Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 21

Total number of words is 3911
Total number of unique words is 2258
30.2 of words are in the 2000 most common words
42.6 of words are in the 5000 most common words
50.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тарихи отанына бет түзеуіне Елбасы Н.Ə.Назарбаев бастамашы болып еді,
енді осы тоқтап қалған көшті тағы да өзі бас болып, қайта жандандырса
деген өтініштілектерін айтады. Егіншілікпен, малшаруашылықпен
шұғылданатын жер берсе, одан өзге ештеңе сұрамас едік дейді. Ол жақтағы
ағайындар осы бір уəжін менің мойныма аманаттай жүктеді. Бірақ біздің
қолда не бар тəйірі?! Сондықтан, ол жақтағы ағайынның санасындағы
салмақты жеңілдету, бүкіл Алаш жұртының ойланатын мəселесі ғой деп
ойлаймын.
- Бүгінгі таңда интернеттің мүмкіндігі тасада тұрып тас лақтыратындарға
таптырмайтын құрал болып отыр. Өзіңізге бағытталған кейбір «тастарды»
қалай қабылдайсыз?
- Жалпы, сөз деген киелі, құдіретті нəрсе. «Қызыл тіл тас жарады, тас
жармаса бас жарады» деп қазақ бекер айтпаған. Сөздің киесі, магиясы бар
екеніне еш кім дау айтпаса керек. Дүниежүзіндегі барлық халықтарда да
«сөздің киесі» деген ұғым жоқ емес. Қазақтағы жыланды «абақай», «құртқұмырсқа» деп, қасқырды «ит құс», «көкжал» деп атауы осы түсініктен
келіп шыққан. Сөз əсер етпейтін адам болмайды. Егер сөз əсер етпесе,
ондай адамды тас жүрек дейміз бе? Жоқ əлде, санасыз дейміз бе?
Менің газет-журналда шыққан мақала, өлең, əңгімелерімді əлеуметтік
желілер, əрине, менің рұқсатыммен өз желілеріне салып қойып жатады.
Бірақ, соған кейбіреулер бүркеншік атпен кіріп, қызғаныштан,
көреалмастықтан туған, жайшылықта айта алмайтын сөздерін жазып
жатады. Бір қызығы олардың кім екенін жобалап біліп отырам. Алғашқы
кездерде мұндай мəдениетсіздіктер көңіл-күйге кəдімгідей əсер ететін.
Кейін келе əлеуметтік желілерді пайдаланушылар көбейген соң, ондай
сандырақтар əділетсүйгіш жандардың қарсылығына ұшырады да, олардың
өсегі «қызық» болмай қалды. Иттің үргенін тосыннан естіп қалсаң жүрегің
зырқ ете түседі. Егер осы көшеде иттің көп екенін, күнде үретінін білсең,
онда ол оншалық əсер ете қоймайды.
Бізде əлеуметтік желі мəдениеті енді-енді қалыптасып келе жатыр. Бұл
жағында ойласу керек. Белгілі бір тұлға əлеуметтік желіге сұхбат берсе,
мақала жарияласа, онысы – ұлтқа пайдалы, қоғамға керекті пікір, ұсыныс
болса, қоғам назарын соған аударуға күш салуымыз керек. Керісінше оның
айтып отырған өзекті ойларын бір жаққа сырып қойып, жеке басына
шабуыл жасап кететін пікірлерді сол əлеуметтік желінің басшылары реттеп
отырғаны жөн. Біз əлеуметтік желі арқылы ұлттың, қоғамның жетімсіз
тұстарын жетілдіруіміз, артық жағын асқақтатуымыз керек. Пікірді осылай
бағыттап, мақсатты түрде жұмылдырып отырса, мақаладағы негізгі ой
тасада қалмайды. Негізгі ой, идея төңірегінде пікір қозғалса, көтеріліп
отырған тақырып туралы қоғамдық пікір туындайды. Онда осы əлеуметтік
желінің де, мақала авторының да мақсаты орындалған болар еді.
- Балалыққа саяхат жасап қайтсақ, сіз қандай бала болдыңыз, сондайақ,
балалық қандай қызықты оқиғасымен есіңізде қалды?
- Иə, біз де бала болдық. Бала болған да тентектеу бала болдық. Бірақ,
басбұзар, тəрбиесіз тентектік емес, ойын баласы ретіндегі белгілі бір қызық
оқиғалар төңірегіндегі тентектік. Бірақ, сабақта қашанда ағалап алда
жүрдім. Соның нəтижесінде өз ауданымнан тұңғыш рет Пекиндегі Орталық
ұлттар университетіне түстім. Мұның бəрі өткен шақтың еншісіндегі
қайталанбас сағынышты шақтар...
Жалпы менің балалығым «балалықсыз» балалық болды десем де болады.
Бүгінгінің балаларындай заманауи алаңдарда ақтер-қаратер болып доп
қуаламадық. Мұндай спорттық-мəдени ойындар Мао-ның заманында
«буржуазияның элементтері» деп шектелді. Оның үстіне ол кез бүгінгідей
не керектің бəрі бар заман емес, қытайдың «зор секіріп ілгерлей» алмай
жатқан мешеу кезеңі еді. Сонымен қатар, «мəдени төңкеріс» деген саяси
науқан жүріп жатты. Біздің алдымыздағы аға-апаларымыз жаппай
«Хунвэйбин» болды да, саяси күрестің қайнаған ортасында жүрді. Біз де
соларға ілесіп далақтап, еліктеп ойын ойнадық. Мəселен, ауылдағы бір
«Мырқымбай» Мао туралы немесе «мəдени төңкеріс» туралы кері пікір
айтып қойса болды, «Хунвэйбиндер» сол күні-ақ, ауылдың шал-шауқан,
бала-шағасын түгел жинап алып, күреске тартылған адамның жеті атасын
жездей қақтап, жұрт алдында масқаралайды. Бұндай науқандар біз үшін
тегін «концерт». Сөйтіп, қабырғамыз қатпай жатып-ақ біздің ойынымыз да,
ойымыз да саясиланып кетті. Қазір ойлап отырсақ, бір жағы, бұл балалық
жүрекке түскен сызат болса, енді бір жағы, қызық!
Əрине, бала болып еш нəрсе көрмедік, ойнамадық десек, ол шындыққа
жанаспас. Ретіне қарай доп та, асық та ойнадық. «Доп» деп отырғаным,
сиырдың көктемгі өлі жүнін сулап, қолдан жасап алған домалақ киіз. Оның
домалақтығы ғана допқа ұқсағанымен, еш қандай серпімділік қуаты жоқ
болатын. Соны бір-бірімізге лақтырып, доп ретінде ойнаған боламыз.
Қысқасы Бердібек Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» деген киносын
көрмеген, соған ұқсағысы келмеген бала кемде-кем шығар. Шынын айтсам,
Менің «тентектігімнің» қасында, Қожа əлде қайда «пірəдəр» болып
көрінеді. Сыныпқа бақа, тышқан алып келіп, оны сыныптас қыздардың,
мұғалиманың сөмкесіне салып қою деген бергі əңгіме. Бала кездегі
тентектіктің бəрін еске алып отырсақ, оны газетіңнің көлемі көтермесі
анық.
- Сіздің достық туралы өлеңдеріңізді оқырмандарыңыз сүйіп оқиды. Кейде
осы «Достық өлкесінің» бетке күліп, арттан азу тісін ақситатын пенделері
жүрегіңізді жаралап жатпай ма?
- Достық деген де саналы адам өміріндегі маңызды құбылыс. Оның шыңы
мен шатқалы, күнгейі мен теріскейі туралы өлеңдерімде де айтып жүрмін.
Қазақта «құдай қосқан құда болады, пайғамбар қосқан дос болады» деген
сөз бар. Адам баласы ат жалын тартып, азамат бола бастағаннан өзіне
тілеулес, сыйлас жандарды жақын тартады. Сонымен көбірек бірге
жүргенді, іштегі сырын айтқанды ұнатады. Қолыңнан келген
жақсылығыңды көрсеткің келеді. Міне, бұл жастық шақтағы адал, таза
жүректен туған достық ниет. Сондай-ақ, жастықта достыққа деген
түсініктің өзі қарабайыр келеді. Арқаңнан қаққанның бəрін ойланбай
достың тізіміне кіргізіп жібересің. Сонымен бірге, жас кезде, адамдарда
үлкен мүдде, арамдық-қулық, бақталастық болмайтындықтан, екінің
бірімен тез дос болып, тез ренжісіп жатасың. Кейіндеп, есейе келе
адамдарда жеке мүдде күшіне еніп, өзінің шыққан төбесінің биіктеу
болғанын армандай бастайды. Осындай пиғылға бой алдырғандар ендігі
жерде, бəйгеден шауып озғаннан гөрі, «досының» аяғын шалып озғанды
құп көреді. Осыдан барып араздық пайда болады. Міне, осы алғашқы
араздық саған сақтықты, секемшілдікті үйретеді. Бұл қайталана келе,
достық сенім таразысына жиі тартылатын болады.
Жалпы қазақ халқында достық туралы өлең-жырлар, мақал-мəтелдер,
философиялық тұжырымдар өте көп. Оның бəрінде достыққа деген
адалдық, тұрақтылық жөнінде нəсихат айтады. Неге? Өйткені ең жақын
достың сатқаны адамның жүрегіне соншалық ауыр тиеді. Демек, Қапез
ақын Байғабылұлы бабамызша айтсақ, «Дос болып, қас қылғаннан сақта
құдай» дейік. Менің осы жасқа келіп достық туралы бір түйгенім –
«досым» деген адамның артықшылығымен қоса, кемшілігін де қоса
қабылдау керек. Қанша керемет досың болса да, бəрі бір ол періште емес,
пенде. Сондықтан оны пендешілігімен, кемшілігімен қоса қабылдау керек.
Сонда ғана достық біршама тұрақты бола ма деп ойлаймын.
- «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер...» демекші, поэзиядағы
жас толқынның өлең-жырына көзқарақтылық танытып жүресіз бе? Жас
поэзияның бүгінгі халі сіздің көзіңізбен қарағанда қай деңгейде?
- Əдебиеттанушы ретінде де, ақын ретінде де жастар поэзиясын оқып
жүремін. Бұл бүкіл ақынның өлеңін қалт жібермей оқимын деген сөз емес.
Қатқабат жұмыстан қолымыз қалт еткенде, жас ақындардың, жас
прозиктердің жазған-сызғандарына мойын бұрып, көз тоқтатып
жататынымыз бар. Көбінде, беделді басылым ретінде «Қазақ əдебиетін»
оқимыз. Сонымен бірге, «Abai.kz», «massagan.com» сияқты əлеуметтік
желілердегі жас ақындар поэзиясын көзіміз шалып қалады. Атап айтар
болсам, біздің өкшемізді басып келе жатқан толқынның ішінен Маралтай
Райымбек, Жарас Сəрсек, Талғат Ешен, Танагөз Толқынқызы, Бауыржан
Бабажанұлы, Бақыт Беделхан, Жанарбек Əшімжан, Дəулеткерей Кəпұлы,
Мұрат Шаймаран қатарлы ақындарды ерекше атап айтқан болар едім. Ал
осы аталған толқынның ізін баса өрттен кейінгі өртеңдей дүркіреп шыққан
бір топ ақынның екпіні өзгеше, талабы таудай. Атап айтар болсақ, Алмас
Темірбай, Ерлан Жүніс, Ақберен Елгезек, Қалқаман Сарин, Бауыржан
Қарағыз, Бақытгүл Бабаш, Ұларбек Нұрғалым, Мирас асан т.б. толып
жатқан мол шоғырлы, рухы асқақ – шетінен бірөңкей жас бөрілердің
ізденістеріне сүйініп отырамын. Осылардың артынан құлдыраңдап келе
жатқан құлын құлагерлердің де тұяғының дүбірі тым бөлек. Бұл шоғырдан
Мирас Асан, Ербол Алшынбай, Еркін Исахан, Ұмтыл Зарықхан, Қайсар
Қауымбек, Жəнібек Əлиман, осы топтың белортасында өзің де жүрсің,
бұлардың жазғандарынан қара өлеңнің тұнығынан қанып ішкендігі сезіліп
тұрады.
Жас ақындардың поэзиясын зерттеп, зерделеп көрсем деген ой көптен бері
көкейде жүр. Сол еңбегім жазылса, жас ақындар туралы ойымды қотара
айта жатармын. Деседе, айта кететін болсақ, жастардың поэзиясында
тəуелсіз рух, жаңашыл ой, тың ізденіс бар. Оның себебі, қазіргі қазақ
поэзиясына келу, ақын болу, анау айтқандай қалпақпен ұрып алатын оңай
шаруа емес. Өйткені, Мұқағали, Жұмекендер із қалдырып кеткен асқар
шыңды бағындыру үшін, үлкен ізденіс керек екенін жас буын жақсы
сезінеді. Сондықтан да жанкешті ізденістің соңына түседі. Проза жазып
жүрген жастарға қарағанда, поэзиядағы жастардың екпіні мықты, деңгейі
жоғары.
Мен бүгінгі қолына қалам алып, өлең жазып жүрген жастарға өте бір жүрек
жарды қуанышпен қараймын, тағы бір жағынан, кейде осы жастардың аяқ
алысына қарап, біздің буынның бойын бір түрлі «үрей билейді». Менің
қуанышпен қарайтыным - қазақ əдебиетінің, əсіресе қазақ поэзиясының
болашағының жарқын екендігіне деген сенім. Ал «үрей билейтін» себебін
бейнелеп айтар болсам, шалғымен асарлатып шөп шапқанда, егер сенің
артыңда мықты шалғышы болса, сені тырқыратып қуып, титықтатып, тіпті
қатардан ысырып шығады. Ондайда сен бар қайратыңды бойыңа жиып,
қатардан шықпауға тырысасың. Тура осы секілді, қазіргі жастардың ізденісі
біздің буынға, тіпті біздің алдымыздағы буынға ой салуға тиіс. Қысқасы,
бүгінгі жастар поэзиясы деген үлкен құбылыс.
-Сіз ақынсыз. Осындай кісіні бір күндері саясат сахнасынан көру мүмкін бе
?
- Бəрі мүмкін. Ертеңгі күнді бір Алла ғана біледі.
- Сіздің ғалым, ақын, аудармашы екеніңізді жұрт жақсы біледі. Тарихшығалым Жақып Мырзаханов ағамыз өз мақаласында сізді «Сегіз қырлы, бір
сырлы» деп жазды. Біз білетін қырларыңыздан өзгесін өз аузыңыздан
естісек...
- Бала кезімізде ақсақалдар, əнші-күйші, ағаштан түйін түйетін шебер,
өрімші, күш атасын танымайтын балуан кісілерді нұсқап «мынау сегіз
қырлы, бір сырлы жігіт екен» деп тамсанып отыратын. Демек, бұл – бойына
өнері симаған бесаспап адамға қарата айтылған халқымыздың даналық сөзі
болса керек. Көпті көрген, сөз қадірін білетін Жақып аға, мені «сегіз қырлы,
бір сырлы» деп жатса, онда жалтарарға жол жоқ (күлді). Жақып ағаның
мақаласын оқыған адам, ол кісінің мені «сегіз қырлы, бір сырлы» деуінің
себебін де білген шығар. Өйткені, ол кісі менің ұстазым болды. Сол
ұстаздық ұлағатты тұғырдан, биіктен қарай отырып, екі өлшеп, бір пішіп
барып берген бағасы болса керек.
Əуелі, жұрт мені ақын ретінде жақсы біледі. Ақындық кісіге қанмен келетін
тəңірдің сыйы. Бала кезімізден тарпаң сөздің жалына жармастық. Киелі сөз
өнерінің тұма бұлағына шөлдеп өстік. Тарпаң сөзді жуасытуға талпындық,
тұма бұлақтың тұнығынан қанып ішуге құмарттық. Сондай ізденістің
нəтижесі шығар, бүгінге дейін бес жыр жинағым жарық көрді. Бірнеше
мəрте мүшайралардың жүлдесін алдым. Өлеңдерім бір неше шетел
тілдеріне аударылды. Осының бəрі, Жақып ағаның мені «ақын» деуіне
негіз болған шығар.
Екінші, ел-жұрт мені ғалым деп жатса, оның да өзіндік себебі бар. Мен
Пекиндегі Орталық ұлттар университетін бітіре салып, ШҰАР Ғылым
академиясына ғылыми қызметкер болып жұмыс істедім. Академия
қабырғасында қазақтың марқасқа ұлдары Нығымет Мыңжани мен Жақып
Мырзахан сияқты ағалармен бірге жүрдік. Ол кісілер балақ бауымызды
сыпырып, бала қырандай баулыды. Ғылымның тұнба қайнарын көргенде,
көзіміз шырадай жанды. Сөйтіп, өзімізде ғылыми зерттеулермен айналыса
бастадық. Əр түрлі ғылыми жобаларға қатысып, ғылыми мақалалар жаздық.
Ғылым деген түбі жоқ теңіз іспетті. Шүңетіндегі маржан тастар бірденбірге қызықтырып, тереңіне тарта береді. Кейін Қазақстанға, яғни, ƏлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келгеннен кейін академик
Рымғали Нұрғали ағаның шəкірті болдым. Сол кісінің жетекшілігімен
кандидаттық, докторлық қорғадық. Жалпы, ғылыми ізденісті бір сəт
толастатқан жоқпын. Бүгінде ғылым докторы, профессор болып отырсам,
ғылым жолындағы үздіксіз еңбек пен ағалар қамқорлығының арқасы шығар.
Ғылым саласында бір неше монографиялар мен неше жүздеген ғылыми
мақалалар жаздым. Қазақстанға келгелі жүздеген қытайтанушы жас
мамандар тəрбиеледім. Олардың бəрі қазір əр саласында жемісті еңбек
етуде. Ғылыми-зерттеу саласындағы еңбегімізді елеп-ескерген тиісті
орындар тарапынан марапаттарға да ие болып жатырмыз. Осы тұрғыдан
келгенде, мені əлде кім «ғалым» деп жатса, «қойыңызшы» деп қылымси
қалғаным жарамас.
Үшінші, аудармашылық. Мен ҚХР астанасында жоғары білім алдым, қытай
тілін бір кісідей меңгердік. Ендігі жерде оқыған-тоқығанымды неге
ұлтымның игілігіне жаратпасқа деген ой келді. Өзім қарапайым қазақ
ауылында өсім. Ауылдастарымның əдеттегі ауру-сырқауға қылар қайласы
болмай жатқанын көргенде, жүрегім сыздайтын. Университетке барып, тілді
меңгере бастағаннанақ денсаулыққа қатысты, салауатты өмір салтына
қатысты, т.б. тұрмыстық кеңестерді ана тіліме аудара бастадым. Кейін келе,
əдеби шығармаларға ауыз салдым. Қытайдың қиыр шетінде жатқан қазақ
балалары да өскен, өркен жайған ұлттың əдебиетімен сусындасын деген
мақсатым болды. Үрімжіге келгенде, баспаның арнайы тапсырмасымен
«Жер шарының қызыл белдеуі» деген романды аудардым. Сонымен бірге,
«Əлемдің фантастикалык таңдамалы шығармалар жинағы», «Шынжаңда
өткен тарихи қайраткерлер» деген ғылымизерттеу мақалалар жинағын ана
тілімде сөйлеттім.
Тəуелсіздік таңы атысымен Қазақстанға бір жола қоныс аудардым.
Атамекенге келгеннен кейінгі арман да, мақсат та ұлғайды. Сонымен,
қытайдың əдебиеті мен мəдениетіне қатысты көптеген поэзиялық жəне
прозалық шығармаларды аударуға кірістім. Өйткені, белгілі бір ұлтпен тең
тұру үшін, оның тілін, менталитетін, психологиясын білу керек. Осы
мақсатпен «Лу Шүннің əңгімелер жинағын», Ли байдың, Ду фудың
өлеңдерін қазақ оқырмандарымен қауыштырдым. Аударма саласындағы
еңбегіме орай Қазақстан жазушылар одағының халықаралық «Алаш» əдеби
сыйлығы, Шаңхай ынтымақтастық ұймының «Жібек жолы» сыйлығы
берілді. Бұл тұрғыдан келгенде, жұрт мені «аудармашы» деп атап жатса,
аударма саласындағы аздыкөпті еңбегімізге деген құрметі шығар деп
ойлаймын.
Төртінші, ұстаздық. Мен Атамакенге келген күннен бастап, табаны
күректей 21 жыл бойы ұстаздық етіп келе жатырмын. Менің қолымнан
жүздеген қытайтанушы жас шəкірттер түлеп ұшты. Олардың дені қазір
еліміздің сыртқы істер минстрлігінде, əр түлді елшіліктерде, қытайдағы
қазақстанның елшілігінде жемісті қызмет атқарып келе жатыр.
Студенттерге арнап оқулықтар жаздым. Осы жылы Ыбрай Алтынсарин
атындағы ұстаздарға берілетін медаль берілді. Бұл менің ұстаздық еңбегіме
берілген үлкен баға болса керек.
Енді тағы басқа қырларды айтсақ мақтанға сайып кетіп жүрмей ме?(күлді)
Ептеп əн жазып, күй шығаратыным бар. Құдайға шүкір, оншақты əнім мен
екі күйімді өнерпаздар əр түрлі сахналарда орындап, радио-телевизияда
үнемі беріліп жүр. Одан басқа орындаушысын күтіп жатқан əн-күйлерім
сандық түбінде жатыр. Осыдан біраз жыл бұрын «əуесқой композитор»
деген атақ қоса айтылып жүрді де, кейін оны өзім көп айтуды қаламадым.
Оның сыртында не айтуға болады. Жақып аға мақаласында қоғам
қайраткері деп атапты. Оның да қисыны жоқ емес. Атамакенге келгелі бері
көші-қон саласы мен оралмандар мəселесі туралы жазып та, айтып та,
қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеміз. Қысқасы қоғамдық жұмыс
саласында да аянбай тер төгіп келе жатқан жайымыз бар.
- Сіз қазақ елі тəуелсіздігін ала салысымен атамекенге келдіңіз.
Тəуелсіздіктің тəтті бақыт екенін жақсы сезінесіз, сонымен бірге, оның
алғашқы жылдарындағы батпандай ауыр қиыншылығын да көрдіңіз. Ал
бүгін артта қалған сол күндерге қарап не айтасыз?
-Мен қазақ елінің тəуелсіздік алғанына есім кете қуанғанымды осыған дейін
қаншама рет БАҚ-та айтып жүрмін. Тəуелсіздік алған күннің ертесінде
төсек орнымды буып, Қазақстанға кетудің қамын жасаған қазақпын. Сол
кезде қытайдағы туыс-туғандар: «Біз барып келдік, Қазақстанның қазіргі
жағдайы қиын. Нан тауып жей алмай отыр, кейбір ауылдарда картоп жеп
күн кешіп жүр, жалақы қанша ай бойы берілмеген. Жалақы берілген күннің
өзінде сатып алар нан тапшы. Сен ол жаққа барғанды қой»,-деген
ақылдарын айтты. Сосын мен: «мың өліп, мың тірілген» қазақ азат ел
болып жатқанда, қалай өз жаныңды күйіттеп, тыныш жатуға болады?!»,дедім əрі енді ол жақта бір күн де аялдап қала алмайтынымды айттым.
Содан кетудің қамын жасадым. Ол кездегі паспорт жасатудың əлегі
қазіргіден мың есе қиын. 1992 жыл тұтас құжат жұмысымен кетті де, сол
жылдың соңы, 1993 жылдың басына қарай елге келдім. Келсем шынымен де
жағдай қиын екен. Керек болса, қаланың негізгі сауда орталығы болған
ЦУМ-ның есігінде дəу қара құлпы. О жер-бұ жерде халық ескі-құсқы
киімін, артық-ауыс дүниесін сатып отыр. Мені шақырған ҚазҰУ жалақыны
айлап бере алмай қалған кезі болды. Жалпы, қиыншылық, аштық жайлап
тұр. Оған шыдай алмай қолды бір-ақ сілтеп кетіп қалғандар да аз болған
жоқ. Бірақ мен неге болса да шыдауға бел будым. Себебі, «көппен көрген
ұлы той», тəуелсіздіктің, азаттықтың буына маспыз. Көк байрағың желбіреп
тұр. Аштықтан қайғырғанды қойып, көк байрақты көрген сайын көзіме жас
келетін. Көк байрақ ол кезде Алматыдағы барлық мнистрліктер үйінің
төбесінде желбіреп тұратын. Автобуспен көшеден өтіп бара жатып,
желбіреген көк байрақты көрген сайын көз жасыма ие бола алмай қалушы
едім. Бұл əрине, қуаныштың, шаттықтың жасы еді. Сонда жаратқан иемізге
мың сан шүкірлік айтатынмын. Сөйтіп көк туыма қарап тұрып: «Егер мен
жер бетіндегі Отансыз халықтың немесе əлі де бодандықта өмір сүріп
жатқан елдің баласы болсам не істер едім?! Олардың мұрындарына да
бармаған азаттықтың исімен, ауасымен, міне, мен тыныстап жүрмін.
Құдайға тəуба! Қазақ деген ұлы халықтың баласымын. Елім азат!...» деп
ойлай қалсам болды, көзімнен қуаныш жасы сырғи беретін.
Бірақ, қалайда сол кездің ауыртпалығы қабырғамызға қатты батты. Осы
жайында бірер мысал айтайын. Бір күні кішкене қызымызды көтеріп
қонаққа бардық. Қайтарда ол кісілер бізді таксиге мінгізіп жіберді. Ол кезде
ҚазҰУ дің жатақханасында тұратынмын. Такси лезде əкеп тастады да, кетіп
қалды. Қыстыгүні еді. Баламызды көтеріп бөлмеге кірсек, баламның бір
етігі жоқ. Содан жүгіріп келген ізіммен сыртқа шықтым, əрі-бері көп
іздедім, табылмады. Сөйтсем, қызым таксиде ұйықтап қалған болатын.
Сонда аяғынан сыпырылып түсіп қалыпты. Ал ертесінен бастап қызым
«етігімді тауып бер» деп, жатып кеп жыласын. Жүгіріп барып етік алып
бере қоятын қазіргідей жағдай жоқ. Нанның өзін əзер тауып жеп отырмыз.
Содан балам күнде жылаған соң, нағашы тəте болып келетін бір кісінің
үйіне барып жағдайды айтып, балаларының жаманжұтық аяқ киімдерінің
ішінен «жарайды-ау» деген біреуін алып келдім де, жыртылған табанын
жіппен көктеп, қызыма кигізіп қойдым. Қызым қуанып далаға шығып
кеткен. Бір кезде қайта жылап кірді. Сөйтсем, табаны көктеген жерінен
қайта айырылып түсіп қалыпты. Сол кезде еңіреп жылап, жасып келіп
тұрған қызыма қарап шарасыздықтан көзіме жас келді. Содан жобажолдастан қарыз-құрыз алып, базардан ескі аяқ киім болса да алып беріп,
əзер дегенде баламды жұбатқаным есімнен кетпейді.
Содан екінші қызым дүниеге келді. Ол белгілі бір себептермен омырау
ембейтін болып қалды. Сонымен оны балаларға арналған Өзбекстанның
«Бона» деген тамағымен асырадық. Оның өзі 30 теңгедей тұрады. Ал менің
айлық жалақымның өзі жүз теңгеден сəл астам. Айлық жалақы түскенде
баламызға «Бона» аламыз, асқанына өзіміз нан-тұзымызды ажыратамыз. Бір
күні əлгі баламның «Бонасы» бітіп қалыпты. Бала деген қолды аяққа тұрмай
қарны ашып шырылдап жылап жатыр. Жаңа туған нəрестеге нан беретін
емес. Содан «енді не істейміз?» деп жан-жаққа хабарласып едік. Бір
таныстар бабаларға арналған арзандау тамақтың түрін айтып, «соны сүтке
қайнатып берсеңдер балаға тамақ болады» деді. Сөйтіп, екінші баламызды
аштан өлтіріп ала жаздағанымыз да есімнен кетпейді. Осының бəріне
шыдап, құдайға шүкір, осы күнге жеттік. Тек, азаттық, тəуелсіздік деген
бағымыз басымызда мəңгілік болсын!
- Алдағы шығармашылық жоспарыңыз?
- Жоспарсыз адам болмайды. Біздің де өзіндік жоспарымыз жоқ емес. Мына
қытай елі жер жаралып, су аққаннан бергі көршіміз ғой. Көрші болған соң
қарым-қатынассыз өмір жоқ. Осынау аласапыран тарих көшінің көлеңкелі
жақтары, яғни, атыс-шабысстар, қанды қырғындар көптеп зерттелді де,
күнгей жағы, яғни, біздің мəдени-рухани қарым-қатынасымыз дұрыстап
зерттелген жоқ. Бейбіт заман болған соң, мəдени-рухани ауыс-күйістің де
болатыны шындық. Қытайлардың ежелгі түркілерден алған мəдени-рухани
дүниесі өте көп. Оны қытай ғалымдары да мойындайды. Сондықтан, ежелгі
қытай жəне түрік халқының мəдени-рухани қарым-қатынасына арналған
көлемді зерттеу жазу бірінші жоспарда тұр. Қазір де бір парасы жазылып
жатыр. Алла бұйырса, бұл еңбек менің шығармашылық өмірімдегі
салмақты дүние болады деп ойлаймын.
Екінші бірі, жолдасым Айнұр Əбиденқызы екеуміз жиырма жылдан бері
ұстаздық қызметпен айналысып келеміз. Осы жылдарда елімізде қытай
тіліне деген сұраныстың барған сайын өсіп келе жатқанына куə болып
отырмыз. Елшіліктерде, министрліктерде көптеген қытай тілінің
мамандары жұмыс істейді. Күні бүгінге дейін соларға көмекші құрал
болатындай жібі түзу «Қытайша-қазақша сөздік» жоқ. Олар Ресейде немесе
Қытайда шыққан «орысша-қытайша» немесе «қытайша-орысша сөздікті»
пайдаланады. Осыдан барып біз қазақ тілді мамандардың өзін орыс тіліне
еріксіз тəуелді қылып отырмыз. Осы бостықтың орнын толтыру
мақсатында біз «қазақша-қытайша үлкен сөздік» құрастырып жүрміз.
Құрастыру жұмыстары негізінен аяқталып қалды. Бірақ, оның сөз іздеу
механизмін жасау, иероглифтердің кілттерін орналастыру өте қиын жұмыс.
Осы жағы біраз уақытты алып отыр. Осы дүние жарыққа шығып жатса
жалпы қазақ руханиятына, қазақ тіл білімі саласына, Қазақстандағы
қытайтану ғылымына, Қазақ-Қытай рухани қарым-қатынасына қосылған
қомақты үлес болар еді деп ойлаймын.
Содан кейінгі бір жоспарда жүрген дүние «қытай поэзиясының
антологиясын» құрастыру. Ол өзі ежелгі дəуірден бүгінге дейін поэзиялық
шығармаларды қамтыған үш томдық еңбек болады. Ежелгі дəуір бір том,
орта ғасыр бір том, қазіргі заманы бір том болып баспадан шығады. Мұның
бəрін істеудегі мақсат не? Кейде менің ішкі түйсігім өзіме маза бермей:
«Сен біріншіден қытай тілін білесің, екіншіден ақынсың. Сондықтан қытай
поэзиясын қазақ оқырманына поэзия тілімен сен ғана жеткізе аласың»,- деп
тіл қатып жатады. Бұл оймен кейде келісем. Алла бұйырса ары қарайғысын
көре жатармыз.
- Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз?
- Жолдасым Айнұр Əбиденқызы. Ол қытайдың Іле облысындағы қазағы ең
көп орналасқан Күнес деген жердің тумасы. Бірақ Құлжа қаласында өскен.
Əкесі Əбиден Құдышұлы деген кісі үлкен ұстаз, физик. Арғы жағын
айтатын болсақ, əкесінің туған ағасы алты Алашқа аты мəшһұр Əбеу
Құдышұлы деген кісі. Шың Шицай кезінде жасырын «Алаш азаттық
ұйымын» құрып, Алаштың азаттығы үшін күрескен, соңында Шың
Шицайдың қанды қолынан қаза тапқан үлкен қайратер. Айнұр Іле
Педагогика институтын қытай əдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
Үрімжіде əскери иниститутта қытай тілі мұғалімі болып істеді. Атамекенге
келгелі еліміздің жетекші ЖОО-да қытай тілінен сабақ беріп келе жатыр.
Қазір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті.
Айнұр екеуміздің төрт қызымыз бар. Үлкен қызымыз Құндыз Қытайдың
медицина университетін бітіріп, биыл сол оқу орнының магистратурасына
қабылданды. Қазір қытайда оқып жатыр. Ол болашақ дəрігер. Одан кейінгі
қыздарымның барлығы Қазақстанда өмірге келді. Екінші қызым биыл 11
сынып оқып жатыр. Үшіншіміз 9 сыныпта, кішкенеміз 4 сыныпта оқиды.
Қыздарымның бəрінің сабағы, тəртібі сол өздері оқып жатқан мектептің
мақтанышы.
-Сұхбатыңызға рехмет!
Əңгімелескен: Құрманғазы ЖҰМАҒҰЛ
«Əділет» газеті. 8 қараша 2013ж. № 44(152).
ҰЛТТА ДА ҰЛЫ АРМАНДАР БОЛУЫ ҚАЖЕТ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі білім беру жүйесінің деңгейі, ұрпаққа
тəрбие беру ісі, «Мəңгілік Ел»... Осы жəне басқа да мəселелер жөнінде
ҚазАқпарат тілшісі Қытайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының
докторы, профессор, Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті
қытай тілі кафедрасының меңгерушісі Дүкен Мəсімханұлымен тілдескен
еді.
- Дүкен Мəсімханұлы, Атажұртқа оралғаннан бері ұстазық қызметте жүрсіз.
Қазірде Астанадағы белді оқу орындарының бірінде қызмет етесіз. Осыған
орай, Қытай елі мен Қазақстандағы білім жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктер
туралы айтып берсеңіз?
- Мен өзім шығыстағы көршіміз Қытай Халық Республикасында туыпөстім, бастауыш, орта мектепті сонда оқып, жоғарғы білімді Бейжіңдегі
Орталық Ұлттар университетінен алдым. Аталған оқу орны Қытайдағы аз
ұлттардың түйінді университеті болып есептеледі. Яғни, Қытайдағы аз
ұлттардың ғылымбілім, мəдениет, əкімшілік секілді түрлі салаларына кадр
дайындауды мақсат етеді. Қытайда бұл оқу орнының өзіндік беделі мен
салмағы бар. Əсіресе, Орталық Ұлттар университетінің шетел тілдерін, тіл
ғылымын оқыту мен зерттеуде əлемдік деңгейде аты танылған. Кейін
университетті бітірген соң, жолдамамен Шынжаң қоғамдық ғылым
академиясының əдебиет институтына ғылыми қызметкер болып
орналастым, арасында Үрімжі қаласындағы кейбір жоғары оқу
орындарында сабақ та бердім.
Жалпы Қытайдағы білім беру, тек Дың Шяупиң (Дэн Сяопин) қытай
билігіне келгеннен кейін ғана біршама жүйеге түсе бастаған болатын. Оның
алдында уақыттарда, əсіресе 1949 жылы Қытай Халық Республикасы
құрылған кезде таза кеңестік білім беру жүйесін көшіріп алған болатын.
Тіпті, оқулықтарына дейін сол күйі, еш өзгеріссіз пайдаланылды. Кейбір
жағдайда ҚХР жоғары оқу орындарын жаңаша қалыптастыруда кеңестік
мамандар да атсалысты. Ал, əйгілі «Мəдениет төңкерісі» кезінде мектептер
мен ЖОО-ның бəрі тоз-тоз болып, Хунибиндердің күрес алаңына айналды.
Тек 1978 жылы Дың Шяупиң тұсында білім жүйесі ретке келтіріліп,
жаңаша қалыптаса бастады. Біз университетті сол қалыптасудың алғашқы
кезеңдерінде оқыдық. Ол тұста əлі де жүйеге түсіп кеткен жоқ болатын.
Біріншіден, оқытушы, профессорлар құрамы кемшін болса, екіншіден,
оқулықтар мен оқу құралдары жоқтың қасы еді.
Ал, еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін, сол азаттықтықтың алғашқы
жылдарында Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің арнайы
шақыруымен атамекенге келдім. 1993 жылдың басынан бастап, бүгінге
дейін 22 жыл ішінде Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында табан
аудармай ұстаздық етіп келемін. ҚазҰУ-де 2002 жылға дейін қызмет еттім,
одан соң міне Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-демін. Жалпы елге оралғалы бері
Қазақстанның білім беру жүйесінде жұмыс істеп келемін.
- Осы уақыт ішінде нені байқап, көңілге түйдіңіз?
- Қазақстанның білім жүйесі тəуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңестік
білім беру бағытын сол қалпында сақтап қалған еді. Кейін 2002 жылдан
бері батыстық үлгідегі білім жүйесін көшіріп əкеле бастады. Болон үдерісі,
кредиттік технология секілді білім берудегі жаңа үдерістер, тың жүйелер
əкелінді. Қазір соның бəрі сынақ ретінде жүруде. Алайда, дəл осы 2002
жылдардан бергі түрлі реформалар, еліміздің білім беру жүйесін өрге
сүйрегеннің орнына, жаңа сапалық деңгейге көтергеннің орнына, білім беру
жүйесін қожыратып жіберді. Жалпы, батыстық білім беру жүйесінің өзіндік
артықшылықтарын ғана сырттай қызықтап, формасын ғана қарау арқылы
көшіріп əкелгендіктен, оның ішкі мəнмазмұны бізге сəйкес келмей жатыр.
Мəселен сол батыстық білім жүйесінің кей талаптары бойынша əрбір
профессордың жеке кабинеті жəне олардың көмекшілері болуы тиіс. Соған
студенттер келіп жазылып, өзіне керекті дəрісін, білімін алып кетуі қажет.
Ал, өзге емес, біздің ҚазҰУ, ЕҰУ секілді еліміздің ең түйінді, ең абыройлы
деген оқу орындарында тіпті, кафедра меңгерушілерінің өзіне жеке кабинет
болмай жатады. Жай қарапайым профессор, ұстаздарды айтпаған күннің
өзінде. Бұл бір. Екіншіден, біздегі ұстаздардың еңбек ақысы да батыстағы
дамыған елдердегі ұстаздардың жалақысымен салыстырған да, жоқтың
қасы. Мəселен, батыстағы дамыған елдердегі мықты профессорлар айына
15-20 мың АҚШ долларына дейін табыс табатын болса, біздегі жалақы
1000 АҚШ долларына да жетпейді. Сонымен біздің ЖОО ұстаздар
темтеңдеп, тиіп-қашып бірнеше жерде жұмыс істеуге мəжбүр болады.
Бұндайда қандай сапа болуы мүмкін?!
Үшіншіден, бізде сол батыстық білім жүйесіндегідей озық, сапалы
оқулықтар да жоқ. Көбі кеңестік кезеңдегі əдебиеттен алыстай қоймағанын
жасырмай айтуымыз керек.
- Қазақ тілді оқулықтар мə əлде жалпы оқулық па?
- Негізі, қазақ тілді оқулық жайы да қиын. Оның өзі жүрдім-бардым, əр
жерден аудару, үзіп-жұлу арқылы шығып жатқан дүние. Əрине, оған да
шүкір дейміз. Ал, неге осындай сапалы оқулық жоқ деген мəселеге келейік.
Мысалы, сапалы оқулық жазу үшін, мына көрші Қытай елінде профессор,
маманға бір-екі жыл бойы жалақысын толықтай беріп отырып,
шығармашылық демалысқа шығарады. Оған «сен мына пəн бойынша
сапалы, озық оқулық дайындап шық» деп тапсырма береді. Содан кейін
жазған дүниесін саралаудан өткізіп, ары қарай пайдалануға жібереді.
Бізге де Білім министрлігі, университет басшылығы тарапынан оқулық жазу
туралы тапсырма жиі беріледі. Бірақ оған қаламақы төлеу, арнайы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 22
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.