Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 17

Total number of words is 3798
Total number of unique words is 2056
30.8 of words are in the 2000 most common words
43.5 of words are in the 5000 most common words
50.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
беріп отырған мемлекеттің қолынан келмейді дегенге кім сенеді?! Мəселен,
Қытайда мемлекет банктерге қаржы береді де, «халыққа несие беретін
болсаң 4-5 пайыздан асырмайсың» деп шарт қояды, банктер оны
орындайды. Біздегі кейбір банктер қаржыны шетелден алады делік, соның
өзінде олар 5-7 пайыздық өсіммен береді. Мəселен, Еуропа даму банкі,
Ислам даму банкі, Американың толып жатқан қаржылық институттары
беретін қаржының пайызы өте аз. Халыққа солардан алған ақшаны əрі
кеткенде 10 пайызбен берсе де жетіп жатыр. Алайда, Қазақстандағы
қаржылық топтар еркін жұмыс жасауы үшін заңды өздеріне ыңғайлы етіп
жасап алған.
«Ұлт Times»: – Қытай біз үшін жақын көрші ғана емес, Қазақстан жайлы
ақпаратты өзінен бұрын біліп отыратын қырағы зерттеушіге айналып
үлгерді. Қытайдың біз жайлы білмейтін сыры қалды ма?
Дүкен Мəсімханұлы: – 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тəуелсіздігін
жариялады. Жарты жылға жетпейтін уақытта 1992 жылдың мамыр айында
Қытай «Қазақстан Республикасының жалпы жағдайы» деген қалың кітап
шығарды. Ол кезде ондай кітап Қазақстанның өзінде жазылған жоқ
болатын. Кітапта негізінен еліміздің жалпы территориясы, халық саны,
қазақтың тарихы, құрамы, білім деңгейі, басшылар құрамында қазақтардың,
орыстардың үлес салмағы салыстырмалы түрде, тіл, діннің жағдайының
бəрі тұр. Қазір Қытайда Қазақстан туралы 20-шақты ғылыми орталыққа
қоса, бірнеше арнайы сайттар жұмыс істейді. Қазақстанға қалай бару керек,
онда қалай бизнес жасау керек, қалай қоныстанып қалу керек деген секілді
сұрақтардың бəріне сол жерден жауап табасыз. Шыңжаң гуманитарлық
зерттеу институтында, əдебиет институтында жұмыс жасадым. Сонда
бізбен көрші отырған Орта Азия институты, негізінен Қазақстанды
зерттеумен айналысатын. Сонда олар Қазақстан жерінің астында не бар,
үстінде кім бар, басшысы кім, қосшысы кім дегенге дейін зерттеп отыратын.
Сол зерттеу институтында тек қана Елбасымыз Н. Назарбаевты зерттеумен
айналысатын бір əйел, бір ер адам жұмыс жасады. Бірі қазақ тілін, бірі орыс
тілін жетік білетін. Орысша білетіні Н.Назарбаевтың орыс тілінде жарық
көрген мақалаларын, сұхбаттарын тізіп отырса, қазақша білетіні қазақ
басылымдарға берген сұхбатын, кітаптарын қарап, зерттеп отырады.
«Ұлт Times»: – Ал, біз жанымыздағы көршімізді қаншалықты таныпбіліп
отырмыз?
Дүкен Мəсімханұлы: – Мен өзім бұл саламен елге келген жиырма жылдан
бері тұрақты түрде айналысып келемін. Жүздеген шəкірттер дайындадым.
Қытайтануға қатысты біраз зерттеулерім, оқулықтарым, аударма еңбектерім
бар. Жақында «Егемен Қазақстанда» жарық көрген Қытай КП-ның жаңадан
сайланған басшысы Си Цзиньпин туралы көлемді мақаламнан ҚХР-дың бас
газеті «қазақстандық қытайтанушының пікірі» ретінде үзінді жариялады.
Бұдан өзге басқа салада жүрсе де, ара-тұра тиіп-қашып айналысып жүрген
бірді-екілі зерттеушілердің еңбектерімен ғана шектеліп отырмыз. Белгілі
қытайтанушы ғалым, Қазақстанның ҚХР-дағы тұңғыш Төтенше жəне
өкілетті елшісі Мұрат Əуезовтің «қытайтану орталығын» құру туралы
ұмтылысы үлкен. Ол кісінің де көтеріп жүрген мəселесі осы қытайдың
демографиялық экспансиясы, экономикалық жақтағы келеңсіздіктер, Қара
ертістің, Іле өзенінің суына қатысты, шекараға қатысты мəселелер. Біздің
жанайқайымызды елеп-ескеріп жатқан əзірге ешкім жоқ. Тіпті,
«қытайтанушы» деп айтқысы да келмейді. Ал, қытай тілін қай деңгейде
білетіні, қайдам, əйтеуір, Шыңжаң өлкесіндегі ұйғырларды зерттеумен
айналысатын Константин Сыроежкин есімді орыс азаматының Қытайға
қатысты айтқан сөздері «ішірткідей» өтіп-ақ тұр. ҚР Президенті жанындағы
Стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер болып қызмет
атқаратын Сыроежкиннің айтқанына билік құлақ асады. Ал, оған бəрібір.
Оған сенің жеріңнің, еліңнің тағдыры, болашағы көк тиын. Сыроежкин
мырза ешқашан қытайдан келетін қауіптерді айтпайды. Оның ойынша,
«болашақта Қазақстанда əлеуметтік орнықсыздық тудыратын фактор –
оралмандар». Сол баяғы Мəскеуге табынып, «ұлы орыс халқының» аузына
қарап үйренген құлдық менталитетпен əлі келе жатырмыз.
«Ұлт Times»: – Демек, болашақта əйтеуір бір құрылатын қытайтану
орталығының басшысы анық екен ғой.
Дүкен Мəсімханұлы: – Солай болып жатса, мен əсте таңғалмаймын. Ол
əбден мүмкін. Бізде орыс айтса қалт айтпайды, орыс басқарса бəрі керемет
болады, қыл аяғы «орыс кемпір алған майда қылшық болмайды» деген ой
əбден қалыптасқан.
«Ұлт Times»: – Ақын, аудармашы ретінде Қытай мен Қазақстан
арасындағы əдеби- мəдени байланыс туралы не айтасыз?
Дүкен Мəсімханұлы: – Біз Қытаймен Жер жаралып, су аққалы бері
көршіміз. Қытай «алып ел екен», «адамы көп екен» деп еш қайда көшіп кете
алмаймыз. Қытайдың тарихи территориясы Қытай қорғанының іші болса,
қазір ол Қытайдың Шығыс жағындағы тарихи мұра ретінде қалып отыр.
Қытай асықпай жылжып келе жатыр, біз жайлап ығысып барамыз,
осылайша өтіп бара жатқан өмір. Кеңестік кезеңдегі саясаттың кесірінен,
тарихшыларда тарихты соғыстардың шежіресі ретінде көрсету дəстүрі
қалыптасқан. Қандай да бір тарих кітабын алып қарасаңыз, іші толған
бітпейтін қанды майдан, соғыстар. Кеңестік кезеңде қалыптасқан
тарихшылар мектебінде тарихты жазудың тағы бір методикасы бар, яғни
тарихымыз Жоңғар шапты, Қоқан қоқаңдады, моңғол жаулады, арабтар
қырды, қытай басқыншылық жасады, олар біздің қызымызды күң етті,
ұлымызды құл етті деген сипатта баяндалады. Ал, орыс халқы осындай
қиын-қыстау кезеңде қазақтың басынан сипап, аузына су тамызған,
құтқарушы, жарылқаушы ұлт ретінде жазылады. Яғни, орыстар ғана бізді
алақанында əлпештеп, маңдайымыздан сипаған, алдына алып, тамақ беріп
отырған, біздің анамыз сияқты халық болған деп сипатталады. Ал, тарихтың
бір тармағы – мəдени қарым-қатынас екені естен шығып жатады. Қытай
өзінің хатқа түскен тарихын бес мың жыл деп есептейді. Сонда, біз
Қытайдан кейін үш мың жылдан соң пайда болдық па? Жоқ, меніңше,
барлық адам баласы бір уақытта пайда болды, «Адам ата мен Хауа анадан
өрбідік» десек те, Дарвиннің эволюция ілімі бойынша «маймылдан пайда
болдық» десек те, даму тарихымыз бір. Егер қытайлар бес мың жылдың
алдында пайда болған болса, қазақ төрт мың жылдан кейін аспаннан жауды
да, жерден өніп шықты ма? Жоқ! Олай емес екен, демек, біздің де бес мың
жылдық тарихымыз бар деген сөз. Айырмашылығымыз, қытай секілді хатқа
жазып, киіз кітапқа баспадық. Басқанымыз сақталмады. Қытаймен қарымқатынасқа зер салсақ, бес мың жыл дегеніміз елу ғасыр. Бір ғасырда бір рет
алапат соғыс, ірі қанды шайқас болды десек те, елу ғасырда елу рет қана
алапат қырғын орын алуы мүмкін, əрине, ұсақ-түйек қақтығысты
айтпағанда. Қалған уақытта олар өзара қыз алысып, қыз берісті, біздің
өнерімізді олар алды, олардың өнерін біз алдық. Рухани барыс-келіс негізгі,
басты ауқым болды, мұны қытайдың тарихи құжаттары да растайды. Бес
мың жыл бойы оқ жонып, садақ көздеп отырдық деу қалай ақылға сияды?!
1911-1949 жылға дейін Қытай біресе Отан соғысын, біресе азаматтық
соғысты бастан кешіп, өзімен-өзі əлек болып жатты. Тек 1949 жылы қазан
айының 1-ші күні Мао Тянь-Анмэн алаңына шығып, Қытай Халық
Республикасының құрылғанын жариялады. Сол күннен бастап ханьзу деген
ұлт өз елінің билігіне қол жеткізді. 1991 жылдан кейін ғана тəуелсіз
мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы,
ұлт ретінде қазақ пен ханьзу бір үстел басында сөйлесуге мүмкіндік алды.
Демек, Тарихшылар тарихты жазғанда əдіснаманы өзгертуіміз керек. Егер
қантөгістерді жазатын болсақ, бəрін неге жазбаймыз?! Ресеймен арада
ештеңе болған жоқ па? Не үшін біз күні бүгінге дейін Кенесары туралы,
Исатай-Махамбет туралы, Саурық-Есет туралы, 1916 жылғы Қарқара,
Қоянды көтерілістері туралы, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі туралы не
кинофильм, не телесериал түсіре алмаймыз?! Неге?! Жауап жоқ. Қазіргі
режиссерлерге «жоңғар» деген жау жақсы болды. Қазақтың батырын
көрсеткің келсе, жоңғарды айтасың. Өйткені, жоңғар жоқ, рахат. Ал,
патшалы Ресей, КСРО кезіндегі, кеше ғана болған тарихты жаза да, айта да
алмайсың.
«Ұлт Times»: – Сонда Қытайда да биік мəдениет болды дейсіз ғой?
Дүкен Мəсімханұлы: – 70 жыл Кеңес одағының отары болған кезеңде
қазақтың санасына орыстан асқан мəдениет те, өркениетті халық та жоқ деп
сіңірген. Көп аға буындарымыз əдебиет те, мəдениет те орыста деп
есептейді. Əрине, мен үзілді-кесілді орыстың мəдениетін жоққа
шығармаймын, оларда үлкен мəдениет, əдебиет бар. Адамзатқа Толстой мен
Пушкинді сыйлаған үлкен əдебиетті ешкім жоққа шығармайды. Тіпті, ХХ
ғасырдағы қазақ əдебиетінің дамуына ықпал еткен де осы орыс əдебиеті
деуге болады. Бірақ, бұл арғыбергідегі қазақтың əдебиеті төмен болған
дегенді білдірмейді. Бүгінде дүниежүзінің «мен-мен» деген əдебиетімен
иық теңестіріп тұра алардай қазақта əдебиет қалыптасты. ХХ ғасырдың
басы, жалпы əлемдік рухани ояну кезеңі ретінде сыйпатталады. Осы кезеңде
Алаш арыстарының ояну кезеңі мен Қытайдағы жаңа мəдени оянуы бірдей
уақытта болғаны таңқаларлық. Мəселен, қытайдың ұлы жазушысы Лу Шүн
1917 жылы алғашқы əңгімелерін жазса, Мұхтар Əуезов те қарайлас кезеңде
алғашқы əдеби шығармаларын өмірге əкелді.
«Ұлт Times»: – Қазір поэзия жанрына жастар жаппай ден қоюда. Əдебиет
сыншылары осы кезеңді поэзия жанрының шырқау кезеңі деп есептейді.
Осыған ақын ретінде Сіздің көзқарасыңызды білсек…
Дүкен Мəсімханұлы: – Бүгінде біздің қазақ қоғамының əдебиетіне
батыстық модернизм мен постмодернизм деген ұғым баса-көктеп еніп алды.
Қазіргі поэзия көзге көрінбейтін, жұмбақ, өмірде жоқ абстракциялы дүниені
жазуға құмар. Ақын ретінде түсініксіз өлең жазатын ақындарға таңғаламын.
Адам өлең жазғанда оны біреу оқысын, ой түйсін, эстетикалық лəззат алсын
деп жазады. Мұндай жағдай прозада да, поэзияда да белең алып келеді. Бұл
түптеп келгенде адамдардың рухани азғындауынан қасиетті өнерге жасалып
жатқан қиянат. Батыстың синолог ғалымдары қытай мəдениетін «химиялық
ерітіндіге» теңейді. Яғни, тарихта Қытайдың жерінде қаншама ұлттар өмір
сүрді, солардың басым көпшілігі қытайға сіңіп, жұтылып кетті. Юань
патшалығы тұсында Қытайды 100 мыңдаған моңғолдар басқарды, соңынан
мин деген ұлт болды, одан кейін манжурлар болды, барлығы ұлт ретінде
жоғалып, қытайға сіңіп кетті. Қытайдың дəстүрлі мəдениетінің арнасы кең,
терең мəдениеті қалыптасқан. Сондықтан біз секілді жас мемлекет өзінің
жас ұрпағына тамыры жоқ, тегі жоқ постмодернизмді насихаттағанша,
ертегілер мен қисса-дастандарын жақсылап оқыту керек.
«Ұлт Times»: – Бүгінгі қазақ қоғамы қайда барады дегенге əрбір адам
алаңдаулы, ұлт зиялысы ретінде Сізді не толғандырады?
Дүкен Мəсімханұлы: – Мұхтар Əуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді
түзе» деген тəрбие мəселесіне қатысты айтқан дана сөзі көп ойлантады.
Бұрын дəстүрлі қазақ қоғамында баланы қоғам тəрбиелейтін. Көшеде қыз
бала дауысын шығарып, қаттырақ күліп қойса, анадай жерде тұрған
танымайтын үлкен кісі «қызым, даусың қатты шықты ғой, ұят болады»
дейтін. Егер жас балалардың жасырынып шылым шегіп жатқанын байқаса,
көріп тұрған өзге үлкен адам, ұрсып тыйып тастайтын. Кеңес өкіметі
кезінде жас ұрпақты балабақша, мектеп пионер етіп тəрбиеледі. Өзіне
керекті адамын Кеңес өкіметі балабақшадан бастап осылай өсірді. Ал,
тəуелсіздіктен кейін қазақ балаларының тəрбиесімен төріміздегі «көк
сандық» айналысып жатыр. Бұрын ауылда бала кезімізде біреу қайтыс
болып кетіпті дегенді естісек, тұлабойымыз түршігіп, қалшылдап, қорқып
қалатынбыз. Ал, біздің қазіргі балаларға біреудің өлімінің əсер етпеуі мені
терең ойға батырады. Мысалы, Жапония ислам мемлекеті емес, бірақ, сонда
барып оқып, қызмет жасаған жолдастарым жапон үйлерінде құлыптың
болмайтынын айтып, таңғалдырғаны бар. Ал, біздің елдің тұрғындары
жыртқыш-аңдардың немесе қалың жаудың ортасында өмір сүріп
жатқандай, кіреберіс есіктеріміз шойыннан, пəтердің есігі тағы темір, онда
бірнеше үлкен құлып, терезелерімізге темір қоршау қойып тастағанның
өзінде тырс еткеннен жүрегіміз су ете қалатын күйге жеттік. Мұның бəрі
қоғамдағы адамдардың бір-біріне деген сенімнен айрылып, тəрбиенің аяқ
асты қалғанының көрінісі. Тағы бір мəселе, тəрбие десе біздің жұрт бірден
баланың тəрбиесін айтады, тəрбие деген ол ересек адамдарға да қажет. Ал,
тəрбие құралы деп саналатын біздің бұқаралық ақпарат құралдарының,
радиодан, телеарнадан көрсетіп жатқаны бітпейтін əн-думан, жыр-думан,
əн-жұмбақ, мəнсізмағынасыз телесериалдар, радиодан беріліп жатқан
толассыз құттықтаулар, біреудің зейнетке шыққан күні, енді біреудің
келінінің құлағын тескен күні сияқты ұсақ-түйек, тəрбиелік мəні жоқ
шимай-шатпақ бірдеңелер. Қазаққа қатысты қаншама тақырып бар.
Мəселен, ақсақалды аталар, ақ жаулықты əжелер сиреп бара жатқан
заманда, он бала тапқан «батыр ананың» салиқалы сөзі, əкімінен гөрі
ақсақалын сыйлайтын ауылдағы аузы дуалы қариялардың əңгімесінің өзі
үлгі-өнеге емес пе?! «Халықтың қамын төре жесе қасиет, Төренің қамын елі
жесе қасиет» дегенді назарда ұстасақ екен. Қорыта келгенде, Қазақ қоғамы
бастап бара жатқан көш көлікті болса екен, оны басқаратын адыңғы
буынның кейінгі буынға қалдырар үлгі-өнегесі шын мəнінде кісі
қызығарлықтай салмақты болса деп тілеймін.
- Əңгімеңізге рахмет! Əңгімелескен: Құндыз ЕРАЛЫ
«Ұлт Times» газеті. – 7 ақпан 2013ж. -№4(37).
ОТАН ҚҰШАҒЫНДА ӨТКЕН 20 ЖЫЛ...
- Тəуелсіздіктен кейінгі алғашқы көшті бастаған жəне елге оралғаннан кейін
де көші-қон, оралман мəселесімен қоян қолтық араласқан азамат ретінде
егемендіктен кейінгі көші-қонның басталуы мен ондағы Елбасының алатын
орнына тоқталсаңыз?
- Шетелдегі қандастарды тарихи отанына оралту, оларды қоныстандыру
саясаты тікелей Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың
бастамасымен, ынтасымен болған шаруа. О баста Кеңес Одағы ыдырауға
бет алып, қалтылдап тұрған кезде-ақ 1990-1991 жылдары Елбасы өзі тікелей
Мəскеудің рұқсатын алып, «Еңбек шарты» деген сылтаумен Моңғолиядан
10 мыңдаған ағайындарымызды көшіріп əкелді. Ал, 1991 жылы қыркүйек
айында Түркияға сапарлай барып, ондағы қазақтармен кездесіп, халжағдайын білісті. Елбасы келді дегенді естіген Еуропа елдеріндегі қазақтар
да сол жолы Түркияға арнайы келіп Нұрсұлтан Əбішұлымен кездесіп,
Елбасымен мұң-мұқтажын бөліседі. Сонда сөз болған маңызды
тақырыптың бірі, Ауғанстандағы соғысқа байланысты босқын атанып
Иранда, Түркияда, Сауд Арабиясында азып-тозып жүрген ағайындарды елге
көшіріп мəселесі болды. Көп кешікпей Елбасымыз жіберген арнайы ұшақ
сол қандастарымызды атажұртына алып келді. Қазіргі кезде олар Оңтүстік
Қазақстанның бір неше аудандарына өсіп-өніп, тіршілік етіп жатыр.
1991 жылы Қазақстан тəуелсіздік жариялаған кейінгі 15-ші күні, яғни
1991 жылы 31 желтоқсанда Елбасымыз жаңа жылды қарсы алу
құттықтауын, азат ел атанғаннан кейінгі тұңғыш ыстық ықыласын
шетелдегі қандастарына арнады. Сол жолы айтылған жалынды лебіз сөз
күйінше қалған жоқ. 1992 жылы қыркүйек айында Дүниежүзі қазақтарының
тұңғыш құрылтайы сол кездегі астанамыз Алматыда дүркіреп өтті. Оны
өткізу де, ұйымдастыру да Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып
жатты. Сол құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы құрылды. Ол
қауымдастықтың мақсаты келген ағайындарды қарсы алу, орналастыру,
шетте тұрып жатқан ағайындарға рухани, материалдық көмек беру болатын.
Құрылтайда əр елден келген қазақтар Елбасын бір ауыздан осы қоғамның
төрағасы етіп сайлады. Оған қуана-қуана келісім берген Елбасы қоғамдық
ұйым болса да, қазірге дейін қауымдастықтың төрағалығы міндетін атқарып
келе жатыр. Осы құрылтайдан кейін Елбасы көп өтпей Иранға сапарлай
барды. Бұл реткі сапарында да Ирандағы қазақтармен кездесіп, жастардың
парсыланып бара жатқанын көреді. Қайтып келісімен Ирандағы қазақтарды
қотара көшіріп алды. Келгісі келмеген санаулы қазақтар сонда өмір сүріп
жатыр. Осылайша Елбасы шеттегі қазақты көшіруді тəуелсіз ел құрудың
қиындығымен қатар жүзеге асырды. Зейнетақы тарата алмай, жалақы төлей
алмай отырған 1990 жылдардың басында шеттен келген ағайындарды
жаппай тегін баспанамен қамтамасыз етті.
Көп өтпей Көші-қон заңы қабылданды. Шала тұстары, жетіспей жатқан
жақтары бар шығар. Бірақ, сол Елбасының тікелей тапсырмасымен
жасалып, бекітілген заң жиырма жыл бойы 1 миллионнан астам
қандастарымыздың атажұртқа оралуына септігін тигізді. Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығынан сырт, Көші-қон комитеті, кейде агенттік
болып та жұмыс істеді. Көші-қонмен айналысатын мемлекеттік құзырлы
мекемелер республиканың түкпір-түкпірінде құрылды.
Бүгінге дейін Дүниежүзі қазақтарының төрт құрылтайы өтті. Оның
төртеуіне де қатысқан Елбасы келген ағайындарға ыстық ықыласы мен
бауырмалдығын аяп қалған жоқ. Келген делегаттармен бірге шетелдегі
ағайындарға қолдау көрсетудің жобаларын талқылады. Сөйтіп күні бүгінге
дейін шеттен 1 миллион қазақ келді десек, осының барлығы Нұрсұлтан
Əбішұлы Назарбаевтың тікелей өзінің жеке, азаматтық позициясының
арқасында жүзеге асты деуге толық негіз бар.
Себебі, кез келген мемлекеттің бірінші басшысының «ел іші тыныштығын
сақтау, халықаралық қауымдастықта өз елінің беделін көтеру, ұлттық
қауіпсіздік, бейбітшілігін қорғау, өзге мемлекеттермен тату-тəтті өмір сүру,
елдің экономикасын көтеру...» сияқты толып жатқан конституциялық
міндеттері болады. Осы міндеттерге жатпайтын, біздің Елбасымыздың атын
алтын əріппен жазып қалдырарлықтай мынадай үш ұлы еңбегі бар: 1. Қазақ
елінің астанасын Алматыдан Арқа төсіне көшіруі; 2. Көршілерімізбен
келіссөздер нəтижесінде, ешқандай ырың-жырыңға бармай шекарамызды
шегендеп алуы. Яғни келесі ұрпаққа ешқандай жер дауы қалған жоқ. Бұны
тіпті тарихи ұлы жеңіс деуге болады; 3. Тəуелсіз ел құрудың қиындығымен
бірге, шетелдерден 1 миллионнан астам қазақ баласын тарихи отанына
оралтып, ортамызды толтыруы.
- Басқасын айтпағанда, Елбасымыздың сіз айтқан соңғы ерлігінің
арқасында Қазақ еліне адам байлығымен қоса үлкен қазына да келіп жетті
ғой…
- Дұрыс айтасың! Былай қарағанда, бір миллион қазақ келді деп санын ғана
айтамыз. Осы бір миллион қазақтың ішінде кімдер жоқ?! Қарапайым
малшы, егіншіден бастап ғалымдар, ұстаздар, əдебиетшілер, басқа да өнер
майталмандары, мыңдаған бизнес өкілдері келіп ел руханияты мен
экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда. Шетелден қанша жыл
оқытсаң да сол деңгейде білім алып келе алмайтын мамандар келіп жатыр.
Солардың барлығы қазір еліміздің əр саласында егемендікті орнықтыру,
елді дамыту мақсатында терін төгіп жүр. Оның сыртында 1 миллион
қазақпен бірге шеттегі қазақтың бүгінгі күнге дейін қаймағы бұзылмаған
руханияты келді. Қытай қазағының өзінен ғана айтатын болсақ, ондаған том
қазақ ертегілері, жиырмаотыз том қазақ қиссалары жетті. Оған Ақыт қажы
Үлімжіұлы, Əсет Найманбаев, Көдек Маралбайұлы, Таңжарық
Жолдыұлының мұраларын қосыңыз. Классик жазушы Қажықұмар
Шабданұлының 6 томдығы жарық көрді. Əдебиеттің төңірегінде еңбектеніп
келе жатқан 100-деген ақын, жазушы оралды. Оған тағы əншілерді,
бишілерді, күйшілерді қосыңыз. Əр елден осылай руханият келіп
қосылғанда қазақтың бүгінгі рухани деңгейінің қаншалықты байып
жатқанын, соған қандастарымыздың қаншалықты үлесі бар екендігін
пайымдау қиын емес. Демек, қай кезде де мейлі шеттен келген ағайын
болсын немесе Қазақстандағы зиялы қауым мен əр деңгейдегі шенеуниктер
болсын, біздің елдегі көші-қон, демография саласының, шеттегі
бауырларды елге оралту саясатының басында Елбасымыз тұрғанын естен
шығармауымыз керек.
- Көші-қон мəселесіне бас кезінде білек сыбана кіріскеніңізбен соңғы
уақыттарда осы мəселе төңірегінде сөз болғанда өзіңізді байқамай қалып
жүрміз?
- Шынымен де, мен соңғы бес-алты жылдың жүзінде таза
шығармашылықпен, ұстаздықпен айналысып, тыныш жатқан жайым бар.
Бұған бола кейбіреулер мені көші-қонмен, ағайындардың мəселесімен
айналыспайтын адам сияқты көреді. Бұндай пікірмен келіспеймін. Мен 1993
жылы наурыз айында атажұртқа біржола келдім. Яғни, тəуелсіздіктен кейін
Қытайдан көшіп келген бірінші қазақпын. Сол алғаш келген күннен бастап
көші-қонның сан түрлі мəселесі алдымыздан шықты. Тіркелуден бастап,
азаматтық алу, қоныстану, туыс-туғандарды шақыру жұмыстарының бəріне
тыңнан түрен салуға тура келді. «Түрен салайық, жаңалық ашайық» деген
мақсатпен емес, қажеттілік солай болды. Шетелдікті жай əшейін уақытша
тіркеудің өзін қалай жүргізетінін, бұрын Мəскеудің аузына қарап үйренген
біздің ішкі істер органдары біле бермейтін болып шықты. Мысалы, мен ең
алғаш келген кезде бір білгіш КазҰУ-дың Халықаралық байланыстар
басқармасына барып тіркелуім керек екенін айтты. Олар мені Алматы
қалалық виза жəне тіркеу басқармасына жіберді. Ол жерде отырғандар мені
ана есікке, мына терезеге сілтеп, ақыр аяғында «өзіңіз тұрған ауданға
барасыз» дегенді айтты. Өзім тұрған ауданыма барсам, ондағылар «ҚазҰУ
өзі тіркейді» дейді. Сөйтіп жай ғана уақытша тіркеу үшін сандалып бір
айдай жүргенім бар. Қысқасы шетелден келген адамды кім, қайда тіркеу
керек екенін ешкім білмейтін болып шықты. Мен келе салып азаматтық
алуға өтініш бердім. Өтінішім 3 жылдан соң ғана орындалып, 1996 жылы
ғана Қазақстанның азаматы болдым. Мəселе бұл жерде, менің құжатымды
ұзақ қарады деген ұғым тумауы керек. Азаматтық берудің өзінде тəртібі,
жолы, тəжірибесі жоқ болғандықтан солай ұзаққа созылды. Жоғарыда
айтқанымдай Елбасымыз тəуелсіздік ала салып шеттегі қазақты
топырлатып шақырып жатқанымен, біздің елдің құқық қорғау саласы
оларды қабылдау, құжаттарын ыңғайлау жұмыстарына дайын болмай
шықты. Тəжірибе жоқ, үлгі жоқ. Сонымен, статусымыз жөнінен шетел
азаматы бола тұрсақ та, аталған мəселенің бəріне өзіміз тікелей араласа
жүріп, соныдан жол салуға тура келді. Сол кезде Алматы қалалық Ішкі
істер басқармасының виза жəне тіркеу қызметі, Дүниежүзі қазақтар
қауымдастығы құдайдың құтты күні біздерді шақырып алып, «Мына
мəселені қалай шешеміз? Қытайдағы тəжірибе қандай? Басқа елдерде
тəжірибе қандай?» деген сауалдар төңірегінде талқы, жиналыс өткізетін.
Мысалы, менімен қарайлас мезгілде Қытайдан қатар өтіп Қырғызстанға
келген Апу деген қырғыз жігіті болды, мамандығы дəрігер еді. Оның
Қырғыз елінің азаматтығын алғанына бес-ақ жыл болды. Ол да Қырғызстан
тəуелсіздік алғанда қол-аяғы жерге тимей, ұшып-қонып келген болатын.
Бірақ, Қырғызстанда біздегідей көші-қон заңы болған жоқ. Сөйтіп
«Елім!»деп келген жалғыз қырғызға 15 жыл дегенде əрең азаматтық беріпті.
Соның өзінде ана жақтағы əйелімен ажырасып, Қырғызстанның жергілікті
қызымен үйленіп жүріп, азаматтықты зорға алыпты. Осыған қарап, біздің
елімізде тəуелсіздіктен бері көші-қон саласында істелген істердің ұшантеңіз екенін бағамдауға болатын сияқты.
- Көші-қон заңын дайындауға атсалысқан азаматтардың қатарында өзіңіз де
бар деп естиміз…
- 1996 жылы Елбасы тарапынан құзырлы орындарға «Халықтың көші-қон
заңын қабылдау» тапсырмасы берілгені белгілі болды. Ал құзырлы мекенің
(сол кездегі Қазақстанның Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау
министрлігі) тізгіні Наталья Коржова ханымның қолында болатын. Былайғы
өзге мекеме, қоғамдық ұйым немесе жеке тұлға Парламентке заң ұсына
алмайды. Ал жеке тұлға Парламентке заң жобасын ұсыну үшін, ол
Парламент депутаты болу керек екен. Қазір Президент əкімшілігінде
жауапты қызмет атқаратын Əкім Ысқақ деген бауырымыз ол кезде депутат
еді. Сол кездегі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші
орынбасары Қ.Найманбаевтың басшылығымен дүниежүзінің түкпіртүкпірінен келген он шақты адамнан ынталы топ құрылып, халықтың көшіқон заңының жобасы қауымдастық қабырғасында дайындалды. Осы заң
жобасы кейін Ə.Ысқақ мырзаның атынан Парламентке ұсынылды. Еңбек
жəне халықты əлеуметтік қолдау министрлігі өздерінің жобасын ұсынды.
Сөйтіп, Парламенттегі «елім, халқым» деген азаматтардың арқасында Əкім
Ысқақтың атынан ұсынылған, біздер дайындаған сол заң қабылданды. Егер,
алда-жалда сол кезде Н.Коржова дайындаған заң өтіп кеткенде, қазір
кейбіреулер «оралман» деген атау ұнамайды» деп жүр ғой, соның өзіне зар
болып қалар едік. Өйткені Н.Коржованың дайындаған заң жобасында
шеттен келген қазақтарды тек босқын ретінде, яғни көшеде қаңғып жүрген
тəжік, цыгандармен мəртебеміз бірдей етіп барып, қабылдамақ екен. Кейін
оны өзгерте алар ма едік, өзгерте алмас па едік. Ол да бір үлкен əңгіме.
- Елбасының қабылдауында да болдыңыз. Сол кезде көші-қон мəселесі
жайлы ұсыныстар айта алдыңыз ба?
- 2001 жылдың шілде айында Елбасының арнайы қабылдауында болдым.
Ол кісінің қабылдауына барғанда мен бірнеше ұсыныспен бардым. Соның
біреуі осы көші-қон мəселесі болатын. 2001 жылға дейін жыл сайын
шетелден көшіп келуші 500 отбасына ғана квота берілетін. Мен осы
мəселені айттым. «Қазір жыл сайынғы көші-қон квотасы 500 отбасымен
шектелуде, бұл тым аздық етеді. Шетелде əлі 5 миллиондай қазақ бар, осы
қарқынмен ол қанша жылға созылады? Қазір Құдайға шүкір, Қазақстанның
əл-ауқаты жаман емес. 90-шы жылдардың басымен салыстырғанда
жағдайымыз көп жақсарып қалды. Сондықтан көші-қон квотасының санын
да көбейтуге болмас па?» деген өтінішімді айтып, ұсыныстарымды қағаз
жүзінде де бердім. Содан 2002 жылдан бастап жыл сайын 5000 отбасына
квота беріле бастады. Сол жылы мен қызмет бабымен Астанаға ауыстым.
2003 жылдың күзінде Елбасы жарлығымен ҚР Президенті жанындағы
Ұлттық кеңеске оралмандардың өкілі ретінде əрі көші-қон мəселесі
бойынша мүше болып қабылдадым. Күні бүгінге дейін сол Ұлттық кеңестің
мүшесімін. Шеттегі отандастармен байланыс жəне көші-қон мəселелері
бойынша консультативтік кеңес деген қоғамдық кеңестің де мүшесімін.
Онда да осы көші-қонға қатысты отырыстар жиі болып тұрады.
- Білуімше, «Атажұрт» атты қоғамдық бірлестікті де басқарасыз?
- «Атажұрт» деп аталатын қоғамдық бірлестіктің төрағасы етіп 2004 жылы
осы Астана қаласы мен оның маңында тұратын оралман ағайындар
сайлаған болатын. Сол бірлестік арқылы күні бүгінге дейін шеттен келген
ағайындардың балаларының оқуға түсуіне, грантқа ауысуына, шəкіртақы
алуына, Астана маңайында тұратын ақсақалды аталарымыз бен ақ самайлы
аналарымыздың зейнетақы алуына, ҚР азаматтығына өтуіне, тұрақты
тіркеуіне тағы да басқа мəселелеріне өзіміздің көмегімізді жасап келе
жатырмыз.
Астананың маңында Қоянды деген жер бар. Ол жер о баста тек қана
Моңғолиядан кезінде еңбек шартымен келген ағайындардың қоныстануы
үшін шешілген жер болатын. Өйткені кезінде «еңбек шарты» деген
желеумен елге оралған моңғолиялық ағайындарға «жекешелендіру»
науқаны кезінде баспана, егістік, жайылымдық жерді қойып, тышқақ лақ та
тимеді. Себебі олардың бəрі ол кезде Моңғолия азаматы болатын. Сол
ағайындар үшін Қоянды ауылынан санаулы отбасыға жер телімі берілді.
Алайда біз «Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің атынан Парламентке,
Үкіметке, Ақмола облысы мен Астана қаласының əкімдеріне, шетелден
келген аз ғана ағайынды “аннан келгенмыннан келген” деп бөліп жармайақ, Қояндыдан Астана қаласы мен оның төңірегінде тұратын, баспанасыз
ағайындардың барлығына жеткілікті жер телімі берілсе деп хат жаздық,
біраз мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің қолын жинадық. Əсіресе бұл
шаруада, иманды болғыр Ақселеу Сейдімбек ағам ерекше белсенділік
танытып еді. Соның арқасында Қоянды ауылынан дүниенің барлық елінен
келген, Астана мен оның маңында тұратын баспанасыз ағайындарға
алғашқы кезекте 800 отбасы үшін жер телімі бөлінді. Қазір аталған ауылда
шеттен келген ағайындардан мың шақты түтін өмір сүріп жатыр.
Тіпті сонау 90-шы жылдардың басында ҚазҰУ-де ұстаздықпен айналыса
жүріп, «Түркістан» газетінің сол кездегі бас редакторы Қ.Мұхаммеджанов
ақсақалдың қолдауымен аталған газеттің жанынан «Қоныс» деген қосымша
шығарған болатынбыз. Қосымшаның бас редакторы марқұм Айтан
Нүсіпханов ағамыз болды да, жалғыз əдеби қызметкері – мен болдым. Сол
кезде де оралман, көші-қон мəселесіне қатысты қаншама өзекті мəселелер
көтердік, қаншалаған лауазымды тұлғалармен сұхбаттар ұйымдастырдым.
Міне, биыл менің елге оралғаныма 20 жылдан асып бара жатыр. Қарап
отырсам, осы 20 жылдың ішінде көші-қон мəселесіне қатыссыз бірде-бір
күнім өтпепті.
- Соңғы кездері көш тоқтады деп ұрандатушылардың қатары көбейіп кетті.
Сіздіңше көштің саябырлауына не себеп болды?
- Ол рас, қазақ көші саябырлап қалды. Əрине, ағайындардың жанайқайын
түсінуге болады. Қалай болғанда да қазақ көші тоқтамауы тиіс. Шетелдерде
өмір сүріп жатқан біздің ағайындардың Отанына ораламын дегендері емінеркін келу керек. Ал мен жеке өз басым, көші-қонның сұйылуының бірденбір себебі – біздегі қолданыстағы «Халықтың көші-қон туралы заңының»
функциясының сарқылғандығында деп білемін. Яғни ол заң шеттен келген
ағайынның тек көшуін, қонуын ғана реттейтін құжат. Ал көшіп келген
ағайынның көштен өзге тірлігі жоқ па? Көшіп келудің алдындағы шақырту
алдыру, виза алу мəселесі, келгеннен кейінгі тіркелу, азаматтық, зейнетақы
мəселесі, қарапайым шаруаны егістік жермен, малшыны жайылымдық
жермен қамтамасыз ету мəселесі; Егер ол зиялы қауым өкілі болып қалалы
жерге келетін болса оны жұмыспен қамту жағы бар. Отанға оралған
ағайындардың балаларының оқуы, медициналық сақтандыру, əскер
жасындағы жастардың Отан алдындағы міндетін өтеуі, келген еліндегі
еңбек өтілінің есептелуі т.с.с. сан мың мəселе «көші-қон» ұғымының да,
заңының да аясына сия бермейді. Сондықтан қазір мен ҚХР-ның «Қытай
диаспорасы туралы заңының» тəжірибесі бойынша заң дайындап
жатырмын. Оны қазірше шартты түрде «Бауырластар туралы заң» деп
атауға болады. Осындай атаулы, салалық заң қабылданғанда ғана, шетелде
тұрып жатқан 5 миллион қазақ баласының статусы айқындалып, олардың
Атажұртқа жай қыдырып келіп-кетуінен тартып, оқу, жұмыс бабымен
келуін, көшіп келген ағайындардың жоғарыда айтылған сан мың мəселесін
ың-шыңсыз реттеуге болады.
Көштің тоқырауына екінші себеп болған нəрсе – еліміздегі сыбайлас
жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық жер жүзіндегі періштелер емес, кеңірдегі
тесік пенделер өмір сүретін барлық елде бар. Бір елдің ішінде барлық
салада бар. Сондықтан тек қана «оралмандар оңбаған екен, сыбайлас
жемқорлық осы тарапта ауыр екен» деп кіналауға болмайды. Түптеп
келгенде оны тек қана оралмандар жасап отырған жоқ. Мемлекет бөлген
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 18
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.