Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 13

Total number of words is 3905
Total number of unique words is 2281
30.4 of words are in the 2000 most common words
43.5 of words are in the 5000 most common words
51.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
пендешіліктің күшейгені адамның азғаны деген сөз. Ал адам азғанда
азаматтық рухы сұйықтайды. Азаматтық рухы сұйықтаған кеудеге
сатқындық ұя салады. Жүрегіңдегі Ар мен Намыстың отын бүгін өшірсең,
ертең оның орнынан пасықтық түтіні бықсиды. Ал сатқын туыс, пасық дос
əшкере жаудан əлденеше есе қауіпті. «Қос мекенділердің» біразымен мен де
сөйлесіп көрдім. Сылтаулары əр түрлі. Біреулері қытайдан алып тұрған
жалақысын айтады. Енді біреулері ертең зейнетке шығатынын айтады. Тағы
біреулері істеп отырған кəсібі бар екенін айтады. Тағы біреулері тағы
бірдеңе… Бəрі ақылды. Ақымақ – осындағы Сіз бен Біз. Негізінде
Қазақстан олар үшін дүниекөзі – базар, пайда ғана. Яғни олар Тазша бала,
Қазақстан ақымақ бай. Олардағы Қазақстан туралы түсініктің сықпыты,
танымның сиқы осы. Оларға мен: « Оу, көке, сенің жұмысың жұмыс боп па,
жұмыстың көкесі бізде болған, пысқырмадық. Табыстың, жалақының көкесі
бізде болған, қолды бір-ақ сілтедік. Болашақтың көкесі бізде болған,
алданбадық. Өтірік десең айт. Соның бəрі мен үшін азат Отанымда өткен
бір күніме татымайтындай əсерде болдым. Шынымен де солай болды.
Əрине, мен де Қытайды жек көрмеймін. Сонда тудық, білімін алдық. Сонда
оң-солымызды таныдық, адам болдық дегендей. Ол ақиқат. Сөйткен елге –
туған жерге тас атсам су ішкен құдығыма түкіріп кеткендей қасиетсіздік
болар еді. Бірақ өз ұлтыңды, отаныңды сүю қай елде де қылмыс болып
табылмайды. Напалеон: «Ұлтжандылық өркениеттіліктің басты белгісі»депті. Ал оны қылмыс болады деп ойлап алған өздерің»,-деймін күйіп-пісіп.
Бірақ олар біздің сөзге қыңбайды. Айт, айтпа бəрі бір. Өйткені олар өте
«ақылды» адамдар. Олар біздегі қазақтан шыққан космополиттердің, асқан
интернационалистердің туыстары. Өзге елде туғанымен олардың оттауы да,
күйсеуі де бір. Олардың назарында сен ғасырлар қойнауында қалып қойып,
аяқастынан тірілген біреу сияқтысың. Бірақ, өкініштісі олар шеттен келген,
келетін ағайындардың ішіндегі шынайы патриоттарға кесірін тигізуде. Бірақ
осындағы саналы жұрт, ел тізгінін ұстап отырған шенеуниктер «битке
өкпелеп тонды отқа тастамас» деп ойламын.
- «Əргі бет пен бергі бет» деген ұғымды Адалбек жалғыз-ақ өлеңімен жоққа
шығарған болатын. Дейтұрғанмен əргі беттегі бауырлардың жəй-күйі қалай,
күн көріс кəсібін, кісілік келбетін бергі бетпен салыстыра аласыз ба?
Жалпы, əргі беттегі қандастарымыз саяси-əлеуметтік һəм рухани тұрғыдағы
мүмкіншіліктерін қаншалықты дəрежеде қанағаттандыра алады?
- Өзгені қайдам, өлеңмен, қиялмен барды жоққа шығара салуға, жоқты
орната салуға ақындардың хақысы бар! Алайда ащы Ақиқат өзгеріссіз қала
бермек. Ақиқатты өзгерту тұрыпты, кез келген адам үшін оны мойындаудың
өзі оңайға түспейді. Алайда ақын қиялы мен ақын арманына шектеу жоқ.
Айтарын айтады, жазарын жазады. Ал Патшалы Ресей мен Цинь империясы
Қазақ даласын пышақ үстінен қақ бөліп, бүтін бір халықты екіге айырып
тастаған кездегі қызыл сызық тұрғанда «арғы бет, бергі бет» деген ұғымға
да орын бар деген сөз. Қалаңыз, қаламаңыз, бұл – Ақиқат. 1860 жылдары
əлгінде аталған екі империя бүтін бір ұлтты екіге айырып тастады. Содан
бастап екі жақтағы қазақ баласы болмысы, мəдениеті, менталитеті, діні,
ділі… бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі империяның қанжығасында
қанжылап кете барды. Содан бері 150 жылға таяу уақыт өтіпті. Нелер-нелер
заман болды, нешелеген ұрпақ ауысты. Əрине осы 150 жыл барысында
қытайдағы қазақтар ресейлік, кеңестік зұлматтар кесірінен Қазақстаннан
жансауғалап қашып барған мыңдаған, жүз мыңдаған қандастарымен
қатарын толықтырып отырды. Сөйтіп қомақты санға жеткен қазақ жұрты ол
жақта да іргелі бір ұлт ретінде өмір сүруге мүмкіндік алды. Алайда көшпелі
тірлік бұл жақта ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында аяқталған болған болса,
ол жақта ХХ ғасырдың 70-ші жылдарына дейін жалғасты. Мəселен мен
көшпелі өмірдің шет-жағасын көрген қазақпын. Демек бұл жақтағы
ағайындар өркениетке қытайдағы бауырларына қарағанда жарты ғасырдай
бұрын аяқ басты деуге болады. Алайда бізге келген өркениеттің өзі біреудің
шылауындағы өзгеше бодандық, жаңаша өмір ғой. Сондай өркениеттің арғы
бет, бергі беттегі ағайындарға келу мерзімінің əркелкілігі, оның үстіне
«қожайын» халықтарының дін, тіл, ділінің ұқсамауы һəм сондай мүлде
ұқсамайтын мəдени ортада бір жарым ғасырдай бөлек өмір сүру – ондағы
жəне мұндағы ағайынға кəдімгідей өзгеше психологиялық болмыс-бітім,
құндылық көзқарас, кісілік келбет қалыптастырып кеткені жасырын емес.
Мысалға дінді айтайық, бұл жақта 1910 жылы туылған бала жаңаша яғни
атеистік тəрбие ала бастады. 1990 жылы ол кісі 80 жаста. Оның баласы 50де, немересі 20-25 жастарда болды деген сөз. Яғни осы 20-25 жастардағы
жас қазақ атеистік тəрбиеде өскен үшінші ұрпақ. Ал қытайдағы
қазақтардың 1940-1950 жылдары туылған баласы атеистік тəрбие алып өсті.
Ол кісі қазір 50-60 жастарда. Оның баласы 20-30 жастарда. Демек ондағы
қазақтар діни нанымнан тақыр-таза арылып кеткен жоқ. Мысалы менің
əкем Мəсімхан Нақысбекұлы деген кісі ауыл имамы болды. Демек мен
діндар отбасында өмірге келген адаммын. Сондықтан ол жақтағы
ағайындардың ішіндегі біздің буынның құлағына атеистік тəрбиені
мектепте, университетте қанша құйғанымен, көкейге бала күннен орныққан
иман оған оңай орын бере қойған жоқ. Ал бұл жақтағы ағайынның
санасынан дін жойылып кете жаздағанымен, есесіне сауаттылық, білімділік
деңгейі жағынан əлемдегі мен-мен деген қай халықпен де иық теңестіре
алатын жағдайға жеткені жаһанға жасырын емес. Сондықтан Кеңес одағы
құлаған кезде Қазақстанның кадрдан қысылмай, тəуелсіз мемлекет, дербес
ел ретінде дүрк етіп жүріп беруі – халықтың сауаттылығының,
интеллектуалдық деңгейінің жоғарылының арқасы. Ал қытайдағы
ағайындар арасында оқығандар, зиялылар өте аз.
Ал енді күн көріс кəсібі деген мəселеге келетін болсақ, менше, ерекшелеп,
бөліп жарып айтар ерекшелік шамалы. Ондағы ағайынның дені малшы,
егінші. Зиялы қауымы негізінен қала-қалашықтарда. ШҰАР-ның өлкелік,
облыстық, аудандық деңгейдегі басшылық қызметтерінде де қазақтар аз
емес. Соңғы 10-15 жылдың жүзінде ол жақта кəсіпкер ағайындардың да
қатары өсіп келеді. Қысқасы ол жақтағы ағайындардың күн көріс ахуалы,
экономикалық, материялдық жағдайлары жаман емес. Əрине, санаулы
байларын айтпағанда, жалпы жұртты жаппай ауқатты деп айтуға əлі ерте.
Дегенмен қазіргі жағдайларын көлектері көк, қарындары тоқ деп айтуға
болады. Ал олардың саяси-əлеуметтік, рухани тұрғыдағы мүмкіндіктерін,
əрине, мұндағы азат, дербес елде өмір сүріп жатқан біздегі мүмкіндікпен
салыстыруға келмейді. Өйткені ондағы бір жарым миллионнан астам қазақ
тек бір автономилық облыс жəне бірнеше автономиялық ауданда қат-қабат
қожайынның қол астында өмір сүріп отыр. Қат-қабат деп отырғаным оларға
қытайлар үлкен қожайын, ұйғырлар кіші қожайын. Оның үстіне, өзің де
білесің, онда коминистіктоталитарлық жүйе əлі күнге дейін салтанат құрып
тұр. Тағы бір жағынан, бір жарым миллиарттың ішіндегі бір жарым
миллион деген көлге тамған бір тамшы сүттей ғана емес пе?! Осындайосындай саяси-əлеуметтік ортада күн кешіп отырған ағайынның рухани
мүмкіндігі қай деңгейде болатыны айтпаса да түсінікті. Алайда қытай
еліндегі ұлттар саясатының кейбір тиімді жақтары ондағы қазақ болсын,
өзге ұлттар болсын, бəрінің ұлттық тіл-жазуын, өнері мен мəдениетін, салтдəстүрін сақтап, дамытуына белгілі деңгейде мүмкіндік беріп отыр. Соның
дəлелі ретінде, ондағы оншақты баспадан қазақ тілінде, мемлекет есебінен
жылына жүздеген əдеби, саяси,ғылыми кітаптар жарық көріп
тұратындығын, екі бірдей телеканал өлке аумағына 24 сағат бойы тап-таза
қазақ тілінде хабарлар тарататынтығын, қазақ тілінде 40-тан астам əр түлі
газетжурнал жарық көретіндігін, қазақ облысына қарасты екі университет
пен оншақты техникалық училищеде жүздеген-мыңдаған қазақ баласы
білім алып жатқанын т.с.с. айтуға болады. Дей тұрғанмен ондағы
ағайынның арасында Қазақстанға – тарихи отанына көшіп келуге ниет
білдірушілердің барған сайын көбейе түсуі ондағы саяси-əлеуметтік,
рухани мүмкіндіктің қанағаттанарлық дəрежеде емес екендігін көрсетсе
керек.
- Иə, ондағы елдің беті бері ауып отырғанын күнделікті естіп, біліп
отырмыз. Осы орайда біздегі көші-қон мəселесіне көңіліңіз тола ма? Сіздің
ұсынысыңыз…
- Жалпы қытайдағы қазақтың атамекеніне – Қазақстанға көшкісі келуіне
негізінен мынадай төрт түрлі фактор себеп болып отыр деуге болады:
Бірінші, ҚХР-ында кешенді түрде жүргізіліп отырған туытты шектеу
саясаты. Бұл саясат «балалы үй базар…», «адам ұрпағымен мың
жасайды…», «атадан пұл қалғанша ұл қалсын»… деген таныммен ғұмыр
кешіп келе жатқан қазақ баласына өте ауыр тиюде. Екінші, ол елде ұлт
ретінде сақталып қалудың мүмкіндігі барған азайып, ассимиляция қаупінің
белгі-нышандары көрнекті түрде байқала бастауда. Үшінші, Қазақстанның
тəуелсіз ел болуы. Яғни мұнда көшіп келгісі келетін ағайынның көбісіне
«кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «ит тойған жеріне, ер
туған жеріне», «өз елің – алтын бесік» деген сияқты ұлттық сана-сезім
көбірек түрткі болуда. Бұл сана-сезім негізінен ұлтжанды, көзі қарақты,
зиялы қауымның жəне жастардың бойынан байқалады. Төртінші, туыс
адамдардың қаншама жылдар екі елде бөлініп-жарылып өмір сүріп
келгендігі. Қазақстан тəуелсіздік алған күннен бастап бөлініп-жарылған
отбасылар Отанға жетуге – туғандарына қосылуға асықты. Міне осындай
себептер ондағы ағайынның атажұртқа көш түзеуіне мұрындық болуда.
Алайда қытайдағы қазақтың түгі қалмай Қазақстанға түп қотарыла көшеді
деп айту да қиын. Кейбіреулердің көшкісі келмеуіне себеп болып отырған
біздегі көші-қон саясатының кешенді жүрілмеуі. Былай қарағанда, көші-қон
жəне демография саясаты біздің елдің аса өзекті, стратегиялық маңызы
үлкен саясатының бірі секілді болып көрінеді. Негізінде солай болуға тиісті
де. Елбасы былтырғы жолдауында «таяу болашақта Қазақстан халқын 20
миллионға жеткізуді көздеп отырмыз»-деген мазмұнда сөз айтылып қалды.
Бұл санға қалай жетеміз? Балшықтан қазақ жасаймыз ба?! Жоқ. Халық
санын, елдің демографиялық жағдайын көтерудің жалпыға мəлім екі жолы
бар. Оны бірі, ішкі өсімді – туытты қолдау. Екіншісі, шетелдердегі диаспора
өкілдерін елге шақыру, жинау. Бізде осы екі саясаттың екеуі де бар. Бірақ
ойдағыдай қолға алынып, атқарылып отырған жоқ. Мəселен көп балалы
аналарға жасалатын жеңілдіктер жоқтың қасы. Он бала тауып, өсірген
«Алтын алқалы ананың» пенсиясына бар болғаны 1700 теңге ғана қосылады
екен. Ал ауыраяқ анаға, жас балалы анаға медициналық та, əлеуметтік те
көңіл бөлінбейді. Тіпті үшінші балаға ауыраяқ болған ананы дəрігерлердің
өзі сайқы-мазақ қылады. Қағып-түртіп, сүтке тиген мысықтай көреді.
Соның кесірінен көп ата-ана екі баламен шектеліп қалуда. Былтырдан бергі
жас босанған аналарға беріледі деген бір реткі жəрдем ақыны (он үш-ақ
мың теңге) қырық мың құжат жинатып, алты ай сандалтып өлдім дегенде
зорға береді. Бергенде де босанған аналарға «осы ақшаға бола тудың ғой»
дегендей сыңай танытып, мысқылдап береді. Бұл қиындыққа, қорлыққа
төзбеген көптеген аналар оны алудан бас тартуда. Айта берсек біздегі
жағдай туытты қолдан гөрі, қолдан жасалған əлеуметтік, медициналық,
психологиялық қысымдар арқылы туытты шектеуге көбірек ұқсайды. Ал
көші-қон мəселесіне келетін болсақ, бұл саланың да барған сайын кетеуі
кетіп барады. Елдің экономикасы тығырыққа тіреліп тұрған қиын
жылдардың өзінде – сонау 90ыншы жылдардың ішінде көшіп келушілер
дерлік баспанамен қамтамасыз етіліп отыратын. Көші-қон жəне демография
агенттігі үкіметке тіке қарайтын, министрлік деңгейіндегі мекеме болатын.
Ал Экономикамыздың айдарынан жел есіп, елдің еңсесі көтерілген бүгінгі
күні оның біреуі де жоқ. Қазір квотаға кірген бауырларымызға беретініміз
кісі басына 600$ көлеміндегі жəрдемақы ғана. Бір үйде бес жан бар деп
есептесең, отбасына тиетін 3000$ көлеміндегі ақшаға керек десең бүгінде
шалғай ауылдардан да үй келмейді. Сонымен елдің ішіндегі
баспанасыздарға сырттан келгендер қосылып, қазақ халқының өз еліндегі
əлеуметтік қал-ахуалы күн өткен сайын нашарлай түсуде. Өйткені
баспанасыздардың бəрі тек қазақтар ғана. Ал баспанасыз, жағдайы нашар
отбасында өмірге келген ұрпақтың денсаулығы қалай болатыны айтпаса да
түсінікті. Ресми медициналық мəліметтерге сенсек, бүгінде өмірге келіп
жатқан мың баланың тоғыз жүзі ауыру болып туылады екен. Ал
биліктегілер болса келер ұрпаққа сақтап отырған ұлттық қордағы ақшамыз
5 миллиарт 400 мың АҚШ долларына жетті деп бөріктерін күнде аспанға
атады. Оу, көке, халқың бүгін үйсіз-күйсіз, аш-жалаңаш, ауыру-сырқау күн
кешіп жүрсе, олардан туған дімкəс ұрпақ ертең ол ақшаңа емделгеннен өзге
не бітіреді деп ойлайсыз?! Сондықтан ұлттық қордағы ақша дəл бүгін қазақ
халқының демографиялық жағдайын көтеруге, денсаулығы мен əл-ауқатын
жақсартуға, біліктілігін арттыруға қызмет етуі тиіс емес пе?! Сонда ғана
келешек Қазақстан жан саны мол, қуатты, сауатты елге айналады.
Өйтпейтін болсақ ол ақшаға ертеңгі əлжуаз ұрпақтың тіпті, ие бола алу –
алмауының өзі неғайбыл.
Ал көші-қон жөніндегі біздің ұсыныс мынау: Ең əуелі Көші-қон жəне
демография агенттігін қайтадан қалпына келтіріп, оның құзыретін кұшейту
керек. Яғни ол келген ағайынға квотаны үлестіріп беріп қана қарап
отыратын мекеме емес, мемлекеттің демографиялық саясатын жүзеге
асырудың нақтылы іс-шараларын жасап, оны қадағалушы, орындаушы
орган болу керек. Екіншіден, алыс-жақын шетелдерден квотамен келгені
болсын, өз еркімен келгені болсын, бəрі тұтастай баспанамен қамтылуға
тиіс. Мұнда ашалап айта кетер жағдай, ауылға келгендерді тұрақты
баспанамен, ал қалаға келгендерді коммуналдық пəтерлермен уақытша
қамтамасыз ете отырып, кейіндеп олар отырған пəтерін жекешелендірем
десе, пəтер құнының 50 пайыздайын мемлекет көтеру керек. Алайда қалаға
келетіндерді өте шектеп, іріктеп отырған жөн. Мəселен ол ерекше қат маман
болып, белгілі бір мемлекеттік мекеме оған соншалықты зəру болған
жағдайда ғана қалаға бөлінген квотаға енгізген дұрыс. Сосын көшіп келген
ағайынның мұң-мұқтажы тек баспанамен қамтумен ғана шектелмейді.
Олардың орнығуына, тірлік етуіне қатысты толып жатқан проблемалары
бар. Мəселен, кəсіркелікпен айналысу, зейнетақы, емделу, білім алу, əскери
міндет т.б. Осылардың бəрінде олар ылғи да табанынан тозып жүргені.
Өйткені біздегі бір заң екіншісіне қайшы. Заңдардағы бұндай кереғарлықты
болғызбаудың төте жолы – шеттен келген ағайындардың ішінен сауатты
бір-екі адамды Парламентке енгізу. Сөйтіп көші-қон заңындағы
оралмандарға берілген жеңілдіктерді өзге де салалық заңдарда қарастырып
отыруға жағдай жасау керек. Сосын көші-қон саясатының көкейкестілігін
көптеген шенеуниктер, жалпы қауым жеткілікті түсіне бермейді. Себебі
бізде бұл саладағы үгіт-насихат жоқтың қасы. Яғни шеттен келетін
ағайынға біздің мұқтаж болып отырғанымызды, еліміздің əрбір облысында
ең кемінде бір миллионнан қазақ баласы өмір сүретін жағдайға жетпейінше,
тəуелсіздіктің тағдырына, ел болашағына сенудің қиын екенін атажұрттағы
əрбір ағайын анық түсінуі тиіс. Бұл əсіресе журналистер мен мерзімді
баспасөздің тізгінін ұстап отырған азаматтардың қаперінде жүретін өзекті
мəселе.
- Ел білсін деген ниетпен сұрап отырмын. Ұлт игілігі үшін
мынадаймынадай іс тындырдым деп айта аласыз ба?
- Қиындау сұрақ екен. Қиын болатыны – «мен бүйттім, мен сүйттім» деп, екі
иығымыздан дем алуға ертелеу шығар. Ал «осы күнге дейін тек ас ішіп, аяқ
босатушы болдым» деген тағы ыңғайсыз. Неде болса сұрақ қойылған екен,
сауалға жауап берген сауап болар. Атамыз қазақ «отызыңда орда бұзбасаң,
қырығыңда қыр аспайсың» депті. Мен тура отыз жасымда қытайдан
атамекенге қоныс аударып келген бірінші қазақпын дедім ғой. Көшуден
бірер жыл бұрын ел-жұртты аралап, сенімді деген жора-жолдасты, туыстуғанды Қазақстанға көшуге нəсихаттап, бəрінің келісімін алдым, əрі оларға
өз төңірегіне де осы насихатты жүргізу туралы өтініш жасадым. Мен
Қазақстанға келгеннен кейін, үш-төрт жылдың ауқымында менімен пікірлес
болғандардың бəрі көшіп келді. Демек тəуелсіздіктен кейін қытайдан
қозғалған жаңа көштің мұзжарғышы болғанымды бұл күнде біреу білсе
біреу білмейді. Бұл бір. Сосын 12 жылдан бері мұғалімнің мардымсыз
жалақысын қанағат тұта жүріп, Қазақстандағы қытайтану ғылымының
қалыптасыуына шəкірт дайындау арқылы да, ғылыми зерттеулерім арқылы
да бір кісілік үлесімді қостым ғой деп есептеймін. Бұл екі. Үшінші, Өзің де
білесің, 2001жылға дейін шеттен келетін ағайындарға бөлінген квота
мөлшері тек 500 отбасымен шектеліп келді. Сол жылы мен Елбасы
қабылдауына барып, ол кісіге квотаны көбейтудің қажеттігін ауызша да,
жазбаша да мəлімдедім. Келесі жылынан бастап квота мөлшері 5000 мың
отбасыға, одан кейін 6000 мыңға өсті. Демек осы бір ұлағатты да игілікті
іске сəл де болса ықпалым болдау деп ойлаймын. Мынау ұйғыр халқында
«таз болсаң самай таз бол» деген мақал бар екен. Сол айтпақшы ақыр
мақтандық, енді соңына дейін апарайық. Менің ашық мақтанып, «мен
тындырдым» деп айтып жүретін бір дүнием, ол – «Қытай қазақтары
поэзиясындағы ұлт-азаттық идея» деген тақырыптағы кандидаттық
қорғаған ғылыми жұмысым. Кеңес одағында қудалауға ұшыраған Алаш
рухы, ұлт-азаттық идея енді біртіндеп КСРО аумағынан тыс жерлерде
əрекет ете бастады. Сондай өңірдің бірі Шығыс Түркістан, қазіргі Шынжаң
болғаны белгілі. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан ҚХР құрылған 1949
жылға дейінгі мерзімде Шығыс Түркістанда болған ұлт-азаттық күреске,
Шығыс Түркістан Республикасының құрылуына ұйтқы болған бір-ақ нəрсе,
ол – Алаш азаттық идеясы. Осы идеяны жырлап, халықты оятқан, алды
атылған, арты қытай түрмесінде шіріген қаншама ақынжазушылар бар.
Айталық, Ақыт, Таңжарық, Көдек, Əсет, Жүсіпбек қожа, Асқар, Мағаз,
Құрманалы, кешегі Бұқара, Омарғазы, Құманбай т.б. толып жатқан
алашұранды əдебиеттің өкілдері қаншама жылдар мұндағы ұрпақ
назарынан тыс, санасынан көмескі ұсталып келді. Енді олардың
шығармашылығы мен өмірбаянын, сол кезеңнің əдебиетіндегі ұлт-азаттық
идеяны, оны жырлаушы ақын-жазушыларды атажұртқа оралту, олардың
еңбектерін ғылыми айналымға енгізу – бүгінгі қазақ əдебиет тарихы
ғылымындағы көкейтесті міндеттердің бірі болатын. Осы қиын да қызықты
міндетті ұстазым, академик Рымғали Нұрғалиевтің жетекшілігімен сəтті
орындап шықтым. Бұны төрт деп қойыңыз. Шынын айтсам, осы ғылыми
жұмысымнан кейін-ақ Қытайлардың маған деген көзқарасы күрт өзгерді.
Қазірше осылармен шектелгеніміз жөн болар. - Сізді қазақ халқы ақын
ретінде қабылдады. Егер, мүмкін болса «менің ақындық төлқұжатым – осы»
дейтіндей бір өлеңіңізді тыңдасақ… - Меніңше, «қаламгерлік төлқұжатым –
осы» дейтін бір шығарма жазушыда болуы мүмкін. Ақынның бір ғана өлеңі
оның «ақындық төлқұжаты» бола алмайды. Осы тұрғыдан келгенде, Абай,
Махамбет, Мағжан, Мұқағали, Жұмекендерді жеке-жеке, мына-мына бірбір өлеңі əйгілі етті деп айта алмасақ керек. Бұндайда академик Зейнолла
Қабдоловтың: «Асылы, бір-екі жақсы өлең жазу, сол арқылы бір немесе екі
сыр аңғарту, шындық таныту кез-келген өлеңшінің қолынан келуі мүмкін.
Ал өзі жазған өлеңдер арқылы өзінің өзгелерден бөлек ақындық бітімі мен
мінезін таныту, сол арқылы өзінің өнер əлеміндегі тұтас творчестволық беті
мен бағытын таныту кез келген қаламгердің қолынан келе бермейді», –
дегені еске түседі. Сондықтан «ақындық төлқұжатым» ретінде емес,
көңіліме тоқтау бір өлеңімді оқып берейін:
Ауыл. Шілде
Сарытап ауыл.
Таныс маң…
Санасы,қамы əр қилы.
Ақ сағым ойнап алыстан,
Бетіңді жалын шарпиды.
Бозадыр жоны сарыкүйік,
Сайлардың кепкен тандыры.
Тораңғы, жыңғыл тарбиып,
Қақтана жатып қалғыды.
Шаншылып түсіп шаңқан нұр,
Өртейді жердің өзегін.
Кебеді сонда аңқаң бір,
Қаңырап, қаңсып өзенің.
Қазандай қайнап атырап,
Ақ жалын шашты аспанға.
Қыртысы жердің қақырап,
Балқып бір жатыр тастар да.
Төбеттер тілі салақтап,
Құйрығын қуып, қабады…
Сиырдың бəрі далақтап,
Бағдарын білмей шабады.
Бір уыс болып кең өлкең,
Жанады оттай, маздайды.
Қуырылып құрттай көлеңкең,
Артыңа кіре жаздайды.
Лапылдап аққан лағылға,
Пенденің жүрмес еш емі.
Түс қия құйды-ау ауылға,
Алланың рахман нөсері…
- Бəрекелді! Енді соңғы сұрақ, қазір Қазақ не ойлап отыр?
- Қазіргі қазақтардың «əр кəлласында бір қиял» боланымен, бір халық
ретінде бүкіл қазақ бір ғана ойдың үстінде отыр деп айту қиын. Бұл ретте
қазақтың ойына қоғамды жікер арқылы үңілген дұрыс сияты. Бұл күнде
қазақтар негізінен бай, кедей, зиялы, билеуші болып төрт жікке бөлінеді.
Бай қазақтар қашан «құдай» болам деп отыр. Кедейлерге ауыл қазағы мен
жұмсысшылар жатады. Олар «таңғы нəсіп тəңірден», ал түскі, кешкі асты
қайдан тапсам екен деген ғана ойда. Ал зиялының аты зиялы ғой, оның
ішінде қазақ зиялысын – бізді айтсаңшы! Біздерде жалпы ой көп. Соның
бастыларынан билікке қайтсем жағам; қайтсем сыйлық, орден, атақ алам;
қайтсем жаңа пəтер алам, қайтсем ұл-қызымды жайлы жұмысқа кіргізем…
деген сияқты өте «ауқымды» ойларды атауға болады. Енді билеушілердің
ойына келсек, олардікі көбіне қай жерден, қалай олжа түсірем; жұтқан
сүйегімді қалай сіңірем; қайтсем кресломды биіктетем т.б. болып келеді.
Осылардың ішінде егер «жоқ менің ойым олай емес, мен халқымның
болашағын, елімнің тағдырын ғана ойлап жүрмін» деген адам болса, əрі
онысын дəлелдесе, мен ол адамнан кешірім сұрауға əзірмін.
- Əңгімеңізге рахмет!
Əңгімелескен: Маралтай Райымбекұлы
«Алтын орда» газеті, 12 шілде 2005ж.
ҚАЙРАН АЗАТТЫҚ ... ...
-Дүкен мырза, мына қоғамда сізді не мазалап жүр? Елдегі жағдайдың
ақиқатын ашық айта аласыз ба?
- Өлген намысты тірілтуге, құм болған жігерді тасқайрақ қылуға, егер тек
менің сөзім себептігін тигізе алса, айтайын. Абай атам сонау XIX ғасырдаақ:
Жарлы емеспін, зарлымын,
Оны да ойла, толғанып.
Жұртым деуге арлымын,
Өзге жұрттан ұялып,
- деп кетіпті. Сол айтқандай, басымызға қонған бақ құсы – азаттықты
қолымыздан шығарып алмасақ жарар еді деген зар-мұңнан, қасіреттен бір
өліп, бұл намыссыз қазақты «жұртым деуден арланып», ұяаттан екі өліп
отырған жайым бар. Демек, мені мазалап жүрген, «мазалап» деудің өзі
дұрыс емес, жанымды жегі құрттай жеп, қанымды қайнатып, жүрегіме
шаншу боп қадалып жүрген жағдай көп. Біреу емес, екеу емес, жүздепмыңдап саналады. Ел ішінде ұлына, қызына, келініне, күйеу баласына,
ағайын-туысқа құда жұратқа ренжіген, көңілі толмаған кейуана көкірегі
қарс айырылып: « Ка-а-а-айсы бірін айтайын!» - деп отырмаушы ма еді.
Сол айтқандай, елдегі бірер жағдай «əттең-ай!» дегізсе де, басқа жағымыз
«шүкір» дерлік деңгейде болса, жаумай, қазан ұрмай, көз алдымызда
қожырап, іріп-шіріп, үгітіліп, құл болып барады.
-Апыр-ай, Дүке, расында ашынып жүр екенсіз... Азаттығымыз құл
болатындай не қасірет туды басымызға?
- Мен сізге ол қасіретті тізіп берейін. Ата заңымызда «мемлекеттік тіл –
қазақ тіл» деп жазулы тұр. Ал бірақ шындық – мүлде керісінше. Өз
кониституциямыз, өз тіліміз өз елімізде ілікке алынбайды. Бұл мəселе
тəуелсіздік алған күннен бастап айтудай айтылып, жазудай жазылып келе
жатыр, соның өзінде күн өткен сайын ілгері жылжудың орнына, кері кетіп
бара жатырмыз. Қасірет пе? Қасірет! Ұлтымыздың тұтастығының алтын
діңгегі – ақ адал дініміз қожырады. Қазақ діни тұтастығынан айырылды.
Қасірет пе? Қасірет! Айдын күннің аманында талапайға түсіп, ұстағанның
қолында, тістегеннің аузында кетіп жатқан ырысымыз бен байлығымыз –
анау. Есесіне елдің, жердің иесі, қанша ғасыр қан кешіп, жан алып, жан
беріп, осы жерді қорғаған қазақ қайыршы күйге түсті. Оған дəлел – қалтқұлт етіп, «шықпа, жаным, шықпа» деп зорға отырған ауылдарымыз. Оған
дəлел - өз жерінде, азат елінде өзгенің құл-құтаны болып, жанын əзер
асырап жүрген қазақ жұмысшылары. Қасірет пе? Қасірет!
Өз елінде өгейдің күнін кешіп отырған мəдениетіміз бен өнеріміз.
Нанбасаңыз, айтайын, бүгінде ешкімге керексіз, ең бейшара, ең қауқарсыз,
ең қадірсіз, тобанаяқ тобыр – қазақтың ақын-жазушылары! Олар Кеңес
Одағы кезінде де бұндай сорлы күйге түспеген. Ал біздегі ең жетім өнер, ең
қадірсіз өнер, ең сайқымазақ өнер, өз елінде өліп-өшіп бара жатқан өнер –
қазақтың дəстүрлі əні мен күйі. Қасірет пе? Қасірет! Оны тыңдағың келсе өз
еліндегі телеарнадан тек түнгі сағат екі-үштен кейін тамашалай аласың!
Бұдан артық қандай қорлық керек?! Қазақтың əні мен күйін кезіндегі
отаршыл-əміршіл жүйе де бүйтіп қорлай алған жоқ! Өз еліндегі ең құнсыз,
қортық, қотыр, қорғансыз, бейшара, сорлы, сүмелек, қауқарсыз-ол қазақ!
Қазақты Қазақстандағы ұйғыр өлтіріп, сүйегін қорлап кетеді. Шешен келіп
шауып кетеді. Орыс одыраңдайды, кəріс кердеңдейді. Оны айтсаң,
тімтеңдеп кеше келген қытай, үнді, ағылшын... дегендер де бүгін қазаққа
осқырына қарайды. Қазақстанда қазақтан басқаның жүрісі талтаң-талтаң,
одыраң-одыраң. Осының бəріне төзіп, сүмірейіп қана, қатқан нанын қажап,
қара суын ұрттап, əйтеуір, құл-пенде болып күн кешіп отырған халықтың
бойында зəредей намыс бар дегенге кімді сендіре аласың?!
Ал «үмітсіз – шайтан» деп, ертеңге деген үмітпен күн кешейін десең, бүгінгі
жас ұрпақтың сана-сезімі мүлде сын көтермейді. Өйткені оларды біз
тəрбиелеп жатқан жоқпыз. Жас ұрпақты күндіз-түні өзгелер тəрбиелеп
жатыр. Олардың бойынан зəредей де ұлтшылдық, отаншылдық таппайсың.
Оларға бəрібір. «Бəрібір» деген сананы жастарымыздың бойына, қанына
Батыстың рухани-мəдени, діни экспансиясы орнықтырып болды.
Əрине, көпке топырақ шашуға болмас, жастардың ішінде де ұлтын, елін
сүйетіндер бар шығар. Бірақ ондайлар, өкінішке қарай, өте аз!
Балабақшалар, мектептер, университеттер шама-шарқынша білім беріп
жатқан шығар, бірақ отаншылдық, кісілік, имандылық тəрбиесі – жоқтың
қасы. Барының өзі баяғы компартияның, комсомолдың, пионердің
жиындары сияқты, сұйық, жансыз. Ал денсаулық сақтау, құқық қорғау,
мемлекеттік қызмет саласын жемқорлық меңдеп алған. Тұтас елдегі қай
салада, қандай шаруаң болмасын, пара бермей, тым болмағанда жоғарыдан
бір «көкең» араласпай бітпейді...
Көктей шолып, қысқа қайырып айтқан осы жағдайлардың бəрін көтеріп
жүрген жүйкеге, осының бəріне шыдас беріп жүрген жүрекке, қане, енді
таңғалмай көр! Мүмкін, намысы кемдеу жүрек пен жүйкеге онша салмақ
түсе қоймайтын шығар немесе намыссыз, сорлы халыққа осындай өмір,
осындай қоғам мүнəсіп те шығар, кім білсін?!
- Сіз айтқандай, қоғамның көлеңкелі тұстарын, үкімет саясатының, ел
билігінің ақ-қарасын айтыңызшы деп, аға буын зиялыларды іздесек,
санаулы 4-5 адамнан басқа ешкімді таба алмаймыз. Бəрінің айтатыны –
балашаға, қызметінің қамы немесе келе жатқан мерейтойы сияқты себептер.
Жалпы, сіз қалай ойлайсыз, зиялылықтың қағидасы қалай болуы керек?
- Ең əуелі зиялы деген кім? Осыны біз əлі анықтай алмай жүрміз. Қазір
«зиялы» десек, жоғары оқу орнын бітірген, қалтасында бір ме, екі ме, тіпті
үш дипломы бар, костюм-шалбар киіп, галстук таққан, қолтығында бір
папкасы бар, шашы-қасы ретті, бір əйелі, бір-екі баласы бар əлеуметтік топ
көз алдымызға келеді. Зиялының анықтамасы, өлшемі осы ма? Жоқ. Біз
зиялы дегенді латынның «интелигент» сөзінің аудармасы ретінде қолданып,
солай қабылдап кеттік. Ал интеллигент «оқыған, сауатты» деген ұғымды
білдіреді. Ал біздің қазақ тіліндегі «зиялы сөзінің ауқымы одан əлдеқайда
кең. Мəселен, бір замандарда қазақ ауылдарында зиялы шалдар болған,
олардың дипломын былай қойып, кейбіреуінің сауаты да болмаған. Демек,
қазақтың түсінігіндегі «зиялы» деген ұғым саналы, сұңғыла, аңғарлы,
иманды, ұятты, кісілікті, көргенді, елшіл, көпшіл, əділетшіл, шыншыл деген
қасиеттердің бəрін қамтып жататын.
Ал бүгінгі біз айтып жүрген зиялының бойынан осы қасиеттер тұтастай
табыла ма? Өкінішке қарай, жоқ. Бір кезде əлдекімдер: «Зиялы қауым –
зиянды қауым», - деп айтып қалып жүрді ғой. Бұлайша көпке топырақ
шашқан дұрыс болмас, дегенмен, кім айтса да, ашынғаннан, бүгінгі
«зиялының» қылығына күйіп кеткеннен айтқан шығар. Ал өзге елдерге
қарап отырсақ, елдегі зиялы қауыммен есептейтін билік жоқ. Ол дегеніңіз
биліктің елшілігі мен зиялының тегеурінін көрсетеді. Мəселен,
жаңылмасам, 1996 жылы болу керек, Алматыда өтетін Шанхай
ынтымақтастық ұйымының жиналысына Ресей президенті Борис Ельцин,
ҚХР төрағасы Цзянь Цземинь келеді деп күтілді. Кешікпей, белгілі
себеппен Ельцин емес, Игорь Черномырдин келетін болыпты. Осы хабарды
естіген Қытай зиялылары шулап, Цзянь Цземинге: «Ресей президенті
бармаған жиналысқа ҚХР төрағасы неге барады?» - деп хат жазды. Сонан
соң Цзянь Цземин зиялылар өкілдерін қабылдап: «Мен ШЫҰ жиналысынан
тыс, ресми Алматымен шекара келісіміне қол қоюға барамын», - деп
түсініктеме берді. Көрдіңіз бе, елдің зиялылары өз еліндегі билікке қалай
ықпалды? Ал біз ше? Өзгені қойып, елшіл, ұлтшыл, мемлекетшіл болуға
тиіс ақын-жазушылардың өзінің басы бірікпейді. Егер Қазақстан
Жазушылар одағының мүшелері – 700 ден астам қаламгер о баста – ақ
елдік, ұлттық мүддеге қатысы бар мəселеде бірауызды болып, билікке
белсенді түрде ықпал етіп отырған болса, елде дəл қазіргідей сорақылық
орын алмаған болар еді. Жалпы, Қазір шырылдап Мұхтар Шаханов, Ғаббас
Қабышев, Дулат Исабеков, Мұхтар Мағауин (оның өзі шетел асып кетті),
Смағұл Елубай, Эрнест Төрехан, Софы Сматай, Темірхан Медетбек, неміс
болса да, қазақ үшін күйіп-пісіп Гер-ағаң (Г.Белгер) жүр. Тағы кім бар? Осы
саусақпен санайтын шағын зиялы топ шыр-шыр етеді... Олардың тірлігі
«жалғыздың үні, жаяаудың шаңы» секілді. Қалған жұрт «қай жеңгенің
менікі» деп үйінде жатыр. Сонда не, бұлардың бала-шағасы, қызметі,
тіршілігі, мерейтойы жоқ па? Оларға атақ-сыйлық, орден-медаль, жаңа
пəтер, жайлы қызмет керек емес пе? Өздеріне болмаса да, балаларына билік
мансап, жұмсақ кресло керек емес пе? Жай пенде боп ойласаң, бəрі керек.
Бірақ елдің болашағы, мемлекеттің тағдыры қыл үстінде тұрғанда, қалай
ғана, егер ол шынымен де саналы адам болса, өзін бақытты сезінеді? Қалай
ғана тыныш ұйықтайды? Оның үстіне, қоғамдағы дерт-дербезді көрсету,
елде орын алып отырған келеңсіздіктерді айту, биліктің шалыс басқан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 14
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.