Latin Common Turkic

Сүйкімді дос - 16

Total number of words is 4165
Total number of unique words is 2187
34.5 of words are in the 2000 most common words
48.1 of words are in the 5000 most common words
54.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Еңірей жылап, оның аяғын құша құлады.
— Аяңыз мені, əкетай! Құтқарыңыз, құдай үшін, құтқарыңыз!
Священник кетіп қалар дегендей, ол оның қара сутанына жармасты, ал
ол біреу-міреу мына аяғын құшып жатқан əйелдің теріс ниетті немесе тым
құдайға берілген түрін көріп, басқаша ойлап қала ма деген қауіппен
айналасына көз жүгіртті.
Ақырында əйелден оңайшылықпен құтыла алмасына көзі жеткен ол:
— Тұрыңыз, ғибадатхананың кілті менде, - деді.
Қалтасына қол жүгіртіп, бір бума кілт алып шыққан ол, өзіне қажеттіні
таңдап алды да, ойыншық үйге ұқсайтын ғибадатханаға - ішіне діндəрлер
жанын ауырлатқан қоқысын тастап шығатын күнəге арналған жəшікке
қарай асыға беттеді.
Ол ортаңғы есікке кіріп, есігін ішінен бекітіп алды, ал Вальтер ханым
тар бүйір торлардың біріне ұмтылып, кірер-кірмес асыға-аптыға ішіндегін
ашып салды:
— Кешір мені, əкетайым, - мен күнəкармын!
Дю Руа мінбені айналып өтіп, сол қанатқа беттеді. Жол ортаға жете бере
ол бағанағы толық денелі қасқабас мырзаны көрді, - ол əлі де сабырлы
қалыппен қыдырып жүрді.
"Бұл кісіге мына жерде не қажет болды екен?" - деп ойлады ол.
Мырза да жүрісін баяулатып, сөйлескісі келген адамдай Жоржға қарады.
Жақындап келген ол иілді де, сыпайы үнмен:
— Мазалағаным үшін кешірім өтінемін, сіз бұл храмның қашан
салынғанын айтып бере алмас па екенсіз? - деп сұрады.
— Шынын айтсам, білмеймін, - деді Дю Руа, - меніңше, жиырмажиырма бес жыл бұрын салынған болар. Мен мұнда бірінші рет келіп
тұрмын.
— Мен де. Бұрын болмаған едім.
Журналшыны əуесқойлық биледі.
— Сіз оны мұқият қарап жүрген сияқтысыз. Зерттеп жүрмісіз?
— Жоқ, зерттеп жүргенім жоқ, мен əйелімді күтіп жүр едім, - деді ол
көңілсіз түрмен, - ол осында кездесеміз деп еді, өзі кешігіп жатыр.
Бірер минут үнсіз тұрып барып:
— Далада адам төзгісіз ыстық, - деді.
Оның мейірбанды кескініне қарап, Дю Руа оны Форестьеге ұқсатты.
— Сіз шет аймақтан емессіз бе?
— Иə. Мен Ренде туғанмын. Ал сіз мұнда жай келдіңіз бе?
— Жоқ. Мен бір əйелді күтіп жүрмін.
Дю Руа иілді де, күлімдеген күйі алға озды.
Басты есік алдында ол жұпыны киінген əйелді тағы көрді, - ол
бұрынғыша тізерлеген күйі жалбарынуда екен. "Міне, нағыз берілген жан!"
- деп ойлады ол Бірақ бұл жолы ол бағанағыдай аяныш сезінген жоқ.
Оның қасынан өтіп, өзін Вальтер ханым тосуға тиісті оң қапталға қарай
аяңдады.
Ол алыстан-ақ əйел қалған жерде ешкім жоғын байқап, таңғалды. Бұл ол
бағана емес шығар деп, аяғына дейін барып, қайта оралды. Демек əйел
кетіп қалған болды той. Ол бұған таңданды əрі ашуланды. Осы кезде оған
мүмкін ол мұны іздеп жүрген шығар деген ой келіп, шіркеу ішін тағы бір
айналып шықты. Ешқайдан таба алмай, ол осы жерге қайтып келер деген
үмітпен бағана ол отырған орындыққа құйрық басты. Ол тосуға бекінді.
Оның құлағына бір сыбыр шалынды. Шіркеудің бұл бұрышында ешкім
жоқ. Сыбыр қайдан естіліп жатыр? Орнынан көтерілген ол
ғибадатханаларға апаратын бірнеше есікті көрді. Бір есіктің астынан əйел
көйлегінің етегі шығып жатты. Ол əйелдің түрін көру үшін жақындап келді.
Бұл Вальтер ханым еді. Ол күнəден арылып отыр!..
Ол əйелді иығынан ұстай алып, мына тордан сүйреп шығарғысы келді.
Іле: "Ештеңе емес! Бүгін священник болса, ертең менің кезегім", - деп
ойлады. Содан кейін бұл оқиғаны келекелей күліп, ғибадатхана терезесіне
қарсы жерге отыра кетті.
Ол көп күткен жоқ. Ақырында Вальтер ханым орнынан тұрып, артына
қарады, мұны көріп, қасына келді. Оның түрі суық, қатал еді.
— Қайырымды мырза! - деді ол - Өтінемін: мені шығарып салмаңыз,
артымнан ермеңіз жəне бұдан былай маған ешқашан жалғыз келмеңіз. Мен
сізді қабылдамаймын. Қош болыңыз!
Дю Руа оны тоқтатпады: ол жағдайды асықтыруға болмайтынын
баяғыдан білетін. Өз інінен аздап абыржыған түрмен шыққан священникті
көрген ол оған жақындап барып, көзіне тура қарап тұрып, ысылдай тіл
қатты:
— Мына белдемшеңіз болмағанда, жексұрын бетіңізден шарт еткізер
едім!
Осыны айтқан ол шалт бұрылып, ысқырған күйі шіркеуден шықты.
Баспалдақ үстінде қалпағын басына киген жуан мырза қолын арқасына
салып, іші пысқан түрмен алдындағы алаңды жəне оған жалғасып жатқан
көшелерге шола қарап тұр екен.
Екеуі бір-біріне иіліп қоштасты.
Журналшы саралқаға беттеді. Кіре бергенде-ақ қағаз тасушылардың
абыржыған түрлерінен бір оқыс жағдай болғанын біліп, бірден баспагердің
кабинетіне беттеді.
Вальтер қария түрегеп тұрған күйі қысқа сөйлемдермен мақала мəтінін
айтып жаздырып тұр да, екі абзацтың арасында айналасындағы
журналшыларға тапсырма беріп, Буаренарге нұсқау жасап, келген хатты
ашып та үлгереді.
— Ah, дегендей келдіңіз, Сүйкімді дос! - деп, мұны көрген кезде ол
қуана дауыстап жіберді де, кенет есін жиғандай, қипақтап, кешірім сұрай
бастады: - Бұлай атағаныма кешіріңіз, болған оқиға есімді шығарып
жіберіпті. Оның үстіне əйелім мен қыздарымнан еститінім тек осы:
"Сүйкімді дос, Сүйкімді дос", - құлағың үйреніп кетеді екен. Сіз маған
ренжіген жоқсыз ба?
— Тіпті де, - деп Жорж күле жауап берді. - Бұл ренжитін лақап ат емес.
— Өте жақсы, демек мен де сізді Сүйкімді дос деп атаймын,- деді
Вальтер қария. -Сонымен, біз маңызды оқиғалар алдында тұрмыз...
Міністірлікке сенімсіздік вотумы жүз екіге қарсы үш жүз он дауыспен
қабылданды. Парламент каникулы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды,
ал бүгін шілденің жиырма сегізі. Испания бізге Марокко үшін ашулы,
өйткені Дюран де Лен өз жақтастарымен ұшып кетті. Нағыз ботқа болып
жатыр. Жаңа кабинетті жасақтау Мароға тапсырылды. Əскери міністір
партпелін ол генерал Бутен д'Акрге, шетел істері міністірі партпелін біздің досымыз Ларош-Матьеге ұсынды. Өзіне ішкі істер міністірлігі мен
міністірлер кеңесі төрағасының орнын қалдырды. Біздің газет ресмилеу
баспасөзге айналды. Басмақалада мен біздің принцибімізді қысқаша айтып
өтіп, жаңа міністірлерге жол көрсетпекпін. Əрине, - деді ол мейірбанды
күлкімен, -олардың өздері де ойлап отырған жол той ол. Алайда маған
Марокко мəселесіне байланысты қызықты бір нəрсе, бүгінге лайықты,
ұтымды, елең еткізер мақала керек. Жазуға қалайсыз?
— Мен сізді түсіндім, - деді Дю Руа ойлана сөйлеп. - Біздің Африкадағы
отарларымыз - ортасында Алжир, оң жағында Тунис, сол жағында Марокко
- ендеше мен сізге біздің иеліктеріміздегі саяси ахуалды бейнелейтін, осы
кең-байтақ жерді мекендейтін тайпалардың тарихы жөнінде жəне əлі бірдебір еуропалықтың аяғы баспаған Фигиг жазирасына дейінгі марокколық
шекараға жасалған жорықты суреттеп беруге тырысайын,. өйткені қазіргі
жанжалдың себебі сол болып отыр емес пе. Бұл сізге жарай ма?
— Қатып кетті! - деп ризалық білдірді Вальтер қария. - Ал тақырыбы
қандай?
— "Тунистен Танжерге дейін".
— Тамаша.
Дю Руа "Француз өмірінің" жинағынан өзінің тұңғыш "Африкалық
атқыштың естелігі" мақаласын іздеуге беттеді,- тек оның тақырыбын
өзгертіп, бірер жерін өңдеп, жөндеп жіберсе болды, ол өзі тұтас алғанда
талапқа сай келеді, өйткені онда отарлық саясат та, Алжир халқы жайлы да,
Оран шет аймағына жасалған жорық жайлы да жазылған болатын.
Төрттен он бес минут кеткенде мақала өңделіп, жамап-жасқалып,
қажетті түрге келтіріліп, жаңа кабинетке арналған мақтау сөздермен
толықтырылып, дайын болды.
— Керемет, керемет, керемет, - деді мақаланы оқып шыққан баспагер. Сіз нағыз алтынсыз. Ризамын сізге.
Түстікке дейін тындырған бүгінгі күн шаруасына риза кейіппен Дю Руа
үйіне қайтты; шіркеудегі қолайсыздыққа ол қайғырған жоқ: оның өз
пайдасына шешілеріне сенімі кəміл еді.
Мадлена оны тағатсыздана күтіп отыр екен. Күйеуін көргенде оның
бірінші айтқаны:
— Ларош міністір болғанын білесің бе? - болды.
— Иə, осыған байланысты мен Алжир жайлы мақала жазып бердім.
— Қандай мақала?
— Сен білесің, - оны біз бірге жазғанбыз: "Африкалық атқыштың
естелігі"; мен оны қарап шығып, бүгінгі жағдайға орай өңдедім.
Мадлена күлімсіреді.
— Иə, ол нағыз қазіргі күнге сай нəрсе. Ал мен оның сол кезде сен
жазбай, тастап кеткен жалғасы туралы ойлап жүрмін. Соны қолға алатын
кез келді. Бұдан қазіргі оқиғаларға орайлас бірнеше тамаша мақала
шығады.
— Өте жақсы, - деді ол үстелге отырып жатып. - Енді бізге ешкім кедергі
жасамайды, - өйткені мүйізді Форестье ана дүниеде ғой.
Бұл əйелдің шамына тиді.
— Сенің қалжыңың мүлде орынсыз, бұдан былай бұл жөнінде ауыз
ашпауыңды өтінем, - деді ол қатаң дауыспен. - Шыдамның да шегі бар.
Ол одан əрі түртпектей түсейін деп еді, осы сəтте қолына тиген аты-жөні
белгісіз жеделхатта мынадай бір-ақ ауыз сөз жазылған екен: "Мен мүлде
есімнен айырылдым, мені кешіріңіз де, ертең сағат 4-те "Монсо" саябағына
келіңіз".
Ол түсіне қойды, жүрегі кеудесін жарып шығардай тарсылдап ала
жөнелді.
— Енді айтпаймын, қымбаттым. Рас айтасың, бұл ақымақтық, - деді ол
көгілдір қағазды қалтасына тығып жатып.
Сөйтті де, кеспе ішуге кірісті.
Тамақ ішіп отырғанда, ол осы сөздерді ішінен бірнеше қайталады: "Мен
мүлде есімнен айырылдым, мені кешіріңіз де, ертең сағат 4-те "Монсо"
саябағына келіңіз". Демек ол берілді деген сөз. Бұл дегенің: "Мен сіздің
еркіңіздемін, менен не қаласаңыз да, қашан, қай жерде қаласаңыз да
еріктісіз", - дегені емес пе.
Ол күліп жіберді.
— Не болды? - деп сұрады Мадлена.
— Ештеңе. Бір попты көрген едім, соның былшиған беті есіме түсіп
кеткені.
Ертеңіне Дю Руа кездесуге тура 4-те келді. "Монсо" саябағындағы
барлық отырғыштар ыстықтан қалжыраған байлар мен құмда асыр салып
жүрген балаларға тіпті де көңіл аудармайтын бейғам күтушілерден
босамайтын сияқты.
Вальтер ханымды ол бастау алдындағы жасанды қиранды қасынан
тапты. Үрейге толы бақытсыз түрмен ол кішігірім бағаналарды айнала
аяңдап жүр екен.
— Бұл жерде адам неткен көп еді! - деді ол Дю Руа амандасып үлгірмей
жатып.
Жігіт сылтау табылғанына қуанып кетті:
— Иə, рас айтасыз. Басқа жерге барайық па?
— Қайда сонда?
— Бəрібір емес пе, күйме алуға болады. Пердесін түсірсеңіз болды, еш
қауіпсіз болады да шығады.
— Сол дұрыс шығар. Мұнда мен жүрегім жарылып өлермін.
— Онда мені ішкі бульвардың шыға берісінде тосыңыз. Бес минуттен
кейін мен экипаж алып жетемін.
Ол жүгіре жөнелді.
Экипажда екеуі оңаша қалысымен, Вальтер ханым өз жағындағы
терезені мұқият қымтап жапты.
— Сіз атшыға не айттыңыз? - деп сұрады ол.
— Қорықпаңыз, ол қайда апаратынын біледі, - деді ол.
Ол ат айдаушыға Константинополь көшесін айтқан болатын.
— Сіз мені қалай қинап жүргеніңізді білмейсіз, - деп сөзін жалғады əйел
- Кеше шіркеуде мен сізге қаталдық көрсеттім, қалай болғанда да сізден
қашып құтылуды ойладым. Мен сізбен оңаша қалудан сондай қорықтым!
Сіз мені кешірдіңіз бе?
Жігіт оның қолын қысты.
— Əрине, əрине. Менің сізге кешірмейтін нем бар, мен сізді сондай
сүйемін ғой!
Əйел оған жалбарына қарады.
— Тыңдаңызшы, сіз маған тимеймін деп уəде беруіңіз керек... жəне...
Əйтпесе бұл біздің соңғы кездесуіміз болады.
Əуелі жігіт оған жауап қайтарған жоқ, бірақ оның мұртының бүлкілінде
əйел атаулыға сондай ұнайтын күлкісі жасырынып жатты.
— Не айтсаңыз да құлмын, - деді ақырында ол.
Осыдан кейін Вальтер ханым алғаш оның Мадленаға үйленетін
болғанын естігенде, оны сүйетінін тұңғыш ұққанын айтты. Ол сол күні
бастан кешкен оқиғаларын біртіндеп еске түсірумен болды.
Кенет ол сөзін қоя қойды. Күйме тоқтаған еді. Дю Руа есікті ашты.
— Біз қайдамыз? - деп сұрады əйел.
— Шығыңыз да мына үйге кіріп кетіңіз, - деді Дю Руа, - бұл жерде
ешкімнен қорықпауға болады.
— Бұл қай жер?
— Менің үйім. Бойдақ кезімде тұрған пəтерім... оны мен... сізбен
кездесетін жер керек болған соң... бірнеше күнге жалдап алдым.
Вальтер ханым көліктің жақтауына жармасты.
— Жоқ, жоқ, керегі жоқ! Барғым келмейді! - деп, алдағы оңаша
кездесуден қорыққан əйел жанталаса жалына бастады.
— Мен сізге тиіспеуге уəде беремін,- деді жігіт сенімді үнмен. - Жүріңіз.
Əнекей адамдар бізге қарап тұр. Тез... тез... шығыңыз. Тиіспеуге уəде
етемін, - деп қайталады ол.
Өз есігінің алдында тұрған шарапханашы бұларға əуестене көз салды.
Қысылып қалған əйел жүгіре басып кіреберіске кіріп кетті.
Ол баспалдақпен көтеріліп бара жатыр еді, Дю Руа қолынан ұстай алды.
— Мында, төменде, - деген ол əйелді өз пəтеріне сүңгітіп жіберді.
Есікті жаба салысымен жігіт оған олжасына шүйілген жыртқыштай
тарпа бас салды.
Əйел бұлқына алысып жатып: "Құдайым-ай!.. О, құдайым!.." - деп
күбірлей берді.
Жігіт оның мойнынан, көзінен, ернінен түк қалдырмай шөпілдете сүйе
бастады, күйдіріп-жандырған аймалаудан есі шыққан əйел оның ыстық
сүйісінен қашамын дегенде, абайсызда өзінің еріндері де оған тиіп кетіп
жатты.
Кенет əйел қарсылығын қоя қойды да, əлсіреген, мойынсұнған қалыппен
оның өзін шешіндіруіне мүмкіндік беріп, тұра берді. Күтуші əйел сияқты
тəжірибелі қимылмен Дю Руа оның киімдерін бірінен соң бірін асқан
ептілікпен шешіп тастай берді.
Оның қолынан жұлып алған іштартқышымен бетін басқан əйел аяқ
астында шашылып қалған киімдерінің ортасында аппақ болып жалаңаш
қалды.
Тек қана аяғындағы бəтіңкесін қалдырған жігіт оны көтеріп алып,
кереуетке беттеді. Осы сəтте əйел оның құлағына естілер-естілмес етіп:
— Ант ішейін... ант ішейін... менің ешқашан ашынам болып көрген
емес, - деді.
Мұнысы жас қыздардың: "Ант ішейін, мен пəк қызбын", - дейтіндеріне
ұқсап кетті.
"Ал одан маған келіп-кетер ештеңе жоқ", - деп ойлады Жорж.
V
Күз түсті. Ерлі-зайыпты Дю Руа жаз бойы Парижден шықпай, ұзаққа
созылмаған парламенттік каникул кезінде "Француз өмірі" газетінің бетінде
жаңа үкімет пайдасына тегеурінді науқан жүргізді.
Мароккодағы жағдай қауіпті бола түсті, осыған байланысты əлі қазан
айының басы болса да, екі палата мəжілістерін жалғастыруға жиналды.
Парламентті тарату кезінде оңшыл депутат граф де Ламбер-Саразен
тіпті орталықтың өзіне қол соқтырған тапқыр сөзінде бəрібір жаңа кабинет
бұрынғы кабинеттің жолымен жүруге мəжбүр болатындығына бас тігіп, бір
кездегі Үндістанның атақты вице-королі құсап, өзінің мұртын міністірлер
кеңесі төрағасының жақ сақалына қарсы қойды, сонымен қатар тек қана
симметрия үшін, ашық пештің екі жағына екі көзе қойылатыны сияқты,
Тунис экспедициясына қосымша Танжерге экспедициялық армия жіберуге
ұсыныс енгізілетінін де айтқан болатын, бірақ соған қарамастан іс жүзінде
ешкім де Танжер экспедициясының шындығына сенбес еді.
"Шынында да, мырзалар, — деп ол өз ойын дамыта түсті, - Африка Франция үшін, біздің ең жақсы отынымыз жағылып жатқан, банктік
билеттерімізді жұмырына жүк құрлы көрмей жалмап жатқан алды ашық
пеш.
Сіздер əдемі қиялға беріліп, ашық пештің сол жақ бұрышын қымбатқа
түскен тунистік əлеміштермен əшекейледіңіздер, - енді асықпасаңыздар,
Маро мырза да өзіне дейінгілер сияқты, оның оң жақ бұрышын марокколық
əлеміштермен əшекейлегенін көретін боласыздар".
Бұл сөз жалпыға таралып, Дю Руага өзі саралқа жұмысына кірісісімен
үзіліп қалған серияны жалғастырып, Алжир туралы он шақты мақала
жазуға түрткі болды. Ол əскери экспедиция идеясын қызу қолдады, бірақ
жүрек түкпірінде оның орындалмайтынына сенімді болды. Ол патриоттық
сезімдерді қозғап, басқа бір мемлекеттің мүддесі өз мүддемізге кереғар
келген жағдайда тілге оралатын келемеж сөздерді кеңінен қолданып бақты.
"Француз өмірінің" үкімет адамдарымен ашық қарым-қатынаста болуы
оның беделін арттыра түсті. Ол саяси хабарларды, тіпті өте ресмилерін де
өзге газеттерден бұрын жеткізіп тұрды, сөйтіп өздеріне дос міністірлер
пікіріне оқырмандарды ұйыту жағын көздеді. Ол өзге астаналық жəне шет
аймақтық газеттер үшін ақпарат көзіне айналды. Оған сілтеме жасаушылар,
одан сескенетіндер, онымен есептесетіндер көбейе берді. Күмəнді саяси
алаяқтар ұйымының органы енді беделді үкімет органына айналды.
Газеттің жүрегі Ларош-Матье болды. Дю Руа оның ойын таратып жеткізуші
еді. Сөйлемейтін депутат əрі икемді баспагер, қажет болғанда бұғып қалуға
да бар Вальтер қария даңғазаның арасында, ұзынқұлақтың айтуынша,
марокколық мыс кеніштеріне байланысты үлкен іс тындырған көрінеді.
Мадленаның салоны апта сайын кейбір кабинет мүшелері жиналатын
ықпалды орталыққа айналды. Міністірлер кеңесі төрағасының өзі мұнда екі
рет түстікке келді. Ал таяуда ғана оның босағасынан аттауға ойланатын
мемлекет қайраткерлерінің əйелдері енді онымен таныстығын мақтан етіп,
жиі келіп тұруға айналды.
Шетел істерінің міністірі мұнда өзін қожайындай сезінеді. Ол кез келген
уақытта есік ашып, неше түрлі мəліметтер, жеделхаттарды ала келіп, дəп
бір бұлар оның хатшыларындай-ақ үй иелеріне ақпараттарды айтып
жазғызып жүрді.
Міністір кетісімен-ақ Дю Руа, Мадленамен оңаша қалғанда, осы бір
дарынсыз қуыс кеуде жанды өшіге мазақтай бастайтын: оның даусында
қауіпті реңк пайда болып, сөздері уға толы болып келеді. Алайда Мадлена
жаратпай иығын көтереді.
— Сен əуелі оның істегенін істеп ал, - дейтін ол. - Алдымен міністір
болып ал, содан кейін мұрныңды көтеруіңе болады. Ал оған дейін аузыңды
жап.
Жорж оған көзін қиғаштай қарап, мұртын ширатады.
— Менің қолымнан не келетінін білмейсіңдер ғой, - дейтін ол қарсылық
білдіріп, -мүмкін, əлі көрерсіңдер де.
— Тірі болсақ көрерміз, - дейтін Мадлена екіұшты етіп.
Парламент ашылатын күні Жорж Ларош-Матьеге барып, ертеңгі бірінші
бетке ақпарат алу үшін киініп жатқанда, төсекте жатқан Мадлена күйеуін
үйретумен болды.
— Ең бастысы, генерал Белонклді, басында жорамалданғандай Оранға
аттандыра ма, жоқ па, соны біл, - деді ол - Мұның маңызы үлкен болуы
мүмкін.
— Үйрете бермеші, - деп Жорж кіржің ете қалды. - Не істеу керегін мен
сенен жақсы білемін.
— Қымбаттым, сен менің міністірге деген тапсырмаларымның
жартысын ылғи ұмытып кетесің, - деді əйелі байсалды үнмен.
— Сенің міністірің мені жалықтырды! - деп күңкілдеді Жорж. - өңкиген
ақымақ біреу.
— Менікі емес, ол сенікі де, - деді Мадлена салқын үнмен. - Саған ол
менен де гөрі пайдалырақ.
— Кешірерсіз, ол мені айналдырып жүрген жоқ, - деді оған күйеуі көз
қиығымен жылмия қарап.
— Мені де, бірақ біз оның көмегімен жағдайымызды жақсартып
жатырмыз, - деді ол даусын əдейі құбылта созып.
— Егер маған ғашық болғандарды таңдауыма тура келсе, - деп, сəл үнсіз
қалған Жорж сөзін жалғады, - онда мен кəртамыш есалаң Водректі артық
бағалаған болар ем. Айтпақшы, ол өзі қайда жүр? Мен оны көрмегелі тұтас
бір апта болды.
— Ол ауырып жатыр, - деді Мадлена сабырлы қалпын бұзбастан,- ол
маған подагра ұстамасынан төсек тартып жатып қалғанын айтып хат
жіберіпті. Сен көңілін сұрап шықсаң болар еді. Ол сені жақсы көреді ғой,
қуанып қалар еді.
— Иə, əрине, - деді Жорж келісім білдіріп, — бүгін-ақ кіріп шығамын.
Киініп болған ол қалпағын киіп, тағы бірдеңем ұмыт қалмады ма
дегендей, сынай қарады. Бəрі дұрыс екеніне көзі жеткен соң, кереуетке
жақындап, келіншегін маңдайынан сүйді.
— Əзірге, қымбаттым, мен жетіден ерте келе алмаспын.
Ларош-Матье оны тосып жүр екен; міністірлер кеңесі күндізгі сағат он
екіде жиналатындықтан, ол бүгін ертеңгі асын онда ішпек болған-ды.
Ларош-Матье ханым болса, тамақ уақытын өзгерткісі келмеді,
сондықтан міністірдің қасында жеке хатшысынан басқа ешкім жоқ екен.
Үшеуі үстел басына отырысымен Дю Руа мақала туралы сөз бастады;
өздерек кəртішкесіндегі шимайланған ескертпелеріне қарап қойып, ол
мақаланың негізгі ойларын айтып шықты.
— Сіздің алып-қосарыңыз бар ма, қымбатты міністір? - деп сұрады ол
ақырында.
— Айтарлықтай ештеңем жоқ, достым. Дегенмен сіз Марокко
мəселесіне тым тереңдеп барыпсыз. Одан гөрі экспедиция жайлы сөз
еткенде, оның болғаны қажет дегендей етіп, сонымен қатар оның жүзеге
аспайтындығын, сіз өзгелердей оған сене алмайтындығыңызды баса
көрсеткеніңіз жөн. Оқырман біздің мұндай күмəнді жолға аяқ
баспайтынымызды жол арасынан түсінетіндей болсын.
— Өте жақсы. Мен сізді түсіндім, енді өзгелер де мені түсінетіндей етіп
жазармын. Айтпақшы, əйелім генерал Белонкл Оранға жіберіле ме, жоқ па
деп сұра деп еді. Сіздің маған айтқан ескертпеңізге қарап, жіберілмейді
деген қорытындыға келіп отырмын.
— Жоқ, - деді мемлекеттік қайраткер.
Одан кейін алда тұрған парламенттік сессия сөз болды. Ларош-Матье
бірнеше сағаттан кейін өз серіктестері алдында сөйлеуге даярлаған сөзінің
əсеріне өзі сүйсіне мылжыңдай бастады. Ол оң қолын көтере сермеп,
қолына ұстаған шанышқысын, пышағын, нан тілімін жалаулата сілкілеп,
ешкімнің бетіне тура қарамаған күйі, өзі ғана көріп отырған халыққа арнап,
өзінің шаштаразға ұқсаған келбетіне лайық шешендік сөздерін тəтті судай
ағызды. Кішкентай ғана ширатпа мұрты үстіңгі ерніне жабысқан сарышаянның бізгегіндей дірілдейді, ал ортасынан қақ жарылып,
бриллиантинмен опаланған шашының самай тұсын ауылдық сəнқойлар
құсап, дөңгелектей шиыршықтап қойыпты. Жастығына қарамастан, ол май
басып, семіре бастаған-ды, дөңгелене қалған қарны жилетін кере
тырсылдап тұр.
Жеке хатшысы оның ағыл-тегіл сөзіне үйренген болуы керек, былқ
етпестен тамағын іше берді, ал Лароштың бағын күндеуден танбаған Дю
Руа болса ішінен: "Неткен дүлей! Бұл саясаткерлер дегенің нағыз топастар
ғой!" — деп отырды.
Өзін мына елірмемен салыстыра келе ол: "Еһ, мен де өзім туған
Руанымның атынан депутаттыққа үміткер болып ұсыныла алатындай жүз
мың франк ақшам болар ма еді, сонда мен өзімнің нормандықтарымның, қушыкештеу, ақылы аздау, дөкірлеу келетін, шабан ойлы жерлестерімнің
аузын майлай алсам, мынау сияқты саяси қайраткер деп аталатын мисыз
шалағайларды көріп алар едім-ау", - деп ойлады.
Ларош-Матье содан кофе əкелінгенге дейін сөйледі, сол кезде ғана
уақыттың болып қалғанын аңдап, өзіне күйме келтіруге бұйрық берді де,
журналшыға қолын созды:
— Сіз мені ұқтыңыз ғой, қымбатты достым?
— Əрине, қымбатты міністір, қам жемеңіз.
Сағат төртке дейін Жорждың қолы бос еді, сондықтан ол мақаласын
жазу үшін саралқаға қарай аяңдады. Сағат төртте Константинополь
көшесіндегі үйде Марель ханыммен кездесуі керек-ті, ол онда аптасына екі
рет: дүйсенбі жəне жұма күндері келіп тұрады.
Алайда саралқа табалдырығын аттамай жатып, оның қолына жеделхат
тиді. Жеделхат Вальтер ханымнан екен, онда мынадай жазу бар:
"Мен бүгін міндетті түрде сізбен өте, өте маңызды мəселе бойынша
сөйлесуім керек. Сағат екіде мені Константинопольде тос. Мен саған үлкен
көмек көрсете аламын.
Өлгенше сендік Виргиния".
"Сайтан алғыр! Сүлікше жабысты ғой!" - деп күбірледі ол.
Оның бірден қабағы түсіп кетті, мұндай ашумен ол жұмыс істей алмады
да, саралқадан шыға жөнелді.
Соңғы бір жарым ай бойы ол Вальтер ханыммен қатынасын үзбек болып
жүр еді, бірақ қайтсе де оның жүрек жалынының бетін қайтара алмай-ақ
қойды.
Ол өзінің жіптің қармағына түсіп қалғанына қатты қайғырып, үш
кездесу бойы ашынасын қарғап-сілеумен болды. Бұл жағдайдан жігіттің
жүрегі айнып, өзін мелодрама кейіпкеріне айналдырып алған кəртамыс
əйелден жерінген ол арақатынасымыз өз-өзінен тоқталар деген үмітпен
одан қашқақтай бастаған-ды. Алайда əйел оған жабысып алды, мойнына
тас байлап суға секірген адамша өлермендене ұмтылды. Аяғандықтан,
сыпайыгершіліктен, оның жұбайы - бастығына деген құрметінен Жорж
əйелге тағы қайырылып соғып еді, əйел оны жабысқақ ынтызарлығымен
мезі етіп, көзінен таса етпеуге тырысты. Ол жігітті күнде көруге ынтығып,
жеделхат арқылы көше қиылыстарында, дүкендерде, қала бақшаларында
бір сəттік көрісуге шақырумен болды.
Əр жолы ол өзгеріссіз бірсарынды сөздермен оны сүйетінін, құдайындай
көретінін ант іше қайталап, кетерінде енді өзінің "бақытты екенін, оны
көрудің өзі бақыт екенін" айтудан жалықпайтын.
Вальтер ханым жігіт ойлағаннан мүлде басқа адам болып шықты: ол
өзін ғашық болған қыз баладай көрсетіп, жасына лайықсыз қылықтармен
арбап алуға тырысатын еді. Бұған дейін нағыз ізгі жанды,
қылымсушылықтан ада, құштарлықты білмейтін, бұзылмаған, осы бір
өнегелі, парасатты қырықтағы əйелдің қоңыр салқын жазына ұласқан
жылусыз күзі күтпеген жерден қураған, үсік ұрған гүлдері ашылмаған
бүршіктерге толы аянышты көктемге айналғанда, кезінде бүр жармай
солып қалған қыз махаббаты кеш болса да гүл ашып, өзіндік албырт сезімін
ерепейсіз қылықтармен, он алты жасар қызға ұқсап кенет айғайлап жіберіп,
мүлəйімси еркелеп, жас кезінде жарыққа шықпай, қартайып үлгерген
қылымсу мəнері арқылы танытатын əдет тапқан еді. Жорж одан күніне он
шақты астарлы, екіұшты мағыналы, үнділердің сөзіндей көтеріңкі леппен
жазылатын жылымшы, аң мен құстар атауы өріп жүретін хаттар алады.
Екеуі оңаша қалса-ақ əйел оны бас салып сүйіп, бəденді бөксесін
бұраңдата секеңдеп, қолапайсыз, дөкір бозбалаша асыр салып, аузын
бұртитқаны күлкіңді келтіреді. Жігіт оның еркелете айтатын: "мысығым",
"күшігім", "көгершінім", "баға жетпес асылым", "қазынам менің" секілді
сөздерінен, төсекке жатар алдында бет-моншағы төгіле қалатынынан, өзіне
бір керемет болып көрінетін елеңдеп шошығанситынынан, бұзылған
əйелдерше қылымсуынан жүрегі айниды.
"Мына ауыз кімдікі?" - деп сұрайды ол, егер Жорж "менікі", - деп
құтылмаса, желімдей жабысып, жігіт ашудан көгеріп кеткенше қоймайды.
Махаббат тек қана əдептілік, сыпайылық, сақтық, сезімталдықты
қалайтынын, мына сияқты ересек əйел өзімен жолығысқанда жас қызша
бұраңдамай, өзін лайықты ұстап, тіпті жыласа да Джуьлетташа емес,
Дидонаның көз жасымен берілсе болмас па еді деп күйінеді Жорж.
— Мен сені сондай сүйемін, балақайым менің! - деп қайталаудан
жалықпайды. - Сен де мені сүйесің ғой, құртақандайым менің?
Ол өзін "балақайым", "құртақандайым" деп атаған сайын, оған "менің
кəртамышым" деп жауап қатқысы келіп тілі қышиды.
— Саған көніп қалғаным ақылсыздық болды, - дейді ол үнемі. - Бірақ
мен өкінбеймін. Ғашық болу - сондай жақсы.
Оның аузынан шыққанның бəрі Жорждың жынын келтіреді. "Ғашық
болу - сондай жақсы" дегенді ол сахнада айтып тұрғандай сəндеп бағады.
Оның өрескел еркелетуі де жігіттің жиіркенішін тудырады. Сұлу жігіттің
сүюі оның қанын қыздырып, сезімін жаниды, бірақ өзі оны қолапайсыз
ынтықтықпен, əр қимылына барынша мəн бере құшақтауын Дю Руа
қартайғанда "əліппемен" сауат ашуға кіріскен адамға ұқсатып, күліп
жібермеуге тырысады.
Одан гөрі ол кейбір қартая бастаған, бірақ соңғы махаббатының əсерінен
əлі де əдемі көрінетін кейбір əйелдер құсап, ашынасына жалын атқан, терең
де қорқынышты көздерін қадаған күйі құшағына қатты қысып алса;
дірілдеген ыстық еріндерімен қадала сүйіп, семіз, ып-ыстық, жасы ұлғайса
да тойымсыз денесіне айырылмай қысқан жарасар еді, оның орнына ол жас
қызша ойнақтап, былдырлап:
— Мен сені сондай сүйемін, балақайым менің! Балапаныңды жақсылап
еркелете түсші! - деп, тілін бұрағаны өзіне керемет қонымды деп ойлайтын
болса керек.
Мұндай кездері ол оны қатырып бір боқтап, қалпағын алып шығып
кеткісі келеді.
Алғашқы кездері олар Константинопольде жиі кездесіп жүрді. Кейін Дю
Руа Марель ханыммен кездесіп қалудан сақтанып, мұндай кездесулерден
қашқақтай бастады.
Оның есесіне ол енді əйелдің үйіне ертеңгі, түскі асқа жиі келуге
міндетті болды. Əйел үстел астынан оның қолын қысып, есік
қалтарысында ернін тосады. Ал жігітке одан гөрі Сюзаннамен қалжыңдасу
анағұрлым ұнайтын еді. Қуыршаққа ұқсайтын бұл қыздың көрерменнің
көңілін көтеруге құмар жəрмеңке қушыкештері құсап, аяқ астынан сөз
тауып, білдірмей қыршып алатыны бар. Ол кім-кімді де, нені болсын,
кемшілігін дəл басып, өлтіре сықақтайды. Жорж оның ащы тілін
қолпаштап, қалжыңбастығын көтермелеп отырады, сөйтіп олар бірін-бірі
қабақ қағыстан түсінетін жағдайға жетті.
Қыз оны жиі-жиі: "Тыңдаңызшы, Сүйкімді дос!", "Бері келіңізші,
Сүйкімді дос!" - деп шақыра береді.
Жігіт дереу шешесін тастап, қызға жетіп келеді, ол жігіттің құлағына
тұздықты сөздердің бірін сыбырлайды да, екеуі ішек-сілесі қатқанша күліп,
мəз болады.
Бұл кезде шешесінің махаббатынан əбден жеріп болған ол оны көруден
де, даусын естуден де жалығып, ойына түскеннің өзіне зығырданы
қайнайтын болды. Оның үйіне баруды қойды, хатына жауап қатпайды,
шақырған жеріне аттап баспайды.
Ақырында жігіттің өзін сүймейтінін түсінген əйел сұмдық азаптанды.
Бірақ сонда да бас тартпады: оның жүрген ізін аңдып, жолынан
көлденеңдеумен болды, саралқа алдында, үйінің есігі алдында, көшеде
кездестіріп қалуы мүмкін деген жердің бəрінде терезесі қымтаулы
күймемен тосып тұратын болды.
Жорж оны аузына келген сөзбен тілдеп, турасынан: "Сенен тойып
болдым, мазамды алма", - деп айтып салғысы, тіпті ұрып жібергісі келеді,
бірақ ол саралқадағы қызметінен айырылғысы келмейтін, сондықтан қатты
айтуға батпай, өзінің салқын, ресми сыпайы, кей-кейде шалт үнімен
екеуінің арасында бəрі біткенін сездірмек болады.
Əйел оны Константинополь көшесіндегі үйге келтіру үшін неше түрлі
қулыққа басты, ал ол бір күні екі əйел есік алдында тоқайласып қалуынан
қатты қорқатын.
Дю Руаның бұл жазда Марель ханымға құштарлығы арта түсті. Ол
əйелді "тентегім" деп атап, барынша жақсы көретін. Ол екеуі бір-біріне сай
еді: екеуі де қызу оқиғаларды, қаңғыбастықты, үйсіз-күйсіз, үлкен жолдың
бойында көшіп-қонып жүретін зиялы қаңғыбастықты ұнататын.
Олар жазды керемет өткізді: үнемі ертеңгі асты немесе түстікті бірге ішу
үшін біресе Аржантейльге, біресе Бруживальге, біресе Мезон немесе
Пуассиге кетіп қалатын, сағаттап қайықпен қыдырып, даладан гүлдер
теретін. Марель ханым осы Сенаның өзінен ұсталатын балықтан
жасалатын тағамдарды, сондай-ақ үй қоянынан жасалған фрика сені
ұнататын, қала сыртындағы шағын қабақтар мен ескекшілердің айқайына
да мəз болатын. Ал Жорж онымен бірге жарқыраған ашық күні Париж
төңірегінде қыдырғанды, көңілді əңгіме-дүкен құра жүріп, байлардың
көріксіз саяжайларына көз тастағаннан лəззат алатын.
Содан кейін Парижге, түстікке тосып отырған Вальтер ханымға оралып
келе жатып ол кенеше жабысқан кəртамыш ашынасына деген жеккөрінішін
сезінетін, ол жеккөрініші жаңа ғана өзен жағасының жібектей шалғыны
үстінде құмарын қандырып, махаббат жалынын басқан жас ашынасын
ойлаған сайын еселене түсетін-ді.
Ол Вальтер ханымнан біржола құтылдым ғой деп ойлап еді, өйткені
онымен қатынасын үзгісі келетінін қатыгездікпен ашып айтқан болатын, ал
мына жеделхатта ол тағы да сағат екіде Константинопольге келуін қатты
өтініпті.
Жолда ол жеделхатқа тағы көз жүгіртті:
"Мен бүгін сенімен бір өте, өте маңызды іс жайында сөйлесуім керек.
Сағат екіде мені Константинопольдегі үйде тос. Мен саған үлкен пайда
келтіруім мүмкін.
Сені өлгенше сүйетін
Виргиния".
"Бұл кəрі жапалаққа менен тағы не керек? - деп ойлады ол - Бəрі сылтау
екеніне бос тігемін. Тағы да мені қалай жақсы көретінін айту үшін ғана.
Дегенмен білген артық емес. Бір маңызды іс жайында депті, үлкен пайдасы
не болды екен, - мүмкін, шын болып қалуы. Клотильда төртте келеді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Сүйкімді дос - 17
  • Parts
  • Сүйкімді дос - 01
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2253
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 02
    Total number of words is 4146
    Total number of unique words is 2278
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 03
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2249
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 04
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2101
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 05
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2212
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 06
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2136
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 07
    Total number of words is 4233
    Total number of unique words is 2172
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 08
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2291
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 09
    Total number of words is 4291
    Total number of unique words is 2153
    38.0 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 10
    Total number of words is 4209
    Total number of unique words is 2149
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 11
    Total number of words is 4266
    Total number of unique words is 2134
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 12
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2204
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 13
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2280
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 14
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 2189
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 15
    Total number of words is 4190
    Total number of unique words is 2177
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2187
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 17
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2028
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 18
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2252
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 19
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2120
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 20
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2142
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Сүйкімді дос - 21
    Total number of words is 3255
    Total number of unique words is 1938
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.