Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 01

Total number of words is 3824
Total number of unique words is 2213
29.7 of words are in the 2000 most common words
41.9 of words are in the 5000 most common words
49.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
І Бөлім
ІІ БӨЛІМ
ІІІ БӨЛІМ

- Елдік пайымдар, сыр-сұхбаттар, толғамдар
І Бөлім
«ҚАЗАҚ» ДЕГЕН ЖҰРТЫМ БАР...
БЕТАШАР
Азаттыққа қол жеткізуден гөрі, оны ұстап тұру əлде қайда қиын. Өйткені
азаттық үшін күрес біраз жылдарға немесе неше ондаған жылдарға, тіпті
ғасырларға созылуы мүмкін. Ал азат ел ретінде мəңгі өмір сүру үшін мəңгі
күресуге тура келеді. Бұл мəселе өзін «қазақ баласымын» деп есептейтін
барлық саналы азаматты толғандырмай қоймасы анық. Себебі азаттықтың
ағылдыр айдынына өз кемесін алып шыққанына ширек ғасырға да
толмаған жас Қазақ елінінің тек экономика саласында ғана емес, идеология
мен мəдениет саласында да іргесі бекіп, тұрманы түгенделе қойған жоқ.
Бүгінгі Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев 1991 жылы тəуелсіздік алған күннен бері,
бұрынғы қазақ хандары секілді, екі алып көршінің ортасында, ептеп-септеп
«жаңбыржаңбырдың арасынан жол тауып» жүріп келеді. Қазақ зиялылары
мен саясаткерлері арасында бұл жүрісті «дұрыс» деушілер де, «бұрыс»
деушілер де жетіп артылады. Ел аман болса, бұл «жүрістің» шынайы
бағасын алдағы уақыт пен келешек ұрпақ бере жатар. Ал алдымыздан əлі
нендей соқпақтар, қандайқандай жолайырықтары кездеседі? Олар бізді
қандай болашаққа бастап барады? деген сұрақтар, жас мемлекеттер ғана
емес, бүгінгі қатепті, алпауыт елдердің де күнтəртібінен түспейтін
мəңгілік сұрақтар. Бұл сұрақтар біз үшін, тіпті де өзектілігін еш қашан
жоғалтпақ емес.
Сондықтан жоғарыдағы сұрақтар қазақтың қарапайым бір баласы ретінде,
бізді де еш қашан бей-жай қалдырып көрген жоқ. Сонымен Отанға оралған
күннен бастап, негізгі жұмысымыз университетте ұстаздық, негізгі
шығармашылық бағытымыз - поэзия, аударма, ғылыми-зерттеу
болғанымен, ел ертеңі мен ұлт мүддесі, жас мемлекетіміздің іргесін
бекемдеу, мемлекеттік тіл, ата дініміз, дəстүр-салтымыз, елдегі
демографиялық жағдай, көші-қон барысы жəне отанға оралған
қандастардың жай-күйі, жас ұрпақ тəрбиесі т.с.с. толып жатқан елдік,
ұлттық мəселеде, ылғи да өз ойымызды, жеке пікірімізді дер кезінде жұрт
назарына, өкіметтің қаперіне ұсынудан бір тынбай келеміз.
Бүгін міне, солардың бір парасын жинақтап, жеке кітап етіп назарларыңызға
ұсынып отырмыз. Ондағы мақсат, «азат ел ретінде мəңгі өмір сүру үшін
мəңгі күресуге тура келеді» деп жоғарыда айтқанымыздай, ел іргесінің
бекемделіп, еңсесінің тіктеле түсінуіне, ұлттық ұлы мұраттарымыздың
жүзеге асуына үн қату, бір кісілік үлес қосу болып табылады. Өйткені осы
кітапқа енген мақалалар мен сұхбаттарда айтылған кейбір деректер (əсіресе
цифрлар) ескіргенімен, жалпы ойлар мен идеялар, ұсыныстар мен пікірлер
əлі де болса өзінің өзектілігін жоя қоймағаны белгілі болып отыр. Тіпті
«өзектілігін жойды» дегендердің өзі, біріншіден, Еліміздің қандай
соқтықпалы, соқпақсыз жолдарды басып келе жатқанын көрсетсе,
екіншіден, біздің де сондай бір шешуші шақтарда нендей азаматтық
ұстанымда болғанымызды айғақтайды.
Тағы бір жағынан, біз мұндағы мақалалар мен сұхбаттарда айтылған ойлар
мен пікірлерді бұл жолы қайта қарап, ішінара болса да өңдеуден өткізген
жоқпыз. Өз кезінде қандай көзқараста, нендей пікірде болдық, бұл жолы да
сол күйі жібердік. Тіпті алғаш елге оралған тұстағы «стилстикалық»
ерекшелігіміз - сөз саптау «мəнеріміз» де сол күйі кетті. Яғни əдейі солай
қалдырдық. Өйткені оның бəрі біз үшін, бүгін үшін тарих. Себебі ол біздің
шығармашылық жолымыздың ғана емес, тұтас азаматтық ой-санамыздың
сорабы, белесі деп білеміз. Сондай-ақ, кейбір мақалалар мен сұхбаттар өз
кезінде газет-журналдарда ықшамдалып жарық көрген болса, біз бұл
жолы, мүмкіндігінше, табылғандарының толық нұсқасын беруге
тырыстық.
Ал кітап соңыдағы «Ғибратнама» атты тарау, соңғы он шақты жылдан бері
жеке қойын дəптерге түртіп жүрген «дүниелер» болғанымен, осы жолы
тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылып отыр. Абай атамыздың сөзімен
айтқанда, «кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын,
керегі жоқ десе, өз сөзіміз өзіміздікі».
- автор.
БАС-КӨЗІМІЗ – ОТАНЫМЫЗ!
Қазақстан – жер бетіндегі күллі қазақтың отаны! Демек, алыс-жақын
шетелдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыз тарихи отанына қашан табан
тіресе, сол күннен бастап Қазақстан республикасының азаматы есептелуге
тиіс. Көп жағдайда, біздің халықта сөз басқа, іс басқа болып жатады....
Мəселен, Моңғолиядан келген ағайындарға əлі күнге дейін азаматық
берілмей отыруы соны көрсетсе керек. Дей тұрғанмен, «Мұсылмандық аста,
аста» дегендей, бəрі бірте-бірте оңалар деген үмітпен күн кешеміз де. Бұл
менің əлі азаматтық алып үлгермеген қандастарыма айтарым.
Ал, енді өз басыма келер болсам: мен де сол тағдыр тауқыметімен жан
сауғалап шетелге кеткен көп қазақтың біреуінің ұрпағымын. «Жан
сауғалап» дегенде, біздің ата-бабаларымыздың қай-қайсысы болмасын, өзге
елге жанына жайлы қоныс, малына шұрайлы өріс іздеп кетпегені жұртқа
мəлім. Мысалы, менің атам (Мəсімханның əкесі) Нақысбек Жалпетекұлы
əйгілі 1916 жылғы Қарқара көтеріліснен кейін, көтеріліс кезінде
жерлестеріне жəрдем беріп, орыс отаршылдығына қарсы шыққаны үшін
патшалық ресейдің қудалауына ұшырап, еріксіз қытай асып кеткен...
Жарықтық, сол атамыз қытай асып бара жатып, осында қалған туыстарына:
«Қытайды паналасам мен паналармын. Ұрпақтарым қайта оралатын заман
болады. Сонда соларға бас-көз болыңдар», - деп өсиет айтқан екен. Міне,
мұндағы қандас туыстардың бас-көз болып, қанатының астына алғаны осы
емес пе?! Бүгінде тəуелсіз отанымның азаматымын! Мен үшін бұдан артық
бақыт жоқ. Тіпті бұдан артық бақыт болады дегенге сенбеймін де! Себебі,
құдай сені бір ұлттың өкілі етіп жаратқан екен, өзіңнің тəуелсіз отаның бар
болса, сен оның бір азаматы болсаң – арманың не?! Менің ұғымымда одан
басқаның бəрі 99-шы кезектегі мəселе! Ия, ойлап қарасақ, төрткүл дүниенің
түкпір-түкпірінде төгіліп жатқан қанның дені «Отан үшін! Азаттық үшін!»
екені құпия емес.
Сонымен, құдай бұйырса, азаматтық алдық! Рас, алғашқы күндері
қуанышты хабарға есіміз кете мəре-сəре болғанымызбен, артынша, шаттық
шалқар шабытқа ойысып, күлкі күрделі ойға жетеледі. Сосын шабыт келіп
жүрекке, ой барып санаға салмағын түсірді. Əрине, олай болары заңды еді.
Себебі шетелден «Отан» деп аңырап жеткендегі бар мақсат – Қазақстан
азаматтығын алғасын, əсте шалқадан түсіп, шалжиып жату емес болатын.
Керісінше, хал-қадерімізше сəби отанымыздың аяғынан тік тұрып кетуіне
бір кісілік азаматтық үлесімізді қоссақ деген арманмен келіп едік. Міне,
Отан азаматтығын берді. «Алмақтың да салмағы бар» демеуші ме еді атам
қазақ, сол демекші, азаматтықты алғалы мойындағы азаматтық қарыз бен
перзенттік парыздың да салмағы неше еселеп арта түскендей... Бірақ қанша
еселенсе де, ғұмыр болса, денсаулық болса, отаным алдындағы қарыз бен
халқым алдындағы парызды ада ету жолында бар күш-жігерімді аяп
қалмаспын!
Ал, енді бүгінгі сөздің ретінде тағы бір айта кететін жай - өзім туып өскен
Қытай еліне деген ризашылығым еді. Себебі мен де «Ас ішкен аяқты
теппейтін», «Су ішкен құдығына түкірмейтін» қазақтың ұрпағымын ғой.
Сондықтан Қытайда туып-өскенімді, Бейжіңдегі жоғары оқу орнына білім
алғанымды, Үрімжідегі академияда ғылыми қызметкер болғанымды,
бірнеше кітап шығарғанымды, Қытай жастар сыйлығының иегері
болғанымды қай кезде де тек ізгі сезіммен еске алатындығым шүбəсіз!
Бекер обалы қане, өз басым қытай елінде жамандық көрген жан емеспін! Ол
елден кетсем тек отанға деген махаббат пен ұлтыма деген сүйіспеншіліктің
құдіретімен кеттім. Бұны өз ұлтын сүйе білетін əрқандай адам баласы
түсінуге тиіс!
Сонымен, Отандағы, ұлы Қазақ еліндегі ардақты қандастарым, түк
тындырып бермесе де, бір қазақ болса да көбейе берсін деп қуанып
отырсыздар ғой. Олай болса, сіздердің де қуаныштарыңыз баянды болғай!
Себебі біз өз Отанымызда əлі де азшылық жағдайдамыз. Бір шаңырақ
астында өсі-өнуге Алла нəсіп етсе екен!
Мен өзімдегі бұл бақытты шетте жүрген бар қандасыма тілеймін! Əумин.
«Шалқар» газеті. 1996 жыл.
ҰЛТТЫҚ АТАУ ДА ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА БАСТАЙДЫ
- тағы да Алматы аудандарының аттарына орай
Еліміз тəуелсіздік алып, өз қолы өз аузына жеткелі де төрт жылдың жүзі
болып қалыпты. Əрине бұл төрт жылда тəуелсіз елдің рухани жəне
материалдық өміріне қажетті мүкамалдарының зор қарқынмен толықтанып
келе жатқанын ілкі сезіммен атап өткен мақұл. Бəріне көзді жұмып алып,
мысықша қарай беруден ұтарымыз шамалы.
Басқаны айтпағанда, БҰҰ-ға мүше болдық, əлемдегі алпауыт елдер
Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік берді, шекара сызығын
көршілерімізбен дау-дамайсыз тұрақтандырдық. Төл теңгеміз айналымға
енді. Шетел елшіліктері астанамызда күн санап көбейіп келеді. Ал,
инвестиция салуға, бірлескен кəсіпорын ашуға келген шонжар елдердің
шоң-шоң іскер топтары тіптен көп... Құдай қаласа, олардың жемісін көретін
уақыт та қашық емес, деп айтуға батылымыз барады. Иə, бұның бəрі
елдігімізге қажетті дипломатиялықэкономикалық шаралар мен шарттар.
Яғни бұлар ел болуымызға қажетті сыртқы себептер. Ал енді өзіміздің ішкі
шарттарымыз – рухани түлеуіміз бен өсуіміз, идеологиямыздың
қалыптасуы мен жүзеге асуы, ұлттық санамыздың жəй-күйі мен
жаңғыруы... т.б. қай деңгейде?
Яғни ұлт ретіндегі ішкі шарттарымыз өркениетті ел болудың жүгін көтеруге
дайын ба? Болымды жағынан жауап беруге шарасызбыз.
Иə, сылбырлығымызды «көш жүре түзеледі» деген көнбіс қағидамен жауып
үйренген дағдымыз істелер қыруар жұмысқа, ілгері басар талай аяққа тұсау
болып отырғанын кімнен жасырайық. «Жүре түзелу» үшін сол көшке де
жағдай керек екеніне неге мəн бермейміз!? Жүкті артып, ес-түс жоқ, бағытбағдар жоқ түйеңді айдап жіберші, түзелгенін көрейік! Бақытты болашаққа
бет алған Қазақ елінің көші де сəт сайын қадағалап, кемшін əбзелін
толықтырып отыруға зəру. Əсіресе, біз секілді бодандықтың қамытатын
жаңа шешкен ел үшін, тоталитарлық «қызыл» идеологияның уынан арылу –
маңдай алды міндеттердің қатарына жатуға тиіс. Яғни кезінде
отаршылдардың бізге бір танымды зорлап таңуы қалай шұғыл қажет болса,
біз үшін бүгін одан шұғыл құтылу да сондай қажеттілік. Өкініш есебінен,
біздің бұл саладағы қадамымыз өте сылбыр, мысалды алыстан да, өзгеден
де іздемей-ақ, мына астанамыз Алматыдан айтайықшы....
Елімізде шетел елшіліктері мен əлемнің əр шалғайынан келген іскер
топтардың молайып келе жатқаны екібастан ақиқат дедік. Олардың бəрі
қазір негізінен Алматы (қазірше астанамыз ғой) қаласында жұмыстарын
жалғастырып, бізбен бірге тіршілік етуде. Демек, олардың тіркелуі, кірушығуы сияқты жұмыстармен астана аудандарының ішкі істер
басқармалары айналысады деген сөз. Тұрғын үйлеріне байланысты
мəселелермен өздері тұрған ауданның тұрғын үй басқру мекемелері
айналысса; балаларының білім алуына қатысты жұмыстармен сол
ауданның оқыту басқармалары шұғылданады. Қысқасы, қала тұрғыны
ретінде өзі тұрған ауданның барлық мекемесімен қатынас жасауына тура
келеді. Олай болса, қане, астана аудандарының атын атап, түсін түстеп
көрейікші. Октябрь, Ленин, Москва, Совет, Калинин, Фрунзе, Əуезов,
Алатау. Ал осындағы Ленин, Москва, Совет, Калинин, Фрунзе дегендердің
кім болғанын; Совет, Москва, Октябрь деген атаулардың нені меңзейтіндігін
түсіндіріп жату басы артық шаруа. Аталған адам аттары мен «қызыл
атаулар» - астаналық аудан əкімшіліктерінің, түрлі мекемелердің туымыз
түстес көк маңдайшасында əлі «жарқырап» тұр.
Бұларды өзгертетін, азат елдің əлпет-ажарына, тірлігіне лайық ат қоятын
уақыт баяғыда-ақ жеткен. Асықпайтын салтымыз бойынша, «ештен кеш
жақсы» дей отырып, енді едел-жедел қимылдап жатсақ, ол да күпая.
«Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» болмай жүреміз бе! Мұндайда
«Онда тұрған не бар?» деп кежегесі кері тартатындар да табылуы мүмкін.
Ондайларға «онда тұрған көп жай бар» екенін де айта кетейік.
Бұл ретте, сөзді сəл арыдан қозғауға тура келеді. Яғни кешегі Кеңес
империясы тұсында, жоғарыда аттары аталған (аталмағандары да толып
жатыр) «пролетарлар» мен «қызыл атауларды» отаршылар күллі кеңес
өңіріне (тіпті социалистік лагерьдегі өзге де елдерге) неге зорлап таңып,
шегелеп орнықтырып еді? Еріккеннен бе? Жоқ. Əсте олай емес! Өз
идеологиясына санаңды жаулатып, жаныңды улату үшін, өткеніңді
ұмыттырып, мəңгүрттікке тез апару үшін, қызыл империя өзінің «дана
көсемдерін» күндіз ойыңнан, түнде түсіңнен шықпастай етудің қамына
кірісіп бағып еді ғой. Ол барыстың түрлі формасы, қилы мазмұны болғанын
бəріміз жақсы білеміз. Тарихтан қалыптасқан ономостикалық атаулар мен
жаңа елді мекендердің атауын «қызылдандыру» сол көп əдістердің бірі
болатын. Айтты-айтпады, бұл шаралар өз өнімін бермей қалған жоқ.
Бүгінде Алматыда тұратын қазақтың сорпа бетіне шығары, ары мен ұжданы
– интеллегенттер, біріміз Фрунзе, тағы біріміз Октябрь ... аудандарында
тұрамыз. Ара-тұра балаларымызды, немерешөберелерімізді ертіп Ленин
көшесімен бойлап барамыз да «28 панфиловшылар» бақшасына немесе
М.Горький атындағы саябаққа кіріп «демалып» қайтамыз. Жол бойы балашағамызға КСРО тарихынан сыр (өйткені олар жаңағы көше, саябақ
аттарына байланысты сұрайды ғой) шертіп береміз. Тіпті кейбіреулеріміз
сол заманды сағына, көзімізге жас ала отырып əңгімелейміз. Мінеки, ендігі
жерде «қызыл империяның кешегі еңбегі еш болды, төккен тері далаға
кетті» дей аламыз ба!? Немесе бала (сəби) санасындағы ата-анасы
қалыптастырған танымды ендігі жерде өшіріп көріңіз! Өшуі өшер, бірақ көп
уақыт, мол қажыр-қайрат, қыруар қаржы сарп етуге тура келеді.
Кейбіреуінікі, тіпті, өшпеген күйінше кетуі де мүмкін. Себебі бала кездегі
орнаған танымның өзгеруі қиын. Мəселен, мен, өз басымнан бір мысал
айтайын, бала кезімде, əке-шешем жек көретін біреулерді əлі жақсы көре
алмай келе жатырмын. Оның себебі біреу-ақ. Сол адамдар туралы менің
танымым əке-шешемнің ықпалында пайда болды əрі солай қалыптасты. Ол
танымымды өзім саналы түрде өзгертейін десем, біріншіден, əке-шешем
маған ренжитін секілденеді, екіншіден, əлгі адамдар шынымен де «жаман»
секілденеді де тұрады. Демек, оның оңай-оспақта өшетін, өзгеретін түрі
жоқ. Ал атасы мен əжесі (немесе əкесі мен шешесі) еңірегенде етегі толып,
сағыныш күйігін баса алмай еске алған «қызыл көсемдерді» бүгінгі ұрпақ
ертең қалай ұмытсын?! Сонымен ертең азаттығымызға екіленіп қарайтын,
екідай танымдағы ұрпақ келеді. Оларды бүгін, өзге емес, өзіміз солай
тəрбиелеп отырмыз.
Сондықтан көтеріп отырған мəселеміз бүгінгі ұрпақтың жан дүниесіне,
санасына азат елдің өз идеологиясын ұялату үшін, оларды ұлттық сана
нəрімен суару үшін керек. Мұндай бүгін үшін кішкене болғанымен, ертең
үшін мəні зор шара жедел істелер қызметтердің күн тəртібімен əсте қағыс
қалмауы керек. Бұл –бір.
Екіншіден, елімізде ашылып жатқан шетел елшіліктерінің, келіп-кетіп
жатқан іскер адамдар мен туристердің күн санап молайып келе жатқанын
жоғарыда айттық. Оған тағы бір қоса кетеріміз, Аллаға шүкір, астанамызға
екі күннің бірінде əлемдегі үлкенді-кішілі елдердің лидерлері, басшылары,
əр деңгейдегі лауазымды адамдар келіп-кетіп жатыр. Келгені, əрине, жақсы
ғой. Бірақ «сырт көз сыншы», «қонақ аз отырып, көп сынайды» деген жосық
бойынша, ой жүгіртсек, сол «қонақтарымыз» астана - басқалаңды бір
айналып шығып-ақ, біздің халықтық болмысымызға, ұлттық намысымызға,
елдік сенімімізге нобайлап болса да бағасын беріп, айдарын тағып қайтады.
Олардың беретін бағасы белгілі. Тіпті, «Бұлар (қазақтар) əлі күнге дейін
Мəскеуге деген құлшылдықтан арылмапты». «Ұлттық намыстары біржола
өліп кеткен сыңайлы». Немесе «Əттең осындай тəуелсіздікті құдай бізге
берсе ғой». Немесе «Алматыдан көк тудан өзге көп жаңалық көрмедім», деген сияқты пайымдарды шетелдіктердің аузынан естіп те жүрміз. Бұл
пікірлерін олар Алматыда айлап-жылдап тұрмай-ақ, қаланы бір айналып
шығып-ақ айта береді. Себебі орыстардың өзіне көк тиынға керек болмай
қалған кешегі қызыл империяның құрушылары мен мақсат-нышандары
бүгінгі ТƏУЕЛСІЗ Қазақстанның астанасында (тіпті бүкіл аумағында)
мұрты бұзылмаған қалпы тұрса, «міншіл, сыншыл» қонағымыз
жоғарыдағыдан өзге қандай танымда болуы мүмкін?!
Сондықтан, ардақты ағайын, құрметті ел тізгінін ұстап отырған азаматтар,
ел боламыз десек, бүгінгі жас ұрпаққа – ертеңгі елдің егелеріне елдік
мызғымас бағыт-бағдарын, жол жобасын жасап беруге ат салысайык. Азат
елдің азат азаматтарынша тірлік етуді үйретіп кетейік? «Албасты да қабаққа
қарап басады» дегенді атам қазақ тегін айтпаса керек. Оның бержағында
сыйлағанды қорыққандық, кешіргенді топастық деп түсінетін мəскеулік
шовинистерге (Жироновский сияқты) керегі біздің кесек мінезіміз бен
кескін қимылымыз екенін де бір уақ ескерген жөн. Батылдық дегеннің өзі
де саясаттағы өте маңызды кілт. Оны дұрыс пайдаланудан ұтпасақ,
ұтылмаймыз. Оның үстіне біреудің ішкі ісіне араласайық деп отырған біз
жоқ, ендеше, өз қотырымызды өзіміз қасудан неменеге именеміз!?
Онда əлгіндей атауларды бүгінгі қажеттілік пен талапқа сай, жергілікті
халықтың тағдыр-талайын, парасат-пайымын көрсететін көрнекті
атаулармен ауыстыруды жедел қолға алған орынды. Мысалға, ондай
құрметке лайық қазақтың ұл-қыздары, ұлағатты оқиғалар болған даталар,
қасиетті тау-өзендер аз ба?! Осы жолдардың авторы жоғарыдағы аудан,
көше аттарына ауыстыруға лайық деп мынадай тізім ұсынады: Алаш,
Мұстафа Шоқай, Сырым Датұлы, Ұзақ Батыр, Жəмеңке, Аманкелді Иманов,
Кенесары; 16-жыл, 32-жыл, 86-жыл, Арқа, Жетісу, Сыр, т.б.
Бұл өзі бүгін ғана көтеріліп отырған мəселе емес. Саналы қауым жиі ортаға
салып жүрген əңгіме. Енді Елбасымыз бен үкімет жұрт талабына құлақ
түрсе болғаны, айтылудан кенде емес.
«Алматы ақшамы» газеті.
25 қазан 1995ж.- №43
АЛТЫН ТАҒЫҢ БОЛҒАНША, АЛАҚАНДАЙ ЖЕРІҢ БОЛСЫН
Баяғыда «Еділді келіп алғаны, етекке қолды салғаны, Жайықты келіп
алғаны, жағаға қолды салғаны; Ойылды келіп алғаны, ойындағысы
болғаны»,- деп ақылман аталарымыз айтып-ақ кетті ғой. Талай жерден
жылай-жылай айырылған халық енді еңсе көтеріп, ел болдым ба деп
отырған бүгінгі күні «жерді сату», «қостілділік», «қос азаматтық», «жерге
жекеменшік беру» деген секілді өрескел талаптарды қалай ғана бей-жай
қабылдай аларсың?!
Қазақстан – жер жүзіндегі күллі қазақтың тарихи Отаны. Бұл Елбасымыз
мəртебемізді асырып, жиі айтып жүрген лебіз. Сондай-ақ даусыз ақиқат та.
Демек бұл жер – қазақ даласы, қазақ панасы. Қайсыбіреулердің
назарындағыдай, пышақ үстінен бөлісіп ала салатын иесіз топырақ емес.
Бағзы заманнан бері атабабаларымыз осынау ұлы мекеннің – қасиетті
топырақтың тағдыры үшін жан алып, жан берген. Кең-байтақ жерімізді
сақтап қалған. Міне, бүгін тəуелсіз ел болып отырамыз. Халқымыз да
əлемдегі іргелі ұлттардың қатарынан орын алды. Алайда санамыздың он
миллионнан асқандығы туралы айдай əлемге мақтанышпен жар салып
жүргенімізбен, сол қазақтың үштен бірі дүниенің түкпір-түкпірінде əлі де
тарыдай шашылып жүргендігін қайда қоясыз. Сонда да олардың бір
Алладан тілейтіні – қазақ елінің амандығы, Отан топырағының бүтіндігі.
Өйткені, олар да «Алтын тағың болғанша, алақандай жерің болсын» деп
ғұмыр кешкен қазақтың тұяғы болғандықтан, өздері шетелде қандай күн
кешіп жүрсе де «тұғырым – туған жерім бар, Отаным – байтақ елім бар»
деген сенімнен айырылған емес. Сталин мен Голощекин қырғынынан бас
сауғалап, дүниенің төрт бұрышына тентіреп кеткен қазақтың бүгінгі ұлқыздары ерте ме, кеш пе, əйтеуір бір кезде тарихи Отандары – Қазақстанға
оралатынына сенеді. Сонда сол Отанындағы қасиетті топырақ ұстағанның
қолында, тістегеннің аузында кетсе, олар үшін де бұдан өткен қасіреттің
жоқ екенін бойында қаны, жүрегінде оты-намысы бар адамның сезінбеуі
мүмкін емес.
Иə, басқа емес, кешегі өткен Əбілқайыр мен Абылай хандардың осынау
даланы қайдағы бір қалталыларға сатып-сатып жіберіп, байлығын оңдысолды шашып, бес күндік жалғанды жалпағынан басып жүруге ақылпарасаты жетпей қалған жоқ еді ғой... Яғни, олар елімен бірге бодан болуға
бас исе де, қара тұяқтарынан хал кеткенге дейін жерден біржола
айырылмаудың қаракетін жасады. Нəтижесінде ел тағдыры солай шешіледі
де, жер өз елегімізде қала береді.
Рас, егемен еліміз өз басынан нарықтық қатынастарға көшудің недəуір
қиын кезеңін басынан кешіріп отыр. Қандай қиын болса да, бұл бағыттан
ауытқуға болмайтындығын əлемдік тəжірибелер дəлелдеп берді.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың жаңа бір мүшесі ретінде, бізді де
тығырықтан шығаратын, өркениетті елдермен тереземізді теңестіретін
бірден-бір дұрыс жол осы екендігі күн өткен сайын білініп келеді. Ал сол
шын мəніндегі, кемел түріндегі нарықтық қатынастардың орнауы –
жоспарлы шаруашылық шырмауындағы қауымдық өндірістен қалай
шығып, өндіріс құрал-жабдықтарын (жер-су, зауыт-фаврика)
жекешелендіру қалай жүргізілумен тығыз байланысты.
Бұл арада басы ашық бір нəрсе, өндіріс орындарының басым көпшілігін
мемлекет меншігінен алудың маңызы зор. Алайда, бұл мемлекет
меншігіне, атап айтқанда, жалпы халықтық меншікке, соқыр тиын немесе
бұрау қалдырмау деген сөз емес қой. Қайта, жалпы халықтық
шаруашылықтың қан тамыры тақылетті негізгі тұлғаларын қай елде де,
қашан да мемлекет өз меншігінен əсте шығарған емес. Сол арқылы
шаруашылық құрылымдарын, нарықтық қатынастардың бəсекесіндегі
экономикалық ауыртпалықтан туатын шаруашылық жəне саяси
дағдырыстың алдын алып отырған. Пəрменді мемлекеттік аппарат бізге ең
алдымен сол үшін керек. Ондай күш-құдіретсіз ешбір үкімет шаруашылық
шаралар мен халықтың əлеуметтік жағдайына белсенді ықпал көрсете
алмайды.
Ал, қазір бізде нарықтық қатынастарға көшудіңғ, соған сəйкес
жекешелендірудің жөні осы екен деп, «бəрін де жоспарсыз, негізсіз,
жүйесіз, ту-талақай бөлісіп алып, түп-түгел жекенің қолына ұстатып
жіберсек қана, тығырықтан тез шығып, шаруашылығымызды шалқытып
жіберетін едік», дейтін аптықпа көзқарас бел алып барады. Мұның негізгі
көрінісі мемлекеттің, яғни жалпы халықтың ең басты байлығы – жер-суды
саудағы салып, қалталылардың мəңгі меншігіне берсек дегеннен байқалуда.
Мұндай талапты қоюшылар мен қолдаушылардың нені ойлап, нені көздеп
отырғандарын бір құдайдың өзі білсін. Ал біз мұны «нарықтық
қатынастарды қалыптастырудың қажетінен туындаған шығар» деп түсіне
отырып, оларға жерсуды мемлекет иелігінен алмай-ақ, нарықтық
қатынастарды ойдағыдай орнатуға əбден болады деген пікірімізді ұсынған
болар едік. Оны дəлелдеу үшін айналамызға сəл-пəл боса да көз жіберіп
көрейікші. Тіпті алысқа бармайақ, іргеміздегі көрші Қытай елінің
экономикалық реформадағы тəжірибелері-ақ бізге мол сабақ болары даусыз.
Алып Қытай елі өз тарихында жерді сату мен жалға берудің қасіретін
басынан көп көшірген ел. Сонау 1840 жылғы апиын соғысында құдіретті
Ұлыбритания империясынан ойсырай жеңілген қытайлықтар бірте-бірте
іргелі елдердің шылауына түсіп, талай-талай теңсіз келісімдерге еріксіз
қол қойып үлгірді. Құмырсқадай құжынаған Қытай елін толық бодан етіп
барқадар таппасын білген батыс отаршылдары, іріп-шірудің шегіне жеткен
Қытай үкіметі арқылы елдің қалаған өңірінен арзан бағамен ұзақ мерзімге
жер алып, елді теспей сорғысы келді. Сөйтіп 1845 жылғы 29 қарашада
Британия отаршылдары Қытай үкіметіне «Шанхайдан жалға жер алу
ережесіне» қол қойдырып, қытай жерінен тұңғыш рет жер сатып алды. Бұл
Қытай тарихында халық намысын аяққа таппаған, ел күнпарағына қара
əріппен жазылатын қасіретті күн еді.
Осыдан соң жалға жер сатып алу Қытайдың Гуаңжу, Шиямін, Тиянжин,
Хонкоу, Жиюжияң сияқты экономикалық жантамыры саналатын, маңызды
стратегиялық, аса ірі қалаларында да жүзеге аса бастады. Əрине, бұл
олжадан АҚШ, Германия, Франция секілді алдыңғы қатарлы алпауыт елдер
де сырт қалған жоқ.
Алғашында жалға берілген жерлерге Қытай үкіметі əкімшілік басқару жəне
заңды иелік құқығын жүргізе алатын еді. Кейін бұл жерлер жалға
алушылар тарапынан өз əкімшілігі, өз қарулы күштері бар мемлекет
ішіндегі мемлекетке айналып шыға келеді де, Қытай үкіметі бұл жерлердің
шекарасына: «Қытайлардың жəне иттердің кіруіне болмайды!» деген
ескерту де жазылып қойылды. Дəл осы тұста бүгінгі Байқоңыр ғарыш
айлағындағы Қазақстан азаматтарының жұмыстан қуылып жатуы, оларға
«Ресей азаматтығын қабылдасаңдар, жұмыс беріледі» деген талаптары еске
түседі екен...
Міне, өз жеріне деген иелік құқығын қалпына келтіру үшін қытай халқы
аттай бір ғасырдан астам уақыт қан кешіп, күрескені белшілі. Соның өзінде
Хонгонг секілді қалаларын күні бүгінге дейін қайтарып ала алмай
отырғандығы да құпия емес.
Өз тарихында осылайша жерді жалға берудің, сатудың қасіретті кезеңдерін
басынан кешірген қытай елі Ата заңдарының 1-тарауындағы ІХ бабында:
«Кен, су, орман, жайылым, егіс даласы, сазды жерлер, табиғи байлықтар
түгелімен мемлекет меншігінде, яғни жалпы - халықтық меншікте болады»
делінсе, Х-бабында: «Əрқандай ұжым немесе жеке адамның жерді иемденіп
алуына, саудаға салуына, сондай-ақ басқа да заңсыз жолдармен
өткермелеуіне жол берілмейді» деп ашық көрсетілген. Сөйтіп жер-судың
тек мемлекет меншігінде болатындығын, алып-сатуға тыйым
салатындығын заңмен шегелеп бекіткен.
1978 жылғы желтоқсаннан басталған Қытайдың «реформа жасау, сыртқы
есік ашу» саясатының бүгінгі күні ғаламат жеміс беріп отырғандығы əлемге
мағлұм. Осы 16 жылдан бері Қытай үкіметі ондаған «экономикалық ерекше
аудан» немесе көптеген «ашық қалаларды» дүниеге əкеліп, оған сан
миллиардтаған шетел инвестициясын салып, мыңдаған шетел иелігіндегі
кəсіпорындармен бірлескен кəсіпорындар ашып отырғанмен, дəл қəзірге
дейін сынық сүйем жердің иелік құқығын ешкімге біржола берген жоқ. Тек
оны жалға беру жолымен жердің пайдалану құқығын ғана уақытша
өткермелеп береді. Ал жердің басы бүтін сатылып, түбегейлі
жекешелендірілмеуіне байланысты қытай елінде нарықтық қатынастар
орнамай, экономика керіне кетіп жатпағаны кімкімге де түсінікті.
Жалпы ауыл шаруашылығында қытай үкіметі өте сергек те икемді саясат
ұстанып келеді. Айталық, Қытай жерінің небəрі 10,6 проценті ғана егістік
жерге пайдаланылады. Сол жерді ұтымды пайдаланудың нəтижесінде олар
бір миллиард үш жүз миллион халықты азық-түлікпен, қыруар зауыт –
фабрикаларын егіншілікпен шикізатымен қамтамасыз етіп отыр. Мұнда
олар бұрынғыдай жапатармағай «үлкен қазаннан» тамақтанатын ұжымдық
тірліктің орнына, тек егістік жерді диқандарға кісі басына, сондай-ақ еңбек
күшіне қарай жалға беру саясатын қолданды. Нəтижесінде, өз еңбегінің
жемісі тек өзіне ғана бұйыратынына əбден көзі жеткен дихандар
егіншілікпен белсене шұғылданып, аулышаруашылық өнімдерінің
мөлшерін жедел арттырды. Айталық, жерді жекеге жалға беру тізімі толық
аяқталған 1982 жылы 1981 жылмен салыстырғанда өнімділік 11,2 процентке
артты. Міне, бұл қытай тарихында бұрын-соңды болып көрмеген нағыз «зор
секіру» еді. Осыған байланысты еңбегі жанған диқандардың тұрмыс деңгейі
де тез қарқынмен көтерілді. Ескерте кететін тағы бір мəселе – жалға жер
алушы жеке, мемлекеттік тапсырысты орындауға, түрлі салық пен басқа да
төлемдерді өз уақытында өтеуге жəне əлеуметтік еңбектерге қалмай
қатысуға міндетті. Мұнымен қоса жалға берілген егістік жерді егіс
қажетімен басқа да қосымша кəсіптер үшін пайдалану қорғау жəне күту
қатаң міндеттелінген (жайылым мен су айдындары да солай). Диқандардың
қосымша кəсіптерімен шұғылдануына да толық мүмкіндік берілген. Егер,
осы жерлерді Қытай үкіметі əуел баста-ақ, не істесең соны істе деп басы
бүтін сатып берген болса, экономикасын дəл қазіргідей өркендету былай
тұрсын, күні бүгінге дейін соның дау-дамайынан құтыла алмай, былыққа
белшесінен батып жүруі ғажап емес еді.
Көріп отырғанымыздай, тығырықтан шығудың жолы тек жер-судың иелік
құқығын сатуда ғана тұрған жоқ екен. Ең бастысы, үкімет экономикалық
саясатты жүйеге келтіріп, шаруашылық құрылымдарын ретке салуы,
жекешелендірудің ел жағдайына, халық тағдырына үйлесімді
бағдарламасын жасап, оның іске асуын жеделдетіп басқаруға батыл
реформа жасап, шаруашылықтардың ақаусыз атқарылуын кепілдендіру
қажет.
Қысқасы, дана халқымыз: «Алтын тағың болғанша, алақандай жерің
болсын», «Елі аманның жері аман» деген сияқты ақыл-нақылдарын тектентекке айтпағаны шындық. Бүгінде жер бетінің əр тұсында төгіліп жатқан
қан, түбін қуып келгенде жер үшін екендігі де анық. Олай болса, біздің «ел
аман, жұрт тынышта» жерді сатамыз дегеніміз қай сасқанымыз! Жер
тағдыры – ел тағдыры. Ал түптеп келгенде, экономиканың дамуы тек жерді
саудалауға ғана қарап тұрмағанын жоғарыда қытай елінің қарапайым да
озық тəжірибесі арқылы дəлелдеп бергендей болдық. Оның озық да үздік
болатыны – жердің мемлекет иелігінде қалдырылуында деп білеміз.
Жоғарыда баяндағанымыздай, жер сатудың тек қасірет əкелетінін
ескермесе, ел санының 96 процентін таза қытайлар құрайтын бүгінгі ҚХР
үкіметі кімнен именіп, неден тартынып отыр дейсің?..
Бəрін айт та, бірін айт – жер сатылмау керек! Біле білсек, жоспарлы
шаруашылықтан нарықтық экономикаға көшкен ел ретінде де, Азиялық
ұлттық мемлекет ретінде де экономикасының дамуы дүниенің алдыңғы
қатарына тез өткен (небəрі он бес-ақ жыл) держава ретінде де, демімізге
демі тиіп отырған ұлы көршіміз ретінде де қытай елінің экономикалық
реформасынан алар өнегеміз, үйренер үлгіміз аз болмаса керек.
«Егемен Қазақстан» газеті.
25 қаңтар 1995ж. №16.
«ƏКЕМІЗДІҢ БАСЫ БАР».........
Біздің қолымызға қалам алып сіздерге үшбу хатты жазуымызға себеп болған
нəрсе-соңғы кездері респуплика өмірінде бел ала бастаған бірнеше сорақы
ұсыныстар болып отыр. Яғни, «жер сату», «қостілдік», «қосазаматтық»
деген мəселелер төнірегіндегі жөнсіз талаптар жүрегімізді мұздатып,
жанымызды қарып барады. Ұлттық намысымыздың аяққа тапталуы мен
арымыздың қорлануына апарып соғатын ондай жүгенсіздік қазақ халқының
намысты саналы ұл-қыздары ретінде бізді де бейжай қалдырған жоқ.
«Қазақстан-жер жүзіндегі күллі қазақтың ТАРИХИ ОТАНЫ!»
Бұлсіздер жиі айтып, жанымызды семіртіп жүрген қасиетті лебіз. Сондай-ақ
даусыз ақиқат та. Ұлтымыз жан санының он миллионнан асқандығы туралы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 02
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.