып тұрғаныма ашуланбаңыз, себебі бүрсігүні
мен қайтып кетем, ал сіз Парижге оралған кезде, бəлкім, бəрі кеш болуы
мүмкін. Сондықтан... Мен ғой кедей адаммын, сақтап жүрген көк тиыным
да жоқ, қол жеткен белгілі бір мансабым да жоқ, оның бəрі сізге белгілі.
Бірақ менің жігерім бар, өз ойымша, мен ақымақ емеспін жəне дұрыс
жолда тұрмын. Өз мақсатына жеткен адам сіздің көз алдыңызда. Өмірді
жаңа бастаған адам жайында одан болашақта не шығатынын айту - қиын.
Оның өзіндік жаман жағы да, жақсы жағы да бар. Қысқасы, сіздікінде
болғанымда, менің бірде айтқаным бар, "менің қасиетті арманым - сіз
секілді əйелге үйлену" деп. Мен қазір сол айтқанымды қайталаймын. Қазір
маған еш жауап бермей-ақ қойыңыз. Сөзімді аяғына дейін тыңдаңызшы.
Мен қазір сізге үйлену туралы ұсыныс жасамаймын. Мынандай жерде,
мынандай жағдайда өйткенім жиіркенішті болған болар еді. Маған тек
сіздің бір сөзіңіз-ақ мені бақытты ете алатынын білгеніңіз қажет; сіз мені
қаласаңыз, өзіңіздің жақын досыңыз да, қаласаңыз, күйеуіңіз де ете аласыз,
оны өзіңіздің қалауыңыз біледі, ал менің жүрегім де, бүкіл өмірім де сіздікі,
сіздің ырқыңызда. Мен сіздің қазір жауап беруіңізді қаламаймын,
мынандай жағдайда əңгімелескенді де жақтырмаймын. Парижде сіз бен біз
жолыққан кезде, сонда сіз өз шешіміңізді маған аңғартарсыз. Ал оған дейін
- ешқандай сөз болмай-ақ қойсын, келісесіз бе?
Ол осының бəрін оның бетіне қарамай, құдды қарсы алдындағы ұшықиырсыз түнге сөйлеп тұрған кісіше айты. Əйел де естімеген адамша,
қозғалмай, ол да қарсы алдына көз тігіп, айдың бозғылт сəулесі жарығын
түсіріп тұрған ұшы-қиырсыз алысқа самарқау, бірақ қадала қарап тұрған.
Екеуі солай бір-біріне шынтақтары тиісіп, əрі ойланып, əрі үнсіз ұзақ
қатар тұрды.
— Салқын тартып барады, - деп күбір етті де, əйел кереует жаққа бет
алды.
Дюруа оның соңынан ерді.
Шынында да, мəйіттен бір иіс шығатынына көзі жеткен соң, Дюруа
креслоны алысыраққа сырғытып қойды: ол бəрібір ана мүңкіген нəрсеге
ұзақ шыдай алмас еді.
— Таңертең оны табытқа салу керек, - деп ескертті.
— Əрине, мен тапсырма бердім, ағашшы таңертең сегізге таман келеді.
— Байғұс! - деді Дюруа күрсініп.
Əйел де күрсініп салды - бəріне бойсұнған мұңды ауыр күрсініс.
Енді олар мəйітке көз салуды сирете бастады; екеуі де ол сияқты ажалды
пенде, өлім жайында ойлауға екеуі де үйренді, о дүниеге аттану əзірде ғана
мазаларын алып, ашындырған болса, қазір жан түкпірлерінде оған да
келісті.
Əдеп сақтап ұйықтап қалмауға тырысып, екеуі үнсіз отырысты. Алайда
түн жарымға таман Дюруа бірінші ұйықтап қалды. Оянып кетіп қараса,
Форестье ханым да қалғып отыр екен, сонан соң ыңғайланыңқырап жатты
да, қайтадан көзін жұмды.
— Шайтан алғыр, өз төсегіңдей қайдан жайлы болсын! - деді
бұрқылдап.
Оны бір тарсыл оятты. Қараушы əйел келді. Кəдімгідей жарық түсіп
қалыпты. Форестье ханым қарсысында отыр екен; ол да, сірə, ұйқылы-ояу
өзіне-өзі келе алмай отырған сияқты. Күндегісінен гөрі жүдеулеу, бірақ
бəрібір баяғысынша сүйкімді, əдемі, баяғысынша жап-жас көрінеді, - түні
бойы креслода отырып шыққаны түк те əсер етпепті.
Дюруа өлікке қарады да, селк ете қалды.
— Қараңызшы! Сақал! - деді айқайлап.
Бірнеше сағаттың ішінде ана шіріп бара жатқан бетке тірі адамға
бірнеше күнде өспейтін сақал шығып кетіпті. Өлі адамның бойында əлі
сақталып қалған тіршілікті көріп, тырп ете алмай қалды, бір сұмдық
керемет, қайта тірілудің ғажап ескертпесі, табиғатқа жат, қорқынышты,
кісіні таңғалдырып, ақылынан адастыратын нəрсе сияқтанып, екеуі де тырп
ете алмай тұрып қалды.
Екеуі он бірге дейін демалды. Содан кейін Шарльді табытқа салған соң
екеуінің де жаны жай тауып, тынышталғандай болды. Таңертеңгі ас кезінде
бір-біріне қарама-қарсы отырған олардың əлдебір көңілді, қуанышты
əңгіме айтқылары келді, өлім енді бітті, енді олар өмірге оралуға ұмтылды.
Ашық терезеден көктемнің жылы, жұмсақ лебімен бірге үй алдында өсіп
тұрған қалампыр гүлінің жұпары да бұрқ ете қалды.
Форестье ханым Дюруаға бақты аралап қайтайық деген ұсыныс жасады
да, екеуі самырсын қарағайы мен аршаның иісі жайылған жылы ауаны
сүйсіне жұтып, көгал шалшықты айнала баяу адымдай жүрді.
— Қымбатты дос, маған құлақ салыңызшы, мен... сіздің
айтқандарыңызды... ойға сап көрдім, - деп бастады Форестье ханым оған
басын бұрмаған қалпы, дəлме-дəл оның өзі түнде жоғарыда тұрып
айтқандай ақырын, айқын, салмақты дауыспен. - Мен де сіздің жауапқа бір
сөз естімей кеткеніңізді қаламаймын. Əйткенмен мен иə да, жоқ та
демеймін. Күте тұрайық, жан-жағымызға қарайық, бір-бірімізді жақынырақ
білейік. Сіз де жақсылап ойланыңыз. Сіз қызықтыңыз, - оған соншалық мəн
бермеңіз. Мен мұны Шарль бейшараны əлі көрге жатқызбай тұрып айтып
тұрғаным, сіздің əңгімелеріңізден кейін мен сізге қандай адаммен
байланысқалы тұрғаныңызды түсіндіруім қажет шығар деп шештім; егер
сіздің мені түсінуге қабілетіңіз жетпесе, мені дəл осы күйімде, дəл
осылайша қабылдай алмасаңыз, онда сіз маған сыр қылып айтқан
арманыңызбен қош айтыса беріңіз.
Мені түсінуге тырысыңыз. Үйлену деген мен үшін шынжыр емес,
ортақтастық. Демек менің іс-əрекеттеріме толық еркіндік беріледі, яғни өз
іс-əрекеттерім жайында есеп беруге міндетті болмаймын, қайда
баратынымды айтуға да міндетті емеспін. Мен артымнан қадағалағанға да,
қызғанғанға да, ақыл айтқанға да төзбеймін. Айтпаса да түсінікті, мен
күйеуге шыққан адамымның абыройын еш нəрсемен төкпеуді, оны жалған
немесе күлкілі жағдайға қалдырмауды өз міндетіме аламын. Бірақ ол да
менен күнді немесе момын, бағынышты əйелді емес, өзіне одақтас, бар
жағынан өзіне тең адамды көрсін. Мен білем, көп адамға менің көзқарасым
тым батыл сияқтанып көрінеді, бірақ мен одан бас тартпаймын. Бар
болғаны осы.
Бұған қосарым, мен де сіздің айтқаныңызды қайталаймын: маған
жауапты қазір қайтармаңыз, ол əрі пайдасыз, əрі ыңғайсыз болар еді. Біз əлі
кездесеміз, сонда, бəлкім, сөйлесерміз. Ал енді жалғыз қыдыра беріңіз.
Мен қасына барайын. Кешке жолыққанша.
Ол ернін əйелдің қолына ұзақ басып тұрды да, сонан соң бір сөз де
айтпастан қыдыруға кетті.
Олар кешкісін тамақтан кейін ғана жолықты. Екеуі де шаршағандықтан
құлайын деп тұрды, сондықтан əркім өз бөлмесіне жетуге асықты.
Шарль Форестьені келесі күні ешқандай дабыра-дақпыртсыз Канндағы
бейітке жерледі. Жорж Дюруа бір жарымда жедел пойызбен кетуді ұйғарды.
Форестье ханым оны вокзалға шығарып салды. Пойызды күте жүріп
олар асықпай перронмен əрі-бері қыдырыстап, қайдағы бір көлденең
нəрселерді əңгіме етті.
Пойыз келді, аз ғана вагон тіркелген нағыз жедел пойыз: бар-жоғы бес-
ақ вагон.
Вагондағы орнын жайғап көрген соң, Дюруа тағы бірер секунд Форестье
ханымның қасында бола тұру үшін платформаға шықты; оның қасынан
кетіп барам деген ойдан тап бір біржола кетіп бара жатқандай оны кенет
ауыр мұң мен сағыныш басты.
— Марсель - Лион отырыңыздар! - деді жолсерік.
Парижге баратындар, орындарыңызға
Вагонға кірген соң, əйелге тағы бір-екі сөз айтпақ болып, Дюруа
терезеден қарады. Паровоз ысқырып, пойыз орнынан баяу қозғалды.
Дюруа вагоннан басын шығарып, Форестье ханымға қарады: ол
перронда қозғалмай тұрып, мұны көзімен шығарып салды. Əйел көзінен
таса боп бара жатқанда, ол кенет екі қолын ерніне басып, оған əуемен сүйіс
жолдады.
Ол да солай жауап берді, тек оның сүйісі мұныкіне қарағанда қорқақтау,
ұялшақтау, байқалар-байқалмастау болды.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Жорж Дюруа өзінің бұрынғы əдетіне қайта басты.
Константинополь көшесіндегі үйдің төменгі қабатындағы кішкентай
пəтерінде тұрып жатқан ол өз өмірінде болуға тиіс өзгерісті күту қалпына
қайта көшіп еді. Тіпті оның де Марель ханыммен арақатынасы да өзін жаңа
рөлге алдын ала даярлағысы келген адамның некелік одағы сияқтанып
көрінді де, оның ашынасы бұл байланыстарының мінсіз үйлесіміне
таңырқап, оны күлкіге айналдыратын:
— Сен тіпті менің күйеуімнен мешеу болып шықтың-ау. Екеуіңді
алмастырудың да қажеті жоқ еді, тегі.
Форестье ханымның келетін түрі көрінбейді. Ол Каннан шыға алмай
жатыр. Бұған жазған хатында ол сəуірдің ортасынсыз келе алмайтынын
білдірді, бірақ қоштасарда екеуінің бір-біріне айтқан сөздері туралы лəммим демепті. Жігіт тосуға бел байлады. Жəне егер ол сырғытпаға салатын
болса, ретін тауып оған қайткенде де үйленуім керек деген шешім
қабылдады. Оның өзіне деген сенімі кəміл еді, көздегеніне қол жеткізбей
қоймайтынына, өзінің көзі түскен əйел затынан десі қайтпайтын қасиеті
барына сенімді еді.
Қысқа ғана жазылған хат шешімді сəттің таяу қалғанынан хабардар
еткендей болды:
"Мен Париждемін. Келіп кетсеңіз екен.
Мадлена Форестье".
Бар-жоғы осы ғана. Бұл хат таңғы сағат тоғыздағы поштамен келді.
Сағат үште ол Форестье ханымның алдында тұрды. Өзінің сүйкімді,
жайдары жымиысымен əйел оған екі қолын бірдей созды. Бірнеше секунд
олар бір-біріне көз айырмастан қадала қарады.
— Мен үшін сондай ауыр кезде қасымнан табылғаныңыз қандай жақсы!
- деп сыбырлай сөйледі Форестье ханым.
— Не бұйырсаңыз да орындауға əзірмін, - деді ол.
Екеуі де қатарласа отырды. Форестье ханым одан қандай жаңалық
барын, ерлі-зайыпты Вальтерлер туралы, басқа да қызметкерлер, газет
жайын сұрастырды. Ол газет туралы жиі еске алады екен.
— Мен онсыз құрғақта қалған балықтаймын, - деді əйел. Журналшылық жанымның қалауы екен. Не десеңіз де, бұл менің сүйікті
ісім.
Ол үндемей қалды. Оның күлкісінде, сөзінде, дауыс ырғағында əлдебір
ишара жатқандай көрініп, бұл жағдайдың аңысын аңдау жайлы жігіттің
бастапқы шешімінен бас тартуына түрткі болды.
— Онда... Неліктен... неге сізге енді бұл іспен... Дюруа ханым деген
атпен айналыспасқа? - деп, тұтыға сөйледі ол.
Форестье ханым бірден ойлы қалыпқа ауысты.
— Мұны əзірше қоя тұрайық,- деді ол ақырын дауыспен, қолын жігіттің
иығына салып.
Дюруа өз ұсынысының аяқсыз қалмайтынын сезіп, əйел алдына тізерлей
отыра кетті.
— Ризамын, ризамын, сізді шексіз сүйемін! - деп күбірледі ол оның
қолын құшырлана сүйіп жатып.
Форестье ханым түрегелді. Оған ілесе көтерілген жігіт оның түрі
бозарып кеткенін байқады. Осы сəтте ол əйелдің өзін көптен ұнататынын
ұқты. Екеуі қарама-қарсы тұрған еді; жігіт ыңғайлы сəтті құр жібермей,
оны құшағына алып, маңдайынан асқан əдептілікпен ұзақ қадала сүйді.
— Тоқтай тұрыңыз, достым,- деді құшағынан сытылып шыққан əйел
қатаңдау үнмен, - мен əлі бір шешімге келген жоқпын. Алайда менің келісіп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 12
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.