Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 17

Total number of words is 4208
Total number of unique words is 2028
36.9 of words are in the 2000 most common words
51.5 of words are in the 5000 most common words
59.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Демек мен ананы үштен қалдырмай ізін суытуым керек. Құрысын, тек екеуі
ұшырасып қалмаса екен. Бұл əйелдердің бəлесі көп-ау!"
Осы арада ол еріксіз Мадленаны ойлады: тек сол ғана мұның мазасын
алмайды. Ол мұнымен бір үйде тұрады, тіпті сүйетін де сияқты, бірақ бір
кезде орнатқан қатаң тəртібі бойынша, екеуі махаббатпен арнайы
белгіленген уақытта ғана айналысады, басқа уақытта өзін мазалағанды
ұнатпайды.
Жорж кездесу үйіне аяңдап келе жатып, іштей Вальтер ханымды
тілдеумен болды:
"Егер ол сөз етуге тұрарлық бірдеңе айтпайтын болса, мен оған
кездескенді көрсетемін. Менің айтқандарыма қарағанда, Камбронның
тіліне жылап көріскендей боларсың. Ең алдымен енді қайтып үйіне аяқ
баспайтынымды айтамын".
Ол пəтеріне кіріп, Вальтер ханымды күтті.
Əйел одан кейін іле-шала кіріп келді де, жігітті көріп қуанып кетті:
— Ə-ə, сен менің жеделхатымды алған екенсің ғой? Неткен бақыт!
Жігіт түнеріп кетті.
— Иə, оны мен парламентке баруға жиналып жатқанда əкеп берді. Саған
не керек еді?
Əйел оны сүю үшін бетпердесін көтеріп, таяқ жеген иттің түрімен
қасына жақындады.
— Қандай қаталсың маған... Менімен сондай дөрекі сөйлесесің... Мен
саған не жаздым? Мұның мені қалай қайғыға бөлейтінін білсең ғой!
— Тағы бастадың ба?
Қасына келген Вальтер ханым оның мойнына асыла кету үшін бір
ишаратын, күлімсіреуін күтіп тұрды.
— Неге менімен бұлай сөйлесесің, - деді ол даусы əрең шығып. - Онда
мені неге азғырдың, менің маңыма жоламауың, бұған дейінгі таза да
бақытты қалпымды бұзбауын керек еді. Маған шіркеуде не айтқаның, осы
үйге қалай күштеп кіргізгенің есіңде ме?! Енді менімен былай сөйлесесің!
Тіпті қарсы алғың да келмейді. Құдайым-ай, құдайым-ай, не жазығым бар
еді!
Жорж ашумен жерді теуіп қалды:
— Жетті! Тоқтат енді! Менімен бір минут қалсаң-ақ осы əніңе қайта
басасың. Дəп бір мен сені он екі жасар періштедей пəк күйінде
азғырғандай. Жоқ, қымбаттым менің, өйтіп адаспа, мен кəмелетке
толмағандарды азғырған емеспін. Сен маған ақыл-есі орныққан жаста
берілгенсің. Оныңа мен ризамын, бірақ өмір бойы сенің етегіңе байланып
өтпек емеспін. Сенің күйеуің, менің əйелім бар. Аздап көңіл көтердік,
ешкімге ештеңе сездірген жоқпыз - жетеді енді.
— О, неткен дөкір жан едің! Неткен оңбаған, жексұрын едің! Мен жас
қыз болмасам да, ешқашан ешкімге ғашық болып, опасыздық жасап
көрмеген едім ғой...
Жігіт сөзін бөліп кетті:
— Білемін, бұл туралы үнемі айтып келесің. Сенің... екі баласы бар
əйелдің қыздығын мен бұзған жоқпын.
Əйел теңселіп кетті.
— Жорж, мұның иттік!..
Тамағына өксік тығылған ол екі қолымен кеудесін басып, жыламсырай
бастады.
Төгілгелі тұрған көз жасын көрген жігіт алды ашық пеш үстінен
қалпағын алды.
— Сен жылауға келген екенсің ғой. Онда қош бол Мені жылағаныңды
көруге шақырған екенсің ғой.
Əйел бір аттап оның жолын бөгеді де, қалтасынан орамалын алып, тез
көз жасын сүртті. Ол барынша сабырлы болып көрінуге тырысты, алайда
жаны ауырғаны даусының үзіле, дірілдей шыққанынан білініп тұрды.
— Жоқ, мен саған жаңалықты... саяси жаңалықты айтуға келдім, сен елу
мың франк, тіпті қаласаң... одан да көп ақша тапсын деп едім.
Жорж демде жұмсарды.
— Қандай жолмен? Не айтайын деп тұрсың?
— Кеше кешкісін мен байқаусызда күйеуім мен Лароштың сөздерін
естіп қалдым. Шынын айтқанда, олар менен жасырынған да жоқ. Ал
құпияны саған ашпау жөнінде Вальтер міністірге тапсырып жатты, өйткені
сен оларды ұстап беруің мүмкін.
Дю Руа қалпағын үстелге қойды. Ол күдіктене бастады.
— Сонда мəселе не жайында?
— Олар Марокконы басып алуға дайындалып жатыр!
— Жалған! Мен бүгін ертеңгілік асты Ларошпен іштім, сонда ол маған
жаңа кабинеттің жұмыс жоспарын түгел баяндап берді.
— Жоқ, қымбаттым, олар сені алдап жүр. Сен олардың қулықсұмдықтарын біліп қояды деп қорқады.
— Отыршы, - деді Жорж, өзі де креслоға құйрық басты.
Тапал орындықты сүйреп əкеліп, Вальтер ханым ашынасының тізесінің
арасына сұғына отырды.
— Мен ылғи сен туралы ойлаймын да жүремін,- деді ол жағымпаздана
сөйлеп,-сондықтан айналамда біреулер сыбырласа бастаса, міндетті түрде
құлақ түремін.
Содан кейін ол бəсең дауыспен біраздан бері Жорждың сыртынан бір
əрекеттер жүзеге асырылып жатқанын, оның қызметін пайдаланғанымен,
өзін жақтас етуден қашқақтайтындарын айта бастады.
— Білесің бе, сүйген адам неше түрлі қулықтарға барады, - деді əйел.
Ақырында, кеше ол бəрін түсінеді. Енді Вальтер ханым өзінің қулығына
ризалықпен күлімдеп, беріле сөйледі, көз алдында биржаның күйреуі
даярланып жатқанын, акцияның құлдырауын немесе кенет көтерілуін, тағы да осы секілді енді бір-екі сағаттан соң өз жинақ қорларын банкирлер
жəне саяси қайраткерлер сияқты құрметті, атақты адамдардың есімі
кепілдік беретін кəсіпорындарға салып қойған мыңдаған ұсақ буржуаны,
ұсақ өсімқорларды тып-типыл ететін алыпсатарлық істер жайында
хабардар болып отырған қаржыгердің əйеліндей-ақ ойлы пікірлер айтты.
— Иə, олар мұны шебер ойластырды. Тіпті мінсіз деуге болады, — деп
қайталады əйел — Негізінен бəрін ұсақ-түйегіне дейін ойластырған
Вальтер, мұндайға ол ұста. Əділдігін айту керек, өте оңтайлы жасалды.
Бұл кіріспе сөздер Жорждың қанын қайнатты.
— Тезірек айтсаңшы енді.
— Айтсам былай. Танжерге экспедиция жасау Ларош шетел істері
міністірі болған күні-ақ шешілген мəселе болатын. Бұған дейін марокколық
займ облигациялары алпыс төрт - алпыс бес франкке дейін құлдырап кетті
де, олар оның бəрін сатып алды. Оны олар өте құпия, ешқандай күдік
тудырмайтын ұсақ, жұрт сене қоймайтын биржалық қоңыздар арқылы
жүзеге асырды. Ротшильдер марокколық заемный сұранысы неге
артқанына түсіне алмады, оларды да алдап түсірді. Оларға делдалдардың
аттарын атайды: ал олардың бəрі де қолдары былғанған, сыртқа
лақтырылып қалған жандар. Дөкейлер сабаларына түседі. Ал енді
экспедиция жүзеге асырылмақ, біз Танжерге енісімен француз үкіметі
бірден заемды қамтамасыз етеді. Біздің достарымыздың бəрі елу-алпыс
миллионная ақшалы болып шыға келеді. Істің мəнісін түсінесің бе?
Олардың сол де болса жария болудан қорқып отырғандары сондықтан.
Əйел басын жігіттің жилетіне төсеп, қолын оның тізесіне салып қойды;
енді өзінің оған керек екенін сезген ол еркелеп, оған жабыса түсті, жігіттің
бір еркелетуі, бір күле қарағаны үшін ол бəріне де баруға даяр еді.
— Сен қателескен жоқсың ба? - деп сұрады жігіт.
— О не дегенің! - əйел даусы аса сенімді шықты.
— Иə, бұл керемет, - деді Жорж. - Бұл арамза Ларошқа мен де қарыздар
боп қалмаспын. Тұра тұр, жексұрын!.. Тұра тұр!.. Мына міністірлігіңнен
допша ұшып кеткеніңді білмей қаларсың!
Ол ойланып қалды.
— Алайда бұдан пайда тауып қалса да болар еді, - деп күбірледі ол.
— Заем сатып алуға əлі де мүмкіндік бар, - деді Вальтер ханым.
— Бір облигация жетпіс екі франк тұрады.
— Бірақ менің артық ақшам жоқ қой, - деді жігіт. Əйел оған жалбарына
қарады.
— Мен оны ойлағанмын, мысықайым, егер сен мені аздап болса да
сүйетін болсаң, құдай үшін, саған қарыз беруіме кеңшілік етші.
— Жоқ, кешірерсіз, - деп бірден, дөрекі түрде қайырып тастады ол.
— Тыңдашы, - деп жалынды əйел - былай етсек қайтеді, сен тіпті де
қарыз алмайсың. Біраз ақша жиып алу үшін, мен он мың франкке
облигация сатып алсам ба деп едім. Енді мен он мың емес, жиырма мыңға
сатып аламын. Жартысы сенікі. Əрине, мен ол үшін Вальтерге ақша
төлемеймін. Демек əзірге ақша қозғаусыз жата береді. Жолымыз бола
қалса, сен жетпіс мың франктің иесі болып шыға келесің. Сəтсіздік болса,
сен маған он мың франк қарыз болып, мүмкіндігің болған кезде
қайтарарсың.
— Жоқ, бұл əрекет маған жақпайды, - деп, тағы қарсылық білдірді
Жорж.
Енді əйел түрлі дəлелдер келтіріп, Жорж бар-жоғы Вальтер ханымның
сөзіне сеніп, одан он мың доллар алатын болса, демек ол тəуекелге
барғаны, ал облигациялар үшін "Вальтер банкі" төлейтіндіктен, ол əйелдің
өзіне бір де франк қарыз болмайтындығын түсіндіруге тырысып бақты.
Ақыр соңында ол осы істі жүзеге асыруға мүмкіндік берген науқанды
Жорждың өзі "Француз өмірінің" бетінде жүргізгенін есіне салып, енді
бұдан пайда көрмей құр қалуы оның тарапынан ақылсыздық болатынын
ескертті.
Жігіт əлі де солқылдай берді.
— Ойласаңшы өзің, - деді əйел, - Вальтер саған бар-жоғы он мың франк
қарыз береді, ал сенің оған көрсеткен көмегің анағұрлым қымбат тұрады
ғой.
— Жарайды онда! - деді Жорж. - Саған жарты үлеске кіремін. Егер біз
ұтылсақ, сенің он мың франкіңді қайтарамын.
Қуанғаннан есі шыққан əйел орнынан ұшып тұрып, оның басын
құшақтай алды да, шөпілдетіп сүйе бастады.
Алғашында ол қарсылық білдірген жоқ еді, осыдан еркінсіген əйел оны
құмарынан шыға сүйіп, еркелетуге көшкен кезде, кенет қазір басқа əйелдің
келетіні есіне түсіп, дер кезінде бетін қайтармаса, жас ашынасына сақтауға
тиісті күш-қайратын мына кортамыштың құшағында жұмсап қоятынын
ойлады.
Ол жайлап əйелді кері итерді.
— Тоқта, сабаңа түс!
Əйел оған қамыға қарады.
— Ah, Жорж! Енді сені сүюге де болмай ма?
— Тек бүгін емес, - деді жігіт. - Менің басым ауырып, жағдайым болмай
тұр.
Əйел тез көніп, қайтадан оның аяғының қасына отырды.
— Ертең бізге түстікке кел, - деді ол - Мен қандай қуанар едім!
Жігіт біраз кібіртіктеді, бірақ ақыр аяғында қарсылық білдіруге батпады.
— Жарайды, келемін.
— Рахмет, қымбаттым.
Жігітке еркелеп, бетін оның кеудесіне үйкелеген əйел кенет бір тал ұзын
қара шашының жилет түймесіне оралып қалғанын байқады. Осы сəтте
оның басына кей кездері əйелдердің ақыл-есін билеп алатын қияли ырым
келе қалды. Ол ақырындап бұл шашын түймеге орай түсті. Содан кейін
екінші, үшінші тал шаштарын орады. Сөйтіп, шаш оралмаған түйме
қалдырмады.
Қазір жігіт орнынан тұрғанда, олар жұлынып кетеді. Сүйген жігітіңнің
жұлқып ауыртқаны қандай бақыт! Ол өзі де білместен, əйелдің бір
бөлшегін өзімен бірге ала кетеді. Осы көзге көрінбес шаш талымен əйел
оны өзіне байлап қояды. Əйелдің бойтұмарын ала кеткен жігіт еріксіз ол
туралы ойлайды, түсінде көреді, сөйтіп ертең көріскенде бұған елжіреп
тұратын болады.
— Менің кетуім керек, - деді Жорж, - мəжіліс аяғына дейін палатаға
жетуім керек. Одан қалуыма болмайды.
— Аһ, қалай аз! - деп күрсіне тіл қатқан əйел іле көнбістік танытқандай
болды: - Бара ғой, қымбаттым, тек ертең түстікке міндетті түрде келетін
бол - Сөйтті де басын жылдам тартып қалды.
Сол сəт бас терісіне қатарынан бірнеше ине шаншығандай қатты ауырып
кетті. Жүрегі дүрсілдеп сала берген ол сүйгені үшін қиналыс білдірмей
төзді.
— Қош бол! - деді əйел.
Мейірбандана күлімсіреген жігіт оны құшақтап, көзінен салқын ғана
сүйді.
Вальтер ханым осының өзіне есінен айырыла мəз болды.
— Сондай аз! - деді ол тағы да күрсіне күбір етіп.
Жалынышқа толы көзімен ол ашық тұрған жатын бөлменің есігін
нұсқады.
Жорж оны қолымен ысырып жіберді.
— Менің кетуім керек, əйтпесе кешігіп қаламын,- деді ол асыққан
түрмен.
Əйел ернін тосты, оған ернін тигізер-тигізбестен, ұмытып бара жатқан
қолшатырын əперді де, Жорж есікке беттеді:
— Кеттік, кеттік, уақыт боп қалды, үштен асып кетіпті.
Оның алдында келе жатып та əйел қайталаумен болды:
— Ертең жетіде.
— Ертең жетіде, - деп қайталады ол.
Екеуі екі жаққа: Вальтер ханым оңға, Жорж солға бұрылды.
Дю Руа ішкі бульварға дейін барды. Одан кейін асықпай аяңдап
Мальзерба бульварының бойымен жүрді. Кондитер дүкенінің қасынан өтіп
бара жатып оның көзі хрусталь көзедегі қант себілген жаңғаққа түсті.
"Клотильдаға бір фунттай алайыншы", - деп ойлады оның мұны өлердей
ұнататынын білетін ол сағат төртте ол үйге қайтып келіп, жас ашынасын
күтіп отырды.
Ол біраз кешігіңкіреп келді, сөйтсе, күйеуі бір аптаға келіп қалған екен.
— Ертең бізге түстікке кел, - деп ұсыныс жасады əйел - Ол сені
көргеніне қуанып қалады.
— Жоқ, мен бастығымның үйінде боламын. Жұмыс деген шаш-етектен,
саясат, қаржы мəселелерін қарастырып жатырмыз.
Марель ханым қалпағын шешті, содан кейін тарлау көрінетін
іштартқышын ағыта бастады.
Жігіт көзімен ашық пеш үстінде жатқан дорбаны нұсқады.
— Мен саған қант себілген жаңғақ алдым.
Ол алақандарын шарт еткізді.
— Қандай тамаша! Жаным-ау сол!
Дорбаны алып, жаңғақтың дəмін татып көрді.
— Қандай дəмді! Қазір-ақ жоқ болады-ау енді.
Содан кейін Жоржға көңілді, мағыналы көз тастап:
— Демек сен менің осалдықтарыма түсіністікпен қарай бастағаның ғой?
- дегенді қосып қойды.
Ол жаңғақты асықпай жеп, анда-санда бітіп қалмады ма дегендей
дорбаның ішіне үңіле қарап қояды.
— Кел, креслоға жайғасшы, ал мен аяғыңның қасына отырып, жеуді
жалғастыра берейін. Маған солай ыңғайлы.
Күлімсірей келіп отырған жігіт оны, жаңа ғана Вальтер ханыммен
отырғандай, тізелерімен қыса құшақтап алды.
Оған тіл қатқан сайын Клотильда басын жоғары көтеріп, бетіне көз
салады.
— Білесің бе, қымбаттым менің, - деді ол шайнаңдай отырып, - мен сені
түсімде көрдім: екеуіміз түйеге мініп, алыс бір жаққа кетіп барады екенбіз
деймін. Оның екі өркеші бар, ал біз екеуіміз екі өркешке мініп алыппыз:
біреуінде сен, екіншісінде мен, сөйтіп шөл даламен жүріп келеміз...
өркеште отырып, бір шөлмек шарап пен арасында еті бар нан жеп келеміз.
Ал басқа ештеңе істей алмайтындықтан, екеуіміздің арамыздың
алшақтығынан менің ішім пысып, түсіп қалғым келеді.
— Менің де түсіп қалғым келеді, - деп мойындады жігіт.
Əйелдің əңгімесі қызықтырған ол Клотильданы əзілге тартып,
қалжыңдасқысы, ғашық жандардың əдетімен не болса соны айтып, сөзін
күлкіге айналдырғысы келді. Балаша бұртаңдай сөйлеу мəнері Вальтер
ханымның аузынан шыққанда жынын келтірсе, Марель ханымға керемет
жарасып тұрады.
Клотильда да оны "Менің қымбаттым, балақайым менің, мысықайым
менің" деп атайды. Онысы нəзік те жанға жайлы болып естіледі. Осыдан
біраз бұрын басқа əйелдің аузынан шыққанда ол сөздер мұны
ызаландырып, ашуын келтіріп еді. Махаббат сөздерінің бəрі бірдей, мəселе
оның кімнің аузынан шыққанында.
Алайда Клотильданың қылықтарына күліп отырғанмен, Дю Руа ұтып
алуы мүмкін жетпіс мың франк жайындағы ойдан арыла алмады. Кенет ол
құрбысының басына саусағын тигізіп, сөзін бөліп жіберді:
— Тұра тұршы, мысықайым, мен саған күйеуіңе байланысты бір
тапсырма берейін деп ем. Сен оған менің атымнан сəлем айтып, ертеңнен
қалдырмай, он мыңға марокколық заем сатып алуын тапсыршы, - əрбір
облигация жетпіс екі франк тұрады. Үш айға жетер-жетпес мерзім ішінде
ол бұдан алпыстан жетпіс мың франкке дейін пайда табарына мен кепілдік
беремін. Тек ол бұл туралы ешкімге айтып қоймауын қадағала. Менің
атымнан Танжерге экспедиция жасау ісі шешімін тапқанын айт жəне
француз үкіметі марокколық заемды қамтамасыз ететіндігін жеткіз. Бірақ
басқа ешкімге тіс жарушы болмаңдар. Мен саған мемлекеттік құпияны
ашып отырмын.
Клотильда оны мұқият тыңдады.
— Рахмет, - деп сыбырлай сөйледі ол - Бүгін кешке күйеуіммен
сөйлесемін. Сен оған сенуіңе болады, ол ешкімге айтпайды. Ол - сенімді
адам. Одан қауіптенбесең де болады.
Клотильда жаңғақты бітірген еді. Қағаз дорбасын умаждап ашық пешке
лақтырып жіберген ол орнынан тұрды да:
— Ал енді төсекке, - деп, Жорждың жилетінің түймелерін ағыта
бастады.
Кенет ол еңкейіп, екі саусағымен ілгектен ұзын шаш талын алып шықты.
— Қара! - деді ол күліп. - Сенің үстіңде Мадленаның шашы жүр. Қандай
сенімді күйеусің!
Сөйтті де дереу қабағын түйіп, алақанындағы шашқа үңіле қалды.
— Жоқ, мынау Мадленанікі емес, қара шаш,- деп күбірледі ол.
Жорж күлді:
— Онда күтуші əйелдікі болар.
Алайда Клотильда тыңшы құсап, жилетті зерттеуін жалғастыра түсті:
түймеге оралған екінші шашты, содан соң үшіншісін тапты. Ол боп-боз
болып, дірілдеп кетті.
— Ə-ə! - деді ол даусын шығарыңқырап. - Сен бір əйелмен жатқансың,
ал ол сенің түймеңе шашын орап жіберіпті.
Жорж таңғалды.
— Жоқ, ол не дегенің. Есің ауысқан ба? - деп ақталды ол
Осы сот ол Вальтер ханымды есіне алып, бəріне түсіне қалды,
алғашында қысылыңқырап қалғанымен, іле күлкіге айналдырып,
мойындамай бақты, жүрек түкпірінде ол Клотильданың өзін жігітшілік
жасады деп күдіктенгенін айыптаған жоқ.
Ал ол болса іздестіруін жалғастырып, тағы да шаштар тауып алумен
болды, оларды шиыршықтап, кілемге лақтырып жіберді.
Тəжірибелі əйел түйсігімен ол мəселенің мəнісін түсініп қойды.
— Ол сені сүйеді екен... - деп күбірлей сөйледі ызадан жылағалы тұрған
Клотильда. -Ол өзінің бір бөлігін сенің алып кеткеніңді қалаған... Опасыз!
Кенет ол шыңғыра айғайлап жіберді:
— А! А! Оның кемпір екен ғой... Мына ақ шашты қара... Ə-ə, сен енді
кемпірлерге ауыз салдың ба... Олар саған ақша төлейтін шығар?.. Ақша
төлей ме деймін? Демек менің саған енді керегім жоқ екен ғой?.. Сол
кемпіріңмен-ақ бол онда...
Орнынан ұшып тұрған ол іштартқышын жұлып алып, асығыс киіне
бастады.
Жорж оны тоқтатпақ болды.
— Олай емес қой, Кло... — деп ол қысыла сөйледі. - Жоқтан өзгені
айтпашы... Түсінсем бұйырмасын... Кетпеші... қойшы, кетпеші!..
— Кəртамышыңмен-ақ бола бер... кəртамышыңмен-ақ бола бер... - деп
қайталай берді Марель ханым. - Оның шашынан жүзік жасатып ал... аппақ
шашынан... Жүзікке жетерлік шашын алып қапсың ғой...
Əйел тез-тез киініп болып, қалпағын басына қондырды да, бетшілтерін
түсірді. Жорж оның соңынан ұмтыла беріп еді, қолын құлаштай сермеп,
жағынан шарт еткізді де, ол есін жиғанша, есікті ашып. бөлмеден атыла
шығып кетті.
Жалғыз қалған жігіт кəрі қақбас Вальтер шешейге деген өшпенділіктен
қалшылдап кетті. Енді оны бас-көз демей, жіберетін жеріне айдап салмаса
ма!
Дуылдаған бетін сумен шылады. Содан кейін кек қайтару жоспарымен
көшеге шықты. Мұнысын ол енді кешірмейді. Ешқашан кешірмейді!
Бульварда қыдырып келе жатқан оның көзі зергерлік дүкеннің
жаймасында жатқан хронометрге (өте дəл жүретін қалта сағаты) түсе кетті.
Дю Руа оны сатып алуды көптен бері ойлап жүргенімен, ол мың сегіз жүз
тұратын қымбат еді.
Кенет оның жүрегі қуаныштан дүрсілдеп кетті: "Жетпіс мың ұтсам,
бірден сатып аламын",- деп ойлады ол.
Ең алдымен депутат болып сайланады. Содан кейін хронометрді сатып
алады, одан соң биржада ойнайды, одан соң... одан соң...
Саралқаға барғысы келмеді; əуелі Мадленамен сөйлесіп алып, содан
кейін ғана Вальтермен кездесіп, мақалаға кірісу үшін ол үйіне қарай
беттеді.
Друо көшесіне жете бере ол кенет тоқтай қалды: граф де Водректің
көңілін сұрауды ұмытып кеткен екен, ол Шоссе-д Антенде тұратын.
Аяңынан таймаған қалпы ол кейін бұрылды, көптеген жағымды нəрсе
жайлы, болашақ байлық туралы тəтті арманға берілген оның басынан
жексұрын Ларош пен сұмпайы Вальтер ханым да шықпай қойды. Ал
Клотильданың ашуына ол титтей де мəн берген жоқ: оның қайтымы тез
екенін жақсы біледі.
Граф де Водрек тұратын үйге кірген ол күзетшіден:
— Де Водрек мырзаның денсаулығы қалай? Сырқаттанып қалды деп
естіп едім,- деді.
— Графтың халі өте нашар, мырза, - деді күзетші. - Ертеңнен қалмас
десіп отыр, -подагра жүрекке ауыз салыпты.
Дю Руа сілейіп тұрып қалды, ол не істерін білмеді. Водрек жан
тапсырғалы жатыр! Оның басында өзге түгіл, өзіне де мойындауға батылы
бармайтын түсініксіз бір ойлар шырматыла берді.
— Рахмет... мен кейінірек келермін... - деп күбірледі ол не айтып
тұрғанын өзі де білместен.
Содан соң экипажға қарғып мініп, үйіне жүріп кетті.
Мадлена үйде екен. Оның бөлмесіне алқына жүгіріп кірген Жорж:
— Сен білмейсің бе? Водрек өлгелі жатыр, - деп қойып қалды.
Мадлена хат оқып отыр еді. Жаңағы сөзден соң күйеуіне жалт қараған ол
бір сөзді қатарынан үш рет қайталады:
— Ə? Не дедің?.. Не дедің?.. Не дедің?..
— Водрек өлгелі жатыр деймін, подагра жүрегіне өтіп кетіпті. Не
істемексің енді?
Мадлена құп-қу болып кетті, бет.терісі жыбырлай жөнелді; орнынан
тұрып, қолымен бетін басқан ол солқылдап жылап жіберді. Қатты
қайғырған ол біраз уақыт қозғалыссыз тұрып қалды, тек екі иіні ғана дірдір етеді.
Бір кезде өзіне-өзі келгендей болып, көзін сүртті.
— Мен барайын... мен барайын оған... Сен алаң болма... қашан келерім
белгісіз... мені күтпей-ақ қой...
— Жақсы. Бара ғой, - деді Жорж.
Олар бір-бірінің қолдарын қысты да, асығыста қолғабын алуды да
ұмытқан əйел үйден шыға жөнелді.
Жорж тамағын ішіп, мақала жазуға отырды. Ол міністірдің нұсқауын
қатаң сақтап, Мароккоға жорық болмайтындығын оқушылардың өздері
түсінетіндей етіп жазды. Содан кейін мақаланы саралқаға апарып беріп,
бастығымен біраз əңгімелесті де, неге осынша көңілді екеніне мəн
берместен, темекісін езуіне қыстырған күйі үйіне қайтты.
Əйелі əлі келмепті. Ол төсекке жатты да ұйқыға кірісті.
Мадлена түн жарымында келді. Ұйқысы шайдай ашылған Жорж басын
көтерді.
— Не болды? - деп сұрады ол.
— Қайтты, - деп күбірледі əйелі.
— Ə! Қайтеміз енді... саған ештеңе айтпады ма?
— Ештеңе. Мен келгенде ол есін білмейтін еді.
Жорж ойланып қалды. Бірақ тіліне оралған сұрақтарын қоюға батпады.
— Жат енді, ұйықта, - деді ол.
Əйелі жылдам шешініп, көрпе астына қойып кетті.
— Ол қайтқанда қасында туысқандарынан біреу-міреу болды ма? - деп,
сұрағын жалғастырды күйеуі.
— Бір жиені ғана.
— Ə! Ол жиені жиі келуші ме еді оған?
— Ешқашан келген емес. Олар он жылдан бері көріскен жоқ.
— Ал оның басқа туысқандары бар ма?
— Жоқ... Жоқ қой деймін.
— Демек... бəрі жиеніне қалғаны ма?
— Білмеймін.
— Водрек соншалықты бай ма еді?
— Өте бай.
— Оның қанша ақшасы бар екенін сен білмейсің бе?
— Анық білмеймін. Бір немесе екі миллионның мөлшерінде болар.
Бұдан кейін ол қайтып ештеңе сұрамады. Мадлена майшамды сөндірді.
Екеуі де үнсіз, əлдебір ойлардың жетегінде жатты.
Дю Руаның ұйқысы ашылып кеткен. Вальтер ханым айтқан жетпіс мың
франк қазір ол үшін маңызын жоғалтқан. Кенет оған Мадлена жылап
жатқандай болып көрінді. Оған көз жеткізу үшін ол тіл қатты:
— Сен ұйықтап қалдың ба?
— Жоқ.
Даусынан жылағаны білінді.
— Мен саған айтуды ұмытып кетіппін, сенің міністірің бізді ақымақ
қылып жүр.
— Қалайша?
Жорж оған Вальтер мен Лароштың қитұрқылары жайлы асықпай, ретретімен түсіндіріп айта бастады.
— Сен мұны қайдан білесің? - деп сұрады Мадлена ол əңгімесін
аяқтаған кезде.
— Бұл туралы үндемей қалуыма рұқсат ет, - деді Жорж. - Сенің өз
ақпарат алу көздерің бар, мен ол туралы сұрамаймын ғой. Мен де құпия
сақтасам деймін. Дегенмен бұл мəліметтің анықтығына кепілдік бере
аламын.
— Иə, мүмкін, - деп Мадлена сыбырлай сөйледі. - Мен олардың бізден
жасырып бірдеңе жасап жүргендерінен күдіктенетін едім.
Жорждың ұйқысы келмеді; ол əйеліне жақындап, құлағынан ақырын
ғана өпті. Ол болса мұны итеріп тастады:
— Өтінем, қойшы! Ерігіп жатқам жоқ.
Күйеуі бойсұнып, қабырғаға бұрылып жатты да, ұзамай ұйқыға кетті.
VI
Шіркеу түгел қараға оранған, есік маңдайшасына ілінген үлкен, тəжді
қалқан өткен-кеткенге қайтыс болған жанның ақсүйек екенін əйгілеп
тұрды.
Жерлеу ғұрпы жаңа ғана аяқталған, енді жиналғандар табыттың қасынан
жəне өздерінің қолдарын иіле тұрып қысқан граф де Водректің жиені
алдынан салтанатпен өтіп, тарай бастады.
Жорж бен Мадлена үйге бірге қайтты. Екеуі де əлденеге мазасызданған
түрмен үн-түнсіз келеді.
— Дегенмен бұл түсініксіз! - деді кенет Жорж өзімен-өзі сөйлескендей.
— Не түсініксіз, достым? - деп сұрады Мадлена.
— Водректің бізге ештеңе қалдырмағанын айтам да.
Мадлена кенет қызарып кетті, - сырт қарағанда тамағынан басталып,
бетіне дейінгі аппақ терісін қызғылт бояу жуып өткендей болды.
— Ол неге бізге бірдеңе қалдыруы керек еді? - деп сұрады ол - Ол үшін
де бір негіз болуы керек емес пе?
Біраз үнсіз жүріп барып:
— Өсиет қағазы бір нотариуста жатқан шығар. Біз əлі ештеңе білмейміз
ғой, — деді.
— Иə, мүмкін, - деп келісті Жорж ойлы түрмен, - енді ол біздің, сені мен
менің ең жақын досымыз еді ғой. Аптасына екі рет бізбен тамақ ішетін, өз
үйіне келгендей емін-еркін жүретін. Сені туған əкеңдей жақсы көрді, өз
отбасы, не балалары, не аға-інілері - ешкімі жоқ, тек жаңағы бір алыстан
туысатын жиені болмаса. Иə, өсиет қағазы болуы керек. Ірі бірдеңеден
дəметпеймін, бірақ ол естелік ретінде, бізді ойлағаны, жақсы көргені, өзіне
бауыр басып қалғанымызды бағалағаны ретінде сыйлық жасауы керек еді
ғой. Қандай да бір достық белгісін қалдырады деп күтуге хақылымыз ғой
деп ойлаймын.
— Шынында да, ол өсиет қалдыруы мүмкін, - дей салды Мадлена өзіне
қатысы жоқтай ойлы үнмен.
Үйге келгенде малай оған хат ұсынды. Ол оқып көрді де, күйеуіне
ұсынды.
"Нотариус Ламанердің кеңсесі, Богезов көшесі, 17.
Мархабатты ханым,
Өзіңізге қатысы бар іске байланысты менің кеңсеме сейсенбі, сəрсенбі
жəне бейсенбі күндерінің бірінде сағат 2 мен 4-тің арасында бас
сұғуыңызды өтінемін.
Қабыл алыңыз,
Ламанер
Енді Жорж қызарды.
— Бұл, сірə, жаңағы айтқанымыз болуы керек. Алайда оның мені, заңды
үй иесін емес, сені шақырғаны несі?
Біраз үнсіз қалған Мадлена оған бұрылды:
— Мақұл көрсең, қазір барайық.
— Иə, барайық.
Ауқаттанып алған соң олар нотариусқа беттеді.
Ламанер кеңсесінің табалдырығын аттасымен, аға клерк орнынан атып
тұрып, асқан сыпайыгершілікпен бастығына ертіп барды.
Нотариус кіп-кішкентай, доп-домалақ адам екен. Оның шарға ұқсаған
басы екінші бір үлкенірек шарға бұрап бекітілгендей де, осының бəрін
көтеріп тұрған сондай қып-қысқа, кіп-кішкентай аяқтарында да əлдеқандай
шарға ұқсастық көзге ұрады.
Иіле амандасқан ол бұларға креслоны нұсқады да, Мадленаға қарап тіл
қатты:
— Ханым! Мен сізді граф де Водректің сізге қатысы бар өсиетімен
таныстыру үшін шақырған едім.
— Өзім де біліп едім,- деп сыбырлады шыдай алмаған Жорж.
— Қазір мен осы, өте қысқа құжатты оқып берейін.
Нотариус папкадан өсиет қағазды алып, оқи бастады:
"Мен, төменде қолымды қойған, Поль-Эмиль-Сиприен-Гонтран граф де
Водрек, ақыл-есім бүтін кезінде өзімнің соңғы қалауымды білдіремін.
Ажалдың ешқашан айтып келмейтінін білетіндіктен, оның алдын алу
үшін, мен нотариус Ламанерде сақталатын өсиет қағазымды жасап қоюды
жөн көрдім.
Тікелей мұрагерім жоқ болғандықтан, мен өзімнің барлық - пайыздық
қағазда алты жүз мың франк болатын жəне жылжымайтын мүлікте
шамамен бес жүз мың франк болатын байлығымды Клер-Мадлена Дю Руа
ханымға өсиет етемін жəне бұған қосымша оған ешқандай шарт қойып,
міндеттер артпайтынымды мəлімдеймін. Ол менің бұл сыйлығымды
берілгендігім жəне құрметпен жақсы көргендігімнің белгісі ретінде қабыл
алуын өтінемін."
— Бар-жоғы осы, - деді нотариус. - Бұл өсиеттің аяғына өткен жылғы
тамыз айында қол қойылған, бұның алдындағы екі жыл бұрын жасалған
құжат Клер-Мадлена Форестьенің атына жасалған болатын.
— Алғашқы өсиет те менде сақтаулы тұр, егер туысқандары тарапынан
қарсылық бола қалған жағдайда граф де Водректің қалауында өзгеріс
болмағанын дəлелдеп бере алады.
Қағаздай аппақ болып кеткен Мадлена құныса түсіп отыр. Жорж
күйгелектене мұртын шиыра береді.
— Есте болатын бір нəрсе, - деді нотариус біраз үнсіздіктен соң, - сіздің
келісіміңіз болмаса, зайыбыңыз мұраны қабылдай алмайды.
Дю Руа орнынан тұрды.
— Мен ойлануым керек, - деді ол салқын ғана.
Нотариус сүйкімді күлімсіреп, басын иді.
— Сізге кінəмшілдік бөгет болып тұрғанын түсінемін. Қосымша
ескертейін дегенім -бүгін таңертең нағашы ағасының қалауымен танысқан
граф де Водректің жиені егер жүз мың франк төлейтін болсаңыз, келісім
беретіндігін білдірді. Меніңше, өсиетке дау жоқ, бірақ іс қозғалса шу
шығуы мүмкін, ал сіздерге оның қажеті аз ғой деймін. Қоғамда теріс ниетті
сөз таралып кетуі мүмкін. Қысқартып айтқанда, сіздер сенбіге дейін маған
бар тармақ бойынша жауаптарыңызды берсеңіздер, жақсы болар еді.
Дю Руа келіскендігін білдіріп бас изеді:
— Жақсы.
Ол салтанатпен иіліп, манадан бері бір ауыз тіл қатпаған əйелін алға
оздырды да, абыройына дақ түскен адамның кейпімен шыға берді, тіпті
нотариус күлімсіреуге де батпады.
Үйіне келісімен Дю Руа есікті тарс жауып, қалпағын кереуетке
лақтырып жіберді.
— Сен Водректің ашынасы болғансың ба?
Бет шілтерін сыпырып жатқан Мадлена жалт бұрылды.
— Мен бе? О!..
— Иə, сен. Ашынасы болмаса, кім бар байлығын бөтен əйелге қалдырып
кетеді...
Қалшылдап кеткен Мадлена жұқа мата бекітілген түйреуішті ағыта
алмай-ақ қойды.
— Жетер... жетер... - деді біраздан кейін ол даусының дірілін баса алмай,
- есіңнен ауысқанбысың... өзін... емес пе... бағана... бізге бірдеңе қалдыруы
керек еді деген.
Қасында тұрған Жорж айыпкерді мүлт еткен жерінен ұстап алмақ болған
тергеушідей-ақ оның бет-əлпетінен көз алмай бақылаумен болды.
— Иə, Водрек маған бір нəрсе қалдыруына болар еді... - деп, ол əрбір
сөзін шегелей сөйледі, - маған, сенін күйеуіңе... маған, өзінің сыйласына...
ұғамысың?.. тек қана саған емес... əйел сыйласына емес... менің əйеліме
емес... Ақсүйектер салты... жəне қоғамдық пікір тұрғысынан қарағанда, бұл
жердегі айырма айтарлықтай үлкен.
Мадлена да оның мөлдір көздерінен көз алмай қадала, бір түрлі қарады дəл бір одан бірдеңені ұғып алғысы келгендей, адам санасының ешкім
түсіне алмайтын, тек қана біз асып-сасып, өзімізді ұстай алмай абдырап
қалған сəл ғана сəтте, жүрек құпиясының шымылдығы сəл ғана желп еткен
мезетінде түпсіз тереңіне көз жүгірте қойғысы келгендей мұқият үңілді.
— Дегенмен, менің ойымша,.. - деп ақырын, бірақ шегелей сөйледі ол, көл-көсір байлықтың саған қалдырылуы да дəл осындай ұғымсыз болып
көрінер еді...
— Неге олай деп ойлайсың? - деп сұрады Жорж жұлып алғандай.
— Өйткені... - əйел айтар сөзін таба алмағандай бөгеліп барып
жалғастырды: -Өйткені сен менің күйеуімсің... өйткені, шындығына
келгенде, ол сені аз білетін... өйткені мен оның ескі досымын... сен емес,
мен,., өйткені оның Форестье тірі кезінде жазылған бірінші өсиеті де менің
атыма арналған болатын.
Жорж бөлменің ішінде ірі адымдап жүре бастады.
— Сен мұрадан бас тартуың керек, - деді ол.
— Жақсы,- деді əйелі немқұрайды үнмен,- онда сенбіні күтіп қайтеміз,
Ламанерге қазір-ақ барып хабардар етуімізге болады.
Жорж əйелінің қарсы алдына тұра қалды. Екеуі тағы да бірсыпыра бірбіріне тесіле қарасты, - əрқайсысы екіншісінің жүрегіндегі құпияны ашып
көргісі келгендей, оның ойының түкпіріне бойламақты көздегендей,
екеуінің де көздерінде екіншісінің ар-ұятының тереңдігін анықтап алғысы
келетін үнсіз сұрақ тұнып тұрды. Бұл бір үйде бірге тұрса да, бір-біріне
жаттығы сақталып қалған, бір-бірінен үнемі күдіктеніп, сезіктеніп,
аңдысып жүргенімен, бір-бірінің ылайлы көкіректеріне бойлап көре
алмаған жандардың үнсіз арбасуы еді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 18
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.