Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 03

Total number of words is 4199
Total number of unique words is 2249
35.9 of words are in the 2000 most common words
51.8 of words are in the 5000 most common words
59.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жеткен, уқаланған, ұйпа-тұйпа, жиіркенішті түрі өлік сақтайтын жердің
ескі-құсқысы құсап күнделікті киіп жүрген жейдесі жатыр. Ал оның жар
дегенде жалғыз цилиндр қалпағы тоқыма креслоның үстінде шалқасынан
түсіп, құдды бір қайыр сұрап, соны күтіп жатқандай.
Көгілдір гүл шоқтары бейнеленген түсқағазда қанша гүл болса, сонша
дақ бар еді, - əлде мыжып тастаған қандала ма, əлде майдың тамшысы ма;
не далап жұққан саусақтың майлы ізі ме, не жуынғыш шашыраған сабын
көбігі ме, не қылған дақ екенін ешкім де айтып бере алмастай көмескі,
күдікті дақтар. Бəрінен жаманы кісіні қорлайтын, Париждің жиһазды
бөлмелерінің жоқшылығы көзге ұрып, иісі мүңкіп тұр еді. Дюруаның
жанын өзінің кедейлігіне деген ыза кернеді. Бұл жағдайдан неғұрлым
мүмкіндігінше тез құтылып, мұндай жанашырлық тіршілікті ертеңнен
бастап тоқтату қажет екенін сезінді.
Аяқ асты оның қайтадан жұмыс істегісі келді, үстел басына отырды да,
Алжирдің өзіндік сиқырлы ерекшеліктерін қайта жаңғыртуға көмектесе
алатындай сөздерді іздеді. Алжир -жалпы Африканың, адам аяғы баспаған
құпиялы, көшпелі арабтар мен зəңгілердің беймағлұм тайпалары
мекендейтін Африканың кіре беріс босағасы; зерттелмеген, бірақ өзіне
тартып тұратын, шындығына адам нанбайтын, ертегі өмірдің əлемінен
келгендей жануарлары - түйеқұс деп аталатын бұрын көрмеген тауығы,
қарақұйрық деп аталатын қимылы құдіреттей сəнді ешкілері, өзінің
көріксіздігімен таңғалдыратын керігі, маңғаз түйелері, адам шошырлық
бегемоттары, ұсқынсыз мүйізтұмсықтары, ақыр соңында адамзаттың
қорқынышты бауырлары горилласы - сирек те болса біздің қалалық бақтан
көрініс беріп қалатын Африканың босағасы Дюруаның басында туған
ойлар анықтығымен ерекшеленбеді, оларды ол айта алар еді, алайда бірақ
қағазға түсіре алмады. Самайы солқылдап, алақаны терден дымқылданып
кетті, ақыры əлгіндей əлсіздіктің безгегі қысқан ол тағы да үстелдің
алдынан тұрып кетті.
Сол арада оның көзіне бүгін кешкісін қақпа күзет əкеп тастаған кір
жуушының есепшоты түсті де, оны бір айықпас қайғы басты. Өзіне деген
сенім де, болашаққа деген үміт те бір сəтте ізім-ғайым болды. Бітті, бəрі
бітті, ол ештеңе де жасай алмайды, оның қолынан ештеңе де келмейді. Ол
өзіне түкке тұрғысыз, қабілетсіз, енді түк шықпайтыны біржола белгілі керексіз адам боп көрінді.
Ол тағы терезенің алдына жақындап еді, дəл сол сəтте туннельдің ішінен
тарс-күрс еткен жабайы дауыспен пойыз кенет жұлқынып шыға келді.
Оның жолы даланы басып жазыққа, одан теңізге бағытталған. Пойызды
көзімен ұзатып салып тұрып Дюруаның есіне əке-шешесі түсті.
Иə, пойыз олардың қасынан, бар-жоғы олардың үйінен бірер шақырым
ғана қашықтықтан өтеді. Дюруа Руан мен Сенаның кең аңғарының үстінде,
Кантль мекеніне кіреберістегі жотада тұрған шағын үйді көз алдына қазқалпында елестетті.
Дюруаның əке-шешесі сол руандықтар жексенбі сайын келіп ертеңгілік
асын ішетін "əдемі көрініс" деп аталатын шағын асхана-шарапхана
ұстайтын. Ұлымыз болашақта айтулы адам бола ма деген үмітпен олар оны
колледжге берген-ді. Курсты бітіріп, бірақ бакалаврлыққа емтихан
тапсырмай, Жорж Дюруа əскери қызметке тұрып кетті; ол офицер,
полковник, генерал болуды алдын ала ойластырған-ды. Алайда əскери
қызмет бес жылдық мерзімі бітпей жатып-ақ жалықтырып жіберген соң ол
Парижден мансап табу жағдайын қарастыра бастаған болатын.
Сөйтіп, міндетті мерзімін өтеген соң, əке-шешесі ақыры үміттенген
армандарының жүзеге аспасын білгеннен кейін, енді бізбен бірге
қолтығымыздың астында тұра берсе деп қалап еді, олардың өтінішіне
қарамай, осында келген-ді. Ол өзінің жұлдызы жанатынына сенімін
жоғалтпады, көз алдында өзінің болашақ жеңісі бұлдыр елестейтін: əлдебір
жағдайлардың сəтті үйлесуі өз жемісін береді, оны, əрине, өзі дайындайды
жəне оны қолдан шығармай пайдаланады.
Гарнизондағы қызметі оның жүрекке қатысты жағдайларына да игі
ықпалын тигізді, оңай жеңістерден тыс оның жоғары талаптағы əйелдермен
де байланысы болды, - салық инспектрінің ол үшін бəрін де тастап,
соңынан еріп кетуге дайын қызын жəне сенімді өкілдің ол тастап кеткенде
суға батып өлмек болған əйелін де айналдырып алуға қолы жеткен.
Жолдастары ол туралы: "Қу, алаяқ, жылпос, оқ пен оттың ішінен де аман
шығады", -дейтін. Ол сонда өзіне-өзі қу, алаяқ, жылпос болуға ант бергенді.
Оның күнделікті гарнизондағы өмірінен, Африкадағы кəдімгі
тонаушылығынан, қулық-сұмдығы мен патриоттық сезіммен қабат əскери
түсініктегі намысты бойына сіңірген заңсыз табыстары, унтерофицерлердің жеңістері жайындағы əңгімелердің əсерінен туған ұсақ
атаққұмарлығы мен ерліктерінен қалыптасқан нормандық ұяты не керек
болса соның бəрі табыла кететін үш қабат түбі бар қобдишаға айналып
кеткен-ді.
Бірақ өз мақсатына жету тілегі соның бəрінен басым тұратын.
Өзі де байқамай, əр кеш сайын сөйтетін əдетімен Дюруа арманға шомып
кетті. Оның көз алдына айрықша сəтті махаббат көрінісі келді, соның
арқасында оның бүкіл арманы бір-ақ орындалыпты. Ол көшеде келе жатып
банкирдің немесе ақсүйектің қызына кезігеді, оны бір көргеннен-ақ уысына
түсіріп, соған үйленеді.
Өз інінен зытып шыққан семіз қоянша депоға барып демалу үшін бар
пəрменімен туннельден шыға келген паровоздың құлақ тұндырған ащы
даусы оны мына өмірдің шындығына қайта алып келді.
Сол сəт үнемі оның жанын жылытып жүретін əрі бұлдыр, əрі қуанышты
үміт оны тағы қанаттандырды, - жорамалдап, түннің дəл қараңғылығына
қарата - өзі қалаған бейтаныс əйелге сүйіс жолдады, өзі құмартқан
сəттілікті ыстық ықыласпен сүйді. Сонан соң терезені жапты да, шешіне
бастады. "Ештеңе етпейді, - деп ойлады ол, - таңертең тың күшпен кірісем
жұмысқа. Қазір басым басқа оймен əлек. Оның үстіне мен артықтау ішіп
қойған болуым керек. Өйтіп жұмыс істеуге болмайды".
Ол жатты да, шамды өшірді жəне сол сəтте-ақ ұйықтап кетті.
Əлденені асыға күткен немесе əлденеден мазасы кеткен адамдардың
əдетімен ол ерте оянды; төсектен секіріп түсіп, өзі айтпақшы, бір шыны
таза ауаны жұту үшін, терезені ашты.
Темір жол өтетін кең шұңқырдың арғы бетіндегі шығып келе жатқан
күннің шұғыласымен жалт-жұлт еткен Рим көшесінің үйлері құдды күңгірт
жарықпен салып шыққан суреттей. Оң жақтан көкжиекті жаба салған
мөлдір бетперде сияқты жұқа көгілдір түтін тұмшалаған Аржантейль
жотасы мен Сануа биігі жəне Оржемон диірмені əзер көрінеді.
Дюруа қарсы алдынан ашылған қиырға сүйсіне қарады. "Бүгінгідей
кезде ол жерде сұмдық жақсы шығар", - деді күбірлеп. Содан соң жұмысқа
кірісуі, кіріскенде де дереу кірісуі керек екені есіне түсіп, есіккүзеттің
баласын шақырып алды да, оған он су беріп, кеңсеге өзінің ауырып
қалғанын айтып келуге жұмсады.
Ол үстелдің алдына кеп отырды, қаламсабын сияға малды, сонан соң
жағын таянып, ойланып қалды. Бірақ оның барлық ойлағаны бекер болды.
Оның есіне ештеңе де түспеді.
Əйткенмен ол түңілмеді. "Оқасы жоқ, - деп ойлады ол, - əзірше менің
əншейін дағдым жоқ. Барлық мамандық секілді, бұны да үйрену қажет.
Менің алғашқы аяқ алысымды біреу-міреу бағыттап жіберуге тиіс.
Форестьеге барайын, ол мені он минутте-ақ рельске салып жібереді".
Ол дереу киіне бастады.
Көшеге шыққан соң, қазір Форестье досына баруға болмайтынын
шамалады: олар, бəлкім, кештеу оянатын шығар. Енді ол асықпай сыртқы
бульвардың бойымен қыдыра-қыдыра барармын деп шешті.
Ол таңғы суарудан кейін жап-жаңа сияқтанып тұрған Монсо паркіне
келіп кіргенде, əлі сағат тоғыз болмаған-ды.
Ол отырғышқа отырып тағы қиялға шомды. Алысырақта, сірə, əйел
затын күткен біреу болу керек, өте əдемі киінген жас жігіт ілгері-кейін
жүрді де қойды.
Ақыры бетпердесін түсірген қалпақты əйел асыға басып кеп жігітпен
қол беріп амандасты, сонан соң қолтығынан алды да, екеуі көзден ғайып
болды.
Дюруаны махаббаттың адам төзімін тауысар ынтызарлығы,
сүйіспеншіліктің хош иісті, кіршіксіз, нəзік жан толқытулары шөліркетті.
Ол орнынан тұрып, Форестье жайында ойлай-ойлай ілгері жүрді. Жолы
болғыш деп əне соны айт!
Ол кіреберіске досы тұп-тура үйден шығып келе жатқан сəтте жетті.
— А, бұл сен бе? Осынша неғып ерте? Не жұмыс боп қалды?
Көшеде жолыққанына қысылған Дюруа міңгірледі де қалды:
— Жай ғой... жай... Менің мақаламнан түк шықпады, Алжир жайлы
мақаламнан, -есіңде ме, маған Вальтер мырза тапсырған шы? Оның еш
таңғалатыны жоқ, мен, енді, ешқашан жазып көрген адам емеспін ғой.
Барлық жұмыс секілді, мұнда да машықтану қажет. Мен кешікпей-ақ
қолымды үйретем, оған ешбір күмəнім жоқ, мен тек неден бастауды, қалай
кірісуді білмеймін. Менде ой көп, қанша десең де жетерлік, ал соны сөзбен
жеткізе алмаймын.
Айтпағынан шатасып, ол үндемей қалды. Форестье оған қулана жымиып
қарады:
— Ондай жағдай маған таныс.
— Иə, мұндай жағдайды бəрі де бастан кешуі керек шығар деп
ойлаймын, - деді Дюруа досын құптап. - Сонымен, мен саған өтінішпен
келдім... қайғыма көмектес деген өтінішпен... Сен мені он минутте-ақ
рельске салып жіберсең, қай жағынан келуім керек екенін корсет. Мен үшін
ол өте ғажап стилистикалық сабақ болар еді, менің бір өзімнің шамам
келмейді.
Форестье бұрынғысынша көңілді жымиысынан танбады. Ескі досын
иығынан қағып қалды да, былай деді:
— Менің əйеліме бар, ол мұндайды менен кем жасамайды. Мен оны
жетерліктей сүйрелегем. Ертеңгілік қолым тимейді, əйтпесе мен саған
қуана-қуана көмектесер едім.
Дюруа тосын жүрексініп қалды, ол екі ойлы боп, не істерін білмеді.
— Мен енді əйеліңе тап осы таңертең жетіп бармаймын ғой?
— Тамаша жетіп барасың. Ол баяғыда тұрып алған. Қазір менің
кабинетімде менің жазғандарымды бір ретке келтіріп отыр.
Дюруаның əлі де үйге кіруге батылы бармады.
— Жо... ол мүмкін емес.
Форестье оны иығынан алып айналдырды да, есікке қарай итеріп
жіберді.
— Барсаңшы енді қыңыраймай, бар дедім ғой, қырсық, бар! Мен енді
қайтадан төртінші қабатқа көтеріліп, сені əйеліме жолықтырып, бүкіл
өтінішіңді бастан-аяқ оған баяндап тұрмаймын ғой.
Ақыры Дюруа баруға бекінді.
— Жарайды, рахмет, өзім барайын. Сен мені күштеп, тұп-тура
зорлықпен жіберді деп айтып барам.
— Иə, сөйт. Ол сені жеп қоймайды, қорықпай-ақ қой. Ең бастысы,
бүгінгі сағат дəл үштегіні ұмытпа.
— Жо-жоқ, ұмытпаймын.
Форестье іскер адамның кейпімен көше бойлай жүріп кетті де, ал Дюруа
өзін қалай қабылдайтынын білмей беймазаланып, əңгімені неден бастарын
ойлап, бір текпішектен бір текпішекке асықпай аттап, төртінші қабатқа
көтерілді.
Есікті қызметші ашты. Көк алжапқыш киген, қолында еден сүртетін
шөткісі бар.
— Форестье мырза үйде жоқ, - деп хабарлады ол сұрауды күтпестен.
— Форестье ханымнан сұраңызшы, мені қабылдай алар ма екен? - деп
талап етті Дюруа, - мені күйеуі жіберді, мен оны қазір көшеде кездестірдім.
Ол жауап күтіп қалды. Қызметші қайта оралды да, есікті оң жаққа ашып:
— Форестье ханым сізді күтіп отыр, - деді.
Əйел жазу үстелінің алдында креслода отыр екен, ол отырған шағын
бөлменің қабырғалары қап-қара ағаш сөрелеріне мұқият жиналған
кітаптармен тұтастай жабылыпты. Кітаптың алуан түсті қызыл, сары,
жасыл, ақшыл көк, көгілдір - түптері том-том кітаптың біркелкі қатарларын
əдемі əрі жандандырып көрсетеді.
Форестье ханым өзінің үйреншікті күлімсіреген қалпымен бұрылып,
оған қолын ұсынды, əйелдің қолы иығына дейін дерлік көрініп қалды, шілтерлеп əшекейлеген үй көйлегінің жеңі соншалық кең екен.
— Неге мұнша ерте? - деп сұрады да, іле-шала тағы қосты. - Бұл кінəлау
емес, бар-жоғы тек сұрақ.
— Мен келмейін деп ем, бірақ сіздің күйеуіңіз, - деп міңгірледі ол, онымен төменде жолығып қалып ем, сол мені жоғарыға көтерілуге мəжбүр
етті. Маған соншалықты ыңғайсыз, менің тіпті сізге неге келгендігімді
айтуға да батылым жететін емес.
Форестье ханым оған қолымен орындықты нұсқады:
— Отырыңыз, сонан соң айтыңыз.
Екі саусағымен қолындағы қаздың қанатын əйел еппен айналдырып
отырды. Дюруаның оған кедергі жасап отырғанын куəлендіріп, оның
алдында жартысына дейін жазылып біткен үлкен қағаз жатты.
Қонақ бөлмедегі үйреншікті жұмысында қалай өзін емін-еркін сезінсе,
мына жазу үстеліндегі жұмыста да өзін өте жақсы сезінетіндігі көрініп
тұрды. Оның үй көйлегінен қазір ғана себілген жеңіл жұпар иіс шығады,
Дюруа жұмсақ матамен бүркелген оның жас, таза, тоқ əрі жылы денесін
құдды бұрын көрген адам құсап елестетуге тырысты.
Дюруаның сөйлеуге бата алмай отырғанын байқап:
— Қане, айтсаңызшы енді, не жағдай? - деп сұрады əйел.
— Көріп отырсыз ғой, - деді ол сасқалақтап. - Шынында, маған
ыңғайсыз... Мəселе мынада, кеше мен түн жарымға дейін отырдым... бүгін
тағы... таңертеңнен бері... Вальтер мырза сұраған Алжир туралы мақаланы
жаздым... Бірақ мен түк шығара алмадым. Барлық жазған жаман
қағаздарымды жыртып тастадым... Маған бұл іс бейтаныс қой, сондықтан
бұл жолы маған көмектес деп Форестьеге өтініш жасадым...
Риза боп, əрі көңілденіп, əрі масаттанып, шын көңілімен күлген əйел
Дюруаның сөзін бөліп жіберді:
— Ал ол сізді маған жіберді ғой? Онысы, тегі қандай əдемі болған.
— Иə, солай. Бұл қиындықтан сіз мені тіпті жақсы алып шығады деді.
Менің өйткім келмеді, батылым бармады. Сіз мені түсініп тұрсыз ба?
Əйел орнынан түрегелді.
— Бұлай бірлесіп жұмыс істеу өте жайлы болатын сияқты. Сіздің
идеяңызға мен өте қуаныштымын. Былай болсын: менің орныма
отырыңызшы, əйтпесе газеттегілер менің жазуымды танып қояды. Қазір
біз, сіз екеуміз, жазамыз ол мақаланы, жазғанда қандай тағы! Сəтті
шығатынына сөз жоқ.
Ол отырып, қолына қаламсапты ұстап, алдына бір бет ақ қағазды жайып,
жазуға дайындалды.
Форестье ханым оның барлық қимылын түрегелген қалпы бақылап
тұрды, сонан соң алды ашық пештің үстінен темекі алып тұтатты.
— Темекісіз жұмыс істей алмаймын, - деді. - Сонымен, сіздің не айтсам
деген ойыңыз бар?
Дюруа əйелге таңғала жалт қарады.
— Дəл соны білмеймін, сондықтан ғой сізге келіп отырғаным.
— Онда жарайды, мен сізге көмектесейін. Тұздықты əзірлеуге мен
дайынмын, бірақ маған алдымен тамақтың өзі керек.
Дюруа сасып қалды.
— Мен өзімнің қалай аралағанымды басынан бастап жазсам ба деп едім,
- деді ол батылсыздау үнмен.
Əйел үлкен үстелдің арғы жағына оған қарама-қарсы отырды да, бетіне
тура қарап:
— Олай болса, сіз əуелі оны маған оңаша - түсініп отырсыз ба, маған
ғана баяндап беріңізші, - деді əйел, - асықпай, ештеңесін тастап кетпей
айтыңыз, сонан соң мен не керегін өзім таңдап аламын.
Дюруа неден бастарын білмеді, - сонан соң күнəсінен арылуға келіп
отырған адамды сұраққа алған поп құсап, əйел оған сұрақтар бере бастады,
оның сұрақтары дəл тұжырымдалғандықтан, Дюруаның жадында
ұмытылған егжей-тегжейлер, кездесулер, атүсті ғана байқап қалған бетжүздер қайтадан қалқып бетке шыға бастады.
Сөйтіп ол ширек сағатқа жуық сөйледі, содан кейін əйел оның сөзін
кенет бөліп жіберді:
— Ал енді бастайық. Сіз өз əсерлеріңіз жайында досыңызбен
əңгімелесіп отыр деп елестетейікші: бұл сізге қосалқы əр нəрселерді де
айта беруге мүмкіндік береді, жолай əр түрлі ескертпелерді де айта кетесіз,
сонда қолымыздан келгенінше бəрі табиғи əрі қызықты болып шығады.
Жазыңыз:
"Қымбатты Анри! Сенің Алжир1 дегеннің не екенін білгің келе ме?
Жарайды. Істейтін ештеңе жоқтықтан, мен саған өзім тұрып жатқан
балшық үйден өз өмірімнің əр күні мен əр сағатын жазып отыратын
күнделік тəрізді жазбамды жіберіп тұруды ұйғардым. Кейде ол саған
дөрекілеу боп та көрінуі мүмкін, - несі бар, сен оны таныс əйелдеріңе
көрсетуге міндетті емес шығарсың".
Сөніп қалған темекісін қайта тұтату үшін, əйел осы арада бір тоқтады,
қаз қауырсынының əлсіз сырылы да дым болды.
— Ары кеттік, - деді əйел.
Алжир - қақпа, таңғажайып құрлықтың тамаша аппақ қақпасы.
Бірақ алдымен ол қақпаға бару керек, ал бару - кез келген адамның
қолынан келе бермейтін рақат. Мен, өзің білесің, атқа мінудің əйгілі
шеберімін, мен полковниктің өзі мінетін аттарды үйретушімін. Алайда
жақсы атпаз болғаныңмен, нашар теңізші болуын да мүмкін ғой. Мен
ондайды өз басымнан өткердім.
Бəріміз доктор Блево деп атайтын полк дəрігері Сембрет есіңде ме?
Өзіміз арман еткен сол жерде госпитальге барып бір тəулік демалғымыз
келгенде, соның қабылдауына барушы едік қой бəріміз.
Оның қызыл іштəнің семіз санын дəл қазір де көріп тұрғандаймын; əне
ол талтайып, екі жұдырығын тізесіне тіреп, - қолы доғаланып, шынтағы
сыртқа шығып, - шаян көздерін шыр айналдырып, ағарған мұртын тістелеп
орындықта отыр.
Оның емдік ұйғарымдары есіңде ме:
— Мына əскердің асқазаны бұзылған. Оған менің рецебіммен жасалған
нөмірі үшінші құсқызғышты бер, содан кейін оған толық он екі сағат
тыныштық қажет, сонда жазылып кетеді.
Оның құсқызғыш деп отырғаны күшті əсер ететін, дуаланған нəрсе.
Сонда да біз оны іштік, - басқа амалымыз болмады. Есесіне кейін, доктор
Блевоның дəрі-дəрмегін ішкен соң, біз еңбегіміз сіңген он екі сағаттық
демалыстың рақатын көретінбіз.
Солай, достым, Африкаға бару үшін, қырық сағат бойы сондай бір аса
қуатты басқа құсқызғышты - Трансатлантикалық кеме компаниясының
рецебі бойынша жасалған құсқызғышты - байқап көруге тура келеді".
Форестье ханым сүйсінгеннен қолын уқалап-уқалап жіберді. Əйел
түрегеліп, екінші рет темекісін тұтатты, сонан соң бөлмеде ары-бері жүріп,
қымқырулы еріндерінің арасындағы кішкентай ғана дөңгелек тесіктен əуелі
баған құсап тік шаншылған, артынан бірте-бірте таралып, жан-жаққа
жайылып, кей жерде тұманданған мөлдір түйдектер мен өрмекшінің торы
секілді жұқа сұр жіптер тастаған түтінін будақтата жүріп, тағы жаздыра
бастады. Анда-санда сол жеңіл, бірақ бұзыла қоймайтын түтін суретті
біресе алақанымен айдап, біресе сұқ қолымен түртіп, əрең көрінетін будың
қақ бөлінген нəзік жібі ауада қалай жоқ болып кететініне əйел ойлана қарап
қалады.
Дюруа жазу арасында əйелдің барлық қимылы мен қалпын көзінен таса
қылған жоқ, - ол оның мына бос ойынға беріліп кеткен, алайда ойын
билетпеген бет-жүзі мен денесіне көз алмай қарап отырды.Енді əйел жол
үсті оқиғаларды ойлап таба бастады, ойдан шығарған серіктердің түр-түсін
бейнелеп, өз күйеуіне кетіп бара жатқан жаяу əскер капитанының əйелімен
өткінші байланыс жасатты.
Сонан соң отырып, Дюруадан Алжирдің өзі мүлдем білмейтін
топографиясы туралы сұрай бастады. Он минуттен кейін ол оны Дюруадан
кем білмеді жəне бір тараудан тұратын Алжир туралы саяси-экономикалық
очерк жаздыра алатын еді, ал ол келесі санда жарияланатын күрделі
мəселелерді түсінуге жеңілдік туғызатын еді.
Очерк Оран провинциясына жасаған жорыққа, əрине, ойдан
шығарылған жорыққа ауысты: əңгіменің көпшілігі əйелдер туралы мавритандық, испандық əйелдер мен еврей əйелдері туралы болды.
— Оқырмандарды тек осы қызықтырады, - деп түсіндірді Форестье
ханым.
Əйел əңгімені биік үстірттің етегінде, Саидтегі аялдамада альфа
өңдейтін аинелхаджар фабрикасының жұмысшысы болып істейтін
испанкамен унтер-офицер Жорж Дюруаның əуендей əсерлі, бірақ ғұмыры
қысқа хикаясын баяндаумен аяқтады. Əйел иттердің үргені, шиебөрілердің
ырсылы мен қорқаулардың ұлығаны жаңғырыққан жалаң жартасты тау
арасындағы екеуінің кездесуін суреттеді.
— Жалғасы ертең! - деді Форестье ханым көңілденіп, сонан соң
орындықтан тұра бергенде: - Міне, мақала деген осылай жазылады,
қымбатты əміршім. Енді өз қолыңызды қоюға рақым етіңіз! - дегенді қосып
қойды.
Дюруа не істерін білмей бөгеліп қалды.
— Қойсаңызшы енді!
Дюруа күлді де, беттің төменгі жағына "Жорж Дюруа" деп жазды.
Əйел темекісін тартып, тағы да бөлме ішінде ары-бері жүре бастады, ал
жігіт оған өз құрметін қалай білдірерге сөз таппай, тек бет-жүзінен көз
алмай қарай берді, оның осында, қасында екеніне қуанып, екеуінің дамып
келе жатқан жақындығы оны сезім лəззатына бөлеп əкетті. Оған бүкіл
айналасындағы нəрсенің бəрі, тіпті кітаптар жауып тұрған қабырғалар да
əйелдің бір бөлшегі сияқты көрінді. Бөлменің жасауында, ауаға тараған
темекінің иісінде əлдебір қайталанбайтын, жағымды, сүйкімді, баурап
алатындай, қысқасы, əйелдің бойынан ескен қасиеттің бəрі бар еді.
— Сіз менің досым Марель ханым жайында қандай ойдасыз? - деп
қалды ол күтпеген жерде.
Дюруа ол сұрақтан абдырап қалды.
— Сізге не десем екен,.. менің ойымша, ол... тартымды əйел.
— Солай ма?
— Əрине.
Оның: "Сіз одан да тартымдысыз", - дегенді қосып қойғысы келді, бірақ
ұялды.
— Сіз оның ешкімге ұқсамайтынын, қандай қалжыңбас, ақылды екенін
білсеңіз ғой! -деп, Форестье ханым сөзін жалғастырып кетті. - Сері, иə-иə,
нағыз сері. Күйеуі оны сол үшін ұнатпайды. Ол оның тек кемшіліктерін
ғана көреді, ал жақсы қасиеттерін байқамайды.
Дюруаға Марель ханымның күйеуі бар екендігі бір түрлі ерсі сияқтанды.
Алайда оның таңғалатындай түгі де жоқ еді.
— Солай деңіз... демек күйеуі бар екен ғой? - деп сұрады. - Ал күйеуі не
қылған адам?
— Ол - Солтүстік темір жолының тексерушісі. Əр айда Парижге бір
аптаға келеді. Ол аптаны əйелі борыш өтеуім, тегін зорлау, құмарлық
аптасы деп атайды. Онымен жақын танысқан соң көресіз, қандай оның
тапқыр əрі сүйкімді əйел екенін. Жақын күндердің бірінде сіз оған кіріп
шығыңызшы.
Дюруа кететін уақыты болғанын ұмытып кетті. Ол мұнда мəңгі қала
беретіндей, құдды өз үйінде отырғандай сезінген.
Бірақ кенет есік дыбыссыз ашылды да, бір ұзын бойлы мырза еш
хабарламасыз кіріп келді.
Бейтаныс еркекті көрген соң, ол тоқтай қалды. Форестье ханым бір сəт
қысылып қалғандай көрінді, сонан соң мойнынан бетіне қарай жүгірген
жұқалтым қызғылт əлі басыла қоймағанмен, еркекке өзінің байырғы
даусымен тіл қатты:
— Келіңіз, қымбаттым, келіңіз! Сізге Шарльдің ескі досы, болашақ
журналшы Дюруа мырзаны таныстыруға рұқсат етіңіз! - Сонан соң
басқаша үнмен сөйледі: - Біздің ең жақсы əрі ең жақын досымыз - граф де
Водрек.
Екі еркек бір-біріне ізет тағзымын жасады, бір-біріне тіке қарады, сонан
соң Дюруа бөгелместен қоштаса бастады.
Оны олар да бөгемеді. Рахметін күбірлей айтып, ол Форестье ханымның
қолын қысты, немқұрайды қарап əрі ақсүйек адамға тəн паңдық сақтап
тұрған қонаққа тағы тағзым жасады, сөйтті де əлдебір өкінішті қателік
жасап қойған адамша қысыла көшеге шықты.
Көшеге шыққан соң, неге екенін, оны көңілсіздік пен мұң басты, өзін-өзі
билей алмады. Бұл ойда жоқта басқан бұлдыр мұңның қайдан пайда бола
кеткенін түсіне алмай, ол басы ауған жаққа жүре берді. Бұл халінің себебін
ол таба алмады, алайда оның көз алдына граф де Водректің сұсты түсі,
қартаң тартқан, ақ шашты, өте бай жəне өз бағасын өзі білетін мырзаның
байсалды, паң көзқарасы қайта-қайта келе берді.
Ақыры ол осы өзі сезінген суықтық пен үмітсіздікті тудырған дəп сол
бейтаныстың өзін жанында еркін сезіне бастаған Форестье ханыммен
сүйкімді əңгімесін бұзып жіберуі екенін түсінді, əдетте бөтен біреудің
қайғысы немесе əлдекімнің ойланбай айта салған сөзі, кез келген болмашы
нəрсе сезімге өстіп əсер ете береді.
Ол адам да, неге екенін, мұны Форестье ханымның қасынан көргеніне
ұнатыңқырамай, таңғалған сияқтанды.
Сағат үшке дейін оның істейтін ешбір жұмысы жоқ болатын, ал қазір əлі
он екі бола қойған жоқ. Оның қалтасында алты жарым франк жатқан-ды,
енді таңғы тамағын ішпек болып, Дювальге қарай жүрді. Одан кейін
бульварді аралап, тұп-тура сағат үште кіре берістегі баспалдақпен
"Француз өмірінің" саралқасына көтеріліп бара жатты.
Отырғышта қолдарын қусырып тапсырма күткен шабармандар отыр, ал
мінбеге ұқсас кеңсенің артында есіккүзет жаңа келген поштаны сараптап
жатты. Келушілерге мұндай сахналық орналасу əсер етсе керек-ті.
Қызметкерлер өзін ықпалды газеттің ауыз үйінде отыруға лайықты, əдейі
мəнденген күйде ұстап отыр, олардың əрқайсысы кіріп келгендерді өзінің
айбынды келбетімен, отырыс-тұрысының тұрқымен таңғалдыра алатын еді.
— Вальтер мырзаға кіруге болар ма екен? - деп сұрады Дюруа.
— Баспагер мырзада мəжіліс өтіп жатыр, - деп жауап берді есіккүзет. Күте тұруыңызға тура келеді.
Сөйтті де, адамға лық толы қабылхананы нұсқады.
Онда ордендерін тағынған маңғаз, мəртебелі адамдар мен ұсқыны
география картасындағы құрлық пен теңіздерді еске түсіретін дақтары бар
жейделерін қымтап, шапандарын жоғарғы түймелеріне дейін түймелеп
алған жұпыны киімді адамдар да отыр еді. Күтіп отырғандардың ішінде үш
əйел бар екен. Оның біреуі əдемілеу, күлімдеген, сəнді киінген, жеңілтектеу
көрінді. Оның қасындағы жүзін əжім басқан мұңды, сыпайы, бірақ сəнді
киінген əйелден бұрынғы актрисалығынан қалған əлдене, əлдебір
жасандылық байқалып, баяғыда жоғалып ашып кеткен махаббат пен бояма,
оңып кеткен жастықтың иісі шығатындай.
Үшінші қаралы киінген, өксігі басылмаған жесір əйел бұрышта отырды.
Дюруа ол əйел жəрдем сұрап келген шығар деп шешті.
Жиырма минуттен астам уақыт өтсе де, қабылдау əлі басталмапты.
Дюруаға бір ой келді де, ол дереу қайтадан есіккүзетке барды.
— Вальтер мырза маған сағат үште келіңіз деп белгілеп еді, - деді ол. Қалай дегенмен қарай салыңызшы, мұнда менің Форестье досым жоқ па
екен?
Содан кейін оны дереу ұзын дəліз арқылы кең жасыл үстелде төрт адам
əлдене жазып жатқан үлкен залға алып келді. Форестье алды ашық пештің
қасында темекі тартып, билбөке ойнап тұр екен. Ол өте жақсы ойнайды
екен, сары букс ағашынан жасалған дəу шарды əр ұрған сайын кішкентай
ағаш шегеге дəл қадап отырды.
— Жиырма екі, жиырма үш, жиырма төрт, жиырма бес, - деп санады.
— Жиырма алты, - деді Дюруа.
Форестье құлаштаған қалпын өзгертпестен бұған қарады.
— Ə, бұл сен бе? Кеше мен бірінен кейін бірін үзбестен елу жетісін
қададым. Сен-Потеннен кейінгі мен мұнда ең мықты ойыншымын. Сен
бастықты көрдің бе? Билбөке ойнап жатқанында, кəрі егеуқұйрық
Норберден өткен күлдіргі ештеңе жоқ шығар. Ол аузын ашқанда, тұп-тура
шарды жұтып қоятын адам сияқты.
Бір қызметкер оған бұрылып:
— Форестье мырза, - деді, - мен қап-қара ағаштан жасалған ғажап
билбөке сатылатын жерді білемін. Айтуларына қарағанда, бір кезде ол
испан королінікі болыпты. Алпыс франк сұрайды. Ол қымбат емес.
— Ол қай жерде? - деді Форестье.
Отыз жетінші ұруда мүлт кетіп, шкапты ашып қап еді, Дюруа ол
шкаптың ішінде нөмірленіп, жүйе бойынша жинап қойған жиырма тал
тамаша билбөкені көрді. Форестье өзінің билбөкесін орнына қойды да,
тағы сұрады:
— Ол қымбатың қайда тұр дейсің?
— Водевильге билет сататын алыпсатардың қасында, - деп жауап берді
журналшы. -Егер қажет десең, ертең саған алып кеп бере алам.
— Əкел. Егер жақсы болса, алам: артық билбөкенің ешқашан зияны
тимейді.
Сонан соң ол Дюруаға бұрылды:
— Жүр менімен бірге, бастыққа алып барайын, əйтпесе сен мұнда жетіге
дейін сандаласың.
Қабылханадағылардың бəрі де сол орындарында екен. Форестьені көріп,
жас келіншек пен егде актриса асығыс орындарынан тұрып, оның қасына
жақындады.
Форестье оларды кезек-кезек терезенің түбіне апарды, үшеуі қаншама
ақырын сөйлеуге тырысқандарымен, Дюруа əйелдердің анасына да,
мынасына да Форестьенің "сен" деп сөйлегенін анық білді.
Ақыры Форестье мен Дюруа қапталған екі есік арқылы баспагердің
кабинетіне кірді.
Мəжіліс өткізіп жатырмыз деген желеумен Вальтер жəне мана Дюруа
көрген жалпақ жиегі бар биік қалпақты мырзалар бір сағат бойы қарта
ойнап отырыпты.
Баспагердің өз қартасына қалай бар зейінін сап қарағаны, қимылының
ұрыдай сақтығы əріптесінің қартаны жапқандағы, таратқандағы ептілігіне,
майысқақтығына, тəжірибелі ойыншыға тəн жарасымды қылығына, түрлі
түсті қатырқаларды қалай аударыстырғанына қарағанда мүлдем орашолақты. Норбер де Варен əдетте баспагер отыратын креслоға отырып алып
мақала жазып жатты, ал Жак Риваль диванда ұзынынан түсіп, көзін жұмып
алып, темекісін тартып жатты.
Кабинеттің бұзылған ауасына тері креслолар мен темекі түтінінің өткір
иісі жəне əрбір журналшыға жақсы таныс саралқаның өзіндік иісі сіңіп
кетіпті.
Мыспен əшекейленген қара түсті ағаш үстелдің үстінде хаттардың,
өздерек кəртішкелерінің, есепшоттардың, журналдардың, газеттердің, тағы
басқа толып жатқан басылым түрлерінің керемет үлкен үйіндісі жатыр.
Форестье үстелді айнала ойынды бақылап, өзара бəстесіп түрегеп тұрған
көрермендердің қолын үнсіз қысып шықты. Вальтер партияны ұтқан кезде
ғана оған тіл қатып:
— Менің Дюруа досым міне, - деді.
— Мақаланы əкелдіңіз бе? - деп сұрады баспагер көзəйнегінің үстінен
жас жігітке жылдам көз тастап. - Əлі Морельдің сұранымы бойынша
жарыссөз жүріп жатқанда, дəл бүгін өте орынды болар еді.
Дюруа қалтасынан төрт қабат бүктелген қағаздарды шығарып берді.
— Мінекиіңіз.
Бастықтың жүзінен ризашылық аңғарылды.
— Өте жақсы, өте жақсы, - деді ол күлімсіреп. - Сіз сөзіңізде тұрдыңыз.
Мұны менің қарап шығуым қажет пе, Форестье?
— Қажеті жоқ, Вальтер мырза, - деді Форестье асыға жауап беріп. - Біз
екеуміз бірге отырып жаздық, қалай жазуды оған көрсетуге тура келді. Өте
жақсы мақала болып шықты.
— Онда өте жақсы, - деді баспагер солшыл ортаның депутаты, ұзын
арық мырза таратқан қартасын қолына рет-ретімен қойып жатып.
Алайда Форестье Вальтерге жаңа партияны бастауға мүмкіндік бермеді.
— Сіз маған Дюруаны Марамбоның орнына алам деп уəде бергенсіз, деді оның құлағына еңкейе сыбырлап. - Мұны дəл сол жағдайда қабылдауға
рұқсат етіңіз!
— Иə, əрине.
Жаңа ойын басталып кетті, журналшы досын қолтықтап алып шығар
есікке қарай жүрді.
Норбер де Варен басын көтерген жоқ: сірə, ол не байқамады, не
Дюруаны танымады. Керісінше Жак Риваль оның қолын əдейілеп қатты
қысты, өмірдің қай сынында да сенуге болатын, ізгі ниетті жолдас екендігін
білдірді.
Форестье мен Дюруа қайтадан қабылханаға шыққанда, күтушілердің
көзі екеуіне қадала қалды, журналшы бар даусымен, барлығы түгел естісін
деп, ең жас келіншекке қарап тұрып былай деді:
— Баспагер сіздерді көп кешікпей қабылдайды.
комиссиясының екі мүшесімен кеңес өткізіп отыр.
Ол
бюджет
Соны айтысымен-ақ дəп бір оны мемлекеттік маңызды істер күтіп
тұрғандай мазасызданған əрі тəуелсіз кейіппен ілгері жүріп кетті.
Саралқа залына оралған соң, Форестье бірден билбөкеге кірісіп кетті,
сөзін қанша ұрғанының санымен араластыра сөйлеп тұр:
— Енді былай. Сен күн сайын мұнда үшке қарай келесің, мен сені хабар
əкелуге жұмсаймын, сен оны табасың - кейде күндіз, кейде кешкісін, кейде
таңертең. Бір! Ең əуелі мен саған полицей префектурасының бірінші бөлім
бастығына кепілдеме хат жазып берем, - екі! - ал ол сені өз қол
астындағылардың біреуіне жібереді. Сен онымен бүкіл маңызды деректерді
алып тұруға келісесің, - үш! - өзі де белгілі, деректер ресми жəне жартылай
ресми болады. Егжей-тегжейін Сен-Потеннен білесің, ол бұл жағдайдан
хабардар, - төрт! - оны күт немесе таңертең сөйлес. Бастысы, мен сені
жұмсаған адамдарға бəрін, мүмкін нəрсенің бəрін қалай айтқызуды үйрен бес! - барлық жерден өтіп кет, тіпті жабық есіктен де, - алты! Сол үшін сен
айына екі жүз франк жалақы жəне тауып келген жақсы хабарыңның əр
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 04
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.