Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 20

Total number of words is 4225
Total number of unique words is 2142
35.5 of words are in the 2000 most common words
51.9 of words are in the 5000 most common words
60.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сізді тұтқындауға тура келеді. Тым болмаса түрегеліңіз. Əңгімені сіз
киінген соң жалғастырамыз.
Төсектегі дене қозғалақтап, еріндері жыбыр етті:
— Жұрттың көзінше тұра алмаймын.
— Неге? - деп сұрады тəртіп сақшысы.
— Өйткені... өйткені... мен жалаңашпын, - деп, күмілжи жауап қатты ол.
Дю Руа мырс етіп, еденде жатқан жейдені алды да, төсекке лақтырып
жіберді.
— Ештеңе етпейді!.. Тұра бер!.. - деп айғайлады ол. - Əйелімнің алдында
шешінуге ұялмаған жан менің алдымда киінуге бетінен баспай-ақ қойсын.
Ол бұрылып, ашық пешке қарай кетті.
Есін жиып алған Мадлена бəрінің орнына келместей быт-шыт
болғанына көзі жетіп, енді нені болса да қайыспай көтеруге белін буғандай
түр байқатты. Басын тəкаппарлана көтеріп алған оның көзі от шашып
тұрғандай. Қағаз қиығын умаждап алып, қонақ күткендегідей-ақ ашық пеш
жиегіне орналасқан дөкірлеу шырағдандардағы он майшамның бəрін
жағып шықты. Содан кейін ашық пештің мəрмəр жақтауына сүйене тұрып,
жалаң аяғын оның сөне бастаған жалынына тосып еді, мықынына əрең
ілігіп жүрген белдемшесінің арт жағы көтеріліп кетті. Қызғылт қорапшадан
темекі алып тартты.
Оның ашынасы төсегінен тұрып болғанша, комиссар Мадленаның
қасына келді.
— Мұндай іспен жиі айналысасыз ба, қайырымды мырза? - деп сұрады
əйел асқақтай сөйлеп.
— Неғұрлым аз болғанын қалаймын, ханым, - деп, оған комиссар шын
жауап қатты.
Əйел кекесінді мырс етті:
— Оныңыз жақсы екен, абырой əпермейтін іс қой.
Ол өз күйеуін көзіне де ілмейтін түр байқатты.
Төсектегі мырза бұл кезде киініп болған екен. Шалбарын іліп, бəтіңкесін
киіп, жилетін жүре түймелеп бұлардың қасына келді.
Лауазым иесі оған бұрылды:
— Ал енді, шапағатты мырза, кім екеніңізді, мүмкін, айтарсыз?
Ол үндей қоймады.
— Онда мен сізді тұтқындауға мəжбүрмін,- деді комиссар.
— Тиіспеңіз маған! - деп, бақырып жіберді кенет мырзамыз. - Менің
жеке басыма тиісуге болмайды.
Дю Руа оның қасына ұрып жығардай екпінмен жетіп келді.
— Сіз қылмыс үстінде ұсталдыңыз... қылмыс үстінде... - деп, ысылдай
сөйледі ол. -Менің сізді қамауға алуға құқығым бар... иə, бар. - Содан кейін
ашудан тұтыға айғайлап жіберді: - Бұл Ларош-Матье, сыртқы істер
міністірі!
Мұны күтпеген полиция комиссары ыршып түсті.
— Шынында да, шапағатты мырза, сіз кімсіз өзі, айтсаңызшы? - деп
абыржи күбірледі ол
Бұл жолы рухтана түскен мырза даусын шығара тіл қатты:
— Бұл жолы мына сұмырай шындығын айтты. Мен шынында міністір
Ларош-Матьемін.
Сөйтті де, Жорждың кеудесінде қып-қызыл болып жарқырап тұрған
темірді нұсқап:
— Бұл жексұрынға мына орденді мен бергенмін! - деді.
Дю Руа құп-қу болып кетті. Ол бір-ақ шалт қимыл жасады - келесі сəтте
ілгегінен жұлынған таспа əуеде от жалынындай желбіреп, ашық пешке
қарай ұшып бара жатты.
— Сен сияқты арамзалар беретін ордендердің құны, міне, осындай.
Қолдары құшырлана түйілген, тістерін шықырлата ашудан ісіне
қабартқан олар бір-біріне қасқая қарап тұрды: бірі - арықша келген,
едірейген мұртты да, екіншісі - толық денелі, мұрты шиыршықтала
сақиналанған екі еркек.
Комиссар олардың ортасына түсті.
— Сабыр етіңіздер, мырзалар, тəртіп сақтаңыздар!
Олар үн-түнсіз бұрылып кетісті. Мадлена орнынан қозғалмастан,
темекісін сорған күйі күлімсіреп қойды.
— Міністір мырза! - деп сөз бастады лауазымды полицей. - Мен сіз бен
мына тұрған Дю Руа ханым екеуіңіздің оңаша үйде үстеріңізден түстім: сіз
төсекте жатырсыз, бұл кісі жартылай жалаңаш. Киімдеріңіз бөлме ішінде
жайрап жатыр. Бұл - зинақорлықтың айқын көрінісі. Сіз мұны жоққа
шығара алмайсыз. Бұған не айтасыз?
— Айтарым жоқ, міндетіңізді атқара беріңіз,- деп күбір етті ЛарошМатье.
Комиссар Мадленаға бұрылды:
— Ал сіз қайырымды ханым, мына мырза ашынаңыз екенін
мойындайсыз ба?
— Ашынам екені рас! - деп шамдана сөйледі ол.
— Басқа сұрағым жоқ.
Тəртіп сақшысы пəтердің жалпы жағдайы, бөлмелердің орналасуы
жөнінде тағы бір деректерді жазып жатты. Бұл кезде міністір киініп болып,
пəлтесін білегіне аса салды да, қалпағын алып, жазуын тоқтатқан
комиссарға бұрылды:
— Мен сізге енді керекпін бе? Не істеуім керек? Кете берсем болатын
шығар?..
Дю Руа оның бетіне арсыздықпен күле қарады:
— Не үшін кетпексіз? Біз болдық. Төсекке қайта жатыңыз, шапағатты
мырза. Біз кетеміз.
Ол полиция комиссарының жеңінен шымши ұстап, есікке икемдеді:
— Жүріңіз, комиссар мырза, бұл жерде енді біз істейтін ештеңе қалған
жоқ.
Тəртіп сақшысы таңырқаған түрмен оның соңынан ілесті. Табалдырық
алдында Жорж тоқтап, оны алға оздырмақ болды. Комиссар əдеп сақтап,
бас тартты.
— Өтіңіз! - деп болмады Жорж.
— Сізден кейін, - деді комиссар.
Сол кезде журналшы иіліп, құрметпен əрі кекесінді үнмен:
— Өту сіздің кезегіңіз, комиссар мырза. Бұл менің өз үйімдей боп қалды
ғой,- деді.
Сөйтті де, абайлап, əдейі əдепті түрмен есікті жауып шықты.
Бір сағаттан кейін Жорж Дю Руа "Француз өмірі" саралқасына келіп
кірді.
Вальтер сонда отыр еді, - соңғы кезде таралымы көбейіп, оның банкінің
барған сайын шарықтай бастаған табысына қосар үлесі кеңейе түскен
"Француз өмірінің" шығуын ол бұрынғыша өзі бақылап, өзі басшылық
жасайтын.
Баспагер оның бетіне қарады:
— Ə, бұл сіз бе?! Түріңіз неге өзгеріп кеткен? Бүгін неге түстікке
келмедіңіз? Қайдан жүрсіз?
Өз сөзінің əсері қандай боларына сенімі мол Дю Руа əр сөзін қадай
айтты:
— Мен жаңа ғана сыртқы істер міністірін құлатып келдім.
Вальтер оны қалжыңдап тұр деп ойлады.
— Құлатып келдің... Қалайша?
— Мен кабинет құрамын өзгертемін. Бары сол-ақ. Ол сұмырайдың көзін
баяғыда құрту керек еді.
Қария күмілжіп қалды, - ол қызметкері мас екен деп ойлады.
— Сіз есіңізден адасқан шығарсыз, - деп күбірлей сөйледі ол.
— Есім дұрыс. Мен жаңа ғана əйелім мен Ларош-Матье мырзаның
үстінен түстім. Полиция комиссары зинақорлық жасалғанын өз көзімен
көрді. Міністіріңіз құрыды.
Вальтер сенер-сенбесін білмей, көзəйнегін маңдайына сырғытты.
— Сіз қалжыңдап тұрған шығарсыз? - деп сұрады ол.
— Қалжың емес. Мен тіпті бұл туралы жаңалықтарға хабар жазамын.
— Сонда не істегіңіз келеді?
— Мен ана алдамшыны, қоғамға қауіпті оңбағанды аластасам деймін!
Жолыма көлденең тұрам деушілер жанынан түңілетіндей етемін! Ешкімді
де аямаймын! - деді Жорж қалпағын креслоға қойып жатып.
Баспагер мəселенің мəнісіне түсіне алмады.
— Ал... əйеліңіз ше? - деп сұрады ол.
— Ертең-ақ айырылысу жайлы іс қозғаймын. Марқұм Форестьесіне
қайтып барсын.
— Сіздің айырылысқыңыз келе ме?
— Əрине. Мен күлкі болдым. Оларды қылмыс үстінде ұстау үшін түк
сезбеген боп көрінуге тура келді. Енді бəрі бітті. Бəрі менің қолымда.
Вальтер əлі де есін жия алмай, Дю Руаға жалтақтап қарай берді, ал
ішінен: "Сайтан алғыр, мына пысықпен жауласпаған жөн", - деп ойлады.
— Мен енді еркінмін... - деп сөзін жалғастырды Жорж. - Аздаған
байлығым да бар. Қазан айында, жаңа сайлау алдында мен өзім туған
жерімнен дауысқа түспекпін, - ол жақтағылар мені жақсы біледі. Жұрттың
көзінше беделімді түсірген əйелмен абыройға жете алмайтын едім, өзімді
ешкімге сыйлата алмайтын едім. Ол менің басымды айналдырып,
қақпанына түсіріп алған болатын. Алайда оның сиқырлығын сезгеннен-ақ
басқан ізін аңдумен болдым.
Ол қарқылдай күлді.
— Байғұс Форестье, алаңсыз, сенгіш Форестье мүйізді қалпында кете
барды. Ал мен абайсызда мойныма артып алған қырсықтан дер кезінде
құтылдым. Қолымды шешіп алдым. Енді мен ұзаққа шабамын.
Ол орындықтың арқалығын алдына қарата аттай мініп отырып, ойын
дауыстап айтқандай-ақ:
— Ұзаққа барамын... - деп қайталады.
Вальтер қария көзəйнегін маңдайынан түсірмеген күйі оған бажырая
қарап тұрып, ішінен: "Иə, бұл оңбаған алысқа барар-ақ - деп ойлады.
Жорж орнынан тұрды.
— Мен қазір мақала жазамын. Əрине, сақтықты ұмытпау керек. Есіңізде
болсын: міністір үшін бұл қатты соққы болады. Ол су түбіне кетті дей
беріңіз. Оған ешкім қол ұшын созбайды. "Француз өміріне" енді оны
қорғаштаудың түкке де қажеті жоқ.
Вальтер қария кішкене бұлталақтап тұрды да, ақыры қолын бір-ақ
сілтеді.
— Тартынбаңыз, - деді ол, - өзіне де сол керек.
IX
Арада үш ай өтті. Дю Руа бұл арада айырылысуға қол жеткізіп, оның
əйелі бұрынғы Форестье фамилиясын қайтып алды. Шілденің он бесі күні
Вальтерлер Трувильге жүріп кетуді жоспарлады да, қоштасу үшін бір күнді
қала сыртында өткізуге шешім қабылдады.
Серуен бейсенбі күнге белгіленді. Таңғы сағат тоғызда төрт ат жегілген
алты орындық үлкен күйме бұларды жолға алып шықты.
Таңғы асты Сен-Жерменде, IV Генрихтің бақ ішіндегі үйінде ішу
жоспарланған. Маркиз де Казольды жан-тəнімен жек көретін, тіпті түрін
көргісі келмейтін Сүйкімді дос бұл сапарда жалғыз жігіт өзі болуға тілек
білдірген. Алайда соңғы сəтте үй иелері таңертеңгілік граф де ЛатурИвеленді ала кетуді ұйғарды. Оған бұл жөнінде кешкісін хабар жіберілді.
Аттар Елисей даласы көшесімен желе жортып өтіп, осы жүріспен Булон
орманын да артта қалдырды.
Онша ыстық емес, тамаша жазғы күн тамылжып тұрды. Көгілдір
аспанда қарлығаш қанаттарынан пайда болған дөңгелек сызықтар əуеде
көпке дейін тарқамай тұрып алатындай болып сезіледі.
Əйелдер жағы артта отырды: ортасында анасы, екі қызы екі жағында;
еркектер оларға қарама-қарсы: Вальтер қонақтарын екі жағына ала
жайғасты.
Сенаны, Мон-Валерьенді айналып өтті, Буживаль да артта қалды, одан
соң Пекке дейінгі жол өзенді жағалады да отырды.
Розаға елжірей көз тастаумен болған жасы біразға келіп қалған граф де
Латур-Ивеленнің адамда сирек кездесетін жақ сақалын жел ұйтқытуын
қоймады (оны көрген Дю Руаның басына: "Жел оның сақалымен ойнауға
құмар болды", - деген ой келді). Олар бір ай бұрын атастырылған болатын.
Жорж анда-санда Сюзаннаға қарап қойып отырды; олардың екеуі де бопбоз еді. Көздері кезігіп қалғанда екеуі тек өздеріне ғана белгілі нəрсе жайлы
ойша тіл қатысқандай болады да, тез көздерін аударып əкетеді. Вальтер
ханым бақытты əрі байсалды кейіпте отыр.
Таңғы ас ұзаққа созылды. Дю Руа Парижге оралмас бұрын үй алдындағы
бастырмада қыдырыстауға ұсыныс жасады. Əуелі бəрі қабырғаны жағалай
қаз-қатар тұрып, алдарынан ашылған көрініске тамашалай қарады.
Ұзыннан-ұзақ көлбеу жатқан тау етегіндегі жасыл шалғында Сена алып
айдаһардай ирелеңдеп, суын Мезон-Лафитке қарай əкетіп барады. Оң
жақтағы төбенің жотасындағы Марлидің суағар науасы аспаннан дəу
аяқтары жыбырлап салбырап түскен алып жұлдыз құрт сияқтанып көрінеді,
ал Марлидің өзі төмендегі қалың орманнан көзге шалынбай қалыпты.
Бұлардың көз алдында жазылып жатқан кең-байтақ жазықтың əр
жерінде шашырай орналасқан қыстақтар көрінеді. Кішігірім тоғайдың
тозыңқы көгінің арасынан Везине тоғандары жылтырайды. Сол жақта,
алыс бір жерден аспанға шаншылған үшкір Сартрувиль шіркеуінің
мұнарасы асқақтайды.
— Əлемнің еш жерінен мұндай көріністі таппайсың, - деді Вальтер. Тіпті Швейцарияның өзінде кездеспейтін əдемілік.
Бұлар аяңдап əрі қарай жылжыды, - бəрі де тағы біраз жүре түсіп,
айналаға көз суаруды қалайды.
Жорж бен Сюзанна артта келе жатты. Алдағылар бірнеше адым ұзаған
кезде ол қызға басын еңкейте түсіп, ақырын дауыспен сыбырлай сөйледі:
— Мен сізді ұнатамын, Сюзанна. Ессіз сүйемін сізді.
— Мен де, Сүйкімді дос, - деп сыбыр етті қыз.
— Егерде сіз маған əйел болмасаңыз, мен Парижде қалмаймын,
Франциядан кетіп қаламын.
- Əкеммен сөйлесіп көріңіз. Мүмкін, келісіп қалар.
Жорждың тамағынан қарсылық белгісіндей асығыс дыбыс шықты.
— Жоқ, тағы қайталап айтамын: одан пайда жоқ. Сіздің үйдің есігі мен
үшін тарс жабылады, мені саралқадан да айдап шығады, сізбен көрісудің
өзі мұң болады. Ресми ұсыныс жасауым тек осылай ғана аяқталарына сене
беріңіз. Сізді маркиз де Казольға беруді ұйғарып отыр. Ата-анаңыз сіз,
əйтеуір, бір келіседі деп күтіп жүр.
— Сонда мен не істеуім керек? - деп сұрады қыз.
Жігіт бірден жауап қатпай, оның бетіне қиғаштай қарады.
— Мен үшін батыл қадам жасай алар ма едіңіз?
— Иə, - деді қыз ойланбастан.
— Жанкешті əрекетке?
— Иə.
— Əкеңіз бен анаңызға қарсы шығуға батылыңыз жетер ме екен?
— Иə.
— Шын ба?
— Шын.
— Онда жалғыз ғана бір əдіс бар. Бəрін мен емес, сіз бастауыңыз керек.
Сіз бір үйдің алақанына салған еркесісіз, ешкім бетіңізден қақпайды, тағы
бір тентектігі деп қоя салады. Енді құлақ салыңыз. Бүгін кешке, үйге келген
соң анаңызбен ғана оңаша сөйлесіп көріңіз. Менің əйелім болғыңыз
келетінін айтыңыз. Ол бұған, əрине, шектен шыға ашуланады...
— Жо, апам қайта қуанады! - деп Сюзанна сөзін бөліп кетті.
— Қуанбайды, - деді жігіт шешімді үнмен, - сіз анаңызды білмейсіз.
Қайта əкеңізден əрман ашуға булығып, ызаланады, көріңіз де тұрыңыз.
Бірақ сіз айтқаныңыздан қайтпай тұрып алыңыз, менен басқа ешкімге
күйеуге шықпаймын деңіз. Жарай ма?
— Жарайды.
— Анаңыздан шыққан соң əкеңізге барып, үзілді-кесілді сенімді түрмен
жаңағы сөзді оған да айтыңыз.
— Иə, иə. Ал содан соң?
— Одан арғысы ең маңызды қадам. Егер сіз өзіңізге сенімді болсаңыз,
менің əйелім болуға шын бел байласаңыз, менің қымбаттым, менің
кішкентай ғана Сюзаннам... онда мен... мен сізді алып қашамын!
Қыз қуанғаннан алақан соғып жібере жаздады.
— Неткен бақыт! Сіз мені алып қашасыз! Қашан, қашан?
Кітаптардан оқыған қараңғылықты жамылып қашып шығу, пошта
тасушы арбалар, арзанқол асханалар, шытырман оқиғалар - шынға
айналғалы тұрған сиқырлы түстей - қыз қиялын қозғап өтті.
— Қашан болады бұл? - деп қайта сұрады ол.
— Тіпті бүгін кешке... түнде, - деді жігіт ақырын ғана.
— Сонда қайда барамыз? - деп ынтыға сұрады қыз.
— Ол менің құпиям. Əр қадамыңызды сараптаңыз. Бірге қашқаннан
кейін сіз менен басқа ешкімге күйеуге шыға алмайтыныңызды білуіңіз
керек. Жалғыз жолы осы, бірақ ол... сіз үшін аса қауіпті жол..
— Мен сөзімнен танбаймын... - деді қыз. - Мен сізбен қалай кездесемін?
— Сіз үйден жалғыз шыға аласыз ба?
— Иə, мен қақпаны аша аламын.
— Онда былай, түн ортасында, есік күзетуші ұйқыға жатқаннан кейін,
Келісім алаңына келіңіз. Мен Теңіз міністірлігінің алдында күймемен
тосып тұрамын.
— Келемін.
— Міндетті түрде ме?
— Міндетті түрде.
Жігіт оның қолын қатты қысты.
— Мен сізді сүйемін! Сіз қандай жақсы, батыл едіңіз! Сонымен, сіздің
маркиз де Казолға тұрмысқа шыққыңыз келмейтіні рас қой?
— Əрине, рас!
— Бүгін сіз осыны айтқанда əкеңіз қатты ашуланды ма?
— Ашуланғанда қандай! Мені монастырға жіберемін деді.
— Көріп тұрсыз ғой, батыл қимылдамасақ болмайды.
— Мен батыл боламын.
Қашып кету туралы ойға берілген ол алыс көкжиекке көз тікті. Мына
жігітпен алысқа-алысқа сапар шегеді... Ол мұны алып қашады!.. Қыздың
көкірегін мақтаныш кернеді. Ол өзінің абыройына дақ түсуі мүмкін екенін,
ұятын ойлап жатпады. Бұл қадамы қайда бастарына да ой жүгірте алмады,
оған өресі жетпейтін еді.
Вальтер ханым артына бұрылды.
— Қызым, мұнда кел! - деп дауыстады ол.- Неғып Сүйкімді дос екеуін
кейіндеп қалдыңдар?
Бұлар қатарға келіп қосылды. Олар таяу арада Вальтерлер аттанғалы
жатқан теңіз курорты туралы сөз етіп тұр екен.
Келген жолды қайталамас үшін, Шату арқылы қайтуға шешім
қабылданды.
Жорж үнсіз отырды. Ол терең ойда еді. Сонымен, егер мына қыздың
батылдығы жетсе, ол ақырында өз мақсатына қол жеткізбек. Үш ай бойы ол
қыздың басын айналдырумен болды. Тек өзінің ғана қолынан келетін
өнерін аямай жұмсап, қызды алдады, арбады, ақыры табындырып алды.
Жеңіл ойлы қуыршақтың жанын жаулап алу аса қиынға түсе қоймады.
Ең алдымен ол қыздың маркиз де Казольге күйеуге шығудан бас
тартуына қол жеткізді. Енді, міне, өзімен қашып кетуге көндіріп отыр.
Бұдан басқа жол жоғына сендірді.
Вальтер ханым бұған қызын беруге ешқашанда келіспейтінін ол жақсы
біледі. Əйел бұны əлі де сүйеді жəне өмір бойы сүйіп өтетін түрі бар. Оны
Жорждың есепке құрылған салқындығы ғана тежеп келеді, əйтпесе үмітсіз
де ырықсыз құмарлықтан мүжіліп жүргенін іші сезеді. Ол əйелді еш
көндіре алмас еді. Мұның Сюзаннаға үйленуіне жол бермейді ол.
Ал қызды қолға түсіріп, ата-анасының қасынан алып кете алса, ол қыз
əкесімен терезесі тең адамша келіссөз жүргізер еді.
Терең ойға батқан Дю Руа өзіне қарата айтылған сөздерге мəн беріп
жатпастан, қостай берді. Тек қалаға кірген кезде ғана бойын жиып алды.
Сюзанна да ойлы қалыпта келеді. Төрт аттың мойнына тағылған
қоңыраулар шылдырлап, осы əуеннен оның көз алдына ай сəулесімен ғана
ажыратарлық шетсіз-шексіз түнгі жол, қарауытқан орман, жол
тоғысындағы арзанқол асхана, соңынан шыққан қуғын келіп қала ма деп
асыға-аптыға аттарын ауыстырып жатқан арбакештер елесі көлбеңдеді.
Күйме зəулім үйдің ауласына кіріп тоқтаған кезде, Вальтерлер Жоржды
түстік ішуге қалуға үгіттей бастады. Бірақ ол бас тартып, үйіне кетіп
қалды.
Үйінде ол жеңіл ғана шайланып, дəп бір алыс сапарға шығатындай-ақ
қағаздарын реттеуге кірісті. Кесірі тиеді-ау деген хаттарды отқа салды,
біразын алысырақ тықты, кейбір достарына хат жазды.
Ара-арасында сағатына қарап қойған ол: "Қазір ана жақта нағыз майдан
боп жатқан шығар", - деп ойлады. Көкейіне күдік жүгірді. Егер ойлағаны
болмай қалса ше? Бірақ қорқатын не бар? Сүттен ақ болып шығу қиын
емес. Дегенмен ірі ойынға бос тігіп отыр ол!
Он бірдің кезінде ол үйден шығып, біраз аяңдап жүрді, содан кейін
күйме жалдады да, келісім алаңындағы Теңіз міністірлігінің қасына келіп
тұрды.
Ара-тұра сіріңкенің шиін жағып, сағатына қарайды. Сағат он екіге
жақындағанда ол шыдамсыздана бастады. Сəт сайын есіктен басын
шығарып, Сюзанна келе жатқан жоқ па деп көз жүгіртеді.
Алысырақ жердегі бір сағат он екіні соқты, іле жақынырақ жердегі бір
сағат, одан кейін екі сағат қосыла, ең ақырында мүлдем алыстан тағы бір
сағат он екіні соқты. Соңғы қоңырау басыла бере ол: "Бəрі бітті. Құрыдым.
Қыз келмейді", - деп ойлады.
Дегенмен таң атқанша күтуге бел байлады. .Мұндай жағдайда төзімді
болған жөн.
Біраздан кейін он екіден он бес минут кеткенін, одан кейін он екі
жарымды, сонан соң он бес минутсіз бірді жəне ақырында барлық сағат
бағана он екіні соққанындай ретпен бірінен кейін бірі түнгі бірді соқты. Ол
енді күтуді қойып, ана жақта не болып қалғанын түсінуге тырысып, бас
қатырып отырған еді. Кенет күйме терезесінен əйел басы қылтиды.
— Сіз осындамысыз, Сүйкімді дос?
Ол орнынан ұшып тұрды. Тынысы тарылып кеткендей.
— Сюзаннасыз ба?
— Иə, бұл менмін.
Сасқанынан есіктің тұтқасын бұрай алмай жатып:
— Ə, бұл сіз бе... сіз... кіріңіз... - деп қайталай берді.
Қыз кірісімен оның қасына сылқ етіп құлай кетті. Жорж арбакешке:
"Айдаңыз!" - деп айғай салды да, аттар ала жөнелді.
Сюзанна алқына дем алып, сөйлеуге тілі келе қоймады.
— Қалайша бұлай болды? - деп сұрады жігіт.
— О, сұмдық болды, əсіресе апаммен сөйлескенім сұмдық,- деп
сыбырлады есінен тануға жақын отырған қыз.
Жорж толқығаннан дірілдеп кетті.
— Апаңызбен бе? Ол сізге не деді? Айтыңызшы.
— Айтары жоқ, сұмдық! Мен бəрін ойлап алдым да, кірісімен бірден
ашық айттым. Ол бозарып кетті де, айқайға басты: "Ешқашанда!
Ешқашанда!" Ал мен жыладым, долданып, сізден басқа ешкімге күйеуге
шықпаймын деп ант-су іштім. Ол мені ұрып жібере ме деп едім. Есінен
адасқандай қалшылдап, мені ертең-ақ монастырға жібермек болды. Мен
оны мұндай күйде ешқашан көрген емеспін. Осы кезде айқай-шуды естіп,
əкем кіріп келді. Ол апам құсап ашу шақыра қойған жоқ, бірақ сіздің мен
үшін жақсы серік емес екеніңізді айтты. Олардың сөзіне ызаланған мен
олардан да асыра айқайладым. Əкем өзіне тіпті жараспайтын қайғылы
түрмен менің шығып кетуімді талап етті. Сол кезде мен сізбен қашуға белді
бекем байладым. Сонымен, мен осында отырмын. Ал біз қайда барамыз?
Дю Руа оны белінен еркелете құшақтап, əңгімесін бір сөзін қалт
жібермей тыңдады, оның əке-шешесіне жыны ұстады. Əйтеуір, қыздары
қолында. Көкелерің көздеріне көрсетеді енді.
— Пойызға кешігіп қалдық, - деді ол. - Күйме бізді Севрге апарады,
сонда қонып шығамыз. Ал ертең Ларош-Гийонға барамыз. Бұл Сена
жағалауындағы, Мант пен Боннер арасында орналасқан қыстақ.
— Ал мен өзіммен ешқандай киім алған жоқпын. Соқа басым шығып
кеттім, - деді Сюзанна.
Жігіт алаңсыз күлімсіреді:
— Ештеңе етпейді, сол жақта бір жөні табылар.
Күйме көшемен зырлап келеді. Жорж қыздың қолын алып, ақырындап,
құрметпен сүйе бастады. Құр ғана аймалаумен тынуды ол білмейтін,
сондықтан қызбен қалай сөйлесуді білмей дағдарды. Кенет оған қыз жылап
отырғандай көрінді.
— Сізге не болды, қымбаттым? - деп үрейлене сұрады ол.
— Байғұс апам, менің жоқ екенімді білген болса, көз іле алмай жатқан
шығар, - деді ол көз жасына булыға өксіп.
Вальтер ханым, шынында, ұйықтаған жоқ болатын.
Сюзанна бөлмеден шығып кеткенде, ол күйеуімен оңаша қалды.
Əйелдің ұнжырғасы түсіп, қапаланып отырды.
— Құдайым-ай! Бұл неғылғандары?
— Бұл ана қаскүнем оның басын айналдырып алды деген сөз, - деді
Вальтер бұрқ етіп. - Казольден бас тартуға көндірген де сол. Ол
оңбағанның көздегені қыздың жасауы ғана.
Вальтер ашу қысып, бұрыштан бұрышқа адымдап жүре бастады.
— Сен де соны маңыңа үйір ғып, еліктіріп, əлпештедің келіп,
бұзауындай етіп сылап-сипап бақтың. Таңертеңнен кешке дейін естігеніміз:
"Сүйкімді дос, Сүйкімді дос". Ал тарт енді жазасын!
Əйел бозарып кетті.
— Мен... еліктірдім бе?
— Иə, сен! — деп бетіне былш еткізді ол - Бəрің тек соны ғана көре
қалдыңдар: анау Марель, Сюзанна, бəрің, бəрің. Сенің онсыз бір күн де
тұра алмайтыныңды мен сезбеді ғой деймісің?
Вальтер ханым бойын тіктеді.
— Менімен бұлай сөйлесуге хақыңыз жоқ, - деді ол қайғылы дауыспен. Менің сіз сияқты көше тəрбиесінде өспегенімді ұмытпаңыз.
Күйеуі іркіліп қала жаздады да, қайта ашуға басып: "Құрыңдаршы
бəрің!"- деп, есікті тарс жауып шығып кетті.
Жалғыз қалған Вальтер ханым əйелдік түйсікпен айнаға ұмтылды жаңағы естігендері соншалықты жан сенгісіз сұмдық болып көрінгені
сондай, өзін демде қартайып кеткендей сезінді. Сюзанна Сүйкімді досқа
ғашық боп қалған! Сүйкімді дос Сюзаннаға үйленгісі келеді! Жоқ, ол
қателеседі, бұлай болуы мүмкін емес! Əрине, қыздың сұлу жігітті ұнатуы
мүмкін, ол өзін соған күйеуге бере қояды деп шолжаңдауы мүмкін. Ал
жігіт? Жігіт онымен астыртын сөз байласуы мүмкін емес! Вальтер
ханымның ойы аяқ астынан ауыр қайғы көрген адамдай шатасып кетті.
Жоқ, Сүйкімді дос Сюзаннаның қылығынан хабарсыз болар.
Ол жігіттің бұл жерде қатысы бар ма, жоқ па деген ой төңірегінде ұзақ
бас қатырды. Егер қызды айдап салған сол болса, неткен оңбағандық!
Енді не болмақ? Алда тек қана қауіп, азап күтіп тұрғандай болып көрінді
əйелге.
Егер жігіттің қатысы болмаса, онда қорқатын ештеңе жоқ. Сюзаннаны
жарты жылдай саяхатқа жіберсе, бəрі ұмытылады. Бірақ осыдан кейін өзі
оған қалай қарар екен? Оны əлі күнге сүйетіні рас. Бұл құштарлық
жүрегіне жебеше қадалып қалған, жұлып тастау мүмкін емес. Онсыз өмір
сүруді ойлаудың өзі қорқынышты. Одан өлген артық.
Сағыныш пен күдік қамауында ол ұзақ жатты. Түсініксіздік пен ауыр
ойдан басы солқылдап ауырды. Мына жағдайдың шешімін таба алмай
сарсаң қылған белгісіздік торығуға ұласты. Сағатына қарап еді: екі болып
қалыпты. "Мен шыдай алар емеспін, -деді ол өзіне-өзі, - ақылымнан
адасатын түрім бар. Бəрін біліп алу керек. Сюзаннаны оятып, бəрін де
сұрап білейін".
Тықырын сездірмес үшін бəтіңкесін шешіп, қолына майшам алды да,
қызының бөлмесіне қарай беттеді. Есікті ақырын ашып, кереуетке көз
салды. Төсектің қыры сынбапты. Алғашында ойына жамандық оралған
жоқ, - қызы əлі əкесімен айтысып-тартысып жүрген болар деп ойлады.
Кенет бірдеңеден секем алған əйел күйеуінің бөлмесіне қарай тұра жүгірді.
Құп-қу болып алқынған күйі оның жатын жайына асығыс кіріп келді.
Вальтер төсекте кітап оқып жатыр екен.
— Не боп қалды? Не болды саған? - деп үрейлене сұрады ол.
— Сюзаннаны көрдің бе?
— Мен? Жоқ. Не болды?
— Ол.. ол.. кетіп қалыпты. Бөлмесінде жоқ.
Вальтер төсегінен қарғып тұрып, аяқ киімін іле салды да, түнгі
көйлегімен қызының бөлмесіне қарай жүгірді.
Кіріп келгенде-ақ ол бəрін ұқты. Қызы қашып кеткен.
Ол креслоға сылқ етіп отыра кетті де, шамды еденге қойды.
Əйелі соңынан ілесе кірді.
— Иə, не? - дегенді əзер айтты ол.
Вальтердің жауап қатуға да, ашулануға да шамасы қалмапты.
— Бəрі бітті,- деді ақырында ол ыңырси тіл қатып,- қыз соның қолында.
Біз құрыдық.
Əйелдің жүзінде түсінбестік байқалды.
— Құрығаны несі?
— Оп-оңай құрыдық. Енді оларды үйлендірмеске əліміз жоқ.
Əйелдің көмейінен аң ырылына ұқсас дыбыс шықты.
— Оған! Ешқашанда! Есіңнен адасқанбысың?!
— Ұлығаннан пайда жоқ, - деді Вальтер жабырқау жүзбен. - Ол қызды
алып кетіп, абыройын төкті. Енді қалғаны екеуін қосу ғана. Егер ақылмен
істесек, ешкім сезбей де қалады.
— Бермеймін, бермеймін Сюзаннаны оған! - деп қайталай берді бүкіл
денесімен қалшылдап кеткен əйел. - Ешқашанда келіспеймін!
— Қызды торына түсіріп те қойды ғой ол — деп Вальтер күйзеле
сөйледі. - Іс бітті. Енді біз келісім бергенше ол оны босатпай, тығып
ұстайды. Сондықтан жанжал шығармас үшін, біз қазір келісуіміз керек.
Вальтер ханымның ешкімге батып айта алмайтын қайғыдан іші ит
ұлығандай ашыды.
— Жоқ, жоқ! Мен келіспеймін! - деп қайталай берді ол.
Күйеуі шыдамай кетті.
— Келіспегенде не істейсің! Басқа жол жоқ. Ah, оңбаған-ай десеңші,
жанды жерден ұстағанын қарашы!.. Қулығына найза бойламайды! Тегі
жағынан біз одан да артығын табар едік, ал ақылы мен мансапқорлығы
жағынан ешкім мұның шаңына ілесе алмас. Оның болашағы зор. Депутат
та, міністір де болады ол
— Мен оған Сюзаннаны ешқашан бермеймін... - деп мəлімдеді Вальтер
ханым əлдеқандай өшпенділікпен. - Естіп тұрмысың?.. Ешқашанда!
Ақыр аяғында Вальтер ызаланып, парасатты адам ретінде Сүйкімді
достың жағына шығып алды.
— Аузыңды жап енді... Айтып тұрмын ғой, осылай етпесек болмайды
деп. Кім біледі? Мүмкін, кейін өкінбейтін болармыз. Мұндай адамдардың
кім болып шығарын алдын ала болжау қиын. Оның ана Ларош-Матье
ақымақты үш-ақ мақала жазып аяғын аспаннан келтіргенін көрдің ғой,
оның үстіне өзінің абыройына шық жуытқан жоқ, ал алданған еркек
жағдайында қалу оған адам айтқысыз емес пе? Келешек көрсетер. Əзірге ол
бізді алқымнан алып тұр, судан таза боп сытылып шыға алмаймыз.
Əйел жерге жата қап шыңғыра домалағысы, өз шашын өз жұлып-жұлып
алғысы келді.
— Ол қызды ала алмайды!.. - деп көкбеттене қайталады ол - Мен бер...
мей... мін!..
Вальтер орнынан тұрып, шамды қолына алды:
— Сен барша əйелдер сияқты ақымақсың. Сендер тек сезім жетегінде
кетесіңдер. Жағдайға бейімделу дегенді білмейсіңдер. Ал мен ол екеуін
үйлендіремін. Сөз бітті!
Аяқ киімін сүйрете басып ол бөлмеден шығып кетті. Ұйқыға бөккен
зəулім үйдің кең дəлізімен елес құсап елегізи жылжыған ол өз
жатынжайына сып беріп жоғалды.
Вальтер ханым орнынан қозғала алмады, - айтып жеткізгісіз қайғы
алқымынан алып буындырып тұрғандай. Ол болған оқиғаны ақыл елегіне
салып таразылауға да дəрменсіз. Тек азап шегуде. Осылай қозғалыссыз таң
атқанша тұра беруге де шамасы жоғын сезеді. Жүгіріп шығып, басы ауған
жаққа қаңғып кеткісі келеді, жұрттан көмек, жəрдем тілегісі келеді.
Кімнен жəрдем сұраса екен? Кімге барса екен? Кім... кім... Қасиетті
əкейге! Иə, қасиетті əкейге! Соның аяғына жығылып, бəрін мойындайды,
күнəкарлығын айтады, мына қасіретін баяндайды. Ол ана жексұрынның
Сюзаннаға үйленуге болмайтынын түсінеді де, оған жол бермейді.
Тез қасиетті əкейді табу керек!
Бірақ оны қайдан табады? Дəл қазір қайда жүгіргендей? Мына жерде
қалуға да төзімі жетер емес.
Осы сəтте оның көз алдына су үстімен жүріп келе жатқан Исаның
жарқын бейнесі елестей қалды. Ол Исаны дəл қазір суретке қарап
тұрғандай анық көрді. Демек ол мұны шақырып тұрғаны.
Ол бұған: "Маған кел. Аяғыма жығыл Мен сені жұбатамын, не істеу
керегін айтып беремін", - деп тұрғандай еді.
Əйел қолына майшам алып, төмен түсті де, жылыжай жаққа беттеді. Иса
ең түкпірдегі, кенепті ылғалдан сақтау үшін шыны есігі үнемі жабық
тұратын кішігірім орналасқан болатын.
Мұны бір ғажайып орман арасындағы кішкентай шіркеуге ұқсатуға да
болар еді.
Бұған дейін қысқы бақты тек күндізгі жарықта ғана көріп жүрген
Вальтер ханым қазір кіріп келгенде, қаракөлеңке ну тоғайдың көрінісіне
еріксіз таңданды. Жайқалып тұрған ыстық жақ өсімдіктерінің иісі адамды
мас қылғандай. Есік-терезе жабық болғандықтан, ерекше ағаштардың
өзгеше иісі адамды азапты рақатқа бөлеп, тұла бойды қоздыра балқытып,
жан тапсырар алдындағыдай қалжыратқан мамыражай сезімге бөлейді.
Байғұс əйел аяғын үрейлене аңдып басады: майшамның жалпылдақ
жарығы түнек қойнауынан таңғаларлық өсімдік бейнелерін суырып
шығарған кезде, көзіне бірде жан шошырлық құбыжықтар, əлдебір елес
бейнелер немесе қисық-қыңыр кесірсіз бірдеңелер болып шалынады.
Кенет Исаны көзі шалып қалды. Арасын бөліп тұрған есікті аша сала
əйел тізерлеп құлай кетті.
Əуелі ол ынты-шынтысымен жалбарынып, құдайға деген бар
сүйіспеншілігін жеткізуге тырысып бақты. Содан кейін дұға оқуы
саябырлаған кезде құдай бетіне көз салған əйел қорқыныштан дірілдеп
кетті. Майшамның əлсіз жарығы төменнен əрең жарықтандырып тұрған ол
осы сəтте Сүйкімді достың нақ өзі болып көрінді, құдай емес, ашынасының
өзі қарап тұрғандай еді əйелге. Иə, соның көзі, соның маңдайы, соның бет
бейнесі, соның салқын да тəкаппар көзқарасы.
"Құдайым! Құдайым! Құдайым!" - деп сыбырлады ол. Ал аузына Жорж
есімі ілінді. Кенет оның басына, мүмкін, дəл осы сəтте Жорж өзінің қызын
құшып жатқан болар деген ой келе қалды. Бір жерде, бір бөлмеде екеуі
ғана, оңаша. Ол, ол Сюзанна екеуі!
— Құдайым-ай!.. Құдайым-ай! - деп жанталаса күбірледі Вальтер
ханым. Алайда ойы қызы мен ашынасы төңірегінен айналшықтап
шықпайды. Екеуі бір бөлмеде... ал далада түн. Əйел оларды көріп тұр.
Мына суреттің орнында солар тұрғандай анық көріп тұр. Олар бір-біріне
күле қарайды. Сонан соң сүйісті. Бөлме қап-қараңғы. Төсекте көрпе түріліп
қалған. Əйел орнынан тұрды: қазір қастарына жетіп барып, Сюзаннаны
шашынан шап береді де, ананың қойнынан суырып алады. Содан кейін сол
оңбағанға құшағын ашқан жексұрын қызын қылқындырып, тұншықтырып
өлтіреді. Міне, қолына қызы ілікті-ау... алайда бұл кенеп еді. Ол Исаның
аяғын сипалады.
Шыңғыра айқай салған əйел бүгіле құлады. Майшам төңкеріліп, сөніп
қалды.
Одан кейін не болды? Көпке дейін қорқынышты бірдеңелер маза бермей
қойды. Құшақтасқан Жорж бен Сюзанна көз алдынан кетпей тұрып алды,
ал Иса олардың қылмысты істеріне бата беріп жатқан сияқты.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 21
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.