Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 15

Total number of words is 4190
Total number of unique words is 2177
36.4 of words are in the 2000 most common words
50.1 of words are in the 5000 most common words
58.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Алты əйел қатарларды аралап өтуге кірісті де, сөмкелерге түскен күміс
сөлкебайлар сыңғыры естіле бастады.
Дю Руа Вальтер ханымға белгілі адамдарды атап таныстырып тұрды.
Бұлар игі жақсылар, баяғыдан бері шығарып келе жатқан ірі газеттердің
"Француз өміріне" мұрын шүйіре, өз биіктерінің тəжірибесінен шүбəлана
қарайтын қызметкерлері еді. Қаншама бір күмəнді қулық-сұмдықтардың
əсерінен пайда болып, құлаған міністірлік қирандысының астында
жаншылып қалатын саяси-қаржылық парақтардың талайын олар көз
алдынан өткізген болатын. Суретшілер мен мүсіншілердің көпшілігі
спортпен айналысады, ал мына жерде осы екі мамандық та
тоғысқандықтан, бұл арада көпшілік танитын академик-ақын да, екі сазгер
жəне көптеген атақты шетелдіктер де бар еді, Дю Руа фамилияларына
ағылшындардың өздерек кəртішкесіндегі өз фамилияларына "эск" дегенді
қосып жазатынына еліктеп, олардың фамилияларына (эск - ағ. эсквайр,
яғни помещик, дворян деген сөзден), "про" дегенді ("протобестия" деген
сөзден) қосып айтып отырды.
— Сəлеметсіз бе, қымбатты дос! - деп амандасты онымен біреу.
Бұл граф де Водрек еді. Ханымдардан кешірім өтініп, Дю Руа оның
қасына барды.
— Водрек сүйкімді адам,- деді ол қайтып оралған соң - Текті жан екені
көзге ұрып тұрады!
Вальтер ханым жауап қатқан жоқ. Ол шаршай бастаған еді, тыныс алған
сайын оның омырауы Дю Руаның көзін арбап, көтеріліп-басылып тұрды.
Ара-арасында ол əйелдің өзіне ұрлана көз тастап, дереу тайдырып
əкететінін аңғарып қалды. "Иə.. иə... - деді ол өзіне. - Шынымен, бұл да
қармаққа түскені ме?"
Жинаушылар залды түгел адақтап шықты. Олардың қолындағы
сөмкелер күміс пен алтынға толы еді. Эстрадаға бір "аса үлкен сыйлық"
болатынын хабарлаған жаңа плакат ілініпті. Əділқазылар қайта өз
орындарына жайғасты. Көрермендер де тағатсыздана көз тікті.
Ортаға сайыскерлер кəстөмін: кеуделеріне қара трико, тізелерінен
жоғары қысқа юбка, бастарын үнемі шалқайта ұстауға мəжбүр еткен аса
биік пластрон киіп, қолдарына рапира ұстаған екі əйел шықты. Екеуі де
жап-жас əрі əдемі екен. Олар күле қарап көпке басын иіп еді, жұрт ұзақ қол
шапалақтады.
Олар сайыс бастар сəттегі позицияға тұрғанда, көрермендер көңілдене
күбірлесіп, қатарларды келемеж күлкі аралап өтті.
Төрешілер соққыларды
күлімсіреуден бір танбады.
"жарайсың"
деген
үнмен
қошаметтеп,
Көрермендер бұл екі сайыскерге керемет разы болды: еркектер
сезімдерін жанығаны үшін, ал əйелдер - олардың өз бойларында париждік
төмен етектілерге тəн ерсі көңіл көтерулерге, анайы қалыптағы ойынсауыққа, жасанды əдемілікке, :қолдан жасалған сұлулыққа, оперетталық
шумақтарға жəне сайраншыл орта əншілеріне деген туабітті
құмарлықтарын оятқандары үшін.
Сайыскер əйелдердің біреуі алға еңкейген сайын залда көңілді қозғалыс
басталады. Бұл мезетте екіншісі көрермендерге серіппелі арқасын бұрған
сəтте сайыскер əйелдің қаншалықты өнер сала сайысқанына назар
аудармаса да, көрермендер ауыздарын аша, көздері дөңгелене қарап
қалады.
Оларға қол аямай соғылды.
Бұдан кейін қылыштасу өнері көрсетілді, бірақ оған ешкім қараған жоқ,
өйткені көрермендер назары жоғарыда болып жатқан оқиғаларға ауып
кеткен еді. Ол жақта бірнеше минуттен бері үй көшіп жатқандай қозғалған
жиһаздар дыбысы шыға бастаған-ды. Содан кейін кенет күйсандық
ойналды да, біркелкі ырғақпен қозғалған аяқ дыбысы шыға бастады.
Жарысқа қатыса алмай қалғандар өздерінің көңілін көтеру үшін бал
ұйымдастырып жатса керек.
Көрермендер ду күлді, ханымдар билегісі келіп тықыршып, эстрадаға
қарауды қойып, өзара дауыстап сөйлесе бастады.
Жоғарыда басталған бал бəрін еліктіріп əкетті. Кешігіп келгендердің
өкінетін түрлері көрінбейді. Көрермендер де оларға қосылып кетуге даяр
ыңғай танытуда.
Осы кезде екі қарсылас бір-біріне иіліп, сондай айбынды түрмен
позицияға тұрғанда, барлық көз еріксіз соларға бұрылды.
Олар бір бүгіліп, бір тіктелгенде сондай икемді əсем қимыл
жасағандары, сондай есепті батылдық көрсеткендері, сондай сенімді күш,
сондай көркем тəсілдер мен ұстамды қылық танытқандары соншалықты,
тіпті бұл өнердің қыр-сырынан хабары жоқ көрермендердің өзі таң-тамаша
болып, қатты əсерленді.
Олардың шебер ойластырылған, сондықтан да қалқып жүргендей
көрінетін байсалды ептіліктері, ойлы əккіліктері мен батыл қозғалыстары
нағыз өнер туындысының өзіндей көрініп, көз арбайды. Көрермен өз
алдарында ең бір ғажап көріністің өтіп жатқанын, көріп отырғандары нағыз
күшті суретшілер, шыңдалған екі шебер екенін, олар бар қол жеткен
жетістіктерін, бар айла-тəсілдерін көрсетіп, өз назарларын сан тəжірибеден
өткен біліктерімен жəне дене сымбатының əсемдігімен жаулап алғысы
келетінін ұқты.
Бəрі оларды үнсіз, көз алмай бақылады да отырды. Ал олар ойынды
аяқтап, өзара қол алысқан сəтте зал ду ете қалды. Көрермен гуілдеп,
аяқтарымен еденді тепкіледі. Олардың есімін де бəрі біліп алған: Сержан
мен Равиньяк еді бұлар.
Еркектер жағы жауынгерлік рухына мінгендей. Көрші отырғандар бірбіріне қоқилана қарасады. Езуден байқалған сəл жымиыс жекпе-жекке
шақыруға түрткі болардай. Өмірі қолдарына рапира ұстап көрмеген жандар
таяқтарын көтеріп, əуеде шабуыл жасау қимылдарын көрсетіп жатты.
Ұзамай көрермендер бірінің соңынан бірі тар баспалдақпен көтеріле
бастады. Ақырында шөл басуға мүмкіндік туды-ау. Алайда бишілер буфетті
жылан жалағандай сыпыра ішіп-жеп, екі жүздей адамды босқа шақырып,
түк көрсетпей қайтару нағыз иттік дегенді айтып, қайтып кеткенін
білгенде, бəрі жаман ашуланды.
Бір самса, бір тамшы шампан, бір тамшы сыра не шырын, бір тал
кəмпит не алма қалмапты. Бəрін талап-тонап əкетіпті.
Қызметшілерді тергеуге алысты, олар қиналған түр көрсеткенімен,
өздері күлкілерін зорға тыйып тұрды. "Ханымдар еркектерден бетер
жапырып жіберді, - деп сендірді олар, -ауыздарына талғаусыз тықпалағаны
сондай, артынан бірдеңе болып жүрмесе игі еді". Оларды тыңдасаң, бұл
жау шапқан қала тұрғындары жайлы айтылған əңгіме сияқты.
Қайтудан басқа ештеңе қалмады. Еркектер садақаға берген жиырма
франктеріне іші ашыды; олар мына жерде тойлап-тойлап, түк төлемей кетіп
қалғандарға жындары қайнады.
Басшы-ханымдар үш мыңнан астам франк жинады. Шығындарды
шығарып тастағанда, Алтыншы округ жетімдеріне екі жүз жиырма франк
қалды.
Вальтерлерді қошаметтеп келген Дю Руаға экипаж берілді.
Жолда баспагер əйелінің қарсысында отырған Жорж оның тағы да
бірнеше мəрте өзіне елжірей қараған тайғанақ көзқарасын аңғарды. "Еһе,
тұзаққа түсетін түрі бар!" - деп ойлаған ол өзінің əйелдер алдында жолы
болғыштығына риза кейіппен жымиып қойды: өйткені де Марель ханым да
екеуінің байланысы басталған күннен бастап бұған өле ғашық болып келеді
ғой.
Ол үйіне көтеріңкі көңілмен оралды.
Мадлена оны қонақжайда қарсы алды.
— Менің саған айтар жаңалығым бар, - деді ол - Мароккодағы жағдай
асқынып тұр. Бірнеше айдың ішінде Франция ол жаққа əскер жіберуі
мүмкін. Шынын айтқанда, осыны пайдаланып, үкіметті құлатулары
мүмкін, ал Ларош, əрине, жағдайды пайдаланып, шетел істері міністірінің
партпелін иеленуі мүмкін.
Əйелін мазақтау үшін Дю Руа мұның біріне де сенбейтіндей қалып
көрсетті. Тунисте болған ақымақтықты қайталау жындылардың ісі
ғой.Мадлена шыдамсыздана иығын көтерді.
— Ал мен нақ осылай болып шығарына сенемін! Демек олар үшін бұл
өте маңызды мəселе, қаржы мəселесі екенін сенің түсінбегенің. Қазіргі
кезде, қымбаттым менің, саяси ойындарға көз жібергенде, "əйел табу" емес,
"пайда табу" дегенге көңіл бөлген жөн.
— Солай де! - оны ызаландыра түсу үшін, бұл менсінбеген түр көрсетті.
Əйел шырт ете қалды:
— Сен де Форестье сияқты аңғал екенсің өзің!
Мадлена оны жəбірледім деп ойлап, ашу байқатуын күтті. Бірақ ол
күлімсірей түсіп:
— Мүйізді Форестье сияқты ма? - деді.
Əйел сылқ түсті.
— Жорж! - деді ол бəсең үнмен.
— Немене? - деді Дю Руа кекете сөйлеп. - Анау күні кешкілік сен
Форестьенің мүйізді екенін мойындамап па едің? Байғұс-ай! - дегенді шын
аянышпен қосып қойды.
Мадлена оған жауап қатпай, теріс қарады.
— Сейсенбіде үйге қонақтар келеді, - деді аз үнсіздіктен кейін тіл қатқан
ол - Ларош-Матье ханым мен виконтесса де Перемюр түстікке келеді. Сен
Риваль мен Норбер де Варенді шақырмас па екенсің? Мен ертең Вальтер
жəне де Марель ханымдарға барамын. Мүмкін, Рисолен ханым да келіп
қалар.
Біраздан бері күйеуінің саяси ортадағы беделін пайдаланып, Мадлена игі
жақсылар арасында таныстығын молайтып, қандай жолмен болса да
"Француз өмірінің" қолдауын қажет ететін сенаторлар мен депутаттардың
əйелдерімен жақындасып алуға тырысатын болған еді.
— Өте жақсы, - деді Дю Руа. - Мен Риваль мен Норберді шақырамын.
Ол риза кейіппен алақанын ысқылап қойды: енді ол əйелінің діңкесін
қалай құртып, сонау Булон орманына қыдырып барған күні жанын жеген
қызғаныштың ашуын қайтару жолын біледі. Бұдан былай Форестье жайлы
сөз бола қалса-ақ, оның мүйізді екенін ескертеді де отырады. Ол
осынысымен Мадленаны жындану жағдайына жеткізуді көздеді. Осы
кештің өзінде-ақ ол кекесінді түрмен "əлгі мүйізді Форестье" дегенді он
шақты рет қайталады.
Мұнысы енді марқұмға өшпенділіктен емес, ол үшін өш алуға
кіріскендігі еді.
Күйеуінің қарсы алдында отырған Мадлена оны естімеген түр байқатып,
əдетінше немқұрайды күлімсіреумен болды.
Ертеңіне Мадленаның Вальтер ханымды шақырмақ болғаны есіне
түскен Жорж оның алдын алып, бастығының əйелін оңашада кезіктіріп,
оның өзінде ойы бар-жоғын тексеріп көруге шешім қабылдады. Ол мұны
қызық көрді əрі үміттендірді. Сонымен бірге... егер мүмкін болып жатса...
неге бас тартсың?
Сағат екіде ол Мальзерба бульварындағы үйде болды. Оны қонақжайға
енгізді. Сол жерде біраз күтуге тура келді.
Ақыры Вальтер ханым кіріп, шын қуанған түрмен қолын созды:
— Қайдан жүрсіз?
— Сізді сондай көргім келді. Белгісіз бір күш алды-артыма қаратпай
осында алып келді, неге екенін де білмеймін, əйтпесе сізге айтайын деген
сөзім де жоқ еді. Міне, келдім, бар болғаны осы. Сіз менің мұншалықты
ерте келіп мазаңызды алғанымды жəне жасырмай айтқанымды кешірерсіз
деп ойлаймын.
Ол мұның бəрін күле тұрып, ойнақы, сыпайы үнмен айтты, бірақ
артында шынайы бірдеңе бары сезіліп тұрды.
Вальтер ханым шын таңырқады, бетіне қызыл реңк жүгірді.
— Бірақ мен... шынында... түсінбеймін... қызық екен... - деп, ол тұтыға
сөйледі.
— Бұл ғашық болған жанның айтатын сөзі, бірақ сізді шошытпау үшін
ойнақыландырып тұрмын, - деді Жорж.
Екеуі қатарласа отырды. Əйел мұны қалжың деп, қабылдағысы
келгендей ыңғай танытты:
— Солай деңіз, мұныңыз шын мойындау болды ғой, шамасы?
— Əрине! Мен мұны ойланғалы көп болды. Бірақ батылым жетпеді.
Сізді қатал, жібімейтін адам деп еститінмін...
Вальтер ханым өзіне-өзі келе бастады.
— Онда неге нақ бүгін бел буып отырсыз? - деп сұрады ол.
— Білмеймін, - деді жігіт, содан кейін даусын бəсеңдете түсіп: - Мүмкін,
кешеден бері тек сіз туралы ғана ойлағандығымнан болар, - деп қосып
қойды.
Əйел кенет бозарып кетті.
— Жетеді, балалықты қоялық, басқа бірдеңе жайында сөйлескен жөн.
Осы сот Жорж оның аяғына құлай кеткенде, мұндайды күтпеген əйел
шошып қалды. Ол тұрып кетпекші болып еді, қос қолдап белінен орап
алған жігіт жіберер болмады.
— Иə, бұл шыным, - деді ол үздіккен үнмен, - мен сізді сүйемін, ессіз
сүйемін, көптен бері сүйемін. Жауап қатпай-ақ қойыңыз. Ақыл-есімнен
айырылсам, не істе дейсіз маған! Мен сізді сүйемін... Сізді қалай
сүйетінімді білсеңіз ғой!
Əйел алқынып, бірдеңе дегісі келгендей аузын ашқанмен, ештеңе айта
алмады. Ол Дю Руаны екі қолымен итерді, содан кейін ерніне төніп келе
жатқан аузын қашықтатпақ болып шашынан ұстай алды. Оның үстіне
жігітті көрмеу үшін көзін жұмып алған ол жанталасып басын біресе оңға,
біресе солға бұра берді.
Жорж əйелдің денесін көйлегі сыртынан сипалап, қысып, шымши берді,
ал ол мұншалықты батыл əрекеттен босаңси дымы құрып, əлсірей бастады.
Кенет жігіт тізерлеген қалпынан көтеріліп, құшақтамақ болды, осы сəтте
бір минут қолы босап кеткенін пайдаланған əйел оның қолынан жұлқына
шығып, бір креслодан екінші креслоны паналай қашып, бөлмеде зыр
жүгірді.
Оны қууды ерсі көрген жігіт креслоға сылқ түсіп, жасқа булыққандай
қолымен бетін басты.
Іле орнынан атып тұрып: "Қош болыңыз, қош болыңыз!" - деп
дауыстады да, бөлмеден шыға жөнелді.
Кіреберісте ол ештеңе болмағандай-ақ таяғын алды да далаға шықты.
"Орайы келген сияқты!" - деп ойлаған ол Клотильданы ертең кездесуге
шақыратын "көгілдір қағаз" жіберу үшін телеграфқа беттеді.
Үйіне ол күндегі уақытында келді.
— Не, қонақтарың түстікке келетін болды ма? - деп сұрады ол əйелінен.
— Иə, - деп жауап қатты əйелі, - тек қана Вальтер ханымның келеркелмесі белгісіз. Ол екіұшты болып отыр, менімен қайдағы бір адамдық
міндет, ар-ұят туралы əңгіме қозғады. Өзінің өңі келіспей отырды.
Дегенмен келетін шығар деп ойлаймын.
Жорж иығын көтерді.
— Келмегенде қайда барады.
Деуін дегенмен оған өзі иланған жоқ, сондықтан түстік болар күнге
дейін ол толқумен жүрді.
Таңертеңгісін Мадлена Вальтер ханымнан қысқа хат алды:
"Əзер дегенде сіздерге баруға мүмкіндік таптым-ау. Бірақ күйеуім келе
алмайды".
"Оған қайтып бармағаным жақсы болыпты! - деп ойлады Дю Руа. - Ол
өзіне-өзі келiп те үлгеріпті. Енді не боларын көрейік".
Дегенмен екеуінің қалай бет көрісетіндігі туралы ойлап, аздап
қобалжыды. Ақырында ол сəт те туды - əйел салмақты, аздап салқындау,
тəкаппар кейіпте көрінді. Жорж дереу қарапайым, көнбіс, тілалғыш адам
кейпіне түсе қалды.
Ларош-Матье жəне Рисолен ханымдар күйеулерімен келді. Виконтесса
де Персмюр жоғары жақтағылар туралы жаңалық айта бастады. Де Марель
ханым өте тартымды көрінді; қара мен сары түстен тұратын ерекше испан
кəстөмі оның қыпша белі қаз омырауы мен топ-толық қолдарын айқындап,
құс басты келбетіне албырттық кейіп беріп тұрды.
Дю Руа Вальтер ханымның оң жағына жайғасып, бүкіл түстік бойына
онымен салмақты мəселелер жөнінде ғана үлкен құрмет таныта сөйлесіп
отырды. Анда-санда ол Клотильдаға көз тастап қояды. "Əрине, ол əдемірек
əрі жасырақ",- деп ойлады ол Содан кейін көзі əйеліне түсті: жүрек
түкпіріндегі орнығып алған жаулық пиғыл мен ашу-ызасына қарамастан,
ол да əп-əдемі болып көрінді.
Алайда Вальтер ханымға оны жеңістің қиындығы жəне еркектер үшін
əрқашанда еліктіргіштік қасиет болып табылатын сезім жаңалығы
ынтықтырумен болды.
Ол үйіне қайтуға ерте жиналды.
— Мен сізді шығарып салайын, - деп ұсыныс жасады Жорж.
Əйел қарсылық білдірді.
— Неге қарсы боласыз? - деп қоймады ол - Сіз мұныңызбен мені қатты
ренжітесіз. Сіз маған əлі ренжіп жүргеніңіз ғой онда. Менің байсал
тартқанымды көрдіңіз ғой.
— Сізге қонақтарыңызды қалдырып кетуге болмайды, - деп, əйел
қарсылық білдірді.
— Менің жиырма минут жоқ боп кеткенімді ешкім сезбей де қалады. Ал
сіз қарсылығыңызды қайтып алмасаңыз, менің сізге деген ең ізгі сезімімді
қорлағаныңыз деп білем.
— Жарайды, келістім, - деді ол баяу ғана.
Алайда екеуі күймеде оңаша қалысымен-ақ Дю Руа оның қолын ұстай
алып, шөпілдетіп сүйе бастады:
— Мен сізді сүйемін, сүйемін сізді. Осылай деуіме рұқсат етіңізші. Мен
сізге тиіспеймін. Мен сізге тек қана өз махаббатым туралы айтқым келеді.
— Аһ... сіз уəде берген едіңіз ғой... дұрыс емес... дұрыс емес, - деп
сыбырлай сөйледі əйел.
Дю Руа өзін-өзі əрең дегенде қолға алғансыды.
— Тыңдаңызшы, мен өзіме ие бола алатынымды көрдіңіз ғой, - деп
тұншыға үн қатты ол - Дегенмен... Менің сізді сүйетінімді айтуға рұқсат
етіңізші. Мұны күн сайын айтуға рұқсат етіңізші... Тым болмаса бес минут
аяғыңызды құшақтап жатып, сүйікті бетіңізге қадала қараған күйі осы үш
сөзді айтуыма рұқсат етіңізші.
Вальтер ханым одан қолын тартып алған жоқ.
— Жоқ, мен өйте алмаймын, қолымнан келмейді, - деп алқына сөйледі
ол - Жұрт мен туралы не дейді, малайлар, менің қыздарым не ойлайды...
Жо-жоқ, бұл мүмкін емес...
— Мен сізсіз өмір сүре алмаймын, - деп жалғастырды жігіт. - Сіздің
үйіңізде немесе басқа бір жерде мен сізді күнде көргім келеді, тым болмаса
бір минут қолыңыздан ұстап, сіздің көйлегіңіздің етегінен көтерілген лепті
сезінгім келеді, тұла бойыңызға көз суарып, мені есімнен тандыратын мына
үп-үлкен ғажайып көзіңізге келеді.
Осы əдепсіз сөздерді тыңдай отырып, тұла бойымен дірілдеген əйел:
— Жоқ, жоқ, болмайды... Сөйлемеңізші! - дей берді.
Дю Руа бұл ашықауыз əйелді қолына бірте-бірте түсіру қажет екенін
білді, - өйткені ең бастысы екеуінің кездесе бастауы ғой - əуелі əйелдің өзі
тілек білдірген жерде, ал содан кейін кездесуге ол өзі шақыра бастайтын
болады.
— Тыңдаңызшы... бұл өте қажет... - деп сыбырлады ол əйелдің құлағына,
- мен сізді көру үшін қайыршы құсап есігіңіздің алдында тосып тұратын
боламын... Ал егер сіз көрінбесеңіз, үйіңізге кіремін... Бəрібір мен сізді
көремін... мен сізді... ертең көремін.
— Жоқ, жоқ, келмеңіз. Мен сізді қабылдамаймын. Қыздарым не
ойлайды.
— Онда мен сізді кездестіре алатын басқа жерді атаңыз... далада
немесе... тағы басқа жерде... маған бəрібір... тек сізді көрсем болды... Мен
сізге иіліп... "сүйемін" деген сөзді айтамын да, өз бетіме кете барамын.
Мүлде есінен айырылған əйел не жауап берерін білмеді. Кенет күйменің
өз үйіне жақындап қалғанын көріп, асыға сыбырлады:
— Жақсы, ертең үш жарымда Троицк шіркеуінде боламын.
Өзі күймеден шыға сала айдаушыға дауыстап:
— Дю Руа мырзаны үйіне апарып салыңыз, - деді.
Ол үйіне қайтып келгенде əйелі одан:
— Сен қайда жоғалып кеттің? - деп сұрады.
— Бір тығыз жеделхат жіберуім керек болды.
Оның қасына Марель ханым келді.
— Сіз мені шығарып саласыз ба, Сүйкімді дос? Мен үйден алысырақ
жерге қонаққа тек осы шартпен шығамын ғой, - деген ол үй иесінің əйеліне
бұрылды: - Сен қызғанбаймысың?
— Жоқ, онша қызғана қоймаймын, - деді Дю Руа ханым даусын əдейі
созыңқырай сөйлеп.
Қонақтар тарай бастады. Ларош-Матье ханым ауылдық жердегі
қызметкер əйел сияқты көрінетін. Нотариустың қызы ол Ларошқа оны əлі
ешкім білмейтін адвокат кезінде тұрмысқа шыққан-ды. Ал қылымсып
қалған Рисолен кемпір оқу залдарынан білім алған көне дəуір
акушеркаларын еске түсірер еді. Виконтесса де Персмюр оларға асқақтай
қарайды. Виконтессаның "Аппақ алақаны" олардың тоғышарлық
қолдарына жиіркенішпен ғана жанасады.
Шілтерге оранып алған Клотильда есік аузында Мадленамен қоштасып
тұрып:
— Сенің түстігің ойдағыдай жақсы өтті. Ұзамай сен Париждегі ең
беделді саяси салонның иесі болып шығасың, - деді.
Жорж екеуі оңаша қалысымен ол оның мойнына асыла кетті.
— Менің қымбатты Сүйкімді досым, күн өткен сайын менің сені жақсы
көруім артып барады!
Олардың экипажы кемеше шайқалды.
— Бəрібір өз бөлмеміздегіге жетпейді! - деді əйел.
— Əрине! - деді Жорж.
Алайда бұл сəтте ол Вальтер ханымды ойлап отыр еді.
IV
Троица алаңында шілде айының бұл тамаша күні адам аз болды. Париж
қапырық ыстықтан азап шегуде болатын: тыныс алуды қиындатқан
аптапты, ауыр, қою, шыжыған ыстық ауа өз ауырлығымен оны тұмшалап
тұрғандай еді.
Шіркеу алдындағы бұрқақ жалқау атқылап тұрды,- тіпті судың да
сарылдап ағар күші таусылып, ол да ыстықтан шаршап тұрғандай. Əуіттегі
қоп-қою жасыл түсті лай сұйықтың бетінде жапырақтар мен қағаз
жыртындылары қалқып жүр. Тас қоршауынан қарғып өткен бір ит осынау
тазалығы күмəнді суға күмп берді. Порталды айнала өскен ағаштардың
көлеңкесіндегі орындықтарда отырған адамдар оған қызыға қарасты.
Дю Руа сағатын суырып алып қарағанда, кіші тілі үште тұрды. Ол жарты
сағат ерте келіпті.
Вальтер ханыммен болатын кездесу оған ермек сияқты болып көрінді.
"Ол кез келген мақсатына шіркеуді пайдаланады,- деп ойлады Жорж. Шіркеу оның еврейге күйеуге шыққан күнəсін жеңілдетеді, саяси ортада
оны ағынға қарсы жүзуші əйел деген ұғымды қалыптастырады, игі
жақсылардың ол туралы пікірін көтереді, ең ақырында шіркеу ол үшін
кездесу орнына айналмақ. Дінді қолшатыр сияқты пайдалану оның əдетіне
айналып кетсе керек. Ашық күні қолшатыр əсем таяққа айналса, шыжыған
ыстықта күннен ықтасын, бұлтты күні жауыннан қорғайды, ал үйде
отырғаныңда, босағада шаң басып жатады. Вальтер ханым сияқтылар
жүздеп кездеседі; олар ішінен құдіретті құдайды мойындамайды; бірақ
өзгелердің аузын аштырмайды, сөйтіп жүріп, басына күн туғанда, оны
қалқан етіп пайдаланғысы келеді. Оларды бөлмеге шақырып көр - мұны
өзін қорлағандық деп қабылдайды, ал мехрап алдында қылымсу олар үшін
қалыпты жағдайға айналған."
Əуітті баяу аяңмен айналып шыққан ол шіркеу сағатына қарады. Ол
өзінің сағатынан екі минут озық екен: үштен бес минут кетіпті.
Шіркеу ішінде күткен ыңғайлы болар деп ойлаған ол сонда кірді.
Мұрнына жертөле иісі келді,- салқын лепті құмарта жұтқан ол, храм
құрылысын зерттеу үшін, басты бөлмесін аралауға кірісті.
Зəулім храмның түкпірінен біреудің бір тоқтап, бір жүрген аяқ алысы
биік күмбез астында жаңғырыға естіліп, оның өз жүрісін айнытпай
қайталап жатты. Жорждың шіркеу аралап жүрген кісіні көруге əуесі кетті.
Əдейі қарсы жүрді. Қалпағын арқасына ұстаған толық денелі қасқабас
мырза маңыздана аяңдап келеді.
Бір-бірінен бірдей қашықтықта тізелерін бүгіп, қолдарымен бетін басқан
кемпірлер құдайға сиынып жатыр.
Адамды тыныштық əлдилеп, жалғыздық, оңашалық сезімі баурайды.
Түрлі-түсті шыныдан түскен күн сəулесі көзге шағылыспайды.
Дю Руаға бұл жер "керемет ұнады".
Ол есікке жақындап, тағы да сағатына көз салды. Үштен он бес минут
қана кетіпті. Бұл жерде темекі тартуға болмайтынына қынжылып, ол басты
есікке таяу жердегі орындыққа отырды. Толық денелі мырза храмның
қарсы бетінде, мінбенің қасында əлі де ақырын аяңдап жүр.
Біреу кірді. Дю Руа бұрылып қарады. Бұл жұпыны киінген жүн етекшелі
қарапайым əйел екен; ол бірінші орындықтың қасына тізерлеп отыра кетті
де, қолдарын кеудесіне қойып, көзін аспанға көтерген күйі сиынуға берілді.
Дю Руа оған қадала қарап, байғұс əйелді қандай қапа, қандай уайым,
қандай қайғы қинап жүргенін білуге тырысты. Оның нағыз кедейлікте өмір
сүріп жатқаны айтпай-ақ белгілі болып тұр. Ол аздай-ақ, мүмкін, оны
күйеуі ұратын шығар, əлде баласы хал үстінде жатыр ма екен.
"Байғұстар! Небір сорлылар бар-ау өмірде!" - деді ол өз-өзіне. Оның
жүрегінде қатыгез тағдырға деген қарсылық оянды. Содан кейін ол осы
жарлы-жақыбайлардың бəрінің көкірегінде көзге көрінбейтін біреу оларды
ұмытпайды, аспандағы бір есепшілер олардың жақсы-жаман істерін екі
бөлек кітапқа жазып отырады да. ақыр аяғында теңгермешілік жасайды
деген сеніммен өмір сүріп жатқанын ойлады... əйтеуір, бір кезде... Қашан
екені белгісіз...
Храм ішіндегі тұнған тыныштық ойды шарықтатып əкетеді, ойша
ғаламды шолып шыққан Дю Руа ақырында тістене сөйледі:
— Əлем неткен шым-шытырық еді!
Көйлек сыбдырынан ол селк ете қалды. Бұл сол еді.
Ол орнынан тұрып, қасына жақындады.
— Бірнеше минут қана уақытым бар, - деп сыбырлады əйел қолын
ұсынбастан. - Үйге қайтуым керек. Қасыма тізерлеп отырыңыз, əйтпесе
бізді танып қояды.
Осыны айтып ол елеусіздеу ыңғайлы орын іздеп, басты бөлікке қарай
беттеді, - оның бұл шіркеуді жақсы білетіндігі көрініп тұрды. Бетін қалың
шілтермен перделеп алған ол еденге аяғы тиер-тиместей абайлап аттайды.
Мінбеге жете бере ол кері бұрылды.
— Бүйір бөліктерге барғанымыз дұрыс екен. Мұнда көзге түсу оңай, деді ол шіркеуде қалыптасқан əдетпен сыбырлай сөйлеп.
Мехрап алдына тоқтаған ол тізерлегісі келгендей басын төмен ие берді
де, кенет оң жақ шығар есікке бұрылды, содан кейін бір шешімге
келгендей, орындықты өзіне тартып, тізесін бүкті.
Жорж қатар тұрған екінші орындықты алды да, екеуі де дұға оқыған
қалыпқа түскеннен кейін бірден сөйлей бастады:
— Ризамын сізге, ризамын. Мен сізді жақсы көремін. Мен мұны сансыз
қайталауға бармын, мен сізді қалай сүйіп қалғанымды, бір көргеннен
жүрегімді қалай жаулап алғаныңызды айтайын деген едім... Осының бəрін
айтып, бір жүктен арылуыма жағдай тудырсаңыз екен.
Əйел терең ойға батып, мұны мүлде естімеген сияқты еді.
— Сізге менімен осылай сөйлесуге ерік беруімнің өзі менің
ақылсыздығым, - деді ол əлі де қолын бетінен алмаған күйі. - Менің осында
келуім де, істеп жүргенімнің бəрі де ақылсыздық, екеуміздің... арамызда...
болғанды жалғастыруға сізді үміттендіруімнің өзі де ақылсыздық. Бəрін
ұмытыңыз, ұмыту керек, енді қайтып менімен бұл туралы сөз қозғаушы
болмаңыз.
Əйел жауап күткендей іркіліп қалды. Ал Жорж болса оған не айтуды,
шешімді, отты сөздерді іздестірді, бірақ оған сөзінің құдіретін қимылымен
күшейте алмайтындығы бөгесін болып көрінді.
— Мен бірдеңе болады деп үміттеніп... күтіп жүргенім жоқ,- деп
бастады ол, - мен сізді сүйемін. Сіз не істесеңіз де, мен оны жиі-жиі бар
күшіммен, бар махаббатыммен қайталай бермекпін, сонда ақыр аяғында сіз
мені түсінесіз. Менің əр сөзімде тұнып тұрған сүйіспеншілік сіздің
жүрегіңізге жол тауып, күн сайын, сағат сайын тамшы болып тамып,
ылғалдай сіңіп, ақырында жібіген, елжіреген жүрегіңіз бір күні маған:
"Мен де сізді сүйемін", - дегенін күтемін.
Ол əйелдің иықтары дір-дір қағып, омырауы көтеріліп-басылғанын сезді.
Кенет оның құлағына сыбыр еткен сөзі шалынды:
— Мен де сізді сүйемін.
Жігіт біреу басынан қойып қалғандай селк етті.
— Құдай-ау!.. - деп күрсіне тіл қатты ол:
— Неге мен сізге бұлай дедім? - деп, Вальтер ханым алқына сөйледі. Мен қылмыскермін, күнəкармын... мен... екі қыздың анасы... қолымнан
келмеді... келмеді...Мен ешқашан сенбес ем... ешқашан ойламап ем... бірақ
бұл күшті нəрсе екен... шамам келмеді. Тыңдаңызшы... тыңдаңызшы... мен
ешқашан ешкімді сүйіп көргем жоқ... сізден басқа... ант ішейін... Мен де
сізді... бір жыл болды, жүрек түкпірінде ұрланып сүйетін ем, көз ғашық ем.
Сіз білсеңіз ғой, қалай қиналдым, өзіммен өзім алысудан шаршадым, бұдан
əрі жасыру қолымнан келмеді: мен сізді сүйемін...
Ол бетін қолымен басып егіле жылады, ішкі толқыныстан бүкіл денесі
дір-дір қағып, қалшылдап кетті.
— Қолыңызды беріңізші, - деп сыбырлады Жорж, - қолыңызды сезінгім,
қысқым келеді.
Əйел ақырындап бетінен қолын
кірпіктерінде тамшы ілініп тұр екен.
алды.
Беті
жасқа
шыланып,
Жігіт оның қолын қысты:
— О, сіздің көз жасыңызды сүйіп құрғатсам ғой!
— Мені азғырмаңыз... - деді ол ақырын ыңырана сөйлеп. - Мен біттім!
Жорж күліп жібере жаздады. Бұл жерде оны қалай азғырмақ? Сөздік
қорындағы еркелету сөздерін тауысқан ол əйелдің қолын өз жүрегіне
басып:
— Қалай соққанын естимісіз? - деумен шектелді.
Осы сөзді айтпас бұрын ол толық денелі мырзаның жақындап қалған аяқ
дыбысын естіген-ді. Ол бүкіл мехрап атаулыны қарап шығып, енді оң
қанатты екінші рет аралап жүргендей. Өздерін қалқалап тұрған бағанаға
таяп қалғанын сезген Вальтер ханым қолын тартып алып, тағы бетін
жапты.
Дем сəтте екеуі де тізерлеп тұрып, аспанға қарап ынтыға дұға оқыған
адамдардай қозғалыссыз қатып қалды. Толық денелі мырза оларды бір
шолып өтіп, бұрынғыша қалпағын артына ұстаған күйі сол жақ қанатқа
беттеді.
Бұл кезде Дю Руа əйелді басқа жерде кездесуге қалай көндіруді ойлап
тұрған.
— Сізді ертең қайда көремін? - деп сыбырлады ол.
Вальтер ханым үндеген жоқ. Ол тас болып қатып қалған сияқты, - қазір
ол мүсінші "Жалбарыну" деп атайтындай мүсінге айналып кеткендей.
— Ертең Монсо саябағында кездессек ше? - деп қайталады жігіт.
Қолын түсірген əйел оған қиналғаннан боп-боз болып кеткен жүзін
бұрды.
— Барыңызшы... - деді ол үзіп-үзіп сөйлеп. - Бара тұрыңызшы... мені
біраз.. тым болмаса... бес минут жалғыз қалдырыңызшы... маған сондай
қиын... менің құдайға жалбарынғым келеді... құдайдан кешірім өтінгім
келеді... құтқар деп жалынсам... жалғыз қалдырыңызшы мені... бес минут.
Оның түрі сондай аянышты, сондай жалынышты көрінгендіктен, Дю Руа
үнсіз орнынан тұрып, кішкене мүдіріп барып тіл қатты:
— Мен қайтып келемін? Жарай ма?
Əйел келіскендей басын изеді де, ол мінбе жаққа беттеді.
Вальтер ханым өзін дұғаға ұйытпақ болды. Ол əрең дегенде бойын
билеп, аспанға қарап, денесінің дірілін баса алмаған күйі жалбарына тіл
қатты:
— Құдайым, аяй көр мен бейбақты!
Ол ана адамның соңынан қарамау үшін көзін жыпылықтатты. Өз
басынан ол туралы ойды қууға тырысты, бірақ қанша қашқақтаса да, оның
көз алдында аспан бейнесі емес, Жорждың ширатылған мұрты тұрып алды.
Бір жыл бойы, күні мен түні, ол осы бір барған сайын ұлғая түскен
жабысқақ ойдан құтылу үшін күресті, сонда да бұл бейне оның бар ойын
жаулап алып, денесін қызындырып, тіпті түсінен де шықпауға айналған-ды.
Оны тап бір торға шырмалғандай, қол-аяғын байлап, осы бір көзінің өзгеше
түсімен, ұлпа мұртымен ғана арбап алған еркектің құшағына өзін лақтыра
салғандай сезім биледі.
Қазір мына храмда құдайдың тап қасында тұрғандай болса да, ол өзін
үйіндегіден де соншалықты əлсіз, жалғыз əрі қорғансыз сезінді. Ол тіпті
дұға да оқи алмады - ол тек сол туралы ғана ойлай алатын еді. Оның кетіп
қалғанына қапаланды. Соған қарамастан əйел жанталаса қарсыласты, қорғанып бақты жəне жан-тəнімен жəрдем өтінді. Ол ешқашан күйеуінің
көзіне шөп салмаған еді, сондықтан да əлсіздік таныту ол үшін өліммен тең
болып көрінді. Ол бір-біріне байланыссыз дұға сөздерін сыбырлағанымен,
екі құлағы күмбезден арырақ барып өшкен Жорж аяғының дыбысында еді.
Ол өзінің жеңілгенін, қарсылық ету пайдасыз екенін мойындады. Сонда
да қасарыса қарсы тұрып бақты. Ақырында ол дірілдетіп, бүктетіп,
айғайлатып жерге алып ұратын əйелдерге тəн жүйке талмасы ұстай
бастағанын сезді. Əйел безгек қысқандай қалшылдап, қазір құлап түсіп,
шыңғыра жанталасып қалатынын ойлады.
Біреу бері қарай асыға басып келе жатты. Жалт қараса, священник екен.
Оны көрген əйел тез көтеріліп, оған қолын жая ұмтылды.
— Құтқарыңыз! Құтқара көріңіз! - деп ышқынды ол.
Священник таңырқай қалт тоқтады.
— Сізге не керек, ханым?
— Құтқарыңызшы мені. Аяңызшы мені. Егер сіз көмектеспейтін
болсаңыз, мен біттім.
Ол əйелге жынды адамға қарағандай қарады.
— Мен не көмек көрсете аламын?
Бұл жап-жас, ұзын бойлы, томпиған, салбыраңқы, топ-толық жағын
көгергенше қырынған, діндəр əйелдердің жомарт сыйлықтарына үйренген,
бай діни қауымның ортасында тұратын əдемі, қалалық дінбасының
орынбасары болатын.
— Мені тəубеме келтіріңізші, - деді əйел, - ақыл беріп, демеу
жасаңызшы, не істеуім керегін айтыңызшы!
— Мен тек сенбі күндері, үштен алтыға дейін ғана күнəден арылтамын,
- деп қарсылық білдірді ол
— Жоқ! Жоқ! Жоқ! - деп ышқынды оның қолын қыса жалбарынған əйел.
- Қазір! Қазір! Маған сондай қажет. Ол осында! Шіркеуде! Ол мені күтіп
жүр.
— Кім сізді күтіп жүр? - деп сұрады священник.
— Мені құртатын адам... Сіз мені құтқармасаңыз, ол маған білгенін
істейді... Мен одан қашып құтыла алмаймын... Мен сондай əлсізбін... əлім
жоқ... əлім жоқ!
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 16
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.