Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 21

Total number of words is 3255
Total number of unique words is 1938
36.2 of words are in the 2000 most common words
50.7 of words are in the 5000 most common words
58.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ол өз бөлмесінен басқа жерде жатқанын еміс-еміс сезеді. Орнынан атып
тұрып, жүгіре жөнелмек болады, бірақ əл-дəрмені жоқ. Бір алапат күш
оның аяқ-қолын құрсаулап тастағандай, қозғала алар емес, алайда санасы
еркін сияқты, бірақ оның өзі тұманданып, шындықтан алыс бір
құбыжықтар əлеміне алып кеткен, ыстық жақта өсетін əрқилы ағаштардың
сейілмей тұрған қою хош иістерінен басы айналған əйел қорқынышты түс
көріп бастырылғандай қалыптан енді қайтып оянбастай өлі ұйқыға батып
бара жатты.
Ертеңгілік ес-түссіз талып жатқан Вальтер ханымды "Су үстімен жүріп
келе жатқан Исаның" қасынан тауып алды. Оның жағдайы аса қауіпті десті.
Ол тек келесі күні ғана ес жинады. Сол-ақ екен еңіреп жылай бастады.
Сюзаннаның жоқтығын түсіндіру үшін, қызметшілерге ол аяқ астынан
монастырға жүріп кетті делінді. Дю Руадан ұзақ етіп жазылған хат алған
Вальтер оның Сюзаннаға үйленуіне келісім беретіндігін айтып жауап
жазды.
Сүйкімді дос бұл хатын үйінен шығарда жазып, Парижден шыға
бергенде пошта жəшігіне тастап кеткен-ді. Бұл хатында ол асқан
сыпайылықпен өзінің Сюзаннаны көптен жақсы көріп жүргендігін, бірақ
екеуінің арасында алдын ала ешқандай сөз болмағандығын, алайда қыз өз
аяғымен келіп: "Мен сіздің əйеліңіз болғым келеді",- дегенде, оны өзінің
қасында қалдыруға жəне ата-анасынан жауап алғанша тыға тұруға мəжбүр
болғанын жазыпты, дегенмен өзі үшін олардың жауабынан қалыңдықтың
тілегі анағұрлым маңызды, екенін де білдіріпті.
Ол Вальтер мырзаға жауабын хат алушы өзі келіп алатын хат түрінде
жіберуді өтініп, достарының бірі алып өзіне салып жіберетінін білдіріпті.
Дю Руа тілеген хаты қолына тигеннен кейін Сюзаннаны Парижге алып
келіп, үйіне жіберді, бірақ өзі оның əке-шешесімен бет көрісуден əзірге
тежеле тұруды жөн көрді.
Ларош-Гийонда, Сена жағалауында олар алты күн болды.
Сюзанна үшін бұл керемет көңілді күндер еді. Ол өзін бақташы қыздай
сезінді. Дю Руа оны қарындасым деп таныстырды. Шынында да, екеуінің
арасында бір жақындық, сонымен қатар таза қатынас орнады. ЛарошГийонға келісімен қыз келесі күні-ақ өзіне іш киімдер мен ауыл киімдерін
сатып алып, дала гүлдерімен əшекейленген үлкен ши қалпақ киіп, балық
аулауға кетті. Дала оған ғажап əдемі болып көрінді. Осы далаға жарасқан
көне мұнара мен көне замок та оған керемет ұнады.
Жорж жергілікті саудагерден сатып алған күртені киіп, Сюзаннамен өзен
жағасында қыдырды, қайықпен серуендеді. Олар сəт сайын сүйіседі.
Қыздың сүйісі күнəсіз, ал жігіт құштарлығын əзер тежейді. Ол қызға:
"Ертең Парижге қайтамыз, əкеңіз некелесуімізге келісімін берді", - дегенде,
қыз жай ғана:
— Қалай тез? Маған сізге əйел болу ұнап қалды! - деді.
X
Константинополь көшесіндегі шағын пəтердің іші қараңғы еді, Клотилда де Марель есіктен кірген бетте Жоржбен қақтығысып қалды да,
оның терезе қақпағын ашуына мұрша берместен, бірден бас салды:
— Сонымен, сен Сюзанна Вальтерге үйленбексің бе?
Жорж бірден мойындады.
— Не, сен естімедің бе? - деп сұрады ол.
— Сен Сюзанна Вальтерге үйленбек екенсің ғой? - деп қайталады əйел
ызғарлана сөйлеп. - Мұның енді шектен шыққандық! Шектен шыққандық!
Үш ай бойы менің алдымда жылпылдап жүргенің көз алдау екен ғой.
Менен басқаның бəрі біліп алыпты. Ал мен күйеуімнен естимін!
Дю Руа еріксіз күліп, қалпағын ашық пештің жиегіне ілді де, креслоға
отырды.
— Демек сен əйеліңнен ажыраса салысымен қармақ лақтырған екенсің
ғой, ал мені уақытша пайдалану үшін ұстап жүрген болдың ғой? - деп,
бетіне қадала қараған əйел ызбарлана сыбырлады. - Қандай оңбаған едің!
— Соншалықты не болды? - деп сұрады Жорж. - Əйелім көзіме шөп
салды, мен оның үстінен түскеннен кейін ажырастым, енді басқаға
үйленбекпін. Онда тұрған не бар?
— Неткен қу əрі қауіпті жексұрын едің! - деді əйел даусы дірілдей
шығып.
Жігіт езу тартты.
— Сайтан алғыр! Есалаңдар мен ашықауыздар қашанда сыбағадан құр
қалады.
Алайда əйел өз ойынан қайтпады.
— Мен сенің мұндай екеніңді басында неге байқамадым екен? Сені
мұндай оңбаған деп ойласамшы.
— Байқап сөйлеуіңді өтінер едім, - деп, намыстана ескертті жігіт.
Əйел өршелене түсті:
— Не? Мен сенімен ақ қолғап киіп тұрып сөйлесуім керек екен ғой? Сен
мені ылғи қорлайсың, ал мен ауыз ашпауым керек екен ғой? Сен жұрттың
бəрін алдап түсіресің, өз керегіңе пайдаланасың, тоят алу мен қомақты
пайда табуға келгенде қызыл көрген қырғидайсың, осыны көре-біле тұра
мен сенімен парасатты адамша сөйлесуім керек екен ғой!
Ерні дірілдеп кеткен жігіт орнынан тұрды.
— Аузыңды жап, əйтпесе мен сені қуып шығамын.
— Қуып шығасың... Қуып шығасың... Сен мені қуып шығасың ба... сен...
сен?..
Клотильданың долданғаны сондай, аузына сөз түспей қалды, кенет
ашуын тежеп тұрған бөгесіні бұзылып кеткендей, аузынан сөз тасқыны
ақтарылды дейсің:
— Мені қуып шығады екенсің ғой! Ал мына пəтер үшін басынан-ақ мен
төлеп келгенімді ұмыттың ба? Ə, иə, ара-тұра сен де төлеп келген екенсің
ғой? Ал оны жалдап алған мен болатынмын. Мен... Сақтап қалған кім?..
Мен... Тағы мені қуып шықпақсың. Сөйлеме, арсыз! Сенің Мадленадан
Водрек қалдырған мұраның жартысын ұрлап алғаныңды мен білмейді ғой
деймісің? Сюзаннаны өзіңе күйеуге шығуға мəжбүр ету үшін, төсекке
сүйрегеніңді мен білмейді екем ғой...
Жорж оны иығынан шап беріп жұлқып-жұлқып жіберді.
— Ол туралы ештеңе айтпа! Айтушы болма.
— Сен онымен жатып жүрсің, мен білемін! - деп айғайлады əйел.
Жорж оның бар сөзін көтерер еді, бірақ мына жаласы күйдіріп жіберді.
Ол шындықты бетіне басқанда жүрегі тарсылдай соғып кетті, ал
қалыңдығына жала жабуынан ашуы қозғаны сонша, Клотильданы ұрып
жібергісі келіп қолы дірілдеп кетті.
— Жап... жап... аузыңды жап... - деп қайталаған ол əйелді жемісін жерге
түсіргісі келген ағаш бұтағындай сілкіледі.
Шашы қобырап кеткен ол ессіз адамдай бар даусымен бақырып жіберді.
— Сен онымен жатып жүрсің!
Жорж əйелді бар күшімен салып жібергенде, ол қабырғаға барып
құлады, бірақ төрттағандап тұра бере тағы бақырды:
— Сен онымен жатып жүрсің!
Жорж атылып барып əйелді жұмарлай жығып салды да, əйел емес,
еркекті ұрғандай-ақ төмпештей жөнелді.
Клотильданың үні өшті, тек соққы тиген сайын ыңқ-ыңқ етеді. Ол
қозғалыссыз қалды. Бетін қабырға бұрышына тығып алып, аянышты
ыңырсыды.
Ақырында Дю Руа оны ұруын қойып, орнынан тұрды. Өз-өзіне келу
үшін əрі-бері адымдап біраз жүрді. Содан кейін сəл ойланып, жатын
бөлмеге өтті, легенге суық су құйып, оған басын тығып алды. Сол суға
қолын да жуып, құрғата сүртті де, əйелдің қандай күйде жатқанын байқау
үшін қасына жақындады.
Клотильда сол орнында жатыр еді. Еденде жатқан қалпы өксіп қояды.
— Жылауыңды қоймайсың ба? - деп сұрады ол.
Ол жауап қатпады.
Бөлменің ортасында сілейіп тұрған жігіт жайрап жатқан денеге аздап
абыржи, қысыла қарады. Ақыры, ұялысын жеңіп, ашық пештің үстіндегі
қалпағын алды.
— Қош бол. Кетеріңде кілтті күзетшіге бере саларсың. Сен түрегеп
болғанша күтетін уақытым жоқ.
Ол есікті жауып шығып кетті де, жолай есіктегі күзетшіге бұрылды.
— Ханым қазір шығады,- деді ол.- Қожайынға айта салыңыз, қазан
айының бірінен пəтерін қайтып алсын. Бүгін тамыздың он алтысы, демек
мен дəл уақытында ескертіп тұрмын.
Ол дүкен аралап, қалыңдығына сыйлық сатып алмақ болған-ды.
Үйлену тойы қазан айының жиырмасында, парламент демалысы
аяқталысымен өткізілмек болған. Неке қию Магдалина шіркеуінде өтеді.
Бұл той хабары көптің аузында жүр, бірақ ешкім нақты ештеңе айта
алмайды. Əр түрлі сөздер айтылуда. Алып қашу туралы да сөз болды, бірақ
анық-қанығын ешкім білмейді.
Вальтер ханым болашақ күйеу баласымен сөйлеспейді; малайлардың
айтуынша, бұл мəселе сөз болысымен ол қызын монастырға аттандырып,
өзі ызадан у ішкен көрінеді.
Жұрт оны ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Содан əлі өз-өзіне
келетін түрі көрінбейді. Өзі тез арада қартайып шыға келіпті; шашы аппақ
боп кеткен. Басы бүтін дінге беріліп, жексенбі сайын шіркеуге барады.
Қыркүйектің басында "Француз өмірі" Вальтер мырза тек баспа иесі
болып қалатынын, ал бас сарашы міндеті барон Дю Руа де Кантельге
ауысатынын хабарлады.
Сонымен қатар көптеген белгілі фельетоншы, тілші, көсемсөзші, көркем
əдебиет жəне театр сыншысы жұмысқа қабылданды. Оларды баяғыдан
шығып келе жатқан беделді де орнықты газеттерден мол ақшамен
қызықтырып, тартып алды.
Мосқал тартқан құрметті де атақты журналшылар енді "Француз
өмірінің" атын естігенде, иықтарын көтермейтін болған. Ол аз уақытта
толық жеңіске қол жеткізе білді, сондықтан да байыпты əдебиетшілердің
оған деген алғашқы көзқарасы түбегейлі өзгеріске ұшырады.
Жорж Дю Руа мен Вальтерлер отбасы біраздан бері жалпы жұрттың
əуесқойлығына айналған, сондықтан да "Француз өмірі" газеті бас
сарашысының үйлену тойы Париждің басты маусымдық жаңалығы болып
қабылданды. Қысқа хабарларда аты аталатындардың бəрі де некелесу
рəсіміне міндетті түрде қатысуға шешім қабылдады.
Бұл оқиға күздің бір жаймашуақ күнінде өтті.
Таңғы сағат сегізде Король көшесіндегі Магдалина шіркеуінің
қызметшілері өтіп жатқан жұрттың назарын аудара кіреберіс биік
баспалдаққа жалпақ қызыл кілемді төсеп жатты, -олар осынысымен-ақ
париждіктерге мұнда бір ұлы салтанат өткелі жатқанын аңғартты.
Кеңселеріне беттеген қызметкерлер, қарапайым жұмысшы əйелдер,
сатушылардың бəрі мына көрініске тоқтай қалып қарап, дəулеттілер
өздерінің неке қию рəсіміне қаншалықты мол шығынданатынына ой
жүгіртті.
Сағат онға таман қызық көруге ынтыққандар біраз жиналып қалды. Əнеміне басталып қалар деп ойлаған олар біраз тұрғаннан кейін тарап кетті.
Сағат он бірде полиция келіп жетті, сəт сайын топ-топ адам жиналып
қалатынын байқаған олар тобырды таратуға кірісті.
Ұзамай шақырылғандардың алды - ештеңені қағыс қалдырмас үшін
жақсы орындарды иеленіп алмақ болғандар - келе бастады. Олар басты
орынға жағалай жайғасты.
Іле-шала өзгелері де келе бастады: жібек көйлектері судыраған
ханымдар мен шетінен бастары жалтыраған, ақсүйек жандарға тəн
мүлтіксіз қимыл-қозғалысы бұрынғыдан арман маңыздана түскен тəкаппар
еркектер.
Шіркеу біртіндеп лық толды. Кең ашылған есіктерден сауылдай
құйылған күн сəулесі алғашқы қатардағы орындықтарды жарқыратып
жіберіпті. Ал осы жарқыраған кіреберіспен салыстырғанда, айнала
майшамдармен қоршалған биік үстелдің айналасы сарғыш сəуледен күңгірт
тартып, төр жақ қаракөлеңке көрінеді.
Жиналғандар жан-жағына көз салып, бір-біріне белгі беріп шақырып,
топтанысып тұр. Ақсүйектерден гөрі ықыласқа сараң əдебиетшілер
күбірлесе əңгіме-дүкен құруда. Еркектер жағының көзі əйелдерде.
Таныстарынан біреу-міреу кездесіп қала ма дегендей мойнын созған
Норбер де Варен ортаңғы қатарлардың бірінен Жак Ривальді көзі шалып,
қасына жақындады.
— Сонымен, - деді ол, - болашақ алаяқтардың қолында!
Риваль қызғаншақ емес-ті.
— Оның жолы болды, - деп қарсылық білдірді ол - Мансапқа төте асу
тапты.
Енді олар айналаға көз салып, жиналғандарды атай бастады.
— Оның əйелі не болғанын білмейсің бе? - деп сұрады Риваль.
Ақын езу тартты:
— Білем десем де болады. Естуімше, ол Монмартр ауданында оңаша
өмір сүріп жатқан көрінеді. Бірақ... осы жерде бір кілтипан бар. Біраздан
бері "Қаламсап" газетінен мен Форестье мен Дю Руаның жазғандарына
айнымай ұқсайтын саяси мақалаларды оқып жүрмін. Оның аяғына Жан
Ледоль атты жас жігіт қол қояды; көркем де ақылды, біздің Жорж досымыз
тектес бұл жігіт оның бұрынғы əйелімен жуырда танысыпты. Осыған қарап
мен ол əйел қашаннан-ақ жаңадан жаза бастағандарға тəлім бергенді
ұнатады-ау деп ойлаймын. Оның үстіне байлығы өзіне жетерлік. Водрек
пен Ларош-Матьенің сол үйде қонақ болып шықпай қойғаны тегін дейсің
бе.
— Кіп-кішкентай болып алып сол Мадленаң бəле, - деді Риваль. Мүттайым, жылпос əйел! Жақын танысқанды баурап алатын қасиеті бар
болуы керек. Бірақ менің бір түсінбейтінім - Дю Руа ресми ажырасқаннан
кейін қалайша шіркеуде некелесіп жатыр?
— Өйткені шіркеу оны əлі үйленбеген деп санайды, - деп жауап берді
Норбер де Варен.
— Қалайша?
— Дінге құлықсыз болғандықтан, мүмкін, артық шығынға барғысы
келмегендіктен, біздің Сүйкімді досымыз Мадлена Форестьемен қала
басшылығында тіркелгені жеткілікті деп санаған көрінеді. Қысқасын
айтқанда, олар дінбасының батасын алмағандықтан, ол некелері шіркеуанамыздың көзқарасы бойынша əншейін тамырлық қана. Сондықтан ол
бүгін шіркеу табалдырығын бойдақ болып аттамақ, ал шіркеу Вальтер
қарияның қалтасын біршама жеңілдететіндей даярлық жасап жатқанын
көзің көріп тұр ғой.
Үсті-үстіне келіп жатқан халықтың гуілі храм күмбезінің астын кернеп
барады. Кейбіреулер тіпті айғайлап сөйлеседі. Көпшілік бір-біріне
саусақтарымен нұсқап көрсетіп жатқан атақтылар да келіпті: олар жұрттың
мұнысын ризалықпен қабылдап, өздерінің əбден меңгеріп алған
мəнерлерінен бір ауытқымай, өздерін осы тобырдың сəнін енгізетін көркем
туындыдай сезініп, басқа да мереке-мейрамдардағы сияқты жарқылдап
жүрді.
— Қымбатты достым! Сіз бастықтың үйіне жиі барып жүресіз ғой, - деп
сөзін жалғады Риваль, - айтыңызшы, Вальтер ханымның Дю Руамен
сөйлеспейтіні шын ба?
— Шын. Ол кісі қызын бұған бергісі келмепті. Ал Дю Руа қайдағы бір
өлген кісілер -Мароккода көмілген мəйіттер турасында қарияның құпиясын
əшкерелеймін деп қорқытып, уысына мықтап түсірген сияқты. Вальтер
Ларош-Матьенің тағдырын еске алып, сылқ түссе керек. Ал барша əйелдер
сияқты алған бетінен қайтқысы келмеген анасы күйеу баласының бетіне
қарамаймын деп ант еткен көрінеді. Олар бірге отырғанда мырс етпей қалу
қиын. Вальтер ханым қақиған тас мүсін - кек қайтарушы мүсіні сияқты, ал
Дю Руа өзін сондай қолайсыз сезінеді, бірақ сыр бермейді, - басқа-басқа, ол
жігіт көлгірсуге ұста ғой!
Бұлармен əдебиетшілер амандасып жатты. Саясат туралы əңгімелер үзігі
құлаққа шалынып қалады. Ал кіреберіс есіктен шіркеу алдында жиналып
тұрған халықтың жарға соққан толқын дыбысындай тұтас гуілге айналған
үні күн сəулесімен таласа ішке еніп, храм ішіндегі игі жақсылардың
бірқалыпты күбір сөздерін баса-көктеп күмбез төрінде қалықтап тұрды.
Міне, қақпашы айбалтасының сабымен тақтай еденді үш рет соғыпсоғып жіберді. Жұрт жаппай бұрылып, орындықтар қозғалып, көйлектер
сусылдап кетті. Күн сəулесі төгілген есіктен əкесінің қолтығынан ұстаған
жас қыз көрінді.
Ол бұрынғыша қуыршаққа ұқсас еді - ақсары шашты əдемі қуыршақты
көзге елестетеді.
Кіре бере сол бөгелген ол енді алға аттай берген сəтте орган даусы
күркірей жөнелді, аса зор металл шыңылымен ол некелесушілердің
келгенін жұртқа жария етті.
Сүп-сүйкімді ойыншыққа ұқсаған қалыңдық сəл абыржулы көрінді,
басын төмен салғанменен, жасқаншақтаудан аулақ. Ханымдар оған күле
қарап, сыбырласып жатты. "Сүйкімді, көрікті екен", - деп күбірлесті
еркектер жағы. Вальтердің өңі бозарыңқы, көзəйнегі сұстана жалтылдап,
маңғаздана басып келе жатыр.
Бұл қуыршақ қалыңдыққа нөкер болып ерген бірінен-бірі əдемі төрт
құрбысының бəрі алқызыл киім киіпті. Өздерінің атқарар міндеттеріне
толық сай мұқият таразыланған төрт куəгер балетмейстердің
жетекшілігімен келе жатқандай қозғалады.
Бұлардың соңынан өзінің екінші күйеу баласының əкесі, жетпіс екі
жастағы маркиз де Латур-Ивеленді қолтығынан алған Вальтер ханым
келеді. Ол жүріп емес, сүйретіліп келеді; енді бір аттаса, есінен танып
құлап түсетін адамның түрі. Оның түріне қараған жан еденге жабыса
беретін аяғын əрең көтеріп келе жатыр деп ойлардай еді, ал жүрегі кеудесін
жарып шыққысы келіп талпынған тордағы аңдай бұлқынады.
Ол азып кетіпті. Шаршаңқы жүзін көмкерген шашының ағы өңінің
қуқылдығын айқындай түскен.
Ешкімді көргісі келмегендей немесе жанын жеген ойдан арыла
алмағандай, тура алдына ғана қадалып алған.
Олардан кейін бір мосқалдау, ешкім танымайтын əйелдің қолтығынан
алған Жорж Дю Руа көрінді.
Басын кекжите көтеріп, қастарын түйістіре, салқын көзқараспен ол да
алдынан көз алмайды. Мұрттарының ұшы тікірейіп кеткен. Бəрі оны өте
сұлу жігіт деп қабылдады. Оның сымбатты дене бітімі, қыпша белі, түптүзу аяқтарына жұрт тамсанып жатты. Омырауында Құрметті легион
орденінің таспасы жарқырап көрінген фрагі өзіне құйып қойғандай.
Одан кейін жұрт сенатор Рисоленді қолтығынан алған Розаны көрді. Ол
бұдан бір жарым ай бұрын ғана күйеуге шыққан болатын. Граф де ЛатурИвелен виконтесса де Персмиурді қолтықтап келеді.
Салтанатты шерудің соңында Дю Руаның жаңа туысқандарына
таныстырмақ болған таныстары мен достарынан тұратын ала-құла топ олардың арасында Париж қоғамына белгілі болып көзге түсе бастағандары
да, байлыққа қол жеткізген мансапқұмарға қас қаққанша жан аямас дос
болып, қажет болса тіпті екі туып бір қалғаны бола салуға даяр жандар да
бар, - құлдырап, қайыршыланған, атақ-беделі күмəнді дворяндар тобы келе
жатты. Олардың арасында Бельвин мырза, маркиз де Банжолен, граф жəне
графиня де Равенельдер, герцог де Раморано, князь Кравалов, шевалье
Валреали жоне Вальтер шақырғандардан: князь де Герш, герцог жəне
герцогиня де Феррачинилер, сұлу маркиза де Дюн бар. Осылардың
арасында келе жатқан Вальтер ханымның туысқандарын тəкаппар-ауылдық
түрлерінен танып алғандайсың.
Ал орган əлі күркіреп тұр; аспанға бағытталған тұрбалардың
жарқыраған көмейлері жердегі қуаныш пен қайғы сазын зəулім храм ішіне
біркелкі ырғақты дыбыстар арқылы жария етіп жатты.
Екі жақтаулы салмақты есік жабылды да, осы жерден күн сəулесін қуып
шыққандай-ақ шіркеу іші бірден қараңғы тартты.
Майшам
жарқыратқан
мехрап
алдындағы
алаңшада
Жорж
қалыңдығымен екеуі тізерлеп тұрды. Жаңадан тағайындалған епископ
Танжерский дəрежелі бас киім киіп, асатаяқ ұстап шіркеу киімдері
сақталатын бөлмеден шықты да, құдай атынан олардың некесін қиюға
кірісті.
Оларға əдеттегі сұрақтарды қойып, жүзік алмастыру рəсімін жасатып,
бір-біріне шынжырдай қосақтайтын сөздерін айтып болған соң, ол
христиандық құлық жайлы уағызға ауысты. Ерлі-зайыптық адалдық
турасында ол ұзақ та көтеріңкі леппен сөйледі. Бұл өзі сұңғақ бойлы, толық
денелі, қозы қарны өзіне жарасып тұратын сүйкімді адамдарға жататын
еркек еді.
Біреудің жылаған даусына біраз адамдар бұрылып қарасты. Вальтер
ханым қолымен бетін басып алыпты.
Ол келісім беруге мəжбүр болды. Басқа не істей алар еді? Алайда үйіне
қайтып оралған қызын сүюден бас тартып, бөлмесінен қуып шыққан
күннен бастап, алдына келіп əдеппен иілген Дю Руаға: "Мен білетін
адамдардың ішіндегі ең арамы сізсіз, бұдан былай бетіме қарап сөз
айтпаңыз, бəрібір жауап ала алмайсыз", - деген күннен бастап, ол үшін өмір
сүру тек азап пен қиналысқа айналды. Ол Сюзаннаны жек көріп кетті: бұл
арада аналық жəне ашыналық қызғаныш араласып, үңірейген ашық жараға
тұз сепкендей іштен кеміріп жеумен болды.
Ал мына жерде епископ екі мыңдай адам мен өзінің көз алдында өз
қызы мен ашынасының некесін қиып жатыр! Ал өзі аузын ашып бірдеңе
деуге дəрменсіз. Мына сұмдыққа кедергі жасай алар емес. Бар даусымен
айқай салып: "Ол менікі, мына адам менің ашынам! Сіз қылмысты одаққа
бата бермеңіз!" - деп айта алмайды.
Кейбір көңілшек əйелдер:
— Байғұс ананың іші уылжып тұр-ау! - десіп жатты.
— Сіздер бұл əлемдегі таңдаулы жандарға, ең құрметті де дəулетті
адамдар қатарына жатасыздар, - деп епископ уағызын жалғастырды. Сіздің мүмкіндігіңіз, шапағатты мырза, сізді өзгелерден оқ бойы озық етіп
тұр, сіз жазу арқылы өзгелерді үйретесіз, тəлім бересіз, бағыт-бағдар
нұсқайсыз, сіз халыққа жол көрсетуге тиісті адам ретінде үлгілі өнеге иесі
болуыңыз керек...
Дю Руаның көкірегін мақтаныш кернеді. Осының бəрі римдік-католиктік
шіркеу князьдерінің бірінің аузынан шығып жатыр-ау. Ал өзі желкесімен
əлгі айтылған халық демін, осында өзі үшін келіп тұрған тобырды сезініп
тұрды. Ол өзін бір күш көтермелеп, аспандатып бара жатқандай сезінді. Ол
əлемді билеушілердің біріне айналды, ол - ешкім білмейтін Кантель
тұрғындарының бірі!
Кенет ол кең-байтақ руандық алқаптағы жота төбесіндегі қарапайым
асханада ауылдастарына қызмет етіп жүрген əке-шешесін көз алдына
əкелді. Водрек мұрасын алғанда оларға бес мың франк жіберген болатын.
Енді елу мыңын бір-ақ салып жібереді, ал олар оған жерімен қоса жеке үй
сатып алады да, бақытты да шат өмір сүретін болады.
Өзінің уағызын аяқтаған епископ алтынды шапаны жарқырап мехрапқа
қарай беттеді. Орган тағы да жас жұбайларға арналған мадақ жырын
аспандата жөнелді.
Ара-арасында оның көмейінен суырыла шыққан сұрапыл теңіз толқыны
тəріздес қуатты үн найзағай шатырлағандай құдіреттене кернегенде, үй
шатырын қақырата быт-шыт етіп, көгілдір аспанға сіңіп жоғалатындай
болып көрінеді. Храм қабырғасын солқылдатқан бұл діріл адамдар тəні мен
жанын жапырақтай қалтыратып жібереді. Бұл үн кенет бəсеңдеп, енді
құлаққа жеңіл сазды əуен самал желдей аймалай жетеді. Ойсыз, əуелеген
əуен бірде тамшылай тамылжып төгілсе, енді бірде əуеде .қалықтаған құс
қанатындай дірілдей толқып тұрып алады. Тағы бір сəт ұсақ құм
түйіршіктері бірігіп, тұтас əлемге айналып шыға келгендей екпіндеп,
біртіндеп кеңейе, күшейе түсіп, қатал əлем көрінісіндей қуатты əуенге
қайта ауысады.
Одан кейін төмен иілген бастардың төбесінен адам үні сорғалады да
кетті. Бұлар Опера əншілері Ворн мен Ландек еді. Мехрап маңында бір
құпия іс жүзеге асқандай, діндарлардың шақыруымен, барон Жорж Дю
Руаның салтанатына қасиетті батасын беру үшін жерге адам-құдайдың өзі
түсіп, үн қатып тұрғандай сезілді.
Сюзаннаның қасында тізерлеп тұрған Сүйкімді дос басын иді. Осы сəтте
ол өзін нағыз құдайға берілген адамдай сезінді, өзіне ақ жол ашып,
байлыққа белшесінен батырған құдайдың жарылқаушылық құдіретіне
шексіз ризашылық білдіргендей еді. Кімге екенін бұлдыр сезінсе де, ол
осынау береке-байлыққа қолын жеткізгені үшін алғысын аямай жаудырды.
Рəсім аяқталған кезде ол орнынан тұрып, əйелінің қолынан ұстаған күйі
шығар есікке беттеді. Осы сəтте құттықтаушылар нөпірі оған лап қойды.
Жорждың бақыттан басы айналып кетті, - ол өзін халқы қолпаштап жатқан
билеушідей сезінді. Ол иіліп-бүгіліп, мəн-мағынасыз сөздерді қайталай
берді. "Мен ризамын, ризамын", - дей берді ол құттықтаушыларға.
Кенет ол Марель ханымды көріп қалды, сол сəт оның сүйгені,
еркелегені, тентек қылықтары есіне түсіп, құлағына даусы мен аузына
ернінің дəмі келгенде,- оның қаны басына шапшып, əйелді құшып-сүюге
ынтызарлығы қайнап шыға келді. Ол бұрынғыша сұлу да сүйкімді көрініп,
көздері баяғыша жайнап тұрды.
"Дегенмен ашыналықта оған жан жетпейді!" - деп ойлады Жорж.
Азырақ қипақтап, сақтана қараған əйел оған жақын келіп қолын созды.
Жігіт ол қолды алақанында ұзағырақ ұстап қалды. Сол сəтте ол
саусақтардың оған бəрін кешіргенін, қайта шақырғандай нəзік қимылмен
қысқанын сезді. Жігіт те бұл қолға: "Мен сені бұрынғыша сүйемін, мен
сендікпін!" - дегісі келгендей қысып қойды.
Олардың көздерінде жарқыл ойнап, бірі-біріне күлімдей, ынтыға
қарасты.
— Тезірек кездескенше! - деді əйел майыса тіл қатып.
— Тезірек кездескенше! - деп көңілдене жауап қатты ол.
Əйел бұрылып кетті.
Оның орнын басқа құттықтаушылар басты. Халық нөпірі толассыз
ағылуда. Ақырында баяулайын деді. Соңғы құттықтаушылар да шығып
бара жатты. Сюзаннаны қолтықтап Жорж далаға беттеді. Жаңағы
құттықтаушылардың барлығы өз орындарына оралып, жас жұбайларды
шығарып салу үшін тосып тұр екен. Дю Руа асықпай аяңдап, басын асқақ
ұстаған күйі шіркеу есігінен төгілген күн сəулесінен көз алмай келе жатты.
Оның денесі асқан бақыттылық сезімінен түршігіп кеткендей болды. Ол
ешкімді көрмеді. Ол тек өзі жайлы ойлап келе жатты.
Есіктен шыға бере ол шуылдап тұрған қарақұрым тобырды, осында өзін,
Жорж Дю Руаны - көру үшін келген халықты көрді. Париж халқы оған
қызғанышпен қарап тұрды.
Одан əрі көзін көтерген кезде ол Келісім алаңының шетіндегі депутаттар
палатасын көрді. Оған өзі Магдалина шіркеуінің табалдырығынан Бурбон
сарайының табалдырығына дейін бір-ақ аттап жететіндей сенім пайда
болды.
Ол көрермендер анталай қоршап тұрған биік шіркеу баспалдағымен
асықпай аяңдап түсіп келе жатты. Бірақ көзі ешкімді көрген жоқ. Ол ойша
əлгі бір сəтке қайта оралып, көз алдынан төсекте жатқанда ылғи
бұйраланып қалатын самай шашын айна алдында жөнге келтіріп тұрған
Марель ханымның бейнесі күн сəулесіндей жарқырап кетпей тұрып алды.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.