Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 20

Total number of words is 3793
Total number of unique words is 2265
28.5 of words are in the 2000 most common words
41.1 of words are in the 5000 most common words
47.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Сингапур, Тайланд, Индонезия, Филиппин сияқты елдер алғашында
қытайларды өздеріне арзан еңбек күші ретінде кіргізді, кейін инвестор
ретінде шақырды. Соның нəтижесінде Сингапур 20 жылға жетер-жетпес
уақытта жалпы тұрғындарының 50 пайызынан астамын қытайлар құрайтын
мемлекетке айналды. Қазір Сингапурде қытайлықтардың саны 80 пайызды
құрайды, мемлекеттік тілінің біреуі қытай тілі болып бекітілген. Премьерминистрі, жалпы қаржылық күштер тұтастай қытай алпауыттарының
қолында. Мен Қазақстанға келгелі бері шырылдап айтып жүргенім де осы
Сингапурдің тарихы мен тағдырын біз қайталамасақ екен деген ой. Əрине,
мен Қытайда туып-өстім, білім алдым, сол жерде қалған туыс-туғаным мен
1,5 миллионнан астам қандастары тұратын азамат ретінде де Қазақстанның
Қытаймен дос-тату болғанын қалаймын. Бірақ, достық деген – өзіңнің
тағдырталайыңды, ерік-жігеріңді, елің мен жеріңді біреуге беріп қою деген
сөз емес қой. Қарапайым ғана мысал айтайын, үйіңе қонақ шақырсаң да
жылыжұмсағыңды қонағыңның алдына қоясың, бірақ, оған ар-намысыңды
таптатып, оған өз үйіңді билетіп-төстетпейсің. Қазақ ежелден «Жаман үйді
қонағы билейді» деп, ондайға жол бермеген.
Сондықтан Қытаймен достықтың жөні осы екен деп, Сингапурдың кебін
киіп қалудан сақтанумыз керек. Бұл əсіресе билітегі азаматтардың, құқық
қорғау саласы басшылары мен əр деңгейдегі шенеуниктердің қаперінде
болуға тиісті мəселе.
- Солтүстік Корея елі соғыс асша оның қытай мен қазаққа қаншалықты
əсері болады?
- «Оның əсері мынандай болады» деп сəуегейлік таныта алмаймын. Бірақ
қалай болған да, екі Корея соғысса, Сеуілге АҚШ міндетті түрде көмекке
келеді. Ал АҚШ ондай қадамға баратын болса, ҚХР да міндетті түрде
Пхеньянныға қол ұшын созады. Осының аяғынан, егер жағдай қатты
ушығатын болса, АҚШ пен ҚХР жекпе-жекке шығуы да мүмкін. Ал ҚХР-на
ондай зауал төнсе, қаптаған қытай босқыны төңірегіндегі елдерге
ағылатыны айдан анық. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де тура осындай
жағдай болған. Ол кезде КСРО-дан именген АҚШ Қытайға соғыс ашуға
бата алмай қалған болатын. Ал бұл жолы ше? Бұның бəрі, əрине, болжам
күйінде қалсын деп тілейік.
- Қазақ мұнайына Қытай неге қызығып отыр?
- Жалпы соңғы ширек ғасырдан астам уақыттан бергі қытай
экономикасының қарқынды дамуы – екінші бір жағынан елді энергия
көзінің тапшылығына əкеліп соқтыруда. Бүгінде ҚХР күніне 5 миллион
баррель шамасында мұнай өнімдерін тұтынады. Ел экономикасының
тұрақты дамуын қамтамасыз етуге төніп тұрған бұндай қауіп-қатерден
шығатын бірден-бір жол – шетелдерден энергия көзін тоқтаусыз енгізу.
Байыптап қарайтын болсақ, қытайдың энергия көзін Араб елдерінен немесе
Африканың өзге де елдерінен, тіпті іргесіндегі Оңтүстік Азия елдерінен алу
мүмкіндігі жоқ. Себебі Таяу шығыс елдеріндегі мұнай-газ нарығын батыс
алпауыттары баяғыда иелеп алған. Ал Оңтүстік Азия елдерінің көбісінде
ондай табиғи байлық жоқ, барларының өзі оны ашуға Қытайды шақыра
қоймайды. Кеңес Одағы құлағаннан кейін, өз тəуелсіздіктерін жариялаған
Орта Азия республикаларының мұнай-газ саласындағы нарығы Қытай елі
үшін көктен тілегені жерден табылғандай жағдай болып отыр. Өйткені
ойлай беріңіз, егер іргесіндегі елдерден тасып отырған газ бен мұнайдың
жолы бір жыл тарс жабылса, күніне 5 миллион баррель мұнай «ішіп
отырған» елдің күні не болмақ?!
- Жаңа төраға Си Цзиньпиннің ішкі-сыртқы қалай болмақ?
- 2008 жылы Си Цзиньпиң ҚХР төрағасының орынбасары жəне ҚХР
Əскери істер комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. Бұл
қытайдағы қалыптасқан саяси үрдіс, жазылмаған заң бойынша билік басына
келетін кандидатураның айқындалғандығын білдіреді. Осы кезден бастап
халықаралық саяси-сарапшылар «Си Цзиньпиң билік басына келсе қандай
бағыт ұстанады? Қытайдың ішкі-сыртқы саясатында қандай бетбұрыстар
болуы мүмкін?» деген мəселені қызу талқылай бастады. Талқыға тамызық
болып отырған себеп, Си Цзиньпиңнің бұл лауазымға бір сыдырғы, дəстүрлі
жолмен жайлап жүріп келгендігінде. Шынында да оның бүгінге дейінгі
саяси өмірінен елдің ішісыртын елең еткізердейелден ерек жетістікті де,
сонымен қатар, шалыс басқан қателікті де, аңдамай сөйлеген аусай сөзді де
көре алмайсыз. Бұдан оның өз пікірі жоқ, қой аузынан шөп алмас, маубас
орындаушы деген ұғым тумауға тиіс. Себебі, «əр бір жеке адам өзінше бір
əлем» деген ұғым бар ғой, ал бұны «əр бір жеке қытайлық өте күрделі бір
əлем» деп өзгертіп айтуға толық негіз бар. Ендеше ресми Пекиннің билік
дəлізіндегі осындай «өте күрделі əлемдердің» шоғырынан, нəзік те қымқуыт, семсердей қылпылдап, жауһардай мың құбылып тұрған, қиянкескі
күрес, мылтықсыз майданнан үстіне қылау қондырмай бүгінгідей абройға
жету «мен-мен» деген саясаткердің бəрінің қолынан келе беретін шаруа
емес. Егер ол өз мінезі, өз пікірі жоқ, тек қана орындаушы болатын болса,
өткен жылы тамыз айында ҚКП ОК-нің Бэйдайхэ санаториінде өткен
ерекше құпия жиналысында Си елдегі өте ықпалы екі бірдей (Чяо Шы, Суң
Пиң) ақсақалдан «сын, ескерту» естімеген болар еді. Яғни аға буын
мемлекет басшылары Си Цзиньпиң бастаған елдің жаңа буын басшыларын
«сенімсіз, тіл алмайды» деп ашық жазғырды. Си-дің консерваторларға
«сенімсіз» болуы, олардың «тілін алмауы» нені түсіндіреді? Əрине, бұл бір
жағынан оның өз беті, өз пікірі бар екендігін аңғартса, тағы бір жағынан
оның алдағы саяси ұстанымы мен бет-бағдарын да білдіреді.
Демек, қалай болғанда да ҚХР жаңа басшысының таққа отыра салып,
«менің ұстанымым, қалаған бағытым осы» деп тартып кетуіне мүмкіндігі
жоқ. Себебі ол елде, қай деңгейдегі басшы болмасын, əр қандай мəселені
бір өзі «айттым бітті, кестім үзілді» деп шеше алмайды. Өйткені жүйе
сондай. Сондықтан ҚХР-ның жаңа басшысы да «қытайлық ерекшелікке ие
социялизм жолымен» аяңдап ілгері тартуы, елдің экономикасын көтеру,
елдегі жемқорлықты азайту, елдегі тыныш, орнықты жаңдайды сақтау
жолында көбірек тер төгуі мүмкін.
- Қытай халқынан үйренер жақсылықтар барма? болса қай жағынан?
- Қытай халқынан үйренетін жақсы қаситтер өте көп. Оның бастылары
мыналар: 1. Еңбекқор. Миллиарттар елінде жұмыссыздық деген мəселе де
негізінен елдегі өзекті проблемалардың қатарына жатпайды. Себебі
«мемлекет жұмыс тауып берсін» деп құры жатқан адам көрмейсің. 2.
Қарапайым. Қандай бай болса да, қандай биік лауазымды басшы болса да,
асып-тасып, біздің қазақ құсап талтаңдап, есі ауып кетпейді. Жаман
шапанын киіп алып халықпен бірге өмір сүре береді. 3. Үнемшіл. Қандай
қалталы қытай болмасын, «бай екенмін» деп ақшасын оңды-солды шаша
бермейді. Тіпті жылына бір келетін дəстүрлі жаңа жылында ең керемет
шығындалып жейтіп тамағы тұшпара ғана. Ол, бір жағынан жаңа жылдық
дəстүрлі тағамы. Дегенмен, ақшасын шашам деген адамның қалтасын бір
отырғанда-ақ «жұқартып» кететін заманауи мейрамханалар толып жатыр. 4.
Кішіпейіл. Жалпы қытайда астамшылық мінез жоқ халық. Басшысы да,
байлары да ең кемінде кішіпейіл болып көрінуге тырысады. 5. Досқа адал.
Біздегі секілді сені бүгін пайдаланып, ертең жұмысы біткесін лақтырып
кету, сатып кету деген болмайды. Керісінше сен бір жақсылық жасасаң, əлгі
қытайлық сенің сол жақсылығыңды қашан да еселеп қайтаруға тырысады
һəм сенімен өмір бойы сыйласып өтеді. 6. Кең. Əрине, пенде ретінде оза
шапқан адамды іштей қызғанатын, іштей өзін қамшылайтын шығар, бірақ
біздің қазақ құсап, ор қазып, көр қазып, тасадан тас атып, домалақ арыз
жазып, жала жауып, танабайлық істемейді. 7. Қайырымды. Жетім-жесірді,
кəрі-құртаңын қаңғытпау, жоқ-жітікке көмектесу жағынан да мен-мен
деген мұсылман еліңнен кем соқпайды. Бұған бір дəлел Қытайда «қарттар
үйі», «жетім балалар үйі» деген мекемелер соңғы 10-15 жылдың жүзінде
ғана пайда бола бастады. Міне бұлар мен байқаған қытай халқының
бойындағы жақсы қасиеттер. Əрине, ел болғасын, көп болғасын, қай елде де
телісі мен тентегі қатар жүреді ғой, менің айтқаныммен сəйкес келмейтін
бірліжарым шетін жағдайлар кездесуі мүмкін. Оны жалпыұлттық сыйпат
ертінде қарастыруға болмайды.
- Жаңа магистралдың екі елге аып келер пайдасы мен зияны қалай?
- «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дəлізі туралы айтып отырсың ғой?
Бұл əрине, өте үлкен халықаралық құрылыс. Бұл жобаның экономикалық
тұрғыдан екі елге де берері ұшан теңіз болады деп ойлаймын. Қытай үшін
алғанда, бұл жобаны жүзеге асыру барысында он мыңдаған адамды
жұмыспен қамтуға мүмкіндік алатын болса, бəрінен де маңыздысы,
Еуропаға тауар тасымалдайдайтын теңіз-мұхит жолы оншақты есе
қысқарады əрі қауіпсіз құрылық жолына ауыстырылады. Бұның өзі қытай
тауарының экспорт көлемін тіпті де ұлғайтуға зор мүмкіндік туғызады
деген сөз. Ал Қазақстан жөнінен алғанда, ең əуелі бұл жобаны жүзеге асыру
барысында бізде де мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.
Ал магистрал біткеннен кейін, біріншіден, сол өңірдегі халық сапалы
жолдан бірге игіліктенетін болады. Екіншіден, осынау халықаралық күре
жолдың бойында біздің
азаматтарымыздың бизнестері жанданатын болады. Яғни, ол халықаралық
күре жол болғандықтан, оның ұзына бойында қонақүйлер, асханалар, сауда
дүкендері, жол полициясы нүктелері, емханалар, техникалық жөндеу
орталықтары, жанармай бекеттері, шаштараздар, өзге де жайма сауда
нүктелері бой көтереді деген сөз. Бұның бəріне еңбек күш тартылады,
қанша тауарымыз саудаланы. Астығымыз Еуропа базарына жол тартады.
Трансшекаралық мемлекет ретінде кеден салығынан түсетін пайда көлемі
ұлғаяды. Тауар демекші, егер біз де ел сияқты халықарада өзіндік
сұранысқа ие дүниелер өндіре алатын болсақ, батысқа да, шығысқа да
жөнелтетін жол дайын деген сөз. Ал зиянына келетін болсақ, ол да аз
болмайын деп тұр. Атап айтқанда, күндіз-түні шығыстан батысқа, батыстан
шығысқа шұбырған «камаздар шеруі» арқылы, аткезшілік (контрабандалық)
жолмен есепсіз есірткі, діни секталардың, экстремизмнің, терроризмнің
түрлі үгіт-насихат құралдары, оқ-дəрі, қару-жарақ, əр түрлі қауіпті аурулар,
сан алуан жат қылықтар кіретіні сөзсіз. Бұндай зияндар əрине, Қытайға да
өз кесірін тигізеді. Одан өзге, аталған магистралды түптің-түбінде Батыс
елдері Қытайды бөлшектеу мақсатына да пайдалануы мүмкін.
- Ондағы қандастардың ертеңі қалай болмақ?
- Ұлттың ертеңгі тағдыры, қайда, қашан болмасын, оның санымен тікелей
байланысты. Қытайдағы ағайындардың жалпы санын ондағы ресми
ақпарат көздері 1,5 миллионнан асты деп жариялады. Тəуелсіздік алғаннан
бері Қазақстанға қоныс аударған 250 мыңдай ағайын бұл санға кірмейді.
Демек, халықтың өсімі жаман емес деген сөз. Егер ол елдегі туытты шектеу
саясаты болмағанда, өсу қарқыны бұдан да жақсы болар еді. Дегенмен, осы
қарқын сақталса да, енді бір 10 жылдан кейін ондағы ағайындар, Алла
қаласа, екі миллионның үстіне еркін шығады деп сеніммен айтуға болады.
Əлемдегі өзге де көпұлтты мемлекеттермен салыстырғанда, ҚХР-да
ұлттар саясаты біршама жақсы жолға қойылған. Соның арқасында ондағы
саны аз ұлттар өздерінің тілі мен əдебиетін, өнері мен мəдениетін, салтдəстүрін сақтап, дамытуға жап-жақсы мүмкіндік алып отыр. Əсіресе, саны 1
миллионнан асқан, өзінің тіл-жазуы бар, ханьзудан кейінгі ірі ұлттар болып
есептелетін Тибет, Ұйғыр, Моңғол, Қазақ, Корей қатарлы халықтарға
көбірек мүмкіндіктер берілген. Осындай саясаттың арқасында ол елде
жасап жатқан қандастарымыз өздерінің ұлттық болмысын – тiлiн, дiнiн,
дəстүр-салтын, намысы мен рухын, өнерi мен мəдениетiн мықтап сақтап
отыр əрі оны өз деңгейiнде дамытып та келедi деуге болады. Осы сөзiмiздiң
жарқын мысалы ретiнде, қазақ тiлiнде кiтаптар шығаратын Бежiңдегi
«Ұлттар» баспасын, Үрiмжiдегi «Жастарөрендер», «Халық», «Ғылымтехника», «Денсаулық», «Оқу-ағарту», «Шынжаң көркемөнерi» баспаларын,
Күйтiңдегi «Iле халық» баспасын; қазақ тiлiндегi «Шынжаң», «Iле»,
«Тарбағатай», «Алтай», «Iле өрендерi», «Күйтiң», «Құлжа кешi»,
«Халықаралық хабарлар» деген секiлдi газеттермен қоса, «Шұғыла»,
«Мұра», «Iле айдыны», «Тарбағатай», «Алтай аясы», «Боғда», «Алқап»,
«Чжұңго ұлттары», «Ұлттар»(суретті жорнал), «Iле жастары», «Iле
əйелдерi»,
«Iле спорты», «Шынжаң оқу-ағартуы», «Шынжаң қоғамдық ғылымы»,
«Шынжаң жоғары оқу орындары», «Көкжиек», «Оқырман өресi», «Шынжаң
қоғамдық ғылымдар мiнбесi», «Шынжаң малшаруашылығы», «Тiл жəне
аударма», «Құмыл алқабы», т.с.с. əдебиi бар, ғылымиы бар,
бұқаралықəмбебаптығы бар көптеген мерзiмдiк жорналдарды; Бежiңдегi
«Орталық Халық Радиосының» қазақ бөлімін, Үрiмжiдегi «Шынжаң» қазақ
радиосын, екi бiрдей тəулік бойы жүз пайыз қазақ тілінде сөйлейтiн
«Шынжаң» телеарнасын, облыс, аймақтар орталығындағы қазақ тiлiнде
хабар тарататын телевизия мекемелерiн атап айтқан болар едiк. Осы арада
аталған газет-жорналдар мен телерадиолардың бəрi түгелiмен мемлекеттiк
бюджеттiң есебiнен жұмыс iстеп отырғандығын да атап айтуымыз керек. Ал
Пекиндегі Орталық ұлттар университетінің Қазақ тіл-əдебиеті факультеті
сол елдегі қазақ жастарынан жыл сайын қазақ тілі мен əдебиеті,
түркология, аударма мамандықтары бойынша шəкірттер қабылдайды.
Демек бұдан Қытайда ұлт саясатының ойдағыдай жолға қойылғандығын
аңғаруға болады.
Алайда соңғы жылдары ол елдегі ұлттық территориялы өңірлерде “Қос
тіл” (ана тілі мен қытай тілін қатар меңгеру) саясаты мықтап қарқын ала
түсті. Бұл əрине, біздегі секілді “өзге ұлттар да мемлекеттік тілді
меңгерсін” деген ниеттен туған сасат. Басы ашық, ол жерде еш кім, еш
халыққа келіп “өз тіліңді ұмыт” деп қысым жасап жатқан жоқ. Алайда,
“құлды бəрекелді өлтіреді” дегендей, соңғы жылдары ондағы біздің
ағайындар, балаларын өздері жаппай қытай мектебіне сүйрелеп, ұлттық
мектептердің жабылуына өздері мүдделілік танытқандай болды. Сонымен,
биліктің де күткені сол, “ұлттық өңірлердегі мектептерге реформа жүргізу”
деген желеумен, бастауыш жəне орта білім мекемелерінің ұлттық сыйпатын
жойып, бəрін аралас мектепке айналдырды да, тек “ана тілі мен əдебиет
пəндерін ғана өз ана тілінде оқиды”деп қаулы шығарып қойды. Келешекте
ұрпағы “нан тауып жеу үшін” өзге тілді меңгеру керек болғанда, өз тілін
құрбандыққа шалып жіберетін біздің қазақтың қашанғы əдеті емес пе?!
Осы əдетпен, ондағы ағайындар да қазір “қос тіл” саясатының белсендісі
болып тұр. Бір қуанарлығы, қытайдағы ұйғыр, тибет секілді халықтар
ұлттың тағдыры мен болашағына қатысты өзекті проблемаларды жиі
көтеріп, дін, тіл мəселесінде “ҚХР-ның ұлттық территоритялы автономия
заңының” толыққанды атқарылуын үнемі талап етіп отырады. Содан кейін
барып, Пекиннің “шуағы” қайтадан молынан төгіле бастайды. Ол
“шуақтан” өзгелермен бірге біздің қазақ та игілітеніп жатады. Қысқасы
ондағы ағайындар өз-өзіне мықты болса, өздерінің ұлттық болмысын берік
сақтай алса, оларды бас алып жұтып қояйын беп тұрған еш кім жоқ. Тіпті
шетелдегі қазақ қана емес, атажұрттағы қазақ болсын, қашан да, қайда да,
ұлт болып қала алу - қала алмау, өзіміздің ұлттық рухымыз бен
намысымызға тікелей байланысты!
Сұхбаттасқан: Нұршат Төкен.
“Жебе” газеті. 18 сəуір 2013ж. №9.
МЕНІҢ БАЛАЛЫҒЫМ – «БАЛАЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ» БОЛДЫ
- ХХ ғасырдың 90-жылдары атамекен топырағына ат басын тіреп,
тағылымды қызмет атқарған қандас ғалымдар тарапынан қазақ əдебиеті
тың деректермен байи түсті. Оған өзіңіздің қытай мұрағатында жатқан
деректерге үңіліп, көз майыңызды тауыса жазған «Сарап» атты кітабыңыз
куə. Десек те, қазақ əдебиеті осындай тың дүниемен толығып жатқанда,
«Біздің «Қытайтанушылар» ғылымды неге былғайды? Немесе, «қазақ
əдебиеті тарихына еніп кеткен жалған ақын туралы бір ауыз сөз» атты
байбаламдар да жан-жақтан дүркірей шықты. Айтайын дегенім, Кегменер
Үлгеұлы хақындағы дау-дамайдың шындығы қайсы?
- Дұрыс айтасың, тəуелсіздіктен кейін біздің өшкеніміз жанды, өлгеніміз
тірілді. Соның нақты айғағы – дүниенің төрт бұрышына тарыдай
шашыраған қаракөз қандастар елге оралды. Бүгінгі таңдағы санақ нəтижесі
көрсетіп отырғандай, тəуелсіздіктен бері милионнан астам қандасымыз
атамекен топырағына табан тірепті. Бірақ, бір нəрсе көңілге қыжыл
ұялатады. Неге дейсіз ғой? Себебі, шеттен келген ағайындармен бірге
қаншама ақыл-ой, парасат, тарих, этнография, мəдениет оралды деген биік
пайым тұрғысында қараудан гөрі, олардың жеке басын, санын ғана
қызықтап жүрміз. Бұл – асылдың нарқын білмеу, қолда барды бағаламау
деген сөз. Жоғарыдағы сөзіміздің дəлелі ретінде айтар болсақ, тəуелсіздік
таңы атты деген қасиетті сөзді естісімен, төсек-орнын буып-түйіп Қытай
елінен атамекен қайдасың деп жолға шыққан, ақыры елге жеткен əр түрлі
мамандық иелері жеткілікті. Олар өздерінің соқа басын ғана сүйреп келген
жоқ. Керісінше, сол елде алған ғылым-білімді, қытай мұрағаттарындағы
қазаққа қатысты сан-алуан тарихи деректерді арқалап алып келді. Сондайақ, Иран, Араб, Ресей, Өзбекстан сияқты қазағы молдау елдерден келген
зиялы қауым да өз деңгейінде мəдени-рухани құндылықтар ала келді. Ал
енді қай елде де, қандай халықта да қыңыр, кертартпа адамдардың
болатыны шындық. Болып қана қоймай, жоқ жерден жік шығарып, дау
туғызып, жаңа ой, жаңа дерек айтсаң, оны жоққа шығаруға тырысып,
қызылтанау болып жүретіндері болады. Бірақ, олардың айтқанымен
тарихтың ағысы теріс ақпайды ғой. Дей тұрғанмен, жаңағы «ірігеннің
ауызынан шыққан шіріген сөз» қоғамды алапестей жайлап, əр түрлі пікірге
мұрындық болып жатады. Мысалы, Менің «Сарап» деген кітабімнің ішінде
«Көне Қытай жазбаларындағы түрік ақындары» деген үлкен зерттеу еңбек
бар. Мұндағы деректердің «əлгілер»даурығардай жерден шыққан немесе
көктен түскен ештеңесі жоқ, кəдімгі қытайдағы ғылыми еңбектерден,
мұрағатынан алынған дүниелер. Қытай жазбаларындағы сол ғылыми
еңбектерге негізделе отырып, өзімнің төл пайымдық тұжырымдарымды
сіңіріп, ғылыми мақала ретінде «Қазақ əдебиеті» газетіне жариялаған
болатынмын. Тіпті, конференцияларда баяндалды да. Кейін «Екі мың
жылдық дала жыры» деген қазақ əдебиетінің антологиясына енді. Сол
мақалада Кегменер Үлгеұлының қаңлы ақыны екендігі туралы егжейтегжейлі баяндалған.
Қазақстанда бір жылдары Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан
өзіме шейін» атты кітабінің қолжазба нұсқасы табылып, зиялы қауым
арасына бір дүмпу туғызған еді. Кейбіреулердің «бұл қолдан жасалған»
деген даурықпасына қарамастан, бүгінгі күні аталмыш кітап ғылыми
айналымда жүр. Сол сияқты Қытайда Кегменер Үлгеұлының да өлеңдерін,
өмірбаянын жоққа шығарып, ол «қолдан жасалған ақын» деушілер де бар.
Бірақ, кейде біз мына нəрсені ескермей жатамыз. Жалпы, ғылыми
ұстанымның үлгісінде беделді ғылыми еңбектерге, ғалымдар пікірін негізде
отырып ғылыми зерттеулер жасалады. Ал менің Кегменер Үлгеұлы туралы
зерттеуім қытай елінің атақты ғалымы Го Можоның ғылыми ұстанымы
негізінде оқырман қолына жетті. Қорыта айтқанда, Мен бұл дауға 2008 –
жылы «Қазақ əдебиеті» газетінде өз жауабымды беріп, даурықпа дауға нүкте
қойған болатынмын. Əрі қарай əлде кімдер бықсытып, қоңырсытып жүрсе,
сыпайылап айтқанда, ол тырнақ астынан кір іздеген далбасалық қана.
Қазақта «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деген мақал бар. Кегменер
Үлгеұлы мен оның шығармаларын қазақ əдебиетінің қазынасына қосылған
сүбелі еңбек ретінде қараудан гөрі, «ойбай, ол – өтірік» деп, керібақпалыққа
салып, дау қозғап, шатақ шығару арқылы атақ шығарып жүретіндерге не
деуге болады?! Жалпы, қыңырлық кісіні қырға шығармайды.
- Тəуелсіздіктен кейінгі кейбір тосын деректер мен жаңа пікірлер хақында
кейбір зиялы қауым өкілдері өз руының жыртысын жыртып, дайдай болып,
қызды-қыздымен қызыл тілге ерік беріп, жаға жыртысып, соттасуға дейін
барғаны шындық. Сіздің де жетістіктеріңізді рушылдықтың шеңберінде
қарастырып жүргендер жоқ емес. Жалпы, ру жəне рушылдықтың пайда,
зияны туралы не айтасыз?
- Ру – Алаш қоғамындағы, қазақ ұлтындағы күрделі құбылыс. Ол – біздің
мəдениетіміздегі өте маңызды да іргелі категория. Рушылдық – ұлтқа зиян,
елге қауіпті деп айтуға да болмайды. Рушылдық – ұлтқа пайдалы, бізді
көгертіпкөктетеді деп те кесіп айтуға келмейді. Жалпы алғанда,
«Халқыңның ардақтаған арқасында, еліңнің ата-дəстүр салтын қуғанға» не
жетсін!
Тарихқа қарап отырсақ, сонау ата-бабаларымыздан тартып, бүгінгі заманға
дейінгі ғасырлар көшінде, қазақтың қанында тулаған, салтында сақталған
осы бір құбылыс, еш қашан тұтас ұлтты қандыбалақ қырғындарға
ұрындырған емес. Ары кетсе, ауыл арасындағы содыр-сотанақтың бас
жарылып, көз шыққан кикілжіңі деңгейінде ғана қалып отырған. Ежелгі
алып көршіміз қытайларда руға бөліну болмағанымен, олардың қанындағы
жершілдік індеті, тарихта қытайды қанды қырғын соғыстар мен хандықхандық, бектік-бектіктерге бөлініп алып, ордалы жыландай арбасқан тарихи
оқиғаларға душар еткені белгілі. Құдай сақтасын, тарих көшіне көз
жіберсек, ұлтымыздың ондай сорақылыққа бармағанын байқаймыз. Демек,
көшпелілер мəдениетіндегі жүзге, руға бөліну құрылымының тектен-текке
жасалмағанын түйсіне отырып, ұлы далада ұлы мəдениет қалыптастырған
бабалар ұлылығына бас июіміх керек. Ал енді бұдан былайғы жерде қазақ
халқының сана сезімі тəуелсіздікпен бірге өсетіндігіне шек келтіруге
болмайды. Өйткені, жастарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу. Қазір біздің
жастарымыз əлемдік деңгейде ойлауға ұмтылады. Жер жүзінің өзге
елдерімен, басқа халықтармен бəсекелесуді ойлайды. Мысалы, кезінде
Алаш арыстары қол созған Жапондардың ұлттық бірлігіне тамсанады,
француздарға қарап бой түзейді дегендей. Бірақ, рушылдық дерттен құлантаза айығып кетеміз деп айта алмайсың. Өйткені, ол – қазақ халқының
тарихи сана сезімі, менталитеті.
- Сөзіңізді бөлейін, ұлттың сорпа бетіне шығар мəйегі, қаймағы зиялы
қауым деп айтатын болсақ, сол зиялы қауым тарихтан да, бүгіннен де
қазаққа рушылдықтың қаншалық зиянды екенін жақсы түсінеді. Сана сезім,
мəдениет жағынан да қарапайым халықтан биік тұрады. Олай болатын
болса, неге кейде қарапайым халыққа үлгі, жол көрсетудің орнына, кейбір
зиялы қауымыңыздың өзі рушылдықтың құй-батпағына құлап жатады?
- Жалпы, сондай рушылдық санада жүрген адамды «зиялы» деп айтуға
болмайды. Қазақ даласының қай түкпіріне барсаң да, сені ұлы жүз, орта
жүз, кіші жүз демей, басыңнан сипап, алдыңа асын қойып, құшақ жая қарсы
алады. Ол жерден рушылдықпен ауырып, ырың-жырың болып жатқан
жұртты байқай бермейсің. Жалпы, рушылдықтың отына май құйып, күлін
көсейтіндер санасы саяз əкім-қара, щенеуниктер мен танымы таяз
зиялысымақтар... Мұндайларға «зиялы» деген сөзді қор қылмау керек. Шын
мəніндегеі зиялы рулық деңгейден, тайпалық мүддеден биік тұрады.
Мысалы, Абай атамыз тіпті «Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп» дейді
ғой, Демек Абай руыңыз, ұлтыңыз тұрыпты, адамзат аспанына пырлап
шыққан ұлы тұлға.
Сөздің осы тұсында мына бір жағдай есіме түсіп отыр, мен Пекиндегі
Орталық ұлттар университетін тамамдап, Шынжаңға оралғанымда сол
жылы
ЖОО бітірген жас мамандарды жаппай ауыл мектептеріне жіберу туралы
ШҰАР Партия комитеті қаулы шығарып қойыпты. Соған қарамастан
Үрімжі қаласындағы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының əдебиет
институтында ғылыми қызметкер болып жұмысқа тұруыма менімен туысқиыстығы жоқ, қазақтың игі-жақсыларының көмегі тиді. Атап айтар
болсам, академияның сол кездегі вице-президенті, белгілі жазушы,
тарихшы-ғалым Жақып Мырзаханов пен өлкелік парткомның сол тұстағы
орынбасар хатшысы Жəнəбіл ақсақалдың арқасында Үрімжіде қалдым.
Мұндай мысалдар өте көп. Бүгінге дейін қандай да бір жетістікке жеткен
болсам, ол əрине, өзімнің төккен тер, еткен еңбегімнен тыс, жалпы жаны
жайсаң, ұлтжанды, шын мəніндегі зиялы азаматтардың шапағатының
арқасы деп білемін. Мысалы, қазақтың марқасқа ұлы, академик, əдебиетшіғалым Рымғали Нұрғалиұлы менің Қазақстанға келгеннен кейінгі өміріме
үлкен жол ашты. Ұстазым ғана емес, қамқор ағам болды. Одан өзге марқұм
Ақселеу ағаның да, Фариза апамыздың, Мұхтар Шаханов, Рақымжан
Отарбаев ағаларымыздың қамқорлығын көрдік. Əрине, өз руымнан ештеңе
көрмедім десем, ол да қиянат болар еді. Өзімнің рулас-жерлес
ағайындарымның да шапағатын аз көрген жоқпын. Демек, адамға адамның
жақсылығы, көмегі деген ылғи да ұлтына, руына қарап жасалатын нəрсе
емес қой... Керісінше кейде өз руыңнан шыққан біреулердің кесапатына
кезігіп жатасың. Сондықтан, адамда, əсіресе жастарда «өз руым жақыным,
өзге рудың бəрі қызылкөз дұшпаным» деген түсінік болмауы керек. Біздің
жастарымыз рушылдық санадан биіктеп, ұлтшылдық, одан асса адамзаттық
санаға көтерілу керек. Сайып келгенде, «əр кім сыйласқанның құлы» екенін
естен шығармаған абзал.
- Бүгінгі таңда қазақ əдебиетінің əлемдік əдебиет сахнасынан өзіндік орнын
ала алмағаны рас. Бұл төл əдебиетінің əлсіздігі болмаса керек. Мұның
себебі, насихаттың кемшіндігінде жатқан жоқ па?
- Ұлттық əдебиеттің бір пұшпағын илесіп жүрген ақын ретінде, əлем
əдебиетінің жауһарларына бір сəт көз салсақ, қазақ əдебиетінің деңгейі
«менмен» деген ешбір елдің əдебиетінен бір мысқал болса да төмен емес
екеніне куəлік бере аламын. Бұл тұрғыдан келгенде, «қазақ əдебиеті –
əлемдегі іргелі əдебиеттермен иық тірестіріп тұра алатын ұлы əдебиет» деп
кеуде ұруға, мақтануға əбден болады. Бірақ, өкініштісі өз қазанымызда
өзіміз «бұрқ-сарқ» еткеннен ары аса алмай отырмыз. Неге? Себебі, ХХ
ғасырда біздің əдебиетіміздің, мəдениетіміздің сыртқа шығуын Мəскеу
реттеп келді. Тəуелсіздік алғаннан кейін біз өзге алпауыт елдермен көбірек
экономикалық, дипломатиялық қарым-қатынасқа мойын бұрдықта,
руханият пен əдеби салаға мəн бермедік. Соңғы бес-алты жылдың
көлемінде «Мəдени мұра» бағдарламасы бойынша озық елдердің
классикалық əдебиетін аударып, оқырмандарымызға таныстыру жағы
жандана бастады. Дегенмен де, қазақ əдебиетінің сыртқы насихаты əлі де
көңіл көншітерлік жағдайда емес.
Біз, Толстой, Гоголь, Пушкин, Чеховтарды қалай білдік? Ал Джек
Лондон, Анатол Франс, Эмиль Золя, Гарсия Маркес, Рабиндранат Тагор,
Александр Дюма, Алберь Камю, Франс Кафка, Эрнесть Хемингуэйлер
ХІХ-ХХ ғасырларда адамзаттың əдебиет əлемінде қалай салтанат құрды?
Осының бəрі жазушының талантынан тыс, сол елдердің үгіт-насихатының
жемісі емес пе?! Мысалы, біздің Абайды алсақ, жаңа ғана «адамзаттың
бəрін сүй бауырым деп» деген сөзін айттым ғой. Əлемде осындай
адамзаттық деңгейге көтерілген ақын кемде-кем. Прозада тыңнан түрен
салған Ж.Аймауытов, М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов сияқты сөз зергерлеі кімнен
кем? Алаш ұранды əдебиет салған сара жолды жалғаған Б.Соқпақбаев,
Т.Əлімқұлов, А.Сүлейменов, М.Мағауин, О.Бөкей, Ə.Кекілбаев бастаған
қара сөздің қаймағын қалқып ішкен қатепті қара нарлардың кесер басы
əлемнің алып деген жазушысынан артық болмаса, пəс емес. Бірақ, бізде
осыларды əлемге танытуға кешенді түрде бағдарлама жасалып жатқан жоқ.
Мұның себебі неде? Өйткені, біз ХХ ғасырдағы адамзаттың мəдениет
көшіне қосыла алған жоқпыз. Бір сəт тəтті қиялға құрық жалғап көрелікші!
Егер, ХХ ғасыр басындағы алаш арыстарының арманы орындалып, тəуелсіз
ел болған болсақ, онда сонау жырауларымыздан тартып, кейінгі
ақынжазушыларымыздың барлығы бұл күнде əлемге танылып үлгерер ме
еді, қайтер еді!? Самурайлық рухқа шөлдеген жапондар жырауларымызды
жатқа соғар ма еді!? Жұрт гректердің «Одейссия» мен «Илиядадасынан»
гөрі, «Қырымның қырық батырына» тамсанар ма еді!? Ал қазір əлемдік
əдебиет пен мəдениетте «кімде не бар?» деген ұғым жасалып, шешіліп
қойды. Ал, біздің ол көшке жетуіміз үшін жанкешті еңбек керек. Қазір біз
экономиканың көшін түзедік. Енді экономика ұлттың руханияты мен
мəдениетіне жұмыс істеу керек. Егер олай істемесек, баяғының өз қотырын
өзі қасып, қанша малы болса да, айранын ұрттап, қойын құрттап отыратын
сасық байынан еш айырмашылығымыз болмайды.
- Жақында белгілі себептермен туған жерге барып қайттыңыз. Ол жақтағы
тау асып, тас басқан қандас ағайындардың халі қалай екен?
- Менің туған жерге бармағаныма көп жылдар болған еді. Осы жолы
барғанымда байқағаным, ауылдағы ағайындардың тұрмысы əжептəуір
көтеріліп қалыпты. Бұрынғыдай тамнан соққан қоржын үйлердің орнына
сəулеті асқан кірпіш үйлер бой көтеріпті. Мұны Қытайдың реформасы мен
ішкі саясатынан бөле қарауға болмайды. Соның бір жарқын мысалы, үй
салам дегендерге, қажетті қаражаттың елу-алпыс пайызын үкімет көтереді
екен. Сонымен бірге, зейнет жасындағы қарттарға əлеуметтік зейнетақы
тағайындапты. Сондай-ақ, ауылды жерлердегі шаруаларды жер салығы, су
салығы, басқару ақысы, тұяқ, жайылым ақы, т.б. толып жатқан салықтардан
босатыпты. Демек, мұның бəрі халықтың, əсіресе, ол жақтағы қазақтардың
ес жиып, етек жеңін жиюына жасалған жақсы шарт-жағдай деген сөз.
Ол жақтағы бауырластардың қарны тоқ, көйлегі көк болғанымен, бір нəрсе
жетіспейтіндей, қабақтары жабырқау, еңселері түсіңкі. Неге бұлай деп ойға
қаласың? Сондағы бір байқағаным, есіктің алдында ойнап жүрген
бүлдіршіндердің көбі дерлік шүлдірлеп қытайша сөйлеп жүр. Ол жақтағы
халықтың еңсесінің пəсеңдігі мен қабағының жабырқаулығының бір себебі
– осында жатса керек. «Ұрпағымыздың болашағы не болады?» деген үлкен
сұрақты əр ата-ананың жанарынан оқуға болады. Осы сұрақ олардың
еңселерін езіп, тұқыртып, бүгежектетіп, ауыр салмақ салып отыр екен. Бұл
деген саналы адамға қасірет. «Ит тойған жеріне» деп жүре беруге де болады
ғой. Бірақ, біз ит емеспіз. Саналы адам үшін ойланатын дүние. Ұрпақты өз
тілі, діні, ділінде тəрбиелей алмаса, ата-анаға одан асқан қандай қасірет
болуы мүмкін?!
Жанарларындағы осынау ауыр мұңның қалқасынан жылт еткен бір үміт
ұшқыны сезіледі. «Қазақстаным, атамекенім» деген үміттері көңілдерінің
жұбанышындай көрінеді. Бірақ, бəрі көші-қонның тоқтап қалғанын айтып,
қынжылып-ақ отыр. Кезінде дүниенің төрт бұрышындағы қазақ көшінің
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 21
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.