Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 06

Total number of words is 3981
Total number of unique words is 2234
31.2 of words are in the 2000 most common words
44.9 of words are in the 5000 most common words
51.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өткені есімізде. Яғни осыдан тура он жыл бұрын, 1992 жылы қыркүйек
айында, сол кездегі астанамыз Алматы қаласында дүниенің түкпіртүкпіріне
тарыдай шашырап кеткен қандастардың басын қосып, төрт көзімізді
түгендедік. Себебі тағдыр тауқыметімен қазақ халқы əр-əр елде өмір сүріп
жатқан болса, оның болашағына, тағдыр-талайына қатысты бір-ақ жер бар,
олкүллі қазақтың қара шаңырағы, ортақ Отаны – осы Қазақстан. Бұл туралы
осы құрылтайда жасаған баяндамасында Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев: «Біздің
бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол –тəуелсіз Қазақстан. Бүгінгі
қиыншылығы мол заманда көңілімізге медеу болар бір жай- қазақтардың өз
атамекенінде ба тоғыстыруы, əртүрлі себептерге байланысты туған жерден
үдере көшіп кеткен туыстарымыздың өз еліне қайта орала бастауы. Біздің
бəріміз сарыла күткен ұлы көштің алды атамекенге жетті. Тəуелсіз
Қазақстанның кең құшағы сіздерге айқара ашық, бауырлар!» - деп
құрылтай қонақтарына ағынан жарылған болатын. Айтқанында тұрып,
уəдесін орындаған Елбасымыз бүгінге дейін Отанға жарты миллионға
жуық қандасымызды көшіріп əкелді. өткен жылы біз ол кісінің
қабылдауында болып, көші-қон жөніндегі кейбір ойларымызды,
ұсыныстарымызды айтқанымызда, ол кісінің бұл мəселе жөніндегі танымы
мен түсінігінің, ойы мен жоспарының кешенділігі мен ауқымдылығына
ерекше тəнті болып шыққанымыз бар. Елбасымыздың аузынан: «Көші-қон
саясаты – еліміздің аса маңызды стратегиялық саясаты. Біз шетегі
қандастарысымызды отан құшағына оралту жұмысын барынша
жандандырып, оған бөленетін квотаны да жыл сайын ұлғайтып отыратын
боламыз», - деген тебіреніске толы сөзі мен бұл саясаттың мəн-маңызы
жөніндегі көзқарасын естігенде жан дүниемізді бір жылы ағыс аралап
өткендей күй кештік.
Бұлай толқуымыздың да өзіндік себебі жоқ емес. Қарап отырсақ, жер
бетіндегі елдердің ішінде көші-қон туралы заң қабылдап, онымен
айналысатын арнайы министрлік жасақтап, шетелден қандастарын көшіріп
алып отырған үшақ мемлекет бар екен. Оның бірі – Германия, екіншісі –
Израиль, үшіншісі - өзіміздің Қазақстан. Көпшілік қауымға алдыңғы екі
елдің мүмкіндігі туралы айтып жату артықтау болар... Ал Қазақстанның
көші-қон саясаты - əлдекімдер бұра тартып жүргендей, еліктеусолықтаудың жемісі емес, шын мəніндегі тəуелсіз Отанымыздың тағдыры
мен болашағын ойлаудан туған данышпан шешім. Ол, əрине, сыртқы
көріністе «шете азып-тозып жүрген қандастарымызды құтқарып алу» үшін
жасалып жатқан шара сияқты болып көрінеді. Біздің кейбір жетесіз əкімдер
мен санасыз саясаткерлер бұл мəселеге тек осы қырынан ғана мəн
беретіндіктен көп жағдайда бұл шараға көлденең тұрғысы келеді.
Елбасының ұлжандылығы мен сұңғылалығы осы саясаттан-ақ айқын
көрініс тауып отырған жоқ па?! Біз қабылдауында боғанда да ол кісінің
емеурінмен аңғартқаны көбеймесек, көсегеміз көгермейді дегенге саяды.
Қабылдаудың соңында біз Елбасыға арналған мына өлеңімізді оқып һəм
қолына жазбаша табыс еттік.
Алаштың асқақ айбыны
Ау, Нұр аға, Нұр аға,
Алты Алашқа пір аға.
Құтты болсын тағыңыз,
Көтерілсін бағыңыз!
Арнадым саған жыр, аға,
Құлағыңды түр, аға:
Сен, сен едің, сен едің,
Асып бір туған ер едің,
Езіліп келген еліңді
Жетелі іске жебедің
Сен, сен едің, сен едің,
Ел тізгінін қармаған,
Шабысынан танбаған.
Қара қазақ қамы үшін
Шаршы əлемді шарлаған.
Болашағыңда боларды
Бала шағаңды барлаған,
Ақылы айдын кемелім,
Əбес бір іске бармаған.
Мұзбұлақ қыран сен едің,
Қанаты қанша қақса талмаған.
Ау, Нұрекем, Нұрекем,
Дүние қолдың кірі екен.
Алданып қалар аярға
Өзіңді теппе өзекке;
Алаштың қамы қашанда
Алғашқы болсын кезекте.
Өзіңе мəлім жайымыз,
Оңынан туып айымыз,
Солынан туды күніміз.
Шала бір жансар жаны бар,
Тірілсін енді тіліміз.
Түтіліп түте тоз болған,
Етекте қалған еленбей,
Төрлесін енді дініміз,
Өрлесін енді үніміз.
Имандай сеніп арыңа,
Тізгінді бердік тағы да.
Отырдың солай тағыңа!
Уа, Нұр ағам, Нұр ағам,
Жаны бар жайсаң –жыр алаң.
Еліңнің мəңгі бақытын
Алладан күнде сұраған
Сен, сен едің, сен едің,
Сабыр-төзімге кененім.
Елім деп өтер еңіреп,
Еңсегей туған ер едің.
Нұр егем десең еліңе,
Гүл егем десең жеріңе –
Қысылсаң, ақыл бермейтін,
Қамшыламай желмейтін,
Нұсқаламай көрмейтін,
Айтқаныңа көнбейтін,
Құлқынын ғана жемдейтін,
Тексізден уəзір жинама!
өзіңді өйтіп қинама!
О, Нұрекем, Нұрекем,
(Мансап та қолдың кірі екен).
Кірден таза жаныңды,
Сүттен аппақ арыңды
Ақ жүрекпен жыр етем,
Көңліңді сөйтіп түлетем.
... Бақыт па, сор ма осымыз,
Бір жағымда – самұрық,
Бір жағымда – аждаһа...
Тігілді қатар қосымыз.
Ең жақының кім болса,
Əуелі содан шошыңыз.
Құп десе көңіл қошыңыз,
Сөзіме құлақ тосыңыз:
Баяғы баба билердей,
Шыжымдап тартып, ши бермей,
Талай тайғақ өткелден,
Оралдың толық ұпаймен.
Есіңе енді саларым –
Ойнасыңда орыспен,
Қалжыңдас па қытаймен!
Аман болсын ел десең,
Бүтін болсын жер десең –
Сөзіме құлақ түргейсің,
Шығыстан байқап жүргейсің,
Шүршітті мықтап білгейсің.
Ең үлкен уəжім осы еді,
Осы бір жерім бос еді...
Демеңіз əсте, Нұр аға,
Маңайдың бəрі дос еді...
Жетсе сізге бұл тілек,
Дүкеннің көңілі қош еді!
Бүгінгі күнін мүлде азат
Сақтаймын десе бұл Қазақ,
Нұр аға, Сізге сенеді,
Сенеді, Сізге ереді!
Нұр аға, сіз де «Ел! дегей,
Ел үшін ғана терлегей.
«Шылыққа» орын бермегей.
Алаштың нұрлы ертеңін,
Алақанымен тербегей!
Бұл жыр жолдары ақынның Елбасына жағынсам деген ойынан емес, тарихи
Отанына аңсап жеткен қазақ баласының азат Отанына, оны басқарып
отырған Елбасына деген шексіз сүйіспеншілігі мен мақтанышынан, сондайақ зор сенімімен туған өлең болатын.
«Ел мен Елбасы» кітабынан. Алматы. 2003 жыл.
АЗАТТЫҒЫМЕН МЕН ҚАЗАҚТЫҒЫМ
Өткен жылы жазда, Үрімжідегі оқиғадан бірер ай бұрынырақ, кезінде
Үрімжіде жақсы араласқан ұйғыр ақыны Астанаға мені іздеп келіпті.
Үйімде қонақ болды. Жата-жастана өткен-кеткенді, арғы-бергіні сапырдық.
Ол осы сапарында Өзбекстанда, Қырғызда, Түрікменде, Əзербайжанда
болыпты. Қазақстаннның Алматы қаласын, Алматы облысын, Оңтүстік
Қазақстан облысын, Жамбыл облысын, Шығыс Қазақстан облысынар
алапты. Көргенбілгенімен, байқаған-түйгенімен бөлісті. Қанша дегенмен
ақын емес пе, оның үстіне «сырт көз сыншы» деген де бар, 1991 жылы
азаттығын алған туысқан халықтарының бүгінгі тірлігінен көп нəрсені
аңғарыпты, тіпті біздің өзіміз байқай бермейтін талай жағдайды сезініпті.
Аталған елдердің бүгінін сараптап, болашағын межелеп ұзақ əңгіме айтты.
Дегенмен Қазақстан туралы ашылыпжарыла қоймады. Қонағымды
қайырмалап, қақпалап қайта-қайта Қазақстан туралы əңгімеге алып келем,
сырғақтап-тайғанақтап бірдеңе айтқан болады да, дереу сытылып басқа
тақырыпқа кетіп қалады. Содан бір кезде тағатым таусылып Қазақстан
туралы пікірін ашық сұрадым.
- шынымды айтсам ренжімейсің бе? – деді ол.
- маған шыныңды айтқаның керек! Неге ренжимін? – дедім.
- жоқ, мен сенің ұлтшыл екеніңді жақсы білем ғой, жүрегіңді ауыртып
алармын, айтпай-ақ қояйын, – дейді қонағым.
Содан не керек, ары ырғасып, бері ырғасып ренжімейтініме де, «жүрегімнің
ауырмайтынына да» сендірдім. Сонда барып қонағым бүй деді:
- Сен қазаққа қор болып кеткен қайран азаттық!
Естігім келіп отырғаны осы сөз екен! Қурап қалғыр қу құлақ естіді.
Өлмегенім қара жер! Жердің тесігі болмай қалды!
Жиырманың о жақ, бұ жағындағы тас шайнап, жалын бүркіп, от шашып,
алау атып жүрген кез. Туған халқымды ес кете, өртеніп, өліп-өшіп сүйетінім
соншалық, оған зəредей де шаң жуытпай, қазақты «анау-мынау» дегеннің
жағасынан ойланбастан ала түсетінбіз. Сол кезде Абай атамды оқып
отырып, оның қазаққа қаратып айтқан «ауыр-ауыр» сөздері шымбайыма
батып, тіпті намысыма тиіп, кейде «əй осы шал да…» деп ұнатпай да
қалатынмын. Уақыт өте келе: «Абай атам ХІХ ғасырдағы қазақтың тірлігін
айтып отырған жоқ па, қазіргі қазақтың жағдайы жаман емес қой» деп
жұбататынмын өзімді өзім. Дегенмен ұлы ақынның:
Жарлы емеспін, зарлымын,
Оны да ойла толғанып.
Жұртым деуге арлымын,
Өзге жұрттан ұялып, – дегені қалай айтылған сөз екен деп, көбінде
байыбына бара алмаушы едім. Кейін бұның да ащы ақиқат екеніне сан мəрте
көз жетті ғой… Дегенмен бүгін міне ұйғыр досымның «арқасында» Абай
атамның бұл сөзі тағы бір мəрте өте жанды, əсерлі, аянышты түрде
дəлелденді. «Ренжіткен, жүрек ауыртқан» түк емес, тірідей жерлеп кетті!
Азаттығымыздың қадірін білмеген қазақтығымызды айтып, табалап кетті!
Не деп ақталам?! Не деп жалтарам?! Мəскеуді жамандайын ба? Орысты
жамандайын ба? Немесе компартиядан көрейін бе? Жоқ əлде, Пекинді,
Вашингтонды жазғырайын ба? Байлығы жоқ деп даламнан көрейін бе? Ұл
таппадың деп анамнан көрейін бе? Айтшы сен, кеудесінде жаны, бойында
қаны бар қазақ баласы, не деп ақталуым керек еді?! «Жібекті түте алмаған
жүн қылады, жігітті күте алмаған құл қылады». Азаттықтың құнын білмей,
қадірқымбатына жетпей қор ғып отырғанымыз өтірік пе, түге?! Иə, азат ел
болуға лайық жұрт едік! Азат елдің оғландарындай алп-алп басып, алшаңалшаң жүруге лайық ұл мен қыз едік! Оған қазақ халқының елі де, жері де,
рухани, материалдық шарт-жағдайы толық еді. Əттең, бөденей жорғалап,
басымызға өзі келіп қонған бақ құсы – азаттықтың қадірін білмедің, қазақ
баласы! Бармысың, армысың Алаш баласы?! Намысың қайда жандағы?
Ерлігің қайда қандағы?!
«Неменеге күйіп-пісті?», «неменеге түңілді?» дерсің. Негі күймеймін, неге
түңілмеймін! Біздің уайым, бүгінгі қазақ қайғысы саусақпен санарлық қана
болса арман не?! Өкінішке орай, азаттығымызға сызат түсірген
қазақтығымыз толып жатыр. Жүздеп, мыңдап саналады.
Демек енді ойланбасқа, оянбасқа болмайды жұртым! Уақыт өтіп барады.
Енді кешігеміз! Тіпті кешіктік деуге де болады. Дегенмен «ештен кеш
жақсы». Ендігі жерде «шаңырағымызды көтеріп алайық, уығымызды
шаншып алайық, босағамызды байлап алайық, бау-шуымызды сайлап
алайық» дегеннің бəрі бос əңгіме. Бұл шаруаларды жүзеге асыруға бес жыл
демей-ақ қояйын, он жыл былай жетер еді. Біздік тəуелсіз ел болғанымызға
келер жылы жиырма жыл толады. Бес емес, он емес, он бес емес, табаны
күректей ЖИЫРМА ЖЫЛ! Тəуелсіздіктің құрдастары отау иесі бола
бастады. Осы жиырма жылда біз – қазақ елінің билігінде жүрген азаматтар,
қалың зиялы қауым, жастар, ақсақалқарасақалдар – қазақтың ұлттық
мемлекетін қалыптастыра алдық па? Өкінішке орай, жоқ! Қазақтың ұлттық
мемлекетін қалыптастыру былай тұрыпты, керісінше қазақтың тілі далада
қалды, рухы тапталды, қара қазақ азып-тозды, ұлт діни тұтастығынан
айырылды, жері, байлығы тонауға түсті, ата-бабам ақ найзаның ұшымен, ақ
білектің күшімен қан кеше жүріп қорғап, не бір зұлмат заманнан бізге аман
жеткізген қайран қазақ жері, оның асты мен үстіндегі байлық айдың-күннің
аманында ит пен құсқа жем болды! Храпунов, Машкевич, Ким, Миттал…
дегендердің қазақтың елі мен жерінен сонша байлықты күреп алуға қандай
қақысы бар еді?! Қазақ халқы үшін, Қазақ елі үшін кім еді олар?! Азат Қазақ
елінде, өз жерінде қай қазақтың баласының қолы осындай байлыққа жетіп
жатыр?! Қазақ сорлының баласы əрі кеткенде əкім болғанына, министр
болғанына, депутат болғанына мəз! Онда да қолы жеткені, бағы жанғаны,
ебін тапқаны! Қалған қазақ «қаңғып келген шүрегейдің» құлы, малайы,
егіншімалшысы, отыншы-сушысы! Ойланайық ағайын! Оянайық бауырлар!
Бұл ретте, əсіресе көбірек ойлансын, тезірек оянсын, кеудесінде шыбын
жаны, бойында қазақтың қаны бар, ел керек, жер керек, ұрпақ керек,
ұрпақтың бақыты, келешегі керек, азаттық керек дейтін Алаш баласы,
зиялы қауым, елдің ертеңгі қожасы жастар! Себебі сіздер мен біздер
еліміздегі қазіргі қалыптасқан жағдайға көбірек кінəлі адамдармыз!
Сіздердің намыссыз күлкі, қамсыз ұйқыларыңыздың арқасында
тəуелсіздіктің жиырма жылында жеткен жеріміз осы болды. Біздің ежелгі
дағдымыз бойынша, əйтеу біреу кінəлі болу керек. Қазір де сол, бар кінəні
билікке жауып, өзіміз сүттен ақ, судан таза кісі болып отырғанымыз. Əрине,
мен бұл арада билікті ақтап алайын деп отырған жоқпын. Ол туралы əңгіме
бөлек. Дегенмен, өткенде басқа бір басылым бетінде айтқан: «қазақта
«сабасына қарай піспегі, сақалына қарай іскегі» деген мақал бар. Халық та,
оның билеушісі де солай. «Алма ағашынан алысқа түспейді» дейді тағы да
сол қазағың. Мақал «саба, піспек, сақал, іскек, алма, ағаш» туралы болып
отырғанымен, бар құбылыс солай. Халқы билеушісіне, билеушісі халқына
əмəнда сай, сəйкес болады. Əрине, «сай болайын» деп болмайды, тарихи,
əлеуметтік, этникалық, генетиалық, сана-сезімдік, психологиялық, зерделік,
бір ауыз сөзбен айтқанда, тарихи қалыптасқан ұлттық менталитет қай кезде
болмасын, қазақ баласының бойында сақталады» деген пікірімізді осы
арада тағы бір қайталай кеткім келіп отыр. Қысқасы билік қайдан шықты?
қазақ халқының ішінен шықты. Билік төңіректеп жүргендердің дені (тіпті
бəрі деуге де болады) кімдер? өзіңнің қазағың. Сонда біз кімге өкпелейміз?!
Иə, жауырды жаба тоқып қайтеміз, жалпы қазіргі қазақ баласының
көбісінде намыс қалмаған, береке-бірлігіміз қожыраған, елдік сана-сезім,
патриоттық рух өшуге айналған. Халқымыздың бойында ол қасиеттердің
бұрын болғанына, əрине күмəніміз жоқ. Бірақ əрісі патшалы Ресейдің, берісі
Кеңес одағының кезінде тəннен өтіп қанға, қаннан өтіп сүйекке сіңген
құлдық санадан əлі арылған жоқпыз. Өйткені Ел саясатының жалпы
мазмұнында, тінінде санамыздағы құлшылдыққа қарсы, бодандық
психологияға қарсы үгіт-насихат, тəлім-тəрбие болған емес. Сондықтан
көбіміз өзімізді азат елдің азат азаматы ретінде, Қазақстандағы қожайын
халықтың өкілі ретінде сезіне алған жоқпыз. Егер билік маңайдағы анағанмынаған жалпаңдап, жалтақтап отырған болса, оның да бір ойлағаны, бір
себебі бар шығар. Əлемдік саясаттың қитұрқысын, көрші елдің десі мен
сесін біз қайдан білейік. Түптеп келгенде біз секілді əлсіз мемлекеттің,
кеше ғана біреудің құлдығынан шыққан елдің көрінгенге жалпаңдамай да
əддісі жоқ. Грузин Президенті И.Саакашвили «Ресейге жалпаңдамаймын,
жалтақтамаймын» деп еді, не болды əне?! Құдай оның бетін аулақ қылсын!
«Орыс ойына келгенін істейді», «орыспен дос болсаң ай балтаң беліңде
болсын» деген мақал атам қазақтың ойнап айтақан сөзі емес, екі-үш
ғасырлық өмірінің қорытындысы. Демек, Ресей деген елмен тату көрші
болып тұру оңай-оспақ шаруа емес. Өйткені Ресейді еурапдағы өркениеттің
биігінде тұрған елдерімен мүлде салыстыруға болмайды.
Айтайын дегеніміз бұл емес еді. Мəселенің бəрі түптеп келгенде қазақтың
өзінің намыссыздығында, тірі өлік, ездігінде жатыр. Менің ұйғыр досым
дұрыс айтады, қайран азаттық сорлы қазаққа қор боп кетті. Азаттық алдық,
тəуелсіз ел болдық деп жұрт болып сілкінбедік, ел болып желпінбедік.
«Баяғы жартас сол жартас қалпымыздан» бір өзгермедік. Кеңестік кезең
тұсындағының бəрін Мəскеуден, отаршылдық езгіден көрдік. Құлап қалған
кеңес одағына жауып құтылғансыдық. Əрине, ол заманда өлдік-қырылдық,
тартпаған азап, көрмеген қорлық қалмады. Мəскеудің əңгір таяғы өзгеден
гөрі біздің басымызға бірнеше мəрте артығырақ тигенін де білеміз.
Дегенмен сол Кеңес одағында отар болған біз ғана ма едік?! Неге Москва
қазаққа істегенін өзгелерге істей алған жоқ?! Неге?! Ұйғыр халқында
«бөзəкни бөзəк қылмысаң о дұнияда сориғи болұдұ» (қорды қорламасаң о
дүниеде сұрағы болады) деген мақал бар. Сол айтқандай жуас түйені кімнің
болса да жүндегісі келіп тұрады. Қазақы кеппен айтқанда «албасты да
қабаққа қарап басады»! Өзімізді өзіміз кейде «жуаспыз» деп мақтаймыз,
сонымен мақтанамыз! Жуас дегеннің баламасы «қор, ез, қортық, бейшара»
деген сөз. Сондықтан бодан кезіміз болсын, азаттыққа жеткен кезіміз
болсын, жер бетінде қазақты мазақтағысы, қорлағысы келмейтін адам
көрген емеспін. Қыл аяғы америкалық жарымес Боратқа дейін айдай
əлемнің алдында ит-сілікпемізді, масқарамызды шығарды. Мың жерден
жарымес болса да, қорлауға төзетін, мазақтауға көнетін жер шарында тек
қазақ деген ел бар екенін ту Америкада жатып ол да біліп алған. Оның біз
туралы ойдан жасаған масқарасы мен қорлауына санаулы адамдардың ғана
шамырқанғаны болмаса, қалың қазақ «мəу» деген жоқ. Мұрнын тартып
қойып, бешбармағын жеп отыра берді. Сондықтан да біздің жас ұрпақтың
дені қазақ баласы болуды қаламайды, Алаш ұлы болуды армандамайды.
Өйткені оған бəрі белгілі, бəрі түсінікті. Егер ол шынайы Қазақ (тілі, діні,
ділі, рухы) болатын болса, пенде ретінде көп нəрседен құр қалады. Құры
қалып қана қойса тағы жақсы ғой, елге мазақ, жұртқа күлкі болады. Өзге
емес тіпті өз бауыры – «жаңа қазақтардың» өзі оны «мамбет», «ауылбай»,
«казахбай» деп артын ашып тарқ-тарқ күледі. Табалайды. Сол үшін қазақ
баласы əр қашан қолдан келсе қазақ болмауға тырысады. Соған барын,
жанын, арын салады. Өзгеге сіңіп кетуден түк те намыстанбайды, еш қашан
арланбайды. Өйткені өзгеге сіңіп кетудің ұяты мен намысы қазақ болып
көретін қорлық пен намыстан əлде қайда жеңіл! Сондықтан қазақ
баласының қолы жеткені ойда орысқа, қырда қытайға сіңіп жатса, қалғаны
қырғыз, ұйғыр, моңғұл, өзбек, тəжік, сығанның құшағына кіріп жатыр.
Сөздің осы тұсында бір мысал, Алматы облысының ұйғыр ауданында ұйғыр
азаматына күйеуге шыққан қазақ қыздары бар екен, балалары, əрине таптаза ұйғыр, ұйғырша жəне орысша біледі. Мақұл, бала даусыз ұйғырдың
баласы, оған өкпе жоқ. Ал олардың анасы – қазақтың қызы өз тілін баяғыда
ұмытқан. Тек ұйғырша, орысша сөйлейді. Жарайды, «Қыз – жат жұрттық»
деп өзімізді тағы да жұбатқан болдық. Ал енді сол ауданда біраз ағамыз
ұйғырдан қыз алыпты. Мына сұмдықты қараңыз, əлгі ағаларымыз да қазақ
тілін ұмытқан, балалары, əйелі (онсыз да) бəрі ұйғыр. Сондай ағамыздың
біріне: «Оу аға, бұныңыз не?» дедік, намыстан өртеніп өліп барамыз. Бірақ
білдірмеуге тырыстық. «Əмді бұ йəрдə ұйғыр көп құ» дейді сабазың. Азат
қазақ елінде, қазақ облысында, қазақ ауданындағы («ұйғыр ауданы» деген
əшейін жер аты ғой, аудан халқының дені қазақ) қазақтың тірлігі осы! Бұны
аз десеңіз тағы бір мысал, менің бала кезімде ауылымызда бір əжей болды,
өзі қырғыздың қызы еді. Өткен ғасырдың 70-шы жылдарында 85 жасында
дүниеден озды. Үлкендерден естуімше ол кісі біздің ауылға 15 жасында
келін болып түсіпті, содан өлер-өлгенге дейін бір ауыз қазақша сөйлемей
кетті. Мінеки, халқына адал ұрпақ деп сол кемпірді айт! Кейін біздің
көршіміздің қызы бір қырғыз жігітімен қашып кетті. Оншақты жылдан соң,
əлгі қарындасымызды аудан орталығынан кезіктіріп қалдым, қазақшасы
баяғыда жоқ болыпты, қырғызша шүлдірлеп тұр. Жылайсың ба, күлесің бе?!
Мұндай мысалдарды санап тауыса алмайсың!
Осылай, əлі күнге дейін орысты көрсек ойысып, қытайды көрсек
қылымсып, моңғұлды көрсек маңырап тұратын себебіміз - сол баяғы
қағынан жеріген құландай, қазақ болудан қашу, өз ұлтымыздан жеріну.
Тіпті бүгінде ұлт ретінде осынымыздың дұрыс емес екенін сезінуден де
қалып барамыз! Етіміз өлген, көзіміз үйренен. Қазақтардың өз елінде өзге
тілде шүлдірлеп-құлдырлап бара жатуы еш кімге де ерсі емес. Ерсі көріну
былай тұрыпты, ол қазақ үшін мақтаныш! Үлкен жетістік! Ұлы жеңіс! Оған
қой деп жатқан адам жоқ, керісінше «ура! вперёд!» деген ұран көбірек
естіледі. Осынау ессіз, тексіз ұранға жастарымыздың желіккені соншалық,
олардың көбісінің сана-сезімінде, ұғым-түсінігінде ұлтқа орын қалмай
барады. Оған жастар, жеткіншек ұрпақты қалай кінəлаймыз?! Себебі біз
оларға өзіміздің де еш кімнен кем емес жұрт екенімізді, азат ел екенімізді əр
баланың ойына, əр сəбидің бойына, жастарымыздың санасына сіңіре алған
жоқпыз! Сонымен өзге жұртпен араласып бастасақ болды, санадағы
құлдықтың əсері біздің еркімізді билеп кетеді. Соның салдарынан бүгінгі
қазақ баласының психологиясы, негізгі ұстанымы - өз қарным тоқ болса, өз
жағдайым дұрыс болса болды. Қалғаның гүл болмасаң бүл бол!
Мынау елдегі қазақ тіліне деген немқұрайдылықтың өзі де біздің осы
сөзіміздің жарқын дəлелі. Қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялап, оған
ерекше статус бергенімізге жиырма жылдың жүзі болды.
Иə, тіпті Атазаңымызда да «мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жазулы тұр.
Бұл арада тəуелсіз, азат елдегі конституцияның (ата заң) рөлі мен маңызына
анықтама беріп жату басы артық əңгіме болар. Ал қазақ тілінің нақты
жағдайы Қазақстанда Ата заңымызда көрсетілген статусындағыдай
құдіретке ие ме?! Жоқ! Олай дейтіміз, қайда болмасын, «мемлекеттік тіл»
деген сол елдің бүкіл тірлігінің «күні қарап тұрған» тіл деген сөз. Ал біздің
күллі тірлігіміздің күні, қазақ тіліне емес, «көрші елдің тіліне қарап» тұр.
Қысқасы əлемде өзінің мемлекеттік тілінде емес, бір жақтағы, өзге бір
елдің тілінде тірлік кешіп отырған ел – ол біздің Қазақстан. Демек өз
кониституциямыз өз елімізде орындалмай, орындалғанды қойып, ілікке де
алынбай отыр деген сөз. Қазіргі Қазақ еліндегі қазақ тілі – қазақ
ауылдарындағы кемпір-шалдардың, қазақ тілді ақын-жазушылардың
шығармашылық кешінің, қазақы ортадағы тойтомалақтың…ғана тілі. Ал
ҚАЗАҚ еліндегі (Ресей, Қытай, Франция, Иран, Сомали, Непал…т.б.
елдерді айтып отырған жоқпын, ағайын!) ресми орындарда қазақ тілі
босағадан əрі озбайды. Алысқа бармай-ақ қояйық, азаттық алдық деп
жүрген жиырма жылға таяу уақыттан бері мемлекеттік деңгейдегі ресми
жиналыстардың бірде-бірі тап-таза қазақ тілінде өтпегені осы сөзіміздің
дəлелі. Əрі кеткенде сөз басында «ардақты ағайын» деп залмен қысқаша
амандасу, соңында «аман болайық, тыныш жүріңдер» деп қоштасу. Міне
азат Қазақ еліндегі қазақ тілінің ресми жиналыстағы орны, сыйқы, кейпі
осы! Бір қызығы сөйлеуші де қазақ, залдағы тыңдап отырған шендішекпендінің, қасқа мен жайсаңның кем дегенде, тоқсан пайызы қазақ!
Бірақ шамырқанған демей-ақ қояйын, селт еткен, «неге» деген пенде
көрмейсің. «Ертең жөнделер» деген үмітпен жиырма жылды артқа
тастаппыз. Осы жиырма жылда бұл мəселе айтудай айтылып, жазудай
жазылып келе жатыр, соның өзін де күн өткен сайын ілгері жылжудың
орнына керісіне кетіп бара жатыр. Əрине, қазақ тілін көтеруге жыл сайын
миллиарттаған қаржы бөлініп жатыр, қазақ мектептер салынып жатыр,
қазақ тілін білгісі келетін өзге ұлт өкілдерінің де саны жыл санап өсіп
келеді… Дұрыс, əрине ол да керек. Бірақ, түптеп келгенде одан не пайда,
егер бұл елде қазақ тілі тек тойда тост сөйлейтін ғана тіл болса; егер
ақпараттардың қайнар бұлағы мемлекеттік тілде емес, өзге тілде болса; егер
орыс тілін білмеген адам мемлекеттік қызметтің табалдырығын аттай
алмаса; егер мелекеттік тілді жетік білетін өзге ұлт өкілдері ілікке
алынбаса; егер жастарымыз бен жас-өспірімдеріміз ғылым-білімнің соңғы
жетістіктерін мемлекеттік тілде ала алмаса! Оны айтасыз, қытайдан келген
не бір қат мамандықтың иелері, өзіміздің бауырларымыз «Отан! Отан!» деп
оттай жанып келіп еді, көбісі Қазақ елінде орыс тілін білмегені үшін қаңғып
қалды.
Сондықтан тіл деген марксизмшілдер айтқандай жай ғана «қарым-қатынас
құралы» емес, ұлттың рухы, жаны, қаны-сөлі! Егер ол тіл бір елдің
мемлекеттік тілі болатын болса, оның құдіреті бұрынғысынан мың есе арта
түспек. Оған қосымша саяси, стратегиялық мəн-мағна жүктеледі. Ұлты
басқа азаматтардың санасына тілімізбен бірге сүйіспеншілік те, құрмет те
дариды. Қазақ тілі үшін шыр-пыр болып, қазақ халқы үшін ыстыққа күйіп,
суыққа тоңып жүрген
Г.Белгер ағамыз бен Асылы Осман апамыз, егер қазақ тілін білмесе, қазақ
халқын дəл қазіргідей сүйе алар ма еді?! Мүмкін сүйсе сүйер, бірақ қазақ
тілінің қадір-қасиеті туралы көп ештеңе айта алмаған болар еді! Бұған Герағамның қазақ тілі туралы: «Сонау XVIII-XIX ғ.ғ. жыраулардың,
ақындардың өлеңжырлырын оқып отырып таң қаламын. Қазақ тілінің
ауқымы қаншама десеңізші?! Күнделікті тұрмыста пайдаланудан шығып
қалған сөздерді есептесек, қазір он миллион қазақ сөзі бар екен. Ондай
сөздік қор немістерде де, орыстарда да, ағылшындарда да жоқ. Соны бірақ
қазақтардың өздері де біле бермейді. Иə, депутаттарды қарасаңыз да,
президенттің маңайында жүргендерді қарасаңыз да, бəрі де жиналыстарда
орыс тілінде сөйлейді. Соған жұрт қарайды да “Е, осы қазақ тілінің
болшақта қажеті жоқ шығар” деп ойлайды. Қызметте үлкен жетістікке жету
үшін, бизнесте табыс табу үшін қазақ тілінің қажеті шамалы екен ғой, орыс
тілін білсең, ағылшын тілін білсең жарайды екен ғой деп ойлайды. Тіпті ел
басшысының өзі де шетелге іссапармен барған кезде орысша сөйлеп
тұрады. Қазақстанның Президенті бола отырып, мемлекеттік тілде емес,
орысша сөйлеп тұрғанына таң қаласың» деген жүрекжарды толғанысы мен
күйініші жақсы дəлел.
Сондықтан мемлекеттік тіл тəуелсіз елдің елтаңбасы, туы, əнұраны, атазаңы
секілді ерекше қастерлі, саяси, стратегиялық мəні зор белгілерінің бірі.
Қазақ тілі, ол – қазір жай ғана бір ұлттың тілі емес, бір мемлекеттің тілі.
Демек, ол Қазақстан деген елдің ішкі тірлігінің тынысы ғана емес, сыртқы
əлеммен де пікір алысатын құралымыз! Тəуелсіз ел ретінде өзгелерге
көрсететін негізгі рəміздеріміздің бірі. Сондықтан мемлекеттік тілді
жандандыру мен оны өз деңгейінде пайдалану еш қандай екінші бір елдің
көңіліне келетін, ренішін қоздыратын шаруа емес. Керек болса,
тəуелсіздікке құрмет мемлекеттік тілге құрметтен, тəуелсіздікті нығайту
мемлекеттік тілді нығайтудан басталу керек. Өйткені тəуелсіздік деген
ұлттың азаттығы. Ұлттың азаттығы деген сол ұлттың бүкіл
құндылықтарының есе-теңдікке жетуі, əлемдік кеңістікке шығуы деген сөз.
Сондықтан да Тəуелсіздік деген тек жылы, тəтті, əдемі, қадірлі, құдіретті
сөз ғана емес, ұлт басына қонған бақ! Шеті-шегі, өлшемі, бағасы жоқ
байлық! Қарап отырсаңыз, жер бетіндегі (тарихта немесе бүгін) төгіліп
жатқан қанның, ағып жатқан көз жастың дені осы азаттықпен тікелей
қатысты. Егер азаттық, тəуелсіздік ұлт үшін соншалық қадірлі, қастерлі,
қажетті болмаса, жұрттың сол жолда қан төгіп, құрбан беріп несі бар?!
Қазақ тарихындағы Кенесары, Махамбет, Исатай, Сырым, Саурық, Тазабек,
Есет, Ұзақ, Жəмеңкелердің отаршылдыққа қарсы соғыстары, Алаш
арыстарының ұлтазаттыққа деген ұмтылысы, күресі; Кешегі желтоқсан
көтерілісіндегі жастардың төгілген қаны, аққан көз жасы… бəрі, бəрі де
азаттық үшін айқас, тəуелсіздік үшін күрес болатын. Меніңше, біз
тəуелсіздіктің құнын, қадірін онша бағалай алмай жүрсек, оған себеп азаттық бізге 1991 жылы еш қандай күрессіз, қан төгіссіз, құрбандықсыз
келді. Тіпті біздің жұрттың ішінде азаттықтың ауламызға «өз аяғымен кіріп
келгеніне» қуанғандарлан гөрі, КСРОның құлап қалғанына налығандар
көбірек болды. Міне осы «көпшілік» қауым жиырма жыл бойы өз ұрпағына
артта қалған «комунизм» туралы «жоқтау жырын» ғана айтумен болды. Ал
билік басындағылар жалпы ел тұрғындарына отарсыздану, жас ұрпаққа
отаншылдық тəрбие беруге мəн бермеді. Осыдан барып ойласаңыз, бүгінгі
тəуелсіздіктің, азаттықтықтың, Отанның құнының, қадір-қасиетінің неге
арзандап кеткен себебін оп-оңай түсінесіз. Нанбасаңыз, қазір ауылды жерге
барып, көнекөз қарияларға Кеңес одағына, Сталинге, Брежневке шүбə
келтіретін əңгіме айтып көріңізші, ит қосып қумаса маған келіңіз. Осыдан
кейін біздің қазаққа тəуелсіздіктің қадір-қасиеті, азаттықтың құны туралы
сөз қозғаудың қандай мəн-мағнасы бар деп ойлайсыз.
Жалпы қай кезде, қай елде болмасын, білім мен тəрбие адам үшін құстың
екі қанаты секілді. Біз бала бақшада, мектепте, жоғары оқу орнында
бүлдіршіндерге, жас ұрпаққа өз деңгейінде тəрбие бере алып жатқан
жоқпыз. Балабақшада балаларға киіз үйдің модельін көрсетумен,
мектептерде «қыз сынын» өткізумен, жоғары оқу орындарында «Жас отан»
деп жар салумен жас ұрпақтың бойына, сана-сезіміне отаншылдық,
ұлтжандылық, елдік сүйіспеншілік сіңіре аламыз ба? Күні бүгінге дейін
жалпы жас ұрпақтың тəрбиесімен қазақ елінде еш кім айналысып жатқан
жоқ. Себебі балабақшадағы, мектептегі, жоғары оқу орнындағы тəрбиенің
сыйқы жаңағы. Бұған да жалаң билік емес, қазақтың осы салада жүрген
ұстаздары да кінəлі. Мəселен, Өзбекстанда, тағдыр тəлкегімен балалар
үйіне түскен, ұлты басқа тастанды баланы өзбек етіп шығару үшін ондағы
тəрбиешілер, еш кімнің нұсқауынсыз-ақ жанын, барын салады. Атын
өзбекше қояды, тілін өзбекше шығарады. Қысқасы, қаны басқа біреуден
«жə» деген өзбек жасап шығады. Бізде ше? Мектепке барған «тарыдай»
қазақтың баласы «таудай» орыс болып шығады.
«Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты, жығылғанның үстіне
жұдырықтап». Тілім, дінім, ділім, ұрпағымның тəрбиесі, ұл-қызымның
ертеңі… деп жүргеніміз жай сөз, ойыншық болып қалды! Енді міне бар
бақытың, зор байлығың, аспандағы айың, көгіңдегі күнің – Азаттыққа қауіп
төнді!!! Қауіптің басы сол, кешегі – Ресей, Беларуспен бірігіп кеден одағына
кіргеніміз! Ол неге қауіп дейсіз бе? Себебі оның əрі жағында біртұтас
экономикалық аймақтың (экономикалық одақ) құлағы қылтиып тұр. Оның
артынан əрине, ортақ валютаның шеті жылтиып тұр… Сосын ортақ
эконмиканы қорғайтын ортақ əскер… Сосын азаттықтан айырылмай нең
қалды Алаш баласы?!
Жоғарыдағы атқа мінерлер, билік төңірегінде жүргендер, жалпақшешей
экономистер, кедендік одақтың экономикалық тиімділігін дəлелдеумен
əлек. Ол əрине, кімге болса да түсінікті теория. Бірақ ел асқан таудың бəрі,
жұрт жүрген соқпақтың бəрі бізді бақытқа бастап барады десек қателесеміз.
Себебі кедендік одақ саяси, əлеуметтік, экономикалық, əскери əлеуеті
қарайлас, терезесі тең, өркениетті елдер арасында пайда өзара пайда беруі
мүмкін. Ал біз кімбіз? Ресей кім? Қай тауарымыз өтпей, қай кəсіпорнымыз
қаңтарылып қалып еді?! Есесіне ендігі жерде Ресейге біздің астығымыз бен
мұнаймыз, өзге де шикізаттарымыз су тегін ағылайын деп тұрған жоқ па?!
Яғни өзіміздегі бағамен осы жерден алған астық пен мұнайды Ресей мен
Беларус бізге кеден салығы үшін бір тиын төлемей күндіз-түні тасый
бастайды. Ал біз Ресейден не аламыз? Бүгінге дейін өзіміз аграрлық
мемлекет бола тұра, ұялмайқызармай Ресейдің ет-сүт өнімдерін алып
келдік. Егер өзіміздегіні ұқсата алған болсақ, жиырма жылдан бері осы
аграрлық саладағы өндіріс орындарын аяқтан тұрғызып алған болсақ,
Ресейің бар, басқаң бар, жер шарының біраз елі ауылшаруашылық
өнімдерін керісінше бізден алатын еді. Ендігі жерде Ресейден кеден
салығынсыз кірген нан, ет-сүт өнімдері біздегі азық-түлік өндіретін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 07
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.