Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 03

Total number of words is 3836
Total number of unique words is 2165
30.0 of words are in the 2000 most common words
42.9 of words are in the 5000 most common words
49.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
басы артық əңгіме. Себебі марксизмшілер жан сала дəріптегендей «тіл –
тек қана адамдардың қарым-қатынас жасайтын құралы» емес. Онда сол
халықтың дүние танымы, күн көзқарасы, өмір сүру қағидалары жатады,
ұлттық мінез-құлқы, болмыс-бітімі жатады. Мəселен, қазақ жалқында
«жаман адам – кекшіл» деген мақал бар. Осы тілді ана тілім деп есептейтін
адам кекшіл болмайды немесе кекшлі болмауға тырысады. Ал енді Қытай
халқында «нағыз еркек үшін он жылдан соң кегін қайтару да кеш емес»
деген мақал бар. Бұл тілді ана тілім деп есептейтін адам асқан кекшіл
болады немесе кекшіл болуды үлгілі қылық, еркектік мінез ретінде танып
өседі. Демек бір тілде сол халықтың құн көзқарасы, ұлттық мінез құлқы
жатыр ма? Жатыр. Олай болса тілде тек қана «қатынас құралы» деп
түсіндіру, əншейін, бала алдағандай бос сөз. Бірақ отаршылдардың бұл
сөзінің тасасында үлкен құбыжық мақсаттар жатыр еді. Ол мақсат болса –
тілінен айырылған халықтың ділі солғындайды. Ал ділінен айырылған
халықты ассимилациялаудан оңай шаруа жоқ деген шовинистік идея еді. Ал
дін болса – ділдің күретамыры, яғни алтын діңгегі. əсіресе, діннен
ажырағаннан кейін ділің далада қалады. өйткені дінде имандылық,
инабаттылық, еңбек сүйгіштік секілді кісіліктің басты шарттары жатыр.
Дін кеткен соң, осынау шарттар жойылады. Бұлар жойылды деген сөз,
адамдар бір ұлт емес, жай тобырға айналды деген сөз. Жай тобырды əркімақ қайырып-айдап алып иемдене бермей ме?! Оның үстіне қайыру
бермейтін көп болсақ бір сəрі, шөкімдей ғана аз халықты алдыға салып
қуып кеп беру алпауыт елдер үшін түк те емес.
Ұзын сөздің қысқасы, дəл бүгінгі күні қазақ ұлтының тағдырына қатысты
қандай проблема болса, соның дені ұлттың жан санын арттыру арқылы ғана
тез əрі оңай шешілер еді. Олай болатын себебін жоғарыда таратып айтып
өттік. Ал енді қазақ халқының өз отанындағы демографиялық салмағын
көтерудің қандай мүмкіндіктері бар? Төменде аз-кем аялдайық.
Заман тыныш болса, көлденең көп кесепаттан аман болса, жалпы
өсемкөгерем деген халықтың мүмкіндігі аз болмауға тиіс. Ал туған
халқымыз жөнінен тіпті де солай.
СЕБЕБІ:
Біріншіден: ата-бабаларымыздан қалған «балалы үй – базар, баласыз үй –
мазар», «атадан пұл қалғанша, ұл қалсын» деген танымды бүгінгі жас
жұбайлардың, балиғатқа толған жастардың жанынан терең ұялатып,
олардың өз отбасын ерікті түрде жоспарлағысы келіп отырған теріс ниетін
өзгерту керек. Ол үшін нақтылы тəлім-тəрбие қызметін жүргізудің еш
артықтығы болмас еді. Мəселен, санын шектеп отырған халықтарға біздің
жастарымыз қалайша жалаң еліктейді? Бұл еліктеу ме, əлде тұрмыс
тауқыметі солай итермелеп отыр ма? деген сияқты мəселелерге мемлекеттік
деңгейде жауап тауып, шешім ету қажет-ақ. Сондай-ақ үш-төрттен көп
перзентті болған отбасыларға мемлекет нақтылы əлецметтік, эконимаклық
тиімділіктер жасап, жас жұбайларды көп балалы болуға ынталандыру
керек.
Екіншіден: Балалар үйіндегі тастанды сəбилерді өз қанымызға тартып,
бауырымызға басып тəрбиелесек, олардың бəрі болмаса да, көбі қазақ
ұлтының өкілі болып ержетері даусыз. Бұл сөзім базбіреулерге біртүрлі
қызық (қазақпыз ғой!) сезілуі мүмкін. Ал келешегін ойлаған халық үшін, өте
ақылға қонымды талап. Себебі бол бір бес-алты бала емес, ерекше қомақты
сан ғой. Мəселен, басқа емес, өз ағамыз өзбекті алайық, елінің балалар
үйіндегі сəбилердің бəрінің ұлтын өзбек деп жазып қойғаны өз алдына,
біздің іргелес Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының балалар
үйіндегі сəбилерді де қалап алып кетіп жатқан көрінеді. Мақсат не?
Халықтың санын арттыру. Тастанды балаларды қойы, кезінде
Өзбекстандағы орыстан өзге ұлт өкілдері түгелімен «өзбек» болып
жазылуға мəжбүр болғаны кімге құпия?! Бүгінде өзбек 20 миллионға жетсе,
ұлт ретінде көбеюге деген ынта-жігерінің арқасында жетті. Түркияда бұл
тəсіл əлі күшін жоя қойған жоқ. Егер, біздің жан санымыз 20 миллионға
жетсе, онда мұрнымызды балта шабар ма еді?! Сондықтан
республикамыздың түкпір-түкпіріндегі балалар үйіне ұлтжанды, мықты
тəрбиешілер тағайындап, балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа,
еңбексүйгіштікке баулу қажет-ақ. Сондай-ақ, олардық тастанды болуына
əке-шешесі емес, 70 жылдық отаршылдық саясат кінəлі екендігін
ұғындырудың да маңызы ерекше. Тіпті өзбек ағайындарша олардың бəрінің
ұлтын «қазақ» деп жазып жіберу де керек шығар.
Үшіншіден: Қазақ 10 миллионнан астық деп бөркімізді аспанға жиі атамыз.
Дұрыс қой, өскенімізге қуануымыз, əрине, орынды. Өкініштісі, сол
қазақтың үштен бірі телім-телім боп, дүниенің түкпір-түкпірінде жүрген
жоқ па?! Қазақстан тəуелсіздігін алғалы олар да елеңдеп, қопақтап қалды.
Тіпті алдыңғы топ атамекенге ат басын тіреп те үлгерді. Міне, осы алыста
жүрген қазақтардың түгел болмаса да (түгел келсе тіпті нұр үстіне нұр
болар еді ғой!) келем деушілердің ел болып, үкімет болып отан құшағына
оралтып алсақ, жел кеулеген бүйіріміз жабылып, ортамыз толып қалмас па
едік!? Бұған кей ағайын, «қиын кезеңді» көлденең тартады. Қанша қиын
болса да «коллективтендіру», «32 –жылғы ашаршылық», «Отан соғысы»
жылдарындағы қиыншылық жоқ қой. Одан құдай сақтасын! Сол
замандарда кəріс пен немістің, орыс пен украинның жетім-жесірін
«жиеніндей» асыраған, қайран қазақ бүгін өз бауыр-туысы келгенде «қиын
болды» деп қыңқылдай бергенше, «екі жарты қосылып бір бүтін болудың»
қамына кіріскен оң болар еді. Осындағы базбір ағайындар «шетелдегі
қазақтарды құтқарып алуымыз керек» деп жиі жар салады. (Əрине ой,
мақсаты өте дұрыс!). алайда, өзінің де жарқабақтың жиегінде тұрғанын
ұмытпаса, тіпті де керемет болар еді! Демек, шетелдегі қазақ атамекендегі
қазаққа, атамекендегі қазақ шетелдік қазаққа мұқтаж! Яғни исі қазақ –
қатепті бір ұлт ретінде, азып-тозбай бір елде, бірге өмір сүруге мұқтаж! Ал
көші-қонның проблемаларын қозғау – ол өз алдына бөлек əңгіме.
Қысқасы халқымыздың тағдырын демографиялық фактор шешеді.
«Өркенің өссін» дегенді атам қазақ тегін айтпаған. өсіп-өнейік ағайын.
«Түркістан газетінің» «Қоныс» қосымшасы.
29 қараша 1995ж. №2.
БІЗ ҒАСЫР КӨПІРІНДЕ ТҰРҒАН ҰЛТПЫЗ
Президент сайлауы өтетін күн белгіленуден бұрын-ақ, Республиканың
ішісыртындағы «қамқоршыларымыз», оппозиция өкілдері ел
экономикасының «мүшкіл жағдайын ашына айтып, «күйініп» жазып жүрген
болатын. Ал Президент сайлауы мерзімінен бұрын өтетін болып
шешілгеннен бері, бұл «тақырыптың» базарын «оппозиция» өкілдері тіптен
қызыдыра түскендей. Əрине, қиындықтың бар екенін біз де жоққа
шығарғалы отырған жоқпыз. Алайда сол қиындықтың себеп-салдарын, түптамырын түсіндіруге келгенде əлгі «қамқоршылар» əдейі қынырға тартып,
сыңар езуге салады. Ондағы мақсаттары, əсіресе саналы да сауатты қауымға
түсінікті, яғни қоғамдық атақабырой алу, саяси ұпай жинау. Дей тұрғанмен
халық дейтін жарықтық та кейде бала сияқты ғой, байқап отырсаң, сол
«батырлардың» байбаламына, бірде болмаса бірде иланып, кəдімгідей
елегізіп қалатын түрі бар. Əрине, оған бола халықты кіналай да алмайсың.
Себебі қамыңды жегенсіп, қамқорсып айтылған «жылы сөз» мейлі кімнің
аузынан қандай мақсатпен шықса да бір сəт ішінді жылытып, еліктіріп
əкететіні бар емес пе. Ал бар мəселені салқынқандылықпен салмақтап,
сараптап қараған кісі «жел сөздің» желігіне бой алдыра қоймайды. Себебі
біздегі сол «оппозиция» дегеннің кімдер екендігіне бір сəт назар аударып
көрелікші. (Бұл арада олардың аты – жөнін тізбелеп жатудың қажеті
шамалы.) Яғни бүгін «оппозиционер» болып айғайлап жүргендердің дені
кешегі лауазым иелері - «биік шыңның» басындағы тұғырлы «тұлғалар»
емес пе еді. Сөйтіп жүрген күндердің бірінде олар қызметін дұрыс жүргізе
алмағаны үшін немесе басқа да былық-шылықтары үшін тағынан таяды.
Сол күннен бастап, олар қозғалыс, партия, ұйым, топ құрып, оппозияция
болып шыға келеді. «Мен Таққа отырсам» - деп сайрайды сосын олар, – сол
күннен бастап (тым құрыса ертесі десеші!) ұжмақ болмағанмен,
коммунизмді орната қояр едім, мына билік басында отырғандар мынаны
дұрыс істей алмай отыр, ананы ішіп-жеп қойды» - деп байбалам салады,
ары шабады, бері шабады. Төменге қарап «сайрап - сайрап» алады да, сосын
жоғары жаққа қарап əлде неден дəметкендей, иегін сипалап, желкесін
қасиды. Сосын бəрі болмаса да кейбіреулері қызмет қажетінен бе əлде басқа
себептер бола ма, белгілі бір мəртебелі креслоға қайтадан жайғасады. Содан
былайғы жерде əлгі «бұлбұлдың» тілі байланады да, тек тойған қозыдай
томпандап, іске кірісіп кеткен белсенді бейнені ғана көресің. Əлгі байғұсқа
қарап отырып (əрине, бұл кезде ол көшеден емес, көбіне көгілдір экраннан
қылаң береді) біресе ол үшін ұяласың, біресе жаның ашиды. Бірақ, бір
«тəуірі», өзінің аса ұялып, тым қызарып жүргені байқалмайды. Керісінше,
əр сөзін алтынға балап, сыздап, Казақстанның аспанын жалғыз тіреп
тұрғандай кісімсіп, міндетсіп отырғанына куə боласың. Міне біздегі
«оппозицияның» сиқы. Ал осыдан кейін олардың «халық қамқоры»
екендігіне, елдегі экономикалық қиын жағдайды оңалқалы жүрген
«мықтылығына» сеніпкөріңіз. Қашанда ауырдың астымен, жеңілдің үстімен
келе жатқан ондай танымы таяз, санасы саяз, ұлттық ар – намысы сұйқыл
«сұрқылтайлар» халық қамын, ел намысын ойлап жарытқан емес. Демек,
жоғарыда айтқанымыздай, елімізде экономикалық қиындықтар жоқ емес,
бірақ бізді одан құтқаратын нағыз құтқарушы оппозиция саяси сахнамызда
əлі көріне қойғанжоқ. «Оппозициямыз» деп жүрген жанашырларымыздың
жағдайы жаңағыда.
Іс жүзінде, бүгінгі экономикалық қиындықтардың себеп-салдары,
түптөркіні неде? Енді сол туралы бірер сөз.
Біз ағымдағы ғасырдың 20 жылдарынан 90 жылына дейін, тек сөз жүзінде
ғана КСРО – деп аталатын алып империяның «одақтас бір республикасы»
ретінде есептеліп келгеніміз белгілі. Ал шынтуайтына келгенде, евразиялық
алып державаның отарындағы, халқымыздың рухани құндылықтары
жойылуға беттеген, жеріміздің асты-үстіндегі байлық тоналып жатқан «өгей
өлке» – аты бар да заты жоқ «республика» санатында қалдық. Ал сол алып
державаның экономикалық - өнжірістік сипатына келсек, ұжымдық өндіріс
негізіндегі жоспарлы экономика болатын. Бұл, əсіресе бодан елді, отар
жерді тонаудың таптырмайтын тəсілі еді. Яғни, жеріңнің асты мен үстіндегі
байлықты «жоспар» деп аталатын жосықпен империя құлқынына тыға
беруің керек, жылтырағаныңды солай қарай таси беруің керек. Ал сен
империяның өлтірмеу үшін тастаған азғантай талшығымен жан сақтауын
шарт. Бір қызығы, еліңді қинап, жеріңді тонап отырған сол империя
тастаған талшығын «əділеттілікпен» тең бөліп беретін. Ондағы мақсаты
байығандар да, аштан өлгендер де (32 – ші жылғы ұйымдастырылған
аштықтың жөні басқа) болмауы керек. Байысаң ес жиясың, өлсең империя
малайсыз қалады. Ал , сені «жарылқап» салған зауытфабрикасының»
сиқына келсек, жүн жуатын, темір қорытатын, тері тазалайтын... шикізат
өңдеу орындары еді. Демек, қоқсықтар, қалдықтар, улар-зəрлер сенің
жерінде қалуы керек. Біздің жерімізде сол мақсатпен салған «ірі өндіріс
орындары» болуы болды. Бұдан сырт, алып КСРО – ны бай қожайын десек,
оның қойшы – жалшысы біздің қазақ еді. Əрі өмір бойы қойшы –жалшы
қып ұстау үшін қожайынымыз бізге керемет «жақсылықтар» жасап тұрды.
Атап айтсақ, автмонша апарып «жуындырып», дəрігерлер апарып
«тексеріп» тұратыны жасырын емес еді. Бірақ, қнадай қорлау, неткен
мазақтау екенін ол кезде сезгеніміз жоқ, сезуге санамыз да жеткен жоқ.
Сонымен, құл мазақ мал соңында құлшынып жүре берді. Аяғында жеріміз
ақтылы қой, алалы жылқыға толып кетті. Бірақ, сол малдан бір бағланды
қонағына сойып беруге құқын жоқ болатын. Алайда «қазақ» болғаннан
кейін «ішіп - жемей» тағы отыра алмайтынсын. Сонымен, ұрлыққа, тонауға,
жасырын жеуге, жалған ақпар беруге мəжбүр болатынсын. Жегенің бойына
сіңу үшін жоғарыдағы көкеңмен бөлісетінсің. Оған да кеңірдек керек,
былайғы жерде көкең көрсе де көрмеске салып отыра беретін. Ал, ондайға
«ебі» жо жалқаулар империяның тастап бергенін талшық етіп, жата беретін.
Мінеки, осы үрдіс неше ұрпақтың қанына сіңіп,қасиетіне айналды.
Сонымен, қанша сорақы болса да, ол жағдай бізге қалыпты тірлік тынысы,
дұрс өмір ырғағы сияқты еді. Көбімізде оның дұрыс еместігін сезетін сана
болған жоқ. Ал, сезінетіндердің екі елі аузында төрт елі қақпақ тұратын...
Сөйтіп жүргенде, айымыз оңынан туды ма, жоқ, құдай неше ғасырдан бергі
көз жасымызды көрді ме, кеңес империясы ыдырап, тəуелсіздік алдық.
Одақтас республикалардың бəрі өз күнін өздері көрудің қамымен
бетбетімен кетті. Бəрінің қолында Кремльдің тай қазанына ырыс құйып
келген алып «шөміш» қана. Кремльге ендігəрі ештене құймайсың, өзінде
тайқазан жоқ, енді қай қазанға құймақсың?! Сонымен алып, «шөміштер» (ірі
типтегі шикізат өңдеу зауыттары) жұмысын тоқтатуға мəжбүр болды.
Адамның тұрмыс тіршілігінің бар саласының сұранысын
қанағаттандыратын сан мындаған өндіріс орындарын салып, оны іске қосу
бір – екі жылды қойып, 20-30 жылда да жүзеге асатын іс емес. Ел
экономикасын тығырыққа тіреп отырған жағдайдың себебі міне осы. Ол
мемлекет билігін бір қазақтың қолынан алып, екінші қазақтың қолына
берумен ғана шешіле салар мəселе емес, оған уақыт керек. Уақыт дегеннен
еске түседі, өзге емес, іргемізде тұрған ҚХР – ды айтайын, біріншіден өзі
көрші ел, екіншіден бəріміз азиялық халықтармыз, үшіншіден олар да біраз
жыл социализмнін «жоспарлы шаруашылығының абзалдығын» бастарынан
өткерген халық. Демек, ұқсастықтыр көп деген сөз. Ал, сол қытай елі 5 мың
жылға жуық көне тарихы, 50 жылдық жаңа тарихы бар алып держава. Сол
державаның арғы бес мың жылы туралы сөз қозғамай – ақ, бергі елу
жылына көзжіберіп көрелкші. ҚХР құрылған 1949 жылдан бері қарайғы
табандатқан жарты ғасырлық мерзім ішінде, қытай елінде не болмады
дейсіз? 20-30 жылға созылған жоқшылық - аштық, неше ондаған жылдарға
жалғасқан ішкі саяси былықпалық, руханият, мəдениет саласындағы ұзақ
уақытқа жалғасқан күйреу... т.с.с. сан түрлі сарсаңдар халықты əбден
сансыратып, ел жадайын мүлде тұралатып кеткені мəлім. Тек 80 –
жылдардан кейін ғана беті бері қараған Қытай экономикасы 90 – шы
жылдарға келгенде, ұлттық жалпы өнім құны жағынан əлемнің ең алдыңғы
қатарына көтерілді. Демек, Пекин елдің экономикалық дамуына 40-50
жылда қол жеткізіп отыр деген сөз. Алайда, қытайлықтарды ұжмақ өмірде,
ертегі тұрмыс кешіріп отыр деуге əлі ерте. Мəселен, Дэн Сяопин «жаппай
кəсіпкерлікпен айналысуды» жүзеге асыруды дəріптеп кеткен болса, бүгінде
Жяң Зымин бюджеттік мекемелерді, оның қызметкерлерін «жаппай
қысқартуды» жүзеге асыруда. Осындай саясаттардың нəтижесінде
Қытайдағы «ұжмақ коммунизм» елесі де көзден бұл – бұл ұшып барады. Ал
енді, болса да КХР құрылған кездегі қытай елінің экономикалық, саяси,
мəдени мүмкіндігімен 90- шы жылдардағы біздің түрлі мүмкіндігімізді
мүлде салыстыруға келмейтін жағдайда болатын. Яғни, Қытай елі 1949
жылы тек қоғамдық формация өзгерткені болмаса, одан бұрын да, Пкин,
Шанхай, Тянжин, Нанкин, Гуаңжоу, Гонконг, Далиян секілді сауда мен
өнеркəсіпті негіз ететін ірі қалалары, порттары бар; елдік тіршілікке, халық
өміріне қатысты түрлі сала бойынша өндіріс орындары əлемдік деңгейде
дамыған; неше мындаған алпауыт капиталистері бар; жан санының 90
проценттен астамын қытайлар (ханьзу) құрайтын кəдімгі қатепті мемлекет,
ірі империя. Соның өзінде, соңғы елу жылда аяғын əлтек-тəлтек, ондысолды басып жүріп, тұрақты даму арнасын енді тауып отырған жайы бар.
Ал бізде тəуелсіздік жариялаған кезде, ондай мүмкіндіктің қайсысы болды?!
Жалғыз Алматы қаласы, о жер, бұ жердегі шикізат өндіруге арналған өзі
далиған, өзі мешеу жабдықталған «зауытсымақтар» ... Бар болғаны – осы
ғана. Соның негізінде біз мемлекет құрып, ел боп келе жатырмыз. Қайта,
құдайға шүкір дейік! 5 мың жылдық тарихы бар данышпан ұлттың
елендегідей, адамзаттың ескі мəдениет отанындағыдай, біздің 30-40
жылымыз саяси былықтарға, «мəдени төнкерістерге» сарып болып жатқан
жоқ. Ел құруға, тəуелсіздікті нығайтуға арналып жатыр. Жалпы, адамзаттың
өркениет тарихына, мемлекеттердің даму тарихына көз жіберетін болсақ,
алғашқы 20-30 жыл бір мемлекеттің қалыптасу кезеңі екенін аңғарамыз.
Өзге емес, өзіміз өмір сүрген КСРО – ның өзі 40-50 жылдан кейін ғана
«аузымызды аққа тигізген» жоқ па?! Міне, осылардың бəрін ой елегінен
өткізбестен, ақылға салып таразыламастан, жеті жылдық тарихы бар
Қазақстанның 7 ғасырлық немесе 70 жылдық тарихы бар мемлекеттердегі
жағдайды талап етеміз. Талап етуімізді дұрыс делік, бірақ оған ешқашан ел
басындағы бір қазақты кіналау арқылы қол жеткізе алмаймыз. Оған ел
болып талпыну – ұмтылу арқылы, ояу ұлттық санамен, сергек ақылмен, ар –
намысты ту еткен береке – бірлікпен ғана жетеміз.
«Ел басқарған қазақты кіналау» дегеннен еске түседі. Дұрыс, еліміз өз
тəуелсіздігін қолна алғалы бері, Нұрсұлтан Əбішұлы Қазақстан Президенті
қызметін атқарып келеді. Алғаш сайлаған өзіміз, 1996 жылы
референдуммен ұзартқан тағы өзіміз. Демек, Мəскеу тағайындаған жоқ.
Қалай болғанда да өз еліміздің басшысын өзіміз сайладық, өзіміз ұзарттық,
міне тағы өз таңдауымыз өзімізге беріліп отыр... Ал осы тəуелсіздіктің
алғашқы жеті жылына бүгінде «қара көзілдірікпен» қараушылар көбейіп
барады. «Өтірікті үш рет қайталасаң шын болады...» деп атам қазақ
айтқандай, «қара көзілдіріктердің» уағызына жұрт бірде болмаса бірде
иланып та қалып жүрген сыңайлы. Сондықтан Елбасының тікелей
араласуымен өткен оңды қадамдарды ел есіне тағы бір сала кетудің
артықтығы болмас – ау деп ойлаймын.
Жеті жыл ұлы тарих көшімен салыстырғанда қас – қағым сəт. Осы қысқа
ғана жеті жылда қазақ елі өзінің əлемдік қауымдастығы алар орнын берік
иемденіп, «Қазақстан» атағын айдай əлемге паш етті. Бұны əрине, ең əуелі
республика басшысының сыртқы жəне ішкі саясаттағы белсенді де ұтымды
еңбегінің бодауы деп ұққан орынды.
Ал енді назарды елдің ішкі жағдайына бұрар болсақ, ондағы саяси,
экономикалық, мəдени салалардағы жаңғыруларды, адамдар санасындағы
өзгеріс – сілкіністерді, жалпы əлеуметтік таным мен талғамдағы болып
жатқан бет – бұрыстарды бір ауыз сөзбен түйіндеу мүмкін емес. Тіпті саясат
пен экономика əрі сол саладағы реформалардың жалпы жағдайы туралы
сөзді аталған сала мамандарының еншісіне қалдырып, мəдени рухани
өмірімізде болып жатқан түлеуге, жаңғыруға, сілкініске ой жіберіп
көрелікші. Демек, бұнда да адамдар жан дүниесінің қатпар – қатпарына
сəуле шашқан, психология, таным – наным, тіршілік тынысы... секілді
салаларға да өз бедерін салып келе жатқан рухани жаңғырудың, ой – сана
бетбұрысының өрлеуін байқауға болады. Соның басты – бастыларын ендей
етіп, бойлай шолып, сарабдал сананың сүзгісінен тағы бір өткізіп, дəуір
безбеніне салып бағамдасақ ғажайып игі қадамдар жасалғанына куə
боламыз. Сол игі шралардың бірінші кезегінде Дүниежүзілі қазақтарының 1
құрылтайы өткені есімізде. Яғни 1992 жылы қыркүйекайында, сол кездегі
астанамыз Алматы қаласында дүниенің түкпір – түкпіріне тарыдай
шашырап кеткен қандастарымыздың басын қосып, төрт көзімізді
түгендедік. Себебі, тағдыр тауқыметімен бүгінде қазақ халқы əр елде өмір
сүріп жатқанымен, оның болашағына, тағдыр – талайына қатысты бір – ақ
жер бар, ол күллі қазақтың қара шаңырағы, ортақ отаны – осы Қазақстан.
Бұл туралы академик С. Сартаев құрылтайда:
«Қазақ мемлекеті – тек Қзақстанда тұратын қазақтардың ғана мемлекеті
емес, ол сонымен қатар дүниежүзіндегі қазақтарың ұлттық мемлекеті.
Сондықтан да ол бүкіл дүниежүзіндегі қазақтардың құқықтары мен
бостандықтарын құрметтеуі жəне қорғауы қажет» - деп орынды пікір
айтқан болатын. Демек, бұдан былай да қазақтың жоғы осында түгенделіп
бары осында базарланбақ. Міне бұл тəуелсіздігімізді қолға алғаннан кейінгі
бүкіл ел болып өткізген алғашқы шара – дүниежүзі қазақтарының 1
құрылтайы деген атпен тарихта қалды. Бұл шараның исі қазақ баласының
рухани оянуына елдегі қандастарымызға, шын мəніндегі елдің қожасы
болғандығын, құлдықтан құтылғандығын сезіндірсе, шетте жүрген
ағайындарға қамқор отанының, қорымал елінің бар екендігін ұғындырды.
Қысқасын айтқанда жер бетіндегі күллі қазақ ауымы сол құрылтайда күрт
оянып, орнынан тік тұрды деуге толық негіз бар.
Ал, одан кейін 1993 жылы Ордабасыда өткен – Төле, Қазыбек, Əйтеке
билердің 400 жылдығына арналған ұлыжиын – үш ғасыр бойғы отарлық
езгіде аран – аран болып ауыз бірлігінен айрылып қалуға шақ қалған қазақ
халқын тұтас бір тұлға етіп, бүтін бір бітім етіп, қайта қайнатып, қорытып,
біріктіріп кетті. Əсіресе ұлы үш биіміздің береке – бірлік, елдік – ынтымақ
жөніндегі ақылияларының жұрт санасына жаппай сіңірілуін, ұрпақтар
жүрегіне нəр болып құйылуын сол ұлы дүбірдің теңдессіз табысы деуге
болады.
Сосын араға жыл салып барып, яғни 1995 жылы ұлы Абайдың 150
жылдық мерейтойын əлемдік деңгейде өткізуге мүмкіндік алдық. Бұл
рухани шараның қазақ халқына бергені тіпті де ұшан – теңіз болғанын
астын сызып айтқымыз келеді. Яғни бұл жылы қазақ халқы ұлы ақынының
тағылымдарымен қайта бастан сусындай отырып, ел болудың , халық
болудың жолын, қамын етерңірек қарастыруға мүмкіндік алды. Сондай – ақ,
қазақ халқы Абайды, Абай қазақты əлемге мыөтап, одан сайын таныта түсті.
Сол арқылы Абай идеясы қазақ елініңі əлеуметтік – рухани мұраттарының
құбылнамасына айналды.
Міне осындай рухани түлеу, жаңғыру процестерін тағы да биік белеске
көтере түскен мəдени шаралар қаншама.
Ал енді 1997 жылы «ұлттық татулық жəне репрессия құрбандарын еске
алу жылы» болып, 1998 ж. «Ұлттық тарих жəне халық бірлігі» жылы болып
есте қалудан тыс, бұрыннан бүркеліп келген қыруар дүниенің беті ашылып,
халыққа жеткенін осы екі жылдың ең қомақты табысы деп бағалауымыз
керек. Себебі басқаны айтпағанда, тек осы екі жылда қанша бұрмаланған
ақиқат орнына келіп, неше бүркеулі шындықтың беті ашылып, қанша
ақтандақтардың орны толғанын сауатты жұрт жақсы біледі деп ойлаймыз.
Бұдан сырт 98 жылдың үлесіне, əлем алдында жаңа Астана тойын
абыроймен өткізгенімізде қосыңыз.
Міне, осынау əрісі халықаралық, берісі мемлекеттік, тіпті облыстық,
аудандық деңгейде атқарылып отырған ұлылы – кішілі шаралардың қай –
қайсысы болмасын, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей
басшылығымен немесе тапсырмасымен жүзеге асқанын қалай жоққа
шығаруға болады?! Егер Назарбаевтың орнында қазақтың əдебиеті мен
мəдениетінің, тарихы мен даналығының исі мұрнына бармайтын біреулер
отырғанболса жоғарыдағы шаралардың бірде – біреуі өткізілмеген болар
еді. Өтсе де аз деңгейінде болмас еді. Əрине, жүзеге асқан шаралардың басы
– қасында Н. Назарбаевпен бірге көптеген зиялы қауым өкілдері, біраз
ұлтжанды əкімдер мен министрлер, жалпы халық бұқарасы болғанын да
жасыра алмаймыз. Қош делік, демек елде жүзеге асқан игі шараларға зиялы
қауым өкілдері, əкімдер мен министрлер, жалпы халық бұқарасы өз
деңгейінде үлес қосқан екенбіз, ал саясаттағы кейбір «минустарға»,
экономиканың тез қарқын алмауына, қазақ тілінің өз деңгейінде күшіне
еңбеуіне біздің ешқандай қатысымыз жоқ деп ойлайсыз ба?! Олай
ойласаңыз қатты қателесесіз?!
Яғни зиялы қауым, əкімдер мен министрлер, жалпы халық бұқарасы –
елдегі он қадамға қалай үлес қосқан болсақ, теріс қадамға да солай «үлес»
қосып келеміз.
Ең əуелі зиялы қауым туралы айтайық, біз елдің ақылы мен парасаты, ары
мен ұжданымыз. Сондықтан да № 1 ұлттық байлық болып есептелеміз.
Түрлі жиын – тойларда, түрлі бас қосуларда елбасымен жиі кезігетін де
біздерміз. Сұранып, елбасының қабылдауында көбірек болатын да біздің
зиялы қауым өкілдері. Азат отаның болмаса, ел іргесі бүтін болмаса, сұрап
алған сыйлығын, тілеп алған атағын кімге дəрі?! Сондықтан зиялы қауым
қай кезде де елдік мүддені қорғайтын, ұлт болашағы үшін күресетін
авангард қосын ретінде саясатқа, елбасына игі ықпал етіп, көмектесіп
отыруы керек. Бұл бізге тағдыр сыйлаған, халықжүктеген қасиетті борыш.
«Аузын баққан би болады» деген жосық бізге жараспайды.
Ал енді əкімдер мен министрлерге, басқа да əртүрлі лауазым иелеріне
келетін болсақ, заң бойынша да, жөн бойынша да елбасы саясатын, мақсат –
жоспарын нақты орындаушылар, жүзеге асырушылар солар. Өркениетті
елдерде ауыл жағдайы үшін ауыл əкімі, ауданжағдай ыүшін аудан əкімі,
облыс жағдайы үшін облыс əкімі, қысқасы, əркім өзі басқарып отырған
ұжым үшін жауап беруге міндетті. Ал бізде керісінше, ауыл мен аудан
орталығы арасына автобус қатынамай қалса да, ауылдың магазині жабылып
қалса да, балаларға оқулық жоқ болса да Назарбаевты кіналап жатқаны!
Əрі-беріден соң осының өзі естіген елден ұят нəрсе. «Ауылымыздың,
ауданымыздың əкімі бар емес пе?, облыс əкімі қайда? Салалық министрлер
не қарап отыр?» деген сұрақтарды мүлдем ұмытқанбыз. Тіпті де сорақысы,
шағын, орта кəсіпкерлікпен айналысқысы келетін ағайындарға,
шаруашылығын дөңгелетіп барып жатқан фермерлерге, чиновниктер
тарапынан кедергіден басқа ештене істелмейді. Кəсіпкерлерді, фермерлерді
қат-қабат қағаздың (жасанды кедергі) астында қалдырып, сол арқылы
қорқытып, үркітіп, тонап отырғандар басқа емес, тек əр деңгейдегі
чиновниктер екені ащы болсада шындық. Тəртіп бұзуға, адамдар құқығын
аяққа таптауға баратын тағы да чиновниктер. Бірдеңе болса олар
жаланыжоғары жақтағыларға жаба салады. Сонымен аңқау ел жоғары
жақты кəналайды да жатады. Ал бұл жағдай, сол əр деңгейдегі чиновниктер
үшін көктеген сұрағаны жерден табылғанмен пара-пар деген сөз. Яғни
өздері сүттен ақ, судан таза, тек бір-ақ адам жаман, бір-ақ адам кіналы. Міне
елдегі экономиканың, тəртіптің, мəдениеттің, білімнің рулінде отырған
мəртебелі мырзалардың қылығы. Демек жұртқа елбасын жағымсыз
көрсетушілер де солар , ал одан шексіз игіліктеніп отырғандар да солар.
Əрине біз бұл арада көпке топырақ шашудан аулақпыз. Ия, тарихтан жақсы
білетініміздей, бек-төрелердің ақылдылығы мен тектілігі тек патшаның
абыройы ғана емес, жалпы халықтың бақыты. Егер бек-төрелерді (əкім)
халық өздері сайлайтын заман болса (оның да ауылы алыс емес), іскер
азаматтардың қатары тіптен өсе түсері даусыз .
Міне, ардақты ағайын, мен құдай ақы, біреуге жақсы көрінейін деп
отырған жоқпын. Шет елден елім деп еңіреп, отаным деп оттай жанып
жеткен қазақтың қара баласымын. «Жұтаған жұртын мақтайды» демеңіздер,
мен Қытайдан жан баға алмай келгенім жоқ . Бекер обалы қане, керісінше,
Қытайдағыжағдайым өте жақсы еді деуіме болады. Қытай жастары
сыйлығынан иегері едім, жыл сайын кітаптарым шығып тұрды. Бірақ,
онлағы жақсы тұрмыс, бардам тірлік, атақ-абырой дегендерді тəуелсіз
отанның бір жұтым ауасына айырбастап, құстай ұшып, атамекенге оралған
жайым бар.
Жоғарыда айтып өткенімдей, дербес Отаным – Қазақстанымның
қадамына, оның басшысына қояр кінам жоқ. Əрине Нұрсқлтан Əбішұлы да
ет пен сүйектен жаралған пенде ғой, кемшіліктері бар шығар, алайда сол
кемшілікті көріп тұрып,
айтпаған өзіміз, əсіресе зиялы қауым, біз көбірек кінəліміз. Сондай – ақ
елдік ізгі ниетпен, таза жанашырлықтан туған ойларды жəне де дер кезінде
елбасымызға жетіп отыруға тиісті шындықтарды, кейбір құнды талап –
пікірлерді өзінше «сақсынып», жақсы атанып жарияламай қоятын əртүрлі
бұқаралық ақпарат құралдарынан басшылары көбірек кінəлі деп ойлаймын.
Ондай дүниелерді жариялап отырудың ең əуелі елдік мүдде үшін керек
екенін, сосын елбасына көмек екенін бағалап – бағамдайтын кезіміз болды
ғой. Бұлардан тыс, елбасының ойын емеурінінен түсініп, заң негізінде
ұлттық мүддемізді түгендейтін іскер, саналы басшылармыздың аздығы
үлкен ұтылыстарға əкеліп отыр. «Елбасының ойын емеурінінен түсініп»
дегеннен еске түсдеі: Президент Н. Назарбаев өткен жазда, бір облыста іс
сапарда болғанда, облыс орталығының үлкен алаңында тұрған Ленин
мүсінін нұсқап, «Жігіттер, мына «көсем» осылай тұра бере ме? Бұның
орнын би, хан, батырларымыздың ауыстыратын уағы болды ғой, бұған да
менің жарлығым керек пе?» деген сөзін теледидардан ет құлағымызбен
естідік. Ал осы сөзден кейін, қазақ даласы мен қалаларында қаптап тұрған
«отаршыл мүсіндер» қалмауға тиіс еді... Бірақ, біздің чиновниктерді
президент осылай əрбір «əйкелге» ертіп барып, «мынаны құртт та, ананы
орнат» демесе қозғалмайды. Бұл арада мысал «ескерткіш» туралы ғана
болып отырғанымен чиновниктер тірлігі барлық сала бойынша солай. Ол
туралы жоғарыда айтылды.
Саналы, қалыпты адам үшін отаннан қымбат, отаннан қасиетті байлық та,
ұғым да болмауға тиіс. Сол қымбат, қасиетті отанымыз, бүгінде
қалыптасудың, елдік негізін қалаудың ауыр айларын басынан өткеруде. Тек
қоғам тыныш, ел іргесі бүтін болса, біз болмасақ та ұрпағымыздың бақытты
боларына шүбəланбаймын. Сондықтан, «көпірде көлік ауыстырмайтын»
қазақтың баласымыз ғой, өзге жұрт не десе о десін, Нұрсұлтан Əбішұлының
бастаған ісін бір елге шығаруына мүмкіндік берейік. Ең кемінде дербес
мемлекет ретінде қалыптасып алайықшы, сосын патшаны таңдау, сайлау
қолайға жақпаса алып тастау секілді құбылыстар түк те болмай қалады. Дəл
қазір біз «тойға айналғанда, қойға айналатындардың» қаупі ішімізде де
сыртымызда да жоқ емес, ондай қауіпке төтеп берер, қауқар бізде əлі жоқ.
Болған күнде де Оңдайдан құдай сақтасын дейік!
Не нəрсенің болса да, туылып, қалыптасу кезеңі аса бір қиын жағдайларға
толы болады.
Сол секілді біздің де «арбамыз» толық жабдықталып, тұрманы түгенделіп,
өз жолына түссін. Ол үшін «жабдықтаушыға» жағдай жасайық, мұрса
берейік дегім келеді. Сондықтан Отанның амандығын ойласақ, ел
болашағын, ұрпақ тағдырын ойласақ, дəл осы жылы Нұрсұлтан Əбішұлын
ауыстырудың реті жоқ.
Одан гөрі, сайлап қана қоймастан, жалпы халық болып, оның елдік
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 04
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.