Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 19

Total number of words is 4228
Total number of unique words is 2120
36.5 of words are in the 2000 most common words
51.6 of words are in the 5000 most common words
59.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Шөл қандыруға асыққан қалың топ оның жолын бөгеді. Оларды киіпжарып өткен сəтте ол Марельдермен бетпе-бет жолығып қалды.
Əйелімен ол жиі кездесіп тұрады, ал күйеуін көптен көрмеген еді. Ол
бұған қос қолын бірдей созды:
— Қымбаттым менің, сенің Клотильда арқылы айтқан кеңесіңе мен
сондай ризамын! Марокколық зайымнан мен жүз мыңдай ұттым. Бұл үшін
тек қана сізге борыштармын. Нағыз дос деп сізді айтуға болар!
Еркектер сүп-сүйкімді нəзік қара торы əйелге бұрылып қарап өтіп
жатты.
— Қызметіме қызмет, қымбаттым менің,— деді оған Дю Руа,- мен сіздің
əйеліңізді алып кетсем деп тұрмын, дұрысы мен ол кісіге қолымды
ұсынамын. Жұбайларды үнемі бөліп əкету керек.
Марель мырза басын иді:
— Дұрыс айтасыз. Егер бір-бірімізді таба алмай қалсақ, бір сағаттан
кейін осы жерде жолығысайық.
— Өте жақсы.
Дю Руа мен Клотильда көп арасына сүңгіп кетті, ал күйеуі олардың
соңынан ерді.
— Вальтерлердің жолы болды, - деді Клотильда. - Шамдағай іскер адам
осындай болады.
— Иə, мықты адамдар қайткенде де қалағанына қол жеткізеді.
— Қыздарының əрқайсысына жиырма-отыз миллионнан жасау беріледі,
- деп сөзін жалғады əйел - Ал Сюзаннасы оның үстіне əп-əдемі қыз.
Жігіт үндемеді. Өзінің ойын біреу қайталауы оның ызасын келтірді.
Марель ханым "Су бетімен жүріп келе жатқан Исаны" əлі көрмепті.
Жігіт оны сонда ертіп баруға ұсыныс жасады. Жол бойы олар бейтаныс
жандарды келекелеп күлумен болды. Қастарынан өткен Сен-Потен
фрагінің өңіріне ордендерін жыпырлатып қадап алыпты, -ол бұлардың
күлкісін келтірді. Тіпті оның соңын ала өткен бұрынғы елшінің өзі де мына
журналшыдай орденге бай емес көрінеді.
— Қоғам емес, қырық жамау құрақ! - деді Дю Руа.
Бұларға амандасу үшін бұрылған Буаренар да жекпе-жек күні киген
сарғыш жасыл таспа бауын тағып алыпты.
Бір кішірек əйелдер бөлмесінде əлем-жəлем киінген семіз виконтесса де
Персмиур бір герцогпен əңгімелесіп отырды.
— Махаббат шырғалаңы, - деп сыбырлады Жорж.
Ал жылыжайда қатарласып отырған өз əйелі мен Ларош-Матьені көрді, өсімдіктердің қалқасынан олар анық байқалмайды. Сонда да олардың
түрінде: "Біз осы жерде жұрттың көз алдында кездесуге келіскенбіз. Жұрт
не десе де, түкіргеніміз бар", - деген ой жазулы тұрғандай.
Марель ханым Карл Марковичтің "Исасы" керемет екен деген пікірге
келді. Олар кері қайтты. Күйеуінің қайда қалып қойғаны белгісіз.
— Не, Лорина маған əлі де өкпелі ме? - деп сұрады Жорж.
— Иə, өкпелі. Сені көргісі келмейді, сен туралы сөз бола қалса, шығып
кетеді.
Жорж үнсіз қалды. Кішкентай қыздың өзін кенет жек көріп кеткені оған
қатты батты.
Есік алдында оларды Сюзанна тоқтатты.
— Ə, сіздер мында екенсіздер ғой! Ал, Сүйкімді дос, сіз жалғыз қаласыз,
мен Клотильда сұлуды алып кетпекпін, - ол кісіге өз бөлмемді көрсеткім
келеді.
Ол екеуі көптің арасымен тек əйел затының ғана қолынан келетін
ептілікпен - жыланша бұралаңдай басып жөнеле берді.
Сол сəтте құлағының түбінен біреу сыбыр ете қалды:
— Жорж!
Бұл Вальтер ханым еді.
— О, сіз неткен тас жүрек едіңіз! - деді ол даусын одан əрі бəсеңдете
түсіп. - Неге мені сонша қинайсыз! Сізге айтайын деген сөзім бар еді,
сондықтан Сюзаннаға қасыңыздағыны алып кетуді өтіндім. Тыңдаңызшы,
мен сізбен бүгін кешке сөйлесуім керек... əйтпесе... əйтпесе менің не істей
алатынымды сіз білмейсіз. Жылыжайға барыңыз. Сол жақта баққа
шығатын есік бар. Саяжолмен тура жүре беріңіз. Барып тірелген жерде
қалқалы отырғышты көресіз. Мен он минуттен кейін келемін. Егер
келіспейтін болсаңыз, ант етем, мен осы жерде қазір-ақ жанжал
шығарамын!
— Жақсы, - деді оны тəкаппар көзбен шолып өткен жігіт. - Он минуттен
кейін айтқан жеріңізде болайын.
Екеуі екі жаққа кетті. Бірақ жігіт Жак Ривальдің кесірінен кешігіп қала
жаздады. Ол мұны қолтықтап алып, жаңалықтарын айта бастады. Ол өзі
жаңа ғана дəмханадан шыққан сияқты. Ақырында Дю Руа оны есік
алдында ұшырасып қалған Марель мырзаның қолына беріп құтылды да,
тайып тұрды. Енді өз əйелі мен Лароштың қасынан көзге түспей өту қажет
еді. Олардың əңгіме қызығына түскені сондай, қастарынан оп-оңай өте
шығып, баққа келіп кірді.
Ашық ауада Дю Руа мұздай суға түскендей тітіркенді. "Сайтан алғыр,
суық тигізіп алмасам етті", - деп ойлаған ол мойнына қол орамалын байлап
алды. Содан кейін саяжолмен абайлап ілгері басты, - іштегі жарықтан кейін
оның көзі түк көрмеді.
Оңнан да, солдан да жіңішке жапырақсыз жалаңаш бұтақтар теңселіп
тұрды. Кенет алдынан ағараңдаған бірдеңе жалт етті де, сол сəт ол өзіне
қарсы асыға басып келе жатқан ашық көйлекті Вальтер ханымның дірілдей
шыққан даусын естіді.
— Ə, бұл сен бе? Сен не, мені көрге тыққың келіп жүр ме? - деп
сыбырлай сөйледі ол.
— Тек қана ашуға бой бермей сөйле, - деді Жорж сабырлы үнмен. —
Əйтпесе мен бұрылам да кетем.
Əйел оның мойнына асылып, ерніне ерні тиер-тимес қалыпта сыбырлай
тіл қатты:
— Мен саған не жаздым? Сен менімен оңбаған адамша сөйлесесің. Не
істедім мен саған?
Жорж оны өзінен аулақтатуға тырысты.
— Соңғы рет көріскенімізде, сен менің барлық түймелеріме шашынды
орап жіберіпсің. Əйеліміз екеуміз ажырасып кетудің аз-ақ алдында қалдық.
Ол əуелі таңданған қалып көрсетті, содан кейін басын шайқады.
— Жоқ, сенің əйеліңе бəрібір. Сірə, көп ашыналарыңның бірі шығар
қызғаныш білдірген.
— Менде ашына жоқ.
— Жаман қатты жоқ! Неге сен мен шақырғанда үйге келмейсің?
Аптасына бір рет келіп тұруға болатын еді ғой? Мен тек сен туралы ғана
ойлаймын, бейнең көз алдымнан кетпейді, масқара болғанда, атыңды атап
жіберуден өзімді шаққа ұстап қаламын, - сені қаншалықты сүйетінімді
осыдан-ақ біле бер. Сен оны ешқашан түсінбейсің! Мен бір қыспақта,
қапшықтың ішінде жүргендеймін, маған не болғанын өзім де түсіне алмайақ қойдым. Сен туралы ойлағанда, тынысым тарылып, жүрегім тілімденіп
кеткендей болады, аяқтарым шалынысып, жүре алмай қаламын. Күні бойы
сен жайлы ой жетегінде сілейіп отырамын да қоямын.
Жорж оған таңдана қарады. Оның алдында бұрынғы шалдуарланған
кəртамыш қыз емес, уайымнан мүжілген, енді ештеңеден тайынбайтындай
жағдайға жеткен қайғылы əйел тұрды.
Дегенмен оның басында бұлдыр бір ойлар туындап жатты.
— Қымбаттым менің, дүниеде мəңгілік махаббат деген болмайды, - деп
бастады ол. -Адамдар қосылысады, содан кейін ажырасады. Ал егер бұл
екеуміздікі құсап созыла берсе, ол ауыртпалыққа айналады. Мен біттім.
Саған ашық айтып тұрмын. Алайда егер сен ақылыңа иелік етіп, мені
досым ғана деп қабылдай алсаң, мен саған бұрынғыша келіп тұрамын.
Қалай, өзіңе күшің жете ме?
— Мен бəріне даярмын, тек сені көріп тұрсам болды, - деді Вальтер
ханым жалаңаш білегін оның иығына салып.
— Демек мəселенің басы ашық, біз тек қана доспыз.
— Иə, келістік, - деп күбірледі де, əйел оған ернін тосты. - Бір сүйші...
соңғы рет.
— Жоқ, - деді ол жұмсақ қана. - Сөзде тұру керек.
Əйел бұрылып кетіп, көз жасын сүртті де, іштартқышынан қызғылт
лентамен байланған ораманы алып, Дю Руаға ұсынды.
— Мə, ал. Бұл марокколық зайымнан ұтқан сенің үлесің. Сен үшін
осыны ұтқаныма қуанамын! Алсаңшы...
Жорж бас тартты:
— Жоқ, мен бұл ақшаны алмаймын!
Əйел шарт кетті:
— Сенің тарапыңнан мұның тым қаталдық! Бұл басқа ешкімдікі емес,
тек сенің ақшаң. Сен алмасаң, мен мұны қоқысқа лақтыра салуға мəжбүр
боламын. Бірақ сен алуға тиіссің, Жорж, аласың ғой?
Дю Руа ақшаны алып, қалтасына сүңгітті.
— Кету керек,- деді ол, - сен өкпеңе суық тигізіп аласың.
— Жақсы болар еді! - деді əйел баяу үнмен. - Аһ, өліп қалсам ғой!
Ол Жорждың қолына жабысып, елжірей, бар жанымен елбірей сүйді де,
үйге қарай жүгіре жөнелді.
Жорж ойға шомған қалыппен оның соңынан ерді. Жылыжайға енгенде
оның басы қақшия түсіп, ернінде күлкі ойнап тұрды.
Əйелі мен Ларош кетіп қалған екен. Тобыр азаяйын депті. Балға
қалатындар аз болатыны байқалып тұр. Кенет ол əпкесімен қол ұстасып
алған Сюзаннаны көріп қалды. Олар бұған келіп, өздерімен бірге граф де
Латур-Ивеленге қосыла алғашқы кадрильді билеуін өтінді.
— Оларың кім тағы? - деп таңдана сұрады ол.
— Ол əпкемнің жаңа досы, - деді Сюзанна қулана күлімдеп.
Роза шырт ете қалды.
— Қалай ұялмайсың,
соншалықты сенікі де!
Сюзетта,
ол
қаншалықты
менікі
болса,
— Мен айтар сөзімді білемін.
Роза ашуланып, кетіп қалды.
Дю Руа əдеппен Сюзаннаны қолтықтап алды.
— Тыңдашы, кішкентайым, - деп бастады ол өзінің бал татыған тілімен,сіз мені досым деп санайсыз ғой?
— Əрине, Сүйкімді дос.
— Сіз маған сенесіз бе?
— Əбден сенемін.
— Бағанағы əңгіме есіңізде ме?
— Қайсы?
— Сіздің күйеуге шығуыңыз туралы, дəлірек айтсам, сіз күйеуге
шығатын жан туралы.
— Иə.
— Ал енді сіз маған бір уəде бере аласыз ба?
— Иə. Бірақ қандай уəде?
— Егер біреу-міреу сізге күйеуге шығу жөнінде ұсыныс жасай қалса,
бұған менің қалай қарайтынымды біліп алмай тұрып, ешкімге келісім
бермеуге уəде етіңізші.
— Жақсы, уəде етемін.
— Бұл екеуміздің арамызда қалсын. Əкеңе де, шешеңе де айтушы
болмаңыз.
— Айтпаймын.
— Ант етіңіз.
— Ант етемін.
Бұлардың қасына іскер адамның кейпімен Риваль жүгіріп келді.
— Бикеш, əкеңіз сізді балға шақырып жатыр.
— Жүріңіз, Сүйкімді дос, - деді қыз.
Бірақ ол қайтуды ойлап тұр еді, ол оңаша кетіп, қолы боста жақсылап
ойланып алуға шешім қабылдады. Оның жаны бүгін жаңа əсерлерге толы
еді. Ол əйелін іздеп, ұзамай оны дəмханада бір-екі еркекпен шоколад ішіп
отырған жерінен тапты. Ол қасындағыларға "күйеуін таныстырды, бірақ
олардың атын бұған атаған жоқ.
— Кеттік пе? - деді біраздан кейін ол əйеліне қарап.
— Кетсек кетейік.
Екеуі қолтықтасқан күйі босап қалған залдарды басып өтті.
— Үй иесі ханым қайда? - деді Мадлена. - Онымен қоштаспаймыз ба?
— Қажет емес. Ол бізді балға қалыңдар деп үгіттей бастайды, мен тойып
болдым.
— Рас айтасың.
Жол бойы екеуі жақ ашпады. Тек жатын бөлмеге енісімен, Мадлена бет
пердесін сыпыра бере күйеуіне күле қарады:
— Саған айтатын бір сүйіншім бар.
— Тағы қандай сүйінші? - деді Жорж ұнатпай.
— Тапшы.
— Басымды ауыртарым жоқ.
— Жақсы онда. Бүрсігүні бірінші қаңтар ғой.
— Иə.
— Бүгін нағыз жаңажылдық сыйлық тапсыратын күн.
— Иə.
— Міне саған жаңажылдық сыйлығым, - жаңа ғана оны Лароштан
алдым.
Осылай деп ол зергерлік бұйымдар салынатын қаптамаға ұқсас
кішкентай қара қорапшаны ұсынды.
Дю Руа оны беймарал кейіппен ашып, Құрметті легион орденін көрді.
Ол сəл бозарып кетті де, езу тартты:
— Мен он миллионға келісер ем. Ал мынауың оған арзанға түсті.
Қуаныштан есі шығады деп күткен күйеуінің мына салқындығына əйелі
ренжіп қалды.
— Не боп кеткенсің өзің? Саған ештеңе жақпайды.
— Ол маған өзінің қарызын өтемек боп жатыр, бар-жоғы сол ғана, - деді
Жорж сабырлы үнмен. - Оның маған берешегі əлі көп.
Оның сөз сарыны Мадленаны таңдандырды.
— Алайда сенің жасыңда бұл да аз емес, - деді ол.
— Бəрі шартты, - деді Жорж қарсылық білдіріп. - Дəл қазір менің
қолымда көп нəрсе болар еді.
Ол қорапшасын алды да ашық пештің үстіне қойып, жарқыраған
жұлдызды анықтап қарады. Содан кейін оны қорабына салып қойды да,
иығын бір көтеріп, шешіне бастады.
Бірінші қаңтар күнгі "Үкімет хабаршысында" шынында көсемсөзші
Проспер-Жорж Дю Руа үздік еңбегі үшін Құрметті легион орденінің иегері
болғаны туралы хабар басылды. Дю Руа орденнің өзінен гөрі
фамилиясының екі рет жазылғанына қуанды.
Осы хабарды газеттен оқып, өзінің орден алуы қоғамдық маңызға ие
болғанына көзі жетіп отырғанда, бір сағаттан кейін қолына Вальтер
ханымның хаты тиді: ол мұның бүгін түстікке əйелімен келіп, мына
марапаттауды атап өтуге мүмкіндік беруін өтініпті. Алдында бас тартқысы
келгенімен, артынан оның басқаша түсінуге де болатын хатын отқа жағып
жіберді де, Мадленага келіп:
— Бүгін біз Вальтерлердің үйінде түстенеміз, - деп мəлімдеді.
Ол таңғалды.
Қызық екен! Енді табалдырығынан аттамаспын деген кім еді?
— Ол ойымнан қайттым, - деді де қойды ол.
Бұлар келгенде, Вальтер ханым адамдарды оңаша қабылдайтын
кішігірім бөлмеде отыр екен. Ол бастан-аяқ қара киініпті, опаланған шашы
өзіне сондай жарасып тұрды. Алысырақтан қарағанда ол кəрілеу
көрінгенімен, жақындап келгенде жап-жас сияқты, байқағыш адамға бұл
кереғар əсер оны тартымды ете түсетіндей.
— Сіздің біреуіңіз қайтыс болды ма? - деп сұрады Мадлена.
— Иə деуге де, жоқ деуге де болады, - деді ол қайғылы дауыспен. Жақындарымнан ешкім қайтқан жоқ. Бірақ қазір мен өткен өмірімді аза
тұтатын жастамын. Бүгін мен бірінші рет кидім, енді қалған ғұмырымда
жүрегіммен аза тұтып өтемін.
"Төзе алар ма екем?" - деп ойлады Дю Руа.
Түстік жабырқау жағдайда өтті. Тек Сюзанна ғана ауыз жаппай
сөйлеумен болды. Роза да əлденеге алаңдап отырғандай көрінді. Бəрі
журналшыны қызу құттықтады.
Кешкілік барлығы бір-бірімен əңгіме-дүкен құра жүріп, залдарды, қысқы
бақты аралап кетті. Дю Руаның соңынан келе жатқан Вальтер ханым оны
қолынан тартып тоқтатты.
— Тыңдаңызшы, - деді ол ақырын сөйлеп. - Мен енді сіздің мазаңызды
алмаймын, ешқашан... Тек қана келіп тұрыңызшы, Жорж. Көрдіңіз ғой, мен
енді "сен" деуді де қойдым. Бірақ сізді көрмей өмір сүру мүмкін емес,
мүмкін емес. Бұл бір сұмдық қиналыс. Күндіз-түні тек сіз көз алдымда
тұрасыз да қоясыз, жан-жүрегіме, денеме сіңіп кеткендейсіз. Сіз маған у
берген сияқтысыз да, сол у мені ішімнен мүжіп жеп барады. Шыдай алар
емеспін. Шыдамым жетер емес. Мені кемпір санай беріңіз, - қарсылығым
жоқ. Шашымды да əдейі сіз менің ақ шашымды көрсін деп опалап алдым, мейлі, тек қана келіп, көрініп тұрыңызшы, анда-санда болса да, дос
ретінде.
Əйел оның қолын қатты қысқаны сондай, тырнағы етіне батып кетті.
— Бұл шешілген мəселе, - деді Жорж беті бүлк етпестен. - Қайталай
беріп керегі не. Көрдіңіз ғой, сіздің хатыңызды алысымен жетіп келдім.
Вальтер қыздарымен жəне Мадленамен алда келе жатқан; "Су бетімен
жүріп келе жатқан Исаның" қасына тоқтай қалған Вальтер Дю Руаны тосып
алды.
— Қызық бар, - деді ол күле сөйлеп, - кеше əйелімнің мына сурет
алдында ғибадатханадағыдай тізерлеп тұрғанын көріп қалдым. Ол
жалбарынып тұрды. Күлгенім-ай!
— Исаның бұл бейнесі менің жаныма шипа дарытады, - Вальтер
ханымның сенімді шыққан үнінен ризалығы сезіліп қалды. - Көз алмай
қараған сайын бойыма күш-қайрат құйылғанын сеземін.
Теңіз толқынында тұрған құдайға бұрылып, сөзін сыбырлай аяқтады:
— Қандай ғажап! Ол мына адамдарға қаншалықты үрей тудырса да,
олар оны соншалықты жақсы көреді! Басына, көзіне қараңдаршы, - бəрі
сондай қарапайым əрі санаға сыймайтындай құдіретті!
— Ол өзі сізден аумайды ғой, Сүйкімді дос! - деп дауыстап жіберді
Сюзанна. -Құдайақы, ұқсайды. Егер сіз сақал қойсаңыз немесе ол сақалын
қырып тастаса, - құйып қойғандайсыздар. Керемет!
Ол Жорждан суреттің қасына тұруын өтінді. Бəрі де екеуінің өңінде
ұқсастықтар бар деп тапты.
Бұған бəрі де таңғалып жатты. Вальтерге бұл ақылға сыймайтын нəрсе
болып көрінді. Мадлена күле түсіп, Исаның өңі қатаңдау екенін айтты.
Вальтер ханым қалшиып тұрып, біресе өз ашынасының жүзіне, біресе
Исаның бейнесіне кезек қарай берді. Осы сəт оның өңі де шашы сияқты
аппақ болып кетті.
VIII
Ерлі-зайыпты Дю Руалар қыс аяғына қарай Вальтерлер үйіне жиі
қатынап тұрды. Мадлена көбінесе шаршап тұрғанын айтып, үйде қалғысы
келген кездері Жорж жалғыз өзі-ақ келіп жүрді.
Ол жұма күндері келетін, ал Вальтер ханым бұл күні басқа ешкімді
қабылдамайды. Бұл күн Сүйкімді достың, тек қана соның күніне айналды.
Тамақтанып болғаннан кейін карта ойнайды, қытайлық балықтарға
қолдарынан жем шашады, үй ішілік уақыттарын қалайда көңілді өткізіп
жүрді. Бірнеше рет есік қалтарысында, жылыжайдағы бұталар қалқасында,
кез келген қараңғы бұрышта Вальтер ханым Жоржды шап беріп құшақтап,
кеудесіне қыса түсіп, құлағына алқына сыбырлайтын:
— Мен сені сүйемін!.. Сүйемін сені!.. Ес-түссіз сүйемін!
Ал ол əйелді салқынқандылықпен ысырып тастап, жай ғана:
— Ескіні қозғай беретін болсаң, келмей қоямын,- дейді.
Наурыз айының соңында күтпеген жерден апалы-сіңлілі қыздардың
екеуі де күйеуге шығады екен деген сөз тарады. Розаның жігіті граф де
Латур-Ивелен, Сюзаннанікі -маркиз де Казоль десіп жүрді. Аталған екі
мырза бұл үйде айрықша құрметке бөленіп, өз адамдарындай болып кетті.
Жорж бен Сюзанна кəдімгі аға мен қарындастай тату қатынаста болды;
олар бірнеше сағат бойы ауыз жаппай əңгімелесіп, жұрттың бəрін
келекелеп күлісіп отыратын, сырттай қарағанда, екеуіне де бірге болу
ұнайтындай көрінеді.
Олардың ешқайсысы қыздың алдағы болар тойы жөнінде, жұрттың
аузындағы сөз туралы тіс жарған емес.
Бір күні таңертең бастығы Дю Руаны өз үйіне сүйрегендей етіп алып
келді де, таңғы тамақтан кейін Вальтер ханымды бір жабдықтаушымен
сөйлесуге шақырып кетті, Жорж сол кезде Сюзаннаға:
— Жүріңіз, қызыл балықтарға жем берейік, - деген ұсыныс жасады.
Олар үстелден жұмсақ нанды уыстап алып, жылыжайға қарай беттеді.
Мəрмəр тоспаның жиегінде тізерлеп тұрып судағы жəндіктерге үңіле
қарауға болатын жастықтар жататын-ды. Сюзанна мен Дю Руа қатарласа
тізелерін бүгіп, суға еңкейген күйі нанды уқалап домалақтап, балықтарға
лақтыра бастады. Мұны көрген балықтар жүзіп келіп, құйрықтарын
былғаңдатып, арқа қанаттары жыбырлап, адырайған көздерін алақтатып,
суға түскен нанды сүңги қақшып алып, іле қайта шығып, тағы дəметкендей
айнала жүзіп жүрді.
Олар ауыздарын ашып-жауып, алға орғи секіргенде, адам қорқатындай
құбыжыққа ұқсап кетеді. Хауыз түбін жапқан алтын құм аясында олар қан
қызыл түсімен жанар суырғандай болса, мөп-мөлдір су бетінде секірген
кезде жарқ еткен жалындай шалынып, тоқтаған кезде қабыршағындағы
көгілдір түсін көзге тосады.
Жорж бен Сюзанна өздерінің суға төңкерілген бейнелеріне қарап күлді.
Кенет Жорж ақырын ғана:
— Сіз менен сыр жасыра бастадыңыз, Сюзанна, бұл жақсы емес, - деді.
— Қандай сыр, Сүйкімді дос? - деп сұрады қыз.
— Анау жолғы атаулы кеште дəл осы жерде нендей уəде бергеніңіз
есіңізде ме?
— Жоқ.
— Сізге біреу-міреу үйлену туралы ұсыныс жасай қалса, алдымен
менімен ақылдасамын деп уəде бергенсіз.
— Солай болса ше?
— Біреу сізге ұсыныс жасады ғой. Кім екен ол?
— Өзіңіз де жақсы білесіз кім екенін.
— Білмеймін. Шын айтам.
— Білесіз! Анау ұзынтұра сəнқой, маркиз де Казоль.
— Ең алдымен ол сəнқой емес.
— Мүмкін. Бірақ ол ақымақ. Қарта ойнап, сауық-сайран құрумен-ақ
азып-тозып біткен жан. Айтары жоқ, мына сен сияқты жап-жас, əдемі де
ақылды қызға керемет жарасады.
— Оған бір қарсылығыңыз бар ғой, сірə? - деп сұрады қыз күлімдей
түсіп.
— Менің бе? Ешқандай.
— Жоқ, бар. Бірақ ол мүлде сіз айтқандай жан емес.
— Қойыңызшы енді. Ақымақ əрі қаскүнем.
Қыз суға үңілуді қойып, басын бұған бұрды.
— Сізге не болған?
— Мен... мен... мен сізді қызғанамын, - деді ол дəп бір жүрегіндегі
қасиетті құпиясын амалсыз суырып салғандай үнмен.
Қыз оншалықты таңырқай қойған жоқ.
— Сіз бе?
— Иə, мен!
— Солай ма! Неге олай?
— Өйткені мен сізді сүйемін, ал сіз, жаман қыз, мұны өзіңіз де жақсы
білесіз.
— Есіңізден адасқаннан саумысыз, Сүйкімді дос! - деді ол қатаң үнмен.
— Есімнен адасқанымды өзім де білемін, - деді жігіт. — Əйтпесе мен
сияқты үйлі-баранды адам сіз сияқты жас қызбен осылай сөйлесер ме еді!
Мен жарымес қана емес, қылмыскер, оңбаған адаммын. Ешбір үміттенуге
хақым жоқ екенін білген сайын есімнен айырыла түсемін. Ал менің
көзімше сіздің күйеуге шығатыныңыз жөнінде сөз бола қалса, біреуді
өлтіріп тастағым келеді. Сіз мені кешіріңіз, Сюзанна!
Ол үнсіз қалды. Нан лақтыруды қойғаннан кейін балықтар ағылшын
солдаттары құсап, сапқа тізіле тұрып, төмен еңкейген адамдардың
жүздеріне бақырая қарап қалыпты. Алайда адамдардың енді олармен істері
жоқ еді.
— Сіздің əйеліңіз бары өкінішті-ақ, - деді қыз əзіл-шыны аралас. - Бұған
не істеуге болады? Бос əуре. Бəрі бітті!
Жігіт жалт бұрылып, қыздың бетіне төне түсті:
— Басым бос болса, маған күйеуге шығар ма едіңіз?
— Иə, Сүйкімді дос, мен сізге күйеуге шығар едім: сіз маған бəрінен
артық ұнайсыз,-деп ол шынын ашып айтты.
— Ризамын... ризамын,.. - деп күбірледі ол - Сізден жалына өтінемін:
ешкімге келісім бермеңізші. Тағы біраз тосыңызшы. өтінемін! Уəде бересіз
бе?
— Уəде етемін, - мұның не үшін қажет екенін түсінбесе де,
қысылыңқырай тұрып қыз уəдесін берді.
Дю Руа алақанында қалған нанның қалдығын суға тастай салды да,
əбден басынан айырылған адамша қоштаспастан жүгіре басып кетіп қалды.
Бұл соңғы нан кесегі алақанда езілмегендіктен, ол судың түбіне кетпей,
бетінде қалқып жүрді де, балықтар жапатармағай тұра ұмтылысты, жыртқыш ауыздар нанды жан-жақтан жұлмалап жатты. Таласа-тармаса
олар хауыздың келесі басына ауысты, нанға үймелеген балықтар енді
алыстан су ішінде жайқалып тұрған тірі гүл шашақтарының басына ұқсап
кетті.
Абыржып қалған Сюзанна таңырқаған күйі орнынан тұрып, өз
бөлмесіне беттеді.
Жорж үйіне түк болмағандай қалыппен келді де, бұл кезде хат жазып
отырған əйеліне бұрылып:
— Жұма күні Вальтерлердің үйіне түстікке барасың ба? Мен барамын,деді.
— Жоқ, - деді əйелі сенімсіздеу үнмен. - Мен ауырыңқырап жүрмін.
Үйде отырғаным дұрыс.
— Өзің біл сені ешкім зорламайды, - деді де, қалпағын алған Жорж
қайтадан шығып кетті.
Ол көптен бері əйелінің қыр соңына түсіп, аңдып, əр адымын
бақылаумен жүрген-ді. Ақырында күткен сəт те туды. Ол мына: "Үйде
отырғаным дұрыс", - дегеннің астарында не жатқанын бірден аңғарды.
Кейінгі күндері ол əйелімен өзін өте сақ ұстады. Əдеттегісінен тыс ол
тіпті көңілді болып жүрді.
— Бұрынғы сүйкімді Жорж қалпына келіп қапсың, - деді Мадлена.
Жұма күні ол ерте жинала бастады, өзінің айтуынша, бастығының
үйіндегі түстікке дейін бір жерлерге барып шығуы керек екен.
Сағат алтыға таман ол əйелін бір сүйіп, үйінен шықты да, Нотр-Дам-де
Лорет алаңына барып, күйме жалдады.
— Фонтен көшесіндегі он жетінші үйдің қарсысына тоқтаңыз да, мен
айтқанша қозғалмаңыз, - деді ол ат айдаушыға. - Содан кейін мені Лафайет
көшесіне, "Қырғауыл" мейрамханасына алып барасыз.
Ат желе аяңдап жөнелгенде, Дю Руа пердені түсіріп қойды. Он минуттен
кейін үйден Мадлена шығып, ішкі бульварға қарай беттеді. Ол біраз ұзадыау дегенде, Жорж есіктен басын шығарып айғай салды:
— Кеттік!
Біраздан кейін күйме оны "Қырғауыл" мейрамханасына - осы көше
орамындағы ең əйгілі орта қол мейрамханаға - алып келді. Жорж жалпы
залға кіріп, тамаққа тапсырыс берді. Асықпай тамақтанып отырып, ол
əлсін-əлсін сағатына қараумен болды. Ақырында кофе мен екі рөмке кəниəк
ішіп, хош иісті сигарды рақаттана шегіп болғаннан кейін, сағат тура жеті
жарымда мейрамханадан шықты да, өтіп бара жатқан күймені тоқтатып,
Ларошфуко көшесіне алып баруды бұйырды.
Күймені бір үйдің қасына тоқтатқан Дю Руа есіккүзетке ештеңе
айтпастан төртінші қабатқа көтерілді де, есік ашқан қызметші əйелден:
— Гибер де Лорм мырза үйде ме? - деп сұрады.
— Иə, мырза.
Оны қонақжайға ертіп барды; біраз күттіріп барып оның қасына сұңғақ
бойлы, айбынды, ордендері сыңғырлаған ақ шашты адам келді.
Дю Руа иіліп құрмет көрсетті.
— Менің жорамалдағанымдай, əйелім қазір өзінің ашынасымен Мартир
көшесіндегі жалдап алған жиһазды бөлмелерінде түстеніп отыр, полиция
комиссары мырза, - деді ол.
Тəртіп сақшысы басын иді.
— Қызметіңізге əзірмін.
— Біз бəрін сағат тоғызға дейін үлгеруіміз қажет, солай емес пе? - деп
Жорж сөзін жалғады. - Өйткені тоғыздан кейін зинақорлық ісінің үстінен
түсу үшін жеке пəтерлерге басып кіруге сіздің хақыңыз болмайды ғой?
— Нақтылай түссек: қыста - жетіге дейін, ал отыз бірінші наурыздан
бастап тоғызға дейін. Бүгін сəуірдің бесі, демек сағат тоғызға дейін əлі
уақытымыз бар.
— Онда былай, комиссар мырза, төменде мені күйме тосып тұр,
сондықтан бізбен бірге болуға тиісті агенттерді ала кетейік, содан кейін
есік алдында кішкене тоса тұрамыз. Неғұрлым кешірек кірсек, соғұрлым
оларды қылмыс үстінде басу ықтималдығымыз нақты болмақ.
- Өзіңіз біліңіз.
Комиссар шығып кетіп, үш түсті белдігін жасыратын пəлтесін киіп
оралды. Ол шығар бетте Дю Руаны алға оздырғысы келіп ығысып еді, бірақ
өз ойының жетегінде тұрған ол да шегіншектеп:
— Сізден кейін... сізден кейін... - деп қайталай берді.
— Өтіңіз, Дю Руа мырза, мен өз үйімдемін, - деп ескертті тəртіп
сақшысы.
Дю Руа иіліп құрмет көрсетті де, табалдырықтан аттады.
Ол кешқұрым біреулерді ұстауға шығатындықтарын күндіз ескертіп
қойған болатын, сондықтан бұлар комиссариатқа келгенде, киімдерін
ауыстырып киген үш агент сақадай-сай отыр екен. Олардың біреуі ат
айдаушының қасына отырып, қалған екеуі арбаға сыйысты да, арбакеш
бұларды Мартир көшесіне алып келді.
Пəтердің жоспары менде бар, - деді жолда Дю Руа. - Бұлар үшінші
қабатта. Оң жақта кішігірім кіреберіс, содан кейін ас үй, одан əрі жатын
бөлме. Үш бөлме бірінен-біріне өтеді. Құпия есік жоқ, сондықтан қашып
кете алмайды. Темір ұстасы осы маңда тұрады. Ол сіздің бұйрығыңызды
күтіп отыр.
Олар көрсетілген үйдің қасына келгенде, сегізден он бес минут қана
кеткен еді. Есік алдында жиырма минуттей үнсіз тосып тұрысты. Қазір он
бес минутсіз тоғызды соғатынын байқаған сəтте ғана Дю Руа:
— Ал енді кеттік, - деді.
Есіккүзетке көңіл де аудармастан, ал ол бұларға тіпті көз де салған жоқ,
олар баспалдақпен көтеріле бастады. Кіреберісте агенттердің біреуі күзетте
қалды.
Төрт еркек үшінші қабатқа көтеріліп тоқтады. Дю Руа есікке құлағын
тосты, содан кейін кілт тесігінен сығалады. Бірақ ештеңе көрініп, естіле
қоймады. Содан кейін ол қоңырауды басты.
— Осы жерде дайын тұрыңдар, - деп ескертті комиссар өз агенттеріне.
Екі-үш минуттен кейін Жорж тағы да бірнеше рет қатарынан қоңырауды
шырылдатты. Бөлме ішінде бір қозғалыстар сезілді, жеңіл аяқ дыбысы
естілді. Біреу барлауға келгендей. Журналшы бүгілген саусағымен есікті
қатты-қатты қағып жіберді.
— Бұл кім? - деп сұрады ар жақтан біреу; даусын өзгертуге тырысқан
əйел үні.
— Заң атымен бұйырамын: ашыңыз, - деді тəртіп сақшысы.
— Сіз кімсіз? - деп сұрады жаңағы дауыс.
— Полиция комиссарымын. Ашыңыз, əйтпесе мен есікті бұзуға əмір
беремін.
— Сізге не керек?
— Бұл менмін, - деді Дю Руа. - Енді бізден құтыла алмайсыңдар.
Жалаң аяқ дыбысы есіктен ұзай берді де, бірнеше секөнттен кейін
қайтып келді.
— Ашпасаңдар, есікті бұзамыз, - деді Дю Руа.
Ол мыс тұтқаны сығымдай ұстап, иығымен есікті итеріп қойды. Жауап
болмады; сол кезде ол бар күшін салып жұлқына итеріп жібергенде, ескі
құлып шыдас бермеді. Жұлынған бұрандалар жан-жаққа шашырап, Дю Руа
Мадленаға соқтығып құлай жаздады, - қолына майшам ұстаған ол есік
алдында тұр екен, - жалаңаяқ, шашын арқасына бос жіберген үстінде тек
төсек көйлегі ғана бар.
— Мынау сол, біз үстінен түстік! - деп айқайлаған Жорж бөлмеге
ұмтылды.
Қалпағын қолына алған комиссар оның соңынан ерді. Не істерін білмей
абыржыған Мадлена олардың жолына жарық түсіріп арттарында келе
жатты.
Ас үйдегі жиюсыз қалған үстел үстінде тағам қалдықтары: шампан
шөлмегі, ашылған паштет қалбыры, мүжілген тауық сүйектері жəне
жартылай тістелген нан турамдары көзге түсті. Буфетте екі тақсыда
устрица қабыршақтары үйіліп қалыпты.
Жатынжай астан-кестен. Орындық арқалығында əйел көйлегі ілулі тұр,
кресло жақтауында шалбар жатыр. Кереует алдында екі үлкен, екі кіші төрт бəтеңке домалап қалыпты.
Осы бір жиһазымен бірге жалданатын үйлердің бір-біріне ұқсас
қалыптағы жатын жайында, қонақүйлік жиіркенішті, жүрек айнытатын
қолаңса иісі бар. орындықтардан, қабырғадан, төсектен, перделерден
аңқып тұрған жағымсыз иісі үзілмейтін бөлмеде бар-жоғы бір түнеп
шыққан, бір күн немесе жарты жыл тұрған адамның əрқайсысы мұнда
өзіне тəн бір иісін қалдырып кетеді де, осы иіс бұған дейінгі болғандардың
иісіне араласып, ақыр аяғында сондай бір түсініксіз, тəттілеу əрі сонымен
қатар адам төзгісіз сасық иіске айналып, осындай мекемелерге ортақ сіңісті
иіске айналады.
Алды ашық пеш үстінде тəттілер салынған-тақсылар, шартрез шөлмегі
мен ішіндегісі жартылай ішілмеген екі рөмке тұрды. Қола сағаттың
төбесіне цилиндр қалпақ орналасыпты.
Комиссар жалт бұрылып, Мадленаға тесіле қарады.
— Сіз Клер-Мадлена Дю Руа ханым, осы жерде тұрған көсемсөзші
Проспер-Жорж Дю Руа мырзаның заңды əйелі боласыз ба?
— Иə, - деп, даусы қарлығыңқы шықса да, анық жауап қатты Мадлена.
— Бұл жерде не істеп жүрсіз?
Əйел жауап бермеді.
— Бұл жерде не істеп жүрсіз? - деп қайта сұрады полиция шеніндегі
адам. - Сіз өз үйіңізде емес, жалдамалы үйде əрі жалаңаш-жалпы дерлік
қалыпта жүрсіз. Мұнда неге келдіңіз?
Ол жауап күтті. Бірақ Мадлена тырс етіп үн шығармады.
— Өзіңіз айтпасаңыз, мұны мен өзім анықтаймын онда, - деді комиссар.
Кереуетте жұқа көрпенің астындағы адам сұлбасы анық байқалып
жатыр.
Комиссар жақындап келді.
— Шапағатты мырза! - деп үн қатты ол жатқан адамға.
Төсектегі адам қозғала қоймады. Ол қабырғаға қарап, басын жастықтың
астына тығып жатқан сияқты.
Лауазымды полицей жатқан адамның иығы-ау деген тұсқа қолын тигізді:
— Шапағатты мырза! Өтінемін, мені күш қолдануға мəжбүр етпеңіз.
Алайда оранып алған денеде жан белгісі жоқтай, тырп етпеді.
Осы кезде Дю Руа кереуетке қарай бір-ақ қарғып келіп, көрпені жұлып
алып, жастықты аударып тастаған кезде, астынан аппақ қудай болып кеткен
Ларош-Матьенің жүзі көзге шалынды. Жорж оны тамағынан шап беріп,
қылқындыра салғысы келген адамдай үңіле түсіп. тісін шықырлатты:
— Тым болмаса ұждансыздығыңызды мойындауға батылыңыз жетсеші.
— Сіз кімсіз? - деп сұрады тəртіп сақшысы.
Есі шыққан ашынамыз үндемеді.
— Мен полиция комиссарымын, аты-жөніңізді атауыңызды өтінем.
— Айтсаңызшы, су жүрек неме, əйтпесе кім екеніңізді мен-ақ айтып
берейін! - деп, ашудан қалшылдап кеткен Дю Руа айқайлап жіберді.
— Комиссар мырза! - деп күмілжи сөйледі төсекте жатқан кісі. - Мына
біреудің мені қорлай сөйлеуіне тыйым салыңыз. Мен кімге жауап беруім
керек: сізге ме, əлде мынаған ба?
Тамағы кеуіп қалғандай даусы қылғына шықты.
— Маған, əрине, маған, - деді лауазымды жан. - Мен сізден сұрап
тұрмын: сіз кімсіз?
Ашынамыз тағы үнсіз қалды. Көрпені иегіне дейін тарта түскен ол жанжағына мағынасыз көз жүгіртті. Қысқа ғана ширатпа мұрты бозарып кеткен
жүзінде тіпті қап-қара болып көрінді.
— Демек сіздің жауап бергіңіз келмейді ғой? - деді комиссар. - Онда
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 20
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.