Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 07

Total number of words is 3843
Total number of unique words is 2194
30.2 of words are in the 2000 most common words
43.1 of words are in the 5000 most common words
50.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шалажансар кəсіпорындардың күлін көкке бірақ ұшырғалы тұр. Демек,
бұдан былай тапқан-таянғанымыз Ресей кəсіпкерлерінің таңдайына
бұйырмақ. Иə, Ресейден алмауға болмайтын бір-ақ тауар бар, ол – əскери
қару-жарақ. Оның өзін күнде алып жатқан жоқпыз. Одан өзге Ресейде не
бар? Информациологиялық технологияның отаны Жапония мен АҚШ. Одан
қалса Қытай, Оңтүстік Корея. Жеңілөнеркəсіптің отаны Қытай мен
Жапония. Көлік-транспорт өнімдерінің отаны Германия, Жапония, АҚШ.
Тері киімдердің отаны – Түркия. Аяқ киімнің отаны – Италия. Əтір-
мəтірдің отаны -Франция. Жеміс-жидектің отаны- Өзбекстан. Ал орыстың
арағын өзімізде де қатырып шығарып, өкіртіп ішіп жатырмыз…
«Жаман айтпай жақсы жоқ». Ертең бодандықтың шүңетіне шырғалап тарта
бастағанда, кім бізбен есептесіп, біз кіммен жұлқысқандаймыз?! «Қара
қыпшақ Қобыландыда нең бар еді құлыным» дегендей, Ресеймен одақ
болып неміз бар еді?! Жоқ, əлде орыспен одақ болып көрмеп пе едің, тоймап
па едің Сен қазақ?! Немесе құлдықты сағынып, арқамыз қышып бара жатыр
ма?! Əйтпесе, не бұл?! Ғарыштағы қаңғып кеткен «Қазсат» үшін санап
берген неше миллиондаған долларымызды өндіре алмай, «Байқоңырдың»
аренда ақысын бірде алып, бірде ала алмай отырған Ресеймен одақ болып,
мұртымыз майланады дегенге өз басым сене алмаймын. Сондықтан түптіңтүбінде азаттығымызға қауіп төндіретін, болашағы бұлыңғыр кез-келген
«май шелпектен» айналып өткеніміз дұрыс. Қашанда «күлшелі бала
сүйкімді». Бізбен кімнің болса да дос, одақ, əріптес, ағайын, тамыр, құдажұрат, ака-ұка, кардеш болуға құштар екені бепбелгілі. Оның себебін бізге
кілең сқаяқ, тіс қаққан империялар: «иə сенің күлшең үлкен, сенің күлшең
дəмді болғандықтан» деп шынын айтушы ма еді?! Керісінше «қазақ халқы
қонақжай», «Қазақстан – Орта Азияның лидері», «Қазақстан сенімді
əріптес», «Астана деген əлемде жоқ əйбəт қала», «салиқалы саясаттарыңыз,
кешенді заңдарыңыз бар» деп əндетіп, өлеңдетіп келеді. Барсаң
кернейлетіп-сырнайлатып қарсы алады. Жатып жастық, иіліп төсек болады.
Кекілімізден сыйпайды, арқамыздан қағады! Бұның бəрі түптеп келгенде
кəмпит қабығына оралған апиын! Алдау-арбау. Шырға. Тұзақ! Əрине, біз еш
қашан да, Қазақстанның халықаралық аренаға шыққанын, əлемдік
қауымдастықтан өз орнын ала отырып, кез-келген мемлекетпен бейбіт,
қатар өмір сүргенін, барыс-келіс, сауда-саттық жасағанын теріске
шығармаймыз. Бұл арада сөз Қазақстанның тағдыры мен мүддесіне
көлеңке түсіретін кезкелген экономикалық айла-шарғыдан аулақ болу
туралы болып отыр. Яғни, қарным ашса ашсын, азаттығым аман болсын!
Байымасақ байымайық, бодан болмайық!
Сондықтан халықаралық заңдарды басшылыққа ала отырып, бұл одақтан
тез арада бас тарту керек. Себебі бұл басы ашық – ақылдаспай жасалған,
терең сарапталмай істелген қателік. Аңғармай, сараптамай қателік жіберіп
алудың оқасы жоқ, қателіктің көкесі оны түзетпеу! Демек, билікті жағалап
жүрген азаматтар, үкімет мүшелері уақыт оздырмай, атышулы одақтан
шығып, еліміздің бұрынғы «Кеден кодексін» қалпына келтіргені жөн. Бұны
бір біз ғана емес дұйым жұрт, күллі зиялы қауым сұрап отыр.
Ел тағдыры мен ұлт болашағына төніп тұрған кесапат пен қауіптің бастау
көзі – міне осындай мəңгүрттік пен құлдық сана!
Алаш жұртының көзі ашық, санасы ояу ұл-қыздары!
Біз билікке қарап, үкіметке қарап, оппозицияға қарап, қол қусырып отыра
бермейік. Олар да өз деңгейінде өз шаруасын жасай жатар. «Үмітсіз
шайтан» деген ағайын! Ал біз елдегі санасы азат, ойы озық, ұлтжанды,
мемлекетшіл барлық қазақ баласын ұлттың бойындағы əлгіндей кесіркесапатпен күресуге жұмылдырсақ деймін. Сөйтіп жатпай-тұрмай қазақ
баласының бойына ұлттық рух, елдік сана, ұлтжандылық, патриоттық сезім
ұялатумен айналыссақ деген ойым бар. Ол үшін бұқаралық ақпарат
құралының барлық түрін пайдаланайық. Əсіресе электронды БАҚ-тың
құлағын ұстап отырған бауырларымыз да ойланса, оянса сауап болар еді.
Бала бақшалардың тəрбиешілерімен, мектеп мұғалімдерімен жұмыс істейік.
Мəселенің бəрі сол балабақшамыз бен мектебіміздегі тəрбие жұмысында
болып тұр.
Ардақты, қалам ұстаған, сөз ұстаған ағайын! Бір мезгіл өлеңдеріңізді,
роман, əңгімелеріңізді доғара тұрыңыздар. Қазір оларыңызды онсыз да
ешкім оқып жарытып жатқан жоқ. Мына заман осылай кете беретін болса,
онымыздың ертең мүле еш кімге керегі болмай қалады. Сіздер жақсы
білесіздер, кез-келген тарихи кезеңнің өз сыйпаты, өз міндеті болдады.
Қазіргі қазақ қоғамындағы тарихи кезең Сіздерден қазақ ұлтының рухын
оятуды, азат отанның іргесін бекемдеумен айналысуды, жас ұрпақ санасына
отаншылық дəнін егуді талап етіп отыр. Қытайдың классик жазушысы Лу
Шүннің жиырма томдық шығармалар жинағының үш-төрт томы ғана əдеби
шығарма. Қалғаны тұтастай көсемсөз бен аударма. ХХ ғасыр басында
дəлірек айтқанда 1911 жылы Цинь империясы құлады. Сол кезден бастап
əдебиет əлеміне араласқан жазушы соңғы демі біткенше (1936) қолынан
қаламын тастамады десек, ол шығармашылық уақытының денін туған
халқының бойындағы құлдық санамен күресуге арнады. Əрине, жалғыз Лу
Шүн емес, сол тұстағы қытай қаламгерлерінің дені көсемсөз арқылы қытай
халқының рухын оятып, санасезімін құлдық түсініктен арылтуға қам
жасады. Қытай қаламгерлерінің бұл еңбегі, əрине, далаға кеткен жоқ, ХХ
ғасырдың 30-40-шы жылдарында қытайға Жапония басқыншылық жасап
кіргенде қытайдың əскері өз алдына, қарапайым хылқының еңбектеген
сəбиінен еңкейген кəрісіне дейін сойыл көтеріп «отан қорғауға» шықты.
Егер Лу Шүн бастаған қытай жазушылары егер, Цинь империясы құлай
салып, ұлттың рухын оятып, халық бойындағы құлдық санамен
күреспегенде, бүгінгі алып Қытай болар ма еді, болмас па еді, бір құдайдың
өзі біледі!
Сондықтан Ел боламыз десек, ұлт рухын оятып, құлдық санамен күресейік!
«Бесігімізді түзейік» жұртым!
Азаттығымыз қазақтығымызға айбын берсін, қазақтығымыз азаттығымызға
айдын болсын!
«Қазақ» альманағы. 2010 ж. №03(07).
АДАМДЫҚ НЕГІЗІ – ИМАН
- немесе Ф.Гүлен жəне бүгінгі əлем
Сонау ХІХ ғасырдың өзіне-ақ қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын Абай
Құнанбайұлы: «Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп» деген ұлағатты ойын
ортаға салған екен. Өкініштісі ұлы ақын өмір сүрген кездегі «қараңғы қазақ
даласы» Абай ойының нарқына да, парқына да бара алмады. Ал əлем жұрты
болса, қолынан келгені ірге кеңейтумен, өнер асырумен əлек болып жатыр
еді… Мүмкін, қазақ ақынының бұл пікірімен санасар саналы азамат тура
сол кезде өзге жұртта болған да шығар… Алайда, батыстың
«еуроцентристік» асқақ, менмен идеясы оларға Орта Азиядағы, Қазақ
сахарасындағы бір «шалдың» осындай адамзатқа керек, жер шарының
бейқұт тірлігіне керек ұлағатты ой айтады дегенді қиялдарына келтірген
жоқ. Тағы бір жағынан сол замандағы бодан тірлік пен мешеу
коммуникация ұлы ақынның сөз болып отырған пікірінің де, өзге
дүниелерінің де əлемге таралуына мүмкіндік бермеді. Сонымен қазақ
ақыны ХІХ ғасырда айтқан осынау ұлағатты ой, адами пікір тасада қала
берді. Уақыт керуені жылжып ХХ ғасырға келгенде, зұлымдық жағынан
патшалы Ресейді шаң қаптырып кеткен, Кеңес одағы деп аталатын тажал
шықты да, ақынның өлеңдері, ойлары түгілі, тұтас халықты жойып жіберуге
шақ қалды.
Ал ұлы ақын өмірінен эпопея жазған М.Əуезов болсын, немесе Абайды
зерттегісі келген өзге ғалымдар болсын, кеңестік кезең тұсында, əуелі
Абайды «орыс ойшылдарының шəкірті» деп, орыс ойшылдарының
«шекпенінен шығарып» алып, содан кейін барып ғана ақынның парасаты
туралы сөз етіп жүрді. Яғни солай етуге мəжбүр болды. Ал өз тізгініміз өз
қолымызға тиіп, азаттықтың айдынына шыққан 90-шы жылдарда ( ХХ ғ.)
жан-жағымызға қарасақ, Қазақ дейтін халықтың перзенті, даланың данагөйі
Абай атам айтқан «адамзаттың бəрін сүй бауырым деп» деген ұлағатты ой
əлі күшінде екен. Адамзат баласы бұл кезде де өзін өркениеттің «асқар
шыңына шықтым» деп есептеп жүргенімен, əлі де бір-бірін бауырым деп
сүйе алмай, сүйгені былай тұрсын, тіпті бір-біріне деген дұспандық
пиғылдан, жаулық сезімнен де арыла алмай отыр екен. Дегенмен, ел-жұрт
болған соң ер туғызбай, халық болған соң хакім туғызбай тұра ма?!
Қазақтың ұлы ақыны айтқан ұлағатты ойды ХХ ғасырдың соңғы
жартысында əлемнің əр түпкірінен жалау етіп көтеріп, жаһанға жар
салушылар туыпты. Əрине, біз бұл арада Абай ойын «көшіріп алды» деуден
аулақпыз. Себебі, дүлей табиғат күштері, жыртқыш аңдар… бұрынғымен
салыстырғанда адамзатқа басты қауіп, негізгі жау болудан қалып, «адамның
жауы адам» болған соңғы ғасырлардағы дүниежүзілік соғыстар,
жарылыстар, шабуылдар, қантөгістер, адам қолымен жасалған апаттар,
осылардың бəрінде, ең өкініштісі, көбінде бейбіт тұрғындардың, бейкүнə
адамдардың зардап шегуі сана-сезімі ояу, ақыл-есі дұрыс қандай адамды
болса да «осы адам баласына не жетпейді?» деген сұрақ төңірегінде
ойландырары, толғандырары сөзсіз. Алайда, біз болжағандай «сана-сезімі
ояу», «ақыл-есі дұрыс» адамның бəрі ойланбапты.Тіпті керісінше, ойланған,
толғанған саналы адамдардың бұл саладағы ізденісінің өзі біреуден қолдау
тапса да, біреуден қуғын көріп жатқаны құпия емес.
Сондай «адамзатты бір-бірін сүюге» шақырып, жаһанға жар салып жүрген
өлемдік тұлғаның бірі, һəп бірегейі Түрік жұртының ұлы ойшылы,
адамзаттың ардақты перзенті Фетхуллах Гүлен десек еш артық айтқандық
болмас еді.
Жалпы Ф.Гүлен туралы қазірдің өзінде жер жүзінің көп адамы, тіпті жер
жүзіңіз былай тұрыпты, біздің казақ халқының өзі де жаппай біле бермейді.
Оның əрине, əр түрлі себептері бар. Оның бастылары ретінде мыналарды
атапайтуға болады. Біріншіден, Ф.Гүлен мұсылман жұртының өкілі
болғандықтан өзге діндегілер Гүлен идеяларының, ой–пікірлерінің
байыбына барып жатпай-ақ, оны бірден «панисламист» етіп көрсетуге,
сөйтіп оның ойпікірлерінің таралуына шектеу қойып келеді. Екіншіден,
Гүлен өзге діндерді де терең зерттеп олардың да өзекті ойы, түп қазығы
жаратушыға құлшылық, имандылық, инабаттылық екендігін насихаттап
жүргендіктен, ислам əлеміндегі кейбір дүмше діндарлар, əсіресе фанатик
мұсылмандар «Гүлен өзге дінге шоқылып кеткен адам» деген өсек-аяң
таратып, мұсылман жұртын да оған қарсы қоюмен айналысып келеді.
Үшінші себеп, бұл жалпы адам баласының өзінің ғасырлар бойы,
мыңжылдықтар бойы қалыптасқан қасаң түсінігіне байланысты. Демек,
адам баласы ешқашан бір-бірін жаппай бауырым деп, бəріміз бір Адам
атаның баласымыз деп қараған да, сүйген де емес. Бұған көз жеткізу үшін,
өзге емес қазақ тіліндегі «бауыр, бауырлас» деген сөздердің қолданылу
аясына үңіліп көрсек те жеткілікті. Яғни «бауыр (немесе бауырлас)» деген
сөз қазақтың тілінде, түсінігінде бірге туған аға-інілерді,
туыстыққандастық жақындығы бар ер адамдарды, бір ұлттың құрамындағы
қандас адамдарды, бір дінді ұстанатын, діндес адамдарды меңзейді.
Мысалы 1. Ағайынды төртеуміз. Бауырларымның бəрі осы ауылда тұрады (
бірге туғаным дегенді меңзеп тұр). 2. Шыбыл атадан тараған əулет бүгінде
бес мың түтіннен асыпты. Одан тараған бауырларымыздың арасында біраз
атақты адамдар бар (туыстық – қандастық, аталастықты меңзеп отыр). 3.
Алманиядағы бауырлар, қытайдағы бауырлар, т. б. ( бұл арада «қазақтар»
деген ұғым меңзеліп отыр) 4. Араб, парсы бауырларымыздың діни салты
біздегінен сəл өзгешелеу (бұл арада діни туысқандық, нанымдық жақындық
меңзеліп отыр). Ал біздің ұғымтүсінігімізге, тілімізге ағылшын бауырлар,
жапон бауырлар, қытай бауырлар, тіпті монғол бауырлар деген тіркес,
түсінік жат. Құдды осы секілді, өзге жұрттарда да «бауыр, бауырлас» ұғымы
жоғарыдағы біздің түсінігіміздегі шеңберде қолданылады.
Бұдан нені аңғаруға болады? Адам баласы жаралғаннан бүгінге дейін
демейақ қояйық, əсіресе соңғы мыңжылдықта тек өзінің туыс-туғанын,
қандас-ұлттас – руласын, əрі кеткенде діндесін ғана «бауырым » деуді
қалыптастырған. Осынау қалыптасқан қасаң қағида, дəстүрлі түсінік кеше
Абай айтқан, бүгін Ф.Гүлен көтеріп жүрген «адамдар бір-бірін бауыр деп
сүю керек» деген ойдың өркен жаюына барынша кесе-көлденең болып
отыр. Сондықтан барлық жерде, əр елде Ф.Гүлен мырзаның бұл идеясын
қолдаушылармен бірге, оған «секта», «мəзхаб» немесе «шоқынған» т. б.
деген секілді айыптар тағып, оның идеяларын бұрмалап көрсетушілер де
көптеп табынуда. Дегенмен, уақыт өткен сайын, əсіресе, жер шарының əр
түкпірінде күн сайын, сағат сайын туындап жататын идеологиялық,
этникалық, діни, конфессиялық, мəдени қақтығыстар салдарынан зардап
шегіп отырған жұрт Ф.Гүленнің «адамдық негізі – иман», «адам адамды
сүю арқылы ғана» əлемде тыныштық орнайды деген танымына құлақ түре
бастады.
Шынына келгенде Ф.Гүлен идеяларынан қандай да бір «сектаның»,
«мəзхабтың» немесе «шоқынғандықтың», немесе «фундаменталистің»
шалығын іздеп шаршаудың мүлде қисыны жоқ əңгіме. Оған көз жеткізу
үшін алысқа бармай-ақ өзіміздің айналамызға аз-кем назар аударсақ та
жетіп жатыр. Атап айтқанда, Ф.Гүлен негізін қалаған Түрік лицейлері
дүниенің түкпір-түкпірінде жұмыс істейтіні белгілі. Біздің еліміз
тəуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап Түрік лицейлері
Қазақстанның жер- жерінде бой көтеріп, жас ұрпақтарымызды тəрбиелей
бастады. Қазір осы Қазақ-Түрік лицейлерінен түлеп ұшқан жастар жоғары
оқу орындарын да бітіріп, азат Отанымыздың əр сала, əр өңірінде жемісті
еңбек етіп жүр. Олардың бəрі дерлік имандылық жолын берік ұстанады.
Отанын, халқын сүйеді. Ата-анасының, тіпті жəйтеу жасы үлкендердің
алдынан кесіп өтпейді. Арақ ішпейді, өтірік айтпайды, зинақорлық
жасамайды. Бюрократия, жемқорлық, жікшілдік дегеннен аулақ.
Шеттерінен қазақ, ағылшын, түрік, орыс тілдерін таза меңгерген. Бірөңкей
білікті мамандар. Елге бұдан артық не керек? Жастарымызды өзіміз өз
елімізде осы деңгейде, осы мінезде, осы бағытта тəрбиелей алып отырмыз
ба? Өкінішке орай, «иə» деп жауап беруге дəрменсізбіз. Егер шынымен де
Ф.Гүлен «секта», «мəзхаб» немесе «шоқынған» немесе «фундаменталист»
болатын болса, оның лицейлерінің тірлігінен немесе бітіріп кеткен
түлектерінің əрекетінен ондай пиғылдың, нысайдың байқалатын уағы баяғы
болған жоқ па?! Демек, Ислам дінін, оның қасиетті кітабы «Құранды»
ізгіліктің діні, ақиқат Алланың аяны ретінде даңқын аспандатып жүрген
адамды өзге діндегі жат ниетті жандар қайдан ұната қойсын?! Сондықтан
ондай ішітар қызылкөздер Гүленнің күллі адамзат қоғамына керекті озық
ойын көрсе де, көрмеске салып, тоқтаусыз өсекаяң таратып, жала жауып,
күйе жағумен айналысуда. Ал біз болсақ, əрине, біз болғанда, Ресей не айтса
қосыла шулай жөнелетін санаулы топ, ештеңенің байыбына барып
жатпастан Гүлен туралы өсек-аяңды гулетумен келеміз.
Жоқ-а, дейміз-ау, Ф.Гүленнің адамзатты шақырып отырған озық ойларын,
бəтуалы пікірлерін бағамдай алмасақ та, осы көз алдымыздағы нақты
тірлікке ( Қазақ -Түрік лицейлеріне ) бір сəт назар аударуымызға болар еді
ғой. Жоқ, бізге «Ресей айтты», бітті . Шындық та, ақиқат та, соңғы сөз де,
кесімбітім де солардікі… Бұның бəрі біздің құлдық сана-сезімнен əлі
арылып болмағанымыздың кесірі.
Ал, шын ықыласпен, адал көңілімен «Осы Гүлен кім? Оның мақсаты не?»
деп білмекке құштар көңілмен үңілетін болсақ, Ф.Гүлен мырзаның адамзат
баласын имандылыққа, бірін-бірі «бауырым» деп сүюге үндеп отырғанын,
сол арқылы адамзат қоғамындағы діни, этникалық, мəдени жəне
идеологиялық қақтығыстарды болдырмауға болатынын насихаттап келе
жатқанын аңғару қиын емес. Демек Гүлен арманы адамзаттың бейбіт, тату
əлемі. Гүлен жолы – имандылық пен сүйіспеншілік. Яғни осы жолды күллі
Адам баласы берік ұстанатын болса, Гүлен арманының ертен-ақ ақиқатқа
айналатыны даусыз. Ал аталған жолды берік ұстану анау айтқандай «мүлде
мүмкін емес» нəрсе емес. Ол үшін мемлекеттік билікті жаппай діни бағытқа
бұрудың да немесе өзге діндегі халықтарды мешіттерге тоғытудың да
қажеті шамалы. Өйткені иман барлық діннің өзегі. Рухтың мəңгілігін
барлық діндер қуаттайды. Осы өзекті түйінді ұстай отырып,
ұрпақтарымызды имандылыққа тəрбиелей білсек жетіп жатыр. Ол туралы
Ф.Гүлен бүй дейді: «Иə, адамзат баласы үшін азғындықтан арылудың
жалғыз ғана жолы бар, ол өлгеннен кейін қайта тірілетініне сенуі. Жастық
желіктің алдын алатын, оның есірігін басатын, бірте-бірте өлімге қарай жол
алған əрбір қадамында көңілі жарақат алып, үмітсіздік шырмауына түскен
қарттарға үміттің шырағы болатын, сəбилердің балауса жүректеріне бақыт
шамын жағып, жарық өмірге жетелейтін тек қана осы ақыретке деген иман
ғана… Сондықтан адамзаттың бақыты мен тыныштығы үшін тер төккен,
оған бақытты өмір салтын ұсынуды өзіне мақсат етіп қойған барлық
ойшылдар мəселені дəл осы тұрғыдан қарастырғандары абзал.»
Көріп отырғанымыздай бұл арада Ф.Гүлен белгілі бір дінді, белгілі бір елді
немесе белгілі бір билікті меңзеп отырған жоқ. Есесіне тұтас адамзатты,
нақтырақ айтқанда «адамзаттың бақыты мен тыныштығы үшін тер төгіп
жүрген ойшылдарға» мəселені неден бастауды меңзеп отыр.
Бұл ой-пікірді Ф.Гүлен, əрине, қиялынан шығарып немесе ауадан алып
айтып отырған жоқ. Яғни, ұсынып отырған идеяны жүзеге асыруда əр дін
өкілдерін немесе «барлық ойшылдарды» өз діндерінің кітабына сүйену
керектігіне меңзейді. Бұл ретте өзі бастамашылдықпен əр ойын, əр пікірін
қасиетті «Құран» сүрелерімен шегелеп отырады. Мəселен, адамдарды
имандылыққа шақырудың басты тетігі, ең ұтымды əдісі бар пендені ақырет
күніне сендіру деп есептей отырып бұл ұсынысын «Құранның» «Зілзала»
сүресіндегі: «Кімде-кім тозаңның салмағындай жақсылық жасаса, соның
қарымын алады. Кімде-кім тозаңның салмағындай жамандық жасаса, соның
жазасын тартады», − деген аятымен нақтылай түседі. Қысқасы Ф.Гүленнің
паймдауынша, «адам осы иман мен сенімді бар болмысымен қабылдағаннан
кейін, оған «қалағаныңды жасай бер!» деуге де болатын» көрінеді. Иə,
айтыпайтпай, иман нұрына шомылған адамның əрбір жасаған ісі алдынан
сол қалпында шығатынына шүбəсіз сенетіні шындық. Ал осындай сенімге
ие болған адамның өз тіршілігінде адам баласына зəредей қиянатқа,
болмашы болса да жамандыққа бармайтыны өз алдына, тіпті өз басындағы
қарапайым пендешіліктің, нəпсінің өзін ( ішіп-жем, жүріс-тұрыс) тежеп,
тиып отырады.
Байыптап, ақылға салып қарасақ, заманымыздың ұлы ойшылы, гуманист
Ф.Гүленнің бұл ойлары мен пікірлері жүзеге аспайтын қиял немесе
соншалық қиын мəселе емес. Яғни, «жеті жастан жетпіс жасқа дейінгі
барша адамға жан бақытын сыйлағысы келетін əрбір діндар бола ма,
саясаткер бола ма, жоқ əлде мемлекет басшылары бола ма, жатпай-тұрмай
адамдардың жүрегіне ақыретке деген сенімді ұялатумен айналысуы керек.
Сонда ғана «жастар тəртіп пен тəрбиеге бойсұнып, балалар бұзықтығын
тоқтатып, қариялар өздерін жаннаттың жолаушылары ретінде сезініп,
бақытқа кенеледі жəне осындай отбасына бақыт құсы оралып, шаңырағына
қонақтайды. Имандылық салтанат құрған мұндай үйде ақыретке кетпей
тұрып-ақ ақыретте берілетін бар сұлулық, игілік атаулының сəулесі нұр
шашып, бұл дүниеде болса да, жəннат бақшасында жүргендей күй кеше
бастамақ». Ал осы тұрғыдан əңгімені əрі қарай өрбітер болсақ, жер
шарындағы қай мемлекет, қай қала, қай ауыл болмасын, жүздеген,
мыңдаған, он мыңдаған отбасылардан құрам табатыны белгілі. Егер бір
ауылдағы, бір қаладағы немесе бір елдегі отбасының бəрі-бəрінде
«имандылық салтанат құратын» болса, онда сол ауылдың, қаланың немесе
мемлекеттің барлық тұрғыны «жəннат бақшасында жүргендей болар еді.
Мəселе қазір жер бетіндегі барлық елдердің билеушілері діннің, иманның
осы қасиетін, құдыретін жүйелі жолға қойып, ел тұрғындарын имандылық
жолына шақырудың орнына, «дінді мемлекеттен бөлінген» етіп көрсетіп,
халыққа «құқықтық, зайырлы» билік жүргізгісі келеді. Оның салдары əрине,
халықты бейбіт, тыныш өмір сүруге алып келсе тағы да «мейлі!» дер едік.
Өкінішке орай, айтылмыш «дінді мемлекеттен бөліп» тастаған елдердің
тұрғындарының діни наным-сенімімен ылғи да өзге мақсаттағы, бөтен
пиғылдығы діни, саяси топтар айналысып, ақырында сол қоғамға да, сол
мемлекетке де қаншама орны толмас қайғы, есепсіз шығын əкеліп жатқаны
ащы болса да ақиқат. Бір қызығы осыны көріпбіле отырып, жер бетіндегі
көптеген елдердің саясаткерлері, ел басылары осы мəселеге немқұрайды
қараудан танбай-ақ келеді. Біз сөз етіп отырған Ф.Гүлен бұл ойларды сөз
жүзінде, қағаз бетінде айтумен ғана шектелместен, оны жүзеге асыруға
болтындығын практика жүзінде де дəлелдеп берді. Жоғарыда біз сөз еткен,
Ф.Гүленнің мұрындық болуымен əлемнің көптеген елінде ашылған, сол
елге жүздеген, мыңдаған иманды адам, билікті кадр тəрбиелеп беріп
отырған Түрік лицейлері мен жоғары оқу орындары осы сөзіміздің жарқын
дəлелі.
Ал біз болсақ жасырып-жабары жоқ, жастарымызды, өз ұрпақтарымызды
«жақсы оқысаң, мол білім алсаң, көп тіл білсең, болашақта табысы көп
жақсы жұмыс табасын… бай боласың, бақуатты боласың…» деген бағытта
тəрбиелейміз. Сосын ол бала ертен қайткенде де сан алуан тəсілмен (əрине,
оның ішінде алдау-арбау, жемқорлық, ұрлық, тонау т.б. тəсілдер де бар)
баюдың, дүние жинаудың жолына түседі. Ал байый алмағандары, дүниемал жинай алмағандары құлқынның құлына айналады, ақшаға арын да,
жанын да, елін де, жерін де сатады. Осыдан барып адам азады, қоғам
тозады. Адамы азған, қоғамы тозған елдің халқын үмітсіздік пен үрей
билейді. Ал ертеңнен үміті жоқ, бүгінін үрей билеген елді қалай ғана
«бақытты ел» деуге болады?! Бұл туралы Ф.Гүлен бүй дейді: «Қала мен
мемлекет – адам баласы үшін үлкен үй екені даусыз. Жастары құлқынның
құлы болса, қариялары үмітсіздік пен бақытсыздықтың шырмауында қалып,
өмірден күдер үзсе, залымдары байғұс жəбірленушілердің аянышты үнінен
лəззат алып, тұмсығын көкке көтеретін болса, ол жерде бақыт пен бейбіт
өмірдің болуы мүмкін емес. Мұндай дүниеде қалалар, мемлекеттер мен
ұлттар да бақытсыз.»
Демек ақырет күшіне сенбеген, оған жан-тəнімен илана отырып, ақырет
күнінде жаратушы алдында есеп беруге дайындалмаған адамның бойында,
сана-сезімінде «обал-сауап», «халал-харам» деген де ұғымдар болмайды.
Ал тұрғындары бұндай ұғымдардан мақұрым қалған елде «қайырымды
қала», «үлгілі қоғам» болады деу құстан сүт дəметкенмен пара-пар. Бұл
туралы « Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құрған үлгілі қоғамының басты
ерекшелігінің бірі – ақырет пен жаратушы алдында есеп беруге деген
сенімге негізделгендігінде,» − дейді Гүлен мырза.
Осы арада бір ескерте кететін жағдай, Ф.Гүлен адамдарды имандылыққа
шақыруда діни наным-сеніммен бірге, кісілік, адами тəрбиенің де рөлін
жоққа шығармайды. Яғни ұлы ойшыл жұртты тек діни фанатизмге үгіттеп
отырған жоқ. Оның пайымдауынша, жас ұрпаққа бүгінгі заманға сай білім
берумен бір уақытта, оларға имандылық шарттарын да, адами тəрбие де
бере білу керек. Яғни жалаң ғылым-білім берсең, ұрпағын робот болып
шығады, жалаң діни білім берсең ұрпағың тек қана фанатик болып ержетеді.
Олай болса, бұл екі бағытты өзара тығыз қабыстыратын кісілік ақыл, адами
тəрбие. Гүлен мырза бұл туралы өзінің Түркияда жарық көретін «Заман»
газетінің тілшісі Нүрие Акманга берген сұхбатында, тілшінің: «террорға
бейім адамдар мұсылман отбасыларында, яғни біздің көз алдымызда өсіпжетілді. Біз оларды мұсылман деп санадық. Террорист болу жолында олар
қандай күйді бастан кешірді? Біз бұған кінəлі емеспіз бе?» деген сұрағына:
«Кінəліміз. Ұлт та кінəлі. Білім беру жүйесі де кінəлі. Исламның негізін
меңгерген адамның террорист болуын елестету мүмкін емес. Террорлық
жолға түскен адамның мұсылман болып қалуы неғайбал. Дін бір мақсатқа
жету үшін өлтіруге тиым салады. Ал оларға дұрыс тəрбие беру жолында біз
қаншалықты күш жігерімізді жұмсадық? Қандай рухани ізгілік арқылы
олардың аяқ-қолдарын тұсауладық? Террорист болмайды деп сенетіндей
оларды қандай жауапкершілік сезімімен тəрбиеледік? Яғни мектеп
бағдарламаларында тіпті адамдық пен мəдениет сабақтары да болмайды.
Өмірге қажетті нəрселердің барлығы мектептен бастап сіңірілуі керек.
Солардың ішінде салауатты өмір жөніндегі ілім де», −деп жауап береді ұлы
ойшыл.
Қысқасы ғылым-білім мен имани тəрбие құстың екі қанаты секілді, адам
баласын бақыттын көгіне самғататын егіз−екі құдірет. Егер оның біреуі
болып, біреуі болмаған жерде ол адамды кемелді, толық адам деуге
болмайтындығы өз алдына, тіпті, осы екі үзеңгіні тең баспаған немесе осы
екі тізгінді тең ұстамаған адамның түптің-түбінде, біреуі болмаса біреуі,
өзіне де, тұтас қоғамға да орны толмас залал əкелуі ғажап емес.
Сөзімізді қорытындылай келе айтарымыз, заманымыздың ұлы ойшылы,
адамзат бақыттың шырақшысы, Түркі жұртының аяулы перзенті Ф.Гүлен
идеялары, оның ой-пікірлері туралы сөз, əрине, бір ғана шағын мақала
ауқымына сыймайды. Ол туралы іргелі зерттеулер керек. Тіпті зерттеу
жұмыстары басталып та кеткені жасырын емес. Əрине бұның бəрі
болашақтағы «Гүленизм» ғылымының басы деп сеніммен айта аламыз.
Қысқасы, үш ғасырдай уақыт бодандықта болған, əсіресе оның соңғы
ғасырын атеистік, тоталитарлық жүйеде өткерген Қазақстан секілді ел үшін,
оның қожасы қазақ халқы үшін Ф.Гүлен идеялары ауадай қажет. Оның
үстіне тəуелсіздігімізге қол жеткізіп, азат ел болған, жиырма жылдай
уақыттан бері біздің елімізде «дін мемлекеттен бөлінген» деген принципті
ұстанып, соның кесірінен қазақ халқы діни тұтастығынан айырылып
барады. Ал «ислам дінін ұстанады» деген ағайындардың өзі бірте-бірте
түрлі ағым, секталарға, мəзхаптарға жіктеліп, бүгінде бір мешітте отыра
алмайтындай жағдайға жетті. Ал енді дінге əлі ден қоймаған жастарымыз
АҚШ−тың жасыл қағазының құлына айналып, жыл емес, ай емес, күн санап
азғындап барады. Бұнын артының неге апарып соғарын болжап отырған
адам жоқ. Тек бір Алла ақырының жақсылығын берсін деуден өзге шара
жоқ. Ал шынымен де ел боламыз десек, азат Отанымыздың іргесі берік
болсын десек, Қазақстанда нағыз бейбіт өмір, шынайы бай-бақуатты өмір
орнасын десек, елді, əсіресе жас ұрпақты Гүленшілдік идеямен
тəрбиелегеніміз жөн болар еді.
Əрине, біздің бұл сөзімізден Ф.Гүлен идеясы Қазақстанға ғана керек деген
сөз емес, тұтас адам баласы иманға бет түзеп, ақырет күніне сенсе, барлық
жұмыр басты пенде «адамзаттың бəрін бауырым деп сүйе алады» дегенді
меңзейді Ф.Гүлен.
Осынау үлгісі жасалған, тəжірибеден өткен, күллі адам баласын бақытқа
бастайтын жолдан адамзаттың неге кері тартып отырғанына кейде еріксіз
таң қаласын!
Бірақ, бір нəрсенің басы ашық, Ф.Гүлен ойы ерте ме, кеш пе адамзат
əлемінде салтанат құрары даусыз.
«Сана сəулетшісі» кітабынан. Алматы. 2010 жыл.
АҢСАП ЖЕТТІМ, АТАМЕКЕН ӨЗІҢЕ!
Бүгін Алланың бізді жарылқаған күні! Азаттыққа жеткен күніміз! Осы
ұлық мейрам құтты болсын! Азаттығымыз мəңгілік болсын, бауырлар!
Алаш жұртының осы бір ең қастерлі мерекесіне байланысты, сондай-ақ
азаттығымыздың 20 жылдық торқалы тойына орай Ел газеті “Егемен
Қазақстанның” кеше (15.12.2011ж.) арнайы мерекелік нөмірі жарық көрді.
Тəуелсіздік алған жиырма жылда дүниенің əр түкпірінен бір миллионнан
астам қандас-бауырларымыз Отан құшағына оралыпты. Солардың өкілі
ретінде “Егемен Қазақстанның” мерекелік нөмірінде Дүкен Мəсімханұлы
сөз алған болатын.
Мен шетелде туып-өссем де Қазақстанның тарихи отаным екенін бала
күнімнен санама тоқып есейдім. Əлі есімде, алты-жеті жас кезім ғой деймін,
анам радиоқабылдағышты ашып
қойып: “Қазір Алматыдан нағашы
ағаларың сөйлейді” дейтін де біреуімізді күзетке тұрғызып (ХХ ғасырдың
6070-ші жылдарында Кеңес одағының радиосын тыңдау қытайда үлкен
қылмыс болып есептелетін) “Шалқарға” құлағын төсейтін де отыратын.
Содан не керек, анамыз бауырының аты шықса да жылайтын, шықпаса да
жылайтын. Оған тұнжырай отырып, терең күрсініп: “Менің інім не күн
көріп жүр екен” деп əкем қосылатын…
Сөйтіп ол кісілердің қимас жандары, сүйікті атамекендері біздің сəби
жүрегіміздің төрінен орын алып, қанымыздан жанымызға дарып жататын
… Бара-бара бұл сезім мен түйсік Ұлт, Атамекен, Отан деген қасиетті
ұғымдарға ұласып, ендігі жерде қазақ радиосын (“Шалқар”) өзіміз-ақ
жастанып жатып тыңдайтын жағдайға жеттік. Бір қызығы, біздің
тыңдауымыз ата-анамыздікінен өзгешелеу болатын. Яғни біз Қазақстан
радиосын ашып қалғанда тек нағашы ағамыздың атын естуді ғана
армандамай, күллі қазақ елінің тыныс-тіршілігімен, өмірімен, өнерімен
танысуды, сусындауды мақсаттап тыңдайтынбыз. Бұл тірлігіміз əрине, өз
жемісін бермей қалған жоқ. Ең бірінші туған халқымыздың жер бетіндегі
еш халықтан кем, қор емес екенін ұғындық. Өзіміз өнерге жақындадық.
Осылайша біздің сəби жүрегімізде ұлттық намыс пен ұлттық мақтаныш бүр
жарған болатын…
Кейін келе, ол елдегі саясат оңала бастағанда, Қазақстанмен ашық-əшкере
мақтанатын (КСРО-ның құрамында болса да) жағдайға жеттік. Айлар өтті,
жылдар өтті, есейдік, сана-сезім, таным да өсті дегендей… Ендігі жерде
Қазақстанның тəуелсіздігін күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей аңсайтын
болдық. Əрине, жарты ғаламды билеп тұрған, “мəңгі мызғымас” Кеңес
одағының талқаны шығады деп ешқашан үміттенген емеспіз, дегенмен бір
тəтті қиял, асыл арман басымызға ұя салып алған қарлығаштай қалықтап,
көкейімізден бір шықпай қойды. Қайда жүрейік, не туралы сөйлесейік,
бəрінде де əйтеуір, айналып келіп Отан туралы, азаттық туралы тақырыпқа
ойыса беретінбіз. Əлі есімде, Пекинде университеттің жоғары курсында
оқып жүрген кезіміз еді. 3-4 бала бір ағамыздың үйіне қонаққа барып,
түннің бір уағында университетке жаяу қайттық. Таксиге, болса да, иек
қышымайды. Қоғамдық көліктер баяғыда тоқтап (демалып) қалған. Біз
университетке таяғанда шығыс көкжиектен балыққарындап таң атып келе
жатты. Көп кешікпей сыпыртқыларын көтерген көше тазалаушылар
жұмыстарына кірісіп кетті. Оларды көрген біздің бір жігіт: «Мыналар
осыны да жұмыс деп істейді-ау ə?!» деп қалды. Бұл сөзге қалғандарымыз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 08
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.