Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 10

Total number of words is 4209
Total number of unique words is 2149
36.3 of words are in the 2000 most common words
51.7 of words are in the 5000 most common words
58.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
семіп жатқандай, ал темір жолдың терең ор қапталында белгі беретін оттар
бозаңдайды: жасыл, қызыл, ақ.
Деподан алғашқы паровоздар шықты да, ысқыра жылжып, алғашқы
пойыздарға қарай бет алды. Таңғы тыныштықты қышқырығымен тілгілей
шошытып, қыстақтағы тауықтарша алыстағы пойыздар да бір-біріне үн
қосып жатыр.
"Бəлкім, мен енді қайтып мұны ешқашан көрмейтін шығармын", - деген
ой Дюруаның басында жылт ете қалды. Бірақ ол дереу сілкініп, өзінде
қайта оянып келе жатқан аяныш сезімін басып тастады: "Жетеді! Жекпежекке дейін дəнеңе де ойламау керек, тек сөйтіп қана еңсемді түсірмеуге
болады".
Ол киіне бастады. Қырынып жатқанда тағы жүрегі бір тулап кетті: оның
басына "мүмкін, айнаның алдында ең соңғы рет өзіме-өзім қарап тұрған
болармын" деген ой сап ете қалды.
Əйткенмен арақтан тағы бір жұтым ішіп алып, ол өзінің жуыныпшайынуын аяқтады.
Соңғы бір сағат оған ең ауыр сағаттай сезілді. Ол өзінің толқынысын
басу үшін, бөлменің ішінде ары-бері жүре бастады. Есік қағылған кезде ол,
қатты толқығандықтан, жығылып кете жаздады. Төрешілер келді.
Басталды!
Олар тон киіп келіпті.
Жак Риваль Дюруаның қолын қысты.
— Суық Сібірдікіндей. Ал жағдай қалай?
— Өте жақсы.
— Қобалжу бар ма?
— Түк те.
— Жарайды, онда бəрі дұрыс деген сөз. Сіз таңғы асыңызды іштіңіз бе?
— Иə, мен дайынмын.
Мынандай салтанатты жағдайдың құрметіне Буаренар кеудесіне
шетелдің сары ала орденін қадап алыпты, - оның омырауынан Дюруа оны
бірінші рет көрді.
Олар төменге түсті. Көлікте оларды бір бейтаныс мырза күтіп тұр екен.
— Доктор Лe Бриуман, - деп таныстырды оны Риваль.
— Ризашылығымды қабыл алыңыз, - деді Дюруа онымен бəсең үнде
амандасып.
Ол алдыңғы орынға отыра берем дегенде, қап-қатты əлденені басып
кетті де, серіппелі темірше қайта ыршып кетті. Ол пистолеттер салынған
жəшік екен.
— Онда емес. Сайыскер мен дəрігер артта! - дегенді Риваль əлденеше
қайталап айтты.
Не істеуі керегін Дюруа ақыры түсініп, дəрігердің қасына бар
салмағымен отыра кетті.
Содан кейін төрешілер отырды да, аттар орнынан қозғалды. Атшы қайда
барарын біледі екен.
Пистолеттер салынған жəшік бəріне кедергі жасап келеді, əсіресе
Дюруаға, - оның тіпті ол жаққа қарағысы да жоқ. Жəшікті арт жаққа қойып
көріп еді, - арқаларын соққылады, Риваль мен Буаренардың ортасына
қойып еді - қайта-қайта құлап қала берді. Ақырында отырғыштың астына
тығып барып тынышталысты.
Доктор анекдот айтып көрді, бірақ бəрібір оның да сəні болмады. Оған
тек анда-санда Риваль ғана көңіл бөлгенсіді. Дюруа өзінің ұстамды екенін
білдіргісі де келді, бірақ айтам деген ойымнан шатасып, іштей толқып келе
жатқанымды аңғартып қоям ба деп қорықты. Оның үстіне оны кенет
қалтырап қоя бермесем екен деген үрейлі ой да қинап келе жатқан.
Көлік көп ұзамай қаланың сыртына шықты. Таңғы тоғыздың шамасы
болатын. Қыстың аязды таңында бар табиғат тұп-тұнық, хрусталдай мөлдір
əрі шыңылтыр. Ағаштарды жапқан ақ қырау мұз боп қатқан тердің
тамшылары секілді; тоң жер табанның астында тоңқылдайды; құрғақ ауада
ақырын дауыс та алысқа кетеді; көгілдір аспан айнаша жалтырайды, сол
аспаннан мұздаған жер бетіне өзінің салқын сəулесін төгіп, өзі де суық күн
көз қаратпай, шағылысып көтеріліп келеді.
— Пистолеттерді мен Гастин-Ренетадан сатып алдым, - деді Жак Риваль
Дюруаға қарап. - Бəрін өзі оқтап берді. Жəшіктің аузын мөрлеп жаптық.
Алайда жеребе тастауға тура келеді, кімнің пистолеттерімен
атысатындарың - біздікімен бе, олардікімен бе - сонда шешіледі.
— Рахмет, - деді Дюруа үйреншікті əдетпен.
Өз қамқорлығындағы адамның титтей де қате жіберіп қоймауын ойлап,
Риваль оған егжей-тегжейлі нұсқаулар беріп жатты. Əр нұсқауын бірнеше
реттен қайталады:
— "Дайынсыңдар ма?" - деп сұрағанда, "Иə!" - деп қатты айтыңыз.
Қашан: "Атыңдар!" - деп бұйрық бергенде, қолыңызды жоғары көтеріп,
"Үш!" - деп айтып үлгіргенше пистолеттің құлағын басып үлгеріңіз.
"Қашан "Атыңдар!" - деп бұйрық бергенде, мен қолымды жоғары
көтерем, - деді Дюруа іштей пысықтап, - қашан "Атыңдар!" - деп бұйрық
бергенде, мен қолымды жоғары көтерем, қашан "Атыңдар!" - деп бұйрық
бергенде мен қолымды жоғары көтерем.
Ривальдің үйреткендері есінде мықтап сақталуы үшін, қашан жатталып
қалғанша айтқандарын оқушыға ұқсап қайталай берді: "Қашан "Атыңдар!"
- деп бұйрық бергенде, мен қолымды жоғары көтерем".
Орманға кірген соң күйме он жақтағы аллеяға түсіп, сонан соң тағы оңға
бұрылды. Риваль шапшаң қимылдап есікті ашты да, айдаушыға:
— Былай, мына жолмен жүр, - деді.
Ол тоғайдың ортасымен созылып жатқан таптаурын жол екен;
ағаштардың басында қураған жапырақтар мұз шаша қалтырайды.
Дюруа əлі іштей өзіне-өзі күбірлеп келе жатты:
— Қашан "Атыңдар!" - деп бұйырғанда, мен қолымды жоғары көтерем.
Күйме аударылып кетсе, бəрі де біте қалар еді-ау деген ой кенет оған сап
ете қалды. Күймеден құлап түсіп, аяғын сындырып алса ғой - қандай
тамаша болар еді!..
Бірақ ол сол сəтте алаң шетінде тұрған күймені, əріректе жер тепкілеп
жылынған төрт еркекті байқады. Кенет дем ала алмай қалғандықтан, оған
дереу аузын ашуға тура келді.
Əуелі төрешілер, олардың соңын ала дəрігер мен Дюруа шықты. Риваль
пистолеттерді жəшігімен көтерді де, Буаренармен бірге екі бейтанысқа
қарай жүрді. Дюруа бəрін көріп тұрды, олар бір-бірімен сəндене бас иіп
амандасты да, жерден ұшып шыққан немесе жерге құлап түскен əлденені
іздегендей біресе аяқтарының астына, біресе ағаштардың басына қарап,
төртеуі алаңмен алдыға қарай жүрді. Содан кейін арақашықтықты санады
да, тоң жерге екі қазықты күшпен зорға кіргізді. Одан кейін қайта
жиналып, құдды бір тиын лақтырып ойнап жатқандай қимылдар жасасты.
— Сіз өзіңізді жақсы сезініп тұрсыз ба? - деп сұрады Лe Брюман
Дюруадан. - Сізге ештеңе қажет емес пе?
— Жоқ, ештеңе қажет емес, рахмет.
Дюруа өзін ақылынан адасқан адамдай сезінді, түс көріп тұрған секілді;
құдды қияли дүниені кезіп келгендей, жан-жағынан өңкей бір адам
білмейтін бірдемелер қаумалап алғандай.
Қорыққаны ма? Сірə, солай-ау! Оны өзі де білмепті. Айналасының бəрі
басқаша боп өзгеріп кетіпті.
Жак Риваль қайтып келді де, риза пішінмен құлағына сыбыр етті:
— Бəрі дайын. Пистолеттерден біздің жолымыз болды.
Дюруаға оның енді мүлде бəрібір еді.
Оның пəлтесін шешіп алды. Ол қарсыласқан жоқ. Əмиянмен, тағы сол
секілді əлденелермен қорғанып алмағанына көз жеткізу үшін, сүртігінің
қалталарын сипап тексерді.
"Қашан "Атыңдар!" - деп бұйрық бергенде, мен қолымды жоғары
көтерем", - деді ол дұға қылғандай қайталап.
Содан кейін оны жерге кіргізген бір таяқтың қасына əкелді де, қолына
пистолет сұға салды. Тек сол кезде ғана ол қарсы алдында, тым жақын
жерде көзілдірікті жуан қарын жалтырбас біреу тұрғанын байқады. Оның
қарсыласы сол еді.
Ол оны өте анық көрді, бірақ ойы басқада болды: "Қашан "Атыңдар!" деп бұйрық бергенде, мен қолымды жоғары көтерем де, пистолеттің
құлағын басып үлгерем". Орманның өлі тыныштығын алыстан естілгендей
əлдекімнің даусы тұтқиыл бұзып жіберді:
— Дайынсыңдар ма?
— Иə! - деді Жорж айқайлап.
— Атыңдар! - деп бұйырды əлгі дауыс.
Дюруа одан арғы ештеңені де аңғарған жоқ, ажыратпады, түсінбеді, тек
қолын көтергенін жəне бар күшімен пистолеттің құлағын басып жатқанын
ғана сезді.
Бірақ құлағы түкті де естімеді.
Алайда ол өз пистолетінің аузынан шыққан түтінді бірден байқады.
Қарсы алдында тұрған адам да қозғалған жоқ, тұрысын өзгертпеді жəне
оның да бас жағында ақ бұлт дөңгеленіп тұрды.
Екеуі де атты, бəрі бітті.
Төрешілер мен дəрігер оны тексеріп, сипалап, киімінің түймесін ағытып
қарап, дауыстары дірілдей сұрады:
— Сіз жараланған жоқсыз ба?
— Жоқ, жараланбаған сияқтымын.
Лангремон де аман-сау екен.
— Бұл қарғыс атқыр пистолеттер ылғи осылай, - деді Риваль ренжіп, - не
тимейді, не сеспей қатырады. Жексұрын қару!
Дюруа қозғалмады. Қуаныштан əрі таңғалғаннан оның денесі
жансызданып қалғандай... "Жекпе-жек аяқталды!" Ол əлі қолында қысып
ұстап тұрғандықтан, пистолетті одан күшпен алуға тура келді. Ол енді өзін
бүкіл жарық дүниемен күш сынасудан қаймықпастай көрді. Жекпе-жек
аяқталды. Қандай бақыт! Оның батыр боп кеткені соншалық, дəл қазір
кіммен де болса атыса кетуге əзір еді.
Төрешілер бірнеше минут əңгімелесті де, хаттама жасау үшін бүгін
жиналатын боп келісті, содан кейін бəрі көліктеріне қайта міністі, атшы
мұртынан күліп қамшысын үйірді.
Біраз уақыттан кейін екі төреші, Дюруа жəне дəрігер мейрамханада
таңертеңгі тамақтарын ішіп отырып жекпе-жек жайын əңгіме етті. Дюруа
өз жағдайын былай суреттеді:
— Мен түк те толқығам жоқ. Түк те. Сірə, бəрің оны өздеріңіз де көрген
боларсыздар?
— Иə, сіз өзіңізді жақсы ұстадыңыз, - деді Риваль қоштап.
Дюруаның қолына хаттама сол күні тиді, - ол оны хроникаға қосуы
керек-ті. Оның "Луи Лангремон мырзамен екі оқ арқылы сөйлескені"
таңғалдырды, сондықтан ептеп ыңғайсызданып Ривальден сұрады:
— Біз бір-бір оқтан ғана шығармадық па?
Риваль мырс етті.
- Иə, бір-бірден... əрқайсың - бір-бірден, демек барлығы екеу.
Ривальдің түсіндіруі Дюруаны қанағаттандырды, сондықтан ол одан ары
қазбаламады.
Вальтер қарт оны құшақтап:
— Браво, браво, - деді, - сіз "Француз өмірін" ұятқа қалдырмадыңыз,
браво!
Кешкісін Жорж ең ықпалды газеттер мен ең салтанатты
мейрамханаларға көрініп шықты. Ол өзінің қарсыласымен екі мəрте
ұшырасып қалды. Сірə, ол да өзін көрсетіп шығуды жөн санаған болу
керек. Екеуі бір-біріне бас иіспеді. Екеуінің бірі жараланғанда ғана олар
бір-бірінің қолын алуға тиіс еді. Əйткенмен екеуі де бастарынан оқтың
ысқырып өткенін естідік деп ант-су ішісті.
Ертесі он бірлердің шамасында Дюруа "көгілдір қағаз" алды:
"Құдайым-ай, сен үшін қалай қорыққанымды сұрама! Тездетіп
"Константинопольге" жет, сені сүйіп алғым келеді, қуанышым менің.
Батырым менің!
Сені шексіз құрметтейтін Кло".
Ол кездесуге келгенде, Кло оның құшағына ұмтыла кіріп, бет-аузын
түгел сүйіп шықты.
— Қымбаттым менің, бүгінгі газеттердің мені қаншалық толқытқанын
білсең ғой! Ал қане, айтшы бəрін! Ең басынан баста. Менің қалай
болғанын білгім келеді.
Ол оған бəрін бүге-шүгесіне дейін айтып беруге мəжбүр болды.
— Жекпе-жектің алдында сенің қандай қиямет түнді бастан кешкеніңді
шамалаймын! - деді əйел айқайлай таңданып.
— Жоқ. Мен жақсы ұйықтадым.
— Мен сенің орныңда болсам, кірпігімді ілмес едім. Ал жекпе-жектің
өзі қалай өтті?
Ол сол арада қолма-қол драмалық көрініс ойлап тапты:
— Біз бір-бірімізге жиырма қадам жерде қарама-қарсы тұрған кезде, арақашықтығымыз осы бөлмеден бар-жоғы төрт есе ғана қашық қой, - Жак
бізден: "Дайынсыңдар ма?" - деп сұрады да, "Атыңдар!" деп бұйрық берді.
Сол секунтте-ақ мен қолымды жоғары көтеріп, содан тура алдыма қарата
дəл оның басын көздедім, - менің қателігім сол болды. Маған құлағы қатты
пистолет тап келіпті, ал мен жұмсағына үйренгем, - нəтижесінде құлақтың
қаттылығынан менің оғым қиғаш кетті. Дегенмен мен оған сəл-сəл ғана
тимей қалдым. Ол да өте жақсы атады екен, оңбаған. Оғы самайымды
шарпып өтті. Мен оның желпіген лебін сездім.
Дюруаның тізесінде отырып, дəл бір оған төнген қауіпті тең бөліскісі
келгендей, Марель ханым оны құшағына қатты қысты.
— Ой, байғұсым-ай, байғұсым-ай менің, - деп сыбырлады əйел.
Ол əңгімесін айтып біткен кезде, Марель ханым айқайлап жіберді:
— Білесің бе, мен енді сенсіз өмір сүре алмаймын! Менің сенімен
жолығысуым қажет, бірақ əзірше күйеуім Парижде жүргенде ол мүмкін
емес. Таңертең мен бір сағатқа шығып кетіп, сені əлі төсектен тұрмай
жатқан кезде жүгіріп барып бір сүйіп кетер ем, бірақ сенін құбыжық үйіне
мен бармаймын. Сонда не істеу керек?
Дюруаның басына бір сəтті ой сап ете қалды да:
— Сен мұнда қанша төлейсің? - деп сұрады.
— Айына жүз франк.
— Онда былай: мен осы бөлмелерге орналасам жəне олар үшін өзім
төлеймін. Менің бұрынғы пəтерім енді маған ұнамайды.
— Жоқ. Мен қарсымын, - деді əйел бір сəт ойланып барып.
Дюруа таңғалды:
— Неге?
— Сол...
— Оның жауап емес. Маған бұл жер өте ұнайды. Сөз бітті. Мен
орналастым. Оның үстіне пəтер менің атыма жалданған ғой, - деді күліп.
Əйел де өз айтқанынан танбады:
— Жоқ, жоқ, мен келіспеймін...
— Ал неге, айтшы?
Əйел оның құлағына еркелей сыбыр етті:
— Себебі сен мұнда əйелдерді əкелесің, ал мен оны қаламаймын.
Дюруа бұлқан-талқан болды:
— Ешқашан, еш жағдайда да өйтпеймін! Уəде берем.
— Жоқ, сөйтесің.
— Ант ішем...
— Шын ба?
— Шын. Шын сөзім. Бұл үй біздікі, басқа ешкімдікі де емес.
Əйел оны құшырлана құшақтады.
— Жарайды, жаным. Бірақ біліп қой: егер сен мені бір рет те болса
алдасаң, бір-ақ рет, - онда екеуміздің арамыздағының бəрі бітеді, мəңгі.
Дюруа əйелді тағы иландырды, ант ішті, ақырында екеуі келісті, Дюруа
бүгін-ақ көшіп келеді, ал Марель ханым жол үсті оған тез кіріп-шығып
тұратын болды.
— Қалай болғанда да ертең біздікіне түстенуге кел, - деді Марель. Күйеуім сені қатты ұнатып қалыпты.
Дюруа оған масаттанып қалды.
— Қалайша! Шынында ма?..
— Сен оны сиқырлап алдың. Айтпақшы, сен маған ауылда өстім демеп
пе ең, жекеменшік жерде, солай ғой?
— Иə, солай, несі бар?
— Демек сен ауыл шаруашылығынан сол де болса бірдеңе білесің ғой?
— Əрине.
— Онда сен онымен бақша егу жайында, егіс туралы əңгімелес, ол соны
сұмдық жақсы көреді.
— Жақсы. Сөз жоқ, сөйтемін.
Жекпе-жек əйелдің Дюруаға деген нəзік сезімін оятып, кетерінде оны
басы-көзінен түк қалдырмай сыпыра сүйді.
Газет саралқасына келе жатып Дюруа Марель ханым туралы ойға
шомды:
"Қандай таңғаларлық адам! Өмірінде құсқа ұқсап ұшып-қонады да
жүреді! Оның ойына не келетінін, талғамына не татитынын ешқашан
алдын ала таба алмайсың! Қандай күлкіңді келтіретін ерлі-зайыптылар!
Ана қарт пен мына алақұйын əйелді қосу тентек тағдырға не үшін қажет
болды екен? Темір жол ревизорын мынандай еш нəрседен тайынбайтын
əйелге үйлендірген қандай күш болды екен? Жұмбақ! Кім білсін! Бəлкім,
махаббат шығар?
Қалай болғанда да, - деп ойын түйіндеді ол, - ашыналыққа
таптырмайтын əйел. Оны қолдан шығарып алу - нағыз ақымақтық".
VIII
Жекпе-жек
Дюруаны
"Француз
өмірінің"
машықты
фельетоншыларының дəрежесіне көтеріп кетті. Оған жаңа тақырыптар табу
үшін ешқашан таусылып бітпейтін күш-қуат қажет болғандықтан, ол енді
француздардағы əдептіліктің құлдырауы, жаппай азғындау, патриоттық
сезімнің əлсіреуі жəне ұлттық мақтаныштың анемиясы сияқты айқайлап
тұратын тіркестер бойынша маманданып алды. ("Ұлттық мақтаныштың
анемиясы" деген тіркесті ол өзі ойлап тапты жəне соған өте риза боп
жүрді).
Өзінің шүбəшіл, күлкілі əрі кекесінді париждік мінезімен ерекшеленетін
Марель ханым оның ұзақ асқақ сөздерін əлдебір дəл айтқан бір ауыз
сөзбен-ақ быт-шыт ете салғанда:
— Ештеңе етпейді. Маған бұның болашақта қажеті болады, - деп, Дюруа
жымиып қана қоя салатын.
Ол қазір Константинопольде тұрады; мұнда ол өзінің шамаданын,
шөткісін, ұстарасы мен сабынын алып келген-ді, - оның көшіп келуінің бар
болған-біткені сол болатын. Ол əлі төсегінен тұрмай жатып екі-үш күнде
бір оған Марель ханым асығыс келіп кетеді; жылынып үлгерместен,
жылдам көрпенің астына кіріп кету үшін, тез-тез шешініп, содан біразға
дейін дірілін баса алмай жататын.
Əр бейсенбі сайын Дюруа Марель ханымдікінен тамақтанып, күйеуінің
көңілін табу үшін, онымен ауыл шаруашылығы жайында əңгіме қозғап
қайтады. Өзі де ауылды өте жақсы көргендіктен, кейде əңгіменің қызығына
батып кетіп, диванда қалғып отырған əйелді есінен шығарып та алады.
Бірде əкесінің, бірде Сүйкімді досының тізесіне отырып, Лорина да
ұйықтап қалады.
Журналшы шығып кеткен соң, Марель мырза өзінің кəдімгі əр нəрсе
жайында айта беретін ақылгөй даусымен міндетті түрде атап өтеді:
— Өте сүйкімді жігіт. Ақыл жағынан да өте жақсы дамыған.
Ақпанның аяғы болатын. Таңертең көшедегі гүл
арбашықтардың маңынан шегіргүлдің иісі де шыға бастаған.
сататын
Дюруа бұлт үйірілмеген бақыттың қызығына батып жүрді.
Бір күні кешкісін үйіне оралғанда, есікке қыстырылған хатты байқады.
Мөр-таңбасында: "Канн" деген жазу тұр. Хатты ашып: "Канн, "Ару"
вилласы" деген жазуды оқыды.
"Қымбатты дос! Барлық жағдайда да маған сеніңіз деген сөзіңіз есіңізде
ме? Енді, міне, мен сізден өзіңіздің тыныш өміріңізді бұзуды сұрап
отырмын; келіңізші, өмірінің соңғы сəтінде өлейін деп жатқан Шарльдің
жанында мені жалғыз қалдыра көрмеңізші. Ол əлі бөлмеде жүріп
жүргенмен, маған дəрігер оның шамамен аптадан артық өмір сүрмейтінін
ескертті.
Сол ақырғы сəттерге дейін күні-түні қарауға менің күшім де,
батылдығым да жетпейді. Сол соңғы минуттер жайында аса қорқынышпен
ойлаймын. Күйеуімнің туыстары жоқ; менің сізден басқа жөнімді айтатын
ешкімім жоқ. Ол сіздің жолдасыңыз; сізге газеттің есігін ашып берген - сол.
Келіңізші, жалынам сізге. Менің шақыратын басқа адамым жоқ.
Сіздің сенімді досыңыз Мадлена Форестье".
Дюруаның жан дүниесін əлдебір түсініксіз сезім жел тербегендей тербеп
өтті, ол азаттық сезімі, алдынан ашылған кеңістікті түйсінуі еді.
— Əрине, барамын, - деді күбірлеп. - Байғұс Шарль! Адамның өмірі
деген, міне, осы!
Форестье ханымның хатын ол қожайынға көрсетіп еді, ол біраз
бұрқылдады да, бірақ ақырында келісті.
— Тек тез қайтыңыз, сіз бізге қажетсіз, - деді Вальтер бірнеше рет
қайталап.
Ертесі ерлі-зайыпты Марельге жеделхат салып жіберді де, Жорж Дюруа
сағат жетідегі жедел пойызбен Каннға аттанып кетті.
Ол бір тəулікке жуық жүріп, кешкі төртке таман жетті.
Қарсы алушы оны "Ару" вилласына алып келді, вилла Каннан Жуан
бұғазына дейін созылған қарағайлы орманның ақ үйлер сеуіп қойғандай тау
етегіне салыныпты.
Форестьелер итальяндарша салған аласа шағын үйді жалдапты; үй ағаш
арасымен бұралаңдап жатқан жəне əр бұрылысында ғажап көріністері көз
тойдырған жолдың жағасында екен.
Есікті малай ашты.
— А-а, мырза, келіңіз! - деп айқайлап жіберді ол. - Форестье ханым сізді
асыға күтіп отыр.
— Форестье мырзаның жағдайы қалай? - деп сұрады Дюруа.
— Еш мəз емес, мырза! Оған онша көп қалған жоқ.
Дюруа кірген қонақ бөлменің қабырғасы көгілдір өрнек салынған
қызғылт шытпен қапталыпты. Дəу кең терезеден қала мен теңіз көрініп
тұрды.
— Оһо, қатқан саяжай! - деді Дюруа таңданып. - Шайтан алғырлар,
осыншама ақшаны қайдан табады бұлар?
Көйлектің сусылы оны жалт қарауға мəжбүр етті.
Форестье ханым оған қолын ұсынды:
— Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды! Қандай жақсы!
Дюруа күтпеген жағдайда əйел оны құшақтай алды. Сонан соң екеуі бірбіріне қарады.
Əйел ептеп жүдепті, бозарыпты, бірақ бұрынғысынша əлі жас көрінеді,
тіпті, бұрынғысынан жақсы боп, кеудесі көз тарта түсіпті.
— Білсеңіз, ол өте қорқынышты жағдайда, - деді əйел сыбырлай сөйлеп,
- санаулы күні қалғанын ол біліп жатыр, сол мені сұмдық қинайды. Мен
оған сіз келді деп айттым. Ал сіздің шамаданыңыз қайда?
— Мен оны вокзалға қалдырып кеттім, - деді Дюруа, - сіздерге
жақынырақ жерге орналасу үшін, сіз менің қай қонақ үйге орналасқаныма
кеңес беретініңізді білмедім ғой.
— Осында қалыңыз, біздің қасымызда, - деді əйел біраз шешімсіздіктен
кейін. -Айтпақшы, сізге бөлме дайындалып та қойған. Оның кез келген
минутте қайтыс болып кетуі мүмкін, егер ондай жағдай түн ішінде болса,
онда мен мүлде жалғыз қалам ғой. Мен сіздің заттарыңызды алып келуге
адам жұмсайын.
Дюруа тағзым етті.
— Сіздің дегеніңіз болсын.
— Ал енді жоғарыға барайық, - деді əйел.
Ол əйелдің соңынан ілесті. Екінші қабатқа көтеріліп, əйел есікті ашты,
Дюруа қарсы алдынан көрпеге оранған тірі өлікті көрді: кешкі шапақтың
сəулесінде қан-сөлсіз Форестье терезе түбіндегі креслода бұған қарап отыр
еді. Оның өз досы екендігін Дюруа тек жорамалдады, - ол соншалық
өзгеріп кетіпті.
Бөлменің ішін адам терінің, дəрінің, эфирдің, шайырдың иістері жайлап
алыпты - иіс болғанда да құрт ауруымен ауырған адамның демін сіңірген
бөлменің тыныс тарылтқан, айтып жеткізуге болмайтын иісі.
Форестье баяу, қинала қолын көтерді.
— А, сенсің бе? - деді. - Менің қалай өлетінімді көруге келдің бе?
Рахмет.
— Сенің қалай өлетініңді көруге ме? - Дюруа өзін зорлап зорға күлді: Ол соншалық сонау Каннан келуге татитындай көңілді көрініс емес қой.
Менің аз да болса демалғым келді жəне сенің көңіліңді сұрай кетейін дедім.
Форестье сыбырлаған үнмен:
— Отыр, - деді де, басын төмен салып, мұңдана ойланып қалды.
Ауру жиілеп, үзік-үзік дем алады; кейде ол өзінің қалай қиналғанын
айналасындағылардың есіне салғысы келетін секілді, сонда кеудесінен
ыңқылмен бірге демі де шығып жатқан тəрізді.
Оның əңгімені одан əрі жалғастырмайтынын байқап, Форестье ханым
терезенің астыңғы жақтауына асылды да, иегімен көкжиекті нұсқады:
— Қараңызшы, қандай əдемі!
Бұлардың қарсы алдында баурайына виллаларды жапсырып алған тау
жотасы жағаны тағаша қаусырып жатқан қалаға жетіп еңістепті; оң жақта,
айлақтың үстінде көне мұнараға дейін қаланың ескі бөлігі асқақтайды, ал
сол жағы Круазет мүйісіне, дəл Лерен аралдарының тұсына барып
тұйықталады. Көкпеңбек судың ортасында ол аралдар екі жап-жасыл даққа
ұқсап ерекше көрінеді. Оларды жүзіп жүрген орасан дəу жапырақ деп
қалуға да болар еді, өйткені жоғарыдан қарағанда, олар теп-тегіс боп
көрінеді.
Ал сонау алыста, бұғаздың ар жағында, айлақ пен мұнараның үстін ала
көкжиекті көмкере алаулаған аспанда тау жотасының ұзын көгілдір тізбегі
таңғажайып сызықпен айшықтанып көрінеді: жотаның найзадай үшкірі,
иілгені, дөңгелегі; етегін ашық теңіздің толқыны жауса, басы пирамидаға
ұқсаған жартаспен аяқталып жатқаны да бар.
— Анау Эстерель, - деп түсіндірді Форестье ханым.
Тау шыңдарының теріскей жағындағы қан жалатқандай сарғылт аспан
жалтылдап көз қаратпайды.
Батып бара жатқан күннің алаулаған көрінісі Дюруаны еріксіз
таңдантты.
— О-о! Міне ғажап! - деді күбірлеп. Өз таңданысын білдіруге басқа
бейнелі сөз аузына түспеді.
Форестье əйеліне көзін аударып:
— Менің таза ауа жұтқым келеді, - деді.
— Қарасаңшы, қазір кеш қой, күн батып барады, - деді əйелі құптамай, тағы суық тиіп қалар, оның саған мүлдем пайдасы жоқ екенін өзің де білуге
тиіссің ғой.
Форестье, сірə, жұдырығымен қойып қалмақ болған сияқты, алайда
оның орнына оң қолын əлсіз ғана əрі шыдамсыздықпен жыбырлатты да
қойды, ал ызалы кіжіністен бет-аузы тыржиып өзгеріп кетті, өлейін деп
жатқан адамның тістенісі оның семіп қалған ернін, суалған жағы мен
солпиған бет сүйегін одан бетер айқындап көрсетті.
— Тұншығып барам дедім ғой саған, - деді ол қырылдап, - бір күн бұрын
өлем бе, бір күн кеш өлем бе, саған бəрібір емес пе, ақыры өлетінім айқын
ғой.
Форестье ханым терезені айқара ашып тастады.
Самалдың лебінен үшеуі де еркелеткендей əсер алды. Бұл леп тау
баурайында өскен гүлдер мен ағаштардың бас айналдыратын жұпар
иістерін сіңірген жұмсақ, жылы, жалаңаштап сипағандай жазғытұрғы жел
еді. Оның ішінен майқарағайдың өткір иісі мен аршаның хош иісі айрықша
аңғарылады.
Форестье ауаны асығып алқына жұтты.
Кенет артынша-ақ креслоның тұтқасын шеңгелдей ұстап, ысқырған
ызалы қырылмен:
— Жап терезені, - деді. - Мені одан бетер құртты. Жертөлеге барып
өлгенім артық шығар осы.
Форестье ханым терезені ақырын жапты да, əйнекке маңдайын тіреп
тұрып, алысқа көз тастады.
Дюруа өзін ыңғайсыз сезініп, ауруға əл-қуат беру үшін, онымен
сөйлескенді жөн көрді.
Бірақ ол оны жұбататындай жөнді ештеме ойлап таба алмады.
— Саған бұл ара жақпады ма? - деді күңкілдеп.
Форестье тыржың етіп, иығын күрсіне қиқаң еткізді.
— Көріп тұрсың ғой, - деді де, тағы басын салбыратып жіберді.
— Сұмдық-ай десеңші! Париждегіден бұл ара қаншалық жақсы! Онда
қазір қақаған қыс. Қар, жауын, бұршақ; сағат үште онда əбден түн, шам
жағуға тура келеді.
— Саралқада қандай жаңалық бар? - деп сұрады Форестье.
— Ешқандай. Сен ауырып қалған соң орныңа əлгі аласа бойлы Лакренді
шақырған. Бірақ ол əлі піспеген. Сен өзің қайта оралуың керек!
— Мен бе? - деді ауру əрең сөйлеп. - Мен енді мақалаларымды жердің
астында, алты фут тереңдікте жатып жазам ғой.
Қоңыраудың жиілігіндей ырғақпен осы бір жабысқақ идея оған қайтақайта орала берді, оның əрбір ескертпесі мен əрбір сөзіне қисындықисынсыз қыстырыла беретін болды.
Ауыр əрі терең үнсіздік орнады. Күннің батар кездегі өрті бірте-бірте
бəсеңдей берді, алқызыл аспанның аясындағы таулар да қараңғылық
құшағына еніп қарая бастады. Түннің хабаршысы саналатын қараңғылық
бөлмелерге енгенде, əлі де сөніп бара жатқан жалынның жарқылын сақтап,
қабырғаларды, бұрыш-бұрышты, түсқағаздар мен жиһаздарды сиякөк пен
қарақошқыл араласқан түспен бояп қойғандай. Ашық пештің үстінде
сыртты көрсетіп тұрған айна қанды даққа ұқсайды.
Форестье ханым бетін терезеге басқан күйі қозғалмастан тұра берді.
Кенет Форестье үзік-үзік, тұншыққан, жан қинаған дауыспен сөйлеп қоя
берді:
— Маған тағы қанша рет күннің батқанын көруге жазды екен?.. Сегіз...
тоғыз... он бес, жиырма, бəлкім, отыз, - бірақ одан көп емес... Сендердің əлі
уақыттарың бар... Ал мен үшін бəрі бітті... Бəрі өз ретімен өте береді... Мен
өлген соң да, - дəп сол менің тірі кезімдегідей... Қай нəрсеге қарасам да, деді аз үнсіздіктен кейін сөзін қайта жалғастырған Форестье, - бəрі менің
бірнеше күннен кейін ештеңені де көрмейтінімді еске салады... Ештеңені...
тіршілікте бар нəрсенің ешбірін... ең қарапайым нəрселерді...
стақандарды... тақсыларды... демалғанға қолайлы кереуеттерді... көліктерді
көрмеу қандай қорқынышты. Кешкісін көлікпен қыдырған қандай рақат...
Мен оны өте жақсы көруші ем!
Күйсандықта ойнағандай оның саусақтары креслоның тұтқышы
бойымен тез-тез əрі қалтырай жүгіріп өтті. Оның сөзінен гөрі үндемей
кідіріп қалғаны қатты əсер етті, - сол сəт оның өте үрейлі нəрселерді
ойлайтыны сезіліп тұрды.
Дəл осы арада Норбер де Вареннің өткенде айтқаны Дюруаның есіне
түсті: "Қазір менің өлімді өте жақын арадан көретінім соншалық, кейде
қолымды созып, оны итеріп жібергім келеді. Мен оны барлық жерден
көрем. Жол үстінде жаншылып қалған шыбын-шіркей, қураған жапырақ,
досымның сақалына түскен ақ - бəрі менің жүрегімді жаралайды жəне бəрі
де: "Ол - міне!" - деп айқайлап тұрғандай".
Ол кезде бұл оны ұқпаған; қазір, Форестьеге қарап тұрып, ұқты. Оның
өне бойын бұрын бастан кешіп көрмеген бір жабырқау күй басты: кенет
оған жап-жақын қол созым жерде, ауру қиналып отырған креслода
сұмпайы құбыжықтай өлім тығылып жатқандай боп көрінді. Ол тұра caп
бұл арадан кетпек болды, қашып, мүмкіндігінше Парижге тезірек оралғысы
келді! О, бұлай боларын білгенде, Канн қаласына біреу айдаса да келмес
еді!
Əлі өлмеген адамның үстіне жауып қойған кебін құсап түн қараңғылығы
ақырын-ақырын бүкіл бөлмені қымтап алды. Тек терезені жəне оның
жарық сұлбасында қозғалмай тұрған жас əйелдің бейнесін ғана байқауға
болады.
— Немене, мен бүгін шам көрмеймін бе? - деді Форестье шамдана
сөйлеп. - Осы да ауруды күту деп санала ма?!
Терезенің алдыңдағы қараңғы бейне жоқ болып кетіп еді, соның
артынша үйдің тыныштығын бұзып кілт қоңырау соғылды.
Сəлден соң малай кіріп, ашық пештің үстіне шам қойды.
— Жатасың ба, жоқ төменге тамақтануға барасың ба? - деді күйеуіне
Форестье ханым.
— Төменге барам, - деді күйеуі сыбырлай сөйлеп.
Үшеуі тамақты күтіп бір сағаттай қозғалмай отырды, құдды ұзақ
үнсіздік əлдебір қауіпті, қауіп болғанда да құпия қауіпті бүркемелеп
тұрғандай көрініп, мына өлім жайлаған бөлмеде - сол бөлменің
тыныштығымен бірге қатып қалмас үшін, олар анда-санда үзік-үзік, түкке
де қажеті жоқ сөздерді айтып отырысты.
Ақыры ауқаттану да басталды. Дюруаға ол ұзақ, ұзақ болғанда да ұшықиыры жоқтай болып көрінді. Бəрі үндемей, дыбырын білдірмей жеді,
сонан соң бəрі нанды саусақтарымен домалақтап отырды. Өкшенің тақылы
да Шарльді тыжырынта берген соң, жұмсақ туфли киген малай тамақ
бергенде білінбей кіріп, білінбей шығып жүрді. Тыныштықты тек сағаттың
тықылдаған біркелкі дыбысы ғана бұзып тұрды.
Тамақтан кейін Дюруа шаршағанын сылтауратып, өз бөлмесіне кетіп
қалды. Ол терезенің төменгі жақтауына асыла тұрып толған айға қарады:
өлеусіреген бозғыл сəулесін виллалардың аппақ қабырғаларына төгілтіп,
теңіздің бетіне жұп-жұқа, діріл қаққан жалтырақ қабыршағын шашыратып
тұрған ай құдды алып дөңгелек шам тəрізді. Дюруа қайтып кетудің
нанымды амалын қарастыра бастады, - Вальтер шақырып жатыр, жеделхат
алдым деп пе, сол тəрізді сан алуан сылтау ойлап табуға кірісті.
Бірақ ертесі таңертең қашу жоспарының бəрі оған орындалмастай болып
көрінді. Форестье ханымды бəрібір алдай алмайды, берілгендігі үшін
алатын алғыстан тек өзінің қорқақтығына бола құр қалады. "Əрине, бұл
көңілді жағдай емес, - деді ол өзін жұбатып, -алайда ештеңе етпейді, өмірде
жайсыз жағдайлар бола береді. Оның үстіне бұл жағдай, сірə, созыла
бермес".
Оңтүстіктің бақыттан жүрегің тоқтап қала жаздайтын, жер-əлемді
көгілдір ауа кернеген күндерінің бірі еді. Форестьелердің қасында отыруға
əлі үлгерем ғой деп, Дюруа төменге, теңізге қарай аяңдаған.
Ол таңертеңгі тамағын ішуге оралғанда, малай оған:
— Дюруа мырза! Форестье мырза сізді жаңа сұрап еді, - деді. - Дюруа
мырза, Форестье мырзаға кіріп шыққаныңыз жөн болмас па екен?
Ол жоғарыға көтерілді. Форестье креслода қалғып отырғандай көрінді.
Əйелі диванда кітап оқып жатыр екен.
Ауру басын көтерді.
— Бүгін қалайсың? - деді Жорж. - Түрің жақсы сияқты ғой.
— Иə, жақсымын, - деді Форестье сыбырлай сөйлеп, - бүгін өзімді
мықтырақ сезініп тұрмын. Мадлена екеуің тезірек тамақтарыңды ішіңдер, біз қыдырып қайтамыз.
— Көрдіңіз бе? Бүгін ол өзін дені сау адамдай сезінеді, - деді Форестье
ханым Дюруа екеуі оңашаланғанда. - Таңертеңнен бері жоспар құрумен
əлек. Қазір біз Париждегі үйімізге ыдыс-аяқ сатып алу үшін Жуан бұғазына
бармақпыз. Ол қайткенде де баруымыз керек дейді, ал мен бір нəрсе болып
қала ма деп сұмдық қорқам. Жолдың селкіліне ол шыдай алмайды.
Төрт кісілік жабық арба келгенде, малайдың сүйемелдеуімен Форестье
баспалдақпен баяу төмендеп келе жатқан. Ол көлікті көрді де, дереу оның
үстін ашып тастауды талап етті.
Əйелі оған қарсы болды.
— Саған суық тиіп қалады. Оның ақылға сыймайды.
Бірақ ол өз айтқанынан қайтпады.
— Жоқ, менің жағдайым өте жақсы. Мен өзімді білем.
Бақтың арасын қақ бөліп жатқан, сонысымен Каннды Англияның
паркіне ұқсататын көлеңкелі саяжолдан өтіп, олардың көлігі теңізді
жағалай жүретін Антип жолына түсті.
Форестье бұл араның көрікті жерлерін айтып отырды. Париждік
графтың вилласын, тағы басқаларын көрсетті. Ол көңілді еді, бірақ онысы
үмітсіз адамның əдейі істеген, жасанды, алдамшы көңілділігі болатын. Əр
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 11
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.