Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 08

Total number of words is 3768
Total number of unique words is 2127
32.0 of words are in the 2000 most common words
44.2 of words are in the 5000 most common words
51.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өре түрегеліп: «Азат отанымыз болса, соның бір қаласында көшесін
сырырып жүріп өлсек арманымыз болмас еді!» деп оны жабыла тойтарып
тастағанымыз бар. Міне осы секілді, ұлттың азаттығы, Отанның тəуелсіздігі
деген тақырып қисынды-қисынсыз тұста да, саналы-санасыз түрде де біздің
əңгімеміздің алтын қазығына айналып бара жатты… Құдай-тағала тек
біздің ғана емес, жер бетіндегі күллі қазақтың арман-аңсарын, көз жасын
көрген шығар. Кешікпей сол армандаған азаттықтың ақ таңына куə
болдық… Шетелде, шетел болғанда да Кеңес одағымен жиырма жылдан аса
«қырғиқабақ» болып келген, коммунистік партия басшылығындағы
социалистік Қытайдың азаматы ретінде, сол елде жүріп Қазақстанның
тəуелсіздігін қарсы алу, қазір айтарға қызық болғанымен, ол кезде тіптен
қиын болып еді.
1987 жылы Пекиндегі оқуды аяқтап, жолдамамен Үрімжі қаласындағы
ШҰАР қоғамдық ғылымдар академиясының əдебиет институтына ғылыми
қызметкер болып жұмысқа қабылдандым.
Үрімжі қаласының тұрғыны болғаннан кейінгі алғашқы жалақыма тұңғыш
сатып алған дүние-мүлкім «Жаһан» (хуанчю) маркалы радиоқабылдағыш
болды. Күндіз академияның жұмысы, кешкі шаруа «Азаттық» радиосын
тыңдау. Бұл кез – Кеңес одағының шаңырағы шайқала бастаған шағы
болғанымен, Қытай үкіметі 1989 жылғы Тянь-Аньмэн оқиғасынан кейін,
елдегі тəртіпті біршама қатайтып жіберген. Сондықтан «Азаттық»
радиосының хабарларын тыңдап жүргенімізді көлденең көк аттыдан ептеп
жасырамыз. Бірақ «Азаттық» радиосын бір күн құры жібермейтін «ауруға»
тап болдық. Ара-тұра иманды болғыр Хасан Оралтай ағамыздың өз
дауысын да естіп қалып жүрдік. Əйгілі 1991 жыл. КСРО қожырап, іргесі
сөгіле бастады. Күндіз-түні «Азаттыққа» құлақ төсеп, күндіз-түні Алладан
Алаш жұртының азаттығын сұраймыз… Күз басында Қырғыз, Өзбек
ағайындар азаттықтың айдынына шықты. Шыдам таусыла бастады.
Сумаңдаған сан түрлі өсек-аяң одан сайын сабырымызды тауысып,
жүйкемізді жұқартып бітті. Жыл аяқталып келеді. Енді қашан?! Біздің
қазақтарға не болды?! Дегбір-төзім тақа таусылды. Тыпыршып жер
текпілейміз. Бір күні əдеттегідей «Азаттық» радиосына құлақ төсеп отыр
едім, беріліп тұрған хабар аяқталмай, ортан белінен үзілді де: «Сүйінші
Алаш жұрты! Сүйінші қазақ баласы! Қазақстан тəуелсіздігін жариялады!»
деп əрі қарай хабарды оқи алмай, əлгі дауыс өксік атып, жылап жіберді.
Таныс дауыс! Марқұм Хасан Оралтай ағамыздың дауысы. Ол кісі
«кешіріңіздер!» деп сөзін қайта жалғады. Əрі қарай не айтқаны есімде жоқ.
Себебі, жаңағы сөзден кейін мен ес-ақылымнан адасып қалдым. Күлемін.
Жылаймын. Қайтадан күлемін. Қайтадан жылаймын… Төрге тоңқалаң
асып, құлай кетіп домалаймын, қарғып тұрып секіремін. Ысқырамын.
Айғайлаймын…… Егер сол кезде қасымда біреу қарап тұрса, еш күмəнсіз
мені жынданды деп ойлаған болар еді… Бірақ есімді тез жиып, достарыма
тартып кеттім. Ол заманда ұялы телефон жоқ, тіпті үй телефонының өзі тек
бастықтардың үйінде ғана болады. Қаланың о жақ, бұ жағындағы достар бір
жерге жиналдық. Кешке қарай, жоқ жерден бір «туған күн» жасап, қала
шетіндегі бір жолдас жігіттің үйіне бардық. Ақсарбас атап сойып, жақсылап
тойладық. Кеш барысында сонда отырған бəріміз «Ертеңнен бастап төсекорнымызды буып, Қазақстанға кетудің қамына кірісеміз. Паспорт жасата
алмасақ шекара бұзып қашып өтеміз» деген уəжге тоқтадық. Уəде осы
болды да ертеңінде түске таман тарастық. «Жаман уəдеге берік» дегендей,
қашпай-ақ, шекара бұзбай-ақ, Қазақстанның арнайы шақыруымен,
жергілікті Қытай үкіметінің заңды рұқсатымен, Қытайдан алғашқылардың
бірі болып мен 1993 жылдың басында Қазақстанға оралдым.
Салыстыру үшін, əңгіменің осы тұсында мына бір жағдайды айта кеткім
келіп отыр. Өткен жылы (2010ж.) ресми іссапар орайында, дəм бұйырып,
тəуелсіздік күнін ҚХР астанасы Пекинде қарсы алуға тура келді. 15
желтоқсан күні кеште Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі тəуелсіздік күніне
орай салтанатты қабылдау жасап, қонақасы берді. Бұл бас қосуға ҚХР
үкіметінің ресми өкілдері мен ондағы өзге мемлекеттердің елшілерінен тыс,
Пекин қаласында тұратын, сол елдегі қандас бауырлардың көбі (тіпті бəрі
деуге де болады) шақырылыпты. Көбісі біздің көнекөз таныстар. Олармен
арқа-жарқа əңгіменің бір тұсында:
- Осы тұрған көбің комунистсің. Бұндай шараға қатысуға тиым жоқ па? –
деп сұрадым. Менің бұл сұрағыма күле жауап берген бауырларым: - Ол
саясат ХХ ғасырмен бірге тарих қойнауына кеткен. Қазір біз мұнда,
Қазақстанның тəуелсіздігін, шақырылсақ елшілікпен бірге қарсы аламыз,
шақырылмасақ, өзіміз жиналып мейрамханада тойлаймыз,- деді. Мен бұл
сөзді естіп, «Жаратқанға мың тəубе! Аналайын азаттық, қасиетті Отан, бəрі
сенің арқаң ғой!» дедім ішімнен.
Иə, сонымен Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арнайы
шақыруымен Отанға оралдық. Оралуын оралсақ та, алғашқы жылдары
қатты қиналдық. Алайда елде болып жатқан бұл қиындықтан Қытайда
жүргенде-ақ хабарадар болатынмын. Демек, қиындықты,
қиналатынымызды көріп-біле тұра, бəрін осындағы ағайынмен бірге
көреміз, ауырлықты бірге көтереміз келдік. Ал керісінше ол кезде
Қытайдағы жағдайымыз жап-жақсы болатын. Содан ғой, кетудің қамын
жасап жүрген кезімізде кейбір ағаларымыз бен ағайындарымыз: “Қазір не
бар?! Ол жақта бүгінде жоқшылық жайлап, жұрт аш-жалаңаш отыр… Кейін
жағдайлары оңалып жатса, сол кезде көрмейсің бе? ”- деген ақылын да
ашық айтты. Бірақ ондай ақыл менің жолыма кедергі бола алған жоқ.
Өйткені менің ұғымымда, қарын тойдыру – тек хайуанның ғана қайғысы.
Ол туралы халқымыздың “ер туған жеріне …” деп басталатын жақсы
мақалы бар ғой… Əрі еске алу үшін, əрі шетелдерден елге жаңадан келіп
жатқан ағайындарға, əсіресе олардың жастарына ғибрат болсын үшін,
тəуелсіздің алғашқы жылында елге келіп, қалай қиналғанымыздың шет
жағасын айта кету артық болмас деп ойлаймын.
Біздің ол кездегі қиналысымыз, қазіргідей «квота, виза, ықтиярхат, баспана,
жер телімі…» мəселесі емес, бір ауыз сөзбен айтқанда «жанды қалай
сақтаймыз» дегенге ғана саятын. Туған ауылымен, ағайын-бауырымен бірге
өмір сүріп отырған, осындағы жергілікті ағайындардың өзі “шықпа, жаным,
шықпалап” əзер күн кешіп қалған кезде, бұл қиындық шекара асып келген
біздерге қалай соққанын шамалай беріңіз. Кəдімгі «түйені жел шайқаса,
ешкіні көктен ізде» дегеннің кебі.
Əсіресе мына бір-екі жағдай есімнен еш кетпейді. 1993 жылдың қараша
айында ақша ауысып, ұлттық валютамыз – теңгенің құны күн санап
құлдырады. 1994 жылдың басында, жаңылмасам, жалақымыз 100 (жүз)
теңге болатын да, бір нан 5-6 теңгенің төңірегінде еді. Сол жүз теңге
жалақының өзін айлапжылдап ала алмайтын кездер болды. Сондай
күндердің бірінде, Алматыда бір туысқанның үйіне қонаққа бардық.
Қайтарда олар бізді таксиге мінгізіп жіберді. Үш жасар қызым əлгі таксидің
ішінде ұйықтап қалды. Жатақханаға жеткесін мен қызымды көтерген күйі
бөлмеге кірдім. Баланы шешіндіре бастаған мамасы “баланың аяқ киімінің
бір сыңары жоқ” деді. Асып-сасып далаға жүгіріп шықтық. Такси баяғы да
кетіп қалған. Баланы көтеріп кірген ізімізді қараймыз. Жоқ. Ертеңінен
бастап балам: “етігім қайда? Далаға шығам” деп ал, келіп жыласын. Содан
қыс бойы балам аяғын құшақтап, үйде жылады да жатты… Жүрегімнің
ауырғаны соншалық, бір күні өзімнің де көзімнен жас шығып кетті… Ал
1995жылы, екінші балам өмірге келді. Белгілі себептермен сəбиімізді “Бона”
дейтін дайын тағаммен азықтандыруға тура келді. Сөйтіп жүрген күндердің
бірінде үш айлық сəбиімізге не бəрі 30 теңге тұратын “Бонасын” алып бере
алмай, аштан қатырып ала жаздаған да кезіміз болып еді… Əрине, «көппен
көрген – ұлы той». Қиындықтың бəрі артта қалды. Бұл əңгімені бүгін
айтсақ, өзге түгіл, өз балаларымыз ертегі секілді қабылдайды. «Ұстаздық
еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атам айтқандай, сол келгеннен
күні бүгінге дейін еліміздің жоғары оқу орнында ұстаздық етіп келемін.
1993-2002 жылдары Əл.Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің
сол кездегі Қиыршығыс елдері кафедрасында он жыл табан аудармай
ұстаздық қызмет атқарып, болашақ қытайтанушы шəкірттерге - өзімнің
сүйікті іні-қарындастарыма қытай тілі мен əдебиетінен, қытай
мəдениетінен сабақ бердім. 2002 жылы Астана қаласындағы ЕҰУ-не
ұстаздық қызметке шақырылып, содан бүгінге дейін осы білім ордасында
болшашақ қытайтанушылар мен дипломаттарды, қытай тілі мамандарын
даярлау ісіне атсалысып келемін.
Бір қызығы, тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында қытайдан 100 юаньға
əкелген тауарыңды ойланбай да қиналмай 100 АҚШ доллларына
саудалауға əбден болатын еді. Осыны көрген көп ағайын жұмысын да,
оқуын да тастап саудаға кетіп жатты. Белшеден кешуге болатын сол
батпанқұйрықты көріп-біле тұра біз ұстаздықтан əсте безінбедік. Ел
ертеңіне керек, тəуелсіздіктің тағдырына қатысты шаруаны аяқсыз қалдыра
алмадық. Сөйтіп елімізге неше жүздеген қытайтанушы жас мамандар
тəрбиелеп, қазақстандық қытайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуына
өзіміздің бір кісілік үлесімізді қосу жолында тер төктік. Еткен еңбек, төккен
тер далаға кеткен жоқ, бүгінде ҚР Сыртқы істер минстрлігінде, Қорғаныс
министрлігінле, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Президент жəне үкімет
аппаратында, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мен консулдықтарында,
ЖОО мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде, əр түрлі ұлттық компанияларда
біздің шəкірттеріміз жемізті еңбек етуде. Сонымен бірге шəкірттерді
ресейлік оқулықтарға тəуелді етпеу, азат еліміздің азат оқулығын жазу
мақсатымен өмірге келген “Қытай тілі фонетикасының негіздері”, “Қытай
филологиясына кіріспе”, “Қытай əдебиетінің тарихы”, “Лу Шүнтану
негіздері”, “Елтану мəтіндері” атты оқулықтарымыз шəкірттеріміздің
қолында жүр.
Жалпы біздің елімізде қытайтану ғылымы Ш.Уəлихановтан
басталғанымен, патшалы Ресей тұсында болсын немесе кейінгі КСРО
кезінде болсын, біздегі қытайтану ғылымы тек ресейлік көзқарас, ресейлік
мүдде тұрғысынан қалыптасқаны жасырын емес. Ал азат Қазақстан үшін
дүниеге тек өз көзімен қарап, нені болса да өз мүмкіндігімен, өз ойсанасымен саралаудың қажеттігі шығар күндей шындық. Іргеміздегі алып
көршіміз, дос ел Қытайды тануда тіпті де солай болу керек. Бұл салада біз
бүгінге дейін еліміздің ғылыми жəне бұқаралық, мерзімді баспасөздері
бетінде 200-ден астам ғылыми жəне танымдық еңбектер жариялаппыз.
Сондай-ақ осы алып көршімен қарымқатынастың қыр-сырын сəт сайын
таразылап, сараптап, биліктің де, халықтың да назарына ұсынып келеміз.
Бүгінде жігіт жасы жиырмаға толып отырған Қазақстан, азат ел, өркениетті
мемлекет ретінде жер жүзіне кеңінен танылып үлгерді. Жердің бетін екі
мыңнан астам ұлт мекендеп отырған болса, соның екі жүзден астанымының
ғана тəуелсіз, ұлттық мемлекеті бар. Дүниедүзіндегі əр бір қазақ баласының
маңдайына осындай шексіз бақыттың қонғанына да жиырма жыл толып
отыр!
Демек, бүгінгі мереке Сіз бен біздің шынайы бақытымыздың 20 жылдық
мерекесі! Біз бұл арада «дүниедүзіндегі əр бір қазақ баласы» деп жай-жай
айтып отырған жоқпыз. Өйткені заңғар заңгер, академик С.Сартаевтың
Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайында: «Қазақ мемлекеті – тек
Қазақстанда тұратын қазақтардың ғана мемлекеті емес, ол сонымен қатар
дүниежүзіндегі қазақтардың да ұлттық мемлекеті. Сондықтан да ол бүкіл
дүниежүзіндегі қазақтардың хұқықтары мен бостандықтарын құрметтеуі
жəне қорғауы қажет», – дегеніндей, тəуелсіз Қазақ елі бүгінде əлемнің
түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан күллі қазақ баласының жанындай
қастерлісі, таңындай мақтанышы ғана емес, тəңірдей тірегіне, құдайдай
қорғанына да айналып үлгерді. Сондықтан күллі қазақ баласы үшін
азаттықтан ардақты ұғым, тəуелсіздіктен асқан байлық, 16 желтоқсаннан
асқан мереке жоқ. Себебі бұл тəуелсіздік – біздің халқымыздың тарпаң
тағдырдың тар жол, тайғақ кешуінің бəрін көре жүріп, «мың өліп, мың
тіріле жүріп», қылша мойнына ілінген бодандықтың болат қамытын үш
ғасырға таяу мойымай көтере жүріп, ұлт ретінде жер бетінен жойылып
кетуге шақ қалғанда зорға жеткен азаттығы! Бүгінде бəзбіреулер: “Біз
ұйықтап жатқанда тəуелсіздік іргемізге өзі келді”- деп ел егемендігінің
құнын кеміткісі келіп, халқымыздың əр замандағы бодандыққа қарсы
күресінің қанды тарихына көз жұмбайлық жасап жүр. Меніңше бұдан өткен
намыссыздық, ұждансыздық болмайды. Себебі, өткен ғасырлардағы
Кенесары, Исатай, Махамбет, Саурық, Жанқожа, Есет, Ұзақ, Жəмеңкелер
бастаған бабаларымыздың қанын ұмытсақ та, дəп күні кеше ғана – 1986
жылғы Желтоқсанда төгілген қыршын жастардың қаны жадымыздан шыға
қоятындай болған жоқ! Жаңағы “ұмытсақ” та деп отырғанымыз шартты
түрде айтылған сөздің тəмсілі. Бабаларымыздың, бауырларымыздың берген
құрбанын, аққан қанын былай қойып, тіптен бодан кезде көрген əр бір
қорлық-зорлық, теперіштепкінің, кісəпір, тəуменділіктің біреуінің де естен
шықпауы керек. Сонда ғана тəуелсіздіктің қадірі, азаттықтың құны еселеп
арта түспек. Өкініштісі сол, кешегі қызыл жалаулы “коммунизм” кезінде
көрген қорлық-зорлық бүгінде кейбір бауырларымыздың есінен тез
көтеріліп кеткені сонша, тəуелсіздіктің құнын бүгінде дүкендегі заттың
бағасымен өлшегісі келеді. Əрине, бақытты өмірді аңсамайтын адам
болмайды. Бірақ ол аспаннан түспейді, жерден шықпайды. Бақыт пен
байлықтың кілті – адамның ақыл-парасаты мен екі қолы. Ал, жеріміздің
асты мен үсті тұнып тұрған қазына. Тек ақылмен ойлап, екі қолмен сол
қазынадан игіліктене білсек болғаны. Өкініштісі, біздің ағайындардың
көбісі əлі де болса “алма піс, аузыма түс” деп үкіметке ғана алақан жайып
дағдыланған кеңестік масылдық психологиядан арыла алмай келеді. Ауылға
барғанда сондағы жастардың, тепсе темір үзетін жігіттердің «жұмыс жоқ»
деп сенделіп, ата-анасының зейнетақысына телміріп отырғанына таң
қаласың. Керісінше еліміздің əр түкпірінде тұратын, жер емшегін еме
білетін неміс, кəріс, орыс, дүңген, өзбек, ұйғыр секілді туысқан ұлт өкілдері
есігінің алдындағы алақандай бақшалық жерімен-ақ алқып-шалқып отыр.
Олардың қасында біз ел егесі, жер қожасымыз, шетімізден фермер, кəсіпкер
болып, туған елдің де, өзіміздің аузымыздан ақ май ағызып отыратын
жөніміз бар емес пе еді?! Қарекетке не кедергі?! Аяқ-қолға не байлау?!
Демек, кешегі кеңестік жүйе қалыптастырған тіршілік ету танымымызға,
бүгінде түбегейлі бетбұрыс қажет болып отырғанын астын сызып отырып,
ерекше атап айтқым келеді.
Шетсіз-шексіз тарих көші үшін 20 жыл деген қас қағым сəт қана. Ал адам
ғұмыры тұрғысынан белгілі бір кезең ретінде қарауға болады. Əлем
елдерінің тарихына зер салатын болсақ, көптеген елдер, мемлекеті
құрылғаннан кейінгі жарты ғасыр, тіпті бір ғасыр бойына өз жолын таба
алмай, талай-талай қиынқыстау кезеңдерге тап болғанын көреміз. Тіпті
өзгені айтпағанда, өзіміз жақсы білетін КСРО мен ҚХР-ның тарихына бір
сəт үңіліп көрейікші. Кеңес одағының 20 жылдығы қарсаңында ресми
Мəскеу ел ішінен «жау» іздеп, халықтың сорпа бетіне шығар ұлқыздарының алдын атып, артын итжеккенге айдап, одан қалғанын күреске
тартып жатты. Бұл тұстағы Кеңес одағы адамның отаны емес, ажалдың
апаны болатын. Ал 1969 жыл – Қытайдағы «мəдени төңкерістің» ең бір
қайнап тұрған кезеңі еді. Ол елде де зиялы, сауатты қауым ұрылыпсоғылып, көзі жойылып, былайғы қарапайым жұрт тек ауыз бағып қана
қалған. Қала мен даланы ессіз айғай-аттан кернеп, есе тиген есіріктер елге
бүйідей тиіп тұрған болатын.
Барлық нəрсенің құны, əр қандай құбылыстың қадір-қымбаты салыстыру
арқылы анықталады. Ал біздің 20 жылдық тарихқа назар аудара отырып,
құдайшылық сөзімізді айтатын болсақ, əрине, «əттеген-айымыз» да жоқ
емес. Ал тəубе дейтін табысыз, мақтанатын жетістігіміз жетіп артылады.
Олардың бəрін санамалауға бір мақала емес, нешелеген томдар жазуға тура
келеді. Соның ең бастылары ретінде, əрі Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың
есімімен тікелей байланыстылары деп мен мына үш ұлы жеңісімізді атап
айтқан болар едім: 1. Астанамызды Алматыдан Ақмолаға көшіріп əкеліп,
орнықтырып алғанымыз; 2. Көршілерімізбен шекарамызды бейбіт
жағдайда, дипломатиялық жолмен шегендеп алғанымыз; 3. Алыс-жақын
шетелдерден бір миллионға жуық қандастарымызды отанға оралтып,
бауырымызға басқанымыз. Осылардың əр біреуін жеке-жеке «ғасырлық
жеңіс» деп бағалауға толық негіз бар. Ал бұларды «Елбасымыз
Н.Ə.Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты» деп отырғаным, жалпы
елімізде атқарылып жатқан өзге жетістіктер (БҰҰ мүше болу, ұлттық
валютаны енгізу, шетелдермен достық-қарым қатынас, экономикалық даму
т.с.с.) кім Президент болса да жүзеге асыруы мүмкін. Ал біз санамалап
отырған ұлы үш жеңісті тек Н.Ə.Назарбаевтың жеке еңбегінің, жеке
парасатының, жеке саясаткерлігінің арқасында ғана мүмкін болғанын,
жеке құлшынысымен жүзеге асқанын, бүгін, ақиқатқа тура қарап тұрып
айтуға тиіспіз.
Жиырма жылдық қана тарихы бар, жас мемлекеттен біздің еліміз
бағындырған белестерден де биік шыңдарды талап ету, бұдан да жылдам
қарқынды дəмету əбестік болар еді. Билік басына мың жерден парасатты
адамды қойып, бүкіл ел болып жабыла жұмылған күнде де, тарихи дамудың
табиғи заңдылығы деген бар. Ол заңдылықтың өз қарқыны бар. Сол
заңдылық сақталса, ол – эволюция. Сақталмаса, ол – революция. Қазақстан
эолюциялық дамудың ең жоғары қарқынымен самғап келеді. Бізге де керегі
осындай тарихи дамудың табиғи үдерісі.
Сөз соңында барлық отандастарымды, алыс-жақын шетелдерде өмір сүріп
жатқан бауырларымды азаттығымыздың 20 жылдық ұлық мерекесімен шын
жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Көк
байрағымыз көгімізде мəңгі желбіресін!
«Егемен Қазақстан» газеті. 15 желтоқсан 2011ж. № 628.
ҚАЗАҚҚА ҚАДІРІ АРТЫҚ ХАСАН АҒАМ…
Хасан Оралтай!
Бұл есімді Алаш жұртына таныстырып жату – басы артық əңгіме болар еді.
Жер жүзіндегі сауаты бар, ұлттық сана-сезімі бар Қазақ баласында Хасан
Оралтайды білмейтін адам кемде-кем. Себебі оның бүкіл саналы ғұмыры
шынымен де «елім-айлап өткен өмір». Хасан Оралтай ағамыз қай қырынан
салыстырсаң да кешегі ХХ ғасырдың басында өткен Алаш арыстарының
нағыз мұрагері, адал ізбасары болатын. Хасан ағамызды жақыннан білмесе
де, оның «Елім-айлап өткен өмірін» оқыған адам біздің бұл пікірімізге
зəредей де шүбə келтірмеуге тиіс. Ал ту Еуропада өмір сүргенімен, Хасан
ағамның менің өмір жолыма шашқан шуағы, тағдырыма жасаған игі
ықпалы тіптен тұтас бір кітапқа жүк боларлық əңгіме.
Қазақ зиялысының ішінде, əшейінде «Қазақ! Қазақ!» деп сайрайтындар көп.
Ал ондайларға ұлт қамы, ұлт болашағы қамымен, тым болмағанда,
пікірлесейін деп жақындасаң, өзінің жүзінен, өзінің руынан болмай қалсаң
табан астында теріс айналады. Шетелден елге оралып, жоқ дегенде қара
көбейтіп жүргеніңе қуанғанның орнына, алдындағы асына ортақ болғандай,
ризығын шайқап, несібесін төгіп кеткендей алакөздейді. Реті келсе
аяғыңнан шалады. Осындайлардың қылығын Хасан ағамның қамқайғысымен салыстырып кеп жіберсең, кімнің кім екені өз өзінен
менмұндалап шыға келеді. Жасыратын несі бар, Хасан ағам, орта жүздің
Керейі. Мен ұлы жүздің Албанымын. Жас айырмашылығымызға келсек,
Хасан аға менің əкем құралпы адам. Ол кісімен алғаш танысқанымда: «Егер
кімде-кім қазақты сүймесе, ұлтшыл болмаса, онда ол Керей түгілі,
Жантекей болып кетсе менің жауым!», – деп еді. Бұл сөз – өзінің жүрек сөзі,
өмірлік ұстанымы екенін тұтас ғұмырында дəлелдеп кетті. Хасан аға туралы
естелікті жазудағы мақсұтымыз да осынау ұлы тұлғаның нағыз ұлт
зиялысына тəн кескін-келбетін айшықтауға ат салысу еді. Сөзді неден
бастасақ екен деп отырғанда, Хасан аға туралы əңгіме өз-өзінен əріректен
басталып кетті. «Əрірек» деп отырғанымыз Хасан ағаның туған жері, баяғы
Шығыс Түркістан, бүгінгі Шынжаң.
Мен сол өлкеге қарасты Текес ауданында өмірге келдім. Мен туғанда
Қытайдың қызыл туы желбіреп тұр екен. Есейіп, ес біліп мектепке бардық.
Хат танығанда байқадық, ала қағаздың бетінен «Мао сөздерінен» өзге
немесе «Маоға мадақтан» басқа бөтен сөз тауып оқу қиын. Сөйтіп
жүргенде, 1976 жылдың күзінде «мың жасасын!» деп жүрген «күн
көсеміміз» мыңды қойып, жүзге де жетпей бұл дүниеге қош айтты. Оның
«адал ізбасары» Хуа Гофың деген біреу екі жылдай «Тек Маоның жолын
жалғастырамын» деп милиарттың басын тағы екі жылдай сарсаңға салды.
Тек 1978 жылы ҚХР-ның билік басына Дың Шяопиң келгеннен кейін,
тұрмысы оңалып қана қоймай, бұрынғымен салыстырмалы түрде айтқанда,
ой-санасы азаттық айдынына шығып, екі елі аузындағы төрт елі қақпағы
алынып, жұрт кəдімгі қапастан босағандай күй кеше бастады. Ал 80-ші
жылдарға келгенде əр-əр кімнің аузынан (оның өзінде сыбырлап айтады)
қазақтың арғы дəуірдегі хандары мен батырларынан бастап, кешегі Алаш
арыстарына дейін, тіпті иек астындағы Шығыс Түркістан Республикасы,
Ақыт, Таңжарық, Көдек, Əкбар, Сейіт, Оспан, Қалибек хакім, Жақыпберді
батыр, Дəлелхан Сүгірбаев т.б. толып жатқан ақындар мен батырлары
туралы ести бастадық. Бүгін ойлап қарасақ, оны айтатындардың өзі тек ол
тарихты шала-пұшық білетін, қарапайым ауыл адамдары екен. Ал нағыз
білгірлер, оқымыстылар бəрі бір «ауыз бағып» қалыпты.
Содан не керек, 1982 жылы туған ауданымнан он жылдық мектепті бітіріп,
сол жылы мемлекеттік қабылдау емтиханында үздік нəтижеге ие болып,
Пекиндегі Орталық ұлттар университетінің филология факультетіне оқуға
қабылдандым. Бір топта Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарынан келген ұлы
бар, қызы бар, жалпы 30 баламыз. Алтайдан келген балалар Оспан батыр,
Бөке батыр, Зуқа батыр, Ақыт қажы, Дəлелхан Сүгірбаев туралы əңгіме
айтса, Тарбағатайдан келгендер Дубек Шалғынбай, Балқаш Бапин, Қалибек
əкім, Жағда Бабалық туралы сыр шертеді. Біздер Іледен барғандар Көдек,
Шарғын, Таңжарық, Əкпар, Сейіт, Жақыпберді туралы естіген-білгенімізді
айтамыз. Осылайша қызыл қытайдың жасырып-тығып жүрген Шынжаң
өлкесі туралы «құпиясының» сыры ашыла бастады. Содан əрі қарай
тінтінектеп білген сайын біле түскіміз келді. Бірақ ол туралы жазылған
жүйелі кітап жоқ, там-тұм болса да ақиқатын айтатын газет-жорнал да жоқ,
тек «құлақ молдасының» ауызша əңгімесі. Бір қызығы, Пекинге бара қалған
күннен бастап, тобымыздағы Назар Иманғалиұлы деген жігіт екеуміз өте
жақын жүрдік, тіпті кейін дос болып кеттік. Өзі Сауан ауданының Бөртіңке
деген ауылында туып өсіпті. Айтуынша əкесі Иманғали ақсақал ауылына
шешен, щежірешілігімен, ержүрек, батылдығымен танылған, өте инабатты
кісі көрінеді. Аудан, аймақ əкімдерінің өзі арнайы келіп салам беріп тұрады
екен. Сол парасатты əкенің əңгімесінен құймақұлақ бала Назар көкейіне көп
нəрсе түйіп алыпты. Оның үстіне біздер университетке барғанда жиырмаға
əлі толмаған бала болсақ, Назар жиырманың мол ішіндегі жігіт болатын.
Бəріміз «ақсақал» деп əзілдейтінбіз. Сол Назармен жақын болуымның
арқасында, Сауан ауданында болған тарихи оқиғаларға көбірек қанық
болудың сəті түсті. Əрине, негізгі «дерек көзім» Назардың əңгімесі ғана
емес. Мен Назар арқылы Пекинде тұратын көптеген Шəуешектік, Сауандық
кісілермен танысып, солармен дəмдес, сұхбаттас болдым. Олардың
арасында ақын, баспагер, марқұм Қазымбек Арабин, Елубай Əбілқасымұлы,
қазір Пекиндегі Орталық ұлттар университетінің профессоры Еркін Ауғали,
сол кездегі ұстазымыз, қазір Түркияда тұратын ерлі-зайыпты ғалымдар
Зейнеш Смайыл мен Сəуле
Дағайқызы, Гүлсайраш Мəрбекқызы т.б. толып жатқан кісілермен жас
айырмашылығымызға қарамастан өте жақын араласып тұрдық. Зейнеш пен
Еркін екеуі біз барған 1982 жылы университет бітіріп, сол университетке
мұғалім болып қалыпты. Екеуі де қытай мектебінде оқығанымен,
ұлтшылдық жағына келгенде алдына жан салмайтын. Əсіресе, Зейнеш
мұғалімнің ұлтжандылығына ерекше тəнті болатынбыз. Жол түсіп Пекинге
келген Нығымет Мыңжани, Жақып Мырзахан, Нəбижан Мұқаметхан
секілді тарихшыларды шақырып əкеліп, біздерге «қазақ тарихынан» дəріс
оқытатын. Ал өзі бізге қолмен жазып, шифаграфпен басып «Қазақ
əдебиетінің тарихын» таратып берумен бірге, кейде оқығаны, білгені,
естігені негізінде Шығыс Түркістан туралы əңгіме айтып беретін.
Осылайша осы бір ұлтын шексіз сүйетін, жігерлі жас ұстазымыздың
арқасында туған халқымыздың тарихы мен мəдениетін білуге деген
құштарлық күн санап арта түсті. «Жүргенге жөргем ілінеді» дегендей, шын
іздеген адам керегін таппай қоймайды екен. Сондай ізденістің арқасында
Ілияс Есенберлиннің ішкі құжат ретінде қытай тіліне аударылған «Қаһар»
романын, Жəрдем Тілековтің «Жоңғар даласында» романын, Қабдеш
Жұмаділовтің қос томдық «Соңғы көш» романын тауып оқыдық. Бұл
шығармалардан алған деректер мен əсерлерді ауызша мəліметтер күн санап
толықтырып, байытып жатты.
«Ауызша мəлімет» демекші, мен Текестік кісілердің үйіне Назарды ертіп
барам. Ал Назар өз ауылдастарының үйіне мені ертіп барады. Сондайда
дастархан басында сауандықтардың əңгімесінің негізгі тақырыбы Қалибек
əкім туралы болатын. Осындай əңгіменің бір тұсында «Қалибек əкімнің
баласы қазір Германияда «Азаттық» радиосының қазақ бөлімін басқарады»
деген тосын хабарды естіп қалдым. «Тосын» деп отырғаным, біріншіден,
«Азаттық» радиосының қытайшасы бар екенін білгеніммен, «қазақшасы
бар» дегенді алғаш естуім, екіншіден, оны басқаратын – есімін көптен естіп
жүрген, əйгілі Қалибек əкімнің баласы екендігі. Сол күннен бастап «Хасан
Оралтай» деген ұлы есім менің миыма шегеленіп, жүрегіме терең орнап
қалды. Осы хабарды естіген күні-ақ, жатақханаға келе салып, радионы таң
атқанша ары бұрап, бері бұрап «Азаттық» радиосының қазақшасын таба
алмадық. Тек əдеттегіше қытай тіліндегі хабарларын тыңдап жүрдік. Оның
өзінде де ұрлап-жырлап, жасырын ғана… Уақыт көші жылжып 1985
жылдан бері жылжығанда, Түркиядағы қазақ ағайындар қыдырып келіп,
қытайдағы ағайындар ептеп туысшылап Түркияға бара бастады. Сол барған
келген ағайындардың əңгімесінен Хасан ағамыз туралы нақытрақ, тереңірек
біле бастадық. Герменияның Мюньхен қаласында тұратынын, өте ұлшыл,
алашшыл азамат екенін білдік. Сондай жолаушылардың бірі маған Халифа
Алтайдың «Естеліктерім» атты өлеңмен жазылған əйгілі мемуарлық
романын силады. Бұл кітаптың қолымызға түсуі Түркиядағы қазақтардың
ол жаққа қайдан, қалай жеткені туралы тарихты көркем де жанды
картинамен көз алдымызға жайып салды. Қытайдағы қазақтың жас буыны –
біздерге Еуропадағы ағайындардың тарихы мен тағдыры туралы дұрыс
таным мен терең түсінік осы кітаптан кейін ғана қалыптасты…
1987 жылы Пекиндегі оқуды аяқтап, жолдамамен Үрімжі қаласындағы
ШҰАР қоғамдық ғылымдар академиясының əдебиет институтына ғылыми
қызметкер болып жұмысқа қабылдандым. Менің сана-сезімім мен
танымталғамымдағы, тағдырымдағы болашақ бетбұрысқа Үрімжіге келіп,
академияда жұмыс істеуім үлкен негіз қалап берді деп нық сеніммен айта
алам. Олай дейтінім, академияда қытай, ұйғыр ғалымдарын айтпағанның
өзінде, Нығымет Мыңжани, Бұлантай Досжанин, Жақып Мырзахан,
Бексұлтан Кəсей, Нəбижан Мұқаметхан, Шəріпхан Əбдəли қатарлы
қытайдағы қазақтың бетке ұстар ғалымдары аталған академияның əр түрлі
институттарында қызмет атқаратын. Олардың əр қайсысы бір-бір мектеп,
бір-бір академия еді. Əсіресе Н.Мыңжани марқұм халқымыздың арғы
тарихының хас білгірі ғана емес, ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы
Шығыс Түркістан тарихының көзі тірі куəгері болатын. Оның үстіне өзі кісі
жатырқамайтын жайсаң, мен-мені жоқ, өте текті адам еді. Ол кісінің бұл
мінезі менің емін-еркін барып-келіп, əңгімесін тыңдап тұруыма үлкен
мүмкіндік туғызды. Əуелгіде кібіртіктеп, бірден көсілмей отырады, сосын
ол тұстан, бұл тұстан естіген-білгенің туралы сұрақ қойсаң, соған жауап
бере келе, ағыл-тегіл ақтарылып кетеді. Мен ол кісімен көбінде Шығыс
Түркістан Республикасы туралы, Оспан, Қалибек əкім, Дəлелхан туралы
сұрайтынмын. Мен Қалибек əкім туралы, оның ұлы Хасан Оралтай туралы
ең тұщымды, ең нанымды, ең жүйелі мағлұматты міне, осы Нықаңнан алып
едім. Үрімжіге келгенімнің тағы бір пайдасы, «Азаттық» радиосының қазақ
тіліндегі хабарларын бұл қалада радиоқабылдағыш əсіресе түнге қарай
емін-еркін, таптаза ұстайды екен. Күндіз де тыңдауға болады, бірақ сапасы
онша мəз емес. Академияға жұмысқа қабылданып, Үрімжі қаласының
тұрғыны болғаннан кейінгі тұңғыш сатып алған дүние-мүлкім «Жаһан»
(хуанчю) маркалы радиоқабылдағыш болды. Күндіз академияның жұмысы,
кешкі шаруа «Азаттық» радиосын тыңдау. Кеңес одағының аман шағы.
Қытайдың да қазіргідей етек-жеңін жайына жіберген кезі емес. «Азаттық»
радиосының хабарларын естіп отырып жаныңнан түңілесің. Бірақ айтып
жатқандарының бəрі шындық, бəрі ақиқат. Ара-тұра Хасан Оралтай
ағамыздың өз дауысын да естіп қалып жүрдік.
«Хасан ағамыздың дауысы» дегеннен еске түседі. Əйгілі 1991 жыл. КСРО
қожырай бастады. Мен сол баяғы ҚХР Үрімжі қаласындағы ШҰАР
Гуманитарлық ғылымдар академиясының əдебиет институтында əдеби
қызметкермін. Германияның Мюнхень қаласынан сөйлейтін «Азаттық»
радиосынан өзге Қазақстанға қатысты тұщымды əрі жылдам ақпарат
алатын еш бір бұлақ көзі жоқ. Күндіз-түні «Азаттыққа» құлақ төсеп, күндізтүні Алладан Алаш жұртының азаттығын сұраймыз… Жаз ортасында
Қырғыз, Өзбек ағайындар азаттықтың айдынына шықты. Шыдам таусыла
бастады. Сумаңдаған сан түрлі өсек-аяң одан сайын сабырымызды
тауысып, жүйкемізді жұқартып бітті. Жыл аяқталып келеді. Енді қашан?!
Біздің қазақтарға не болды?! Тыпыршып жер текпілейміз. Бір күні
əдеттегідей «Азаттық» радиосына құлақ төсеп отыр едім, беріліп тұрған
хабар аяқталмай, ортан белінен үзілді де: «Сүйінші Алаш жұрты! Сүйінші
қазақ баласы! Қазақстан тəуелсіздігін жариялады!» деп əрі қарай хабарды
оқи алмай, əлгі дауыс өксік атып, жылап жіберді. Таныс дауыс! Марқұм
Хасан Оралтай ағамның дауысы. Ол кісі «кешіріңіздер!» деп сөзін қайта
жалғады. Əрі қарай не айтқаны есімде жоқ. Себебі, жаңағы сөзден кейін мен
ес-ақылымнан адасып қалдым. Күлемін. Жылаймын. Қайтадан күлемін.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 09
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.