Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 10

Total number of words is 3738
Total number of unique words is 2189
27.8 of words are in the 2000 most common words
39.5 of words are in the 5000 most common words
47.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қандастарымызға қолдан келгеннің бəрін жасап, тіпті арнайы ауыл салып
беріп, сауапты да игілікті іс тындырып жатқанын атап айтуға тиіспіз.
Бүгінде еліміздің бірнеше аймақтарында бейімдеу орталықтары құрылып,
өзге ортадан келген ағайынның өз еліне тез сіңісіп кетуі үшін қажетті шартжағдайдың бəрі жасалуда. Алайда соңғы жылдары көш кідіріп, белгіленген
квота мөлшері толмай қалатын жағдай жиі қайталана бастаған болатын. Бұл
мəселеге 2011 жылы мамыр айының 25-27 күндері елордамыз – Астанада
өткен Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайында Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі баса назар аударып, қандастарымыздың құжат
тапсыру, тіркеуге тұру, азаматтық алуда кездесетін түрлі кедергілерді жою,
қандастарымызды Отанға оралту жұмысын жүйелей түсу жұмыстары
бойынша нақты тапсырмалар берді. Елбасы, Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының Төрағасы осы құрылтайда алдағы кезде атқарылуға тиіс
жұмыстардың бес бағытын айқындап берді: бірінші – елге оралатын жəне
оралып жатқан қандастарымыздың жағдайын жақсартуға септігін тигізетін
«Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заң қабылдау; екінші – шетелдегі
қазақ жастарының Қазақстанға келіп сапалы білім алуы үшін оларға
бөлінетін гранттық квотаны нақтылап, олармен жүйелі жұмыс жүргізу;
үшінші – шеттегі қазақтардың Қазақстанмен жан-жақты байланыс
орнатуына көмектесу; төртінші – қандастарымыз тұратын елдерде ұлттық
мəдениет пен өнердің кеңінен таралуына жəрдемдесу; бесінші – шетелдерде
кіші құрылтайларды тұрақты өткізіп тұру қажеттігіне жан-жақты тоқталды.
Демек қазақ көші əлі де жалғаса береді деген сөз. Келемін деуші ағайынға
отанның құшағы айқара ашық. Ал келген ағайындарымыздың басым
көпшілігі атажұртқа орнығып, тиісті шаруасымен айналысып, балашағалаларын өсіріп, Отан төрінде беймарал өмір сүруде. Кейде аннанмұннан Қазақстандағы көшіқон жұмыстарын сыпыра жоққа шығарып,
оралман атаулыны түгелдей жетім баланың күйін кешіп, күнін көре алмай
жүргендей етіп сүмірейте көрсету нысайлары да қылаң беріп қалады. Тағы
да қайталап айтамыз, тəуелсіздік алғаннан бері еліміздегі жүзеге асқан ең
маңызды, ең ауқымды, мақтанып айтуға тұрарлық табыстарымыздың бірі
һəм бірегейі – шетелдердегі ағайындарды атажұртқа көшіріп əкелу.
Өзімізбен қатар тəуелсіздік алған республикалардың ешқайсысы да тап
осындай ауқымды істі жүзеге асыра алған жоқ. Оған тəуекелдері жетпеді.
Ертегідей ерлікке пара-пар мұндай қадамға тек
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қана бара алды.
Ерлік емей немене?! Тəуелсіздігін жаңа алған Қазақ елін аяғынан
тұрғызудың қат-қабат қиындықтарына қарамастан, шетелдерде өмір сүріп
жатқан қазақ диаспорасын елге оралтумен жүйелі айналысуға –
отансүйгіштік үлкен жүрекпен қоса, көзсіз ерлік те қажет болатын.
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылда бір миллионға жуық
қандастарымыздың тарихи Отанына оралуы – Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың ел тəуелсіздігінің
алғашқы жылынан бастап, батыл да дəйекті түрде жүргізіп келген салиқалы
саясатының жемісі мен жеңісі екендігін атап айтуға тиіспіз.
«Əр қазақ менің жалғызым» деп ақын жырлағандай, жанымызға жан,
айбынымызға айбын қосқан бір миллион қазақ түгілі, Қазақ елі үшін бір
қазақтың соқа басының өзі баға жетпес байлық. Оның сыртында шеттен
келген бауырларымызбен бірге елге оралып жатқан мəдени
құндылықтарымыз отандық мəдениетіміздің дамуы мен өркендеуіне тың
тыныс, жаңа өріс сыйлағанын неге мақтанышпен жыр етпеске!? Атап
айтқанда қазақтың қаймағы бұзылмаған шұрайлы тілі мен бай əдеби
мұралары, діни сенім-нанымы мен халықтық салтдəстүрі, ұлттық рух пен
мінез-құлқы, ұлттық қолөнердің əр түрлі үлгілері, Қазақ елінде ұмыт болып
бара жатқан көптеген əн-күйлері мен билері осы оралманбауырларымызбен
бірге соңғы жиырма жылда отандық мəдениеттің қоржынына қосылды.
Бұдан тыс, атажұртқа оралған ағайындардың арасында еліміздің
іскерліккəсіпкерлік саласында, ғылым-білім саласында, өнер мен мəдениет
саласында жемісті еңбек етіп, Қазақ елінің дамуы мен гүлденуіне өзіндік
үлес қосып жүргендері қаншама?!
Бір ғана əдебиет саласына назар аударар болсақ, көші-қон саясатының
арқасында қазақ қаламгерінің қатары жүздеген талантты ақынжазушылармен толыққанын көреміз. Елге оралған қандас қаламдастардың
əдебиетімізге тың тыныс, жаңа леп алып келгені өз алдына, бəрінен де
маңыздысы, олардың қаламынан туған қазақ халқының өзге елдегі тыныстіршілігі мен тағдырталайы отандық оқырмандардың жүрегіне жол тартты.
Сондай-ақ қазақ қиссадастандарының ондаған томы, ағартушы ақындар
Ақыт қажы Үлімжіұлының, Көдек Маралбайұлының, Əсет
Найманбайұлының, Таңжарық Жолдыұлының шығармалары, XV ғасырда
өмір сүрген əйгілі қазақ шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының
«Шипагерлік Баян» атты медициналық алып еңбегі, Қажығұмар
Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романы атажұртта жарық көріп, еліміз
руханиятының көкжиегін кеңейте түсті.
Ал өнер саласында, əлемнің түкпір-түкпірінен елге оралып жатқан бұлбұл
көмей, жез таңдай əншілердің бəрін тізбелеп жатпай-ақ, бір ғана Майра
Мұхамедқызының Қазақстанның əн өнері мен музыка мəдениетін əлемдік
жаңа белеске көтергенін айтсақ та жеткілікті.
Ұлттық би өнеріміз тəуелсіздік жылдарында өзінің жаңаша даму арнасын
тапты десек, бұл салада Шұғыла Сапарғалиқызы алып келген би мектебі
атажұрттағы ағайынның үлкен қызығушылығын туғызып, қазақстандық
жаңаша би өнерінің дамуында белсенді рөл атқарды. Ал ұлттық дəстүрлі би
өнерінің жауһары болып саналатын «Қара жорға» биі бүгінде еліміздегі
бірегей əмбебап ұлттық биге айналды.
Таэквондо – қазір еліміздегі қанатын кеңге жайып, тез өркендеп келе жатқан
спорттың бір түрі. Оның қазақ топырағына келіп, тамыр жаюы Мұстафа
Өзтүріктің есімімен тікелей байланысты. Ал боксшыларымыз Бақыт
Сəрсекбаев пен Қанат Исламұлы əлемдік шаршы алаңда ел абыройын
асқақтатып, көк туымызды биікте желбіретіп жүр.
Тəуелсіздік жылдарында əлемнің əр түкпірінен келіп еліміздегі білім мен
ғылым саласына қосылған жоғары білікті педагог, ғалым бауырларымыз да
аз емес. Олардың бəрі бүгінде еліміздің жоғары оқу орындары мен
ғылымизерттеу орталықтарында жемісті еңбек етуде. Əсіресе Зардыхан
Қинаятұлы, Мініс Əбілтай, Сартқожа Қаржаубайұлы, Нəпіл Пазілханұлы,
Нəбижан Мұхамедханұлы, Ислам Жеменей, Дүкен Мəсімханұлы,
Тұрсынхан Зəкенұлы, Бақыт Еженханұлы, Жанымхан Ошанұлы қатарлы
тарихшы, əдебиетші, тілші ғалымдар тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан
бастап мамандықтары бойынша жас мамандар тəрбиелеу мен ғылымизерттеу ісін қатар өрістетіп келеді. Олардың кейбіреуі қазіргі жəне ежелгі
моңғол тілін, кейбірі қазіргі жəне ежелгі қытай тілін, тағы біреуі қазіргі
жəне ежелгі парсы тілін, енді біреулері ежелгі түркі тілі мен шағатай тілін
мықты меңгерген білікті мамандар. Осындай ғалым, ұстаз
бауырларымыздың елге оралуымен бұрынғы ұлы держава
шығыстанушыларының аузына қарайтын тарих артта қалды. Əсіресе,
аталған ғалымдардың атсалысуымен «Мəдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы аясында Шығыстың көне мұрағаттарындағы қазақ жəне
Қазақстан тарихына қатысты құнды деректер ғылыми жүйеленіп қазақ
тіліне аударылды. Сондай-ақ олардың қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін
толықтыратын том-том сүбелі ғылыми еңбектері оқырманмен қауышып,
еліміздегі азат ой-сана мен жаңа тарихи көзқарастың қалыптасуына
мұрындық болды.
Ал іскерлік-кəсіпкерлік салада да ел экономикасы мен қазақстандық
өндірістің дамуына елеулі үлес қосып жүрген бауырларымыз аз емес.
Солардың көрнекті өкілі ретінде, мыңдаған адамды жұмыспен қамтып
отырған ерлізайыпты кəсіпкерлер Талғат Мамырұлы мен Фəрида
Мерхамитқызын атап айтуымызға болады. Фəрида Мерхамитқызы қазақ
халқының салт-дəстүрі мен қолөнер шеберлерінің ежелгі əдісін сақтай
отырып жаңа стильдегі жоғары сапалы киім, əртүрлі арнайы жұмыс
киімдері мен сувенирлер шығаратын, бүгінде сапалы өнімімен əлемнің
көптеген еліне танылып үлгерген кəсіпорын «Ерке-Нұр» компаниясының
президенті. Ал бизнесті басқару ғылымының докторы, профессор Талғат
Мамырұлы қоғамдық сұранысқа сай, 2007 жылы өз қаражатымен
«Халықаралық қазақ-қытай тіл академиясы» колледжін ашып, «Аударма
ісі», «Туризм», «Тігін өндірісі жəне киімді модельдеу», «Екі шет тілі» (қытай
жəне ағылшын), «Іс қағаздарды жүргізу жəне мұрағаттану», «Киім дизайны»
сияқты мамандықтар бойынша кəсіби-техникалық кадрларды дайындап
келеді. Бұл біздің еліміздегі гуманитарлық білім беру мен
кəсіптіктехникалық білім беруді өзара ұштастырған алғашқы кəсіптік оқу
орны болып табылады.
Ал Елбасының көші-қон саясатының арқасында елге оралған малшы мен
егіншіні, жеке кəсіпкерлерді айтпағанның өзінде, неше жүздеген
жаратылыстық, техникалық ғылым салаларының ғалымдары, медицина
мамандары, əскери һəм құрылыс-инженерлік сала мамандары, ІТ
технология мамандары т.б. небір жаңа, қат мамандық иелері туралы айтып
жатуға уақыт тар.
Қысқасы «Елге ел қосылса – құт» деген осы. Елбасымыздың көші-қон жəне
демография саласындағы салиқалы саясатының, шетелдердегі қазақ
диаспорасы жөніндегі ізгі ниетінің арқасында өлгеніміз тірілді, өшкеніміз
жанды, ортамыз толды, ойдағымыз болды!
Дегенмен, бəрі «қатып кетті» деп, бөрікті аспанға атуға əлі ерте. Жеріміздің
көлемі мен жан санымыздың пропорциясы əлі де сын көтермейді. Алысжақын шетелдердегі елге оралғысы келетін ағайындардың саны күн өткен
сайын өсе түсуде. Өкінішке орай, өткен жылдан бері атажұртқа ағылып
жатқан қазақ көші қаңтарылып қалды. Бұл Қазақстанда қазақтардың
санының өсуін қаламайтын еліміздің іші-сыртындағы мысықтілеулі
дұспандардың істеп отырғаны деп ойлаймыз. Олардың ел ішіндегі
қолшоқпарлары БАҚ арқылы оралмандарды ағаш атқа теріс мінгізіп,
отырса опақ, тұрса сопақ қылды. Тіпті «Қазақстан қоғамындағы
орнықтылықты бүлдіретін қауіпті фактор» дегенге дейін барды.
Арам пиғылдан туған бұндай қаскөй насихатқа Елбасының төңірегіндегі
кейбір «новый қазақтардың» иланып қалғаны да белгілі болды. Бұндай
жағымсыз пікірдің қалыптасуына оралман ағайындар арасындағы санаулы
кербақпалардың қылығы да «ілік» болғанын жоққа шығармаймыз. «Ондай
Ораз қайда жоқ» дегендей, адам болған соң, естісі мен есері, телісі мен
тентегі қатар жүрмей ме?! Ендеше «ит үреді екен деп, керуенді кідіртсек»,
битке өкпелеген болмаймыз ба?!
Қысқасы Елбасымыздың Қазақ елінің тағдыры мен болашағын ойлаудан
туған, өзі білек түре кіріскен, бүгінде жемісін де бере бастаған стратегиялық
ұлы саясаты еш қашан сұйылмауға тиіс деп ойлаймыз. Сондай-ақ елдегі
үлкенді-кішілі əкім-қараға, қалталы ағайындарға Елбасымыз бас болып
жүргізіп келе жатқан осы саясаттың түп-төркінін түсіну үшін қайталай
университет оқудың қажеті жоқ шығар?! Мəселен, əр бір аудан, əр бір
кəсіпкер əр жылы бір ағайынның отбасын бауырына басса, бюджетке
салмақ салмай-ақ, қанша ағайын елге оралар еді, есептей беріңіз…
Түйіндеп айтсақ, біздің де мақсат жағыну емес, Елбасымыз
Н.Ə.Назарбаевтың көші-қон, диаспора саясатының тағылымын жұрт
қаперіне бір салу. Ол тағылым мынау: Ел боламыз десек, өсіп-өнейік,
көбейейік. Көсегеміз көбейсек қана көгереді!
«Егемен Қазақстан» газеті. 27маусым 2012ж. №352.
 
ІІ БӨЛІМ.
ЕЛДЕН ЕЛДІҢ НЕСІ АРТЫҚ?...
ШЫҒЫС ХАЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ БƏРІМІЗГЕ ДЕ
ҚЫМБАТ
- Профессор Əбсаттар Дербісəлиевпен сұхбат
- Əбеке, сізді жұрт шығыстаушы ғалым ретінде жақсы біледі. Сондай-ақ
ҚазМу-дың шығыстану факультетін біраз жыл бұрын басқарғаныңыз да ел
есінде. Міне, сол өзіңіз шаңырағын көтеріп, уығын шаншыған шығыстану
факультетінің өмірге келгеніне де бес жыл болып қалыпты. Сондықтан
аталған факультет туралы газет оқырмандарына кеңірек əңгімелеп берсеңіз.
- Өзің айтқандай, небəрі бес-ақ жыл болса да ол университетіміздегі іргелі
факультеттердің қатарына қосылып үлгерді. Бірақ оның іргетасы 1977 жылы
қаланған болатын. Сонау 1960 жылдардың өзінде-ақ республикамызға
шығыс тілдері мамандарының өте қажет екендігі жайлы баспасөз бетінде
пікірлер айтылып жүрді. Сол жайт қозғау болды ма, əйтеуір 1975 жылы
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесі
араб тілін оқыту жəне оған қажет мамандар даяарлауға арналған қаулы
қабылданды. Онда ҚазМу-де, «Мектеп» баспасы мен республиканың ғылым
академиясында араб, шығыстану бөлімдерін ашу, Қазақстан бойынша 10
орта мектепте араб тілін оқыту туралы айтылған-ды. Соған орай болу керек
1977 жылдың басында мені ҚазМу-дың филология факультетіне оқушылық
қызметке шақырды. Соның алдында ғана Москва шығыстану
институтының аспирантурасын бітіріп, Қазақ ССР Ғылым академиясының
М.О.Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институтына ғылыми қызметкер
болып орналасқанмын. Араб əдебиеті бойынша кандидаттық
диссертациямды бітіріп, енді қорғау алдында жүр едім. Ақыры келістім де
келдім. Сөйтіп сол жылы филология факультетінің қазақ бөлімінен 12
студентті бөліп алып араб тілінен дəріс беруге кірістім. Ал 1979 жылдан
бастап араб бөліміне енді өз алдына 25 шəкірт жеке қабылданды. Біртебірте шығыстанушы мамандар да жинала бастады. Біздің ортамызға
Ленинрад, Ташкент, Душанбе университеттерінің шығыстану
факультеттерін бітірген Г.Нəдірова, Ф.Мамеко, Б.Райханова, Б.Əміреев,
Ж.Еңсебаев, Ж.Тоқмамбаев сияқты жас мамандар келіп қосылды. 1984
жылы біз өз алдымызға «Шығыс филологиясы» атты жеке кафедра болып
бөлініп шықтық. Сол жылдан бастап араб бөлімінің студенттері Тунис,
Марокко, Иордания, Сирия іспетті араб елдерінің жоғары оқу орындарына
барып біліктілік арттыруға кірісті. Мұның болашақ жас шығыстанушылар
үшін маңызы зор екені өзінен-өзі түсінікті болса керек. Араб тілдерінің
мектептерге енгізілуіне байланысты біз енді 2-11 класс шəкірттеріне арнап
араб тілінің бағдарламасы мен оқу құралдарын жазуды да қолға алдық.
М.Мəженова, Б.Тасымов, Ж.Тоқмамбаев, М.Шафиғов, Г.Рамазанова секілді
арабтанушылардың оқулықтары мен оқу құралдары жас жеткіншектердің
қолына тиді. Осы ретте ерекше атап айтарлық жəйт – республикамызда
араб тілін оқыту мен дамытуға ҚазМу-дың сол кездегі ректоры, академик
Өмірбек Арыстанұлы ағамыз көп көмек көрсетті. Сол жылдары осы бір
абзал азаматтың арқасында араб тілі мен əдебиетін оқытудың іргетасы
мықтап қаланды. 1986 жылдан бастап факультет болуға жағдайымыз келдіау деген кезде араб бөлімі негізінде жеке факультет ашу жайлы өтініш
білдіре бастадық. Біреулерден қолдау тапсақ, енді біреулердің қарсылығына
да ұшырадық. Жасырып-жабары қайсы, əйтеуір неге болса да бір
ауыздылығымыз кем түсіп кері тартып тұратын халықпыз ғой. «Осы Шығыс
тілдерін оқыпзерттеу неге керек?!» деген сұрақтар да алдымызды кесекөлденеңдемей қалған жоқ.Содан құдай оңдағанда Қазақстан Коммунистік
Партиясы Орталық Комитетінің сол кездегі хатшысы Өзбекəлі Жəнібеков
ҚазМу-ге келіп араб бөлімінің жұмыс жағдайымен танысып, мүмкіндігіне
көз жеткізді де, шығыстану факультетін ашуға көмектесті. Содан бастап
факультетімізде біртебірте жаңа кафедралар ашыла бастады. Мəселен,
қытай, иран-түрік, Азия жəне Африка елдерінің тарихы кафедрасы өз
алдына жеке шаңырақ көтерді. Жапон, урду тілдерін оқытуды да қолға
алдық. Сөйтіп қазір араб, парсы, түрік, қытай, жапон, урду тілдері бойынша
мамандар дайындалуда. Əрине мамандықтан мамандықтың жорағасы жоқ,
дегенмен егемендігін енді алып, халықаралық қатынастарды өзінше жүргізе
бастаған жас республикамыз үшін шығыс тілдерін білетін мамандар өте
қажет. Өйткені дербес ел ретінде Қазақстан қазір шет елдермен барыскелісті жиілетіп, ғылыми, мəдени, сауда, дипломатиялық қарым-қатынасты
жаңа белеске көтеруде. Осы тұстағы ең үлкен, əрі басты проблема бірнеше
тіл білетін білікті дипломат кадрлардың тапшылығы дер едік. Міне біздің
шығыстану факультетін бітірген жас мамандар осы бір өзекті іске үлесін
қосуда. Өйткені республикамызда дəл қазір мұндай факультет ҚазМу-да
ғана. Болашақта үнді, қытай, малай, вьетнам тілдері білімдерін ашсақ деген
ойымыз да бар. Өкпе тұсымызда жатқан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бұл
елдер мен де толыққанды қатынас жасау үшін сол жұрттың да тілін меңгеру
керек. Себебі біз де шығыс дүниенің ажырамас бір бөлігіміз. Əрі
ұлтымыздың да шығыс халқы екендігі шындық. Оны тек географиялық
орнымыз ғана емес, жалпы халқымыздың нəсілі, мəдениеті мен этикасы да
айқындап тұр. Осы тұрғыдан келгенде біздің шығыс елдермен рухани
туыстығымыз, іліктестігіміз, қарым-қатынасымыздың тамыры тереңде.
Қазақ даласына ислам діні келген кезден басталатын мұсылман
мəдениетінің өзі де халқымыздың тарихында өзінше жаңғырып, өзге түр,
өзгеше дəстүрмен байлап, толыға түсті. Бəрін айтпағанның өзінде араб
алфавитінің өзін біз 1929 жылға дейін яғни 10 ғасыр бойы пайдаланып
келдік. Ал Қытай қазақтары ол жазуды күні бүгінге дейін қолдануда. Сондай
құнарлы да құйқалы мəдениет топырағының төлдері болып табылатын
талай – Тарази, Фараби, Сығнақи, Женди, сандаған Исфиджаби (Сайрами),
Түркістани, Баласағұни, Дулати, Жалайырилерді бүгінде кім білмейді?! Ал
сол тұстағы араб, парсы тілі немесе кейініректегі араб алфавитімен
жазылған рухани жазба жəдігерлігімізбен аталған ғұламаларымыз
қалдырған мұраны бүгінгі ұрпақ игілігіне айналдыруға қолқабыс ететін де
біздің шығыстану факультетінің болашақ жас зерттеушілері дер едім. Ал
қытай тілін үйреніп жатқан мамандар ше? Олар тек ҚХР мен Қазақстанның
дипломатиялық қатынасы немесе барыс-келістегі тəржіма үшін ғана емес.
Қытайдың көне жазбаларындағы халқымыздың ежелгі тарихын оқып-біліп,
сол арқылы тарихымыздың байып, кемелденуіне есе қосу үшін де қажет.
Сондай-ақ факультет дайындайтын болашақ жапонтанушы,
үндітанушыларға да артар үміт мол. Жалпы ҚазМу-дың шығыстану
факультеті республикамыздағы шығыс тілдерінің мамандарын даяарлайтын
білім ошақтарының бірегейі дегім келеді.
- Мынау мəдениет зерттеуші ғалымдар арасында «Батыс мəдениеті олай»
немесе «Шығыс мəдениеті былай» деген сияқты пікір-таласы жиі болып
жатады. Өзіңіз шығыстанушы ғалым ретінде бұл туралы қандай
көзқарастасыз?
- Жалпыға мəлім жəйт-азаматтың əр тектілігі салдарынан мəдениетте де
плюрализм (көп тектілік назариясы) дүниеге келді. Асылы адам баласы
жасаған мəдениеттің жаманы жоқ. Кейбіреулердің мəдениетті бəсекеге
салып, тəркілейтіні ғана жаман. «Менікі озық, сенікі тозық» деп өз
мəдениетін көкке самғатып, өзге жұрт мəдениетін тұқыртатын сыңаржақ
зерттеушілер əдетте халықтар арасына жік түсіріп, алауыздыққа
итермелейді. Өкінішке орай қазір де əлемнің əр тұсынан осы тақылеттес
сорақылықтарға мұрындық болып жүрген («ғалымсымақтар») кездесіп
қалады. Бұл сол баяғы атышулы Еуропацентризм концепциясының
жаңғырығы. Өз басым адам баласы жасаған мəдениеттің жаманы жоқ деп
ойлаймын. Дей тұрғанмен əр нəсіл, əр ұлт əр тайпа қанына сіңген, жанына
дарыған өз мəдениетінің этикалық нормаларымен күн кешеді. Бұл əрине
өзге мəдениеттің жамандығынан емес. Сондай-ақ мəдениеттің өзі де
өзгермейтін, қатып қалған нəрсе емес, қайта өзге де жамағат жасаған
мəдени байлықтармен толығып, байып отырған құбылыс. Мəселен,
көшпенді халықтар отырықшыға айналса, қала мəдениетін қабылдамай
қоймайды. Керсінше, отырықшы халықты көшпелі елдер қатарына апарып,
сол тұрмысқа дағдыландырса уақыт өте олардың да сол мəдениетке
бейімделетініне таңқалуға болмас. «Мəдениеттің жаманы жоқ» деген ой
осыдан туындаса керек. Ал енді Шығыс мəдениетін зерделей білген
адамның ( мейлі ол Шығыс яки Батыс халқының өкілі болсын) оны мешеу
деуге аузы бармайды. Ата мен бала, үлкен мен кіші, туыстық арақатынас,
ұрпақ парызы, қайырымдылық секілді ізгі қасиеттерді Батыс ғалымдары
қазір «нағыз адами қасиет» ретінде өз елдеріне насихаттай бастады. Тарихқа
үңілсек Шығыс мəдениеті дами келе гүлденудің шыңына шығып,
«салқындай» бастаған тұста, Батыс мəдениеті «ояну дəуірін», «саналы»
түрде енді ғана бастаған. Демек уақыт тұрғысынан алғанда да Шығыс
мəдениетін адамзат тарихындағы «аға мəдениет» деуге толық негіз бар. Ал
Батыс мəдениетінің соңғы ғасырлардағы техникалық «жетістік-термен»
толықтандырылып отырғандығынан, оның əлемге ықпал-əсері де
ерекшелеу болды. Ұзын сөздің қысқасы, «Батыс, Шығыс» деп керілдесудің
орнына əр халық өз мəдениетін дамыта отырып өзгелердің мəдениетін шет
қақпай қылмаса адамзат мəдениетінің бағы жанар еді.
- Біздің қазақ сол «Шығысқа» жататын Азиялық халық қой. Дегенмен
соңғы ғасырда Батыс мəдениеті қазақ мəдениетіндегі дəстүрлі «шығыстық
бояуды» солғындатып жіберген жоқ па?
- О не дегенің?! Солғындатқанды былай қойып халық ретінде жойлып кете
жаздаған жоқпыз ба?! Оның себебі де сол жоғарыда айтылғандай, бір
мəдениетті екінші мəдениеттің шетке қағуында, яғни отаршылдардың бодан
халықты көзге ілмей, немесе оны жойып жіберу ниетінен ажырамауында
жатыр. Мəселен, біздің дініміз ұзақ жылдар бойы «апиын» деп
насихатталып мешіттеріміз қиратылды, немесе шектеуге ұшырады, ал
христиан діні ше? Шіркеулер Қазақстанда онда қысым көрген жоқ.
Ғасырлар бойы жасалған этикамыз «феодалдық мешеулік» болып шықты
да, жатжерліктердің этикалық нормалары үлгі ретінде ұсынылды, зорлап
таңылды. Соның нəтижесінде халқымыздың тарихында болмаған «қарттар
үйі», «тастанды балалар үйі», «алқаш» деген атаулар шықты. Той-томалақ,
қонақасы арақ-шарапсыз өтпейтін болды. «Коммунизмге орыс тілімен
барамыз» деген іспетті жалған ұран желеуімен тіліміз шеттетілді. Өз
тарихымыз бен мəдениетімізге өзге ел көзімен қарауға дағдыландық.
Рухани байлығымызды «Батыстың барометрімен» өлшейтін болдық.... Иə
сөйтіп Шығыс халқы бола тұра «батыстана» жаздаған жайымыз бар. Енді,
тізгініміз қолға тиіп, тəуелсіз елге айналған бүгінгі күні, бодан кезімізде
жоғалтқан асылдарымызды тауып, өзімізді өзіміз қайта танымасақ былайғы
жерде «ұлттық мəдениет», «ұлттық намыс», «ұлттық мақтаныш» дегендерді
сөз ету де мүмкін болмай қалады. Ал олар болмаған жерде «ұлтпыз,
халықпыз» деуің өзі бос сөзге айналады.
- Əбеке, бүгінде біраз қайраткерлеріміз «Ислам фундаментализімі»
дегеннен қорқып, дініміз жайлы тереңірек сөз ету де керенаулық танытып
отыр. Аталмыш «Ислам фундаментализмі мен «Ислам дінінің ара-жігі
туралы өзіңіз қандай танымдасыз?
- Ислам дінінің тарихын тəпіштеп оған түсінік беріп жатудың қажеті
шамалы болар. Өйткені ол жайлы жақсылық-жаманды бірқатар еңбектері
жарияланды ғой. Ал, «ислам фундаментализімі» дегенге келсек, бұл өзі
ойдан шығарылған, немесе исламға көпе-көрнеу тағылған қоңырау дер
едім. «Фундаментализм» деген атау тұңғыш рет Америкада 1909-1910
жылдары христиан дініне байланысты шыққан. Христиан дінінің кертартпа
топтары ұстанған ағым өкілдері фундаменталистер деп аталған. Олар
«Інжіл» уағыздарын бастапқы кезіндегідей бұлжытпай орындауды талап ете
отырып, оған сын көзбен қарап шүбə келтіруге үзілді-кесілді қарсы шыққан.
Олар христиан фундаменталистерінің бүкіл əлемдік ассоциясын құра
отырып өз ықпал-əсерін өзге жұртқа да таратуға тырысқан. Сөйтіп түптамыры христиан дінінде жатқан фундаментализм соңғы кездері ислам
дініне зорлап таңылып отыр. Отаршыл тəуелсіздігін енді алған Орта Азия
мен Қазақстан халқын мұсылман əлемінен шектеп, бөлек ұстап, шеңгелінен
шығармас үшін бізді ислам фундаментализімі атты ойдан шығарылған
қисынсыз нəрсемен қорқытып, үріткісі келеді. Мұсылман халқы немесе
түркі жамағаты бірігіп кетсе үлкен күшке айналады, қол астымыздан шығып
кетеді деп қауіптенеді. Отаршылдардың мұндай айла-шарғыларына сеніп,
алданып жүргендер де өкінішке орай жоқ емес. Қазір республикамыздың 60
процентке жуығын əлдекімдер жалаулатып жүргендей орыс тілділер емес
мұсылман халқы құрайды. Осыны да көбірек айтып халықтың құлағына
сіңіре беру керек. Қазақ халқының мұсылман екені шын болса, Қазақстан
Республикасының мұсылман елдер қатарына жатқызылуы заңды құбылыс.
Бұл шындықтан ешкім бас тарта алмайды. Əрі-беріден соң, бас тартатындай
не бопты? Отаршылдардың құрқайынан қорқып, қабағына қарап, жаман
үйреніп кеткеніміз сонша тəуелсіз болғанымызбен жалтақтауды қоя алмай
келеміз. «Ислам фундаментализмі» дейді деп діні бір, ділі бір, тарихы, салтсанасы жақын мұсылман шығыс елдерінен безсек, « пантюркист» дейді екен
деп түркіліктен қашсақ, онда біртебірте «қазақпыз» дегенді де қоюға тура
келер. Сондықтан, жат-жерліктердің қабағына қарап емес, заман талабына
қарай іс істеу абзал. Ол – егемендігімізді бекемдеп, Президентіміздің
айналасына топтасу, ол жүргізіп отырған мəнді де маңызды саясатты
қолдау, экономиканы көтеру, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару,
шекараны жауып жүгенсіздікті, жергілікті халық атына айтылып жатқан
жала, өсек-аяң, арандатушылықты тыю, шығысқа бірте-бірте бетбұрыс
жасау деген сөз. Мұсылман шығысынан бізге келер жау жоқ. Дін құрыса,
тіл де оп-оңай құритынын ұмытпайық. Əрі «баяғы өткен заманда, дін
мұсылман заманда...» даламызда сақшы болмаса да тəртіп күшті болатын.
Халқымызда есікке құлып салу əдеті болмаған. Себебі, бабаларымыз иман
мен парасат, арұятты жоғары қойған, ізгілік пен мазалықты ту етіп, сөзге
тоқтаған. Сондай тəртіп, əдеп, мораль, ар-ұятты бүгінгі қоғамызға қажет
емес деп кім айта алады?!
- ҚазМу Қазақстан Республикасының бірден-бір ұлттық аса ірі оқу орны
екені белгілі. Қазақтың осындай маңдай алды оқу орнында шет елдіктердің
оқу жайы қалай?
- Жасырып жабары жоқ. Кеңес үкіметі тұсында Мəскеу кімді жіберсе, соны
оқытып келдік. Ал Африка немесе Еуропадан келді ме, онда біздің
шаруамыз болмайтын. Тіпті, Мəскеумен табыс бөліскенді былай қойып,
оны білуге де хұқылы емес едік. Шетелдік студенттер жақсы
жатақханаларға орналастырылатын, тегін оқитын. Еліміз тəуелсіздігін
алғалы бері бұл жағдай басқаша шешімін тапты. Қазір шет ел азаматы
ҚазМу-де оқу үшін жылына екі мың АҚШ долларын төлейді. Осындай
келісім шартпен дүниенің төрт бұрышынан келіп, əртүрлі мамандық
бойынша оқып жатқан студенттер баршылық. Сондай-ақ ҚазМу-дің
əлемнің түрлі елдерінің 30-ға жуық озық жоғары оқу орындарымен мəдениғылыми келісім-шарты да бар. Соған орай сырт елдерге студенттеріміз бен
оқытушыларымызды да біліктілік арттыруға жіберіп тұрамыз. Мысалы,
ҚазМу-дің студенттері қазір АҚШ, Англия, Франция, Германия секілді
Батыс елдері ғана емес, сондай-ақ Азия мен Африка жұртында да білім
алуда.
- Əбсаттар Бағысбайұлы, қазақ халқының үштен бірі қазір Қазақстаннан
тыс жерлерде ғұмыр кешіп жатыр. Сол шет елдегі қандас -тарымыздың ұлқыздары ҚазМУ-ға келіп оқи ала ма? Оның қандай жолдары бар?
-Шет елдегі (мейлі ол таяау немесе шалғай шет ел болсын)
қандастарымыздың перзенттері ҚазМУ-да əлбетте оқи алады. Ол жайлы
үкіметіміз қабылдаған арнайы қаулы да бар. Шет елдегі қазақтардың
ұлқыздары Қазақстанның жоғары оқу-орындарына түсу үшін біздің
оқушыларымызбен бірге конкурсқа қатысуы керек. Озып шықса қалған
мамандығы бойынша студент бола алады. Қазақстандық студенттермен
қатар ақысыз əрі стипендия алып оқиды. Үстірт қараған кісіге шет елдегі
қандастарымызға жеңілдік жасалған сияқты. Ал, іс жүзінде келгенде
қаулының біраз кемшіл тұстары да жоқ емес. Өйткені, қазақ халқының
өкілдері тұрып жатқан шет ел оқу орындарының бағдарламалары əртүрлі.
Оның үстіне қазақ балалары өздері тұрып жатқан ел тілінде дəріс алады.
Тіпті, мынау қазақ тілінде оқиды деген Қытай қазақтарының оқу
бағдарламалары да біздікінен басқаша. Олар көбіне-көп Қытай тарихы,
этнографиясы, əдебиеті, тілін оқиды. Ал
Түркиядағылар түрікше, Алманиядағылар немісше, Ирандағылар парысша,
Араб жұртындағылар арабша оқиды. Сонда сондай жұрттан келген
оқушылар қазақстандық шəкірттермен бəсекеге қалай түседі? Сол себепті
аталмыш қаулыға қайта оралып, біраз түзетулер енгізген жөн секілді. Əйтсе
де біз конкурстан озып шықсаң ғана оқытамыз» деп сіресіп отырмай шет
елден келген іні-қарындастарымызды мүмкіндігінше қабылдап жатырмыз.
-Əңгімеңізге рахмет, Əбеке!
Сұхбаттасқан: Дүкен Мəсімханұлы,
«Азия» газеті. 1994 жыл №13 (93) .
НАР БЕЛІНЕ ЛАЙЫҚ ЖҮК
ҚХР Шыңжан өлкесінде тұратын белгілі тарихшы ғалым Нығымет
Мыңжанұлымен
сұхбат
- Қадірменді Нығмет Мыңжанұлы, өзіңізді белгілі ғалым ретінде қазақ
халқы ғана емес, басқа туысқан ұлттар да жақсы құрметтейді. Тек елі іші
ғана емес, біраз шет елдер де атыңызға, еңбектеріңізге əбден қанық. Өзіңіз
де жақсы білесіз, ертеде өткен ақын-жыраулар жас туралы көп жырлаған
ғой, солардың бірі ардагер ақын Əсет Найманбаев «Жас Шама» деген бір
өлеңінде:
Елу жас екі жастың дəл ортасы,
Бар болса ескі күштен сағымдайсың
Алпыста самай, сақал бəрі ағарып,
Жас күнің еске еске түссе жымыңдайсың, -деп толғаған екен.Осы орайда
алдымен жас-шама, арман-мұрат туралы не айтар едіңіз?
Жас туралы толғаулар көп қой, əрине. Өткен заманның шалы мен бүгінгі
шалдардың көңіл-күйінде қандай айырмашылық болар екен дегенді білгің
келіп отыр ғой, баяғы. Айырмашылық, əрине бар. Ілгеріде істеген
еңбектерімізді бүгінгі күні оқырман қауым елеп,еске алатындығына,атап
жүретіндігіне, халқымның маған деген сый құрметіне көп-көп рахмет айтар
едім.Алайда мен осыншалық көптің, халықтың аузынан тастамайтындай
пəлендей үлкен жұмыс тындырдым деп айта алмаймын. Оның түрлі-түрлі
себебі де болмай қалған жоқ. Ол жағы көпке мəлім. Ертеде бір кемеңгер
адам болған екен, бірде оған шəкірті: «Бір тамшы суды құрғатпай сақтаудың
амалы не?» деп сұраса керек.Сонда əлгі кемеңгер: «Оның ең жақсы амалыақ,сол бір тамшы суды теңізге қоса салу»-деп жауап берген екен. Сол
айтпақшы, менің еңбектерім де «құрғап» жоғалмай,ұшан теңіз халық
қазынасына тамшы болып қосылып. Зəредей болса да ел игілігіне айналса
менде өзімді бақытты санар едім. Жасың ұлғайған сайын дəрменің
кемігенмен, арманың асқақтай береді екен. Қазірде істесем деген немесе
істеуге тиісті жұмыстар күн санап молаюда. Менің ойым, кетпен шауып,
жер жыртып, немесе таяқ алып, мал соңында жүрмегеннен кейін, өмір
болса, ойға алған жұмыстарымды тындыра беру.
-Оқырмандарыңыздың көбі сізді алдымен тарихшы деп білетіндіктен,
басқа мамандығыңыз туралы ауыз ашпас бұрын, əңгімені осы тарих
ғылымы жөнінде бастағанымыз жөн секілді.Қазақ тарихын зерттеу
саласында өзіңіз көп жұмыстар тындырдыңыз. Соңғы жылдары өзіңіз қалам
тербеген «Қазақтың қысқаша тарихы» мемлекеттің іші-сыртына жақсы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 11
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.