Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 09

Total number of words is 4291
Total number of unique words is 2153
38.0 of words are in the 2000 most common words
53.6 of words are in the 5000 most common words
60.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Кейбір ең атақтылары тек əйелдерінің ғана байлығымен өмір сүретін,
оны бəрі де білетін, ал кейбірі, хабардар адамдардың айтуына қарағанда,
ашыналарының арқасында алшаң басатын. Олардың көбі қарыздарын өтеп
жатады (мақтауға тұрарлық əдет), алайда ол ақшаны олардың қайдан алып
жатқанын жан адам білмейді (аса күдікті құпия). Дюруаның көз алдынан
алғашқы баю қадамы ұрлықтан басталған бірақ атақты үйлерге де алшаң
басып кіре беретін ақшалы шонжарлар бірінен кейін бірі өтіп жатты; мұнда
қарсы ұшырасқанда, ұсақ буржуалар бас киімін алып амандасатын аса
сыйлы адамдар да жүр еді, ал бірақ дүниенің ішін айналдырып көре алатын
адамдар үшін олардың ар-ұятты ұмытып, аса ірі мемлекет мекемелерін
ұрлап-сұрлап жүргені ешқандай құпия емес-ті.
Менмен кейіп, паңдана ернін шүйіру, сондай-ақ ұяттан безген бет əлпет
бұл мырзалардың бəріне - қаба сақалы барларға да, тек мұрт қойғандарға
да тəн ерекшелік-тін.
Дюруа ішінен күлді.
— Ойдан-қырдан қашқандардың бас қосқан жері! - деді қайталап. Жүліктердің тобыры, алаяқтардың тобы!
Міне, енді жалы мен құйрығы күлтеленген қос ақбоз ат жеккен үсті
ашық, əдемі екі дөңгелекті аласа арба қасынан зырқырап өтті; айдап бара
жатқан - кішкентай ғана аққұба жаманаты шыққан əйел, арт жағына екі
дөкей жайғасыпты. Дюруа тоқтай қалды, -сүйіспеншілікті батыл саудаға
салып, екіжүзді ақсүйектер мынандай қыдырысқа шыққан осы сəтте
сонысын жəне көрпенің астында жатып жинағанын шімірікпей жұрт
назарына ұсынып жүрген əйелге бас иіп, сол секеңбайға қол соққысы келді.
Бəлкім, ол өзі мен сол əйелдің арасында əлдебір ортақ əлдененің бар
екенін, əйелдің бойынан өзіне де тəн туыстық бірдемені танып, екеуі де бір
нəсілдің адамдары, жан бітімдері жақын жандар екенін, өзінің де
мақсатына дəп сондай батыл əдістермен жететіндігін бұлдыр да болса
сезген болар, кім біледі.
Қайтарда ол асықпай, өзіне-өзі қанағаттанған сезіммен аяңдады, сонда
да бəрібір ол өзінің бұрынғы ашынасына белгіленген уақыттан біраз
ертерек келді.
Əйел қарсы алдынан шығып, араларында түк те болмағандай оған ернін
тосты; əдетте өз үйінде құмарлықтың құйынына ырық бермей, ақылға
жеңдіретін сақтығынан да бір сəт ол айырылып қалған-ды.
— Қалай өкініп тұрғанымды білесің бе, сүйіктім? - деді əйел оның
ширатылған мұртының шалғайынан сүйіп. - Мен сенімен бірге тамаша
жұбайылық айын өткізем бе деп ойлап ем, қарашы, жаздың күнінде қар
жауғандай болып тұр: күйеуіме демалыс беріпті. Бірақ мен бір жарым ай
бойы сені көре алмай қайтіп тұрам, əсіресе екеуміздің аз-кем
араздығымыздан кейін, енді мен бұл жағдайды қалай реттегенімді айтайын:
мен оған сен туралы айттым, - дүйсенбіде сен бізге түстенуге келесің, мен
екеуіңді таныстырам.
Дюруа не дерін білмеді: ептеп састы да, ол əлі күнге дейін өзі əйелімен
байланысып жүрген еркектің үйінде қонақта болып көрген жоқ еді. Аздап
қысылғаным, көзқарасым, кез келген əлдене ұрлығымды білдіріп қоя ма
деп қорықты.
— Жоқ, - деді үні қарлығып, - мен сенің күйеуіңмен таныспай-ақ
қойғанымды дұрыс санаймын.
Таңданғанынан көзі тасырайып тас төбесіне шығып кете жаздаған əйел
аңқаулықпен тақымдай жөнелді:
— Ал ода не тұр? Неге қырсығасың? Өмірде ондай бола береді!
Шынымды айтсам, мен сені бұдан гөрі ақылдырақ деп ойлағам.
Бұл сөз оның жанды жеріне тиді.
— Жарайды, жақсы, дүйсенбіде түстенуге келем.
— Ал бəрі əдептен аспай сыпайы көрінуі үшін, мен Форестьеге телефон
соғып қоям, -деді Марель ханым. - Əйткенмен шынымды айтып қояйын,
мен үйіме қонақ шақыруды онша ұната бермейтін адаммын.
Дəл дүйсенбі күніне дейін Дюруа алда тұрған кездесу жайында түк те
ойлаған жоқ. Тек баспалдақпен Марель ханымдікіне көтеріліп келе
жатқанда, оның өне бойын түсініксіз бір беймазалық биледі: қазір
күйеуінің қолын алып, соның шарабын ішіп, нанын жейтінін ойлап
жиіркенген жоқ, əйтеуір, əлденеге қорықты, бірақ неге қорыққаны белгісіз.
Оны қонақ бөлмеге бастап апарды, ол арада оның əдеттегідей күте
тұруына тура келді. Сонан соң есік ашылып, кеудесі орденге толған ақ
сақалды ұзын бойлы маңғаз кісі қасына келіп, асқан бір сыпайылықпен ізет
көрсете сөйледі:
— Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын, əйелім сіз туралы маған көп
əңгіме айтты.
Жүзінен достыққа тəн жылылық нышанын барынша жарқын көрсетуге
тырысып, Дюруа да үй иесіне қарсы жүріп кеп, қолын əдейі қатты қысып
амандасты. Бірақ екеуі отырған сəттен бастап Дюруаның тілі таңдайына
жабысты да қалды.
— Газетке көптен жазып тұрасыз ба? - деп сұрады Марель мырза беті
ашық пешке тамызық тастап жатып.
— Бар-жоғы бір-екі ай ғана, - деп жауап берді Дюруа.
— Солай ма? Мансабыңыз тез жоғарылаған екен!
— Иə, айтарлықтай тез.
Дюруа енді ешбір ойланбастан, алғаш кездескен адамдардың əдетімен
аузына не келсе соны айта берді. Оның көңілі ептеп орнығайын деді,
жағдай тым қызық боп көріне бастады. Марель мырзаның құрметті ақ
сақалы, маңызданған бет əлпеті Дюруаның күлкісін келтірді, оның бетіне
бір қарап қойып, іштей қайталай берді: "Қартым-ау, мен сенің көзіңе шөп
салдырдым, мен сенің көзіңе шөп салдырдым". Бірте-бірте оны ұятты
сезімнің ішкі қанағаты биледі, ол алабұртқан, рақаттанған қуанышты
бастан кешіріп отырды. Кенет оның бұл кісімен дос болып, сеніміне əбден
кіріп, оның барлық құпиясын біліп алғысы келді.
Күтпеген жағдайда Марель ханым кіріп келіп, бұларға ойнақы, сыр
білдірмейтіндей бір көз тастады да, Дюруаға жақындады. Ол күйеуінің
көзінше бұрынғы əдетімен əйелдің қолынан сүйе алмады.
Əйел көңілді əрі сабырлы көрінді; өзінің ашық əрі туа біткен
принципсіздігімен өмірде көрмегені жоқ бұл əйелдің мына кездесуді де
мейлінше табиғи əрі кəдімгі кездесудің бірі деп есептейтіні білініп тұрды.
Лорина кірді де, əдетінде жоқ ұялшақтықпен Жоржға маңдайын тосты, -
сірə, əкесінен ұялған болу керек.
— Бүгін неге оны Сүйікті дос деп атамадың? - деп сұрады шешесі одан.
Қыз ұялып, дəл бір оған қатысты адам айтқысыз əдепсіздік жасалып,
айтуға болмайтын нəрсесін айтып, ардақты əрі айтуға ұят жүрек құпиясы
ашылып қалғандай қып-қызыл боп кетті.
Форестьелер келді: Шарльдің түр-түсін көріп, бəрі шошып кетті. Соңғы
аптада ол сұмдық жүдеп, боп-боз болып кетіпті; тоқтамай жөтелетін
болыпты. Ол жұртқа келесі бейсенбіде, дəрігердің талабы бойынша, əйелі
екеуі Каннға баратындарын жария етті.
Олар көп отырған жоқ.
— Менің байқауымша, оның жағдайы өте жаман, - деді Дюруа басын
шайқап. - Ол енді бұл дүниенің адамы емес.
— Иə, біткен адам, - деді Марель ханым жайбарақат қостап. - Ал бірақ
өте сəтті үйленіп еді.
— Əйелі оған көп көмектесе ме? - деп сұрады Дюруа.
— Дұрысын айтсам, ол үшін бəрін де əйелі істейді. Əйелі оның барлық
жұмысын біледі, ешкіммен жүздесіп жүрмегенімен, оған қатысты
адамдардың бəрін де таниды. Нені қаласа, кез келген уақытта жəне кез
келген əдіспен бəріне де қол жеткізеді. О, ондай нəзік, ондай епті айлакер
адамды іздесең таппайсың! Өсем деген адамға ол - нағыз таптырмайтын
қазына.
— Соған қарағанда, екінші рет күйеуге шығуды да кешіктірмейтін
шығар? - деді Дюруа біле түспек оймен.
— Əрине, - деп жауап қайтарды Марель ханым. - Қазірдің өзінде оның
біреуді көздеп қойғанына мен еш таң қалмаймын... əлдебір депутат па
екен...егер тек... ол көне қойса... өйткені... себебі... бұл арада ар-ұят
жағынан... өте күшті қарсылықтар тууы мүмкін. Əйткенмен мен қайдан
білейін. Бұл жайындағы əңгімені осымен доғарайық.
— Сен ылғи əлденені аяғына дейін айтпайсың, сол əдетіңді мен
ұнатпаймын, - деді Марель мырза бұрқылдап, оның үнінен ептеген реніш
байқалды. - Біреудің ісіне ешқашан араласпау керек. Ешкімді ешқайда
итермелемеу керек, əркім өз ұятына қарай əрекет қылады. Сол қағидаға
барлық жұрт бағынса ғой.
Дюруа олардың қасынан кеткен соң да толқумен болды: ол қазірдің
өзінде əлдебір мүмкіндіктерді бұлдыр да болса болжап үлгіргендей.
Ертесінде ол Форестьелерге арнайы қатынас жасады: олардың үйінде
жолға аттанудың ақырғы дайындықтары жүріп жатыр екен. Диванда
жатқан Шарль əдеттегіден өсіріңкіреп ауыр дем алады.
— Маған бір ай бұрын кетіп қалу керек еді, - дей берді ол өкініп.
Вальтермен бəрі алдын ала келісіліп қойғанына қарамастан, ол Дюруаға
бірқатар іс тапсырып тастады.
Кетерде Жорж досының қолын қатты қысып қоштасты.
— Ал, қарт достым, қайта көріскенше!
Оны Форестье ханым шығарып салды.
— Сіз біздің келісімді ұмытқан жоқсыз ба? - деді ол əйелге бұрылып. Біз доспыз əрі одақтаспыз, солай емес пе? Сондықтан егер мен сізге
əлденеге керек бола қалсам, ұялмаңыз. Жеделхат, жай хат - мен сіздің
қызметіңіздемін.
— Рахмет, мен мұныңызды ұмытпаймын, - деді əйел сыбырлап.
Əйелдің көзі де соны айтып тұрды, алайда сөзінен де нəзік əрі тым
ықыласты сезіммен айтты.
Баспалдақпен түсіп келе жатып Дюруа баяу көтеріліп келе жатқан де
Водрскке жолығып қалды, оны бұл Форестьенікінен бұрын да бір көрген.
Графтың жүзі жабырқау еді, -бəлкім, Форестье ханымның кететіндігіне
қапалы болар, кім біледі?
Оған өзінің ақсүйектік ізетін көрсеткісі келіп, журналшы жігіт бас иіп
амандасуға асықты.
Де Водрек əдеппен, бірақ бір түрлі тəкаппарлау кейіппен амандасты.
Форестьелер бейсенбі күні кешкісін аттанып кетті.
VII
Шарль кеткеннен кейін "Француз өмірінің" саралқасында Дюруа
бұрынғыдан көрнектілеу рөл атқара бастады. Ол өзі қол қойып бірнеше
басмақала жазды, сонымен қабат хроникаға да қол қойып жүрді, өйткені
қожайын əрбір қызметкер өз материалы үшін жауап беруге тиіс деп талап
қойған-ды. Ол пікірталастарға да түсіп, одан əр жолы тамаша жағдаймен
шығып кетіп жүрді. Дегенмен мемлекет қайраткерлерімен тұрақты пікір
алысып тұру оны епті, көреген адам етіп еді - саяси бөлімнің қызметкеріне
ең керегі де сол.
Дюруаның көкжиегінде бір ғана бұлт көрінетін. Оған "Қаламүш" деген
атпен шығып тұратын бəлеқор газет, дəлірек айтқанда, сол газеттің лақап
атпен жазатын қызметкері "Вальтер мырзаның шалқаңнан түсіретін
хроникалары" деп "Француз өмірінің" хроника бөлімінің меңгерушісі
болып істейтін бұған үнемі шабуыл жасап тұрады. Əр күн сайын Дюруа
оның бетінен айқын тұспалдар мен кекетулерді, алуан түрлі өсек-аяңдарды
тауып отырады.
— Өте шыдамды адамсыз, - деді бірде оған Жак Риваль.
— Басқа амал жоқ, - деді Дюруа бұрқылдап. - Əзірше тіке шабуыл жоқ
қой.
Бірақ бір күні Дюруа саралқа залына енбей жатып-ақ Буаренар оның
қолына "Қаламұштың" нөмірін ұстата салды.
— Қараңыз, тағы да сіз жайында жайсыз мақала.
— Солай де! Неге байланысты?
— Түк те емес, қайдағы бір Обер ханым дегенді əдеп полициясының
ұстап алғаны жайында.
Жорж газетті ашып, "Дюруаның көңілі көтерілді" деген мақаланы оқып
шықты:
"Француз өмірінің" атақты тілшісі, біз бұдан бұрын хабарлағанымыздай,
əдеп полициясының жексұрын агенті тұтқындаған Обер ханымды біздің
тек қиялымыздағы ғана адам деп хабарлайды. Алайда аты аталған ханым
Монмартрда Экюрей көшесіндегі 18- үйде тұрады. Əйткенмен Вальтер
банкінің агенттерін өз коммерциясына көз жұмып қарайтын қалалық
полиция агенттеріне деген қандай қызығушылық, дəлірек айтқанда, қандай
қызығушылықтар билейтінін біз жақсы түсінеміз. Ал тілшінің өзіне келсек,
ол бізге оданда қандайда бір жалт қарататын оқиға айтпай ма, - өйткені ол
ертең-ақ өтірік екені əйгілі болатын өлімдерді, ешқашан болмаған
шайқастарды жəне де ешқашан сөйлейміз деп ойламаған монархтардың
сөздерін беру жөнінен маман ғой, - бір сөзбен айтқанда, Вальтердің
қосымша табысын құрайтын бүкіл хабардың шебері ғой, - тіпті болмаса ол
бізге күмəнді қошеметке ие болып жүрген əйелдердің кеші жайында
зиянсыз өсек-аяңды əңгімелемей ме немесе ең ақырында, біздің кейбір
бауырластарымызға азды-көпті табыс əкеліп жатқан азық-түліктің сапасын
мақтаса қайтеді".
Ашуланғаннан бұрын абдырап қалған Дюруаның бір ұққаны мынау:
осының бəрінің астарында бұл үшін өте ыңғайсыз бірдеме бұғып жатыр.
— Сізге ол мəліметті кім беріп еді? - деп сұрады Буаренар.
Дюруа барлық қызметкерді мұқият есіне түсіріп шықты.
Ақыры есіне түсті:
— Иə, сол, Сен-Потен!
Мақаланы қайта оқып, ол ызадан қып-қызыл боп кетті: оны сатқын деп
айыптапты.
— Қалайша! - деді айқайлап. - Олардың тұжырымдауынша, маған төлей
ме сол үшін...
— Əрине. Олар сізге арамдық істеді. Ал қожайын мұндай жағдайда
шолжаңдатпайды. Хроникашылар əлсін-əлі...
Сол кезде Сен-Потен кіріп қалды. Дюруа оған тап берді.
— Сіз "қаламұштағы" мақаланы оқыдыңыз ба?
— Иə, мен қазір сол Обер ханымнан келем. Ондай əйелдің бар екені рас,
бірақ ол тұтқынға алынған жоқ. Ондай сөздің ешқандай да негізі жоқ.
Дюруа қожайынға қарай жүгірді, ол оны салқын қарсы алды жəне оған
сенімсіздеу қарады.
— Сол əйелге барыңыз, - деді Вальтер оның түсіндіруін тыңдап болып, сонан соң сіз туралы бүгінгідей нəрселерді бұдан былай жазбайтындай етіп
бекерлеме жасаңыз. Мен мақаланың немен аяқталғанын айтып тұрмын. Ол
газетке де, маған да, сізге де кір келтіріп тұр. Журналшы деген, Цезарьдің
қатыны сияқты, күдіктен ада болуы керек.
Дюруа жолбасшыға Сен-Потенді алып дереу жүріп кетті.
— Монмартр, Экюрей көшесі, он сегіз! - деді айдаушыға айқайлап.
Оларға аса үлкен үйдің жетінші қабатына көтерілуге тура келді. Есікті
жүн кофта киген кемпір ашты. Сен-Потенді көріп:
— Тағы маған ба? - деді кейіп.
— Мен сізге полиция инспекторын алып келдім, - деді Сен-Потен, - сіз
оған болған оқиғаны түгел айтып беруге тиіссіз.
Кемпір оларды үйге кіргізді.
— Сізден кейін қай газеттен екенін білмеймін, бір газеттен тағы екеу
келді, - деп хабарлады да, əйел Дюруаға бұрылды: - Сіз, мырза, қалай
болғанын білмексіз бе?
— Иə. Сізді əдеп полициясының агенті қамағаны шын ба?
Əйел қолын шапалақтап жіберді.
— Ешқандай да, мырзам менің, ешқандай да. Жағдай былай болды.
Менің ет сатушымның еті өте жақсы, тек ол таразыдан тартады. Мен оны
ылғи байқаймын, бірақ өзіне ештеңе деген емеспін, ал бұл жолы қонаққа
қызым мен күйеу балам келетін болғасын, мен одан екі фунт жаншылған ет
сұрадым, - қарасам, ол өңкей қалдықтар мен сүйекті өлшеп жатыр, - рас,
жаншылған ет сүйексіз болмайды, бірақ ол маған тек сүйектерді тартып
жатыр. Одан рагу жасауға болатыны да рас, мен бірақ одан жаншылған ет
сұрадым ғой, - маған қайдағы бір қалдықтардың қажеті қанша? Сонан соң
мен оны алудан бас тартып ем, ол маған кəрі тышқан деп тіл тигізді, ал мен
оны кəрі алаяқ дедім. Содан сөзге сөз қайтарып, екеуміз ұстастық та
қалдық, дүкеннің алдына халық жиналды да кетті, жүз қаралы адам, ал кеп
гулесін, ал кеп гулесін! Ақырында полицей келіп, бізді комиссарға алып
барды. Комиссарда болдық та, екеуміз бір-бірімізбен жау болып шықтық.
Содан бері мен етті басқа жерден алам, тіпті оның дүкенін де əрдайым
алыстан айналып өтем - аш пəледен қаш пəле.
Əйел сонымен əңгімесін аяқтады.
— Сол-ақ па? - деп сұрады Дюруа.
— Болған-біткені сол-ақ, мырзам менің.
Кемпір Дюруаға бір рөмке қара өріктің шарабын ұсынып еді, ол ішпеді,
сонан соң кемпір одан хаттамада ет сатушының таразыдан тартатынын айта
кетуді өтінді.
Саралқаға оралған соң Дюруа бекерлеме жазды:
"Қаламұштың" лақап атпен жазғышы ашықтан-ашық мені масқаралау
мақсатымен бір егделеу əйелді əдеп полициясының агенті қамауға алды деп
жазады, ал мен оны жоққа шығарам. Мен Обер ханымды өз көзіммен
көрдім, - ол аз дегенде алпысқа келген адам, -ол кісі маған өзінің ет
сатушымен қалай ұрсысып қалғанын бастан-аяқ барлығын айтып берді:
ұрыс ет сатушыдан əйел жаншылған котлет сатып алуға барғанда, ол етті
таразыға дұрыс тартпағандықтан шығады, ал мəселе полиция
комиссарының алдында түсініктеме берумен аяқталады.
Факты осылай.
"Қаламұштың" тағы басқа өсек-аяңына келсем, оларға жауап беріп
жатуды өз дəрежемнен төмен нəрсе деп түсінем. Оның үстіне осының бəрін
құрастырушы адам масканың астына тығылып алыпты.
Жорж Дюруа".
Вальтер жəне сол кезде оның кабинетіне кіріп қалған Жак Риваль осы
жеткілікті деп тапты; бекерлемені жақын арадағы бір нөмірге, хроника
бөлімінің дəл астына беру ұйғарылды.
Ептеп мазасызданған əрі толқыған Дюруа үйіне ерте оралды. Лақап
атпен жазған адам бұған не деп жауап берер екен? Ол кім өзі? Неге бұған
сонша қатты шүйлігеді? Журналшылардың қатты мінезін білгендіктен, осы
түкке тұрмайтын нəрседен бүтін бір тарих жасауға болатындығын болжау
аса қиын емес еді. Дюруа жаман ұйықтады.
Келесі күні өз мақаласын газеттен қайта оқыған кезде, оның жазылуы
қолжазбадағыдан гөрі қатқыл көрінді. Кейбір сөзді жұмсартса да болғандай
екен.
Күні бойы ол күйі болмай жүрді, түнде тағы да нашар ұйықтады. Оның
бекерлемесіне жауап беретін "Қаламұштың" нөмірін ертерек сатып алу
үшін, ертесі таң бозынан тұрды.
Ауа райы қайтадан өзгеріпті: өте суық екен. Аяқжолдың бойында аяз
қатырып тастаған судың ұзыннан-ұзақ мұз арқаны созылып жатыр.
Дүнгіршектерге газет əлі түспепті. Сол арада Дюруа өзінің тұңғыш
мақаласы "Африкалық атқыштың естеліктері" қашан жарық көргенін
еріксіз есіне түсірді. Қолы мен аяғы қатып қалды, əсіресе саусақтарының
ұшы қатты ауыра бастағанын сезді. Жылыну үшін, терезесінен темір
пештің қасында жүрелей отырған сатушының тек мұрны мен қызарған беті,
жүн шəлісі ғана көрінген дүңгіршекті айналып жүгіре бастады.
Ақырында газет тасығыш терезенің желдеткішінен көптен күткен
буманы берді де, артынша сатушы əйел Жоржға "Қаламұштың" бүктелген
нөмірін ұстата салды.
Көзімен жүгіртіп, алғашында Дюруа өз атын таба алмады. Енді жайлана
бергенде, кенет көзі екі сызықпен оқшауланған мақалаға түсті:
"Француз өмірінің" қызметкері құрметті Дюруа бекерлеме жазыпты,
бірақ бекерлей отырып, ол тағы өтірік айтады. Əйткенмен ол Обер
ханымның шынында да бар екенін жəне оны полиция агенті учаскеге алып
барғанын мойындайды. Оған тек "полиция агенті" дегеннің алдына "əдеп"
деген сөзді қосса, сонда бəрі де өз орнында болар еді.
Алайда кейбір журналшылардың ұяты өз дарынымен бір деңгейде
болады.
Мен қолымды қоямын:
Луи Лангремон".
Дюруаның жүрегі қатты соғып кетті. Өз қылығының дұрыс-бұрыстығын
ойлап жатпастан, ол қайта киіну үшін үйіне келді. Иə, тіл тигізді, тигізгенде
де үнсіз қалуға мүмкін еместей қылып тигізді. Мұның бəрі неден
басталды? Ештемеден де. Қайдағы бір кемпірдің ет сатушымен ұрсысып
қалғанына бола.
Ол тез киінді де, əлі сегіз бола қоймағанына қарамастан, Вальтердікіне
бет алды.
Вальтер оған дейін тұрып, "Қаламұшты" оқып та қойыпты.
— Сонымен, - деді, Дюруаны көргенде, салтанатты үнмен, - сіздің,
əрине, шегінетін ойыңыз жоқ қой?
Дюруа ешқандай жауап қатқан жоқ.
— Бөгелместен Жак Ривальга жетіңіз, - деді қожайын, - ол сізге бəрін
реттеп береді.
Түсініксіз бірдемелерді міңгірледі де, Дюруа фельетоншыға жөнелді. Ол
əлі ұйықтап жатыр екен. Қоңырау оны қарғып тұруға мəжбүр етті.
— Сайтанның сапалағы! Оған баруға тура келеді, - деді мақаланы оқып
болған соң ол. - Екінші төрешіге сіздің кімді алғыңыз келеді?
— Шынымды айтсам, білмеймін.
— Буаренарды алсақ, қайтеді? Сіз қалай ойлайсыз?
— Буаренар болса, Буаренар болсын.
— Семсермен сіз жақсы сайысасыз ба?
— Мүлдем білмеймін.
— Қап, сайтан алғыр! Ал пистолетпен атуға ше?
— Ептеп ата алам.
— Өте жақсы. Мен сіздің іспен айналысып біткенше сіз жаттыға
тұрасыз. Бір минут күте тұрыңыз.
Ол өзінің əжетханасына өтіп кетті де, көп ұзамай жуынып, қырынып,
жіптіктей боп киініп шықты.
— Кеттік! - деді сонан соң.
Риваль шағын жеке үйдің астыңғы қабатында тұрады екен. Ол Дюруаны
көше жақ терезелері тас қылып жабылған үлкен жертөлеге алып келді жертөле тирге жəне семсерлесетін залға айналдырыпты.
Ол жертөленің түкпіріндегі мұнан гөрі кішірек жаймен қосылып кеткен
тұсқа дейін созылып жатқан газбен жанатын мүйізшамдар тізбегін жағып
кеп жіберді, сонау түкпірде қызыл жəне көк түске боялған темір манекен
тұр екен, үстелдің үстіне оқталатын жағын жоғары қаратып төрт пистолет
əкеліп қойды, сонан кейін олар дəп бір атысатын жерде тұрғандай-ақ, үзіпүзіп бұйрық бере бастады:
— Дайынсыз ба? Атыңыз! Бір, екі, үш!
Дюруа бозбала кезінде əкесінің ескі ағаш пистолетімен екпеге түскен
құстарды талай атқан-ды, сонысы енді пайдаға асты: бағынып, еш сөзге
келместен қолын көтерді, көздеді, атты жəне жиі-жиі манекеннің ішіне
тигізді, атқан сайын Жак Ривальдің мақтауын да естіп жатты.
— Жақсы. Өте жақсы. Өте жақсы. Сіз жеңіске жетесіз.
Кетерінде ол мынаны айтты:
— Өстіп түске дейін ата беріңіз. Мə, оқтарыңыз, аямай ата беріңіз. Бірге
тамақтану үшін, мен сізге келемін, сонда бəрін айтам.
Соны айтты да, ол шығып кетті.
Тағы бірнеше рет атқан соң Дюруа отырды да, ойға кетті.
— Дегенмен осының бəрі қандай сорақы! Бұл кімге қажет? Тек жекпежекте атысқаны үшін ғана жексұрын адам жексұрын болуын қоя ма?
Əлдебір сұмырай ар-ұятыма тиді екен деп, өз кеудесін адал адам қандай
қуанышпен оққа тосуы керек?
Оның ойлары көңілсіз жаққа бағыт алып кетті, ол Норбер де Вареннін
ақыл-ойдың əлсіздігі, біздің идеяларымыздың түкке тұрмайтындығы,
əрекеттеріміздің пайдасыздығы мен адамдардың мінез-құлқының
мағынасыздығы туралы айтқандарын еріксіз есіне алды.
— Шайтан алғыр, оның айтқандары қандай шын! - деп, Дюруа дауыстап
жіберді.
Оны шөл қысты. Бір жерде су тамшылап тұр; бұрылып қарады да,
душты көрді, жақын келіп, құбырдың аузынан су ішті. Содан соң тағы ойға
батты, жертөле қапас екен, көр сияқты қапас. Көшеден естіліп жатқан
көліктердің дыбысы алыстан жеткен күннің күркіреуін еске түсіреді. Қазір
сағат қанша болды екен? Мұндағы уақыт тамақ əкелетін адамның келуімен,
кетуімен ғана өлшенетін түрмедегідей ұзақ екен. Ол ұзақ, өте ұзақ күтті.
Ақырында, міне, адамдардың жүргені,
Буаренармен бірге Жак Риваль де келді.
сөйлегендері
естіліп,
— Бəрі реттелді! - деді ол сонадайдан.
Дюруа мұның бəрі кешірім сұраған хатпен-ақ аяқталатын шығар деп
ойлаған. Жүрегі атқалақтап кетті.
— А-а!.. Сізге алғысымды айтам, - деді міңгірлеп.
— Бұл Лангремоның қорқақтар қатарынан емес екен, - деді фельетоншы
сөзін жалғастырып, - біздің барлық шартымызды қабылдады. Жиырма бес
қадам жерден бұйрық бойынша пистолета көтеріп ату. Қолды жоғарыдан
төмен түсіргеннен гөрі, бұлай атқанда, қол əлдеқайда қатты болады.
Қараңыз, Буаренар, қазір көресіз менікі дұрыс екенін.
Сөйдеді де, пистолета алып, қолды төменнен жоғары көтергенде,
қарауыл сызығын сақтаудың оңай болатындығын көрсетіп атып-атып
жіберді.
— Жүріңіздер, енді барып таңертеңгі тамағымызды ішейік, сағат тіпті
бір болып қалыпты, - деді ол біраздан соң.
Олар жақын арадағы мейрамханаға барып тамақтанды. Дюруа тамақ жеп
біткенше бірде-бір тіл қатпады: ол тек қорқып отыр деп ойламасын деп
қана тамақ жеді. Буаренармен бірге саралқаға келгесін, күндегі əдеті
бойынша ғана, бірақ бей-жай қалпы жұмысын істей берді. Бəрі оны ғажап
ұстамдылық жасап отыр деп бағалады.
Талтүс кезінде Дюруаның қолын қысуға Жак Риваль кірді, олар таңғы
жетіде төрешілермен бірге төрт кісілік көлікпен келетін болып келісті,
содан кейін бəрі бірге кездесу өтетін Везине орманына барады.
Мұның бəрі оның қатысынсыз кенеттен болды, ешкім тіпті бұл жайында
оның не ойлайтынына да қызықпады, ешкім бұдан келісетінін не
келіспейтінін сұрап та əуре болған жоқ; оқиғаның жылдам дамығаны
соншалық, ол əлі күнге дейін есін жинап, өзіне-өзі келіп, болып жатқан
жағдайды талдап көрген емес.
Сенімді дос ретінде күні бойы қасынан бір елі шықпаған Буаренармен
бірге тамақтанған соң, кешкі тоғызға таман Дюруа үйіне қайтты.
Жалғыз қалған соң, ол үйдің ана бұрышынан мына бұрышына дейін əрі
тез, əрі кең адымдап бірер минут жүрді. Оның қатты толқығаны соншалық,
тіпті еш нəрсе де ойлай алмады. Басында шегедей қадалған тек бір ғана ой:
"Ертең жекпе-жек", - алайда ол да тек жауапсыз, бірте-бірте ұлғайып келе
жатқан үрейден өзге ештеңе оята алған жоқ. Əйткенмен бірақ бұл солдат
болды ғой, атты ғой бір кезде арабтарды, - əйтседе ол бұған үлкен қауіп
төндірген жоқ болатын: өйткені ол қабан атумен пара-пар нəрсе еді.
Жалпы алғанда, бұл дұрыс істеді. Өзін жақсы жағынан көрсетті. Бұл
жайында əңгіме қылады, мұны мақтайды, құттықтайды. Сол арада Дюруа
адамдарда қатты жан сілкінісі кезінде болатын əдетпен қатты айқайлап
жіберді:
— Қандай малғұн ол!
Сонан соң отырды да ойланды. Үстелдің үстінде қарсыласының өздерек
кəртішкесі жатыр екен, оны Риваль оның қайда тұратынын білу үшін
берген. Ол оны тағы оқыды, бұл жиырмасыншы рет: "Луи Лангремон,
Монмартр көшесі, 176". Сол-ақ.
Ол əріптердің қатарына қарады, олар оған құпиялы, арам ойға толы
көрінді. "Луи Лангремон" - ол өзі қандай адам? Жасы қаншада? Бойы
қандай? Бет əлпеті қандай? Қайдағы бір кемпір өзінің ет сатушысымен
ұрсысып қалғаны үшін, қайдағы бір бөтен, танымайтын адам кенеттенкенет ештеңенің қарасы жоқ сенің жайбарақат, бейбіт өтіп жатқан өмір
ағысыңды бұзып жібергені бұзақылыққа жатпай ма?
- Қандай малғұн! - деді ол тағы дауыстап.
Ол қозғалмай отырып, өздерек кəртішкесіне көз алмай қарады да, ойға
шомды. Оның бойында осы бір алақандай қағазға деген ашулы ызасы өрши
бастады жəне оған түсініксіз əлдебір ыңғайсыздық сезімі араласты. Қандай
ақымақтық жағдай! Ол тырнақ алатын қайшыны алды да, əлдекімге қанжар
сұғып жатқандай қимылмен қатырқаға жазылған кісі атын тескілеп
тастады.
Сонымен, енді бұл жекпе-жекке шықпақ, жəне де пистолетпен! Неге
семсерді таңдамады? Қолын тырнап кеткен жарақатпен-ақ құтылып кететін
еді, ал мұның қалай бітетінін бір құдай білсін.
- Ал қане, басыңды салбыратпа! - деді ол өзіне.
Өз даусынан өзі селк ете қалып, ол жан-жағына қарады. Қанша дегенмен
жүйкесі жұқарған екен! Бір стақан су ішті де, шешіне бастады.
Сонан соң жатты да, шамды өшіріп, көзін жұмды.
Үй іші əжептəуір салқын болғанмен, ол көрпенің астында қатты
ыстықтап кетті, содан ақыры ұйықтай алмады. Қайта-қайта дөңбекши
берді: бес минут шалқасынан жатты да, сол жамбасына аунап түсті, содан
соң оңға.
Оның үстіне шөл де қинады. Түрегеліп су ішіп еді, сол арада бір
мазасыздық биледі: "Бұл не, қорыққаным ба бұл?"
Бөлмеде күнде естіп жүрген сыбдырдан неге жүрегі атша тулап қоя
береді? Қабырғадағы сағаттың серіппесі соғар алдында сəл тырс етсе, оның
өне бойын діріл билеп, демалуға ауа жетпей, бірер секунд аузын ашып
ауаны қармайды.
Кəдімгі психологша ол өз жағдайын егжей-тегжейлі талдай бастады:
"Қорқам ба, жоқ па?"
Жоқ, əрине, қорықпайды, - оның өйткені аяғына дейін жетуге бел буған,
шайқасам, жүрексіздік көрсетпеймін деген батыл ниеті бар. Алайда ол
қатты толқып, өзіне-өзі еріксіз: "Адамды өз еркінен тыс та қорқыныш
билей ала ма?" - деген сұрақ қоюға мəжбүр болды. Сол-ақ екен күдік, үрей,
қорқыныш - бəрі бірден оған лап қойды. Егер оның жеке ырқынан басқа
қуаттырақ, өктем, жеңімпаз күш олардан басым түссе, не болар еді? Иə,
сонда не болар еді?
Əрине, ол соны қаласа, бұл атысуға барады. Ал егер қалтырай бастаса
қайтеді? Егер есінен танып қалса ше? Бəрі мұның сол жекпе-жектегі ісқылығына байланысты ғой: қол жеткен табыс та, бедел де, болашақ та.
Оны түсініксіз бір тілек биледі, орнынан тұрып, айнаға барып өзіне-өзі
қарағысы келді. Шам жақты. Айнадағы өз бейнесіне қарап, ол өзін-өзі зорға
таныды - құдды өзін бірінші рет көріп тұрғандай болды. Көзі тым үлкейіп
кеткен тəрізденді; бозарыпты, боп-боз болып кетіпті, өте қатты бозарыпты.
Кенет бір ой атылған оқша сарт ете қалды: "Бəлкім, ертең тап осы кезде
мен тірі де болмаспын". Тағы оның жүрегі өрекпи соғып кетті.
Ол кереуетке жақындап еді, сол сəт көз алдына бір сурет кенет келе
қалды: қазір ғана орнынан тұрғанда ысырып тастаған көрпенің астында
шалқасынан жатыр екен. Жүзі қуарған, құдды өлі адамдікіндей, сонан соң
көзіне мəңгі семіп қалған қолының аппақтығы түсті.
Оған өз кереуеті қорқынышты көрінді, оған қарамау үшін, терезені
ашып, сыртқа сұғына барып тұрды.
Сол сəтте-ақ ол қатты мұздап, тұншығып бара жатқан соң, терезеден тез
шегініп кетті.
Оның ашық пешке от жаққысы келді. Асықпай, алаңдамай от жағуға
кірісті. Бірдемеге тиіп кетсе болды, қолы қалтырап қоя береді. Ештеңені
айқын ажыратпай, басын үзік-үзік, жалт етіп жоқ боп кететін жабырқау
ойлар шырмап алды, мас адамдікінше басы мең-зең.
Ол қайта-қайта өзіне сұрақ қоюмен болды:
— Енді не істеуім керек? Менің жағдайым не болады?
Ол тағы бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүріп, мəн берместен бір сөзді
қайталай берді:
— Мен өзімді ұстауым керек, қалай болғанда да өзімді ұстауым керек.
Біраз уақыт өткен соң кенет оған ой түсті: "Қалай-қалай емес, əкешешеме хат жазуым керек".
Ол отырды да, алдына поштаның ақ қағазын жайып қойып жаза
бастады: "Қымбатты папа жəне мама..."
Алайда бұлайша қарата сөйлеу дəл мынандай трагедиялық жағдай үшін
жеткілікті салтанатты еместей көрінді. Ол парақты жыртып тастап,
қайтадан бастады: "Қымбатты əкем мен шешем, ертең таңсəріде мен
жекпе-жекке шығам, қалай-қалай емес, мүмкін..."
Аяғына дейін жазуға оның батылдығы жетпей, орнынан атып тұрып
кетті.
Жекпе-жек жайындағы ой оны əбден титықтатты. Ертең ол межеге
шығады. Басқа жол жоқ. Алайда мұның мына жағдайы не? Ол атысуға
дайын, өзінің батыл ниеті мен батыл шешімінен ол айнымайды. Солай бола
тұрса да өзін-өзі ол қаншалық қайрағанмен, оның жекпе-жек болатын
жерге жетуге де шамасы келетін емес.
Кей кезде оның тісі-тісіне тимей сақылдап кетеді, — құрғақ жəне онша
қатты емес дыбыс.
"Менің қарсыласым бұрын жекпе-жекке шығып көрді ме екен? - деп
ойлады Дюруа. -Тирге барып жүрген адам ба екен? Жақсы ата ма екен?
Оның жақсы ататынын жұрт біле ме екен?" Дюруа ол жайында ешқашан
естімепті. Əйткенмен егер ол адам титтей де толқымастан, бір сөзге де
келмей пистолетпен атысуға келісім берсе, онда оның бұл қауіпті қаруды
тамаша меңгергені ғой.
Дюруа жекпе-жек кезінде өзінің жəне қарсыласының өзін-өзі қалай
ұстайтынын елестетіп байқамақ болды. Жекпе-жектің əрбір ұсақ-түйегіне
дейін болжап білмек боп əуреленді. Кенет оның көз алдына ішінен оқ
ұшып шығатын жіңішке əрі терең тесік үңірейіп тұра қалды.
Сол сəт оны айтып жеткізе алмастай өкініш биледі. Бүкіл тұла бойы
қалшылдай селкілдеп қоя берді. Айқайлап жібермес үшін, ол тістеніп
шыдады, ақылынан айырылған адамша ол еденге аунап, қолына не түссе,
соны жыртып, тістелеп тастауға əзір еді. Ашық пештің үстінде тұрған
рөмкені көріп, шкап ішінде бір литрге жуық арағы бар екені есіне түсті
(Дюруаның əскери қызмет кезінен əр күні таңертең "тамағын жібітіп"
алатын əдеті қалған-ды).
Бөтелкені бас салып, дереу аузынан қомағайлана жұта бастады. Демі
таусылғанда барып бөтелкені қайта орнына қойды. Арақтың үштен бірін
бірден ішіп тастады.
Оттай ыстық бір ағын ішін қолма-қол күйдіріп, дереу тамыр-тамырына
тарап, басын айналдырып жіберді, енді ол өзін мықты сезінді.
"Ақыры амалын таптым", - деп ойлады ол.
Өне бойы күйіп бара жатты, тағы терезені ашуына тура келді.
Күн аяз, тымық болатын. Сонау алыстағы ақшулан аспанда жұлдыздар
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 10
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.