Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 18

Total number of words is 3700
Total number of unique words is 1985
31.5 of words are in the 2000 most common words
43.5 of words are in the 5000 most common words
49.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ақшаны кім басқарады? Көшіқонның басы-қасында отырғандар басқарады.
Олар кіммен сыбайласады? Əрине олар оралманның ішіндегі жылпостар,
алаяқтар арқылы мақсаттарын жүзеге асырады. Сөйтіп, олардың арасынан
көптеген делдалдар шықты. Нақтылап айтқанда, олар сыбайлас
жемқорлықтың сыбайластары. Бұл жерде «Бейсенбайдың қатысы бар,
Сəрсенбайдың қатысы жоқ» деп атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Бұл
жемқорлықтың ушыққаны соншалық, кейбір ағайындар шетелде тұрып
жатып, осында көшіп келмей-ақ он шақты рет квота алған. Ол адам сол
ақшаның бəрін өзі алды ма? Одан ортадағы делдал, квота беруші құр қол
қалды ма? Оның барлығы түсінікті жағдай.
Үшінші себебі, жалпы əлемдік қауымдастықтың барлық мүшесі мойнына
бұршақ салып, жаппай, бір жүрек, бір тілекпен «Қазақ елі көгеріп-көктесін,
бақуатты елге айналсын, Қазақия мəңгілік болсын» деп тілеп отыр десек
қатты қателесеміз. Демек, тілеулес достарымыз да бар, мысықтілеулі
дұшпандарымыз да жоқ емес. Сондай қызылкөз дұспандарымызға қазақ
елінің амандығы, күшейгені, елдегі қазақ халқының жан саны артып, шын
мəніндегі қазақ еліне айналғаны, тəуелсіздігін бекемдей бастағаны ұнаған
жоқ. Сондықтан олар шеттен ағылып келіп жатқан қазақ көшінің жолын
кесуге жанын, барын салып бақты. Бұл ретте олар əуелгі кезекте Елбасының
төңірегінде жүрген, биліктің биік бұтақтарында отырған ұлттық сана-сезімі
таяздау, космополит «новый қазақтарды» пайдаланды. Атап айтқанда қазақ
көшіне қазақтың өзін қарсы қойды. Соның нəтижесінде «Оралмандар –
Қазақ еліндегі орнықсыздықты тудырушы басты фактор» болып шықты.
Төртінші себебі, біздің шеттен келген ағайындар отанға келгеннен кейін
өзінің жанын бағып, тіршілігін істеп, қолынан келгенінше осы елдің
дамуына, болашағына үлес қосып, бала-шағасын өсіріп бай-бақытты өмір
кешкені дұрыс еді. Əрине біз демократиялы ел болған соң əркімнің немен
айналысуы, не айтуы өз құқы дейміз. Дегенмен, демократияның да шегі,
реті, қисыны бар. Қолым бар екен деп көрінгенді ұра бермейтінің сияқты,
аузым бар екен деп, ауызға келгенді сөйлей беруге де болмайды. Біраз
оралман ағайындар қазір оппозицияның ішінде жүр. Көрінген жерде
айғайлап, ол жер, бұл жерде мақала жариялап, сұхбат беріп Елбасының жеке
басына тисіп, əртүрлі жағымсыз пікірлер айтып жүрген ағайындар да жоқ
емес. Осының барлығы қазақ көшін алғаш өзі бастаған, əлі де сол сарабдал
саясатын жалғастырып келе жатқан Елбасының құлағына жеткен болуы
мүмкін. Міне, кезінде өзі Назарбаевтың көші-қон саясатының арқасында
Отанға оралған, бүгінгі күні оппозицияның тиірменіне су құйып жүрген
жігіттердің тірлігі жоғары жаққа аса ұнай қойған жоқ деп ойлаймын.
Сонымен, менің ойымша биліктің көші-қонға деген көңілі қалды. Əр
нəрсені, əр мəселені айтатын өз адамы болады. Əр мəселені реттейтін өзінің
кезі болады. Мен Моңғолиядан, Ираннан, Ресейден келгендердің өз елінде
кімнің кім болғанын білмеймін. Бірақ Қытайдан келген өз жерлестерімнің
ол елде кім болғанын бес саусағымдай білемін. Анау алыс ауылдағы бір
мектептен келген, əрі кеткенде аудандық, аймақтық қатардағы мекемеден
келген, орта мектептік сауаты иə бар, иə жоқ, өзінің ауылының əкіміне,
мекемесінің басшысына кіре алмай жүрген біреулер мұнда келіп «қоғам
қайраткері», «үлкен саясаткер» болғысы келеді. Аузын ашып қалса болды,
айтатыны «Ақорда, Назарбаев...». Демократия екен деп, келсе-келмес
мемлекеттің саясатына араласу, шамаға қарамай айға шабу деген өте ұят
жағдай. Жүйесі, тəрбиесі, менталитеті бөлек өзге бір елден келіп, бұл елдің
саясатымен айналысуды қойып, біздің ағайындар өз басын жөндеп алып
жүрсе де үлкен олжа. «Аяз əліңді біл, Құмырысқа жолыңды біл» дегенді
атам қазақ осындайда айтса керек. Қысқасы, Ел боламыз десек, мейлі ол
шеттен келсін, мейлі жергілікті болсын, əркім өзінің тірлігімен
айналысқаны дұрыс.
- «Бауырластар туралы заң» дайындап жатырмын деп қалдыңыз. Сіздіңше,
Көші-қон туралы заңға өзгеріс керек пе?
- Иə, мен жоғарыда айтып өткенімдей бізге де тура Қытайдағыдай заң керек.
«Оралман» немесе басқа деп айтудың керегі жоқ, «Ағайындар туралы заң»
деген өте орынды деп есептеймін. Ол шетелдегі тұрып жатқан ағайындарға
қандай статус пен жеңілдіктер беру керек жəне əр түрлі себептермен
келушілер (жеке сапар, оқу, кəсіпкерлік т.б.) мен көшіп келіп,
қоныстанушылардың жоғарыда мен айтқан мəселелерін заң қалай реттейді
дегенге жауап болады.
Кез-келген ішкі істер бөлімінде, кез-келген мекеменің еңбек
басқармасында сол «Ағайын туралы заң» жату керек. Сол арқылы толып
жатқан мəселе өзөзінен реттелетін болады.
Қазір мен дайындаған заңды заңгерлер қарап жатыр, одан соң тағы да
халықаралық адам құқығы жөніндегі ұйымдардан кеңес аламын. Əлі де
жетілдіретін, əлі де толықтыратын тұстары жоқ емес. Ең соңында заңды
дайындағаным жайлы қатысты адамдарға жəне құзырлы мекемелерге хабар
беремін. Бұл заң да əрине, Парламент депутаттары арқылы ұсынылатын
болады.
Бұл заң жобасын дайындау – өмірдің, уақыттың өз талабынан туындап
отыр. Яғни қолданыстағы «Халықтың көші-қон туралы заңы» бұл күнде көп
мəселеге жауап бере алмай қалды. Мəселен, Моңғолиядан келген бір ағайын
ол жақта 10 жылдай мемлекеттік қызметте істеп келіпті, ал сол жұмыс өтілі
бұл жаққа келгенде есепке алынбай жатқанына налып отыр. Оның қолында
еңбек кітапшасы бар. Осындайда «еңбек кітапшасын» бермейтін, бұрынғы
кеңестік жүйеде жұмыс жасамайтын елдерден келген ағайындардың
мəселесі тіпті де қиындай түседі. Бұндай мəселе қазіргі «Көші-қон
заңында» қарастырылмаған. Қолданыстағы «көші-қон» заңында қамтылған
ең үлкен мəселе ол – бер реткі жəрдемақы беру жағы ғана. Шынтуайтына
келгенде, тіркеу жұмысы, азаматтық беру мəселесі де көші-қонның аясына
сай келетін дүние емес. Демек көп мəселе құқықтық, құжатнамалық істерге
қатысты болғандықтан Көші-қон комитетін өткен жолы Ішкі істер
министрлігіне қосып жібергені содан.
Біз дайындап отырған заңның талабы бойынша шетелдегі ағайындарға
қатысты толып жатқан жұмысты арқалай алатын жеке бір агенттік немесе
комитет болуы керек. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын алып қарасақ,
ол тек қана қоғамдық ұйым. Ол талап еткен мəселемен ешқандай бір шетел
үкіметі санаспайды. Құзырлы орын болса сол елдің өзі деңгейлес қатысты
органдарымен тікелей байланысқа шығып, кез-келген мəселені шешуде еш
кедергіге ұшырамайды. Қысқасы, «көші-қоннан» бөлек, тек қана
шетелдерде өмір сүріп жатқан ағайындарға арналған заң болмайынша
мəселені кешенді де дұрыс шешу мүмкін емес.
Бұл жасалынып жатқан «Ағайын туралы заңда» барлығы қамтылатын
болады. Мысалы, шетелден көшіп келген, туысшылай келген жəне басқа да
мақсаттармен келген ағайындарға қандай жағдайлар жасалу керек, шетелде
тұрып жатқан ағайындарға қандай көмектер мен қолдаулар қажет дегендер
қамтылады. Аты-жөнін төлқұжатқа дұрыс жазғызу мəселесінің өзі былай
қарасаңыз ұсақ-түйек мəселе сияқты көрінеді. Алайда сол кішігірім
мəселеден туындайтын үлкен кедергілердің барын біреу білсе біреу
білмейді. Жалпы бір адамның басына қанша мəселе қатысты болады, соның
барлығын осы заңға қамтуға тырыстық. Күннің өтіп, қоғамның дамуымен
қатар бұрынғы мəселелердің орнын жаңа проблемалар басып отырады.
Яғни, ең алғашында тек қана көші-қон заңының арқасында 1 миллион қазақ
шеттен көшіп келді. Мүмкіндіктерінше орналасты. Ал қазір көші-қон
тығырыққа тірелді. Енді оны басқаша жаңғыртуымыз керек.
- Көші-қонға тұсау болған басқа да ұсақ себептердің бар екенін қозғап
қалдыңыз…
- Бұны мен 1 жарым миллионнан астам қазағы бар Қытайдағы
ағайындармен байланыстырғым келіп отыр. Қытайдағы жекелеген
азаматтардың құрған форумдық сайттары Қазақстанның оппозициялық
бағыттағы ақпарат құралдарының материалдарын төте жазуға ауыстырып
жиі жариялап отырады. Оппозицияның оралмандарды қосып алуы да
тегіннен тегін емес. Олар кейбір қиналып жүрген ағайындарды «біз билікке
келетін болсақ, сендер бұлай қаңғымас едіңдер» деп сендіреді. Сөйтіп олар
еріксіз оппозицияға ереді. Олардың пікірі шетелден елге жете алмай жатқан
қазақтың жүрегіне төте жол тартады. Сөйтеді де Қазақ үкіметіне деген
дұрыс емес көзқарас қалыптасады. Қазір «көші-қон тоқтап қалды» деп
қаттырақ, тоқтаусыз айғайлап жүрген бір топ азамат бар. Кезінде «көшіқон» солардың үлкен «бизнесі» болды. Көші-қон арқылы олар қалтасын
қампитты. Олар «көші-қон шақыртуын» жіберемін деп арғы бетте жатқан
елді бір тонаса, қоныс аударып келгендерді «квота алып беремін» деп екі
тонады. Осы мəселе бойынша ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің
мүшесі ретінде, оралмандардың «Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы ретінде бізге шағымданушылар өте көп болды. Менде алаяқтарға
алданған ағайындардың арыз-шағымы тау болып үйіліп жатыр. Бір қызығы
сол ағайындарды зарлатып кеткен алаяқтар қазір «көші-қонның» жанашыры
болып, қатты «шырылдап» жүр. Бұндай күніне миллиондап жазылатын
арыз-шағымдар жоғары жақты да қажытқан болуы əбден мүмкін.
- Дүкен аға, соңғы сұрақ: аңсаған Отаныңызға оралғаныңызға биыл тұптура 20 жыл болыпты. Еліңізге не бердім деп ойлайсыз?
- Бұл енді өте қиын сұрақ. Себебі қылымсып «түк бітірмедім» десең,
былайғы жұрттың «сонда 20 жыл бойы тек ас ішіп, аяқ босатып жүрген бе?»
деп ойлап қалуы ғажап емес. Ал азды-көпті істеген-тындырғаныңды «мен
бүйттім» деп өзіңнің айтып отырғаның тағы ыңғайсыз. Дегенмен, сұрақ
қойылған екен, оқырманды, журналисті сыйлап, жауап берген жөн болар.
Ақын ретінде бүгінге дейін «Жүрекке саяхат», «Семсер суы», «Көкпар»,
«Алтынның буы», «Алкүрең арман» қатарлы жеке жыр жинақтарым жарық
көрді. Ал қытайтанушы, аудармашы, ұстаз ретінде, «Жыр-Жебе»
(монография), «Сарап» (ғылыми зерттеу мақалалар жинағы), «Сөз – желкен»
(монография), «Мұхтар Əуезов жəне Лу Шүн» (монография), «Жер
шарының қызыл белдеуі» (аударма роман), «Қазақ жəне қытай əдебиеттері:
ұлттық дəстүр мен жаңашылдық» (монография), «Қытай тілі
фонетикасының негіздері» (оқулық), «Қытай филологиясына кіріспе»
(оқулық), «Лу Шүн. Повесть жəне əңгімелер»
(аударма), «Лу Шүн əлемі» (монография), «Лу Шүнтану дəрістері» (оқулық),
«Əлем əдебиеті» (2010, №2. Əдеби журнал, қытай əдебиетіне бағышталған
арнайы нөмір. Алғысөз авторы, аударып, құрастырушы), «Еуразиялық
өркениет: ежелгі түркі жəне қытай елінің рухани қарым-қатынасы» (ғылыми
мақалалар жинағы) қатарлы ғылыми-зерттеу, оқулық жəне аударма
еңбектеріміз жарық көрді.
1999 жылы «Қытай қазақтары поэзиясындағы ұлт-азаттық идея (ХХ
ғасырдың 20-50 жылдары)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация,
2008 жылы «Қазақ жəне қытай əдебиеттеріндегі ұлттық дəстүр мен
жаңашылдық (М.Əуезов жəне Лу Шүн шығармалары негізінде)» деген
тақырыпта докторлық диссертация қорғадым. Аталған диссертацияның
«салыстырмалы əдебиеттану» деген мамандық бойынша Қазақстанда
тұңғыш рет қазақ тілінде қорғалған докторлық диссертация екенін еске сала
кету артық емес. Əрине, Кеңестік идеологияның да кесірі бар, өзге де
себептер бар, біздің əдебиетшіғалымдарымыз тəуелсіздік алғанға дейін ұлы
Мұхаңды (Əуезов) «орыс əдебиетінің шекпенінен шыққан, Гогольдің,
Толстойдың, Чеховтың шəкірті» деуден аса алмады. Ал біз қазақтың ұлы
қаламгерін миллиардтың ұлы жазушысымен салыстыра қарастыруға
мүмкіндік алған болсақ, ол да əрине, азаттық арқасы.
Мақтанға сайса да, тағы бір айта кетер жағдай, Отан құшағына оралған
жиырма жылдан астам уақыттан бері табан аудармай еліміз үшін аса
қажетті мамандық болып есептелетін қытайтанушы жəне қытай тілі
мамандарын даярлаумен айналысып келеміз. Жолдасым Айнұр екеуміздің
алдымыздан дəріс алған жүздеген қытай тілінің мамандары бүгінде
еліміздің ҚХР-дағы Елшілігі мен консулдықтарында, ҚР Сыртқы істер
министрлігінде, Қорғаныс министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде,
Президент əкімшілігінде, Үкімет аппаратында, «ҚазМұнайгаз» ҰК-да,
«Қазақстан темір жолы» ҰК-да, еліміздің жетекші жоғары оқу
орындарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында жемісті еңбек етуде.
Осындай-осындай азды-көпті төккен тердің жемісін оймен шолғанда, 20
жыл бойы қарап жүрмегеніңе тəубе дейсің.
- Əңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан: Майгүл СҰЛТАН
«Түркістан» газеті. – 8 тамыз 2013ж. № 31-32 (993-994).
БАЛА КҮНІМДЕ БАР ҚИЯЛЫМ, БАР АРМАНЫМ АҚЫН БОЛУ
ЕДІ...
Дүкен МƏСІМХАНҰЛЫ,
Ақын, аудармашы, шығыстанушы ғалым, филология ғылымдарының
докторы, профессор. ҚР ұлттық салт-дəстүр академиясының академигі.
Л.Н.Гумилев атындағы
ЕҰУ қытай тілі кафедрасының меңгерушісі.
Біздің анықтама:
Жылы: Қоян
Жұлдызы: Торпақ
Сүйікті тағамы: Ет
Сусыны: Қымыз
Спортшысы: Ермахан Ыбырайымов
Əншісі: Рамазан Стамғазиев
Актері: Асанəлі Əшімов
Киносы: «Көксерек»
Жазушысы: Бердібек Соқпақбаев Ақыны: Жұмекен Нəжімеденов Өмірлік
ұстанымы:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Əуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар –
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
- Абай.
Атам Нақысбек екі елде де болыс болған
–Аға, сұхбатымызды алдымен сіздің балалық балғын шағыңыздан бастасақ.
Қандай отбасында өмірге келдіңіңіз? Əкеңіз қандай адам болған еді?
–Менің əкем Мəсімхан қарапайым шаруа адамы болғанымен, Қытайдағы
молдалар сотталып, «Құран» өртеліп жатқан «Мəдени төңкеріс»
жылдарында да бес уақыт намазын қаза қылмаған діндар адам болатын.
Діни білімі өте терең еді. Жас күнінде ескіше көп оқыған екен. Өйткені
əкемнің əкесі Нақысбек Жалпетекұлы атам Жетісу өңіріне белгілі болыс
болған адам. Қазақ тарихында Нақысбек шешен деген атпен де белгілі.
Нақысбек атамыз 1916 жылға дейін Қазақстанның Шəлкөде өңірінде болыс
болып тұрғанда, үлкен ұлдарын Қырғызстанның Қарақол қаласынан
оқытыпты. 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жанышталып, көсемдері
тұтқындалғаннан кейін Қытайға қоныс аударуға мəжбүр болады да,
Қытайдағы қазіргі Текес ауданының Шиліөзек деген жеріне тұрақтайды.
1917 жылы сондағы сайлауда Ақалақшы (болыс) болып сайланады. Сайлана
салысымен өзі тұрған Шиліөзек өңірінен жаңаша мектеп ашып, жанжақтан
ұстаздар жинап, мектеп мүдірі (меңгеруші) етіп күллі қазаққа аты мəшһүр
ақын, ғұлама Жүсіпбек қожа Шайхисламұлын тағайындайды. Бұл мектеп
1949 жылға дейін жұмыс істеп тұрыпты. Аталған мектептен тəлім алған
шəкірттер кейін сол өңірдегі қазақ руханият көшінің белді-білді қара
нарлары болды. Нақысбек атамыздың үш əйелінен тараған барлық баласы
осы мектептен білім алған. Сол Шиліөзекте 1920 жылы туған менің əкем
аталған мектептен кəдімгідей жеті сыныптық білім алып шығыпты. Ол
мектепте діни біліммен бірге, дүниауи білімдер де (əдебиет, тарих,
математика, жағрафия, т.б.) оқытылады екен.
–Ал, анаңыз жайында не айтасыз?
–Анам – Дəмеш Тұрлыбайқызы 1926 жылы Қазақстанда өмірге келіпті.
Голощекин ұйымдастырған 1932 жылғы ашаршылықта ата-анасымен бірге
Қытай асқан. Нағашы атамыз Тұрлыбай деген кісі, М.Əуезовтің «Қилы
заманындағы» батыр, жас болыс Серікбай Қанайұлының туған інісі.
Қысқасы, бұл ауылға да сөз қонған, құт дарыған ел екен. Анам Дəмеш
Тұрлыбайқызы да жастайынан өлең-жырға əуес болып өскен. Қыз кезінде
ара-тұра айтысқа да қатысқан. Ертегі, қисса-дастандарды өте көп білетін.
«Біржан мен Сара қыздың айтысы», «Таңжарық пен Қойдымның айтысы»
деген секілді айтыстарды жатқа айтатын. Менің маңдайыма осындай
отбасының кенже ұлы болу жазылыпты.
Кенже баланы еркелетіп-шолжаңдатып өсіру бар қазаққа ортақ дəстүр емес
пе?! Мен де еркелеп өстім, қатты-қайырым жұмыс аға-əпкелерімнен
артылмайды. Менің міндетім – кітап оқу, үйге келген кісіден əңгіме тыңдау.
Одан қалса анама ертегі, қисса-дастан айтқызып соны тыңдау, жаттау
болды.
–Сонда сізге ақындық өнер анаңыздан дарыған болды ғой?
–Жалпы менің əдебиетті алғашқы ұстазым – анам. Себебі, біздің буынның
балалық шағы қытайдағы атышулы «Мəдени төңкеріспен» (1966-1976
жылдар) тұспа-тұс келді. Ол кезде ала қағаздың бетінде «Маоның
мақалалары» мен «Маоға мадақтан» өзге түк жоқ болатын. Негізінде адам
баласының ұлттық рухани мəйекпен азықтанатын уақыты 5 жастан 15 жасқа
дейінгі кезеңі ғой. Міне біздің буын осы мəйектен мақұрым қалды. Ал менің
бақытым, қазақ ертегілерін, қазақ қиссаларын, əр түрлі тұрмыстық өлеңжырларды, кереметтей айтыс үлгілерін, Абайдың, Əсеттің, Көдектің,
Таңжарықтың, Шарғынның өлеңдерін түгелге дерлік анамның аузынан
естіп өстім. Бала күнімде сыныптастарымның кейбір қылықтарына арнап
шығарған өлеңсымақтарымның да алғашқы тыңдарманы, сыншысы анам
болатын. Нақысбек атамның шешен болғанын əлгінде айттым ғой. Ал
қазақта шешендік пен ақындытың тегі, түптамыры бір екені белгілі.
Сондықтан маған ақындық əкенің қанымен, ананың ақ сүтімен келген
болса, уыздығымды рухани нəрмен қандырып, сөз өнеріне алғаш баулыған
да, иманды болғыр, асыл анам болатын.
–Белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің: «Қиялдаудан өткен арғымақ жоқ!»
деген сөзі бар. Мектеп қабырғасында жүргенде «мен келешекте үлкен ақын
боламын» деп қиялдадыңыз ба?
–Əрине. «Армансыз адам дəрменсіз» дейді дана халқымыз. Шынында да
армансыз адам қанатсыз құс сияқты. Адамда арман болмаса, оның
əлдеқандай жеңіске, жетістікке жетуі, атақ-даңқтарға, бақытқа қол жеткізуі
де мүмкін емес. Ал жас баланың қиялы тіпті де ұшқыр, көкірегі арманға
меймілдеп толып тұратыны белгілі. Алайда оған үлкендер тарапынан
лайықты қолдау, көмек керек. Сонда ғана баланың қиялына қанат бітеді.
Мəселен, мен бала күнімде біздің ауылдан шыққан ақын-жазушылардың
атын айтып «сол кісілер секілді ақын болам» десем, анам марқұм «менің
құлыным олардан да мықты ақын болады» деп желпіндіріп қоятын. Сондай
кезде менің сəби жүрегімді «мен олардан мықты ақын болмасам анам разы
болмайтын, қуанбайтын секілді, сондықтан қалайда олардан да мықты ақын
болуым керек» деген сенім мен күш кернейтін. Егер сол кезде маған анам
немесе əлдекім «былжырама! Ақын болмай-ақ мұрныңның боғын сүртіп
ал!» десе, мүмкін, менің қиялым қырқылып, арманым суалып қалуы мүмкін
еді. Бала күнімде бар қиялым, бар арманым ақын болу еді.
–Өз басым үлкен-үлкен ақын-жазушыларды пір тұтып, олардың
ісқимылына еліктеп өстім. Мұндай еліктеу сізде де болған ба еді?
–Газет-журналға аты шыққан, шығармасы басылған, өздері Үрмжіде,
Құлжада тұратын ақын-жазушылар бізге «Құдай емес, құдайдан былай
емес» болып елестейтін. Олар былайғы ел сияқты асханаға, əжетханаға
бармайтын, жер басып жүрмейтін секілді елестейтін. Ал ара-тұра біздің
ауылда тұратын ақындардың есімдерін, өлеңдерін баспа бетінен көріп
қалсақ, сол кісілерді көру үшін арнайы іздеп барып, басына, көзіне, аяғынақолына, жүрісіне қарап тұратынбыз. Содан үйге келгенде, мектепке
барғанда əлгі «идеалмыз» секілді жүріп-тұруға тырысатынбыз. Осындайда,
ұлы Абайдың «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегенінде
қандай құдіретті ой жатқанына көзіңіз жетеді. – Отбасыңыз туралы айта
кетсеңіз?
–Құдай қосқан қосағым –Айнұр Əбиденқызы екеуміз төрт бала тəрбиелеп
өсірдік. Тұңғышым – Құндыз, студент. Қытайда медицина университетінің
соңғы курсында оқиды. Қалғандары əлі мектепте. Сабақтары жақсы,
армандары үлкен, Иншалла!
Ал жұбайым Айнұр – қытай қазақтарынан шыққан алғашқы
ағартушыпедагок Əбиден Құдышұлы деген кісінің қызы. Ол кісі қаладағы
мардымсыз жалақыға телмірген қиын өмірге қарамастан жеті перзент
сүйіп, солардың бəрін оқытыпты. Айнұрдың мамандығы қытай əдебиеті.
Университет бітіргеннен кейін, жолдамамен Үрімші қаласындағы Əскери
педагогика институтына барып, ұстаздық қызмет атқарды. Сондай-ақ ол өз
кезінде қытай қазақтарынан шыққан белгілі эстрада əншісі болатын.
Қазақстанға келгелі бері сахнаны қойып, бірыңғай ұстаздық жұмыспен
айналысып келеді. Қазір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің доценті, филология магистрі. Он шақты ғылыми жəне оқуəдістемелік еңбектердің авторы.
–Сіз ол кісіні əн салып тұрған жерінен көріп, тəнті болып қалғансыз-ау
шамасы?
–Дəл таптыңыз. Мұндай істер кейбір ұлы адамдардың өмірінде де
қайталанған. Ең алғаш оны теледидарда əн салып тұрған кезінде көрдім.
Құлжадан институт бітіріп, Үрімжіге сол жылы келген екен. Көп өтпей, сол
қаладағы бір тойға мен асаба болдым, Айнұрды əн салып беруге
шақырыпты. Сол жерде таныстық. Кейін əнімен де, сəнімен де мені мүлде
баурап алды. Ғашықтықтың құдіреті ғой, сазгер болмасам да «Елігімеркем» деген əнім сол кездегі іңкəр сезімнен туған болатын...
Қазақ елінің тəуелсіздік алғанын естігенде ақылымнан адасқандай күй
кешкенмін
–Еліміз егемендік алғаннан кейін бір топ азаматтар алғашқылардың бірі
болып елге оралды. Біреулер шекарадан өткен бетте жата қалып туған
жердің топырағын сүйіпті. Ал сізде қандай сезім болды?
–Дүниеде ұлтыңның азаттық, еліңнің тəуелсіздік алғанынан артық қуаныш
болады дегенге өз басым сенбеймін. Тəуелсіздіктен кейін туған жас ұрпақ,
сөз жоқ, бақытты ұрпақ. Бірақ олар дəл осы қуаныштың дəмін сезіне
бермеуі мүмкін. Себебі олар бодандықтың не екенін білмейді. Əрине, оқып
білу бір басқа да, бастан кешіру бір басқа. Қазақ халқы хандығы жойылып,
бодан күй кеше бастаған күннен тəуелсіздік алғанға дейін əр бір таңын
азаттықты аңсаумен атырды. Туған халқыңның осындай ғасырлап күткен
арманы жүзеге асқанда қалай қуанбассың?!
–Қазақ елінің тəуелсіздік алғаны жайында алғаш естіген кезіңіз есіңізде ме?
–1980 жылдардың соңы. КСРО-дағы «қайта құру» науқаны басқаша бағыт
ала бастаған шақ. Ол заманда «Азаттық» радиосының хабарларынан өзге
тұщымды ақпарат көзі жоқ. Сонымен бұрынғыдай емес, «Азаттық»
радиосын бір күн құры жібермейтін «ауруға» тап болдық. Міне, əйгілі 1991
жыл. КСРО қожырап, іргесі сөгіле бастады. «Азаттыққа» күндіз-түні құлақ
төсеп, күндізтүні Алладан Алаш жұртының азаттығын сұраймыз… Күз
басында қырғыз, өзбек ағайындар азаттығын алды. Шыдам таусыла
бастады. Сумаңдаған сан түрлі өсек-аяң одан сайын сабырымызды
тауысып, жүйкемізді жұқартып бітті. Жыл аяқталып келеді. Енді қашан?!
Біздің қазақтарға не болды?! Тыпыршып жер текпілейміз. Бір күні
əдеттегідей «Азаттық» радиосын тыңдап отыр едім, беріліп тұрған хабар
аяқталмай, ортан белінен үзілді де: «Ақ сарбас, Алаш жұрты! Сүйінші, қазақ
баласы! Қазақстан тəуелсіздігін жариялады!» деп əрі қарай хабарды оқи
алмай, əлгі дауыс өксік атып, жылап жіберді. Таныс дауыс! Марқұм Хасен
Оралтай ағамыздың дауысы. Ол кісі «кешіріңіздер!» деп сөзін қайта
жалғады. Əрі қарай не айтқаны есімде жоқ. Себебі, жаңағы сөзден кейін мен
де ес-ақылымнан адасып қалдым. Күлемін. Жылаймын. Қайтадан күлемін.
Қайтадан жылаймын… Төрге тоңқалаң асып, құлай кетіп домалаймын,
қарғып тұрып секіремін. Айғайлаймын...
–Егер сол кезде біреу-міреудің көзі шалып қалған болса «жынданды» деп
ойлайтын ба еді, қайтер еді?
–Сөз жоқ жаман ойда болатын еді. Бірақ есімді тез жиып, достарыма тартып
кеттім. Ол заманда ұялы телефон жоқ, тіпті үй телефонының өзі тек
бастықтардың үйінде ғана болады. Қаланың о жақ, бұ жағындағы достар
хабарласып, кешке қарай жоқ жерден «туған күн жасап», қала шетіндегі бір
жолдас жігіттің үйіне жиналдық. Ақсарбас атап сойып, жақсылап тойладық.
Кеш барысында сонда отырған бəріміз «Ертеңнен бастап төсек-орнымызды
буып, Қазақстанға кетудің қамына кірісеміз. Паспорт жасата алмасақ
шекара бұзып, қашып өтеміз» деген уəжге тоқтадық. Уəде осы болды да
ертеңінде түске таман тарастық.
–Адам қуанғанда не айтып, не қойғанын білмей қалады деуші еді,
«Айтылды. Қалды» болған жоқ па?
–«Жаман – уəдеге берік» дегендей, «Айтылды. Қалды» болған жоқ. Сол
ынта-жігермен қашпай-ақ, шекара бұзбай-ақ, Қазақстанның арнайы
шақыруымен, жергілікті Қытай үкіметінің заңды рұқсатымен, Қытайдан
алғашқылардың бірі болып, 1993 жылдың басында Қазақстанға оралдым.
Достарым да бірінің артынан бірі елге оралды.
- Міне биыл сол аңсаған Отаныңызға оралғаныңызға тұп-тура 20 жыл
болыпты. Еліңізге не бердім деп ойлайсыз?
- Бұл енді өте қиын сұрақ. Себебі қылымсып «түк бітірмедім» десең,
былайғы жұрттың «сонда 20 жыл бойы тек ас ішіп, аяқ босатып жүрген
бе?» деп ойлап қалуы ғажап емес. Ал азды-көпті істеген-тындырғаныңды
«мен бүйттім» деп өзіңнің айтып отырғаның тағы ыңғайсыз. Дегенмен,
сұрақ қойылған екен, оқырманды, журналисті сыйлап, жауап берген жөн
болар.
Ақын ретінде бүгінге дейін “Жүрекке саяхат”, “Семсер суы”, “Көкпар”,
“Алтынның буы”, “Алкүрең арман” қатарлы жеке жыр жинақтарым жарық
көрді. Ал қытайтанушы, аудармашы, ұстаз ретінде, “Жыр-Жебе”
(монография), “Сарап” (ғылыми зерттеу мақалалар жинағы), “Сөз – желкен”
(монография), “Мұхтар Əуезов жəне Лу Шүн” (монография), “Жер
шарының қызыл белдеуі” (аударма роман), “Қазақ жəне қытай əдебиеттері:
ұлттық дəстүр мен жаңашылдық” (монография), “Қытай тілі
фонетикасының негіздері” (оқулық), “Қытай филологиясына кіріспе”
(оқулық), “Лу Шүн. Повесть жəне əңгімелер” (аударма), “Лу Шүн əлемі”
(монография), “Лу Шүнтану дəрістері” (оқулық), “Əлем əдебиеті” (2010,
№2. Əдеби журнал, қытай əдебиетіне бағышталған арнайы нөмір. Алғысөз
авторы, аударып, құрастырушы), “Еуразиялық өркениет: ежелгі түркі жəне
қытай елінің рухани қарым-қатынасы” (ғылыми мақалалар жинағы)
қатарлы ғылымизерттеу, оқулық жəне аударма еңбектеріміз жарық көрді.
1999 жылы «Қытай қазақтары поэзиясындағы ұлт-азаттық идея (ХХ
ғасырдың 20-50 жылдары)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация,
2008 жылы “Қазақ жəне қытай əдебиеттеріндегі ұлттық дəстүр мен
жаңашылдық (М.Əуезов жəне Лу Шүн шығармалары негізінде)” деген
тақырыпта докторлық диссертация қорғадым. Аталған диссертацияның
«салыстырмалы əдебиеттану» деген мамандық бойынша Қазақстанда
тұңғыш рет қазақ тілінде қорғалған докторлық диссертация екенін еске сала
кету артық емес. Əрине, Кеңестік идеологияның да кесірі бар, өзге де
себептер бар, біздің əдебиетшіғалымдарымыз тəуелсіздік алғанға дейін ұлы
Мұхаңды (Əуезов) «орыс əдебиетінің шекпенінен шыққан, Гогольдің,
Толстойдың, Чеховтың шəкірті» деуден аса алмады. Ал біз қазақтың ұлы
қаламгерін миллиарттың ұлы жазушысымен салыстыра қарастыруға
мүмкіндік алған болсақ, ол да əрине, азаттық арқасы.
Мақтанға сайса да, тағы бір айта кетер жағдай, Отан құшағына оралған
жиырма жылдан астам уақыттан бері табан аудармай еліміз үшін аса
қажетті мамандық болып есептелетін қытайтанушы жəне қытай тілі
мамандарын даярлаумен айналысып келеміз. Айнұр екеуміздің алдымыздан
дəріс алған жүздеген қытай тілінің мамандары бүгінде еліміздің ҚХР-дағы
Елшілігі мен консулдықтарында, ҚР Сыртқы істер министрлігінде,
Қорғаныс министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Президент
əкімшілігінде, Үкімет аппаратында, «ҚазМұнайгаз» ҰК-да, «Қазақстан
темір жолы» ҰК-да, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылымизерттеу орталықтарында жемісті еңбек етуде.
Сондай-ақ жиырма жылдан бері тек қана шəкірттерге қытай тілі мен
əдебиетін оқытумен, оны зерттеумен шектеліп қалмай, қытайдың мəдениеті
мен менталитетін қазақстандық жалпы оқырманға паш ету мақсатында
көркем аудармамен де айналысып келеміз. Атап айтқанда əр жылдарда
республикалық баспасөз беттерінде біздің тəржімамызбен Коңфуцзы, Ли
Бай, Лу Шүн, Ба Зинь, Лао Шэ, Ай Чиң, Юй Гуанджұң, Уаң Мың, Джаң
Чыңджы, Гу Чың, Чэнь Дұңдұң, Джау Личуа, Диң Даң қатарлы көптеген
қытай қаламгерлерінің шығармалары жарық көрді.
– Бір сөзіңізде «Əрі-беріден соң шеттен келіп жатқан əрбір қазақтың соқа
басының өзі баға жетпес байлық. Елге қосылған үлес, құт-береке!
Өйткені көсегеміз көбейсек қана көгермек» - депсіз.
– Менің бұл сөзім бір кездері қазақ баспасөзі алаулатын-жалаулатып
көтерген «шеттегі ағайын елге не алам деп емес, не берем деп келсін» деген
рəуіштегі ұранға қарсы айтылған уəж болатын. Шынында да шеттен келген
ағайынның ішінде «Қазақстанның байлығын тонасам, ел ырысын үріп ішіп,
шайқап төксем» деп келген адам жоқ» деп толық сеніммен айта аламын.
Олар сұраса, мемлекеттің тиісті заң-ережелерінің ауқымында, қарапайым
тіршілікке қажетті игіліктерді ғана (азаматтық, баспана, үй салатын жер
телімі, егістік жер, жайылымдық жер, квота, зейнетақы т.б.) талап етті. Жоқ,
əлде оны да сұрамау керек пе еді?!
– Соңғы кездері қандай жұмыстарды тиянақтадыңыз? Оқырманға айтар
қандай тілегіңіз бар?
– 2012 жыл мен үшін жемісті, сəтті жыл болды. Үш-төрт жылдың алдында
«Мəдени мұра» бағдарламасы аясында Қытай жазушысы Лу Шүн
шығармаларының таңдамалы бір томдығын қытай тілінен қазақшаға
тəржімалаған болатынмын. Осы еңбегім үшін Қазақстан жазушылар одағы
халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығын берді. Қытай тілі мен əдебиетін
оқыту, аудару саласындағы еңбегіме орай Шанхай ынтмақтастық
ұйымының «Жібек жолы: гуманитарлық ынтымақтастық» сыйлығына ие
болдым. Жыл соңында ҚР Білім жəне ғылым министрі Б.Жұмағұловтың
бұйрығымен «жас ұрпақты оқыту жəне тəрбиелеу ісіндегі елеулі
табыстарымыз» үшін «Ы. Алтынсарин» медалімен марапатталдық. Ұстаз
үшін бұдан үлкен құрмет жоқ деп ойлаймын.
Ал шығармашылығыма келсем, соңғы жылдары жазылған жаңа өлеңдерім
мен қытай ақындарынан аударған өлеңдерімді жинақтап, бір кітап етіп
баспаға дайындап отырмын. Университет тарапынан екі томнан тұратын
«Қытай əдебиетінің тарихын» жазу маған жүктелген болатын, қазір бірінші
томы дайын. Сонымен бірге жұбайым Айнұр Əбиденқызы екеуміз он шақты
жылдан бері 70 мың сөз бен сөз тіркесін қамтитын «Үлкен қытайшақазақша сөздік» құрастырып жүр едік, оны да жақында аяқтап, баспаға
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 19
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.