Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 01

Total number of words is 4187
Total number of unique words is 2253
34.5 of words are in the 2000 most common words
49.2 of words are in the 5000 most common words
57.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
БІРІНШІ БӨЛІМ
ЕКІНШІ БӨЛІМ

БІРІНШІ БӨЛІМ
І
Жорж Дюруа мейрамхана кассасынан бес франктан артылғанын алды да,
сыртқа беттеді.
Жаратылысынан сымбатты, оның үстіне унтер-офицерлік дағдысын
жоғалтпаған ол сымдай тартылып, мұртын үйреншікті ширақ қимылмен бір
ширатып қойып, кешігіп кіріп келе жатқандарға жемтігіне шүйліккен
қыранша түйіліп қарады.
Кіріп келе жатқан үш жас қызметші əйел де оған зер сала қарады: бірі
орта жастағы, шашын қалай болса солай тарай салып, алқам-салқам
киінген, қалпағының шаңын да қақпаған, киген көйлегі бір жағына
қисайып кеткен музыка пəнінің мұғалимасы да, күйеулерін қолтықтаған
қалған екеуі осы арзан дəмхананың тұрақты келушілері-тін.
Аяқжолда ол біраз аялдап, енді не істеуі керегін ойластырды. Бүгін ғой
жиырма сегізінші маусым, бірінші тамызға дейін оның қалтасында қалғаны
бар-жоғы үш франк қырық сантим ғана. Ол дегенің - түскі ауқатқа
таңертеңгі тамақсыз немесе түскі тамақсыз екі таңертеңгі ауқатқа ғана
жетеді қайсысын таңдаса да өзі біледі. Таңертеңгі тамақ бір франк он
сантим, ал түскі ас бір жарым франк тұратындықтан, егер түскі астан бас
тартса, онда ол бір франк жиырма сантим үнемдеп қалады; сонда, оның
есептеуінше, тағы екі рет кешкісін нанға қосып колбаса жеуіне жəне
бульвардан екі саптыаяқ сыра ішуіне болады. Ал ол дегенің - бұл үшін
кешкілік өзіне рақат сыйлау үшін жұмсайтын ең үлкен шығыны. Ол НотрДам-де-Лорет көшесін бойлай жүрді.
Кешегі гусарлық мундирмен жүрген кезіндегідей адыммен, кеудесін тік
ұстап, тап қазір ғана аттан түскен адамша аяғын жеңіл басады. Көше толы
көпшіліктің ішіне ол кимелей кіріп кетті: ешкімге жол бермей, бірін
иығымен қақса, бірін денесімен итерді.
Көнетоз қоқырайма қалпағын бір шекесіне қисайта киіп, өкшесін
тықылдата басып, өңкей кеңсе жағалаған əскерилердің ортасына түсіп
қалған айбынды солдатша жан-жағына адамдарды да, үйлерді де - бəрін,
бүкіл қаланы жақтырмайтын паңдықпен қарайды.
Осы бір арзан, алпыс франкқа сатып алған кəстөммен-ақ ол кəдімгідей
кербез көрінеді -дөрекілігі көзге ұрып тұрғанмен, бəрібір кербездігі басым.
Бойының ұзындығы, жақсы тұлғасы, құбылып жирен көрінетін қақ жарып
тараған сары бұйра шашы, ернінің үстінде бұрқыраған көбікше
ширатылған мұрты, жанары өңменіңнен өтетін көкшіл көзі - соның бəрі
тұрпайы романдарда айтылатын əзəзіл азғырушыны елестетеді.
Париждің ауа жетіспейтін жазғы қапырық кеші болатын. Моншаға
айналған қала тұншығып, тері тамшылап тұрған тəрізді. Су ағатын гранит
құбырлардан мүңкіген иіс шығады, астыңғы жертөле қабаттардан, ас
үйлердің аласа терезелерінен жуынды мен ашыған сірке судың сасық иісі
келеді.
Есік күзеткер пиджактерін шешіп, тоқыма орындықтарына атша мініп
алып, қақпа түбінде темекілерін тартып отыр да; қалпақтарын қолына
ұстап, аяқтарын əзер көтеріп, олардың маңынан жүргіншілер ілби өтіп
жатыр.
Жорж Дюруа бульварға жете бере тағы қобалжып тоқтады. Оның Елисей
жазығына, Булон тоғайына барып, ағаш арасында таза ауамен демалғысы
келді. Бірақ оның көкейін тесіп тұрған тағы бір тілегі - əйелмен кездесу
тілегі де бар-ды.
Оны қалай жүзеге асыруға болады? Ол жағын біле алмады, бірақ ол сол
кездесуді үш ай бойы үздіксіз күтумен келеді: күн сайын, əр кеш сайын.
Дегенмен келісті сырт сымбаты мен сыпайы айналдыра білуінің арқасында,
аннан-мұннан тиіп-қашып ептеп махаббаттың дəмін татып та жүрді, бірақ
ол одан гөрі үлкеніректен əрі тəуіріректен дəмелі еді.
Оның қалтасы қағылғанмен, қаны бойында қайнап тұр еді, бұрышбұрыштағы: "əдемі жігіт, кеттік менімен!" - деп сыбырлаған көше
əйелдерінің əр сүйкенісінен ол өртеніп кете жаздайды, бірақ оларға ілесе
алмайды, өйткені оларға төлейтін түгі де жоқ; оның күткені одан гөрі
басқашалау, өзгеше, оңай қолға түсетін сүйістер.
Қалай болғанда да оған жеңіл мінезді əйелдердің жиналған жері олардың сауық орны, мейрамханасы, көшесі - бəрі ұнайтын; солардың
ішінде итерісіп, олармен əңгімелесіп, "сен" деп сеніммен сөйлесіп, əтірінің
өткір иісін иіскеп, жақын сүйкеніскендерін сезіп жүргенді ұнататын. Қалай
дегенмен де, олар да əйел ғой, əйел болғанда да сүюге жаратылған əйелдер
ғой. Отбасы бар еркектерше оларды жақтырмайтын мінез мұнда жоқ-тын.
Ол Магдалина шіркеуі жаққа бұрылып, ыстықтан діңкелеген көпшіліктің
ағынына араласты да кетті. Аяқжолдың бір бөлігін қамти жатқан үлкен,
адамға лық толған кафелер жаршамдарының көз қарықтырған жарығымен
отырған адамдарды алақандағыдай етіп ап-анық көрсетеді. Төртбұрыш
немесе дөңгелек үстелдерді айнала отырғандардың алдында қызыл, сары,
жасыл, қоңыр, тағы басқа алуан түсті сусын толған бокалдар көрінеді, ал
графиндерде тап-таза суды салқындатқан мөлдір мұздың сүйір түйіршіктері
жылтырайды.
Дюруа жүрісін баяулатты, тамағы құрғап кетті.
Шөл, шөл болғанда да тек жаздың тымырсық кешінде ғана сезілетін шел
азапқа салып, ол қылқылдата жұтатын тамаша салқын сыраны аңсады.
Алайда егер бүгін екі саптыаяқ сыра ішсе, онда ертеңгі кешкі аспен қош
айтысқаны, ал ол айдың аяғында үнемі болып тұратын аштықтың азабын
өте жақсы біледі.
"Оңға дейін шыдайын, содан кейін Америкалық кафеден бір саптыаяқ
ішермін, - деп шешті. - Əй, сайтан алғыр, бірақ ішкісі келіп-ақ тұр!" Ол
үстелдің басында шөл басып отырғандарға, қанша ішкісі келсе, сонша іше
алатындарға көз тастады. Кафенің қасынан онда отырғандарды мысқылдай,
немкеттілеу шола қарап өтті жəне олардың түрі мен киім киістеріне қарап,
қайсысының қалтасында қанша ақша болуы мүмкін екендігін де
көзмөлшермен шамалады. Бар жағдайы келісіп, осынау жайбарақат
отырған мырзаларға оның жыны келді. Қалталарын ақтарып қарасаң ғой,
олардан алтын да, күміс те, мыс ақша да табылады. Орта есеппен олардың
əрқайсысында екі луидордан кем ақша болмау керек, əр кафеде жүз
адамнан отыр, сонда екі луидорды жүзге көбейтсең, төрт мың франк
болады! "Жексұрын!" - деді сымбатты денесі сəл теңселіп. Бұрынғы унтерофицердің қолына бұлардың біреуі қараңғы көшенің бұрышында түнде
түссінші, құдай ақы, қолы титтей де қалтырамастан мойнын бұрап алар еді,
əскери жүріс-тұрыс кездерінде ел-жұрттың тауықтарын сөйтетін.
Дюруаның Африкада өткізген екі жылы, Алжирдің оңтүстігіндегі шеткері
қорғанда арабтардың ине-жіптеріне дейін сыпырып алатыны еріксіз есіне
түсті. Бір ісі есіне түскенде, жүзінен көңілді əрі суық жымиыс жүгіріп өтті:
улен-алан деген тайпаның үш арабы о дүниеге аттанып, есесіне екі досы
мен бұл жиырма тауық пен екі қойға, алтынға ие болып қалды, оның үстіне
жарты жыл бойы естеріне алып күлісіп жүрді.
Қылмыс жасағандар табылған жоқ, оларды табандап іздеген де ешкім
болмады, өйткені бəрі де арабтарды əскерилердің заңды табыс көзі
санайтын.
Парижде басқаша. Мұнда семсеріңді жамбасыңда салаңдатып,
револьверіңді қолыңа ұстап, азаматтық əділ заңнан алыста, еркіндікте
рақаттанып тонай алмайсың. Дюруа басып алынған елде жүріп бұзылған
унтер-офицердің бүкіл жабайы түйсігі бойында өре түрегелгенін байқады.
Айтатыны жоқ, ол бір бақытты жылдар болатын. Сол құмда-ақ қалып
қоймағаны қандай өкінішті! Бірақ ол бұл жақта жақсырақ болар деп
шамалаған. Алайда... Алайда қалай боп шыққанын шайтан білсін!
Шөлден аузының қаншалықты қаталап тұрғанын байқағысы келгендей,
ақырын тамсанып, тілінің ұшымен ғана таңдайын бір жалап алды.
Шаршаған, сүлесоқ нөпір айналасынан шұбап өтіп жатыр, ал ол қарсы
келе жатқандарды иығымен қағып, көңілді бір əуенді ысқырып, баяғы ойын
əлі қайталап келеді: "Хайуандар! Бұл мақұлықтардың қай-қайсысы да
ақшалы ғой!" Ол қағып кеткен еркектер бетіне кіжіне қараса, əйелдер
артынан: "Оңбаған!" - деп қалып жатыр.
Ол Водевилдің қасынан өтті де, шөл қысқаны сонша, сыра ішсем бе екен
деп, Америкалық кафенің қарсысына келіп тоқтады. Ондай шешімге
келмес бұрын ол əуелі тілдері жарқырап тұрған көшедегі сағатқа қарады.
Тоғыздан ширек сағат қана кетіпті. Ол өз əдетін біледі: сыра толған
саптыаяқты алдына қойған заматта-ақ ол оны түбіне дейін қас қағым сəтте
сіміріп салады. Ал содан кейін он бірге дейін не істейді?
"Магдалина шіркеуіне дейін барайын, - деді ол өзіне, - содан соң
асықпай кері қайтармын".
Опера алаңының бұрышында бұрын бір жерден көрген сияқты жуан жас
жігітпен соқтығысып қалды.
Соның соңынан келе жатып, есіне түсіре алмай, күбірлеп қайталай
берді:
— Шайтан алғыр, бұл адаммен мен қай жерде жолығып ем?
Бар ынтасын сап ойланды, кенет оның жады керемет нəрсе жасады,
жаңағы адам қазіргісінен гөрі жіңішкелеу, жастау боп оның көз алдына
атты əскердің киімінде келе қалғаны.
— Иə, бұл Форестье ғой! - деп, Дюруа айқайлап жіберді.
Ол жалт бұрылып қарады да:
— Сізге не керек, мырза? - деді.
Дюруа күлді.
— Танымадың ба?
— Жоқ.
— Жорж Дюруа, алтыншы атты əскерден.
Форестье екі қолын ала жүгірді:
— А, достым! Қалайсың?
— Тамаша, өзің ше?
— Мен, бауырым, онша мəз емеспін. Өзің ойлап қарашы, көкірегім
менің құдды бір көрік сияқты, жылдың алты ай бойы жөтелумен өтем, бəрі сол төрт жыл бұрын Францияға оралған бойда Буживалда өңешімді
қабындырып алғанның зардабы.
— Солай де! Бірақ түрің сап-сау адамдікі сияқты.
Ескі жолдасын қолтықтап алып, Форестье оған өзінің ауруы туралы,
дəрігерлердің диагнозы мен кеңестері жайында, соның бəрін бұлжытпай
сақтау бұл сияқты жұмысбасты адамға өте қиын екендігі хақында айта
бастады. Қыста бұған оңтүстікке бару керек дейді, ал солай істеу мүмкін
бе? Жақсы қызметі бар, үйленген, журналшы адам ғой бұл.
— "Француз өмірінде" мен саясат бөлімін басқарам, оның үстіне
"Құтқару" айдарына Сенат мəжілісінен есеп беріп жəне "əлемге" оқтыноқтын əдеби жаңалықтарды жазып тұрам. Байқап тұрған шығарсың, мен
адам қатарына қосылып қалдым.
Дюруа оның бетіне таңдана қарады. Форестье қатты өзгеріпті, кəдімгі
кемеліне келген кісі болыпты. Жүрісі, өзін-өзі ұстауы, киім киісі, қарны бəрі тасы өрге домалап тұрған, тамақты тоя ішкенді ұнататын, өзіне-өзі
сенімді мырза екендігін танытып тұр. Бұрын ол арық, жіңішке əрі
сымбатты, жеңілтектеу, шатақшыл, ұшқалақ, бақырауық жігіт болатын. Үш
жылдың ішінде Париж оны адам танығысыздай өзгертіп жіберіпті, байсалды, жұп-жуан, жасы жиырма жетіден əлі аса қоймаса да, самайына
ақ кірген адам болыпты.
— Сен қайда бара жатыр едің? - деді Форестье.
— Ешқайда, - деді Дюруа, - жай, ұйықтар алдында серуендеп қайтуға
шыққам.
— Несі бар, бəлкім, онда мені "Француз өмірінің" саралқасына дейін
шығарып саларсың? Мен тек терілген бетті бір қарап шығам да, сонан соң
екеуміз бір жерден бір-бір саптыаяқ сыра ішейік.
— Жарайды.
Бұрынғы сыныптастар мен полктастарға тəн еркіндікпен екеуі бірін-бірі
қолынан тартып, қатарласа жүріп кетті.
— Не істеп жүрсің? - деп сұрады Форестье.
Дюруа иығын көтерді.
— Шынымды айтсам, ашығудың аз-ақ алдында жүрмін. Əскери
қызметімнің мерзімі біткен соң, мен мұнда дұрыс мансап жасаймын ба деп
келгем, - нақтылап айтқанда - менің Парижде тұрғым келді. Бірақ міне
жарты жыл болды Солтүстік теміржол басқармасында істеп жүрмін,
жылдық жалақыма бар-жоғы бір жарым мың ғана франк алам.
— Иə, онша емес екен, - деп күңк етті Форестье.
— Айтпа деймін! Ал ақылыңды айта қойшы, ел қатарына қайтсем
қосылам? Мен жалғызбын, танитын ешкімім жоқ, ақыл сұрайтын адамым
да жоқ. Мəселе менің ниетімнің жоқтығында емес, мүмкіндігімнің
аздығында.
Досы оның басынан аяғына дейін тəжірибелі адамның көзімен сынай
қарады да, ақылгөйсіп сөйледі.
— Оның бəрі, балақай, адамның өз намысқойлығына байланысты.
Алды-артын аздап бажайлаған адамға бір үстелдің басшысы болғаннан гөрі
міністір болу оңай. Сұрап алудың еш қажеті жоқ, тек əсер туғыза білу
керек. Саған қалайша, шайтан алғыр, жөні түзу бір жұмыстың реті келе
қоймады екен, ə?
— Талай жердің табалдырығын тоздырдым, бірақ түк шығара алмадым,
- деді Дюруа. - Айтпақшы, қазір бір жұмыстың төбесі көрініп тұр: маған
Пелерен манежіндегілер атқа мініп жүруді үйретуші бол деп еді. Онда
барсам, құрығанда үш мың франк алады екем.
— Өйтіп ақымақ болма, - деді Форестье сөзін бөліп, - тіпті он мың
франк берем десе де барма. Бар болашағыңды бірден өзің кесесің. Қазіргі
кеңсе жұмысында сен, əйтеуір, қалай болғанда да көзге түспейсің, сені
ешкім білмейді, табандылық танытсаң, келе-келе көзге ілініп, бір мансапқа
қолың жетуі де мүмкін. Ал атпен жұмыс істесең, онда біткенің. Ол дегенің
бүкіл Париж барып тамақтанатын мейрамханаға жайғамыш боп
орналасқанмен бірдей ғой. Қызметте жүргендердің өзіне немесе олардың
балаларына атқа мініп жүру жөнінде сабақ бердің бітті, олар саған
ешқашан өзімен тең адам деп қарамайды.
Кенет ол үндемей қалды, бірер секунд ойланып барып:
— Сенің бакалаврлық дипломың бар ма? - деп сұрады.
— Жоқ, екі дүркін жолым болмады.
— Егер орта оқу орнын бітірген болсаң, онда оның бəлендей залалы
жоқ. Сенің көзіңше Цицерон немесе Тибери туралы сөз бола қалса,
олардың кім екенін ептеп те болса шамалайтын шығарсың?
— Əрине, шамалаймын.
— Сол жарайды, олар туралы соны білгеннен ақылды боп кете қоймаған
он шақты миғұладан басқа ешкім де ештеңе білмейді. Бəрін білетін адам
боп көріну, маған сенсең, түк те қиын емес. Мəселенің бар тетігі сонда, тек
сенің нағыз дым білмес екендігің əшкере боп қалмаса болды. Ыңғайын
таба білу керек, қиын жағдайлардан қашып, кедергілерді айналып өту
қажет, сонан соң энциклопедиялық сөздіктен біліп алғандарыңмен
басқалардың аузын ашырмау керек. Адамдардың бəрі - түк білмейтін надан
жəне есектен бетер ақылсыз.
Форестье өмірдің мəнін білетін адамша зілсіз мысқылмен пікірін айтып,
қарсы келе жатқандарға жымия қарады. Кенет қатты жөтеліп, тоқтай
қалды, жөтелі басылған кезде бəсең дауыспен:
— Осы бір бронхит деген лағынет жабысып алды! - деді. - Жаздың
нағыз кезі ғой қазір. Құрысын, қыста міндетті түрде Ментонға емделуге
барам. Шынында, маған не жоқ, денсаулық бəрінен қымбат!
Олар Пуасоньер бульваріндегі ішкі жағына газеттің бір нөмірі айқара
шапталған əйнек есіктің алдына келіп тоқтады. Үш адам əлгі газетті оқып
тұр екен.
Есіктің жоғарғы жағындағы тап бір ұран ұқсатып жарқырата от
əріптермен өрілген "Француз өмірі" деген көз шағылыстыратын жазу
еріксіз өзіне назар аудартады. Сол жанып тұрған сөздерден түскен
жарықтың тұсынан өткенде, жүргіншілердің жүзі күндізгідей ап-айқын
көрінеді де, қайтадан дереу қараңғылыққа батып кетеді.
Форестье есікті итеріп қалды да:
— Бері қарай, — деді.
Дюруа кірген соң барынша əдемі жасалған, бірақ кір, көшеден де көрініп
тұратын баспалдақпен жоғары көтерілді. Екі шабарман бас шұлғып
амандасқан алдыңғы дəлізден өтіп барып шаң басқан, жағал-жағал
қабылханадан бір-ақ шықты, - қабырғалары оңып кеткен, бəрі дақ-дақ, кей
жері тышқан қажағандай сарғыш жасыл триппен қапталыпты.
— Отыра тұр, - деді Форестье, - мен бес минутте келем.
Сөйтті де, қабылханаға қарап тұрған үш есіктің біріне кіріп кетті.
Саралқаның адам айтып жеткізе алмайтын түсініксіз иісі мүңкіп тұр.
Қорқыныштан гөрі таңданыс билеген Дюруа орнынан қозғалмады. Ауықауық бір есіктен шығып, екінші есікке кіріп, қасынан біреулер өтіп жатты, олардың тез жүретіндігі сонша, тіпті ешбірінің бет-жүзін де байқап
үлгірмеді.
Əлі жап-жас сарауыз жасөспірімдер қолына ұстаған қағаздарын өз
желімен өздері желбіретіп, іскер адамның кейпімен ары-бері жүгіріп жүр.
Баспахананың бояуы жағылып қалған халаттарының ішінен тұп-тура
ақсүйектердікі сияқты шұға шалбары мен тап-таза ақ жағасы көзге
шалынған терімшілер жаңа ғана терілген, əлі кеппеген қалып терімдердің
ізтаңбасын қатар-қатарымен абайлап көтеріп алып өтеді. Бір кезде
кілдіреген бір уыс біреу келіп кірді, өзі шектен тыс кербез киініпті,
сүртігінің белі шектен тыс тар, шалбарының балағы аяғын шектен тыс
қысып тұр, бəтіңкесінің ұшы шектен тыс үшкір, -ақсүйектердің өмірінен
кешкі жаңалықтар əкелген тілші көрінеді. Басқа адамдар да келіп жатты,
шетінен шіренген, маңғаз, бəрі жалпақ қайырмалы биік қалпақ киген, сірə, сол қалпақтарының сəні өздерін басқа жай пенделерден айрықшалап
тұратынына сенімді секілді.
Тоқмейілсіген, тұрпайылау, қара фрак киіп, ақ галстук таққан, нағыз қара
торы, ұзын, арық, мұртының ұшы жоғары қайқиған орта жастағы мырзамен
қолтықтасып, ақыры Форестье де шықты-ау.
— Бар жақсылықты тілеймін, құрметті мырза, - деді Форестье.
Мырза оның қолын қысты.
— Сау болыңыз, қымбаттым.
Таяғын қолтығына қысты да, ол ысқыра аяңдап, баспалдақпен төмен
түсіп кетті:
— Бұл кім? - деп сұрады Дюруа.
— Жак Риваль, - əйгілі фельетоншы, жекпе-жекке шыққыш, білесің бе?
Газет түзетімін қарап шықты. Гарен, Монтель жəне бұл - үшеуі Париждегі
журналшылардың ең мықтылары: ең тапқыр, ең көкейкесті фельетондар
тек солардікі. Риваль бізге аптасына екі фельетоннан береді, жылына отыз
мың франк алады.
Екеуі сыртқа беттеді. Ауыр денелі, аласа бойлы, үсті-басы ұйпа-тұйпа,
салдыр-салақ кісі баспалдақпен ентіге қарсы көтеріліп келеді екен.
Форестье онымен иіле еңкейіп амандасты.
— Норбер де Варен, ақын, "өшкен жарықтың" авторы, бұл да қымбат
бағаланады, -деп түсіндірді ол. - Оның əр əңгімесіне үш франктан төлейді,
ал оның ең ұзақ əңгімесінің өзі екі жүз жолға да жетпейді. Жүрші,
Неополитан кафесіне барайықшы, шөлден өліп барам.
Үстелдің басына отыра бере-ақ Форестье: "Екі саптыаяқ сыра!" - деп
айқай салды. Əкелген сыраны демалмастан бір-ақ сімірді, ал Дюруа болса
дəл бір өте сирек кездесетін қымбат сусынды қолына түсіргендей, аз-аздан
ғана жұтып, рақаттана, дəмін алып ішті.
Досы үнсіз қалды. Сірə, əлденені ойлап кеткен болу керек, сонан соң
бұған кенет сұрақ қойды:
— Сен де осы журналшылықпен айналыссаң қайтеді, ə?
Дюруа оған түк түсіне қоймаған кейіппен қарады.
— Мəселе сонда... мен,., мен ешқашан ештеңе жазып көрген емеспін.
— Ендеше байқап көр, баста! Сен маған сонда пайдаңды тигізер едің:
маған қажетті хабарларды тауып беріп, бастықтардан сұхбат алып, кездесу
орындарына барып тұрар ең. Жолақыңды есептемегенде, алғашқы кезде екі
жүз елу франк алып тұрасың. Келіссең, мен газеттің қожасымен сөйлесіп
көрер ем.
— Əрине, келісем.
— Онда былай ет: ертең біздікіне түстенуге кел. Біздікіне бес-алты адам
жиналады, одан көп емес: менің бастығым Вальтер мырза зайыбымен, жаңа
ғана өзің көрген Жак Риваль мен Норбер де Варен жəне əйелімнің бір
құрбылас дос əйелі. Келесің бе?
Дюруа кесіп айта алмай қобалжып, қып-қызыл боп, ыңғайсызданып
қалды.
— Мəселе былай ғой... менің лайықты кəстөмім де жоқ, - деді ол тұтыға
сөйлеп.
Форестье сасып қалды.
— Сенде фрак жоқ па? Мəссаған! Онсыз, əрине, жағдай болмайды.
Парижде, есіңде болсын, төсегін болмаса болмай-ақ қойсын, бірақ фрагың
болу керек.
Ол желетінің қалтасын ақтарып, бір уыс алтын ақша шығарды да, екі
луидорды алып, ескі досының алдына қойды.
— Қашан мүмкіндігің болады, сонда қайтарарсың, - деді жанашыр
табиғи дауыспен. Майын төлеп кəстөм ал немесе кепіл ақша бер де, бөліпбөліп төлеуге ал, ол енді өз жұмысың, бірақ қалайда менің үйіме түстенуге
кел: ертең жеті жарымда, Фонтен көшесі, он жеті.
Дюруа елжіреп кетті.
— Сенің құрметіңе тəнтімін! - деді ақшаны тығып жатып күбірлеп.
— Жарайды, жарайды! - деді Форестье оны одан ары сөйлетпей. - Кел,
тағы бір-бір саптыаяқтан ішейік, а? Гарсон, екі сыра! - деді айқайлап.
Сыраларын ішіп біткен соң журналшы досы ұсыныс айтты:
— Қалай, бір сағат қыдырмаймыз ба?
— Қыдырсақ қыдырайық.
Екеуі Магдалина жаққа қарай бет алды.
— Екеуміз енді қайда қыдырсақ екен, ə? - деді Форестье. - Еріккен адам
Парижден əрқашан өз керегін іздеп таба алады дейді, ал шын мəнінде тіпті
де олай емес. Кейде кешкісін бір жаққа барғын-ақ келеді, бірақ қайда
барарыңды білмейсің. Булон тоғайы əйелмен бірге қыдыруға жақсы, ал
əйелі құрғыр ылғи табыла қоймайды. Кафе-шантандар менің дəріханашым
мен оның əйелінің көңілін көтерсе көтеретін шығар, бірақ менің көңілімді
көтере алмайды. Енді қайда баруға болады? Ешқайда да. Парижде Монсо
паркі секілді жазғы бақ жасаса, ол түні бойы ашық болса, сонда ағаштың
саясында салқын сусын ішіп, музыка тыңдап отырсаң ғой. Ол көңіл
көтеретін жер емес, тек қыдыратын орын болса. Оған кірудің бағасын мен
өте қымбат етіп қойған болар едім, сонда оған əдемі əйелдер ғана келер еді.
Ұнай ма, электр фонарларының жарығында құм төселген жолдармен
қыдыр немесе не алысқа, не жақында отыр да, музыка тыңда. Бір кездерде
Мюзарда осыған ұқсас бірдеме болған-ды, бірақ тек кабак тектес-тін: би
музыкасы тым көп болды, тар еді, көлеңке аз болатын, саялы ағаш та
санаулы еді. Өте əдемі, өте үлкен бақ керек. Сонда тамаша болар еді.
Жарайды, сонымен сенің қайда барғың келеді?
Дюруа не дерін білмеді. Ақыры ойлап тапты:
— Мен əлі бірде-бір рет Фоли-Бержерде болып көрмеппін. Мен оған
қуана-қуана барар ем.
— Не, Фоли-Бержерге ме? - деп, серігінің даусы тым қатты шығып кетті.
- Ол жерде біз тұп-тура табаға шыжғырылғандай боламыз. Бірақ өзің біл,
қызық үшін барсақ барайық.
Олар енді, Фобур-Монмартр көшесіне шығу үшін, кері қайтып, артқа
қарай жүрді.
Көңіл көтеру үйінің шамдары жарқырап тұрған бет жағы өзіне кеп
тақасқан төрт көшеге бірдей өз жарығын төгіп тұр еді. Тізілген күймелер
қайшыласып бір-біріне жол бермейді.
Форестье бірден кірер есікке қарай беттеп еді, оны Диуруа тоқтатты:
— Біз билет алуды ұмытыппыз ғой.
— Менімен келе жатқандар төлемейді, - деді Форестье маңғазданып.
Үш бақылаушы оған бас иіп амандасты. Олардың ортасында тұрғанмен
журналшы қол беріп амандасты.
— Жақсы ложа бар ма? - деп сұрады одан.
— Əрине, бар, Форестье мырза.
Форестье ұсынған билетті алды да, терімен қапталған есікті ары итеріп
қалып еді, достар залдан бір-ақ шықты.
Темекінің түтіні сахна мен залдың арғы түкпірін жұқа бұлдыр пердемен
бүркемелеп алыпты. Сансыз темекінің сансыз түрінен жинақталған жеңіл
тұман білінер-білінбес ақшылтым жолақ боп көтеріліп, күмбездің астына,
шамдалдың айналасына, адам лық толған екінші қабаттың төбе жағына
аспандағы бұлтша жиналып, бірте-бірте қоюланып барады.
Партердің қатары мен ложасына ұштасып жатқан кең дəлізде əдемі
киінген əуейі əйелдер қалың еркектің арасында аласұрып жүр, боянған,
жасамыс үш сатушысы отырған үш махаббат пен сусын бағанның бірі
алдында бір топ əйел өз олжаларын күтіп жүр.
Биік айнадан сатушылардың арқасы
көрермендердің бет-жүзі көрініп тұр.
мен
кіріп
келе
жатқан
Сөйтуге қақысы бар адамның кейпімен Форестье жолындағы жұртты
итере-митере тез алдыға жылжыды.
Билет тексеретін əйелге келіп:
— Он жетінші ложа қайда? - деп сұрады.
— Мұнда, мырза.
Əйел екеуін төбесі ашық, қызыл матамен қапталған, ішіне арасынан
адам өте алмастай төрт қызыл орындық қойылған ағаш жəшікке кіргізді де,
жауып қойды. Достар жайғаса отырысты. Олардың оңы мен солында да
беліне дейін ғана көрініп, дəл бұлар сияқты адамдар отырған үйшіктердің
қатары тағаша иіліп, сонау сахнаға жеткенше созылып жатыр.
Тоқыма сым киген бірі ұзын, бірі орта бойлы жəне аласа бойлы үш жас
жігіт сахнада кезек-кезек акробатикалық нөмірлер жасады.
Алдымен тез-тез əрі қысқа адымдап, көпшілікке əуемен сүйіс жолдап,
алдыға жымия ұзын біреуі шықты.
Тоқыма сымның ішінен оның қолы мен аяғының бұлшық еттері анық
байқалып тұрды. Жуан қарны тым көзге түсе бермеуі үшін, ол кеудесін кере
түсті. Шашын дəл ортасынан қақ бөле тарағаны оны шаштаразға ұқсататын
еді. Сəнді секіріспен трапецияға ұшып шықты да, бар салмағын қолына
ғана салып тұрып дөңгелекше шыр айналды. Бір кезде бойын түзулеп,
қолын керіп көлденеңінен тұрды, білтемірден ұстаған қолына бар күшін
жиып, бірер секунд қолымен ғана ұстап ауада көлденеңінен тұрды да
қойды.
Сонан соң жерге қарғып түсіп, көпшілікке тағы жымиды, қол соққан
партердегілерге басын иді де, бұлшық еттерін бұлт-бұлт ойнатып сахнаның
сырт жағына беттеді.
Сонан соң одан гөрі бойы аласалау, бірақ төртпақтауы шықты да, ол да
соның жасағандарын қайталады, ақырында үшіншісі де бірте-бірте
қызынған жұрттың қошеметімен сол нөмірді орындады.
Бірақ Дюруа ол көрініске түк те қызықпады, мойнын бұрып, ол еркектер
мен жезөкшелер қайшыласқан кең кіре берістен көз алмады.
— Партердің бірінші қатарында отырғандарға көңіл аударшы, - деді
Форестье, - өңкей бір ақкөңіл, аңқау тоғышарлардың бет əлпетін көресің,
бəрі мұнда əйелдерімен, балаларымен келеді. Ложадағылар - қыдырмалар,
бірен-саран суретшілер, бірер екінші сортты еркетотайлар, ал артымызда Парижде кездестіруге болатын барлық топтың тамаша қосындысы. Ана
еркектер кімдер? Соларға зер сап қарашы. Кімдер жоқ десеңші, -əр түрлі
шен-шекпенділер мен атақтылар бар, бірақ ұсақ-түйектер басым. Мынау
қызметкерлер - банкіде, министрлікте, сауда бөлімінде істейтіндер, - хабар
жазғыштар, жезөкшелердің арқасында жанбағушылар, штат киіміндегі
офицерлер, фрак киген сəнқойлар - бұлар кабактан тамақтанып, операда
болып үлгергендер, енді осыннан тұп-тура Итальяндықтарға тартып
отырады, - өңкей күмəнді жандардың ордасы. Ал əйелдердің бəрі бір
пішімдегілер: Америкалық кафеде кешкі тамақтарын ішеді де, егер олар
бос болса, онда өздерінің тұрақты клиенттеріне өздері барып жолығады.
Олардың тұрақты бағасы екі луидор, бірақ олар шетелдіктерді аңдып
жүреді, өйткені олардан бес луидор алады. Бұлардың мұнда шұбап
жүргеніне алты жыл болды, - бұл жерден оларды күнде, жыл бойы тек СенЛазарге немесе Лурсинге барып емделіп жатқан кездерінен басқа уақыттың
бəрінде де осы орындарынан көруге болады.
Дюруа оны тыңдаған жоқ. Сондай əйелдің бірі бұлардың ложасына
сүйеніп, бұған тесіле қарады. Бояп жасаған қастарының астынан
айналасын қарамен жиектеген көзі сығалап тұрған қара шашты, опаланған,
толық əйел. Қара жібек көйлекті керіп тырсиған төсі, қаны ағып тұрған
жараға ұқсатып бояған ерні əлдебір жыртқышқа тəн бір нəрсені елестетіп,
құштарлықты, ерсілікті білдіріп тұрғанмен, сонымен қатар ынтықтығыңды
да қоздырады.
Қасынан өтіп бара жатқан өзі құсап боянған сары шашты сары досын
басын изеп шақырып алды да, əлгі əйел ложадағылар естісін деп, əдейі
дауыстап сөйледі:
— Қарашы, əдемі жігіт емес пе? Егер ол мені он луидорға көргісі келсе,
мен қарсы болмас едім.
Форестье жымиып Дюруаға бұрылды да, оны иығынан қағып қалды:
— Сені айтып тұр. Сен, достым, əйелдерге өтімдісің. Құттықтаймын!
Бұрынғы унтер-офицер қызарып кетті, түбінде екі алтын ақша жатқан
желетінің қалтасына қарай саусақтары еріксіз көтеріле берді.
Шымылдық жабылды. Оркестр вальс ойнады.
— Қыдырмаймыз ба? - деді Дюруа.
— Дегенің болсын.
Оларды шыққан бетте-ақ ыдырушылардың ағыны алды да кетті. Оларды
біресе қысты, итерді, басты, біресе ана шеттен мына шетке лақтырды, ал
көз алдарынан қалпақтың қилы-қилы түрі қылаң беріп жатты. Əйелдер
шынтақтардың, арқалар мен кеуделердің ара-арасынан сырғып өтіп,
еркектердің қалың ортасында емін-еркін жұп-жұптарымен жүр, -олар үшін
бұл ара үйреншікті орта екені көрініп тұр, табиғаттарына сай, еркектердің
мына ағынында өздерін судағы балықтай сезінеді.
Дюруа ағылған топтың ығытымен сатылғыш əйелдердің əтірі мен адам
денесінің тері сіңіп, никотинмен уланған ауаны жұтына сіміріп, құлшына
жылжыды. Ал Форестье терлеп, ентігіп, жөтеле берді.
— Жүр, баққа барайықшы, - деді ол.
Оңға бұрылып, олар алабажақ екі шамның жарығы түсіп тұрған қысқы
бақ сияқты бірдемені көрді. Тиса, туя ағаштарының саясында қоладан
құйған үстел басында салқын сусын ішкен еркектер мен əйелдер отыр.
— Тағы бір саптыаяқтан ба? - деген ұсыныс жасады Форестье.
— Қуана-қуана.
Олар отыра қалып, бұрыннан отырғандарға барлай қарасты.
Арасына аз уақыт салып ауық-ауық бұларға бір қыздар үйреншікті
жымиыспен келіп: "Мырзалар, немен сыйлайсыздар?" - деп кетеді.
Форестье оған ыза болып: "Бұрқақтың суымен сыйлаймыз", - деген соң,
"Шошқа!" - деп бұрқылдап бұрылып кете барады.
Бір кезде мана бұлардың ложасына сүйеніп тұрған қара шашты əйел
келді, жан-жағына тімтіне қараған ол сары шашты толық əйелмен
қолтықтасып алыпты. Айтатыны жоқ, екеуі де бір-біріне лайықтап таңдап
алынғандай əдемі əйелдер-ді.
Дюруаны көрген замат ол өздері ғана түсінетін əлдебір ішкіл жағдайды
жанарларымен айтысып үлгіргендей-ақ бір жымиып қойды. Орындықты
алып, ол қымсынбастан оған қарсы қарап отырды да, соза дауыстады:
— Гарсон, екі гренадин əкел!
— Ештеңеден қорқа қоймайтын əйелсің-ау өзі! - деді таңданған
Форестье.
— Сенің досың басымды айналдырып жіберді, - деді əйел - Шын сөзім,
досың -нағыздың өзі. Менің қорқатыным, осыған бола бір ақымақтық
жасап қоймасам жарар еді!
Дюруа қысылғанынан не дерін білмеді. Ол қопсыған қою мұртын
ширата бұрап, тек жөні жоқ жөткіріне берді. Гарсон су қосқан шырын алып
келді. Əйелдер оны бір-ақ сімірді де,орындарынан тұрды. Қара шаш
Дюруаға жылы шыраймен иек қағып, желпуішімен ақырын ғана иығынан
ұрып-ұрып қойды.
— Рахмет саған, - деді əйел. - Тек сенен бір ауыз сөз шықпайтыны
жаман екен.
Бөкселерін бұлтыңдата басып, екі əйел сыртқа беттеді.
Форестье күліп жіберді.
— Менің саған не айтайын деп отырғанымды білесің бе, достым? Сен
шынында да əйелдерге өтімдісің. Соны пайдалана білу керек. Онымен
алысқа баруға болады.
Біраз ойланып отырғаннан кейін, өз ойын сыртқа шығарып отырған
адамша, ойлана сөйледі:
— Бізді жұрт қатарына көп жағдайда əйелдер жеткізеді.
Дюруа үндемей жымиды.
— Сен қаласың ба? - деп сұрады Форестье. - Мен кетем, бүгінге осы да
жетеді.
— Иə, мен біраз болам. Əлі ерте ғой, - деп міңгірлеген болды Дюруа.
Форестье орнынан тұрды.
— Онда сау бол. Ертеңге дейін. Ұмытқан жоқсың ғой? Фонтен көшесі,
он жеті, жеті жарымда.
— Жақсы. Ертеңге дейін. Рахмет.
Екеуі қол қысысып қоштасты, сонымен журналшы өз жөніне кетті.
Ол көз алдынан ғайып болған соң ғана Дюруа өзін еркіндеу сезіне
бастады. Тағы да қалтасындағы алтын ақшаларды тоқ пейілмен бір сипап
қойды да, орнынан тұрып, көзімен жан-жағына тінти қарап топ ішіне еніп
кетті.
Кешікпей еркектердің арасында, топ ішінде кедейдің паң кейпін сақтап
кетіп бара жатқан екі əйел - сары шаш пен қара шаш - көзіне түсті.
Ол соларға қарай жүрді, бірақ жақындай бере кенет өз-өзінен
жүрексінді.
— Не болды, тілің шықты ма? - деді қара шаш.
— Сұмпайы! - деп міңгірлегеннен асып Дюруа ештеңе айта алмады.
Үшеуі жолдың қақ ортасына тоқтапты,
жүргіншілердің иіріміне айналды да кетті.
əп-сəтте
айналалары
— Менің үйіме барасың ба? - деді қара шаш күтпеген жерден.
Құмарлық қалшылдатып, əйелге ол дөкір сөйлеп қалды:
— Барар ем, менде бар-жоғы бір-ақ луидор.
Əйелдің жүзінен мамыражай жымиыс байқалды.
— Ештеңе етпейді, - деді де, өз жекеменшігінше иемденіп, қолтығынан
ұстап алды.
Əйелдің қасында келе жатып Дюруа қалған жиырма франкқа, əрине,
ертеңгі түстікке қажетті фрак алатынын ойлады.
ІІ
— Форестье мырза қайда тұрады?
— Төртінші қабат, сол жақта.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 02
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.