Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 14

Total number of words is 4143
Total number of unique words is 2189
33.9 of words are in the 2000 most common words
49.0 of words are in the 5000 most common words
55.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
саяжолына енді. Тып-тынық желсіз түн еді, Парижде күн соншалықты
ысып, ауа дəп бір моншадағыдай ашық түтіктерден шыққан бумен дем
алғандай сезінетін түндердің бірі. Сансыз көліктер қалың ағаш қойнауына
көптеген сүйіскен жасты алып келіп табыстырып жатыр.
Əуестене қараған Мадлена мен Жорждың көз алдынан экипаж ішінде
құшақтасып отырған ақшыл киінген əйелдер мен қара киімді еркектер
қылт-қылт етіп көрініп қалады. Жұлдыздары жамыраған от жалындай
аспан астында сансыз сүйіспеншілікке бөленген жүректер Булон орманына
ағылып келіп жатты. Айналада жерге тоқылдай тиген доңғалақтар
дыбысынан басқа ештеңе естілмейді. Ал əрбір көлікте екеу-екеуден бірбіріне жабыса түсіп, алдағы рақат сəттің елесіне үнсіз елтіген ғашықтар
нөпірі тіпті таусылар емес. Тамылжыған кештің қапырығы ыстық
сүйістердің əсерінен сияқты көрінеді. Ауа да махаббат құмарлығына бөгіп,
тəн лəззатының аңсарынан ауырлай түскендей. Бəрін де бір ғана мақсат
еліктірген, қандарында біркелкі от ойнаған жұптардан айналаға шыдамсыз
діріл таралып жатқандай. Осы махаббат бесігіне айналған арбалардан
елжіреген мейірім шашырап, ауа да сезімнен алабұртып кеткендей сезіледі.
Бұл мамыражай хал Жорж бен Мадленаға да берілген сияқты. Қапырық
маужыратқан олар əлдебір толқу жетегінде үнсіз ғана бір-бірінің қолдарын
тапты.
Қала бекіністерінен басталатын бұрылысқа жеткенде, олар сүйісіп алды.
— Біз тағы да өткендегі Руанға барар жолдағыдай мектеп
оқушыларының қалпына түсіп келеміз,- деп ұяла сыбырлады Мадлена.
Тоғайға кірер жерде экипаждар ағыны бөліне бастады. Жас жұбайлар
жүріп келе жатқан Көл саяжолында көлік саны азайып, ағаштар арасында
тұнып тұрған қою қараңғылық, жапырақтар дірілі мен ағаш арасында
сылдырлай ағып жатқан бұлақтардан ескен салқын самал, - осының бəрі
арбаларда сүйісіп келе жатқан жұптардың бақыттарына ерекше бір құпия
лəззат үстемелей түсетіндей.
— Кішкентайым менің Мад! - деп сыбырлады əйелін құшағына қыса
түскен Жорж.
- Есіңде ме, сенің ауылыңның тұсындағы орманға барғанымыз, - қандай
қорқынышты болып еді! - деді Мадлена. - Маған ол шет-шегі жоқ əрі тағы
аңдар толып жүргендей сезілген-ді. Ал мұнда мүлде басқаша. Самал жел
жұмсақ аймалайды, ал орманның арғы бетінде Севр бар екенін жақсы
білесің.
— Жоқ, менің орманымда тек қана бұғылар, түлкілер, еліктер мен
қабандар ғана мекендейді, - деп қарсылық білдірді ол, - анда-санда
орманшының үйі кездесіп қалып отырады.
Байқаусызда айтып қалған осы сөз - марқұмның фамилиясы (Форестье
Forestier -орманшы оған қатты əсер еткені сондай, біреу орман ішінен айғай
салғандай болып, бірден жабырқау тартып сала берді: жүрегі сыздап,
біраздан бері жанын қинап жүрген қызғаныш сезімі тұла бойын жайлап
алды.
— Сен мұнда осындай кешкілік Шарльмен келіп көрдің бе? - деп сұрады
ол сəл үнсіздіктен кейін.
— Келдік, жиі келетінбіз,- деді Мадлена.
Кенет Жорж үйге қайтқысы келіп, жүрегі сыздап ала жөнелді. Форестье
бейнесі оның санасын жаулап алды. Енді Дю Руа тек сол туралы ғана
ойлауға қабілетті болып қалғандай.
— Тыңдашы, Мад... - деді ол ашумен.
— Не, қымбаттым?
— Сен Шарль байғұстың көзіне шөп салдың ба?
— Сен тағы ескі əніңе бастың ба, мұның ақымақтық қой! - деді əйелі
жек көрген үнмен.
Қою қайда.
— Қойсаңшы, мойындасаңшы! Сен оның көзіне шөп салдың ғой, ə?
Əйел үндемеді, барлық əйел сияқты, ол да бұл сұрақты ұнатпады.
— Сайтан алғыр, егер біреудің көзіне шөп салу керек болса, нағыз
ыңғайлы адам сол еді ғой, - деп қояр емес Дю Руа - Иə, иə, иə! Форестьенің
мүйізді болғанын білсем, қандай қуанар едім. Оның ақылсыз келбетіне
мүйіз қандай жарасар еді, ə?
Мадленаның есіне бір нəрсе түскендей күлімсірегенін аңғарған ол одан
əрі жабыса түсті:
— Айтшы енді, нең кетеді! Қайта оның көзіне шөп салғаныңды өзге
біреуге емес, мына маған айтқаның артық емес пе?
Ол, шынында да, өзі жек көретін жексұрын Шарльдің сондай масқараға
ұшырағанын əйелдің өз аузынан естуге өлердей құмартты. Сонымен қатар
не екенін өзі де толық аңғармаған бұлдыр бір сезік оның əуесқойлығын
арттыра түсті.
— Мад, кішкентайым менің, өтінемін, айтшы, - деп жалынды ол. - Ол өзі
соған лайық еді ғой. Оның ақымақ басын мүйізбен əшекейлемеуің үлкен
қателік болар еді. Мойындай қойшы енді!
Мадлена оның мына жанталасын қызық көргендей, мырс етіп күлді де
қойды.
Ол болса əйелінің құлағын жеп қоярдай тақала түсті.
— Бол енді, бол... мойындашы!
Мадлена оны ытырына итеріп тастады.
— Қандай ақымақ едің! - деді ол ашулы үнмен - Сірə, адам осындай
сұраққа жауап берер ме?
Осы сөзді айтқандағы əйелінің үніндегі салқындықтан Дю Руаның тұла
бойы мұздап кетті; ол жүрегі тас боп қатып қалғандай, ауа жетпей алқына
берді.
Бұл кезде экипаж қол жағалап келе жатқан, көл бетінде жыпырлаған
жұлдызын аспан қимастықпен теріп алып жатқандай. Қараңғылықта
көрінер-көрінбес екі аққу көл бетін баяу сыза жүзіп барады.
Жорж айдаушыға: "Кейін бұрыл!" - деп айқайлады да, көлік жарқыраған
шамдары орман түнегін тілгілей жарқылдаған өзге экипаждардың
арасымен кейін беттеді.
"Даусы қалай өзгеріп кетті жаңағыны айтқанда! Бұл не, мойындау ма?" деп, өзінен-өзі сұрады ол. Мадленаның алғашқы күйеуіне опасыздық
жасағандығына қалтқысыз сенген ол ызаға булықты. Ол əйелінің
алқымынан шап беріп, қылқындыра ұрып-соққысы келді.
Егерде ол: "Жоқ, қымбаттым, мен Шарльге опасыздық жасаған болсам,
тек сенімен ғана",-деген болса, ол оны жаны қалмай еркелетіп, төбесіне
көтерер еді-ау.
Дю Руа қолдарын айқастыра салып, аспанға қараған күйі қимылсыз
отыр: оның бірдеме ойлауға да шамасы қалмағандай еді. Ол тек іші
қазандай қайнап жатқанын, əйелге байланысты машақаттың басталып келе
жатқанын ғана сезіп отырды. Көңіліне күдік кірген күйеудің халін тұңғыш
сезінді ол.
Шындығына келгенде, ол марқұм болып кеткен Форестье үшін
қызғанды, жүрегін өртеген қызғаныштан ол Мадленаны жан-тəнімен жек
көріп кеткендей сезінді. Ол Шарльге опасыздық жасаған болса, оған, Дю
Руаға да жасамасына кім кепіл?
Ол ақырындап өз ойын жинақтап алды да, сыздаған жүрегін елемеуге
тырысып: "Əйелдердің бəрі де шеттерінен жəлеп, оларды жай ғана
пайдалану керек, оларға жаныңмен берілуге болмайды", - деген ойға
берілді.
Ызалы ойдан оның тіліне небір ащы сөздер үйірілгенімен, ол оған ерік
бермеді. "Əлемді күштілер ғана билейді, - деп қайталады ол өзіне-өзі. Күшті бола білу керек. Бұдан биік тұру керек".
Экипаж жүрісін жылдамдата түсті. Қала бекінісі артта қалды. Дю Руа
алдынан алып оттың шашырандысындай қалың сəулені көрді. Құлағына
көптеген əрқилы үннің жиынтығынан тұратын үздіксіз гуіл келді, ол
осынау жазғы түнде күндізгі аласапыраннан қалжырап барып дамыл
тапқан аса зор алыптың - Париждің ауыр тынысы еді.
"Бұл үшін жаныңды жегідей жеуге ерік беру ақымақтық, - деп ойлады
Жорж. - Əркім өзі үшін өмір сүреді. Жеңіс батылдардың қолында. Өзіңді
ғана ойлауың керек. Байлық пен даңқ жолындағы өзімшілдікті махаббат
пен əйел мейірімі жолындағы өзімшілдіктен жоғары қоя білу керек".
Аса зор аяқтарымен алшайып тұрған Салтанат арқасы көзге шалынды, дəп бір қалаға кіреберісте аялдаған қорбиған алып дəу қазір мына алдында
сайрап жатқан кең көшеге түсіп алып, адымдай жөнелетіндей.
Жорж бен Мадлена тағы да ағылған экипаждар толқынына килікті, енді
олар бағанағы денелері үнсіз айқасқан шаршаулы жұптарды аңсаған
төсектеріне жеткізуге асығып келе жатқан сияқты. Бұларға қуаныш пен
бақыттан, рақаттан балқыған адамдар нөпірінің шет-шегі жоқ секілді
болып көрінді.
Мадлена күйеуінің көкірегінде қандай дауыл жүріп жатқанын сезгендей.
— Не ойлап отырсың, достым? - деп сұрады ол өзіне тəн назды үнімен. Сен үнсіз қалғалы жарты сағат болды ғой.
— Мен мына мисыздардың құшақтасқандарына қарап отырмын, - деді
ол мысқылды жымиыспақ - сөйтіп, мына өмірде, расында, қызығуға
тұрарлық бірдеңе бар-ау деген ойға қалдым.
— Иə, кейде бұл да қызықтырады, - деді əйелі баяу үнмен.
— Иə, одан артық ештеңе таппағанда, əрине!
Жорждың ащы кекесінге толы ойы өмірдің жылтырақ бетпердесін
аяусыз тырналап жыртып жатты. "Əлденеден ұялу, бірдеңеден бас тарту
ақымақтық, соңғы кезде өзімді іштей мүжіп, қибыжықтап жүргенім нағыз
ақымақтың ісі". Көз алдына елестеген Форестье бейнесі бұл жолы оны еш
абыржыта алмады. Екеуі татуласып, қайтадан достық қалыпқа түскендей
сезім биледі. Ол тіпті: "Сəлем, достым!" - деп дауыстап жібере жаздады.
Мадлена бұл үнсіздікке шыдай алмады.
— Жолда Тортониге соғып, балмұздақ жесек болар еді, - деп ұсыныс
жасады ол Жорж оған көз қиығын тастады. Осы кезде Мадленаның
қырынан қарағандағы нəзік бет бейнесі мен ақшулан шашы сауықшыл
дəмханаларға кіруге шақырған жарқылдақ оттар жарығынан анық көрінген
еді.
"Сұлу-ақ, - деп ойлады ол. - Несі бар, өте жақсы. Біз екеуіміз жайлы,
көгершінім, ұшқан құс, жүгірген аң қашып құтылмайды дейді. Ал енді
қызметтестерім мені тағы мазақтай бастаса, көкелерін көздеріне көрсететін
боламын".
Осы ойға бекінген ол əйелінің күдігін сейілту үшін, "Қуана келісемін,
қымбаттым", - деп, оның ернінен сүйді.
Мадленаға күйеуінің ерні мұздай салқын болып тиді.
Алайда дəмхананың алдында əйелінің экипаждан түсуіне көмектесіп
жатып ол өзінің əдеттегі үйреншікті жымиысымен күле қарады.
ІII
Екінші күні саралқаға келісімен Дю Руа Буаренардың қасына
жақындады.
— Қадірлі дос! - деді ол. - Саған бір өтінішім бар еді. Соңғы кезде кейбір
бейпілауыздарға мені "Форестье" деп атау қызық көрінетін болып жүр.
Тілеуіңді бергір, сен оларға бұдан былай маған сол əзілін қайталамақ
болған алғашқы адамды аямайтынымды ескертіп қойшы. Бұл қуақылығы
сүңгі айқастыруға тұра ма, жоқ па, алдымен ойланып алсын. Мұны саған
айтып тұрған себебім, сен сабырлы, істі бейбіт жолмен шешуге қабілетті
жансың. екіншіден, сен бір рет менің төрешім болғансың.
Буаренар оның тапсырмасын орындауға келісті.
Дю Руа шаруаларымен шығып кетті де, бір сағаттан кейін қайтып
оралды. Қайтып ешкім оны "Форестье" деп атаған жоқ.
Ол үйінің табалдырығын аттағанда, қонақжайдан əйел дауыстары
естіліп жатты.
— Кімдер ол? - деп сұрады ол.
— Вальтер жəне де Марель ханымдар, - деп жауап берді малай.
Жорждың жүрегі дір ете қалды, бірақ ол өзін-өзі: "Көріп алармын",- деп
қайрады да, кіріп барды.
Клотильда ашық пештің қасында отыр екен; терезеден түскен күн
сəулесі оған құйылып тұрды. Жоржға, өзін көрген кезде ол бозарып
кеткендей болып көрінді. Алдымен Вальтер ханымға жəне оның
сақшылары құсап екі жағында отырған қыздарына иіле амандасқан ол
бұрынғы ашынасына бұрылды. Ол бұған қолын ұсынды, оның қолын алған
жігіт дəп бір: "Мен сізді бұрынғыша сүйемін", - дегенді білдіргісі
келгендей ақырын қысып қойды. Ол да жауап ретінде қолын қысты.
— Қалай тұрып жатырсыз? - деп сұрады жігіт - Біз көріспегелі қашан.
- Жақсы. Ал сіз ше, Сүйкімді дос? - ештеңе болмағандай жарқын үнмен
сөйлеген Клотильда енді Мадленаға бұрылды: - Сен оны бұрынғыша
Сүйкімді дос деп атағаныма қарсы емессің бе?
— Əрине, жоқ, қымбаттым, мен саған бəріне рұқсат етемін.
Оның үнінен болар-болмас кекесін сезілгендей болды.
Вальтер ханым Жак Риваль өз үйінде ұйымдастырмақ болған мереке
жайлы,- сайысудан жарыс өткізу шарасы туралы сөз етіп, оған барлық игі
жақсылардың əйелі баратындығын айтты.
— Бұл өте тамаша, — деді ол. — Бірақ мен дағдарып отырмын. Күйеуім
нақ сол кезде үйде болмайды, мені ертіп баратын адам жоқ.
Дю Руа дереу өзі ертіп баруға ұсыныс білдіріп, əйел келісімін берді.
— Қыздарым да, мен де сізге сондай ризамыз.
Дю Руа апалы-сіңлілі қыздардың кішісіне көз салып, ішінен: "Мына
кішкентай Сюзанна тəп-тəуір-ақ екен, тіпті сүйкімді", - деп ойлады. Аласа
бойлы болғанмен, мүсінді, қыпша бел, тар мықын, омырауы жаңа түйіндей
бастаған, кішкене ғана көгілдір-сұр түсті көздері суретшінің қаламынан
шыққандай айшықты көрінетін ол ақшыл шашы бұрқыраған əдемі
қуыршақ сияқты, оның үстіне тым аппақ, үтіктеп қойғандай бір сызықсыз,
бір нүктесіз, бір тамшы қаны жоқ қағаздай терісі мен əдейі бұрқырата
көтеріңкіреп қойған бұрқыраған бұйра шаштары оны, шынында, кейбір қыз
балалардың қолынан көретін қымбат қуыршақтарға ұқсатады.
Үлкені, Роза, көріксіз, арық, ажарсыз, ешкім ескермейтін, ешкім сөзге
тартпайтын, айтуға тұрарлық ештеңесі жоқ қыздардың сапынан еді.
Вальтер ханым орнынан тұрды.
— Сонымен, мен сізге сенемін, - деді ол Жоржға қарап. - Алдағы
аптаның бейсенбісінде, сағат екіде.
— Қызметіңізге əзірмін, - деді ол.
Олар шығысымен Марель ханым да орнынан тұрды.
— Қош-сау болыңыз, Сүйкімді дос.
Бұл жолы əйел жігіттің қолын ұзағырақ ұстап, қатты қысты. Осынау
үнсіз тілдесуден алабұртқан жігіт кенет осы бір ауыштау, ақкөңіл, бірақ
өзін шын сүйетін сияқты көрінетін əйелге ынтықтығы қайта оянғанын
сезді.
"Ертең-ақ барамын оған", - деп шешті ол.
Ерлі-зайыптылар оңаша қалысымен, Мадлена жарқырай күлді де,
күйеуінің бетіне қадала қарап отырып:
— Вальтер ханымның саған ғашық екенін білесің бе? - деп сұрады.
— Қойсаңшы! - деді ол сенімсіз үнмен.
— Иə, иə, шын айтам, саған ынтық екенін сөзінен аңғардым. Ол да
осындай екен-ау! Ол қыздарына сендей күйеу тап болғанын қалайды.
Менің бақытыма орай, оның өзі үшін бұл қауіпті емес.
Оның мұнымен не айтқысы келгенін Жорж түсінген жоқ.
— Қауіпті емес дегенің не?
— О. Вальтер ханым бірде-бір рет өсекке тамызық боларлық қылық
көрсеткен жан емес, сенесің бе? - бірде-бір рет! - Мадленаның даусы өз
сөзіне сенімді естілді. - Ол өзін бар жағынан мінсіз ұстай алады. Күйеуін
сен менсіз-ақ жақсы білесің. Алайда əйелі мүлде басқа адам. Ол еврейге
күйеуге шыққанына қатты уайымдады, бірақ оған адал əйел бола білді. Ол нағыз парасатты əйел
Дю Руа таңдана сөйледі:
— Мен ол да еврей əйел екен десем.
— Тіпті де олай емес. Ол Магдалина мақаласындағы барлық
қайырымдылық мекемелерінің құрметті басшысы. Ол тіпті күйеуге шығу
рəсімін шіркеуде өткізген. Тек қана бұл жерде бастығымыз рəсім үшін
шоқынғанын əлде дінбасылары бұған көз жұма қарағанын айта алмаймын.
— Демек... ол маған... ғашық дейсің, ə... - деп күбірледі Жорж.
— Сөзсіз ғашық. Егер сенің басын бос болғанда, мен саған Сюзаннаға
үйлен деп кеңес берген болар ем, ол Розадан əдемі ғой, солай емес пе?
— Иə, шешесі де қартайып тұрған жоқ! - деді Жорж мұртын ширата
отырып.
Мадлена ашуланып қалды:
— Шешесі жайында айтарым, қымбаттым менің, ол ойыңды таста. Мен
одан қорықпаймын. Ол тұңғыш күнəкарлық жасайтын жастан кеткен.
Ертерек ойлануың керек еді.
"Шынымен, мен Сюзаннаға үйлене алған болар ма едім!.." - деп сұрады
Жорж өз-өзінен.
Содан кейін иығын қиқаң еткізді.
"Бос сөз!.. Əкесі оны маған беруге ешқашан келіспес еді!"
Өзі бұдан қандай пайда табарын ойланып жатпастан, ол Вальтер
ханымға назар салып көруге бекінді.
Кеш бойы ол Клотильдамен өткізген күндерін еске алып, сезімге беріліп,
естелікке шомылып жатты. Ол əйелдің тентектігін, шолжаң еркеліктерін,
бірге қыдырған кездерін еске түсірді. "Иə, ол сондай сүйікті, - деді ол өзінеөзі. - Ертең-ақ барамын оған".
Ертеңіне таңғы тамақтан кейін ол шынында Верней көшесіне бет алды.
Есікті ашқан бұрынғы қызметші əйел тоғышарлар үйлеріндегі барлық
қызметшілерге тəн ашықтықпен:
— Қалай жүріп жатсыз, мырза? - деп сұрады.
— Өте жақсы, көгершінім, - деп жауап берді де, ол біреудің тəжірибесіз
қолы күйсандықта гамма үйреніп жатқан қонақжайға кірді. Бұл Лорина
екен. Жорж қыз бала мойныма асылар деп ойлап еді. Бірақ ол орнынан
асықпай көтеріліп, салтқа лайық үлкен адамша амандасты да сыпайы ғана
шығып кетті.
Қыз баланың əлденеге өкпелеген əйелдерше қылық көрсетуіне Дю Руа
таңғалды. Осы кезде шешесі кірді де, Дю Руа оның қолынан сүйді.
— Мен ылғи сізді ойлаумен болдым! - деді ол.
— Ал мен сізді, - деп мойындады Клотильда.
Екеуі де отырды. Бір-бірінің көзіне қарап, екеуі де күлімсіреді,
сүйіскілері келгенін сезінді.
— Кішкентай ғана қымбаттым Кло, мен сізді сүйемін.
— Ал мен сені.
— Демек... демек... сен мені кешіргенің ғой?
— Иə десем де, жоқ десем де болады. Алғашында ауыр болды, содан
кейін сенің айтқаныңның шын екенін түсіндім де, өзіме өзім: "Шыда! Бүгін
болмаса, ертең ол маған қайтып келеді", - дедім.
— Мен саған келуге қорықтым, сен мені қабылдамай қояр деп ойладым.
Қорықсам да, келуге сондай құмарттым. Айтпақшы, Лоринаға не болған?
Менімен əрең амандасып, ренішті түрмен кетіп қалды.
— Білмеймін. Сен үйленгелі онымен сен туралы сөйлесу мүмкін емес.
Шынында, меніңше, ол сені қызғанатын сияқты.
— Мүмкін емес!
— Шын айтам, жаным. Ол сені бұрынғыдай Сүйкімді дос деп атамайды,
сыртыңнан сені "Форестье мырза" дейді.
Дю Руа қызарып кетті.
— Ерніңді əкелші,- деді ол ұмсына түсіп.
Клотильда ол тілегін орындады.
— Қайда кездессек екен? – деп сұрады ол.
— Бұрынғы... Константинополь көшесінде.
— Қалайша, пəтер əлі өткізілген жоқ па?
— Өткізген жоқпын.
— Өткізген жоқсың?
— Иə, мен сен қайтып оралар деп үміттендім.
Жорждың жүрегін мақтаныш кернеп, тарсылдай соғып кетті. Демек
мына əйел оны сүйетін болғаны ғой, демек мұныкі шынайы, өзгермейтін,
терең сезім болғаны ғой.
— Қадірлім менің,- деп сыбырлады ол, содан кейін біраз үнсіз отырып
барып, -Күйеуің қайда? - деп сұрады.
— Ол мұнда бір ай болып, қайта кеткелі үш-ақ күн болды.
Дю Руа күлді:
— Нағыз дер кезінде кеткен екен.
— Иə, дер кезінде, - деді Клотильда жай ғана. - Бірақ ол бар болса да
менің тосылмайтынымды білесің ғой.
— Иə, оның дұрыс. Дегенмен ол жақсы адам.
— Ал өзің ше? Жаңа өмірің өзіңе ұнай ма?
— Жаман емес. Əйелім - менің досым, одақтасым.
— Сол ғана ма?
— Сол ғана... Ал жүрек...
— Түсінемін. Бірақ ол əдемі əйел.
— Білемін, бірақ ол мені еліктіре алмайды. Қашан кездесеміз? - деп
сыбырлады ол Клотильдаға таяна түсіп.
— Тіпті ертең-ақ... қажет етсең?
— Жарайды. Ертең сағат 2-де?
— Екіде.
Ол орнынан тұрды да, кетер алдында қысылған түрмен:
— Білесің бе, Константинопольдегі пəтерді мен өз атыма ауыстырып
алсам деймін. Сөйтемін. Бұдан былай да сенің мен үшін ақша шығарғаның
еді қалғаны!
Клотильда наздана оның қолынан сүйді.
— Еркің білсін, - деді ол сыбырлай сөйлеп. - Оны бұдан былай да
кездесе алуымыз үшін сақтап қалғаныма ризамын.
Дю Руа көңілі көншіген адамның түрімен шығып кетті.
Фотосуретші жаймасының қасынан өте бергенде, үлкен көзді толық
əйелдің портретіне көзі түсті, бұл сурет оның есіне Вальтер ханымды
салды. "Ештеңе етпейді, - деді ол өзіне-өзі, - ол əлі де тəп-тəуір. Бұған
дейін оны неге көрмей келгенмін! Бейсенбі күні ол мені қалай қарсы алар
екен?"
Ол тұла бойын кернеген қуаныштан алақанын ысқылап қойды, өзінің
бар жерде де жолы болып келе жатқанын сезінуден туған мақтаныш, өзінің
ептейлі де оңтайлы еркек екенін, əйелдер алдында жұлдызы ыстық болып
шыққанына қанағаттануы еді бұл.
Бейсенбі күні ол Мадленадан:
— Сен Ривальдің үйіндегі жарысқа бармайсың ба? - деп сұрады.
- Жо-жоқ, онда баруға еш құлқым соқпайды, мен депутаттар палатасына
барамын.
Ауа райы тамаша болып тұрғандықтан, Дю Руа Вальтер ханымға ашық
экипажбен барды.
Оны көрген сəтте Дю Руа аузын ашып тұрып қалды,- əйел оған сондай
жап-жас əрі сұлу болып көрінді. Оның ашық түсті көйлегінің аса үлкен
емес ойығынан сəнді, биік омырауының шеті көрініп тұрды. Ол əйелді
осынша жас көрінеді деп ойламаған екен. Бұл ханым, шынында, еркек
қызығуға тұрарлық əйел деген қорытындыға келді. Бірақ оның сырт
келбетінде - жақсы тəрбие алған, өмірден қажыған, парасатты аналық
кейпінде жеңіл ойлы еркекті тарта қоймайтын бір бөгесін байқалып тұрды.
Оның үстіне саналы да ақылды əйел ретінде шетін қылық көрсетіп алудан
барынша сақтанатын ол əр сөзін ойланып айтуға, тек қана бұрыннан
белгілі, ешкімнің көңіліне келмейтін нəрселерді ғана сөз етуге тамаша
машықтанып алған жан болатын.
Бастан-аяқ алқызыл түсті киінген Сюзанна Ваттоның жаңа ғана лакпен
жылтыратып қойған картинасындай болып көрінді, ал Роза осы тамаша
қуыршақтың күтушісіндей ғана əсер береді.
Ривальдің үйінің алды қаз-қатар тізілген экипаждарға толып қалыпты.
Дю Руа серігіне қолын ұсынып, түсіріп алды.
Бұл жарыс Алтыншы Париж округіндегі жетім балалар пайдасы үшін
өткізіліп отырған жəне оны өткізуге "Француз өмірі" газетіне қатысы бар
сенаторлар мен депутаттардың əйелдері басшы-ханымдар дəрежесінде
қатысып отырған болатын.
Вальтер ханым қыздарын ертіп келуге уəде бергенімен, басшы-ханым
дəрежесінен бас тартқан-ды: оның қамқоршылығы діншілдер рұқсат ететін
шеңберден шығып көрген емес-ті, мұнысы оның діндарлығынан емес,
оның ойынша, иудеймен некелесуі оған бірқатар міндет жүктейтін сияқты,
ал журналшы ұйымдастырған мына мерекенің республикалық сипат алуы
кейбіреулерге клерикалдыққа қарсылық əсерін туғызуы ықтимал деп
ойлағандықтан.
Жарысқа дейінгі үш апта бұрын барлық бағыттағы газет беттерінен
мынандай сөздерді оқуға болатын еді:
"Біздің қадірлі əріптесіміз Жак Риваль өзінің бойдақтық пəтеріндегі
сайыс залында Алтыншы Париж жетімдері пайдасына үлкен жарыс өткізу
туралы шешімге келді.
Шақыру билеттері сенаторлардың зайыптары: Лалуань, Ремонтель жəне
Рисолен ханымдар мен олардың жұбайлары, белгілі депутаттар: ЛарошМатье, Персероль жəне Фирмен мырзалар атынан таратылады. Қайырсадақа жинау үзілісте жүргізіліп, жиналған барлық сома сол жерде-ақ
Алтыншы округтің қалабасына немесе оның орынбасарына тапсырылады".
Бұл епті журналшының пайда көздеген мақсатын жүзеге асырудағы
үлкен жарнамасы еді.
Жак Риваль қонақтарын өз пəтерінің дəмхана ұйымдастырылған
кіреберісінде қарсы алып тұрды,- оның шығыны жалпы түсімнен өтелуге
тиісті болатын.
Ол өтінген түрмен қонақтарға тар баспалдақты нұсқап тұрды, онымен
төмен, сайыс залы мен тир орналасқан жертөлеге түсуге болатын-ды.
— Төмен түсіңіздер, ханым, төмен қарай. Жарыс жертөле залында өтеді.
Өз баспагерінің əйелін көрген ол оған қарсы ұмтылды. Содан кейін Дю
Руаның қолын қысты.
— Сəлеметсің бе, Сүйкімді дос!
Ол таңырқай сұрады.
— Сіз мұны қайдан білесіз?..
Риваль оның сөзін бөліп кетті:
— Мына тұрған Вальтер ханым, ол кісіге бұл ат қатты ұнайды.
Вальтер ханым қызарып кетті.
— Иə, егерде біз сізбен жақынырақ танысқан болсақ, мен де кішкентай
Лорина сияқты сізді Сүйкімді дос деп атаған болар ем. Бұл ат сізге сондай
жарасады.
Дю Руа күлді.
— Сөйтіңізші, ханым, өтінемін.
Əйел көзін төмен аударды.
— Жоқ. Біз бұлай атауға болатындай жақын емеспіз.
— Уақыт өте келе біз жақын болармыз деп үміттенуіме бола ма? - деп
сұрады Жорж даусын бəсеңдете түсіп.
— Келешек көрсетер, - деді əйел.
Əйелді алға салып, екеуі газды шырақ жарықтандырып тұрған тар
баспалдақпен төмен түсе бастады. Күндізгі жарықтан кейін бірден сарғылт
газ жарығына тап болған адамдар бір қолайсыздық сезінгендей болды. Осы
айналмалы баспалдақтан-ақ жертөленің иісі, дымқыл жылулық, сыз иісі
сезіле бастады, осынау шара құрметіне тазартылған қабырғадан шіркеулік
ладан иісі мен сарыгүл, вербена, шегіргүл сияқты əйел əтірлерінің хош
иістері бұрқырай мұрынға ұрады.
Төменнен жиналған тобырдың мазасыздана тұтасқан гуілі естіледі.
Жертөле мүк басқан тас қабырғаны жасырып тұрған қалың өсімдіктің
ара-арасына жасырынған газды мүйіздер мен венециялық шамдармен
жарықтандырылған. Қайда көз салсаң да,- жасыл бұтақтар. Тебе
папоротниктермен, еден гүлдермен жəне жапырақтармен жабылған.
Ұйымдастырушылардың ерекше тапқырлықтарының куəсіндей осынау
безендіруге көрермендер ризалықтарын білдіріп жатты.
Түкпірде, кішірек қосымша жертөледе эстрада жасалып, оның екі
жағынан екі қатар етіп, əділқазылар алқасы отыратын орындықтар
қойылыпты.
Көрермендер үшін оң жəне сол жағынан əр қатарда он-оннан қойылған
орындықтарға екі жүздей адам сиятындай көрінеді. Шақырылғаны төрт
жүздей адам болатын.
Эстраданың қасында тұрған сайыскер кəстөмін киген сұңғақ бойлы,
ұзын қолды жас жігіттер мұрттарын шиырып, кеуделерін кере түсіп,
көрермен алдында ойқастап жүр. Жұрт оларды фамилияларымен атап, бірбіріне сайыс өнерінің қайсы əуесқой, қайсы кəсіпқой атақты шеберлері
екендіктерін көрсетіп жатыр. Шетінен сүртік киген, арнайы кəстөмдегі
сайыскерлерге бірсыпыра ұқсастықтары байқалатын кəрі-жасы аралас біраз
еркек олардың қасында қоршалай тұрып, өзара əңгіме-дүкен құруда.
Штаттағы серілер, рапираның білгірлері, олар да өздерін көрсетіп қалуға,
жұрт танып, фамилияларымен атауына құштар түр танытады.
Орындықтың бəріне дерлік жайғасып алған əйелдер қауымы залды
сыбыр-күбірлерімен, көйлектерінің судырымен толтырып жіберген.
Осынау көпшіліктен дем алатын ауа да ауырлап, олар енді театрдағыдай
желпуіштерімен желпіне бастапты.
— Оршад! Лимонад! Сыра! - деп, бір қушыкеш анда-санда дауыстап
қояды.
Вальтер ханым мен оның қыздары өздеріне арнап бірінші қатардан
дайындалып қойған орындарға қарай өтті. Дю Руа оларды жайғастырып
болып, ығысып кетуге ыңғайланды:
— Мен сіздерді қалдырып кетуге тиіспін, орындық ер адамдарға
арналмаған.
— Ал мен сіздің кетпегеніңізді қалар едім, - деді Вальтер ханым сенімсіз
үнмен. - Сіз маған сайыскерлер жайлы мəлімет беріп отырар едіңіз.
Мүмкін, сіз отырғыштың шетінде түрегеп тұрарсыз, бұл арада сіз ешкімге
кедергі жасамайсыз.
Ол Жоржға өзінің үлкен де момын көздерін қадады.
— Шынында, кетпеңізші, мырза... Сүйкімді дос мырза, - деп өтінді ол. Сіз бізге керексіз.
— Айтқаныңыз болсын, ханым... өзім де соны қалап тұрмын, - деді
Жорж.
Жан-жақтан естілген сыбыр сөздер:
— Тамаша жер екен мына жертөле, өте ыңғайлы,- десіп жатты.
Бұл төбесі күмбезделіп келген зал Жоржға жақсы таныс. Ол жекпе-жек
алдындағы таңда осы жерде, екінші жертөле түкпірінен үп-үлкен
қорқынышты жалғыз көз сияқты болып көрінген дөңгелек аппақ катырка
алдында жападан-жалғыз отырғанын еске түсірді.
Баспалдақпен төмен түсіп келе жатқан Жак Ривальдің:
— Қазір, қазір бастаймыз, - деген даусы естілді.
Осы сəтте дене мүшелерін айқын көрсетіп, еттеріне жабысқан сүртік
киген алты еркек эстрадаға көтеріліп, əділ қазыларға арналған
орындықтарға жайғасты.
Зал оларды танып жатты. Бұлар: əділқазылар алқасының төрағасы,
қалың мұртты кішкентай ғана кісі - генерал де Рейнальди, сұңғақ бойлы,
жалтыр басты, ұзын сақалды суретші Жозефен Руде жəне үшеуі де
сымбатты жас жігіттер: Матео де Южар, Симон Рамонсель, Пьер де
Карвен; сондай-ақ атақты шебер Гаспар Мерлерондар еді.
Эстраданың оң жəне сол жағына екі плакат ілінді. Оның бірінде:
"Кревкер мырза", енді біреуінде: Плюмо мырза" деп жазылған.
Бұл екеуі де екінші санаттағы нағыз шебер болатын. Екеуі де арықша,
əскерилерше сымдай тартылған, олар эстрадаға көтерілді. Автомат құсап
бір-біріне салют берген олар шабуылдауға кірісіп те кетті. Тығыз ақ мата
мен теріден тігілген киімдері оларды халық көңілін көтеруге арналған
қылжақбас солдаттарға ұқсатып тұрды.
Ара-тұра "Тигізді!" деген сөз естіліп, алты төреші білгіш адамдарша
бастарын изеп отырды. Көрермен алға созылған қолдарымен эстрадада
ойнақтап жүрген екі тірі қуыршақты ғана көріп, ештеңе түсінбесе де, риза
болып отырды. Дегенмен олар мына екі манекеннің айтарлықтай сүйкімді
емес, тіпті кейбір қимылдары күлкілі көрінетінін аңғарып отырды. Бұл
Жаңа жыл қарсаңында бульварларда сатылатын ағаштан жасалған
балуандарды еріксіз ойға түсірді.
Алғашқы екі сайыскерді əскери жəне кəдімгі азаматтар - Карапен мен
Плантон мырзалар алмастырды. Мэтр Плантонның бойы өте аласа болса,
мэтр Карапен өте толық еді. Рапираның бірінші шаншуынан қалмай ол желі
шыққан резіңке піл құсап тарс ете қалатындай болып көрінді. Жұрт
арасында күлкі естіле бастады. Плантон маймылша секіреді. Ал Карапен
семіздіктен артық қимылдай алмай, тек қолын ғана қозғалтады. Əрбір бес
минут сайын ол ақырындап, доп бір өте маңызды шешім қабылдағандай
түрмен алға ұмтылыс жасайды. Əр жолы осыдан кейін бойын түзеу оған
үлкен күшке түседі. Білгіштер оның ойнау стилі өте байсалды жəне
ұстамды деп сендіруде. Аңқау көрермен оған да иланды.
Одан кейін кəсіпқой жəне əуесқой ойыншылар - Порьон мен Лапальм
шықты да, көрермендер алдында бір түрлі жабайылау гимнастика
басталды: олар бір-біріне тап беріп ұмтылғанда, төрешілер бірнеше рет
орындықтарын көтере-мөтере тұра қашуға мəжбүр болды, аналар болса
эстраданың бір шетінен екінші шетіне дейін ойқастап, біреуі
шабуылдағанда, екіншісі орғи секіріп қорғана қашып, бірін-бірі қуалаумен
болды. Олардың артқа секірген түрлері əйелдердің күлкісін келтірсе,
керісінше алға өлермендене ұмтылыстары сүйсініс тудырып жатты.
Олардың бұл гимнастикалық жаттығуларын ұнатпаған бір желөкпе:
— Неге сонша жанталасып жатырсыңдар, сендерге бəрібір сағат
бойынша төленеді ғой! - деді.
Оның бұл əдепсіздігін ұнатпаған көпшілік "тыныштал" дегендей
қолдарын сермеді. Сарапшылар пікірі ауыздан-ауызға таралып жатты:
сайыскерлер аса қызу шайқасты, бірақ кейде тапқырлық жетіспегені
байқалып тұрыпты.
Бірінші бөлім Жак Риваль мен белгілі белгиялық шебер Лебег арасында
өткен тамаша жекпе-жекпен аяқталды. Риваль əйелдерге айрықша ұнады.
Ол шынында, əдемі жігіт болатын, мүсінді, епті, əдісқой, өзіне
дейінгілердің бəрінен анағұрлым əсерлі қозғалады. Оның қорғану жəне
шабуылдау мəнері ізетті əсемдігімен көз арбап, қарсыласының тегеурінді
болса да үйреншікті тəсілдеріне қарама-қарсы əсер туғызды.
— Тəрбиелі адамға дауа жоқ-ау, - десті көпшілік.
Жеңістің соған тиесілі болуы да ду қол шапалақтауға ұласты.
Алайда көрермендер бірнеше минуттен бері жоғарыдан естіліп жатқан
гуілге мазасыздана құлақ түрді. Мұнда шақырылғанмен, жертөлеге сыймай
қалған екі жүздей адам, сірə, өздерінше көңіл көтеріп жатқан болса керек.
Тар айналма баспалдақтың өзінде елу шақты адам топырласып тұр.
Төменде адам төзгісіз қапырық басталды. "Ауа!", "Сусын!" - деген
айқайлар естіледі. Бағанағы желөкпе даусын бəрінен асыра: "Оршад!
Лимонад! Сыра!" -деп қышқырды.
Қып-қызыл болып, əлі сайыскер кəстөмін де шешіп үлгірмеген Жак
Риваль көрінді.
— Мен қазір салқын сусын əкелдірейін, - деп, ол баспалдаққа қарай
ұмтылды.
Алайда бірінші қабатпен қатынас тарс жабық болатын. Баспалдаққа
лықа толған жұртты киіп-жарып өткеннен де төбені тесіп өткен оңай
сияқты.
— Ханымдарға балмұздақ əкелсін деп айтыңдаршы! - деп айқайлады
Риваль.
— Балмұздақ! - деп іліп əкетті елу шақты дауыс.
Ақырында поднос та көрінді. Бірақ онда тек бос стақандар ғана тұрды, балмұздақты жолшыбай талап алған еді.
— Мына жерде тұншығып өлуге болады,- деп күркіреді бір жуан дауыс,аяқтаңдар, үйді-үйімізге тарау керек.
— Ақша жинау! - деп айқайлады тағы бір дауыс.
Сол-ақ екен, тыныс алуы ауырласа да, қуана қоштаған халық іліп əкетті:
— Ақша жинау! Ақша жинау!
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 15
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.