Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 22

Total number of words is 3962
Total number of unique words is 2142
31.4 of words are in the 2000 most common words
43.2 of words are in the 5000 most common words
51.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шығармашылық демалыс беру мəселесі ескерілмейді. Құыдан құры
«жазшы, жаз» деп дікеңдейді. Сонымен жаңағы маман не істейді? Əйтеуір
«оқулық жазды» деген атақ пен ғылыми дəрежесін көтеру үшін өлшемге
толмаса да, əйтеу омбайлап-домбайлап бірдеңе құрастырып шығарады.
Шын мəнінде, біздің елдегі барлық оқулықтың қазіргі жағдайы осындай.
Ал, жақсы маман, сапалы оқулық болмаса одан жақсы шəкірт шығады деу
құстан сүт дəметкенмен бірдей емес пе?!
- Ал, білім саласындағы əлі де жетілдіре түсетін өзге тұстар қандай? - Осы
сұраққа байланысты мына жайтты айтқым келеді. Мен жоғарыда бала
күнімнен Қытайда білім алғанымды айттым ғой. Ал, ол жақта ұлттық
тұрғыдағы тəрбиені білім берумен ұштастыру жағы жақсы жолға қойылған.
Қытай ұлты жөнінен алып айтқанда, білімнен гөрі тəрбие маңыздырақ.
Сондықтан балабақшаның өзінде ұлттық этика секілді сабақтар жүреді.
Орта мектепте əдеп-иба, жоғарғы оқу орындарында елдік, ұлттық
бағыттағы тəрбие тыңғылықты түрде жүреді. «Тарыдай болып кіресің,
таудай болып шығасың» деп, Мұқағалидың сөзімен айтсақ, мектепке
тарыдай болып кіргеннен бастап, таудай болып шыққанға дейін баланы
нағыз қытай етіп, елдің нағыз патриоты қылып шығарады. Бұл əрине сол
елдегі идеологияның жүйелі жолға қойылғандығын көрсетеді.
Университетте «ғылыми коммунизм, ғылыми социализм» деген секілді
саяси бағыттағы тəрбиелер де жүреді, оның сыртында төрт жыл бойы
жоғары оқу орындары студенттерге оқытылатын таза қытайы этика, ұлттық
мораль, тарихтағы қытай ойшылдарының кісілік кітаптары деген сабақтар
болады. Онда негізінен қалай адам болу, қайткенде қытай халқының адал
перзенті болу керек деген мəселелер қарастырылады.
Ал, біздегі жағдай қалай? Жарайды, тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы
бетімен кеткен жағдайлар үшін, ешкімге кінə қоя алмайтын шығармыз.
Құлап түскен ескі жүйенің орнына жаңасы орнатудың да оңай
болмайтынын ескерген дұрыс əрине. Қазір міне 22 жыл өтті.
Балабақшалардағы тəрбиенің сыйқы, əрі кеткенде киіз үйдің модельдерін
көрсету, қыз ұзату, келін түсіру көріністері, қыз сыны, жігіт сұлтаны секілді
сыртқы формада тамашалау үрдістері ғана бар. Жалпы жас ұрпақты қалай
адам қылып шығару керек, адам ретінде, қазақ азаматы ретінде қандай
тəрбие беруіміз тиіс деген мəселеге еш кім көңіл бөліп жатқан жоқ. Себебі
қазір онымен ата-аналар айналыспайды. Капиталитсік қоғамда байлар
ақшасын көбейте беру үшін, кедейлер нан табу, жан бағу үшін, бəрі
жанталасып жатады. Қысқасы қазір барлық ата-ана таңның атуы, күннің
батуымен жұмыс бабында болады.
Бұрын бала тəрбиесімен тұтас ауыл айналысатын. Кішкене күнімізде, темекі
тартып тұрған сотқарлау балаларды көрсе ауылдың кез-келген қаймана
ақсақалы айқайды сала боқтап, атпен қуып, қамшымен шықпыртып
жіберетін. Қазір есіктен шыға салып темекі тартып тұрған өрімдей студент
қыздарға бір адам бұларың не деп айтпақ түгілі, бұрылып қарамайды да.
Бірдеңе десең «Бұл менің өз құқым, сенің қандай шаруаң бар?!» деп өзіңе
дүрсе қоя береді.
Өзіміздегі тəрбиенің сыйқы осындай болған соң, жастардың «тəрбиесімен»
қазір теледидар мен интернет ресурстары айналысып жатыр. Ол жерде
батыстың біздің ұлтымыздың менталитетіне жат, түрлі ерсі əрекеттері еркін
шарлап жүр. Міне осылай, ұрпақ тəрбиесімен сен айналыспасаң, бəрібір
басқа біреу сенің орныңа өзі қалаған тəрбиесін береді.
- Бұны бір жөнге салу үшін қандай қадамға барған жөн деп ойлайсыз?
- Ол үшін балабақшаға кіргеннен бастап, бізде де сондай əр жастағы
балалардың қабылдау деңгейіне сəйкестендірілген этика, əдеп-иба пəндері
болуы қажет. Сонымен бірге, аталған пəнді бастауыш, орта мектеп, ЖОО
шəкірттеріне де кешенді түрде оқыту керек деп ойлаймын. Оны арнайы һəм
кешенді түрде мемлекет қолға алып, жүйелі ойластырылған дербес пəн
ретінде жүргізу керек.
- Əңгімені көрші Қытай елі тарапына бұрсақ, Қазақстан осы алпауыт елді
зерттеп, алдағы іс-қимылына баға беру жағына қалай көңіл бөліп жатыр?
- Менің 22 жылдан бері, тоқтаусыз айтып жүрген бір мəселем – елімізде
қытайтану институтын ашу жайы. Қытайдың əр өлкесінде Қоғамдық ғылым
академилары бар, ал сол академиялардың бəрінде Орта Азияны зерттеу
инситиуттары жұмыс істейді. Ол зерттеу орталықтарының аты Орта Азия
болғанымен, негізінен Қазақстанды, қазақ даласын зерттейді. Еліміздің
қайсы аумағының астында, үстінде қандай байлығы бар, қанша халық
тұрады, оның қаншасы қазақ, басқа ұллтардың саны қандай, кім басқарып
отыр, ұлттық санасезідері, береке-бірлігі қалай деген сұрақтардың бəрін
зерттеп отыр.
Бізде əр облыс болмаса да, бүкіл республикаға бір қытайтану институтын
құру керек еді. Қытай туралы мəліметіміз бен көзқарасымыз басқалардың
айтуына, солардың ақпаратына ғана сүйеніп отырғаны шындық. Көбі
Ресейдің ақпараты. Бұл мəселені мен 2001 жылы Елбасының қабылдауында
болған кезімде ол кісінің өзіне арнайы айтқан едім. Н.Назарбаев сол кездегі
Президент Əкімшілігінің жетекшісі С.Қалмырзаевқа бұның өте өзекті
мəселе екенін, алдағы уақытта мұқият қарастыру қажеттігін айтып, нақты
тапсырма да берген болатын. Алайда аталған тақырып кейін қайта қозғалған
жоқ.
- Биылғы жылы Елбасы Жолдауында қоғамның назарын аударған мəселенің
бірі - «Мəңгілік Ел» тақырыбы. Бұл өміршең идея туралы ойыңызбен бөлісе
отырсаңыз?
- Менің үнемі айтып жүретін «ұлтта да ұлы армандар болуы керек» дейтін
тəмсіл сөзім бар. Ал, жер бетінде «Мəңгілік Ел» болу сынды асқақ мұратты
ойламайтын адам кемде-кем. Сондықтан бұл ойды бүкіл халық қолдайды
деп ойлаймын. Қазақ елі мəңгілік болса екен дейтін арман бəріміздің де
жүрегіміздің түкпірінде жатқаны белгілі. Бұл тарихи тамырластық. Аталған
идеяның сонау көктүріктер заманынан нəр алғаны белгілі.
Бүгінгідей тəуелсіз ел ретінде тарих сахнасына қайта оралып жатқан біз
секілді жас мемлекет қана емес, тіпті, Қытай Халық Республикасының жаңа
басшысы Ши Жинпиң (Си Цзиньпин) де билікке келе салып, «Қытай
арманы» деген үлкен бағдарламаны ортаға қойды. Оның тірелетін жері де
сол - 2050 жыл. Бұл бағдарлама бойынша, сол кезде ҚХР əлемдегі ең
дамыған, қуатты, өркениетті, ауқатты елге айналуы керек. Осындай үлкен
елдердің өзі алдына осындай үлкен мақсат қойып отырғанда, дамуға
белсенді ұмтылып отырған еліміздің де биік белестерге ұмтылуы, асқақ
идеяны ту етуі өте құптарлық дүние. Саясатта алдымыздағы жүретін
қадамды айқындамай дұрыс қадам басылмайды. Əр басшы өз заманын ғана
ойламау керек, мемлекеттің күні ертең не болады, болашағы қалай беталады
деген өзекті мəселені бүгін қамтамасыз етуге күш салады.
Мемлекетке жалпы тұрғындарын белгілі бір жағдайда ынталандыратын,
шабыттандырып отыратын идея керек. «Мəңгілік ел» идеясы алдағы жолды
межелеп, ұрпақтарымыздың осы елдің азаматы ретіндегі сенімін
орнықтырады. Елбасы жолдауын мен осы тұрғыдан жылы қабылдадым.
Сонымен қатар ғылымға үлкен мəн беру, оны елдің даму бағытының өзегіне
айналдыру мəселесі де халықтың көңілін серпілтіп тастады. Себебі, барлық
бəсекенің, өркендеудің түп қазығы білім мен ғылымда жатыр.
- Қазір ұстаздықтан басқа қандай шығармашылық жұмыс жасап жүрсіз,
алдағы жоспарларыңыз туралы да айта кетсеңіз?
- Мені Алла-тағала о баста ақын етіп жаратқан. Қандай деңгейдегі ақын
бола алдым, оның жауабын бір Алла, сосын келешек ұрпақ біледі. Бірақ,
қалай болған да құдайдың маған берген негізгі қасиеті сол. Кейін
академияға барған соң ғылыммен айналысуға тура келді. Елге келген соң
ұстаздық еттім. Қытай туралы туған халқымның танымына кішкене де
болса көмегі тисін деп, қытай ақын-жазушыларын да аудардым. Қазір менің
шығармашылығым поэзия, ғылыми зерттеу, аударма болып сабақтасып
жатыр. Ал, ұстаздық жолы өз алдына бөлек бағыт. Қазірге дейін 20-дай
кітап шығардым. Оның бесеуі өлеңдер жинағы, үш-төртеуі аударма, екіүшеуі оқулық болса, қалғандары ғылыми зерттеулер.
Алдағы жоспар туралы айту ыңғайсыздау болар. Өйткені əлі жасалмаған
шаруаны жарнамалағандай боласың. Алайда сұрақ қойылған соң жауап
берілуі тиіс. Қазір бізде əлі күнге дейін қытайша-қазақша сөздік жоқ.
Студенттеріміз Ресейдің, Қытайдың шығарған қытайша-орысша, орысшақытайша сөздіктерін пайдаланып жүр. Мұның өзі, əсіресе қазақ тілді
қытайтанушылар үшін қиындық тудыруда. Осы мəселе бойынша жұбайым
Айнұр Əбиденқызы екеуміз он жылдан бері сөздік жасаумен айналыстық.
70 мың сөз бен сөз тіркесінен тұратын «Қазақша-қытайша үлкен сөздік»
атты дүниені қолға алған едік. Қазір негізгі бөлігі аяқталды. Енді тек
ироглифтерді кілттермен іздеу, транскрипциямен іздеу секілді техникалық
жұмыстары ғана қалды. Ал, сонымен қатар, көп жылдан бері екі томдық
«Ежелгі түркі мəдениеті» атты зерттеу кітабын жазып жүрген болатынмын.
Оның негізі қытай деректері бойынша жасалады. Себебі, əлемнің барлық
шығыстанушы, түркітанушыларының дені өз еңбектерінде қытай
деректерін пайдаланған. Дегенмен олар өз елінің мүддесіне қатысты
тұстарын кəдеге жаратқан. Мен бұл еңбегімде қытай деректеріндегі
тұтастай түркі мəдениеті мен өнеріне қатысты жақтарын толық
қарастыруды мақсат еткен болатынмын. Кітап үлкен екі том болады деп
шамалап отырмын. Бұйыртса, осы міндетті бір орындасам, ары қарайғы
жұмыстарды, жан ұяда болса, уақытында көре жатармыз. Ал, өлең де көңілкүйге байланысты өз ретімен жазыла береді.
- Əңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан: Бекайдар Алтай
«Қазақпарат» агенттігінің ғаламтор желісі 14.02.2014ж.
http://www.inform.kz/kaz/article/2631009
ШЕТЕЛДЕГІ БАУЫРЛАСТАР ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ДАЙЫНДАП
ЖАТЫРМЫН
«Жебе» газетінің тілшісі қытайтанушы-ғалым, қоғам қайраткері Дүкен
Мəсімханұлына жолығып, көпшіліктің көкейінде жүрген біраз сұрақтарға
жауап алып қайтқан еді.
ЖЕБЕ:– Дүкен аға, əңгімені ең алдымен көші-қон тақырыбынан өрбітсек.
Иə, жаңа заң қабылданды, ол бойынша өзге мемлекеттен келетін
қандастарымыз төрт жылдан кейін ғана Қазақстан азаматы атанады. Бұны
шетелдегі қазақтар жатырқай қабылдағаны рас. Бұл мəселе ол жақтағы
ағайындарға, олардың еліне келуіне қаншалықты кері əсерін тигізбек?
Дүкен МƏСІМХАНҰЛЫ: Елбасымыздың үнемі аузынан тастамай айтып
жүретін «Қазақстан – жер бетіндегі күллі қазақтың жалғыз отаны» деген
сөзі бар. Ол ақиқат сөз, əрі Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп жатқан
қандастарымыздың көкейіне үлкен арман, үміт ұялатып, жылылық
бағыштап жүрген сөз болатын. Бірақ, соңғы қабылданған көші-қон туралы
заңнан кейін, əсіресе, Қытай, Өзбекстан секілді ассимилияция қарқыны
барған сайын үдеп бара жатқан елдердегі қазақтардың көңілі су сепкендей
болды.
Мен өткен жылдың күзінде белгілі бір шаруамен туған ауылыма барып
қайттым. Бармағаныма ұзақ жылдар болып еді. Сонда байқағаным ондағы
елжұрттың тұрмыстары бұрынғыдан əлдеқайда жақсарып, əлеуметтік
жақтан серпіліп, жап-жақсы өмір сүріп жатыр екен. Екі үйдің бірінде жеңіл
көлік, өзге де ауыл шаруашылық техникалары бар екен. Осы жағдайды бір
басқосуда ризалықпен айтып, жақсы өмір сүріп жатқандарына
қуанышымды білдірдім. Сол кезде бір қария сақалын саумалай отырып,
«шырағым, Дүкен, əрине бұрынғымен салыстырғанда қарнымыз тоқ,
көйлегіміз көк, бірақ қайғымыз жоқ деп айта алмаймын. Көріп отырсың
мына немелерді, олардың бəрі қай тілде сөйлеп жүргенін қарашы»,-деді.
Өзім сол ауылда туып-өскен едім. Бала күнімізде біз үлкендердің
айтқандарына көнбей, қияңқылық жасасақ «қытай келе жатыр, қытай алып
кетеді» деп қорқытатын еді. Біздің буын тірі қытайдың өзін 6-7 сынып оқып
жүргенде бір-ақ көрдік.
Сөйткен біздің ауыл, бүгін тілі қытайша шығып келе жатқан немерелерін
бағып-өсіре бастапты. Себебі, оларды да өмір, тіршілік соған мəжбүрлеген.
Қытай тілін білмесең жоғары оқу орнына түсе алмайсың, қызметте өсе
алмайсың. қысқасы, қытай тілін білмесең нан тауып жей алмайсың. Соған
байланысты жас ата-аналар осы бастан баласының тілін қытайша шығаруға
тырысады екен. Сол ақсақалдың тағы бір айтқаны, немерелер көп болса бір
жөн, қазір ары кетсе екі-үш балаға ғана рұқсат бар. Оның өзі қытайша
шүлдірлеп жүр. Біз, қысқасы бүгін бар тапқан-таянағанымызбен болашақ
қытайларды бағып отырмыз, қытай асырап отырмыз. Ертең мына жүрген
кішкентай қара домалақ ұлдар қытайдан қыз алып келсе, ана жүрген қыздар
қытайға күйеуге шығып жатса не болдық?! Осындайда бар үмітіміз
Қазақстанға барып, ұрпақты сол жақта өсірсек, өз елінде, өз жерінде өссе
деп ойлаушы едік, міне, бір-екі жыл болды, Қазақстанда квота тоқтады,
көші-қон сұйылып барады деп жатыр, сонда мұндағы ел не болады? Қарап
отырып қытай болып кетеміз бе, осыны Қазақстандағы ел азаматтары неге
ойламайды?»,- деп қамықты қария.
Содан елге қайтып келгенде, дəлірек айтқанда күзде көші-қон туралы заң
Парламентте талқыланып жатты. Сенат бір рет кері қайтарды. Сонда мен
өзімше «бұл заң жобасын осы күйі қабылдап жіберуі мүмкін емес. Тұтас
қазақтың зиялылары бар, Парламентіміз бар, бұрынғыдай басқаның
қабағына қарап отырған жоқпыз, патшамыз қазақ, үкіметіміз қазақ,
министрлеріміз қазақ, қысқасы бұл - қазақтың елі, қазақтың өкіметі! Олай
болса қазақтың билігі қазақ мүддесіне қарсы заңды неге қабылдап жіберуі
мүмкін?!» деген үмітпен жүрген едім. Бірақ, ең соңында бар үмітіміз желге
ұшты. Іштей қайғырып, пұшайман болудан басқа қолдан ештеңе келмеді.
Мен 2001 жылы Елбасының қабылдауында болғанда тағы да осы көші-қон
мəселесін айтқан едім. Өйткені, соған дейін 500 отбасыға квота беріледі
екен. Əр жылы келетін 500 отбасының əр бірінде 5 адамнан бар деп
есептесек, бір жылда əрең 2500 адам əрең келеді деген сөз. Осыны айта келе
мен, Елбасына квотаны көбейтуге болмай ма? деген ұсынысымды білдірдім.
Президент оны түртіп алып, орынды ұсыныс ретінде қабылдады. Келесі
жылдан бастап, шеттен келетін қазақтарға берілетін квота 5 мың отбасыға
көбейтілді. Артынан бұл сан 15 мың отбасына дейін жетті.
ЖЕБЕ:– Ал, осынша жақсы ықыластың аяқ асты басқа арнаға ауысып,
көші-қонның сұйылып кетуіне не себеп болды?
Дүкен МƏСІМХАНҰЛЫ: Алдымен көші-қон қалай басталды деген
мəселеге назар аударайық. Біз тəуелсіздік алған кезде республикадағы
қазақтың саны əрең 40 пайызға жетер-жетпес болды. Ал, халықаралық
заңдар талабы бойынша егер жергілікті ұлттың саны 50 пайыздан аспаса
сол ұлттың атында мемлекет құруға болмайды. Бірақ, ол кезде оған көп еш
кім мəн бере қойған жоқ. Батыс елдері ол кезде Кеңес Одағының
ыдырағанына қуанды да, Орта Азия республикаларын жаппай қолдап,
Біріккен ұлттар ұйымына мүше етіп қабылдап жіберді. Біздің тəуелсіздікті
көршілес республикалардан кейін жариялауымыздың тағы бір себебі сол
кездегі өз еліміздегі, өз жерімізжегі азшылық жағдайымыз болатын.
Міне, сол тұстан бастап Н.Назарбаев шетелдегі қазақты əкелудің қамына
кірісе бастады. Оның үстіне ол кезде Президенттің айналасындағы өкімет
бұтақтарында бұрын Қазақ КСР-інің билік басында қызмет еткен ел
ағалары отырды. Атап айтатын болсақ, Өзбекəлі Жəнібеков, Мырзатай
Жолдасбеков, Еркеғали Рахмадиев, Қаратай Тұрысов, Серікболсын
Əбділдин, Əбіш Кекілбаев, Сайлау Батыршаұлы, М.Есенəлиев, Е.Асқаров,
Д.Сенбаев, С.Нұрмағанбетов т.б азаматтардың бəрі коммунистік кезеңде
қызмет еткенімен, олардың бəрінің болмысы, жан-дүниесі қазақ болатын.
Міне, осы адамдар бірінші қазақ құрылтайының шақырылуына мұрындық
болды. Құрылтай өтті, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы құрылып, оған
Президент Н.Назарбаевтың өзін төраға етіп сайлады.
Осылайша жас мемлекетті қалыптастырумен бір уақытта, ұлттық мүддені
ту еткен көші-қон қарқын алып кетті. Кейін ақырындап жаңағы
ақсақалдардың кейбірі зейнетке кетті, кейбірі өмірден өтті дегендей.
Олардың орнына «жаңа қазақтар» келді. Олардың түрі, сыртқы пошымы
қазақ болғанымен, бұларда ұлттық сана-сезім, ұлттық сүйіспеншілік,
ұлттық қан деген болмайды. Оларға ұлттан гөрі өз мүддесі, өз қалтасы,
экономикалық мүдде, карьера маңызды еді. Оларға шетелдегі қазағың
тұрыпты ғой, осы жердегі жергілікті қазақтың, тіпті күллі қазақ атаулының
өзіне мұрын шүйіріп қарайтыны жасырын емес. Бұл бір. Екіншіден, біз,
күллі дүниежүзі елдері, тіпті, Қазақстанда тұратын жұрттардың бəрі
мойнына бұршақ салып, қазақтың дамып-өркендеуін, қазақтың өркениетті,
қуатты ел болуын тілеп отыр деп ойласақ, қатты қателесеміз.
Сырттағыларды былай қойғанда, өз ішімізде де қызылкөз жауларымыз жоқ
емес. Міне, сондайлар қазақтың осылай басы бірікпей, көрінген жерде тозтоз болып жүре берсе, біз байлығын еш кедергісіз сора берсек деп ойлайды.
Ал, қазақ есін жиып, шын мəнінде топтасып, ұлттық рухы күшейіп кетсе
олар май шелпектен айырыламыз деп қамығады. Сондықтан осындай
мысықтілеулі адамдар, кертартпа күштер əр түрлі жолдармен біздің билік
бұтақтарындағы жоғарыда айтқан «жаңа қазақтарға» əсер ете бастады.
«Сендерге шетелдегі қазақтардың не керегі бар?! өздерің жетесіңдер, осы
байлықты игеріңдер, олар келіп билікке оппозиция болып жатыр, тіл, ұлт
деп айқай-шу көтереді. Ондай артық проблеманы қайтесіңдер» деген
сарындағы көзқарасты жатпай-тұрмай олардың санасына, олар арқылы одан
да жоғарыға сіңіре бастады.
Тағы бір айтатын мəселе, кейде жекелеген бұқаралық ақпарат құралдары
оралмандардың ішіндегі тіркеле алмай, аты-жөнін дұрыс жаздыра алмай
жүрген, əлде кімнен жəбір-жапа көріп жүргендердің проблемаларын ғана
көрсетіп кетті. Сол арқылы елдің санасында оралмандар тек сұрауды
білетін, ештеңе тындырмайтын, проблема ғана тудыратын əлеуметтік топ
ретінде жағымсыз суреттелді. Біреулер соның бəрін Елбасының құлағына
сыбырлап, оралмандар туралы жағымсыз пікір тудыруға тырысты. Ең,
сорақысы Жаңаөзендегі оқиғаға да оралмандардың қатысы бар деп
шығарды. Міне, осындай кері көзқарастардың кесірінен шеттегі
қазақтардың көші-қоны тоқтады. Қалғандары келсе келсін, келмесе өздері
білсін деген ниеттерін ашық көрсетті.
ЖЕБЕ:–Жаңа өзіңіз айтып кеткендей көбіне отанына келген қандастардың
жайсыз əлеуметтік проблемалары ғана тілге тиек болады. Ол бір жағынан
дұрыс та болар. Алайда, сол ағайындардың елге деген көңілі, азды-көпті
жақсы ықпалы туралы да айтылып, былайғы жұрт пен Үкіметке жақсы
жақтары жеткізіліп жатса құба-құп емес пе?
Дүкен МƏСІМХАНҰЛЫ: Көші-қон саясаты алғашында ұлттың
болашағын, елдің бүтіндігін ойлаудан туған үлкен салихалы саясат болатын.
Сол саясат онжиырма жылдан кейін өз жемісін бере бастады да. Мəселен,
тəуелсіздіктің алғашқы кезіндегі республикадағы қазақ жұртының қырық
пайызға жетержетпес уақытында, «шықпа жаным шықпамен» отырған
шалажансар күйдегі елге ел қосылып, əлсіреп бара жатқан адамның аузына
нəр тамызғандай жағдай болған еді.
Міне, содан бергі жиырма жылда елге оралған ағайындар мемлекеттің
экономикалық, рухани-мəдени дамуына үлкен үлес қосты. Бүгінде
оралмандар тақырыбын зерттеп жүрген біраз жергілікті ғалымдар бар.
Олардың еңбектерінде де, өзге де конференцияларда еліне келген қазақтар
туралы жақсы айтылып жүр. Алайда көші-қонның тоқтап қалуына оралман
ағайынның ел дамуына қосқан үлесін əлі де болса насихаттай білудің
кемдігі өз əсерін тигізді деп айта аламыз. Теледидар мен газетте жылап
жатқан, сұрап жатқан оралманды ғана айту, «сорлының басы соп-сопақ» деп
соларды ғана көрсету əдетке айналды. Жүрегін қолына алып, ұшып-қонып
еліне жеткен жəне сонысын еш міндетсінбей, əр салада қажымай-талмай
еңбек етіп жүрген ағайындардың оң ісін ретімен айтып отыру да артық
болмас еді.
Осы орайда Қазақстан Елтаңбасының авторы Жандарбек Мəлібековті
ағамызды алайық. Өзі басқа елде жүрсе де Қазақстан Елтаңбасының
жобасын жасап еліне тарту етті. Оның Отаным, елім деп соққан жүрегі оң
болған соң халықтың жүрегінен шыққан Елтаңба жасап, соны бəрі
қабылдады. Ал, ол кісі Қазақстанға оралған соң сəулет, бейнелеу өнері
саласында елге қызмет ететін жүздеген мамандар даярлап шығарды. Ол
кісің шəкірттері біздің сəулет, бейнелеу өнері бағытында табысты еңбек
етіп жүр.
Біз жалпы халықтың санасын отарсыздандыру үшін алдымен тарихымызды
танып, оны ұлт пен ұрпақтың санасына сіңіре білуімізге тиіспіз. Қазақ ХV
ғасырда ғана пайда болды деген түсініктен арылуымыз қажет. Жас
ұрпақтың санасына тарихымызды сіңіру үшін жай ертегі емес, шынайы
дүние, нақты тарихи жəдігер, дерек, тарихи қазына керек. Ал, оның бəрін
анықтап нақты тұжырыммен ұсыну үшін ғылым керек. Міне, осы
ғылымның қақ ортасында жүріп, Қазақстанның нағыз түркітану
орталығына айналуына бір ғана Қаржаубай Сартқожаұлының да жасаған
еңбегі аз емес. Əрине, Қазақстанның өзінде де бұл саланың мамандары
болды ғой, дегенмен, сөз Қаржекеңнің қазақстандық түркологияға қосқан
үлесі туралы болып отыр. Ал, тарихтың түгенделіп, жоқтың табылып, кемкетіктің бүтінделуіне Зардыхан Қинаятұлы, Нəбижан Мұхамедхан,
Тұрсынхан Законұлы, Бақыт Еженханұлы секілді тарихшылар үлкен үлес
қосып келеді.
Өнер саласын айтсақ, опера əншісі Майра Мұхамедқызы арқылы дүниедегі
қаншама ел қазақтың атын таныды, талантын мойындады. Шұғыла
Сапарғалиқызы да би өнеріне үлкен серпіліс, жаңалық əкелді. Ал, «Қара
жорға» биі елдің мəдени-рухани өміріне енген тосын құбылыс болды. Қазір
тойтомалақ, мəдени шаралардың бəрінде «Қара жорға» биі биленеді. Əріберіден соң Қара жорғаның өзі де оралман. Шетелдегі қандастарды
айтқанда Еуропадағы қазақтарды айтпай кете алмаймыз, КСРО дəуірлеп
тұрған кезде, көкірегі ояу қазақ баласының санасына Алаш сөзін, Алаш
идеясын сіңірген Хасан Оралтай, Əбдуақап Қараларды ұлт рухын
түгендеуші, оятушы деп толық сеніммен айта аламыз. Азаттық радиосы
арқылы Алаш, Əлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан деп үн қатқан осы
азаматтар. Бүгінде азат күнге жетіп отырсақ, сол Азаттық радиосы арқылы
азат рухты оятқан сол қазақтардың еңбегі мол.
Менің өзім 1992 жылдардың соңында келдім. 1993 жылы теңге қолданысқа
енгенде жалақым 100 теңге болды. Оның өзін кешіктіріп, жарты
жылдапжылдап бере қоймайды. Сондайда «Барахолка» базарындағы таныс
қытайлардан сатуға тауар алып, оны жексенбі күндері базар-базарды кезіп,
қыдырып жүріп сатқан күндер болды. Содан тапқан тиын-тебенге балашағаға нан алып беріп, ары қарай сабақ беруімізді жалғастырып жүрдік.
Күні бүгінге дейін менің алдымнан шыққан шəкірттерімнің ішінде жүздеген
қытай тілінің мамандары қазір Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде, түрлі
консулдықтарда, еліміздің əр түрлі министрліктерінде, Президент пен
Үкімет аппаратында жемісті еңбек етіп жүр. Тəуелсіздіктен кейін жаңаша
қалыптасқан қытайтану саласына да бір кісілік үлес қосып келеміз, осы
бағытта оншақты кітабым шықты. Үлкен зерттеулер жаздым. Бұл зерттеу
еңбектері Ресейдің қытайтанушы ғалымдарының зерттеулерін, ойпікірлерін, көзқарастарын малданған, көшіріп алған дүниелер емес,
керісінше қазақтың қытайға деген нағыз көзқарасы. Айта берсе бұндай
мысалдар көп.
Əсіресе, бұқаралық ақпарат құралдары саласында Моңғолия, Өзбекстан,
Қытайдан келген жас журналистер қазақ журналистикасына ұлттық рух
берді. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық рух баспасөзде қатты
айтылмайтын, ұлттық мəселені ашық, батыл, төте айту кейінірек көрініс
тапты. Бұл да зерттеуге тұратын тақырып деп ойлаймын. Спорт саласында
Қанат Ислам, Бақыт Сəрсекбаев сынды спортшылар қазақтың көк туын
желбіретіп, атын танытты, танытып та жүр.
Мен мынаны айтып жүремін, Қазақстанға келген қандастарымыз ғылым,
ақша, өзге де байлық əкелмей-ақ қойсын. Олардың жеке басының өзі баға
жетпес байлық. Себебі, біз «Мəңгілік ел» боламыз десек, біздің əр
облысымызда ең кемі 2 миллион қазақ өмір сүрмейінше, мына елдің
ертеңіне алаңдамай ұйықтау мүмкін емес.
ЖЕБЕ:–Алдағы уақытта осы көші-қон заңы қайта қаралуы мүмкін бе?
Дүкен МƏСІМХАНҰЛЫ: Мүмкіндігі өте күшті. Мен соңғы кездері жеке
өзім шеттегі ағайындар туралы заң жасап жатырмын. Ал, бұрынғы көші-қон
заңының қателігі қайда деп ойлайсыз? Ол заң мəселеге тек көші-қон
тұрғысынан ғана қарады. «Көші-қон» деген ұғым ретінде де, құбылыс
ретінде де, тек «көшу» жəне «қону» (қоныстану) дейтін бір саланы, бір
мəселені ғана қамтиды. Көшіп жүретіндер елдің ішінде де бар, тіпті
тəуелсіздіктің алғашқы кезінде отанына кетіп қалып, кейін қайтып келіп
жатқан, қазақстандық өзге диаспора өкілдері де бар. Яғни, қазақтың көшқоны да, Иванның көші-қоны да бір заңға байланып отыр деген сөз.
Ал, көшіп келген қазақтың көштен өзге, реттеуге тиісті құжаттық,
əлеуметтік шаруалары да аз емес қой. Енді осы мəселелердің көші-қон
дейтін құбылыспен қатысы қанша? Мына қазіргі заңда да осы жайды
ескермеген. Біз мына қытайдағы секілді арнайы «Шетелдегі бауырластар
туралы заң» дайындауымыз қажет. Біріншіден, сол шетелде тұрып жатқан
ағайын бізге кім, келсе қандай статусқа ие болады, оқыса, азаматтық аламын
десе қандай тиімділіктер жасалады дегенді қарастырады. Ол өзі екі-үш бет
қана құжат. Ары қарай азаматтық алған соң елдің азаматтарымен барлық
құқықтары тең. Міне, осы заңды мен дайындап жатырмын. Енді оның
халықаралық құқық нормалары мен біздің Ата заңымызға, ішкі
заңдарымызға сəйкестілігін арнаулы заңгерлермен кеңесе отырып жанжақты қараймыз. Өйткені, мен заңгер емеспін. Осы заңды жазып болған соң
Елбасына кіремін, Парламенттен сағат сұраймын. Бəрібір, осы заңды
жасамайынша бұл мəселеге нүкте қойылмайды.
ЖЕБЕ:– Əңгіме соңында əдебиет мəселесіне аз-кем аялдасақ. Ақынсыз,
аударма саласында да еңбек етіп жүрсіз. Бүгінгі қазақ əдебиетіне назар
салып жүрсіз бе?
Дүкен МƏСІМХАНҰЛЫ: Жалпы қазақ əдебиеті туралы ұстазым, академик
Рымғали Нұрғалидың «қазақ əдебиетінің алтын ғасыры ХХ ғасыр» деген
сөзі бар еді. Ол рас. Ал, ХХІ ғасыр əдебиетіне баға беру əлі ерте. Өйткені
бұл ғасырдың енді ғана он жылы өтіп жатыр. Ал бүгінгі күні əдебиет бір лай
су құсап кетті. Жұрт таза əдебиетке шөлдейді, тұнық, саф əдебиетті
аңсайды. Бірақ, əдебиет арнасында ағып жатқан лай су. Ішінде əрине, нəрі
де бар, бірақ, бəрібір ол да жаңағы лайдың ішінде кетіп жатыр, оны
тұндыру, сүзу процесі жүріп жатқан жоқ. Дегенмен, дəл қазір жастар
поэзиясы жақсы қарқынмен келе жатыр, мейлі көркемдік, мейлі ұлттық рух
жағынан болса да жастардың тебіні ерекше.
Ал, прозада бəленбай деген жас жазушының мынадай деген шығармасы
бар деп айтудың өзі қиын. Жас күнінде қалам ұстағанның көбі өзін классик
санайды ғой. Қазіргі жастардың да біразы сол өзінің жазған-сызғанының
төңірегінде байырқалап, соған көңілі толып жүрген секілді. Ал, əдебиетті
бір алтын сарайға теңесек, жастар соның үстіңгі қабатында əрлеу
жұмыстарын жасап жатыр. Бірақ біздің жастар оның төменгі қабатын,
астыңғы іргетасын менсінбейтін секілді. Қалай болғанда да кез келген жас
буын тарихи сабақтастықты ұмытпау керек. ХХ ғасырдың басында бүгінгі
көзге қанша қарапайым, қарабайыр дүние секілді жазылса да біздің
əдебиетіміздің өрістеуі, кең етек жаюы, негізі солар. Оның бəрін оқып, біліп,
құрмет етуіміз керек емес пе?!
Жастардағы тағы бір ерекшелік, батыстың əдеби ағымдарына еліктеу
басым. Жалпы, Батыстағы көп нəрсе шығыс елдеріндегі катепті өнерді
талқандау, дəстүрді бұзу мақсатында жасалады. Біздің керемет дəстүрлі
музыкамызды талқандау үшін қиқы-жиқы, айғай-ұйғай, рок секілді əуендер
таратады. Жастық кезіндегі жеңілтек мінезді, елітегіштік қасиетті соған
бұруды көздейді. Батыс елдерінде шығыс елдеріне бағытталған осындай
қитұрқы мəселелермен арнаулы иниституттар айналысады. Дəстүрлі
құндылықты бұзу үшін шатпақ би, тексіз əуен, сандырақ поэзияны жасайды.
Ондағы мақсат шығыс халықтарының дəстүрін талқандау, соны жас ұрпақ
санасынан өшіру. Осыған еліктеп кейбір жастарымыз ұйқассыз, ойсыз өлең,
«жұлдызым ағып түсті, сиырлар жайылып жүр» деген секілді сандырақ
дүниелер жазуға бой ұрады. Міне, олардың осындай қитұрқысына еліктеген
дүниелерге Батыс елдері сыйлықтар беріп, оның кітаптарын шығарады.
Батыста шығыстық дəстүрді ата жау ретінде көретін топтар бар. Олар біздің
дінді де солай ірітіп, жікке бөлуге ұмтылады...
«Өлең – сөздің патшасы, қиыннан қиыстырар ер данасы...» дейді ұлы Абай.
Демек, қазақ үшін, «қиыннан қиыстыра алмаған» сөз өлең емес. Сондықтан
біз ата дəстүрімізден, өз жолымыздан адаспауымыз тиіс. Жалпы, жапон елі
несімен құдіретті? Ол өз дəстүрін сақтаумен, соны аялаумен құдіретті. Күні
бүгінге дейін жапондар жерде отырып ас ішеді, жерде ұйықтайды. Соларға
үстелорындық, төсек жоқ па? Өйткені ол ата салты. Соны сақтауымен
жапон жапон болып отыр.
ЖЕБЕ:– Аударма мəселесі туралы да айта отырсаңыз.
Дүкен МƏСІМХАНҰЛЫ: Кейде біреулер орыс ұлтын, қытайды ұлтын
«ұлы халық» деп айтып жатады ғой. Бұл сөздің мəнісіне сəл-пəл үңілсең,
«расау» бас изегің келеді. Себебі олардың тірлігіне қарап отырсаң, «ұлы
қасиеттерді» үнемі байқауға болады. Мəселен, жер бетінде əдебиетте, өнер
мен ғылым, саясатта бүгін бір жылт еткен əлемдік жаңалық болса сол ертең
аударылып қытай мен орыстың кітап сөрелерінде тұрады. Егер біз де
адамзаттың ақыл-ой санасымен ілесіп бірге жүреміз дейтін болсақ, тіпті
жұрттан мойнымыз озық тұрсын десек аударманы мықтап қолға алмай
ештеңе тындыра алмаймыз. Мəңгілік ел болу, өркениетті елдің қатарына
кірудің бəрі дамыған ақыл-ойдан сусындаудың арқасында келеді. Біз
тəуелсіздік алғаннан бері адамзаттың үздік ақыл-ойымен тек орыстардың
шайнап берген дүниесі арқылы ғана сусындап келе жатырмыз. Тек солар
аударады, біз оқимыз. Егер осы бетпен кете беретін болсақ, өзгені
айтпағанда мемлекеттік тілдің өзі кері кете береді. Мен, мысалы
студенттеріме ХХ ғасыр басындағы қытай əдебиетінің ерекшелігі деген
курстық жұмыс бердім дейін. Алайда біздің Астанадағы кітапханаларда
қытайға қатысты қазақ тілді əдебиет жоқтың қасы. Сонымен студенттер
еріксіз орыс тіліндегі материалға жүгінеді. Егер жиырма жылдан бері
əлемдік ақыл-ойдың бəрін қазақ тіліне аударған болсақ, біздегі қазақ тілін
шала білетін қазақты қойып, өзге ұлт өкілдері де қазақ тілінде сайрап кеткен
болар еді. Бір мысал айтайын, мен, ақын Құл-Керім Елемес екеуміз
«Жалын» баспасының ұсынысымен Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының
«Шипагерлік баян» атты кітабын төте жазудан кирилшеге аударып, ол 1996
жылы баспадан шығардық. Екі жылдан кейін бір емші орыс шал мені
ҚазҰУ-ге, жұмысыма іздеп келді. Осындай кітап шықты дегенді ақпарат
құралдарынан естіп сатып алыпты. Енді соны оқу үшін қазақша үйреніп
жүр екен.
Біз əлемдегі Нобель сыйлығын алғаны бар, алмағаны бар, барлық мықты
ақынжазушыларды, өзге де ғылым саласындағы үздік дүниелерді дер
кезінде аударып отырсақ, қазақ тілін менсінбейтіндердің бəрі қазақша
сөйлеп шыға келеді. Жəне біз адамзаттың ақыл-ойымен еркін сусындап,
өзімізді рухани толықтырып, байытып, шабыттандырып отырар едік.
«Мəдени мұра»
бағдарламасы кезінде аудармаға көбірек көңіл бөлінді, бірақ тағы да сол
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 23
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.